Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і ~арапайым к~мірсулар моносахаридтер деп аталады

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Көмірсулар

Көмірсулар. Көмірсулар немесе сахаридтер — жалпы формуласы Сn(Н2On) болатын органикалық заттар. Көптеген көмірсулардың құрамындағы сутек атомдарының саны өттек атомдарынан екі есе кеп болады, сондыктан да бұл заттар көмірсулар деп аталған. Жануарлар жасушаларында көмірсулар мөлшері көп емес, 1—2%-дан 5%-ға дейін (бауыр жасушаларында) болады. Өсімдік жасушалары көмірсуларға бай, олардың құрғақ салмағының 90%-ын көмірсулар құрайды (жүзім жемісі, карбыз). Көмірсуларды ұарапайым және күрделі деп бөледі. Қарапайым көмірсулар моносахаридтер деп аталады. Молекуласындағы кеміртек атомының санына байланысты моносахаридтер триоза (3 атом), тетроза (4 атом), пентоза (5 атом) және гексоза (6 көміртек атомы) деп аталады.

Гексозалардың ішінен маңыздыларына глюкоза мен фруктоза жатады. Глюкоза қанның құрамында (0,1—1,12%) болады және организм жасушалары мен ұлпаларында негізгі энергия көзі қызметін атқарады. Маңызды пентозаларға рибоза мен дезоксирибоза жатады, олар нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Егер бір молекулаға екі моносахарид біріксе, мұндай косылысты дисахарид деп атайды. Маңызды дисахаридтерге сахароза немесе азықтық қант жатады, оны қант қамысы мен қант қызылшасынан алады. Ол бір молекула глюкоза мен бір молекула фруктозадан тұрады. Көптеген моносахаридтерден түзілген күрделі көмірсуларды тюлисахаридтер деп атайды. Крахмал, гликоген, целлюлоза секілді полисахаридтердің мономері глюкоза болып табылады. Егер глюкоза полимері тұзу сызықты болса, онда бұл крахмал амилоза деп аталады. Мысалы, күріш крахмалы және бидай дөнінің крахмалы тармақталған глюкоза полимері болып табылады, мұндай крахмал амилопектин деп аталады.

Көмірсулар, негізінен, екі түрлі қызмет атқарады: құрылымдық және энергетикалық. Мысалы, целлюлоза өсімдік жасушаларының қабырғасын түзеді, ал күрделі полисахарид хитинді буынаяктылардың сыртқы қаңқасының негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Хитин саңырау құлақтар үшін де құрылыстық қызмет атқарады.

Фосфолипидтер биомембрананың маңызды құрамдас бөлігіне жатады. Фосфолипидтер дегеніміз де майлар тек шеткі май қышқылдарының орнына глицеринге фосфорлы қышқыл қалдығы мен фосфолипидті радикалдар байланысады, олардың құрамында холин, серин, инозитол немесе этаноламин сияқты заттар болуы мүмкін. Фосфолипидтер гидрофильдік және гидрофобтық қасиеттердід екеуін де көрсететіндіктен, олар су ерітіндісінде қос қабатты мембрана түзеді. Суда өрбір фосфолипидтер жұбы өздігінен бейімделеді — фосфолипидтердің гидрофильді бөлігі судың бағытына қарай, ал оның гидрофобты бөлігі (май қышқылдары) бір-біріне қарай бағытталады. Нөтижесінде қос қабатты биомембрана түзіледі, яғни май қышқылдарьшың екі қатары мембрананың ітттінде, гидрофильді бөлігі сыртында орналасады.

Липидтер маңызды энергия көзі болып табылады. 1 г май С02 мен Н90-ға дейін ыдырағанда, көп мөлшерде энергия бөлініп шығады — 38,9 кДж. Жануарлардың май ұлпасында, өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарында жинақтала отырып, майлар энергияның қосымша көзі ретінде қызмет атқарады.

Жылуды нашар өткізетіндіктен, майлар организмде жылу сақтау қызметін де атқарады. Арктика жануарларында, мысалы, киттердің май ұлпаларының қалыңдығы 1 м болады.

[өңдеу]

Витаминдер

 

Дәрумен.

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.

Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

 

Құнарлы тағамдар

Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.

Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.[1]

[өңдеу]

А витамині

А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.

[өңдеу]

D витамині

D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

[өңдеу]

Суда еритін витаминдер

С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

[өңдеу]

Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары

Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С витамині жойылып, В тобындағы витаминдердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы витаминдер толығымен сақталады.

Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады. Витаминдерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады.[2] [3][4]

[өңдеу]

В1 витаминi

В1 витаминi (тиамин ) организмде дұры с зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ор ганизм тиаминге зәру болған жағдайда нерв жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 витаминіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда организм В1 витаминін көп қажет етеді.

[өңдеу]

В2 витамині

В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

[өңдеу]

В6 витаминi

В6 витаминi (пиридоксин) белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезімін е тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. Вб витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин организмде жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну организмнің өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

[өңдеу]

В12 витамині

В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда организмде қан азаю процесі дамиды. Бауырла, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.

[өңдеу]

В15 витаминi

В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.

[өңдеу]

Е витаминi

Е витаминi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқала, сүттің құрамында бар.

[өңдеу]

К витаминi

К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ.

[өңдеу]

Р витаминi

Р витаминi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С витаминімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р витамині шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.

[өңдеу]

РР витамині

РР витамині (никотинамид, никотин қышқылы) организмде биологиялық қышқылдану процестерінің жүзеге асуы үшін қажет. Жеткілікті мөлшерде бауыр мен бүйректе, ашытқыла, ет пен сүтте, сонымен қатар бұршақта, ірі бұршақта, бидай ұнының құрамында бар. РР витамині әсіресе қарақұмық ұнтағында және саңырауқұлақта көп. Өсімдік өнімдерінен гөрі, мал өнімдеріне!! жасалған тағамдардың құрамындағы витаминдерді адам организмі жақсырақ сіңіреді.

[өңдеу]

Гормондар

Гормондар. Гормондар көп жасушалы организмдегі маңызды тіршілік қызметтерін реттейтін химиялық заттар. "Гормон" термині грек тілінен аударғанда "хормао" — коздырамын, қозғалыска келтіремін деген мағынаны білдіреді. Осы терминді 1904 ж. У.Бэйлис пен Э.Старлинг енгізген.

Гормондардың әсерін зерттеу — қазіргі биологияның ең басты мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде гормональды сигналдың жүзеге асырылу механизмі анықталған. Ең алдымен, белгілі бір қабылдағыштар гормонды тануы керек және мұнда аралық сигналды заттар — мессенжерлер немесе екінші реттік гормондар міндетті түрде қатысады. Гормональды сигналдың жүзеге асуы олардың телімділігіне жөне сезімталдығына әрі сигналдар иерархиясына байланысты. Жоғары қатардағы гормон төменгі қатардағы гормонның (мессенжер) пайда болуын тудырады, ал төменғі қатардағы гормондар жоғары қатардағы гормондарға әсер ете алмайды. Гормональдық сигналдардың кеңістікте бытыраңкы болуы — міндетті шарт. Гормондық сигналдардың тасымалдануы қаскадтық (эстафеталық) жолмен жүреді. Әрбір эстафетаны тасымалдауда сигнал шифрі (пароль) өзгеріп отырады. Сондықтан да бірінші сигнал тек бір бөлімді қоса алады, басқа сигналдарды қоса алмайды.

Гормональды сигналдардың жүзеге асуын карастырайың. Гипофиз — мида орналасқан ішкі секреция безі. Гипофиз адренокортикотропты гормон беледі, ол қанға түсіп, қан арұылы бүйрек үсті безінің қабылдағышына әсер етеді. Осыған жауап ретінде бүйрек үсті безінде адреналин өндіріледі. Адреналин қан арқылы бауырға түсіп, бауыр жасушаларының кабылдағыштарына өтеді. Адреналиннің бауыр жасушаларына өтуі гликогеннің глюкозаға айналуын тездетеді. Ғалымдар адреналиннің бір молекуласының әсер етуінен қанда глюкозаның миллион молекуласы пайда болатынын есептеп шығарған. Нәтижесінде организмде ерекше күш-қуаттың жиналатыны байқалады. Адреналин қорку және қатты қуану сәтінде түзіледі.

Эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметін, олардағы гормондар мен зат алмасудың гормональды реттелуінің механизмін зерттейтін биохимия белімі эндокринология деп аталады.

Гормонның жеткіліксіз бөлінуі немесе олардың қызметінін бұзылуы қауіпті аурулардың пайда болуына әсер етеді. Мысалы, Қазақстанда тағамда йод жетіспеуі нәтижесінде болатын қалқатиа без ауруы (зоб) кең тараған. Бұл ауытқулар қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әсер етеді. Инсулин жетіспесе, қант диабеті ауруына шалдығады.

Гормондар өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуде маңызды рөл атқарады. Мысалы, ауксин гормоны жасушаның созылып өсуін реттейді. Гибберелин тұқымның әнуін тездетеді. Цитокинин жасушалардың бөлінуін жүзеге асырады. Этилен органоидтер мен ұлпалардың тез қартаюына әкеледі.

• Барлық организмдер жасушаларьшың құрамына әр түрлі органикалық заттар кіреді.

• Жасуша құрамында көмірсулар мөлшері кеп болады. Көмірсулардың ішінде ең маңыздысы — глюкозаның полимері — крахмал (гликоген).

• Липидтерден биомембраналардың негізгі құрылым материалы фосфолипидтер алынады.

• Көмірсулар мен липидтер энергетикалық құрылымдық, қорғаныштық және қорға жинау қызметтерін атқарады.

• Витаминдер жасушада аса маңызды рөл атқарады. Витаминдердің жетіспеушілігі түрлі ауруларға, мысалы, құрқұлак, бери-бери және пеллагра ауруына шалдықтырады.

• Гормондар организмнің негізгі тіршілік қызметтерін реттейтін ерекше заттар.

• Гормоналыды сигналдар иерархиясы болады: жоғары қатардағы гормондар төменгі катардағы гормондардың пайда болуын тудырады.[5]

[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиеттер

↑ Балалар энциклопедиясы, III-том

↑ Қазақ Энциклопедиясы

↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х

↑ Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8

↑ Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965—33—634—2




1. Контрольная работа по дисциплине История Вариант 4
2. Ярославль Код памятника Hаименование и дата сооружения памятника истории и культу
3. тема тел ~ это совокупность тел которые взаимодействуют только между собой
4. Международный рынок ссудных капиталов
5. значимым реализуется в сообществе сверстников
6. Пассивным элементом схемы называется элемент не имеющий внутренних источников энергии и выполняющий либ
7. Информационные технологии, как инструмент формирования управленческих решений
8. 1890е гг целый ряд государственных заводов и фабрик был передан в аренду или продан частным лицам
9. Бен колокольная башня в Лондоне часть архитектурного комплекса Вестминстерского дворца
10. Стань волонтером Шаг 2 Далее необходимо нажать кнопку Для регистрации щелкните здесь Шаг 3 На
11. ВА КАРАХАНИДОВ 2 больших сочинения- сочинение Юсуфа ХасХаджиба Баласагунского ldquo;Кутадгу билитrdquo; и слов
12. Курсовая работа- Микрообъекты и их изучение в криминалистике
13. х гг Его наиболее яркой характеристикой являются невиданные темпы развития индустриальных стран достигш
14. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня доктора філологічних наук Київ ' Дисер
15. СевероОсетинский государственный университет имени К
16. Контрольная работа- Информационная культура
17. вариант Кроме того лидер гражданской платформы поделился с Борщевским своими взглядами на трудовое зак
18. ТЕМА ПРОЕКТА- Исследование особенностей профессионального выгорания в управленческой деятельности
19. заданием для выполнения письменной экзаменационной работы
20. В реальной жизни преступность проявляется в форме отдельного преступления совершенного конкретным индив