У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

тематик ~ студенттерді~ психологиялы~ ерекшеліктері 5

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

Жоспар

1.  Студенттің психологиялық сипаттамасы

2.  Студенттік шақтың психологиялық ерекшеліктері

3.  «Экономика» мамандығындағы студенттердің психологиялық ерекшеліктері

4. Математик – студенттердің психологиялық ерекшеліктері

5. «Химия» мамандығындағы студенттердің психологиялық ерекшеліктері

6. «Юриспруденция» мамандығы студенттерінің психологиялық ерекшеліктері

7. «Философия» мамандығы студентінің ерекшеліктері

Жоғары мектеп психологиясы

Студенттерді оқыту – олардың іс-әрекеті мен психикасына білім беру, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатымен, әсер ету.

Т.В.Габайдың анықтауы бойынша, өзіне 2 жүйелікті, немесе іс-әрекетті қамтитын оқу іс-әрекетінің құрамдас бөлігі. Біріншісі – оның негізгі функционалдық компоненті–іс-әрекет-оқу. Оқу іс-әрекетінің функционалдық дайындық компонентіне – оқыту іс-әрекеті кіреді. Оқыту іс-әрекеті – оқушылардың алғашқы тәжрибе меңгерулерімен іске асатын, «таза» таным актісі. Оқыту іс-әрекеті оқу іс-әрекетінің сәтті болуына бағытталған. Оқу іс-әрекетінде тек іс-әрекеттің танымдық қызметі ғана қамтылмай, оның қажеттілік, түрткі, эмоция ерікке де бағыталуымен анықталады.Іс-әрекеттің негізгі сипаты оның заттылығында. Заттығы оның табиғи объектілігінде ғана емес, ондағы қоғамдық қозғалыс тәсілінде.Іс-әрекеттің  екінші бір сипаты- оның әлеуметтік, қоғамдық-тарихи табиғатында. Ол психологиялық жаңа құрылудағы қалыптасатын іс-әрекеттің сыртқы формасының ішкі формаға ауысуындағы негізгі интериоризациялық бағыт.Іс-әрекетәруақытта да жанама сипатқа алады. Ондағы негізгі құрал рөліне жабдық, материалдық заттар, белгілер, символдар және адамдардың қарым-қатынасы жатады.Адамның іс-әрекеті әруақытта мақсаткөзделген, белгілі жоспарланған нәтижеге саналы бағытталған мақсат ретінде, жетістікке жетуге негізделіп жүзеге асады. Мақсат іс-әрекетті жетелепотырады және оның барысын реттейді.Іс-әрекет- белгілі жұмыстың жиынтығы емес, оның түрткілерін туғызып отыратын әрекет жүйелері.Іс-әрекет адамның білімінен, түрткісінен, қабілетінен сыртқы дүниесінің нәтижелілігін анықтайтын, өнімділік сипатын көрсетедіОқу іс-әрекетінде абстрактылықтан нақтылыққа, жалпыдан жекеге көшу жүзеге асады.  Оқу іс-әрекетінің негізгі нәтижесі оқушыларда теориялық білімді қалыптастырумен анықталады.

Зерттеушілер қазіргі студенттер типтерін төмендегідей бөледі:

бірінші типтегілерді шартты түрде «кәсіпкерлер» деп атауға болады. Бұл студенттер білімді болашақтағы  бизнес жолында жетістіктерге жетуі үшін, қызметте тезірек көтерілуі үшін, басқару ісімен, ұйымдастырушылық қызметпен айналысу үшін қажетті теориялық және тәжірибелік бағытта алуға тырысады. Ол өз мамандығын дұрыс таңдағанына күмәнданбайды;

екінші тип – «эмигранттар». Олар білім алуда шет тілін терең білуге тырысып, шет елдерде жұмыс істеу үшін  білім алады. Оларда жеке бастылық, оптимизм және кез келген жағдайларға төзімділік жақсы дамыған.Осы екі типке қарсы тұратын үшінші тип «дәстүрлісі». Олар жақсы білімді, кәсіби дайындықты қалайды, сол себепті білімді диплом алу үшін, ғылыми ізденумен шұғылдану үшін алады

Оқыту мен таным жүйесінде студенттер іс-әрекетін және жүріс-тұрысын үш негізгі типтерге бөлуге болады:

Бірінші типтегі студент жоо-дағы оқыту міндеттері мен мақсаттарына кең түрдегі көзқарасымен ерекшеленеді.Олар бағдарламада көрсетілген деңгейден көрі кеңірек  білім алуды қалайды және оқу орнының барлық өміріне белсенді қатынасады. Бұл типтегілер мамандануға үлкен көңіл бөліп, жан-жақты дайындалуға бағытталған.

Екінші типтегі тұлға өз мамандығына нақтылы бағытталғандығымен ерекшеленеді. Бұл типтегі студенттердің де танымдақ іс-әрекеті бағдарламадан тыс терең білімге арналады. Бірінші типтегіге бағдарламаның кеңдігі маңызды болса, екінші типтегіге білімнің тереңдігі маңызды.

Үшінші типтегі студенттердің танымдық бағыты бағдарлама көлемінде ғана болады. Бұл типтегілердің сұралынған студенттердің 26,8% көрсеткендей шығармашылығы және белсенділігі өте төмен болып келеді

Оқытушы мен студенттердің қарым-қатынасы 2 түрлі нұсқада болуы мүмкін.

1) Өзара түсінушілік, оқу әрекетінің орындалуы, бір-бірінің мінез-құлқын болжау қабілетінің дамуы;

2) түсінуге қабілеті жоқ, конфликтің пайда болуы, бір-бірінің мінез-құлықты анықтау; Қарым-қатынастың жағымды жақтарына жету және бір-бірі жайлы жиналған ақпараттың байланысы педагогтың коммуникативті білімнің даму деңгейіне байланысты, оның эмпатияға қабілеті мен рефлексияны бақылауға, дұрыс тындауға, сенімділікке, қарым-қатынастың өзгеруінде, конфликтарды дұрыс жеңіп шығуын білу. Басты рольді оқытушының психологиялық ерекшеліктері мен өзара қарым-қатынастары ойнайды. Сабақтарда педагогикалық қарым-қатынастың орнатылуына келесі коммуникативті әдістемелерді қолданылады. Аффектілерді жою, қарым-қатынастың сенімсіздігі, әдістердің басымдылығы.

-Сабақта студенттердің оқытушымен қарым-қатынасы қорғаушылық атмосферасын құрастыру.

-Диалогтарға қатысу, қуаттау, жауаптарды қолдау.

-Студенттердің өзіндік ықыласымен  ауызша жауаптарын ынталандыру.

-Студенттің жауабы кезіндегі аяулы жағдайларды құрастыру.

-Жеке студенттер жағынан шығармашылық белсенділігі басқаларға басымдылығына жол бермеу.

-Қарым-қатынас кезіндегі коммуникативті қолдаудың қолдану тәсілдері.

-Лекция мен дұрыс айтудың жолдарына көмек көрсету.

-Нақты жағдайдың қарым-қатынасының коммуникативті мағынасын түсіру.

-Қатысу мен қарым-қатынас техникасында коммуникативті әдістемесінде тура және    қосымша оқыту.

-Студенттің оқытушымен диалогтағы мінез-құлқы.

-Студенттің оқытушымен диалогқа түсудің ынтасын қолдау.

-Студенттерге ойлау жинақталуына жағдай тудыру.

-Студенттің оқу-саналылық белсенділігінің әдіс-тәсілдері.

-Сабақтарда студенттердің оқытушымен тәкелей белсенділікті байланыстың болуы.

-Ынтасын тудырған үшін студенттерге топ алдында мақтау.

-Демонстрация түрінде өзінің қателіктеріне критикалау.

-Педагогикалық қарым-қатынастың арқасында негізгі психолого-педагогикалық оқытудың тәсілдері.

Басты негізгі жоғары оқу орнында алынған білім ғана емес, сонымен қатар меңгерудің амалдары, оқу әрекеттерімен ойлау, саналылық күштің дамуы мен студенттің шығармашылық потенциалы. Бұны тек оқудың әдістемелері жағдайында студенттің басым байланысына жетуге болады. Оқудың дамуына схема ұсынылған «естиді – еске алды – ойын айтты» «түсінді – ұғынды – еске алды – қолданды» схемасына ауысуы.

Студенттік шақтың психологиялық ерекшеліктері

«Студент» терминін латын тілінен аударғанда мұқият жұмыс істеуші, білімді игеруші дегенді білдіреді.

Студент юелгілі бір жастағы адам ретінде және тұлға ретінде үш жақтан сипатталады:

  1.  психологиялық жағынан тұлға қасиеттері, қалыптары, психикалық процестерінің бірлігін құрайды. Психологиялық жағынан негізгісі – психикалық процестердің жүруі мен психикалық қалыптардың пайда болуы тәуелді болатын психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез, қабілеттер);
  2.  әлеуметтік жағынан, студенттің белгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа, т.с.с. қоғамдық қатынастары, сапалары;
  3.  биологиялық жағынан, жүйке іс әрекетінің типі: анализаторлар құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктер, физикалық күш, дене бітімі, келбеті, тері түсі және т.б. Олар негізінен тұқым қуалаушылық және туғаннан болады, бірақ өмір шартының әсерімен өзгеруі мүмкін.

Осы жақтарды зерттеу барысында студенттердің жас ерекшелік және тұлғалық ерекшеліктері ашылады. Мысалы, егер студенттерде белгілі бір жас иегері ретінде тақалса, онда оған қарапайым, комбинацияланған және сөздік сигналдарға берілетін реакциялардың латенттік кезеңінің ең төмен өлшемдері тән, оперативті естің жылдамдығы, зейін  аударушылығы, вербальды-логикалық есептерді шешу және т.б. байқалады. Сонымен студенттік кезең алдыңғы биологиялық, психологиялық, әлеуметтік дамуында шоғырланатын ең жоғарғы нәтижелеріне жетуімен сипатталады.

Егер студентті тұлға ретінде қарастырсақ, 18-20 жас – бұл неғұрлым адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді даму, мінездің қалыптасуы мен стабилизациясы, жетілудің әлеуметтік рольдерін толығымен меңгеру: азаматтық, кәсіби, еңбектік және т.б. кезеңі болып табылады. Осы кезеңмен «экономикалық белсенділік» байланысты, оны демографтар, адамның өзіндік  өндірістік іс әрекетке ену, еңбектік биографияның басталуы мен жанұя құру кезеңі деп есептейді.

ЖОО оқу кезеңі жастық шақтың екінші кезеңімен немсе ересектіктің бірінші кезеңімен сай келеді. Бұл кезеңде тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы жүреді.

Б.Г.Ананьевтің, А.В.Дмитриеваның, И.С. Конның, В.Т.Лисовскийдің және тағы да басқалардың еңбектерінде талданған. Адамгершіліктік дамудың қасиеті бұл жүріс тұрыстың пайымдау мориві болып табылады. Дегенмен, оысндай жағдайларда кемшіліктер болуы мүмкін – бұл өз қылықтарының нәтижесін ескермеу, ал бұның негізінде әр түрлі мотивтер жатуы мүмкін. Мысалы, Лисовский бойынша 19-20 жаста адам адал бола отырып өзін толықтай бір нәрсеге арнайды, дегенмен оның кері көріністері де болуы мүмкін.

Жастық шақ өз өзін талдау мен өзін бағалау кезеңі. өзін өзі бағалау идеалды Менмен шынайы Менді салыстыру арқылы жүреді.

Эриксон бойынша жастық шақта біртектілену дағдарысы байқалады. Ол әлеуметтік және индивидуалды-тұлғалық таңдаулардан, біртектіәленуден және өзін өзі анықтаудан тұрады. Егер де осы кезеңдегі жастар осы мәселелелерді шеше алмаса, онда оларда адекватсыз біртектілену қалыптасады, оның дамуы 4 негізгі бағыт бойынша жүруі мүмкін:

  1.  психологиялық интимділіктен, тығыз тұлғааралық қатынастардан қашу.
  2.  уақыт сезімінің шашыраңқылануы, өмілік жоспарларды құру қабілетінің болмауы, ер жету мен өзгерістерден қорқу
  3.  өнімді шығармашылық қабілеттерінің шашырауы, ішкі ресурстарды іске асыра алмауы және негізгі іс әрекетке шоғырлана алмауы;

кері біртектіленудің қалыптасуы, өзін өзі анықтаудан бас тартуы және еліктеу үшін кері бейнелдерді таңдау

Негізінен Эриксон сапалық құбылыстарға емес клиникалық мәліметтерге сүйенді. Канада психологі Марша Джеймс 1966 жылы біртектіленудің 4 кезеңін бөліп көрсетеді, олар кәсіби, діни және саяси өзін анықтау деңгейімен өлшенеді:

  1.  «анық емес біртектіленуі» - индивид әлі нақты сенімді қалыптастырған жоқ, өзінің кәсібін таңдаған жоқ және біртектілену дағдарысымен ұшырасқан жоқ.
  2.  «мерзімінен бұрынғы біртектілену» - бұл әдетте индивид қатынастар жүйесіне уақытынан бұрын қосылған кезде көрінеді, әдетте бұл белгілі бір дағдарыстың нәтижесінде басқалардың айтуымен, өз бетімен жасамайды.
  3.  «мораторий кезеңі» бұл жағдайда индивид өзін анықтауда нормативті дағдарыс кезеңінде болады, яғни дамудың көп варианттарының ішінде өзіне тәнді іздейді
  4.  «жетілген біртектілену» - бұл жағдайда дағдарыс аяқталады, индивид өзін анықтап практикалық реализацияға көшеді

ЖОО оқытатын белгілі бір кәсіпті меңгеру үшін қажеттіліктерді анықтау алдында профессиограмманың суреттемесі қажет.

Профессиограмманың талаптары бойынша адам психикасының 3 деңгейі көрсетіледі:

  1.  абсолютті қажетті
  2.  салыстырмалы қажетті
  3.  қалаулы

Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, студенттік шақ адамның негізгі әлеуметтік потенциалы даму үшін сенситивті кезең болып табылады. Жоғары білім адамның психикасына, оның тұлғалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Жоғары оқу орнында оқыған кезде, барлық қолайлы жағдай жасалса, студенттерде психиканың барлық деңгейінің дамуы қарқынды жүреді. Ол адамның ақыл-ойының бағытын анықтайды, яғни тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын  ойлау жүйесін қалыптастырады.

Зерттеушілер І курс студенттерінің жоо бейімделудің 3 формасын көрсетеді:

  1.  формальды бейімделу – бұл танымдық ақпараттық бейімделумен байланысты
  2.  қоғамдық бейімделу, яғни ішкі интеграция процесі
  3.  дидактикалық бейімделу

Оқу процесіне бейімделу 2-3 семестрлерінде жүреді. Респонленттердің 50 пайызы жоо бейімделуді қиындататын себеп ретінде өздік жұмысты және үй жұмысын жасауда уақыттың жетіспеушілігін айтып кетеді. І курс студенттерімен жұмыс істеу міндеттерінің бірі өздік жұмысын оптимизациялайтын және рационализациялайтын әдістерді енгізу.Осы мәселелерді тиімді шешу жоо психологиялық қызметтің дамуымен байланысты.

«Экономика» мамандығындағы студенттердің психологиялық ерекшеліктері

Жоғары білім адамның психикасына, оның тұлға ретінде дамуына үлкен әсерін тигізеді. ЖОО-да тиімді оқу үшін студенттің өте жоғары интеллектуалды дамуы, сондай-ақ, оның қабылдауы, түсінігі, есі, ойлауы, зейіні, эрудициясы, таным қызығушылығы мен дүниетанымы, белгілі бір логикалық операцияларды меңгеруі және т.б. қажет.

Бұл деңгейдің төмендеуін оқу іс-әрекеті кезіндегі уәжділік немесе жұмыс істеу қабілетінің, шыдамдылығының, мұқияттылығы мен ұқыптылығының жоғарылауы толықтырып отыруы мүмкін. ЖОО-да гуманитарлық пәндерді тиімді меңгеру үшін адам ақыл-ойдың ең үлгілі вербалды типіне ие болуы керек. Гуманитарлықтар таным қызығушылығының тереңдігімен, мағлуматты және білімдігімен, тілді толық білуімен мінезделіп, сөздік қоры мол болып, сол қорды дұрыс қолдана білуі тиіс, нақты және абстракты түсініктерді анық түрде ара қатынасын белгілей алуы тиіс, сондай-ақ жоғары дамыған абстракты ойлау қабілеті болуы тиіс.

Экономист қызметі әрқашан толық жетілуді қажет ететін  тиісті дағдылар  жиынтығын қамтиды:

-когнитивті дағдылар (интеллектуалды деңгей, талдау, синтездеу және қорытып жинақтау дағдылары);

-кәсіби дағдылар (өндірістің нақты ерекшелігін білу, жоспарлау дағдылары);

-қолданбалы дағдылар (ұйымдастыру техникасымен және кәсіби құжаттармен жұмыс жасау);

-қарым-қатынас дағдылары (мәлімет жинау, іскерлік қарым-қатынас дағдылары, көшбасшы дағдылары);

-өзін-өзі дамыту дағдылары (өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі талдау жасау, тұлғалық даму перспективасы, күйзелісті жағдайларды жеңіп шығу дағдылары);

Когнитивті дағдылар. Когнитивті дағдылар арнайы білімнің болуын, кең ауқымды эрудицияны және логикалық ойлауды қажет етеді. Интеллектуалды талаптар, сонымен қатар мәселелерді тез ұғынуды да қарастырады. Когнитивті дағдылар құбылыстың мәнін айқындап, мәселені терең қарастыруға мүмкіндік туғызады.

Кәсіби дағдылар. Кәсiби дағдылар нақты өндiрiстiң ерекшелiктерiн, кәсiпорынның ерекшелiктерiн жақсы білуді өзіне жинақтайды. Экономисттің кәсіптілігі ұйымның әртүрлi жұмыс салаларында бағдар жасай алуымен анықталады.

Қолданбалы дағдылар.  Қолданбалы дағдылар қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыруға және уақытты минималды үнемдеуге мүмкіндік туғызатын нақты мағынаға ие.  Қолданбалы дағдылар ақпаратты тиiмдi iздестiруге, мәлiметтердi жүйелеуге, құжаттамамен кәсiби түрде жұмыс iстеуге көп септігін тигізеді.  Қолданбалы дағдылар компьютер сауаттылығымен, сонымен қатар ақпараттық ізденісті іске асырумен және іс жүргізуді ұйымдастырумен айналысады.

Қарым-қатынас дағдылары. Қарым қатынас  дағдылары қарым-қатынастылықты,  байланыстарды орнату тапқырлығын   өз алдына біріктіреді. Қарым қатынас  дағдыларына қатысты, сондай-ақ белгілі бір  темперамент, қысымға деген тұрақтылық және экстраверттілік сияқты психосоматикалық сапалармен байланысты орнату орынды. 

Өзін-өзі дамыту дағдылары. Өзіндік даму, кәсiби кемшiлiктердi жеңу және құндылықтарды дамыту – ол әрбiр экономисттің алдында тұрған тиiмдi міндет. Өзінің бiлiктiлiгін жоғарылатуы – күрделі сенiмдi салым, өз келешегіне қауіпсіздендірілген ықпал жасау мүмкіндігі. Кәсібилік - бұл экономикалық құлдырауларға да,  табиғи жойқын апатқа да бағынышсыз жүк.  

Лауазымдық міндеттер. Экономист өндірістің рентабельдік нәтижелілігі мен тиімділігін жоғарлатуына, өнімнің жаңа түрлерін игеру мен қазіргі кезде шығарылатын өнімнің сапасына, материалды, еңбек және қаржы қорларын үнемді қолдану кезінде соңғы нәтижеге жетуге бағытталған кәсіпорынның экономикалық іс-әрекетін жүзеге асыруға байланысты жұмысты орындайды. Өнімді өткізу көлемін жоғарылату мен пайданы ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің (бизнес-жоспарлар), шаруашылық-қаржылық жобаларды құрастыруға қажетті бастапқы мәліметтерді дайындайды. Өнiмнің  жаңа түрiн  игеруге, озық техника мен технологияға, өндіріс пен қаржылық шығындарға және шығарылатын өнімнің жүзеге асырылуына қажетті материалдық, еңбектік және қаржылық шығындар бойынша есептеулерді орындайды

Математик – студенттердің психологиялық ерекшеліктері

Математик мамандарын дайындауды екі басты бағытқа бөліп қарастыруға болады. Олар шынымен математиктер, олардың іс−әрекет негізін теориялық ізденістер, жаңа математикалық теорияларды іздестіру, казіргі кезде белгілі түсініктерді, категория мен ғылыми мәселелерді дамытумен шұғылдану, сонымен қатар әлі дәлелденбеген теорема мен болжамдарды дәлелдеу толықтырып отырады. Мамандарды дайындау кезіндегі екінші бағыт – қолданбалы математика. Оның мақсаты – математикалық моделдеу арқылы адекватты модель құрастыру мен математикалық құралдар арқылы басқа ғылыми салаларда қарастырылатын мәселелерді шешу болып табылады. Осы жағдайда математика физика, химия, биология, медицина, әлеуметтану, экономика және т.б. сияқты кең ауқымды ғылымдармен өзара әрекеттеседі. Мұнда қолданбалы математика маманынан математикалық әдістерді ғана біліп қоймай, сонымен қатар басты түсініктерді, мақсаты мен міндетін анықтайтын пәнніңкатегориялары мен мәселелерін жақсы білу талап етіледі Математик үшін жақсы есте сақтай білу мен зейіні болса, сол жеткілікті. Пуанкаренің ойынша, математикаға қабілеті бар адамдарды математикалық дәлелдемелерге қажетті элементтердің орналасу тәртібін сезе білу ерекшелендіреді. Осындай түрлі көкейкөздің болуы – математикалық шығармашылықтың басты элементі.                                    Оқушылар арасындағы математикалық қабілеттіліктерді зерттеген совет психологы В.Л.Крутецкий  математикалық қабілеттіліктерге келесідей анықтама береді: «Математиканы оқып білу қабілеттіліктері дегеніміз - оқу математикалық іс-әрекетінің талаптарына жауапты, басқа да тепе-тең талаптарға шартты, оқу пәні ретінде математиканы табысты меңгеруі, сондай-ақ, математика саласында білім-біліктерді, ептілік пен дағдыларды тез, оңай және терең меңгеруге шоғырланған жеке-психологиялық ерекшелік (ең алдымен ерекше ақыл-ой қызметі)» дейді (В.Л.Крутецкий,1908). Математикалық қабілеттіліктерді зерттеу осы қабілеттің бейімділік белгілері мен табиғи алғышарттарын іздеу сияқты ең басты мәселені шешуді өзіне шоғырландырады. Бұларға қабілеттіліктер дамуының қолайлы шарттары ретінде қарастырылатын индивидтің тума анатомо-физиологиялық ерекшеліктері жатады. Көп уақыт бойы осы алғышарттар қабілеттіліктер дамуының  бағыттылығы мен деңгейін фатальды түрде алдын-ала анықтайтын фактор ретінде қарастырылды. Отандық психологияның классиктері Б.М.Теплов және С.Л.Рубинштейн алғышарттарды осылай түсінудің терістігін ғылыми түрде дәлелдеп, қабілеттіліктердің даму негізі  сыртқы және ішкі шарттардың ара қатынасымен тығыз байланыстылығын атап көрсетті.  Сол немесе басқа физиологиялық сапалардың айқындылығы нақты бір қабілеттіліктің шартты түрде дамуын еш жағдайда дәлелдемейді. Ол осы дамудың тек қана қолайлы шарты бола алады. Алғышарттардың құрамына кіретін және оның басты құрамдас бөліктері болып табылатын типологиялық қасиеттер жұмыс істеу қабілеттілігінің шегі, жүйке жүйесінің  жауап қайтару мінездемесі, сыртқы ықпалдардың өзгеруіне қарсы үдерістердің ауыса білуі сияқты ағза іс-әрекетінің жеке дара ерекшеліктері. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің қасиеттерімен тығыз байланысты болғандықтан, өз ішінде тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктеріне өз әсерін тигізеді.

«Химия» мамандығындағы студенттердің психологиялық ерекшеліктері

Студенттердің кәсіби іс әрекеттің жекелік қасиеттермен сай келуін анықтау барысында мынадай психологиялық әдістемелер қолданылды:

  1.  Д.Голландтың жекелік түрін анықтайтын тесті;
  2.  А.Н.Лукошкинаның экстраверттік-интроверттік шкаласы;
  3.  Бағыттылықты анықтау тесті;
  4.  «Ерік күшінің даму сатысы» тесті.

          1 Д.Голландтың жекелік түрін анықтайтын тесті  Нәтижесінде 6 тип анықталған Кәсіби жекелік түр мен жеке тұлғаның әлеуметтік бағыттылығын зерттеуде Джон Голландтың әдістемесі қолданылады: шылшыл тип немесе «ерлік типі», интеллектуалды тип, әлеуметтік тип, конвенциалды тип, предприимчивый және әртістік тип.

«Химия» мамандығы Д.Голландтың классификациясы бойынша интеллектуалды түрге жатады. Бұл түрге аналитикалық ақыл, тәуелсіздік және талқылаудың шыншылдығы тән. Теориялық құндылықтарға ие. Негізгі құндылықтар бар: ғылым. Бұлар көбінесе жан жақты, критик, интеллектуалды, әдістемелі, нақты адамдар. Қоршаған орта мен табиғаттың теориялық зерттеу феномендерімен, жүйелік бақылаулармен байланысты. Интеллекттің құрылымына сай: дамыған вербальді және вербальді емес қабілеттер. Тест 42 сұрақтан тұрады. Сұратылып жатқан керекті бағыттылық кілт бойынша анықталады. Берілген зерттеудіңт нәтижелері келесілер. Ең тараған түр- интеллектуалды, ары қарай әлеуметтік, және әр студентке конвенциалды және қолданыс түр. Тестің нәтижесі бойынша көптеген студенттердің кәсіби бағыттылығы таңдаған мамандықтарына сай келді. Бірақ келешек мамандығының талаптарына сай келмейтін әлеуметтік бағыттылықтың негізгі қасиеттері сай келмейтін студенттер де болды.

2 А.Н.Лукошкинаның экстраверттік-интроверттік шкаласы Негізінен зерттеу іс әрекеті жалғыздықта жұмыс істеуді дұрыс көреді, ал химиялық тәжірибе он сағатқа немесе он күнге ұласуы мүмкін, ендеше химик-зерттеуші өз саласында интерверт секілді болуы керек. Сонымен берілген әдістеме зерттелуші саланың студенттерінің экстравертті-интраверттілігін білуге көмектеседі. Әдістеме оң және сол жақтан әр түрлі адамдарды суреттейтін кестелерден құраған. Өзіңнің қылығыңа сәйкес келетін диапозондағы қолдану деңгейін анықтау қажет: «өте ұқсайды», «негізнен ұқсайды», «анаған да мынаған да ұқсайды». Содан кейін +2, +1,0, -1, -2 балдар ойынша солдан оңға кванификациясымен экстраверттілік пен интраверттілік деңгейі есептелінеді. Эктраинтраверттілік деңгейі мына формула бойынша анықталады: К – эктраинтраверттілік коэфициенті, Э – жақсы мағыналардың сомасы, И – емес мағыналардың сомасы.Нәтижелер келесі шкалалар бойынша  анықталады:Егер К +1-ден +0,5 аралығында жатса онда ол экстравертке жатады, егер К 1-ден 0,5 аралығында жатса, онда ол интраверт. Егер К мағынасы -0,5-тен +0,5 аралығында болса болжап айтқанда тең деңгейде экстраверт те интраверт те бола алады.

3 Бағыттылықты анықтауға арналған тест. Бағыттылық - бұл химик-зерттеушінің кәсіби іс әрекетіндегі ең керекті, маңызды қасиеті. Бағыттылықты анықтау тесті 14 сұрақтан құрылған, ал жауаптары арайы кестеде көрсетілген. Зерттеуші топты тестілеу нәтижесі бойынша жалпы алғанда химик мамандығы студенттерінің бағыттылығы жоғарғы деңгейді қамтыған.

4 «Ерік күшінің даму деңгейі ».  Ерік күші, тұрақтылық, сабырлық, қойыған мақсатқа тырысушылық- бұлар нағыз маман-химикті танытатын ең негізгі параметрлер. «Ерік күшінің даму деңгейі » тесті 15 сұрақтан құрылған, дұрыс жауапты таңдау керек: «иә», «жоқ», «білмеймін, ешқашан». Тест арнайы кестемен құрылғандықтан, әр жауапқа нақтылы балдар саны сай келеді. Психологиялық зерттеу нәтижесіне сүйеніп мынадай шешімге келуге болады: көптеген студенттер өз бағыттылығына сай мамандықты таңдап алды, олардың жеке тұлғалық сапалары «Химия» мамандығының психологиялық талаптарына сай келеді.  Кейбір студенттерге химия пәнінің талаптары сай болмағандықтан, оларға химия пәні қызықсыз болып, қиынға түседі.

«Юриспруденция» мамандығы студенттерінің психологиялық ерекшеліктері.

Заңгерлік қызметте жүзеге асатын мықты және әлсіз жақтарының шығармашылық потенциалын келесі әдістеме бойынша анықтауға болады.

- тәуелсіз мінездемелердің жиыны: жұмыс бойынша әріптес, ЖОО-ң ұстаздары, топ бойынша әріптестер;

- оқу барысындағы, қоғамдықжұмыстағы бақылау кезіндегі студент қалай оқитынын ғана ескермей, біріншіден, ол жақсы нәтижені қандай жеке қасиетімен меңгерді (мысалы, интеллектуалдық жоғарғы деңгей, кәсіби тәжірибе арқылы және т.б.);

- басқа жолмен алынған мәліметтермен салыстыратын тестік тексеру;

- кәсіби дағды даму деңгейін тексеру және тәжірибелік сабақтар мен психологиялық зертханалардағы білімі.Арнайы жасалған әдістеме бойынша сот психологиясының белгілі тақырыптары бойынша сабақ жүргізілуде. Мысалы, «Сұралушыны танудың психологиялық әдісі», «Кәналанушымен психологиялық байланыс орнатудың әдістері мен жолдары» және т.б. студенттерде тану белсенділігінің арнайы кәсіби маңызды психологиялық санасының дамуына көмектесу

Жас маманмен жіберілген қателіктерді талдауда, шаруашылық жұмыс бойынша тергеуді жоспарлай білмеу, қиын тергеу жағдайынан шыға алмауы және қылмысты шешу процесі кезінде іздеу тобын басқаруы өзіне көңілді бұрады.Олардың көбі конфликтік жағдайда қарым-қатынас, психологиялық комплект жасай алмайды, дискусияда қатыса алмайды және оны басқара алмайды.

Тұлға қызмет жасау кезінде қалыптасады, ол қоршаған ортаны тану арқылы жүзеге асады.

Тану үрдісі өзіне келесіні қосады:

1) сенсорлы (латынша - сену) тану үрдістері заттар мен құбылыстың жеке қасиеттерін көрсетеді;

2) перцептивті (латынша - қабылдау) тану үрдістері заттар мен құбылыстарды толықұ күйінде көрсетеді. Бұл зат құбылысының психологиялық күйі қабылдау деп аталады;

3) мнемикалық (грекше – ес) үрдістері естің образдарын тудырады. Естің образдарын жаңа образдарға аударады – бұл үрдіс елестету;

4) интеллектуалды (латынша – сана), басқаша айтқанда ойлау үрдістері құбылыстары арасындағы байланысты көрсетеді

«Философия» мамандығы студентінің ерекшеліктері

Ғалым философтың мамандықты таңдаудың негізгі алғы шарттарын  америкалық психолог Б. Т. Эйдрюсон көрсетеді:

1. болашақ ғалым философтың дүниеге келген және өскен жанұялық шарттары және тегі, өмір салты және әке-шешелердің қызмет етуі, ортаның мінез-құлқы.

2. мектеппен және академиялық ортамен байланысты балалық шақ оқиғасы.

3. әлеуметтікпен ортамен әрекеттескен жеке адамның интеллектуалды  және  эмоционалды  ерекшеліктері.

Ғылыми философиялық қызметке дайындау үшін студенттерді сұрыптау  әрқашан мақұлдауға келмейді. Болашақ ғалым философқа қандай жекелік сапалар және қабілеттіліктерді меңгеру керектігінің дәрежесі есеп берілмейді.

Творчестволық қабілеттіліктердің мәселелері жоғары мектеп мақсаттары негізінде М. Хантер еңбектерінде көрсетілген. Ол творчестволық зерттеушіге тән бес негізгі қасиеттерді белгілейді:

1. назар күрделіге және белгісізге.Творчестволық зерттеушіні жаңалық ашу мүмкіншілігі болатын, аз танылған немесе белгісіз феномендер тартады.Оқытушыларға студенттерге бұл бейімділіктерді тәрбиелеу үшін оңайлатылған үлгісіз ойлауды қарама-қарсы догматтық ориентациямен көтермелеуі керек. Күрделі және белгісіз құбылыстардың алдында психологиялық алаңдауды азайту мақсатмен арнайы жаттығуларды қолдану пайдалы болып табылады.

2. Ашық перцептуалдық.Қабылдаудың перцептуалды түрі творчестволық дарынды адамдарға тән, ал аз творчестволық қабілеттіліктері бар индивидтер бағалау пікіріне тартылады.Ашық перцептуалдылық қасиеттердің бүтін кешенін түсінуге рұқсат етеді.Әйтсе де, ашық перцептуалдылық белсенді творчестволық ізденіс пен критикалық қатынас уақытша болатынын М. Хантер айтқан. «Үйден кету» сияқты адамның сезімдерге берілуі ашық бағалаусыз сезіну сияқты белсенді емес әдістер де бар.«Кетудің» әртүрлі әдістері медитацияның дзен және йога секілді пәндерімен жасалған. Олардың мақсаты – адамды ол бұрын көңіл бөлмеген сапаларға, сезімдер мен ойларға сезімтал етіп, қалыптасқан қабылдауларды жою. Фантазия мен ойлардан арылуға септігін тигізетін әдістерге автор гештальтпсихологиның жаттығуларын, «мидың жаулауы» және тағы да басқаларын жатқызды.

3. Сұрақтар қоюға әдеттену."Творчестволық қатынастың негізгі және қажетті шарты таң қалу, араласқан мәселелер мен білімдегі аралықтарды көре білу  болып табылады", бұл әдіс индивидті сұрақ қоюға ынталандырады.Автор бұл творчестволық ойлаудың формасын табу мен дамыту үшін сұрақтарды құрастыру, себеп пен нәтижесін анықтауды құрайтын «Сұра да тап» тестін ұсынады.

4. Ғылымның дамуына деген жауапкершілік сезімі.Творчестволық зерттеушілер өздеріне білімді өндіру үрдісіндегі негізгі қатысушылар деп қарайды және философияны жеке және оларсыз болатын ішкі феномен деп санамайды. Оларға философияға деген жауапкершілік сезімі тән.Жауапкершілік сезімін зерттеу үшін автор философтың ғылыми творчестволық үрдісін білуге ұсыныс береді.

5. Өнімнің ғылыми философиялық сапалылығы.Творчестволық зерттеушіні өнімділік қана ерекшелемейді, сонымен қатар оның ғылыми философиялық өнімділігі. Осымен байланысты сапалық анализге негізделген жұмыстың сапалы творчестволық критериін құру негізгі мәселенің бірі болып табылады.

К.А.Рамулдің мақаласында ғалым мамандығын психологиялық талдау үшін жалпылай көзқарас берілген, ең алдымен, ғалым философты кәсіби қызметі арқылы анықтау, кейбір жекелік сапалар мен кейбір қабілеттіліктер әрбір ғалым философтың қажетті немесе маңызды ғылыми - зерттеу жұмысына қажетті. Әрбір ғалым философқа қажетті немесе маңызды болып табылатын келесі жеке сапаларды есептеуге болады:

1. Спонтанды  әуестік (білуге құмарлық) ."Философ адамда" жеткілікті өлшемде білімге деген "дәм" дамыған болуы тиісті. Ғалым философ үшін жанды әуестік ең алдымен екі қатынаста маңызды. Бұл ол үшін, біріншіден, оған қажетті арнайы білімдерді меңгеруге арналған негізгі стимулдардвң біреуі,  екіншіден, оның ғылыми - зерттеу жұмысына арналған маңызды стимул болып келеді.

2. Ұзаққа созылған проблеманың шешіммен шұғылдану қабілеттілігі.Ғалым істес болатын проблемалар күрделі және қиындығы сондай оған олардың шешімін тек ұзаққа созылған және қажымайтын еңбек жолымен табуы мүмкін. Бөлек проблема шешіміне ғалым философпен жұмсалған уақыт жұмысында өзіне қатал талап қоятынынан көрінеді.

3. Ғылыми дарындылықтың салыстырмалы биік дәрежесі.Ғылыми дарындылық келесі қабілеттіліктердің дамуын болжайды: а) жад, ғалымға жақсы жадқа ие болу өте маңызды, осымен орайлас жылдам және жеңіл ұғып алу  қабілеттілікпен  ұзақ және жақсы есте сақтау қабілеттіліктермен салыстырмалы болып келеді;

Глоссарий

1. Студент - терминін латын тілінен аударғанда мұқият жұмыс істеуші, білімді игеруші дегенді білдіреді.

2. Формалды бейімделу - жаңа ортаға, жоғары мектептің құрылымына, онда оқудың мазмұнына

3. Қоғамдық бейімделу – бірінші курс студенттер топтарының ішкі интеграциясы  (бірігуі)

4. Дидактикалық бейімделу – студенттердің жоғары мектептегі оқу жұмысының жаңа әдістері мен формаларына  дайындығына қатысты;

5. Когнитивті дағдылар -  арнайы білімнің болуын, кең ауқымды эрудицияны және логикалық ойлауды қажет етеді. Интеллектуалды талаптар, сонымен қатар мәселелерді тез ұғынуды да қарастырады.

6. Кәсiби дағдылар - нақты өндiрiстiң ерекшелiктерiн, кәсiпорынның ерекшелiктерiн жақсы білуді өзіне жинақтайды.

7.  Қолданбалы дағдылар - қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыруға және уақытты минималды үнемдеуге мүмкіндік туғызатын нақты мағынаға ие.  

8. Қарым-қатынас  дағдылар - қарым-қатынастылықты,  байланыстарды орнату тапқырлығын   өз алдына біріктіреді.

9. Өзін-өзі дамыту дағдылары - өзіндік даму, кәсiби кемшiлiктердi жеңу және құндылықтарды дамыту – ол әрбiр экономисттің алдында тұрған тиiмдi міндет

10. Абстрактылы-символдық ойлау - көптеген ғалымдар физик-теоретиктер, математиктер, экономист пен программисттер және аналитиктер иеленеді. Олар қолмен ұстауға болмайтын және елестетуге келмейтін математикалық шартты белгілер жүйесі мен формулалар және операциялар арқылы ақпаратты қабылдайды.

11. Сөздік-логикалық ойлау - адамдар айқын көрсетілген вербалды интеллекттісімен (лат. сөздік) ерекшеленеді.  Сөздік-логикалық ойлаудың көмегімен ғалым, оқытушы, аудармашы, жазушы, филолог және журналист өзінің ойларын бір жүйеге келтіріп, адамдар санасына жеткізе алады

12. Көрнекілік-образды ойлау - бар адамдар ешқашан болмаған және болмайтын, енді болатын және өтіп кеткенді елестете алатын миының көремдік құрылымы бар суретшілер, ақындар, жазушылар мен режиссерлер жатады.

13. Креативтілік – бұл көркемдік ойлай білу қабілеттілігі, міндеттерді шешудің стандартты емес түрін таба білу

14. Кәсіби ориентация – бұл мамандықтың ерекшеліктерін білу, сонымен қатар кәсіби қажет және қарсы көрсетілген жақтары

15. Ситуативтік мотивацияға - мамандыққа деген қызығушылықсыз қоғамда жақсы орын алуға деген талпыныс

16. Қабілет дегеніміз – бұл жақсы білім алуға және қызметтің негізгі түрлерінің дамуына жағдай жасайтын тұлғалардың тұрақты қасиеттерінің жиынтығы.

17. Сенсорлы -  (латынша - сену) тану үрдістері заттар мен құбылыстың жеке қасиеттерін көрсетеді

18. Перцептивті - (латынша - қабылдау) тану үрдістері заттар мен құбылыстарды толықұ күйінде көрсетеді

19.   Мнемикалық - (грекше – ес) үрдістері естің образдарын тудырады.

интеллектуалды (латынша – сана), басқаша айтқанда ойлау үрдістері құбылыстары арасындағы байланысты көрсетеді

Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде 3-ке бөлінеді

20. Психологиялық жағы - психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді

21. Әлеуметтік жағы - белгілі әлеуметтік топтан ұлттан шығуынын  қасиеттерін нақты көрсетеді   

22. Биологиялық жағы  –жүйке іс әрекетінің типі: анализаторлар құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктер, физикалық күш, дене бітімі, келбеті, тері түсі және т.б.

23. Кәсіптік білім - кәсіби-техникалық орта және жоғары білім беру мекемелерінде алынған арнайы білім болып табылады

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Юпитов А.В., Зотов А.А. Исследование ситуации профессионального самоопределения студентов// Социологические исследования - 1997. №3.

2. Гончарова Н.В. О рынке труда выпускников вузов// Социологические исследования -1997. №3.

3. Бурлов А.В., Татарова Г.Г. «Метод неоконченных предложений в изучении образа «культурный человек».

4. Юпитов А.В., Зотов А.А. Исследование ситуации профессионального самоопределения студентов// Социологические исследования - 1997. №3.

5. Еникеев М.Х.  Общая и юридическая психология: -М: Юридическая литература, 1998.

6. Романов В.В. Юридическая психология: Учебник.- М.:Юрист, 1998.

7. Габай Т.В. Учебная деятельность и ее средства. М.:Просвещение. – 1988. -214 с.

8. Решетова З.А. Психологические основыпрофессионального обучения. – МГУ. – 1985. – 234 с.

9. Петровский А.В. Брушлинский А.В. ЗинченкоВ.П. и др. Общая психология / под. Ред. А.В.Петровского – М.: Просвещение. – 1986. – 504 с.

10. ХуторскийА.В. Современная дидактика. СПб.: Питер. – 2001. -  316 с.

11. Рейс Ф. 500 советов студентам. – М.: Просвещение. – 1996. – 165 с.

12. Роберт И.В. – Современные информационные технологии в образовании. – М.: Школа-Пресс. – 1994. – 205 с.

13. Рогзинский В.М. Азбука педагогического труда. -  М: Просвещение. – 1990. – 254 с.

14.  Краевский В.В. Методология педагогического исследования. Пособие педагога-исследователя. – Самара. – 1994. – 129 с.

15. Козаржевский А.Ч. Мастерство устной речи лектора. –М.: МГУ. – 1983. – 153 с.




1. Мир Галактик (Галактики и звездные системы
2. Реферат- Перечень билетов и вопросов к экзамену по экономике
3. в числе которых как показывает практика наиболее существенны три группы- объективное состояние экономик
4. Доклад- Черкесы
5. А место нахождения правления Франция Германия место осуществления основной деятти Италия Стор
6. психическими затратами
7. ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА к курсу Менеджмент молодежной сферы В условиях изменения социальной политики
8. Античні держава і право Давня Греція- Афіни, Спартао
9. Традиционный свадебный обряд народов Карелии
10. Введение-
11. Управлінська інформація її сутність та види
12. записками и конечным призом
13. Вымогательство- отдельные вопросы квалификации.html
14. .Explin the influence of ech of the following events on the quntity of rel GDP supplied nd ggregte supply in Indi nd use grph to illustrte
15. ТЕМА 26. ПОЛИТИЧЕСКИЕ РЕПРЕССИИ ПРИ СТАЛИНЕ ПЛАН 1.html
16. Страхование Экономическая сущность страхования основные подходы к пониманию содержания страхова
17. России важен каждый девиз Всероссийская перепись населения Перепись позволяет получить данные о национ
18. е роли дворянства
19. Курсовая работа- Проблема коррупции в современном российском образовании
20. Периодизация и классификация искусства XX века