Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Саясаттану ~ылымыны~ зерттейтіні

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

1 Саясаттану ғылымының зерттейтіні

+ адамзат қоғамының саяси саласының жалпы заңдылықтары мен ұйымдасу принціптері және қызмет етуі

2 Саясаттану ғылымының объектісі

+ қоғамның саяси жүйесі мен өмірі

3 Саясаттану – пәні

 + саяси биліктің қалыптасуының , қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси процестердің дамуы

4 Саяси процестердің олардың кеңістік жағдайымен, аймақтық, климаттық және басқа да табиғи факторлармен өзара байланысын зерттейтін саясаттанудағы бағыт

+  саяси география

5 Саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы қай жылы құрылды

 + 1949

6 Саясатты оқып - білуді жеке адамдар мен топтардың алуан түрлі мінез-құлқын нақтылы зерттеу арқылы іске асыратын саясаттанулық әдіс:

бихевиористік

7 Саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, өткендегі, қазіргі және болашақтағы байланысымен айқындай отырып қарастыратын саясаттану әдісі:

 + тарихи

8 Түрлі елдердегі саяси құбылыстарды өзара салыстырып, олардың жалпы ортақ және жеке ерекшеліктерін ажыратуға оны танып білуге мүмкіндік беретін саясаттанудың әдісі:

салыстырмалы

9 Саясаттанудың функциянын атаңыз:

 + гносеологиялық (танымдық)

10 Тоталитаризмнің идеялық негізін қалаушы:

Платон

11 Шығыстың ойшылы, «Мейірімді қала туралы трактат» атты еңбектің авторы:

 + Әл-Фараби

12 Аристотельдің пікірі бойынша басқарудың аса жетілген түрі:

 + полития

13 Биліктің патерналистік тұжырымдамасының авторы:

 + Конфуций

14 Саяси ғылым негіздері туралы ең алғаш жүйелі мазмұндама берген ойшыл?

 + Аристотель

15 Утопиялық социализм теориясының негізін салушы:

 + Т.Мор

16 Егемендік тұжырымдамасының авторы:

 + Ж.Боден

17 «Сот реформасы жайындағы хат» шығармасының авторы кім?

+  Ш.Уәлиханов

18 Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп жіктейтін теорияның авторы:

   + Ш.Монтескье

19 Мемлекеттің қызметі дегеніміз:

 + мемлекеттің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді шешуге бағытталған барлық мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің негізгі бағыттары

20 Басқа билік түрлері үшін жоғары болып табылатын билік түрі:

 + саяси

21 Саяси биліктің негізгі көздерін атаңыз:

 + байлық, білім, ұйымдар

22 Билікке оң баға беру, оның заңдылығын, басқару құқын мойындау және бағынуға келісушілік:

 + легитимділік

23 Мемлекеттің әлеуметтік қызметі – бұл:

 + әлеуметтік қатынастарды реттеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету

24 ҚР Конституциясы бойынша Үкімет мүшелерінің кандидатурасын кім ұсынады?

 + Премьер-министр

25 Нарық еркіндігі мен кәсіпкерлікті қолдайтын саяси идеология:

 + либерализм

26 Саясаттың алғашқы субъектісі – бұл:

 + тұлға

27 Бір аймақта тұратын, мәдениеті, тілі, сана-сезімі, психологиялық құрылымы ортақ, экономикалық қауымдасумен және мемлекеттің ортақтығымен сипатталатын, даму үрдісінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы:

 + ұлт

28

Саяси жүйелер теориясының негізін салған:

 + Д.Истон

29 Саяси жүйе орындайтын саяси әлеуметтендіру қызметінің мәні:

 + қоғам мүшелерін  саяси қызметіке тарту 

30 Саяси жүйе атқаратын саяси коммуникация қызметінің мәні:

 + саяси жүйенің әр-түрлі бөлшектерінің өзара әрекеті

31 Саяси жүйенің институционалдық жүйешесі:

 + мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық – саяси ұйымдар мен қозғалыстар 

32 Саяси мәдениет типіне байланысты саяси жүйелердің қандай түрлері ажыратылады:

 + ағылшын-американдық, континентальды-еуропалық, индустрияландыруға дейінгі (жартылай индустрияландырылған), тоталитарлық

33 Биліктің шоғырлануына және бөлінісіне қарай саяси жүйелер мынандай болып жіктеледі:

 + орталықтандырылған және орталықтандырылмаған

34 Саяси режимнің сипатына қарай саяси жүйелер мынандай болып бөлінеді:

 + авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық

35 Әлеуметтік – экономикалық құрылым формациясы мен сипатының типіне сәйкес саяси жүйелер мынандай болады:

 + құл иеленушлілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік

36 Саяси ұйымдасқан қоғамды анықтау үшін «мемлекет» терминін алғаш қолданған кім?

 + Н.Макиавелли

37 Әр-түрлі саяси ілімдерде ең жақсылар билік ететін мемлекеттің түрі:

 + аристократия

38 Аристотель бойынша көпшілік билейтін идеалды мемлекеттің түрі:

 + полития

39 Мемлекеттің құдайдың қалауымен құрылғанын түсіндіретін тұжырымдама

 + теократиялық

40 Мемлекеттің шығуын басқарушы мен азаматтардың арасындағы келісімінен деп түсіндіретін тұжырымдама:

 + келісім-шарттық

41 Қай елдерде абсолюттік монархия орын алған:

Сауд Аравиясы, Катар, Оман, БАЭ

42 Мемлекетті басқару түрі ретінде президенттік республика алғаш қай елде енгізілді?

 + АҚШ

43 Бірнеше егеменді мемлекеттік құрылымдар бір одақтық мемлекетке бірігетін мемлекеттік құрылыс формасы:

федерация

44 Мемлекет территориясы құрамында федеративтік бөліктер болмайтын, оның орнына, әкімшілік-аймақтық бөліктерге бөлінетін құрылыс формасы:

 + унитарлық мемлекет

45 Мемлекеттердің, өз тәуелсізідктерін сақтай отырып қандай да бір мәселелерді (саяси, экономикалық, әскери) шешу үшін уақытша біріккен құрылым формасы:

 + конфедерация 

46 Азаматтық қоғам – бұл:

 + мемлекеттен дербес және тәуелсіз қоғамдық институттар мен қатынастардың жүйесі

47 «Азаматтық қоғам» ұғымы қай кезде шықты?

 + антикалық дәуірде

48 Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы құқықты мемлекетке қатысты?

 + адам құқығының мемлекеттік заңдардан басым, жоғары тұруы

49 Саяси режим дегеніміз:

 + белгілі бір мемлекеттегі билікті жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы

50 Тоталитаризм дегеніміз:

 + Қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым

51 Өзінің қозғалысына сипаттама беру үшін «тоталитаризм» терминін саяси лексиконға енгізуші

 + Муссолини.

52 Тоталитаризмнің түрі ретінде национал-социализм қашан, қай елде пайда болды?

 + 1933 ж. Германияда

53 Тоталитаризмнің бір түрі ретінде фашизм қашан, қай елде пайда болды?

 + 1922 ж Италияда

54 Авторитаризм дегеніміз:

 + тұлғалар мен қоғамның саяси емес саласындағы автономиясын сақтайтын, саяси оппозицияға жол бермейтін, билікке бір адам немесе бір топ адам келетін тәртіп

55 Шанхай ынтымақтастық ұйымы қашан құрылды?

2001ж, 15 маусым

56 Авторитарлық режимнің (тәртіптің) әдеттегі тірегі:

 + әскер.

57 Авторитарлық қоғамда салынатын тыйымдардың сипаты:

 + Саясатқа қатысы жоқ  нәрсе ғана рұқсат етілген

58 Демократияның пайда болған жері:

 + Афины.  

59 Демократия кезінде биліктің ресми көзі болып табылатын не?

 + Халық.  

60 Референдум азаматтардың билігін іс жүзіне асырудың қандай түріне жатады?

 + Плебисцитарлық. 

61 Шешімдерді қабылдауға, талқылауға, дайындауға азаматтардың өздері қатысатын халық билігінің формасы:

 + тікелей. 

62 Партия – бұл:

 + билік үшін немесе билікті жүзеге асыруға қатысу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым:  

63 Саяси партия тарихын үш кезеңге (аристократиялық топтар, саяси клуб, бұқаралық партия) бөлген  ғалым кім?

 + М.Вебер.

64 Партиялар жалпыұлттық саяси құрылымдар ретінде қашан қалыптасты?

 + XIX ғасырда

65 Кадрлық партияларға тән белгілер:

 + сан жағынан азшылығы, мүшелігі еркін, саясаткерлер мен қаржы элитасына сүйенеді 

66 Партияға мүшелікке қатысты ережелердегі айырмашылықтарға қарай партиялар мынандай болып бөлінеді:

 + ашық және жабық

67 Парламенттік, президенттік немесе муниципалдық сайлауларда қандай да бір саяси партияға дауыс беретін сайлаушылар тобы:

 + электорат.

68 Партияның негізгі саяси қызметі:

 + билік үшін күрес, оны қолдану немесе оған бақылау жасау  

69 Партиялық жүйе дегеніміз – бұл:

барлық өмір сүріп тұрған және әрекет етуші партиялар жиынтығы

70 Бірпартиялық жүйелер мыналарға тән?

 + тоталитарлық және авторитарлық саяси жүйелерге

71 Саяси процесс дегеніміз:

 + саяси құбылыстардың даму барысы

72 Саяси дағдарыс – бұл:

 + билік өзінің ұйымдастырушылық қызметін атқара алмайтын жағдайдағы саяси жүйенің жай-күйі

73 «Арыстандар» мен «түлкілер» деп элитаны екі түрге бөлетін теория:

+  «элита айналымы» теориясы 

74 «Саяси тап» теориясының авторы:

 + Г.Моска  

75 Кандидаттың тұлғалық сапаларына, оның адамдарға ұнау қабілетіне бағытталған элитаны іріктеу жүйесі:

 + антрепренерлік

76 Элитаның қай іріктеу жүйесі жабықтылықпен, үміткерлерді элитаның өзінің төмен жігінен жоғары лауазымға іріктеумен сипатталады

 + гильдия жүйесі

77 Платонның кемелді мемлекетінде басқарушы бола алатындар:

 + философтар

78 Ортағасырлық ойшылдар монархтың үстемдік құқын немен негіздеді?

 + құдайдың қалауымен 

79 Ресми билікке қатынасына байланысты лидердің жіктелуі:

 + басқарушы, оппозициялық

80 Саяси лидер – бұл бүкіл қоғамды топтастыратын және біріктіретін және өзінің үстемдігін сақтап қалу үшін, қоғамдық тәртіпті ұстап тұру үшін кез келген тәсілдерді қолданатын патша деп тұжырымдаған ойшыл?

 + Н.Макиавелли

81 Саяси субмәдениет дегеніміз:

 + қоғамның бір тобының саяси мақсаттары мен құндылықтары ұлттық саяси мәдениеттен ерекше байқалатындығы  

82 Саяси мәдениеттің үш «таза» типологиясының авторлары (патриархалдық,тәуелділік, белсенділік):

+ Г.Алмонд, С.Верба

83 Халықаралық қатынастар – бұл:

+ ұлтаралық және мемлекетаралық  қатынастардың түрі

84 Сыртқы саясат – бұл:

 + халықаралық аренада мемлекеттер мен халықтар арасында өзара қарым-қатынастарды реттейтін саясат

85 Халықаралық саясат:

әлемдік деңгейде мемлекеттік және топтық мүдделерді жүзеге асыру үшін іс-әрекетті және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін саясат

86 Мемлекеттің ішкі саясатының оның кеңістіктегі жағдаайына аса тәуелділігі мен байланысын ашып көрсететін саяси тұжырымдама:

 + геосаясат

87 Қазақстан Республикасы қашан БҰҰ – ға мүше болып кірді?

 + 1992 ж.

88 М.Херман саяси көшбасшыларды қалай классификациялайды?  

 + қызметші, ту ұстаушы, саудагер, өрт сөндіруші

89 Халықаралық аренада мемлекеттер мен халықтар арасында өзара қарым-қатынастарды реттейтін саясат қалай аталады?

+ сыртқы саясат

90 Әлемдік деңгейде мемлекеттік және топтық мүдделерді жүзеге асыру үшін іс-әрекетті және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін саясат:

 + халықаралық саясат

91 В. Парето ең алғашқы болып саяси ғылымға қандай терминді енгізді?

элита

92 Аристотель мемлекетті басқару формасы бойынша дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түрге ол қандай басқаруды жатқызды?

 + монархия, аристократия, полития;

93 Төменде аталғандардың қайсысы мемлекеттің міндетті түрдегі сипатты белгісі болып табылады?

 + күш қолдануға құқығы бар 

94 Импичмент дегеніміз не?

 + парламент тарапынан мемелекет басшысына сенімсіздік білдіруі

95 Төменде аталғандардан азаматтық қоғамға тән белгілерді көрсетіңіз?

 + жеке меншік

96 Электорат дегеніміз не?

 + парламенттік, президенттік немесе муниципалдық сайлауларда қандай да бір саяси партияға дауыс беретін сайлаушылар тобы

97 Ұлт дегеніміз не?

 + бір аймақта тұратын, мәдениеті, тілі, сана-сезімі, психологиялық құрылымы ортақ, экономикалық қауымдасумен және мемлекеттің ортақтығымен сипатталатын, даму үрдісінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы:

98 Саны жағынан аз, мүшелігі еркін, саясаткерлер мен қаржы элитасына сүйенетін партияның түрі қалай аталады?

 + кадрлық

99 Қоғамды дарынды, қабілетті, беделді адамдар басқарса, ондай басқару қалай аталады?

 + меритократия 

100 Истеблишмент дегеніміз не?

 + мемлекеттік, экономикалық, қоғамдық- саяси институттар және ұйымдар, сонымен қатар олардың өкілдері, топтары, қоғамда билікке, ықпалды беделге ие адамдар

101 Саяси жүйе дегеніміз не?

+ билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы.

102 Инагурация дегеніміз не?

+ мемлекет басшылығының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі

103 Монархиялық билікке тән анықтаманы көрсетіңіз:

+ мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі

104 Мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принціптерін білдіретін заң:

 + конституция

105 Белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым қалай аталады?

 + лобби 

106 Діни билік те, азаматтар билігі де бір адамның қолында болатын мемлекеттік басқарудың түрі қалай аталады?

 + теократия

107 Абсолюттік монархия дегеніміз не?

 + өкімет билігі, тұтас, формальды түрде шектелместен бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқару

108 Республика дегеніміз не?

 + мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқару түрі

109 Конституциялық монархия дегеніміз не?

 + монархтың билігі заң шығаратын орган – парламентпен шектелген басқару түрі

110 ҚР Конституциясы бойынша Заң шығарушы орган парламент қандай палаталардан тұрады?

 + Сенат және Мәжіліс  

111 ҚР Конституциясы бойынша  Мәжіліс депутаттарының өкілділік мерзімі неше жыл ?

 + 5жыл

112 ҚР Конституциясы бойынша ҚР Президенті неше жылға сайланады?

 + 5 жылға  

113 Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қай жылы құрылды?

 + 1995 жылы 

114 Еуразиялық Одақ құру идеясы қай жылы ұсынылған еді?

 + 1994 жылы

115 Ғылымға алғаш рет «әлеуметтендіру» терминін кім енгізді?

Ф.Гидденс

116 Саяси элитаның құрылымы қандай деңгейлерден тұрады?

 + жоғарғы, орташа, төменгі

117 Төменде аталғандардың қайсысы саяси жүйенің басты элементіне жатады?

 + мемлекет

118 ҚР Конституциясы бойынша Сенат депутаттарының өкілділік мерзімі неше жыл?

 + 6 жыл

119 ҚР Конституциясы бойынша заң шығарушы билік органы:

 + парламент 

120 Президент лауазымы ҚР қашан енгізілді?

 + 1990ж.сәуір

121 ҚР Президенті өз қызметін орындай алмайтындай жағдай болатын болса, онда бұл қызметті уақытша кім атқарады?

 + Парламент Сенатының төрағасы 

122 Элита теориясы бойынша қоғамдағы билікке кім ие болуы тиіс?

саяси партия

123 Төмендегі категориялардың біреуі ғана саяси жүйенің құрылымдық  элементіне жатады, қайсысы

 + саяси институттар   

124 Республикалық мемлекетке қайсысы жатады?

 + Россия

125 Төменде көрсетілгендердің қайсысы саяси құқыққа жатады:

 + сайлау және сайлану құқығы

126 Монтескьенің ойынша халықтың рухы мен қоғамның даму сипатын не айқындайды?

 + ауа райы, топырағы және жер қыртысының жағдайы

127 Платон қандай меншікті жақтады?

 + қоғамдық меншік

128 Төменде көрсетілгендердің ішінен мемлекеттік билікті басқа саяси институттардан ерекшелендіретін белгіні көрсетіңіз?

 + заң шығаруға монополиялық құқығы

129 1991жылға дейінгі халықаралық қатынастардың сипаты:

 + биполярлық

130 Сегрегация деген не?

 + халықты нәсіліне қарай бөлу мен кемсіту

131 Екі партиялық жүйеге не жатады?

 + ел ішінде бірнеше пратиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін күрес тек екі партияның арасында болады

132 Мына аталған мемлекеттердің қайсысында бір партиялық жүйе орын алады?

 + Қытай

133 Абай қоғамды өзгертудің негізгі жолы деп нені есептеді?

 + ағартушылықты

134 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?

 + 1948ж

135 Либерализм билік иесіне кімді нені жатқызады?

+ тұлға

136 Төмендегі көрсетілген биліктің түрлерінің ішінде  Макиавелли қайсысын ең жақсы деп санады?

 + республика

137 Т.Гоббс мемлекеттің пайда болуын қандай себептермен түсіндірді?

+  қоғамдық келісімнің негізінде

138 Биліктің телеологиялық  анықтамасының мәні неде?

 + Билік – белгілі бір мақсатқа жету

139 Төменде көрсетілгендердің ішінен саяси билікті биліктің басқа түрлерінен ерекшелендіретін белгілерін көрсетіңіздер

  + ол қоғамдағы көпшілік адмадардың мүддесіне ықпал етеді

140 Билікті парлменттік, президенттік, үкіметтік және соттық деп жіктегенде оның негіізінде қандай өлшем жатыр?

 + биліктің субъектісі

141 Президенттік республиканың парламенттік республикадан айырмашылығы неде?

 + Біріншісінде президент те, парламент те бір-біріне тәуелсіз сайлау арқылы сайланады, екіншісінде президентті парламент сайлайды

142 Қоғамдық-саяси ұйымдарды (қозғалыстарды) қандай жағдайда партия деп санауға болады?

 + егер ол билікті қолға алуға немесе оны жүргізуге қатысуды мақсат етіп қойса

143 Кадрлық партиялардың негізгі ерекшелігі неде?

 + өз қызметінде кәсіби саясаткерлерге сүйенеді

144 Қазақстан республикасының конституциясы қашан қабылданды

 + 1995ж

145 Саяси мәдениетті құрайтын элементтерді көрсетіңіз?

 + саяси сана-сезім, мінез-құлық, және іс-әрекеттердің жиынтығы

146 Вербаның айтуынша саяси мәдениеттің патриархалдық типі немен сипатталады?

 + Саяси өмірге азаматтардың қызығуының болмауы

147 Президенттік қызмет ең алғаш қай елде енгізілді?

 + АҚШ

148 Қоғамдағы  түрлі пікірлер мен көзқарастарға төзімділікпен қарау?

 + толеранттық

149 Саясаттанудағы жүйелік тәсілдің мәні неде?

 + саясатқа тұтас, күрделі ұйымдасқан және өзін-өзі реттейтін организм ретінде қарау

150 Төменде көрсетілгендердің қайсысы Платонның еңбегі

 + Мемлекет

151 Төмендегі категориялардың біреуі мемлекеттің міндетті түрдегі белгісі болып есептелмейді. Қайсысы?

 + орталықтандыру

152 Көпшілік партиялардың пайда болуының басты себебі қандай

 + сайлау құқығының берілуі

153 Саяси көппікірлілік (плюрализм) деген не?

 + көптеген ұйымдардың, саяси күштердің, концепциялардың  бір уақытта қатар өмір сүруі

154 Саяси жүйелерді «ашық» және «жабық» саяси жүйелер деп жіктеуде негізге қандай өлшем алынады?

 + демократияның даму дәрежесі

155 М.Вебер бойынша биліктің легитимділігінің рационалдық жария типі немен сипатталады

 + билік органдарының халықтың сайлап қоюымен

156 ҚР – ның парламент мәжілісі

 + тура сайлау арқылы қалыптасады

157 Төмендегі тұжырымдардың ішінен макиавеллизмді табыңыз

 + мақсат амал-әрекетті ақтайды

158 Жеке адам мүддесін қоғам мен мемлекет мүддесінен жоғары қоюды ұсынып, либерализмнің негізін қалаған

 + Дж.Локк

159 Саяси партияларды «кадрлық» және «бұқаралық» деп жіктеген

 + М. Дюверже

160 Саяси мәдениеттің теориясы қашан қалыптасты?

 + 20-ғ. 50-ші жылдарында  

161 Мына аталғандардан Ш.Монтескьенің еңбегін табыңыз

 + «Заңдар рухы туралы»

162 Мажоритарлық жүйе дегеніміз

 + сайлау кезінде көпшілік дауыс алған кандидаттың жеңіске жетуі қамтамасыз етілетін сайлау жүйесі

163 М.Вебер бойынша легитимділіктің харизматикалық типінің мәні

 + биліктің легитимділігі жеке тұлғаның ерекше қасиеттеріне негізделген

164 Федерациялық мемлекетке мына аталғандардың қайсысы жатады?

 + АҚШ

165 Тұлғаны жан-жақты сипаттайтын анықтаманы көрсетіңіз

 + тұлға дегеніміз саналы өмір сүретін, жан-жақты жетілген, өз ісіне жауап бере алатын адам

166 Ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін сұрау, анықтау қалай аталады?

 + референдум

167 Қоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі өзгеруі саяси процестің қандай түрі арқылы іске асады?

 + революция

168 ҚР Конституциясы бойынша  қанша жасқа толған азамат Сенат депутаты бола алады?

 + 30

169 ҚР Конституциясы бойынша  қанша жасқа толған азамат Мәжіліс депутаты бола алады?

+ 25

170 ҚР Конституциясы бойынша ҚР атқарушы билігін кім жүзеге асырады?

 + Үкімет

171 Қазіргі Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының сипаты қандай?

 + көпвекторлық

172 Шовинизм деген не?

+ мемлекеттегі басым этностың ұлтшылдығы

173 Саяси сана дегеніміз:

 + саяси билік механизмдерінің іс-қызметтерін көрсететін және саяси қатынастар саласындағы адамдар іс-әрекетін, мінез-құлқын бағыттап отыратын адам руханилығының көптүрлі көрінісі

174 Доктриналарды, идеаларды, бағдарламаларды, ұрандарды қамтитын саяси сананың түрі:

 + саяси идеология

175 Айналадағы саяси шындық жөніндегі білімдер жүйесін көрсететін саяси сананың қызметі:

 + танымдық

176 Идеология дегеніміз:

 + қандай да бір топтардың билікке ұмтылысын немесе оны қолдауын негіздейтін доктрина

177 Саясисубмәдениет дегеніміз:

 + қоғамның бір әлеуметтік тобына тән саяси мақсаттар мен құндылықтарының ұлттық саяси мәдениеттен ерекше түрі

178 Азаматтардың билікке заңды ықпал жасау құралдарының көмегі (сайлау, шерулер және т.б.) арқылы белсенділік,саяси өмірде қызығушылықпен, рационалдылықпен ерекшеленетін саяси мәдениет түрі:

 + белсенділік

179 Марксистік теория бойынша мемлекет қалай пайда болды?

 + жеке меншік пен таптардың шығуының нәтижесінде

180 Саяси процесс дегеніміз не?

 + саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуы, өзгеруі, қозғалысы

181 «Қазақ даласындағы жұт жөнінде» еңбегінің авторы:

 + Ы.Алтынсарин

182 Адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің  өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау қалай аталады?

 + геноцид

183 Сайлау жүйелері қандай түрлерге бөлінеді?

 + мажоритарлық, пропорционалдық, аралас

184 Қоғамда қалыптасқан тәртіпті сақтауды көздейтін идеология

 + консерватизм

185 “Халық басқаруы, халық таңдаған және халық үшін қызмет ететін” деп демократияға анықтама берген:

 + А.Линкольн

186 Қазақстанда саяси ғылымдар ассоциациясы  (ҚСҒА) құрылған жыл:

 + 2001 жыл.

187 Қазақстанда саяси ғылымдар ассоциациясының (ҚСҒ негізгі мақсаттары қандай?

+   саясаттану саласының кәсіби зерттеушілерін нығайту, олардың қызметтерін үйлестіру;

188 Әлемдік саяси ғылымда кең мағынасында қоғамның саяси ұйымын, мемлекетті белгілегенде қолданылатын термин:

 +  polity (полити немесе полития) ;

189 Саясаттану ғылымының парадигмасы дегеніміз

 + саяси ақиқатты ұғыну мен түсіндірудің ерекше логикалық ойлау үлгісі;

190 Беделдің, құқықтың, мәжбүрлеудің көмегімен адамдардың мінез-құлқына қандай да бір ықпал етіп, өзінің еркін жүзеге асыру мүмкіндігі мен қабілеті бар биліктің түрі:

 + саяси билік;

191 Саяси жүйенің нормативтік факторы:

 + саяси өмірді реттеуші құқықтық және моральдық нормалар, саяси дәстүрлер;

192 Мемлекет территориясы құрамында федеративтік бөліктер болмайтын, оның орнына, ел (мемлекет) әкімшілік-аймақтық бөліктерге бөлінетін құрылыс формасы:

 + унитарлық мемлекет;

193 Саяси тұтастықтың ыдырауына әкелетін саяси процестің жағдайы:

 + құлдырау

194 Саяси процесті батыстық және батыстық емес түрлерге бөлген ғалым:

 + Л.Пай

195 Аймақтың, тілдің, мәдениеттің, шаруашылық өмір мен тұрмыстың бірлігінде тайпалық қатынастардың ыдырау нәтижесінде қалыптасқан адамдардың қауымдастығы:

 + ұлыс;

196 Ұлттық мүдделерді есепке алуға, үйлестіруге, және іске асыруға бағытталған мемлекет тарапынан жүргізілетін шаралар жүйесі:

 + ұлттық саясат;

197 Шешімдерді қабылдауға, талқылауға, дайындауға азаматтардың өздері қатысатын халық билігінің формасы:

 + тікелей

198 Саяси ғылымда саяси жүйенің бір түрінен екіншісіне өтуін сипаттайтын термин:

+  саяси модернизация

199 Саяси модернизация тұжырымдамасы алғаш рет қашан және қай елде пайда болды:

  + АҚШ-та ХХғасырдың 50-60-шы жылдары

200 Тоталитарлық және авторитарлық саяси жүйеден демократияға өту сатысындағы елдердегі саяси процесстерді зерттейтін саяси ғылымның бөлігі:

 + транзитология

   




1. Особливості фітоценозів Корецького лісництва Рівненського лісгосп
2. Бухгалтерский учет и его место в рыночной экономике
3. Ознакомление детей среднего дошкольного возраста с многообразием животного мир
4. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук
5. тема образования в Республике Беларусь
6. Тема- Построение диаграмм Цель- Проанализировать объем продаж и прибыли предприятия
7. Секс ~ это грязь Увы чаще всего проблемы в сексуальной жизни закладываются в ребенке просто с помощью тра
8. Фридрих Энгельс - Людвиг Фейербах и конец классической немецкой философии.html
9. Получение услуг сети через удаленный компьютер
10. 138 ЕЛЕКТРООСАДЖЕННЯ ТА ВЛАСТИВОСТІ ДІОКСИДУ СВИНЦЮ 02
11. Святые благоверные князья Борис и Глеб
12. считай что каждый день новая жизнь Сенека Нет у вселенной конца но ведь даже мельчайшие вещи Из бе
13. Афонский спор о природе и почитании Имени Божия и его мистико-богословские, философские и лингвистические основания
14. Осуществление права на защиту в уголовном процессе
15. Расследование ведёт Шерлок Холмс
16. их роках ХХ ~ на початку ХХІ століття Простір для розвитку українська економічна думка отримала в 90ті роки
17. 1Лингвистические методы современного языкознания
18. Вариант 2209 Международное публичное право
19. проигрыш вероятность проигрыша Как просчитать оптимальное решение Как использовать формулу EV для а
20. 1 Формирование министерской системы управления финансами в России 7.html