Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

С~леміне ~арап кісіні таны деп бекер айтпа~ан хал~ымыз

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

                                        

Сәлем – сөздің анасы

Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі, тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті.

Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Сәлемдесу арқылы адамдар арасында жақсы қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдар бір-бірлеріне сәлем беру арқылы дос болады, жақындасады. Ал, сәлем болмаған жерде ешқандай да қатынас жақсы нәтиже бермейді.

Сәлемдесу – сағынышты басу, ниеті бір адамдардың жүректен шыққан тілек шашуы. «Сәлеміне қарап, кісіні таны» деп бекер айтпаған халқымыз.

Сәлемдесу – ағайын-туысты жақындату ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату, араздасқанды татуластыру, елдің елдігін, халықтың бірлігін баянды ету. «Сәлем бермеген туысыңнан қадіріңді білген жат жақсы» деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

Дені сау болу үшін адамның өзі ұдайы және айтарлықтай күш жұмсауы керек. Денсаулықты сақтау үшін досыма дене еңбегімен шұғылдануға, дұрыстап тамақ ішуге, шынығу және демала білуге, салмақты бір қалыпты сақтауға, темекі шекпеуге, арақ пен нашаға берілмеуге кеңес берер едім.

Қазақстандағы демографиялық мәселелер туралы

Қазақстандағы демографиялық мәселелердің сипаты айрықша. Ең алдымен, қазіргі кезде экономиканың дамуы адам мүмкіндігімен сәйкес келмей отыр.  Бүгінгі күні экономикалық даму қосымша жұмысшы күшін қажет етеді, ал, қосымша жұмысшы күші дегеніміз - шетелдік жұмысшылардың келуі,  бала туудың көбеюі т.б.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің ақпандағы халыққа Жолдауында «ауылда ғана емес, қалада да бала тууды көбейту керек, мемлекеттің өзі жұмыс беруші болып, тұрғындардың қызығушылығын оятатындай жағдай жасалу керек» деп айтқан. Елбасы, сонымен қатар, қазақ жерінде заңды, заңсыз мигранттар қаптап жүргендіктен, өзіміздің санымызды көбейту керек екенін айтады.

Қазір Қазақстанда кез келген адам, егер басқа мемлекетте өмір сүру жақсы болса, сол жаққа кетіп қала алады. Ал, оларды елден жібермес үшін мемлекет адамдармен жақсы экономикалық, әлеуметтік саясат жүргізуге тиіс және бала тууды молайту үшін жағдай жасау керек. Тіпті 2015 жылға дейін қазақстандық азаматтардың санын 20 миллионға дейін жеткізу керек деп те айтылған. Алайда, Қазақстанда экономикалық-демографиялық мәселе әзірге өзгеріп отырған жоқ. Елбасы айтқандай, Қазақстан «саны жағынан тым кішкентай ел» болып отыр.

«Денсаулық – зор байлық»

Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады.

Ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар - қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды.

Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

Бүгінгі жастар бойындағы отансүйгіштік қасиетті тіліне, елінің болашағына деген сүіспеншілігінен көруге болады. Жастар жастығына қарамастан Жас Отан, Жастар конгрессі сияқты қоғамдық ұйымдарға қатысып, елдің саяси-қоғамдық өміріне белсене қатысып жатыр. 

«Көк тудың желбірегені» әні кез келген азаматтың бойында отансүйгіштік және патриоттық сезімді оятады. Әннің астарында отанға, егемендікке деген ерекше сүйіспеншілік сезім жатыр. Мен бұл әнді ғаламтор желісінен тауып алып, екі-үш мәрте тыңдадым. Әні әсерлі, сөзі ой толғатады.

«Уақыттың жаулары»

Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» ретінде теледидар көп айтады. Теледидар әрбір үйде бар, кез келген адам теледидар көріп өз уақытын өткізуге тырысады. Ал сол уақытты білім мен ғылым ізденуге, денені шынықтыруға неге жұмысамаймыз?! Әрине бұл қиын сұрақ. Сонымен қатар қазіргі таңда уақыттың жауы ретінде ғаламторды атауға болады. Ғаламтор желісіне бір кіргеннен барлық жаңалықты оқып, барлық әлеуметтік желілерде отыр болмайынша шықпаймыз. Бірақ, ғаламтор мен теледидардың жағымды жақтарын да ұмытпау қажет.

Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз. Тағы да қазіргі заманның озық техникасы телефон «жауымыз». Телефон арқылы хал-жағдайды сұрасып, көп уақытымызды жұмсау мүмкін.

«Отбасындағы бақытты өмір»

Отбасы дегеніміз – туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер, дәстүрлер адамға өмір бойы серік болады.Отбасындағы бақытты өмір балаға болашаққа ұмтылуға мүмкіндік береді. Мұндай балалар келешекке үлкен үмітпен, зор ықыласпен қарайды.

Отбасындағы бақытты өмір деп нені түсінеміз. Біріншіден, ол - ата-ана арасындағы сыйластық. Екіншіден, отбасыда бар қарияларды, ақсақалды аталарды, ақ жаулықты әжелерді сыйлау. Сондай-ақ жылы туыстық қарым-қатынас. Осындай бақытты отбасында өмір сүрген әрбір бала келешекте өзі де үлгілі, бақытты отбасы құрады.

Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

«Біз уақытты қадірлейміз бе?»

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт.

Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.

Уақыт тез өтеді. Адам баласының ғұмыры «қамшының сабындай» қысқа.

Уақыт қайтып келмейді және орны толмайды. Әрбір өткен күн, таусылған сағат, жылжыған сәтті қайтару мүмкін емес, демек олардың орны да толмайды.

Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көксандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.

Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз.

Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді. Сол себепті біз уақытты қадірлеуіміз қажет.

Мемлекеттік рәміздер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттіктуы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ШәкенНиязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» дегенжазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

Бұрын «МеніңҚазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әні – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Ұлттық тіл туралы.

Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады.

Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХV ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады.Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті.

Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебесін алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен ғылымды дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілін өркендетудің мемлекеттік бағдарламасы жасалған. Біздің елімізде қазақ тілін оқып-үйрену, білу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.

«Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік»

Өткен ғасырдың соңына таман 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдың 25 қазанында тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды. Ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар бар. Солардың ішінде екі жүздей ұлт ғана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Тәуелсіздіктің арқасында біз ілгері дамып келеміз. Біздің жеріміз қазба байлықтарға бай.

Қазақ халқы – тәуелсіздік үшін күрескен, азаттыққа лайықты халық. Оны нығайту жолында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тәуелсіз еліміздің өз Конституциясы,  елтаңбасы, туы және әнұраны бар. Әрбір азаматтың парызы – Отанын қорғау, мемлекеттік рәміздерін білу, құрметтеу.

"Шын патриот адам қандай болу керек?"

Патриоттық сенім бар жерде мемлекеттің тұтастығы артады. Қазіргі кезде әртүрлі діндердің, ұлттардың өкілдері мекен ететін Қазақстан  - баршамыздың ортақ үйіміз. Осы ортақ үйіміздің шаңырағы биік, болашағы жарқын болуына бәріміз мүдделіміз. Егер еліміз осындай берік болса, онда біздің де жағдайымыз жақсы болмақ. Осыны түсінген адам, соған қызмет еткен азамат – өз елінің шынайы патриоты. Отаншылдық сезім – тек елімді сүйемін деуден ғана тұрмайды. Патриоттық сезім – ең алдымен еліңнің тарихын, дәстүрін, тілін жақсы білуден басталады. Еліңнің өткенін жақсы білсең, - бүгіннің қадірін ұғынасың. Сондықтан, әсіресе, жас ұрпақ елінің өткенін білгені жөн. Біздің патриоттық сезіміміз еліміздің жетістіктеріне сүйсінуден айрықша байқалады. Мәселен, Қазақстанның әлемдегі беделінің артуы, қазіргі кезде Астананың өркениетті дамуы, экономикадағы  жетістіктер. Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізді әлемге танытудың үлкен бір жолы – өнер мен спорт саласында.

Әрбір адам ең алдымен өз елін мақтан ете білуге міндетті. Қазақ елінің тарихы терең болмаса осынша алып жерді иемденбес еді. Қазақстанның басты халқын құрайтын қазақ халқының ерлігі мен елдігі болмаса дербес мемлекеттікке де жетпес едік. Ал бүгінгі таңда ұлтына қарамастан әрбір азамат қазақ елін шын мақтаныш етіп, соған қызмет етсе, онда біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылады. Сондықтан еліміздің нағыз патриоты бола білейік.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл – жұрттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен ой толғатып, «мемлекеттің басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен бірге ана тіліміздің болашағы» денег болатын.

«Ана тілі – жан дүниеміздің айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерегі» – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай әрбір азматтың жүрегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі болу керек. Себебі қазақ тілі –  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылғандықтан, іс – қағаздардың барлығы мемлекеттік тілде жазылуы керек.

Ал елдің болашағы дегеніміз салауатты ұрпақ. Салауатты ұрпақ – өз ана тілінде  еркін сөйлей алатын, оны терең меңгергең ұрпақ.

Тіл тағдыры – ел тағдыры.

Үйлену туралы салт-дәстүрлер.

Жақында менің ағам үйленеді. Үйлену тойына дайындық кезінде қазақ халқында үйлену кезінде атқарылатын бірнеше түрлі салт–дәстүрлер бар екендігін білдім. Олар – құда түсу, неке қию, беташар және т.б.

Қазақ халқында бұрынғы заманнан бастап қазірге дейін ұмытылмай келе жатқан - құда түсу салты. Ұл баланың әкесі туыстарымен бірге болашақ келінінің үйіне құда түсуге барады. Қызға сырға тағылып, оны ұзататын күн белгіленеді.   

Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады. Құдалар кетердің алдында бір–біріне «киіт» береді. Қазіргі уақытта біздің жақтарда қызға «қалың мал» берілмейді, бірақ «киіт беру» салты мен басқа салт–дәстүрлер сақталған.

Қызға құда түсіп, қыздың келісімін алған соң, жігіт жағы «өлі–тірі» сыйлығын беріп жібереді. Ол – сойысқа жарайтын мал. Бұл – «осы құдалыққа тірілер ғана емес, өлі әруақтар да риза болсын» деген игі ниеттің белгісі болып саналады. Қазіргі күні көбінен оны ақшалай береді.   

Құдалық кезінде қазақтың ұлттық салт–дәстүрі бойынша, құдаларға малдың құйрық–бауырынан табақ тартылады.

Ұзатылған қызға анасы «жасау» береді. «Жасау» –  қызға анасы сыйға тартатын үй жабдықтары және басқа сыйлықтар.

Неке қияр – жас жұбайлардың неке қию дәстүрі. Ол екі жастың өміріндегі аса қымбат күн болып есептеледі. Менің ағамның неке қиюы "Нұр Астана" мешітінде өткізіледі. Молда кесеге неке суын құйып, куәгерлерді шақырады. Жастардың үйленуге ризалығын алған соң, молда оларға неке суын ішкізеді де, олардың бұдан былай ерлі–зайыпты екендігін айтып, жас отбасыға бақытты өмір тілейді.

Бұдан соң, некесі қиылған жас келіншектің беташары өткізіледі. Бұл – жас келінді жігіттің туыстарына, жора–жолдастарына таныстыру деген сөз. Сонымен қатар, келінге де жігіттің туыстары жайлы мағлұматтар беріледі. Беташар ойын–күлкі, әзіл–қалжың жағдайында өтеді. Беташардың соңында ақын (бет ашушы) жас келінге деген тілек, ниеттерін айтады.

Ұлттық мәдениет туралы.

Қазақ жерінде мәдениет ерте кезден бастап дамыған. Оған еліміздің әр өңірінен табылып жатқан ортағасырлық көне қалалардың орны, мәдени бұйымдар басқа да алуан-алуан заттар куә. Мысалы Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен табылған алтын адамдар, әртүрлі бұйымдар мен әсем безендіріліп жасалған қару-жарақтарды атауға болады. Қазақ жері мәдениетінің дамуына «Ұлы Жібек жолы» үлкен ықпал етті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Яссы сияқты мәдениеті дамыған ортағасырлық қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болған. Ахмет Иассауи, Арыстанбаб кесенелері, Айша бибі, Алашахан мазарлары мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсетеді. Жоғарыда аталған қалаларда әдебиет, музыка, сәулет өнерлері айрықша  дамыды. Ұлттық мәдениетпен бірге, тайпааралық, ұлтаралық дәстүрлер де көптен-көп дамыды. Сондықтан сол кездің өзінде мәдениетаралық байланыстардың бірте-бірте өрістегенін аңғарамыз.

Қазақ мәдениетінің дамуына сәулет өнерімен бірге музыка өнері, қолданбалы өнер әсер етті. Қазақ даласының әр түкпірінде осындай өнерлердің өзіндік дәстүрлері қалыптасты. Мәселен, Сыр өңірінің, Арқаның, Жетісудың, Еділ мен Жайық атырабының ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлерінің өзіндік сипаты болды. Бұл қазақ мәдениетінің жан-жақты дамуына ықпал жасады.

Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері – ою-өрнектерден айқын аңғарылады. Ою-өрнектердің алуандығы мен байлығы, әсіресе, киіз үй бұйымдарынан көрінеді. Алаша, текемет, сырмақ, желбау, тұскиіз, кілем, сандық беттеріндегі бейне-нақыштар далалық мәдениеттің эстетикасы.

Қазақстан мәдениеті жалпы адамзат дамуы сияқты ХХ ғасырда айрықша өркендеді. Қазақстанның театр, бейнелеу өнері, кино өнері, саз өнерінің қазіргі заманға сай түрлерінің дамуы – мәдениетімізді жаңа деңгей-дәрежеге, сандық-сапалық белеске көтерді.

Адам бойындағы мінездің қалыптасуы.

Мінездің мәні мен мағынасының ұғымы кең. Ол – адамның бар болмысын, сезімін, көзқарасын қаз қалпында елестетеді.

Адамның мінезі өзгере ме?

Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды.

Одан соңғы кезеңде адамдармен қарым-қатынас, қоғам мен орта, еңбек, тіршілік, ізденіс пен талпыныс, сәттілік пен сәтсіздіктің әсерімен тұрақты мінез қалыптасады. Кейде, әсіресе жастық шақта, үлгі тұтқан азаматтарға еліктеп немесе тағдыр тәлкегімен тектілік мінезде жасандылықтың пайда болуы мүмкін. Бірақ ол табиғи бітімге терең сіңбейді. Мінез бұрынғы қалпына тез түседі.

Мінездің көрінісі өте көп. Адамды әр қырынан танытатын мінез екі бағытты: ақылмен астарлас келісті мінез және қым-қиғаш қылықты теріс мінез.

Көңіл шалқытар жадыралық, шабыт шақырар жарқындық, адами ажарды ашу, асаулықты басу – келісті мінез. Ал, тұрлаусыз ауытқымалы, ала көңілді, шиелі, кінәмшіл, қырсыз, қыңыр – теріс, жағымсыз мінез.

"Астана - мақтанышым"

Астана – Қазақстанның  бас қаласы. Есіл – әдемі өзен. Астанада жаңа қала салынып жатыр. Жаңа қалада үлкен әдемі ғимараттар көп.

Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің  әкімшілік-саяси орталығы.  Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт  талабына сай дамыған  қала. Бас қаламыздың тарихы ертеден басталады. Қазіргі зерттеулерде қала маңында  ортағасырлық Бозоқ қаласының  орны табылды. Ал жаңа дәуірге келсек, 1832 жылы Есіл өзенінің жағалауына Ақмола сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Ақмола, одан кейін – Целиноград деп аталды. Ал 1992 жылы Ақмола атауы қалпына келтірілді.  Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы деген атауға ие болды.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мәдени, экономикалық дамуында Астана қаласының орны айрықша. Қалада қазіргі заманға сай көптеген ғимараттар салынуда. Әсіресе, Есілдің сол жағалауына салынған жаңа қала ерекше сәулетімен көзге түседі. Қаланың бұл бөлігінде мемлекет басшысының резиденциясы «Ақорда», сенат, парламент, министрліктер үйлерімен бірге «Бәйтерек», Ислам орталығы, Тәуелсіздік,  Бейбітшілік пен келісім, Оқушылар сарайлары сияқты аса көрікті нысандар көз тартады.

Бәйтерек монументі – Астананың мақтанышы. Оның биіктігі – 105 метр. 97 метр биіктікте көру алаңы орналасқан. Адамдар бұл жерден бүкіл Астананы алақандағыдай анық көреді.

Астана қаласы бүгінгі таңда республикалық автокөлік және темір жол салалары мен әуе жолдарын байланыстырып тұрған ірі тасымал торабына айналды.  Елордамызда экономиканың бірнеше салалары: машина жасау; құрылыс материалдары өнеркәсібі; энергетика; полиграфия өнеркәсібі; жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, байланыс және телекоммуникация дамыған.

Астана - менің туған қалам. Мен осы қалада тудым, өстім және мектепке бардым. Мен туған қаламды мақтан тұтамын. Ел мақтанышы Астана – ХХІ ғасыр қаласы ретінде әлемдік өркениеттен лайықты орынға ие болып келеді.

"Ұлттық дәстүрімізді құрметтейік"

Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу, оны сақтау және құрметтеу баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады.

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй  мәселесі

1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайдың жасалуы қаралған. Тұрғын үй мәселесі өмірдегі ең басты мәселе болған және бола да береді. Ф.Энгельс: «Бір нәрсені өндіру үшін адамдардың тамағы, киімі және баспанасы болу керек...»,-деген.

1993 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен «Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асырудың механизмдері» бекітілді.  

1992 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексі қабылданды. Қазіргі кезде негізгі заңшығарушы актілердің қатарында ҚР-ның 1997 жылғы 16 сәуірде қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы жатады.

Тұрғын үй заңдылығы жатақханалар мен қызметкерлерге берілетін мекемелердегі мекенжайларды бөлу мәселесімен де шұғылданады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әр адамға 15-18 шаршы метр, ең кемі бір бөлмелі пәтер беріледі.

Мемлекеттік немесе әскери, бюджеттік ұйымдарда қызмет істемейтін азаматтар табысы аз, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалатын азаматтар болып есептеледі. Оларға тұрғын үй ҚР Үкіметі белгілегендей көлемде, ең кемі бір бөлме беріледі. Табысы аз әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтар «Тұрғын үй туралы»  Заңның 68 бабымен белгіленген.  Оларға І-ІІІ топтағы мүгедектер мен ҰОС-на қатысушылар, көп балалы азаматтар, зейнеткерлер, оралмандар, толымсыз отбасылар, мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жатады.

Үйге телефон шалу.

Анашым сәлеметсіз бе?! Қалдарыңыз қалай? Әкемнің қалы қалай? Ата-әжелер қалай? Денсаулықтарыңыз қалай? Менде бәрі жақсы, тамағым тоқ. Тонып жүрген жоқпын. Сіздерде не жаналықтар бар? Бауырларымның сабақтары қалай? Сіздердің тілдеріңізді алып жүр ме?! Бәріне үлкен сәлем айтыңыз! Сау болыңыздар!

«Отансүйгіштік – ұлы қасиет»

Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.

Отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған  бауырларымен  тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.

Өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.

Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны –өз  үйі. Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде.

Қазақстанның дипломатиялық қатынастары

Экономикалық және саяси байланыстарды дамыту, Қазақстанның Азиядағы рөлі мен орнын нығайту, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан азиялық рыноктарға орналасуды кеңейту үшін – Сингапур, Корея Республикасы, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Вьетнам сияқты жаңа индустриалды елдердің біздің еліміз үшін маңызы зор. Қазақстандық дипломатияның алдында осы елдермен ұзақ мерзімді перспективаға арналған өзара қарым-қатынастың тиісті жүйесін құру міндеті тұр.

Оңтүстік Азияда Үндістанмен және Пәкістанмен қарым-қатынастың зор мәні бар. Бұл елдердің саяси беделі мен экономикалық әлеуеті және олармен ынтымақтастық жасасуға біздің іс жүзіндегі тұрақты ұмтылысымыз өзара байланысты.

Түркиямен қарым-қатынастың Қазақстан үшін орны бөлек.

Ұзақ мерзімді перспективада Еуропалық Одақтың орны бөлек.

Үшінші мыңжылдықтың басы Қазақстанның сыртқы саясатында жаңа үрдістердің - еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің негіздерін нығайтуға және дамытуға бағытталған саяси прагма-тизмнің пайда болуымен сипатталады. Қазіргі уақытта біздің еліміз осы заманғы әлемдік қоғамдастықтың барлық үрдістерімен тығыз байланыста қаралады. Қазақстан сияқты ірі еуразиялық мемлекет үшін сыртқы саясаттың орасан зор маңызы бар.

«Көк тудың желбірегені – жаныма қуат береді»

Тәуелсіздікті ата – бабаларымыз ғасырлар бойы аңсады, бірақ ол бізге оңай жолмен келген жоқ. Көк туымыз көкке көтеріліп, әрбір азаматқа қуат берді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері  қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді.   Әлемдік қауымдастық алдында  «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің бар екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан – жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның  өз жарқын бейнелері пайда болды.

Досымның туған күні. 

Айнұр - менің сүйікті қүрбым. Біз бірінші сыныптан бастап он бір жыл бойы бір сынып оқыдық. Оның ертең туған күні. Мен құрбыма әлемдік классикалық әдебиет шығармаларының бір туындысын сыйға тартамын. Мен құрбыма келесі ізгі тілегім мынадай: Айнұр, қүрбым, саған мықты денсаулық тілеймін. «Дені саудың жаны сау» дейді халқымыз. Отбасын бақытты болсын! Әке-ана мен ағанның қасында еркелеп өсе бер. Еліміздің елеулі азаматшасы бол. Оқуын жемісті болсын. Құттықтаймын!

Бүгінгі күннің талабы – жақсы білім алу, тілдерді меңгеру

Бүгінгі таңда әлем, қоршаған орта күн сайын ауысып, дамып келеді. Біз жастар - еліміздің болашағымыз. Бүгінгі студент ертеңгі инженер, экономист, мұғалім. Болашақта ел басқаратын да, халықтың қамын ойлап парламентте депутат болатын да бүгінгі жастар. Сондықтан біз бүгіннен бастап дайындалуымыз керек. Біздің дайындығымыз – бұл жақсы білім алу, тілдерді меңгеру. Достым, біз заманымызға сай жақсы азамат боламыз гой, иә?! Мен қазіргі таңда елімізді үш тіл білемін. ОЛар: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі. Болашақта мен испан және француз тілдерін меңгеруді жоспарлап отырмын.

«Спорт – денсаулық пекілі» 

Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Біз денсаулығымызды сақтау үшін көп кқңіл бөлуіміз керек. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресі спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

Қазақ диломаттары туралы.

Қазақстанның бет алды дипломаттары ретінде Қасымжомарт Тоқаевты атауға болады. Қ.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірісімен КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданды. 

Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін Тоқаев Сыртқы істер министрі қызметін, Премьер-Министр қызметін атқарды, кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангі берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси ғылымдар докторы. Халықаралық қатынастар сұрақтары бойынша алты кітап пен бірқатар мақалалардың авторы. Сондай-ақ, ол Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және докторы, әрі оның Қамқорлық кеңесінің мүшесі. Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің Құрметті деканы.

Сонымен қатар, Қазақстан дипломаттарының бірі Нұртай Әбіқаев.

Әбіқаев - мемлекеттік қайраткер, инженер-механик, генерал-майор (1998), экономикалық ғылыми докторы (2000).

Ол еліміздің көптеген салаларында қызмет етті. Соның ішінде елшілік қызметке өор еңбегі сінді. 1995 жылдан бастап Әбіқаев Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы және қосымша қызмет ретінде Швеция Корольдігі, Норвегия, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2000 жылдан - ҚР Сыртқы істерінің бірінші вице-министрі; ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2004 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының 2-ші шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы. 2005 жылдың қараша айынан - ҚР Парламенті Сенатының 3-ші шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы. 2007 жылдың ақпан айынан - ҚР- ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 2008 жылдың қазан айынан -  2010 жылға дейін ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Н.Ә. Назарбаев Алматы облысы Қаскелен ауданында 1940 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Жұбайы – Сара Алпысовна Назарбаева, балалары – Дариға, Әлия, Динара.

Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан елінің  Көшбасшысы. Ол – халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға. Экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл – ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшы.

Нұрсұлтан Назарбаев - тәуелсіз еліміздің тұңғыш президенті. Ол 1990 жылдан бері ел басқарып келеді. Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл  тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемелекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады.

Н. Назарбаев инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Шын мәнінде, жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық өрлеу – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елі өз өндірісін қарқынды жаңғырту жолына түсті.

Қазақстан және халықаралық ұйымдар.

Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді.

Қалыптасқан географилық орналасқан орнын бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысып келеді.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды. Қазақстан БҰҰ-ға ядролық қарусыздану жолында тұрған мемлекет ретінде енді.

Біздің еліміз - Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымының, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі.  

Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кірді.

Біздің еліміз қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара ынтымақтастықты нығайтуда. Бұл Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазақстанның қатысуы әлемдік нарықта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін жақсы саты болып табылады.

Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа көп көңіл бөледі.

Кешегісі және болашағының салыстыру.

Қазақ жерінің тарихы өте ежелден басталады. Ал қазақ халқының дербес мемлекет болуы, бұл ХV ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандар құрған Қазақ мемлекеті өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Кеңес тұсындағы отаршылдыққа қарсылық 1986 жылығы Желтоқсан көтерілісінде көрінді. Бұл  жастардың тәуелсіздікке ұмтылуы болатын. 1991 жылы қазақ елінің тәуелсіз болуы – сан ғасырлық күрестің жемісі. Қазақ халқы – тәуелсіздік үшін күрескен, азаттыққа лайықты халық. Оны нығайту жолында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді.

Бүгінгі Қазақстан – егемендік туы көкте желбіреген, тіліміз бен дініміз жаңғырған дамыған ел. Ал біз осы елдің болашағымыз. Ең басты құндылығымыз – тәуелсіздік.

Мәдениеттілік адамның сөзінен, киім киісі мен жүрістұрысынан білініп тұрады. Қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай білмейтін құрбы, құрдастарыңызға не айтар едіңіз?

Мәдениеттілік отбасыдан бастау алары сөзсіз. Отбасында алған тәрбиеге қарай әрбір бала болашақ өмірінде өзін-өзі дұрыс ұстау, дұрыс жүріп-тұруды үйренеді. Қоғамдық орындарда әртүрлі нәсіл, әлеуметтік жағдайы түрлі адамдар жүреді. Сол себепті қоғамдық орындарда өз мәдениеттілігімізді жоғары ұстануымыз қажет.

Мен Лондон олимпиадасының барысын отбасыммен бергі теледидар алдында бақылап, өз спортшыларымыз үшін жан ашыр болып, бірге қуанып отырдым. Әсіресе Илья Ильин ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жемпионы атанған кезде көзіме жас келді. Серік Сапиевтің соңғы шешуші шаршы алаңға шыққандағы сәттерді де бастан аяқ көрдім. Әнұранымыз шырқалып, Көк туымыз көкке желбірегенде тік тұрып бірге шырқадым. Қуанышымда шек болған жоқ. Барлығымыз бір-бірімізді құттықтап, өзіміз дүркін жеңіске жеткендей сезімге бөлендік.

Әрбір өткен күн, таусылған сағат, жылжыған сәтті қайтару мүмкін емес, демек олардың орны да толмайды. Сіз уақытыңызды жоспарлайсыз ба?

Сіз уақытыңызды жоспарлайсыз ба?
Иә, мен уақытымды жоспарлаймын, өйткені бұл, меніңше, өте маңызды: уақытымды жоспарлағанда, мен өз уақытымды тиімді пайдаланамын.
Міне менің күн тәртібім:
Таңертең сағат жетіде тұрамын. Жаттығу жасаймын, жуынамын, киінемін, таңғы асымды ішемін.
Университетке сағат жеті жарымда шығамын.
Сабақ сағат сегізде басталып, сағат екіде бітеді.
Сабақтан соң түскі тамағымды ішіп, демаламын. Сағат үштен төртке дейін түрлі үй жұмыстарын атқарамын. Сағат төрттен алтыға дейін кітапханаға барып сабаққа дайындаламын. 
Кешке теледидар көремін, кешкі асымды ішемін, кітап, газет-журналдар оқимын, компьютерде жұмыс істеймі.
Ұйықтауға сағат он бірде жатамын.
Демалыс күні кейде достарыммен қыдырамын, киноға барамын, ата-анама көмектесемін.

Уақыт алтыннан да кымбат.

Уақыт әрқашан адамның омірінде өте маңызды орын алған. Осы 21 ғасырда, технология дамыған кезде, бізге уақытты аса бағалау керек. Қазір көптеген адамдар, әсіресе балалар мен жасөспірім, өз алтын уақытын бекер өткізеді, өйткені көп компьютерлік ойын ойнайды, теледидардың алдынан кетпей, жылжымай отырады, ғаламтордан шықпай отырады. Осы бәрі адамзатты деградацияға ұшыратады. Бостан бос уақытты өткізгенше, қазіргі ұрпаққа кітап оқып, өз ойлау қабилетін арттыру керек. Уақыт алтыннан да қымбат деп босқа айтпайды, бұл сөздердің мағынасы өте дұрыс.Уақытың өтсе, оны қацтарып алмайсың, сондықтан оны қастерлеу қажет. Оны алтын бұ»ымдарды сияқты сатып алалмайсың. Осы уақытты дұрыс өткізсек, біз, біріншіден, өзімізге, екіншіден, елімізге жақсы істейміз, пайда алып келеміз. Егер біздің еліміздің бүкіл халығы жалқау болмай, өз уақытымен дұрыс пайдаланатын болса, біздің мемлекетіміз гүлденеді, дамыйды.

Аурудың пайда болу себептері және оны алдын-алу

«Денсаулық — зор байлық.»,-дейді халық. Аурып қалсаң-аурудан емделеу керек. Адамның күнделекті өмірінде әр-түрлі аурулар әр кадамда кездесуге болады. Сондай-ақ, дені сау болу үшін,ең біріншіден,өзі сақтау керек. Көп аурулардың саны суда,аста да тығылады. Сол себептен әрқашан гигена ережелері қолдану кажетпіз. Екіншісі, ол-ауа райы арқылы кию. Мысалы: Ауа райы суық болса да-жылы киім кию керек. Аурулар адамдарға ешқашан да жаман әсер етеді, былай деп ойлаймын. Өзін тонуста сезіну үшін-аурулардан қашу керек.

Сыртқы маңызды саяси оқиғалардың арасынан еліміздің 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) кіргендігін, Европадағы қауіпсіздік және әріптестік Ұйымына (ОБСЕ), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымына (ЮНЕСКО), Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) мүше болуы, өзге де кеңес дәуірінің мемлекеттерімен ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қоюы (ДКБ), Азиядағы сенімді өзара қарым-қатынас және шаралар қабылдау жөніндегі Кеңес құру бастамашылығын көтеру (СВМДА)атап өткен жөн.

Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың жетекші қатысушысы, сонымен қатар, әр түрлі мемлекетаралық және интеграциялық жобалардың бастамашысы ретінде маңызды рөл атқарады. Біздің Қазақстан тарихындағы салтанатты жетістігі және оның саяси салмағы мен беделін сыртқы әріптестерінің жалпылай мойындауының айғағы еліміздің 2010 жылы ОБСЕ төрағалық етуі болды.

Қазақстан үшін БҰҰ өзіне қажетті мәселелерді көтеру және халықаралық деңгейде өзін тиімді бағыттау үшін жақсы алаң болып табылады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында жұмыс истейді.

Қазақстан ШОС және  ОДКБ, ең алдымен, оның ұлттық қауіпсіздігінің әлеуетті кепілі, ол өз кезегінде республиканың ұлттық мүддесін қорғаумен байланысты тұрғыда.

ТЮРКСОЙ Қазақстан үшін өзге түркі тілді елдермен өз ара қарым-қатынасты қамтамасыз етудің шешуші тетігі болып табылады. Ол өзінің саяси толықтыруын 2009 жылы дұрылған Түркі тілдес мемлекеттердің әріптестік Кеңесі тарапынан алды.

Сонымен, Кеден одағы және БЭК келсек, еуразиялық интеграция үрдісі шегінде барлық күрделі және әр түрлі сәттердің тоғысуын пікір білдірушілер Қазақстанның аталған ұйымға қатысуын оның ұлттық мүддесіне қайшы келетінідігіне қарай бұрмалады.

Қазақстанның ұлттық мүддесіне аз әсер ететін ұйымдар — Солтүстік атлантика шартының аясындағы Ұйымы (НАТО), Евро-Атлантикалық әріптестік кеңесі және «Бейбітшілік үшін Әріптестік» бағдарламасы, сондай-ақ Экономикалық әріптестік ұйымдары (ЭӘҰ)

Қазақстаннның кез келген халықаралық бастамашылығы тек республикаға ғана емес, ең алдымен  оның азаматтарына да саяси және экономикалық тиімділік әкелетіндігін түсіну қажет. Әсіресе бұл бүгінгі күні республикамыз Ресей және Беларусиямен бірлесе отырып 2015 жылы Евразиялық экономикалық одақ құру бағытында интеграциялық жобаларды жүзеге асыру кезінде өзекті болып отыр. 

Жұмыссыздық туралы.

Мысалы, мен халықаралық құқықты бітіріп, жұмыс таппай қаламын, бұл жағдайда мен немесе тағы бір жоғары білім алуға тырысамын, енді басқа мамандыққа оқимын. Мысалы, мен химияны жақсы білемін әрі жақсы көремін, сондықтан химияға байланысты мамандыққа оқимын. Әрі химия саласында мамандар талап етілген. Немесе шетелге барып, сол жерде өз мамандықпен байланысты жүмыс істеймін.

Қоғамдық көлік.

Меніңше, мынандай да сияқты мәселе-мәселе емес, өйткені біздің елімізде әр адам өзіне ұнайтын тілмен сөйлеу деген мүмкіндігі. Сол себептен, мен былай деп ойлаймын, қоғамдық көлікпен пайдаланғысы келсе, мемлекеттік тілін біл, немесе жеке көлікпен пайда. Ол менің карапаыйм, қатал шындығым.

Түскі ас.

Университет асханасына тамақтануға барған кезде мен көбіне шай ішемін. Шайға тоқаш, шоколад аламын. Кей кездері түскі ас ішуге барамын. Түскі ас ішуге барғанда, мен палауға тапсырыс беремін. Палаумен бірге нан және салат аламын.




1. Конкурс Волшебников Ав
2. Процесс доказывания по делам о преступлениях в сфере высоких информационных технологий
3. Лабораторная работа 19.html
4. ЦЕНТР ОТДЫХА ЗЕРЕННУР Новогодняя сказка в Центре отдыха ЗеренНур 31 декабря
5. Современное естествознание Модельный подход к анализу научной теории- основные принципы и понятия
6. темами организации дорожного движения для соответствующих дорог чтобы гарантировать чтобы мы прибыли туда
7. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Вінниця Ї
8. Тема- Исследование возможностей программы схемотехнического моделирования Electronics Workbench студентов
9. УтверждаюДиректор ГОБУ СПО СБМК 1 курс
10.  Использование Microsoft PowerPoin
11. I. Основные положения- Победителем в бою считается команда захватившая базу или уничтожившая все танки прот
12. Филиппов Тертий Иванович
13. Особый слой представляют руководители приватизированных предприятий среднего и малого бизнеса которые за
14. Постмодернізмлат
15. знания религиознофилософские трактаты которые создавались пришедшими в Индию после XV в
16. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Хар
17. тематичних наук Харків ~ Дисертацією є рукопис Робота виконана в Ін.html
18. Вариант 16 Содержание Теория символических форм Э
19. на тему ББББББ Вера в пророков является одним из основных положений религии ибо вторая часть шахады сви
20. Методические указания и контрольные задания по химии