Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Тарих~а дейінгі ~~ымны~ ~ылым~а енгізілуі

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨНЕ ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ

1.1. Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры). "Тарихқа дейінгі"  ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп адамы). Қазақстан палеолитінің зерттелу тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. Х.Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы). Төменгі палеолит ескерткіштерінің табылуы. А.Г.Медоевтың Батыс Қазақстан мен Балқаштың Солтүстік жағалауына жүргізген жұмысының маңызы. Орталық Қазақстанда жүргізілген зерттеулер және Ж.Таймағамбетовтың басшылығымен зерттеген экспедиция нәтижелері. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері.

Мезолит (орта тас ғасыры). Дәуір ерекшеліктері. Қазақстандағы мезолит дәуірінің ескерткіштері. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын өзгерістердің археологиялық деректермен дәлелденуі. Садақ пен жебенің пайда болуы. Тас еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері жағалауларынан табылған мезолиттік археологиялық ескерткіштер.

Неолит (жаңа тас ғасыры). «Неолит революциясы». Дайынды иемденуден өнім өңдіруші шаруашылық түрлерінің қалыптасуы. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолит тұрақтары. Қара үңгір тұрағы. Батыс Қазақстан территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай жырасындағы Мақанжар мәдениеті. Энеолит. Ботай мәдениеті. (В.Ф.Зайберттің зерттеулері). Аңшылық.

Неолит дәуірінде тас өңдеу технологиясының дамуы. Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді үйренуі. Рулық құрылыстың тууы. Матриархаттық рулық қоғамның дамуы. Ер адамдар үстемдігінің артуы, матриархат орнына патриархаттың келуі. Неолит өнерінің көптүрлілігі: саз балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастағы суреттер.

Қола дәуірі (б.з.б. ХҮІІІ-ҮІІІ ғғ.). Дәуір ерекшеліктері. Қазақстан тайпаларының шаруашылығы мен тұрмысындағы өзгерістер. Металлургия мен мал шаруашылығының дамуы. Малды бағып өсіру, жайылымдық жерлерді пайдалану, көшпелі мал өсірушілікке ауысу. Мүлік теңсіздігі, жеке отбасының пайда болуы, тайпалык үстем топтың бөлініп шығуы. Қазақстандағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері, кезеңдерге бөлінуі және мәдениеттері. Андронов мәдениеті алғаш табылған жері таралу аймақтары. Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениетінің даму кезеңдері Беғазы-Дәндібай мәдениеті. К.В.Сальниковтің кезеңдерге бөлуі. Археологиялық ескерткіштер, тасқа салынған суреттер (петроглифтер). Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас, ежелгі қалашық Арқайым т.б. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген адамдардың қоғамдық құрылысы.

Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғары дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Дін. Жерлеу салты.

1.2. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар

Сақтар (б.з.б. ҮІІ-ІІІ ғғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай көшу. Еуразия кеңістігінде сақ-скиф қауымдастығының орналасуы. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар. Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты жазба мәліметтер: «Тарих атасы» Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей, Ахаменидтік (ежелгі парсы) сына жазбалар. Сақтардың тарихын оқып үйренудегі ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабы «Авеста». Сақ одағындағы тайпалар және олардың орналасу ареалы: тиграхауда, парадарая сақтары, массагеттер, Батыс Қазақстан аймағын мекендеген сармат-савроматтар.

Сақтардың тарихын зерттеудегі археологиялық ескерткіштер. Бесшатыр, Тасмола мәдениеттері, Шілікті обалары. «Алтын адам» табылған Есік қорғаны және оны зерттеуге үлес қосқан ғалымдар. З.Самашевтің басшылығымен жүргізілген экспедицияның нәтижелері (Берел қорғаны). Сақтардың этномәдени ареалы. Сақтар өнеріне тән аң стилі, петроглифтер Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтар территориясынан өткен керуен жолы және оның байланыстырған аймақтары. Сақтардың саяси тарихы. Көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. Ассирия, Мидия, Парфия, Иранмен байланысы. Парсы патшалары Дарий, Кирмен соғыстары. Александр Македонскийдің сақ жеріне жорықтары.

Ғұндар және үйсіндер. Ежелгі қытай тіліндегі тарихи  еңбектер «Ши цзы», «Хоуханьшу». Ғұндар мен үйсіндердің тегі туралы мәселе. Ғұндардың саяси тарихы. Шаруашылығы. Қоғамдық құрылысы. Әскер өнері. Мәдениеті.

Үйсіндердің орналасқан жері. Шығу тегі туралы жазба мәліметтер. Үйсін мемлекетінің құрылуы және территориялық аймағы. Үйсін мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысы, жоғарғы билеушісінің титулы. Үйсін мемлекетінің астанасы. Тұрмысы. Мәдениеті. Үйсіндердің ғұн, қаңлы және қытайлармен ара-қатынасы. Үш бөлікке бөлінуі. 

Қаңлылар.  Қаңлылар  туралы деректер. «Кангюй» терминінің тарихи деректерде алғаш айтылуы. Қаңлылардың орналасқан территориялық аймағы. Қаңлы мемлекетінің құрылуы, орталығы, қоғамдық-саяси, әлеуметтік құрылымы. Саяси тарихы. Қалалары мен қоныстары. Шаруашылығы. Қолөнері. Мәдениеті. Сауда. Басқа елдермен қарым-қатынасы.

1.3. Қазақстан территориясындағы ертеортағасырлық мемлекеттер

(ҮІ-ХІІ ғғ. түрік кезеңі)

Түрік қағанаты (552-603 жж.). Еуразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түркілердің шығу тегі туралы деректер мен зерттеулер. ІІІ-Ү ғғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Түркі ақсүйектерін құраған Ашин руы. «Түркі» этнонимі. Солтүстіктегі «Жылқылар патшалығы». Түркілердің Алтайға қоныстануы. Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары. Түркілер Жужань империясының құрамында. Бұмын қаған және Түркі қағанатының құрылуы. Батыс Вэй патшалығымен жасырын одақтастық. Анахуаньға қарсы күрес. Шығыс саясаты.

ҮІІ ғ. Мұқан қағанның тұсында Түрік қағанатының күшеюі. Естемістің батысқа жорықтары. Түрік қағанатының Орталық Азияда саяси үстемдікке жетуі. Таспар қаған тұсындағы қағанаттың күшеюі. Византиямен, Иранмен және Қытаймен қатынасы. 582-603 жылдар аралығындағы жұт, билік үшін қырқыс. ҮІ ғасырдың соңында қытайлықтардан жеңіліс табуы. Қағанаттың әлсіреуі, Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуі.

Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Территориясы, тайпалары. Саяси тарихы. Жегуй және Түн-Жабғы қағандар тұсында қағанаттың күшеюі. Ішкі құрылымы: «он оқ бұдұн». Батыс Түрік қағанатының астанасы. Соғдылықтар Батыс Түркі қағанаты өмірінде. Дулу және нушиби тайпалары арасындағы күрес. Қытай шапқыншылығының Батыс-Түрік қағанатының құлауына әсері. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарыс және оның ыдырауы. Әулеттердің ауысуы.

Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Түргеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған және түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. Суяб қаласы қағанаттың саяси орталығы. Ішкі құрылымы: қара және сары түргештер, тұтықтарға бөлінуі. Қағанаттың Сақал тұсындағы нығаюы, оның жүргізген шаралары. Шығыс түркілерінің түргеш мемлекетіне басып кіруі, қағанаттың уақытша құлдырауы. Қапағанның батысқа жорығы туралы Орхон жазбаларының мәліметтері. Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған кездегі Түргеш қағанаты. Түргештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. «Атлах шайқасы». Сары және қара түргештер арасындағы күрес. Қағанттағы саяси дағдарыс.  Түргеш қағанатының құлауы.

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларының шығу тегі туралы жазба деректер. Қарлықтардың 746 жылы Алтай және Тарбағатайдан Жетісуға орналасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы, оның сыртқы саясаты. Қарлұқ бірлестігінің құрамына енген тайпалар. Қарлұқтар мен оғыздар. Ұйғыр қағанатымен күрес. Қарлұқ билеушілерінің қаған лауазымен қабылдауы. Саманилерге қарсы күрес. Испиджаб, Тараз қалаларын алуы. Қарлұқтардың мұсылман дінін қабылдауы. Қарлұқтар мен қарахандар әулеті. Қарлұқтардың шаруашылығы, сауда-саттық қатынастары. Қалалар және Жібек жолы. 

Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). «Қарахандар әулеті» туралы ғылыми көзқарастар. Әулеттің этникалық негізін салған яғма, шігіл тайпалары. Сатұқ Боғрахан – Қарахандар әулетінің негізін салушы. Территориялық аймағы. Қарахандар мемлекетінің астаналары Қашғар және Баласағұн қалаларының мемлекет тарихындағы орны. Қарахандықтардың саяси билігінің Мәуереннахрға таралуы. Селжұқтармен, хорезмшахтармен, қыпшақтармен саяси байланыстары. Үкімет құрылысының иерархиялық жүйесі. Қарахан мемлекетінде Мұса ханның тұсында исламды мемлекеттік дін етіп жариялануы.

Қарахан мемлекетінің ішкі құрылымы. Жер иеленудің сойырғал, уакф (вакф), коммендация түрлері. Салық жүйесі. Иқта. Мемлекеттің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Қағанаттағы дағдарыс. Салжұқтардың көтерілуі. Қарақытай шапқыншылығы. Қарахандар мемлекетінің құлауы

Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Қимақ тайпалары туралы араб-парсы тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың шығу тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Қимақ мемлекетінің құрылуы. Қимақ-қыпшақ тайпаларының конфедерациясы. Қағанаттың сыртқы саяси жағдайы. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, қалалары. Көрші тайпалардың басқыншылығы, қағанаттың әлсіреуі. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.

Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Оғыз тайпалары туралы жазба деректер. М.Қашғари оғыздар жөнінде. Оғыздардың печенег тайпаларын Сырдария аңғарынан, Арал жағалауларынан ығыстыруы. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Янгикент қаласы мемлекеттің астанасы. Қоғамдық-саяси құрылысы. Оғыздардың тайпалық құрамы және екі фратрияға бөлінуі (бұзықтар және ұшықтар). Оғыз-қыпшақ қатынастары. Оғыз тайпаларының шаруашылығы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері. «Кітаби Қорқыт». Селжұқтармен күрес және өзара қырқысудың күшеюі. Оғыз мемлекетінің құлдырауы мен құлауы.

Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақ тайпалары туралы араб-парсы, қытай, европалық (комондар), орыс деректерінің мәліметтері. Оғыздарды Сырдариядан ығыстыру. ХІ ғ. қыпшақтардың орналасуы, олардың батысқа және оңтүстікке жылжуы. «Дешті Қыпшақ» термині. Қыпшақ хандығының құрылуы (ХІ-ХІІІ ғғ). Шығыс Дешті-Қыпшақ хандарының шыққан әулеті. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және иерархиясы. Қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті арасындағы байланыстар. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі. Рулық-тайпалық құрамы. Қыпшақтардың қазақ және басқа түркі халықтарының қалыптасуындағы рөлі. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті. Монғол шапқыншылығы. Қыпшақ хандығының құлауы. . Әл-Ідірісидің «Кіші картасы» («Қыпшақ даласы» туралы мәліметтер).

Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың басып алуы. Елүй Дашы. Қарақытайлардың саяси ықпалының Мәуереннахрға тарауы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қарақытай мемлекетінің құлауы.

Найман, керей ұлыстары (Х-ХІІІ ғғ.). Найман, керей тайпалық одақтары жөніндегі деректер. «Моңғолдардың құпия шежіресі». Қытай дерегі – «Юань-Ши». Рашид ад-Диннің «Жылнамалар Жинағы» - ХІҮ ғасырға дейінгі түркі моңғол халықтарының жазба түрінде және жадта сақталған тарих айту дәстүрлерінің көрінісі. Найман, керейлердің бастапқы орналасқан жері, олардың тегі мен тілі жөніндегі тарихнамалық мәселе. Х ғ. Керей мемлекетінің құрылуы. Найман тайпалық одағының қалаптасуы.

Найман, керейлердің тұрмысы, шаруашылығы, ертефеодалдық мемлекеттік құрылымы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Саяси тарихы. Шыңғыс хан бастаған моғол мемлекетінің құрылуы және бұл жағдайдың найман, керейлердің тағдырына ықпалы.

1.4. ҮІ-ХІІ ғғ. Түркі халықтарының мәдениеті.

Түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялық және этнографиялық деректер. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы. Қоныстар мен қалалардың өсуі. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қала мәдениеті дамыған аймақтар: Сыр бойы, Шу және Талас өңірі, Жетісудың солтүстік-шығысы. Қала мәдениетінің дамуындағы түркі-соғдылық синтез. Б.з.б. ІІ ғ. қалыптасқан Ұлы Жібек жолының сауданың күре тамыры ретіндегі қызметі. Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалалар - саяси өмір, сауда, қолөнер және мәдениет орталығы. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениеті.

ҮІ-ХІІІ ғ. басы аралығындағы түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері. Түркілердің басты құдайы. Түркілердің отбасы, бала қамқоршысы және әйелдік бастау құдайы.

Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, оның таралу аймағы, зерттелуі. Түрік әдеби "Күлтегін" ескерткішінің авторы. Түркі сына жазбасының оқылуы және жарыққа шығуы. Ежелгі түркі алфавитінің белгілері. Көпшілікке танымал түркі жазба ескерткіштерінің орналасқан жері. Тоныкөк, Күлтегін және Білге қаған құрметіне қойылған құлпытастар, оларға сипаттама. 

Ислам дінінің түркі халықтарының өміріне ене басталуы. Түркі елдерінің араб халифатымен байланысының артуы. Ислам мәдениеті және оның негізі болған Құран Кәрім мен Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы.

ІХ-ХІІ ғғ түркістандық ғалымдар мен ойшылдар: Аристотельден кейінгі Шығыстағы екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.

Орта ғасырлық ақын және исламды таратушы, Яссауидың ұстазы. Қожа Ахмет Яссауи, Сүлейман Бақырғали және т.б. олардың қалдырған мұралараның маңызы мен ортағасырлық мәдениетте алар орны. 

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі, Өтміс қажының «Шыңғыс-намэ» еңбегі.  «Кодекс Куманикус», «Ақсақ құлан». «Тоныкөк», «Күлтегін» ескерткіштеріне сипаттама. XIII ғ. Кетбұға, XIY-XY ғғ. Сыпыра жыраулар.

ҚАЗАҚСТАН ОРТАҒАСЫРЛАРДА

2.1. Қазақстан монғол шапқыншылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.)

 Алтын Орда (1243 – ХҮ ғ. ортасы). Монғол тайпалары жөніндегі жазба дерек мәліметі, олардың түрлері. Шыңғыс ханның Монғол мемлекетін құруы, оның саяси-әкімшілік құрылымы. Шыңғыс ханның «Ұлы Жасағындағы» «Жасақ» және «Білік». Шыңғыс ханның билік құрған жылдары. Алғашқы жаулап алу соғыстары. Шыңғыс ханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғол әскері және Хоремшахтың армиясы Қазақстан жерінде алғаш кездесуі. 1218 ж. «Отырар оқиғасының» Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетуі. Хорезм шах мемлекетін талқандау Орта Азиянының жаулануы. Дешті Қыпшақты бағындыру. Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енуі. Монғолдардың жаулап алған елдерді ұлыстарға бөлуі, ол ұлыстардың территориясы, этникалық құрамы. Қазақ жерлері монғол хандары құрған ұлыстар құрамында. Жошы, Шағатай,Үгедей ұлыстарының территориялық аймағы.

Жошы Ұлысы, оның ішкі әкімшілік құрылымы. Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуі. Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндеті. Моңғол әскерін ұстау үшін жиналатын «Тағар» салығы. Жошы ханның қайтыс болуы және оның мұрагері. 1235 ж. монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешiмінің қабылдануы. Батыйдың Бұлғар, Орыс, солтүстік Кавказ елдерін бағындыруы. Шығыс Еуропаға шабуылы.

Алтын Орданың құрылуы (1243). Алтын Орданың Моңғол империясынан оқшаулануы. Алтын Орданың территориясы, құрамындағы халықтардың этникалық және басқа ерекшеліктері. Шаруашылығы, оның түрлері, діні, тілі, мәдениеті. Саяси құрылымы. Хандық билік. Басқару жүйесі. Алтын Орда тарихындағы 1312 жыл. 1321 жылғы Өзбек ханның жүргізген ақша реформасы. Мұрагерлік жол. Алтын Ордадағы салық жүйесі. Әскерінің құрылымы. XII-XIV ғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципi.

Өзбек және Жәнібек хандар тұсында Алтын Орданың күшеюі. ХІҮ ғ. 60-70 жж. «дүрбелең кезең». Куликова шайқасы. Тоқтамыс хан (1380-1395) тұсындағы Алтын Орда. Билік үшін ішкі қырқыстар. Тоқтамыс хан мен Әмір Темір әскерлері арасындағы шайқастар (1395). Алтын Орданың ыдырауы. Қазан, Қырым, Аштархан, Әбілхайыр хандықтарының, Ноғай Ордасының бөлініп шығуы. 

2.2. ХІҮ –ХҮ ғғ. монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер.

Орда Ежен ұлысын құраған Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері. Орда Ежен ұлысы, территориясы мен тайпалық құрамы. Ұлыстың алғашқы саяси орталығы. Саяси орталықтың Сыр бойына ауыстырылуы, оның себептері, салдары және маңызы. Сығанақ – астана. Сасы Бұқа, Ерзен хандар саясаты. Ақ Орданың Алтын Ордамен қатынасы. Мүбәрәк хан «бүлігі». Шымтай хан (1344-1361). Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең» және Ақ Орда. Ұрыс ханның тұсында Ақ Орданың Алтын Ордадан тәуелсіз хандық болып жариялануы. Ақ Орданың Алтын Орда құрамына енуі. Барақ хан (1423-24-1428) тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі. Ақ  Орда тарихының Қазақстан тарихында алатын орны.

Көшпелi Өзбек мемлекетi (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хандығы. Территориясы және этникалық құрамы. Әбілқайырдың Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). XV ғ. ортасында Әбілқайыр (“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі. Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1459 ж.) Хандықтың ыдырауы.

Ноғай Ордасы (Маңғыт үйі) – ХІҮ ғ. – ХҮ ғ. Едігенің Ноғай Ордасының негізін салуы. Ноғай Ордасының территориясы және ірі тайпасы. Ноғай Ордасының орталығы. Ноғай Ордасын билеушілер. XIV-XV ғғ. Ноғай Ордасындағы «Қырымның қырық батыры» эпостық жыры. Ұлыс билеушісі. Ноғай Ордасының көрші мемлекеттермен, Қазақ хандығымен қарым-қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы.

Моғолстан мемлекеті (ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басы). Шағатай ұлысының солтүстік-шығыс бөлігінің ерекшеліктері. 1348 ж. Моғолстан мемлекетінің құрылуы. Дулат тайпаларының Моғолстанның саяси өмiрiндегі рөлі. Тоғылық-Темір ханның сыртқы саясаты, Мауреннахрды жаулауы. Алмалық қаласы Моғолстанның астанасы. Моғолстанның қоғамдық-саяси құрылымы. Хан кеңесі (мәжіліс). Әмір Темір және Моғолстан. ХІҮ соңы – ХҮ ғ басындағы Моғолстан. Мұхаммед ханның тұсында Әмір Темірден тәуелсіздік алуы. Уәйіс, Есен-Бұғы хандар саясаты. Жергілікті түркі тайпалары және хандар билігі. Жүніс хан тұсындағы Моғолстан. ХҮ ғ соңындағы ыдырау процестері. Сұлтан Махмұт және Сұлтан Ахмет хандар саясаты. Моғолстанның ыдырауы. Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына ықпалы.

Әмір Темір жорықтары. Әмір Темірдің өмірі мен қызметі жөніндегі деректер мен зерттеулер. ХІҮ ғ ортасындағы Мауреннахрдың ішкі саяси жағдайы. Әмір Темірдің билікке келуі (1370-1405), оны қолдаған саяси күштер мен топтар. Әмір Темірдің Мауреннахрда бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясаты. Моғолстан, Хорезм, Индияға жорықтары. Ақ Ордамен күрес. Алтын Орда ханы Тоқтамыс әскерімен (1391, 1395), түрік сұлтаны Баязид әскерімен Анкара түбіндегі (1402) шайқастары, олардың түркі халықтары үшін трагедиялық зардаптары. Әмір Темірдің қайтыс болуы. Әмір Темірдің Түркістан тарихында алатын орны. Мұхаммед Шайбани ханның Орта Азияны жаулап алуы. Орта Азиядағы Шайбанилер әулетінің билігі. Әмір Темір және оның мұрагері тұсындағы мәдениет. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің салынуы. Қала мәдениеті. Ұлұқбек мырза. Захараддин Бабыр. Әлішер Науаи және түркі тіліндегі әдебиеттің дамуы. Әмір Темірдің Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдыруы. ХҮІ ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар. Жошы хан кесенесі.

Сібір хандығы (ХҮ ғ. соңы – ХҮІ ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Территориясы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.

  1.  Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.

Этногенез мәселесі. Этникалық процесс туралы түсінік. Этникалық процеске қажет негізгі шарттар: территория, экономика, тіл және мәдениет ортақтығы. "Қазақ" атауының алғаш жазба деректерде қолданылуы. Қазақстан территориясындағы этникалық процестің кезеңдері. Сақ-үйсін дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің қалыптасуы. Түркі қағанаттары дәуіріндегі этникалық процестер. Мәдениеттегі ортақ негіздердің одан нығая түсуі. Өзін-өзі тану процесі. Қыпшақ дәуіріндегі этникалық процестер. Саяси-территориялық ұғым және оның этно-генетикалық процесте алар орны.

Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан және Әбілхайыр хандығы тұсындағы этникалық процестер. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ халқының қалыптасуы және Керей мен Жәнібек хандар ұлысына қазақ этнонимінің орнығуы жөнінде. Дешті Қыпшақ тайпаларына қазақ этнонимінің таралуы. ХҮ-ХҮІ ғғ. ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуының аяқталуы.

2.4. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығы

Қазақ хандығының құрылуы (1465-66 жж.). Қазақ хандығы құрылуы туралы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. М.Дулати “Тарихи Рашиди”. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары. Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы. ХҮ ғ ортасындағы Әбілхайыр Ұлысы және оның Моғолстанмен ара-қатынасы. Керей мен Жәнібек хандардың Шу бойына көшіп келуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның күшейе бастауы. Есен-Бұғы ханның қайтыс болуы. Жүніс хан. Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына жорығы. Қазақ хандығының Дешті Қыпшақ үшін күресі. Жәнібек хан. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнауы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. Сыр бойы. Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр бойы – дәстүрлі өркениет ошағы. Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік, экономикалық, әскери-стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны. Сыр бойының қысқы жайылым мен қыстау ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы, оның кезеңдері. Бұрындық хан. ХҮ ғ. 90-шы жж. шиеліністі жағдайлар және 1495/96 жж. келісімдер.

Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында Қазақ хандығының күш-қуатының артуы. Сыр бойы үшін жүрген күреске қатысуы. Мұхаммед Шайбани Орта Азия жерiнде мемлекеттiң негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн ұзақ уақыт күрес жүргiзуі. Қазақ халқы санының 1 млн. адамға жетуі. Шайбани ханға қарсы күрес. Қасым хан тұсында Сыр бойы мен Жетісудың Қазақ хандығына өтуі, оның маңызы. ХҮІ ғ. басындағы Моғол және Мауреннахр билеушілерімен арадағы қатынас. Еділ мен Жайық аралағының Қазақ хандығына өтуі. Орыс мемлекетімен қарым-қатынасты орнату. Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі. Қасым ханның «Қасқа жолы». Оның қызметі туралы мәліметтер. Степанов басқарған орыс елшілігінің Тәуекел ханға келуі. 

ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. 30-шы жылдары аралығындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының Қасым хан билігінен кейінгі саяси жағдайы. Мамаш хан (1518-1523). Тахир хан билігі (1523-1533). Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Бұйдаш хан (1533-1534). Мауреннахр және Моғолстанмен ара-қатынасы. Моғолстан ханы Абд ар-Рашид әскерінің 1537 жылғы Қазақ хандығына жорығы. Бұйдаш хан әскерінің жеңіліске ұшырауы. Хақназар хан (1538-1580). Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Мауреннахрмен және Ноғай ордасымен арадағы қатынас. Орыс патшалығымен байланыстың қалыптаса бастауы. 1574 ж. 30 мамырдағы ағайынды Страгоновтарға берілген Иван Грозныйдың грамотасының мәні. Хақназар ханның өлімі. 

Шығай ханның (1580-1582) билігі. Билікке Тәуекел ханның (1586-1598) келуі. Мауреннахр билеушісі Абдолла ІІ-мен қатынасы. Сібір хандығымен байланысы. Қазақ елшілігінің Москваға баруы (1594). Оның мақсаты. Тәуекел ханның 1598 ж. Мауреннахрға жорығы, оның қорытындылары. Абдаллах хан әскерінің талқандалған жері. Ташкенттің 200 жылға Қазақ хандығына берілуі.

Есім ханның (1598-1628) билікке келуі. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылықтар. Тұрсын ханның өзін Ташкент билеушісі жариялауы. Есім ханның Шығыс Түркістанның ішкі өміріне араласуы. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрестің шиеленісуі. Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге қырғыздардың қолдау көрсетуі. Тұрсын ханның өлімі. Есім ханның қайтыс болуы. Есім хан мен Рабиға бегімнің кесенелері орналасқан қала. Салқам Жәңгір ханның билікке келуі. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Жоңғарларға қарсы күресте Жалаңтөс баһадүрдің Жәңгір ханға көмегі. 1613 жылы өзін Ташкент қаласының билеушісі деп жариялап, өз атынан ақша шығарған хан.

Тәуке ханның (1680-1718 жж.) билікке келуі. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының ішкі саяси өміріндегі өзгерістер. Батырлар мен билердің рөлі. Хандық Кеңес. «Жеті жарғы» заңы. Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастыруға қатысқан атақты билер. Харадж, соғым, сауын, бадж, зекет салықтары.  Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. Сібірге барған бес елшілік. Тобыл қаласына барған Тәшім батыр елшілігі. Қазақ-орыс, қазақ-жоңғар қатынасы. ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты. 1710 жылы Қарақұмда үш Жүз өкілдері жоңғарларға қарсы күшті жұмылдыру мәселесін қарастыруы. Бөгенбай батыр қазақ жасағының қолбасшысы. Тәуке ханның қайтыс болуы, қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылықтың етек алуы. Қазақ жеріне шапқыншылық барысында қатыгездік танытқан жоңғар билеушісі. 1718 жылы Аягөз бойында қазақ сарбаздарының жоңғарлардан жеңілу себебі. Жоңғарлардың 1723 жылғы басқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды» оқиғалары. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі. 1723 ж. қыркүйек айында Әбілхайыр ханның Еділ қалмақтарына қарсы жорығының мақсаты. 1726-жылы Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып Әбілқайырдың сайлануы. Біріккен қазақ жасақтарының жоңғарларға ойсырата соққы берген жері. 1726-жылғы Бұланты өзені бойындағы «Қалмақ қырылған» шайқасы. 1729-жылғы «Аңырақай» шайқасы, олардың тарихи маңызы. 

2.5. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мәдениеті.

Қазақ халқының этникалық құрамы. Қазақ халқының ұранына айналған, «қазақ» атауын білдіретін сөз. Жүздік бөлінудің алғаш рет жазба мәліметтерде көрінуі. Қазақ жүздері мен оларға тән тайпалар. Жүздердің территориясы. Жүздердің шығуы туралы мәселе. "Төлеңгіттер". ХҮІ-ХҮІІІ ғғ қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Ақсүйектер тобы: хандар, сұлтандар және төрелер, олардың қазақ қоғамындағы орны. Билер, батырлар, байлар, қожалар мен ишандар, оларға сипаттама. Қарапайым халық: шаруалар, кедейлер, жатақтар.

Қазақ халқының тіршілік көзі – мал шаруалығы. Қазақ даласының климаттық және топырақтық ерекшеліктері – көшпелі шаруашылық негізі. Көшіп-қону ауқымы мен бағыттарының табиғат өзгерістерінен тәуелділігі. Егіншілік, оның дамыған аймақтары. Суландыру жүйесі, дәнді-дақыл түрлері. Қолөнер. Сауда және айырбас.

Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастардың ерекшеліктері жөніндегі пікірталастар. Меншік мәселесі. Жерге, жайылымдарға, қыстауларға меншік түрлері. Малға меншік.

ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. мәдениет. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақстандағы қалалық аймақтар. Қалалардың атқарған ролі мен маңызы. Сыр бойы қалалары: 1513 жылғы Сығанақ (Көк кесене), Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам. Ташкент қаласындағы «Көкемнің көк күмбезі» ескерткіші. Қалалардың ішкі құрылымы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. қалалардың құлдырауы және оның себептері.

Қалалар мен қоныстардағы құрылыстар. Мал шаруашылығына қатысты еңбек құралдары және олардың түрлері. Егіншілікке қатысты еңбек құралдары. Әскери қару-жарақтар. Қолөнер, кәсіпшілік, тігіншілік.

Халықтың рухани мәдениеті. Күнделікті өмірдегі салт-дәстүрлер. Наурыз мерекесі. Діни және басқа халықтық мейрамдар. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-ғұрыптар. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, олардың ерекшеліктері. Халықтың наным-сенімдері.

ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар. Олардың мұраларындағы негізгі идея. Тәуке мен Абылай хандардың кеңесшісі болған қазақ жырауы.

ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (ХҮІІІ-ХХ ғғ.)

3.1. Қазақстанда отаршылдық кезеңнің басталуы.

Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайы. 1697 жылғы Галдан Бошоктың билік басына келуі. ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның мәні. І Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы. Бухгольц экспедициясы ( Ямышевск бекінісі – 1 қазан 1715 ж., Омбы бекінісі – 20 мамыр 1716 ж.), А.Бекович–Черкасскийдің, П.Северскийдің (Железинск бекінісі – 1717 ж.), И.М.Лихаревтің (Өскемен бекінісі – 1720 ж.) экспедициялары. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері. 1723 жылғы қыркүйектегі Әбілхайыр ханның Еділ қалмақтарына жорығы. 1726 ж. Күздегі Әбілхайыр, Сәмеке ханжардың, Есім, Барақ сұлтандар басқарған қазақ жасақтарының Лобжы Назаров тайшы билейтін қалмақ ұлысына жорығы. Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерін Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберуі. Императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қоюы. А.И.Тевкелевтің елшілігі. Әр түрлі саяси топтардың Тевкелев елшілігіне қатынасы. Кіші жүз (1731 ж.) және Орта жүз (1734 ж.) қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы. И.И.Неплюев. Кирилов бастаған Орынбор экспедициясының мақсаты. Ор бекінісінің құрлысының басталуы. 1749 жылы Петербург сарайындағылардың Нұралыны Кіші жүздің ханы етіп бекітуі.

Әбілхайыр ханның отарлаушы әкімшілікпен қарым-қатынасының шиеленісуі. Кіші Жүздің Ресей империясының құрамына қосылуына қарсы болған қазақ сұлтаны Барақтың Әбілхайыр ханды өлтіруі, оның саяси астары. Қазақстандағы саяси жағдайдың  өзгеруі. Патшалық Ресейдің отарлау шараларына кірісуі. Линиялық бекіністер мен  қалалардың салынуы. Жайық, Железинск, Өскемен Ор т.б. бекіністері. 1640 жылы салынған бекініс. Отарлау ісіндегі казак (казачество) әскерлерінің рөлі. Қазақтардың шаруашылық тәуелсіздігіне шектеуліктердің қойыла бастауы. Отаршыл әкімшіліктің ХҮІІІ ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы саясаты. Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға тыйым салу туралы жарлығы.

Цин империясының жоңғарларды «тыныштандыру саясаты». 1758 ж. Жоңғар хандығының жойылуы. 1756 ж. Цинь әскерінің қазақ даласына жорығы. Абылай хандығы (1771-1781 жж.). Абылай ханның біртұтас қазақ мемлекеттігін құру әрекеті. Абылай ханның Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы. Екатерина ІІ Абылай ханды қазақ жерлерінің Орта Жүздің ханы ретінде тануы. 1756 жылы Абылай сұлтанның Қытай қай мемлекетіне бодандыққа анты. 1740 жылғы Орта жүз ханы Әбілмамбет пен Абылай сұлтанның Ресей империясына адалдығы жөніндегі ант беруі. Битва 1750 жылғы қазақ пен жоңғар арасындағы Аяқ дегент жердегі шайқасы. Абылай ханның өлімінен кейінгі Қазақ хандығындағы саяси дағдарыс.  Қырғызстан мен Орта Азия хандықтарына жасаған жорықтары. Қазақтардың Шығыс Түркістанға қоныстауы.

Кіші жүзде хандық биліктің дағдарысқа ұшырауы (ХҮІІІ ғ. ІІ-жартысы). Кіші жүз қазақтарының Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы. 1773 ж. 5 қазандағы Орынбор қаласын қоршау.  И.Пугачев бастаған көтерілістен кейін Қазақстандағы «Көрінбес қозғалысы» (партизан қозғалысы). Патшалық Ресейдің Қазақстан территориясындағы жазалау шаралары.

Батыс Қазақстан өңіріндегі Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі (1783-1797 жж.). Көтерілістің себептері, басталуы, барысы және сипаты. 1783–1797 ж.ж. көтерілісшілердің қойған негізгі талаптары. 1785 жылғы Кіші жүз старшиндарының сиезі. Кіші жүздегі хандық билікті жоюға талпыныс. Игельстром реформасы және оның нәтижелері. Нұралы ханның биліктен кетуі. Көтерілістің жаңа кезеңі, салдары. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты нәтижесі.

3.2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылуы. Ұлт-азаттық көтерілістер.

1816 жылғы Орта жүздегі хандық биліктің жойылуының себептері. 1810-1866 жж. Қоқан, Хиуа және Бұхар хандықтарының экспансиясы. 1820 ж. 2000 қазақ ауылын Мұхаммед Рақымның тонауы. 1822 ж. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» және  Орта жүзде хан билікті әлсірету мақсатындағы патша үкіметінің шаралары. Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. Орта Жүзді басқару орталығы. "1822 ж. Сібір қырғыздары туралы  Жарғыға" сәйкес территориялық-әкімшілік өзгерістер. Округтердің құрылуы. Сұлтандар жағдайы (мұрагерлік қызмет, дворяндық титул). Сот жүйесіндегі өзгерістер. Дәстүрлі билер сотындағы өзгерістер. Салық саясаты.

1824 ж. Эссеннің «Орынбор қырғыздары туралы Жарғысы». Орынбор өлкесінің әскери губернаторы Перовский (1833 ж.). 1824 жылғы «Орынбор қырғыздарының Жарғысы» бойынша Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы және территориясының үш бөлікке бөлінуі. 1831 жылы дистанциялық жүйенің енгізілуі. Кіші Жүзді басқарудың орталығы. Орынбор генерал-губернаторының қызметтік лауазымдарды тағайындауы. Отаршыл әкімшіліктің Қазақстанның ішкі аудандарына тереңірек енуі және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. Егіншілік жағдайы. Қолөнер өндірісі. Көрші елдермен сауда қатынасы. Жәрмеңкелер. Қазақстанды Ресей өнеркәсібінің шикізат қорына айналдырудың басталуы. Отаршыл әкімшіліктің салықтар мен міндеткерліктерді енгізуі. Орта Азия хандықтарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарына шапқыншылығы. Қоқан және Хиуа әскерлерінің қанды жорықтары. Қазақ ауылдарына әртүрлі салықтардың (зекет және харадж) жүктелуі.

1801 жылы Еділ мен Жайық аралығында Ішкі Бөкей хандығының құрылуы, оның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы. 1824 ж. 26 маусымдағы Жәңгір ханның хан көтерілуі. 1827 ж. Нарын құмындағы Жасқұс мекеніндегі Жәңір ханның ордасының салынуы. Жәңгір ханның (1823-1845 жж) ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстан жерінде алғаш мектептің ашылуы және қазақтардың отырықшылыққа тартылуы. Жәңгір ханның жер саясаты және Ішкі (Бөкей) Ордадасынғы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісі. Көтеріліс қолбасшылары Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы. Хан Ордасын қоршауға алу. Көтерілістің ерекшелігі. Тастөбе мекені мен Ақбұлақ өзені маңындағы ұрыстар. 12 шілді 1838 ж. Ақбұлақ пен Қиыл өзендерінің арасындағы  Исатайдың қаза болуы. Көтерілістің жеңіліс табуы және тарихи маңызы. Ішкі (Бөкей) Ордасының Ордадағы хандық билік жойылуы.

Тентектөре, Қаратай, Арынғазы, Саржан сұлтандардың және Жоламан Тіленішұлының отарлық тәртіптің орнығуына қарсы бас көтерулері.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж.). Мақсаты, негізгі кезеңдері, ауқымы мен сипаты. 1838 жылғы соғыс қимылдарының кең құлаш жаюы. Кенесары хан сарбаздарының патша жазалаушы отрядымен қарулы қақтығыстары. Ақмола приказы үшін күрес. Кенесары ханның өзін қолдамаған сұлтандарға қарсы жорықтары. Кенесары ханның Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын біріктіру әрекеттері. Көтерілістің бүкіл Қазақстан территориясын қамтуы. Кенесары сұлтанның хан болып сайлануы. Кенесары ханның қазақ мемлекеттігін қайта құруға бағытталған қызметі. Хандықтың ішкі құрылысы. Кенесары хан қолына қарсы  патша жазалаушы экспедицияларының аттануы. Кенесары ханның Орталық Қазақстан жерінен қоныс аударуы.

Кенесары хан әскерінің қоқандықтармен соғысы. Кене ханның Бұқара және Хиуа хандықтарымен қарым-қатынасы. Ресейдің Түркістанды жаулап алуын тоқтату үшін, Кене ханның қырғыз және қазақ халықтарын біріктіру жолындағы қимылдары. Бұл әрекеттердің іске аспай, қырғыздармен соғысуы. Кене ханның өлімі. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы.

Ұлы жүз қазақтарының Қоқандықтарға қарсы көтерілісі. Хиуа және Қоқан билігіне қарсы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс (1856-1857 жж.). 9 қаңтар 1857 ж. Арықбалық мекеніндегі шайқас. Патша билігіне қарсы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс (1857-1858 жж.). 

Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды аяқтауды көздеген әскери қимылдары. Орыс әскерлерінің Меркі, Әулиеата, Ақмешіт (1853), Шымкент және Түркістанды басып алуы (1864). 1860 ж. Қоқан мен Ресей арасындағы Ұзынағаш шайқасы. Сібір және Сырдария әскери шептерінің тоғысуы. Верный әскери бекінісінің негізінің қалануы (1854), Ташкент қаласының алынуы (1865). Жаңа әскери бекіністердің салынуы. Орынбор әскери округі (1864 ж.) және Түркістан әскери округінің (1867 ж.) құрылуы. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының аяқталуы.

3.3. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Қазақстанды басқарудың әкімшілік-территориялық және сот реформалары.  1867 жылы 11-ші шілдеде бекітілген «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже». 1868 жылы 21-ші қазанда бекітілген «Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже». Қазақстан территориясының 3 генерал-губернаторлыққа біріктіріліп басқарылуы. Генерал-губернаторлықтардың орталықтары. Уақытша Ережеге байланысты қазақ жерлері Ресей империясының меншігі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасының Астрахань губернаторлығына енгізілуі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтардың әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызметінің шектелуі. Реформа бойынша сот және салық жүйесіндегі өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформаларының енгізілуіне байланысты туған ұлт-азаттық көтерілістер (1870-1873 жж.). 1886 жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже». Аталған облыстар құрамына енген уездер. Дала генерал-губернаторлығының құрылуы. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жерінің территориялық-әкімшілік құрылымы. 1886 және 1891 жылғы Ережелерге байланысты барлық буындағы отаршыл-әкімшілік жүйенің одан әрі жетіле түсуі. Көшпелі және отырықшы тұрмыстағы халыққа белгіленген алым-салық пен міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі өзгерістер. Жалпы империялық сот позициясының нығая түсуі.

Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1891 жылғы Дала Ережесінің жер мәселесіне байланысты отаршыл сипаты. Сібір темір жолы Ерекше комитетінің аграрлық саясатын жүргізудегі ролі. Ф.Щербина экспедициясының қызметі. Қоныс аудару қозғалысы. Қоныстанушылар. Қоныстанушылар орналасқан аудандар. Переселен деревнялары. Өкімет орындарының оларды орналастырудағы саясаты. ХІХ ғ. 2-ші жартысында Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару және оларға жасалған жеңілдіктер. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрі. ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры жұмысының негізгі бағыттары.

Ресей әскерінің Іле аймағына кіргізілуі және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғау. 1881 ж. Санкт-Петербор келісімі. 1881-1884 жж. Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуінің жүзеге асырылуы. 1883 жылдан бастап Жетісуда қоныс аударушыларға берілген жеңілдік. Қоныс аударудың экологиялық зардаптары. Қоныс аудару қозғалысының әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижесі. Жергілікті халық пен қоныстанушылардың арасалмағы. Қазақтардың белгілі бір бөлігінің отырықшы тұрмысқа өте бастауы. Қазақ ауылына нарықтық қатынастың енуі. Мал құрамындағы өзгерістер. Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелудің күшеюі.

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп орындары қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері және сипаты. Қазақстанның қалалары. Олардың орналасуы. Қалалар – Қазақстанды отарлық қанаудың әкімшілік орталықтары. Қалалардың экономикалық өмірі. Қалалардың халқы, әлеуметтік-демографиялық құрамы. Қазақстанның жер қыртысы байлығын игеру шаралары. Орыс капиталының тау-кен өндірісіне шоғырлануы. Тас көмір және мыс қорларын игерудің басталуы. Металл өндіру заводтарының пайда болуы. Алғашқы өнеркәсіптік акционерлік қоғамдардың құрылуы. Қазақстандағы өнеркәсіп орындарында жалдамалы жұмысшылардың қалыптаса бастауы. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы және сауда.  ХІХ ғ. аяғында шетел капиталистерінің тау-кен өнеркәсібінде белсенділігінің артуы.  Ауыл шаруашылық шикізат өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарының дамуы. ХІХ ғасырдың ортасындағы жәрмеңкелер. ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысы. Бұқтырма, Семей, Петропавлдың Синьцзянмен сауда жасау орталықтарына айналуы. Жергілікті халықтан жұмысшы мамандардың қалыптасуының ерекшеліктері. ХХ ғ. басындағы Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы. ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда дамыған өндіріс саласы.

ХҮІІІ ғ. - ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті. ХҮІІІ ғ. Қазақстандағы Ресей экспедициясы. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Тәттіқара, Үмбетай Тілеуұлы, Шал Күлекеұлы. Ревалюцияға дейінгі қазақ музыка өнерінің өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Біржан Қожақұлы, Ақансері, Байжігіт және басқалар. Құрманғазының "Кішкентай", «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері.

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы ғылым, ағартушылық және реформаторлық бағыттар. Ш.Ш.Уәлиханов (1835-1865 жж.). Омбы кадет корпусын бітіріп, Гасфорттың адъютанты лауазымына тағайындалуы. Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің маңызы. Ш.Уәлихановтың ориенталистика саласындағы еңбегі. Ш.Уәлихановты бүкіл әлемге танымал еткен еңбегі. Ш.Уәлихановпен дос орыс жазушы – демократтары.

Ы.Алтынсариннің өмір сүрген жылдары. 1857 ж. Алтын медаль. Ы.Алтынсариннің алғашқы қазақ мектебін ашуға атсалысуы. Ы.Алтынсарин Торғай облысында мектеп инспекторы қызметінде. ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қазақ қыздары үшін алғашқы оқу орнының ашылуы. Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі мектептердің ашылуы және олардың басты мақсаты. ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі мектеп медреселерді ашуға кедергі жасауы. Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегі.

Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. А.Құнанбаевтың еңбектері. Абайдың «Қара сөздері» философиялық-этикалық көзқарас тұрғысындағы еңбек. Абайдың орыс жазушы достары және олардың еңбектерін қазақ тіліне аударуы. А.Құнанбаевтың қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.

Орыс тарихнамасындағы Қазақстан. ХІХ ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан А.И.Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі» атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбек. Семенов-Тянь-Шаньский Жетісудың табиғатын зерттеуші орыс ғалымы.  Затаевич қазақ халқының «1000 әні мен 500 күйін» жинағын композитор, әрі этнограф ғалым. Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандардың идеялық бағыттары.

1888-1902 жж. тұңғыш қазақ тіліндегі «Дала уәлаяты» мерзімді басылымның жарыққа шығуы. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. Шығарушы редакторлары, идеялық бағыттары.

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі – ХХ ғ. басы.). Қазақ ұлттық интеллигенциясының реформаторлық қозғалысының ерекшеліктері. 1905-1907 жж. орыс революциясының маңызы және оның Қазақстанға әсері. ХХ ғасырдың басында 300-ден астам жұмысшысы бар ірі өнеркәсіпорны. 1905 ж. желтоқсанда Успенск руднигіндегі тау-кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы. Успенск руднигі жұмысшыларының құрған ұйымы. 1905 ж. Қарқаралы петициясы. І, ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар. Б.Қаратаевтың ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясатын сынға алуы. М.Дулатовтың «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы. Столыпин аграрлық реформасы Қазақстанда жүзеге асырылу барысы және нәтижелері. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстаннан 45 млн. десятина жердің қонысаударушыларға алынуы. «Қара жұмысшалар одағының» құрылуы.  

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.

4.1. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсері. Салық мөлшерінің, түрлі міндеткерліктердің өсуі. Қазақстанда енгізілген салық түрі. Ауыл шаруашылығының құлдырауы, егістік көлемінің, мал басының кеміп кетуі. Әлеуметтік қайшылықтардың өсуі. Патша өкіметінің аграрлық саясатына наразылықтың күшеюі. Қазақ ауылы мен европалық қоныстанушылар бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Солдаттар соғысқа қарсы бас көтерулер. Қалалар мен өндіріс орындарындағы ереуілдер. Қазақстан облыстарында төтенше-әскери жағдайдың енгізілуі. М.Дулатовтың қазақ ұлтының өмір сүруінің проблемаға айналуы мәселесін көтеруі.

1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы. 1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен сипаты. Көтерілістің қозғаушы күштері мен басталуы. 19-43 жас аралығындағы ер азаматтардың тыл жұмысына алынуы. 1916 жылғы 25 июньдегі патша жарлығына қарсы халықтың қарулы көтерілісіне ұлттық интелегенцияның қатынасы және көзқарасы. 1916 интеллигенция өкілдерінің радикалды бағытының көтерілісшілер жағына шығуы. Жетісу мен Сырдария облыстарындағы көтерілістер. Каспий және Орал облыстарындағы көтерілістер. Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы көтерілістер. 1916 жылғы көтерілістің Торғай облысындағы көтеріліс басшылары (Амангелді Иманұлы, Әбдіғапар Жанбосынұлы т.б.). Амангелді Иманұлының серігі, мерген Кейкі батыр. 1916 жылғы көтеріліс барысында хандық билікті қалпына келтіруге талпыныс (Әбдіғапар Жанбосынұлы, Бекболат Әшекеев, Нұрлан Қияшев, Оспан Шоңов). Ж.Мәмбетов пен Ұ.Саурықов қолбасшылық жасаған жер. Қоныс аударушылардың көтеріліске қатынасы. Патша өкіметінің жазалаушы экспедициялары. Жергілікті халықтың Қытайға қоныс аударуы және оның зардаптары. 1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы. Қазақ жастарының тыл жұмыстарына алынуы. Қазақ зиялыларының тылдағы жұмысшылардың арасындағы қызметі.

4.2. 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан

Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы. Уақытша өкіметтің басқару органдарының құрылуы. Қазақ интеллегенциясының өкілдері Уақытша өкіметтің басқару орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Тынышбаевтардың және басқалардың қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. М.Тынышпаев Түркістан Уақытша үкіметінің комиссары. М.Шоқай Жетісу Уақытша үкіметінің комиссары. Уақытша өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Облыстық және уездік қазақ съездері және оларда қойылған мәселелер. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі.

1917 жылғы дағдарыс. Шілдедегі І-ші жалпықазақ съезі. «Алаш» ұлттық-саяси партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. «Алаш» партиясының бағдарламасының «Қазақ» газетінде жариялануы. Алаш және большевиктер. Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері. "Үш жүз" партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясының басшылары және олардың ұстанған саяси бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі.

Уақытша өкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінің ыдырауы. Большевиктердің саяси билікті қолына алуы. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым. «Қара жұмысшылар Одағы» (А.Розыбакиев, Ж.Бабаев, Х.Фариденов).

Желтоқсанда өткен ІІ-ші жалпықазақ съезі. Алашорда Халық Кеңесі үкіметінің құрылуы. Семей қаласы Алаш-Орда үкіметінің орналасқан орталығы. Алаш автономиясын жариялауға байланысты айтыстар. Ә.Бөкейханов Алаш үкіметінің жетекшісі. Түркістан (Қоқан) автономиясы ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет. М.Шоқай Түркістан (Қоқан) автономиясының жетекшісі. Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтері құрылуының Қазақстан тарихындағы тарихи маңызы.

4.3. Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында.

Ресейдегі Қазан революциясы. Қазақстанда 1917 жылдың қазан-сәуір айлары аралығында Кеңес үкіметінің орнауы. Перовск Сырдария облысында алғаш Кеңес өкіметі орнаған қала. Кеңес өкіметі және Алашорда мен Қоқан автономиясы үкіметтерінің тағдыры. Ұлт зиялыларының Кеңес өкіметіне көзқарастары. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы. Кеңес үкіметінің алғашқы шаралары. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күштер.

Қазақстанның 1918-1920 жж. азамат соғысына тартылуы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарын құру шаралары. Большевиктердің қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін құруы. Қазақстан халқының екіге жарылуы. Ақ гвардияшылар мен Қызыл Әскер арасындағы әскери қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы. 1918 жылы маусымда Орынбордың алынуы. Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық жағдай. «Соғыс коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Черкасск қорғанысына қатысушылар әскерінің Анненков әскерлеріне қарсы шайқасы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан Жетісу майданының жойылуы. Азамат соғысы кезінде Ә.Жангельдин экспедициясының Ақтөбе майданын қару-жарақпен қамтамасыз етуі. 1920 ж. наурызында Қазақстандағы азамат соғысы аяқталуы.

1919 ж. 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару үшін революциялық Комитеттің құрылуы, оның құрамы. Қазревкомның мақсаты мен міндеттері. 1920 ж. Алашорда үкіметінің жойылуы. БОАК-нің «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік социалистік Автономиялық республикасын» құру туралы шешімі. 1920 ж. 26 тамыз Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы. 1920 ж. 4 қазан Кеңестердің Бүкілқазақстандық бірінші Құрылтайы. 1920 жылы құрылған Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық Комитетін басқарған С.Меңдешев. 1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін басқарған Радус-Зенькович. 1920-24 Орынбор қаласы Қырғыз (Қазақ) АКСР астанасы. 1924 ж. Сырдария, Жетісу облыстары ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына енген облыстар.

4.4. Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде

(1918-1939 жж.)

Қазақ АКСР-і және Түркістан Республикасы. Мұсылман Бюросы және Түріккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы. Т.Рысқұлов және М.Сұлтанғалиев. Түркістандағы басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша мен Ахмет Зәки Валидов. 1921 ж. жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешімнің қабылдануы. Азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы ЖЭС жылдарындағы экономиканың дамытудың басты бағыты. 1921 ж. Қазақстандағы аштық. Алаш зиялыларының аштықпен күресі. 1921-1922 жж. жер-су реформасы. 1921-22 жж. жер-су реформасының мәні. Қазақстандағы жер мәселесі. Жаңа билік және қазақ зиялылары. Қазақ өлкелік партия комитетінің ІІІ-конференциясы (1923 ж., 17-22 наурыз). «База» және «азаб» туралы айтыс. «Қазақ ұлтшылдығы» туралы мәселе. 1923 ж. 22 қарашадағы «Қырғыз тілінде (қазақ) іс-қағаздарды жүргізуді енгізу туралы» Декрет. Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу. Верный қаласы Алматы болып қай жылы өзгертілуі. 1925 ж.  Бүкілқазақстандық Кеңестер сьезі «қырғыз деген атауды, қазақ атаумен ауыстыру туралы» қаулының қабылдануы.

1925-33 жж. Ф.И.Голощекин Қазақстандағы партия ұйымының басшысы. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы, оның мазмұны. С.Сәдуақасов «Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткері. Жер мәселесіне байланысты Қазақ өлкелік партия комитетінің конференциясының шешімі (1925 желтоқсан), оның отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларының Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. Отарлықтың биліктегі түрлі топтар арасында «тепе-теңдік» сақтау саясаты. Ұлттық нигилистерді қолдау саясаты. Т.Рұсқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті мүшелерінің кеңесі. Қазақ Өлкелік Партия Комитетінің ІІІ-Пленумі (1926, 25-30 қараша). Ф.Голощекиннің Алаштық интеллигенцияға шабуылы. 1927 жылдың соңында басталған сот процестері. Алаш қозғалысы басшыларын репрессиялау саясаты (1927-1932).

Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу. Кеңестендіру саясаты. Бай қожалықтарын тәркілеу туралы декреттің қабылдануы, оның саяси және экономикалық нәтижелері. Ауқатты шаруалар қожалығын жою. Қазақ шаруаларын күштеп жаппай отырықшылыққа көшіру шаралары. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. 1932 ж. Қазақстанда ұжымдастыруды аяқтаудың жоспарлануы. Жаппай ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Ел көлемінде заңсыздықтың кең орын алуы. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 1929-1931 жж. күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі. Олардың себебі, қозғаушы күштері, барысы және күшпен басылуы.  Босқыншылық. шет елге ауа көшулер. Босқындардың қайғылы тағдыры.

1931-1933 жж. аштық. 1932 ж. шілдесінде Ф.Голощекинге жолданған республика қайраткерлерінің бірі тобы жазған «Бесеудің хаты». Демографиялық апат және оның салдары. Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 30-жылдары болған аштықтан 2 млн-нан астам адамның қырылуы. Кеңестік тарихнаманың «ұжымдастырудың» нәтижелерін асыра бағалауы. 

Қазақстанды «индустрияландыру» саясаты. Табиғи шикізаттарды зерттеу. Индустрияландырудың отарлық мазмұны. Индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. М.Шоқай, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов және басқа қайраткерлердің индустрияландыруға байланысты пікірлері. 1930 ж. Түркістан-Сібір теміржолының құрылысының аяқталуы. М.Тынышпаев және Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері және бұл саладағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы. Маман кадрлар даярлайтын арнайы орта және жоғары білім ошақтарының құрылуы. 1928 ж. Қазақстанда бірінші жоғары оқу орнының ашылуы. Қазақ жазуын араб алфавитінен латын, сонан соң кириллицаға көшіру. А.Байтұрсынов бастаған топтың алфавит ауыстыруға қарсы күресі. 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті сауат ашудың енгізілуі.

Мәдениетте большевиктік концепцияның үстем алуы. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне жасалған шабуыл. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Ғылым ошақтарының пайда болуы. Ғылым кадрлардың қалыптаса бастауы. Рухани мәдениеттен алаш зиялылары мен олардың шығармаларының  ығыстырылуы. 1936 ж. Қазақ АКСР-ның одақтық статусқа ие болуы Қазақ АКСР-ның Қазақ КСР-і болып өзгертілуі. 1937 ж. Қазақстанда бірінші Кеңестік Конституцияның қабылдануы. Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған қайраткер және оның тағдыры. 1929 ж. Алматы қаласы Қазақстанның жаңа астанасы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1940 ж. 10 қарашадағы «Қазақ тілін жаңа орыс алфавитіне (кириллицаға) көшіру туралы» Заңы.

Тоталитарлық жүйенің нығая түсуі. Сталиннің жеке басына табынуы 1937-1938 жж жаппай репрессиялау шаралары. Ауқымы. Қазақ зиялыларының алдыңғы белсенді бөлігі – репрессия құрбаны. Бұл процесстің ауыр салдары. Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам қуғын-сүргін құрбандары. ГУЛАГ, КарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР лагерлері. Кәрістердің, немістердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударуы. Қазақстанға еріксіз қоныс аударған халықтардың жағдайы.1940 жылдың басында пайдалануға берілген темір жол торабы.

4.5. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж).

ІІ-дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес үкіметінің сыртқы саясаты. Фашистік Германияның Кеңестер Одағына басып кіруі. Фашистердің «Барбаросса» жоспары бойынша Қазақстан Үлкен Түркістан аймағына енгізілуі. Фашистердің «Түркістан легионын» құру әрекеті. Мұстафа Шоқайұлы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры.

Майданға жақын аудандардан өңдіріс орындарын, өңдірістік құрал-жабдықтарды және халықты эвакулациялау, олардың белгілі бір бөлігінің Қазақстан жеріне орналасуы. Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу. 1941-1942 жылдары Қазақстанға 220  фабрика-зауыттардың көшірілуі. 1941-1945 жж. Қазақстанда 460 завод, фабриканың соғыс қажеттілігі үшін жұмыс істеуі. Ж.Жабаев 1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» атты толғаудың авторы.

Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдер (атқыштар дивизиялары, бриғадалар, батальон, полк т.б.). Қазақстандықтардың ірі шайқастарға қатысуы және ерлігі. Москва, Сталинград, Курск түбіндегі шайқастар. Ұлы Отан соғысы жылдарында С.Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталаған қазақ жауынгері. 1942 ж. қыркүйек айында Қазақстанның Орал, Гурьев (Атырау) аймақтарына соғыс жағдайының енгізілуі. 500-ге жуық қазақстандықтардың Кеңес Одағы батыры атағын алуы. Елеусізов Кеңестер Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ. Кеңес Одағының Батыры Т.Тоқтаров қаза тапқан шайқас. С.Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры стағының берілуі. Кеңестер Одағының Батыры атағын екі мәрте алған қазақстандықтар. Б.Момышұлы ерлігі. «Артымызда Мәскеу» еңбегі. Б.Бейсекбаев – «Ресей батыры» және «Халық Қаhарманы», Г.Ахмедьяров – Балтық жағалауындағы партизандық қозғалыстың жетекшісі, Қ.Мәденов, Р.Қараманов – Берлин ратушасына ту тікен сарбаздар. Тоталитарлық тәртіптің соғыс жылдары нығая түсуі. Ұлт саясатындағы озбырлықтар. КСРО территориясындағы жеке халықтарға сенімсіздіктің көрсетілуі.

Соғыс кезіндегі ауыл адамдарының еңбектегі ерлігі. Ыбырай Жақаев, Шығанақ, Берсиев, т.б. Майдан мен тылдың тұтастығы. Қазақстан еңбекшілерінің соғыста қираған аудандарға берген көмегі. Ұлы Отан соғысының аяқталуы. Адамзат қоғамының соғыстан шеккен зардабы. ХХ-ғасырда болып өткен екі дүниежүзілік соғыстардың әкелген қасіреті. Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен сабақтары.

4.6. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1956 жж.)

Кеңес халқының бейбіт  тұрмысқа өтуі. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың күрделі сипаты. Соған байланысты ішкі дамуда әскери-өнеркәсіптік базаны жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа салаларының қалыптасуы. Транспорт. 1947 ж. азық-түлік және өндірістік тауарларды бөлудің карточкалық жүйесінің жойылуы.

Ауыл шаруашылығы. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін басу шаралары. Жеке меншіктегі мал санын өсіруге тыйым салу. Нарықтық қатынастарға қойылған шектеулер. «Тың және тыңайған» жерлерді игерудің басталуы. 

Тоталитарлық тәртіптің күшеюі. Барлық өмір саласын қамтыған бақылау. Соғыста тұтқынға түсіп оралғандардың ауыр жағдайы. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім талабының енгізілуі. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. 1946 ж. Қазақстанда республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуы. Қ.И.Сәтпаев Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті. 1949 ж. қазақ жазушысы М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағының берілуі. «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің жарық көруі және авторлары. Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер», «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» еңбектері.

«Қазақ КСР Ғылым Академиясы тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулысына сәйкес, ұлтшыл деп айыпталған зиялылар. Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы қаулысы. «ХІХ ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстан» Е.Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі. 1952 ж. Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қаз КСР жоғары сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылуы. Орыс халқына қатысты бұрынғы концепцияның өзгеріске ұшырауы. 1948 ж. КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша Қазақстан жерінде (Семей, Павлодар, Қарағанды обл. түйіскен жерінде) салынған ядролық полигон. 1949 ж. Семей полигонында өткізілген ядролық сынақ. Республикадағы транспорт жүйесі (Мойынты-Шу темір жол торабы).

4.7. Қазақстан Хрущев реформалары тұсында (1956-1964 жж.)

Сталиннің өлімі. Жоғарғы билік үшін күрес. Н.С.Хрущевтың билікке келуі. Партияның ХХ-съезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Елдегі «жылымық» кезеңі. Партияның ХХІІ-съезі, оның шешімдерінің волюнтаристік сипаты. «Американы қуып жетіп, басып озу!» ұраны. Ж.Шаяхметов Қазақ КСР КПОК 1-ші хатшысы қызметінде. Қазақстан Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Понамаренконың келуі. 1954 жылы Қазақстанның «тың және тыңайған» жерлерін игеру. Эксперименттің алғашқы нәтижелері. 1954 жылы тамыз айының басына қарай Қазақстанда жыртылған жер көлемі. Қазақстандағы тың игерудің экологиялық, экономикалық және демографиялық салдары. Табиғи жайылымдардың жойылуы, жер қыртысының эрозияға ұшырауы. Мал шаруашылығындағы жағдай. 1962 ж.

Экономиканы басқарудағы реформалар. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық, отарлық бағытының тереңдей түсуі. 1959 жылғы «Теміртау оқиғасы». 1960 ж. Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми бірлестігі және оның ұйымдастырушылары. Семейде қазақ жастары құрған ұйым. Қазақстан Коммунистік партиясының Беғазы атты қола және темір ғасырының керемет археологиялық ескерткіштерін ашқан белгілі тарихшы Ә.Марғұланның ғылыми көзқарасының «жалған» деп танылуы.Еңбегі лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғылымы.

4.8. Қазақстан «кемелденген социализмнің» дағдарыс жылдарында

(1965-1985 жж.)

1960-жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы. Л.И.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. Идеологиялық саясаттағы консерватизм және экономикадағы реформалар. Д.А.Қонаев 1964-1986 жж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы. Қазақстан КСРО-ның ірі өнеркәсіп аймағы. Өнеркәсіптің айқын шикізаттық бағыт алуы. Отын-энергетикалық комплексі, түсті және қара метал, химия және мұнай химиясы өндірістерінің дамуы. Өнеркәсіптегі машина жасау өндірісінің үлесі. Жұмысшы кадрлар санының өсуі, олардың әлеуметтік жағдайы. Республикадағы келеңсіз жағдайлар. Кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы. 1979 ж. Қазақстан территориясында Неміс автономиясын құру туралы шешім қашан қабылдануы, оның құрамына енгізілмек болған облыстар. 1979 ж. «Целиноград оқиғасы».

Қалалар. Урбанизация және оның салдары. Ауыл шаруашылығы. Еңбек өнімділігінің деңгейі. Тиімділік мәселесі. Халықтың тұрмыс-жағдайы.  Тұрғын үй мәселесі. Экологиялық дағдарыстар. Арал теңізінің тартылуы. Семейдегі ядролық қаруларды сынау полигонының зардаптары. Батыс Қазақстандағы атом полигоны. Инфляция. Тұрмысқа қажет тауарлар дефициті.

Мәдениет және ғылым. Мәдени өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. 1975 жылы Олжас Сүлейменовтың «АЗиЯ» кітабының тағдыры. Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы. Мәдениеттің ұлттық негіздерінің әлсіреуі. Қазақ тілін қолдану аясының тарылуы. Ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. 1974 ж. «Қан мен тер» пьесасының қойылуы, «Гүлдер», «Дос мұқасан», «Айгүл» ансамблдері «Жас тұлпар» қоғамдық бірлестігінің ықпалымен құрылған

4.9. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан (1985-1991 жж.)

М.С Горбачев (1985-1991 жж). Елді басқаруда реформалық бағыттың үстемдік алуы. Жариялылық. Экономикалық реформалар. Экономикалық тәуелсіздікке бағытталған жартыкеш шаралардың іске асырылуы. Республикада экономикалық өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру концепциясының қалыптасуы. Экономиканы басқару жүйесіндегі өзгерістер. Одақтық басқаруға жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақстан үкіметінің қарауына өтуі, т.б. шаралар.

Саяси өмірдегі өзгерістер. Республикалық басшылықта ширек ғасыр болған Д.А.Қонаевтың (1961-1985 жж.) биліктен кетуі. Оның орнына Г.В.Колбиннің (1986-1990 жж.) келуі. Желтоқсан оқиғалары. 1986 жылы Алматыдағы оқиға кезінде жастардың демократия принциптері үшін бас көтеруі. КОКП ОК-нің «Қазақстан Республиканың партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасының  «ұлтшылдық» деп бағалануы. 1991 ж. 12 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау туралы» Жарлығы. Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құрған «Желтоқсан»партиясы.

1989 жылғы «Жаңа өзен оқиғасы». Бейресми қоғамдық қозғалыстардың өмірге келуі. «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы. Ұлт-азаттық сананың өсуі. 1988 ж. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б. ресми ақталуы. 1989 ж. ақпан «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы. 1989 ж. 22 қыркүйек Қазақ КСР-інде қабылданған «Тілдер туралы Заң». ХХ ғасырдың 80-жылдарында М.Шаханов басқарған Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитет қызметі. 1991 ж. 28 тамыз Семей ядролық полигонының жабылуы. 1964-1989 жылдар аралығында 343 жерастылық жарылыс болған полигон. Кеңес Одағының Ауғаныстаннан әскерін әкетуі.

Қазақстан Коммунистік партиясының өз қызметін тоқтатуы. КСРО-ның өмір сүруінің толықтай аяқталуы. 1990 ж. сәуір Республикада Президенттік қызмет орнын құру. 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР-ның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның жариялануы.

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

5.1. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы.

Қазақстан тәуелсіздік жолында. Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің дағдарысы. Орталықтың ұлт саясатына наразылықтың күшеюі. Вильнюс, Рига, Баку, Тбилиси оқиғалары. Жаңа Одақтық шартқа даярлық. 1991 жылғы тамыздағы бүлік. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет. Кеңестер одағының ыдырауы. Беловежье кездесуі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының құрылуы және оған енбеген мемлекеттер. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентін және вице-президентті сайлау. Н.Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі. 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде (РКФСР, Беларуссия, Украина) КСРО-ның өмір сүруі туралы ресми құжаттың тұжырымдалуы. Орта Азия мен Қазақстан республикалары лидерлерінің Ашхабадта кездесуі. Кеңестен кейінгі тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда кездесіп, «ТМД-ны құру туралы» хаттамаға қол қоюы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындаған мемлекеттер. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Семей полигонын жабу жөніндегі» Жарлыққа қол қоюы. Қазақстан Республикасы Президентінің «1986 ж. 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі» Жарлығы шықты. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің құрылуы және алғашқы министрі. 1992 жылы шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» Жарлығы.

Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-мәдени дамуы. 1991 жылы 10 желтоқсан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілуі. Республика парламентінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы. 1992 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы және Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторлары.

Қазақстан Республикасының қуатты әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және соғыс-теңіз күштерін құруға бағытталған шаралар. Т.Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері. Қазақстан Республикасының Ұлттық рәміздері – ту, елтаңба, әнұран туралы Заң қабылданды. Бірінші дүниежүзі қазақтары құрылтайының шақырылуы (1992 ж. Түркістан қ.). Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993 ж.). Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы (1995 ж.). Бүкілхалықтық референдум, ҚР Конституциясын қабылдау (1995 ж.). Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі. Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдерінің статусы. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы» Жарлығы (1995 ж. 12 желтоқсан). Президенттің Қазақстан халқына тұңғыш жолдауы. 1989-1991 жж. Қазақстандағы ең қуатты қоғамдық ұйым. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы үшін айыпталғандардың «Желтоқсан» партиясын құрылды. «Отан», «Асар» «Қазақстан социалистік партиясы», «Қазақстан патриоттары партияларының» қызметі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Орхон-Енисей жазуларының көшірмесі әкелінді.

«Қазақстан-2030. Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының жақсаруы» ұзақ мерзімге арналған маңызды мақсатты бағыттары (1997 ж.). ҚР-ның "Қазақстан-2030" стратегиясы бойынша ұзақ мерзімді даму басымдықтарының бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасына байланысты, Қазақстан Еуразия кіндігі бола отырып, үш аймақты байланыстыруы. ҚР Президентінің «Қазақстан-2030» Жолдауына байланысты елімізде дамыған қоғамды құру бағытында Қазақстан ұстанатын модель. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстанда «Әлемдік және дәстүрлі-ұлтық діндер басшыларының съезін» өткізу бастамасы (2003 ж.). ҚР «Тілдер туралы» Заңы (1997 ж.). Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру (1997 ж. 10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу). Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының Астана деп аталуы. Қазақстан Республикасының жаңа астанасы Астана қаласының салтанатты түрде рәсімделуі (презентация). Екінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. 1999 жылдың ҚР Президентінің жарлығымен аталуы.

Мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу. ҚР Негізгі Заңға сәйкес жергілікті өкілетті орган. Қазақстан Республикасында атқарушы билікті атқарушы орган. Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына сәйкес мемлекет басшысы жанындағы кеңесу органы ретінді Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды.

1998 жылы «Әлем артисі» атағына ие болған Қазақ музыка академиясының ректоры.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларының негізгі мақсаты. ҚР Президентінің "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес "30 корпоративтік басшы" бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін бағыт. ҚР Президенті Қазақстанның бәсекеге төтеп бере алатын мемлекеттер қатарына қосылудағы басымдықтарының бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты халыққа Жолдауындағы қойылған он міндеттің бірі.

Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік символдары жөнінде заңдардың қабылдануы. ҚР Мемлекеттік Әнұраны жаңа мәтіні авторлары.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу туралы» Жарлығы. ҚР Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы. ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған «Халық бірлігі және ұлттық тарих» жылы. 2005 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасында Президенттік сайлау. Қазақстан Республикасында жаңа әнұран мәтінінің қабылдануы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың (1992 ж. 5 қазанда) «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңес шақыру туралы» бастама көтеруі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» (2006 ж.) атты Жолдауы.

5.2. Қазақстан нарықтық экономикаға барар жолда

Нарықтық экономикаға жасалған алғашқы қадамдар. Көп укладты экономиканың қалыптаса бастауы. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы (1993 ж. 15 қараша). Кредит-қаржы жүйесінің, ұлттық банктің құрылуы. Қазақстан Республикасаның  валюта және алмаз, дербес Алтын қорларының жасалуы.

1994-1995 жж. шетел инвестициялары республика экономикасының тартылған салалары. 1996 жылы жекешелендірілген нысандар. 1992 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың «Шеврон» корпорациясы арасындағы келісім бойынша құрылған бірлескен кәсіпорын қызметі. 2000 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастығының қызметі. 2000 жылы Қазақстанды нарықтық экономикалы ел деп таныған халықаралық ұйымдар. 1994 жылы 29 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде болған кездесуінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың баяндамасы.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес меншіктің түрлері. Жекешелендіру үдерісінің және экономикадағы мемлекеттік секторға монополияны жоюдың басталуы. Ауыл шаруашылығын реформалауды одан әрі жетілдіре түсуді көздеген шаралар. Жаңа экономикалық жүйе қалыптастыру жолындағы қиындықтар мен қайшылықтар. 

5.3. Қазақстан халықаралық аренада

Ресей және ТМД-ның басқа да елдерімен өзара сенімді тең қатынас қалыптастыруға бағытталған шаралар. Қазақстан жаңа тарихи жағдайда біртұтас ортақ экономикалық кеңістікті сақтауды жақтаушы. Орталық Азия елдерімен өзара пайдалы жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге бағытталған құжаттарға қол қойылуы. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының елшілігі ашылған шет мемлекеттер. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Одағы идеясы.

Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналу жолында. АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Ресейден және Қытайдан қауіпсіздік және территориялық тұтастық жөнінде кепілдік алу.

Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануы (1992 ж.). Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы. Әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптаса бастауы. 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте өткен Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық кеңесінде Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол қойылуы. Қазақстан Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының және Ислам конференциясы ұымының төрағасы. Қазақстанның Еуропалық Одақпен байланысы. Қазақстан, Ресей, Белорусия арасындағы Кедендік Одақтың құрылуы және қызметі.

Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

 

ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ

ТАРИХНАМАСЫ

Тайпалар конфедерациялары және мемлекеттік құрылымдар туралы тарихнамалық танымдар (б.з. дейінгі V ғ.-ХІ ғ.).

Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихындағы тарихи танымның негіздері. Тарихи жазудың тәсілдері мен түрлері - күнделікті мифтік білім, діни көзқарас - провиденциализм.

Қазақстан тарихы бойынша ежелгі тарихнама. Тарихи процестерді идеалистік түсіну. Зороастризм дінінің қасиетті текстер жиынтығы - Авеста (Ясна, Яшты және Вендидат) әлеуметтік-саяси құрылыс, әдебиет және дін туралы. Ерте көшпелілер дәуірі туралы (Ахменид жазбалары, Дарий I патшаның Бехистун, Ксеркстің Персеполь жазбалары). Герадоттың обьективтілігі, елдер мен халықтарды сипаттауының тарихи-этнографиялық кестесі. Герадот еңбегінің тақырыптары мен мазмұндары. Страбонның Географиясындағы сақ (скиф) тайпалары сипаттамасының негізгі мәселелері. Фукидидтің ғылыми-тарихи сыншылдығы.

Қытай тарихнамасы Қазақстан халықтары туралы (б.з.д. II ғ.-б.з. VІІІ ғ.). Қытай жылнамаларының сипаттамасы. Қытай тарихнамасындағы ғұн мәселесі. Тарих және этнография, саяси бағыт (Сыма Цянь, Бань гу, Фань хе және т.б.).

Қазіргі Қазақстан ғылымы үшін үндіарийлер мәселелері. Үндіарийлердің шығу тегі туралы теорияларға шолу.

Қазақстан тарихының түркі дәуіріндегі тарихнамасы. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері VІ-Х ғасырлардағы Қазақстан территориясы және халқы туралы. Руникалық жазбалар және "тас" жылнамалар. Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк және Иолығ тегін: қисыны, сипаты және тарихты түсіндірудің әдістері. Түркі қағанаты бірінші тарихшыларының (Тоныкөк, Иолық тегін) тарихи көзқарастары.

Рим авторлары: Аммиан Иордан "Тарих" (VІ ғ.), Марцеллин ( VІ ғ.), Приск Панийский (V ғ.). Геттердің шығу тегі мен қызметі, ІV ғ. Халықтардың қоныс аударуы. Ғұндар және түркі тайпалары туралы. Иорданның зерттеуіндегі Еділдің жеке тұлғасы. А. Марцеллианның ғұндарға берген сипаттамасы. П.Панийскийдің жазбаларындағы "Халықтар соғысы".

Византиялық шығармалар: Эвнапия Сардий (346-414) "Продолжения дексипповое истории". Прокопий Ксессарийский (VІғ.) "История воин Юстиана", Менандр Протектор (VІғ.) "Продолжения Агафиевой истории", Маниах және 568-569 жж. Земарх елшілігі. "История". Феофилакт Симокот 810-814) "О значении истории". Константин Багрянородный (Хғ.) «Об упавлении империи". "О населении Великой степи первой половины X столетия". Орыс жылнамалары. С.М. Соловъев XII ғасырдағы дала көшпелілері туралы.

Мұсылман тарихнамасы

ІХ-ХІІ ғасырлардагы Қазақстан тарихы бойынша араб және Парсы зерттеулері

Мұсылман ренессансы және оның тарихи-география ғылымындағы рөлі. Қоғамдық ғылымдардың дамуының саяси алғышарттары және араб-мұсылман  өркениетінің әсері. Араб зерттеушілерінің халықтарды сипаттау кезіндегі бағыттары. Араб авторларының тарихи көзқарастары. "Жер суретінің кітабы" китаб Сурат аль-ард ал-Хварезми (812-847), этнографиялық мәліметтер. Хордадбек (IX ғ.) зерттеулерінің тарихи-географиялық сипаты. Китаб ал- Масалик ва-л-мамали (Жолдар мен елдер кітабы). Ал-Джахиздің қосқан үлесі және оның "Фатх бен Хаканның түркілердің жақсы қасиеттері туралы жолдауы" халифаттың барлық әскерлеріне (847-861), Ибн-Фадланның тарихи - географиялық зерттеулері (ІХ-Х ғ.).

Аль-Истахридің географиялық шығармалары (X ғ.). X ғ. белгісіз автордың "Худуд ал-Алам" шығармасы және елдердің негізгі төрт белгілерін анықтаудағы автордың әдістемелік бағыты.

XI ғ. Гардизи зерттеулеріндегі географиялық мәліметтер, тайпалардың шығу тегі туралы аңыздар. Зайн әл-акбар "Хабарларды безендіру". Қимақтардың шығу тегі, қарлықтар, оғыздар туралы және т.б.

Тюркология мәселелерін шешудегі М. Қашқаридың ғылыми үлесі. Ал- Марвазидің ғылыми талдауы, әл-Табаридің тарихи-әдеби еңбегі. Ғалым энциклопедист Иакудтың (1179-1229) тарихи мәліметтері.

Қарахан мемлекетіндегі қоғамдық ғылымдар дамуының әлеуметтік-саяси алғышарттары. Ж. Баласағұнныңуатты білік" еңбегіндегі адамзаттың прогрессивті даму идеясы. Прогресс және қалыптасқан тәртіп негіздерін мүлтіксіз сақтау кезіндегі реформалар теориясы. Ж. Баласағұн теорияларының, көзқарастарының философиялық, шамандық және исламдық түп негіздері.

Әл-Фараби еңбектері: "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары, ұрақтардың мәні", "Платон мен Аристотель көзқарастарының ұқсастығы туралы" және т. б.

Эпикалық ескерткіштер тарихнама тұрғысында. "Қорқыт кітабы", "Оғыз - наме", Фирдоусидің "Шахнамесі", "Қобыланды", "Алпамыс", "Манас" және т. б.

Эпикалық ескерткіштерде ежелгі және ортағасырлық классикалық тарихнамалық дәстүрдің барлық шарттарының сақталуы. Эпикалық ескерткіштердегі тарихнамалық ақпаратты өзіндік "бүркемелеу" әдісі.

Әбу Райхан Мұхаммед Ибн Ахмед Әл-Бирунидің парсы-араб тілді әдебиеттік, тарихи-географиялық дәстүрлерді пайдалануы (Ибн Хордадбек, әл - Истахри, әл-Джайхани және т. б.).

Қазақстан тарихының тарихнамалық дәстүрлері (XIII- XVII ғғ.) .

Тарих ғылымы дамуының әлеуметтік-саяси алғышарттары. XIII- XVII зерттеулердің Қазақстан тарихы үшін мәні. Тарихи зерттеулердің  тақырыптары.

Тарихи ойдың дамуын анықтайтын шарттар: саяси және әлеуметтік негіздері. Ішкі монғолдық қатынастары мен Шыңғыс ханның Орта Азия және қазақстанды басып алу жөніндегі зерттеушілердің көзқарастары. Ортағасырлық авторлардың тарихи көзқарастарының ерекшеліктері мен сипаты. Тарихи дамудың маңызды мәселелерін талдау ерекшеліктері: ішкі монғолдық катынастар, Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының басқыншылығы, Алтын Ордадағы саяси қатынастар, халықтың этникалық тарихы, ХІІІ-ХV ғғ. Дешті -Қыпшақ және т.б.

Монғол жылнамалары. "Құпия шежіре" деректанудың классикалық шығармасы. Ішкі монғол қатынастарының тарихы, монғол қоғамындағы түркі тайпаларының рөлі, монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алулары. Лубсан Данзан, Шар Пуджидің "Алтын шежіресі" (XVII ғ).

Мұсылмандық тарихнамалық дәстүр. Араб зерттеушілернің ғылыми маңызы. Ибн әл-Асирдің моңғол шапқыншылығына дейінгі кезең бойынша Орта Азия мен Қазақстан тарихы және XIII ғасырдың алғашқы 20-шы жылдарындағы моңғол әскерлерінің шапқыншылығы туралы мәліметтері. Әл - Насави шығармаларындағы Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанға шапқыншылығы туралы шынайы мәліметтері. Араб авторларының шығармалары Мамлюк мемлекеті мен Жошы ұлысының қарым- қатынастарының деңгейі мен сипаты туралы, әлеуметтік-экономикалық, әскери, саяси дамуы. Алтын Орда мен Дешті-Қыпшақ халқының этникалық тарихы туралы мәліметтер. "Бейбарыс жылнамасы", әл-Омари, ибн Батут (XIV ғ.).

Ибн Халдунның тарихи-философиялық ойлары: ғылым туралы, адамзат қоғамы, қоғам өмірінің ішкі заңдылықтары және тарих ғылымының міндеттері туралы. Ибн Халдунның Алтын Ордадағы қырқыстар туралы хабарлар.

Дешті-Қыпшақ туралы. Ибн Арабшахтың (ХУғ.) қыпшақтарға берген сипаттамасының моңғолдық билеуші топтың ресми тарихнамасына айналуы.

Парсы зерттеушілерінің моңғол жаулап алушылығы және моңғол үстемдігінің тарихы туралы іргелі еңбектері. Саяси қөзқастағы үстемдік.

Рашид ад-Диннің түркі және моңғол халықтары туралы тарихи энциклопедиясы. Қытайдан Испанияға дейінгі мәдени әлемнің синхронды тарихы. Рашид ад-Диннің деректерге қатынасы, оның бүкіл әлемдік тарихи прогрестің сипаты туралы ойлары. Шығыс Дешті-Қыпшақтың саяси дамуыньщ жүйелі тарихы.

Низам ад-Дин Исамидің зерттеулеріндегі қазақтар туралы мәліметтер Vғ. басы). Раззак Самаркандидің кезеңіндегі Орта Азиядағы, Қазақстандағы, Рандағы 1305-тен 1470 жылдар аралығындағы моңғол иеліктері және Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен ұрпақтарының биілігі, Ақ және Көк. Ордаларының орналасуы жайлы мәліметтері.         Ескендір түсініктемесі бойынша "өзбек" термині туралы мәліметтер. Шайбани ханның ресми тарихнамашысы Ибн Рузбиханидің көзқарасы. Мұхаммед Хайдар Қазақстан тарихын зерттеуші ретінде. Еуропа зерттеушілері. ХІІІғ. Моңғол империясы және Алтын Орда тарихы бойынша Еуропа зерттеушілері Марко Поло, Плано Карпини, Гильмо де Рубрук шығармаларының салыстырмалы сипаттамасы.

Джиованни да Плано Карпини еңбектеріндегі объективтілік: негізгі мәліметтердің сипаттамалары; Қазақстан территориясындағы қалалар.

ХV-ХVІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша зерттеулер. Шығыс деректері (парсы-түркі тілді). Негізгі бағыттары (шағатайлық, сефевидлық, мавераннахр - шайбанидтік, хивиндік хроникалар). Парсы-тәжік тарихи ойдың сипаттамасы. Орыс мұрағат материалдары. Саяхатшылардың жазбалары мен елшілердің есептері. Ауызша тарих айту дәстүрі. Қазақ хандығы тарихындағы өрлеу. Сыртқы саясат аспектілері. Қазақ хандарының дипломатиясы.

ХVIП-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТАРИХНАМА

XVIII г. тарихи білім.

XVIII ғасырдағы орыс тарихи ойының Қазақстан тарихын зерттеудегі теориялық-әдістемелік мәселелері. Тарихи зерттеулердегі оң бетбұрыс. Ресейдің шығыстағы сыртқы саясаты. Саясаттың идеологиялық қалыптары - еуроцентризм, шовинизм, қазақ халқын тарихи зерттеудегі бұрмалаушылық, Қазақстанды зерттеудің отаршылдық мақсаты. Қазақстандық тақырыптың тарих ғылымының ерекше саласына айналуы, орыс шығыстануының қалыптасуы. Батыс еуропалық тарихнаманың әсері: басқа халықтар тарихымен салыстыра отырып қазақ халқының тарихын түсіндіру, көшпенділікті адамзат дамуының заңды жалғасы ретінде мойындау, құжаттарды зерттеуде деректанулық тәсілді жетілдіру, ағартушылық тарихнаманың әсері, "қалыпты жағдай теориясы" мен "адамзаттың алтын ғасырын" қазақ топырағына жоғарыдан жасанды түрде көшіру. Географиялық ортаның қоғам дамуына әсері.

Қазақтар туралы этнотарихи түсінік. Бұл түсініктегі отаршылдық, гуманистік бағыт.

Тарихнамалық еңбектердің түрлері: кешенді экспедициялық зерттеулер, өлкетанушылық тарихи зерттеулер, саяхаттарды жазудың беллетристикалық жанры, картографиялық және тарихи-географиялық материалдар, отаршыл әкімшілік пен әскерилердің шығармалары.

Қазақ даласын зерттеу бойынша алғашқы ресейлік экспедициялар. Сібір халықтарының тарихы бойынша материалдарды жинау бойынша нұсқау. Г.Ф Миллердің "История Сибири" еңбегі. И.К. Кириллов "Цветущее состояние Всероссиского государства". В.Н. Татищев және қазақ халқының этногенез мәселесі. Қазақ халқын оқып үйренудегі П.И. Рычковтың қызметі. "Топография Оренбургской губернии". Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесі.

ІІ-ші Академиялық экспедиция.

ІІ-ші Академиялық экспедицияның ғылыми-зерттеу еңбектері. Қазақ халқы туралы тарихи-географиялық мәліметтер. П.С. Паллас "Описание всех в Российском государстве обитающих народов, а также их житейских обрядов, обыкновений, жилищ, одежд и прочих достопамятностей". И.Г. Георгий, Иоганн Фальк, Н.П. Рычков. ІІ-ші Академиялық экспедиция қызметінің қорытындылары.

XIX ғасырдың І-ші жартысындағы тарихи ойдың дамуы.

В.В. Григорьевтің (1176-1881 жж.) буржуазиялық-ақсүйектік тарихнамасы. Қазақтардың ежелгі тарихы бойынша еңбектердің сипаттамасы. Проблематика мәселесі. В.В. Вельяминов-Зернов (1830-1904). "Исторические известия о киргиз-кайсаках и сложениях Россий со Средней Азией со времен Абулхайрхана", "Исследование о касымовских царях и царевичах". Қазақ халкының қалыптасуының мәселелері. М.И. Ильминский., В.Г. Тизенгаузен., Я.ЬІ Ханыков «Географическое обозрение Оренбургского края». "Очерк состояния Внутренной Орды".

И.Н. Березин (1818-1896 жж.) шығыстанушы. Басылымдық қызмет. Г. Спасский "Сібір хабаршысы" журналы. Г. Спасскидің "Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой Орды" атты еңбегі. Қазақтардың этногенезі.

Қазақстан туралы орыс тарих ғылымындағы демократиялық бағыт.

Жер аударылған декабристердің Қазақстанды зерттеулері. В.Д. Вольховский, П.Е. Величко, М.И. Муравьев-Апостол, С.М. Семенов, И.В. Виткевич, А. Янушкевич, С. Сераковский, А.Д. Боровков, А.О. Корнилович, Г.С. Батеньков және т.б.

Ресейдің әскери тарихшылары: С.Б. Броневский, М.И. Венъоков. Ресейдің Орта Азияны басып алу тарихының ағымдары. М. Красовский, Г.Ф. Генс және басқалар. Қазақтардың өмірі туралы мәліметтердің жиналуы. А. И. Левшиннің қазақтардың тарихы бойынша еңбектері "Қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларын сипаттау". А.И. Левшиннің тарихи көзқарастары. Құрылымы. Тарихи ағым. Қазақстанның Ресейге қосылуын бағалау.

Ғылыми қоғамдар мен университеттердің тарих ғылымын дамыту бойынша қызметі. Орыс географиялық қоғамының қызметі. Статистикалық комитеттер. Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы. Жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойларының Мәскеу қоғамының Түркістан бөлімі. Археология Әуесқойларының Түркістан үйірмесі.

Ш.Ш. Уәлиханов. Ш.Ш. Уәлихановтың тарихи-этнографиялық еңбектері, Қазақтардың этногенезі деректану саласында.

Қазақстан тарих ғылымының  ХІХғ. ІІ-ші жартысы мен ХХғ. басында дамуы.

Қазақстан тарихының мәселелері батыс еуропалық тарихнамада. Герман тарихнамасы: Ф. Грен, Ф. Шварц, М. Альберхт, Мозер және т.б. Ағылшын тарихнамасы және Үлкен ойын концепциясы. Батыс еуропалық этнографиялық әдебиет.

     В.В.Бартольд, В.В. Радловтың еңбектерінің сипаттамасы. Қазақтардың этнографиясын зерттеудегі В.В Радловтың орны. Тарихи тұжырымдамасы.

     А.Н.Харузин (1864-1900 жж.). Бөкей ордасының қырғыздары Ә.Диваевтың (1856-1933 жж.) қазақтарды этнографиялық зерттеуі. Қазақ тарихындағы библиографиялық бағыт. А.Е. Алекторов.

      В.В.Вельяминов, И.В. Мушкетов, П.П. Семенов-Тянь-Шанский және еңбектері. Орыс географиялық қоғамының Қазақстандағы рөлі.

Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдерінің тарихи көзқарастары. Ә. Бөкейханның "Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры" және "Қырғыздар" атты еңбектері, Ш.Құдайбердиевтің тарихи көзқарастары. Қазақ халқының тарихи санасын оятудағы "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің рөлі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ зиялыларының еңбектерінде.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЬІҚ ЖҮЙЕ КЕЗЕҢІНДЕ

Қазақстан тарих ғылымы қазан төңкерісінен кейін және XX ғасырдың 20-30 жж.

Қазақ ұлттық-демократиялық зиялыларының 1917 жылғы Қазан төңкерісінің мәні мен мазмұны туралы еңбектері. А. Байтұрсыновтың "Революция және қырғыздар" мақаласы. 1917 жылғы оқиғалар М. Шоқай естеліктерінде. Қазақ ұлттык-демократиялық зиялылары Қазақстан мен Түркістанды автономияландыру туралы.

Қазақстандағы азамат соғысының тарихнамасы. Қазақстанда ғылыми - тарихи орталықтар мен мекемелердің пайда болуы. Тарих ғылымын орталықтандыру негіздерінің қалыптасуы. Ғылыми орталықтарды құру. Академорталық. Қазақстанды зерттеу бойынша орталық. Қазақстан тарихы бойынша жинақталған алғашқы еңбектер.

К. Кемеңгерұлының "Қазақ тарихынан" атты зерттеуі. Жер мәселесінің тарихы Т. Шонанұлының еңбектерінде. А.П. Чулошников "Очерки по истории казах-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских народов". А.П. Чулошниковтың қазақ-қырғыз халқының тарихы бойынша еңбегіне М. Тынышбаевтың сыни пікірі. Академик В.В. Бртольдтың еңбектері және олардың Қазақстандағы тарих ғылымының дамуындағы орны. А.Ю. Якубовскийдің, В. Владимировтың еңбектері. Революцияға дейінгі Қазақстан тарихының мәселелері бойынша ғылыми пікірталастар.

X. Досмұхамедұлының қазақ батырлары: Исатай, Махамбет, Жалаңтөс туралы зерттеулері. М. Тынышбаевтың қазақ халқының тарихы бойынша материалдары мен ғылыми еңбектері және оның өлкетанушылық зерттеулері.

Г. Сафаровтың "Колониальная революция" еңбегі. Түркістан тәжірбиесі  және оның мәні. П.Г. Галузо "Туркестан колония" М. Шоқайдың XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Түркістанның тарихи тағдыры туралы тарихи көзқарастары. С.Ф. Асфендияров пен А.П. Кунттың "Прошлое Казахстана в источниках и материалах" еңбегі. Т. Рысқұловтың 1916 жылғы түземдіктердің көтерілісі туралы зерттеулері. Б. Бөкейханов пен Дулатовтың 1916 жылғы қазақтардың көтерілісі туралы еңбектері.

Халық ағарту комиссариаты жанындағы Испарт (Қазан төңкерісі тарихы мен коммунистік партия тарихы бойынша материалдарды жинау және зерттеу жөніндегі комисия) - большевизмнің саяси қарсыластарына қарсы күрестің ғылыми орталығы. Академиялық жүйенің Қазақстан тарихын зерттеудегі маңызы. Ұлттық мәдениеттің қазақ ғылыми-зерттеу институтының тарихты, археологияны, әдебиетті және фольклорды, музыка мен биді зерттеудегі рөлі. Қырғыз өлкесін зерттеу бойынша қоғамның" жұмысы. Тарих ғылымы үшін мамандар дайындау. Тарихи мекемелерді ұйымдастыру.

Қазақ интеллигенциясының большевизмнің таптық бағытына көшуі. Ғ.Тоғжанов "А. Байтұрсынов және байтұрсыновщиналық туралы", "Қазақ ауылы туралы", Т. Рысқұловтың "Қазіргі Қазақстан" мақалалары. С.Асфендияровтың "Ежелгі дәуірден 1916 жылғы көтеріліске дейінгі Қазақстан тарихы" еңбегін әзірлеуі. М. Шоқайдың қазақстандықтардың большевиктік таптық рухта жазған тарихи еңбектеріне сыни бағасы.

И. Сталиннің қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясын саяси қарсыластары ретінде қудалауы. "Ақжол" газеті. Ф. Голощекиннің баяндамалары мен сөйлеген сөздері - қазақстандық тарих ғылымында сталиндік бағытты бекітудегі идеолгиялық негіз. "Алаш" партиясы мен "Алашорда" үкіметінің рөлі мен қызметін бұрмалаған еңбектердің пайда болуы.

Дәстүрлі шаруашылық бойынша еңбектердің мәні. П.С. Щвецовтың "Природа и быт Казахстана" еңбегі (Қазақ шаруашылығы өзінің тарихи тұрмыстық жағдайларында). С. Сәдуақасовтың тарихи көзқарастары. А. Чаяновтың, А. Челинцевтың, А. Доничтің, М. Сириустың, Е. Полочанскиидің еңбектері.

Қазақстан тарих ғылымында көшпелілерді жаппай ұжымдастыру негізінде жаппай отырықшыландыру туралы большевиктік концепцияның бекуі. И. Зверяков, Н. Сырғабеков, Б. Семенский және т.б. "Қазақстандағы ауыл шаруашылығы дамуының буржуазиялық теориясын" сынауы. "Қазақстандағы кондратьевщинаның" мәні мен мазмұны туралы саяси аңыз және шындық.

«БКП(б) тарихының қысқаша курсы» тұжырымдамасының бекуі. Тарих ғылымын сталинизм рухында саясаттандыру-обьективтілік пен тарихи шындықтан алшақтау.

Қазақстан тарих ғылымы И. Сталиннің жеке басына табынудың шыңына жеткен жағдайында (40-шы-50 жж. ортасы)

Қазақстан тарих ғылымы мүмкіншілігінің республикаға ғылыми-зерттеу орталықтарының, жоғары оқу орындары мен тарихшы-зерттеушілердің қоныс аударуы кезеңінде күшеюі. М.П. Вяткиннің Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеуі.

М. Әбдіқалықов, А. Панкратовалардың редакциялауымен "Қазақ ССР тарихын" (Алматы, 1943 ж.) еңбегін дайындау және шығарумен байланысты ғылыми пікірталастар. Қазақстан КП ОК-нің "Қазақ ССР тарихының" 2-ші шығарылымын дайындау туралы 1945 жылғы 14 тамыздағы қаулысы.

"Қазақ ССР тарихының" бірінші шығарылымын негізсіз сынау: «қазақтардың феодалдық-патриархалдық қатынастарын асыра бағалау» еңбекші халықты қазақ сұлтандары мен хандарының езуін жеткіліксіз көрсету; ХV-ХVІП ғғ. қазақ хандығын берік және күшті мемлекет деп жариялап "Қазақстанның Ресейге қосылуын біржақты көрсету"; "Сұлтан Қаратай мен Кенесары Қасымовтың феодалдық-кертартпа бас көтерулерін ұлт-азатты қозғалыс ретінде бұрмалау"; қазақ, орыс және КСРО-ны басқа да халықтарының арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды жеткілікті дәрежеде көрсетпеу.

Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың көрнекті өкілдерін "қазақ ауылындағы таптық күресті бүркемелегені, феодалдық-рулық құрылысты дәріптегені үшін" саяси айыптау. Қазақ ғалымы Ә.Х. Марғұланның ғылыми тұжырымдары мен болжамдарын негізсіз әшкерелеу және оны "буржуазиялық пантюркизмге", тарихты бұрмалаушылыққа, "орыс пен қазақ халықтарыньң достық тамырын жоюға" жол бергені үшін айыптау.

Е.Б. Бекмаханов - XIX ғ. Қазақстан тарихы бойынша ірі және мойындалған маман. Оның "Қазақстан XX ғасырдың 20-40 жылдарында" атты іргелі еңбегі бойынша пікірталастар. Тоталитаризмнің қазақ зиялыларының жетекші өкілдерін қудалауы. Тарихи әдебиеттерді кітапханаларда шектеулі пайдалану. "Қазақ ССР тарихының" (Алма-Ата, 1949 ж.) негізгі қағидалары.

Ғылым академиясының құрылуы. Тарих, археология және этнография институтының этнографиялық экспедициялары, Тарихи ғылыми еңбектер мен деректерді жариялау, олардың қайшылықты мәні.

Қазақстандық тарихшылардың жалпы одақтық және аймақтық ғылыми конференциялар мен сессияларға қатысулары. Ғалымдардың Ташкенттегі Орта Азия мен Қазақстан халықтарының төңкеріске дейінгі дәуірінің мәселелеріне арналған біріккен ғылыми сессиясы (1954 ж. қаңтар-ақпан).

Қазақтың ұлы ағартушы-демократтары Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің қызметтерін зерттеу. Олардың еңбектерін басып шығаруға дайындау.

ХХғ. 50-ші жылдардың екінші жартысы мен 1991 жылдың басындағы Қазақстан тарихнамасы.

И. Сталиннің жеке басына табынушылықты сынаудың Қазақстанның тарих ғылымына тигізген әсері. Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелері. Оны зерттеудің негізгі кезеңдері. Қазақ-орыс қатынастары бойынша құжаттар мен материалдар жинағын шығару. Қазақстандағы патшалықгың территориялық - әкімшілік және саяси актілерінің проблемалары. 1916 жылғы қазақтардың ұлт - азаттық қозғалысы мәселелерін зерттеу. Қазақстандағы маркстік идеологияны зерттеу. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі Қазан төңкерісі мен азамат соғысының тарихнамасы. XX ғасырдағы  революция тұсындағы Қазақстан большевиктері қызметінің тарихын зерттеу. Республика жұмысшы табы мен өндірісінің тарихы мәселелері тарихшылар еңбектерінде. Талас мәселелер.

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеудің проблемалары. Соғыстан кейінгі Қазақстан тарихын зерттеу. Тың және тыңайған жерлерді игеру тарихнамасы. Колхоз және совхоз құрылысы тарихы бойынша еңбектердің пайда болуы. КОКП-ның республикадағы аграрлық саясатының мәселелерін талдау, олардың тенденциялық сипаты мен еліктері. Қазақстанның кеңестік кезендегі мәдениеті мен мәдени дамуының тарихнамасы.

Социализм дәуіріндегі Орта Азия мен Қазақстан тарихына арналған біріккен ғылыми сессия материалдары.

Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі 5 томдық Қазақ ССР тарихын дайындау және шығару.

Тарихи білімдегі өзгеше ойлауды басып жаншу. О. Сүлейменовтың "АЗиЯ" кітабы бойынша және О. Исмағұловтың "Этническая геногеография" Қазақстан ғылыми зерттеуі бойынша пікірталастар.

Қазақ демократиялық интеллегиясының көрнекті өкілдері Ш. Қудайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов және т.б. есімдері мен еңбектерінің халыққа қайтарыла бастауы.

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ

Қазақстан тарих ғылымындағы әдістемелік ізденістер. Ескі таптық маркстік-лениндік әдістемеден бас тарту. Тарих ғылымының тарихи-партиялық бағытының күйреуі. Қазақстан тарихының ақтандақ беттерін қайта қарау.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Комиссиясының бай және кулак шаруашылықтары туралы ҚАЗОАК мен ҚАЗКХАЛЖОМ-ның қаулыларын зерттеу бойынша қорытындысы (қараңыз: "Казакстанская правда" 1992 ж., 22 желтоқсан).

Қазақстанда тарихи ойдың жаңғыруы бойынша үрдістің басталуы мен барысы. Қазақстан тарихы - жоғары оқу орындарындағы міндетті, жеке оқу пәні.

Қазақстан тарихын идеологияландырудан, саясаттандырудан таза еңбектерді, оқу құралдарын басып шығару барысы.

Қазақ мемлекеттілігінің тарихын жаңа бағыт тұрғысынан зерттеу. С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтановтың "Казахстан: летописъ трех тысячелетий", Қазақ хандығының тарихы бойынша Ә. Хасенов, М.Х. Әбусейітова, К.Ш. Хафизова, Ж. Қасымбаев еңбектері.

Н. Мартыненконың редакциясымен шыққан "Алашорда" құжаттар жинағын қайта басып шығару. "Алаш" қозғалысы бойынша М.Қ. Қойгелдиев, К.Нүрпейісов, Д.А. Аманжоловалардың монографиялық еңбектері. Алғашқы газеттер мен "Айқап" журналы материалдарының библиографиялық ескерткіштері мен жинақтарын басып шығару (құрастыршылар Ү.Субханбердина және басқалар). Алғашқы қазақ мерзімді басылымдарының  тарихын зрттеу (Қ.М.Атабаев, Ө.Әбдиманов).

Саяси репрессиядан зардап шеккен қазақ ұлттық-демократиялық интелегенциясы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері. Мұстафа Шоқай еңбектерінің екі томдық жинағы мен ол туралы естеліктерді басып шығару

Күштеп тәркілеу, ұжымдастыру және көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру тарихын қайта қарастыру. 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басындағы шаруа көтерілістерінің тарихын зерттеудің басталуы. М.К. Қозыбаев, Қ.С. Алдажұманов, И.Т. Омарбеков еңбектері. Аталған мәселелер бойынша құжаттар жинағын шығару.

Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси репрессиялау құрбандарын ақтау туралы" (1993 ж., 14 сәуір) заңы және оның тарихи мәні.

Сталиндік саяси репрессиялар мен халықтарды Қазақстанға депортациялау тарихын зерттеудегі жетістіктер. (Г.В. Кан, Г.Н. Ким және т.б. еңбектері).

Қазақстан тарихы бойынша жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын шығару. Олардың ерекшеліктері, кемшіліктері мен жетістіктері.

Қазыбек бек Тауасарұлы мен Өтейбойдақтың еңбектері бойынша пікірталастар 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа; Қ. Қасымов, И. Тайманов көтерілістеріне; Аңырақай шайқасына; Түркістан тарихына және т.б. шараларға арналған мерейтойлық конференциялар.

Қазақ диаспорасының тарихын зерттеу (Н. Мұхамедханұлы, Г.М. Мендіқұлов және т.б.). X. Оралтайдың зерттеулері мен естеліктері.

Қазақстанның шет елдік тарихнамасы. Р. Конквест, М. Олкотт, Б. Хайт және қазақстандағы басқа да ғалымдардың еңбектерін зерттеу (қазақстандық зерттеушілер К.Л. Есмағанбетов, К. Несіпбаева және т.б. еңбектері).

Қазақстандық ғалымдардың тарихи-демографиялық зерттеулері (М. Тәтімов, А. Ғали, М. Асылбеков).

Ежелгі және орта ғасырлық Қазақстан тарихының мәселелері және М.Х. Дулати мен Қ. Жалайридің тарихи мұралары (Ә. Дербісәлиев, С. Жолдасбаев, Н. Нұртазина, С.М. Сыздықов және т.б. зерттеулері). Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі бес томдық Қазақстан тарихының жаңа басылымының шығарыла бастауы.

Қазақстандағы Кеңестік билік кезеңіндегі аграрлық қатынастар тарихнамасының теориялық және методологиялық негіздері. Қазақстанда тарих ғылымындағы ұжымдастыру негізінде жүргізілген көшпенділерді жаппай отырықшыландыру туралы большевиктік тұжырымдаманың орнығуы. Күштеп тәркілеу, ұжымдастыру тарихының қайта қаралуы. Республикадағы КОКП аграрлық саясаты тарихы мәселелерінің қайта қаралуы және олардың басымдылық сипаты мен қателіктері.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында" кітабын талқылау және Қазақстан тарихнамасының алда тұрған міндеттері.

ДЕРЕКТАНУ

ДЕРЕКТАНУ ТЕОРИЯСЫ, ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДІСІ

Деректанулық ұғымдар мен терминдер. "Ұғым" мен "терминнің" анықтамасы. Қазақ тілінде ғылыми ұғымдар мен терминдер жасау тарихынан. Алаш зиялылары: Әөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, М.Әуезов және Қ.Жұбановтардың қазақ тілінде ғылыми терминдер қалыптастырудың қосқан үлестері. Деректанулық терминдер: "дерек", "деректану", "сыныптау", «тарихи дерек», "тарихи факт" т.б.

Деректану теориясы. Тарихи деректер бейнелеу теориясы тұрғысынан. Деректердегі объективтілік пен субъективтілік туралы. Тарихи шындық пен деректің, дерек пен тарихшының диалектикалық байланыс механизмі. Тарихи танымның ретроспективті сипаты. Тарихи дерек ұғымы ақпарат теориясы туралы білім тұрғысынан. Деректану және тарихи зерттеу.

Деректану пәні. Тарихи деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және арнайы тарихи курстармен арақатынасы. Тарихи деректердің анықтамасы Деректану реальды дүниені тану құралы. Адамдар қолымен жасалынған мәдениет құндылықтары: - шығармалар, заттар, жазбалар, құжаттар - деректану ғылымының зерттеу объектісі.

Тарихи деректерді сыныптау проблемасы. Тарихи деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары. Тарихи деректерді типтерге және түрлерге болудің негізгі принциптері. Жазба деректердің негізгі типтері. Жазба деректерді түрлік сыныптау. Ерекше (қайталанбайтын) және көпшілік (қайталанатын) деректер және олардың деректік маңызы. Тарихи деректер эволюциясы. Қазақстан тарихы деректерінің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік ерекшеліктері. Деректердің дамуының негізгі тенденциялары.

Деректанудың қалыптасуы және дамуы.

Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының және қалыптасуының алғы шарттары. Орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л.Шлеһер (1735-1809), неміс ғалымы Ф.Шлейермахер (1768-1834), неміс тарихшылары Б.Нибур (1766-1831), Л. фон Ранке (1795-1886), француз тарихшысы П.Дону (1761-1840) т.б. деректану ғылымының негізін қалаушылар.

XIX ғ. бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына тигізген әсері - Г.Ф.фон Штейннің "Ежелгі тарихи деректерді зерттеу қоғамын" құруы. "Герман тарихының ескерткіштері" сериясының жарық көруі. Г.Вайц (1813- 1886) және оның "Германия тарихының деректануы".

Батыс Европа елдерінде тарихи зерттеу ісімен айналысатын мамандарға деген қажеттіліктің артуы. Ұлы француз буржуазиялық революциясы және мұрағат істеріндегі өзгерістер. 1821 жылы Парижде хартиялар мектебінің ашылуы және оның міндеттері мен маңызы. Батыс Европа елдеріндегі арнайы тарихи зерттеу институттарының ашылуы.

Э.Бернгеймнің (1850-1942) "Тарих ғылымьіна кіріспе" атты оқулығындағы: методология, методика, түсініктер және сыныптау мәселелері. Ш.Ланглуа (1863-1920) мен Ш.Сеньобостың (1854-1942) "Тарихи зерттеуге кіріспе" атты еңбектерінің негізгі бөлімдері және олардағы деректанулық ойлар мен тәсілдер.

Орыс тарихшысы В.О.Ключевский XIX ғ. соңындағы Ресей тарих ғылымының ерекшелігі мен міндеттері, тарихи деректер, тарихи сын және тарихи сынның ерекшеліктері туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің (1863-1918) деректану методологиясы туралы концепциясы. Деректану - тарихи деректер туралы біртұтас жүйелі ғылым.

Кеңестік тарихнамадағы деректану ғылымының дамуының негізгі кезеңдері және деректану пәнін оқытудың ерекшеліктері. Деректанулық  орталықтар.

Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастары.

Ш.Уәлиханов - қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы. Ә.Бокейхан, А.Байтұрсынұлының деректанушылық ойлары. Қазақ зиялыларының ұлттық деректерді іздеп тауып табу және жинау мақсатында жасаған әрекеттері. Қазақтың кәсіпқой тарихшысы Е.Бекмахановтың деректанушылық көзқарастары. О.Сүлейменовтің "АЗиЯ"-сы және деректің түпнұсқалық проблемасы. Қазақтың деректанушы ғалымдары және олардың еңбектері. Қазақстан тәуелсіздігі және деректану ғылымы.

Тарихи деректерді талдау методикасы

Деректанулық сын. В.Н.Татишев деректанулық сын туралы.

А.Л.Шлецердің тарихи деректанулық сынды негізгі топтарға бөлуі. В.О.Ключевский  "филологиялық сын" және "фактілік сын" туралы. А.С.Лаппо-Данилевскийдің деректерді ғылыми сынның негізгі кезеңдерін және 14 Ережесін керсетуі.

Тарихи деректерді талдаудың құрамдас үш бөлігі - методология, методика және техника.

Объективтік принцип, тарихилық принцип, партиялық принцип - деректану методикасыньщ негізгі принциптері.

Деректермен жұмыс істеудің негізгі үш кезеңі: деректерді іздеу, табу (деректанулық эвристика), деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтер нақты зерттеулерге пайдалану, тәсілдерін жасау (методика).

Деректің пайда болуын сынау

Деректердің сақталу формалары және олардың деректанулық маңызы. Мәтінді дұрыс оқу - жазба деректі талдаудың басты шарты. Деректің пайда болған уақытын анықтау (датировка). Деректің пайда болған жерін анықтау. Дерек авторының не құрастырушының атын анықтау (атрибуция). Тарихи деректің әлеуметтік функциясын анықтау. Деректанудың шынайылық проблемасы. Тарихи деректану ғылымындағы өкілеттілік проблемасы.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихының деректері

Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде. Олардың түрлері. Фольклордың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Қазақ халқында ауызша тарих айту дәстүрінің қалыптасуы және дамуы құрылымы. Фольклорлық туындыларды деректанулық талдау методтары: тарихи типологиялық, тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалық. Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан аңыз-әңгіме, жыр-дастандардың пайда болу, сақталу және деректік ерекшеліктері туралы. Әөкейхан "Қобланды батыр" жыры туралы.

Шежіренің деректік маңызы, орыны, ерекшелігі. Шежіренің түрлері. Шежіренің тарихи дерек ретіндегі эволюциясы. Шежіренің пайда болуын сынау. Шежіредегі объективтілік пен субъективтілік. Шежіретану – кезеңдері мен қажеттілігі. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы шежіренің деректік маңызы мен ерекшелігі туралы. Шежіренің қазақтардың этногенезисін, Қазақстан территориясында тайпалардың орналасуын, түркі халықтарының этногенетикалық байланыстарын зерттеудегі маңызы. Шежіретану проблемалары.

Ежелгі жазба тарихи деректер. Қазақтар туралы ежелгі парсы, грек, қытай жазбаларындағы мәліметтер. Ежелгі жазба түркі ескерткіштері: пайда болуын сынау, мәтінін оқу және түсіндіру.

Орхон-Енисей жырлары. Тарихнамасы. Зерттелу кезеңдері. Тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі, маңызы және орыны. Орхон жырларын тарихи дерек көзі ретінде зерттеудің негізгі проблемалары.

Араб деректері, ІХ-ХІІІ гг. ал-Жахиздің, ибн-Фадлан, ал Факихтың т.б. тарихи трактаттары, ал-Масудидің ("Ахбар-аз-заман"), Худун ал-Алемнің үние шеңбері. Хғ.), Ибн-Хордабектің ("Шет аймақ кітабы"), Ибн-Рустенің ("Асыл алқалар кітабы") т.б. тарихи-географиялық еңбектер мен географиялық карталардың деректік маңызы және оларға деректанулық талдау жасау жолдары.

Батыс Европа саяхатшылары палано Карпиниди (1182-1252), Вильгелм Рубруктің, Марко Полоның т.б. жазбалары.

Жылнамалар және жылнаматану

Жылнаманың тарихи дерек ретіндегі ерекшелігі. Жылнама жазу тарихы. Негізгі кезеңдері. Хронографтар. Ортағасырлық деректер арасындағы жылнамалардың орыны мен маңызы.

Жылнаматану ғылыми проблема ретінде. Жылнамаларды жариялау. Жылнамаларды ғылыми зерттеу. А.А.Шахматовтың (186-1920) жылнаматану ісіне қосқан үлесі мен пайдаланған тәсілдері.

Қазіргі жылнаматану проблемалары: жылнама жазушылықтың бастапқы кезеңін қалпына келтіру, жылнаманың шынайылық проблемасы, жылнаманың өкілеттілік проблемасы.

Орта ғасырлық жазба ескерткіштер

Жүсіп Баласоғұнныңұдадғу біліг", Махмуд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрік" (түркі сөздерінің жинағы), "Кодекс куманикус" - ортағасырлық Қазақстан тарихының дерегі ретінде.

Рашид-ад-диннің "жылнамалар жинағы" қазақ тайпалары тарихының құнды дерек көзі. Мұхамед Хайдар Дулати (1499-1551) "Тарих-и Рашиди' Тарихнамасы. Зерттелу кезеңдері. Дулатитану ғылымының қалыптасуы - "Тарих-и Рашидидің" деректік маңызы. Қадырғали би Қосымұлының «Жылнамалар жинағы". Деректанулық талдау. Әбілғазы Баһадурдың (1603-1663) "Түріктер шежіресі", "Зафарнама" және "Бабурнама".

Заң актілері - тарихи дерек көзі. Заң актілерінің тарихи дерек ретіндегі маңызы, орыны, ерекшелігі. Заң актілерін дерек көзі ретінде зерттеу методтары. «Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Жеті жарғы" – қазақ қоғамы тарихының дерегі.

ХЊІІІ-ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

Батырлар жыры - қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі. Батырлар жырының тарихи дерек ретіндегі маңызы, орны, ерекшеліктері. Оларды тарихи дерек көзі ретінде зерттеу методикасы. "Абылай хан", "Қабанбай батыр", "Бөгенбай батыр", "Наурызбай батыр", «Өтеген батыр" т.б. жырларға.

Іс-қағаздық құжаттар. ХVІІІ-ХХ ғ. басындағы іс-қағаздық құжаттардың пайда болуы және дамуы. Оларды құрастырудың және тіркеудің ерекшеліктері. Іс-қағаздық құжаттарды деректанулық талдаудың жалпы принциптері және оларды сыныптау. Іс-қағаздық құжаттарды талдаудың кешенді методы.

Ресей мен Қазақстан байланысын қамтамасыз ететін Мәскеу және Санкт- Петербург қалаларындағы дипломатиялық мекемелер: Сыртқы істер коллегиясының, Ішкі істер министрлігінің, Қонысаудару басқармасының қорлары.

Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатын тікелей іске асырушы жергілікті мекемелер: Батыс-Сібір шекара комиссиясының Орынбор облыстық канцеляриясының, губерниялық және болыстық есеп комитеттерінің, жер басқармаларының, Орынбор губернаторының канцеляриясының, Түркістан генерал-губернаторының канцеляриясының т.б. қорларының материалдары.

Саяси бақылау және іздеу органдарының құжаттары мен сот процесстерінің материалдары қазақтардың ұлт-азаттығы үшін жүргізген күрес тарихының дерегі. Саяси қуғын-сүргін және сот процесстерінің құжаттарының жалпы сипаттамасы. Саяси іздеу және бақылау органдарының материалдары. Олардың негізгі түрлері. Ресей ішкі істер министрлігінің, Омбы губерниялық жандарым басқармасының, Омбы сот палатасының, Орынбор губерниялық жандарым басқармасының т.б. қорлардағы құжаттардың деректік маңызы. Е.Бекмахановтың Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихының деректерін сыныптауы және олардың сипаты, деректік ерекшеліктері, шынайылық деңгейі туралы.

XX ғ. басындағы қазақ зиялыларына және "Қазақ" газетіне қатысты пайда болған бақылау және сот құжаттарының өткен ғасырдың басындағы еліміздегі азаттық үшін жүргізілген күрес тарихының деректері. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихының деректері.

Заң актілері. Ресей империясының қазақтарға қатысты заң актілерінің қабылдануының негізгі кезеңдерін зерттеу. Оларға деректанулық талдаудың негізгі методикалық ерекшеліктері. Ресей заң шығарушылығының ерекшеліктері. Сібір қырғыздары туралы Устав (1822ж. 22 июнь), Жетісу және Сырдария областарын басқару туралы уақытша ереже (1867 ж.), Дала облыстарын басқару туралы уақытша ереже (1868ж.), Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы 1891 жылғы 25 марттағы "Дала ережесі" 1885 ж. "Қарамола Ережесі".

Мерзімді басылымдар  XIX ғ. соңы XX ғ басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі. Мерзімді басылымдарды сыныптау. Оларды деректанулық талдаудың негізгі принциптері және проблемалары. Қазақ тіліндегі алғашқы газеттердің пайда болуының алғышарттары мен тарихи жағдайлары. Алғашқы қазақ баспасөзінің сипаты мен бағыт бағдарлары.

      «Түркістан уалаятының газеті» және "Дала уалаятының газеті" Ресейдің Қазақстанды отарлау тарихының дерегі. "Айқап" журналы және "Қазақ" гезітінің деректік маңызы.

Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Анықтамасы. Сыныптау. Жеке адамдық құжаттар эволюциясы. Хаттар, күнделіктер, естеліктер және заман хаттардың деректік ерекшеліктері. Жеке адамдық құжаттарды дерек көзі ретінде талдау методтары. Қазан төңкерісіне дейінгі жеке адамдық құжаттардың негізгі топтары.

Статистикалық деректер. Статистикалық ұйымдастыру. Ф.А. Цербина дайындаған қазақтар шаруашылығының статистикалық мәліметтері. Щербина, Румянцев экспедицияларының қорытындылары. Статистикалық мәліметтерді талдаудың негізгі жолдары. Толықтық және шынайылық деңгейі. Өкілеттілік проблемасы. Демографиялық статистика және оның деректік маңызы.

КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

КОКП құжаттары Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен тоталитарлық жүйенің қалыптасу тарихының дерегі. XX ғ. басындағы Қазақстан тарихы деректері кешеніндегі типологиялық өзгерістер. Кеңестік деректердің пайда болуы және ерекшеліктері. КОКП құжаттарын сыныптау. КОКП көсемдерінің еңбектерінің деректік маңызы. КОКП құжаттары мен көсемдерінің еңбектеріне деректанулық талдау жасау методтары.

Іс қағаздары. Кеңестік мекемелердің іс қағаздарының пайда болуын сынау және сыныптау. Олардың деректік ерекшеліктері мен орны. Кеңестік атқарушы органдары құжаттарының деректік маңызы. Оларды зерттеу методикасы.

Кеңестік мерзімді баспасөз. Большевиктік мерзімді басылымдардың пайда болуы, сипаты, бағыт-бағдары, мақсаты және ерекшеліктері. Большевиктік басылымдардың дамуының негізгі кезеңдері. Кеңестік газеттер мен журналдардың деректік маңызы және оларды талдаудың методтары. «Ақжол», "Еңбекші Қазақ", «Социалды Қазақстан», газеттері, «Қызыл Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Қазақстан Коммунисі» журналы.

Кеңестік зан актілері. РСФСР, КСРО және Қазақстан конституциялары. Кеңестік заң қабылдау жүйесінің ерекшеліктері. Кеңестік заңдар мен заң актілерінің деректік орыны мен маңызы. Оларды дерек көзі ретінде талдаудың методтары.

Жеке адамдық кұжаттар. Кеңестік кезеңдегі жеке адамдық құжаттарды сыныптау. Қоғам қайраткерлерінің хаттары тарихи дерек ретінде. Күнделіктер, естеліктер, заманхаттар. Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол, тайғақ кешуі". Куәгерлер меліметі Зұлмат тарихының дерегі ретінде. Жеке адамдық құжаттарды зерттеу методикасы.

Саяси қуғын-сњргін књжаттары. Кеңестік кезеңде пайда болған саяси қуғынүргін құжаттарын сыныптау. Олардың пайда болуын сынау. Деректік орыны мен маңызын анықтау. ЖВД, ОГПУ, КГУ құжаттарының тарихи дерек ретінде. Сот процесстері мен өкімдері дерек көзі. Саяси қуғын-сүргін құжаттарын дерек көзі ретінде зерттеу жолдары. XX ғ. 70-80 жылдарындағы Қазақстандағы тђуелсіздік үшін күрес тарихының деректері.

Кеңестік статистика. Кеңестік статистика жүйесінің қалыптасуы мен мақсаты. Статистикалық мәліметтердің жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп статистикасы. Демографиялық статистика және оның Қазақстан трагедиясының тарихының дерегі ретіндегі маңызы. Халық санағын алу статистикасының міндеттері мен методы. Статистикалық материалдар мен жұмыс істеу методикасы. Математикалық талдау тәсілдерін қолдану.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ

(1991-2001 ЖЖ.)

Н.Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі. Сыныптау проблемасы. Маңызы мен ерекшелігі.

Заң актілері тәуелсіз Қазақстан тарихыныц дерегі. Қазақстан тәуелсіздігі және тарихи деректер кешені, түрлері және сипатындағы өзгерістер. ҚР конституциясы, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР заң шығарушы органдарының шығарған заңдарының тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылу, қалыптасу және даму тарихының дерегі. Заң актілері еліміздегі жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасу тарихының деректері.

Кино, фото, фоно және бейне фильмдер және олардың деректік ерекшеліктері мен маңызы. Оларды дерек көзі ретінде зерттеу проблемалары.

Мерзімді басылымдар және олардағы болған озгерістер. Ресми басылымдар. Тәуелсіз басылымдар.

Жеке адамдық құжаттар: Заманхаттар, естеліктер, хаттар. Жеке адамдық мұрағат құжаттары. Шұртаза мен К.Смайыловтың хаттары тарихи дерек ретінде.




1. Проектирование информационной системы для хранения данных о фильмах и кинотеатрах
2. юриспруденция Храбан Александр Владимирович Научный руководитель- доктор юридических наук
3.  Основные характеристики государства
4. Тема- Розробка вебсайту засобами мови HTML та текстового редактора Блокнот
5. Методы и модели принятия решений
6. Способности школьника Цель- определить направление в развитии способностей личности
7. Пончик На сегодня его смена закончилась и он на метро поехал домой
8. СОГЛАСОВАНО Начальник Отдела молодежной политики спорта и взаимодействия с общественными органи
9. Традиционные правовые системы- Китай
10. Экспериментальная гипертония
11. История развития и становления норм и правил этикета в России
12. Период
13. го столетия характеризуется политическим и экономическим упадком России.
14. а в ней участвовало 38 государств на ее полях сражалось свыше 74 млн
15. Актуальные вопросыобразования и науки Россия Тамбов 30 декабря 2013 г
16. Антропогенное воздействие на леса, лесопользование
17. Социальноэкономическая политика государства ст
18. Институт физики прочности и материаловедения СО РАН РФ далее Учреждение
19. до 20 тысяч долларов вполне конкурентоспособный товар в ряде зарубежных стран
20. Задание по Отечественной истории Жирным шрифтом выделены наиболее важные события.html