Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~аза~ ~аза~стан Республикасы жергілікті хал~ыны~ атауы

Работа добавлена на сайт samzan.net:


1) Қазақ  Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оныңсемантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды

3) Киіз үй – көшпелі халықтар үшін қолайлы баспана болып табылады. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдардан бері пайдаланып келеді. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйдің құрылысы кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді бірнеше негізгі бөліктерден тұрады. Сыртынан жабатын киізді –«туырлық» деп атайды

4)

Атау септік

Ілік септік

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс септік

-ға, -ге, -қа, -ке

Табыс септік

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

Жатыc септік

-да, -де, -та, -те

Шығыс септік

-нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден

Көмектес септік

-мен, -бен, -пен

5)қазақстан бул оте конакжай мемлекет, сол себептен быздын калаларымызда оте коп конак уйлер бар. Конак уй колбасшысынын бас максат-конактарга оте жайлы шарттар ыстеу.Астанада коп конак уйлер бар. Олар жулдыздарга болынеды.Конак уйде бес немесе торт жулдыз болса, сол алды болып табылады. Мысалы, Астанада торт кона куй бес жулдызбен бар. Олар: пекин палас, рамада, риксос жэне рэдисон.Ал торт жулдызбен конак уйлер сәл нашар есептеды.Олар. Кинг хотель астана, гранд парк есиль, дипломат, джи импайр, муккамаль жане тб.

Арзан кона куй туянадай жане жайлы болса, алды немен сырттар саналады.

6)

Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі. Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ “-ды, -ді”, “-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: “келдім”, “таптыңдар”. 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің “-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің “-п”, “-ып”, “-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: “барған”, “айтқан”, “барыпты”. 3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің “-атын, -етін”, “-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, “тыңдайтынбыз”, “көретінсіңдер”. Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септікформасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”. 3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”.

7)Адамга театрга бару керек., себебы булл мадениет даму.Театрда кулкы, тиянакты, камыктыргыш сахналар кояды.Онда балкон, коп орындар, адемы жане биык сахна бар.Сахнанын касында созсыз перелер илулы тур.

Екы сахнанын арасында антракт деген бар.Бул уакытта адамдар буфетке немесе даретханага барады.Театрга бару керек-бул адамнын тарбие жане даму.

8) Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады

Есептік сан есімдер[өңдеу]

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.

Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.).

Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.

Реттік сан есімдер[өңдеу]

Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (С. Мұқанов)

Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М. Әуезов).

Жинақтық сан есімдер[өңдеу]

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)

Топтық сан есімдер[өңдеу]

Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен)аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (М. Әуезов)

Болжалдық сан есімдер[өңдеу]

Болжалдық сан есімдер - белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен атайтын сөздер. Мысалы: Салтанатты басқосуға үш жүздей мейман келеді деп күтілудеБазаралының қасында бес-алты кісі қалған (М. Әуезов).

Бөлшектік сан есімдер[өңдеу]

Бөлшектік сан есімдер - негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. Мысалы:Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жаңа заңға халықтың үштен екісі қарсы.

9) Қыз ұзату «Қыз көру» салты кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. 
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html

Қыз айттыру Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп, қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html

Құда түсу Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын өз ұлына қалыңдық етіп беруін сұрайды. 
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html

Бата аяқ Екі жақтық келісімнен кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. 
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html

Қыз ұзату тойы Ұзату тойында қыздың өз туыстары мен құрбы-құрдастары отырады. Ата дәстүріміз сол. Қазақ қызы әкесі мен ағаларының, өзге аталас туыс-бауырларының көзінше жігіттің жанына жақындауға ұялған.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html

Ау-жар Ұзатылып бара жатқан қыздың «сыңсуы», «қоштасуы» - ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел-жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html

Қоштасу Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі, жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айтады.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1739-7.html

10) Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.

Жіктеу есімдіктері[өңдеу]

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.

Сілтеу есімдіктері[өңдеу]

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.

Сұрау есімдіктері[өңдеу]

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

Өздік есімдік[өңдеу]

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

Белгісіздік есімдіктері[өңдеу]

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады.

Болымсыздық есімдіктері[өңдеу]

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Жалпылау есімдіктері[өңдеу]

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.[4]

11)балага арналган тойлар 

Бесікке салу. «Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға». Бесік - баланың ұйықтауына таза болуына өте жақсы. Бесікке ауылдың өнегелі, ұрнағы өскен, ел құрметіне бөленген бәйбішіге (кәртең) салғызады. 

Ат қою. Балаға ат қою – қазақта аса салтанатты жағдай. Әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Қырқынан шығару. Қырық күн өткен соң баланы әйелдер суға түсіріп, шашын, тырнағын алады. Суға түсірген әйелдерге сый-құрмет көрсетіліп, рахмет айтады. Жыйналған адамдарды дастарханға шақырады. Қазақта  3,7,41 сандарды ерекше қайырлы сандар деп есептеледі.

Асырап алу. Баласы жоқ адамдар ерлізайыпты біреуден бала асырап алады баланың әке-шешесінің келісімі бойынша. Болашақ ана балаға ат қойып, оның оң қолына асықты жілік ұстатады. Содан кейін жиналған адамдарға енді өзінің баласы екенін хабарлайды. Егер бала қайтыс болса, бұл сирек кездеседі, дұға оқығанда өзінің ата-анасының аты аталады.

Сатып алу. Өмірге келген балалар бірінен соң бірі шетіней берсе келесі баланы біреу сатып алады. Дүниеге келген сәбидің үйіне бір тәүіп, шаман келеді де «сен менің баламды ұрлап алдың, бер өзіме» деп ата-анасының қарсылығына қарамай тартып алады. Бір-екі күннен кейін ата-ана баланы сатып алады. Баланы алған кісі сәбиді керегенің астынан береді. Ол баланы сатып алдық деп есептейді. Бұдан басқа жолдары бар. Мысалы, бала ұзақ өмір сүру үшін оны жеті кемпірдің аяғының арасынан өткізеді. Қазақ халқы бала өсіруді бақыт деп санап, әрқашан балалы болуды армандайды.

Бауырына салу. Баланы уақытша тәрбиелеу. Дәстүр бойынша атасы мен апасы, жақын адамдары тәрбиелеуге алады. Осылай уақытша тәрбиелеу «бауырына салу» деп аталады. Осылайша әке-шешесі, атасы мен әжесі баланы тәрбиелейді. Олар баланың өсуіне аса мән береді. Оның нағыз азамат болып, халқының жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне көмектеседі. Есейген соң ата-анасына қосылады, не ата-әжесінде қалады.

Шілдехана

Жарыс қазанның  арты іле-шала не сол күні түнде, ертеңіндегі кеште шілдеханамен жалғасады.Шілдеханаға көбінесе жастар жиналады. Көлігі барлар сән-салтанатпен сәйгүлікпен тебінді, дүбірлі келеді.

Бесік тойы

Биесі құлындап, сиыры бұзауласа көтен асып ырым жасайтын тойшыл-думаншыл қазақ сәбиді бесікке салғанда той жасамай, ойын-сауық өткізбей тұра алама? Жиғаны мен тергенін халайық пен қонағына ақысыз-пұлсыз шашатын қазақ бесік тойының шығынына мәу демейді.

Тұсау кесу

Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап  ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды.

Сүндет тойы

Атқа міну жасына толған яғни үш жасқа толған ұл балаға тән тағы бір той – сүндет тойы. Баланы сүндетке отырғызу қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін салтымызға кірсе де, келе-келе ол салтымызға мықтап сіңген. Білетіндердің айтуынша бұл өзі адам денесінің тазалығына арналған шаралардың бірі көрінеді. Баланы сүндетке тақ жасында отырғызады.

Ашамайға мінгізу

Ұл бала қара табан болып жетіге дейінгі жерден жейтін таяғынан құтылып, кез келген қурай мен шыбықты ат қып айнала шаба бастасымен өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есі дерті дүзге, малға ауады.

Тоқым қағу

Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылаған да әке-шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Ал тоқым қағу ақ инеттен, адал көңілден міндетті түрде атқарылатын әдет. Міне, осыдан кейін қазақ бұл балаға  арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды.Былайша айтқанда бәсірені жабдықтау шарт. Сүйтетіні  осыдан бастап баланы баулу, еңбекке тәрбиелеу –анығырақ айтқанда оқыту басталады. Қазақта мектеп те жоқ. Медіресе аз. Надан, балалары тәрбиесіз деп кеудесімен ат басып кете жаздап жүргендер – шетінен дөйдала, пілге үрген иттер. Олар қашаннан бері қанша үрсе де түйенің үстіндегі қазақты қаба алған жоқ. «Тоқым қағу» соларға қаққызбаудың, соғысса жеңілмеудің алғашқы сабағы. Біз осы «тоқым қағарға» дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік.  Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген-құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік.  

Қыз баланың құлағын тесу

Екі-үш жасқа келген соң-ақ қыз бала өз табиғатына тартып қуыршақ жасап, үй жасап ойнауға әуестенеді. Жылтырауық заттарға, қызылды-жасылды киімге қызығады. Осы тұста қыз балаға арналған жаңа бір қуаныштың сәті түседі. Ол – қызша киіндіріп, құлағын тесу. 

Қозы жасы - қазақ ұлды оннан асысымен қозы  жасы атайды. Бұл шақта баланың міндеті, істейтіні – қозыны бағу. Бұл еңбекке баулудың  қазақша бастауыш класы іспетті. Қозы жасы аталуы да содан.  қозыны ит арқасы қиянға апарып жаю өте қиын көрінгенімен, ол кезде ол жастағыларға онан жеңіл жұмыс жоқ.  Малдың да  бағуға ең оңайы –қозы.

Қой жасы - қозы жасындағы бала он беске – отау иесі делінетін жасқа келісімен бастаушты бітіріп, жоғары класқа көшкен оқушыдый кәсібін  ауыстырады. Жылқы жасы - қай халықта болмасын жиырма бес жас белдің бекіп, қабырғаның қатқан кемел кезі. Жаулары жылқысын айдап, қызын алып қашатын ертедегі қазақтың ең  үлкен ауыртпалығы мен ең жақсы рахаты да жылқыда болған. Күні де, түні де азапқа толы жылқыны сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға ғана лайық.  

12) Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ , бірақ сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер.

13) Шылау сөздер (служебные слова) Лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды. Атқару қызметіне байланысты шылаулар үш топқа бөлінеді: 1. септеуліктер 2. жалғаулықтар 3. демеуліктер –

1. Септеулік шылау – белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. - See more at: http://megamozg.kz/index.php?page=view_mat&id=3271&partition=other&subpartition=articles_kazakh#sthash.lhdi7EDR.dpuf

Жалғаулық шылау – сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады. Атқаратын қызметіне байланысты жалғаулық шылаулар келесі топтарға бөлінеді: ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдарлық, шарттық, ұштастырғыш. - See more at:

Демеулік шылау - өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.  Демеулік шылаулары мағыналарына байланысты 6-ға бөлінеді: сұраулық , күшейткіш, нақтылық,  шектік, болымсыздық, болжалдық шылаулар. - See more at: http://megamozg.kz/index.php?page=view_mat&id=3271&partition=other&subpartition=articles_kazakh#sthash.lhdi7EDR.dpuf

14) Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. 

15) Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.

  •  1 Ұннан жасалған тағамдар
    •  1.1 Бауырсақ
    •  1.2 Таба нан
    •  1.3 Салма
    •  1.4 Май шелпек
    •  1.5 Қаттама
  •  2 Дақылдардан жасалатын тағамдар
    •  2.1 Талқан
    •  2.2 Бидай көже
    •  2.3 Тары
    •  2.4 Жент
    •  2.5 Майсөк
    •  2.6 Бидай қуыру
    •  2.7 Бөкпе
  •  3 Сүт тағамдары
    •  3.1 Айран
    •  3.2 Қатық
    •  3.3 Қойыртпақ
    •  3.4 Шалап
    •  3.5 Қымыз
    •  3.6 Балқаймақ
    •  3.7 Кілегей
    •  3.8 Қаймақ
    •  3.9 Құрт
    •  3.10 Сүзбе
    •  3.11 Уыз
    •  3.12 Ірімшік
    •  3.13 Сары май
    •  3.14 Іркіт
  •  4 Ет тағамдары
    •  4.1 Қазақша ет
    •  4.2 Қазы
    •  4.3 Қарта
    •  4.4 Жал
    •  4.5 Жая
    •  4.6 Сорпа
    •  4.7 Бас
    •  4.8 Сүр
    •  4.9 Жаубүйрек
    •  4.10 Борша
    •  4.11 Қарын бөртпе
    •  4.12 Әсіп
    •  4.13 Жөргем
    •  4.14 Қимай
    •  4.15 Шұжық
    •  4.16 Шыртылдақ
    •  4.17 Сірне
    •  4.18 Ми палау
    •  4.19 Құйрық-бауыр
    •  4.20 Қуырдақ

16) Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

17) ХАН — уш жуздын немесе быр жуздын басшысы

Ұлт болып ұйығаннан бері берік қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесін би деп атаған

Султан-бул казак халкымызда улустын басшысы

18) Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.

Сапалық сын есімдер

Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]

Қатыстық сын есімдер

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы:Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (М. Әуезов).[2]

Сын есімнің шырайларын түрлері[өңдеу]

  1.  Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
  2.  Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
  3.  Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
  4.  Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

20) Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Негізгі үстеулер

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.

Туынды үстеулер

Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.

23) Қазақ тілі — қазак халқының ана тілі. Ол — халык тарихымен бірге жасап, үрпактан-ұрпаққа катынас күралы ретінде кызмет етіп келеді. Қазак тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды. Ол енді толык мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.

24)омоним синоним антоним

Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

  1.  Ат — жұмыс көлігі;
  2.  Ат — есім, атау;
  3.  Ат — етістік (бұйрық рай).

Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатарқұрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.

Антоним (гр. antі — қарсы, уnyna — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу) т.б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды

25) Қазақтың ұлттық ойындары

Көкпар.  Аударыспақ.  Қыз қуу.  Күрес.  Мойын арқан.  Теңге ілу.  Алтын қабақ (жамбы ату).  Асау үйрету Ақ сүйек.  Сақина салу.  Тымпи.  Бастаңғы.  Ине жасырмақ.  Алты бақан.  Тоғыз құмалақ.  Асық ойыны.

Көкпар - көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы.
Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады

↑жоғарыға

Күрес-қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады.
Мойын арқан - жекпе –жек күш сынасатын ежелгі халық ойыны. Жігіттер тойда, жазғы сауықта сайысқа түседі. Көгал алаң таңдалады.
Теңге ілу  – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны.
Алтын қабақ (жамбы ату) – шауып келе жатқан атың үстінен нысананы дәл көздеп , атып түсіру. Бұл ойының нұсқалары басқа халықтарда да кездеседі.
Асау үйрету - ел жайлауға шығып, жайғасқаннан кейін бес-алты күн өткен соң, биебау орыны таңдалып, желі тартылады.

↑жоғарыға

Ақ сүйек - ай сүттей жарық түндері, жазды күні қыздар мен жігіттер, балалар араласып ойнай береді. Сақина салу – жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. Басқалары екі қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз қолындағы сақинаны  әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатынасушыларды түгел аралып өтеді.
Тымпи – ойынға қатынасушылар шеңбер жасап, дөңгелене отырады.
Бастаңғы – ауылдағы үлкен  кісілер бір жаққа қонаққа немесе басқа себептермен қотарыла кеткен жағдайда қыз-келіншекткр бас қосып, бір үйге жиналады.

↑жоғарыға

Ине жасырмақ- жастардың бас қосуында, көбіне үйде ойналатын ойын. Алты бақан –қатысушылар санына шек қойылмайды.
Тоғыз құмалақ – жарыстың жеке кісілік, жеке командалық және командалық түрлері бар.

26) Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мұшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелеріүлкен екі топқа бөлінеді:

  1.  тұрлаулы мүшелер (бастауышбаяндауыш);
  2.  тұрлаусыз мүшелер (анықтауыштолықтауышпысықтауыш).




1. і...мають високий ступінь виразності
2.  Запрещенные предметы Исключения
3. Контрольная работа- Програмне забезпечення ПК
4. СОШ с Усть ~ Кулом 2011 ~ 2012 учебный год За период с 10 ноября по 28 декабря
5. Производственный процесс ' совоксть всех действий людей и орудий проства необхмых на данном предприятии
6. О системе минимальных государственных социальных стандартов
7. это одно из важнейших условий успешной целенаправленной деятельности учащихся и обучающей деятельности уч
8. Петербурга и является государственным природным заповедником
9. Закон запрещает развешивать мужское и женское нижнее бельё на одной верёвке
10. МЕНЕДЖМЕНТ профиль ФИНАНСОВЫЙ МЕНЕДЖМЕНТ фм квалификация БАКАЛАВР программа обучения
11. Литературное редактирование
12. РЕФЕРАТ Та~ырыбы- Жер за~дарын б~з~аны ~шін жауапкершілік т~рлері
13. ТЕМА- ПРАВЛЕНИЕ КНЯЗЯ ВЛАДИМИРА СВЯТОСЛАВИЧА 980 ~ 1015
14. Технология преподавания физической культуры в вузах
15. Беспутный так с ворчливой укоризной называли его пожилые женщины
16. Виды генных мутаций.html
17. ФИЛОСОФСКАЯ ПСИХОЛОГИЯ- МЕТОДОЛОГИЯ ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА Программа предназначена для психологов филосо
18. производственных запасов 17 Учет материалов
19. 10 веках появляется народное собрание или сходы вече совет племенной знати старцы старейшины
20. Контрольная работа- Англо-германский антагонизм