Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~~рылыс ендірісін ~йымдастыруды~ негізгі ережелеріне с~йкес реттеліп отырылады.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

Тақырып 4. Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау туралы

Құрылысты және жұмыс өндірісін ұйымдастыруды жобалаудың кұрамы, мазмұны және тәртібі СНиП 3.01.01—85 «Құрылыс ендірісін ұйымдастырудың» негізгі ережелеріне сәйкес реттеліп отырылады. Құжаттар озат тәжірибе мен құрылыс және техниканын жаңа жетістіктеріне негізгделуі, оларда енбек өнімділігімен механикаландыру деңгейін арттыру және еңбекті көп қажет ететін жумыстар мен кұрылыс құнын азайту жоспарларын орындаудың жолдарын қарастыруы керек. Мұндай құжаттар кұрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыс  өиідірісін ұйымдастыру жобаларынан (ЖӨЖ) тұрады.

Жаңа объектілер тұрғызу, жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту және жаңғырту құрылыстын ұйымдастыру жобаларды (ҚҰЖ) құрылысты салудың мерзімдерін анықтауға, күрделі қаржыны және құрылыс-жинактау жұмыстарының қөлемін жылдарға және кезендерге бөлуге, құрылыстарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қызмет етеді.

Кұрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) осы жобаны бекітетін және толық жүзеге асыратын ұйыммен немесе бас жобалаушымен шартқа отырған мамандандырылған ұйыммен бірлесе отырып екі сатылы етіп жасалады. 

Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) тапсырма берушіні, мердігерлер мен не қаржыландыруды, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар үшін міндетті құжат болып табылады.          

ҚҰЖ-ның алғашқы негізгі материалдарына   мыналар жатады: техникалык-экономикалық негізделулер   (ТЭН)  немесе техиикалық-экономикалық есептеулер   (ТЭЕ);  инженерлік ізденістер; мердігерлермен    келісілген    материалдарды,    түзілістерді және механикаландыру құралдарын пайдалану    жөніндегі шешімдер; материалдар   және   жабдықтармен   қамтамасыз   ету шарттары және оларды тасымалдау; объектілер құрылысының іске қосылатын жиынтықтарын    белгілеу;    құрылысты   электр куатымен және сумен қамтамасыз ететін көздер туралы деректер және тапсырма беруші мен мердігерлердің басқа да талаптары (уақытша тұрғын үй, өндірістік   уймереттер    мен    ғимараттар, тағы баскалар); кұрылыстың нусқаулы мерзімдері.

Жұмыс көлемдері мен материалдық және энергетика ресурстарына деген қажеттілік, ұймереттер мен ғимараттардың ұқсас жобаларының мәліметтері, қазір пайдаланылып жүрген анықтамалардағы ресурстардың ірілендірілген сметалық құны мен қаржыларды пайдалану корсеткіштері, үймереттер мен ғимараттар ұлғайтылған сметалық нормалары, ресурстар және басқада материалдардың сметалық құны мен шығындарының көрсеткіштерін назарға ала отырып оңайлатылған әдістермен есептеліп шығарылады. Машиналарға, көлікке деген қажеттілік есептеу жолымен  немесе 1 миллион сомдық  құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуге арналған нормативтер бойынша анықталады. Құрылыста жұмыс істейтіндер саны шығарылатын орташа жылдық өнім негізінде белгіленеді.   

ҚҰЖ-на: құрылыстың даярлық және негізгі кезеңдеріне арналған құрылыстың бас жоспары, құрылыстың мерзімдік жоспары және даярлық кезеңінің бөлек жоспары кіреді.Құрылыстың мерзімдік жоспары негізінде құрылыстағы  құрылыс-жинақтау жұмыстары өндірісінің графигі, жұмыстарды орындаудың  реттілігі көрсетілген  объектілерді салудың ұйымдық-технологиялық  нобайы, негізгі  объектілер мен кешендерде және құрылыс кезендеріндегі жұмыстар  қөрсетілген құрылыс жинақтау  және арнайы жұмыстар көлемінің ведомостісі, объектілерге және жабдықтарға деген қажеттілік  ведомості, жалпы құрылыс бойынша негізгі құрылыс машиналары мен көлік қажеттілігінің графигі, құрылысшы кадрларға деген қажеттілік графигі, құрылыс жағдайының  қыска сипаттамасы бар түсініктеме және негізгі жұмыстар өндірісі әдістерінің сипаттамасы, кажетті есептер, негіздеме және техникалық-экономикалық көрсеткіштер кіреді

Жұмыстар өндірісінің жобасы. Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) жұмыстың өзіндік құнын және көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды азайтуға, құрылыс мерзімін қысқартуға, құрылыс машиналарының, механизмдердің және жабдықтардың пайдалану деңгейін арттыруға, жұмыс сапасын жақсартуға көмектесетін, құрылыс-жинақтау жумыстарын атқарудың тиімді индустриалды әдістерін анықтауға қызмет етеді.

ЖӨЖ-ын мердігерлік ұйым немесе оның тапсырмасы бойынша жөғарғы немесе облстық құрылыс  басқармаларындағы бөлімі жаныңдағы технологиялық жобалау ұйымы жасайды.

ЖӨЖ-ын жасау құ жобалау жұмыстарының сметалы есебінен төленетін аса күрделі объектілерден  басқа  жағдайларда қосымша шығындар есебінен төленеді. Жұмыстар өндірісі жобасыз объектілер салуға рұқсат берілмейді.

ЖӨЖ-ын  жасауға негіз болатын алғашқы материалдар қатарына:бұрын бекітілген жоба, оның ішінде ҚҰЖ-да бар жұмыс құжаттары және сметалар; технологиялық, энергетикалық және     баска да жабдықтармен қамтамасыз ету туралы мәліметтер; құрамалы түзілістермен, бөлшектермен, бұйымдармен және жартылай шикізатармен қамтамасыз ету туралы мәліметтер; құрылыс және жинақтаушы ұйымдарының қолда бар машиналары мен механизмдері және оларды көбейту мүмкіндігі мен оларды пайдалану туралы мәліметтері; қазір қолданылып жүрген нормативті құжаттар (СНиП, кұрылыс, арнаулы және жи-нақтау жұмыстарын жүргізу мен қабылдау).

Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) технологиялық құжаттардың негізгі үш түрінен тұрады: мерзімдік жоспарлар, құрылыстың бас жоспарлары мен технологиялық карталар. Объектінің көлеміне, пайдалану мақсатына және күрделілігіне қарай жобада бұл құжаттардың  нақтылануы  түрлі дәрежеде болып, бәрі бірдей  қөрініс таба бермеу де мүмкін.

Жұмыстар өндірісі жобасында жұмыс көлемі  құжаттарға, өзгешеліктеріне және сметаларына қарай  анықталады.Ресурстардың барлық түрлерінің есебі өндірістік нормаларға сәйкес жүргізіледі.  

                           Жоба                                     →

Жұмыс құжаттары

Құрылысты ұйымдастыру  жобасы  (ҚҰЖ)→

Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ)

Құрылыстықң мерзімдік жоспары немесе кешен ірілендірілген тораптық графигі

Объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешен тораптық графигі

Дайындық кезеңінде орындалатын жұмыстардың мерзімдік жоспары

Мердігер әдіспен жұмыс істеу шарасы

Құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізу графигі

Құрылыстын бас жоспары (құрылыстың әр кезеңіне сай жасаулы мүмкін)

Жұмыстардың негізгі көлемінің ведомості

Түзілістер, өнімдер, материалдар және жабдықтар келіп түсу графигі

Түзілістер, өнімдер мен жабдықтар қажеттілігінің ведомості

Геодезия жұмыстарын жүргізуге  сай шығарылған шешім

Үймереттер мен ғимараттарды құруды ұйымдастыру-технологиялық схемалары

Жұмысшы кадрларының жылжу графиктері

Дайындық және негізгі кезендерге арналған құрылыстың бас жоспары

Негізгі құрылыс машиналарының жылжу графиктері

Құрылыс аймағының мән-жайының жоспары

Технологиялық карталар (схемалар) және құрал мен жабдықтар тізімі

Жалпы құрылыс бойынша негізгі транспорт пен құрылыс машиналар қажеттіліғінің графигі

Уақытша инженерлік тармақтар бойынша шығарылған шешім

Құрылыс кадрлар қажеттілігінің  графигі

СНиП 111 – 4 – 80 сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша шығарылған шешім

Түсініктеме

Түсініктеме

5.-сурет. Құрылысты ұйымдастыру жобасы мен жумыс өндірісі жобасының құрамы

Үймереттер мен ғимараттарды немесе оның бөліктерін салудын жұмыс өндірісі жобасына (5-сурет):

         а) объект бойынша жұмыс өнідірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді тораптық графигі;

         б)   құрылыстың  бас  жоспары;

         в)  объектіге құрылыс түзілістерін, бұйымдарды,    материалдарды және олардың, жеткізілу графигі;

         г) объекті бойынша жұмысшы кадрлары мен иегізгі қүрылыс машиналарының қозғалысының графигі;

         д)   технологиялық  карталар   (схемалар);

          е)   геодезиялық жүмыстар өндірісі жөніндегі шешімдер;

         ж) алмаспайтын тасқынды бригадалық мердігерлік әдіспен орындалатын жұмыстар жөніндегі шаралар;

         з)  су және жылумен, энергия   қуатымен   және   жарықпен қамтамасыз ететін уақытша жүйелер тарту   жөніндегі    шешімдер;

          и) технологиялық саймандар тізімі, осы    сияқты    жүктерді түсіріп, жылжытудың, кажетті жерге әперудің схемасы;

          к) негізделіп қабылданған шешімдер, жұмыс өндірісі әдістері мен тәсілдері, ресурстар мен техннкалык-экономикалық көрсеткіштер туралы түсініктеме кіреді.

Даярлық жұмыстарына арналған жұмыс өндірісінің жобасы негізгі жұмыстар үшін жасалған жоба құрамының үлгісімен, бірақ шағын көлемде жасалады. Техникалык жағынан күрделі емес объектілер үшін әдетте мерзімдік жоспар, қүрылыстың бас жоспары   жасалады және қысқа түсініктеме жазылады.

Негізгі әдебиеттер:   4 [24-27].

Бақылау сұрақтары:

1. Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау туралы.

2. Жұмыстар өндірісінің жобасы.

3. Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) негізгі қандай технологиялық құжаттардың түрінен тұрады?




1. і. Саме ці питання складають предмет ек
2. Основные надписи
3. ешь ет ем ете ут или ют; во II спряжении- ишь ит им ите т или ят
4. Стаття 1 Соціальний діалог 1
5. учение наука о политике
6. Курсовая работа- Юридические свойства и функции Конституции РФ
7. Деньги и денежный рынок
8. тема шкільного експерименту з фізики
9. з курсу Інформатика Перевірила-
10. на тему Эмоционально ~ волевые и познавательные процессы Выполнила Артемьева Анна 1
11.  А. Мзцкевич А. Ю. Семенов В
12. Беляков Ростислав Аполлосовичр
13. реферату- Сучасна екологічна криза в контекст християнського світоглядуРозділ- Екологія Сучасна екологічн
14. А директор В начальник отдела снабжения С решение принимается коллегиально D главный бухгалтер 2
15. варіанті у форматі doc
16. Вступ Системний аналіз виник у відповідь на вимоги практики що поставила перед людством необхідність ви
17. Лекция 5- Социальная структура общества Социальная структура общества 1
18. Правовой статус Пенсионного Фонда РФ
19. MY FUTURE PROFESSION
20. Тема- Функция спроса и ее детерминанты