У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Мемлекет белгілі бір аума~~а иелік етіп сол жердегі халы~ты~ еркін дамуына м~мкіндік беретін ~о~ам т

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

37  Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты

Мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап).
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.
Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).
Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады.
Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).
Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады Соңьшан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.
Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан Республикасынын Президентін биліктің төртінші тармағы ретівде қарауымыздың мәні мынадд. Шын мөнінде Президент барлык билік тармақтарынан окдіау тұр. Себебі конституциялық тұжырымдарға сәйкес ол — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық катынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ен жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін кызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституциянын 40-бабының 3-тармағына сәйкес Республика Президенті мешіекетгік биліктің барлық тармағьшың келісіп жұмыс істеуін және екімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол—халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат кұкықтары мен бостандықтарынын нышаны әрі кепілі (40-баптың 2-тармағы). Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ.
Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында көрсетілген міңдеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.
Президент атқарушы билік саласында:
Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны кызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуьшен Республика Үкіметінін кұрьтлымын белгілейді; оның мүшелеріы кызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, кайта құрады; Үкімет мүшелерінін антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойьшша отьфыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Зан жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облысташ, республикалык маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлык органдардың кызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудін бірьщғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін токтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді кызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметгің орнынан түсуі туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылдайды.
Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутатгарының Қазакстан халкына беретін антьш қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады;
Парламент Сенаты үсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол кояды, занды халыққа жария етеді не занды немесе оның жекелеген баптарьш қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;
Парламент Сенатыныц келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайдьі, оларды қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырьш, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен езге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сыртган тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік Кеңесін құрады.
Президенттің басты міндеті — ел ішінде және халыкаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Казақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялык, және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырьш алу грамоталарын қабылдайды.
Президент өкілеттіктерінін келесі топтамасын оған Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығару өкілдіктерін құравды. Ол екі жолмен жүзеге асырылады:
1) Заң шыгару. Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы.
2. Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құкуғының берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік кызметінін басты нысандары емес.
Сонымен қоса Президент Конституция мен зандар негізінде және оларды орындау үшін Республиканъщ бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай катаң талаптар койылады: Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды.
Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тен және төте сайлау кұқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды Бұл сияқты мөліметтерді Қазакстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялык заң күші бар «Қазакстан Республикасындағы Сайлау туралы» Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы Заңынан алуға болады. Демек, Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталык сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есеіггелінеді. Егер кандидаттардың бірде бірі керсетілген дауыс санын ала алмаса, кдйтадан дауысқа салынады, оған кеп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі (Конституцияның 41-бабының 5-тармағы).
Президентке ешкімнін, тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір жауапкершілік түріне тартуға, ұстауға, қамауға, тінтуге және т.с.с. болмайды.
Республиканың Президенті өзінің міндеттерін аткару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутатгарының кемінде үштен бірінін бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санынын көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бүл мәселе бойынша түіжілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңестін қорытындысы болған жағдавда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде терттен үшінін көшпілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында кабылданады. Республика Президентіне мемлекетке опасыздык жасады деп тағылған айьштың қабылданбауы оның кай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп соғады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға кабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңес корытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төртген үшінін көпшілігімен кабылданады.
Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалык, маңызы бар каладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстьщ, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасьшың барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарьшда сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттьщ жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзімше Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутатгары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасынын, аумағында кемінде ұш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.
Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттын судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық Қауіпсіздік комитетінін Төрағасын тағайьшдауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.
Мәжіліс— Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканын әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырьш құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумактык сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойышпа және біртұтас Жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде саиланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізіңде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл екілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.
Парламент Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: зандар қабылдайды; республикалық бюджетгі және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылаиды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабында көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.
Мәжілістің ерекше қарауына: заддардың жобаларын қарауға кабылдау және қарау; Республика Парламенті кабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және т.б. (Қазақстан Республикасы Конституциясьшың 56-бабы) жатады.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бои-ынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар кабылдайды, оларға өзгертулер мен толыктырулар енгізеді;
2) Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бакылау жөніндегі есеп комитетінін бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
3) Республика Президентінің қарсылығын туғызған зандар немесе заңның баптары бойышпа ол қарсьтлық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын кабылданған шешімді қуаттайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсьшған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
4) Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хакылы;
5) Президенттін. Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді;
6) Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тындап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды, бағдарламаны кайтадан кабылдамаи тастау әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен жүзеге асырыла алады және бұл Үкіметке сенімсіздік кәрсетілгенін білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді;
7) Әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екюінің көпшілік даусымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсіздік білдіреді.
Парламент бұдан басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады (Конституцияның 53-бабы).
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазакстан Республикасының Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен Мәжілістін, Қаулылары түрінде Заң актілерін қабылдайды.
Зандар, аса маңызды қоғамдық қатынастарға реттейтш, мынадай мәселелер бойынша шығарылуы тиіс:
1) жеке және занды түлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардын құқыктары мен бостандыктарына, жеке және заңды тұлғалардын міндеттері мен жауапкершілігіне;
2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
5) республикалык бюджетке;
6) сот қүрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7) білім беруге, денсаулык сақтауға және әлеуметтік камсыздандыруға;
8) көсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуге катысты.
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.
Республиканың мұндай заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының Заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті мынадаи жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік әкіметтін басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Бірақ, Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттілігінін. сонғы алты айында, сондайақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты комитеттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауы тиіс. Палаталардың бірлескен кызметіне катысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепетең негізде бірлескен комиссиялар құруға қақылы. Заңның Палата отырыстарында талкылануы окылым деп аталады. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитетінде алдын ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен кейін Мөжілістің жалпы отырысывда талқыланады. Әдетге, талқылау екі оқылымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен тольщтырулар енгізу және конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
Қаралған заң жобасы бойынша Сенаттың Президент сияқты қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінін көшпілік дауысымен жобаны қаитадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында кайтадан енгізуге болмайды.

64 Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері

Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері

Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айдаудың маңызы зор. Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, олардың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қылмыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдағыдай жасауға және оны жасыруға барлық қажетті жағдайларды жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, ортақ бөлінбейді. Тек қасақана жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.

Қылмысқа қатысушылардың түрлері

Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші деп бөледі.

Орындаушы — бұл нақты қылмыс құрамының объективті жағынан кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің- қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмысты орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл-есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.

Ұйымдастырушы — қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам. Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы — бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Жоспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүнемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.

Адамды нақты заңға қайшы әрекеттерге баруға тікелей бағытталмаған жалпы үндеу мен тілектер айдап салу ретінде қарастырыла алмайды. Мысалы, «о дүние» тартымдылығы туралы абстрактілі ойлар немесе керісінше, бір адамның «ақша жасай» алмауы және т.б. Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмысты жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылдым. Сондай-ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстын ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасау сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде береді.

Қылмысқа қатысушылардың жауапкершіліктері

Қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі олардың қылмыс жасауға нақты қатысуының сипаты мен дәрежесіне қарай белгіленеді. Қылмысқа қатысушылар дербес әрекеттері үшін жауап береді. Сонымен бірге, олар жасалған қылмыспен орындаушының әрекеті арқылы байланыста болғандықтан, мұндай жағдайда қылмыстың аяқталғандығы туралы мәселе орындаушының әрекеттерін жүзеге асыру сатыларына тәуелді түрде шешіледі. Егер орындаушы бірігіп ойлаған қылмыстарын, еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жасай алмаса, басқа қатысушылар орындаушының қылмыс жасау сатыларына қарай қылмысқа дайындалғандығы иемесе оқталғандығы үшін жауапқа тартылады.

Қылмыс жасау сатылары

Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды.

Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп бағалы заттарды алады). Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: (мысалы, ұрлық). Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау), немесе қылмыстың өзін жасауға кіріседі (мысалы, дайындалған кілттермен пәтер есігін ашады, бірақ сигнал беру жүйесініңқосылғанын білмейді). Бұл екі жағдайда да қылмыс аяқталмай қалады. Осы әрекеттердің барлығы қылмыс жасау сатылары деп аталады.

Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяқталған қылмыс.

Қылмысқа дайындалу — бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдлйлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу, немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.

Дайындау — бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.

Бейімдеу — заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).

Бірге қылмыс жасаушыларды іздеу басқа адамдармен танысу немесе таныстықтарын жалғастыру, оларды нақты қылмыс жасауға итермелеу, әрқайсысының рөлін талқылау және т.б. тұрады. Іздеу тәсілдері ретінде уәделесу, қорқыту, бірге баюға уәде беру, бопсалау қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасауға сөз байласу, қылмыстық жауапкершілік жасына толған екі немесе одан да көп адамдардың бірге қылмыс жасауға сөз байласуларын көздейді. Қылмыс жасау үшін басқа да шарт-жағдайлар жасау әр түрлі әрекеттерден көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер ойға алған қылмыстың жоспарын жасаудан, пәтер иелерінін кету, келу уақытын аныктаудан, белгі беру жүйесінің бар жоқтығын білуден және т.б. сипатталады. Мұндай әрекеттерді шамалап, тізімін беру мүмкін емес.

Субъективтік жағынан қылмысқа дайындалу тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмысқа қылмыс нәтижесің тілемей дайындалуға болмайды. Қылмысқа оқталу деп — адамның еркінен тыс мән жайларға байланысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.

Қастандық қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерден тұрады, ол адамның қылмыстық нақты құрамының объективтік жағын орындай бастағанын немесе орындап болғанын білдіреді. Адам өлтіруге қастандық жасағанда, мысалы, адам жәбірленушіге оқ атуға оқталады немесе атқанымен мүлт кетеді, ұрлық жасағанда құлыпты бұза бастайды. Көпшілік жағдайда қастандық әрекет жолымен жасалады (соққы беру, у беру, оқ ату және т.б.) Жеке жағдайларда қастандық әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін (мысалы, анасы жаңа туған баласын өлтіру үшін, оған емшек сүтін бермей қояды).

Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Ал басқа қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын құрайды).

Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып есептеледі).

71 Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері

Қазіргі қазақстандык құкық салаларының ішіндегі еңбек құқығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.

Еңбек құқығының пәні деп ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік катынастарды және оған тығыз байланысты қарым-қатынастарды айтады.

Еңбек құкығының пәніне жататын қоғамдық қарым-қатынастардың түрлері туралы қазіргі қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы, оқу құралдарындағы пікірлер алуан түрлі, өйткені нарықтық экономика жағдайында өмірге прогрессивтік жаңа еңбек қатынастары келеді. Бұл қоғамдық қарым-қатынастардың пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы еңбекті ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне, оның мазмұнына байланысты. Қазіргі кезде еңбек құқығының қатынастары бұрын-ғыдай тек жұмыскер мен мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, ұйым арасындағы қатынастар емес, жаңа жағдайда заңға сәйкес меншік түріне байланысты занды тұлғалар мен жеке адамдар арасындағы еңбек катынастары.

Жаңа жағдайда пайда болған барлық еңбек құқығының қатынастары мынадай топтарға жіктеледі:

Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты пайда болған еңбек қүқығы қатынастарын жатқы-зуға болады. Мұндағы ерекшелік, еңбек ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола алмайды, бірақ бұл жағдайда енбек ұжымы кәсіпорынды басқарудан мүлде шеттетілді деуге де болмайды, өйткені олар кәсіпорынды, оның кұрылымдарын жалға немесе ұжымдық меншікке айналдыра алады.

Мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі басты қағида ол мемлекет тарапынан басқаруды еңбек ұжымының өзін-өзі басқаруымен және кәсіпорын әкімшілігінің жеке-дара басқаруымен тығыз бай-ланыстыру.

Екінші топқа кооперативтік, акционерлік занды ұйымдар-дың меншігіне негізделген еңбек қатынастары кіреді. Бұл еңбек катынастарының өзіндіігерекшеліктері бар, оның тараптары: бір жағынан - меншік иесінің ұжымы, оның өкілдері (баскарма, бастық); екінші жағынан әрбір меншік иесі (өзі еңбеккер болуы мүмкін), жалдамалы жұмысшы болып саналады, ал кәсіпорынды басқару - өзін-өзі толық басқаруға негізделген.

Кооперативтерді ұйымдастыру, олардың шаруашылық жағ-дайы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы шык-қан «Өндірістік кооператив туралы» заң күші бар Жарлығы негізінде және кооперативтің жалпы жиналысында қабылдан-ған жарғысы бойынша анықталады. Еңбек қатынастарының субъектісі ретінде кооператив өздігінен еңбекті ұйымдастырып, жұмыс күнінің ұзақтығын, демалыс беру тәртібін, жалақы төлеу жүйесін белгілейді.

Акционерлік қоғамдағы еңбек қатынастарының субъектісі болып жеке еңбеккер, оның ішінде акция ұстаушы және өз атынан жалдау шартын жасаушы акционерлік қоғам болып табылады.

Меншіктің әр түріне негізделген шаруашылық серіктес-тіктер акционерлік қоғамдардың моделімен жұмыс істейді, бұлардың құрылтайшылары мемлекеттік, кооперативтік, қоғам-дық кәсіпорындар, шетелдік фирмалар мен азаматтар болады, сондықтан бүл саладағы еңбек қатынастары нормативтік кұқықтық актілермен, кәсіпорын жарғысымен және құрылтай құжаттарымен анықталады. Еңбек қатынастарына түсуші та-раптардың кұқықтық жағдайы жеке еңбек шарттарында (контрактілерінде) қарастырылып, толықтырылады.

Азаматтардың өз меншігінен пайда болған еңбек қатынастары үшінші топты қүрайды.

Мұны екі түрге бөлуге болады: жеке іскерлік және еңбек шаруашылығы түріндегі үжымдық іскерлік. Біріншісі - жеке адамның өз еңбегіне негізделген, сондыктан бұл жағдайда еңбек қатынастары тумайды, оны азаматтық және салық заңдары реттейді. Екіншісі — меншік иесі өз меншігінен табыс алуды көздеп отбасы мүшелерінің еңбегін біріктіреді және жұмыс күшін жалдайды.

Жұмыс күшін жалдау ісін жүзеге асырған кезде пайда бо-латын еңбек қатынастары төртінші топқа жатады. Олар еңбек-кер меншік иесі болмағанда, кәсіпорынды басқаруға, түскен түсімді бөлісуге қатысқан жағдайда пайда болады. Жұмыс күшін жалдаудыңреті, жағдайы мемлекеттарапынан бақылауға алынады және занды негізде бекітіледі.

Әрбір құқық саласының өзіне тиісті қоғамдық қарым-қаты-настарын құқыктық негізде реттейтін әдістері болады. Еңбек қүқығы қатынастарын реттеуші тәсілдер жиынтығын әдістер дейді.

Қазіргі еңбек құқығының әдістерін әр түрлі негіздер бойынша бірнеше топтарға бәлуге болады. Кұқықтык маңыздылығы бойынша олар жалпы, салалық, жергілікті және жекеше әсер ететін әдістер болып бәлінеді.

Іс-әрекетіне байланысты еңбек құқығының әдістері «бүйрық беру» және «ынталандыру» болып бөлінеді де, бұлар «әкімшілік» және «экономикалык» әдістерге жатады.

Еңбек қатынастарын айқындайтын құқық әдістері оларды жүзеге асырудағы мақсатқа жету негізі бойынша да мынандай топтарға бәлінеді: өндіріс нәтижесіне жетуді, жеке еңбек шар-тындағы міндеттемелерді орындауды, материалды және басқа ресурстарды үнемдеуді, т.б. көздеген «ынталандыру» әдіс-терінен тұрады.

Қорыта келгенде, еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері мынада:

1)        еңбек құқығы қатынастарын реттеуде келісім әдістерін басым қолдану;

2)        жекеше және ұжымдық еңбекті реттеуге негізделген әдістерді қолдану;

3)        еңбекте «ынталандыру» мен «міндеттеу» әдістерін тиімді қиылыстырып қолдану;

4)        еңбек қатынастары пайда болғанда, жүзеге асырылғанда «келісім» және еңбекті басқаруда «міндеттеу» қағидаларына сүйену;

Еңбек қатынастарын реттеудің басты әдісі — әлеуметтік — әріптестік әдіс, оның мынадай түрлері бар. 1) кәсіпорын деңгейінде - ұжымдық шарт; 2) салалық, жергілікті жер деңгейінде — салалық, жергілікті тарифтік және басқа әлеуметтік-экономикалық келісім; 3) мемлекет деңгейінде — Бас келісімдер.

Қолданыста жүрген заңдармен, басқа да нормативтік актілермен қатар қызметкерлердің меншік иесімен арадағы еңбек катынастарын реттейтін кайнар көз - ұжымдык шарт. Бұл жұмыс беруші мен еңбеккерлердің арақатынасынан туа-тын екі жақты жазбаша келісім. Қазіргі жағдайда ұжымдык шарттың мақсаты — мемлекеттарапынан берілген кепілдіктерді көбейту, өйткені онда еңбекті ұйымдастыру мен акы төлеу жүйесі; жұмыс және демалыс уакытының ұзақтығы; жұмыс-пен қамтамасыз етіп, қайта оқыту, әйелдер мен жастар еңбепн қорғау т.б. секілді еңбеккер мен жұмыс берушінің мүдделерін реттейтін ережелер белгіленеді.

Үжымдық құқық жасаудың нәтижесі деп жыл сайын жаса-латын Кдзақстан Республикасы Үкіметі, Кдзақстан кәсіподак-тарының федерациясы және жұмыс берушілердің республи-калық бірлестіктері арасындағы Бас келісімді атауға болады.

Үжымдық келісімдермен бірге жұмыс беруші мен кәсіп-одақтар жергілікті ішкі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек тәртібінің ережелерін, ауысым, демалыс беру кестелерін және басқа да құқықтық келісімдер жасайды. Ал Бас келісімдер еңбекақының, зейнетақы, стипендия, әлеуметтік, арнайы жәрдемақылардың ең аз мөлшерлерін, жұмыспен қам-тамасыз ету шараларын, еңбек дауларына, ереуілдерге жол бер-меу жолдарын белгілеп, реттейді.

Еңбектік жеке құқықтар еңбек шарттарымен (кон-трактілермен) белгіленеді. Жеке еңбек шартын жасағанда «заң-мен тыйым салынбайтын іс-әрекеттердің барлығын да жасауға болады» — деген қағида жүзеге асырылады.

Еңбек құқығыньщ жүйесі деп құқықтық нормалардың маз-мұнды негізде реттеліп, бөлінуін айтады.

Барлық қүқық салалары құкықтық нормаларды— жалпы және ерекше деп аталатын екі бөлімге бөледі.

Еңбек құқығының түсінігі, әдістері мен қайнар көздері, еңбек қатынастары, еңбек құқығының кағидаттары (прин-циптері), еңбек құқығының субъектілері, ұжымдық шарттар жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты; жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі; матери-алдық жауапкершілік, енбекті қорғау, еңбек даулары қарас-тырылады. Жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз байланыс-ты, осы екі белімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жал-пы белімнің ережелері мен институттары Ерекше болімдегі накты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыкқа алынады.

Еңбек құқығы кұқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты. Сонымен бірге еңбек құқығы өзінің аткаратын рөлі, мәні, құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салала-рынан оқшауланып, ажыратылады.

Еңбек кұқығы азаматтық, әкімшілік және әлеуметтік қам-сыздандыру кұқыктарымен тығыз байланысты.

84 Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.

Еңбек құқығының қайнар көздері,қағидалары және Еңбек құқығының субъектілері 

«Еңбек көздері» түсінігі екі өзара байланысты аспектімен беріледі. Біріншіден оған әлеуметтік құбылыс ретінде құқық туғызатын обьективті факторлар жатады. Бұндай фактор ретінде қоғамның материалдық жағдайындағы өмір сүруі, экономикалық, саяси және құқық негіздері нақты түрде мемлекеттің құқықты қалыптастыру, оған нормативтік-құқықтық акті түрін беру жұмыстарымен байланыстырады. 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде құқық көздері ретінде мемлекеттің еңбек рыногын қолданудығы қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы, жалдау жұмыстарын ұйымдастыру мен оны қолданудағы өкілетті органдардың құқық шығарушылық әрекеттері жатады.
Еңбек құқының көздері көп және әр түрлі және де олар әр түрлі негізде бөлінеді. 
Құқық көздерді заңдық күші бойынша классификациялалау дәстүрлі болып саналады. 
1. Халықаралық келісімдер мен келісім шарттар. Оған мысалы, Қазақстан Республикасынада ратифицирленген Еңбекті Ұйымдастырудың Халықаралық конвенциясы адамзаттың құқын қорғаудың Жалпы Декларациясы жатады. (№29 «Міндетті және мәжбүрлі еңбек туралы», № 100 «Құндылығы бірдей еңбегі үшін әйел мен ер адамға тең ақы төлеу туралы», № 138 «Ең төменгі жас ерекшелігі туралы»), сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасындағы келісімдер 15.04.95 ж. («Еңбекші-көші қоншыларды еңбек көші қон және әлеуметтік қорғау саласындағы келісімдер мен бірлесіп қызмет ету туралы», 09.09.94 ж. « Жұмыскерге еңбек міндеттерін атқару кезінде келтірілген кәсіптік ауруға ұшрау кезінде немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын бірлесіп толтыру туралы»). 
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның 24 бабында келесі ережелер бекітілген: 
3. Әркім еңбекті, кәсіпті және мамандықты таңдап алуға ерікті. Мәжбүрлі еңбекке әскери немесе төтенше жағдайларда ғана сот шешімімен жол беріледі. 
4. Әркім қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына құқылы, ешқандай кемсітушіліксіз еңбек марапатын алуға сондай-ақ жұмыссыздықтын әлеуметтік қорғалуға құқылы. 
5. Заңмен белгіленген әдістер арқылы шешу белгіленген жекеленген және ұжымдық еңбек келіспеушіліктер, көтеріліске шығу құқығы мойындалады. 
6. Әркім дем алуға құқылы. Еңбек келісімі бойынша жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақыты, демалыс күндері жыл сайынға ақылы демалыстар кепілденеді. 
7. Қазақстан Республикасының Заңы. Еңбек құқының негіздері болып табылатын заңға мыналар жатады: 10.12.99 ж. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 12.07.93 ж. «Кәсіби бірлестіктер туралы» заңдары т. б. жатады. 
8. Қазақстан Республикасының Қаулысы. Оған жататындар: 29.12.00 ж. « Жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеудің инструкциясы мен тәртібін бекіту туралы», 25.06.99 ж. «Екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздығын белгілеуге болатын аурулардың түрлерін бекіту туралы», 25.06.99 ж. «Шетел жұмысшы күшін тартуды және Қазақстан Республикасынан жұмысшы күшін шығаруды Лицензиялау туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы. 
9. Министрліктердің, комиттетердің және ведомствалардың актісі. Оларға жататындар: халықты әлеуметтік қорғау мен еңбек Министрінің 21.04.00 ж. «Тегін емдеу-алдын алу тамақтану мен витаминдік препараттарды берудің ережесін бекіту туралы», 22.07.00ж. «Еңбекті нормаландыруды ұйымдастыру бойынша Әдістемелік рекомендацияларды бекіту туралы», ҚР денсаулық сақтау ісі бойынша Агенттігінің 22.05.00 ж. « Медициналық аптекалық жұмыскерлерді қосымша демалысқа шығару туралы» Бұйрығы. 

Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеті: 
Еңбек туралы нормативтік актілердің әрекеттері адамның уақыты, аумағы мен шеңбері бойынша қаралады. 
Еңбек құқығының негізі болып табылатын нормативтік-құқықтық актілер үшін әрекеттерінің басталуы мен аяқталуын бекіту нақты практикалық маңызға ие.




1. Контрольная работа- Виховання як педагогічна категорія
2. Политическая власть в России проблема легитимности
3. а правосвідомість є однією з форм суспільної свідомості та вкупі з політичною моральною філософською інши
4. Лекция 13. ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ И ЭКОНОМИЧЕСКИЙ ЦИКЛ 4 часа План Занятие 1 1
5. Технологічні особливості природокористування Запорізької області
6. Информация занимает в жизни каждого человека и государства в целом все более значительное место
7. и частенько по голове
8. Курсовая работа- Коррекция эмоциональных нарушений у младших подростков с помощью арттерапии
9. Лабораторная работа 1.3
10. на тему- Неперервність функції в точці і в області.
11. Доклад- Воронеж
12.  Построение проектного угла с точностью теодолита Построение на местности проектного угла от базового н
13. ВВЕДЕНИЕ В этой главе рассматриваются две группы материалов
14. е л. ед. ч. наст. врем
15. Лабораторная работа 6 Исследование триггера Шмидта на операционном усилителе
16. Основные положения соглашений Республики Беларусь по вопросам избежания двойного налогообложения в части подоходного налога
17. Реферат- Инвестиционные решения предприятия
18. 156 [23] Esy Zip 98 [2
19. тема как бы сложно она ни была организована состоит из биологических макромолекул- нуклеиновых кислот белк
20. Лекция 11.ТЕОРИЯ ПОЗНАНИЯ Природа познания.html