Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
СОӨЖ 1.
Тапсырма 1. Терминдердің анықтамаларын жазыңыз:
а) әлеуметтік іс-әрекет;
б) әлеуметтік факт; и) құрылымдық тәсіл;
в) әлеуметтану; к) іс-әрекет теориясы;
г) ғылыми тәсіл; л) гуманитарлық білімдер қағидасы
д) әлеуметтік проблема; м) макроәлеуметану;
е) қоғам; н) қызметтік бағыт;
з) микроәлеуметтану; о) қаышылық бағыты.
Тақырып 2. Әлеуметтік ойлардың дамуының негізгі кезеңдері.
1. О.Конттың негізгі идеялары.
2. Г.Спенсердің орнганикалық теориясы.
3. Э.Дюркгеймнің «әлеуметтік факт» теориясы.
4. М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы.
5. Мамрксизм әлеуметтануы.
6. ХХ ғ. әлеумеметтануы.
Бақылау сұрақтары
1. Әлеуметтанудың жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу кезеңі?
2. Қоғамдық және ғылыми дамудың қай бағыттары ХІХ ғасырдағы әлеуметтік ілімдердің қалыптасуына ықпал етті?
3. Конттың әлеуметтік ғылымды «әлеуметтік ғылым» терминімен атауының мәні неде?
4. О.Конт пен Г.Спенсердің әлеуметтік эволюцияға көзқарасының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
5. О.Конт пен Г.Спенсер әлеуметтік ағза ретіндегі қоғамды талдаудың қандай тәсілдерін ұстанды?
6. Маркстің ойынша, қоғам дамуындағы таптық күрестің ролі қандай?
7. Қайшылықтар әлеуметтануының негізін салушы, ХІХ ғ. әлеуметтанушысы кім?
8. Парадигма деген не? Әлеуметтануда қандай парадигмалар бар?
9. Макроәлеуметтану мен микроәлеуметтану арасындағы айырмашылық?
10. П.Сорокиннің реформалар мен революцияларға қатынасы қандай?
11. П.Сорокиннің әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдік теориясының мәні неде?
12. Адамның қандай іс-әрекеттерін М.Вебер әлеуметтік деп санады? М.Вебер адамның әлеуметтік іс-әрекетінің кандай классификациясын ұсынды?
13. Г.Спенсер, Э.Дюркгейм және Т.Парсонстың қоғамның дамуы туралы теориясының ұқсастықтары мен ерекшеліктері?
14. Этноәдістеме дегеніміз не?
15. Р.Мертонның функционалдық талдауының мәні мен ерекшкліктері?
16. Э.Дюркгейм ұсынған қоғамның қалыпты және патологиялық жағдайларының мәні неде?
СӨОЖ 2.
Тапсырма 1.
О.Конттың қандай идеялары:
а) одан әрі дамып, кең тарады;
ә) қазіргі әлеуметтану ғылымының дамуына ықпал етті;
б) «қажетсіз» болып қалды?
О.Конт ұсынған келесі идеяларға талдау жасаңыз:
1. Қоғам өз дамуында үш кезеңнен өтеді (метафизикалық, теологиялық, позитивтік).
2. Қоғам органикалық тұтастықты құрайды.
3. Ғылымдар классификациясында әлеуметтану математика, физика және биологияға қарағанда жоғары дәрежеге ие.
4. Әлеуметтік жүйе негізінде интеграция мен тұрақтылық жатыр.
Тапсырма 2.
Әлеуметтану дамуының негізгі кезеңдері
Төмендегі кестені толтырыңыз
Әлеуметтік ойлардың дамуының негізгі кезеңдері |
Әлеуметтанудың негізгі өкілдері |
Әлеуметтанудың негізгі зерттеу тәсілдері |
Әлеуметтанудың негізгі зерттеу объектілері |
Әдебиеттер тізімі:
1. Гофман А.Б. Семь лекций по истории социологии. М.1997.
2. Громов И., Мацкевич А., Семёнов В. Западная социология. СПб. 1997.
3. История социологии. Под общ. ред. А.Н. Елсукова. М.1997.
4. Истории социологии в Западной Европе и США . Отв. ред.
5. Г.В. Осипов. Социология М.1993.
6. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М.1993.
7. Вебер М. Избранные произведения. М.1994.
8. Смелзер Н. Социология. М.1994.
9. Осипов Е.Г. Огюст Конт и возникновение позитивной социологии. М.1995.
10. Социология. Отв. ред. Э.В. Тадевосян. М. 1995. с.25-140.
Тақырып 3. Әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғамның әлеуметтік талдауы
1. Әлеуметтік жүйе құрылым ретінде.
2. Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы.
3. Р.Мертонның құрылымдық-функционалдық талдауы.
4. Н.Лауманның постфункционализмі.
Бақылау сұрақтары:
1. «Табиғат», және «қоғам», «табиғи» және «әлеуметтік» түсініктерінің арақатынасы қандай?
2. Қоғам деген не? Әлеуметтану үшін аса маңызды осы құбылысқа анықтама беріңіз.
3. Біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде қоғам деген не және оның негізгі құрылымдық элементтері?
4. Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы тұлғаның алатын орны?
5. Әлеуметтік жүйе бірнеше жүйелік бірлестіктерден тұрады: экономикалық жүйе, саяси жүйе, социеталды тұтастық және әлеуметтендіру жүйелері. Осы жүйелердің әрқайсысының мазмұнына талдау?
6. Қандай жүйе әлеуметтік жүйеге қоршаған орта ретінде қатысады?
7. Н.Лауманның теориясына сәйкес әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері ретінде не
қарастырылады?
СӨОЖ 3.
Тапсырма 1.
Келесі қызметтерді қай жүйелер жүзеге асырады:
а) Табиғи ортаға беімделу. Индивидтерге қажетті өнімдерді жасай және тарата отырып, қоғамды табиғи ортамен байланыстырады.
ә) Мақсаттылық.. Шешімдерді қабылдауды жүзеге асырады және ресурстарды олардың орындалуына жетелейді. Ол глобальды қауіп алдында бүкіл қоғамның тұтастығының сақталуына жауапты. Бұл жүйенің қызметіне мәдени образдарды қорғау және олардан ауытқығаны үшін санкциялар қолданумен байланысты мәжбүрлеу функциясы да жатады.
б) Интеграция. Нормалар жүйесін ұжымдық ұйыммен біріктіреді, қоғамның ресми және бейресми нормалары мен ережелерінің орындалуына әлеуметтік бақылау жасайды.
в) Үлгіні жасау мен қолдау. Индивидті әлеуметтік жүйеге енгізеді, әрбір индивидтіңнормалар мен құндылықтарды игеруіне жағдай жасайды.
Жүйелер:
а) әлеуметтену;
ә) социеталды;
б) саяси;
в) экономикалық.
Тапсырма 2.
Төмендегі жүйелердің қайсысы әлеуметтік жүйенің дамуын сипаттайды?
1) түрлі жүйелердің оқщшаулануы мен дифференциациясын күшейту;
2) жүйенің құрылымдық элементтері арасындағы қайшылықтарды жұмсарту және жою;
3) әлеуметтік субъектілер арасындағы өзара қатынастың тұрақты үлгілерін қалыптастыру;
Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Смелзер. Социология. М.1994.
2. С.С. Фролов. Основы социологии: Учеб. пособие. М.1997.
3. Парсонс Т. Система современных обществ. М.1997.
4. Луман Н. Понятие общества // Проблемы теоретической социологии. СПб. 1994.
5. Волков Ю.Г., Мостовая И.В. Социология: Учебник для вузов. М.1998. гл.7.
6. Социология на пороге XXI века: Новые направления исследований. М. 1998.
7. Мертон Р. Явные и латентные функции // Американская социологическая мысль: Тексты / под ред. В.И. Добренькова.М. 1994.
8. Социология. Отв. ред. Э.В. Тадевосян. М. 1995. с.141-163.
Модуль ІІ. Арнаулы әлеуметтік теориялар
Тақырып 4. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік
1. Әлеуметтік құрылым және стратификация
2. Әлеуметтік мобильдік және маргиналдық
3. Батыс қоғамының стратификациясы
4. Қазіргі қазақстан қоғамның әлеуметтік стратификациясы
Бақылау сұрақтары:
1. Стратификация дегеніміз не?
2. Әлеуметтік стратификацияның негізгі критерийлері қандай?
3. Әлеуметтік стратификацияның негізгі тарихи типтері?
4. Ашық қоғамның негізгі белгісі?
5. Бюрократия мен номенклатура арасындағы айырмашылық қандай?
6. Абсолютті және салыстырмалы кедейшілік деген не?
7. Әлеуметтік мобильдік деген не?
8. Мобильдіктің түрлері мен формалары қандай?
9. Мобильдік сипатында қандай факторлар негізгі роль атқарады?
10. Миграция, иммиграция және эмиграция деген не?
СӨОЖ 4.
Тапсырма 1.
«Теңсіздік», «әлеуметтік құрылым» және «стратификация» ұғымдары арасындағы арақатынас қандай?
Тапсырма 2.
Келесі жүйелердің анықтамаларын табыңыз:
а) әлеуметтену;
ә) социеталды;
б) саяси;
в) экономикалық.
Әдебиеттер тізімі:
1. Смелзер Н. Социология. М.1994. стр. 273-303.
2. Булатова А.Н., Исмагамбетова З.И. Курс лекций по социологии. Алматы. 2001. стр118-132.
3. В.В. Радаев., О.Н.Шкаратан. Социальная стратификация. М.1996.
4. Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы. 1997.
5. Тощенко Ж.Т. Социология. М.1999.
Тақырып 5. Девиантты мінез-құлық
1. Әлеуметтік тәртіп және әлеуметтік бақылау.
2. Ауытқушылық тәртіп теориясы.
3. Ауытқушылық тәртіп түрлері.
Бақылау сұрақтары:
1. Неліктен «феральды адамдар» жеке тұлға бола алмайды?
2. Әлеуметтену дегеніміз не? Оның негізгі кезеңдері қандай?
3. Стигматизация теориясы неге негізделген?
4. Әлеуметтік бақылаудың қызметтері мен мақсаты не?
5. Санкциялар деген не және олар қалай классификацияланады?
6. кәмелетке толмағандардың девмантты мінез-құлқына қандай факторлар әсер етеді?
7. Ролдік идентификация дегеніміз не?
СӨОЖ 5.
Тапсырма 1.
Өзіңізге белгілі девиантты мінез-құлық теорияларының мазмұнын ашыңыз, бұл теориялардың өкілдерін атаңыз. Кестені толтырыңыз.
Девиантты мінез-құлық теориялары |
Өкілдері |
Негізгі ережелері |
Социобиологиялық |
||
Әлеуметтік-психологиялық |
||
Аномиялар |
||
Стагматизациялар |
||
Инкультурациялар |
Тапсырма 2.
Айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы іс-әрекеттерін бақылап, олардың сіздің ойыңызша девиантты мінез-құлыққа жататындарын белгілеңіз.
Тапсырма 3.
П.Штомпканың еңбегіне конспект жасаңыз. «Социология социальных изменений». М. 1996. 109-110 беттер.
Әдебиеттер тізімі:
1. Волков Ю.Г., Мостовая И.В. Социология. М.1998.
2. Кравченко А.М. Социология. М.1998.
3. Фролов С.С. Основы социологии. М.1997.
4. Ковалёва А.Н. Социализация личности: норма и отклонение. М.1996.
5. Парсонс Т. Человек в современном мире. М.1995.
6. Курганов С.И., Кравченко А.И. Социология для юристов. М.1999.
7. Шапинский В.А., Мареев В.И. Девиантное поведение и социальный контроль: Учеб.
пос. Ростов-на-Дону. 1997.
Тақырып 6. Білім беру әлеуметтануы
1. Білім беру жүйесіне қойылатын қазіргі заманғы талаптар.
2. Үздіксіз білім беру жүйесі.
3. Білім берудің дамуының қоғам өміріне ықпалы.
4. Оқуға қарым-қатынас – білім берудің негізгі әлемуеттік мәселесі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қоғам өмірінде білім беру қандай роль атқарады?
2. Білім беру мен тәрбиенің арасындағы өзара байланыс неде?
3. Білім беру идеология мен саясаттан тәуелсіз бе?
4. Қазақстандағы білім берудің тактикасы мен стратегиясының мәні неде?
5. Білім беру жүйесіне нарықтық қатынастардың ықпалының мәні неде?
СӨОЖ 6.
Тапрсырма 1.
К.Ясперстің «Смысл и значение истории» еңбегінің фрагментіне конспект жасаңыз, М. 1994. 358-365 беттер.
Әдебиеттер тізімі:
1. Аитов Н. А., Биекенов К. У. Социология. Алматы. 2002.
2. Филиппов Ф. Р. Социология образования. М. 1980.
3. Шереги Ф. Э. Социология образования: прикладной аспект. М. 1997.
4. Аитов Н. А., Мавлютов Р.Р., Назарова З. М. Вуз, студент, преподаватель. М. 1992.
5. Аитов Н. А. Социология образования. Алматы. 2000.
6. Саймон Б. Общество и образование. М. 1989.
Тақырып 7. Саясат әлеуеметтануы
1. Саяси билік.
2. Биліктің әлеуметтік субъектілері және мүдделер өкілдіктері жүйесі.
3. Саяси режимдер.
4. Саяси тәртіп.
Бақылау сұрақтары:
1. Билік пен үстемдік несімен ерекшеленеді?
2. Қандай үстемдікті легетимді деп атауға болады?
3. Азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара қатынасының қандай түрін демократиялық, қандай түрін авторитарлық деп атауға болады?
4. Мемлекеттің құрылымы мен саяси дәстүрлер қалай байланысады?
5. «Элита» ұғымына анықтама беріңіз және элита түрлерін атаңыз?
6. Өкілдік демократия жағдайында элита қандай роль атқарады?
7. Ресми және бейресми мүдделер тобы арасындағы айырмашылық қандай?
8. Кеңес үкіметі кезіндегі билеуші элита қай тап өкілдерінен тұрды?
9. Саяси тәртіп ұғымына анықтама беріңіз және оның түрлерін атаңыз?
10. Саяси қатынас мотиві дегеніміз не?
11. Сайлау кезінде сайлауға қатысу немесе қатыспаудың негізгі мотивтерін атаңыз?
12. Сайлаушылардың саяси таңдауына олардың жынысы, жасы, тадысы және білімі қалай әсер етеді?
13. Азаматтық саяси мәдениеттің негізгі белгілерін атаңыз.
СӨОЖ 7.
Тапсырма 1.
Төменде келтірілген функциялардың қайсысы саяси билікке тән екендігін анықтаңыз:
а) экономиканы басқаруды жүзеге асыру;
ә) мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;
б) қоғам дамуының негізге мақсаттарын анықтау және қоғам дамуының альтернативаларын таңдау;
в) қоғамда қалыптасатын қайшылықтарды реттейді, оларды шешу бағытында әрекет ету;
г) әлеуметтік жүйедегі байланысты қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Аитов Н. А., Биекенов К. У. Социология. Алматы. 2002.
2. Филиппов Ф. Р. Социология образования. М. 1980.
3. Шереги Ф. Э. Социология образования: прикладной аспект. М. 1997.
4. Аитов Н. А., Мавлютов Р.Р., Назарова З. М. Вуз, студент, преподаватель. М. 1992.
5. Аитов Н. А. Социология образования. Алматы. 2000.
6. Саймон Б. Общество и образование. М. 1989.
Тақырып 8. Отбасы - әлеуметтік институт ретінде
1.Отбасының пайда болуы мен оның түрлерінің эволюциясы.
2. ХХ ғ. отбасының дамуы.
3. Отбасы - әлеуметтік институт ретінде
Бақылау сұрақтары:
1. Отбасы деген не?
2. Отбасының негізгі белгілері?
3. Сіздің ойыңызша қоғамда отбасының қай типі үстемдік етеді?
4. Туу деңгейіне әсер етуші факторлар?
5. Отбасы тұрақтылығына әсер етуші факторлар?
СӨЖ 8.
Тапсырма 1.
Отбасындағы ата-ана (әке, шеше) ролін атқару ата-аналардың балаларға қатысты ұстанатын позицияларына байланысты.Осы позициялардың ата-ана тәтібіне және бала дамуына ықпалын анықтаңыз. Төменде келтірілген анықтамалар ішінен сәйкестерін алу арқылы келесі кестені толтырыңыз:
Позиция түрі |
Сөз тіркестері |
Тәртіп түрі |
Бала дамуына әсері |
Қабылдау және махаббат |
Бала – бауыр етің |
||
Қабылдамау |
Бұл баланы жек көремін, ол жайлы бас ауыртпаймын |
||
Шектен тыс талап қою |
Өз қалпындағы баланы қаламаймын |
||
Шектен тыс |
Бала үшін барлығын жасаймын, өзімді соған арнаймын |
Тапсырма 2.
Өз некеңізбен қанағаттанасызба? – тақырыбында сауалнама жүргізу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Н.С. Аитов., К.У. Биекенов. Социология. Алматы. 2002.
2. Антонов А.И., Медков В. М. Социология семьи. Учеб. пос. М.1996.
3. Голод С.И. Семья и брак. Историко-социологическое исследование. СПб. 1998.
4. Жаназарова З.Д. Социология семьи. Алматы. 2001.
5. Тощенко Ж. Социология. М.1999.
Тақырып 9. Ұйымдар мен басқару әлеуметтануы
1. Ұйым түсінігі. Ұйымдардың типтері мен түрлері.
2. Басқарудың әлеуметтік механизмі.
3. М.Вебердің ұйым теориясы.
4. Бюрократия теориясы.
Бақылау сұрақтары:
1. «Ұйым» түсінігінің қандай анықтамаларын білесіз?
2. Әлеуметтік ұйым деген не және оның белгілері қандай?
3. Ұйымның формальды және формальды емес құрылымдарының арақатынасы қандай?
4. Ұжымның белгілері қандай?
5. М.Вебердің пікірінше, басқару механизмі ретіндегі бюрократияның негізгі белгілері қандай?
СӨЖ 9.
Тапсырма 1.
М.Вебер бюрократияның «идеалдық типінің» міндетті шарты ретінде бірнеше сипаттама келтіреді. Төмендегі кестеде осы сипаттамалар мен олардың анықтамалары келтірілген. Аталмай қалған сипаттамаларды көрсетіп, олардың анықтамаларын жазыңыз.
Бюрократияның «идеалдық типінің» сипаттамалары |
Сипаттама анықтамасы |
1) мамандандыру |
1) әрбір бөлімге нақты міндеттер мен жауапкерлік жүктеледі, барлық іс-әрекет ережелер мен нұсқаулар жүйесімен реттеледі. |
2) Иерархия |
2) иерархиялық құрылымда әрбір шенеуніктің пирамидаға ұқсас іс-әрекет аясы болады және ол өзінен жоғары тұрған шенеунікке есеп береді. |
3) ? |
3) ? |
4) Жекеліктің болмауы |
4) жұмыс ұжымда фаворитизм мен зорлықтың болуына жол бермейтін ережелерге сәйкес жүргізіледі, барлық іс-әрекет туралы жазбаша түрде есеп беріледі. |
5) ? |
5) ? |
Тапсырма 2.
Оқып шығып, жазбаша жауап беріңіз:
Адамдар формальды ұйымдарға түрлі себептермен мүше болады. Әлеуметанушы А.Этцони осы себептерге сүене отырып, ұйымның негізгі үш типін бөліп көрсетеді: ерікті, мәжбүрлі және утилитарлы. Ерікті ұйымдар - бұл ерікті түрде кіруге және шығуға болатын ассоциациялар(мыс., түрлі ерікті клубтар мен қоғамдар, балалар және спорт лагерлері, саяси бірлестіктер). Мұндай ұйымдардың мүшелерінің жұмысына ақы төленбейді. Бұл ұйымдарға адамдар өздерінің бос уақыттарын жақсы, көңілді өткізу үшін, қандай да бір мақсатқа жету үшін немесе қоғамға бір пайдасын тигізуүшін мүше болады. Мәжбүрлі ұйымдарға адамдар өз еріктерінсіз, күштеу арқылы мүше болады. Яғни, оларды жүйке аурулары емханасына жатқызуы, абақтыға жабуы немесе әскер қатарына алуы мүмкін. Мұндай жерлерде адамдарды өздерінің қалыптасқан дағдылары мен ролдерінен жүйелі түрде айрып, жаңа ролдерге бейімдейді. Күнделікті тұрмыста өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуге бағыттталған ұйымдарды – утилитарлық (мыс., өндіріс мекемелері, жеке фирмалар, университтер, корпорациялар, үкіметтік мекемелер, агенттіктер) ұйымдар деп атауға болады. Адам формальды ұйымдарға практикалық тұжырымдар негізінде де мүше болады.
Сіз қандай формалды ұйымдардың мүшесісіз? А.Этцонидің типологиясын ұстана отырып, бұл ұйымдардың қайсысы сіз үшін ерікті, қайсысы мәжбүрлі, қайсысы утилитарлы екенін анықтаңыз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Фролов С.С. Основы социологии. Учеб. пос. М. 1997. гл.12.
2. Пригожин А.И. Современная социология организаций. М. 1995.
3. Казаринова Н.В., Филатова О.Г., Хренов А.Е. Социология. М. 1999. гл.12.
4. Социология. Под ред. Тадевосяна Э.В. М.1995.
5. Мизес Л. фон. Бюрократия. Запланированный хаос. Антикапиталистическая ментальность. М. 1993.
Тақырып 10. Еңбек әлеуметтануы.
1. Еңбек әлеуметтануының негізгі түсініктері, категориялары және проблемалары.
2. Еңбек қызметінің мотивтері.
3. Еңбек ұжымы - әлеуметтік бірлестіктік.
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбектің әлеуметтік мәнін сіз қалай түсінесіз?
2. «Мазмұн» және «еңбек мазмұны» түсініктерін салыстырыңыз.
3. Еңбек ұйымдарының түрлереін атаңыз.
4. Еңбек ұйымдарындағы формальды және формальды емес құрылымдардың түрлерін атаңыз.
5. Еңбек ұжымының негізгі функциялары қандай?
6. Еңбек ұжымдарындағы қайшылықтардың себептері мен оларды басқару тәсілдерін атаңыз.
СӨЖ 10.
Тапсырма 1.
Н.Смелзердің «Социология» еңбегінен үзіндіге (493-520 беттер) талдау жасаңыз.
а) экономикалық жүйелердің түрлерін салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
б) келесі сұрақтарға жауап беріңіз: түрлі экономикалық тенденциялар адамдарға қалай әсер етеді? Технология мен еңбекті ұйымдастырудың жұмысшыға әсерінің нәтижелері қандай?
Әдебиеттер тізімі:
1.Габдуллина К.Г. и др. Социология труда. Учеб. пос. А. 1995.
2. Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. Экономическая социология. А. 2002.
3.Экономическая социология. Курс лекций. Рук. авт. кол. Гуревич Л.Я. А. 2002.
4.Человек в инновационной экономике XX века. М. 1994.
Тақырып 11. Этнос әлеуметтануы.
1. Ұлт мәні.
2. Ұлтаралық жанжалдардың себептері мен оларды шешу тәсілдері.
3. Ұлттық қайта өркендеуге ұмтылыс пен ұлтшылдық арасындағы айырмашылықтар?
Бақылау сұрақтары:
1. Этнос әлеуметтануы деген не? Әлеуметтану мұнда нені зерттейді? Оның функциялары қандай?
2. Этнос деген не? Этностың негізгі белгілері қандай?
3. Этногенезис дегеніміз не? Этногенезис теориясының мәні неде?
4. Қандай әлеуметтік үрдістерді (процесс) этникалық деп атайды?
5. Этникалық үрдістердің қандай түрлері бар?
6. Ұлтаралық қатынастарды қалыптастыруда қандай әлеуметтік фактор шешуші роль атқарады?
7. Ұлтшылдық дегеніміз не?
8. Шовинизм деген не?
9. Мемлекеттегі ұлттық тұрақтылық қандай әлеуметтік негізде жүзеге асуы мүмкін?
10. Неліктен әлемде этникалық үрдістердің ролі өсуде? Ұлттық өзін-өзі ұғыну неден көрінеді?
11. Неліктен диаспоралар қоғамдық өмірдің маңызды құбылысына айналды?
СӨЖ 11.
Тапсырма 1.
А.Г.Здравомысловтың «Межнациональные конфликты в постсоветском пространстве», М. 1997. 10-30, 181-192 б., еңбегінен үзіндіге талдау жасаңыз. Ұлтаралық жанжалдардың түрлерін салыстырыңыз. Олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары қандай? Автор демократияға өту кезеңіндегі ұлтшылдықтың қандай түрлерін бөліп көрсетеді?
Тапсырма 2.
В.В.Радаев пен О.И.Шкратанның «Социальная стратификация» (М. 1996. 282-286 б.) еңбегінен үзінді негізінде КСРО-ның ыдырау себептерін көрсетіңіз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Н.А. Аитов, К.У.Биекенов. Социология. А. 2002.
2. Жакупова Т. Этнополитика. Костанай. 1998.
3. Социология. Под ред. В.Н. Лавриненко. М. 2000.
4. Тощенко Ж. Социология. М.1999.
5. В. В. Радаев, О.И. Шкаратан. Социальная стратификация. М.1996.
6. А. Г. Здравомыслов. Межнациональные конфликты. М. 1997.
Тақырып 12. Дін әлеуметтануы.
1. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде.
2. Дін құрылымы.
3. Діндегі секуляризация үрдісі.
Бақылау сұрақтары:
1. Дін әлеуметтануы дегеніміз не?
2. Діншілдік деңгейі мен дәрежесі деген не?
3. Қазақстандағы діншілдік деңгейі қандай және дінге деген қызығушылықтың өсуі немесе азаюы немен байланысты?
4. Шіркеу мен сектаның айырмашылығы неде?
5. Қазіргі қоғамдағы діннің ролі қандай?
СӨОЖ 12.
Тапсырма 1.
«Қазіргі қоғамдағы діннің ролі» деген тақырыпта дискуссия ұйымдастыру.
Тапсырма 2.
П. Сорокин мен Р. Беллдың «Хрестоматия по социологии религии. Религия и общество» еңбегінен конспект жазыңыз. М.1996. 259-266, 665-677 б.
Әдебиеттер тізімі:
1.Гараджа В. И. Социология религии. М. 1996.
2.Религия и общество. Хрестоматия по социологии религии. М. 1996.
3.Яблоков И. Н. Социология религии. М. 1979.
4.Туфан З. Религия в системе духовной культуры. Алматы. 1999.
5.Трофимов Я. Ф. Религия в Казахстане. Алматы. 1996.
6.Тощенко Ж. Т. Социология. М. 1999.
Тақырып 13. Бұқаралық байланыстар (коммуникация) әлеуметтануы
1. Бұқаралық байланыстар әлеуметтануы - әлеуметтанудағы соңғы бағыттардың бірі.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері мен әлеуметтік функциялары.
3. Бұқаралық байланыс және мәдениет.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі қоғамдағы бұқаралық байланыс (коммуникация) ролінің өсуі немен байланысты?
2. Қандай бұқаралық байланыс (коммуникация) теорияларын білесіз?
3. Кейбір зерттеушілер БАҚ-ның сайлау барысында адамдардың тәртібі мен көзқарасын өзгерте алатынына күмәнмен қарайды. Бұл жөніндегі сіздің пікіріңіз қандай? БАҚ-ы сайлау нәтижесіне қаншалықты дәрежеде әсер етеді?
СӨОЖ 13.
Тапсырма 1.
А.Моль ұсынған бұқаралық байланыс (коммуникация) доктринасының классификациясын басшылыққа ала отырып, бұл доктриналардың қайсысы қазақстандық, ресейлік теледидарда үстемдік ететіндігін анықтаңыз. Өз шешіміңізді дәлелдеңіз.
Тапсырма 2.
Жарнаманың қоғамда атқара алатын функцияларын атаңыз. Сіздің ойыңызша қоғамдық өмірде позитивтік күшке айнала алатын жарнаманың стандарттары мен өлшемдерін жасаңыз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Буданцев Ю.П. Социология средств массовой информации. М. 1997.
2. Егоров В.А. Телевидение и власть. М. 1997.
3. Мельник Г. С. Маss-media: психологические процессы и эффекты. СПб. 1996.
4. Сорокин Л. Социальная и культурная динамика. СПб. 2000.
Тақырып 14. Қоғамдық пікір әлеуметтануы.
1. Қоғамдық пікір әлеуметтануы нені зерттейді.
2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және қоғамдық пікір.
3. Әлемдік қоғамдық пікір.
Бақылау сұрақтары:
1. «Қоғамдық пікір» ұғымының мазмұны қандай?
2. «Қоғамдық пікір» мен «қоғамдық сана» ұғымдары бір-бірімен қалай байланысады?
3. Қоғамдық пікірдің қалыптасуының шарттары қандай?
4. Қоғамдық пікірдің функциялары қандай?
5. Қандай жағдайда әлемдік қоғамдық пікір қалыптасады?
СӨОЖ 14.
Тапсырма 1.
К.У. Биекенов, З.Ж. Жаназаров және Ж.А. Нұрбековтің «Социология общественного мнения» (А. 2001.) еңбегіне сүйене отырып, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер етуші факторларды атаңыз.
Әдебиеттер тізімі:
1. К.У. Биекенов, З.Ж. Жаназарова, Ж.А. Нурбекова. Социология общественного мнения. А. 2001.
2. Пресса и общественное мнение. М. 1986.
3. Ноэль-Нойман Э. Общественное мнение. Л. 1996.
4. Гавра Д.П. Общественное мнение как социологическое категория и социальный институт. СПб.1995.
5.Социология. Под ред. В.Н. Лавриненко. М. 2000.
Модуль ІІІ. Әлеуметтік зерттеулер әдістемесі (методология)
Тақырып 15. Зерттеулер бағдарламасын жоспарлау
1. Қолданбалы әлеуметтік зерттеулердің түрлері.
2. Қолданбалы әлеуметтік зерттеулердің әдістері.
3. Қолданбалы әлеуметтік зерттеулердің бағдарламасы мен жоспары.
4. Зерттеулер нәтижелерін жалпыдау.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік зерттеулер барысында қолданылатын «әдіс», «әдістеме», «техника», «процедура» ұғымдарына анықтама беріңіз. Олардың өзара байланысы қандай?
2. Әлеуметтік зерттеулердің негізгі әдістері қандай?
3. Әлеуметтік зерттеу әдісі ретіндегі сауалнаманың негізгі белгілері қандай?
4. Әлеуметтануда бақылаудың қандай түрлері қолданылады?
5. Әлеуметтік зерттеулерде эксперименттің қандай түрлері пайдаланылады?
6. Әлеуметтанушы қандай этикалық принциптерді ұстануы керек?
СӨОЖ 15.
Тапсырма 1.
Сұрақтың бірнеше түрі болады. Олар қойылуына қарай, мақсатына қарай ерекшеленеді. Сұрақтардың бірнеше түріне сипаттама беріңіз, олардың қолданылу мақсатын көрсетіңіз, үлгілер келтіріңіз. Кестені толтырыңыз.
Сұрақтарды классификациялау критерийлері |
Сұрақ түрлері |
Срақтардың сипаттамасы |
Қолданылу мақсаты |
Сұрақтардың үлгілері |
1. Формасына қарай |
Ашық |
|||
Жабық |
||||
2. Құрылу тәсіліне қарай |
Тіке |
|||
Жанама |
||||
3. Мазмұнына қарай |
Негізгі |
|||
Негізгі емес |
||||
а) сұрақ-фильтр |
||||
б) сұрақ-ловушка |
Тапсырма 2.
Төмендегі анкетаны құрастыруда әлеуметтанушы қандай қате жіберді? Анкетаға және құруға қойылатын талаптардың қайсысы орындалмаған?
Анкета
1. А.Ә.Т.________________________________
2. Өз жасыңызды көрсетіңіз_____________________________
3. Жынысы а) әйел; б) ер.
Отбасыңыздың орташа табысын көрсетіңіз.
Сіз сақтандыру компанияларының клиентісіз бе?
Сақтандыру фирмаларымен байланыста болдыңыз ба?
Әдебиеттер тізімі:
1.Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. Алматы. 2002 г. с.259-291.
2.Батыгин Г.С. Лекции по методологии социологических исследований. Учебник. М.1995.
3.Бутенко И.А. Организация прикладного социологического исследования. М.1998.
4.Рабочая книга социолога. М.1983. гл.IV,VI.
5.Ядов В.А. Социологическое исследование. Методология. Программа. Методы. М.1972.