Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
«МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ АСТАНА» АҚ
№ 1 Денсаулық сақтау кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША БІЛІМ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ
Денсаулық сақтау пәні бойынша
051301 -«жалпы медицина» мамандығы үшін
Курс: 3
Семестр: 5,6
Астана 2013 ж
3 курс «Жалпы медицина»факультетіне арналған « денсаулық сақтау» пәні бойынша
Емтихан сұрақтары
1. «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» оқу пәні және ғылымы,мазмұны.
2. Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінде пайдаланылатын зерттеу әдістері.
3. Қоғамдық денсаулық сақтау қалыптастыру тарихы ( әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру), даму және қалыптастыру кезеңдері.
4. Халық денсаулығы және зерттеу әдістері
5. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері
6. Салауатты өмір салты, түсінігі. ҚР салауатты өмір салтының ұлттық стратегиясы
7. Ю.П. Лисицын бойынша тұрғындар денсаулығын айқындайтын қауіп факторлар
8. Ұлттық денсаулық сақтаудың негізгі принциптері
9. Денсаулық сақтау және теория медицинасы (стресс,жалпы адаптациялық синдром,әлеуметтік дезадаптация,расизм,евгеника,фрейдизм,неофрейдизм,нервизм)
10. Заманауи медицинаның этикалық проблемалары ( генді инженерия,клондау, ағзаны трансплантациялау және имплантациялау,эвтаназия,селекция,адамға эсперимент жасау,жасару)
11. ұйымдастыру, оның этаптары
12. Статистикалық зерттеудің жоспары мен бағдарламасы. Зерттеу объектілері.
13. Демография. Халықтың механикалық және табиғи қозғалысты зерттеу әдістері
14. Халықтұрғындарының негізгі теориялары
15. Тұрғындар статика мен динамикасы
16. Демографиялық көрсеткіштердің есептеу әдістемесі
17. ҚР тұрғындарының табиғи қозғалыстың көрсеткіштері
18. Қазақстанда өлім себептерінің құрылымы
19. Сәби өлімі,құрылымы,көрсеткіштерді анықтау
20. Халықтың аурушандылығы. Жалпы және біріншілікті аурушандылықтың түсінігі
21. Өлім себептері,травмалар, аурудың классификациясы мен номенклатурасы.
22. Тұрғындар аурушандылықты зерттеу әдістемесі мен көзі. Негізгі құжаттар.
23. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушандылықтың көрсеткіштері мен мағынасы
24. Аурушандылықты талдау мен анализ кезінде әлеуметтік-гигиеналық әдістерді қолдану
25. Тұрғындар денсаулығының бағалау критерийлерінің бірі физикалық даму көрсеткіштері
26. Салауатты өмір салтының қалыптасуы мен аурушандылық профилактикасы. Қауіп факторлары
27. Қала тұрғындарына амбулаторлы-емханалық көмекті ұйымдастыру.
28. Стационарлы медициналық көмекті ұйымдастыру.Қалалық аурухананың құрылымы,штаты,жұмыстың ұйымдастырылуы. Стационардың жұмыс көрсеткіші.
29. Алғашқы медико-санитарлық көмек, оның ұйымдастырылуы
30. Аймақтық қалалық емханалар,олардың жұмысын ұйымдастыру,міндеті. Қалалық емхананың құрылымы.
31. Тұрғындар диспансеризациясы. Қазіргі таңда диспансеризация міндеті.
32. Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы,оның орындалуы.
33. Уақытша еңбекке жарамсыздық түрлері.
34. Қалалық емхана мен стационарда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын беру тәртібі.
35. Мүгедектік,оның топтары. Мүгедекті анықтау принциптері.
36. Қазақстандағы акушерлі гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Абортқа қарсы күресу шаралары.
37. Ана мен бала қорғау бойынша мекемелердің негізгі түрлері. Олардың қызметі
38. Балаларға емдеу профилактикалық көмекті ұйымдастыру. Балалық аурухананың жұмысы.Құжатнамасы,қызмет көрсеткіштері.
39. Мектепке дейіңгі және мектептегі балаларға емдік профилактикалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
40. Босану үйінің стационары мен әйелдерт кеңесі. Қызметінің негізгі көрсеткіштері.
41. Ауылдық аймақта медициналық көмекті ұйымдастыру,ерекшеліктері.
42. Өндірістік орындарындағы жұмысшыларға көрсетілетін медициналық көмек.
43. Аборт медико әлеуметтік проблема ретінде
44. Денсаулық сақтау экономикасы. Анықтамасы,әдістері, мағынасы.
45. Денсаулық сақтауды жоспарлау. Жоспарлаудың негізгі әдістемелері.
46. Денсаулық сақтауды қаржыландыру, негізгі көзі. Емдік мекемелерінің бюджеті мен сметасы.
47. ҚР денсаулық сақтаудағы ұйымдастыру -құқықтық негіздері. Денсаулық сақтау жүйедегі негізгі заңдылықтары мен міндеттемелері.
48. Денсаулық сақтаудағы сапасын бағалау,анализдеу,қорытынды жасау.
49. Шет елдегі денсаулық сақтау ( шет елдегі денсаулық сақтау жүйесі)
50. Денсаулық сақтауда анықтау техниканың қолданылуы.
Есептер
1. Аудандағы халықтың саны -45000 адам, оның ішінде 55-59 жастағы әйелдер саны -1350 адам, туылғандар саны - 845. Барлық қайтыс болғандар саны - 295, оның ішінде 55-59 жастағы-18 адам, бір жасқа дейінгі - 25. Туу, жалпы өлім, 55-59 жастағы өлім, нәрестелер өлім көрсеткіштерін есептеу. Көрсеткіштерге баға беру.
2.Аудандағы халықтың саны - 420000 адам, оның ішінде 15-49 жастағы әйелдер саны -105000 адам, бір жыл ішінде туылғандар саны 15650, қайтыс болғандар- 36112 адам, оның ішінде1 жасқа дейінгі жаста-1062. Мүмкін демографиялық көрсеткіштерді, салыстырмалы салмағын, 1 жасқа дейін қайтыс болғандар санын есептеу.
3.Қалада халық саны-50000 адам. Алғашқы рет асқазанның жара ауруымен 52 оқиға тіркелінді, ал барлығы-200 оқиға. 20000 адамды медициналық тексеру нәтижесінде асқазан жара ауруымен ауырулар оқиғасы 80. Сырқаттану көрсеткішін, асқазан жара ауруымен аурушаңдығын және патологиялық зақымдалуын есептеңіз. Қорытындысын шығарып, ұсыныстарды енгізіңіз.
4. 2000 жүкті әйелге көмек көрсетудегі әйелдерге кеңес беру жұмысының көрсеткішетерін анықтаңыз, егер сізге келесідей мәліметтер белгілі болса:
- 2 мезгіл сифилиске зерттелген әйелдер саны -1500.
- жүктіліктің 3-ші айына дейінгі мерзімде бақылауға алынған әйелдер саны-800, 7 айдан кейін- 200, босануға дейінгі демалыс уақытына 1600 әйелдің шығуы, олардың ішінде белгілі мерзімінен ерте немесе кеш босанғандар саны- 600, жүктіліктің екінші жартысында гестозы бар- 50. Көрсеткіштерге баға беріңіз.
5.Бір жасар 2000 балаға көмек көрсеткен балаларға кеңес беру мекемесінің көрсеткіштерін есептеп, сипаттаңыз, егер сізге келесідей мәліметтер белгілі болса:
- 4 айға дейін ана сүтімен қоректенгендер саны 500
- қажетті егулерді қабылдағандар саны 1200
- бір жаста мешел ауруына шалдыққан балалар саны 100
- 2-3 дәрежедегі гипотрофия 300
- қайтыс болғандар 80
- бір жасқа дейін ешбір ауырмағандар саны 200
- босанудан кейінгі ерте патронаж жүргізілген 1600
- дәрігер бақылауында тұрақты болғандар саны 1800.
6.Ауруханада 400 төсек- орын бар. Аурухана бойынша төсек орнының қамтылуы орта жылдық есеппен 340 күн. Аурухана бойынша төсек- күн көрсеткішінің болжамын, ауруханадағы науқастардың болжам санын есептеңіз, егер ауруханда емделу ұзақтығы орта шамамен 16 күнге тең болса.
7. Ауруханада 400 керует орны бар, ол жерде 7000 науқас бір жыл ішінде емделген. Емделген науқастардың ішінен 85- і қайтыс болған. Шығарылғандар науқастар 140 000 керует- күндерін өткізді. Аурухана бойынша ортажылдық керуеттер қамтылуын, науқастардың стационарда өткізген орташа ұзақтығын, керуеттер айналымын, госпитальді өлім көрсеткіштерін, , келтірілген керуеттер қамтылу көрсеткіштеріне сәйкес, бірақ әр науқастың стационарды емделу ұзақтығының 2 күнге қысқаруын ескере отырып, күтілетін науқастар санын есептеу.
8.Қала тұрғындарының саны 40 000 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 10 000. 1000 адамға стационарлық көмек көрсету үшін 13 керует қажет, оның ішінде терапевттік 2,3; педиатрлық- 1,2. Барлық тұрғындарға медициналық көмекті көрсету үшін қажетті керуеттер санын, терапевттік және педиатрлық керуеттер санын, стационар бойынша күтілетін керует- күндер санын, терапевттік және педиатрлық профильдегі керуеттер санын есептеу, егер ортажылдық керуеттер қамтылуы 340 күн болса.
9.Бір жыл ішінде балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінен 650 науқас шығарылды, олардың ішінде 6 адам қайтыс болды. Шығарылған 482 науқасқа операция жасалынды, операциядан кейін 4 адам қайтыс болды. Барлық науқастар 6500 төсек- орындарын қамтыды. Жалпы өлім, хирургиялық белсенділік, емдеудің орташа ұзақтығын, операциядан кейінгі өлім көрсеткіштерін есептеңіз.
10.Уақытша жұмысқа қабілестіздік кезіндегі экономикалық эффективтілік коэффициенті мен алды алынған экономикалық шығын көлемін есептеңіз, егер төмендегі мәліметтер белгілі болса: 1 жыл ішінде 100 жұмысшыға шаққанда жұмысқа қабілетсіздік күндер саны- 300, өткен жылы -400, бір күндік медициналық көмекті көрсету құны 2000тг, экономикалық шығын (берілмеген өнім құны + уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарының құны), 1 күнге- 20 000тг.
11. 43 жастағы ер адамның 2 топтағы мүгедектілікке шығуына байланысты экономикалық шығынды анықтаңыз (1 жыл ішінде 1 жұмыс істейтін адамға ұлттық кіріс-5000 000тг. құрайды, ал төленетін зейнетақы мөлшері -25000тг.)
12.Өндірістік жұмыс орнында уақытша жұмысқа қабілетсіздік бойыншасырқаттанушылық көрсеткіштерін анықтаңыз, егер төмендегі мәліметтер белгілі болса:
- жұмыскерлер саны 5000 адам, жұмысқа қабілетсіздік жағдайлар саны 4000, күндер саны 30 000, аурулар саны 35 000.
13.Қалалық емхана 80 000 ересек тұрғындарға көмек көрсетеді. Орта шамамен 1 жыл ішінде 1 тұрғын терапевт дәрігеріне 9-3 рет қаралады. Бір жыл ішінде дәрігердің жұмыс күні 280. Дәрігердің бір жылдық қызметін, қажетті терапевт дәрігерлерінің санын, терапевт дәрігерлерге күтілетін шағымданулар санын есептеңіз.
14.Қала емханасының бір ай ішінде аймақтық дәрігер 840 науқасты қабылдады, соның ішінде 790 науқас өз учаскесіндегі науқастар. Одан бөлек, үйге шақырылулар саны 90, оның ішінде белсендісі 25. Бір ай ішінде 22 жұмыс күні бар. Дәрігер қабылдауда 3 сағат, шақырылымдар бойынша 3 сағат жұмыс істейді. Белсенді шақырулар пайызын, үйге шақыру жүктемесін және учаскеліктің көрсеткіштерін есептеңіз.