Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

КОММУНАЛДЫ~ ГИГИЕНАДАН ПРАКТИКАЛЫ~ САБА~~А АРНАЛ~АН О~УЛЫ~

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

PAGE  153

                                                                                                                                                      

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Б.А. НЕМЕНКО, Д.Б. БЕККАЗИНОВА,

Г.А. АРЫНОВА, Г.Б. ЕЛҒОНДИНА

КОММУНАЛДЫҚ ГИГИЕНАДАН      

    ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА

         АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік орталығымен медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық ретінде ұсынылды  

                                         АЛМАТЫ – 2012.

ББК

Н

Пікір білдіргендер:

     Ү.И. Кенесариев   – медицина ғылымының докторы, профессор, ҚазҰМУ жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі.

    А.Ж. Шарбаков    –  медицина ғылымының докторы, кафедра меңгерушісі.

   А.А. Амереев –  медицина ғылымының докторы, эпидемиология кафедрасының меңгерушісі.

     

                                                                                                                                          

            Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Елғондина Г.Б.

Н 50       Коммуналдық гигиенадан практикалық сабаққа арналған оқулық: Оқулық. – Алматы, 2011. –  431 б.

ISBN  

 Ұсынылған  оқу құралында коммуналдық гигиенадан өткізілетін  тәжірибелік сабақтың  медициналық жоғарғы оқу орындарының  бағдарламасына  сай толық курсы берілген.Осы басылымда  соңғы жылдары өзгерістер мен  толықтырулар  көрсетілген. Санитарлық дәрігерлер  білуі тиіс  қосымшалар  , түзетулер  оқулықтың негізгі  мақсаты және мазмұны . Санитарлық эстертиза жобасында  практикалық өзбетімен қызмет атқаратын қызметкерлер  үшін  . Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық заңнамаларындағы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар ескеріліп қарастырылған. Оқулықта Қазақстан Республикасы аймағында күшіне енген Санитарлық ережелер мен нормаларға, сызба материалдарын оқып, түсіну, қауіп-қатерлік факторларды бағалау кезіндегі өзіндік жұмысына ерекше көңіл бөлінген.  

Оқулық  жоғарғы оқу орындарының студенттеріне  арналған .        

                                                                                                      ББК

Н  4105070000

ISBN  

 

 

                                                              @ Неменко Б.А., Бекказинова Д.Б.,                                                                                                                              Арынова Г.А., Елғондина Г.Б. 2011

                                                                     

                                          А Л Ғ Ы СӨ З

2003 жылға дейін Қазақстанда медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне коммуналдық гигиена пәнін оқыту бұрынғы кеңес одағындағы қулықтар негізінде жүргізілді. Бірақ Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін, бұрынғы кеңес одағындағы бекітілген барлық нормативтік актілер бұл аймақта қолдану күшін жойды және осыған орай барлық санитарлық заңнамалар толығымен қайта қарастырылды. 2003 жылы Қазақстан Республикасында орыс тілінде жоғарғы оқу орындарына арналған алғашқы отандық «Коммунальная гигиена» оқулығы, 2004 жылы осы оқулық мемлекеттік тілде, сонымен қатар одан кейін медициналық колледждерге арналған оқулық 2 тілде де шығарылды.

Жоғарыда айтылғандарға орай, Мемлекеттік стандартқа және типтік бағдарламаға сәйкес отандық «Коммуналдық гигиена пәні бойынша практикалық сабағына арналған оқулық» шығару қажеттілігі  туындады, соңғы коммуналдық гигиена пәні бойынша практикалық сабаққа арналған басшылық оқулығынан (Гончурук Е.И., 1990 ж.) айырмашылығы бұнда «жобаның графикалық материалдарын оқып түсіну» бөлімі бар және Қазақстан Республикасының барлық негізгі санитарлық заңнамалары бойынша нормативтік актілері берілген. Оқулықта Ленинградтық санитарлық-гигиеналық институттың кейбір мәліметтері қолданылды (проф. В.А. Рудейко), сонымен қатар академик Ю.А. Рахманиннің басшылығымен өңделген қауіптілік факторлар концепциясының принциптері қолданылды.

Бұл оқулықта коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің сумен қамтамасыз ету, жер беті және жер асты суларын және атмосфералық ауаны қорғау, тұрғын және қоғамдық ғимараттар құрылысын салу, көліктік шуды бағалау сияқты жобаларға сараптама жүргізу кезіндегі өзіндік жұмысына ерекше көңіл бөлінген. Ағымды санитарлық бақылау кезінде қоршаған орта нысандарынан сынама алу әдістеріне және қазіргі заманғы аналитикалық аспаптарға аса көңіл бөлінген. Коммуналдық гигиенаның бөлімдері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің әдістемесі берілген және оларға нақты мысалдар келтірілген.

Қазақстан Республикасында алғаш рет ауадағы өлшенді заттарды гигиеналық бағалау әдістемесі атмосфералық ауаның ластануының интегралдық көрсеткіші ретінде қарастырылған. АҚШ қоршаған ортаны қорғау Агенттілігінің зерттеулерінде қолданылған атмосфералық ауа мен ауыз судың ластануы кезіндегі тұрғындар денсаулығы үшін қауіптілік факторын есептеуге арналған әдістемесі студенттерге қажетті болып табылады, өйткені ол санитарлық дәрігердің жұмысында қолданылады.

                             Қысқартылған сөздер

МЕСТ – мемлекеттік стандарт

ӘН - әдістемелік ұсыныстар

ҚНмЕ – құрылыс нормалары мен ережелері

ВҚН – ведомствалық құрылыс нормалары

ТЖ – техникалық жағдай

МСЭҚБ – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

ШРЕК – шекті рұқсат етілген концентрация

ТЭН – техника-экономикалық негіздеу

ТЭЕ - техника-экономикалық есептеу

СҚА – санитарлық қорғау аймағы

СЕА – суармалы егіс алқабы

БЖ -  бас жоспар                                                                  

СҚ - сәулеттік шешімдер                                                   

СҚ  - сәулеттік-құрылыстық шешімдер                            

ТК - технологиялық коммуникация (құбырлар)               

СК - ішкі су құбыры мен канализация                                

ССК - сыртқы сумен қамтамасыз ету және канализация   

ЖЖ - жылыту, желдету және ауаны кондиционерлеу       

АҚ - ауамен қамтамасыз ету                                                 

ЭЖ - электрлік жарықтандыру                                              

ЭҚ - электрмен қамтамасыз ету                                          

ГҚ - газбен қамтамасыз ету                                                 

ЖТ - жылулық тораптар                                                       

БС - байланыс және сигнализация                                      

И - интерьерлер                                                                   

ТБҚ - темір бетонды құрылым                                               

МҚ - металдық құрылым                                                       

АҚ - ағашты құрылым

ПАФ – популяциялық атрибутивтік фракция

ШРЕҚ – шекті рұқсат етілген құю

КША – коммуналдық шаруашылық академиясы

ЖМС – жалпы микроб саны

                                                         

I БӨЛІМ

КОММУНАЛДЫҚ ГИГИЕНА БОЙЫНША САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН БАҚЫЛАУ НЫСАНДАРЫ

Аурудың алдын алу денсаулық сақтау жүйесінің басты мәселесі ретінде қарастырылады және бұл мәселе Егеменді Қазақстан Республикасы үшін негізгі мәселенің бірі. Сондықтан емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің профилактикалық міндеттерін нақты бөлудің маңызы ерекше.

Емдеу-профилактикалық мекемелерінің профилактикалық,  алдын алу міндеттеріне ерте  диагноз қою арқылы аурудың әрі қарай дамуын болдыртпау жатса, ал санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің алдын-алу міндеттеріне (жұмыстарына) дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жатады. Емдеу профилактикалық мекемелерінің профилактикалық жұмыстарына,  жеке профилактикалық шараларына, яғни алдын ала қарап, тексеру кезінде адам организмінде пайда болған патологияның алғашқы сатыларында анықтау, тұрғындарды диспансерлеу, егу, жеке медициналық ілімге тәрбиелеу және т.б. жатады.

Негізінен, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, қоғамдық алдын алу шаралары (тұрғындардың салауаттылығын бұзатын еңбек, тұрмыс, тағам, қоршаған орта) мәселелерін шешеді. XX ғасырдың соңғы 2-ші жартысында «біріншілік профилактика» туралы түсінік пайда болды, 1978 жылы Алматыда өткен біріншілік медициналық-санитариялық көмекке байланысты дүниежүзілік конференцияда осы мәселе қозғалды.

Біріншілік және екіншілік профилактика туралы түсінікке О.А. Александров (1983) нақты анықтама беріп, профилактиканың 4 негізгі бағытын бөліп көрсетті, оларға жататындар:

  •  санитариялық-гигиеналық, табиғи, тұрмыстық, өндірістік ортаны сауықтандыру;
  •  салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  •  биологиялық қызметтік, жеке, биологиялық қауіптілік, факторларын анықтау, жою және оны төмендету;
  •  емдеу-сауықтыру.

Алғашқы үш бағыт біріншілік профилактикаға жатады (гигиеналық), ал соңғысы – екіншілікке (шартты түрде медициналық) жатады. Біріншілік профилактиканың міндеттерін шешуде емдеу-профилактикалық мекемелерінің іс-әрекеті белгілі-бір орын алатындығы даусыз, яғни тұрғындардың денсаулық жағдайын бақылау, салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұсыныстар (жеке түрде ғана) жасау, ауруға қарсы тұру қабілеттілігін жоғарылату және т.б.

Бірақ шынайы профилактикаға аурудың ерте сатыда өршуінің алдын алу  үшін, қолданылатын екіншілік қорғаныс профилактиканы жатқызуға болмайды. Негізінен ескертетін жағдай, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін, сауықтыру шараларын жүргізу арқылы тіпті патология алды жағдайдың пайда болуын ескертетін біріншілік «бастапқы профилактиканы» дамытқан жөн (грекше prophylaktikos – ескертетін). Бұл көп сатылы үрдісте басты міндет санитариялық-эпидемиологиялық қызметке жүктеледі (О.М. Хромченко, Г.И. Куценко, 1990 жыл).

Тұрғындардың денсаулығын сақтау және оны жақсарту үшін қалыпты жағдай параметрлерін қалыптастыратын және әр түрлі қауіптілік факторларының әсерін зерттейтін гигиеналық ғылыми салауатты өмір салтын қалыптастыру, негізінде маңызды орын алады. Бірінші кезекте, санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды енгізіп, оның орындалуына бақылау жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Кодексі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » №193-IV 18 қыркүйек 2009 жылғы заңымен қабылданған , бұл кодексте  Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қалыптастыру үшін қажетті әлеуметтік, экономикалық, құқықтық міндеттерді анықтайды.

       Кодекстің 1-бабында коммуналдық гигиенаға тікелей қатысты келесі негізгі түсініктер келтірілген:

 -          адамның мекендеу ортасы (бұдан әрімекендеу ортасы) –

            адамның тыныс-тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи,

            антропогендік және әлеуметтік факторлардың, ортаның 

(табиғи және жасанды) жиынтығы;

әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар – белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;

  •  мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау – халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;
  •  профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес     іс-шаралар кешені;

                     санитариялық-қорғаныш аймағы – арнаулы мақсаттағы       

                     аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары

                     мен басқа да өн¬дірістік, коммуналдық және қоймалық

                     объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан,

                     тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен

                     ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер    

                     етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

                     санитариялық-эпидемиологиялық жағдай – белгілі бір

                     аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу

                     ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;

                     санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-

                     шаралар – мекендеу ортасы факторларының адамға

                     зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және

                     паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының,  

                     жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға

                     бағытталған шаралар;

                     халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

салауаттылығы – мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, гигиеналық оқытуды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тәуекелді бағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қамтитын қызметі;

         Қазақстан Респубикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесі  (Кодекстің  143-бабы), бірыңғай жүйеcіне ;

 1)  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері;

3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар кіреді.

  •   Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (Кодекстің  145 бабы)

Санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер:

1) өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп-ұстау мен пайдалануға;

2) құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға;

3) объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге әрі күтіп-ұстауға;

4) өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге;

5) шаруашылық-тұрмыстық және гигиеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру технологияларына;

6) тамақ өнімдері мен тағамдық азық-түлікке, оларды өндірудің, өлшеп-ораудың, тасымалдаудың, сақтаудың, өткізудің, кәдеге жаратудың және жоюдың шарттарына;

7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өнімдерге, онда генетикалық түрлендірілген объектілердің болуына бақылауды ұйымдастыруға және оның жүйесіне;

8) халықтың арнаулы, емдеу-профилактикалық, балалар тамағын, диеталық және қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;

9) химиялық заттарды, уларды, биологиялық заттар мен материалдарды қолдануға;
10) су көздеріне (шаруашылық-ауыз су үшін су жинау орындарына), шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға әрі мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне;

11) қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндірістік, тұрғын үй мен басқа да үй-жайлардың ауасына, микроклиматына;

12) топыраққа және оның қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің, өнер¬кәсіп, құрылыс алаңдарының аумақтарын күтіп-ұстауға;
13) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;
14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, арнайы және емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;

15) биологиялық және химиялық заттармен, улармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерімен жұмыс істеу жағдайларына;

16) адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына;
17) халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу, оқыту, олардың өмір сүруі және өндірістік практика жағдайларына;

18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

19) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

20) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға, шикізаттың жаңа түрлеріне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелену көздеріне, ыдысқа, химиялық, биологиялық және дәрілік заттарға, буып-түйетін және полимерлік материалдарға, парфюмерлік-косметикалық, полиграфиялық өнім мен кең тұтынылатын басқа да тауарларға әзірленетін нормативтік-техникалық құжаттамаға (стандарттарға, ұйымдардың стандарттарына, нормативтік құжаттарға, рецептерге);

21) дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау құралдарын, жабдықтарын, материалдарын әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп-ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін;

22) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дезинфекциялауды жүргізу шарттарына;

23) дәрілік заттардың өнеркәсіптік өндірісінің жағдайларына;

24) тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнімдерін байытуға қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға (фортификациялауға);
25) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды қолдану мен пайдалануға және олардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануын
 айқындауға;
26) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қор¬ғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық егуді жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;

27) шикізатты сақтау мен қайта өңдеуге;

28) объектілерді сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге;
29) жүктерді, улы заттарды тасымалдау мен сақтау шарттарына;
30) жолаушыларды тасымалдау шарттарына;

31) объектілерді жоюға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;
32) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

33) тағамға биологиялық активті қоспаларды қолдануға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

       Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарын медициналық жоғарғы оқу орындарының санитарлық-гигиеналық (қазір медициналық-профилактикалық) факультеттері дайындайды. Бұндай факультеттер Қазақ Ұлттық Медициналық университеті, Қарағанды және Ақтөбе медициналық академиясында бар. Бұл факультеттің кәсіптік кафедраларында студенттер негізгі гигиеналық пәндерді меңгереді.

Бұл пәндердің арасында ерекше орынды коммуналдық гигиена пәні алады, өйткені тұрғын және қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ басқа да әр түрлі нысандар (балалар мекемесі, өндірістік мекемелер, қоғамдық тамақтану мекемелері) құрылысы үшін жер учаскесін таңдау және бөлуге қойылатын талаптарды анықтайды, олардағы қалыпты санитарлық жайластыру сұрақтарын шешеді (сумен қамтамасыз ету, іркінді суларды ағызу, санитарлық тазарту, жылумен қамтамасыз ету, жылыту және желдету жүйесі); атмосфералық ауаның, суаттардың, топырақтың ластануын болдырмау үшін қолданылатын шараларды негіздеуді; санитарлық күзету және санитарлық қорғау аймақтарының қажетті мөлшерін бекітеді. Әрі қарай бұл талаптар басқа гигиеналық пәндерде (еңбек гигиенасы, тағамтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы) қолданылады.

Студенттер VI курсты аяқтау кезінде, барлық кәсіптік пәндер бойынша 2 сатыдан тұратын емтихан тапсырады: тест сұрақтары бойынша компьютерлік тест тапсыру және практикалық дағдылар. 2-саты бұрынғы жылдары жағдайлық есептерді, яғни ауызша және жазбаша түрде әр түрлі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды шешу болатын, қазір бұл саты қайта қарастырылды.

Мамандардың пән бойынша кәсіптік мінездемесінде теориялық білімдерімен бірге, қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге қажетті нақты талаптар берілген. Негізінен коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер ауыз судың сапасына, атмосфералық ауаның, топырақтың ластануын, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ықшамклиматын, елді мекен жағдайындағы физикалық факторларды (шу, вибрация, электромагниттік өріс, жарықтану және инсоляция) тәжірибелік-аспаптық бақылауды ұйымдастыра білуі қажет.

Коммуналдық гигиена – елді мекен жағдайында адам организміне әр түрлі факторлардың әсерін зерттейтін пән. Осы негізде адам өміріне қолайлы жағдайды қалыптастыру үшін санитарлық талаптар мен ережелер, сондай-ақ гигиеналық шаралар өңделеді. Коммуналдық гигиена келесі бөлімдерден тұрады:

  •  су және шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету гигиенасы;
  •  су нысандарын санитарлық қорғау;
  •  атмосфералық ауа гигиенасы;
  •  топырақ және елді мекенді санитарлық тазарту гигиенасы;
  •  физикалық факторлар гигиенасы;
  •  тұрғын және қоғамдық ғимараттар гигиенасы;
  •  елді мекенді жоспарлау гигиенасы.

Коммуналық гигиена елді мекен жағдайында табиғи және антропогендік факторлардың адам организміне қолайсыз әсерін анықтайды, қалыпты өмір сүру жағдайын қалыптастыру үшін қолайсыз әсерлерді анықтайды, осыған сәйкес гигиеналық нормативтер мен шараларды өңдейді. Сонымен қатар су, ауа гигиенасы мен тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы физикалық факторларды зерттейді.

Коммуналдық гигиенаның негізгі және едәуір қиын сұрақтарының біріне адам денсаулығы мен интенсивтілігі аз факторлардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты бекіту болып табылады. Бұл мәселені шешуге байланысты ғылыми негіздер өткен ғасырдың аяғында қалыптаса бастады, бүгінгі күнде бұл мәселеде белгілі-бір қалдықтар бар. Бірақ осы мәселелерді шешу қолайсыз факторлардың маңыздылығын бекіту үшін, сонадай-ақ сауықтыру шараларының тиімділігін бағалау үшін қажет.

1973 жылы ССРО Министарлер Кеңесі «ССРО мемлекеттік санитарлық бақылау туралы» қаулысын қабылдады, еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымын ССРО денсаулық сақтау министрлігінің орынбасары – Бас санитарлық дәрігер басқарады. Бұл қаулының негізгі принциптері қазіргі уақытта Қазақстан территориясында да өз күшінде, оның негізгі міндеттері сақтық және күнделікті санитарлық бақылауды жүргізу болып табылады. Санитарлық бақылау дегеніміз – атмосфералық ауаның, су нысандарының, топырақтың елді мекен аумағының ластануын болдырмау және жою, тұрмыс, еңбек, тәрбиелеу, оқыту, тұрғындардың демалу жағдайын сауықтыру, аурушаңдықты болдырмау және оны төмендетуге бағытталған санитарлық-гигиеналық, санитарлық эпидемияға қарсы шаралардың орындалуын бақылау.

Сақтық санитарлық бақылау дегеніміз – қандай-да бір нысанның немесе шаралардың практикаға енгізуге дейінгі гигиеналық нормалар мен ережелердің сақталуына сақтық баға беру. Коммуналдық гигиена бойынша санэпидстанция дәрігерінің жұмысында ол келесі негізгі міндеттерден тұрады:

  •  құрылыс салу үшін жер уческесін таңдау және бөлу;
  •  елді мекен жобасына (бас жоспар), сондай-ақ жеке нысандар жобасына гигиеналық сараптама жүргізу;
  •  нысандар құрылысы жобасына гигиеналық сараптама жүргізу;
  •  нысандарды қайта салу жобасына гигиеналық сараптама жүргізу;
  •  техникалық жағдайларға сараптама жүргізу;
  •  жаңадан шыққан химиялық элементтерге, химиялық заттарға сараптама жүргізу.

Күнделікті санитарлық бақылау дегеніміз – жобалар мен техникалық жағдайлардың сақтық санитарлық бақылау кезеңінде бекітілген талаптарына сәйкестігін тексеру. Ол келесі міндеттерден тұрады:

  •  бақыланатын нысандарды тіркеу;
  •  сол ныандарды тексеру;
  •  имараттарды пайдалануға беру кезінде бақылау жүргізу;
  •  қоршаған орта нысандар (ауа, су, топырақ) жағдайына бақылау жүргізу.

Сонымен сақтық санитарлық бақылау кезінде елді мекенді жоспарлау, ғимараттар құрылысы, су құбыры, канализация және басқа да нысандардың жобасы бойынша санитарлық қорытынды беру болса, ал күнделікті санитарлық бақылау кезінде – олардың санитарлық жағдайын, судың ауаның, сапасын тексереді. Санитарлық бақылаудың құқықтық негізіне санитарлық заңдылықтар жатады, оған кіретіндер: мемлекеттік стандарттар (МЕСТ); санитарлық ережелер мен нормалар; салалық ұйымдастыру-әдістемелік құжаттар; әдістемелік нұсқаулар (ӘН); әдістемелік ұсыныстар; құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНмЕ); ведомствалық құрылыс нормалаы (ВҚН); техникалық жағдайлар (ТЖ); Денсалық сақтау министрлігінің бұйрықтары мен қаулылары; салалық стандарттар  және т.б.

«Коммуналдық гигиена бөлімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының   жұмысы туралы» нұсқауға сәйкес, мемлекеттік санитарлық бақылауға жатады:

  •  қалалар мен қала сыртындағы зоналар, қала типті поселкелер, ауылдық және басқа да елді мекен орындары;
  •  жер беті және жер асты су көздері, су құбыры қондырғылары мен санитарлық күзету зоналары, гидротехникалық имараттар, канализация және сәйкес тазарту қондырғылары;
  •  шу, вибрация, электромагниттік сәулелену көздері болып табылатын нысандар, атмосфералық ауаның, суаттардың топырақтың ластануы, сондай-ақ тазарту имарттары мен санитарлық қорғау зоналары;
  •  жұмысшы, студенттер жатақханалары, қонақ үйлер;
  •  мал өсіру мен құс өсіру кешендері мен фермалары;
  •  моншалар, кір жуатын орындар, душтық павильондар, шаштараздар, косметикалық кабинеттар, төсек жабдықтарын және киім-кешектерді жуу және тазарту үшін қабылдау және беру орындары;
  •  соматикалық ауруханалар, емханалар, амбулатория, диспансерлер, кеңес беру кабинеттері, дәріхана, курорттар, санаториялар, дем алу орындары, пансионаттар, кемпингтер, қала сыртындағы демалыс орындары, ересектерге арналған туристік және экскурсиялық базалар, мәдениет және демалыс парктері, қарттарға арналған үйлер;
  •  дене шынықтыру-спорттық нысандар: стадиондар, спорт залдары, жүзу бассейндері, сырғанайтын орындар, қоғамдық суға түсетін орындар;
  •  кинотеатрлар, театрлар, мәдениет сарайлары, концерттік залдар, кітапханалар, көрмелер, әмбебап дүкендер, өнеркәсіптік тауарлар дүкендері, кітап дүкендері, өнеркәсіптік тауарлар қоймалары;
  •  сауда тораптарына жіберілетін тұрмыстық химиялық өнімдер, тұрмыстық және үйге қажетті және жеке бас гигиенасына байланысты заттар;
  •  автовокзалдар, жүргіншілер пристандары (кеме тоқтайтын орындар), темір жол және аэровокзалдар, қоймалар, палаткалар, екіншілік өнімді қабылдайтын орындар, бейіттер, тұрмыстық қалдықтар мен өндірістік қалдықтарды зарарсыздандыру және утилизациялау орындары, полигондар, қоқыс тастайтын жерлер, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және жағу зауыттары.

Соңғы жылдарға дейін, яғни Қазақстан егемендігін алғанға дейін барлық ССРО аймағында Одақтық бас ұйыммен бекітілген нормативтік құжаттар күшінде болды. Жеке сипаттағы және нақты бақылау нысандарына қатысты сұрақтар бойынша жергілікті Денсаулық сақтау басқару органдары тек бұйрық және қаулы шығарды.

Бірақ Қазақстан Ата Заңында, 1997 жылдан бастап республика аумағында бұрынғы ССРО-ның барлық санитарлық заңдылықтардың нормативтік актілері күшін жойды. Бүгінгі таңда барлық заңдылықтар қайта қарастырылып, кей жағдайда аумақтық тән ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер енгізіліп, толықтырылды. Сонымен қатар, Қазақстан және Ресей арасында қажетті жағдайда өз аймағында екі елдің заңдылық актілері өз-ара қабылданатындығы туралы келісім-шарт бар.

1995 жылдың 25-сәуірінде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті №547 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі туралы жағдайларды бекіту бойынша» қаулысы қабылданды. Ол құжатта бұл қызмет өзінің іс-әрекетінде Ата Заң, Қазақстан Республикасы заңдылықтарын, Республика Президентінің бұйрықтарын, Министрлер Кабинетінің қаулыларын және басқа да нормативтік актілерді басшылыққа алады.

Санитарлық қызмет құрылымына мыналар: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы, облыстық, қалалық, аудандық Қазақ Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция, теміржол, әуе транспорты, ішкі істер минитрлігі бойынша сәйкес компания, концерн, корпорация, сондай-ақ аса қауіпті карантиндік жұқпалы аурулар бойынша эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ететін органдар мен мекемелер кіреді.

Санитарлық қызметті ғылыми негіздеу эпидемия, микробиология және жұқпалы аурулар Қазақ ҒЗИ, Гигиена және кәсіптік аурулар, Қазақ ҒЗИ және обаға қарсы Қазақ ғылыми зерттеу институты. Соңғы жылдары санитарлық қызметтің құрылымы аздап өзгерді.

Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі іс-әрекеті 1997 ж. 19 майда бекітілген «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау туралы» ҚР заңы мен 2002 ж. 6-желтоқсанда қабылданған «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Денсаулық сақтау Министрлігі құқығын орындайтын тексеру-бақылау қызметтерін атқаратын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететін, сала аралық координациясын атқаратын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті ұйымдастырылған. Комитет өз қызметін Ата заңға, ҚР Заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілерін, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді, санитарлық заңдылықтарды негізге ала отырып жұмыс істейді.

Санитарлық бақылауды ұйымдастыратын негізгі мекемеге санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы  (республикалық, облыстық, қалалық және аудандық МСЭҚБ ) жатады. Сонымен қатар, комитетте көлікте санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүргізетін аумақтық органдар бар: темір жол көлігінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың аймақтық басқармасы және әуе көлігінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы; темір жол көлігінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың бөлімдік басқармасы; обаға қарсы станциялар бар.

Сонымен қатар, Комитетте «Гигиена және эпидемиологиялық Ғылыми орталығы» және «М. Айкимбаев атындағы карантиндік және зооноздық жұқпалы аурулардың Ғылыми орталығы» бар. Комитеттің негізі міндеттеріне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды зерттеуде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудегі шараларды ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау жатады.

2002 жылдың 10-қаңтарында №21 бұйрықпен қабылданған ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті келесі қызметтерді атқарады: мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүргізеді; жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуы мен олардың ҚР аумағында таралуынан санитарлық қорғау бойынша шаралар жүргізеді; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін ұсыныстарды мемлекеттік мекемелерде қарастыруды ұсынады; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды өңдеуге қатысады; гигиеналық талаптарды оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады; ғылыми-зерттеу институттары мен гигиеналық және эпидемиологиялық мамандықтағы орталықтардың жұмыстарының ұйымдастырылуында санитарлық заңдылықтарға сәйкестігін үйлестіреді (координациялайды).

Комитеттің келесідей құқықтары бар: өз құқығы бар сұрақтарға байланысты нормативтік құқытық актілерді шығаруға; комитеттің құқығына кіретін мәселелерге байланысты симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, мәжілістер жүргізеді; мемлекеттік органдардан және ұйымдардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететін сұрақтар бойынша ақпараттарды сұрауға; өндірістік нысандарды, жеке жұмыс түрлерін, технологиялық үрдістерді, қондырғыларды, гидротехникалық және басқа да қондырғыларды, қоғамдық тамақтану, сумен қамтамасыз ету, кәсіпорындар, мектеп, балалар мекемелері, емдеу-профилактикалық мекемелер, мәдени-тұрмыстық және басқа да мекемелерді пайдалануға беру кезіндегі санитарлық заңдылықтардың бұзылыстары болғанда қолдануға тыйым салу немесе салынуын тоқтату; шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суды, өндірістік өнімдер мен тағамдарды қолдануға жарамсыз деп есептегенде оларды тұтынуға қатаң тыйым салу; өндірісте жаңадан шикізатты, үрдісті, өндірістік заттарды, құрылыс материалдарын адам денсаулығына қауіпті деп тапқан кезде оны қолдануға тыйым салады; ҚР заңдылықтарына сәйкес басқа да құқықтарға ие.

Комитеттің қарамағына Республикалық барлық санитарлықэпидемиологиялық  қадағалау департаменттері, басқармалары , сондай-ақ сәйкес мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар кіреді. 2009 жылдың 21-қазанда  бекітілген «халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі  туралы  Қазахстан Республикасының» кодексі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі  туралы  Қазахстан Республикасының» кодексіне  іске асуы мақсатында №126 03.02. 2003 жылы бектілген ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелері (бұрынғы санитарлық-эпидемиологиялық станция) бөлінеді: атқарушы мекемелер – облыстық, қалалық, аудандық және мемлекеттік мекемелер, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізетін – облыстық, қалалық, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары. Атқарушы мекемелер (басқармалар) бағынушылық принципі бойынша сәйкес аумақтың орталықтарының іс-әрекетін байланыстырады (координациялайды). Бірақ бұл оқулықта материалдарды оңай қабылдау үшін бұл мекемелердің бұрынғы атауы қоланылды, яғни СЭС.

Коммуналдық гигиенада келесі зерттеу әдістері қолданылады:

  1.  Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жиналған материалдарды статистикалық өңдеу арқылы санитарлық тексеру.
  2.  Қоршаған орта және басқа да бақылау нысандарын (химиялық, физикалық, токсикологиялық, бактериологиялық) аспаптық және тәжірибелік әдістермен тексеру.
  3.  Организмге қолайсыз факторлардың әсерін зерттеу үшін жануарларға тәжірибе жасау.
  4.  Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін физиологиялық немесе статистикалық зерттеу.

Санитарлық дәрігер күнделікті жұмысында өзінің іс-әрекетін тіркеу формаларын қолданады, олардың негізгілері 1.1-1.2 кестеде берілген.

Кесте 1.1.

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің іс-әрекетін тіркеу формалары

(Қазастан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі бұйрығымен бекітілген 932 («30» желтоқсан 2003 жылы қабылданған)

№/№

реті

Форманың аты

Форма-ның нөмірі

Формат

Құжат-тың түрі

Сақталу мерзімі

1.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау нысандарының тізімінің жорналы

300/т

А4

Жорнал, 96 бет

10 жыл

2.

Тексеруді белгілеу туралы акті

301/т

А5

Бланкі

3 жыл

3.

Санитарлық-эпидемиологиялық тексеруді жүргізуге арналған жоспар-тапсырма.

302ту

А5

Бланкі

3 жыл

4.

Нысанға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы.

303/т

А5

Бланкі

5 жыл

5.

Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісін тіркеу жорналы.

304/т

А4

Жорнал

96 бет

3 жыл

6.

Қазақстан Республикасы заңдылықтарының талаптарын бұзу туралы хаттаманы тіркеу жорналы. 

305/т

А4

Жорнал,

96 бет

3 жыл

7.

Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу туралы мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулыларын тіркеу жорналы.                                                                                                     

307/т

А4

Жорнал,

48 бет.

3 жыл

8.

Шаруашылық іс-әрекетін тоқтату туралы

қаулыны тіркеу жорналы.

309/т

А4

Жорнал

48 бет

3 жыл

9.

Қазақстан Респубикасы заңдылықтарын бұзушылықты жою туралы жарлықты тіркеу жорналы.

310/т

А4

Жорнал

48 бет

3 жыл

11.

Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізу туралы жарлықты тіркеу жорналы.

311/т

А4

Жорнал

48 бет

3 жыл

12.

Әкімшіліктік жауапқа тарту туралы қаулыны тіркеу жорналы.

312/т

А4

Жорнал

48 бет

3 жыл

13.

Тексеруді белгілеу туралы актілерді тіркеу жорналы.

313/т

А4

Жорнал

48 бет

3 жыл

14.

Санитарлық-эпидемиологиялық  қорытындыны тіркеу жорналы.

314/т

А4

Жорнал

48 бет

3 жыл

15.

Халықтың шағымдарын және арыздарын тіркеу жорналы.

315/т

А4

Жорнал

48 бет

3 жыл

16.

Иондаушы сәулелену көздерінің санитарлық төлқұжаттарын тіркеу жорналы.

323/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

17.

Иондаушы сәулелену және радиоактивті заттарды қолданатын шаруашылық субъектілерін тіркеу жорналы.

325/т

А4

Жорнал

48 бет

5 жыл

18.

Рентген кабинеттерін санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актілері.

327/т

А5

Бланкі

5 жыл


19.

Суаттардың төлқұжаты.

348/т

А4

Бланкі

5 жыл

20.

Су сынамасын алу актілері.

350/т

А6

Бланкі

5 жыл

21.

Полимерлік және басқа да материалдардан жасалған заттардан (ыдыс, ойыншық, киім және т.б.) сынама алу актілері.

351/т

А4

Бланкі

2 жыл

22.

Топырақтан сынама алу актісі.

352/т

А6

Бланкі

5 жыл

23.

Тыңайтқыштардың қалдық мөлшерін анықтау үшін ауыл-шаруашылық өнімдерінен және тағамдардан, шаруашылық ауыз су мақсатындағы сулардан, жұмыс зонасының ауа сынамасын алу актісі.

353/т

А4

Бланкі

2 жыл

24.

Жер беті суаттарынан, жағадағы теңіз суынан, ағынды сулардың суын зеррттеу нәтижелерін тіркеу жорналы.

359/т

А4

Жорнал

96 бет

10 жыл

25.

Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етудегі ауыз суды зерттеу нәтижелерін тіркеу жорналы.

360/т

А4

Жорнал

96 бет

10 жыл

26.

Топырақ сынамаларын алу  және оны зерттеу нәтижелерін тіркеу жорналы.

361/т

А4

Жорнал

96 бет

10 жыл

27.

Атмосфералық  ауаны зерттеу нәтижелерін тіркеу жорналы.

363/т

А4

Жорнал

96 бет

10 жыл

28.

Елді мекен ауасын зерттеу хаттамалары.

367/т

А4

Бланкі

5 жыл

29.

Жабық бөлмелердің ауа сынамасын алу және оны зерттеу хаттамалары.

368/т

А4

Бланкі

5 жыл

30.

Ауыз суды зерттеу хаттамалары.

369/т

А4

Бланкі

5 жыл

31.

Жер беті суаттарынан, жағадағы теңіз суынан, ағынды сулардың суын зерттеу хаттамалары.

371/т

А4

Бланкі

5 жыл

32.

Топырақ сынамаларын зерттеу хаттамалары.

373/т

А4

Бланкі

5 жыл

33.

Полимерлік және басқа да материалдардан жасалған заттардан (ыдыс, ойыншық, киім және т.б.) алынған сынамаларды, зерттеу нәтижелерін тіркеу жорналы.

375/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

34.

Полимерлік және басқа да материалдардан жасалған заттарды зерттеу хаттамалары.

376/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

35.

Құрамындағы нитраттарды анықтау үшін өсімдік өнімдерінен сынама алу және оның   зерттеу нәтижелерін тіркеу жорналы.  

377/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

36.

Тыңайтқыштардың қалдық өнімдерін анықтау үшін топырақ сынамасын алу және оның зерттеу нәтижесін тіркеу жорналы.

379/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

37.

Тыңайтқыштардың қалдық өнімдерін анықтау үшін су сынамасын алу және оның зерттеу нәтижесін тіркеу жорналы.

380/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

38.

Тыңайтқыштардың қалдық өнімдерін анықтау үшін ауа сынамасын зерттеу жорналы.

381/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

39.

Жарықтандырудың өлшеу нәтижелерін тіркеу жорналы.

384/т

А4

Жорнал

5 жыл

40.

Метеорологиялық факторлардың өлшемдерін тіркеу жорналы.

385/т

А4

Жорнал

5 жыл

41.

Шу мен вибрацияның деңгейін өлшеу нәтижелерін тіркеу жорналы.

386/т

А4

Жорнал

5 жыл

42.

Жарықтандыру өлшемдерінің хаттамасы.

387/т

А5

Бланкі

5 жыл

43.

Электромагниттік өріс қуаттылығын өлшеу хаттамасы.

388/т

А5

Бланкі

5 жыл

44.

Шу мен вибрацияны өлшеу хаттамасы.

389/т

А5

Бланкі

5 жыл

45.

Метеорологиялық факторларды өлшеу хаттамасы.

390/т

А5

Бланкі

5 жыл

46.

Қоршаған ортадан алынған материалдардың сынамаларын және зерттеу нәтижелерін тіркеу жорналы.

457/т

А4

Жорнал

96 бет

3 жыл

47.

Санитарлық ережелер мен нормалар бойынша суды микробиологиялық зерттеу жорналы.

467/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

48.

Судың патогендік микрофлорасын анықтау бойынша микробиологиялық зерттеу жорналы.

468/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

49.

Топырақты микробиологиялық зерттеу жорналы.

469/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

50.

Ауаны микробиологиялық зерттеу жорналы.

471/т

А4

Жорнал

96 бет

5 жыл

Кесте 1.2.

Нысанға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің санитарлық- эпидемиологиялық қорытындысы, ф. 303/т.

 

Формат А4

Нысанның БҚСЖ бойынша коды

Код формы по ОКУД____________________

КҰЖЖ бойынша ұйым коды

Код организации по ОКПО _______________

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Министерство здравоохранения

Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің 20_____жылғы «___»_________  № ____ бұйрығымен бекітілген

№ 303/е нысанды

медициналық құжаттама

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының атауы

Наименование органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора

Медицинская документация

Форма 303/ у

Утверждена приказом  Министра здравоохранения Республики Казахстан «____»__________20    года    

№_______

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

Санитарно-эпидемиологическое заключение

__________

«_______»___________________20        ж. ( г.)

1.Санитариялық-эпидемиологиялық сараптау (Санитарно-эпидемиологическая экспертиза)_________________

_____________________________________________________________________________________________

пайдалануға берілетін немесе қайта жаңартылған нысандардың, жобалық құжаттардың, тіршілік ортасы факторларының, шаруашылық және басқа жұмыстардың, өнімнің, қызметтердің атауы

_____________________________________________________________________________________________

(наименование объекта реконструкции или вводимого в эксплуатацию, проектной документации, факторов среды обитания, хозяйственной и иной деятельности,работ, продукции, услуг)

Жүргізілді (Проведена)_________________________________________________________________________

                                            өтініші, ұйғарым, қаулы бойынша, жоспарлы түрде және басқалай (күні, нөмірі)

_____________________________________________________________________________________________

по заявлению, предписанию, постановлению, плановая и другие (дата, номер)

2.Тапсырыс (өтініш) беруші (Заказчик (заявитель))_________________________________________________

                                                                                  толық атауы, мекен-жайы, телефоны, жетекшісінің Т.А.Ә.

_____________________________________________________________________________________________

(полное наименование, адрес, телефон, Ф.И.О. руководителя)

3.Санитариялық-эпидемиологиялық сараптау жүргізілетін нысанның қолданылу аумағы (Область применения объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы)________________________________________________

сала, қайраткерлік ортасы, орналасқан орны, мекен-жайы

(отрасль, сфера деятельности, место нахождения, адрес)

4.Жобалар, материалдар дайындалды (Проекты, материалы разработаны (подготовлены))________________

_____________________________________________________________________________________________

5.Ұсынылган құжаттар (Представленные документы)_______________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

атаулары мен олардың ұсынылған уақыты (наименование и дата их представления)

_______________________________________________________________________________________________

6.Өнімнің үлгілері ұсынылды (Представлены образцы продукции)____________________________________

_____________________________________________________________________________________________

7.Басқа ұйымдардың сараптау ұйғарымы (егер болса) (Экспертное заключение других организации (если имеются))____________________________________________________________________________________

ұйғарымды берген ұйымның атауы (наименование организации выдавшей заключение)

______________________________________________________________________________________________

8.Сараптама жүргізілетін нысанның толық санитариялық-гигиеналық сипаттамасы мен оған берілетін баға (қызметке, үрдіске, жағдайға, технологияға, өндіріске, өнімге) (Полная санитарно-гигиеническая характеристика и оценка объекта экспертизы (услуг, процессов, условий, технологий, производств, продукции))_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

9.Құрылыс салуға бөлінген жер учаскесінің, қайта жаңартылатын нысанның сипаттамасы (өлшемдері, алаңы, топырағының түрі, учаскенің бұрын пайдаланылуы, жерасты суларының тұру биіктігі, батпақтанудың болуы, желдің басымды бағыттары, санитариялық-қорғау аумағының өлшемдері, сумен, канализациямен, жылумен қамтамасыз ету мүмкіндігі және қоршаған орта мен халық денсаулығына тигізер әсері, дүние тараптары бойынша бағыты)

(Характеристика земельного участка под строительство, объекта реконструкции (размеры, площади, вид грунта, использование участка в прошлом, высота стояния грунтовых вод, наличие заболоченности, господствующие направления ветров, размеры санитарно-защитной зоны, возможность водоснабжения, канализования, теплоснабжения и влияния на окружающую среду и здоровью населения, ориентация по сторонам света))_______________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

10.Зертханалық және зертханалық-аспаптық зерттеулер мен сынақтардың хаттамалары, сонымен қатар бас жоспардың, сызбалардың, суреттердің көшірмелері (Протоколы лабораторных и лабораторно-инструментальных исследований и испытаний, а также выкопировки из генеральных планов, чертежей, фото)________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

Санитарно-эпидемиологическое заключение

_____________________________________________________________________________________________

пайдалануға берілетін немесе қайта жаңартылған нысандардың, жобалық құжаттардың, тіршілік ортасы факторларының, шаруашылық және басқа жұмыстардың, өнімнің, қызметтердің атауы

_____________________________________________________________________________________________

(наименование объекта реконструкции или вводимого в эксплуатацию, проектной документации, факторов среды обитания, хозяйственной и иной деятельности, работ, продукции, услуг)

_________________________________________________санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде

                                                                                     на основании санитарно-эпидемиологической экспертизы)

_____________________________________________________________________________________________

санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормативтерге (санитарно-гигиеническим правилам и нормативам)

сай немесе сай еместігін көрсетіңіз (указать – соответствует или не соответствует)

_____________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

атауы, күні мен нөмірі (наименование, дата и номер)

Ұсыныстар (Предложения):

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодекстың негізінде осы санитариялық-эпидемиологиялық ұйғарымның міндетті түрдегі күші бар

На основании Кодекса Республики Казахстан «О здоровье населения и системе здравоохранения» настоящее санитарно-эпидемиологическое заключение имеет обязательную силу

Мөр орны                Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық

         Место печати          қадагалау органының жетекшісі

                                

                                Руководитель органа  государственного          _____________________________________

                                санитарно-эпидемиологического надзора                      тегі, аты, әкесінің аты, колы

                                                                                                                                     (фамилия, имя, отчество, под

 

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің жауапты міндеттерінің біріне елді мекенді, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, коммуналдық нысандарды, сауда мекемелерін, тұрмыстық қызмет, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерін жобалау және құрылысын салуға сақтық санитарлық бақылау жүргізу, сондай-ақ оларды пайдалануға бергеннен кейін күнделікті саниитарлық бақылау жүргізу жұмыстары жатады. Бұл жұмыстарға жататындар:

    елді мекеннің бас жоспарын, дәйекті жоспарлау және салу  жобасын дайындау және келісу жұмыстарына қатысу;  

                 елді мекенді салу жұмыстары кезінде сақтық санитарлық бақылау жүргізу;

 • тұрғын және қоғамдық ғимараттар, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерін және т.б. жобалау кезіндегі сұрақтар бойынша жобалаушы ұйыммен жұмыс істеу;

  коммуналдық нысандар мен емдеу-профилактикалық мекемелерінің құрылысына жер учаскесін таңдау кезінде қатысу;

 • жобалау-жобаға сараптама жүргізу сапасына сақтық санитарлық бақылау жүргізу;

 • нысан құрысын салу кезінде сақтық санитарлық бақылау жүргізу;

 •   нысанды пайдалануға беру кезіндегі комиссияға қатысу;

 •  нысан құрылысын салу және оны пайдалануға қабылдау кезінде аспаптық бақылау жүргізу;

 •  коммуналдық нысандарға (монша,  кір жуатын орындар,  жатақхана және т.б.) және денсаулық сақтау мекемелеріне  күнделікті санитарлық бақылау жүргізу.

 Коммуналдық гигиена маманының маңызды қызметтерінің біріне қоршаған ортаға байланысты аурушаңдықтың дамуының алдын алу жұмыстары жатады. Негізінен, бұл мәселе кезінде халық өмір сүретін қоршаған ортаның химиялық (су, ауа, топырақ) және физикалық (шудың жоғары болуы) ластануға тұрақты түрде гигиеналық бақылау жүргізу болып табылады, осыған байланысты бірнеше міндеттерді қарастырады:   

1. Елді мекенді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуде гигиенлық бақылау жүргізу:

  •  су құбыры торабы мен су тазарту қондырғылары құрылысының дамуына сақтық санитарлық бақылау;  
  •  су алу орындарында санитарлық күзету зонасының сақталуына сақтық санитарлық бақылау;
  •  орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су нысандарына күнделікті санитарлық бақылау;
  •  орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз су нысандарына күнделікті санитарлық бақылау;
  •  су құбыры орындарындағы ведомствалық зертханалардың жұмысын бақылау және оларға әдістемелік көмек көрсету;
  •  елді мекен орындарындағы су бөлуде (сыртқы және ішкі) судың сапасына жүйелі түрде санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес, зертханалық бақылау жүргізу;
  •  су арқылы жұғатын ауруларға байланысты халық арасындағы жұқпалы аурушаңдықты зерттеу;
  •  ауыз судың стандарттарға сәйкес емес сынамалар санын төмендетуге байланысты шараларды өңдеу.                 

     

  1.  Су нысандарының санитарлық қорғалуына гигиеналық бақылау:                
    •  бақыланатын аумақтағы су нысандарының ластану деңгейін талдау және санитарлық қорғау бойынша шараларды өңдеу;
    •  ағынды суларын суаттарға ағызатын өнеркәсіптерді (нысандарды) тіркеу және күнделікті санитарлық бақылау жүргізу;
    •  елді мекенді ағынды сулардан тазарту бойынша имараттардың салынуына сақтық санитарлық бақылау жүргізу;
    •  су нысандарын тұрмыстық ластанудан қорғау үшін күнделікті санитарлық бақылау жүргізу;
    •  су нысандарының санитарлық жағдайына зерханалық бақылау жүргізу.  

 3.  Атмосфералық ауаның жағдайын гигиеналық бақылау:

 – атмосфералық ауаның ластану деңгейін талдау және оны санитарлық қорғау бойынша шараларды өңдеуге қатысу;

           – өндірістік нысандардағы тазарту қондырғыларының құрылысына сақтық санитарлық бақылау жүргізу;

 – өндіріс нысандарындағы жұмыс істеп тұрған тазарту қондырғыларына күнделікті санитарлық бақылау жүргізу;

 –  қалалық кәсіпорындардың санитарлық қорғаныс аймағының мөлшерінің сақталуына және оның жайластырылуына сақтық және күнделікті санитарлық бақылау;

 – атмосфераның ластануын төмендету бойынша автокөліктер нысандарына күнделікті санитарлық бақылау жүргізу;

 – атмосфераның ластану деңгейі бойынша елді мекен аумағын маңызына қарай жайластыру;

 –   қаланың әр түрлі аймақтарында ауаның ластануына байланысты халықтың соматикалық ластануын зерттеу;

 – атмосфералық ауаның ластану деңгейін зертханалық зерттеу.

    4.   Елді мекенді санитарлық тазартылуын гигиеналық бақылау.

 –  қатты және сұйық қалдықтарды зарарсыздандыру бойынша елді мекенде канализация және тазарту қондырғылары құрылысын салуға сақтық санитарлық бақылау;

 –  сұйық қалдықтар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын орынға күнделікті санитарлық бақылау жүргізу;

 ұйымдастырылмаған тұрмыстық қалдықтарды жинайтын орындарды жою үшін күнделікті санитарлық бақылауды ұйымдастыру;

   –        қала көшелерінің тиімді тазартылуына күнделікті санитарлық бақылау жүргізу;

 –   қалдықтарды шығаруға жауапты ұйымдар мен мекемелердің іс-әрекетін санитарлық бақылау;

 – арнайы автокөліктер паркінің (қалдық жинағыштар, контейнер тасығыштар саны, контейнерлердің жеткіліктілігі) жұмысын бақылау;

  – елді мекеннің санитарлық тазарту тиімділігін жоғарылату үшін, шараларды өңдеуге қатысу.

 5.   Шу көздерін гигиеналық бақылау.

 –  тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен имараттар құрылысын салуға арналған жер учаскесін бөлу кезіндегі сақтық санитарлық бақылау;

 –  шу деңгейі жоғары болатын нысандар құрылысын салуда, жобаға сараптама жүргізу кезіндегі сақтық санитарлық бақылау;

 –  көліктік шу көздеріне күнделікті санитарлық бақылау;

 –  шуды аспаптық өлшеу кезінде күнделікті санитарлық бақылау жүргізу;

 –   елді мекенде шу деңгейін төмендету бойынша шараларды өңдеуге қатысу.

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер бұл қызметтерді орындау үшін:

  •  атмосфералық ауаға бөлінетін зиянды заттардың болуын, сондай-ақ оған әсер ететін зиянды физикалық әсер беретін түрлері мен мөлшерін бақылау;
  •   ауыз су мен суаттар суында зиянды заттардың шекті рұқсат етілген (ШРЕК) деңгейінің сақталуын бақылау;
  •  өндірістік кәсіпорындар мен автокөліктерден болатын ластанулардан қоршаған ортаны қорғау бойынша халық денсаулығына зиянды әсерін зерттеу негізінде жоспарды өңдеуде қатысады;
  •   бақыланатын нысандардың санитарлық жағдайын әрі қарай жақсарту бойынша шараларды өңдеу және олардың тиімділігіне талдау жасау;
  •  коммуналдық имараттарды, ЕМП мекемелерін салуда және оларға жер учаскесін бөлуде өндірістік орындарды дұрыс орналастыруға сақтық санитарлық бақылау жүргізу;
  •  қайта салынған, қайта жобаланған, кәсібі өзгертілген нысандарды пайдалануға беру кезінде күнделікті санитарлық бақылауды жүргізу;
  •  тұрғындардың санитарлық-гигиеналық өмір сүру жағдайын зертханалық және аспаптық тексеру әдістерін қолдану арқылы күнделікті санитарлық бақылау жүргізу;
  •  тұрмыстық химия, полимерлік материалдар, аспаптар, тұрмыстық және үйге қажетті құралдар, жеке бас гигиенасы, санитарлық-техникалық қондырғылар, жиһаздар және т.б. тауарларды өндіру кезінде сақтық санитарлық бақылау жүргізу;
  •  тұрғын аймақтан қоршаған ортаның ластаушы көздерін шығару туралы өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ұсыныстар береді, санитарлық-қорғаныс аймағын ұйымдастыру, атмосфераға, суаттарға, топыраққа зиянды заттардың тасталуын қысқарту сияқты ұсыныстарды жүргізеді.

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің едәуір жиі іс-әрекетінің біріне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жатады. Санитарлық дәрігер өз жұмысында №841 14.11 2003 ж. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бұйрығымен бекітілген «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің ерекшеліктері» құжатын басшылыққа алады.  

 Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама – бұл «халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі  туралы  Қазахстан Республикасының» кодексімен , мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен, нормалармен қарастырылған, шаруашылық және басқа да кәсіптегі өнімдер нысандардың жобалық және басқа да құжаттарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) бекітуге байланысты іс әрекет. Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің қызметтік міндеттеріне тікелей қатысы бар сараптаушының жеке іс-әрекетінің сараптамасына кіреді:

  •  санитарлық-эпидемиологиялық түбегейлі, терең тексеру (рассследование) - жұқпалы аурулардың және жаппай жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралу жағдайын, себебін анықтау бойынша жүргізілетін жұмыстар;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық тексеру – тұрғын және қоғамдық ғимараттар, бөлмелер, имараттар, қондырғылар, көлік, технологиялық қондырғылар, технологиялық үрдістердің санитарлық ережелер мен талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) бекіту бойынша жұмыстар;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу (исследование) – зерттелетін нысанның қасиеттерін анықтау бойынша оның сапалық және сандық сипаттамасын анықтау, сондай-ақ тұрғындар денсаулығы мен қоршаған орта факторларының арасындағы себеп-салдарлық байланысын бекіту бойынша іс-әрекеттер;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық сынау (испытание) – зерттелетін нысан сипаттамасының санитарлық талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) бекіту бойынша атқарылатын іс-әрекеттер;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық бағалау – қоршаған орта факторларының адам организміне зиянды әсерін бекіту, оның әсер ету деңгейін анықтау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды болжау бойынша атқарылатын іс-әрекеттер.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, түбегейлі, мұқият тексеру, тексеру, зерттеу, сынау, баға беру неіздері бас мемлекеттік санитарлық дәрігер немесе оның орынбасарының қаулысына сәйкес, сондай-ақ азаматтардан, жеке кәсіпкерлерден, заңды тұлғалардан түскен арыздарға сәйкес жүргізіледі.            

 Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың негізгі принциптері:

  •  санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі;
  •  тұжырымдардың заңдылығы, объективтілігі және ғылыми негізділігі;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық орталықтардың және мамандардың өзінің міндеттерін орындау кезіндегі тәуелсіздігі;
  •  сараптаманың жариялық, жыйнақылық және оның зерттеу түрлерінің жан-жақтылығы;
  •  санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың алғаш рет қолданылуы (приоритетность).  

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың негізгі міндеттері:

  •  санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, тұрғындар денсаулығына қоршаған ортаның әсерін кешенді бағалау;
  •  тұрғындар арасында жұқпалы, паразитарлық аурулардың пайда болу жағдайы мен себебін анықтау;
  •  шаруашылық және басқа да кәсіптер үрдісінде санитарлық ережелер мен гигиеналық нормалар талаптарын тексеруде қабылданған шешімдердің сәйкестігін бағалау.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама:

  •  атом энергетикасы және өнеркәсіптер нысандарын, космосқа байланысты іс-әрекеттер және жер қазба жұмыстары нысандарын, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық, физикалық заттарды бөлетін нысандарды, ұқсастығы жоқ жаңа технологиялық үрдістері бар нысандарды жоспарлау, орналастыру, қайта салу және кеңейту жұмыстарына байланысты жобалар;
  •  қалалық және ауылдық елді мекендер, демалыс аймақтарын салуды жоспарлау, өндірістік орындарды ескере отырып орналастыру, бас жоспарын қарастыру жобалары, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы нысандарды салу және қайта салуға байланысты жобалар;
  •  кәсіптік мақсатын өзгертуге байланысты қайта салынатын нысандар немесе оларға бөлінген учаскенің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдар;
  •  шекті рұқсат етілген шығырыс, зиянды заттарды шекті рұқсат етілген құю және қоршаған ортаның физикалық факторлары, санитарлық күзету зонасы мен санитарлық қорғау зонасы, геологиялық зерттеулер мен технологиялар бойынша техника-экономикалық негіздеулер (ТЭН), жобалар және басқа да  нормативтік-техникалық құжаттар;
  •  шикізат, тауар, өнімдер, заттар, механизмдер, машиналар, қондырғылар, құрылыс материалдары, сондай-ақ өмір сүру, демалу, сумен қамтамасыз ету, әр түрлі халық тобына медициналық қызмет көрсету бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың жобалары;
  •  өндіріс, тасымалдау, сақтау, шикізатты қолдану және іске асыру, ауыз су, құрылыс материалдары, кең қолданылатын тауарлар, улы, радиоактивті және биологиялық заттар, сондай-ақ жұмысты орындау және қызмет көрсету жағдайлары;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, тұрғындардың денсаулық жағдайын сипаттайтын материалдар, кәсіптік және жұқпалы аурулар туралы мәліметтер;
  •  химиялық, биологиялық, улы, радиологиялық, пестицидттік заттардың топыраққа, суаттарға, атмосфералық ауаға жүктемесі туралы мәліметтер;
  •  жаңа өнімдер, технология;
  •  жобаланатын, салынатын және пайдалануға берілетін өнімдер және көлік, сондай-ақ адам денсаулығына қауіпті және маңызы бар басқа да нысандар жүргізіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен адам денсаулығына әсерін бағалау сараптаманың міндетті бір бөлімі болып табылады, жұмыс істеп тұрған ұйым үшін бақылаушы, орындаушы ұйымдардың, ұйымның әсер ету аймағында тұратын азаматтардың қоғамдық бірлестігі, сот пен прокуратура ұйымдары, сол шаруашылық субъектің, Комитеттің шешімі бойынша, сәйкес аймаққа байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсерін бағалаудың барлық сатысында орындалады:

  •  жоспарланған іс-әрекет орнындағы қоршаған ортаның жағдайы;
  •  жоспарланған іс-әрекет мақсатына жету үшін альтернативтік варианттарды қолдану, сондай-ақ сол іс-әрекеттен бас тарту;
  •  аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың даму келешегі;
  •  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, азаматтардың денаулығын сақтау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының заңдылықтарына байланысты талаптар.

Бағалау қажеттілігі:   

  •  қоршаған ортаға жоспарланған іс-әрекеттің әсер ету деңгейі мен түрін анықтау;
  •  байқалған іс-әрекет кезінде және олардың санитарлық-эпидемиологиялық салдары кезінде қоршаған орта жағдайының өзгерістерін болжау;
  •   жоспарланған іс-әрекет үрдісі кезінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін шараларды өңдеу.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама кезінде:

  •  өнімдерге сараптама жүргізу кезінде тапсырыстарды қабылдау және тіркеу;
  •  сараптаманың қажетті көлемін анықтау;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу кезінде келісім шартты толтыру;
  •   құжаттарға сараптама жүргізу;
  •  зертханалық, аспаптық зерттеулер мен сынаулар жүргізу;
  •  өнім сараптамасы нәтижесі бойынша шешім қабылдау;
  •  аумақтық органның бұйрығы, қаулысы бойынша нысанды тексеру;
  •  іс-әрекет түрлерінің (жұмыс, қызмет көрсету), өнімнің, жобалық құжаттың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сейкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру жұмыстары жүргізіледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны санитарлық-эпидемиологиялық қызметің лауазымды адамдары тексеру нәтижесі негізінде және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы келесі іс-әрекеттер, құжаттар, материалдарға жасау кезінде береді:

  •  қоршаған ортаға химиялық, биологиялық, физикалық факторлардың шығырыстары бар нысандарды орналастыру, қайта салу және кеңейту;
  •   қалалық және ауылдық елді мекендер бас жоспарын, демалу аймақтарын, техника-экономикалық негізінде қарастыру, заматтық мақсаттағы нысандарды салу және қайта салу жобаларын қарастыру;
  •  қызметтік кәсібін өзгертуге байланысты қайта салуға жатаын нысандарды немесе құрылоыс асалуға ұсынылған учаскенің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдар;
  •  шекті рұқсат етілген шығырыс және зиянды заттарды шекті рұқсат етілген құю бойынша және қоршаған ортаның физикалық факторлары, санитарлық күзету зонасы, санитарлық қорғау зонасы, геологиялық зертттеулер, технологиялар бойынша жобалар немесе басқа да нормативтік құжаттар;
  •  шикізатқа, тауарға, заттарға, механизмдерге, машинаға, қондырғыларға, құрылыс материалдарына, сондай-ақ тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тәртібіне арналған нормативтік-техникалық құжаттар жобалары;
  •  өндіріс, тасымалдау, сақтау жағдайлары, шикізатты, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең қолданатын тауарларды, улы заттарды  қолдану және реализациялау;
  •  химиялық, биологиялық, токсикологиялық, пестициттік заттардың топыраққа, ауаға, суаттарға жүктемесі туралы материалдар;

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының жарамдылық мерзімі: өнімдерге – бес жыл; өнімнің тәжірибелік партиясы – бір жылға дейін; қызмет көрсету, жұмыс түріне – уақытша және мерзімдік жұмыстардан басқа жұмыстар үшін – шексіз; жобалық құжаттарға – шексіз.

Өнімдерге санитарлық-эпидемиологиялық қортындыны (гигиеналық сертификат) толтыру үшін қажетті құжаттар тізімі:

  •  отандық өнімдер үшін: өнімдерге нормативтік немесе техникалық құжаттар (техникалық жағдайлар, технологиялық нүсқаулар, рецептура және басқалар); мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер талаптарға техникалық құжаттардың сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды; мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтік талаптарға өндірістік жағдайдың сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды; санитаролық-эпидемиологиялық сараптамаға қажетті өнімдер үлгілері, өнімдерді сынау хаттамасы (егер болған кезде); санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасауға түскен өнімдер үлгілерін алу актісі;
  •  мемлкеттен тыс жерден алыып келінетін өнімдер үшін: сырттан алып келінген өнімді дайындаған ұйымнан құжат, адам организміне қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім шығарған елдің өкілетті мекемелер берген құжат; санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға қажетті өнімдер үлгілері; өнімді сынау (зрттеу) хаттмалары; сараптауға түскен өнімдер үлгілерін алу актілері; қолдану жағдайлары көрсетілген өнімнің техникалық сипатамасы өнімнің құрамы мен қолдану жағдайы туралы басқа да нормативтік техникалық құжаттар, өнімді алып келуге байланысты келісім шарт.

Жоғарыда көрсетілген барлық сараптама түрлерін жүргізуде коммуналдық гигиена бойынша дәрігерге, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама Орталықтарына  үлкен күш түседі, сондықтан:

  •  жоғары кәсіптік мамандарды санитарлы-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге қосымша жұмылдырады;
  •  сараптау жұмыстарын ұйымдастыруды, әдістемесін, оны жүргізудің реті мен принциптерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды кіргізеді;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық сараптау нысаны бойынша зерттеу және бағалау нәтижелерін ұсынады және сараптау нысанын іске асыру бойынша шешім қабылдайтын ұйымдарға өз уақытында береді.

Көрсетілген іс-әрекеттерді орындай отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің Мемлекеттік ұйымдары және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама Орталықтарының міндеті:

  •  кешенді, объективті, сапалы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге;
  •  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдылықтар талаптарын, сонадй-ақ басқа да нормативтік актілер талаптарын сақтауға;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар және гигиеналық нормативтер, өз күшіндегі стандарттар негізінде сараптама жүргізуге;
  •  санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің бекітілген уақыты мен ретін сақтауға.

  

 Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы мен органының іс-әрекетіне мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалардың араласуына рұқсат берілмейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің ұзақтығы үш айдан аспауы керек, бірақ көлемі мен қарастырылатын құжаттың күрделілігіне байланысты ұзартуға болады, бірақ алты айдан аспауы керек. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің мерзімін алты айдан  ұзарту тек тапсырыс берушінің өтініші арқылы ғана жүргізіледі. Шешімге келіспеушілік танытқан жағдайда сотқа жүгінуге болады.  

Коммуналдық нысан құрылысы жобасына, қарастырылатын негізгі сұрақтар тізіміне санитарлық-эпидемиолгиялық сараптама жүргізу бойынша есеп беру формалары төменде келтірілді.

Жобаның мемлекеттік санитарлық-эпидемиолгиялық

ережелер мен нормативтерге сәйкестігіне байланысты

сараптама жүргізу туралы есеп беруі

 

№      күні  ______________

1. Жобаны қарастыру хаттамасы.

 1. Жобаның аты:

 2. Өнеркәсіптің аты:

 3. Құрылыс салу орны:

 4. Жоба өңделді:

  (жоба жасайтын ұйымның аты, заңды менкен-жайы, нөмірі және жоба жұмсытарына лицензия беру құқұғының мерзімі)

 5. Жоба ұсынылды:

  (жобаны келісуге ұсынған ұйым, оның заңды мекен-жайы)

 6. Ұсынылған құжаттар:

 7. Құжаттар қабылданды: қабылданған нөмірі №

  (кіріс құжаттарын тіркеу журналы бойынша жолдама хаттың кіріс нөмірі, қабылданған уақыты)

 8. Сараптама жүргізетін маманның аты-жөні, қызметі:

 9. Сараптама жүргізуге қажетті нормативтік құжаттар тізімі:

 Жобаны қарастыру кезінде бекітілді::

  жобаны өңдеу негізі

 (жобаны өңдеу негізі болып табылатын құжат көрсетіледі;  

 • нысанды орналастыру жағдайы:

 (қоршаған кәсіпорныдар мен ғимараттар қатынасы бойынша нысанның орналасуы);

 •  бас жоспар:

 (негізгі имараттар, подъездік жолдар, құрылыс тығыздығы,     аулалық алаңдармен, парктермен қамтамасыз етілуі, алаңдар мен терезелер арасындағы қашықтықтың сақталуы, көгалдандыру, жайластыру);

 •  инсоляция нормаларының сақталуы:

 •  бөлме алаңдарының жинағы;

 •  технологиясын сиапттау;

 •  сумен қамтамсыз ету:

 (су көзі, судың сапасы, торап иесінің техникалық жағдайларды сақтауы, су тұтыну, ішкі және сыртқы тораптар, құбыр материалдары);

 •  канализация:

 (өндірістік, тұрмыстық, ағынды суды ағызатын орындар, мөлшері, тазартылуы, ағынды суды жеке ағызудың болуы,  сыртқы тораптар, ішкі торыптар).

 •  жылымен қамтамасыз ету, жылыту жүйесі:

 (жылумен қамтамасыз ету көзі, жылыту параметрелі, аспаптар түрлері, сыртқы және ішкі бөлмелердегі ауаның есептік параметрлері);

 •  желдету жүйесі:

 (желдету жүйесінің түрі, ауаны алу және лас ауаны шығару орны, ауа алмасу жиілігі, ықшамклимат параметрлері);

 •  табиғи жарықтандыру:

 (терезелердің түрлері, қиын желдетілетін құрылыс жағдайында – табиғи жарықтандыру коэффициентін есептеу):

 •  жасанды жарықтандыру:

 (жарықтандыру түрлері, шамдар, жұмыс орнындағы және бөлмелердегі жарықтандыру деңгейі);

 •  құрылыс материалдары:

 (қабырғалар материалы, жылыту материалдары, қабырға, еден, төбелерді әрлеу үшін қолданылатын материалдар);

Табиғи қоршаған ортаны қорғау:

 •  атмосфералық ауа тастамалары:

 (фондық концентарция, тастамалар, мөлшері, заттардың қауіптілік класы, ШРЕК (ӘЕБРЕД), әсер ету аймағы, СҚЗ шекарасында жер бетілік концентарциясы, зертханалық бақылау)

 •  ағынды суларды канализацияға және суаттарға ағызу:

 (ластанған ағынды сулардың түрлері, тазарту тәсілі, ағынды судың сапасы, ағызу орны);

 •  өндірістік және тұрмыстық қалдықтар:

 (қалдықтар түрлері, зияндылық класы, есептік мөлшері, ағызу жүйесі, уақытқа сақтау, утилизация түрлері);

 •  физикалық факторлар:

 (шу, вибрация, электромагниттік сәулелену, күтілетін деңгейді есептеу, есептеу және қорғау шаралары);

 •  құрылысты ұйымдастыру:

 (құрылыс учаскесін дайындау, жүретін жолдарды қатты жабынмен жабу, түнгі ақытта шуға байланысты жұмыстарды шектеу, құрылысшылар үшін санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің болуы, ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмыс тәртібі, канализацияға қосылған әжетхананың болуы немесе автономды химиялық туалет, құрылыс қалдықтарын жою жүйесі);

 •  топырақты санациялау бойынша шаралар және радон қауіптіліктің алдын алу:

 (санэпидбақылау ұйымының топырақтың сапасы және учаскенің радон қауіптілігі туралы қорытындының болуы)

 •  еңбекті қорғау және жұмысшылардың техникалық қауіпсіздігі:

 сол өндіріске қатысты өндірістік ортаның және еңбек үрдісінің факторалары; өндірістік ортаның және еңбек үрдісінің фактораларын өндірістік зертханалық бақылау жүргізу және ұйымдастыру; өндірістік ортаның және еңбек үрдісінің фактораларының әсер етуінен жұмысшыларды қорғау бойынша шаралар;  жұмысшыларды жеке қорғаныс заттарымен, арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен, қамтамасыз ету, жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілуі.  

 Ескерту

 Сараптама жүргізген маманның қорытындысы:

  II  Қорытынды:  … жоба

 (жоба құжатының аты көрсетіледі)

 Санитарлық ережелерге, нормаларға, гигиеналық талаптарға сәйкес келеді (сәйкес келмейді):

 (жоба құжатының аты көрсетіледі, санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналық нормативтер)

 Сараптама бөлімінің меңгерушісі

 Коммуналдық гигиена бойынша дәрігер

 Дәрігер 

        «Коммуналдық гигиена» бойынша маман дәрігер теориялық дайындықтан басқа, келесі практикалық іс-әрекет түрлерін меңгеріп, оның негізінде сәйкес, кәсіптік міндеттерді шешуі қажет:

  1.  Халықтың денсаулық жағдайын және оны анықтайтын факторларды бағалау.
  2.  Қоршаған орта мен халықтың өмір сүру жағдайына мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу.
  3.  Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен денсаулығын қорғау бойынша басқармалық іс-әрекеттерді жүргізу.
  4.  Тәрбиелік, педогикалық және ғылыми-практикалық жұмыстарды жүргізу.

 «Халықтың денсаулық жағдайы мен оны анықтайтын факторларды бағалау» бөлімі бойынша дәрігер өз бетінше меңгеруі тиіс:

  •  тұрғындардың денсаулық жағдайын анықтайтын, яғни олардың өмір сүру салтына, тұқым қуалаушылық сипаттамасына байланысты факторлапрды бағалау;
    •  демографиялық көрсеткіштерді бағалау: туу көрсеткіші, табиғи өсу, аурушаңдық, науқастық, өлім көртсеткіші, леталдылық, мүгедектік, қоршаған орта факторларының әсер етуіне байланысты аурлардың халықаралық жіктелуіне (АХЖ-10) байланысты негізгі нозологиялық формалары бойынша тұрғындардың мүгедектігі;
    •  мемлекеттік және салааралық статистикамен қарастырылған есеп беру және тіркеу құжаттары негізінде халықтың денсаулық жағдайы және оны анықтаушы факторлар туралы ақпаратты талдау;
    •  қоршаған орта факторларының әсер етуіне байланысты жұқпалы және жұқпалы емес аурулар жағдайларын талдау және бағалау;
    •  санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалауға байланысты халыққа медициналық-санитарлық көмектің сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
    •  қызмет көрсетілетін нысанда, аумақта эпидемиялық жағдайға шынайы бағалау жүргізу;
    •  санитарлық заңдылықтар талаптарына сәйкес тұрғындардың тіршілік жағдайы мен өмір сүру ортасын сауықтыруға бағытталған гигиеналық эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді жоспарлау;
    •  қауіптілік факторы мен алдын алу шараларының тиімділік гипотезін бағалу бойынша таңдамалы эпидемиологиялық зерттеулердің қажеттілігін бағалау;
    •  таңдамалы эпидемиологиялық-гигиеналық зерттеулер бағдарламасын басқа мамандармен бірге дайындауда, сондай-ақ жаппай жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алуға байланысты бағдарламалар дайындауға қатысу;
    •  қауіптілік тобы аумағында тұратын және әр түрлі топтар аурушаңдықтарының және аурудың назологиялық формаларының  қауіптілік уақытына бағалу жүргізу;
    •  тұрғындардың денсаулық жағдайы мен оны анықтаушы факторлар арасындағы себеп-салдарлық гипотезасын анықтау;
    •  тұрғындардың денсаулық жағдайын болжау және бағалу үшін жүйелік талдау және информатика әдістерін қолдану;
    •  тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалу және демографиялық көрсеткіштердің өзгерістерін болжаубойынша компьютерлік бағдарламаны өңдеу және ақпарат беру;
    •  санитарлық заңдылықтар талаптарына сәйкес тұрғындардың өмір сүру жағдайы мен қоршаған ортаны сауықтыру бойынша шараларды жүргізуді ұйымдастыру;
    •  тұрғындардың денсалық жағдайының көрсеткіштерінің өзгерістері бойынша шаралар кешенінің тиімділігін практикада бағалау.

«Тұрғындардың денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаны бағалау үшін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу» бөлімі бойынша дәрігер өз бетінше мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау нысандарында зертханалық әдістерді қолдана отырып, ақпараттар жинап, санитарлық тексеруді ұйымдастыруы қажет:

  •  қағаз және электрондық тасымалдаушыларда мәліметтерді біріншілік топтастыру;
  •  ақпаратты топтастыру, жүйелендіру, талдау;
  •  қоршаған орта мен тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалау бойынша мәліметтерді алдын алу шараларын негіздей отырып, сәйкес құжаттарды (ақпараттық хаттар, актілер, қаулылар және т.б.) толтырады;

Сонымен қатар, санитарлық дәрігер меңгеруі керек:

  •  санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес, елді мекен орындарының салынуы мен жоспарлануын бағалау;
  •   құрылыстың барлық түрлеріне орай жер учаскесін таңдау бойынша қорытынды беру;
  •  елді мекенді жоспарлау және салу жобасына, ықшам аудандарды дәйекті жоспарлау жоабсына, құрылыс нысандары жобасына, медициналық және сауықтыру мекемелері, демалу орындары, жеке меншік нысандары жобаларына, қоршаған ортаның химиялық ластануы бойынша гигиеналық талаптардың сақталуына, оның шу тәртібіне, радиациялық қауіптілігіне, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың табиғи жарықтануы мен инсоляциясына гигиеналық сараптама жүргізу;
  •  санитарлық қорғаныс аймағы, сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық күзету аймағы жобасына, елді мекенді тазартудың бас сызбасына, іркінді суды ағызу жағдайына, сумен қамтамасыз етудің, канализацияның, өндірістік желдетудің, жасанды жарықтанудың  санитарлық-техникалық жүйесі мен құрылымына гигиеналық сараптама жүргізу;
  •  кәсіптік компетенция деңгейінде құрылыс салу кезінде санитарлық нормалар мен ережелердің саұталуына бақылау жүргізу;
  •  санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуына бақылау жүргізу мақсатында ныаандарды эксплуатацияға қабылдау кезінде комиссия (жұмысшы және мемлекеттік) жұмысына қатысу;
  •  табиғи (атмосфера, суаттар, сумен қамтамасыз ету көзі, топырақ) және инженерлік (тұрғын және қоғамдық ғимараттар, спорттық сауықтыру мекемелері және т.б.) нысандарға бақылау жүргізу және сәйкес тексеру құжаттарын толтыру (актілер, санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді бұзу туралы хаттама, сотқа ұсынылған құжаттар).
  •  атмосфералық ауаның сапасына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу:
  •  әр түрлі концентрацияларды ортақтандыру және кешенді көрсеткіштерді есептеу әдістемесін меңгеру;
  •  максималды бір реттік ШРЕК және орташа тәуліктік ШРЕК мәндеріне сәйкес, адекватты бағалау жүргізу;
  •  кәсіпорындарда қалдық аз шығаратын технологияны енгізу, шығырысты тиімді тазарту, автокөлік мәселелерін шешу бойынша шараларды енгізу жолымен ауаның сапасын жақсарту мәселелерін шешуге қатысу.

      •  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу:

  •  шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуде су сапасына;
  •  шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуде су көзінің сапасына және суды өңдеу жүйесінің технологиясына;
  •  су көздерінде санитарлық күзету зонасының санитарлы-гигиеналық тәртібіне;
  •  шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етуде қолданылатын материалдар мен қондырғылардың сапасына;
  •  елді мекен ішінде және рекреациялық суды пайдалану орындарында су нысандарының сапасына;
  •  ағынды суларды ағызу жағдайына;
  •  кәсіпорындарда айналмалы сумен қамтамасыз етуге байланысты сұрақтарды шешуі қажет.

       санитарлық бақылау: 

  •  елді мекен орындарында топырақтың санитарлық жағдайына;
  •  қауіптілік класын ескере отырып, қатты өндірістік қалдықтарды жинау, алып кету және зарарсыздандыру үрдістеріне;
  •  қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, алып кету және зарарсыздандыру үрдістеріне;
  •  емдеу профилактикалық мекемелерінің қалдықтарды жинау, алып кету және зарарсыздандыру үрдістерін жүргізуі қажет.

     •  санитарлық жағдайына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау    жүргізу:

  •  тұрғын және қоғамдық ғимараттарға;
  •  спорт-сауықтыру имараттарына;
  •  емдеу-профилакатикалық мекемелеріне;
  •  жабық бөлмелердің ауа ортасына;
  •  құрылыс материалдары мен қондырғылар сапасына.

        •  санитарлық-гигиеналық, микробиологиялық және басқа да зерттеулер үшін материалдар дайындау және жинау;

 •  ортаны зерттеу үшін зертханалық-аспаптық тексеру әдістерімен жүргізілген нәтижелер бойынша қорытынды беру;

 •  қоршаған ортаның қауіптілігіне немесе ластануына және халықтың денсаулық жағадайы мен тіршілік жағдайының нашарлауына, қауіп-қатер кезеңінде (табиғи, техногендік апат, басқа да апаттар және т.б.) шаралардың орындалуына бақылау жүргізу.

         «Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыру және тұрғындардың денсаулығын қорғау кезінде басқармалық іс-әрекетті енгізу» бөлімінде «коммуналдық гигиена» бойынша санитарлық дәрігер білуі қажет:

 •  басқармалық мақсаттарды негіздеу және шешу, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық сұрақтарын, кәсіптік, жұқпалы, жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша мәселелерді шешу;

 •  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және денсаулығын қорғауға бағыттылған мақсаттық бағдарламаларды өңдеу және реализациялау;

 •  тұрғындардың денсаулық жағдайын нашарлататын себебін анықтайтын гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулерді жүргізу, осыған сәйкес денсаулыққа зиянын тигізетін себептерін анықтауды шешу үшін сәйкес шараларды қолдану;

     • халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететін шаралардың орындалуын жоспарлау және ұйымдастыру, басқармалық шешімдер қабылдау;

 • әлеуметтік-гигиеналық мониторинг шараларын өңдеу және орындалуына қатысу;

 •  ретроспективті және оперативті талдау негізінде алдын алу шараларының міндетін анықтау және ауру топтары бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын бағалау;

 • ауданның, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жоспарын және ұсыныстарын өңдеу;

 •  мекеме, өндіріс, ықшам аудан, елдімекен масштабында сауықтыру бағдарламалары деңгейінде әлеуметтік және медициналық шараларды негіздеу;

 •  санитарлық дәрігердің және оның көмекшісі жұмысының мәселелік тақырыптық жоспары;

 •  біріншілік құжаттарды құрастыру: нысанды тексеру актісі, санитарлық төл-құжат, қаулы, зертханалық және аспаптық зерттеулер хаттамасы, жедел хабарлама, тіркеу журналы, қорытынды және басқалар;

 • бұйрықтар шешімдер жобасын, басқа да әкімшіліктік актілер, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық сұрақтары бойынша анықтама құрастырады;

 •    зертхана жұмысын жоспарлауға қатысу;

 • мемлекеттік және салалық есеп беру құжаттарын толтыру үшін материалдарын дайындау, көрсеткіштерді бағалауды меңгеру;

 • денсаулықты жақсартумен айналысатын мемлекеттік басқарма мекемелері, емдеу-профилактикалық және басқа да мекемелермен бірге өз-ара кәсіптік міндеттерді шешу кезінде қатысу;

 •  «коммунальная гигиена» мамандығы бойынша дәрігердің құқұғына кіретін барлық іс-әрекет түрлеріне байланысты кеңестік жұмыстарды жүргізу;

 •  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі  туралы  Қазахстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі  туралы  Қазахстан Республикасының» кодексімен  қарастырылған ережелеріне сәйкес бұлтартпау шараларын қолдану;

 •  ұйымдар мен азаматтардың жеке меншігіндегі кәсіпорындарда өз күшіндегі санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау;

             «Тәрбиелік, педагогикалық және ғылыми-практикалық жұмыстарды жүргізу» бөлімі бойынша дәрігер өзбетінше және ұжыммен бірге келесі жұмыстарды атқарады:   

 •  тұрғындарды гигиеналық талаптар бойынша тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау (дәрістер оқу, әңгімелесулер жүргізу, радио және теледидар бойынша сөйлеу және т.б.) бойынша жұмыстар жүргізу;

 •  мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық бақылау, аурудың алдые алу бойынша мәселелерді шешуде орта медициналық қызметкерлерді оқыту кезінде педагогикалық іс-әрекет жүргізу;

 •  санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық сұрақтары бойынша әр түрлі мамандықтағы дәрігерлерді оқытуды ұйымдастыру;

 •  нысанның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау бойынша, гигиеналық және   эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігін бағалау және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу бойынша ғылыми-пракатикалық жұмыстарды жүргізу.

2007 жылдан бастап, практикалық дағдыларды тексеру үшін, ҚазҰМУ медициналық-профилакатикалық факультеттің 6 курс студенттеріне арналған Мемлекеттік емтихан негізінде «коммуналдық гигиена» пәні бойынша объективтік құрылымдық практикалық емтихан бағдарламасы енгізілді (1.3 кесте).   

1.3 кесте

Коммуналдық гигиенадан объективті құрылымдық практикалық емтихан түрінде мемлекеттік біліктілік емтиханды жүргізу бойынша санитарлық гигиеналық дағдылар тізімі

Сатылар

Студенттерге арналған тапсырмалар

Макс.

Балл

Уақыт

мин.

1.

Іс-әрекеттеріңізді түсіндіре отырып, бактериологиялық зерттеуге су құбыры суының сынамасын алыңыз.

6

6

2.

Мигуновтың электроаспираторымен қатты аэрозольды ластаушыларға ауа сынамасын алыңыз.

6

6

3.

Санитарлық қорғаныс аймағының нормативті мөлшерін анықтаңыз және оның «желдік коррекциясын» жүргізіңіз.

15

15

4.

Топырақтың механикалық құрамын зерттеудегі тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз. Зерттеу нәтижелерін тіркеңіз. 

5

5

5.

Транспорттық шу деңгейіне аспапты және есептеу әдісімен бағалау жүргізіңіз.

15

15

6.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жасанды жарықтандырылуын бағалай білетіндіктеріңізді көрсетіңіз.

Іс-әрекеттеріңізді түсіндіріңіз. Зерттеу нәтижелерін тіркеңіз.

8

8

7.

Ықшамклиматты бағалаудағы аспаптық зерттеулердегі тәжірибелік дағдыларыңызды көрсетіңіз. Іс-әрекеттеріңізді түсіндіріңіз. Зерттеу нәтижелерін тіркеңіз.

15

15

8.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың табиғи жарықтандырылуын бағалай білетіндіктеріңізді көрсетіңіз.

Іс-әрекеттеріңізді түсіндіріңіз. Зерттеу нәтижелерін тіркеңіз.

10

10

9.

Ендік және меридиан бойынша орналасқан ғимараттардағы инсоляция деңгейін анықтаңыз. Іс-әрекеттеріңізді түсіндіріңіз.

10

10

Барлығы:

90

90

 Жүргізілетін зерттеулердің кеңдігіне байланысты, коммуналдық гигиена пәні бірқатар медициналық, биологиялық және басқа да патологиялық физиология, терапия, эпидемиология, жұқпалы аурулар, математика пәндерімен тығыз байланысты. Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер өзінің қызметін жетік орындау үшін, жеке сәулет және құрылыс сызбаларының жағдайларын, гидрология, гидрогеология, гидробиология, санитарлық техникалық, топырақтану, химия, климатаология және т.б. пәндерді де білуі қажет (1.1 сурет).

 

1.1 сурет. Коммуналдық гигиенаның басқа пәндермен байланысы,

Е.И. Гончарук, 2006.

 

Сонымен болашақ санитарлық дәрігер үшін міндетті медициналық пәндер курсын меңгеру кезінде микробиология, жұқпалы аурулар және эпидемиология пәндерінің сұрақтарына ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл қоршаған орта көбіне сумен топырақтың нысандарының микробтық ластануының адам денсаулығы үшін қауіптілік деңгейін бағалау үшін қажет коммуналдық гигиена бойынша дәрігердің жұмысы басқа да гигиеналық пәндермен тығыз байланысты (олардың барлығы алдын алу мәселелерімен айналысады).

Санитарлық дәрігерге құрылыс сызбалары туралы білім деңгейі жобаға сараптама жасау кезінде жобадағы сызба материалдарын оқу үшін қажет, гидрология және гидрогеология негіздерінде – су көздернің қауіпсіздік деңгейін бағалау жатады; топырақтану мәселелерін меңгеру – сұйық және қатты қалдықтарды табиғи зарарсыздандыру үшін, имарататтарды дұрыс таңдау; физика және климатология негізінде ғимаратта желдетудің, жылыту жүйесінің қолайлы түрін таңдау, сондай-ақ атмосфералық ластаушы заттардың таралуына есептеу жүргізу және т.б. санитарлық статистика тәсілін меңгеру және қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламамен гигиеналық болжауды есептеу әдісінигеру саниарлық дәрігерге сақтық сауықтыру шаралрын енгізу үшін қажет.

Жоғарыда келтірілген мәселелерді жетік білу коммуналдық гигиена бойынша санимтарлық дәрігер маманының біліктілігін жоғарылатады. Санитарлық дәрігер Мемлекеттік санитарлық бақылау кезінде Қазақстан Республикасының санитарлық заңнамаларын, ресми құжаттарын басшылыққа алуы қажет.

II БӨЛІМ

Жобаның сызба материалдарын оқу

Санитарлық дәрігердің практикалық іс-әрекеті кезінде әр түрлі жобаларды сараптау кезінде, сирек ағымды санитарлық бақылау кезінде жобалық сызбаларды қарастырады. Жоба – ескертпелі санитарлық бақылаудың негізгі құжаты және қандай-бір нысанның (елді мекен, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар, имараттар) құрылысын немесе қайта қарастырылуын анықтайтын материалдар кешені болып табылады. Жобаның мәтіндік бөлімі (түсініктеме қағаз) және сызба (әр түрлі сызбалар жиынтығы) бөлімі болады. Түсініктеме қағазда жобаның мақсаты және оның құрамы (сәулеттік-жоспарлы шешімдер, негізгі техника-экономикалық және құрылыс көрсеткіштері) туралы негізгі мәліметтер болады. Сондықтан жобаны сараптау кезінде санитарлық дәрігер бірінші түсініктеме қағазбен танысып, содан кейін барып, сызбаларды оқуға кіріседі. Бұл бөлімдегі материалдарды жеңіл түсіну үшін, жобалау ретіне тоқталу керек.

Кез-келген нысанның құрылысын арнайы жоба ұйымдары жобалау-сметалық құжаттамаларын, құрамы мен мазмұнын ҚР ҚНжЕ 1.02-01-2001 «Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы туралы нұсқау» құжаты негізінде қарастырады.  

Жобаға тапсырыс беруші (құрылыс салушы) жобалау ұйымымен, яғни бас жобалаушымен жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындауға келісім шартқа отырады, жобалауға тапсырма беріледі және қажетті құжаттар мен материалдар ұсынылады. Жобалау-сметалық құжаттамалар өңдеу техника-экономикалық негіздеу (ТЭН) немесе техника-экономикалық есептеу арқылы жүргізіледі:

  •  екі кезеңде – жоба және жұмысшы құжаттама;
  •  бір кезеңде (жұмысшы жоба) – негізінен күрделі емес нысандар үшін.

Нысанның құрылысының мақсаттылығын негіздейтін жоба және оның құндылығын есепке ала отырып (жобалаудың бірінші стадиясы), бекітілген техника-экономикалық негіздеу негізінде және де басқа да құрылысқа арналған алаңды таңдау кезіндегі материалдар, соған сәйкес жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес жүргізіледі. Жұмысшы құжаттама – жобалаудың екінші кезеңінде бекітілген жоба негізінде құрастырылады.

 Жұмысшы жоба бекітілген ТЭН және ТЭЕ негізінде жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес өңделеді. Жұмысшы құжаттамасы бар жұмыс жобасы сараптама үшін және өндіріс құрылысын әрі қарай салу үшін қолданылады. Азаматтық, өндірістік, ауыл-шаруашылық ғимараттарын жобалау кезінде типтік жобаларды қолдану керек. Типтік жобалар көп рет пайдалануға арналған, ал жеке жобалар арнайы тапсырыс бойынша жасалып, көбіне бір-ақ рет қолдануға арналған.

Тұрғын-азаматтық құрылыс келесі бөлімдерден тұрады:

  •  жобаның төл құжаты;
  •  жалпы түсініктеме қағаз;
  •  сәулеттік-жоспарлаушы шешімдер;
  •  құрылыстық шешімдер;
  •  технологиялық шешімдер;
  •  инженерлік қондырғылар бойынша шешімдер;
  •  қоршаған ортаны қорғау;
  •  азаматтық қорғаныстық инженерлік-техникалық шаралары, тосыннан болатын жағдайларға байланысты шаралар;
  •  құрылысты ұйымдастыру;
  •  сметалық құжаттамалар;
  •  инвестициялық тиімділігі;
  •  құрылыс материалына деген қажеттіліктіктің жинақ ведомості;

Жобаның жұмысшы сызбаларының әрбір жинағының аты бар, негізгі жинақтың маркісі және сызбаның белгіленуі көрсетіледі:

1. Бас жоспар                                                                   БЖ.

2. Сәулеттік шешімдер                                                   СШ.

3.  Сәулеттік-құрылыстық шешімдер                            СҚ.

4. Технологиялық коммуникация (құбырлар)               ТК.

5. Ішкі су құбыры мен канализация                                СК.

6. Сыртқы сумен қамтамасыз ету және канализация   ССК.

7.  Жылыту, желдету және ауаны кондиционерлеу       ЖЖ.

8. Ауамен қамтамасыз ету                                                 АҚ.

9. Электрлік жарықтандыру                                              ЭЖ.

10. Электрмен қамтамасыз ету                                          ЭҚ.

11. Газбен қамтамасыз ету                                                 ГҚ.

12. Жылулық тораптар                                                       ЖТ.

13. Байланыс және сигнализация                                      БС.

14. Интерьерлер                                                                   И.

15. Темір бетонды құрылым                                               ТБҚ.

16. Металдық құрылым                                                       МҚ.    

17. Ағашты құрылым                                                           АҚ.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар сызбалық бейнесі сәулеттік-құрылыстық сызбалар деп аталады. Жобаның сызба құрамына кейде жиҺаздарды орнастыру бейнесі, жылыту, желдету сумен қамтамасыз ету, канализация жүйесінің дұрыстығы да көрсетіледі. Сызбаларды сызу кезінде жалпы қабылданған шартты әр түрлі нысандардың, ғимарат элементтерінің, санитарлық-техникалық қондырғылардың сызбалық белгіленуі бойынша көрсетеді. Сондықтан санитарлық дәрігер топографиялық карта мен жағдайлық жоспарда, құрылыс материалдарының, қабырға, баспалдақ, терезе, санитарлық техника, жылыту жүйесі, желдету және т.б. жүйелердің шартты белгілену түрлерін білу қажет.

Жобаға сараптама жасау кезінде санитарлық дәрігерге қажетті сызбаның парақ маркасін дұрыс даңдауы қажет, яғни осы маркінің тек элементі бейнеленеді, ал басқалары схема түрінде беріледі. Сонымен жобаның барлық сызбаларының ішінде бірінші кезекте топографиялық (жобалау нысанына байланысты), жағдайлық және бас жоспарлар, содан кейін жылыту, желдету, сумен қамтамасыз ету, канализация сызбалары қарастырылады. Сәулеттік-құрылыстық маркілі сызбалардың ішінен ғимараттың фасады, жоспары, кесіндісі таңдап алынады.

Сызбалардағы өлшемдер өлшемдік сандармен берілген, яғни миллиметрмен көрсетілген, ал өлшем бірлігі көрсетілмейді. Егер сызбада өлшемдерді басқа өлшем бірлікпен (сантиметр, метр) көрсету қажет болса, онда сәйкес өлшемдік сандардың өлшем бірлігі (см, м)  көрсетіліп жазылады немесе ол техникалық талаптарда жазылады. Құрылыс сызбаларында өлшем бірлігі басқа сәйкес құжаттарда көрсетілген болса, бұл жағдайда олар көрсетілмейді. Өлшемдік сандар негізінен сызбаның масштабына байланыссыз сол имараттың тура мөлшерін көрсетуі қажет.

 Бейнелену дегеніміз сол заттың қажетті геометриялық қасиетін анықтайтын белгілі-бір масштабтағы заттың сызбамен көрсетілген кескіні. Сызбалы геометриядан айырмашылығы, сызбада затты әр түрлі жағдайда көрсетілген бейнесі кескінделеді:

  •  алдынан қарағандағы кескіні (бас кескіні немесе фасад), жобалаудың фронтальді кеңістіктегі бейнеленуі;
  •  жоғарыдан қарғандағы кескіні (жоспар);
  •  сол жақтан қарағандағы кескіні, бүйірлік фасад;
  •  оң жақтан қарағандағы кескіні;
  •  артқы жағынан қарағандағы кескіні (артқы фасад).

Фронтальді кеңістікте бейнеленуі сызбалардың ішінде бастысы болып табылады.

Санитарлық дәрігер жергілікті жоспарларды аудандық жоспарлау жобасы мен сызбасын санитарлық бағалау кезінде, өндірістік нысандардың санитарлық қорғаныс аймағының жобасына, елді мекенді шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жобасына, оның бас жоспарына сараптама жасау кезінде, су құбырын санитарлық күзету жобасына, әр түрлі коммуналдық нысандардың құрылысы үшін жер учаскесін бөлу кезінде сараптама жүргізуде қарастырады. Санитарлық дәрігер үнемі ірі масштабты карталармен (1:10 000, 1:25 000) жұмыс істейді. Жергілікті жердің картасында (топографиялық және жағдайлық жоспарлар) әр түрлі нысандар шартты белгілермен бейнеленеді: контурлы түрде – ормандар, алқаптар, батпақты жерлер, өзендер белгіленеді және олар масштабта көрсетіледі, масштабсыз белгілер жеке ғимараттар және ағаштар үшін.

Топографиялық картада (2.1 сурет) елді мекен нүктелері мен жеке нысандар үшін жергілікті жер бедері (рельеф) бейнеленеді, кейбір сәулеттік және санитарлық сұрақтарды шешу үшін маңызды болып табылады, мысалы су құбыры, канализация, тазарту қондырғылары, ғимараттың тік жапсырмасының құрылысын салу үшін қажет.     

 

2.1 – сурет.  Жергілікті топографиялық жоспар.

 

Топографиялық жоспарда жергілікті рельеф горизонтальдар, яғни олар жергілікті нүктелер биіктігі бойынша бірдей қосылатын қисық сызықтар. Бұл арқылы жер бедерінің жалпы келбетін, теңіз деңгейінен абсолютті биіктігін және бағытын анықтауға болады. Бұл үшін жоспарда бергштрихтарды, яғни бос ұштары жергілікті жердің төмендеген жағына қарай қараған сызықтар.

Горизонтальдар бір-біріне неғұрлым жақын орналасса жергілікті еңістік соғұрлым тік болады. Топографиялық картада жеке нүктелердің биіктік белгілері бейнеленеді, ол арқылы жергілікті еңістіктің бағытын көруге болады. Жер бедерінің формасын көлденең орналасқан сандық белгілер арқылы анықтауға болады, бұл сандардың жоғарғы бөлігі үнемі еңістіктің жоғарылау жағына қарай қараған. Кей жағдайда қандай-да бір нүктеде сандық белгісі көрсетілмесе, онда оның биіктігі жақын көлденеңде болады.

Топографиялық картадан жергілікті жердің географиялық ендігін анықтауға болады. Мысалы – Франков поселкесінде (2.1 сурет) 54° I2ٰ 30" (ендік бойынша) және  09' (бойлық бойынша) координаттық сызықтарының қиылысқан жерінде орналасқан.   

Карта бойынша жобаға сараптама жасау кезінде сандық масштабты қолдана отырып, санитарлық дәрігер поселке арасындағы қашықтықты, санитарлық-қорғаныс зонасының мөлшерін, аурухананың қызмет көрсету радиусын анықтауға болады.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар жобасында негізінде сызба материалдары міндетті түрде болуы қажет:

  •  жағдайлық жоспар, 1 : 5000 немесе 1 : 10 000 масштабта, онда барлық құрылыс және инженерлік коммуникациялар беріледі;
  •  бас жоспар, 1:500 немесе 1:1000 масштабтағы гидрогеологиялық сипаттамасы берілген құрылыс учаскесі;
  •  қабаттар, фасадтар, ғимараттың кесіндісі, негізгі және қоршаушы конструкциясы бейнеленген имараттар жоспары, 1:50, 1:100, 1: 200 масштабтағы;
  •  инженерлік қондырғылардың (жылыту, желдету, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализация) принципиалды схемалары.

Жағдайлық жоспар (2.2-сурет) болашақ нысан құрылысы салынатын учаскенің және оны қоршаған жергілікті мекен бейнеленген карта. Санитарлық дәрігер үшін бұл жоспар сол нысанға қатысты басқа құрылыстардың арасындығы қашықтықты сақтау үшін қажет. Жағдайлық жоспардан өндірістік кәсіпорындардың, көліктік магистралдардың, парктер мен скверлердің орналастырылуын көруге болады. Сондай-ақ онда су алу орнын және іркінді суларды ағызу орны, су тарату тораптары мен канализация құбырының жолдары да көрсетіледі.

Топографиялық карта мен жағдайлық жоспарда «жел раушаны» көрсетіледі, осының көмегімен басым соғатын жел бағытының қайталану жиілігін, осыған байланысты атмосфералық ластаушылардың таралу мүмкіндігін  қарастыруға болады. «Жел раушаны» графигінің сәйкес румбасында желдің қайталану жылдамдығына сәйкес ұзындығы бойынша пайызбен берілген кесінділер көрсетіледі. Жел жақта – жел қай жақтан соғатындығы, ық жақта – жел қай жаққа бағытталғандығы (жел үнемі «жел раушаны» графигінің орталығына соғады) көрсетіледі. Жағдайлық жоспарда (2.2-сурет) көрсетілгендей, желдің қайталап соғу бағыты солтүстік және шығыс-оңтүстік-шығыс бағыттарда төменірек, ал батыс  жақта жоғарырақ, сондықтан қоныстық аумақты өндірістік аймақтың батыс немесе оңтүстік жағына қарай орналастыру керек.           

  Топографиялық және жағдайлық жоспарларды есепке ала отырып, қаланың немесе жеке салынатын нысандардың бас жоспарын құрастырады. Бас жоспар – жобаланатын нысанның жер учаскесінің жоспары, онда шекарасы, салынатын ғимарат, көк-жасыл желектер, жолдар, басқа да имараттар бейнеленеді. Елді мекеннің бас жоспары 20 жыл мерзімге өңделеді және сараптауға қажетті барлық материалдар қарастырылады.    

 

 

                           2.2-сурет. Жергілікті елді мекеннің жағдайлық жоспары.

 

Бас жоспар жобасының жалпы сипаттамасы түсініктеме қағазда беріледі, яғни қала құрушы база бойынша мәліметтер, халық санының өсімі, қызметтік пайдалануды аймақтау және т.б. мәліметтер беріледі. Сондай-ақ түсініктеме қағазда сызбалық құжаттар, мысалы бас жоспардың эскизі беріледі, онда  сақталған және жобаланатын аумақ, жолдардың барлық тораптары, көк-жасыл желектер, инженерлік қондырғылардың имараттары беріледі.

Бас жоспардың сызбалары экспликациядан тұрады (спецификация), онда бас жоспарда белгіленген барлық нысандар болады, сызбадан оларды шартты белгілер арқылы табуға болады. Сызбаны қарастыру кезінде бірінші кезекте нысанның атын, жобалаушы мекемені, оны дайындағын уақытын анықтайды. Сызбаның масштабын анықтайды, горизонттың белгілену жағын, «жел раушанын» тауып, экспликациямен танысады.  

Масштаб бойынша учаскенің мөлшерін, салынатын құрылыс территориясын анықтайды, ғимараттың бағытталуын және олардың арасындағы қашықтықты  бағалайды. Ғимараттың бағытталуы дегеніміз сызбада 4 немесе 8 румбамен көрсетілген жарық жаққа қарай ғимарат осінің ұзына бойына орналасуы. Ол учаскенің географиялық ендікке байланысты орналасуына және құрылыс нысанының  қызметтік пайдалану  мақсатына байланысты.    

Жергілікті жердің еңістігі, құрылыс ауданының, көк-жасыл желектердің  пайыздық мөлшері есептеледі. Құрылыс ауданы дегеніміз салынған құрылыс ауданының сол аумақтың барлық жер учаскесінің ауданына пайызбен алғандағы қатынасы.   

Мысалы.

Екі тұрғын ғимараттың алатын ауданы  2000 + 2000 = 4000 м2 , ал барлық учаскенің ауданы 20 000 м2; осыған байланысты құрылыс пайызы тең:

Х = = 20 %.  

Жер учаскесінің көгалдандырылу ауданы да осыған ұқсас әдіспен есептеледі. Салынатын құрылыс пен қызыл сызық арасындағы қашықтық ғимараттың фасады және бүйір жақтары бойынша анықталады, ол қашықтық қабаттылығына байланысты, бұл инсоляция ұзақтығына, сондай-ақ атмосфералық ластаушылардың, шудың таралуына әсерін тигізеді.

Ғимарттың құрылыс сызбаларын белгілі-бір кезектілікпен қарастырады:

  •  сызбаның төменгі оң жақ бұрышында көрсетілген нысанның атын және мәліметтерін анықтайды;
  •  сызба масштабын анықтайды;
  •  жоспарды, бас және бүйірлік фасадтарды табады;
  •  жоспар бойынша кесінділер қандай кеңістікте орналасқандығын анықтайды;
  •  жарыққа байланысты ғимараттың бағытталуын анықтайды;
  •  сызбадағы шартты белгілермен танысады;
  •  экспликациямен танысады;
  •  қажетті есептеулер жүргізеді (бөлменің ауданы мен көлемі, ТЖК жәнет.б.);
  •  сызбамен танысқанда бірінші кезекте фундаментпен танысады, сосын қабырғаларды, бірінші қабаттың еденін, жабындармен, баспалдақ қатарымен, шатырдың орналасуымен танысады;  
  •  жоспарды қарағанда ғимаратқа кіретін жердегі қабат жоспарынан бастау қажет;
  •  реттілігі бойынша барлық қабаттар және бөлмелер қарастырылады;
  •  ғимараттың құрылымын қарастырып болған соң, санитарлық-техникалық қондырғылармен (су құбыры, канализация, желдету, жылыту жүйелері) танысады.

Санитарлық дәрігерге құрылыс сызбаларын оқып-танысу жеңілдеу болу үшін, кейбір күрделі емес жағдайларды меңгеру қажет. Негізінен жоба мәліметтерінде барлық сызбалық бейнелену жобаны қарастыруды үйрену негізінде құрастырылған. Құрылыс сызбаларында негізінен проекциялаудың (бір заттың түрін, пішінін жазық нәрсеге салу, түсіру) үш түрі кездеседі:

  •  орталық проекциялау
  •  параллельді тік бұрышты проекциялау;
  •  аксонометрлік проекциялау.

 

2.3-сурет. Орталық (а) және параллельді (б) проекциялау схемасы.

1 – көзі; 2 – жарықтық сәулелер; 3 – зат; 4 – проекция.

 Егер біз парақ бетіне қандай-да бір затты қойып, оның шекарасын карандашпен жүргіземіз, сонда сол заттың көзбен көрінетін орталық проекциясын көруге болады. Осындағы проекциялаудың орталығы біздің көзіміз, ал заттың контурын көрсететін белгілейтін жарықтық сәулелер (2.3 сурет, а) орталықтан әр түрлі бұрыштармен шығатын әр түрлі ұзындықтағы проекция сәулелерінің (қысқасы – проекция орталығына, ұзыны – оның шетіне қарай) қызметін атқарады.    

Орталық проекциядағы бізден қашықтағы парллельді сызықтар бізге ұқсас сияқты көрінеді, ал қашық жатқан заттар өзінің шынайы мөлшерінен әлдеқайда төмен көрінеді, мысалы ұзын көшенің соңындағы үй, станциядан қашықтап бара жатқан пойыз және т.б. Сондықтан орталық проекциядан бейнеленген нысанның шынайы мөлшерін анықтау және оны салу мүмкін емес, сәулеттік құрылыста проекцияның бұл түрі тек көзбен көруге ғана арналған.

Егер проекция сәулелері орталықтан параллельді кететін болса,  онда қашықта орналасқан заттардың шынайы мөлшері сақталады (2.3-сурет, б). Егер бұл сәулелер нысанның жазықтығына перпендикулярлы болса, біз онда параллельді тік бұрышты проекцияны аламыз, егер сәулелер нысанның жазықтығына бұрышпен түсетін болса, онда біз аксонометрлік проекцияны аламыз. Бұл соңғы проекциядан нысанның бейнесі көлемді бейнеленеді, сонымен қатар оның бөліктерінің өз-ара орналасуын көрсетуге болады, бұл сызбаны оқуды жеңілдетеді.         

  

                     

2.4-сурет. Ғимарат фрагментінің                    2.5-сурет. Аурухана ғимаратының                                       аксонометрлік проекциясы.                            аксонометрлік кескіні.

                                                        

Аксонометрия барлық нысандар үшін (2.8-сурет) қолданылады, оның жеке фрагменттері (2.4-сурет) үшін, жобалау кезінде перспективті бейнеленуін (2.5-сурет) толтыру үшін және басқа да мақсаттар үшін қолданылады. Негізінен аксонометрлік түрде ішкі санитарлық-техникалық тораптар беріледі: су құбыры, канализация, газ, жылыту және жылумен қамтамасыз ету (2.6-сурет), желдету жүйелері және т.б. Негізінен аксонометрлік түрде ғимараттың жеке кесінділері де беріледі, мысалы оның жеке элементтері (2.4-сурет) немесе санитарлық-техникалық қондырғылар.              

          

2.6-сурет. Жылыту және жылумен                               2.7-сурет. Санитарлық- қамтамасыз ету жүйесінің түйіні.                                   техникалық  қондырғының

                                                                                      аксонометрлік  проекциясы.                                                                    

   

Параллельді тік бұрышты проекцияда орындалған бейнелену – сызба деп аталады, ол кез-келген жобаның негізгі құрамдық бөлігі болып табылады. Аксонометриядан айырмашылығы сызбада көрнекілік жоқ, оны оқу үшін арнайы білім қажет, оның проекциясын, көптеген шартты белгілерін түсіну қажет.  

Бейнеленген нысанға байланысты сызбалар келесі түрге бөлінеді: сәулеттік-құрылыстық (тұрғын және қоғамдық ғимараттар,  өнеркәсіптік кәсіпорындар, басқа да азаматтық имараттар);  инженерлік-құрылыстық (көпірлер, платиналар, жолдар, электростанциялар және т.б.);   топографиялық   (карталар,  топографиялық және жағдайлық жоспарлар);  санитарлық-техникалық (су құбырлары, канализация, желдету және т.б.);   машина-құрылыстық (машиналар, станоктар, аппараттар, аспаптар).                                                                                     

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер іс-әрекеті бойынша сәулеттік-құрылыстық және санитарлық-техникалық сызбалармен, сондай-ақ топографиялық, жағдайлық, бас жоспармен жұмыс істейді. Сызбаның әрбір түрінің өзіндік арнайы ерекшеліктері бар, бірақ барлық сызбада шартты белгімен масштаб көрсетіледі, ол арқылы сызбада көрсетілген нысанның шынайы мөлшерін анықтауға болады. Топографиялық карта мен жағдайлық жоспарда студенттерге мектеп қабырғасынан белгілі  сызықтық масштаб кездеседі.     

Ғимараттың басым бөлігі типтік жоба бойынша салынады, жергілікті жерге байланысты өзгертулерге байланысты санитарлық және құрылыстық нормалар мен ережелердің сәйкестігін бақылау үшін санитарлық сараптама жүргізіледі. Бұл талаптар ҚР ҚНжЕ  3.02-43-2007 «Тұрғын ғимараттар» және  3.02-02-2009 «Қоғамдық ғимараттар және имараттар» нормативтік құжатында, сондай-ақ басқа да құжаттарда берілген. Санитарлық қызмет жоба бойынша сараптамалық қорытынды бергеннен кейін барып, құрылысты жүргізуге рұқсат беріледі.  

Тұрғын үйлер әр түрлі типте болуы мүмкін: пәтерлік – жанұялар тұру үшін, қонақ үйлік – жанұясы аз, жалғыз басты және келіп-кетушілерге арналған; жатақхана – оқушыларға, жұмысшыларға ұзақ уақыт тұруға арналған. Пәтерлік типтегі үйлердің негізгі құрамдық бөлігіне бір баспалдақтық тордағы пәтерлерден тұратын тұрғын секция жатады, тұрғын секцияның негізгі элементі - пәтер болып табылады.    

Ғимараттың негізгі элементіне фундамент, қоршаушы құрылымдар (қабырғалар), аралықтар (ішкі қабырғалар), жабындар, шатырлар, терезе, есік, баспалдақтар (2.8-сурет) кіреді. Фундамент дегеніміз ғимараттың жер асты бөлігі, қабырғалардың негізі, оларға беріктік береді, ғимараттың грунтқа деген жүктемесін ұстап тұрады (2.9-сурет). Фундамент таспалық (а), ғимараттың барлық сыртқы қабырғаларының астында тұрады, бағаналық (б) -  жеке түрған бағаналар түрінде, сондай-ақ тұтас (в) және тіреулі (жерге қазып орнатылған бағаналы құрылыс) (г) түрлері болады. Ғимарат астына жиі жеңіл құрылысты бағаналық фундаментті қолданады. Ленталық фундаментті салу кезінде грунтты қазғаннан кейін жер астылық бөлмелер (подвал) жасайды.

 Фундаменттің табаны, яғни төменгі бөлігі грунт суы деңгейінен 0,5 м жоғарыда орналасу керек. Бұдан басқа жер асты бөлмелерінің едені майлы сазбен және асфальтпен гидроизоляция жасалады. Фундамент және жер асты бөлмелерінің үстіндегі жабындар және ылғалды бөлмелердің (ванна, душ, әжетхана) астындағы жабындарды гидроизоляциялау қажет, ол үшін толь (смолаланған су өтпейтін қалың қатты қағаз, картон), қара қағаз, битумды мастика (жапсырма).            

 

 

2.8-сурет. Тұрғын үйдің аксонометрлік проекциясы.

1 – фундамент;    2 – қабат аралық жабындар;    3 – аралық;

4 – ішкі капиталдық қабырға; 5 – есік салатын ойық; 6 –сыртқы капиталдық қабырға;  7 – терезе ойығы; 8 – маңдайша; 9 – баспалдақ сатысы; 10 –  баспалдақ алаңшасы;

12 – аралық қабырға; 13 – көпірше (отмостка); 14 – цоколь.

 

 2.10-суретте фундаменттің горизонтальді изоляциясы берілген, грунт суының деңгейі жоғары болған жағдайда тігінен күшейтілген гидроизоляция жасалады. Жобаның санитарлық сараптамасы фундаментте гидроизоляцияның бар-жоқтығын және оның беріктігін анықтауға мүмкіндік береді. Сапасыз гидроизоляция қоршаушы құрылымдарға ылғалдың өтуіне алып келеді және тұрғын бөлмелерде ылғалдылықтың жоғарылауын тудырады, әрине бұл тұрғындар денсаулығына, әсіресе балаларға кері әсерін тигізеді.

Көпірше (2.8-сурет, 13) ғимарат қабырғаларынан атмосфералық жауын-шашынның ағып кетуіне жағдай жасайды, оны бетоннан жасайды және бетіне асфальт құяды. Оның еңістігі 1-3 %, ал ені 50 см-ден кем болмауы керек. Фундаменттің үстіндегі төменгі қабырғадан бірінші қабаттың еден деңгейіне дейінгі аралық цоколь деп аталады, ол негізінен қабырғаларды механикалық мүжілуден және атмосфералық ылғалдылықтан сақтайды. Ғимараттың бұл элементтерінің барлығын жобаның сәулеттік-құрылыстық сызбаларынан тауып, бағалауға болады.

                          

2.9-сурет.  Фундаменттің түрлері.       2.10-сурет. Фундаменттің гидроизоляциясы  

 

Қабырғалар бөлмені сыртқы темпетурадан, желден, жауын-шашыннан сақтайды. Жабын салынатын қабырғалар негізгі  деп аталады, егер олар ғимараттың басқа элементтерінен жүктеме алатын болса, капиталды, ал басқа қабырғалар өзіндік негізгі деп аталады. Сыртқы қабырғалардың дыбыс изоляциялық және жылу изоляциялық қасиеті болуы қажет. Негізінен жылу изоляциялық қасиеті материалдардың жылу өткізгіштігіне, яғни жылулық сыйымы (бір нәрсені 1 градус жылыту үшін керекті жылулық сыйымы) – жылуды жұтып, оны бойында ұстап тұру қасиетіне байланысты. Қабырғалардың жылулық сыйымы жоғары болған кезде ақырын жылиды, қабырға материалында ауа неғұрлым жоғары болса (кеуектілігі), олардың жылу қабылдағыштығы төмен болады. Ылғалды қабырғаларда саңылаулар ылғалға толы болады, керісінше жылу шығаруы  жоғары болады.

Жылу изоляциялық қасиеті қоршаушы құрылымдардың қалыңдығы неғұрлым жоғарылаған сайын ұлғаяды. Мысалы кірпіш қабырғалардың жылу өткізгіштігі басқаларына қарағанда жоғары, сондықтан оларды қалыңдату керек. Жылу өткізгіштікті төмендету үшін, ішкі бөлмелерді қоршайтын бос денелі немесе силикатты кірпіштер, торлы бетондардан жасалған панельдер немесе көп қабатты панельдер қолданылады (2.11-сурет). Құрылыс материалдарының жылу техникалық көрсеткіштері  ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы», құжатында берілген, бұл мәліметті санитарлық дәрігер жобаны сараптау кезінде ғимараттың жылыту жүйесне баға берген кезде қарастырады.   

Аралық қабырғалар үшін (ішкі қабырғалар) дыбыс изоляциялық қасиеттерінің маңыздылығы зор, қабырғалар тегіс, саңылаусыз, бұдырсыз болуы қажет. Осы мақсат үшін қабырғаларды әрлеу үшін, жапсырма қағазды (обой) қолданбай, оның орнына әктеу қажет немесе ашық түсті су эмульсиялық бояумен сырлау қажет.  

Ғимараттың маңызды элементтерінің біріне қабаттарды биіктігі бойынша бөліп тұратын (қабат аралық) немесе жоғарғы қабатты шатырдан бөліп тұратын (шатырлық) жабын аралықтар жатады. Жабын аралықтар негізінен темір-бетоннан тұрады, олардың жылу және дыбыс изоляциялық қасиеттері жоғары болуы қажет.  

Жоғарғы қабаттарға ауа температурасының жоғары түсуінен үйдің төбесі мен төбелік жабын аралықтар арасындағы кеңістік – шатыр қорғайды. Соңғы он жылдықта тұрғын-ғимараттық құрылыста үйдің төбесімен біріккен (үйдің төбесі жоқ) шатырсыз ғимараттар қолданылады. Бірақ үй төбесінің бұндай түрі сапасыз жасалған кезде, едәуір қиындықтар (жоғарғы қабаттар төбесінен су ағу, мұздап қалу, қатты ысып кету, атмоосфералық жауын-шашындардың жиналып қалуы ) тудырады. Санитарлық дәрігер тұрғын ғимараттар жобасына сараптама жасау кезінде бөлмелерді қолайсыз әсерлерден қорғау мүмкіндігін бағалауға болады.   

  

                                

2.11-сурет.  Ғимараттың  жеке элементтерінің аксонометриясы .

1 – фриздік (фризовая) панель; 2 – қатарлы панель; 3 – цокольді панель;

4,5 – панель аралық жапсар;  6 – өтетін тесік (лаз); 7 – ішкі суағар (жыйналған суды ағызып жіберетін құбыр); 8 – ішкі су ағармен ағызу; 9 – парапет; 10 – дефлектор.

Имараттарды толық түрде көру үшін, оның қуаттылығын, есіктердің, терезелердің, лоджиялардың, балкондардың саны мен орналасуын және сыртқы қабырғаларды толық көру үшін оның фасадының сызбасын, яғни ғимараттың сыртқы жағының параллельді проекциясы жасалады. Фасадттар басты – көшеге немесе алаңға қараған беті, артқы (аулалық) және бүйірлік түрлері болады. Негізінен жобада фасадтар ғимараттың барлық жағынан көрсетіліп беріледі.     

2.12-сурет. Ғимараттың үйлесімді координация осі

дөңгелектегі әріптер – бойлай қабырғалар осі;

дөңгелектегі сандар –  көлденең қабырғалар осі.

Фасад сызбасында көрсетіледі: айрықша орындардан өтетін ғимараттың координациялық үйлесімдік осі, жер деңгейінің, қабырғаның жоғарғы деңгейінің, ойықтардың төменгі және жоғарғы деңгейінің белгілері. Сызбада жоспардың контурынан тыс әріппен немесе санман белгіленген дөңгелектер берілген. Орыс алфавитімен берілген бас әріптер бойлай қабырғалардың координациялық осін білдіреді, ал дөңгелектегі сандар көлденең қабырғалардың осін білдіреді (2.12-сурет). Фасадтың масштабы төмен болуы қажет, бірақ ойықтар жеткілікті көрініп тұрған дұрыс (2.13-сурет).      

2.13-сурет.  Тұрғын үйдің артқы фасады.

Ғимараттың жеке қабаттарының жоспары көлденең кеңістігіндегі оның кесіндісі болып табылады, шамамен алғанда 1,5 м деңгейде, одан бөлменің ауданы туралы, терезенің, есіктің санитарлық-техникалық қондырғылардың, сондай-ақ басқа да маңызды бөлшектер (2.14-сурет) орналасуы туралы білуге болады. Кейбір бөлмелердің қызметтік мақсаты экспликация жобасының парағында немесе сызбаның өзінде жазылады. Көп қабатты тұрғын ғимараттың жобасында қайталанытын қабаттар үшін тек бір типтік қабат бейнеленеді, бірінші қабаттың ерекшеліктері сол жобада бөлек көрсетіледі.

Ғимараттың өзі және оның бөлмелері көрнекілік үшін аксонометриямен көрсетіледі (2.8, 2.11-суреттер) қабаттардың жоспарында ғимараттың координациялық осі, олардың арасындағы және шеткі осы арасындағы қашықтық, барлық ойындылар, тесіктер, қабырғадағы қуыстар мен ұяшықтар және аралықтардың мөлшері (жоспарда есік ойындысының мөлшері берілмейді) көрсетіледі. Жоспарда бір жарым қалыңдықтағы сызық кесінділер жазықтығының бағытталуы белгіленеді (2.14-сурет – кесінді I-I).

Кесінді дегеніміз – терезе және есік ойындылары кіретін вертикальді жазықтықтағы шартты кесіндісі болып табылатын ғимарат сызбасы. Ғимарат кесіндісі – бұл оның бойлай немесе көлденең тік кесіндісі – (көлденең кесінді жоспарымен шатастырмау қажет). Бойлай кесінді кезінде ғимараттың парллельді бүйірлік проекциясы келтіріледі, көлденең кесінді кезінде – алдыңғы фасадқа параллельді кесіндіде ғимарттың координациялық осі, өз-ара және шеткі осьтер арасындағы қашықтық, жер деңгейінің, еденнің, қабаттар мен алаңдар деңгейінің белгіленуі (2.15-сурет)            

     

2.14 - сурет. Тұрғын үй қабаттарының жоспары           

Қабат жоспары сызықтары жазықтық кесіндісінің соңында әріптік немесе сандық белгілер болады (А-А, Б-Б, I-I және т.б.). Кесінді сызбасында сол әріптермен немесе сандармен белгіленді. Кесінді бойынша ғимараттың барлық биіктігін, оның бөліктерін, оның құрылымдық формасын анықтауға болады.

Кесіндіде ғимарат биіктігі метрмен өлшенеді, біріші қабаттың еден деңгейінен немесе жер бетінен бастап өлшенеді. Бұл нолдік белгілеу жоба сызбасында ±0,00 деп белгіленеді. Ғимарат элементтерінің түсу тереңдігі нөлдік белгіден төмен орналасса минус белгісімен беріледі. Егер сызбада 0,9 саны тұрса, көрсетілген ғимарат элементі нолдік нүктеден 90 см төмен орналсқан.

Осы тараудың (глава) 1-қосымшасында едәуір түсініктірек берілген, бір парақта ауыл клубының фасады, жоспары, кесіндісі бөлмелерімен, оның құрылымымен бірге берілген.

 

2.15-сурет. Тұрғын үйдің кесіндісі (1 – 1 бойынша) 

Жеке ғимарат сызбасын оқу кезінде санитарлық дәрігер жиі ғимараттың фасадын, жоспарын, кесіндісін қарастырады. Ғимарттың фасады, оның жоспары мен кесіндісі кешенді сызба элементтері болып табылады, бірақ көбіне олар жеке парақтарда, кейде әр түрлі масштабта беріледі. Оларды бір-бірімен ойша біріктіре білу санитарлық дәрігер үшін сәулеттік-құрылыстық жобаға сараптама жасау кезінде маңызды болып табылады. Бұл кезде ғимарат фасады мен қабат жоспарын біріктіру қиынға соқпайды, ал кесінді мен жоспарды біріктіру қиындық тудырады.

 

2.16-сурет. Ғимарат қабаттары жоспарында вертикальді кесіндінің бағыты (стрелкамен берілген)

Жоспарда кесінділер жазықтықтарының бағытталуы алшақ орналасқан сызықтармен рим сандары немесе бас әріпптермен көрсетіледі (1–1, А–А), кесінді қандай координациялық осьте жүргізілгеніне байланысты – сандық немесе әріптік. Бұл белгілер кесінді сызбасында көрсетіледі, бұл жоспар мен кесіндіні біріктіруде жеңілдік тудырады. Қарапайым кесіндінің бір жазықтығы болады, ал күрделі кесіндіде бірнеше болуы мүмкін, алшақ орналасқан сызықтардағы стрелкалар кесінді сызбасын оқудың бағыты болып табылады (2.16-сурет). Қабат аралық баспалдақтар жоспарда және кесіндіде беріледі, оны 2.14, 2.15-суреттерден көруге болады.       

Ғимарттың фасады, кесіндісі, кейде жоспар сызбасында шартты биіктік деңгейлері көрсетіледі, яғни бірінші қабаттың еден деңгейінің ғимараттың әр түрлі элемент беткейіне дейінгі биіктігі бойынша қашықтығын көрсетеді. Бұл жағдайда таза еден деңгейі есептік нүкте – шартты «нолдік» белгі болып табылады. Фасад пен кесіндіде белгілер шығарып көрсетілген сызықтарда (2.17-сурет) беріледі, олар таяқшасы бар стрелкамен берілген. Белгілер түсініктеме жазумен берілуі мүмкін (мысалы «т.е. деңгейі», - таза еден деңгейі, «ж. деңгейі» – жер деңгейі).   

2.17-сурет. Ғимарат элементтерінің биіктік деңгей белгілері.

 Құрылыс сызбаларында деңгей белгілері метрмен үш ондық белгімен беріледі. Шартты нолдік белгі 0,000 деп белгіленеді. Элемент деңгейі нолдік белгіден төмен болса, минус  «-» белгісі қойылады (мысалы – 0,150), ал жоғары белгілер – плюс «+» белгісімен беріледі. Бұл жағдайда плюс «+» белгісін қоймауға да болады. Жоспарда белгілер тік бұрышта көрсетіледі, контуры жаппай сызықпен жүргізілген немесе шығарып көрсетілген сызықтар қатарында болады, бұл жағдайда мөлшерлік санның алдында міндетті түрде «+» және «-» белгілері беріледі.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар жобасына сараптама жүргізу кезінде санитарлық дәрілер бірінші кесекте ұсынылған мәліметтердің Қазақстан Республикасы санитарлық заңдылықтарына сәйкестігін бақылау қажет. Негізгі гигиеналық талаптар сақталмаған жағдайда, тұрғын және қоғамдық бөлмелерде санитарлық талаптар сақталмаса, адам денсаулығы нашарлап, аурулардың дамуы мүмкін. Бұл көбіне тұрғындар тұрып жатқан пәтерлерде тұрғын аудан нормасының сақталмауымен көрінеді. Барлық елді мекен үшін біріңғай норма жоқ және ол жергілікті әкімшілікпен бекітіледі (негізінен адам басына шаққанда 9-12 м2).

Бөлмелерде қолайлы жағдай қалыптастыру үшін  бірнеше факторлар әсер етеді, яғни обаны санитарлық сараптау кезінде бағалауға болады. Бұған тұрғын және қоғамдық ғимарттардың ықшам климаты жатады, ол қоршаушы құрылымдар мен инженерлік қондырғылардың көмегімен реттеліп отырады. Қоршаушы құрылымдардың қорғаныс қызметі материалдардың жылу изоляциялық деңгейіне, осы құрылымның қалыңдығына  байланысты.

Бұл көрсеткіш жылу беруге көрсететін қарсы қарсылық  деп аталады және оны нормалау климаттық жағдайларға байланысты. Әртүрлі климаттық аудандар үшін қоршаушы құрылымдардың жылу беруге көрсететін қарсы қарсылығы сәйкес нормаланады, ол ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы» құжатында сәйкес берілген. Бұл құжаттың №3 қосымшасында құрылыс материалдары мен құрылымдарының техникалық көрсеткіштері берілген.

ХХ ғасырдың екінші жартысында тұрғын және қоғамдық ғимарттар құрылысы үшін жеңіл және едәуір арзан материалдар, көбіне саңылаулы бетондар кеңінен қоланыла бастады. Олардың саңылаулары көп, салмағы жеңіл,  жоғары термиялық жылуға төзімді, жылу қабылдағыштығы төмен және дыбыстық изоляциялық қабілеті жоғары. Бірақ ғимарат құрылысы салынғанан кейінгі алғашқы екі жылда саңылаулы бетоннан қабырғалардан және жабындардан «ылғалдылықтың көп бөлінуі» қабілеті жоғары болады, бұл термиялық қарсылығын және беткі температурасын төмендетеді. Бұндай үйлерде қолайсыз микроклиматтық жағдай қалыптасады.

Жарық ойындыларының – шыныланған терезе мен балкондардың мөлшерінің маңызы ерекше. Жоспар мен кесіндіде терезе ойындыларының шартты белгіленуі бірдей (2.18 сурет). Қабырғаға қарағанда терезе шыныларының термиялық қарсылығы едәуір төмен, яғни бөлменің жылу жоғалтуы бірден жоғарылайды. Қыста терезе арқылы жылу жоғалту бөлменің  жалпы жылу жоғалтуының 80 пайызын құрайды, ал қабырға арқылы қабырға және блоктардың жалғасқан жерлері арқылы 16 пайызға дейін жылу жоғалтады.   ҚР ҚНжЕ   2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы» құжатының 6 қосымшасында терезе шынысының сапасына, қапталуына және жарық ағымдарының толтырылған тығыздығына байланысты терезе, балкон есіктері және фонарлар арқылы жылу жоғалту параметрлері келтірілген.  

2.18 сурет. Сызба түрінде берілген терезе мен есіктің шартты түрде берілген белгілері.

1 – бір қабатты қапталған терезе ойындысының төрттен бір бөлігі (а- жоспар, б-кесінді);  

2 – екі қабатты қапталған терезе ойындысының төрттен бір бөлігі (а- жоспар, б-кесінді);  

3 – екі қабатты толық жабылған терезе (а- жоспар, б-кесінді);  4 – бір қабатты ашылтын терезе жабыны: а- сыртқа, б-ішке; 5 – екі жақа толық ашылатын есік саңылауы, жоспарда;    6 – бір жақтан оңға  ашылатын есік;, жоспарда; 7 – бір жақа тербеліп ашылатын есік, жоспарда;   8 — пандус, жоспарда.

 

        Клиамты суық аудандарда ғимарат құрылыстарында шыныдан және бетоннан  салу экономикалық жағынан тиімсіз. Қабырғалардағы үлкен жарық ойындылары экономикалық және гигиеналық көзқарас бойынша да тиімсіз, ҚР ҚНжЕ 3.02-01-2001 «Тұрғын ғимараттар» құжатында жарық ойындыларының ауданы еден ауданына қарағандағы деңгейі 1,0 : 5,5 және  1,0 : 8,0 аралығында болуы қажет. Бұл параметрлерді сақтау тұрғын және қоғамдық ғимараттар жобасында графикалық материалдарға сараптама жасау кезінде жеңіл болады.

Мансарты қабаттар үшін 1,0 : 10,0 рұқсат етіледі. Көрсетілген параметрлер бөлменің жарықтануының нормасын қамтамасыз ету үшін және минималды жылу жоғалтуды қамтамасыз ету үшін қажет (пәтер немесе жатақхана бөлмелерінде ауаның есептелген температурасы қыс мезгілдерінде 180 С деңгейінде болуы қажет. Бірақ бөлменің ықшам климатына инженерлік имараттар біршама әсерін тигізеді, бұл туралы басшылықтың сәйкес бөлімдерінде айтылады.

Пәтерді жоспарлау кезінде бөлменің инсоляциясына көңіл бөлінуі қажет (тікелей күн сәулесінің әсері). Ендікті бағытта солтүстікке қаралған пәтер терезесінен күн сәулесі мүлдем түспейді. Пәтерлерді меридионалдық бағытта  орналастыру тиімді, тіпті бір бөлмелі пәтерде терезе шығысқа немесе батысқа бағытталса да күн сәулесі тәуліктің бірінші немесе екініші жартысында түседі.

2.19 сурет. Санитарлық-техникалық сызбасындағы шартты белгілер.

2.20 сурет. Графикалық санитарлық-техникалық

сызбасындағы шартты белгілер.

                  (а — жоспарда; б — кесініді мен сызбада)

1 – унитаз; 2 – қабырғалық писсуар; 3 – сопақшалы писсуар; 4 – ас дайындайтын бөлмедегі ыдыс жуғыш;

5 – қолжуғыш; 6 – ванна; 7 – ауыз суға арналған су бұрқақша; 8 – трап напольный;

9 – металды ауа сорғыш; 10 – метал емес ауа сорғыш; 11 – орталықтан берілетін желдеткіш; 12 – радиатор; 13 – газды су жылытатын колонка; 14 – жылытатын пеш;  15 – газбен жыылтатын котел; 16 – плита; 17 – электрлі титан; 18 –  электрлі тоңазытқыш; 19 – газды таган; 20 – душытық тор;

Барлық терезелері солтүстікке бағытталған пәтерлердің жоспарлануында инсоляция болмайды және жоспарлануға тиым салынады. Терезелері батысқа бағытталған жағдайда күннің екінші жартысында бөлменің қатты ысып кетуі болады, сондықтан күннен қорғанатын құрылымдар қажет. Бөлменің инсоляция деңгейін санитарлық дәрігер инсоляциялық сызғыштың көмегімен графикалық материал жобасында тексереді.

Санитарлық дәрігер инженерлік және санитарлық-техникалық сызбасын қарастыру кезінде жоспарда және кесіндіде әртүрлі белгіленетін шартты белгілердің белгіленуін білуі қажет (2.19-2.20 сурет).  

Бас жоспар сызбаларын оқу.

Бас жоспар негізгі құжат болып табылады, ол арқылы құрылысқа бөлінген учаскеде құрылыс жұмыстар жүргізіледі. Бас жоспарда горизонтальді түрде жердің рельефі көрсетіліп беріледі және топографиялық негіздегі геодезиялық түсірілімі қоса беріледі. Бас жоспар бұл - жобаланатын, бұрыннан бар, қайта жөнделетін, бұзылуға кететін барлық ғимараттар мен имараттар көрсетілеін аймақтың сызбасы. Қай салынатын ғимараттар қызметтік мәніне және санитарлық нормаларына байланысты  орнастырылады. Бұл бойынша ғимараттың, су қамтамасыз ету көздернің және басқа да нысандардың арасындағы минималды қашықтығы анықталады.  

Сонымен қатар бас жоспарда салынатын нысан учаскесінің шекарасы, көмекші құрылыстар, көк жасыл желектер, әр түрлі алаңдар, өткелдер, жолдар да ( жақықтандыру, телефон, телеграф, су құбыры, канализация, жылу беру тораптары да көрсетілуі мүкін) көрсетіледі. Қажетті имараттары және оларды жобаланатын нысанға жеткізу құрылымы көрсетілген санитарлық-техникалық жолдардың сызбалары инженерлік құрылымдардың құрама жоспарына жеке бөліп жазылуы мүмкін.     

 

2.21-сурет. Бас жоспардағы «жел раушыны»

 Бас жоспардың әр түрлі сызбаларын орындау үшін, 1:500, 1:10 000 масштабтары қолданылады. Бас жоспар сызбасына жататыны:

 •  бөлу жоспары (ғимараттар мен имараттарды орналастыру жоспары);

 •  жер рельефі құрылымының жоспары (тігінен жоспарлау);

 •  жер бейнесінің жоспары;

 •  инженерлік тораптың құрама жоспары;

 •  аймақты жайластырудың жоспары.

Бағытталу бағытын, яғни «оңтүстік-солтүстік» сызықтары бас жоспарда кез-келген жағдайда парақтың сол жақ жоғарғы бетінде стрелка арқылы беріледі. Негізінен бас жоспар сызбасында жыл бойындағы мәліметтердің пайызбен алғандағы жел бағытын көрсететін «жел раушаны» диаграммасы (2.21-сурет) беріледі. Жел туралы мәліметтер орталық нүктеден желдің соғатын бағытына қарай көрсетілетін масштабта (2.21-сурет) беріледі. Желдің бағытын анықтайтын барлық бөліктер және әр түрлі бағыттағы желді күндердің саны 100 пайыз деп есептеледі.

Бас жоспардағы ғимараттар мен имараттар ғимарат контурының оң жақ төменгі бұрышында араб сандарымен белгіленеді. Парақтың сол жақ төменгі бөлігінде сәйкес түсініктемелері бар шартты бейнеленулер болады. Парақтың ортасында бас жоспар сызбасы болады, ал оң жағында кесте (ғимарттар мен имараттардың экспликациясы, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ведомості және т.б.), сондай-ақ мәтіндік нұсқау (ескерту) беріледі. Бас жоспардың мысалы 2.22-суретте көрсетілген, бірақ парақта сызба материалдарының орналасуы әр түрлі болады.           

  

2.22-сурет. Бас жоспар.

 Бөлінді жоспар немесе ғимараттар мен имараттарды орналастыру жоспары жобаланатын ғимаратар мен имараттардың барлық орналасу жағдайын анықтайды.  Сонымен қатар бөлінді жоспардан жергілікті жердің рельефін және жағдайын көруге болады. Ғимараттарды бір-біріне жалғастыру үшін қолданатын құрылыс геодезиялық тор барлық бөлінді жоспарды қамтуы қажет және ол сызбада шаршы түрінде белгіленеді. Координаттың басы парақтың сол жақ бұрышынан басталады. Геодезиялық тордың осі араб сандарымен белгіленеді, координат басынан жүз метр санына сәйкес және орысша алфавит бас әріптерімен белгіленеді: А – көлденеңнен, Б – тігінен. Осылай ОА – координат басы. 1А, 2А, ЗА – көлденең осі, ОБ –координат басы, 1Б, 2Б, ЗБ – тік осі.

1:500 масштабта орындалатын сызбалар үшін аралық осі 50 м сайын болуы қажет. Мысалы, ОА+50, 1А, 1А+50. жекелеген ғимаратарды бөлінді базисқа (шартты сызық) байланыстыру кезінде қызыл сызық немесе сол ғимаратқа геодезиялық тордың қажеті жоқ. Бөлінді жоспарда ғимараттың контуры бейнеленеді, көпірше және кіретін падус, сыртқы баспалдақ және кіретін алаң көрсетіледі. Контурдың ішінде төменгі оң жақ бұрышында ғимараттың нөмірі белгіленеді, ал сол жақта қабаттардың саны белгіленеді, контурдың екі қарама-қарсы бұрышында ғимараттың координациялық бұрышын кесіп өтетін нүктелер үшін құрылыс координаты белгіленеді.   Конфигурациясы күрделі ғимараттар үшін немес осьтері паралельді емес жағдайда орналасқанда құрылыс геодезиялық торы барлық бұрыштарда болады.  

2.23 сурет. Ғимараттың бөлінді жоспарынан  фрагмент.

 

 Орталық имараттар үш орталық координаты көрсетіледі және бір сипатты нүктеде, ал сызықты түрінде – координат осьте немесе координат басында немесе жеке учаске аяғында болады. Ғимараттың контур ішінде стрелка түрінде деңгей белгілену белгісі беріледі, ал сызық-выноска полкасында – абсолюттік белгілену (0.00), яғни ғимараттың таза еден деңгейі белгіленеді.

Бөлінді жоспарда ғимарат контурында қақпа және есік ойындылары сызба масштабында беріледі. Координациялық нүктелерде координациялық ось белгіленеді және маркіленеді.

Бұдан басқа бөлінді жоспарда көрсетіледі:

  •  қызыл сызықтар, құрылыс сызықтары және аумақты таңдау шекаралары;
  •  ғимараттар, имараттар;
  •  әр түрлі мақсаттағы алаңдар;
  •  тротуарлар мен адам жүретін жолдар;
  •  транспорттық коммуникациялар;
  •  шарбақпен және есікшемен немесе аумақтың шартты шекарасын қоршау;
  •  «оңтүстік-солтүстік» стрелкасы және басқа да қажетті элементтер.

Бөлінді жоспарда келесілер болуы мүмкін:

  •  кәсіпорныдардың бас жоспарына арналған ғимараттың экспликациясы;
  •  тұрғын-азаматтық кешеннің бас жоспарына арналған тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ведомості.

2.23-суретте ғимаратты бөлу жоспарының фрагменті келтірілген. Жоспарланатын ғимарат екі қабатты (ғимарат контурының төменгі сол жақ бұрышында екі нүкте). Бас жоспар бойынша бұл ғимараттың реттік нөмірі үшінші (контурдың төменгі оң жақ бұрышында үш саны берілген). Ғимарат жоспарында белгіленген +110,50 белгісі бұл бас жоспардың барлық сызбасында шартты түрде қабылданған 0,000 белгісі ретінде берілген. Сонымен қатар, шарбақтың координат осі және жолдың бойлай осі көрсетілген.

 Тігінен жоспарлау. Негізінен құрылыс аумағы теп-тегіс болуы мүмкін емес және бұл жағдайда оның жер деңгейін төмендету және жоғарылату қажеттілігі туады. Бұл шара тік жоспарлау немесе рельефті ұйымдастыру деп аталады. Ғимарат құрылысы кезінде жер рельефін ұйымдастыру жоспары жер қазу жұмыстарының минималды көлемі бойынша қрастырады.  Жоспарда рельеф белгісі көрсетіледі (шынайы түрде қара, және жоспарланған қызыл).

2.24 сурет. Тігінен жоспарлау жоспары – жер бедерін ұйымдастыру.

Рельеф белгісі сызбасында ғимараттың бұрышында сызықша түрінде көрсетіледі: жобаланатын (қызыл) тақ түрінде, шынайы (қара) жұп түрінде. Рельефті ұйымдастыру жоспары, көлденең жоспарлауда жүргізіледі (2.24 сурет), рельефтің белгіленуі жоғарыдан бастап көрсетіледі. Рельеф жобасындағы еңістіктің бағыты стрелкамен көрсетіледі.

 Аймақты жайластыру. Аймақты жайластыру жоспары бөлінді  жоспар негізінде орындалады. Онда ғимараттың координациялық осі, координаттар, байламдар мөлшері, абсолюттік белгілер және «оңтүстік-солтүстік» стрелкасы көрсетілмейді. Аймақты жайластырудың көлемінің үлкендігі және әртүрлігі бойынша жеке сызбалар орындалады, яғни «Көгалдандыру жоспар», «Кіші қалыптағы сәулеттік орналасу жоспары», «жол, өткелдер, тратуар, шағын жолдар және алаңдардың жоспары мен құрылымдары».

                         2.25 сурет. Аймақты жайластыру жоспары.

 Жайластырудың элементтері ғимараттың сыртқы қабырғасының (2.25 сурет) жанына жақын жазылады, «қызыл» сызық, көліктік жолдар және темір жолдар. Кіші қалыптағы сәулеттік элементтер араб сандарымен маркіленеді. Көгалдандыру жоспарының сызбасын қарастырамыз. Көгалдандыру жоспарында ағаш ортығызу-дендрологиялық сызбалар өсімдіктерді отырғызу орны, олардың түрлері және саны көрсетіледі. Ағаштар, бұтақтар және газондар сызбада шартты графикалық түрде бейнеленеді (2.26 сурет). 

Құрылыстың бас жоспары – бұл ғимарат салынатын құралыс алаңының жоспары (2.27 сурет). Онда құрылыс нысаны бұрынғы бар ғимарат, сақталатын және бұзылуға қажетті ғимарат, құрылыс материалдарына арналған алаң, сондай-ақ құрылысшылар уақытша болатын бөлмелер (әкімшіліктік, тұрмыстық, шаруашылық).

 Ғимараттың санитарлық-техникалық құрылымдарға іші суық және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелері, канализация, суды ағызу, жылыту және желдету жүйелері жатады.

2.26 сурет. Көгалдандыру элементтерінің шартты белгілері.

2.27 сурет. Құрылыстың бас жоспарының сызбасы.

 

  Сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесінің графикалық материалдарына кіреді:

 • участкенің бас жоспары, 1 : 500 или 1 : 100 масштабында;

 • квартал ішілік канализациялық тораптың профил, участкенің бас жоспарында 1 : 500 или 1 : 1000 (көлденең) және 1 : 100 (тік) масштабында;

 •   су құбыры, канализация, ағында суда ағызу және санитарлық техникалық тоаптары келтірілген ғимарат жоспар (типтік қабат, жер төре), 1 : 100    немесе   1 : 200 ( 31 сурет);

 •  В1 ішкі су құбырының аксонометрлік сызбасы, 1 : 100 (2.28 сурет) масштабында.  Схемада жеке участкенің белгілеудің, арматураның, су құбырының, суару крандарының диаметрі көрсетіледі;

 •  К1 аксонометрлік сызбасы немесе канализациялық торап кесіндісі (2.29 сурет).

2.28 сурет. Шаруашылық ауыз су схемасы.     2.29 сурет. Канализациялық торап                      схемасы.

                  

Санитарлық-техникалық жүйе (2.1- кесте) құбыр өткізгіштерден, арматурадан, қондырғылардан тұрады. Арматура дегеніміз құбыр өткізгіштерді жауып тұру үшін қолданылатын құрылым: ысырма, су алу крандары және тағы да басқалары. Тасымалдаушы ортаның парметрлерін өлшеу үшін бақылау-өлшеуіш аспаптары (манометр, термометр) қолданылады. Қондырғыларға су ысытқыштар, калориферлер және басқа санитарлық-техникалық аспаптар қолданылады. Сумен қамтамасыз ету мен жылытудың құрылымдық жүйелері магистралдардан – көлденең құбыр өткізгіштен, яғни ғимараттың ауданы бойынша тасымалдайтын жүйе, тік құбыр өткішгіштер – яғни қабат бойынша тасымалдайтын бағандар. Канализация жүйесі санитарлық аспаптардан, яғни ағынды суларды қабалдағыштардан, гидравликалық қақпақтан, ағызып әкететін құбыр өткізгіштен, бағандардан, ғимараттан шығаратан құбырлардан тұрады. Ғимараттан шыққан ағындар көшелік коллекторға аула ішілік канализация тораптарымен барады. Канализация құбырларындағы сұйықтық тартылыс күші арқылы жылжиды, қозғалыс жылдамдығы құбырдың еңістігіне байланысты.           

2.1 - кесте

Әр түрлі санитарлық-техникалық жүйедегі құбыр өткізгіштердің жобада белгіленуі

Су құбыры

 Жалпы белгілері          ........................         ВО

 Шарушылық-ауыз су         ........................   В1

 Өртке қарсы                  ………….....            В2

 Өндірістік                      ..............................   ВЗ

 Қайтарымды су:

  Су берілетін торап …………….........  В4

  қатарымды     …………......................  В5

Канализация

 Жалпы белгілері         …………….........  КО

 Тұрсытық (фекалді)    ...........................    К1

 Жауын-шашынды        ............................   К2

 Өндірістік:

  Жалпы белгілері           ………. ...... . КЗ

  механикалық ластанған су         .…... К4

  химиялық заттармен ластанған су   ...К7

  сілтілі су                  ............................. К9

 

Ыстық сумен қамтамасыз ету

 Берілетін торап    ..........................................    ТЗ

 Айналмалы торап               ...........................    Т4 

 Бір типті жоспарлы қабаттар үшін және бір типті санитарлық-техникалық қондырғылар үшін жобада типтік қабаттардың жоспары және осыған сәйкес барлық берілген қабаттары көрсетіледі. Барлық қабаттар бойынша оның участкесінің жоспары беріледі, онда негізгі жоспар түйін жүйелерінен орналастыру ерекшеленеді.

Жоспарда  берілген құбыр өткізгіштер белгіленеді (бағандар, Бғ деп белгіленеді), олардың элементтері маркіленеді, бекітілулі және реттелетін арматуралар,  су бөлу орны, жылытушы және басқа да санитарлық-техникалық аспаптар және олардың сипаттамасы да (мысалы жылытылу ауданы, секциялар саны және т.б.) белгіленеді, сондай-ақ габаритті бөлмелерге байламдық мөлшері көрсетіледі.  2.30 суретте типтік қабаттардың жоспарында шаруашылық ауыз су құбырлардың белгіленуі (Бғ С1), өртке қарсы (Бғ С2) және ыстық сумен қамтамасыз ету (Бғ Ы3), тұрмыстық канализация (Бғ К1) белгіленеді.

Жұмысшы сызбасында жүйелердің барлық элементтердің барлық мөлшері көрсетіледі, ғимараттың құрылымына олардың бекітілуі, олардың сыртқы су құбыры мен канализацияға жалғастырылуы да көрсетіледі. Ол сызбада жобаны негізгі мәліметтер бар қағаз, құрылыс шекарасы қызыл сызықпен көрсетілген участкенің бас жоспары,  сумен қамтамасыз ету, канализацияның сыртқа тораптары және ішкі санитарлық-техникалық жүйелерге қосылатын жер асты шаруашылық басқа да құбыр тораптары, ғимарат ішіне кіргізетін, сыртқа шығаратын және бақылау құдықтары да көрсетіледі.

2.30 сурет. Типтік қабаттың жоспары (СК сызбасы).

 Тұрғын ғимараттар үшін жергілікті жағдайлық жоспардан жеке жоспар бөлініп алынады; ғимараттың қабаттық жоспарлары (2.30 сурет); санитарлық-техникалық аспаптар, құбыр өткізгіштер, барлық санитарлық-техникалық жүйелердің басқа элементтері мен қондырғылары көрсетілген жер төле жоспары; су құбыры торабының аксонометрлік схемасы (2.28 сурет),  барлық арматуралары, олардың диаметрі және құбыр өткізгіштің еңістіктері көрсетілген канализация схемасы (2.29 сурет); жер деңгейі белгіленген жер асты тораптарының, құдық астаушаларының профилі (өздігінен ағатын жүйе үшін), басқа тораптармен, коммунаникациялармен қиылысатын жерлердің белгіленуі, құбырлардың диаметрі, грунттық сулардың деңгейінің белгіленуі; жеке түйіндердің, элементтердің сызбалары; жүйелердің сипаттамасы мен есептеулері берілген түсініктеме қағазы; арнайы қондырғылар мен қаржыландырылуы.

2.31 сурет. Орталық жылыту жүйесінің Аксонометриялануы.

 Жұмысшы сызбасы барлық мемлекеттік бақылау органдары және ұйымдарымен, сыртқы тораптарға жауапты ұйымдармен, яғни жобалаушы жүйелерге қатысты органдармен келісім жасалады. Жұмысшы жобасы  жұмысшы сызбаларымен біріктіліген техникалық жоба болып табылады. Бір сатылы өңдеу үрдісі кезінде ең жақсы және өте тиімді түрін таңдау кезінде салыстырмалы варианттар өңделеді.

Жоғарыда берілген материалдардан көріп отырғандай, санитарлық-техникалық жүйенің аксонометрлік схемасынан жеке құбыр өткізгіштердің, арматура түйіндерінің өз-ара орналасуы туралы мәлімет алуға болады.  Бұл сумен қамтамасыз ету және канализацияның аксонометрлік жүйесі мысалында жақсы көрсетіледі. Жылыту және желдету жүйесінде де аксонометрлік схема жиі қолданылады (2.31-сурет), бірақ жоспар мен кесіндіде бұдан басқа көрнекілігі жоғары болу үшін, басқа жүйелермен бірге аксонометрлік кеңістіктік схемасы, яғни қабырғаны қашау деп аталатын схема қолданылады, онда бір жазықтықтағы санитарлық-техникалық қондырғылары көрсетілген барық қабырғалар бейнеленеді (232-сурет).        

2.32-сурет. Қашау (а), жоспар (б) және орталықтан жылыту элементтер аксонометриясы (в), Г.Х. Шахбазян, 1975.

1 – тарату құбыры; 2 – вентиль; 3 – алып келу бағаны; 4 – алып кету бағаны;

5 –радиатор; 6 – қайтарымды магистраль; 7 – оң жақ қабырға.

 Жылыту және желдету сызбалары ЖЖ маркісінің жұмысшы сызбаларының негізгі кешеніне жатады. Жылыту-желдету жүйелері және оалрдың элементтері сызбада сәйкес маркімен белгіленеді:

 

Механикалық қоздырғышы бар:

 Сорып алатын жүйе,   жүйенің құрылымы     ...........     СА

 Сорып шығаратын жүйе,   жүйенің құрылымы.........     СШ

 Ауалы шымылдық........................................................     У

 Жылыту агрегаттары         ………………………....       А

 Табиғи қоздырғышы бар:

 Сорып алатын жүйе.......................................................    САТ

 Сорып шығаратын жүйе................................................   СШТ

 Жылыту жүйесінің бағаны............................................    Бғ

 Жылыту жүйесіні басты бағаны      …………………     ББғ

 Компенсатор         ………………………………..........     К

 Көлденең тарам                ………………….…….........    КТ

 

 Бұл маркінің сызбалары келесі бейнеленулерден тұрады:

Жүйе қондырғыларын орналастырудың жоспар-схемасы (2.33-сурет). Жүйе қондырғыларының жоспар-сызбасында 1-2 мм диаметрде нүктелермен бейнеленеді, сыртқа шығарылған сызықтар қатарында қондырғылао бейнеленеді, ал қатар астында сызба бейнеленген парақтың нөмірі көрсетіледі;

2. 33-сурет. Қондырғыны орналастырудың жоспар-схемасы.

 Жоспар мен кесінді келесі масштаб бойынша орындалады:

Жылыту –желдету қондырғылары

Жоспар-сызбаны орналастыру      ……………...1:400,    1:800

Жоспар мен кесінді  ........................................1:50,      1:100

Жылыту және желдету жүйелері

Жоспар мен кесінді  …………....................1:100,    1:200

Жоспар мен кесіндінің фрагменттері……1:50,      1:100

Сызбалар  ………………….. ……….........1:100,    1:200

Түйіндер      ........................................................1:20,      1:50

Дәйекті түрде

бейнелену        …………. ………...........1:2, 1:5, 1:10

Типтік емес құрылымдар мен  

Стандартқа жатпайтын қондырғылардың 

Жалпы түрлері........................... ……….......1:5, 1:10,

                                                                       1:20,     1:50

 Негізінен жылыту жүйесінде жоспар мен кесінділер жобада желдету және ауа баптау жүйесінің жоспары мен кесіндісімен бірігіп беріледі. Қондығылардан басқа жылыту жүйесінің элементтері жоспар мен кесіндіде жүйе шартты белгілермен көсретіледі, желдету мен ауа баптау жүйесінің элементтері, сондай-ақ жылыту жүйесінің қондырғылары қарапайым графикалық бейнелеу түрінде көрсетіледі.

Жүйелердің жоспары мен кесіндісінде:  ғимараттың координациялық осі мен олардың арасындағы қашықты, қабаттардағы еден деңгейінің белгіленуі, ауа өткізгіш және құбыр өткізгіштердің диаметрі, радиатор секцияларының саны, бұдырлы құбырлардың саны, сондай-ақ басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.

    Сыртқы ауаның әр түрлі есептеу температурасы үшін және екі және одан жоғары қабаттардағы секциялардың саны мен құбыр өткізгіштердің диаметрі негізінен 2.34 – 2.35-суреттердегідей белгіленеді. Жұмысшы жобада жылыту жүйесінің сәйкес параметрлерін жобалаушылармен таңдағанннан кейін бұл белгіленулер болмайды. Жобаның аталуы келесі түрде беріледі: «Жоспар белгіленуі 3,000», «Жоспар 3 –7 қабаттар».

2.34-сурет. Сыртқы ауа температурасының әр түрлілігі кесіндегі радиаторлар секцияларның саны.

2.35-сурет. Әр түрлі сыртқы ауа температурасы кезінде құбыр өткізгіштердің диаметрі.

 Желдету жүйесінің аксонометрлік сызбасында міндетті түрде көрсетіледі:

 •  ауа өткізгіштер, олардан ауа өтетін құбырдың диаметрі мен саны (2.36-сурет, а);

 •  ауа өткізгіш құбырды тазалайтын және ауа параметрін өлшейтін  есікшелер  , сондай-ақ  есікшелердің  маркерленуі (2.36сурет, б).

 Желдету жүйесінің сызбалық белгілену мысалы 2.37-суретте берілген. Алып кететін және алып келетін желдету жүйесінде ПВХ, Р, РР желдету торларының түрлері және қозғалмайтын жалюзийлі торлар қолданылады.  ПВХ түрлері пластмассадан дайындалады және реттелмейтін түріне жатады, реттелетін саңылаулы торлар (Р) бір-бірден немесе топпен орналастырылады. РР торлары алып келетін жүйенің ауа ағынын реттеу үшін арналған. Қозғалмайтын жалюзий тәрізді торлар ауа қабылдайтын тесіктерде орналастырылады.       

                                                            а                             б

   2.36-сурет. Ауа өткішгіште белгіленуі.

                                       а –диаметрі және ауа көлемі; б – өлшеуге арналған лючки.

2.37-сурет. Желдету жүйесінің аксонометриясы.

 Желдету жүйесінің ауа өткізгіші негізінен, жанбайтын материалдан айнала дөңгеленіп жасалады (тік төртбұрышты ауа өткізш қондырғылары да рүқсат етіледі). Емдеу мекемелерінің ғимараттарында алып келетін және алып кететін ауа өткізгіш құбырлары көлденең коллекторда топтастырылады. Бұндай жүйе норманы бұзбайды, бірақ көлденең коллекторлар әрбір бес қабат үшін бір ауа өткізгішпен біріктіріледі.     

Сызба материалдары бар жобаға сараптама жүргізу кезінде санитарлық дәрігерде келесі құжаттар болуы қажет:  

 Құрылыс, қайта салу және техникалық жабдықтау жобалары үшін:  

• жалпы түсініктеме қағаз (жобаның барлық бөлімдері бойынша, инженерлік қондырғылармен қамтамасыз ету, бас жоспар, жайластыру және көгалдандыру бойынша, т.б.);

  • сәулеттік-құрылыстық бөлімі;

  • технологиялық бөлім;

  • бөлімдер: желдету және жылыту, сумен қамтамасыз ету және канализация, электрмен қамтамасыз ету және электрмен жарықтандыру (инсоляция және ТЖК-ін есептеу), қоршаған ортаны қорғау (атмосфералық ауаны, суаттарды,  топырақты қорғау, қалдықтар, санитарлық қорғаныс зонасы (СҚЗ);

  •  құрылысты ұйымдастыру жобасы және еңбек қауірсіздігі;

  • жағдайлық жоспар (1:2000 масштабтағы СҚЗ-ы көрсетілген сызба);

  • бас жоспар (масштаб 1:500).

Жобалау стадиясы мен жұмысшы жобасында барлық бөлімдер сызбалар мен есептеулермен көрсетіледі.  

 Санитарлық-қорғаныс зонасы бойынша жеке жобалар үшін:

  • өндіріс және технологиялық үрдістер сипаттамасы берілген жалпы түсініктеме қағаз (нысанның айналысатын кәсібі, қуаттылығы, сағатпен көрсетілген жұмыс тәртібі, көолік саны, кіретін жолдар, жылыту көзі (егер қазандық болса, оның қуаттылығы, түтін құбырының биіктігі және т.б.)), жақын жатқан қоныстық аумақтың сипаттамасы;

  • бөлімдер: қоршаған ортаны қорғау: шығырыс көздернің сипаттамасы; ластаушы заттардың таралуын есептеу; шу көздерінің  сипаттамасы және акустикалық есептеу;

    • атмосфералық ауаны тәжірибелік зерттеу және қоныстықі құрылыстағы шуды өлшеу хаттамасы;

  •  кәсіпорыннның шекарасы, СҚЗ нормаланған, СҚЗ берілген, бұрынннан бар және салынатын нысандардың орналасуы көрсетілген жағдайлық жоспар (масштаб 1:2000;

  •  СҚЗ-ын жайластыру және көгалдандыру (пайызбен берілген);

  •  қорынды және бағалу.

 Радиотехникалық хабарды таратанын нысандар үшін:

  •  антеннаны орналастыратын орны көрсетілген, жақын жатқан елді мекен және ғимарттардың қабаттылығы көрсетілген жағдайлық жоспар (масштаб 1:2000; 1:500);

  •  жобалық материалдар құрамында:

 – хабар таратушылар саны, оалрдың қуаттылығы, әрбір таратушы бойынша жұмыс диапазоны бойынша жиілігі, модуляция түрі, әрбір антенна бойынша мәлімет үрі, жер беті бойынша қондырғы биіктіг, максималды сәулелену бұрышы және азимуты, көлденең және тік жазықтықтағы бағытталу диаграммасы, күшейткіш  коэффициенті);

 – санитарлық қорғаныс аймағын анықтау үшін және нысаннан басқа құрылыс салуды шектеу аймағы үшін күтілетін электеромагниттік өріс деңгейін есептеу.

 Бұл тарауда санитарлық дәрігердің өз бетінше санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін көмектесетін жоба құжаттарында сызба белгіленулерінің негізі берілген.

       

1 қосымша

А

Б

В

2.38-сурет.  300 орындық залы бар ауыл клубы: А – басты фасад;

Б – 1-қабаттың жоспары; В – кесінді 1-1

1–  кіре беріс; 2 –-  киім шешетін жер;  3 –  буфеті бар фойе; 4 –  көру залы;  5 –  эстрада;

6 –  әртістік бөлмесі; 7 –  әжетхана; 8 – буфеттің қоймасы; 9 –  шаруашылық қоймасы; 10 –  әкімшілік бөлмесі; 11 –  щиттік бөлім; 12 – желдету камерасы; 13 – бутафория қоймасы; 14 – оқитын зал; 15 – үйірме бөлмелері; 16 – кинопроекциялық бөлім; 17 – қоймалық бөлме; 18 – дәліз.

III Б Ө Л І М

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАУІПТІЛІК ФАКТОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

 

В.П. Казначеевтің (1980) пікірі бойынша адам денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық, психикалық қызметінің, белсенді және барынша өмір ұзақтығы кезінде қалыпты жұмыс қабілетінің және әлеуметтік белсенділігінің динамикалық жағдайы. Адам денсаулығының негізгі белгісіне демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдықты және дене бітімінің дамуын жатқызуға болады.       

Тұрғындардың денсаулық жағдайын зерттеу әдістемесі.  

1981 – 1995 жылдары дүние жүзінің барлық елдерінде аурудың Халық аралық жіктелуінің (АХЖ) 9-қайта қарастыруы іс жүзінде болды. Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының 43-Халықаралық конференциясында АХЖ-нің 10-қайта қарастыруы қабылданып, бекітілді (3.1-кесте).    

 3.1-кесте

        Класы                             Аты                                                       Коды

         I         Жұқпалы және паразитарлы аурулар                 А00 – А99    

                                                                                                             В00 – В99

                  II         Жаңадан түзілістер (ісіктер)                                         С00- С97

                                                                                                                        D00- D48                                                                                                                                                 

                  III        Қан, қан жасаушы органдардың аурулары, иммундық жүйенің жеке

                              бұзылыстары                                                                   D50- D89                                                                                                                 

                  IV        Эндокриндік аурулар, тамақтанудың бұзылыстары,               

                              Зат алмасудың бұзылыстары                                        E00- E90                   

                  V         Психикалық бұзылыстар                                               F00-F99                                              
                  VI        Нерв жүйесінің бұзылыстары                                      G00-G99

                 VII        Көз аурулары                                                                 Н00-Н59

                 VIII      Құлақ аурулары, емшектік өскін                                  Н60-Н95

                  IX        Қан айналысы жүйесінің аурулары                              I00-I99

                   X        Тыныс алу жүйесінің аурулары                                    J00-J99

                  XI        Ас қорыту органдарының аурулары                            K00-K93

                 XII        Тері және тері асты торшаларының аурулары    L00-L99

                XIII       Сүйек, буын жүйелерінің, бұлшық ет және дәнекер

                               тіндердің аурулары                                                      M00-M99

                              

                XIV       Зәр шығару, жыныс жүйелерінің аурулары                N00-N99

                XV        Жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезең             O00-O99

               XVI        Перенатальді кезеңде туындайтын жеке жағдайлар  P00-P96                   

               XVII       Туа біткен ақаулықтың дамуы, деформациялар,        

                              хромосомдық ақаулар                                                   Q00- Q99                   

              XVIII       Зертхана кезінде немесе басқа зерттеулерде

                              анықталған, басқа бөлімде жіктелмейтін топ

                              симптомдар, белгілер, нормадан ауытқулар             R00-R99               

                XIX      Сыртқы сабептердің әсерінің салдарынан

                             туындайтын  жарақаттар, уланулар

                              және басқа да  салдарлар                                                S00-S99                    

                XX       Аурушаңдықтың және өлімнің сыртқы белгілері      V01-V98

                XXI      Денсаулық жағдайына әсер ететін факторлар және

                             медициналық көмекке жүгінушілік                             Z00-Z99                 

Әр түрлі қолайсыз факторларға балалар едәуір сезімтал болып табылады, оларды «қауіптілік тобына» жатқызады. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық қызметі енгізген сауықтыру шараларының тиімділігін бағалау үшін, денсаулық көрсеткіштерінің ақпаратты және жеткілікті көрсеткішін таңдау қажет, ол үшін ресми статистикалық түрлері қолданылады.    

Көбіне денсаулық индикаторын анықтау үшін балалр аурушаңдығының көрсеткіштері таңдалады, бірақ соңғы жылдары түзету енгізу қажеттігі туындауда. Басқа жағдайда алынған мәліметтерді талдау кезінде шынайы көрініс көрсетпеуі мүмкін, бұл жағдай өсіп кележатқан жеткіншектің денсаулыған қадағалуға мүмкіндік бермейді.

Соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдердің аурушаңдығы туралы ақпарат көздері біршама шектеулі, яғни ұйымдастырылған балалардың аурушаңдығы туралы (№ 85-К есеп беру) негізгі көзде аурушаңдық бөлімі алынып тасталынған. Басқа есеп беру формаларында балаларды ұйымдастырылған және ұйымдастаралмаған топтарға бөлу жүргізілмейді. Жалпы алғанда аурушаңдықтың ресми көрсеткіштерінде медициналық көмекті қажет ететін балалардың шынайы саны көрсетілмейді. Сондықтан қызмет көрсететін аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бағалау кезінде денсаулықтың басқа да көрсеткіштерін есепке алу қажет.   

Бұндай бағалау балалар денсаулығы мен қоршаған орта факторларының арасындағы себеп-салдар байланысын бекіту кезінде маңызды. «Қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің іс-әрекетінің реті» құжатында (М. 1989) тұрғындардың денсаулығын бағалау кезінде аурушаңдықтан басқа, медициналық-демографиялық көрсеткіштерді, дене бітімінің дамуын, денсаулық топтарын, мүгедектікті ескеру қажет.

Сонымен бірге, бұл құжатта адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін бағалауда «қысқартылған әдісті» қолданбауды ұсынады. Тұрғындардың денсаулығын бағалауда, әсіресе балардың денсаулығын бағалуда кешенді түрде жүргізу қажет. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұқпалы және кәсіптік аурушаңдықтан басқа жұқпалы емес аурушаңдықты да талдау қажет. Бұл кезде тұрғындардың белгілі-бір жас топтарына тән статистикалық есеп беру материалдарын талдау қажет.       

 Аурушаңдық. Тұрғындардың аурушаңдығын зерттеу, негізінен   медициналық көмек көрсетуге жүгіну мәліметтері бойынша, медициналық қарау мәліметтері бойынша жүргізіледі. Екінші жағдайда алынған материалдар тұрғындардың денсаулық жағдайы туралы толық мәлімет алуға болады. Бірақ қандай-да бір кезеңдегі денсаулық деңгейін бағалау кезінде аурушаңдық мәліметтері медициналық көмекке жүгіну мәліметтері бойынша жүргізіледі. Бұл кезде біріншілік аурушаңдық (жаңадан аурудың пайда болу саны) және жалпы аурушаңдық (аурудың таралуы) деп бөлінеді.              

Келесі көрсеткіштер есептеледі:

                                               бір жылдағы тіркелген

                                               барлық аурулар саны                      

Жалпы аурушаңдық   = --------------------------------------------- х1000;

                                                  тұрғындардың орташа саны                                      

                                                      бір жылдағы бірінші рет тіркелген

                                                       ауралар саны 

Алғашқы аурушаңдық  = ------------------------------------------- х 1000;

                                                        Тұрғындардың орташа саны                                                                                                                            

                                                          

  пайызбен көрсетілген барлық

  аурулар арасындағы бір аурудың      тыныс алу органдарының аурулары

                                                                     немесе басқа да жеке жеке аурулар

  меншікті салмағы, немесе

  аурушаңдықтың құрылымы       =   ---------------------------------------  х100;

   аурулығы                                                   барлық аурулар саны   

  

 Жоғарыдағы көрсеткіштерді есептеу үшін зерттелетін нысандағы тұрғындардың санын (мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектеп, аудан, қала) және медициналық көмеккке жүгінгендер санын білу қажет. Тұрғындардың толық саны туралы мәлімет болмаған жағдайда, жылдың басындағы немесе жылдың аяғындағы (қаңтар, желтоқсан) жартылай көрсеткіші алынады. Созылмалы аурулар көмекке жүгіну санына қарамастан жылына бір рет тіркеледі, ал жедел аурулар көмекке жүгіну санына қарай тіркеледі.

 Аурушаңдық туралы мәліметтер арнайы тіркеу-есеп беру формаларына жазылады, содан кейін қаланың, республика облыстарының статистикалық бөліміндегі шығарған арнайы статистикалық анықтамалармен салыстырылады. Есеп беру формаларында берілген жасқа байланысты топқа бөлу, жаңа туған нәресте мен 14 жасқа дейінгі балалрды біріктіреді, одан кейін барып, ересек тұрғындардың аурушаңдығымен қосып есептеледі.  

Балалардың ауршаңдығын зерттеу үшін қолданылатын тіркеу формаларына:

     •  емханалық баланың (науқастың) статистикалық картасы (форма № 025 /т);

         •   баланың даму тарихы (форма № 112/т);

    •   денсаулық төлқұжаты;

         •   баланың медициналық картасы (форма № 026/т);

     •   стационардан шыққан баланың статистикалық картасы;

     •    студенттің, кәсіптік техникалық училищенің оқушысының жұмысқа жарамсыздығы туралы ақтама қағазы, мектепке дейінгі мекемеге баратын баланың ауруы туралы және оның көрінісі (форма № 095 ж/т) жатады.

Емдеу-профилакатикалық мекемелерінде (емхана, стационар) және ұйымдастырылған балалр ұжымында жоғарыда келтірілген есептік формаларын зерттеу және өңдеу қандай-да бір аурудың жиілігін және оның ұзақтығын да анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен № 025 /т  и № 026/т формалары арқылы аудандық емханаларда аудандағы шағымдануға байланысты аурушаңдықты зерттеуге мүмкіндік береді, № 112/т, № 026/т формалары  – мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептерде аурушаңдықты зерттеуге мүмкіндік береді.

форма № 14 – «Стационардың іс-әрекеті туралы есеп беруі» формасы ауруханада емделген аурушаңдықты (стационарда емделгендер саны туралы есеп) есептеуге мүмкіндік береді;   

форма № 30 – «Емдеу-профилактикалық емекемелердің есеп беруі» формасының 2-бөлімінде 14 жасқа дейінгі балалардың емханаға қаралу саны және науқастануға байлансыты дәрігердің үйге бару саны, орта оқу орындарында, мектептерде және жұмыс істейтін жасөспірімдерге сол мекеме жүргізген барлық жасөспірімдердің профилакатикалық тексеруден өту саны. Диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдердің ауруханада емделуін, балалар спорттық мектептерде оқитын балаларды диспансерлік бақылауға алынуын талдауға мүмкіндік береді.  

форма № 30/1 – «Жасөспірімдерді, студенттерді, орта оқу орындарында оқитын оқушыларды диспансеризациялау туралы есеп беру» формасы диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдер аурушаңдығын талдауға мүмкіндік береді;    

форма № 12 – «Емдеу мекемелері қызмет көрсететін ауданда тұратын науқастарда тіркелген аурулардың саны туралы есеп беру» формасы сол мекемеде жылдың аяғына дейін дипансерлік бақылауда тұрған 14 жасқа дейінгі балалардағы аурушаңдықты есептеуге мүмкіндік береді;  

форма  № 039/т – «Емханаға қаралу есебінің ведомості» формасы 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің науқастары бойынша емханаға қаралу саны;

форма № 31 – «Балаларға медициналық көмек беру туралы есебі» формасы жасқа байланысты (сол жылы қанша бала қайтыс болды, жылдың аяғында қаншасы қалды) сол мекемеде есепте тұрған балалардың жылдық санын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл формадан бір жасқа дейінгі және 5 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығын анықтауға, 14 жасқа дейінгі балалардың, мектепке дейінгі балалардың, 1-8 сыныпта оқитын балалардың, яғни жасөспірімдер кабинетіне берілгенге дейінгі профилактикалық тексерудің нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жұқпалы аурушаңдық келіп қаралу бойынша тіркеледі және жедел түрде (12 сағат ішінде) мемлееттік санитарлық-эпидемиологиялық  мекемелер мен ұйымдарға және практикалық денсаулық сақтау ұйымдарына хабарлама береді. Әрбір ауруға немесе ауруға күдік туған кезде «Жұқпалы ауруға, тағамнан, жедел кәсіптік уланудан және егуге басқаша реакция көрсеткен жағдайда жедел хабарлама» толтырылады – (форма № 058/т). Хабарламаны міндетті түрде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдар мен мекемелерде және ауру анықталған жердегі емдеу-профилакатикалық мекемелерде «Жұқпалы ауруларды тіркеу журналына» тіркейді – (форма № 060/ т – біріңғай).

Бұндай форма (058/т) белсенді туберкүлез, жыныс аурулары (венерологиялық), трихофития, микроспория аурулары кезінде де толтырады.  Маңызды жұқпалы емес аурулар үшін, жұқпалы аурулар үшін, ісік аурулары, қышыма, трахома аурулары үшін  «Белсенді туберкүлез, жыныс аурулары, трихофития, фавус, қышыма арулары өмірінде бірінші рет анықталған науқас туралы» – (форма № 089/т). Бұл форманы ауруды анықтаған дәрігер толтырады және 3 күннің ішінде сәйкес диспансерге жіберіледі.  

Санитарлық дәрігер тіркеу және есеп беру формаларын пайдалана отырып, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қарасты ауданындағы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың деңгейі мен құрылымын келесі формулалар арқылы есептей алады:     

  

                                                      1 жылдағы жұқпалы аурумен

Тұрғындардың жұқпалы аурулар    ауырғандар саны

бойынша аурушаңдығы                 = ------------------------------------------- х 1000;

    тұрғындардың жылдық орташа саны

    

     

                                                                   

                                                                   1 жылдағы жеке жұқпалы

Жеке жұқпалы аурулар аурулармен ауырғандар саны

бойынша аурушаңдық                   =   ------------------------------------------ х 10 000;

     тұрғындардың орташа      

                                                                    жылдық саны

   

                                                          1 жылдағы жеке жұпалы аурумен  

Жеке жұқпалы аурулардың        ауырғандар саны

меншікті салмағы  (в%)           =  ------------------------------------------ х 100

                                                            бір жылдағыжұқпалы аурумен

                                                            жалпы аурғандар саны

Уақытша жұмысқа жарамсыздық аурулары. Бұл аурушаңдықты зерттеу түріне мектепке дейінгі ұйымға, жалпы білім беретін орта мектептерге, кәсіптік орта оқу орындарына бара алмауға байланысты барлық аурулар жатады. Аурушаңдықты тіркеу бірлігіне жұмысқа жарамсыздық жағдайлары жатады, ол  № 095/т формасымен тіркеледі. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептегі балалалар үшін анықтама қағаз диспансерлік бақылауда (форма № 030/т)баланың медициналық картасында (форма № 026/т) тіркеледі. 

Барлық уақытша жұмысқа жарамсыздық аурулары сәйкес халықаралық жіктелуіне байланысты нозологиялық белгілері бойынша топтастырылады, бұл арқылы жедел аурушаңдықтың негізгі көрсеткіштер жиілігін анықтауға болады:  

                                                   есеп беру кезеңіндегі

100 жұмысшыға шаққандағы            ауру жағдайының саны

Жұмысқа жарамсыздық жағдайы   =   -----------------------------------------------  х 100;

                                                                 есеп беру кезеңіндегі

                                                                 балалардың орташа саны

                                                                  есеп беру кезеңіндегі ауырған

100 жұмысшыға шаққандағы             күндердің абсолюттік саны

жұмысқа жарамсыздық күндері     =  ------------------------------------------- х 100;

                                                                  есеп беру кезеңіндегі

                                                    балалардың орташа саны

            

                                       1 жыл ішінде бір рет те ауырмаған балалар саны

Денсаулық кезеңі   = ------------------------------------------------------------------- х 100;

                                       1 жылдағы балалардың орташа саны

                                                                                                     

                                                                       жыл бойы жиі және ұзақ ауыратын

Жиі және ұзақ уақыт ауыратын              балалардың саны

балалардың көрсеткштері (ұзақ – 30   =   --------------------------------------------- х100

күн және одан жоғары, жиі ауыратын –     1 жылдағы балалрдың орташа саны

4 және одан жоғары)                                         

Медициналық тексеру мәліметтері бойынша аурушаңдық. Бұл әдіс арқылы бұрын анықталмаған созылмалы ауруларды, аурудың алғашқы басталуын, сондай-ақ мезгілдік жедел ауруларды анықтауға болады. Әдіс тұрғындардың патологиялық зақымдануын сипаттауға мүмкіндік береді: туа біткен даму ақаулары, дене бітімі дамуының ауытқулары, көру, есу бұзылыстары, жүйке жүйесінің аурулары. Барлық анықталған аурулар үшін диспансерлік есеп беру картасы (форма № 030/т) толтырылады. Медициналық тексеру мәліметтері бойынша келесі статистикалық көрсеткіштерді есептейді:

Тексерудің                         тексеруден өткендер саны

толық қамтылуы (%)  = ----------------------------------- х100;

                                          тексеруден өтуі қажет балалар саны

                                          денсаулық тобы

Денсаулық тобына       анықталғандар саны

байланысты бөлу       =  ----------------------------------  х100;

                                          жалпы тексеруден өткендер саны 

 Тұрғындардың аурушаңдығын терең медициналық тексеру жүргізу кезінде органдар мен жүйелердің қызметтік жағдайындағы нозологияға дейінгі арнайы ауытқуларды анықтау үшін қызметтік сынамалар мен биохимялық анализдерді жүргізу қажет. Мектепке дейінгі және мектептің балалар дәрігері жүргізген кешенді медициналық тексеру нәтижесін балалар емханаларының мектепке дейінгі және мектептік бөлімдеріне өткізеді.   

 Демографиялық көрсеткіштер. Балалардың денсаулығын бағалау кезінде медициналық-демографиялық көрсеткіштерден көбіне туу және өлім көрсеткіштері (нәрестелік, жасқа байланысты, жеке себептер бойынша, перинаталдық, неонаталдық) қолданылады. Бірақ туу көрсеткіші басқарушы үрдіс болып табылады, сондықтан басқа көрсеткіштермен бірігіп көрсетілуі қажет:             

                         

                               1 жылдағы тірі туылған балалар саны

Туу көрсеткіші  =   -------------------------------------------------- х1000;

                                 тұрғындардың орташа саны

                            

                                1 жылдағы өлгендер саны

Өлім көрсеткіші  = ------------------------------------------------- х 100 000;

                                тұрғындардың орташа саны

 

                                    1 жылдағы 1 жасқа дейінгі өлген балалар саны

Нәрестелік өлім =    ------------------------------------------------------------------------ х 1000;

                                     сол жылдағы тілрі туылғандардың  2/3 +

                                     өткен жылдағы тірі туылғандардың 1/3

                                    

                                       1 жылдағы 14 эжасқа дейінгі өлген балалар саны

Жасқа байланысты  =  --------------------------------------------------------------------------- х 1000;

өлім көрсеткші             ерте жастағы балалардың орташа жылдық саны

                                1 жылдағы өлі туылған балалар саны + 7 күнге

Перинаталдық     дейін өлген балалар саны (168 с.)

өлім                  =   -------------------------------------------------------------- х 1000;

                                  1 жылдағы тірі және өлі туылаған балалардың жалпы саны

                                 1 жылдағы 28 күнге дейінгі

Неонталдық            өлген балалар саны

өлім                   =  ------------------------------------------------------- х 1000

                                 1 жылдағы тірі туылған балалар саны

Өлім көрсеткіші тұрғындар денсаулығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерін болжамды түрде бағалау үшін қажет және аумақтың санитарлық салауаттылығының критерийі болып табылады. Көбіне бұл мақсат үшін жалпы, нәрестелік, перинаталдық, неонаталдық көрсеткіштер қолданылады.    

Баланың алғашқы айында өлім көрсеткішінің болуы көп жағдайда ұрық ішілік кезең кезінде ана организмі арқылы ұрыққа әсер ететін антенаталдық факторлардың әсеріне байланысты. Бірақ туылғаннан кейінгі 11 ай ішінде қоршаған орта факторлары басты роль атқаруы мүмкін. Нәрестелік өлім көрсеткіші жүктілік кезіндегі және баланың туылғаннан кейінгі уақыттағы өмір жағдайының өзгеріс әсерін көрсетеді.  

Өлім көрсеткішінің негізгі себебі белгілі-бір аумақтың гигиеналық жағдайына, басты қолайсыз факторға байланысты аурудың негізгі кластары мен нозологиялық формалары болуы мүмкін. Сонымен бірге, балалардың бірінші жылындағы өлім көрсеткішінің себебі тыныс алу ұйымдарынң, асқазан-ішек жолдарының аурулары мен туа біткен ауытқулар болып табылады.    

Барлық өлім көрсеткіштері аумақтық деңгейде есептеледі және санитарлық дәрігерлер үшін тұрғындардың жеке аумақтарының денсаулығын салыстырмалы түрде бағалу үшін қажет. Зерттелетін құбылыстың жиілігіне байланысты көрсеткіштер 1000, 10 000, 100 000 тұрғындар санына шағып есептеледі.

Біріншілік басқару деңгейінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемелері мен органдары жеке аумақтағы емханаларды өз-ара салыстырып, тұрғындардың денсаулық сипаттамасы бойынша ең нашарын анықтайды. Сондықтан өлім көрсеткішін анықтағанда вариациялық статистикалық әдіс бойынша өңделген барлық денсаулық көрсеткіштерін ескеру қажет.    

Салыстырмалы талдау үшін жеке қалалық аудандар, барлық елді мекен орындары алынады. Шынайы нәтиже алу үшін динамикасы байқау үшін 3-5 жыл аралығындағы мәліметтерді салыстыру қажет. Әрбір қарастырылатын аумақтың санитарлық жағдайына байланысты, балалардың денсаулығы мен қоршаған ортаның ластану мүмкіндігіне байланыстылығын анықтауға болады. Бұл сатыда атмосфералық ауаның ластануын және ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайына гигиеналық баға беруді шектеуге болады. Бұл мәліметтер зертханалық-аспаптық бақылау мәліметтері негізінде болуы қажет.      

«Қоршаған орта - тұрғындар денсаулығы» мәселесінің математикалық үлгісін құрастыру әдістемесі. ХХ ғасырдың ортасынан бастап, коммуналдық гигиена дәрігерінің негізгі міндетіне тұрғындар денсаулығы мен қоршаған ортаның ластану деңгейінің арасында сандық байланысын бекіту болатын. Негізінен экологиялық қауіптілік факторы мен адамның денсаулық жағдайының арасындағы себеп-салдарлық байлансын бекіту күрделі міндеттің біріне жатады. Бірақ бұндай байланысты анықтаған санитарлық қызметтің үлкен болашағы бар, яғни алдын алу мақсатында негізделген басқармалық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік алады.    

Қоршаған орта – денсаулық жүйесінде себеп-салдарлық байлансыты анықтау ұзақ уақыттық кезеңде тіпті бір факторды зерттеу кезінде де кең зерттеулерді қажет етеді. Бірнеше заттардың біріккен әсерін анықтау кезінде міндет күрделенеді, яғни көп зерттеулерді қажет етеді.  

Қолайсыз экологиялық факторлардың үстем бөлігі (атмосфераның, судың, топырақтың ластануы) интенсивтілігі аз факторларға жатады және сирек жағдайда ғана патологияның пайда болуына алып келуі мүмкін. Жиі жағдайда оның әсері жанама сипатта болады, бірінші нозологияға дейінгі деңгейде пайда болады.   

Интенсивтілігі аз факторларға организмнің жауаптық реакциясы, мысалы атмосфераның ластануының табиғи факторға байланысты, оның мөлшері мен экспозициясына байланысты белгілі-бір шегі бар. ДДҰ сарапшыларының материалдарында, көптеген мақалаларда атмосфералық ауаның ластануына адам организмінің биологиялық жауабының спектрі берілген, оның 5 деңгейі бар (3.1-сурет).      

 3.1-сурет. Атмосфераның ластану әсеріне биологиялық жауаптар.

1 - өлім; 2 - аурушаңдық; 3 – аурудың физиологиялық белгілері; 4 – белгісіз мәннің өзгеруі;

5 – мүшелер мен тіндерде ластанудыің жиналуы.

Суретте көріп тұрғандай, спектр организмнің барлық өзгерісін қамтиды, яғни нозологияға дейінгі кезеңнен летальді жағдайға дейінгі кезеңді қамтиды, негізінен организмнің жауаптық реакциясы неғұрлым айқын болған сайын, тұрғындардың аз бөлігі ғаан онымен зақымданған болады. Тұрғындардың денсаулығын қорғау патологиялық үрдістің ең алғашқы формаларынан сақтануға бағытталады. Бұл сұрақты атмосфераның ластану мысалы ретінде қарастыратын болсақ, онда мүшелер мен тіндерге химиялық заттардың жиналуының төмендеуін айтуға болады. Бұл үрдісті толық жою мүмкін емес, яғни адам пайда болғанға дейін ақ, қоршаған ортаның ластану жағдайын жою мүмкін емес.     

Биологиялық жауаптың пайда болуы үшін ұзақ уақыт қажет екендігін де ескерген жөн. Уақыттың ұзақ өтуі кезінде организмнің қорғаныс күшінің төмендеуінен көп жағдайда арнайы емес белгілі-бір нозологиялық форманың пайда болуы мүмкін. Негізінен жоғарғы тыныс жолдарының патологиясы көптеген себептерден, мысалы организмнің қатты тоңуы, инфекция нәтижесінен болуы мүмкін. Осы себепке байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы мен ауру арасындағы тікелей байланыстың болмағандығын байқаймыз.   

Адам организміне орта әсерінің көп факторлылығының (химиялық, физикалық, биологиялық) және көп компоненттілігінің маңызы зор. Тіпті бір қоршаған ортаның химиялық ластануының, оның нысандарының (ауа, топырақ, су, тағамдық өнімдер) кең спектрлі биологиялық әсерлері бар мыңдаған қосылыстары бар, тіпті қазіргі таңда олардың көбі толық зерттелмеген.    

Химиялық заттардың трансформациясы, яғни олар қоршаған орта мен тірі организмге түскеннен кейін жаңа токсиканттардың мөлшері ұлғайып, адам организміне де қауіптілігі жоғарылайды. Бұл жағдайда біз бұл заттардың түскені туралы да хабардар болмаймыз, қазіргі уақытта өнімдердің трансформациясына бақылау жүргізілмейді және қоршаған ортадағы көптеген химиялық заттардың мөлшері ескерілмейді.

Қоршаған ортадағы қауіптілік факторының әр түрлілігіне байланысты, адам оргнизмінің жауаптық реациясы да көп факторлы. Химиялық заттар организмге кешенді және біріккен түрде әсер етуі мүмкін, олар әр түрлі әсер көрсетеді, яғни табиғаты басқа факторлады да ескеру қажет, мысалы физикалық фактор. Көп жағдайда, бірнеше фактордың әсері кезінде биологиялық әсердің қосылуы да қарапайым болмайды, яғни едәуір күшті жауаптық реакция болды, мысалы, әк тас + темекі шегу, алкоголь + ауа температурасы және т.б.

Сондықтан, көп жағдайда, организмнің жауаптық рекциясы сызықтық емес түрде көрініс береді, яғни себеп-салдарлық байланысын да анықтау қиынға түседі. Биологиялық әсер қауіптілік факторы әсер еткеннен кейін бірден әсер етпейді, белгілі-бір уақыт өткеннен кейін кейде ұзақ уақыт өткенен кейін ғана пайда болады. Сондықтан кейбір зерттеушілер «кешігу әсерін» ескеруді ұсынады, бұл әсіресе кейінгі салдарын анықтау кезінде маңызы зор.  

Организмге тікелей әсер етудің жеке ерекшелігі бар, бір әсер мен бір фактор әсер еткеннен кейін сезімталдағы мен әсері әр түрлі болды. Бүндай байқауды «қауіптілік тобына» жататын, адаптациялық мүмкіндігі төмен адамдарға жүргізген дұрыс. Көбіне балалардың тыныс алу органдарының патологиясы мен ауаның химиялық ластануы арасындағы байланыстың үлгісін құрастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жағдайда ол едәуір талапқа сай назология, бірақ арнайы әдістерді қолданған дұрыс.  

Қазіргі қалалардың атмосферасында трансформация үрдісін айтпағанның өзінде жүздеген өзгерген қосылыстардың бар екендігі белгілі. Зерттеуші зерттеу негізі ретінде бірнеше затты ғана таңдап алады, тіпті басымдылығына да қарамайды. Сонымен бірге, химиялық заттар адам организміне ингаляциялық жолмен, сумен және тағаммен түседі (3.2-сурет). Мысалы  95%-ға дейін ауыр металдар адам организміне тағамдық өнімдерден түседі. Негізінен, адам денсаулығын қалаптастыруда бірінші кезекте әлеуметтік факторлар (қоршаған орта факторлары емес) әсер етеді.   

 

3.2-сурет. Адам организміне химиялық заттардың әсер ету жолдары.

 Тұрғындар денсаулығы мен атмосфераның ластануы арасындағы байланысты бекіту үшін санитарлық дәрігер келесі ережелерді білуі қажет. Өңдеу үшін ДДҰ сарапшылары ұсынған басымдылық көрсететін (приоритетті) химиялық заттарды таңдап алу қажет. Елді мекен мәліметтері бойынша полютантардың  артықшылығы туралы мәліметтер болуы қажет. Сонымен ғылыми зерттеушілерге кейбір қалалардың атмосферасындағы индикаторлық химиялық ластаушыларды бекіту жүргізілді, ал тұрғындарда индикаторлық нозологиялық формаларын қалыптастыру қажет. Біріншісіне бензол, формальдегид, өлшенді заттар, күкірт пен азоттың қос тотықтары жатады, ал екіншісіне – тыныс алу жолдарының аурулары, аллергиялық патология жатады.     

Қазіргі заманғы зерттеушілер жалпы маркерлі, атмосфералық ауаның басымдылық көрсететін анықтады, ол көптеген елді мекенге тән: көміртегі тотығы, азоттың қос тотығы,  өлшенді заттар, формальдегид, аммиак, фенол, күкірт сутегі, күкірттің қос тотығы, қорғасын, сутегі хлориді,  ксилол, бензол, 3,4-бенз(а)пирен, толуол, метилмеркаптан, сонадй-ақ тағыда басқалар. Ауыз судың артықшылық көрстететін қорғасын, кадмий, никель тотығы, ДДТ, 1,2-дибромтрихлорпропан, хлороформ, бериллий, мышьяк, алты валентті хром,  сынап,  бор және т.б. (Щербо А.П., Киселев А.В., 2004).

Байланысты бекітудің міндетті жағдайына ауа бассейнінің ластану деңгейі бойынша қала  аумағын бөлу (әлсіз, орташа, күшті) жатады және барлық параметр бойынша әрбір аймақ жеке бағаланады. Кейбір зерттеушілер ірі қалалар үшін арнайы электрондық карта өңдеуді ұсынады, тұрғындар денсаулығына қауіптілікті бағалау үшін, аумақты «қалпына келтіруге» байланысты бөліктерге аймақтау мақсатында барлық медициналық-экологиялық параметрлерді енгізу қажет (Цунина Н.М., 2003). Атмосфераның ластану көрсеткіштеріне заттардың іс жүзіндегі концентрациясын емес, оның кешенді көрсеткіштерін (оқулықтың сәйкес тарауларында есептеу әдістемесі берілген) алу қажет.

Бұл мақтатқа жетудің негізгі шешімдеріне шынайы химиялық жүктемені қолдану жатады, ол әрбір табиғи ортаның химиялық поллютанттарының организмге әсерін едәуір толық анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жағдайда организмге жүктеменің сандық және  сапалық мөлшерін салыстыруға мүмікіндік береді, ал одан кейін нақты қорытындылауға негіз бар. Бұл бақылауларда ресми статистика мәліметтері қосымша роль атқаруы мүмкін.       

Репрезентативті зерттеулер үшін, таңдамалы жинақталу көлемінің үлкен маңызы бар, бірақ зерттелетін нысандағы (қала, ауыл) тұрғындарды жаппай таңдау жүргізу шынайы шешім табады. Бұндай әдісті шағын елді мекендерде қолдануға болады, ал басқа жағдайларда таңдамалы әдіс қолданылады. Негізінен тұрғындарды жыныс, жасқа байланысты бөлу қажет, бұл белгілерден бас тартса, алынған мәлімет шынайы болмауы мүмкін. Көп жағдайда көрсеткіштерді стандарттау жүргізіледі.   

Адам денсаулығының экологиялық қолайсыздыққа шынайы байланыстылығын бекіту үшін, әлеуметтік және тұқым қуалаушылық белгілерін алып тастау қажет, бірақ бұл мәселені шешудің күрделі сұрағының бірі болып табылады. Сонымен бірге, тұрғындардың, әсіресе балалардың аурушаңдығын зерттеу кезінде әлеуметтік және биологиялық факторларды ескермеу негізделмеген қорытындылар мен шаралардың себебі болуы мүмкін.     

Сонымен, Алматы қаласындағы мекетепке дейінгі балалардың денсаулығын зерттеу кезінде «лас» аймақта орналасқан мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде балалардың аурушаңдығы бірнеше жылдар бойын төмен көрсеткішті көрсетіп келген. Негізінен, бұл бала бақша, басқа бала бақшаға қарағанда үлгілі, жағдайы жоғары, балалардың әлеуметтік жағдайы да жақсы ведомствалық мекеме болған.       

Әлеуметтік және тұқым қуалаушылық факторларының ролін қажет етпейтін тепе-теңдік тобы («копи-пара» әдісі) тәсілі қолданылады, бұл әдіс елді мекен ауданындағы атмосфераның ластану деңгейі бойынша орналасқан жалпы қалалық мектепке дейінгі мекемелер – ұйымдастырылған ұжымдағы балалардың денсаулығын зерттеу үшін қолданылады. Әдіс тәжірибе тобының (ластанған аудан) әрбір бақылау бірлігі арналған, ал бақылау ауданында (таза аудан) көрсетілген бірлік белгілері бойынша бірдей (тепе-теңдік) болады. Егер осындай әдісте бақылау топтарында (3.3-сурет) балалар аурушаңдығында айырмашылықтар анықталады, оларды қаланың экологиялық қолайсыз ауа бассейнінің әсеріне жатқызуға болады.        

3.3-сурет. «Копи-пара» әдісін қолдану кезінде тұрғындарды таңдау.

а – тәжірибе тобы; б – бақылау тобы.

Қара дөңгелектерұқсас белгілер; ақсәйкес келмейтін белгілер.

Қазақстанда соңғы жылдары қала тұрғындарының пайызы жоғарылауда, зейнеткер жастағылар саны көбеюде, еркектер мен әйелдердің орташа өмір ұзақтығы арасындағы алшақтық сақталуда. Әрбір жас тобының өзіне тән нозологиялық формасы бар, аурушаңдық деңгейі: балалар үшін – тыныс алу мүшелерінің аурулары, ересектер үшін – жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары. Бұл кезде қауіптілік факторында жас-жыныс ерекшеліктерінің ролі зор, яғни себеп-салдар байланысын анықтауда міндетті түрде ескерілуі қажет.

Әр түрлі экологиялық жүктемесі бар аймақтарда аурушаңдықтың жас-жыныс коффициентін дұрыс есептеудің маңызы зор, олардың шекаралары елді мекеннің әкімшіліктік аудандарымен сәйкес келмейді. Тұрғындардың белгілі тобының саны туралы мәліметтерді жаппай санақ кезінде немесе қаланың жеке учаскелеріне жетекшілік ететін емдеу-профилактикалық мекемелерінен алуға болады, бірақ екінші варианттың дәлділігі төменірек.     

Қоршаған орта – адам – тұрғындар денсаулығы тізбегі жолында шынайы заңдылық пен нақты математикалық үлгіні құрастыру қиындататын себептер бар. Негізінен бұл үлгілер экологиялық-гигиеналық болжам жүргізу үшін, өз уақытында басқармалық шешімдерді қабылдау үшін қажет.

Айтылған талаптардың едәуір бөлігі аз таңдау кезінде, яғни бақылау саны аз болған жағдайда басты роль атқарады. Сондықтан көптік регрессияның нақты үлгісін алу үшін міндетті жағдайға бақылау санының көптігі жатады, сондай-ақ қоршаған орта нысандары үшін интегральді көрсеткіштер қолданылады.    

Әр түрлі химиялық заттар әр түрлі қауіптілік класын жатады, олардың қоршаған ортадағы шынайы концентарциясы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан есептеу де қиынға түседі. Қосарлы көрсеткіштерді есептеу кезінде қоршаған ортаның сапасында бұл айырмашылықтар бүркемеленеді. Математикалық үлгінің құрамдық бөлігін бірыңғайлау мақсатында денсаулық көрсеткіштерін шартты бірлікпен көрсетуге болады.     

В.В. Косарев және басқа да авторлар (2002) көптік регрессияның үлгісін өңдеді, ол атмосферадағы химиялық заттардың тастамалар массасы (жылына/ мың т) арасындағы байланысты тұрғындардың бронхы өкпе патологиясының жиілігін бекітеді:

у = 130,63 + 412,16 х1 + 25,19 х2 + 16,32 х3,

ондағы, у – пневмония аурушаңдығы; х1 көмірсутек шығырысы;

х2күкірт қос тотығының тастамасы; х3күйе шығырысы.

Мысалдан жаппай шығырыстың ішінен жеке химиялық ластаушылардың себеп-салдарлық байланысының үлгісін алуға болады. Әрбір жеке жағдайда санитарлық дәрігер сенімділігін тексере отырып, математикалық үлгісін құрастыру үшін көрсеткіштерді қатаң түрде таңдау қажет.  

З.Ф. Сабирова (1999) балалардың аллергиялық аурушаңдығын есептеудің күрделі теңдеуін өңдеді, онда атмосфераның ластану көрсеткіштерімен қоса балалардың жасы да ескерілді, әрине бұл балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша дүрыс болып табылады:

у = 0,79 + 0,37 х1 + 0,65 х2 + 38,58 lgх3, 

ондағы, у – аллергиялық патологияның жиілігі; х1 – атмосфера ластануының қосарлы көрсеткші; х2 – ауаның көмірсутегімен ластану көрсеткіші; х3 – баланың жасқа байланысты тобы.

Себеп-салдарлық байланыс теңдеуін есептеу үшін қолданбалы статистиканың  компьютерлік бағдарламалары қолданылады мысалы, Statistica, Stateks, Statgraf және т.б. Есептеулерді аяқтау кезінде бағдарламаға сол теңделермен қоса, сол теңдеулердің дұрыстығын бағалайтын бірқатар көрсеткштер қолданылады: кері қайту (регрессия) коэффициенті, өзара байланыстылығын (корреляция), анықтағыш (детерминация), серпімділігі (эластикалығы), құбылу (вариация) және т.б. Санитарлық дәрігер математикалық үлгіні құрастыру үшін статистикалық есептеулердің негізгі жағдайларын меңгеруі қажет.  

Себеп-салдарлық байланысты зерттеудің статистикалық әдісі кезінде нәтижелік (қызметтік) және факторлық (аргумент) белгілерін теңдеу түрінде көрсетуге болады:  

у = f1, х2, х3 ….хn),

мұндағы  у – нәтижелік белгі, мысалы, адам денсаулығы;

х1, х2, х3 – факторлық белгі, мысалы, химиялық заттар; fқызметтік байланыстылық белгісі.

 Әр түрлі факторлар мен нәтижелік көрсеткіштер арасындағы байланысты регрессия теңдеуімен көрсетуге болады:   

у = а + b1х1 + b2х2 + b3х3 ….. + bnхn,

мұндағы, а – ескерілмеген фактор әсерінің орташа көрсеткші;

b1, b2 b3 bn факторлық белгілердің регрессия коэффициенті.

 Едәуір қарапайым, сызықтық байланыс теңдеуі берілді, бірақ оның нақтылығын анықтау үшін, берілген коэффициенттен төмен бағаланады. Сонымен,  регрессия коэффициенті факторлық белгі х-тің бір бірлікке өзгерісі кезінде, нәтижелік көрсеткіш у-дың қанша бірлікке өзгергендігін көрсетеді

 Корреляция коэффициенті х және у мәндерінің арасындағы байланыс күшін көрсетеді және 0-ден 1-ге дейінгі аралықта өзгереді. 1-ге жақын коэффициентті көрсетсе, күшті байланыстың бар екендігін көрсетеді, ал 0-ге жақын болса, онда байланыстың жоқ екендігін көрсетеді. Бірақ корреляцияның жоғары коэффициенті байланыстың бар екендігін толық айта алмайды, тек оның бар екендігін болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай туралы ХХ-ғасырдың басында Ф.Ф. Эрисман айтқан болатын, яғни корреляцияның жоғары коэффициенті кездейсоқ математикалық шешім болуы мүмкін деген.

 Вариация коэффициенті ортақ квадраттық ауытқу ортақ деңгейдің қандай бөлігін (%) алатындығын көрсететін мән. Егер коффициент мөлшері 30 %-дан аспаса, мәліметтерді тұрақты деп есептеуге болады. Егер себеп-салдарлық байланыс теңдеуінің вариациялық коэффициенті 30%-дан асса болжамдық мөлшердің сенімділігі жоқ деп есептеледі.

 Серпімділік коэффициенті х факторы 1 %-ға өзгергенде, нәтижелік у көрсеткішінің қанша пайызға өзгергендігін көрсетеді. Бұл коэффициент өте ақпартты және себеп-салдарлық байланысты бекітуде гигиенистер жиі қолданады. Детерминация коэффициентінің маңызы зор, ол ауыспалы факторлардың вариациялық қатарынан нәтижелік көрсеткіш қанша пайыз байланысты екендігін көрсететін мән. Бұл коэффициент нәтиже мөлшеріне факторлық белгілердің қосатын мөлшерін анықтайтын мән. Егер бұл коэффициент – 95%-пайыздан жоғары болса, бұндай жоғары мән жасанды сипат көрсетеді. Регрессиялық теңдеулер байланысы барлық парметрлерлер сенімділігі бойынша жүргізілуі қажет.

Математикалық үлгінің нақты емес мысалына төменде келтірілген көптік регрессияны жатқызуға болады, онда антропогендік және балалардағы жедел респираторлы аурулардың жиілігімен климаттық факторлар арасындағы байланысты көрсеткен:

у = 103,2 – 37,6х1 – 62,6 х2 + 119,4 х3 –7,2 х4 + 310,8 х5 – 108,6 х6

1,26 х7 + 1,4 х8 – 0,27 х9,

ондағы, х16 шаңның орташа айлық концентрациясы, SO2, NO2, H2S, HF,

формальдегид,  мг/м3; х79 – климаттық параметрлер.

Бүл теңдеу үшін көптік корреляцияның коэффициенті 0,75 мәнін құрайды, бірақ сызықтық регрессияның берілген үлгісі биологиялық құбылысы бойынша  нақты емес болып табылады. Теңдеуден көріп отырғандай, жедел респираторлық ауруға теріс әсерді келесі аргументтер көрсетеді: шаң, күкіртті ангидрид, күкірт сутегі,  формальдегид.  Үлгілеу кезінде теріс мән көрсетпеген белгілі-бір аргументтер коэффициенттерінің (қауіптілік факторы) теріс белгісін математикалық талдау кезінде, сандық мәні жоғарылаған кезде, қызметтік мәні (нәтижелік белгі) төмендейді. Басқаша айтқанда, ауадағы шаңның, күкіртті ангидридтің, күкірт сутегінің  концентрациясы ұлғайған сайын, балалардың жедел респираторлық  орташа айлық аурушаңдығы төмендейді, әрине бұл әдебиеттік мәліметтерге, шынайылыққа да қайшы келеді.        

Химиялық заттардың әсеріне организмнің биологиялық жауабы оның тек концентрациясына ғана байланысты болмайды, яғни жоғарыда айтылып кеткен сәйкес факторларға да байланысты. Әр түрлі жағдайдағы (елді мекен) химиялық заттың бір деңгейі әр түрлі әсер көрсетуі мүмкін. Себеп-салдарлық байланыстың ұқсастығы тек тәжірибе жағдайында ғана болуы мүмкін, қауіптілік факторының стандарттық мөлшері болмайды.    

Сондықтан, Қарағанды қаласында өңделген себеп-салдарлық байланыстың математикалық үлгісі тек сол елді мекен үшін ғана қолданылады, ол барлық әр түрлі медико-экологиялық  ерекшеліктер ескертілген жергілікті мәліметтерден құрастырылған, бұл теңдеулер басқа елді мекенге тек болжамды көрсеткіш ретінде ғана қолданылады. Денсаулық көрсеткіштерінің жергілікті стандарттары, мысалы балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің дамуын алу, барлық ел үшін балаларға арналған стандарттардан нақтырақ болып есептеледі.     

Экологиялық қолайсыздық пен адамның ауруы арасындағы байланысты бекіту күрделі зерттеулерді және болған фактілерді ашып көрсетуді қажет етеді. Бірақ бұл мәліметтер қоршаған орта жағдайында адам денсаулығына қауіптілік мүмкіндігін бағалу үшін және болатын құбылысты болжау үшін қажет. Ұқсас байланыстыр бұрын болған, өндірістік гигиена мен профилактикалық патологияда бекітілген.    

Айырмашылық, әсер ету интенсивтілігіне байланысты: өндірісте – жоғарғы концентарция және мөлшер, коммуналдық гигиенада – қоршаған ортаның интенсивтілігі аз факторлары. Қазіргі таңда біз қоршаған орта жағдайында интенсивтілігі аз көптеген фактормен қатынастамыз. Айқын көрінетін патологияның себеп-салдарлық байланысын қолайсыз факторлардың максималды көрінісі жағдайында оңай табуға болады.

Қоршаған ортаның гигиеналық шектеуші мөлшерін сақтау адам және оның ұрпақтары үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда адам денсаулығының көрсеткіштері қоршаған ортадағы поллютанттар концентрациясының аздаған өзгерісіне байланысты болмауы қажет. Организмге жоғарғы химиялық жүктеме регрессия түрінде көрсететін, сәйкес патологиялық жауап көрсетер еді.  

Бірақ шынайы өмірде тіпті бақылау аймағында қоршаған ортаның аздаған ластануы тұрғындар арасында тәжірибелік зонаға қарғанда аздаған деңгейде болса да, патологиялық көріністер көрсетуі мүмкін. Осы сенімділік айырмашылығын анықтау себеп-салдарлық байланысты табудың негізі болып табылады.

ДДҰ сарапшыларынң мәліметтері бойынша, «белгілі-бір әсер ету жағдайында кез-келген химиялық зат улы болуы мүмкін». Улылығы жоғары заттар организмге аздаған мөлшерде болса да зиянын тигізеді, ал улылығы төмен заттар – оның сіңу мөлшері жоғарылағанша әсер көрсетпейді. Әрбір химиялық зат үшін, әсер ету жағдайы бар, ол жағдайсыз адам денсаулығына зиянын тигізбейді. Биологиялық өзгерістердің сандық мәні адам оргаизміне химиялық зат әсер еткенде (мөлшер-жауап) гигиеналық нормалаудың негізі болып табылады.

Тәжірибелік жануарлардың түрін таңдаудың және адамға тәжірибе мәліметтерін экстраполяциялау әдісін таңдау маңызды болып табылады. Түрлік айырмашылығын төмендету үшін тәжірибеге едәуір сезімтал жануарды таңдайды, улы заттардың жоғары концентрациясымен әсер еткенде тіршілік ету мерзімінің азаятынын есепке алу қажет. Бірақ шынайы өмірде адамға аз мөлшерде әсер етеді, ал аз мөлшердің әсері жоғары болады, оны математикалық үлгімен есептеуге болады. Сондықтан жануар мәліметтерін адамға экстраполяциялау кезінде, қор коэффициенті енгізіледі, яғни тәжірибеде есептелген заттың әсер ету табалдырығы мөлшерінің жиілігін төмендету, қажеттігі туындайды.  

Негізінен адам мен тәжірибелік жануарлар қоршаған ортаға сезімталдығы басқаша, әр түрлі биологиялық түрге жатады  және организмде химиялық заттардың метоболизмі де бір-бірінен басқаша. Сондықтан, адамға тәжірибе мәліметтерін эктраполяциялаудың дұрыстығы көптеген ғалымдарда күмән туғызуда. Сондықтан соңғы жылдары шетел ғалымдары қауіптілік коффициентін – HQ өңдеді, ол туралы төменде айтылады.

Экологиялық қолайсыздықтың адам денсаулығының қызметтік өзгерістері арасындағы байланысты бекітуге болады, яғни организмнің биологиялық жауабы едәуір ерте және сезімтал. Бұндай әдіс нозологияға дейінгі диагностиканың принципіне сәйкес келеді және қазіргі кезде жиі қолдануда. Ол арқылы біріншілік профилактиканы өз уақытында жүргізуге мүмкіндік бар.  

Бұндай билогиялық маркерлерге инвазиялық емес иммундық жүйе, биохимиялық және кейбір денсаулық көрсеткіштері, олармен экологиялық қолайсыздықтың себеп-салдарлық байланысын бекіту оңайға соғады. Сонымен, қос регрессияның қарапайым теңдеуі едәуір нақты сипат көрсетеді.   

Сонымен, Алматы қаласында атмосфералық ауа ауыр металдармен ластанады, қорғасынның, кадмийдің, мырыштың никельдің мектеп жасына дейінгі балалар организміне түсетін аэрогендік тәуліктік жүктемесі есептелді. Ауада металдың болуы мен олардың балалар шашында жиналуы арасындағы анық тікелей байланыстылық бекітілді:   

 у = 4,14 + 21,66 х1;

у = 1,71 + 9,16 х2;

       у = 65,74 + 0,46 х3,

онадғы, у – шаштағы металдың мөлшері, мкг/г; х1, х2, х3ауадағы қорғасынның, кадмийдің, мырыштың концентрациясы, мкг/м3

 Орташа күштің кері байланысы (R = 0,41) қорғасынның аэрогендік тәуліктік жүктемесі мен балалар сілекейіндегі иммуноглобулина А-ның  және лизоцим белсенділігінің арасындағы байланыстылық анықталды:  

у = 4,43 – 0,21 Pb,

мұндағы,   у – сілекейде иммуноглобулин А-ның болуы, г/л:

Pbқорғасынның аэрогендік жүктемесі, мкг/тәулік

у = 24,35 – 0,62 Pb,

мүндағы, у – сілекейдегі лизоцимнің белсенділігі, %:

Pb – қорғасынның аэрогендік жүктемесі, мкг/тәулік

Адам денсаулығы мен су сапасының арасындағы себеп-салдарлық байланыс үлгілері ұқсас принцип бойынша құрастырылады. Судың микробтық ластануы мен жұқпалы аурулар жиілігі арасындағы байланысты бекіту оңай, ал судың химиялық құрамының жұқпалы емес патология арасындағы байланысты бекіту едәуір қиын. Адамның суды тәуліктік тұтынуы орташа алғанда 2,5 литрді құрайды, сондықтан организмге улы заттардың осы жол арқылы түсуінің маңызы жоғары емес.   

3.4-сурет. Адам денсаулығына топырақтың әсер ету жолдары,

В.Т. Мазаев, 2005.

Е.И. Гончарук зерттеулерінде (1986) адам денсаулығына химиялық ластанудың әсері дәлелденген. Бірақ бұның әсері жанама сипатты ғана  береді, әсері аз ған. 3.4-суреттен көріп отырғандай, топырақ пен адам арасында аралық орта бар (тағамдар, ауыз су, ауа), олар тікелей әсер ету мүмкіндігін едәуір төмендетеді. Көп жағдайда организмнің биологиялық жауабына  топырақтың қосатын үлесі аз. Сондықтан бұл бағыттағы (топырақ – адам организмі) себеп-салдарлық байланысын анықтауды ерекше жағдайда ғана жүргізу қажет.

Қоршаған орта мен адам организмі арасындағы себеп-салдарлық байланысын анықтау әдістемесін таңдау белгілі-бір ережелерді сақтауға негізделген:

1.   Адамның қоршаған ортасының химиялық және биологиялық ластануының байланысын зерттеу кезінде бақылау нысаны ретінде атмосфермалық ауа мен ауыз суды таңдау қажет.

  1.  Бұл жағдайда топырақтың практикалық маңызы жоқ. Топырақтың әсерін шынайы химиялық жүктеме кезінде математикалық үлгіні есептеу жағдайында ескереді.   
  2.  Математикалық үлгі құрастыру кезінде мақсатты шартты мөлшерді қолдану қажет, мысалы қоршаған орта жағдайының кешенді көрсеткіштері немесе өзгерісінің денсаулық көрсеткіштері.
  3.  Сенімді себеп-салдарлық байланыс мәнін алу үшін негізгі жағдай бақылау санының жоғары болуы. Тұрғындарды зерттеу кезінде таңдау көлемі басты жиынтықтың 7%-нан кем блмауы керек. Зерттелетін халықтың медициналық бақылау нәтижесі бойынша алынған мәліметтер едәуір шынайы болады.   
  4.  Бақылау нысаны ретінде балаларды таңдаған дұрыс, олар қоршаған ортаға қолайсыз факторларына сезімтал, тұратын ауданы бір, зиянды әдеттері жоқ және кәсіптік зиянды факторлармен жұмыс істемейді.
  5.  Факторлық белгілері ретінде басымдылық көрсететін ластаушыларды таңдау қажет, шынайы химиялық жүктемені, ингаляциялық химиялық жүктемені тиімді пайдалану керек.  

Басымдылық көрсететін заттардың негізгі критерийіне келесілер жатады:  

  • ластаушы көзіне байланысты зерттелетін аймақта кең таралған затқа немесе қоспаға жататындығы;    

 •   бөлме ішінде және қоршаған ортада ол заттың тұрғындарға әсері жоғары ма?

   бұрынғы бақылауларда адам денсаулығына ол заттың зияндығы туралы мәліметтер бар ма?  

 зерттелетін заттың деңгейіне мониторинг жүргізу мүмкін бе;

  әдеби мәліметтер бойынша зерттелетін заттың экологияылық улы салдарының бар екендігі туралы мәліметтер бар ма?

  1.  Тұрғындар аурушаңдық көрсеткішін нәтижелік белгі ретінде қарастырсақ, ол кезде биологиялық жауаптың «кешігу тиімділігі» ескерілмесе, онда болжамдық теңдеу нақты болмауы мүмкін.
  2.  Егер нәтижелік белгі ретінде адам денсаулығының «биологиялық маркері» алынса, онда математикалық үлгі едәуір нақты болады. Бұл теңдеулер арқылы адам денсаулығына қоршаған орта факторларының негативтік қауіптілік деңгейі туралы да болжауға болады, бірақ профилактикалық медицинаның басты приципіне ерте мерзімдер жатады.
  3.  «Биологиялық маркерлер» мен аурушаңдық арасындағы байланысты бекіту оңай, зерттеу бағытына келесі түрлері:  қоршаған орта факторлары – биологиялық  маркерлер – аурушаңдық жатады.

Биологиялық тиімділікті болжау – себеп-салдарлық байланысты бекітудің соңғы мақсаты мәселені шешу маңызды міндет болып табылады. Гигиеналық болжау арқылы «мөлшер-тиімділік» заңдылығын анықтау мақсатында сауықтыру шараларын ұйымдасытруға болады.  

Көп жағдайда себеп-салдарлық байланыстың математикалық үлгісі қоршаған ортаның ластануында атмосферадағы бір немесе бірнеше поллютанттар және қандай-да бір патология арасында жүреді. Алынған регрессия теңдеуінің негізінде санитарлық дәрігер үлгі коэффициентін бағалайды, болжамдық қорытындылар жасайды, бірінші кезектегі профилкатикалық шараларды ұсынады.     

Қоршаған ортаның қауіптілік фаторын бағалу әдістемесі. Қазіргі уақытта көптеген алдыңғы қатарлы елдерде қауіптілікті бағалу концепциясы қоршаған ортаның ластануы және тұрғындар денсаулығын қорғауда басқармалық шешімдерді негіздеудің едәуір артықшылығы бар әдіс болып табылады.

Қауіптілік концепциясы ғылыми нұсқауларда, халықаралық ұйымның құжатарында (ДДҰ, Экономикалық бірлестік және даму Ұйымы бойынша, қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы, Еуропалық бірлестік комиссиясы) берілген. Қазіргі уақытта Қазақстанда 28.12.07 ж. ҚР Бас санитарлық дәрігер бекіткен орыс тілінде шыққан «Қоршаған ортаның химиялық факторларының тұрғындар денсаулығына қауіптілігін бағалау» бойынша әдістемелік нұсқау.  

3.5-сурет. Ластаушы көз бен адамға дейінгі қауіптілік тізбесі, Новиков С.М., 2002.

АҚШ (EPA US),  қоршаған ортаны қорғау Агенттігі өңдеген қоршаған ортаның зиянды факторларының әсері кезінде адам денсаулығына қауіптілігі әдістемесі кең қолданыла бастады.  3.5 – 3.6-суреттерде қауіптіліктің негізгі тізбесі және ластаушы көзден адамға дейінгі жолы туралы сызба берілген.  

Тұрғындардың денсаулығына қауіптілігін талдау әдістемесіне кіретіндер:   қауіптілікті бағалау, қауіптілкті басқару, қауіптілік туралы ақпарат. Негізгі міндетіне, адам денсаулығына және өмір сүру ортасына қоршаған ортаның зиянды факторларның мүмкіндігі туралы ақпарат алу, әрине бұл экспозиция және қауіптілік деңгейін гигиеналық негіздеу үшін қажет. Бұл  әр түрлі экспозиция  жағдайында тұрғындардың нақты бір тобына қоршаған ортаның әсері нәтижесіндегі қолайсыз әсерлердің сандық сипаттамасы.

Қауіптілікті бағалау әдістемесін Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет мекемелері мен ұйымдары әлеуметтік-гигиеналық мониторинг, гигиеналық сараптама және қоршаған орта гигиенасы бойынша артықшылық шараларды енгізу кезінде қолдануы тиіс. Ғылыми жағдайда қауіптілікті бағалау адам денсаулығына зерттелетін фактордың әсер етуінің рұқсат етілген деңгейін негіздеуде қажет, ал ғылыми-практикалық жағдайда – қауіптілік деңгейін төмендету бойынша шынайы басқармалық шешімдерді қабылдау болып табылады.

3.6-сурет. Заттың әсер ету жолы, Новиков С.М., 2002.

 Тиімді басқармалық шешімдерді негіздеу үшін, қауіптілікті бағалау әдістемесін қолдануға мүмкіндік беретіндер:   

  •  тұрғындар денсаулығына қоршаған ортаның зиянды факторының әсерінен келетін залаладың сандың мәнін табу;
  •  нақты қолайсыз әсер жағдайындағы тұрғындардың едәуір сезімтал тобын бөліп алу;
  •  әсер етудің қауіпсіз деңгейін және минималды қауіптіліктің гигиеналық нормативін бекіту;
  •  түрғындар денсаулығына қауіптілігі жоғары ластаушы көздер мен қауіптілік факторын бірінші кезекте жүйеге келтіру;
  •  аймақтық және жергілікті деңгейде тұрғындар денсаулығын қорғаудың артықшылығын бекіту;
  •  қолайсыз әсердің даму қауіптілігін жоғарылататын химиялық заттар мен қоршаған ортаны ластайтын көздердің артықшылығын есепке ала отырып, әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізудің жоспарын жүйелеу;
  •  гигиеналық нормалау жүйесін жетілдіру және оны халықаралық әдістермен жетілдіріп, химиялық заттың қауіпсіз әсер ету деңгейін бекіту.    

Қауіптілік көрсеткіштерінің түрлері. Жиі қолданылатын көрсеткіштердің біріне салыстырмалы қауіптілік  (relative risk) (СҚ), ол келесі формуламен көрсетіледі:

СҚ = факторға тәуелді аурушаңдық саны, ұшыраған факторға тәуелсіз аурушаңдық саны

Салыстырмалы қауіптілік негізінен ұқсас адамдар тобы (когортты) бақылауларында қолданылады, ал кездейсоқ-бақылау тиімділік көрсеткіштерінде мүмкіндік қатынас (odds ratio) – СҚш көрсеткіштері қолданылады. Бұл көрсеткіштер қауіптілік факторымен шақырылатын тиімділік мөлшерін, зерттелетін аурудың басылуын бағалайды және қауіптілік факторы мен патология арасындағы байланыс күшін өлшейді. СҚш  келесі формула бойынша есептеледі:

ОРш= a:b/c:d=ad/(bc),

Мұндағы  a – экспонирленген аурулар;  b – экспонирленбеген аурулар;

c –экспонирленген дені сау адамдар ; d –экспонирленбеген дені сау адамдар

Көбіне салыстырмалы қауіптілік екі топ арасында есептеледі, біреуі әсер етуге алып келетін, екіншісі әсер етуге алып келмейтін – бақылау ролін атқарады (референттік топ). Осылай әр түрлі әсер ету тиімділігін бағалауға болады, мысалы өкпе ісігінің даму қауіптілігі тәулігіне тартатын темекінің мөлшеріне байланысты немесе атмосфераның ластану әсерінің  ұзақтығына байланысты. Референтті топ ретінде әсер ету зерттеуіне қатысы жоқ адамдар (текекінің әсерін зерттегенде, темекі тартпайтындар) немесе бірнеше топты салыстырғанда, әсер ету деңгейі төмен адамдар таңдалады.       

Бірнеше әсер факторларымен (деңгеймен) байланысты салыстырмалы қауіптілікті есептеу кезінде әр топтағы патология көрсеткішінің жиілігі бақылау болып табылатын топтағы көрсеткіштерге бөлінеді. Егер аурушаңдық көрсеткіштерін біріншілік әсер ететін (атмосфераның ластануы) топқа белгілесек – р1, екінші деңгейді (өте ластанған атмосфералық ауа)   – р2 және референтті топтың (таза ауа) аурушаңдық көрсеткішін белгілесек, -  р0, онда біріншілк әсер ету деңгейі үшін, салыстырмалы қауіптілік ОР1 = р1/ р0, ал екінші деңгей үшін, – ОР2 = р20 мәндерін көрстеді. 

Әсер ету деңгейінің айырмашылығын өлшеу арқылы тәжірибелік топтағы әсер ету интенсивтілігінен шақырылатын қауіптілікті жоғарылауын бақылайды. Қауіптілік арсындағы айырмашылық абсолюттік қауіптілк немесе ерекше бір қауіптілік деп аталады, зерттелетін фактор мен адамға әсерлі және оның әсері жоқ аурушаңдық көрсеткіштері арасындағы абсолюттік айырмашылық:

АР = р1 - р0.

Мысалы:  таза атмосфералық ауданда тұратын балалар арасында тыныс алау органдарының патологиялық көрсеткіштері 30%-ды құрайды, олардың ішінде ластанған ауданда тұрғандар – 75%-ды құрады, онда тәжірибе тобындағы абсолюттік қауіптілік 45%-ды құрайды (75% –30%). Егер де себеп-салдарлық байланысын болжайтын болсақ, онда зерттелетін топ арасында тыныс алу органдарының патологиялық жағдайы 45% болуы мүмкін деп қорытынды жасауға болады. Абсолюттік қауіптілк пайызбен көрсетілсе, оны атрибутивтік немесе этиологиялық фракция деп те атайды, келесі формуламен есептеледі:

                                                           АР% = (р1 - р0)/ р1;

Келтірілген жағдайда    – АР% = (75 – 30)/ 75 = 60%

Бірақ әсерді өлшеуде барлық тұрғындардың көрсеткіштері ескерілмейді, тек тәжірибелік топқа ғана жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген салыстырмалы көрсеткіштер қауіптілік факторы мен ауру арасындағы байланыс күшін бағалайды, біарқ бұл фактордың барлық тұрғындар арасындағы аурушаңдыққа әсерінің қауіптілігі бағалауға жарамайды.

Келтірілген көрсеткіштерден басқаша, кері әсерді өлшеу көрсеткіші таралу деңгейіне байланысты, зерттелетін фактордың әсерінен сол популяцияға қосымша қауіптілігін бағалайды. Бұндай бағалау қауіптілк факторының зерттелетін тұрғындарға оны жою нәтижесінде немесе таралуы өзгергенде  теріс әсерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ол қауіптілк факторы мен тәжірибе тобындағы ауру арасындағы себеп-салдарлық байланысты бекітуге негізделген және ол осы байланыстың күшін ескереді.

Басты біріктіруге қауіптілк факторының теріс әсерін бағалау үшін, екі көрсеткіш қолданылады:   популяциялық ерекше бір қауіптілік және  популяциялық ерекше бір фракция.  Популяциялық ерекше бір қауіптілік – бұл барлық популяция және тұрғындардың тәжірибе тобындағы аурушаңдық көрсеткіштері арасындағы абсолюттік айырмашылық. Аурушаңдық көрсеткіші сол популяцияда қауіптілік факторының таралу деңгейіне байланысты, популяциялық ерекше бір қауіптілік популяцияда қауіптілік факторлары таралуының құбылуы:

ПАҚ = р – р0 , мұндағы

р – барлық популяциядағы аурушаңдық көрсеткіші;

р0 – тәжірибе жүргізілмеген топтағы көрсеткіш.

Популяцичлық ерекше бір фракция (ПЕБФ) немесе этиологиялық фракция бұл зерттелетін популяцияда барлық ауру жағдайының мөлшері:

ПЕБФ = ПЕБҚ/р; немесе ПЕБФ = (р – р0)/р

 Қауіптілікті бағалау сатылары. Қауіптілікті бағалау, ол - белгілі-бір затқа тұрғындардың экспозициясын бекіту үшін, барлық мүмкіндікті ақпараттарды жинау және адам денсаулығына қолайсыз әсерін анықтау. Қауіптілікті бағалау жүйесі 4 сатыдан тұрады:

1-саты – қауіптілікті ажырату (идентификациялау);

2-саты – бастапқы әсерді (экспозицияны) бағалау;

      3-саты – «мөлшер-жауап» байланыстылығын бағалау;

      4-саты – қауіптілік сипаттамасы.

Қауіптілікті ажырату. Бұл сатының мақсаты қолайсыз әсерлерді шақыратын потенциалдық қабілеті бар арнайы химиялық заттарды анықтау. Сондықтан, бірінші кезекте адам денсаулығына жоғары қауіптілік көрсететін арнайы химиялық заттар таңдалады. Бұл сатыда қоршаған орта жағдайы туралы келесі мәліметтер жиналады:

– соңғы 5 жыл бойынша елді мекен бойынша, сонадай-ақ қаланың жеке ауданы бойынша атмосфераға түсетін жеке ластаушы заттар бойынша шығырыс мөлшері;

–автокөліктерден атмосфераға түсетін ластаушы заттар шығырыстары;

– ластаушы заттар бойынша қаланың стационарлық бақылау орындарының мәліметтері (максималды, орташа жылдық концентрация, бақылау саны);

– басты өнеркәсіптік кәсіпорынның сипаттамасы және қала картасында оның орналасуы, шығырыста қандай заттар бар, қандай мөлшерде;

– су көздерінің саны және қаладағы шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі;

– қаладағы жеке аудан бойынша топырақтың ластануы, ластаушы заттар, орташа және максималды концентрациясы;

– тұрғындардың тұтыну құрылымында жергілікті тағамдық өнімдердің алатын орнын, негізгі тағамдардың пайдаланатын мөлшерін бағалау.

Жиналған материалдар негізінде күтілетін болжамды жасау:

  •  қаланың қоршаған ортасында ластаушы көздің орналасуы және ондағы тұрғындарға химиялық заттаың әсер ету аймағы;
  •  тұрғындардың қандай популяциясы әсерге сезімтал және қандай заттар;
  •  артықшылығы бар (өте қауіпті) заттардың алғашқы тізімі;
  •  қандай негізгі тарату жолының маңызы бар (ингаляциялық, тері арқылы, ауыз-жұтқыншақ арқылы;
  •  қоршаған ортаның қандай нысанынан ластаушы заттар қала тұғынының организмге түсуі;
  •   басымды химиялық заттардың ақырғы тізімін дайындау.

Экспозицияны (бастапқы әсерді) бағалау – бұл қала тұрғындары топтарының (3.3-кесте) қандай шынайы химиялық жүктеме көрсететіндігі туралы ақпараттар алу. Ол үшін қажетті:  

–  қандай жолмен, қандай ортамен, қандай мөлшерде қандай әсер етудің бастапқы кезіндегі күтілетін жүктеме;

– заттардың әсер ету жолын анықтау: ластаушы көз – қабылдайтын орта – тасымалдаушы орта - әсер етуші орта – жанасу нүктесі – түсу жолы – тұрғындардың тәжірибелік тобы (3,5-3,6-сурет);

– адамға әсер ететін барлық негізгі жолдарды (ингаляциялық, ауыз-жұтқыншақ) есепке ала отырып, әр түрлі ортаның көп факторлық ластануын бағалау;

          –  алынған мөлшер мен концентрацияны бағалау, бұл бастапқы әсерге тәуелді адамдар саны;

        – бастапқы әсердің барлық жолдары үшін, қосынды мөлшерін есептеу, түсу жолдары, әсер етуші орта, жеке сезімтал топты есепке ала отырып, қосынды жүктемеге сипаттама беру.  

Қоныс-жайлық аумақ жағдайында бастапұы әсерді бағалау үшін, тұрғындар арасынан 7 жасқа дейінгі балалар, 7-14 жас, 14-18 жас, 18 жастан жоғары, зейнеткерлер жатады. Әсер көрсету көзіне ЖЭС, от жағатын орын, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, автокөлік, өндірістік кәсіпорын, балалар мекемелері, тағам өнеркәсіптері жатады. Әсер ету факторына атмосфералық ауада, ауыз суда, суат суында, тағамдарда болатын химиялық заттар жатады. Максималды күндізгі экспозицияға 24 сағат жатады. Өнеркәсіп жағдайында экспозицияны бағалау үшін, еңбекке қабілеті бар тұрғындар, ал әсер ету көзіне өнеркәсіп кәсіпорны жатады. Максималды күндізгі экспозицияға 8 сағатты алады.

Тұрғындардың бүкіл өмірінде организміне түсетін химиялық заттардың орташа тәуліктік мөлшері келесі формуламен есептеледі:   

LADD=(C∙CR∙ED∙EF)/(BW∙AT∙365), мұндағы:

LADD- орташа тәуліктік мөлшер немесе түсуі (мг/(кг тәулік); C – затардың концентрациясы (мг/м3, мг/л); CR – түсу жылдамдығы (м3/сут, л/сут.); ED –әсер ету ұзақтығы (жыл); EF – әсер ету жиілігі (365 күн); BW – адамның дене салмағы (кг); AT – экспозицияның ортаңғы кезеңі (70 жыл); 365 –жылдағы күн саны

Экспозиция деңгейімен қатар, уақыт факторы да бағаланады (3.3-кесте), адам қабылдайтын мөлшері туралы болжауға болады. Кәсіптік емес қауіптілікті бағалау мөлшері 70 жастық кезеңде есептеледі. Тәжірибеге алынатын популяцияның саны қоршау шараларының артықшылығы туралы сұрақты шешу үшін маңызды болып табылады.

«Мөлшер-жауап» байланыстылығын бағалау – бұл тұрғындардың заттардың мөлшерін қабылдау мен тәжірибелік популяцияда зияндылық әсерінің арасындағы сандық заңдылықты іздеу. Бірақ бұл заңдылық жануарларға токсикологиялық тәжірибе жасау кезінде анықталады, бұны адамға экстраполяциялау өте қиын. Сондықтан эпидемиологиялық мәліметтер бойынша анықталған «мөлшер-жауап» байланыстылық сенімді болып табылады. Профилактикалық медицина практикасында жиі қолданылатын мөлшер-жауап байланыстылық сипаттамасы ШРЕК жүйесі және ЕПА (АҚШ) әдістемесі.       

ШРЕК жүйесі. Бұл жүйе негізінде келесі жағдайлар құрастырылады:

 •        табалдырық принципі қолайсыз әсер етудің барлық тиімділігіне тарайды;

 •          нормативті сақтау (ШРЕК және т.б.) адам организміне қолайсыз әсерлердің болдырмауын қамтамасыз етеді;

 •          нормативтің жоғарылауы адам денсаулығы үшін, қолайсыз әсерлерді шақыруы мүмкін.

Бұл жүйені қолданудың мысалы ретінде атмосфералық ауаның ластануын бағалауды айтуға болады. Өндірісте қолдануға рұқсат берілген және атмосфералық ауаға шығырыс ретінде шығарылатын затқа ШРЕК бекітілген (ескертпелі санитарлық бақылау кезінде - әсер етудің болжамды рұқсат етілген деңгейі, ӘЕБРЕД).  Егер зиянды заттардың кездесуі нормативтен жоғарыламаса, онда тұрғындар денсаулығына қолайсыз қауіптіліктің әсері жоқ деп есептеуге болады.   

ЕРА (АҚШ) қауіптілігін бағалау әдісі. ЕПА әдістемесінде «мөлшер-жауап» байланыстылығын бағалаудың канцерогендер мен канцерогендік емес заттар үшін айырмашылығы бар:

–   канцерогендік заттардың зиянды әсері генетикалық өзгерістерге алып келеді, олардың зиянды әсері кез-келген мөлшерде шақырылуы мүмкін;   

    –  канцерогендік емес заттардың табалдырық деңгейі бар, табалдырық деңгейінен төмен болғанда, оладың зиянды әсері болмайды.  

Бұл әдістің негізгі прициптеріне жататындар:  

 ·        канцерогендік емес заттардың барлық түрлерінің таралу табалдырығы мен қоршаған ортаның сапасын нормалау келесі нрмативтерге сәйкес жүргізіледі:  

REL – Cal / EPA Reference Exposure Levels (ұсынылған әсер деңгейі);

RfCc – Chronic Inhalation Reference Concentration (ингаляция кезінде созылмалы әсер көрсететін концентрация);

RfCs – Subchronic Inhalation Reference Concentration (ингаляция кезінде өте созылмалы әсер көрсететін концентрация);

RfDco – Chronic Oral Reference Dose (асқазанға енгізгенде созылмалы әсер көрсететен концентрация);

RfDso – Subchronic Oral Reference Dose (асқазанға енгізгенде өте созылмалы әсер көрсететен концентрация);

 ·        канцерогендік әсер табалдырықсыз принципі бойынша бағаланады, бағаланатын заттар әсер етуі кезінде ісік ауруының болуының өзі қауіптілік болып табылады. Бұл қауіптілікті есептеу үшін келесі өлшемдер қолданылады:

Sfi – Inhalation cancer Slope factor (ингаляция кезінде канцерогендіктің иілу бұрышы);

Sfo – Oral cancer Slope factor (асқазан арқылы ену кезінде канцерогендіктің иілу бұрышы);

Sfse – External exposure Slope factor to radio – nuclides in sole (топырақтағы радиоизотоптардың бастапқы сыртқы иілу бұрышы);

URFi – Unit Risk factor inhalation (ингаляция кезінде қауіптіліктің бір факторы);

 ·        кешенді және қабаттастырылған әсердің қауіптілігін бағалау мүмкіндігі.

ЕРА әдістемесі бойынша канцерогендік емес әсердің даму қауіптілігінің сипаттамасына минималды қауіптілік деңгейі, яғни химиялық заттардың  референттік мөлшері (RfD) мен референттік концентрациясы (RfC) қолданылады. Әсер ететін мөлшер референттік мөлшерден жоғары болса, зиянды жауаптың пайда болуының сенімділігі жоғары. Экспозицияны бағалаудың қорытынды көрсеткішіне референттік мөлшер мен концентрация негізінде   қауіптілік коэффициенті(HQ) деп аталады.

Қауіптіліктің сипаттамасы – бұл аяқталатын қорытынды саты, қауіптілікті бағалаудың жоғарыда келтірілген сатыларын бірыңғайлайтын және ақырғы қортындыны қалыптастыратын саты (3.2-кесте). Бұл талдау сатысында жеке орталардың химиялық ластануының (атмосфералық ауаның ластануының ингаляциялық әсері немесе химиялық заттардың ауыз су арқылы асқазанға түсуі) қауіптілігін бағалау есептеледі.   Адам организміне түсетін заттардың барлық мүмкіндік жолдары арқылы (ингаляция, ауыз арқылы, тері арқылы) енуінің қауіптілік мәнін (3.3-кесте) есептейді. әрбір орта мен әрбір түсу жолдарының қауіптілік мәні қосылып, әрбір зат үшін химиялық жүктеменің қорытынды қосынды мөлшері есептеледі. Қауіптілік есептеулері кацерогендік және канцерогендік емес әсерлер үшін жеке есептеледі.     

Канцерогендік қауіптілікті есептеу:

• жеке канцерогендік қауіптілік (ICR)бұл тәжіриблік адамның барлық өміріндегі канцерогендік әсер кезінде даму сенімділігін бағалау;

• популяциялық канцерогендік қауіптілік (PCR)бұл канцерогендік әсер қаупі бар барлық тұрғындар арасында күтілетін жиілік (жылдық экспозиция үшін бекітіледі).

Өмірлік канцерогендік қауіптіліктің мөлшерді есептеу (ICR) тәуліктік мөлшерді (немесе тәуліктік түсу мөлшерін) бүкіл өміріндегі (CDI) мөлшерге SF (канцерогендік потенциала факторы, 3.4-кесте) көбейту арқылы есептеледі:

                                              ICR = CDI × SF

                                        PCR = ICR × популяция саны

Бірнеше канцерогендер әсер еткенде бір түсу жолы үшін канцерогендік қауіптілк қосындысы есептеледі:

CRи = ∑CRi, где

                   CRи – - ингаляциялық түсуде жалпы канцерогендік қауіптілік

CRi  -басқа да канцерогендік заттар үшін канцерогендік қауіптілік.

3.2-кесте.

Қауіптілік деңгейінің жіктелуі

Қауіптілік деңгейі

ИКР

Шаралар

Өте қауіпті

>10-1

Шұғыл сауықтыру шаралары

Жоғары

>10-3

Жоспарлы сауықтыру шаралары

Орташа

10-3-10-4

Қабылдағыш кәсіптік деңгейде, қабылдамайтын тұрғындар үшін

Төмен

10-4-10-6

Шетел нормативтерінде бекітілген

Рұқсат етілетін

<10-6

Шараларды қажет етпейді

Таблица 3.3.

ДДҰ ұсынған экспозиция факторлары

Ұстанымдық факторлары

Мөлшері

Дене салмағы, кг

Ересектер (орташа мөлшері)  

60

- ересек ер адам

70

- ересек әйел

58

- орташа мөлшері

64

- БДҰ-мен ұсынған

60

Дене бетінің ауданы, см2

- ересек ер адам

18 000

- ересек әйел

16 000

Сұйықтықты тұтыну (сүт, ауыз су жәе басқа да сусындар), мл/день

Қалыпты жағдай:

- ер адам

1000-2400 (2000)

- ересек ер адам

1950

- ересек әйел

1400

- балалар (10 жасқа дейін)

1400

Жоғары температураның (32 o C)

-ересектер

2840-3410

Орташа белсенділік

- ересектер

3700

Тәуліктік ингаляция, м3 (8 сағат демалыс, 16 сағат жеңіл немесе өндірістік емес іс-әрекет)

- ересек ер адам

23

- ересек әйел

21

- бала (10 жас)

15

- Ересектер (орташа мөлшері)  

22


3.4-кесте.

Приоритетті ластаушыларға референтті концентрация, мөлшер және концерогендік потенциал  факторы

Заттар

Ингаляциялық әсер ету кезіндегі референтті концентрация RFCi мг/м3

Ауыз, асқазан арқылы түсу кезіндегі референтті мөлшер RFD мг/кг

Ингаляциялық әсер ету кезінде кацерогендік потенциал факторы Sfi

Ауыз, асқазан арқылы түсу кезіндегі концерогендік фактор потенциалы Sfo

2,5 мкм мөлшерден кем өлшенді бөлшектер 

0,015

-

-

-

10 мкм мөлшерден кем өлшенді бөлшектер

0,05

-

-

-

көміртегі тотығы

23

-

-

-

азот тотығы

0,72

-

-

-

азоттың қос тотығы

0,04

-

-

-

қорғасын және оның қосылыстары

0,00015

0,0035

0,042

0,0085

кадмий

2,00E-05

0,0005

6,3

-

никель жәнеоның қосылыстары

0,0001

0,02

0,91

-

мырыш

0,0009

-

-

-

мышьяк

0,00003

0,0003

15

1,5

формальдегид

0,003

0,2

0,046

-

күйе

0,05

-

3,1

-

бенз(а)пирен

1,00E-06

-

3,1

-

ванадий

7,00E-05

0,007

-

-

алты валентті хром

0,0001

0,003

42

0,42

бензол

0,03

0,003

0,027

0,055

фенол

0,006

0,6

-

-

марганец және оның қосылыстары

5,00E-05

0,14

-

-

күкіртсутегі

0,001

0,003

-

-

хлор

0,0002

-

-

-

нитриттер

-

0,1

-

-

нитраттар

-

1,6

-

-

магний

0,1

11

-

-

Канцерогендік емес қауіптілікті есептеу. Қазіргі ШРЕК-тің кейбір салстырмаллығына қарап, адам денсаулығы үшін химиялық заттардың қауіптілігін бағалау үшін, ЕРА әдістемесінде референтті (қауіпсіз) мөлшер мен концентрацияны қолданады. Канцерогендік емес даму қауіптілігінің сипаттамасы қауіптілік коэффициентін есептеу негізінде жүргізіледі (hazard quotient) – HQ:                                                   

HQ=, где

С – заттың ауадағы  шынайы концентрациясы;

RfC – референтті концентрациясы ( 3.4-суретке қараңыз)

HQ мәні 1,0-ге тең немесе одан аз болғанда, зиянды әсер қауіптілігі аз деп есептеледі,  HQ мәні жоғары болғанда, зиянды әсер дамуының айқындылығы жоғарылайды. HQ >1,0 мәні денсаулықтың потенциалды қауіптілігін көрстеді. Кешенді түсу жолдары үшін (әр түрлі ортадан) қауіптілік индексі (HI) төмендегі формуламен есептеледі:

  

HI = ∑HQ, мұндағы
HQжеке түсу жолдары үшін немесе жеке әсер ету жолдары үшін қауіптілік индексінің қосындысы.

 Қазақстан Республикасының санитарлық заңдылықтарында референттік мөлшер мен концентрация жоқ, оның басқа елдердегі мөлшері отандық ШРЕК-тен айырмашылығы бар. Сондықтан қауіптілік коэффициентін есептеу үшін, ЕРА әдістемесінде берілген референтті концентрация мөлшерін немесе «Руководстве по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду», Р. 2.1.10.1920-04, М., 2004 (3.4-кесте) құжатына сүйенуге болады.

3.5-кесте.

Қауіптілік факторын топтастыру, Ю.П. Лисицынбойынша, 1987.

Салалар

Денсаулық мәні, меншікті салмағы, %

Факторлар тобы

Өмір салты

Адам генетикасы, биологиясы

Сыртқы орта, табиғи-климаттық жағдай

Денсаулық сақтау

49-53

18-22

17-20

8-10

Шылым шегу, темекі қолдану.

Тепе-теңдік сақталмаған.  Дұрыс тамақтанбау.

Алкоголь ішу

Зиянды еңбек жағдайы

Стрестік жағдай, күйзелістік

Адинамия, гиподинамия

Нашар материалдық-тұрмыстық жағдай

Нашақорлық, дәрі-дәрмекті шамадан тыс қолдану

Отбасының тұрақсыздығы, жалғыздық

Білімінің және мәдени деңгейінің төмендігі

Урбанизация деңгейінің өте жоғары деңгейі

Тұқымқуалаушылық ауруларға бейімділігі

Дегенеративті ауруларға бейімдігі

Ауаның концерогендермен ластануы

Ауаның басқа да ластануы

Судың басқа да ластануы

Топырақтың ластануы

Атмосфералық құбылыстардың бірден ауысуы

Гелиокосмостық, магниттік және басқа да сәулелену

Профилактикалық шаралардың тиімсіздігі

Медициналық көмектің төмендігі

Медициналық көмектің дер уақытында көрсетілмеуі

Бірақ қоршаған орта адам денсаулығы үшін басты фактор болып табылмайды, бұл отандық және шетелдік зерттеушілермен дәлелденген.   1987 ж. Ю.П. Лисицын тұрғындар денсаулығына маңызы бойынша қауіптілік факторына топтастыру (3.5-кесте) жүргізді. Кестеде берілгендей, денсаулықты сақтау кезінде қоршаған ортаның алатын орны 20%-дан аспайды, негізгі үлесті әлеуметтік фактор құрайды.

Бірақ Ю.П. Лисицинның мәліметтері 30 жыл бұрын жиналған мәліметтерге негізделген, онда барлық тұрғындар тұтас алынады, қала мен ауылға бөлінбейді, «қауіпті нүктелерде тұратын» қауіптілік факторы есепке алынбайды. Москва  (2004) қаласында өткен «Қоршаған орта факторларның  әсерінен Ресей тұрғындары денсаулығына қауіптілік мәселелері» тақырыбындағы Бүкіл Ресейлік ғылыми-практикалық конференция өтті, бірқатар жағдайда қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығын қалыптастыруда приоритетті орын алады делінген.       

Бұл мәселеге қазіргі таңда ерекше көңіл бөлінуде, өйткені соңғы он жылдықта көптеген елдерде экологиялық қолайсыздық қалыптасуда, Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде қоршаған ортаның, химиялық заттардың тұрғындар денсаулығына қауіптілігін бағалу әдістемесі практикада қолданысы туралы зерттеулер көптеп жүргізілуде.

IV БӨЛІМ       

     

СУ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДІ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ГИГИЕНАСЫ

          Ағымды санитарлық бақылау

          Шарушылық-ауыз сумен қамтамасыз ету гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің іс-әрекетіне кіретіндер:

                  • шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін кезеңді түрде тексеру және оның санитарлық жағдайын бақылау;

                  • су құбыры жүйесін кезеңді түрде санитарлық тексеру;

                  • су алу орнының санитарлық күзету аймағының белдеулер аумағында санитарлық тәртіптің сақталуын бақылау;

                  • тазарту имараттарын кезеңді түрде санитырлық тексеру, ауыз су сапасына өндірістік бақылау жүргізуді қадағалау;

                 •  су құбыры торабындағы ауыз су сапасына жүйеслі түрде зертханалық бақылау;

                 •  су арқылы жұғатын жұқпалы аурушаңдықтың болу жағдайлаын анықтау;

                 • ауыз судың химиялық құрамын байланысты тұрғындар арсында жұқпалы емес аурушаңдықтың таралу жағдайын анықтау  (кариес, флюороз, эндемиялық зоб және т.б.);

                 •   шарушылық-ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша шараларды енгізу;

                 •   жергілікті сумен қамтамасыз ету көздерін тіркеу, төлқұжаттау және кезеңді түрде санитарлық тексеру;

                 • жергілікті сумен қамтамасыз ету имараттарын кезеңді түрде дезинфекциялау және суды залалсыздандыру тиімділігін санитарлық бақылау.

         Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасз ету көздерін тексеру

Су көздерін санитарлық тексеру бағдарламасына кіретіндер:

•  санитарлық-топографиялық тексеру – су көзін жергілікті қарау;

 •  санитарлық-техникалық тексеру;

•  санитарлық-эпидемиологиялық тексеру.

Санитарлық-топографиялық тексеру. Тексеру кезінде санитарлық дәрігер ластаушы көзді және ластану мүмкіндігі бар көздердің болуына көңіл аудару қажет.  Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау ГОСТ 2761-84 «Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабжения» құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Су мөлшері мен сапасына қойылатын талаптар бірдей бірнеше су көздерінде анықталған кезде таңдау, судың санитарлық үміттілігіне байланысты жүргізіледі:  
 –  жердің қатты қабаттары арасындағы қысымды жер асты суы;
 –  жердің қатты қабаттары арасындағы қысымсыз жер асты суы;

–  жасанды толтырылған жер асты суы және арна арлық жерасты суы;

–  жер беті су нысандарының сулары (өзендер, су қоймасы, көлдер, каналдар).

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көзі ретінде санитарлық күзету аймағын бекіту мүмкін болмаған жағдайда, су нысаны ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.

Жер асты су көзімен қамтамасыз етуді таңдау төмендегілерді есепке ала отырып, жүргізіледі:  

   жер асты су нысанының пайда болу және толу жағдайы;

 • жер асты суының жату тереңдігі, оның ағу бағыты, су қысымды қабаттың қуаттылығы, бұрыннан бар және жобаланатын су алу орнымен, жер беті су нысанымен байланысу мүмкіндігі, қоректену аймағы мен жергілікті су алу орны арасындағы байланысы туралы гидрогеологиялық зерттеулер;

 • сулы горизонтты ластайтын бұрыннан бар және потенциалды ластаушы көздер, олардың су алу орнына дейінгі қашықтығы, ластаушы көз бен су алу орны арасындағы гидравликалық байланыстың болуы;

 • су алу имараттарының орналасқан жерінің және оған жақын жатқан аймақтың санитарлық жағдайы туралы мәліметтер және мүмкін болатын суды ластайтын микробтық немесе химиялық ластаушы көздер туралы  санитарлыө-эпидемиологиялық тексеру нәтижелері;

 • су көзі суының сапасына мезгілдік және климаттық факторлардың әсері;

 •  жер асты су қамтамасыз ету көзінің жағдайы туралы ұзақ мерзімдік болжамдар.   

Ауыз сумен қамтамасыз етудің жер беті су көзін таңдау келесі талдау жолы арқылы жүргізіледі: 

•  су нысанының және оның бассейнінің тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл-шаруашылық ластану мүмкіндігінің болуы туралы мәліметтер;  

•  химиялық және бактериологиялық ластанудың түсу көзінің тұрғындар үшін санитарлық және эпидемиологиялық қауіптілігі;

зертханалық және аспаптық зерттеулер негізінде судың температурасын, мөлдірлігін, түстілігін, исін, тұнбаның, еріген оттегінің, рН-тың болуының, химиялық құрамының анықталуы бойынша судың сапасы туралы мәліметтер;    

• гидрологиялық, гидрохимиялық, топографиялық және басқа да зерттеулер;  

су алу имараттарының орналасу орны және ағысы бойынша су алу орнынан төмен және жоғары жатқан аймақ туралы мәліметтер;      

•  су көзі сапасына мезгілдік және климатттық факторлардың әсері;

•  су көзі жағдайына ұзақ мерзімдік болжам.

Санитарлық-топографиялық тексеру бағдарламасына су көзінің дебитін (белгілі мөлшерін) анықтау кіреді.

Ашық су нысандарындағы су шығыны суаттың ұзындығын, енін, орташы тереңдігін еселей көбейту арқылы есептеледі. Орташы тереңдік бөліктерге бөлінген арқан көмегімен, ал ұзындығы мен ені өлшегіш лента (таспа) көмегімен анықталады.  

Су ағынының шығыны суат енін максималды тереңдік пен судың ағыс жылдамдығына көбейтіндісін алынған 2 нәтижесіне бөлгенге тең:

,

мұндағы s –өзен ені, м;  v – ағыс жылдамдығы, м/с,

h – өзен тереңдігі, м.

Өзеннің ағыс жылдамдығы келесі түрде анықтауға болды: жартысына дейін су толтырылған және тығынмен жабылған бөтелкені өзенге лақтырып, белгілеп алады, белгіленген қашықтықты қанша уақытта жүретіндігін есептейді. Өлшеу бірнеше жерден өлшенеді, алынған нәтижелердің орташа арифметикалық мәнін табады,   м/с.

Су көзін санитарлық-техникалық тексеруге сумен қамтамасыз ету имараттарының эксплуатациясын және құрылымын зерттеу және олардың гигиеналық талаптар мен ережелерге сәйкестігін тексеру жатады.   

Су алу имараттарын ластанбаған жер учаскесіне, грунт суларынң ағыны бойынша қазылған әжетханалар мен шұңқырлардан, тыңайтқыштар мен агрохимикаттар сақтайтын жерлерден, өндірістік және ауыл шаруашылық нысандарынан, канализациялық имарттардан және бұрыннан бар немесе болу мүмкіндігі бар ластаушы көздерден кем дегенде 50 м қашықтықта болу қажет. Су алу имарттарын жауын-шашын сулары шайып кететін жер учакелеріне, батпақты жерлерге, су тасқыны болу қаупі бар жерлерге, сондай-ақ көліктер жиі жүретін автокөлік және темір жолдардан  30 метрден төмен қашықтықта орналастыруға болмайды.  

Санитарлық- эпидемиологиялық тексеру. Тексеру кезінде тұрғындар арасындағы аурушаңдық және су көзі орналасқан аудандағы кейбір жануарлар арасындағы аурушаңдықты анықтайды. Су арқылы жұғатын жұқпалы аурулардан зардап шегетіндер және бактерия тасымалдаушы болып табылатын адамдарды анықтау қажет. Ауруды анықтау кезінде бұрқ етпенің сипатын, ауырғандар санын, аумақтық орналасуын, суды түтынумен оның байланыстылығын анықтайды.    

Аурудың пайда болу мүмкіндік себептерін анықтайды (апаттық жағдайлар, су тасу, су құбырын жөндеу, сулы горизонтқа немесе жер беті су көзіне атмосфералық жауын-шашынның, еріген қар суының ағынды сулардың өтуі). Сол жергілікті жердегі жануарлар арасындағы эпизотийдің болуына (әсіресе туляремия мен лептоспироздың) ерекше көңіл бөлінеді.   

Су көзі ауданындағы тұрғындардың аурушаңдығы туралы жиналған мәліметтерді статистикалық өңдеу мен талдаудан өткізу қажет. Аурушаңдықтың болуының өзі, су факторы арқылы берілді деген байланысқа негіз болмайды. Негізінен ішек инфекцияларының су арқылы берілуі кезінде белгілі-бір су көзінен су тұтынуға байланысты аурушаңдықтың жаппай бұрқ етпелердің көрінуімен байқалады және су көзінде жүргізілген шараларға байланысты аурушаңдықтың азаюымен көрінеді. Тіс кариесі мен флюорозының байланысын су талдауларын гигиеналық нормативпен салыстыру негізінде, сондай-ақ ретроспективті эпидемиологиялық бақылаулар нәтижесінде бекітеді. Эпидемиологиялық зерттеулердің барлық жағдайларында судың санитарлық-бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне ретроспективті талдау жүргізеді.

Сумен қамтамасыз ету кезінде су көзінің сапасына су нысанының жарамдылығы туралы санитарлық – эпидемиологиялық қорытындының құрамына келесі мәліметтер кіреді:  пайдаланатын су көзінің санитарлық сипаттамасы, су сапасы және пайдаланатын мерзімге орай оның жағдайы туралы болжамдық мәліметтер; санитарлық күзету зонасын ұйымдастыру шаралары және су сапасан нормативке дейін келтіру мақсатындағы дайындық жұмыстары. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қорытындысы үш жылға дейін жарамды.

Зерттеу үшін су сынамасын алу әдістемесі. Санитарлық-гигиеналық зерттеу үшін су сынамасын алу маңызды саты болып табылады, бұл сатыдан нәтижелерді келесідей дұрыс бағалау байланысты: Санитарлық дәрігер су көзін бірінші рет тексеру кезінде жылдың барлық мезгілінде су сынама алады. Осылай ауа-райы мен климаттық жағдайға байланысты, су сапасының ауытқуын бағалайды. Негізінен су сынамасын судың ластану мүмкіндігіне байланысты әр түрлі қашықтықта орналасқан бірнеше орындардан алады.    

Ашық суаттың жалпы санитарлық жағдайын бағалау үшін су сынамасы жағадан 10м қашықтықтан, 0,5-1 м тереңдіктен су тұтыну ауданының су ағысы бойынша жоғарғы және төменгі шекарасынан алынады. Құдықтардан су сынамасын алу алдын-ала 5-10 минут суды ағызып тастағаннан кейін барып алынады.

Суды химиялық талдау үшін, талдау түріне байланысты (толық, қысқартылған) 2-4 л мөлшерде алады, оны алдын-ала дистилденген, содан кейін зерттелетін сумен шайып барып таза бөтелкеге құяды. Салмақты жүк байланған бөтелкені белгілі-бір тереңдікке түсіріп, жіптің көмегімен тығынын ашады. Бұл мақсат үшін сондай-ақ сынама алатын қондырғы – батометрді қолданады, ол белгілі-бір тереңдікте тығынын ашу мүмкіндігі бар, бөтелкені толық қамтитын қысқыштан тұрады.        

         

1                                                        2                                                         3

                    

4                                                                               5

4.1-сурет. Бактериологиялық талдау үшін су сынамасын алу.

(әдістің сатылары санмен көрсетілген)

Бактериологиялық талдау үшін стерильді жағдайды сақтай отырып, су бетінен 15-25 см тереңдікте 300-500 мл мөлшерде стерильді ыдысқа сынама алады. Су құбыры кранынан немесе колонкадан сынама алу кезінде тұрып қалған суды біраз ағыза отырып, кранның жиегін отпен жалындатып, содан кейін барып, суды алу керек. Ішкі су таратушылардан бактериологиялық талдау жүргізу үшін, сынама алу әдістемесі 4.1-суретте көрсетілген және келесі бес сатыдан тұпрады:     

 • 1-саты  – таза дәкемен кран бетінің ластану мүмкіндігін және су ағатын саңылауын сүртеді;

 •  2-сатыкранды барынша 1 – 2 минут ашып қояды;

 • 3-сатыспиртке малынған мақталы тығынды жаққан жалынмен немесе газды жаққышпен бір бойын кранды стерильдейді;   

 •  4-сатысынама алмастан бұрын кранды 1-2 минут ашып қояды;  

 •  5-саты – краннан стерильді бөтелкеге толтырмай (ауа қалатындай) су алып, стерильді тығынмен жабады.

Бөтелкеге сынама алғаннан кейін оны нөмірлейді, су көзі орналасқан жерді (сынама лаған үйдің мекен-жайы) көрсете отырып, қосымша құжатын толтырады, яғни сынама алынған тереңдігі, суды алу құралы, су температурасы, ауа-райы жағдайы, қоршаған аймақтың санитарлық жағдайы, су сынамасын алудың мақсаты (жоспарлы тексеру, су көзін жөндеуден өткізгеннен кейінгі бақылау, судың органолептикалық қасиетіне тұрғындардың шағымына байланысты, ішек инфекциясының бұрқ етпесіне байланысты тексеру және т.б.), қажетті зерттеу көлемі (қысқаша немесе толық талдау, патогенді мкрофлораны анықтау және т.б.), сынама алынған күн және уақыты, сынаны км алды және оның қолы.

Судың физикалық қасиетін анықтау су көзі орнында жүргізілген дұрыс. Бактериологиялық талдау үшін сынаманы тез арада (1-3 сағат ішінде), патогенді микрофлораны дұрыс сақтау үшін және сапрофиттердің дамуын тоқтату үшін төменгі  1-50С температурада зертханаға жеткізу қажет. Химиялық талдау үшін сынаманы 24-48 сағат ішінде тексерген дұрыс, өйткені су тұрған сайын, әсіресе жазғы уақытта физика-химиялық үрдістерге және бактериялардың тіршілк әрекетіне байланысты құрамы тез өзгереді.

Егер су сынамасына талдау 2-4 сағаттан кейін жүргізілсе, онда судың тотыққыштығы мен аммиакты анықтауға арналған болса,  25% күкірт қышқылымен консервациялайды (сақтауға бейімдейді) (1л суға 2 мл), құрғақ қалдықты, хлоридтерді, азот және азотты қышқыл тұздары хлороформмен сақтауға бейімдеу тәсілін жүргізеді (1 л суға 2 мл). Қосымша құжатқа сақтауға бейімдеу тәсілі беріледі. Бақылау үшін консерванты (сақтауышы) жоқ су сынамасын да зерханаға жібереді.    

         Ауыз сумен қамтамасыз ету көзінің су сапасына бақылау соңғы 3-5 жыл бойы ай сайынғы су сынамасының талдау нәтижесі негізінде жүргізіледі. Сумен қамтамасыз ету көзінің су сапасы ауыз суына байланысты санитарлық талаптарға сәйкес болуы қажет. Санитарлық 2761-84 «Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабжения. Гигиенические, технические требования и правила выбора» құжатын басшылыққа алады, бұл құжаттың 3-4 қосымшасында берілген тексеру хаттамалары міндетті хаттамалар болып табылады.    

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ ХАТТАМАСЫ

Сумен қаматамасыз етукөзінің аты...........…………………………………………………

Сынама алынған орын……………сулы горизонттың аты...........................……………..               

Сынаманы кім алды (аты, әкесінің аты, қызметі, мекеме)………………………………

Сынама алған уақыт (күні , сағаты)  ……………………………сынаманы зертханаға жеткізген уақыт..........................………………………………………………………………….

Талдау жүргізген уақыт: басталуы…………………..аяқталуы........…………………………   

Зертхананың мекен-жайы мен аты......…………………………………………………………

  1.  Су сапасының органолептикалық көрсеткіштері:

Сынама алған уақыттағы температура °С

20 °С темпереатурадғы исі, балмен өлшенген            ГОСТ 3351–74

60 °С темпереатурадғы исі, балмен өлшенген            ГОСТ 3351–74

20 °С темпереатурадғы дәмділігі, балмен өлшенген   ГОСТ 3351–74

Түстілігі, градуспен өлшенген                                    ГОСТ 3351–74

Лайлылығы, мг/дм3                                                    ГОСТ 3351–74

2. Судың химиялық құрамының көрсеткіштері:

Сутектік көрсеткіш (рН)                                     0,1 рН-тан аспайтын өлшегіші бар шыны

                                                                                  электродтты кез-келген үлгідегі

                                                                                           рН-  метрмен өлшенеді.

Бериллий (Ве), мг/дм3                                                ГОСТ 18294–81

Бор (В), мг/дм3

Темір (Fе), мг/дм3                                                       ГОСТ 4011–72

Марганец (Мп), мг/дм3                                               ГОСТ 4974–72

Мыс u), мг/дм3                                                       ГОСТ 4388–72

Молибден (Мо), мг/дм3                                              ГОСТ 18308–72

Мышьяк (Аs), мг/дм'                                                  ГОСТ 4152–81

Нитраттар (NО3), мг/дм3                                             ГОСТ 18826–73

Жалпы кермектілігі, мг-экв/дм3                                  ГОСТ 4151–72

Перманганатты тотықққыштығы, мгО/дм3

Қорғасынb), мг/дм3                                                 ГОСТ 18293–72

Селен (5е), мг/дм3                                                      ГОСТ 19413–81

Күкіртсутегі2 S), мг/дм3

Стронций (Sг), мг/дм3                                                ГОСТ 23950–80

Сульфаттар (S04-), мг/дм3                                          ГОСТ 4389–72

Құрғақ қалдық, мг/дм3                                               ГОСТ 18164–72

Бос қөмір қышқылы (СО2), мг/дм3

Фтор (F), мг/дм3                                                        ГОСТ 4386–81

Хлоридтер (С1), мг/дм3                                             ГОСТ 4245–72

Мырыш (Zn). мг/дм3                                                 ГОСТ 18293–72

Өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және тұрмыстық ластанулар1

 3. Судың микробиологиялық көрсеткіштері:          ГОСТ 18963–73

1 см3-тағы сапрофитті бактериялардың саны 

1 см3-тағы ішек таяқшалар тобының бактериялар саны (ІТТБ) 

Талдау жүргізілді:

Қорытынды (негізгі)------------------------------------------------------------------------------

Күні -----------------------:--------айы ----------------------------------жылы  -----------------

СЭС-тің бас дәрігері немесе коммуналдық гигиенның бөлім басшысы……………………………….

  1.  ІТТБ бойынша 2-3 класқа жататын су көздері үшін қосымша зерттеулер

1 дм3-тағы ішек инфекцияларының қоздырғыштары     (сальмонелла,    шигелла,    энтеровирустар)                                                           МУ № 2285–812

1 дм3-тағы Е. соli саны                                                 МУ № 2285–81

1 дм3-тағы колифагтар саны                                         МУ № 2285–81

1 дм3-тағы энтерококктар саны                                      МУ № 2285–81

Тұзды аммоний (NН3), мг/дм3                                      ГОСТ 4192–82

Нитриттар (NO2-), мг/дм3                                                ГОСТ 4192–82

Талдау жүргізілді……………………………………………………………………………..

Қосымша зерттеулер бойынша қорытынды..........…………………………………………

Жалпы қорытынды…………………………………………………………..............................

Күні ………………………..айы................. ...................  жылы......…………………………..     

СЭС-тің бас дәрігері немесе коммуналдық гигиенның бөлім басшысы _________________________________________________

1 Өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық ластаушылар жергілікті санитарлық жағдайға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің келісімі бойынша бекітіледі; осыған орай химиялық және радиоактивті зат екендігі анықталады.   

2 МУ № 2285—81—«Методические указания по санитарно-микробиологическому анализу воды поверхностных водоемов», құжаты бойынша, ССРО денсаулық сақтау министрлігі бекіткен.

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖЕР БЕТІ СУ КӨЗДЕРІН ЗЕРТТЕУ ХАТТАМАСЫ

Сумен қаматамасыз ету көзінің аты...........…………………………………………………

Сынама алынған орын……………...................................................................……………..               

Сынаманы кім алды (аты, әкесінің аты, қызметі, мекеме)………………………………

Сынама алған уақыт (күні , сағаты)  ……………………………сынаманы зертханаға жеткізген уақыт..........................………………………………………………………………….

Талдау жүргізген уақыт: басталуы…………………..аяқталуы........…………………………   

Зертхананың мекен-жайы мен аты......…………………………………………………………

1. Су сапасының органолептикалық көрсеткіштері:

Сынама алған уақыттағы температура °С

20 °С темпереатурадғы исі, балмен өлшенген            ГОСТ 3351–74

60 °С темпереатурадғы исі, балмен өлшенген            ГОСТ 3351–74

20 °С темпереатурадғы дәмділігі, балмен өлшенген   ГОСТ 3351–74

Түстілігі, градуспен өлшенген                                    ГОСТ 3351–74

Лайлылығы, мг/дм3                                                    ГОСТ 3351–74

2. Судың химиялық құрамының көрсеткіштері:

Сутектік көрсеткіш (рН)                                     0,1 рН-тан аспайтын өлшегіші бар шыны

                                                                                  электродьтты кез-келген үлгідегі                                                                             

                                                                                  рН-  етрмен өлшенеді.

Өлшенді заттар, мг/дм3 

Темір (Fе), мг/дм3                                                       ГОСТ 4011–72

Марганец (Мп), мг/дм3                                               ГОСТ 4974–72

Жалпы кермектілігі, мг-экв/дм3                                  ГОСТ 4151–72

Сульфаттар (S04-), мг/дм3                                          ГОСТ 4389–72

Құрғақ қалдық, мг/дм3                                               ГОСТ 18164–72

Бос қөмір қышқылы (СО2), мг/дм3

Фтор (F), мг/дм3                                                        ГОСТ 4386–81

Хлоридтер (С1), мг/дм3                                             ГОСТ 4245–72

Сілтілігі, мг-экв/дм3                                                 ГОСТ 18293–72

Өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және тұрмыстық ластанулар1

          3. Су сапасының санитарлық көрсеткіштері:

Анионактивті (қосарлы) беткейлік-белсенді заттар (ББЗ), мг/дм3

Оттегінің биохимиялық қажеттілігі (ОБҚтолық), мгО2/дм3                                                                                                                   

Перманганатты тотыққыштық, мг О/дм3

Тұзды аммоний  (NH3), мг/дм3                                    ГОСТ 4192–82

Нитриттар (NO2-), мг/дм3                                            ГОСТ 4192–82

Нитраттар (NO3-), мг/дм3                                            ГОСТ 18820–73

4. Судың биологиялық көрсеткіштері:

Сапрофитті бактериялар саны, 1 см3-тағы                                   ГОСТ 18963–73

Лактоза оң ішек таяқшалары, 1 дм3-тағы                                        МУ № 2285–812                                                                    

Ішек инфекцияларының қоздырғыштары (сальмонелла,

шигелла, энтеровирустар) 1 дм3-тағы                                          МУ № 2285–81                   

Колифагтар саны, 1 дм3-тағы                                                      МУ № 2285–81

Энтерококктар саны,  I дм3-тағы                                                   МУ № 2285–81

Фитопланктон, мг/дм3

Фитопланктон, кл/см3

Қорытынды:-------------------------------------------------------------------------------------------

Күні....................................айы..........................................жылы.....................................               

СЭС-тің бас дәрігері немесе коммуналдық гигиенның бөлім басшысы _________________________________________________

1 Өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық ластаушылар жергілікті санитарлық жағдайға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің келісімі бойынша бекітіледі; осыған орай химиялық және радиоактивті зат екендігі анықталады.   

2  «Методические указания по санитарно-микробиологическому анализу воды поверхностных водоемов». № 2285—81, М., 1981 құжаты.

       ГОСТ 2761-84 құжатының 2-қосымшасында сумен қамтамасыз ету көздерінің зерттеу бағдарламасы берілген, осыған сәйкес су көзін таңдаудың қажетті зерттеулері жүргізіледі. Санитарлық дәрігер барлық материалдармен танысқаннан кейін, яғни су көзінің санитарлық сипатамасымен, сумен қамтамасыз ету нысанының жағдайымен танысып, өз жұмысын жоспарлайды.    

Жер асты су көздерін зерттеу кезінде сулы горизонттың түрін анықтау қажет: пласт аралық (қысымды, қысымсыз) грунтты, жабыны бетінің жату тереңдігін, горизонттың су толуын (эксплуатациялық қорын) қоректені аймағын, сондай-ақ сумен қамтамасыз етуе сулы горизонттың бұрынан және келешекте қолдану туралы мәліметтер және басқа да мақсаттар анықталады. Бұл мәліметтердің барлығы санитарлық қызметтің шаруашылық ауыз-сумен қамтамасыз ету үшін су көзінің жарамдылығы туралы қорытындыда келтіріледі.    

 Дәрігер су көзінің қоректену аймағының санитарлық жағдайы туралы және су сынамамасы талдауының нәтижелерінің динамикасына ерекше көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар жергілікті жердің санитарлық сипаттамасына, әсіресе су алу орнына жақын жатқан жерге санитарлық баға беру қажет; су алу орны мен ластану мүмкіндігі бар ластаушы көзге дейінгі қашықтық пен орналасуына баға беру қажет: пайдаланусыз қалған ұңғы, құдықтар, тастап кеткен, жерге көмген тау жыныстары және т.б.      

Егер жер беті суымен қамтамасыз ету кезінде жалпы гидрологиялық мәліметтермен танысу қажет: су алу орнының қоректену бассейнінің ауданы, жер беті ағынды суларының ағу тәртібі, максималды, орташа, минималды су шығыны, су алу орнындағы су ағысының жылдамдығы.

   Санитарлық дәрігер су нысанының санитарлық сипаттамасын, елді мекен санын, өнеркәсіп орындарын (олардың санын, мөлшерін, өндіріс сипатын) есепке алуы қажет; суат суының сапасын төмендететін ластаушы көздер, олардың себебі, ауданнан қатты және сұйық қалдықтарды алып кету орны, тұрмыстық, өндірістік ағындардың болуы, суаттарға құйылатын ағынды сулардың мөлшері, оларды тазартатын имараттар мен олардың орналасатын орны, су алу орнынан ағындарды ағызу орнына дейінгі қашықтық.   

 Су көзінде санитарлық күзету аймағын ұйымдастыру мүмкіндігін тексеру, сондай-ақ жеке белдеулердің шекарасын анықтау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Су көзі суының қажетті су дайындау деңгейін анықтау қажет (мөлдірлендіру, темірсіздендіру, фторлау, заласыздандыру және т.б.). Күнделікті санитарлық бақылау кезінде су алу орнына санитарлық сипаттама (су қабылдағыш, ұңғы, құдық, каптаж) береді, су көзіне ластаушы заттардың түсуін болдырмайтын қорғаныс деңгейі, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету деңгейіне байланысты су алу орнының сәйкес құрылымын таңдау қажет.         

Зертханалық талдау нәтижесі бойынша судың сапасын бағалау әдістемесі.

Санитарлық дәрігер су сапасын дұрыс бағалағаннан кейін су арқылы жұғатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды өз уақытында ұсына алады. Бұл үшін ол су талдауына дұрыс сараптама жұргізіп, оның сапасы туралы қорытынды беруі қажет. Су сапасын бағалау әдістемесі бес негізгі сатыдан тұрады:   

 I саты – біріншіден су түріне байланысты қажетті нормативтік құжаттарды дайындап алу қажет:

 сумен қамтамасыз ету көздері (жер асты және жер беті), бұл үшін ГОСТ 2761-84 «Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабжения. Гигиенические, технические требования и правила выбора» құжатын және СанЕмН ҚР  3.02.003.04 «Жер беті суларын ластанудан қорғау үшін қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаты қолданылады;

 • орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етудегі ауыз су сапасы СанЕмН ҚР 3.02.002.04 «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаты қолданылады;

 •  орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуде су сапасы СанЕмН ҚР  «Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», 2005 құжатымен реттеледі;

 •  ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің суын СанЕмН ҚР «Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесін ұстау мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», 2004.

 II саты санитарлық дәрігер үшін нозологияға дейінгі сараптаманың негізгі міндеті – сәйкес мақсат үшін зерттелетін судың жарамдылығы туралы қорытынды беру болып табылады:  

 •  сумен қамтамасыз етудегі су көздері – орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үші;   

 •    орталықтандырылған шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету – ауыз су мақсаты үшін;

 •  орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету – ауыз су мақсаты үшін;

 •     ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі – тұрмыстық мақсат үшін. 

 III сатысараптамалық қорытынды беру үшін ұсынылған материалдардың толықтығын бағалу:  

 •  су сынамасын алудың дұрыстығы, оның мөлшері, сынама алғаннан кейін талдау жүргізу уақыты;  

 • егер су сынамасы су көзінен немесе шахталы құдықтан, сыртқы су тарату орнынан алынатын болса, санитарлық-топографиялық және санитарлық-техникалық тексеру қорытындылары қажет;  

 •  жүргізілген талдаудың көлемі: органолептикалық (исі, дәмі, дәмділігі, түстілігі, лайлылығы); санитарлық-химиялық (перманганатты тотыққыштығы, нитриттер, аммиак, нитраттық азот, микроэлементтер); санитарлық-микробиологиялық және паразитологиялық  (жалпы микроб саны,  колиформды бактериялар, ыстыққа төзімді колиформды бактериялар, коли-фагтар және т.б.).

 IV сатысанитарлық тексеру көрсеткіштерін талдау:

 • санитарлық-топографиялық тексеру арқылы топырақты ластайтын нысандарды анықтайды, ағынды суларды құятын орындарға гигиеналық баға береді, потенциалды ластаушы көзден қашықтықты анықтайды;

 •  санитарлық-техникалық тексеру кезінде су алу орны қондырғыларының дұрыстығына және ұңғылардың, құдықтардың, су таратқыш колонкалардың пайдалануының дұрыстығына көңіл бөлу қажет, ластаушы заттардың суға түсу мүмкіндігін анықтау қажет;      

 •  сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық-эпидемиологиялық тексеру кезінде ауданның эпидемиологиялық жағдайын, су көзі орналасқан жерде су арқылы берілетін инфекцияларды ауру-тасымалдаушылардың болуын анықтайды.   

 V саты –  судың зертханалық тексеру көрсеткіштерін талдау және оның сапасы туралы қорытынды келесі кезекте беріледі:  

 •  органолептикалық көрсеткіште;

 •  санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштер;

 •  санитарлық-химиялық көрсеткіштер;

                   • СанЕмН-ға сәйкес судың сапасы туралы қорытынды, оның сапасын жақсарту туралы ұсыныстар.  

            Жаңа СанЕмН негізінде бірқатар гигиеналық ұстамдылық қарастырылған. Оның негізгісіне сапаның гигиеналық критерийі ұстанымы жатады, яғни ауыз су эпидемиологиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы жағынан зиянсыз және органолептикалық қасиеті жағымды болуы қажет. Қауіпсіздік және зиянсыздық деңгейі медициналық және гигиеналық зерттеулер негізінде бекітілген.

           СанЕмН құжатында ауыз су құрамының нормативінде суда үнемі болатын компоненттедің болуы ғана ескерілмейді, сондай-ақ суда болмауы тиіс заттардың және өте төмен мөлшерде рұқсат етілетін заттар да ескеріліп шек қойылады. Сондықтан СанЕмН-да көрсеткіштердің жоғарғы шегі ғана көрсетіледі, химиялық заттардың төменгі шегіне де талаптар қойылатын болса, су көзін таңдау кезінде едәуір қиындықтар туар еді. Ауыз суда эссенциальді (тіршілікке қажетті) заттардың жетіспеушілігі тағамдық өнімдердегі микроэлементердің артық мөлшерімен толықтырылып отырады.

 Ауыз су сапасын бақылаудың жұмыс бағдарламасын келісу әдістемесі.     Ауыз судың біріңғай этанолын құрастыру мүмкін емес, оның құрамы мен қасиеттері көптеген көптеген жағдайларға байланысты: сумен қамтамасыз ету көзінің геохимиялық ерекшеліктеріне, жыл мезгіліне, антропогендік жүктеме мен су құбырындағы су дайындауға байланысты. Сондықтан санитарлық дәрігер қолданатын гигиеналық нормативтер ауыз су  сапасының эталоны емес, жеке алынған су құбырының ауыз су сапасын бақылау үшін жұмыс бағдарламасын құрастыруға қажетті мәліметтер жинағы.

 Сондықтан СанЕмН-дың маңызды принципіне барлық елдер үшін бекітілген біріңғай гигиеналық нормативтерді аймақтық жағдайға байланысты реглементтеу жатады, бірақ бақыланатын көрсеткіштерді нақты су құбыры үшін жеке таңдайды. Сондықтан сумен қамтамасыз ету көзі суының нақты құрамын анықтайтын заттарды бақылау үшін көрсеткіштерді таңдау аймақтық табиғи және антропогендік ерекшеліктерге байланысты жүргізіледі.         

Санитарлық дәрігер әрбір су құбыры үшін жұмыс бағдарламасын келісу кезінде аймақтық гигиеналық жағдайды ауыз су сапасының бірыңғай мемлекеттік норматив негізінде ескеру қажет. Қазақстан үшін, оның өте кең аумағы үшін, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне орай, сонадай-ақ санитарлық жағдайға байланыст,ы аумақтық жағдайларды ескеру маңызды болып табылады. Ол арқылы судың шынайы құрамын көрсететін әрбір су құбырына жұмыс бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл көптеген су құбырында шектеулі көрсеткіштер бойынша химиялық құрамын бақылауға мүмкіндік береді.

Санитарлық дәрігер химиялық зиянсыздықтан бұрын микробиологиялық қауіпсіздік критериінің басымдылық ұстанымын ескеру қажет, негізінен микробиологиялық көрсеткішке қарағанда химиялық ластанудың қауіптілігі әлде қайда төмен. Негізінен ауыз судың органолептикалық қасиеттерін регламенттеу қалыпты физиологиялық жағдайды ғана қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың эпидемиялық қауіпсіздігін де қамтамасыз ету болып табылады.    

Сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдалануды ұйымдастыруда су сапасына өндірістік бақылаудың жұмыс бағдарламасы құрастырылады, оны жергілікті Мемлекеттік санитарлық бақылау ұйымымыен келісіліп, 5 жылға жергілікті атқарушы ұйымымен бекітіледі.   Бағдарламада міндетті түрде бақылауды қажет ететін су сапасының көрсеткіштер тізімі болады, оның мөлшері нақты су көзінің құрамындағы кездесетін мөлшеріне және су дайындау технологиясына байланысты. Әрбір сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін бақыланатын көрсеткіштер тізімі жеке болады.

Сондықтан жұмыс бағдарламасын өңдеу үшін, алдын ала кеңейтілген зерттеулер жүргізу қажет, оның мақсаты –  су көзінің сапасына әсер ететін барлық факторларды (табиғи және антропогендік) анықтау. Бұл үшін соңғы кем дегенде 3 жылғы ластану мүмкіндігі бар су көзінің мәліметтері, статистикалық есеп беру мәліметтері, гидрометеоқызмет, табиғатты қорғау ұйымдары, санитарлық бақылау ұйымдарынң мәліметтері қажет болып табылады. Қазақстан үшін негізгі зерттеу түріне су жиналу аумағында қолданылатын пестициттер мен агрохимикаттардың көлемін анықтау жатады.        

Жиналған мәліметтерді дәйекті талдау негізінде микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша сумен қамтамасыз ету көздеріне санитарлық-гигиеналық сипаттама беріледі. Осыдан кейін барып, сол су көзіне арналған жұмыс бағдарламасы құрастырылады:  

 • су көзі туралы ақпарат көрсетілген түсініктеме қағаз, су дайындау технологиясы, реагенттер тізімі және т.б.;

 •  бақыланатын көрсеткіштер тізімі;

 •  көрсеткіштерді анықтау әдістері;

 •  сынама алу орнының жоспары;

 •  сынама алу кезеңділігі;

Жұмыс бағдарламасында ай сайынғы талдау жүргізілуі және апат жағдайында, жауын-шашында нормативтердің өзгеру мүмкіндігі мен реті туралы берілуі қажет. Сондай-ақ онда ауыз суды қолдануға тиым салу немесе шектеу қою туралы тұрғындарға ақпарат беру талаптары, оның сапасы туралы, апатты жою бойынша шаралар, бұндай жағдайда тұрғындардың іс-әрекетіне қатысты ұсыныстар көрсетілуі қажет.    

 Ауыз суды талдауды бағалау әдістемесі

№554, 28 шілде 2010ж  бұйрықпен бекітілген ҚР  СанЕмН  

«Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, хозяйственно-питьевому водоснабжению ,местам культурно-бытового  водопользования  и  безопасности водных объектов» құжатының талаптарының нәтижесін салыстыруға негізделген .

Эпидемиялық қауіпсіздігінің бірінші көрсеткішіне жалпы микроб саны (ЖМС  -  37° С температурада қоректік ортада колония түзу қабілеті бар микроорганизмдердің саны) жатады. Нормативтік мәннің жоғарылауы (1 мл-да 50-ден жоғары болса) су дайындау технологиясында бұзылыстардың бар екендігін көрсетеді. Бақылаулар көрсеткендей, суда бактерия сапрофиттердің көп болуы онда патогенді бактериялардың бар екендігін көрсетеді. ЖМС-ның тарату торабының суында кездесуі нашар санитарлық жағдайды, яғни органикалық заттардың жиналып қалғандығын көрсетеді, немесе құбырлардың герметикалық тығыздығының бұзылғандығын, ол арқылы ластанған грунт суы немесе ағынды судың түскендігі туралы болжауға болады.

Микробиологиялық нормалау сондай-ақ санитарлық-көрсеткіш микроорагнизмдерге  (ішек таяқшалар тобы) негізделген: оның 4 түрі бар:     Citrobakter, Enterobakter, Klebsiella и Escherichia, оларлдың негізгісіне ыстыққа төзімді колиформды бактериялар  Escherichia coli. Таза суаттарда ішек таяқшалары болмайтындығы дәлелденген, олардың суда болуы тікелей нәжістік ластануға байланысты. Ыстыққа төзімді ішек таяқшаларының 24 сағат ішінде 43 – 44 °С температурада белсенділігін сақтау қабілеті бар. Оның суда кездесуі жаңадан нәжістік ластанудың нақты белгісі болып табылады, яғни эпидемиялық жағынан қауіпті.

СанЕмН-да ыстыққа төзімді ішек таяқшаларымен қатар жалпы колиформды бактерияларды да анықтау келтірілген. Олар антропогендік өнімді органикалық заттары көп мөлшерде болатын суда кездеседі, сондай-ақ ол суда ішек вирустары, гельминттер жұмыртқасы, қарапайымдылар цисталары да бар. Жалпы колиформды бактериялар тесті судың хлорлағаннан кейінгі қауіпсіздігін бағалау үшін маңызды болып табылады, онда жаңадан нәжістік ластану толық жойылады. 100 мл ауыз суда жалпы және ыстыққа төзімді бактериялардың болмауы судың эпидемиялық қауіпсіздігінің негізгі критерийі болып табылады..  

Ауыз суда ыстыққа төзімді колиформды бактериялардың, жалпы колиформды бактериялардың, колифагтардың табылуы кезінде жедел түрде екінші реттік тексеру жүргізеді. Ластану себебін анықтау үшін хлоридтерді, аммонийлі азотты, нитраттар мен нитриттерді анықтауға тексеру қатар жүргізіледі.    

Қайта алынған сынамада ыстыққа төзімді колиформды бактериялар, жалпы колиформды бактериялар, колифагтар 100 мл суда 2-ден артық табылатын болса, онда ішек тобының патогенді бактерияларына, энтеровирустарға тексеру жүргізіледі. Мұндай тексерулер эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің шешімі бойынша да жүргізіледі.  

4.1-кесте

Ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитогиялық көрсеткіштері

(СанЕмН ҚР 3.02.002.04, 1-қосымша)

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер

Жалпы микроб саны 2)

1 мл суда колония түзуші бактериялар саны

50-ден жоғары емес

Жалпы колиформды бактериялар 2)

100 мл судағы бактериялар саны 1)

Болмауы

Ыстыққа төзімді колиформды бактериялар

100 мл суда бактериялар саны 1)

Болмауы 

Колифагтар 3)

100 мл суда түйін түзетін бірліктер саны

Болмауы 

Сульфитредуцирлейтін 

клостридийлер спорасы 4)

20 мл суда споралар саны

Болмауы 

Лямблия цисталары 3)

50 л суда цисталар саны

Болмауы

1) ыстыққа төзімді колиформды бактерияларды анықтау 100 мл-лік су сынамасын үш реттік зерттеу бойынша анықталады.;

2) 95 пайыз сынамады жалпы колиформды бактериялар нормативтен аспауы қажет, 12 ай бойы су құбыры торабыеның сыртқы және ішкі су тарату нүктелерінде, жылына 100 сынмадан кемболмауы қажет;

3) колифагтар мен лямблия цисталарын анықтау жер беті су көзінен сумне қамтамасыз ету кезінде тарату торабына түсер алдында тексеріледі;

4) сульфитредуцирлеуші клостридий спораларын анықтау су өңдеу технологиясының тиімділігін бағалу кезінде жүргізіледі;

 

Ішек инфекцияларын қарағанда, ішек вирустары тазарту имараттарында қолданылатын табиғи орта мен дезинфекциялық заттарға едәуір тұрақты болып табылады. Сондықтан ауыз суда  вирустық ластанудың санитарлық көрсеткішіне ішек таяқшаларының вирусы қоршаған ортада үнемі бірге жүретін - Escherichia coli – колифагтар таңдалған. 100 мл тазартылған ауыз суда колифагтар болмауы тиіс.       

Сулъфитредуцирлеуші клостридий споралары залалсыздандырушы заттарға тұрақты болып келеді, су тазарту процесі кезінде ішек микроорганизмдернің залсыздандыруша заттарға тұрақты түрлерінен тазартылғандығын көрсететін қосымша көрсеткіш. Бұл споралар жер беті су көздерінің суды өңдеу тиімділігін бағалау үшін анықталады, оны тарату торабында іздеу негізсіз болып табылады. Ауыз судың паразитарлық жағынан қауіпсіздігін бағалау үшін СанЕмН-да лямблия цисталарын анықтау көрсеткіші берілген, норматив бойынша 50 л суда кездесуі анықталады.   

 Ауыз су сапасының микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеуі кезінде санитарлық бақылау ұйымдарының шешімі бойынша суда ішек тобының патогенді бактериялары мен вирустарының болуына зерттеу жүргізеді. Су құбырының өндірістік бактериялогиялық зертханасының бұндай зерттеу жүргізуге құқұғы жоқ, бұндай жұмыстарға рұқсаты бар басқа зертханалар жүргізеді.     

Ауыз судың химиялық зиянсыздығына байланысты көрсеткіштері СанЕмН-да 2-қосымшада берілген. Олардың адам денсаулығы мен өмір тіршілігі үшін маңызы бірдей, кесте бойынша бөлінгендігі ауыз суда кездесу  жиілігін көрсету үшін берілген. Құжатта табиғи суда едәуір жиі кездесетін; су қосылатын және тазарту үрдісі кезінде түзілетін; адамның шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде түсетін заттар берілген.    

Химиялық заттардың біріккен және химиялық көрсеткіштері бойынша регламенттері 4.2-кестеде берілген.

4.2-кесте.

Ауыз су сапасының біріккен және химиялық көрсеткіштері

(СанЕмН ҚР 3.02.002.04, 2-қосымша, 1-кесте)

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер (шекті рұқсат етілген концентрация - ШРЕК), жоғары емес

Зияндылық көрсетіштері

Қауіптілік класы

Біріккен көрсеткштер

Сутектік көрсеткіш

рН бірлігі

6-9 аралығында

Жалпы минералдылығы (құрғақ ақлдық)

мг/л

1000 (1500)

Жалпы кермектілігі

мг-экв./л

7,0 (10)

Перманганатты тотыққыштығы

мг/л

5,0

Мұнай өнімдері, қосынды

мг/л

0,1

Беткей белсенді заттар (ББЗ), анионбелсенді

мг/л

0,5

Фенолды индекс

мг/л

0,25

Органикалық емес заттар

Алюминий (А1 3+)

мг/л

0,5

с.-т.

2

Барий (Ва 2+)

мг/л

0,1

с.-т.

2

Бериллий (Ве 2+)

мг/л

0,0002

с.-т.

1

Бор (В, қосынды)

мг/л

0,5

с.-т.

2

Темір (Fe, қосынды)

мг/л

0,3 (1,0)

орг.

3

Кадмий (Сd, қосынды)

мг/л

0,001

с.-т.

2

Марганец (Мn, қосынды)

мг/л

0,1(0,5)

орг.

3

Мысu, қосынды)

мг/л

1,0

орг

3

Молибден (Мо, қосынды)

мг/л

0,25

с.-т.

2

Мышьяк (Аs, қосынды)

мг/л

0,05

с.-т.

2

Никель (Ni, қосынды)

мг/л

0,1

с.-т.

3

Нитраттар (по NO.3)

мг/л

45

с.-т.

3

Сынапg, қосынды)

мг/л

0,0005

с.-т.

1

Қорғасын (РЬ, қосынды)

мг/л

0,03

с.-т.

2

Селен (Sе, қосынды)

мг/л

0,01

с-т.

2

Стронций (Sr 2+)

мг/л

7,0

с.-т.

2

Сульфаттар (SO4)

мг/л

500

орг.

4

Фторидтер (F) климаттық аудан. үшін:

II

мг/л

1,5

с.-т.

2

III

мг/л

1,2

с.-т.

2

IV

мг/л

0,7

с.-т.

2

ХлоридтерL- )

мг/л

350

орг.

4

Хром (Сг 6+)

мг/л

0,05

с.-т.

3

ЦианидтерN~)

мг/л

0,035

с.-т.

2

Мырыш (Zn 2+)

мг/л

5,0

орг.

3

Органикалық заттар:

γ-ГХЦГ (линдан)

мг/л

0,002

с.-т.

1

ДДТ (изомерлер қосындысы)

мг/л

0,002

с.-т.

2

2,4-Д

мг/л

0,03

с.-т.

2

   1) заттардың зияндылық лимиттік көрсеткіші бойынша норматив бекітіледі: с.-т. – санитарлық-токсикологиялық, орг.- органолептикалық;

    2) жақшаның ішінде берілген мөлшерді елді мекендегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қолданылатын су дайындау технологиясын бағалау негізінде нақты сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін мемелекеттік бас санитарлық дәрігердің ұаулысы бойынша бекітіледі;     

    3) γ-ГХЦГ (линдан), ДДТ (изомерлер қосындысы), 2,4-Д  БДҰ ұсынысына сәйкес қабылданған.

 Сонымен 4.2-кестеде берілген химиялық заттардың ауыз суда болу мүмкіндігі жоғары. Бұл ингредиенттер табиғи суға тән (алюминий, барий, бериллий, бор, темір, марганец, мыс, молибден, мышьяк, нитраттар, қорғасын, селен, стронций, мырыш, сульфаттар, фторидтер және хлоридтер), сондай-ақ қауыіпті антропогендік ластаушылар болып табылады (қорғасын, кадмий, сынап, никель, хром, цианидтер и др.). Бұл көрсеткіштердің ішінен жұмыс бағдарламасына сумен қамтамасыз ету көзіне тән заттарды ғана таңдап алады.   

Сонымен қатар 4.2-кестеде судың химиялық құрамының біріккен көрсеткіштері де келтірілген  (рН, жалпы минералдығы, кермектілігі, перманганатты тотыққыштық, мұнай өнімдерінің болуы, беткейлік белсенді заттар және фенолдық индекс). Бұл көрсеткіштер әрбір су құбырының жұмыс бағдарламасында болуы керек және кейбіреуін түсіндіруге тура келеді.  

Қосынды мұнай өнімдері. Су нысандарының мұнай өнімдерімен ластануы – ХХ ғасыр гигиенистерінің елеулі мәселесі. Әсіресе бұл үнемі мұнай өндіретін Қазақстан үшін маңызды, негізінен мұнай өндірісі қоршаған ортаны ластайды. Ауыз суды пайдалану кезінде мұнай өнімдерінен улану болмайды, негізінен мұнайдың улы концентарциясының маңызы зор. Бірақ мұнай өнымдері органолептикалық қасиеттерін төмендетеді, өзіне тән иіс береді, суат бетінде кемпірқосақ тәріздес әр түсті қабықша пайда болады. Сондықтан су құбыры тазарту қондырғыларындағы қарапайым су дайындау әдісі «керосиндік» иісті жоя алмайды.       

Сутектік көрсеткіш (рН). Судың рН-ның деңгейі СанЕмН-дағы нормативтен асып кеткенімен гомеостаз механизмінің буферлік қорына байланысты адам денсаулығына зиянын тигізбеуі мүмкін. рН мөлшерінен судағы «басты иондардың» ерігіштігі мен биологиялық жеткіліктілігі байланысты және 6,0-9,0 аралығындағы деңгейде бұл иондардың концентарциясы улы шамаға жетпейді. Жер беткейлік су нысандары үшін қалыпты су биоценозын қалыптастыратын гиробиологиялық критерийдің маңызы зор.  

Перманганатты тотыққыштық. Негізінен, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерінде әр түрлі өнімді органикалық заттар болады, олардың болуын тотығуға қажетті оттегінің мөлшерімен белгілейді. Көбіне бұл үшін перманганатты калий – перманганатты тотыққыштық тотығу әдісін қолданады.    

Фенолдық индекс.  Жер беті суында су өсімдіктерінің ыдырау нәтижесінде түзілетін, сондай-ақ қара металлургия, мұнай-химия өнеркәсіптерінің ағынды суларының түсу нәтижесінде түзілетін фенол қосылыстары кездеседі. Тіпті суға фенол өнімдері аз мөлшерде түскеннің өзінде өзіне тән иіс береді, ал хлорлау кезінде хлорфенол түзіліп, ол иісін одан әрі жоғарылатады. Сондықтан ауыз су сапасын бақылау үшін ұшқыш фенолдық қосылыстардың болуы - фенолдық индексті анықтайды, оның мөлшері әрбір су нысандары үшін жеке және тұрақты.   

4.3-кестеде су дайындау кезінде қолданылатын реагенттердің қалдық мөлшерінің нормасы және олардың трансформация өнімдері қажеттілігіне орай жұмыс бағдарламасына енгізіледі.

4.3-кесте.

Суды өңдеу үрдісі кезінде түсетін және түзілетін химиялық заттар

 (СанЕмН ҚР 3.02.002.04, 2-қосымша, 2-кесте)

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер (шекті рұқсат етілген концентрация-ШРЕК) жоғары емес

Зияндылық көрсеткіштері

Қауіптілік класы

Хлор:

 Бос қалдық

мг/л

0,3 – 0,5

орг.

3

 Байланысқын қалдық

мг/л

0,8 -1,2

орг.

3

Хлороформ (суды хлорлау кезінде)

мг/л

0,2

с.-т.

2

Қалдық озон 

мг/л

0,3

орг.

Формальдегид (суды озондау кезінде)

мг/л

0,05

с.-т.

2

Полиакриламид

мг/л

2,0

с.-т.

2

Белсенді кремний қышқылы(Si бойынша)

мг/л

10

с.-т.

2

Полифосфаттар  (по РО4 )

мг/л

3,5

орг.

3

Алюминий және темір құрамды коагулянттардың қалдық мөлшері

мг/л

"Алюминий", "Темір" көрстекіштернің мәні 3.4-кесте бойынша

 1) суды бос хлормен заласыздандыру кезінде жанасу уақыты 30 минуттан кем емес, ал байланысқан хлормен – 60 минуттан кем болмауы керек.

 Суды бос және байланысқан хлор бірге кездескенде олардың жалпы концентрациясы 1,2 мг/л-ден аспауы керек.  

 Жеке жағдайда аймақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының келісімімен ауыз суда хлордың мөлшері  1 мл/л-ге дейін жетуі мүмкін;

 2) хлороформның нормативі ДДҰ ұсынысына сәйкес қабылданған;

 3) қалдық озонның мөлшерін бақылау 12 минуттық жанасу уақытын сақтай отырып, араласу камерасынан кейін жүргізіледі.

 

3-қосымшада табиғи көздердің антропогендік ластануынан болатын заттардың нормативі берілген. Әрбір затқа зияндылықтың лимиттік көрсеткіші берілген, ол арқылы ШРЕК бекітіледі с.-т. – санитарлық-токсикологиялық және орг. – органолептикалық) және қауіптілік класы да берілген (1-ші – өте қауіптіден 4-ші – қауіптілігі орташаға дейін), бұл көрсеткіштерден нақты су құбырына тән көртсеткіштерін таңдап алаып, оны жүйелі түрде бақылау үшін жұмыс бағдарласмасына енгізеді.

Су сапасын  органолептикалық көрсеткіштер бойынша бағалау адамның сезіну қабілеттілігіне байланысты. Судың исі, дәмі, түстілігі, лайлылығы жағымсыз болмауы керек (адамға зиянсыз болса да). Бірақ тура бұлай айту біздің білім деңгейімізге байланысты (4.4-кесте).

4.4-кесте.

Ауыз су сапасының органолептикалық көрсеткіштері

(СанЕмН ҚР 3.02.002.04)

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Нормативтер, жоғары емес

Исі

баллмен

222              2

Дәмділігі

баллмен

2                2

Түстілігі

градуспен

20 (35)          20 (35)

Лайлылығы         

ФЛБ (формазин бойынша лайлылық бірлігі); немесе мг/л

(каолин бойынша)

2,6 (3,5)

1,5 (2) 2,6 (3,5)1,5 (2)

Ескерту. Жақшаның ішінде берілген мөлшерді елді мекендегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қолданылатын су дайындау технологиясын бағалау негізінде нақты сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша бекітіледі.

 Сонымен, судың исі 200С температурада және 600С-ға дейін қыздырғанда 2 баллдан аспауы керек; дәмі мен дәмділігі 20 0С-да 2 балладан аспауы керек; түстілігі 200-тан аспауы керек, лайлылығы бойынша өлшенді заттар 1,5мл/л-ден аспауы керек (каолин бойынша).  Күнделікті санитарлық бақылау кезінде иістің (немесе дәмділіктің) өткірлігін бағалу үшін санитарлық дәрігер Г.Н. Красовский (1998) ұсынған сәйкес шкаланы пайдалана алады (4.5-кесте).

 

4.5-кесте.

Иіс (дәмділік) өткірлігінің шкаласы

Пайда болу сипаты

Өткірлігін бағалау, баллмен

Сезілмейді 

0

Тұрғындар сезбейді, бірақ тәжірибелі дәм сезгіштер (дегустаторлар) сезеді

1

Тұрғындар ол иіске көңіл бөлгенде ғана сезеді 

2

Бірден сезіледі және судың иісіне күмән туады

3

Көңіл бөлгізеді, ішу мүмкін болмайды

4

Исі өте күшсті сезіледі, тұтынуға жарамсыз

5

 Берілген органолептикалық көрсеткіштердің ішінен гигиеналық жағынан маңыздысына лайлылық жатады, негізінен ол ұсақ дисперсті өлшенді органикалық және органикалық емес өнімдердің болуынан болады. Жоғары лайлылықтың басты теріс әсеріне ультракүлгіндік залалсыздандыру кезінде микроорганизмдерді қорғайтындығы және бактериялардың өсуін жоғарылатындығы жатады. Сонымен қатар, судағы өлшенді заттар бөлшектеріне вирустардың негізгі бөлігі жұтылады және лайлылықтың төмендеуі залалсыздандыруды жақсартады. Сонымен судың лайлылық көрсеткіші органолептикалық қасиетін ғана төмендетіп қоймай, судың эпидемиялық қауіпсіздігінің де көрсеткіші болып табылады.

Судың лайлылығын фотометрлік әдіспен, яғни зерттелетін су сынамасын стандартты суспензиямен салыстыру арқылы анықтайды. Талдау нәтижелері каолиннің стандартты суспензиясын қолдану кезінде   мг/дм3 бірлігінде беріледі, ал формазиннің стандартты суспензиясын қолдану кезінде  при ЕМ/дм3 (дм3-та лайлылық бірлігі) өлшем бірлігі қолданылады. Соңғы өлшем бірлікті Формазин бойынша Лайлылық Бірлігі (ФЛБ) деп аталады, ал батыстық терминология бойынша – FTU (Formazine Turbidity Unit).

Соңғы жылдары көптеген алдыңғы қатарлы елдерде формазин бойынша лайлылықты өлшеудің фотометрлік әдісі  ISO 7027 (Water quality - Determination of turbidity) стандартында қолдау тапты. Бұл стандартқа сәйкес лайлылықтың өлшем бірлігі FNU (Formazine Nephelometric Unit) болп табылады. АҚШ Қоршаған Ортаны Қорғау бойынша Агенттілік (U.S. EPA) және Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы  (ДДҰ)  лайлылықты өлшеудің бірлігі NTU (Nephelometric Turbidity Unit) көрсеткішін қолданады. Лайлылықтың негізгі өлшем бірлігі арасындағы қатынас келесідей болады:   

1 FTU(ЕМФ) =1 FNU =1 NTU

       ДДҰ лайлылықты адам денсаулығына әсерін тигізетіні көрсеткіштер бойынша нормаламайды, біріқ сыртқы көрінісіне қарап, лайлылық 5 NTU (лайлылықтың нефелометрлік бірлігі) мөлшернен аспауы қажет, ал залалсыздандыру мақсаты үшін 1 NTU мөлшерінен аспауы керек.

  Судағы өлшенді заттардың әр түрлі  гранулометрлік құрамы бар, ол ағысы жоқ суда  10оС температурада бөлшектердің тұну жылдамдығына әсер етеді  (4.6-кесте).

4.6-кесте.

Өлшенді бөлшектердің суда тұну уақыты

Өлшенді бөлшектер

Мөлшері, мм

Гидравликалық ірілігі, мм/с

1 м тереңдікте бөлшектердің тұну уақыты

Коллоидты заттар

2х10-4 -    1х10-6

7х10-6

4 жылда

Ұсақ саз

1х10-3 - 5х10-4

7х10-4 - 17х10-5

0.5 - 2 айда

Саз

27х10-4

5х10-3

2 тәулікте

Лай (батпақ)

5х10-2 - 27х10-3

1.7 - 0.5

10 - 30 минутта

Құм:

Ұсақ

Орташа

Ірі

0,1

0,5

1,0

7,0

50

100

2,5 минутта

20 секунтта

10 секунтта

 

 Жағдайлық есептерді шешу мысалы.

 

1-есеп.

 Күнделікті санитарлық бақылау кезінде А. қаласының Санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық зертханасы  қаланың су құбыры торабының 3 нұктесінен сынама алды. Су торабына жіберер алдындағы сынаманың талдау нәтижесінде келесі мәліметтер алынды:     

жалпы колиформды бактерия – 2,

түстілігі – 15 о,

жалпы микроб саны –18,

лайлылығы (каолин бойынша)  0,8 мг/л,

исі мен дәмі – 2 балл,

бериллий – 0,

молибден – 0,

сульфаттар – 32 мг/л,

мышьяк – 0,05 мг/л,

құрғақ қалдық – 250 мг/л,

нитраттар – 0,3 мг/л,

қалдық алюминий – 0,5 мг/л,

полиакриламид – 1,0 мг/л,

темір – 0,

қорғасын – 0,

марганец – 0,05 мг/л,

фтор – 0,7 мг/л,

мыс – 0,

селен – 0,

мырыш – 0,

селен-изотоптар – 0,

жалпы кермектілігі – 5,0 мг-экв,

хлоридтер – 24 мг/л,

байланысқан хлор – 0,9 мг/л.

        Су құбыры станциясына жақын орналасқан көшелік су тарату нүктесінен алынған сынама нәтижесі келесідей:  

жалпы колиформные бактериялар – 4,

микробтық сан – 20,

исі мен дәмділігі – 2 балл,

лайлылығы – 0,8 мг/л, (каолин бойынша)

түстілігі – 16 о.

Достық көшесіндегі су құбыры кранынан алынған сынама талдауының нәтижесі келесідей:

жалпы колиформды бактериялар– 5,

микробтық сан – 40,

исі мен дәмділігі – 4 балл,

лайлылығы – 0,8 мг/л, (каолин бойынша)

түстілігі – 40 о.

Су сапасы туралы қорытынды құрастырыңыз.

Қорытынды: тарату торабына түсер алдындағы, су құбыры станциясына жақын орналасқан көшелік су тарату нүктесінен алынған су сапасы СанЕмН ҚР 3.02.002.04 «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжатының талаптарына сәкес келмейді, яғни микробиологиялық көрсеткіштер 1-қосымшаға сәйкес толық алынбаған, суда жалпы колиформды бактериялар бар.   

Достық көшесінен алынған су сапасы СанЕмН ҚР 3.02.002.04 «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжатының талаптарына сәйкес келмейді, яғни жалпы колиформды бактериялар, исі, дәмдлігі, түстілігі бойынша талаптарға сәйкес келмейді және барлық микробиологиялық көрсеткіштерді толық анықтау керек. Жоғарыда келтірілгендерді ескере отырып, келесі мәліметтерді сұрастыру қажет:  

1. Су құбыры станциясының зертханасынан Достық көшесіне жақын жатқан нүктеден алынған су сынамасынң нәтижесін сұрастыру.   

2. Жедел түрде Достық көшесіндегі нүктеден қайта сынама алып зерттеу және хлоридтерді, аммонийлі азотты, нитриттерді и нитраттарды анытау қажет.

3. Қайта алынған су сынамасында жалпы колиформды бактериялар саны 100 мл суда 2-ден жоғары кездессе және ыстыққа төзімді колиформды бактериялар, колифагтар кездесетін болса, ішек таяқшасы тобының патогенді бактериялары және энтеровирустарды қоса тексеру қажет.     

4. «Суканал» басқармасынан соңғы аптада Достық көшесі торабында апаттық жағдайдың болған, болмағандығын анықтау қажет.  

           А. қаласының МСЭББД

коммуналдық гигиена бөлімінің

Бас маманы                                                                        Н.Н. Асанова

2-есеп

                                                                                                          Медеу аудандық МСЭББД

бастығы

А.О. Ахметов мырзаға

 

Су құбыры станциясы Сізге су сапасына зертханалық-өндірістік бақылау жүргізудің жоспарын келісуге ұсынады.  

Су құбыры суды М.өзенінен алады, қызмет көрстетін халық саны 25 000 адам. Станцияда су күкірт қышқылды алюминиймен коагуляцияланады, полиакриламид қосылады, хлорланады, фторланады. Су сынамасын алы үшін келесі нүктелер белгіленген:  

  1.  су алу орнында;
  2.  су торабына түсер алдында, онда анықталады: а) қалдық белсенді хлор сағатын 1 рет; б) полиакриламид, рН, кермектілік, фтор, дәмі, исі, түстілігі, лайлылығы аптасына 1 рет; в) арнайы ингредиенттер жылына 2 рет;
  3.  тарату торабында (су құбыры станциясына жақын, тұйықталған және көтеріңкі келген нүктелерде, су тарту құбыры бар үйлерде), жалпы колиформды бактериялар, бактериялардың жалпы саны, лайлылық, түстілік, исі мен дәмділігі анықталады, сынаманың жалпы саны айына – 15..

 Су құбыры станциясының бастығы                                    Л.Т.Сулейменов

Су құбыры станциясының бастығы 

Л.Т. Сулейменов мырзаға

Н. қаласының Медеу аудандық МСЭББД-і су сапасына зертханалық-өндірістік бақылау жүргізудің жоспарын қарастыра отып, су құбыры станциясының бастығы Сізге төмендегілерді хабарлайды:  

№554, 28 шілде 2010ж  бұйрықпен бекітілген ҚР  СанЕмН   «Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, хозяйственно-питьевому водоснабжению ,местам культурно-бытового  водопользования  и  безопасности водных объектов» құжатына сәйкес су алу орнында зертхана талдайтын барлық көрстекштертізімін алып келу, су сынамасының жиілігін кем дегенде айына 1 рет алуды жоспарлау қажет;  

  1.  Тарату торабына түсер алдында хлорлаудың тиімділігін бақылау үшін, суды микробиологиялық талдауды кем дегенде тәулігіне 1 рет жүргізу, судың күкірт қышқылды алюминиймен коагуляциялануына, полиакриламид қосылуына, фторлануына байланысты  олардың қалдық мөлшерін кем дегенде ауысымына 1 рет жүргізу қажет.

Органолептикалық көрсеткіштер СанЕмН ҚР 3.02.002.04 «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжатының талаптарына сәйкес барлық сынамаларға талдау жүргізу қажет. Химиялық талдауды 2-қосымшаның 1-2 кестесіне сәйкес жүргізу қажет.  СанЕмН ҚР 3.02.002.04 «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаты бойынша жылына 4 рет (мезгіл сайын) жүргізу қажет.   

  1.  Халық санына байланысты тарату торабынан жоспарда көрсетілгендей, 15 сынаманың орнына 30 сынама алу қажет.   .

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес, су сапасын бақылаудың зертханалық өндірісті жоспарын терңдетіп, қайта қарастыруға алып келу керек.

Н. қаласының Медеу

аудандық МСЭББД  бастығы                                                                                             А.О. Ахметов.

 

 Жер асты су көзінен тартылған су құбырының басты имараттарын тексеру.

Жер асты суынан тартылған су құбырының басты имарттарын тексеру кезінде санитарлық дәрігерлер білуі керек: артезиандық ұңғының (4.1-сурет) үш негізгі бөлігі бар: су қабылдайытын – сүзгі, суды беретін – баған, жоғарғы –аузы; атмосфералық жауын-шашыннан қорғау үшін ұңғының аузы жер асты шахтасымен немесе жер беті павильонымен жабдықталады; киілмелі   құбырлардың жоғарғы колоннасы жер бетінен 0,5 м-ге дейін жоғары шығып тұруы қажет, ал оның айналасына асфальттанған көпірше жасайды.             

Ұңғы аузын ластаушы заттар түспеу үшін,  ернемек (фланцев)  көмегімен резиналы аралық қабат ұңғының басты бөлігімен тығыз түрде байланыстырылады. Ұңғының басты бөлігі тексеруге ыңғайлы болуы керек, су сынамсын алу үшін краны болады. Ұңғының түбі мен қабырғаларын цементтеу арқылы грунт суының түсуін болдырмайды, ал атмосфералық жауын-шашыннан люктегі герметикалық қақпақшамен тығыз жабалуына байланысты қорғалады.        

           Пласт аралық қысымды су кезінде сулы деңгейжиек (горизонттың) қысымы суды жер бетіне көтеруге дейін жеткілікті болады, бірақ көбіне су ұңғыда статикалық деңгейде болады және насос арқылы сорып алуға тура келеді. Ұңғыдағы судың деңгейі статикалық деңгейден төмендеп, динамикалық деңгейде болады (4.2-сурет). Суды сорып алу неғұрлым тез болса, динамикалық деңгейі де соғұрлым төмен болады және депрессия түтікшесінің ауданы да жоғары болады, осы арқылы санитарлық күзету аймағының бірінші аймағын анықтайды.

4.2-сурет. Артезиандық ұңғы құрылымының схемасы.

а) ұғы схемасы: 1 – су қысымды қабат; 2 – сулы қабат; 3,4, 5 – киілмелі құбырлар;

6 – изоляциалаушы қабат; 7 – тығыздаушы білік (сальник); 9 – сүзгі, 10 – тұндырғыш.

б)  ұңғыныңбасты бөлігі: 1 – су деңгейін өлшеуге арналған саңылау; 2, 6 – резиналы аралық қабат; 4 – цементпен құйылған жер, 5 – орталықтан тепкіш насосқа, 7, 8 – шойынды ернемек (фланцы); 10 – киілмелі құбыр, 11 – қосымша түтік.

Бұрғылау жұмысын аяқтағаннан кейін ұңғыны құрылыстық су тарту арқылы оны батпақтан, ластаушы заттардан тазартады. Осыдан кейін барып ұңғыны дезинфекциялайды. Бірінші ұңғының су үсті бөлігі, содан кейін барып, су асты бөлігі дезинфекцияланады. Сол үшін статикалық деңгейден төмен тығын бекітіледі, тығыннан жоғары ұңғының бөлігін хлорлы әкпен (белсенді хлордың концентарциясы 50– 100 мг/л )  толтырады. 6 сағаттан кейін тығынды алып, ұңғының су асты бөлігіне хлор ерітіндісін жібереді, белсенді хлордың концентрациясы сумен бірге 50 мг/л-ден кем болмауы керек. 6 сағат сумен жанасқаннан кейін ұңғыдан суды сорып алады және микробиологиялық талдау жүргізу үшін су сынамасын алады (заласыздандыру тиімділігін бақылау). Су құбырында кем дегенде екі ұңғы болуы қажет, біреуі – жұмысшы, екіншісі – резервтік. 2-10 жұмыс жұмыс ұңғыларына екі резервтік ұңғы болуы керек.    

 Ұңғымадан суды тарту су деңгейіне және ұңғы дебитіне байланысты, бірақ көбіне бұл орталықтан тепкіш насостар қолданылады, оның  өнімділігі  200 м3/сағатқа дейін. 500 метрге дейінгі тереңдікте бататын орталықтан тепкіш насостар қолданылады, егер ол 100 метрге дейін болса, өнімділігі 20 м3/сағат болатын құбыршек (шланг) насостар қолданылады. Бірақ барлық жағдайда соратын және қысымды құбыр жалғасытын орындарда ұңғыманың басты бөлігінен тығыздығы жоғары болуы керек. 70 метрден аспайтын тереңдіктегі ұңғымаларды қолдану кезінде ауалы су көтергіш – эрливтер қолданылады, олардың құрылымы қарапайым және берік.

Жер беті су көздерінен тартылған су құбыры имараттарын тексеру.  

Қазіргі кезде елді мекенді сумен қамтамасыз ету кезінде 84%-дан жоғары мөлшерде жер беті суаттарынан алады. Шарушылық-ауыз сумен қамтамасыз ету кезінде тұрғындар денсаулығына қауіпсіздігі су алу имаратарының орналасу жерін таңдаумен байланысты. Сондықтан гидрологиялық және техника-экономикалық жағдайлармен қоса негізгі, анықтаушы фактор болып табылатын санитарлық жағдайларды да қарастыру қажет.

Өзеннен су алу кезінде имараттарды ағысы бойынша елді мекеннен жоғары, сондай-ақ ағынды суларды құю орнынан жоғары және тереңдігі жеткілікті болуы керек. Иілген жағалықтар осындай талаптарға сәйкес келеді, су алу имараттарының жұмысын нашарлататын құммен аз қамтылған. Су алу орындарын қалдықтар сақтайтын жерге, мал көметін жерге, қыстайын және балық уылдырығы жақын орналсқан жерге орналастыруға болмайды, олар мұз жүру кезінде қорғалуы керек. Санитарлық дәрігер су алу орнын тексеру кезінде осы талаптарды ескеруі қажет.

Су алу орны имараттар түрлерін таңдаудың дұрыс таңдалғандығын бағалау қажет, олардың жағалық (жағадан өзен арнасынан алады), арналық (арнадан жағадан біраз қашықтықтан), инфильтрациялық (инфильтарциялық суды алатын) түрлері бар.  Мұз жүру байқалатын өзендерде, сондай-ақ лайлылықты тұндыру жолымен азайту кезінде ожаулық су алу орны (ожау арқылы – жасанды құю) қолданылады. Егер өзен өте ластанған кезде және егер өзен арнасы құмды грунттан түзілген болса, инфильтрациялық түрдегі су алу орныдары қолданылады, су грунт түбі арқылы (арна астылық) немесе өзен жағасынан сүзіледі (инфильтрациялық құдықтар, 4.3-сурет).   

4.3-сурет. Инфильтрациялық құдық.

Санитарлық дәрігерге таңдау мүмкіндігі тиетін болса, инфильтрациялық су қабылдағышпен алатын арна асты су алу түріне тоқталған дұрыс, өйткені су мөлдірленген, түссіздендірілген, жартылай заласызданған. Бұр арқылы су дайындау технологиясының сатыларынан коагуляция және тұндыру әдістерін алып тастауға болады.   

Көп жағдайда жер беті су көзінің суын алдын ала тазарту имараттарының жұмысын нашарлататын  өлшенді заттардан, зоопланктоннан (ұсақ суда жүретін тірі организмдер), фитопланктоннан (ұсақ өсімдікті организмдер) тазарту қажет. Суды өлшенді заттар мен планктоннан тазарту үшін микросүзгілер мен барабанды торлар қолданылады.

4.4-сурет. Микросүзгілер (а – кесінді, А-А бойынша, б –ұзына бойғы кесінді)

1,10 – су жіберетін және беретін каналдар; 2 – ағынды түтік; 3 – жуылған суды жинайтын құйғы (воронка); 6 – ұсақ торлы барабан; 7 – суды ағызу; 8 – шашыратқыштар; 9 – кіретін құбыр;

11 – микросүзгі камерасы; 12 — сүзуші элемент.

 Микросүгілер (4.4-сурет) – бұл мөлшері 25-50 мкм ұяшықты никель сымдардан құралған торман жабылған үлкен барабандар, ол арқылы су сүзіліп өтеді. Оны басты судың 1 см3 мөлшерінде 1000-нан жоғары фитопланктон клеткалары болған кезде қолдануға болады. Микросүзгілер зоопланктонды толық ұстап қалады,    75-95%-ға дейін диатомды және көк-жасыл балдырларды ұстайды. Микросүзгілердің өнімділігі тәулігіне 45 000 м3.  Ауданы 1 м шаршы тор арқылы 4/5 диаметрде батырылатын, сағатына 10-25 л жылдамдықпен сүзіледі. Санитарлық дәрігер микросүзгі барабанының айналу жылдамдығын тексеру керек, ол секундына 0,1 – 0,3 м болуы керек. Барабанды торлар тек суды ірі заттардан сүзу үшін қолданылады.  

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер су құбыры тазарту имараттарын тексеру кезінде ауыз судың қазіргі заманғы едәуір тиімді тазарту әдістеріне көңіл бөлген дұрыс. Сонымен флокулянттар ретінде коагулянтты қолданбауға мүмкіндік беретін катионды түрдегі препараттарды пайдалану қажет.

Ауылдық жерлерде баяу сүзгілерді қолданған тиімді, ал ірі қалаларда қолдану іс жүзінде мүмкін емес. Жылдам сүзгілердің ішінен едәуір нәтижелі түріне екі ағынды сүзгі жүйелері КША (коммуналдық шаруашылық академиясы) және ДДФ түрлері жатады. Өзен суының лайлылығы 1500 мг/л және түстілігі 1200 С болғанда, санитарлық дәрігер жанаспалы мөлдірлендіргіш пен флотаторды қолдануды ұсынған дұрыс. Жанаспалы мөлдірлендіргіш (4.5-сурет) жылдам сүзгілердің бір түріне жатады, бірақ онда су дайындау үрдісін қарапайымдандырады, ол бір өзі үш бірде имараттың орын ауытырады: рекция камерасы, тұндырғыш және сүзгі.

4.5-сурет. Жанаспалы мөлдірлендіргіш.

 Жанаспалы мөлдірлендіргіштің жұмыс істеу принципі келесідей: имаратқа өңделген суды берер алдында суға қоспалардың тұрақтылығын тез бұзатын коагулянт ерітіндісін құяды. Суды түссіздендіру бос күйде емес, яғни үлпек түзу камерасында жүреді, ал жүктеменің беткі қабатында жанаспалы коагуляция үрдісі жүреді. Коагулянт қосылған тазартылған су мөлдірлегіштің төменгі қабатына ағады және науа орналасқан жерде жүктеме арқылы төменнен жоғары қарай сүзіледі (сүзілу жылдамдығы сағатына 5,5 м-ге дейін).

Тіпті лайлылығы төмен, органика мен темірдің мөлшері көп судың өзі жанаспалы мөлдірлендіргіште нашар сезіледі, яғни темір FeCl3 сияқты темір құрамды коагулянттардың жұмысын нашарлатады. Бұндай жағдайды су дайындау әдісінің ішінде едәуір тиімді флотация әдісі қолданылады, онда судағы диспергирленген ауа көпіршіктермен қоспаның жабысуы жүреді (4.6-сурет). Негізінен су тазарту тиімділігі ауа көпіршіктернің беткейін жабысу мүмкіндігінің төмендеуі байланысты, сол үшін суға беткейлік белсенді заттар (флотореагенттер) қосылады. Мысалы  додецилсульфат натрий.

4.6 - сурет. Суды флотациялауға арналған қондырғы

1,8 – суды беру және ағызу; 2 – реагенттік шаруашылық; 3 – араластырғыш; 4 – флокуляторлар;

5 – флотатор; 6 – көпіршікті жинайтын қалта; 7 – жылдам сүзгі; 9 – сығылған ауаны жіберу;

10 – ресивер; 11 – диспергатор; 12 – шламды рециркуляциялау.

 Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер су құбырының тазарту имараттарын тексергенде, ұқсас жағдайларды кездестіруі мүмін және су тазарату сапасын жақсартудың сәйкес әдісін ұсынуға болады. Қазіргі уақытта көптеген елдердің, сондай-ақ Қазақстанның табиғи сулары тұрмыстық және өндірістік ағындармен ластанады.  

Санитарлық дәрігер органикалық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық регламенттен болмашы ауытқу болғанда адам денсаулығына қауіптілігі жоқ (микробиологиялық көрсеткіштен айырмашылығы). Сондықтан шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуді санитарлық бақылау кезінде ауыз суды залаласыздандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет.

Ауыз суды заласыздандыру әр түрлі әдістермен жүргізіледі, бірақ көбіне хлорлау әдісі қолданылады, сирек – озондау және ультракүлгінмен сәулелендіру  әдістері қолданылады. Хлорлау үрдісінің тиімділігі жанама жолман – белсенді қалдық хлор бойынша анықталады, ол бос және байланысқан болуы мүмкін. Байланысқан белсенді хлордың бактериоциттік әсері, бос күйдегіге қарағанда 100 есе әлсіз.     

4.7 - сурет. Хлордың суға қосуын мөлшеріне орай қалдық хлор мөлшерінің байланыстылық схемасы.   

 Санитарлық дәрігер байланысқан хлордың бастапқы суда аммиак және аммоний тұздары болған кезде түзілетіндігін білуі қажет. Егер суда аммиак немесе басқа да азот құрамды қосылыстар болмаған кезде, хлорлау кезінде тек бос хлор пайда болар еді. Суға қосылатын хлордың мөлшерін аздап қана көтерер болсақ, ондағы бос хлордың да мөлшері жоғарылайды (4.7-сурет). Бірақ табиғатта аммиаксыз су болмайды, сондықтан суды хлорлау кезінде үнемі байланысқан хлор түзіледі. Хлор судағы аммиак пен амин тобына жататын тұздарымен байланысып, әр түрлі хлораминдерге (моно-,  дихлораминдер, өте тұрақсыз үшхлораминдер) айналады, сондай-ақ байланысқан хлор түзіледі:

NН3 + Н2О = NН4ОН;

С12 + Н2О = НС1О + НС1;

НС1О + NН4ОН = NН2С1 + Н2О;

НСЮ + NН2С1 = NНС12+ Н2О;

НСЮ + NНС12 = НС13 + Н2О.

 Бірақ табиғи аммиакқа ұқсас, басқа да азот құрамды қосылыстар антропогенді оргаикалық ластану кезінде суға түседі. Сондықтан су неғұрлым органикамен көбірек ластанса, соғұрлым байланысқан қалдық хлор көп болады да, ал бос хлор мөлшері аз болады. Бұдан басқа моно және дихлорамин арасында қатынас судың рН мөлшеріне қарай өзгереді (4.8-сурет). рН мәні төмен кезде (6,5-ке дейін) дихлораминдер, ал оның мәні жоғары болғанда (7,5-тен жоғары) –монохлораминдер түзіледі, батериоциттік белсенділігі 5 есе әлсіз болады. Байланысқан хлордың жоғары бактериоциттік белсенділігі рН мәні төмен болғанда байқалады.

С12 : NН4+  қатынасы кезінде 2-ге дейін (10 мг С12  1 мг N2 мәніне  NН4+ түрінде болады) хлораминнің қалдық хлормен тотығуы кезінде судағы байланыс хлордың мөлшері бірден төмендейді (III схеманың бөлігі), яғни В нүктесінің минималды нүктесі сыну нүктесіне дейін. Сыну нүктесінен кейін хлордың әрі қарай мөлшернің ұлғаюы судағы қалдық хлордың концентрациясының өсуімен сипатталады (IV схеманың бөлігі). Бұл бос қалдық хлор деп аталады және бактерициттік белсенділігі өте жоғары.   

4.8-сурет. Әр түрлі рН кезінде хлордың байланысу формасы, Е.И. Гончарук, 2006.

  а — хлор гидролизі, б — моно- және дихлораминдердің болуы.

 Негізінен хлорлау регентті әдіске жатады, көп жағдайда суда иістің пайда болуымен сипатталады және онда галоген құрамды қосылыстар түзіледі (олардың кейбіреуі канцерогенді) Сондықтан судың қасиеттерін өзгертпейтін физикалық әдістер тиімді болып табылады. Реагентсіз әдістің ішінен ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру әдісі едәуір тиімді, оның заласыздандыру тиімділігі фотохимиялық реацияларға негізделген, нәтижесінде микроорганизмдердің ДНК-сы мен РНК-сына, торшалық мембранасына қайтымсыз бұзылыстар алып келіп, микроорганиздердің тіршілігін жоюына алып келеді. Сонымен ультракүлгін сәулелері тек вегетативті бактериялар түрін ғана жойып қоймай, спора түзуші түрлерін де жояды.

Сорып алу түріндегі шамды қондырғыларды қолдану кең таралған, оның негізгі элементіне ультракүлгін шамды блок жатады. Қондырғының ішінде су ағып өтуге арналған кеңістік болады, ал ултракүлгін сәулелерімен жанасу шам ішіндегі арнайы терезе арқылы жүреді. Су құбыры станциясының өнімділігі аз болған кезде (сағатына 30 м3), сәулеленудің жүктемесіз көзі бар қондырғы қолданылады (қысымы төмен сынапты шамдар). Егер станцияның өнімділігі  сағатына 30-150 м3 мөлшер аралығында болса, жоғары қысымды жүктемелі шамдары бар қондырғы қолданылады. Жер асты суын пайдалану кезінде оны заласыздандыру үшін қазіргі заманғы қондырғылар – ағынды УК-шамдарын қолдану қажет, залалсыздандырылған су корпус арқылы өтеді (4.9-сурет).    

4.9-сурет. Ултракүлгін сәулелерімен суды залалсыздандыруға арналған қондырғы (ОВ АКХ-1), Е.И. Гончарук, 2006

а – кесінді, б – камера бойынша судың қозғалыс схемасы.

1 – бақылау терезесі; 2 – корпус; 3 – аралық бөлгіш; 4 – суды ағызу;

5 – сынап-кварцтық шам, ПРК-7; 6 – кварцтық қаптағыш.

  •  

 УК-қондырғыға жіберілетін су жақсы тазартылған және келесі талаптарға сәйкес болуы керек: 

  •   •  темірдің жалпы мөлшерілитрына 0,3 мг-нан, марганецтің мөлшері литрына – 0,1 мг-нан аспауы қажет;
  •   •  көмірсутектің мөлшері литрына – 0,05 м-ан аспауы қажет;
  •   •  лайлылығы каолин бойынша 1,5 мг-нан жоғары болмауы қажет;

 •  түстілігі – 35 градустан аспауы қажет.

 Ультракүлгіндік залалсыздандырудың артықшылығына жататындар: технологиялық үрдістердің уақытын қысқартады, қондырғының шағындығы, судың дәмдік қасиеті мен химиялық құрыман өзгертпейтіндігі, қондырғының қарапайымдылығы, үрдістің экологиялық тазалығының жарамдылығының жоғарылығы, сондай-ақ су дайындаудың арзандығы. Әдісті таңдау бірінші кезекте – бастапқы судың сапасына, алдын ала тазартудың тиімділігі, нақты жағдайда қолдану мүмкіндігі және көрсетілген жағдайды сақтау кезінде санитарлық дәрігер оны жер асты су көзін залаласыздандыру кезінде қолдануға ұсыныс білдіруі қажет.     

 

Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.

 Қазіргі уақытта Қазақстан тұрғындарының едәуір бөлігі (20%-дай) орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесін қолданады. Санитарлық заңдылықтың негізгі құжатына ҚР СанЕмН 2005 ж. бекітілген       «Орталықтанбаған шаруашылық ауыз-сумен қамтамасыздандыруына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаты жатады. Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесіне суды пайдалану орындарына жібермейтін, тек ауыз суды алу үшін қолданылатын имараттар жатады.

Орталықтандырылмаған шаруашылық ауыз-сумен қамтамасыз ету үшін – жер асты суларын пайдалануы қажет. Оларды пайдалану су алу орындары имараттарының аранайы қондырғысын орнату арқылы (тарату торабы және ұңғылар, шахталы және түтікті құдықтар, бұлақтар каптаждары) жүзеге асырылады. Тарату торабы жоқ ұңғылар, құдықтар мен бұлақтар каптаждары (су көзін ашу қондырғысы) тұрғындар тобын және шаруашылық тұрмыстық нысандарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жасалады. Ұңғылар, құдықтар, бұлақтар каптаждарын орнату орнын таңдау геологиялық және гидрогеологиялық мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етудің арнайы қондырғысына жатады:           

 • каптаж – пайдалану мақсатында жер асты суларынң табиғи жолмен ашылып, жер бетіне шығуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық қондырғы;   

 • бұлақ (қайнар) – жер асты суының жердің бетіне табиғи жинақы шығуы;

 •  тарату торабы жоқ ұңғыма (скважина) -  жер асты суын жер бетіне көтеруге тағайындалған қондырғы;

 •  құбырлы құдық – іргелі қаптаушы құбырлармен бекітілген, цилиндрлі вертикальді каналдар түрінде келетін, жер асты суын алуға арналған қондырғы;

 •  шахталы құдық – сумен қамтамасыз ету мақсатымен жер асты суын алуға жасалған тереңдігі көлденең кесімінен жоғары келетін вертикалды жер қыртысының қазбасы.

Су алу құрылымдарын орнатуға рұқсат етілмейді: жауын және қар суларымен су басатын учаскелерге, ойлы, батпақтанатын, орындарда, қар көшкіні және топырақтың басқа деформация болу орындарында; көліктің қарқынды жүру магистральдерінде 30 м жақын орындарда.

 Құдықтарды және бұлақ каптаждарын орнату орындары ластанбаған учаскелерде, ластаушы немесе ластануы ықтимал көздерінен, грунт суларының ағысы бойынша жоғары ең кемінде 50 метрден алшақ орналасқан орыннан таңдап алынуы қажет: әжетханалардан, жуынды төгу шұңқырларынан, тыңайтқыш және улы химикат қоймаларынан, өнеркәсіптік ұйымдардан, канализация құрылымдарынан, ескі істемеуші құдықтардан, мал қораларынан.  

Санитарлық дәрігер суды ластаушы көздер мен орталықтанбаған сумен қамтамасыз ету имараттарының (құдықтар, каптаждар) арасындағы қажетті қашықтық мөлшерін дәл есептеу қажет. Бұл мақсат үшін Салтыков-Белицкийдің қарапайым формуласын қолданған дұрыс:

L = ,

мұндағы, L – су алу орны мен ластаушы көз арасындағы қажетті қашықтық (м);

k – сүзілу коэффициенті фильтрации (м/тәулік); n1 – ластаушы көз ауданындағы жер асты суының деңгейі; п2 – су алу орны нүктесінде жер асты суының деңгейі;

t – ластаушы көзден су алу орнына дейінгі аралықта су ағысының жылдамдық уақыты (батериалдық ластану үшін –200 тәулік, химиялық латану үшін – 400 тәулік);

μ – топырақтың белсенді кеуектілігі.

   Су араласқан жыныс ірі түйіршікті құм немесе гравийден тұрады, яғни берілген формулаға А коэффициенті қосылады:   

L = + А,

Ескерту. Сүзілу коэффициенті – бұл тартылыс күшіне байланысты судың топыраққа өтуі арасындағы қашықтық.. Орташа түйіршікті құмдар үшін тәулігіне  – 0,432 м, ұсақ түйіршікті құмдар үшін - 0,043 м, құмдақтар  үшін – 0,0043 м.

         Белсенді кеуектілігі – топырақтың механикалық құрамына байланысты су араласатын жыныстың саңылауларының көлемі: ірі түйіршікті құмдар – 0,15, ұсақ түйіршікті құмдар – 0,35.  

А коэффициенті анықталады: А = а1 + а2 + а3, мұндағы а, – депрессия түтікшесінің радиусы (ірі түйіршікті құмдар үшін 300 - 400 м, орташа гравий үшін – 500-600 м; а2 – ластанудың таралу қашықтығы (10-нан  100 м-ге дейін); а3 – санитарлық қорғау аумағының мөлшері  (10—15 м).

Бұлақ каптаждарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Каптаждар жоғары көтерілуші немесе төмен түсуші бұлақтардың (қайнарлардың) жер бетіне шығушы жер асты суларын жинау үшін тағайындалады. Жоғары көтерілуші бұлақтың суын жинау каптажды камераның түбі арқылы, ал төмен түсуші бұлақтардың суын камераның іргесіндегі тесіктері арқылы жүргізіледі.  

Каптаждың жанындағы аумақ қоршалып және көркейтіліп, әрқашанда таза ұсталуы, төгілген сулар әрі әкетілуі, мұздарын жарып, шығарылып тұруы керек.  Каптаждың маңайында радиуысы 20 метрден жақын жерде кірді жууға және шаюға, машина мен әр түрлі заттарды жууға, малды суаруға рұқсат етілмейді. Құдықтан суды алу үшін қоғамдық шелектер, насостар қолданылуы керек. Каптаждан суды тұрғындардың шелектерімен алуына, қоғамдық шелектен суды алу үшін үйден әкелген ожауларды қолдануына рұқсат етілмейді.

Каптаждағы суды қыста қатып қалуынан қорғау үшін таза сабан, шөп, жаңқалар қолданылады, олар каптажға түспейтін болуы керек. Осы мақсат үшін көңді, шыны мақталарды және басқа синтетикалық материалдарды қолдануға рұқсат етілмейді.

Жылына ең кемінде бір рет каптаждар лайдан тазартылып, құрылымдарына, жабдықтарына жөндеулер жүргізілуі керек. Каптажды тазалау, жуып-шаю және дезинфекциялау ондағы судың сапасының нашарлауында, сондай-ақ таралуы су факторымен байланысты инфекциялық аурулардың тіркелуінде жүргізіліп, соңынан сәйкес акт жазылады. Каптаждарға дезинфекция жасау үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларында пайдалануға рұқсатталған заттар қолданылуы керек.  

 

Шахталы құдықты санитарлық тексерудің әдістемесі. Көп жағдайда орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету кезінде шахталы құдықтар қолданылады, сондықтан санитарлық дәрігер оны тексерудің және санациялаудың әдістемесін меңгеруі қажет.

Шахталы құдық ең жоғары орналасқан қысымды емес жер асты су горизонтынан суды алу үшін жасалады және құдық құрамына бас бөлігі, дің (ствол) және суды қабылдау камерасы кіретін, шеңберлі немесе квадрат түріндегі шахты болып табылады. Санитарлық дәрігер құдық суын ластанудан сақтайтын құдықтың негізгі параметрлерін тексеруі қажет  (4.10-сурет).

 

4.10-сурет. Шахталы құдық кесіндісі:

1 – донды сүзгі; 2 – кеуекті бетоннан жасалған шеңбер; 3 – темір бетоннан жаслған шеңбер;

4 – қақпақ; 5 –қапсырма шеге (ағаштың бөліктерін бір-біріне бекітетін темір); 6 – көпірше (отмостка); 7 – бұрғы; 8 – сазды құлып; 9 – қалқа

Құдықтың жер беткі  (бас) бөлігі жер бетінен ең кемінде 0,7-0,8 м биік орналасуы керек және құдықтың бас бөлігі қақпамен немесе люкпен жабылатын темірбетонді жапқышпен жаюдықталады. Құдықтың жер бетіндегі барлық бөлігі қалқамен немесе күркемен жабылады. Құдық бас бөлігінің айналасында иленген және тығыздалған саздан немесе майлы саздақтан тереңдігі 2 м және ені 1 м тығыздалдған болу керек. Құдықтың айналасында тастан, кірпіштен, бетоннан немесе асфальттан радиуысы ең кемінде 2 м, құдықтан еңістігі 0,1 м көпірше жасалуы керек. Төгілген суды құдықтан әрі қарай әкетуіне арналған жыра жасалады. Құдықтың айналасы қоршаулы және оның жанында шелектер үшін орындықтар орнатылуы тиісті.  

Шахтаны іргелері (қабырғалары) тығыз болып, жер беткі және жоғары жатқан жер асты суларын құдыққа өткізбейтіндей оқшаулану керек. Құдықтың іргелерін қаптау үшін бетонды немесе темірбетонды шеңберлерді, тасты, кірпішті, ағашты қолданады. Іргелерін қаптаушы тас (кірпіш) мықты және суға түс бермейтіндей болып, құрамында қоспарлы жоқ жоғары маркалы цементті қолданып, бетонды немесе темірбетонды шеңбер түрінде қалануы қажет.

Іргелерін ағашпен қаптауда қалыңдығы ең кеменде 15 сантиметр бөренелер түріндегі белгілі тұқымды сүректер таңдап алынуы керек: судан судан жоғары орналасқан бөлігі үшін шырша немесе қарағай, ал оның жинаушы бөлігінде қандыағаш, емен, қарағай ағаштары қолданады. Ағаш материалдары қабығынан тазартылып, тік болып, терең жабдықтары, құрт жеген орындары болмай, саңырауқұлақтармен залалданбауы керек. Сумен бірге топырақтың түсуін және судың лайлануын алдын алу үшін құдықтың түбіне 30 см қалыңдықта кері сүзгіш төселеді.    

Шахталы құдықтан суды көтеру үшін әр түрлі конструкциялы су тарқыштарды (қолмен немесе электрлік) қолдану керек. Сондай-ақ бір немесе екі жақтан бұрайтын бұрғыларды, бір немесе екі шелек ілінген дөңгелекті бұрғыларды, берік бекітілген шелекпен жабдықталған су көтергіш «тырнаны» қолдануға рұқсат етіледі.    

Жергілікті СЭС барлық құдықтарға санитарлық төлқұжат дайындауы қажет, онда келесі сұрақтар қамтылады:

• құдықтың түбіне дейінгі тереңдігі және қыйманың (шегеннің) жоғарғы бөлігінен судың беткейіне дейінгі қашықтық;

•  шахтылы құдықтың орташа тәуліктік дебиті;

• санитарлы-техникалық қондырғы – шахта және жер бетілік бөлігінің материалдары, оның санитарлық жағдайы;

 су көтеру тәсілі – су алу орны;

•  су алу орнында санитарлық күзет аумағының болуы және оның шекаралары;

•  құдық пен ластаушы көз арасындағы қашықтық;

•  санитарлық-химиялық және микробиологиялық талдаулар бойынша судың сапасы, талдаудың мерзімділігі.

Санитарлық дәрігер сол шахталы құдықты пайдаланатын тұрғындарға қызмет көрсету радиусын және ең алыс жатқан үйдің қашықтығын білуі қажет. Тұрғындарды шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін ауылдық құдықтардың саны, ондағы судың сапасы және жеткіліктілігі негізгі сұрақтардың біріне жатады.    

Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жарамсыз құдықтарды көміп тастау қажет. Құдықтарды көму үшін оған таза грунт-саз сеуіп, қатты нығыздау қажет. Көмілген құдықтардың үстіндегі жер беті төбе түрінде 0,2 - 0,3 м шығыңқы болуы қажет (грунттың тапталуы орай).

Егер құдық суының микробиологиялық көрсеткіштер бойынша нашарлау себебі анықталмаса және оны жою мүмкін болмағн жағдайда, суды үнемі залалсыздандыру қажет. Санитарлық дәрігер судың тұрақты химиялық ластануы кезінде, құдық суын пайдаланбау және оны көміп тастау туралы шешім қабылдауы қажет.  

Ауылдық елді мекенді жергілікті сумен қамтамасыз етуде, оны санитарлық тексеру бағдарламасы:

  1.  Елді мекен, аудан, орналасқан жері.
  2.  Елді мекендегі шахталы құдықтар саны.
  3.  Көктемгі мезгілде еріген қар суы мен ластанған жер беті сулары құйылатын құдықтар саны.
  4.  Түбіне дейінгі тереңдігі 3 м-ден кем болатын құдықтар.
  5.  Шахталары бетон шеңберлерден, тастан, кірпіштен және ағаштан жасалған құдықтар саны.
  6.  Іргелері мен жоғарғы бөлігін жөндеуді қажет ететін құдықтар саны.
  7.  Бетіне жабатын қақпағы, үстіндегі қалқасы, қоғамдық шелегі, су тартатын насосы, арқаны, көпіршесі және су әкететін жырасы жоқ құдықтар саны.
  8.  Ластаушы көзден (әжетхана, сұйық қалдық құятын шұңқыр және т.б.) рұқсат етілмейтін қашықтықта орналасқан құдықтар саны.
  9.  Тұрғындардың су тұтынуда дебиті жеткіліксіз құдықтар саны.
  10.  Санитарлық күзету аумағы жоқ құдықтар саны.
  11.   Талдау мәліметтері мен тұрғындардың шағымы бойынша ауыз судың стандартқа сәйкес емес (бактериологиялық және органолептикалық) құдықтардың болуы туралы.   
  12.   Құдыққа салынған қыймаларды тазарту және дезинфекциялау жиілігі, бақылау қалай жүргізілетіндігі.
  13.   Тұрғындар арасында құдықтың санитарлық жағдайын бақылайтын қоғамдық жауаптылардың бар-жоғыне анықтау.   
  14.  Нұсқау бойынша құдықтың санитарлық паспортының СЭС-та бар-жоқтығы: құдық түбіне дейінгі тереңдігі, су бетіне дейінгі тереңдігі, дебиті, санитарлық-техникалық қондырғысы (шахта және жер беті бөлігінің материалы, жағдайы, суды көтері тәсілі – су алу орны).
  15.   Өндірістік санитарлық-химиялық және бактериологиялық талдау үшін сынаманы кім алатындығы және оның жиілігі.
  16.  Судың мөлдірлігі, түстілігі, исі, аммиактың, нитраттардың, нитриттердің болуы, микробиологиялық талдаулардың нәтижелері бойынша құдық суын мезгілдік зерттеудің мәліметтері бойынша қорытынды.    
  17.  Су сапасы бойынша тұрғындардың шағымдары (егер шағым болса).
  18.  Жергілікті сумен қамтамасыз ету жағдайы бойынша санитарлық қорытынды.
  19.  Сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.  

 Шахталы құдықтарға санация (тазалығын күшейту) жүргізудің әдістемесі. Құдықты эксплуатацияға беру алдында, одан кейін жылына 1 реттен кем емес уақытта, сондай-ақ егжей-текжейлі (капиталдық) жөндеуден кейін шахталы құдыққа санация – тазарту және дезинфекциялау бойынша шаралар жүргізеді. Санация профилактикалық және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша болуы мүмкін. Бірінші кезекте қолайлы эпидемиялық жағдай кезінде де жүргізіле береді, екінші кезекте – су жолы арқылы берілетін асқазан-ішек жұқпалы аруларының таралу ошағы анықталған кезде жүргізіледі.    

Профилактикалық санацияны құдық жануарлар мен кеміргіштердің өліктерімен, сондай-ақ басқа да бөтен заттармен ластанған кезде жүргізу қажет. Құдыққа санация коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің тікелей бақылауымен арнайы талаптар бойынша жүргізіледі. Ол келесі шаралардан тұрады:

  •  құдықтың су асты бөлігін алдын-ала дезинфекциялау;
  •  қорытынды дезинфекциялау;

Құдықтың су асты бөлігін алдын-ала дезинфекциялау үшін қажет:

  •  құдықтағы су көлемін анықтау;
  •  алтыншы, сантиметрлік лента немесе жүгі бар арқан жіппен құдықтағы су бағанының биіктігін анықтайды (м);
  •  құдықтың ішіндегі айнала қыйманың ауданын (м2) анықтайды, ол келесі формула бойынша анықталады:

    

S = π · r2,

мұндағы  S – қыйманың ауданы; π – 3,14; r – қыйманың радиусы;

Тік бұрышты қыйманың ауданы (м2) екі жақты көбейту арқылы анықталады (ұзын және қысқа);

  •  құдықтағы судың көлемін (м3) су бағанының биіктігін қыйманың айнала ауданына (м2) көбейту арқылы анықтайды;
  •  құдықтың су асты бөлігін дезинфекциялау үшін хлорлы әктің қажетті мөлшерін келесі формула арқылы есептеуге болады:

Х = ,

мұндығы Х – хлорлы әктің қажетті мөлшері (г); V – құдықтағы су көлемі (м3);

С – құдық суындағы белсенді хлордың қажетті концентрациясы (100 –150 г/м3);

А – хлорлы әктегі белсенді хлордың болуы (%);

100 –  тұрақты сандық коэффициент.

 Хлорлы әктің есептелген мөлшері суда ерітіліп, құдыққа құйылады. Құдықтағы суды 15 минут бойы шелекті жіберіп, одан қайта көтеріп әбден аралстырады, одан соң 2 сағаттан кейін дезинфекция жүреді. 2 сағаттан кейін құдықтағы су толық сорылып, құдықты лайдан, бөтен заттар тазартады, ал қыйма механикалық жолмен тазартады.   

Қыйманың бетін ақырғы дезинфекциялау кезінде (сыртқы және ішкі) 5%-дық хлорлы әк ерітіндісімен 1 м2 ауданды 0,5 дм3 мөлшерде болатындай есеппен залалсыздандыру қажет. Содан кейін құдықты сумен толтырған соң, оның су асты бөлігін белсенді хлордың сондай концентрациясымен қайта дезинфекциялайды, бірақ бұл м3 көлемде есептелмейді, құдықтағы судың 1 литрына сәйкес есептеліп, 6-8 сағат бойы заласыздандырылады. Бұдан кейін судағы қалдық хлордың мөлшерін, исін тексереді және су сынамасын санитарлық-химиялық және бактериологиялық талдау үшін (әрбір 24 сағат сайын үштен кем емес зерттеу жүргізілуі қажет) СЭС-қа жібереді.   

Шахталы құдықтағы суды мөлшерлеуші патрондармен залалсыздандыру. Соңғы жылдары құдықтағы суды дезинфекциялауда мөлшерлеуші патрондар көмегімен жүргізу жиі қолдынылады, оның кәдімгі дезинфекциядан айырмашылығы құдық суының ұзақ уақыт залалсыздануын қамтамасыз етеді. Бұндай заласызданандыру келесі жағдайлардыа ұсынылады:   

 • микробиологиялық көрсеткіштердің санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі;

 •   санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша судың ластануы;

 •   құдықты санациялағаннан кейін су сапасының нашарлауы;

           •  ішек инфекцияларының ошағында ошақты жойғанға дейін.

4.11-сурет. Керамикалық мөлшерлеуші патрон.

 Мөлшерлеуші патрондар көмегімен құдық суын заласыздандыруды тек жергілікті СЭС-тің санитарлық дәрігері санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша су сапасын бақылай отырып жүргізеді.    

Мөлшерлеуші патрондар бұл 250, 500, немесе 1000 см3 сиымдылық көлемдегі керамикадан жасалған ыдыс (4.11 сурет), оған хлорлы әкті толтырып, құдықтың ішіне тастайды. Салынатын хлорлы әктің қажетті мөлшері құдықтың дебитіне, ондағы судың көлеміне, бастапқы су сапасына, су алу интенсивтілігіне, грунтты судың түсу жылдамдығына   байланысты.       Судың хлор қажеттілігі құдықтың санитарлық жағдайына тура пропорционал және қыйманың ластану деңгейіне, түбіндегі саз балшықтың мөлшеріне байланысты. Сондықтан мөлшерлеуші паторондарды қолдану құдықты алдын ала тазартудан өткізгеннен кейін және құдықққа дезинфекция жасағаннан кейін ғана тиімді болып табылады.    

Мөлшерлеуші патрондардың ішіне препарат толтырмастан бұрын оларды 3 сағат бойы суға салып қояды, содан кейін барып, препаратпен толтырырады, сосын 100 – 200 см3 су құйып, әбден араластырып, резиналы тығынмен жабады. Құдық суын ұзақ дезинфекциялау үшін патронды жіпке байлап, су айнасынан 0,5 м төменге түсіріп, жіпті құдық қыймасына байлап қояды.    

Мөлшерлеуші патрондарды түсіргеннен кейін 6 сағат өткен соң, судағы белсенді қалдық хлор мөлшерін анықтайды. Егер қалдық мөлшер литрына 0,5 мг-нан төмен болса, құдықққа қосымша тағы бір патрон салып, 6 сағат өткен соң қалдық хлорды қайта тексереді. Қажетті концентрацияға жеткізгеннен кейін белсенді қалдық хлор мөлшеріне сәйкес түзету жүргізе отырып, кем дегенде аптасына 1 рет тексереді.    

Патронды толтыруға қажетті (кг) дезинфекциялық заттың мөлшерін (Х) санитарлық дәрігер формула бойынша есептейді:

X = 0,07 · Х1 + 0,08 · Х2+ 0,02 · Х3 + 0,14 · Х4,

мұндағы, Х1құдықтағы су көлемі3); Х2құдықтың дебиті3/ч);

Х3су таратушы3/сут); Х4судың хлор сіңіргіштігі (мг/л).

 Формула белсенді хлордың мөлшері 52% болатын препараттар үшін (кальций гипохлориді) есептелген, егер дезинфекция хлорлы әкпен (белсенді хлор мөлшері 25%) жүргізілсе немесе қыс мезгілінде препараттың мөлшерін екі есе ұлғайту қажет.   

 Ескерту. Құдықтың дебиті (1 м3/сағ) құдықтан суды тез сорып, тарту арқылы алып, формула бойынша оның қайта толу деңгейінің уақытын тіркейді:   

Д = ,

мұндағы Д – құдықтың дебиті3/ч), Vсорып алынған судың көлемі3);

Т – құдықтағы суды сорып алуға және оның су деңгейінің толуына қажетті уақыт қосындысы (минут); 60 – тұрақты коэффициент.

Су таратушы 3/сут) – орташы мәні алынады;

Судың хлорсіңіргіштігі (мг/л) – тәжірибелі түрде анықталады.

Мөлшерлеуші патрондарды орнату және алмастыруды жергілікті СЭС-тің санитарлық дәрігердің көмекшісі жүргізеді, алмастыру мерзімділгі бір айдан артық болмауы қажет. Пайдаланылған патрондарды қайта қолдануға болады, ол үшін оларды жақсылап жуып, 2-4 сағат бойы уксус қышқылының ерітіндісімен толтырып қояды (1:250), одан кейін қайта жуып, паторндарды қайта қолдануға болады.  

Жер асты су құбырының басты имараттарын санитарлық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, орналасқан жері.
  2.  Ұңғы туралы жалпы мәліметтер: иесі кім, мақсаты, кімге қызмет көрсетеді, имараттың жылы.
  3.  Басты имараттар орналасқан аумаққа сипаттама, олардың тізімі, өз-ара орналасуы.
  4.  Сулы деңгейжиектің толу жағдайы, оны ластанудан қорғау судың статикалық деңгейінің өзгеру байқалды ма?
  5.  Ұңғының құрылымы. Ластану қауіптілігін туғызатын жоғары жатқан деңгейжиектен салынып жатқан сулы деңгейжиектің изоляциялау тиімділігі.
  6.  Шахтаның орналасқан жері, оларды грунт суынан қорғау (шахтаның тереңдігі, қабырғаның материалы, сазды құлыптың болуы, еденнің материалы, ұңғыдан еденнің еңістігі және су жинау үшін шұңқырдың бар-жоқтығы, киілмелі құбырлардың жоғарғы кесіндісі еден бетінен 0,5 м-ден кем болмауы керек). Шахтаны атмосфералық жауын-шашындардан қорғау (люктар, атмосфералық жауын-шашындарды ағызу үшін пайдаланылатын астаушалар). Шахтаның санитарлық жағдайы.   
  7.  Су көтергіш құрылымдар (поршендік, орталықтан тебетін насос, тік, бататын). Эксплуатациялық құрылымдар және жағдайлар (жұмыс басында қандай судан және қандай тәсілмен алынатындығы орталыққа тебетін насостар кезінде анықталып, тексеріледі, осы кезде суға ластаушы заттардың түсу мүмкіндігі).
  8.  Ұңғының аузы, ол қарауға жеткілікті ме, киілмелі құбырдың жоғарғы шеті мен су көтергіш құрылымы арасындағы аралық тығыз жабылған ба, су сынамасына арналған кран бар ма.
  9.  Насостық станцияның орнасқан жері, оның санитарлық жағдайы. Насостық станция мен ұңғының арасындағы өз-ара орналасуын бағалау.
  10.  Суды өңдеудің қабылданған схемасы.
  11.  Заласызландыру әдісіне сипаттама. Заласыздандырушы заттың мөлшері, заласыздандыру тиімділігі.
  12.  Санитрлық күзету аумағы: бекітіген ба, жоқ па, қашан бекітілген? Қанша белдеуден тұрады? СКА-дағы шаралар – жүргізіле ма, жоқ па?
  13.  Су қысымды бактардың мұнарасы, оның ішкі әрленуі, тығыз қақпақшасының, құятын және лайға арналған құбырлардың бар-жоқтығы. Резервуарларды тазарту және дезинфекциялау қалай жүргізіледі, арнайы құрылымдардың болуы, дезинфекциялау тәсілі, хлорлы әк ертіндісінің концентрациясы.   
  14.  Қызмет көрсетушілер, олардың саны. Қызмет көрсетушілердің санитарлық тазалықты сақтауы. Медициналық тексеруден өткендігі. Санитарлық кітапшасының болуы.
  15.  Қызмет кіөрсетушілерге арналған бөлмелер (демалыс бөлмесі, жуынатын бөлме, әжетхана).
  16.  Су құбыры станциясы аумағында басты имараттардың өз-ара орналасуын санитарлық бағалау.
  17.  Су сапасын кім тексереді және қанша уақытта (ведоствалық зертхана, СЭС )
  18.  Су сапасына тұрғындардың шағымдары (егер болса).  
  19.  Су құбырының басты имараттарының жұмыс жағдайына байланысты санитарлық қорытынды.  
  20.  Басты имараттардың жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

Ашық суаттардың су құбырының басты имараттарын санитарлық тексеру бағдарламасы  

  1.  Елді мекен, аудан, орналасқан жері.
  2.  Су құбыры кімнің қарамағында, мақсаты, кімге қызмет көрсетеді, иамарттың жылы.
  3.  Су құбырынң су алатын көзі, оның сипатамасы.
  4.  Су алу имараттарының түрлері.
  5.  Суды өңдеудің қабылданған схемасы.
  6.  Су құбырында қолданатын коагулянттар, мөлшері, регентті шаруашылықтың құрылымы, араластырғыштың, үлпек түзу камерасының құрылымы, коагулянттарды, үлпек түзу камераларын сақтау жағдайлары.   
  7.  Тұндырғыштардың құрылымы мен жұмыс істеу тәртібі. Тұндыру уақыты, судың қозғалыс жылдамдығы, тұндырғыштарды тазарту тәртібі, тұндыру тиімділігі.   
  8.  Сүзгілердің құрылымы мен жұмыс істеу тәртібі: түрі, шаршы метрдегі ауданы, сүзу жылдамдығы, м2 , жуу тәртібі.
  9.  Залалсыздандыру әдісіне сипаттама. Залалсыздандыратын заттардың мөлшері, заласыздандыру тиімділіг.
  10.  Санитарлық күзету аумағы: бекітілген ба, жоқ па, қашан бекітілген? Қандай белдеулерден тұрады? СКА-да шаралар ұйымдастырылған ба, жоқ па?
  11.  Су қысымды мұнара багі, оның ішкі әрленуі, тығыз қақпақтың болуы, су құятын және ластанған су құятын құбырлар. Резервуарларды тазарту және дезинфекциялау қалай жүргізіледі, арнайы заттардың болуы, дезинфекциялау тәсілі, хлорлы әк ерітіндісінің концентрациясы.
  12.  Қызметкерлердің санитарлық талаптарды сақтауы, медициналық тексеру жүргізу, санитарлық кітапшаның болуы.
  13.  Қызмет көрсетушілерге арналған бөлме (демалыс бөлмесі, жуынатын бөлме, әжетхана).   
  14.  Су құбыры станциясы аумағында басты имараттардың өзара орналасуын санитарлық бағалау.
  15.  Су құбыры станциясы аумағында басты имараттардың өз-ара орналасуын санитарлық бағалау.
  16.  Су сапасын кім тексереді және қанша уақытта (ведомствалық зертхана, СЭС )
  17.  Су сапасына тұрғындардың шағымдары (егер болса).  
  18.  Су құбырының басты имараттарының жұмыс жағдайына байланысты санитарлық қорытынды.  
  19.  Басты имараттардың жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

Орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз етуді санитарлық тексеру бағдарламасы.

  1.  Елді мекен, аудан, орналасқан орны.
  2.  Орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету ауданы. Ыстық сумен қамтамасыз ететін халық саны.
  3.  Ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйе түрі (ашық немесе жабық).
  4.  Жылу электр орталығының ведомствалық құрамы.  Жылу электр орталығын сумен қамтамасыз ету көзі (ашық суат, қалалық су құбыры).     
  5.  Ашық суды өңдеу әдістері, сұзгілердің болуы, су дайындау үшін реагенттер (әк, сода, сілті, натрий сульфиті, фосфаттар, гидразин, морфолин), коррозия кезінде қолданатын химиялық заттар (полифосфаттар, натрий силикаты, қабықша түзуші аминдер).
  6.  Суды деаэрациялау сапасына зертханалық бақылау, онда белсенді көмір қышқылының болуы, темір тұздарының болуы. Судың органолептикалық қасиеттерін зерттеу (исі, түстілігі).
  7.  Жылу беру орындарында су сапасының тұрақтануын қабылдау (суды магнитті өңдеу, қабыданған магниттік өрістік қуаттылық, суды темірсіздендірудің болуы және болмауы).
  8.  Тарату торабындағы су сапасын бақылауды ұйымдастыру, су тұтыну орындарында су сапасының сәйкестігі, соңғы 2-3 айдағы зерханалық бақылау нәтижелерін талдау. Ыстық судың температуралық өлшемдеріне сипаттама.   
  9.  Тарату торабындағы құбыр материалдары (электрожелімдегіш болат, мырышталған, пластмасса).
  10.  Жылыту кезеңі арасындағы квартал ішілік тораптарды жуу тәртібі, жуу әдістері, су сапасының қорытынды талдау нәтижелері.
  11.  Қызмет көрсетуші адамдар, саны. Қызмет көрсетушілердің санитарлық тәртіпті сақтауы, медициналық тексеруден өту, санитарлық кітапшаларының болуы.
  12.   Қызмет көрсетушілерге арналған бөлмелер (демалу бөлмесі, жуынатын бөлме, әжетхана).
  13.  Су сапасына тұрғындардың шағымдары (егер бар болса).
  14.  Ыстық сумен қамтамасыз ету туралы қорытынды, суды өңдеу әдістері, оны әрі-қарай жақсартудың шараларын негіздеу.
  15.  Ыстық сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

                     Сақтық санитарлық бақылау

Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етуге сақтық санитарлық бақылау кезінде санитарлық дәрігердің іс-әрекетінде сумен қамтамасыз ету жобасына сараптама жүргізу негізгі шараларға жатады.

     Елді мекенді сумен қамтамасыз ету жобасына санитарлық сараптама.

        Жергілікті табиғи жағдайлардың әр түрлігіне байланысты, шаруашылық-ауыз су құбырының құрылысы көбіне жеке жоба бойынша жүргізіледі, ал жеке су құбыры имараттары – типтік жоба бойынша жүргізіледі. Жоба түсініктеме қазаздан және графикалық материалдардан тұрады. Түсініктеме қағазда су құбыры жобаланатын елді мекеннің сипаттамасы болуы керек, халық саны және олардың су тұтыну есептеулері.   

       Арнайы зерттеулер нәтижесі бойынша түсініктеме қағазда сумен қамтамасыз ету көзін таңдау және суды талдау нәтижелернін негіздеу, жобаланатын су құбыры мен тазарту имараттарына сипаттама, санитарлық күзету аумағы бойынша сипаттама. Бұл мәліметтерді негіздеу үшін санитарлы-топографиялық, гидрологиялық, гидрогеологиялық мәліметтерді зерттейді,     СКА-ның I және II белдеулерінәі шекараларын есептеу және санитарлық және инженерлік деңгейінен ауытқыған шамаларды анықтау. Негізінен СКА-ын ұйымдастыру бойынша материалдар жеке жоба бойынша беріледі.   

Жобаның сызбалық материалдары:   

    1 : 5000 – 1 : 50 000 масштабта су құбыры және тазарту имараттары көрсетілген жағдайлық жоспар;

 •     1: 5000 масштабта су құбыры және канализациялық тораптар жолы көрсетілген елді мекеннің бас жоспары;

 •     1 : 1000 – 1 : 2000 масштабта су алу орнының имараттары көрсетілген бас жоспар;

 • 1:200 – 1 :400 масштабта су құбыры имараттарының негізгі сызбалары (жоспар және кесінді).

Кейде жобада сумен қамтамасыз ету сызбасы канализация сызбасымен бірге беріледі, ал шағын елді мекен жобасында инженерлік қондырғылардың жалпы жүйесінде барлық инженерлік жүйелер бірігіп беріледі. Сумен қамтамасыз етудің қарапайым сызбасында бұрыннан бар және жобаланатын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің имараттар алаңдары болады: су алу орындары, лайлы алаңдар, насостық станциялар, су тасымалдайтын және жол тораптық су құбыры тораптары болады.        

Жер асты су көздерін шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету жобасына сараптама.  

     Санитарлық дәрігер жобаға сараптама жүргізер алдында жобаның төлқұжат мәліметтерімен танысып, ұсынылған материалдардың толықтығына баға береді. Санитарлық дәрігер қандай-да бір құжат жеткіліксіз болғанда, оны көрсетуді талап етеді. Барлық мәліметтерді 303/т формасына енгізеді:

«Ақсай селосындағы шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етудегі су құбырын кеңейту жобасын» қорытынды сараптама

»

« 19 »  наурыз  2007 ж..

I. Жобаны қарастыру хаттамасы

  1.  Жобаның аты:     Шығыс-Қазақстан облысы Ақсай селосының шаруашылық ауыз-су құбырын кеңейту.   
  2.  Өнеркәсіптің аты: Батыс-Қазақстан облыстық әкімшілігі.
  3.  Құрылыс орны: Қазақстан Республикасы Батыс-Қазақстан.  
  4.  Ұсынылған құжаттар:

а) жобалауға тапсырма;

б) жобаның түсініктеме қағазы;

в) сызбалық материал;

г) СКА-ның жобасы;

д) ұсыныстар

5.   Жоба өңделді: Ақтөбе НИГРИ ЖШС (ТОО).

6.   Жоба мәліметтері алынды:  « 6 » наурыз 2007 ж.

7.   Жобаны қарастыру кезінде бекітілді:  

          Санитарлық дәрігер ұсынылған құжаттармен дәйекті танысқыннан кейін сараптаманың бес негізгі сұрақтарына жауап беруі қажет:  :

  1.  Ауыз суға елді мекеннің есептік қажеттілігін бағалаудың дұрыстығы.
  2.  Су көзін таңдаудың дұрыстығы.
  3.  Су дайындаудың технологиялық сызбасының таңдалғандығының дұрыстығы.
  4.  Су құбырының жеке имараттарының орналасу дұрыстығы.   
  5.  Су құбырын санитарлық қорғау аумағының жобасын (бөлім) гигиенеалық бағалау.  

              Біріншілік сұрақ бойынша санитарлық дәрігер қорытындыны  ҚР ҚНмЕ 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен имараттар» құжаты бойынша береді, онда меншікті су тұтыну нормасы берілген. Меншікті су тұтыну дегеніміз - өнім бірлігіне қарай немесе уақыт аралығына қарай тұтынушыға берілетін су көлемі.    

Су құбырымен қамтамасыз етілетін халық саны анықталады, сондай-ақ қосымша су тұтынушылар да анықталады: коммуналдық және тағамдық нысандар, емдеу және балалар мекемелері және т.б. Су құбырының қуаттылығы тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, комуналдық нысандарды, өндірістік қажеттілікті, сондай-ақ қала аймағын жууды қамтамасыз етуде жеткілікті болуы қажет. Егер су құбырының қуаттылығы елді мекен үшін жеткіліксіз болса, онда бірінші кезекте сапалы орталықтандырылмаған       сумен қамтамасыз ету көзі жоқ көп қабатты тұрғын үйлері бар аудандар су жеткіліксіздігінен зардап шегеді.

Зерттеулер көрсеткендей, тұрғындар үшін су шығыны сыртқы су алу құбырларынан және ішкі су құбыры бар, бірақ канализациясы жоқ үйлерде су тұтыну 1 адамға шаққанда тәулігіне 29 л-дан аспайды. Су құбыры мен канализациясы бар үйлерде су тұтыну 1 адамға шаққанда 200 л-ды құрайды, ал ыстық суы бар үйлерде одан да жоғары. Соңғы жылдары канализациялық елді мекендерде ыстық сумен қамтамасыз ету тораптарының да дамуы жоғарылауда. Негізінен меншікті су тұтыну нормасы елді мекеннің (Qтәулік. m   м3/тәулік)  жайластыру деңгейіне байланысты. Елді мекенде ауыз судың тәуліктік су шығынын есептеу (орташа жылдық) келесі формуламен анықталады:

Qтәулік. m = ,

мұндағы  ∑ – қосынды белгісі; gж – ҚНмЕ-де қабылданған бір адамға шаққандағы меншікті су тұтыну;    Nж – әр түрлы жайластыру үйлерінде тұратын тұрғындардың есептік саны.

        Жобада ауыз су және елді мекенде басқа басқа мақсатта қолданатын су шығыны көрсетілуі қажет: өндірістік, қызмет көрсету саласы, автокөліктерді жуу, көшелерді жуу, субұрқақтардың (фонтандардың) жұмыс істеуі, өрт сөндіру және т.б. Судың тәуліктік шығынының барлық көрсеткіштер қосындысы су көзінің дебитімен салыстырылады, одан кейін елді мекеннің ауыз суға деген қажеттілігінің дұрыс есептелгендігі туралы сәйкес қорытынды беріледі.       

       Екіншілік сұрақ бойынша (сумен қамтамасыз ету көзін таңдау) санитарлық дәрігер ГОСТ 2761-84 «Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабжения. Гигиенические, технические требования и правила выбора» құжатын басшылыққа алады ГОСТ 3 бөлімнен және қосымшадан тұрады:

1-бөлім.  Негізгі жаңдайлар келесі түрде беріледі:

     • су көзін таңдау оның санитарлық үміттілігін есепке ала отырып жүргізіледі және ауыз су ретінде сапасын жақсарту үшін аз шығын жұмсалатын көзді таңдаған дұрыс. Су көзіндегі су мөлшері, су алу орнының орналасатын орын, су көзінің санитарлық жағдайын болжау жағдайлары міндетті түрде бағаланады;      

 • су сынамасын алу орны, сынаманың өзі және оны талдауды санитарлық қызмет жүргізеді. Су көзінің жарамдылығы туралы қорытындыны тек СЭС береді және үш жылға дейін жарамды, мерзімі біткеннен кейін қайта қорытынды беріледі.

2-бөлім.   ГОСТ-тағы санитарлық ережелерде су көзі сапасына қойылатын гигиеналық және техникалық талаптар судың табиғи қасиеттерін, сондай-ақ антропогендік әсер ету мүмкіндігін сипаттайды. Суды өңдеудің дәстүрлі әдістері кейбір заттардың бастапқы мөлшерін төмендетпейді, мысалы судың тұзды құрамы (сульфаттар, хлоридтер, жалпы кермектілігі), сондай-ақ  химиялық заттардың концентрациясын төмендететін қарпайым, сенімді әдістер жоқ, сондықтан  көрсеткіштер мөлшеріне қойылатын талаптар осыған негізделген. Суда еритін тұздар тазарту имарттары арқылы ұсталмай өтіп кетеді, сондықтан оларды жою үшін арнайы әдістер қажет. Сондықтан МЕМСТ (ГОСТ) «Источники централизованного хозяйственно-питьевого водоснабжения» құжаты барлық санитарлық заңдылықтар ішінен 1984 жылдан кейін өзгертілмей отыр.

 Тұщы су көздерінің су құрамының алғашқы талаптарына кейінгі су дайындауға байланыссыз бірқатар көрсеткіштер міндетті көрсеткіштерге жатады:  құрғақ қалдық – 1000 мг/дм3 мөлшерінен жоғары емес (СЭС рұқсатымен  –1500 мг/дм3 мөлшерге жоғарылатуға болады; хлоридтер – 350 мг/дм3 мөлшерден жоғары емес, сульфаттар – 500 мг/дм3мөлшерден жоғары емес, жалпы кермектілігі – 7 мг экв/дм3 мөлшерден жоғары емес (СЭС рұқсатымен - 10 мг экв./дм3 мөлшерге дейін), химиялық заттардың концентрациясы суға арналған ШРЕК-тен аспауы қажет.  

Судың кермектілігін судағы кальций және магний тұздарының ерітіндісі түзеді. Кермектілік көрсеткіші мг.экв/литр өлшемінде есептеледі және кермектіліктің 1 мг.экв-де 1 литр суда   20,04 мг Са2+ немесе 12,16 мг Мg2+ тұздарының иондары сәйкес келеді. Кермектіліктің уақытша, тұрақты және жалпы түрі болады. Уақытша кермектілік кальций және магний гидрокарбонатының (Са(НСО3)2 и Мg(НСО3)2) болуына негізделген, ол ұзақ суды қайнату кезінде жойылады:   Са(НСО3)2 = СаСО3 + Н2О + СО2.

 Түрақты кермектілік, яғни қайнаған судағы кермектілік кальций және магний хлоридттері мен сульфаттарының болуы кезінде шақырылады. Тұрақты кермектіліктің үлкен мәні қондырғының жұмысын бұзатын ерімейтін тұнбалардың су құбыры және су жылытқыш жүйелердің ішінде жиналып қатпар болып қалады. Судың жалпы кермектілігі тұрақты және уақытша кермектіліктің қосындысы болып табылады, бірақ уақытша кермектіліктің көрсеткіштері тұрақты кермектіліктің индекстерінен бірнеше есе жоғары болады. Ауыз судың кермектілік факторы тұрғындар денсаулығының аумақтық ерекшелік жағдайын анықтайды. Жалпы кермектілігі бар су деп есептеледі: 3,5 мг.экв/л-ге дейін – жұмсақ; 3,5-тен 7  мг.экв/л-ге дейін – орташа; 7-ден 10 мг.экв/л-ге дейін – қатты;         10 мг.экв/л-ден жоғары  – өте қатты.  

 3.02.002.04 ҚР санитарлық нормалар мен ережелерде, ауыз судың кермектілігі нормаланады - 7 мг.экв/литр. Сонымен бірге санитарлық дәрігер шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету жобасын сараптау кезінде кермектілігі әр түрлі суларды кездестіргенде жобалаушының дұрыс таңдағандығын бағалу қажет.

Кермектіліктің жоғарғы мәні Қазақстанның кейбір орталық және оңтүстік аймақтары үшін тән тұзды топырақтың артезиандық суларында кездеседі. Олар суға жағымсыз дәм береді, күнделікті тұтыну кезінде буындарда тұздың жиналуына алып келеді (полиартрит, остеохондроз). Сонымен бірге кальций және магний иондары ішекте тағамдық заттардың сіңу үрдісін нашарлатып, дерматиттер шақырады, йод жетіспеушілік кезнде ауыз суда кальцийдің жоғары болуы қалқанша бездің ауруына алып келеді.       

Ауыз суда кермектіліктің төмен болуы да адам денсаулығы үшін зиянды, бұл кезде тұрғындарда кариесті туғызады, қаңқа сүйегінің беріктігін төмендетеді, организмде ішкі ресурстардың әсерінен кальцийдің жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан БДҰ-ның ұсынысымен кермектіліктің төменгі рұқсат етілген деңгейі 1,5 мг.экв/л мөлшерін құрайды.   

МЕМСТ құжатының негізгі көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін су көздері шаруашылық-ауыз ретінде таңдалынбайды. Химиялық заттар мен микроорганизмдер көрсеткіштері үшін тазарту мен залалсыздандырудың тиімді әдістері қолданылады. Жобаны бағалау кезінде жобаланатын су құбырының қуаттылығы су көзінің дебитінен жоғары болмауын ескеру қажет. Дебит (французша – шығын) – бұл уақыт бірлігіне қарай су көзінен шығатын су мөлшері.  Өлшем бірлігі - л/м3  белгілі-бір уақыт аралығында сек., минут, сағат, тәулік.

Санитарлық үміттілік деңгейі бойынша орталықтандырылған-шаруашылық сумен қамтамасыз ету көздері келесі кезекте таңдалады:

 • қатты қабат аралығындағы қысымды су;

 • қатты қабат аралығындағы қысымыз су;

  грунттық су;

 • жасанды толтырылатын жер асты суы;

 • арна аралық су;

 • жер беті сулары.

 Сумен қамтамасыз ету көзін таңдау бойынша жоба мәліметтерін  бағалау кезінде жоғарыда келтірілген ГОСТ 2767-84 құжатының көрсеткіштерін қолданады. Түсініктеме қағазда су көзінің барлық сипаттамасы берілуі қажет, осыған орай санитарлық дәрігер су көзінің гигиеналық жағынан тиімділігін ескеріп, жобалаушы ұйымның дұрыс таңдағандығына баға береді.     

Ауыз сумен қамтамасыз ету кезінде санитарлық дәрігер жер асты суларына ерекше көңіл бөлу қажет. Ауыз су мақсатында жарамды жер асты суларын шаруашылық-ауыз су мақсатына қатысы жоқ су ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді (ҚНмЕ № 4.01-02.-2001). Тек, жер беті сулары жоқ аудандар үшін және ауыз су сапасындағы жер асты қоры көп болған жағдайда, бұл суларды өндірістік қажеттілікте қолдануға суды қорғау және реттеу бойынша ұйымдар келісімінен кейін ғана рұқсат беріледі. Өндірістік сумен қамтамасыз ету үшін жер беті немесе тазартылған ағынды суларды қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет.         

Егер жер асты суын қолдану жобаланса, онда жобада гидрогеологтардың және жергілікті санитарлық бақылаудың су құбыры имараттарын салу үшін, учаскенің жарамдылығы туралы қорытынды болуы қажет. Егер ашық суаттарды қолдану жобаланса, онда жобада гидрологиялық мәліметтер болуы қажет, сондай-ақ жергілікті санитарлық бақылау ұйымының жарамдылығы туралы қорытынды болуы қажет.  

4.7-кесте

Техногенді факторлардың әсер ету айқындылық деңгейі бойынша жер асты суларының гигиеналық жіктелуі

Техногенді факторлардың жер асты су сапасына әсер ету деңгейі

Жер асты суларының ластану деңгейі

Рұқсат етілген

Фондық көрсеткіштердің мезгілді түрде көтерілуі жыл бойына есептегенде максималды деңгейі гигиеналық нормативтен төмен.

Әлсіз байқалатын

Жыл бойында ай сайынғы сынама кезінде техногенді ластану көрсеткіштерінің жоғарылау тенденциясы сақталады. Бұл кезде ластанудың максималды деңгейі гигиеналық норомативтен төмен болады.   

Шекті

Фондық көрстекіштер тұрақты түрде жоғарылайды, максималды деңгейі ШРЕК .

Қауіпті

Фондық көрстекіштер тұрақты түрде жоғарылайды, максималды деңгейі > ШРЕК.  


Жер беті ластаушыларынан, су тоғандардардан жер асты суларының құрамы мен қасиеттерінің тұрақты өзгерісі кезінде, судың қоректену және жеңілдену аймағының жағдайы өзгерген кезде, сулы деңгейжиектің эксплуатациялық және бірінші деңгейінің өзгерісі кезінде ластанған деп есептеледі. Санитарлық дәрігер Ресей Федерациясының санитарлық заңдылықтарымен қабылданған, гигиеналық жіктелуді пайдаланып, жер асты суларының ластану қауіптілк деңгейін бағалауына болады (4.7-кесте).

         Жер асты суларының қоры аз болған кезде шаруашылық ауыз су құбырлары үшін жартылай жер беті суларын да қолдануға болды, ол туралы мәліметтер жобада көрсетілуі қажет. Жобаға санитарлық сараптама жасаудың ролі – жобалаушының дұрыс таңдағандығына санитарлық көзқарас бойынша баға беру. Сонымен қатар, жер асты суларының қорын жасанды толтыру жолымен ұлғайту туралы да қарастырған дұрыс.     

       Жер асты суларын жасанды толтыру әдісі (ЖАСЖТ) – жер беті суларын, тіпті ластанған жер беті суларын жер асты сулы қатты қабатқа енгізу болып табылады. Бұл арқылы жер асты суларынң су құбырының өнімділігін ұлғайтады, жоғары ластанған жер беті суларынан салыстырмалы төмен температурадағы (12-13 С0) жоғары сапалы су алуға болады, жер асты суларын жер беті суларымен араластыра отырып, олардың тұздылығы мен кермектілігін төмендетуге болады (едәуір жұмсақ).          

       Жобаны сараптаудың  үшінші негізгі сұрағына су дайындау технологиясының дұрыс таңдалғандығыны баға беру болып табылады.  ГОСТ 2761-84 құжатын сәйкес, су көзінің ластану деңгейін, қай класқа жататыындығын анықтап, сапалық нормативіне жеткізу үшін сәйкес су өңдеу әдістерін қолдану қажет. Осы өңдеу әдістерінң көлеміне қарай, барлық су нысандары үш класқа бөлінеді.

СУДЫ ӨҢДЕУДІҢ КЛАСТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Сумен қамтамасыз етудің жер асты су көздері

1-класс – судың сапасы барлық көрсеткіштер бойынша гигиеналық талаптарға сәйкес келеді;

2-класс –  судың сапасында жеке көрсеткіштер бойынша ауытқулар бар, оларды аэрация, сүзу, залалсыздандыру арқылы жоюға болады;     

3-класс – 2-класта қарастырылған өңдеу әдістерін, қосымша сүзу, тұндыру, реагенттерді қолдану және т.б. арқылы су сапасын нормаларға дейін жеткізу қажет.   

Сумен қамтамасыз етудің жер беті су көздері

1-класс – нормативке сәйкес су алу үшін залалсыздандыру, сүзу, коагуляция қолдану немесе қолданбау арқылы тазарту;

2-класс –  нормативке сәйкес су алу үшін коагуляциялау, тұндыру, сүзу, заласыздандыру әдістерін, фитопанктондар болған жағдайда микросүзгілерді қолдану;  

         3-класс – 2-класта қарастырылған өңдеу әдістерін, қосымша мөлдірлендіру, тотықтырғыш, сорбция әдістерін, заласыздандыру әдістерін қолдану.     

Жер асты және жер беті су көздері үшін жіктелу жеке беріледі. Бұл кезде жер асты суының 1-класына жататын су көздерін тазартусыз, залалсыздандырусыз пайдалануға болады, өйткені ол ауыз су сапсының нормасына сәйкес келеді. Жер асты суының 2,3-класқа жататын су көздерін және жер беті суынң барлық 3-класына жататын су көздерін қосымша өңдеуден өткізу қажет. Су көзі класын сумен қамтамасыз ету жобасын өңдейтін ұйым анықтайды.     

  Егер жер асты су көздері химиялық құрамы бойынша СанНмЕ-ге сәйкес келетін болса, онда жобада оның заласыздандыруы ғана көрсетіледі, оған сарапшылар келісім беруге болады. Негізінен жиі суды коагуляциялау, тұндыру, әр түрлі құрылымдағы жылдам сүзгілерде сүзу әдістері қолданылады. Едәуір жетілген және экономикалық жағынан тиімді тазарту сызбасына – жанаспалы мөлдірлендіргіштен суды өткізу жатады.

Сондықтан жобалаушы ұсынған су көзінің тазарту сызбасын бағалау кезінде мақсатын, тиімділік және экономикалық жағынан деңгейін ескерту қажет. Заласыздандыру әдісін таңдау тазартылған судағы химиялық қосылыстардың қалдық мөлшері мен олардың трансформациялану мүмкіндігін есепке алу қажет.  Озондау немесе кешенді химия-физикалық әдістерді қолдануды ұсынған дұрыс.

 Су құбырының жеке имараттарының учаскеде дұрыс орналастыруын анықтау жер рельефінің жағдайына, таңдалған тазарту сызбасына, климатқа және басқа да жағдайларға байланысты. Санитарлық дәрігер су алу имараттарына арналған аймақта, оны қоршаған ауданда ластаушы көздің, пайдалынылмай қалған ұңғымалардың, карьердің бар-жоқтығын анықтау қажет. Егер жақсы қорғалған артезиандық сулы деңгейжиекті пайдалану ұсынылса, онда орналастыратын ауданды тұрғын ауданға жақын болуға рұқсат етіледі.           

Бірақ кез–келген жағдайда топырақ пен грунт суларын ластайтын нысандарға жақын орналастыруға болмайды, оны грунт суларының ағысы бойынша селитебті аумақтан жоғары орналастырған дұрыс. Тіпті пласт аралық су терең емес орналасқан кезде, су қысымды қорғанысы болмаған жағдайда су алу орнын тұрғын аймақ ішінде орнастыруға болмайды.         

Санитарлық дәрігер су құбыры торабының конфигурациясын бағалайды, түсініктеме қағаздан аймақтың санитарлық жағдайын, елді мекенге дейін су таратушыны қай жерге орнастыру керектігін болжап,  анықтайды. Су құбыры торабы шеңберлі түрде жобалануы қажет, ал тұйықталған түрі ерекше жағдайда ғана рұқсат етіледі. Құбырларды орнастыру кем дегенде 0,5 м тереңдікте орналасуы қажет, тереңдігі үлкен болған сайын, грунттың 20 см-ге дейін мұздауы болады.

 Жобаға сараптама жасаудың бесінші негізгі сұрағына санитарлық қорғау аймағын (СҚА) ұйымдастыру жатады. Бұл кезде міндетті құжатқа сол су көзінің СҚА-ы жобасын бекітетін Әкімшіліктің қаулысы болуы қажет. Негізгі нормативтік құжатқа ҚР денсаулық сақтау Министрлігі бқйрығымен бекітілген «Шаруашылықа-ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздері мен су құбырларынң санитарлық қорғау аумағын күтіп ұстауға қойылатын санитарылқ-эпидемиологиялық талаптар» атты СанЕмН жатады. Санитарлық ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылған:

           • қысымсыз сулар – сулы қабаттың жоғарғы бетінде атмосфералық деңгейде қысымы бар жер асты сулары;

           •  қысымды сулар – сулы қабаттың жоғарғы бетінде атмосфералық қысымнан асып түсетін ұыымның ықпалымен қозғалатын жер асты сулары;

           • қорғалған жер асты сулары – СҚА-ның барлық белдеу шегінде бір тұтас су тіректі жабындысы бар, жеткіліксіз қорғалған жоғарғы сулы қабаттан жергілікті қоректену мүмкіндігін болдырмайтын, қат-қабат аралық сулар (қысымы бар және қысымы жоқ);

 • жеткіліксіз қорғалған жер асты сулары – жер бетінен кейінгі қысымсыз сулы қабаттағы, сол өзі таратылатын алаңнан қоректенетін, жерасты (топырақ асты) сулары;    

           • төменгі деңгей (межень) – жыл сайын қайталанатын, өзен және көлдердегі су мөлшерінің маусымдық төменгі деңгейі;

 • санитарлық-қорғау жолағы – шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ететін су тартқыштың бойыман іргелес жатқан және суды ластанудан қорғауға арналған аумақ.                                                        

      СҚА-ын ұйымдастыру мүмкіндігі елді мекенді жоспарлау жобасы кезеңінде, сумен қамтамасыз ету көзін таңдау кезінде қарастырылады.          

Жер беті және жер асты су көздері арқылы шаруашылық ауыз-сумен қамтамасыз ететін су көздеріне және су құбырының имараттарына СҚА қарастырылуы керек.  

СҚА-нің жобасы шаруашылқ ауыз сумен қамтамасыз ету жобасынң құрамдыс бөлігі болып және бір мезгілде дайындалу керек. Пайдаланып отырған су құбырының белгіленген санитарлық қорғау аймағы болмаған жағдайда СҚА-ның жобасы арнайы дайындалады.

СҚА үш белдеуден тұруы керек:                                           

– бірінші белдеу (қатал тәртіптегі), құрамына бас тоғанның аумағы, су құбырының имараты орнасқан алаң кіреді және ол бас тоғанды және оның қондырғыларын ластанудан, зақымдалудан сақтауға қызмет етеді;

– екінші және үшінші (шектеуші) белдеулер – шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздерін микробиологиялық және химиялық ластанудан ескертуге арналған аумақ.

Су көздері мен су құбыры имараттарының СҚА-ның әрбір үш белдеуінде арнайы тәртіп бекітіліп, су сапасынң нашарлауын болдырмауға бағытталған шаралар кешені анықталады.     

Сумен қамтамасыз ететін жер асты су көздерінің СҚА-ның бірінші белдеуінің шекарасы жеке бас тоғаннан (ұңғымадан, шахталық құдықтан, шегендеуден (каптаж) немесе топталған бас тоған құрылғысының шеткі тоғанынан келесі қашықтықта белгіленеді: қорғалған жер асты суларын пайдаланғанда – 30 м, қорғалмаған жер асты суларын пайдаланғанда – 50м. Екінші және үшінші белдеулердің шекарасын анықтау барысында, бас тоғанға сулы қат-қабаттан судың құйылуы есепке алынуы керек.   

Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін жер бетіндегі су көздері үшін (өзендер, көлдер) СҚА-нің бірінші белдеудегі шекарасын төменгі шектеулерге сәйкес белгілейді:

 –  ағыс бойынан жоғарғы жерде орналасса – бас тоғаннан кем дегенде 200 м қашықтықта;

 ағыс бойынан төмен орналасса – бас тоғаннан 100 м-ден кем емес;

–  бас тоғанға іргелес жатқан жағасының бойымен – жазғы –күзгі су тоқтайтын төменгі кемерінң сызбасынан 100-ден кем емес;

бас  тоғанға қарама-қарсы бағыттағы жағадағы өзен немесе каналдың кеңдігі 100 м-ден кем болғанда – су айдынының барлық беті және жазғы-күзгі су тоқтайтын төменгі су кемерінің сызығынан кеңдігі 50м болатын қарама-қарсы жаға, өзен немесе каналдың кеңдігі 100 м артық болғанда – бас тоғаннан кеңдігі 100 м-ден кем емес су айдынынң жолағы.   

Су қабылдағыш шөміш түріндегі бас тоғанның бірінші белдеуінің шекарасына шөміштегі су айдынының барлығы кіруге тиіс. Суаттар үшін (су қоймалары, өзендер) су қоймасының барлық бағыттағы айдынына және су қоймасына іргелес жатқан жағасына дейін жазғы-күзгі су деңгейінің төменгі су кемерінің сызығынан 100 м-ден кем болмауы керек.   

Ағын судың екінші белдеуінің шекарасы микробтан өздігінен тазалануы мақсатында мынандай қашықтықта болуы керек:

      – ағыстан жоғары қарай, судың ағу жылдамдығына байланысты су ағар жолдың орташа ені менен ұзындығының немесе оның кейбір бөліктерінде су алатын орындарда белдеу шекарасынан өтетін су мөлшерінің орташа айлық шығыны жазғы-күзгі кезеңде IIА климаттық аудан үшін 5 тәулікке дейін, ал басқа климаттық аудандар үшін кем дегенде 3 тәулік болуы қажет;      

– ағыстан төмен қарай – су алатын орыннан кері соғатын желдің әсерін ескере отырып кем дегенде 250 м;

               – бүйірдегі шекаралы – жазғы-күзгі кезеңдегі су деңгейінің тұсында мынандай қашықтықта орналасуы керек: егер жер рельефі жазық болса – 500 м-ден кем емес, жер рельефі таулы болса – сумен қамтамасыз ету көзіне қарсы бірінші қыраттың ең жоғарғы нүктесіне дейін егер еңістік жайтақ болса, 750 м-ден кем болмауы, егер еңістік тік болатын болса, 1000 м-ден кем болмауы керек.    

Су қоймасындағы СҚА-ның екінші белдеуінің шекарасы бас тоғаннан су акваториясы бойынша айдайтын желкөтерменің (желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі) мөлшері 10%-ға дейін болса, 3 км қашықтықта, ал желкөтерменің мөлшері 10%-дан артық болса, 5 км қашықтықта болуы керек.

Сумен қамтамасыз ететін жер беті су көздерінң СҚА-ның үшінші белдеуінің шекарасы ағыспен жоғары және төмен қарай екінші белдеудің шекарасына сәйкес болып, бүйірдегі шекаралары су айрықтарының бойымен құйылатын суларды есепке ала отырып, 3-5 км шамасында болуға тиіс.   

 Сумен қамтамасыз ететін жер асты су көздерінің СҚА-ын бекіту үшін келесі мәліметтер қажет:     

–  су көзіндегі су сапасы;

– сумен қамтамасыз ету көзі орналасқан аумақтың гидрогеологиялық сипаттамасы; таңдалған су қысымды деңгейжиек (артезиандық – қысымды, грунттық - қысымсыз), оның жабындысының тереңдігі, сулы қабаттағы судың мөлшері туралы мәліметтер (пайдалану қор);   

– жабынды қат-қабаттардың өткізгіштік дәрежесі, қоректендіру аумағындағы судың сапасына әсер ету мүмкіндіктер туралы мәліметтер;

– бас тоғанға іргелес жатқан жергілікті жердің санитарлық сипаттамасы; бас тоғаннан ластау көзі болуы мүмкін нысанға дейінгі ара-қашықтық және олардың орналасуы: тасталған ұңғымалар, сіңіруші шұңқырлар, ойықтар, құдықтар, кен орнының өңдеуден кейінгі қалдықтары, жинақтағыштар. Ластаушы көздерге байланысты (шаруашылық нысан) санитарлық дәрігер жер асты суының өзгеру мүмкіндігін болжауға болады (4.8-кесте).

4.8-кесте.

Жер асты суларын негізгі ластаушы көздер. 

№№

Шаруашылық іс-әрекет нысандары 

Ластаушы заттар

1.

Мұнай қорлары 

Мұнай өнімдері, СПАВ, фенолдар. 

2.

Мұнай өңдейтін кәсіпорындар 

Мұнай өнімдері, фенолдар, СПАВ, қорғасын, нитраттар, толуол.

3.

Аэропорттар

Мұнай өнімдері, фенолдар. 

4.

Мұнай шығатын қорлар 

Мұнай өнімдері, хлоридтер, фенолдар, СПАВ, сынап, марганец. 

5.

ҚТҚ-дың полигондары 

Мұнай өнімдері, фенолдар, кадмий, хлоридтер, СПАВ, қорғасын, марганец

6.

Өндірістік қалдықтар полигондары. 

Мұнай өнімдері, фенолдар, темір, кадмий, қорғасын, сынап, сурьма, аммоний, никель, хром, бензол. 

7.

Қалалық тазарту имараттары 

Мұнай өнімдері, фенолдар, темір, аммоний, нитриттар, нитраттар, бром, СПАВ

8.

Ауылшаруашылық кәсіпорындары 

Пестицидтер, аммиак, мұнай өнімдері, фенолдар, СПАВ, нитриттер, нитраттар

9.

Мұнай және газ құбырлары 

Мұнай өнімдері, СПАВ

10.

Тоғандар - тұндырғыштар 

Мұнай өнімдері, СПАВ, бром, бор, аммоний

11.

Суару алаңдары 

Мұнай өнімдері, фенолдар, аммоний, нитраттар, нитриттер, хлоридтер 

12.

Жыныс байыту және металлургиялық кәсіпорындар 

Марганец, темір, сульфаттар, никель, фтор, алюминий, мышьяк, мырыш, қорғасын, сынап, молибден, цианидтер


      Жер беті су көздерінен сумен қамтамасыз етуде СКА-ын бекіту үшін келесі мәліметтер болуы қажет:  

–   су көзіндегі су сапасы;

–  гидрологиялық мәліметтер: су алу орнындағы қоректену бассейнінің ауданы, беткейлік ағып келу тәртібі, максималды, минималды, орташа су шығыны, су алу орнында судың жылдамдығы мен деңгейі, су көзіндегі болжанатын шығын;

–   су алу орнындағы су сапасына әсер етітін бассейннің жалпы санитарлық сипаттамасы: бассейннің геологиялық құрылымының сипаттамасы, топырақтың, өсімдіктің, өңделген жерлердің болуы, елді мекен, өндірістік кәсіпорындар (олардың саны, мөлшері, орналасуы, өндіріс сипаты);

су көзіндегі су сапасының нашарлауына әсер ететін себептер, су көзі орналасқан ауданда қатты және сұйық қалдықтарды алып кету тәсілдері мен орны; тұрмыстық және өндірістік ағынды сулардың болуы, ластанған суаттар, ағызылатын ағынды судың мөлшері, оларды тазартатын имараттар және олардың орналасқан орны, ағынды суларды ағызу орны мен су тоған арасындағы қашықтық; тыңайтқыштар мен улы химикаттарды ауыл шаруашылығында қолдану;

басым соғатын желдердің бағыты мен жылдамдығы; су нысанындағы су ағысының жылдамдығы;

 –  СҚА-ның шекараларын жеке белдеулер бойынша есептеу;

     – су көзі суын өңдеу қажеттігі туарлы мәліметтер (заласыздандыру, мөлдірлендіру, темірсіздендіру және т.б.).

СҚА-ның жоба құрамына келесілер кіреді: мәтіндік бөлім, картографиялық материал және жерді пайдаланушылар мен орындау мерзімдері мен орындаушылар жөнінде келісілген жергілікті басқару органдарынң жоспарлаған шаралры тізбесі мен шешімдернің жобасы кіреді.      

Жобаның мәтінінде мынандай жағдайлар көрсетілуі керек:

–  сумен қамтамасыз ететін көздердің санитарлық жағдайының сипаттамасы, қолданыстағы санитарлық ережелермен қарастырылған судың сапасына жүргізілген талдаулардың қорытынды нәтижелері;

–  гидрологиялық мәліметтер – жер бетіндегі сумен қамтамасыз ету көздері жағдайында немесе гидрологиялық мәліметтер – жер асты су көздері жағдайында;

жер асты су көздері мен жер бетіндегі су қоймасының арасындағы өз-ара әсер ететін гидравликалық байланысын сипаттайтын мәліметтер;

     – СҚА-ның бірінші, екінші, үшінші белдеулердің шекарасын тиісті негіздемелер мен шаралар тізбесінің орындалу мерзімін, жауапты орындаушыларды және қаржыландыру көзін көрсете отырып, анықтау;

     –  санитарлық қорғау аймағына кіретін кіретін барлық белдеулердің аумағын шаруашылыққа пайдалану ережелері мен тәртіптері.

Жобаның картографиялық мәліметтері төмендегідей көлемде беріледі:

–  СҚА-ның екінші, үшінші белдеулердің ахуалдық жобасы және бас тоғанның, су құрылғылары имаратарының орналасқын алаңдарының орны, сумен қамтамасыз ететін су көздерін және оны қоректендіретін бассейннің алаңдарын төмендегідей масштабта: жер бетіндегі сумен қамтамасыз ету көздері арқылы - 1:50 000 – 1:100 000, жер асты сулары арқылы 1:10 000 - 1:25 000;

–  СҚА-ның бірінші белдеуінің жоспары мына масштабта -  1:500 – 1:1000;

–  СҚА-ның екінші және үшінші белдеулерінің  жоспары, жера асты су көздері жағдайында 1:10 000 – 1:25 000 масштабында және жер бетіндегі су көздері жағдайында 1:25 000 – 1:50 000 масштабында және аумақта орналасқан барлық нысандарды көрсете орындалуы керек.         

Санитарлық қорғау аумағын ұйымдастыру жобасына баға беру қатал тәртіптегі белдеу мөлшерін қарастырудан басталады. Жер асты су көздерін пайдалану кезінде сулы қат-қабаттың қорғалу деңгейіне байланысты, ол мөлшер 30-50 м қашықтықты құрайды. Сараптаушы сонымен бірге, қатал тәртіпті белдеуде қажетті шаралардың қарастырылғандығын да тексереді: аймағының күзетпен қоршалғандығы; асфальттану; беткейлік ағындардың ағып кету мүмкіндігінің ұйымдастырылғандығы; бөтен адамдардың кіруіне ол жерде тұруына қатаң тыйым салынатындығы; су құбырына қатысы жоқ имараттардың салынуына рұқсат бермеу туралы беріледі.       

Қызметкерлерге арналған санитарлық түйін канализация торабына қосылуы қажет. Су өткізбейтін шұңқырлары бар дәретханаларды I және II белдеу шекарасында  орналастыру қажет, сұйық қалдықтарды алып кететін вакуумды машина қатал тәртіптегі аумақ шекарасының сыртында болуы қажет.    

4.9-кесте.

Жер асты суларынң екінші белдеуіндегі СҚА-ның шекарасындағы микробтық ластанудың жылжуын есептеуге керекті уақыт

Гидрогеологиялық шарттар

Тм (тәулікпен)

I және II климаттық аудандар шегінде

III және ІV климаттық аудандар шегінде

1. Жеткіліксіз қорғалған жер асты сулары (жер асты сулары, сол сияқты ашық су қоймасымен тікелей гидравликалық байланысы бар қысымды және қысымсыз қабат арасындағы сулар).

400 метр     

(әрі қарай м)

400 м

2. Толық қорғалған жер асты сулары (ашық су қоймаларымен тікелей гидравликалық қатысы жоқ қысымды және қысымсыз қабат арасындағы сулар).

200 м

100 м

СҚА-ның бірінші және екінші белдеуінің шекалары есептеу әдісімен бекітіледі. СҚА-ның бұл белдеулерін есептеу сумен қамтамасыз ету көзінің санитарлық, гидрологиялық немесе гидрогеологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, негізделген, сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көзі суында микробтық және химиялық ластанудың тұрақтылық деңгейінің айырмашылықтары бойынша есептеледі (4.9-сурет).     

СҚА-ның 2 және 3 белдеуінің шекарасын анықтау үшін жобалау практикасында жер асты су көзі құбырында жеңілдетілген есептеу әдісін қолдануға болады. Бұл үшін әрбір су тоғаны ауданында жер асты суының қозғалысын сипаттайтын гидрогеологиялық және гидродинамикалық параметрлерді білу қажет; Q – судың дебиті м3/тәулік; h – сулы қат-қабаттың қуаттылығы, м; i – табиғи ағыс еңістігі; К – сүзілу коэффициенті, м/тәулік; q – табиғи ағыстың бірлік шығыны, м2/тәулік; μ – белсенді кеуектілігі (саңылау көлемінің сулы жыныс көлеміне қатынасы); Т – бактериалды ластанудан жер асты қат-қабат суының тазаруы үшін қажетті уақыт.

Бұл параметрлер өзінің мөлшері бойынша әр түлі болады және әр түрлі комбинацияда кездеседі. Сондықтан СҚА-ның екінші белдеу шекарасын анықтау үшін кестеде көрсетілген қорытылған көрсеткіштерді қолдану қажет.  

Бұл қорытылған көрсеткіштер келесідей:

 А =  сулы қат-қабаттың қуаттылығының бірлік су алу мөлшері;   

 В =     , q = Кhi, сондықтан В = - бірлік табиғи ағыстың бас тоғанның дебитіне қатынасы; μ – жұмсақ жыныстар үшін 0,15-тен 0,3-ке дейін, таулы жыныстар үшін – 0,015-тен 0,05-ке дейін; К – сүзілу коэффициенті кесте бойынша анықталды (4.12-кесте); i – жер асты суының табиғи ағыс еңістігінің мөлшері 0,001-тен 0,005-ке дейін, ол қандай шекара анықталатындығына байланысты әр түрлі: а) жер асты суларының қозғалысы бойынша жоғарғы шекарасын анықтау кезінде негізінен кездесетін мөлшердің ең үлкен мәні алынады; б) төменгі шекарасын анықтау кезінде, керісінше максималды қор шартты «бассейндер» үшін алынады, сонымен i = Q, және В 0,00-ге тең болады. Q, және h – мәндерін жобадан табады.

СҚА-ның екінші белдеу шекарасын анықтау үшін гидрологиялық және гидродинамикалық ерекшеліктерге байланысты сулы қат-қабатта ластаушы заттардың таралу ерекшеліктеріне орай екі негізгі шарттардан әр қайсысы үшін жеке жақын әдістер ұсынылады: а) пайдаланылатын сулы қат-қабаттың жер беті суаттарымен гидравликалық байланысы жоқ бас тоған үшін; б) пайдалануға берілетін сулы қат-қабат пен жер беті суаттар арасында гидравликалық байланыс болуы мүмкін бас тоған үшін.

СҚА-ның екінші белдеуін бекіту үшін жер асты ағысы бойынша жоғарғы (R) және төменгі (r) сондай-ақ бас тоғанның орналасқан жерінің екі жағы (d) да анықталады. Егер Т=100 тәулік болса, кестелік әдісті қолдануға болады. Жер беті су көздері мен сулы қат-қабат арасында гидравликалық байланыс болмаған кездегі бас тоғандар үшін. Алдын ала гидрогеологиялық параметрлердің шынайы мәні бойынша (олар болмаған жағдайда – қабылданған белгілі қор бойынша) А және В қорытылған парметрлері есептеледі. Сосын 4.10 және 4.11-кестелерінде А, В және μ паметрлерінің мәні берілген, R, r және d мәндерін табады.

 

Есептеу мысалдары.  

 

1-есеп.

 

 Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 3500 м3 дебиті бар артезиандық ұңғыманы қолдану жобалануда. Сулы қат-қабаттың қуаттылығы 50 м, таулы жыныстармен жабылған,  μ - 0,03, әр түрлі жыныстардың сүзілу коэффициенті, К – 0,001 м/тәулік, табиғи ағыс еңістігі, i – 0,005. Өзенмен гидравликалық байланысы бар. Ағысы бойынша ұңғымадан 150 м жоғары мал шаруашылық кешені орналасқан.

СҚА-ның бірінші және екінші шекарасын есептеңдер. Ұңғымаға арналған учаске дұрыс таңдалған ба?

«Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздері мен су құбырларының   санитарлық қорғау аумағын күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиололгиялық талаптар» туралы саниатрлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес СҚА-ның бірінші белдеуінің мөлшері жеткіліксіз қорғалған жер асты сулары үшін  50 м.

СҚА-ның 2 және 3 белдеуінің шекарасын анықтау үшін жобалау практикасында жер асты су көзі құбырында жеңілдетілген есептеу әдісін қолдануға болды. Бұл үшін әрбір су тоғаны ауданында жер асты суының қозғалысын сипаттайтын гидрогеологиялық және гидродинамикалық параметрлерді білу қажет; Q – судың дебиті м3/тәулік; h – сулы қат-қабаттың қуаттылығы, м; i – табиғи ағыс еңістігі; К – сүзілу коэффициенті, м/тәулік; q – табиғи ағыстың бірлік шығыны, м2/тәулік; μ – белсенді кеуектілігі (саңылау көлемінің сулы жыныс көлеміне қатынасы); Т – бактериалды ластанудан жер асты қат-қабат суының тазаруы үшін қажетті уақыт.

Бұл парметрлер өзінің мөлшері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді және көптеген комбинацияда кездеседі. Сондықтан СҚА-ның екінші белдеуін анықтау үшін кестеде көрсетілген қорытылған көрсеткіштер қолданылады.

Бұл қорытылған көрсеткіштер келесідей:

- сулы қат-қабаттың қуаттылық бірлігімен су сынамасының мөлшері;

, g = Khi, ал сондықтан  - бірлік табиғи ағыстың бас тоғаннның дебитіне қатынасы; μ - жұмсақ жыныстар үшін 0,15-тен 0,3-ке дейін және таулы жыныстар үшін -  0,015-тен 0,05-ке дейін; К – сүзілу коэффициенті 4.12-кетеден анықтайды, i – жер асты табиғи ағысының мөлшері, 0,001-ден 0,005-ке дейін.

 μ = 0,03

4.11-кесте. «Жер беті су көздерімен гидравликалық байланысы бар жер асты су көздеріне арналған санитарлық қорғау аумағының шекарасын анықтау үшін» параметрлер бойынша мәліметтер берілген,  А -75, тау жынысты,  μ -  0,03,  В – 0,00, СҚА-ның екінші белдеуі жер асты ағысы бойынша төмен R = 250 м, жоғарыға r = 360 м және бас тоған орнынан екі жағынан d = 100 м.

Қорытынды: СҚА-ның бірінші белдеуінің мөлшері 50 м, жер асты ағысы бойынша төмен қарай екінші белдеу R = 250 м, жоғары қарай r = 360 м және бас тоғаннан екі жаққа дейін d = 100 м. Сонымен мал шаруашылық кешені СҚА-ның екінші белдеуінде орналасқан, ұңғыманы жобаланған орнынан 210 м төмен орналастыру қажет.

2-есеп. 

Ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз етуде құс шаруашылығы фермасынан 300 м қашықтықта ұңғыманы орналастыру жобалануда. Қолданылатын сулы қат-қабаттың қуаттылығы 15 м, орташа түйіршікті құмнан тұрады, әр түрлі жыныстардың сүзілу коффициенті   К – 10 м/тәулік, табиғи ағыс еңістігі i – 0,005. Жер беті суларымен гидравликалық байланысы жоқ. Ұңғыманың жобаланатын дебиті  600 м3/тәулік. Халық саны 8 мың тұрғын.

СҚА-ның екінші белдеуін және ұңғыманың дұрыс орналасқандығын анықтаңыз. Ұсынылған бас тоған бойынша су тұтыну сәйкестігін есептеңіз (колонкалар арқылы су тұтыну).  

Шартты коффициент А және В мөлшерін есептеміз, бұл R, r  және d мәндері үшін қажет.

 

4.10. «Жер беті су көздерімен гидравликалық байланысы жоқ жер асты су көздері үшін СҚА-ын анықтау» мәліметтері бойынша А - 45, жұмсақ жынысты және В – 0,0012, екінші белдеудің мөлшері жер асты ағысы бойынша төмен R = 130 м, жоғары қарай r = 80 м және бас тоғанның екі жағынан d = 100 м.

Бас тоған колонкаларынан тұрғындардың су тұтынуы ҚР ҚНмЕ 4.01-02-2001  «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және имараттар» құжаты бойынша, 1-кестеде, 1-ескертуде бір тұрғынға шаққандағы меншікті орташа тәуліктік су тұтыну қажеттілігі 30-50 л/тәулік, деп берілген.  

Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуде судың тәуліктік есептік шығынын Q тәулік.m, м3/тәулік, келесі формула бойынша анықталады:

Q тәулік.m = =  =   400 м3/тәулік,

мұнда qт - меншікті су тұтыну, ҚР ҚНмЕ 4.01-02-2001 «Сумен жабдықтау. Сыртқы имараттар және тораптар», 1-кесте; Nт - жайластыру деңгейі әр түрлі тұрғын құрылыс ауданындағы тұрғындардың есептік саны.

Қорытынды: СҚА-ның екінші белдеуі жер асты ағысы бойынша R = 130 м, жоғары қарай r = 80 м және су тоғанның екі жағы бойынша d = 100 м. Құс шаруашылық фермасы 300 м қашықтықта орналасқандықтан, СҚА-ның екінші белдеуіне түспейді, негізінен ұңғыма дұрыс орналасқан.  

Ұңғыманың дебиті (600 м3/тәулік) поселкенің меншікті су тұтынуынан (400 м3/тәулік) жоғары және тұрғындардың суға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Жобаны дәйекті түрде сараптағаннан кейін және барлық қарастырылған сұрақтар бойынша баға бергеннен кейін санитарлық дәрігер қортынды береді, қортындыға аймақтық санитарлық қызмет мекемесінің бас дәрігері қол қояды.  


4.10-кесте.


                                                                           

4.11-кесте.


4.12-кесте.

Әр түрлі жыныстағы сүзілу коэффициентінің мөлшері (К)

Жыныстың сипаттамасы

К, м/тәулік

Су өткізгіштігі жоғарыалечник, ірі түйіршікті құм)

Су өткізгіш (құм, сызатты жыныс)

Су өткізгіштігі төмен (мергель (бос топырақ, құмды ізбес, әк), құмдақты, құмдасын қыртыс)

Су өткізгіштігі өте төмен (сазды, құм тасты, құмдасын қыртыс, балшық топрақты)

Су өткізбейтін, су қысымды (саз және т.б.)

10

10 – 1

1 – 0,01

0,01 – 0,001

0,001

V Б Ө Л І М

СУ НЫСАНДАРЫН САНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ

Ағымды санитарлық бақылау

 Санитарлық дәрігердің ағымды санитарлық бақылау кезіндегі негізгі міндеттері келесідей:    

 •   елді мекеннің канализация жүйесін санитарлық бақылау;

 • су нысандарының ластануын бағалау, бақыланатын аумақта ластаушы көздерді анықтау;  

 • канализациялық тазарту имараттарының жұмыс істеу тиімділігін бағалау;

 • канализациялық имараттарды жоспарлы түрде бақылау;

 • өндірістік және коммуналдық нысандардың іркінді суларының ағызу жағдайын бағалау;  

 • бақыланатын аумақтағы су нысандарын санитарлық қорғау бойынша шараларды жоспарлау және енгізу.

 Елді мекендегі канализация жүйесін санитарлық бақылау. Адамның іс-әрекет тіршілігінің нәтижесінде әр түрлі сипаттағы сұйық қалдықтар пайда болады. Бұл моншалардан, кір жуатын орындардан, бөлмелер мен көшелерді жуғаннан кейін, адам мен жануарлардың физиологиялық бөлінділерінен  пайда болатын және өндірістік сұйық қалдықтар.  

Іркінді сулар дегеніміз адамның іс-әрекетінде жұмсалған, соның нәтижесінде алғашқы химиялық құрамын өзгертіп, қосымша қоспалар пайда болған сұйық қалдықтар. Іркінді сулардың пайда болуына байланысты олар негізгі үш топқа бөлінеді: қалалық (тұрмыстық, шаруашылық-нәжістік), өндірістік, беткейлік сулар (атмосфералық жауын-шашындар).       

Тұрмыстық іркінді сулар нәжістік, яғни дәретханалардан түсетін, негізінен физиологиялық бөлінділермен ластанған сулар және шаруашылық, яғни шаруашылық қалдықтармен ластанған қол жуғыш, ванна, дәретхана сондай-ақ монша, кір жуатын орындардан түсетін іркінді сулар жатады. Тұрмыстық іркінді сулардың құрамы негізінен біркелкі, органикалық заттардың сандық мөлшерімен сипатталады.      

Өндірістік іркінді сулардың ластану құрамы керісінше әр түрлі және шығарылатын өнімнің түріне, технологиялық үрдістердің ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік іркінді сулар қоспалар мөлшеріне байланысты, ластанған және шартты таза су деп бөлінеді. Беткейлік іркінді сулар атмосфералық жауын-шашынның түсуіне байланысты пайда болады, құрамы минералды және аздаған органикалық құрамды болады.    

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің міндеті елді мекен аумағында санитарлық жағдайды қалыптастыруды бақылау болып табылады, яғни іркінді суларды түзілу орындарында өз уақытында жою, канализация көмегімен пайда болған іркінді суларды тазарту, залалсыздандыру және суаттарға құю кезінде бақылау жүргізу. Елді мекен аумағында іркінді суларды ағызу жағдайы аумақтың жайластыру жағдайына, жер бедеріне, климатқа, іркінді сулардың ластану деңгейіне және іркінді сулар құйылатын су нысандарының қуаттылығына байланысты.    

Қаланың жайластырылуы су тұтынудың меншікті салмағына, іркінді сулардың көлемі мен олардың ластану деңгейіне байланысты. Жергілікті жер бедері арқылы канализация жүйесінің өзіндік ағызу немесе қысымды жүйесінің құрылымдарын анықтап таңдауға болады. Атмосфералық жауын-шашындардың және беткейлік іркінді сулардың көлемі климатқа байланысты, ал көше жууға арналған су көлемі елді мекеннің санитарлық жағдайының деңгейіне байланысты.   

Канализация іркінді суларды қабылдау, тазарту және залалсыздандыру үшін тазарту қондырғыларына дейін тасымалдау үшін қолданылатын инженерлік имараттар кешені. Канализацияланатын нысанның (қала және өндірістік өнеркәсіп) жүйелер элементтері көрсетілген жоспарын канализация сызбасы деп атайды. Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер канализация жүйесінің негізгі түрлерінің құрылымдарын және олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін білуі қажет.  

5.1-суретте елді мекенде жиі қолданылатын канализация сызбасы көрсетілген. Ол ғимараттың ішкі канализациялық құрылымынан, аулалық канализациялық тораптан, квартал ішілік, көшелік (сыртқы) канализациялық тораптан, насостық станция мен қысымды құбыр-өткізгіштен, тазарту қондырғыларынан және тазартылған іркінді суларды суаттарға құю үшін қолданылатын құрылымдардан тұрады.

5.1-сурет. Елді мекен канализациясының сызбасы.

1 – тазарту имараттары; 2 – насостық станция; 3 –қала сыртындағы коллектор;

4 —көшелік торап;  5 – аулалық торап; 6 – коллектор; 7 – квартал ішілік торап;

8 – өнеркәсіптік кәсіпорын; 9 – жергілікті соратын насостық станция;

10 — басты коллектор; 11– дюкер

 Көшелік торап. Ғимараттан шыққан іркінді сулар құбыр өткізгіш жүйе арқылы сыртқы канализациялық торапқа ағады, ол елді мекен аумағында орналасуына байланысты аулалық немесе квартал ішілік деп аталады (5.2-сурет). Аулалық торапқа бір немесе бірнеше үйден шыққан іркінді сулар қабылданады. Квартал ішілік торап ғимараттардың ірі тораптарын қабылдайды, аулалық торапқа қосылатын магистралдық жолдардың мөлшеріне байланысты қабылдауы да мүмкін. Аулалық және квартал ішілік тораптардың жолдары ғимараттардың орналасуына, іркінді судың ағу жағдайына, сыртқы канализациялық торапқа және жергілікті жер бедеріне байланысты.   

5.2-сурет.  Аулалық канализациялық торап

1 – тазарту; 2 –  ағызу; 3 – құдықтың негізі;   4 – астауша;   5 – құдықтың қабырғасы;

6 – қақпағы бар люк; 7 – аулалық торап құдығы; 8 – аулалық торап; 9 – суды ағызу; 10 – баған;11– бақылау құдығы;   12 – сыртқы торап құдығы;   13 – мойындық;   14 – өтпелі конус;  15 – плита; 16 – скоба (бірін-біріне бекітетін темір); 17 – жұмыс камерасы

 Көшелік канализациялық торап квартал ішілік және аулалық іркінді суларды қабылдайтын және іркінді суларды тасымалдайтын жер асты құбыр өткізгіш жүйесі. Канализациялық тораптардың артықшылығы, негізінен өзіндік ағу болып табылады, құбырлар жер бедеріне сәйкес салынады. Елді мекендегі барлық канализациялық аумақ су бөлгіштермен шектелген канализациялық бассейндерге бөлінеді.

 Коллектор дегеніміз - бірнеше көше жолдарынан іркінді суларды жинайтын канализациялық құбыр өткізгіштер. Олар канализациялық бассейннен (бірнеше бассейндер – басты коллектор) басталуы мүмкін немесе іркінді суды елді мекеннен тыс жаққа алып кетуі (қала сыртындағы алып кететін коллектор) мүмкін. Басты коллектор әр түрлі коллекторлардан барлық категориядағы іркінді суларды қабылдайды. Торапты қарау және тазарту үшін онда  бақылау құдықтарын орналастырады, ал беткейлік іркінді суларды қабылдау үшін - беті метал торлармен жабылған жаңбыр қабылдағыштар   қолданылады.  

Коллектор өте тереңде жатқанда іркінді суларды көтеру үшін қысымды құбыр өткізгіштер бойынша тазарту қондырғыларына іркінді суды жеткізу үшін насостық станция орналастырылады. Канализациялық насостық станциялар жергілікті, аудандық және басты болуы мүмкін. Жергілікті түрі бір немесе бірнеше ғимараттан іркінді суды тазарту үшін, ал аудандық – барлық аудандардан немесе іркінді судың негізгі бөлігін тазарту қондырғыларына тарту үшін қолданылады. Тазарту қондырғыларын елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты өзен ағысы бойынша төмен жағында орналастырған дұрыс. Іркінді суларды тазартып, залалсыздандырғаннан кейін ағызу арқылы суаттарға құйылады.  

Қалалық іркінді суларды ағызып тасымалдауға орай, канализация жүйесінің келесі түрлері қолданылады: жалпы ағызатын, дараланған (толық және толық емес), жартылай дараланған және біріктірілген. Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер елді мекеннің бас жоспар жобасын сараптау кезінде канализация жүйесін таңдауда мақсаттылығын бағалау қажет.   

5.3-сурет. Жалпы ағызатын канализацияның сызбасы.

 Канализацияның жалпы ағызатын жүйесінде (5.3-сурет) іркінді сулардың барлық түрлері тазарту имараттарына бір канализациялық торап арқылы жіберіледі. Сызбада квартал ішілік торап, көшелік торап, канализация бассейнінің коллекторы, бас коллектор, қала сыртындағы коллектор, зауыттық торап, насостық станция, тазарту имараттары және іркінді суды ағызу түрі көрсетілген. Коллекторларды трассировкалау жергілікті төменгі учаскелерде қолданылады, ол көшелік тораптың жоғары жатқан учаскелеріне тығынды қамтамасыз етеді.     

  Канализациялық торап бақылауға, жууға және тазартуға ыңғайлы болуы керек, сондықтан оларда бақылау құдықтары салынады. Атмосфералық жауын-шашындарды қабылдау үшін бетінде метал торы бар дөңгелек немесе үш бұрышты құдық секілді жауын қабылдағыштар қолданылады.        

Коллекторлар темір жолмен, өзендермен, ойпаттармен қиылысқан кезде дюкерлер, эстакад және т.б. орнату жолдарын қолданады. Тазарту имараттарына іркінді сулардың өзіндік ағып баруына мүмкіндік болмаған кезде, едәуір биік учаскелерден іркінді суларды жоғары көтеру қажеттігі  кезінде, торапта канализациялық насостық станцияны орналастырады. Жалпы ағызатын жүйе жетілдірілмеген, өйткені қатты жауын-шашын кезінде іркінді сулар тазату имараттарына бармай-ақ, суаттарға құйылып кетеді. Сонымен бірге, өте жоғары жүктеме кезінде (көктемгі еріген қар) 70 %-ға дейінгі іркінді сулар тазартылмай суаттарға құйылады.

Дараланған жүйе толық және толық емес деп екіге бөлінеді. Толық дараланған жүйеде (5.4-сурет) іркінді сулардың барлық түрлері (тұрмыстық, өндірістік, беткейлік) жеке жер асты тораптарыман тасымалданады. Негізінен елді мекенде жер астында екі құбыр тораптары салынады: тұрмыстық және беткейлік іркінді сулар үшін. Толық дараланған жүйеде екі коллектор орналастырылады: тұрмыстық және жауын-шашындық. Өндірістік іркінді сулар өндіріс орнында тазартылғаннан кейін, тұрмыстық іркінді сулардың торабына құйылады. Жартылай дараланған жүйеде жер астында бір ғана торап болады (тұрмыстық және өндірістік іркінді сулар үшін), ал беткейлік іркінді сулар ашық каналдармен, астаушалармен ағады.       

5.4-сурет.     Толық дараланған канализация сызбасы

1  – тұрмыстық ағындар торабы; 2 – өндірістік-жауын-шашындық ағындар торабы;  3 – өндірістік кәсіпорындар; 4 – қала шекарасы;   5 – атмосфералық және шартты таза өндірістік іркінді суларды ағызу;     6 – қысымды құбыр өткізгіштер; 7 – тазарту имараттары;  8 – тазартылған тұрмыстық және өндірістік іркінді сулар.

 Жартылай дараланған жүйенің (рис. 5.5)  толық дараланған жүйеден айырмашылығы көшелік коллектордың бас коллектормен қосылған жерінде іркінді суларды ағызуға арналған бөлгіш камера орнатылады. Бұл камералар қатты жауын-шашын кезінде жауын-шашын ағындарын бас коллекторды айналып, тазартусыз суаттарға ағызуға мүмкіндік береді.   

5.5-сурет.     Жартылай дараланған канализацияның сызбасы

1 – жауын-шашын суларын ағызу; 2 – су жинайтын камера; 3 – өндірістік кәсіпорын;

4 – қала шекарасы; 5 – тұрмыстық ағындар торабы; 6 – өндірістік жауын-шашын ағындар торабы;

7 – бас насостық станция; 8 – қысымды құбыр өткізгіштер; 9 – тазарту имараттары;

10 – тазартылған  іркінді суларды ағызу.

 Бұл кезде суаттардың ластану қаупі туады, сондықтан канализацияның жартылай дараланған түрін жауын-шашынның түсу жиілігі 1 гектарға шаққанда сағатына 90 л-ден аспайтын елді мекендерде қолдану қажет. Сонымен бірге, беткейлік елді мекен орналасқан жерге, су алу орнының қатаң тәртіптегі аумағына құюға рұқсат етілмейді. Бұрынғы ірі елді мекендерде жер бедеріне және жайластыру деңгейіне байланысты ағынды суды алып кетудің әр түрлі комбинацияларын қолданған. Көптеген дамыған елдерде қазіргі уақытта канализацияның дамыған жүйесінің құрылысын дұрыс деп есептейді.   

Санитарлық дәрігер елді мекеннің жоба материалдарына сараптама бере отырып немесе пайдаланылып жатқан канализация жүйесін тексергенде нақты табиғи және экономикалық жағдайларға байланысты едәуір шынайы шешімдер қабылдауы тиіс. Құрылыс салудың отандық практикасында бірінші кезекте канализацияның толық емес дараланған түрі қолданылды.    

Өндірістік аудандарды канализациялау кезінде, негізінен толық дараланған жүйе бойынша қарастыру қажет. Жалпы ағызатын канализация жүйесін гигиеналық жағынан жетілмеуіне байланысты, құрылыс салу кезіндегі жүйеге байланысты ескі елді мекендерде ғана сақталған. Бұндай қалаларды қайта салу кезінде біріккен жүйені қолданған дұрыс деп есептейді. Жаңадан салынған қалалардың бас жоспарында канализацияның дараланған жүйесі қарастырылуы қажет.

ҚНмЕ «Канализация. Наружные сети и сооружения» құжатында, елді мекеннің канализация жүйесін жобалау кезінде тұрғын ғимараттардан тұрмыстық іркінді суларды ағызу кезінде орташа тәуліктік ағуын есептеуде (бір жылда) су тұтынудың (1 жылдағы) орташа тәуліктік меншікті шығынына тура сәйкес келеді, бұл кезде аумақты жуу және жасыл-желектерді суаруға кететін шығын есептелмейді (2.1 н.). Канализацияланбаған аудандарда бір тұрғынға шаққандағы ағызылатын судың меншікті мөлшері тәулігіне 25 л-ге тең (2.4 н.).      

ҚНмЕ «Канализация. Наружные сети и сооружения» құжатында, елді мекендерді канализациялаудың келесі жүйелері қарастырылған: дараланған  – толық немесе толық емес, жартылай дараланған, сондай-ақ біріктірілген (комбинирленген) түрлері. Беткей суларды су ағызудың ашық жүйесі бойынша ағызу санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің келісімі бойынша және су нысандарын қорғау мен балық қорын қорғау ұйымдарының реттеуі бойынша жүргізіледі (3.1 н.).

Канализация жүйесін таңдау кезінде беткейлік іркінді суларды тазартуға қойылатын талаптар, климаттық жағдайлар, жергілікті жер бедері және басқа да факторлар есепке алынады. Жауын-шашын жиілігі 1 гектарына сағатына 90 л-дан аз түсетін аудандарда канализациялаудың жартылай дараланған жүйесі қолданылады (п. 3.2).

Кіші елді мекен орындарындарын канализациялау  кезінде негізінен толық емес дараланған жүйе қарастырылады (3.3 н.). Кіші елді мекендерді канализациядауда негізінен бір немесе бірнеше елді мекен үшін, жеке ғимарат топтары мен өндірістік аймақтар үшін канлизацияның орталықтандырылған сызбасы қолданылады.   

Канализацияның орталықтандырылған сызбасын тұрғын және өндірістік аймақтар үшін біріктірілген жоба ретінде қарастырады, бірақ бұл кезде мал қиы бар іркінді сулар ескерілмейді ( 3.4 н.).  

Канализацияның орталықтандырылмаған жүйесі рұқсат етіледі:

–  сумен қамтамасыз ету үшін қолданылатын сулы горизонтқа зиянды қауіптілігі жоқ кезде;

–    жеке және бір топ ғимараттарды канализациялау қажеттілігі кезінде;

–   канализациялауды бірінші кезекте қажет ететін нысандар (аурухана, мектеп, балалар бақшасы, әкімшіліктік-шаруашылық ғимараттар және т.б.) үшін елді мекенде орталықтандырылған канализациялау жүйесі болмаған жағдайда, сондай-ақ елді мекен құрылысын салудың бірінші сатысы үшін, канализациялау нысандарының 500 м қашықтықтан кем емес жерде орналасуы кезінде (3.5 н.).   

 Су нысандарының ластану деңгейін бағалау. Су нысандары суының сапасына қойылатын талаптарды санитарлық дәрігер бақыланатын кесіндіде (кесінді дегеніміз - өзеннің көлденең кесіндісі), іркінді суларды құю орнынан өзен ағысы бойынша төмен орналасқан жерде, жақын жатқан су пайдаланатын жерден 1 км қашықтықта және ағысы жоқ суаттарда су ағызатын орынның екі жағынан 1 км қашықтықта тексереді.          

 Су пайдалану түрін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет іркінді суларды ағызу нүктесінен ең жақын орналасқан елді мекен су нысанын қалай пайдаланатынына орай анықтайды. Суаттарға іркінді суды құйғаннан кейін оның сапасы №554, 28 шілде 2010ж  бұйрықпен бекітілген ҚР СанЕмН «Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, хозяйственно-питьевому водоснабжению ,местам культурно-бытового  водопользования  и  безопасности водных объектов» туралы құжаттың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, осыған орай су тұтынуға шектеу болған кезде, ондай суаттарды ластанған деп есептейді. Сондықтан іркінді сулардың құрамы нормаланбайды, негізінен елді мекен орнынан 1 км жоғары  қашықтықтағы өзен суының сапасы нормаланады.

Су пайдаланудың қалыпты жағдайы үшін су нысандарының ластану деңгейі бойынша жіктелуі өңделген (5.1-кесте). Ол санитарлық заңнамалардың негізгі принципі – судың химиялық және бактериялық ластануының тұрғындарға және табиғатқа қолайсыз әсерінен сақтауға негізделген. Жіктелу бойынша су нысандары суының ластануының төрт зияндылық критерийі бойынша бағалау көрсеткіштері берілген: органолептикалық, токсикологиялық, жалпы санитарлық, бактериологиялық. Су нысаны суының ластану деңгейі рұқсат етілген, орташа, жоғары, өте жоғары түрде бағаланады.        

5.1-кесте.

Ластану деңгейі бойынша су нысандарының гигиеналық жіктелуі

Ластану деңгейі

I, II категорияға жататын су нысандарының ластануын бағалау көрсеткіштері 

органолептикалық

токсиколо-гиялық.

санитарлық тәртібі

бактериоло-

гиялық

ластану индексі

Исі,

дәмділігі,

баллмен

ШРЕКорг

(жоғары

-лау деңгейі)

ШРЕКтокс

(жоғары-лау деңгейі)

ОБҚ20

мг/л

Еріген

О2,

мг/л

1 л-ғы ЛІТ (ЛКП) 

I

II

Рұқсат етілген

Орташа

Жоғары

Өте жоғары

2

3

4

> 4

1

4

8

> 8

1

3

10

100

3

6

8

> 8

6

8

10

>10

4

3

2

1

<1·104

1·104-1·105

1·105-106

> 1·106

0

1

2

3

 Ластанудың рұқсат етілген деңгейіТұрғындардың шектеусіз барлық су пайдалану түрлері үшін су нысанының жарамдылығын анықтайды.

 Ластану деңгейі орташасу нысанында тұрғындардың мәдени-тұрмыстық мақсатта су пайдалану үшін белгілі қауіптілігі анықталады. Оны шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету көзі ретінде тұтынғанда су құбыры тазарту имараттарында химиялық ластану деңгейі өзгеріссіз қалған, осының нәтижесінде тұрғындар арасында алғашқы белгілері пайда болады, әсіресе 1 және 2 кластағы заттар суда болған кезде.                                                           

 Ластанудың жоғары деңгейі – су нысанында мәдени-тұрмыстық су пайдалану мақсатында қауіптілігінің жоғары екендігін көрсетеді. Бұндай су нысандарын су құбыры имараттарында су дайындау үрдісінде улы заттарды жоюдың қиындығына орай шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету көзі ретінде пайдалану мүмкін емес. Ауыз су ретінде тұтынуда ластанудың жоғары деңгейіне байланысты, сондай-ақ 1 және 2 класс қауіптілік деңгейіне жататын заттар болған кезде тұрғындар арасында улану симптомдары және кейінгі салдар әсері дамуы мүмкін.

 Ластанудың өте жоғары деңгейі – су пайдаланудың барлық түрлері үшін мүлдем жарамсыздығын анықтайды. Гигиеналық көзқарас бойынша ластану деңгейі өте жоғары және су нысаны суын өте аз уақыт пайдалағанның өзінде тұрғындар денсаулығына қауіп туғызады.

 Суаттың жалпы санитарлық жағдайы ластану индексімен сипатталады, ол максималды деңгейге дейін өзгере отырып, бағалау көрсеткіштері (лимиттік көрсеткіш) бойынша бекітіледі. Ластану индексі 0 кезінде суаттарды шектеусіз қолдануға болады, индекс 1 болғанда орташа ластанған және су пайдалну жартылай шектелген, индекс 2 болғанда су нысанының ластануы айқын көрінеді және су пайдаланудың барлық түлері үшін толық жарамсыз, индекс 3 кезінде суды өте аз мөлшерде пайдаланғанның өзінде адам денсаулығы үшін қауіпті болып табылады.

 Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер гигиеналық жіктелуді қолдана отырып, қажетті құжаттарды пайлаланып, тиісті аумақтағы кез-келген су нысанының ластану деңгейіне баға бере алады, сондай-ақ оның негізгі су көзі ретіндегі ролін анықтайды және бірінші кезектегі сауықтыру шараларын ұсынады. Көп жылғы зерттеулер көрсеткендей, табиғи сулардың негізгі ластаушы көзіне әр түрлі канализациялық жүйелер арқылы суаттарға құйылатын іркінді сулар жатады.      

 

Су нысанын санитарлық тексеру.

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер ағымды санитарлық бақылау кезінде бактериологиялық және санитарлық-токсикологиялық талдау үшін су нысанынан су сынамасын алып тексеру жүргізу қажет. Бірінші кезекте санитарлық-топографиялық тексеруде іркінді сулардың барлық ұйымдастырылған құю түрлерін және жер беткейлік ағындардың ұйымдастырылмаған түрлерін анықтау қажет. Сонымен қатар төмендегі мәліметтерді анықтау қажет:

 •   іркінді сулардың мөлшері (м3/сағат) және құю тәртібі;

 • ағындардың құрамындағы қандай заттар негізгі ластаушыларға жататындығын;

 •  шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету, шомылу, спортпен шұғылдану және т.б. мақсатта пайдалану үшін су нысанның қандай бөлігін қолданатынын;

  суаттың қуаттылығын, өзеннің ағыс жылдамдығын, су нысанының тереңдігін;

 •  ағындардың қолайсыз әсерін (су бетінде қабықшаның пайда болуы, жағалық өсімдіктерде мұнай дақтарының пайда болуы, суда түстің, иістің пайда болуы);

 •  тұрғындардың су тұтыну жағдайы және оның нашарлауы.

Талдау үшін су сынамасы жағадан немесе қайықтан нақты жағдайға байланысты алынады (өзеннің ені, су нысанының жағалық биіктігі, оңай алынуы, жағадағы судың тереңдігі). Сынаманы су бетінен 0,5 м тереңдікте, су нысанының ортасынан және екі жақ жағадан 5-10 м қашықтықтан алады. Сынама алу кезеңділігі су нысанының санитарлық жағдай деңгейімен анықталады.          

Санитарлық дәрігер су нысаны ластанбаған кезде мезгілге байланысты жылына екі рет бір реттік сынама алумен шектеледі: жазғы, биологиялық және химиялық үрдістер едәуір белсенді кезде және қысқы, суаттарда өзін-өзі тазартуға қолайлы жағдайдың төмендейтін уақытында жүргізіледі.   

Су нысанының санитарлық тәртібіне динамикалық бақылау жүргізу кезінде және ағындардың әсерін бағалау кезінде, су пайдалану орнынан ағысы бойынша 1 км жоғары және төмен жердегі орындардан ай сайын сынама алу керек.    

СанЕмН-да ескертілген ластану көрсеткіштері бойынша су сынамаларына талдау жүргізіледі: өлшенді заттар, рН, органолептикалық көрсеткіштер, еріген оттегі, ОБҚ, бактериялық ластану, негізгі улы заттардың болуы және т.б.

Су нысанында тұрмыстық және өндірістік ағындарды құятын, кемелер тоқтайтын, орман ағаштарын ағызып тасымалдау, малдарды суаруға арналған арнайы учаскелер бекітіледі. Су пайдалану орны мен сипаты анықталады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету үшін су алу орны, суға шомылатын және спортпен шұғылданатын орын және т.б. Судың бетінде қалқып жүрген қабықша мен майдың болуына, судың исі мен түсінің өзгеруіне, сондай-ақ жағалық өсімдіктердің өсу жағдайына көңіл бөледі. Суаттың ластануы бойынша сол жағада тұратын тұрғындардың шағымдарын жинайды және төмендегі карта бойынша сауалнама жүргізеді.        

Іркінді сулармен су нысандарының ластану аудандарында тұратын халыққа жүргізілетін сауалнама

  1.  Елді мекен, аудан, орналасқан жері _________________________.
  2.  Өзенің аты (суаттың аты) _________________өзенге дейінгі қашықтық (суат) ___________________________
  3.  Өзен ауыз су ретінде қолданыла ма, үнемі - иә, жоқ; уақытша       (астын сызу)                                                                                                                        
  4.  Су сапасының өзгергендігі байқалады ма: ауыз суда, шайда, тағамда – иә, жоқ (астын сызу), ол қалай білінеді: лайлылығы, түсі, исі, дәмділігі _________________________________________
  5.  Ауыз су мақсатында өзенді пайдалануда судың ластануы кедергі келтіре ма – иә, жоқ (астын сызу), иә болса, неліктен ______________________
  6.  Өзен суы бұрын ауыз су мақсатында пайдаланылды ма (қашан, неге қазір пайдалынмайды _______________________________________________
  7.  Су сапасының өзгерісі бұрын байқалды ма (қашан, қалай байқалды)   ___________________________________________________
  8.  Өзен суы шаруашылық-тұрмыстық мақсатта қолданылады ма – иә, жоқ (астын сызу); қандай мақсатта  _______________________________________________
  9.  Өзен суында майлы қабықша, басқаша тұнба, иіс (қандай, жиілігі қандай)  _______________________________________________
  10.  Шаруашылық-тұрмыстық мақсат үшін суатты қолдануда не кедергі келтіреді (астын сызу).
  11.  Өзен шомылу үшін пайдаланыла ма – иә, жоқ (астын сызу).
  12.  Шомылған кезда өзенде майлы дақ, өзгеше лайлылық, түсі, исі, өзен түбінің ластануы, шомылуға кедергі байқалады ма (толық түрде)_____________

                 Сауал алу уақыты                           Карта толтырушының қолы

 Қалалық тазарту имараттарының жұмыс тиімділігін бағалау.

 Тазарту имараттарының жұмыс тиімділігін бағалау кезінде санитарлық дәрігердің негізгі міндеті жобалық немесе нормативтік көрсеткіштерге сәйкес, іркінді суды тазартудың сапасын анықтау болып табылады. Тазарту имараттарының жұмыс істеу көрсеткіштері іркінді сулар сынамаларының ұсынылған талдау (орташа тәуліктік) негізінде анықталады. Сынама алу «Қалалық канализация имараттарының жұмысын технологиялық бақылау әдістемесі» құжатына сәйкес жүргізіледі. Сынама алу кестесі мемлекеттік санитарлық бақылау мекемелерінің келісімімен бекітіледі. Сынаманы автоматты түрде сынама алғыш құралдарымен алады.            

Егер іркінді сулардың сапалық көрсеткіштерінің сандық мәні жобалық немесе нормативтік мәліметерден жоғары болса, санитарлық дәрігер жобалық немесе нормативтік көрсеткіштерден ауытқу себебін анықтау мақсатында қалалық тазарту имараттарының құрамына кіретін әрбір жеке имараттың жұмыс тиімділігін бағалауды тазарту станциясының басшылығынан талап ету қажет.

Тазарту имараттары іркінді суларды тазарту тереңдігі бойынша санитарлық мекемелер бекіткен, СанЕмН 3.02.003.04 «Жер беті суларын ластанудан қорғау үшін қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы құжатына сәйкес, гигиеналық талаптарға сәйкес болмауы мүмкін, осы жағдайда әрбір имараттың жоба параметрлеріне сәйкес бағаланады.    

 Торлар ағынды судағы ірі заттарды, негізінен органикалық түрдегі (тоқыма, қағаз, ас үй қалдықтары және т.б.) заттарды ұстауға арналған, бұл кейінгі имараттардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Торлардан алынған қалдықтар арнайы уақытшта майдаланады немесе санэпидбақылауының келісімі бойынша станциядан басқа жаққа өңдеуге алып кетеді.      

 Құм ұстағыштар іркінді сулардағы ірі ластаушы заттарды, негізінен органикалық емес түрдегі заттарды (құмның мөлшері 0,25 мм және одан жоғары) ұстауға арналған, насостық станцияның және тұнбаларды өңдеу имарттарының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Құм ұстағыштардың технологиялық жұмыс тиімділігі ұсталған құмның мөлшерімен, сондай-ақ құмда 0,25 мм және одан жоғары мөлшердегі бөлшектерін табу, құмның күлденуі немесе майдалануы (құм ұстағыштағы қалдық), біріншілік тұндырғыштар тұнбасында құмның болуы бойынша бағаланады.            Құм ұстағыштардың тиімді жұмысы кезінде 0,25 мм және одан жоғары құм бөлшектерін ұстау 70%-дан кем болмау керек, ал біріншілік тұндырғыштар тұнбасында құмның ұсталуы 8%-дан аспауы қажет.

 Біріншілік тұндырғыштар ауырлық күшінің немесе қалқып шығару қабілеттілігінің (өлшенді заттар) әсерінен іркінді суларда ерімейтін ластаушы заттардың концентрациясын төмендетуге арналған. Біріншілік тұндырғыштардың технологиялық жұмыс тиімділігін мөлдірлендірілген суда өлшенді заттардың концентрациясы бойынша бағаланады.

 Аэротенктер мен биосүзгілер іркінді сулардан ластаушы заттарды, оның ішінде өлшенді заттар, коллоидты және еріген күйдегі органикалық өнімдерді биологиялық тазартуды қамтамасыз етеді. Аэротенктер мен биосүзгілердің технологиялық жұмыс тиімділігін айқын ОБҚ-нің қорытылған көрсеткішінде, тазартылған судың сапасы бойынша бағалайды.

 Екіншілік тқндырғыштар тазартылған судан белсенді тұнба мен биоқабықшаны тұндыруды қамтамасыз етеді. Екіншілік тұндырғыштардың жұмыс сапасы аэрация станциясында іркінді суларды тазартудың соңғы сатысы болып табалады, негізінен станцияның толық жұмысының тиімділігін анықтайды деуге де болады. Екіншілік тұндырғыштардың технологиялық жұмыс тиімділігін тазартылған суда белсенді тұнба мен биоқабықшаның қалған бөлігінің концентрациясы бойынша бағаланады.         

Тазартылған суды залалсыздандыратын имараттар бактериялық ластануды нормативке дейін төмендетуді қамтамасыз етеді. Залалсыздандыру имараттарының технологиялық жұмыс тиімділігі залалсыздандырғаннан кейін қалған ішек таяқшалар тобының бактерияларының саны бойынша, сондай-ақ залалсыздандыру хлормен немесе оның өнімімен жүргізілсе, қалдық хлордың концентрациясы бойынша да бағаланады. Залалсыздандыру имараттары тиімді жұмыс істегенде 1 л іркінді суда ішек таяқшаларының бактериялар саны 1000-ға дейін төмендейді, ал қалдық хлордың концентрациясы 30 минут хлормен жанасу кезінде қалдық хлордың концентрациясы литрына 1,5 мг болу керек.         

 Тұнбаларды өңдеуге арналған имараттар. Тұнбаларды өңдеу, яғни құрамынан пайдалы заттарды максималды түрде утилизациялау арқылы тазарту станциясы аумағынан алып кетуге дайындау және қоршаған ортаның ластауын болдырмау, яғни суатттарға қалдықтарды мүлдем құймау мүмкіндігіне жеткізу болып табылады.

Тұнбаларды өңдеу негізінен залалсыздандыру, тұрақтандыру (шірімеу) және сусыздандыруды қамтамасыз ету болып табылады. Залалсыздандыру тұнбаларды метантенкте 50-55°С-ға дейін қыздыру арқылы немесе кептіру орнында немесе дегельминтизация камерасында 60°С-ға дейін қыздыру немесе басқа да әдістермен (қатты тұрмыстық қалдықтармен компостирлеу, химиялық залалсыздандыру және т.б.) жүргізіледі. Залалсыздандыру тиімділігі гельминттер жұмыртқаларының өмір сүру қабілеттілігінің жойылуына зертханалық талдау жүргізу арқылы бағаланады. Тұрақтылық анаэробты және аэробты ашыту кезінде жүреді, тұнбаға әкті рН мөлшері 11-12-ге жеткетше қосады.

Тұнбаларды қатты немесе жартылай қатты өнімге дейін сусыздандыру тұнба алаңдарында кептіру арқылы жүргізіледі, яғни центифугада, вакуум-сүзгіде, сүзу-нығыздау үрдістерін жүргізеді, бұл кезде тұнбаларды сусыздандырудағы ылғалдылық 80-85%-дан аспауы қажет. Тұнбаларды қатты құрғақ, ұнтақ өнімге дейін сусыздандыру бір уақытта термиялық кептірумен қатар сусыздандырып, тұрақтандыру (стабилизациялау) бірге жүреді. Қалдықтарды термиялық кептірудегі ылғалдылық 45-50%-дан аспауы керек. Тұнбаларды өңдейтін имарттардың тиімділік көрсеткіштері оның жұмысының технологиялық парамертлерімен анықталады.

Тұнбаларды утилизациялау оны жартылай өңдеу барысында жүреді, мысалы метантенкте ашыту кезінде ашу кезіндегі бөлінетін газды отын ретінде пайдалану, біріккен термиялық кептіру және қалдықтарды жағу кезінде жойылады.  Өңделген қалдықтарды минералдық тыңайтқыш ретінде, қаланы және ауыл-шаруашылығын көгалдандыруда пайлананады. Утилизацияланбайтын қалдықтарды арнайы қалдық жинағышқа жинайды және санэпидбақылаудың келісімімен шұңқырға тастайды.   

Тазартылған іркінді суларды құю кезінде тазарту имарттарындағы жоғары жүктеменің жиілігінен, су сапасы №554, 28 шілде 2010ж  бұйрықпен бекітілген ҚР  СанЕмН «Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, хозяйственно-питьевому водоснабжению ,местам культурно-бытового  водопользования  и  безопасности водных объектов»  туралы құжаттың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, тазарту имараттарының иесі бұл талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін шаралардың жоспарын өңдеу қажет.

Шаралар жоспарында жергілікті жағдайға сәйкес, суды қорғау шараларының тізімі беріледі, яғни станцияны кеңейту бойынша имараттарды жоспарлау және сол уақыттағы және суды қорғау шараларынан кейінгі нәтиже бойынша іркінді суларды тазартудың нормативтік сапалық көрсеткіштері туралы мәліметтер болады.      

Қалалық іркінді суларды тазарту станцияларын санитарлық тексеру бағдарламасы  

  1.  Елді мекен,  аудан, орналасқан орны.
  2.  Станция қызмет көрсететін нысандар. Станция орналасқан аумақты бағалау. Тұрғын құрылыстан қашықтығы, селитебті аумаққа қарағандағы басым соғатын желдің бағыты. Станцияның жер учаскесінің жайластырылуы (қоршау, көк жасыл желектер, жер бедері).
  3.  Станцияға түсетін іркінді сулардың сипаты (тұрмыстық, өндірістік, аралас), арнайы ингредиенттердің болуы.
  4.  Іркінді сулардың мөлшері және станцияның жобалық қуаттылығымен оның сәйкестігі.
  5.  Механикалық тазартудың имараттары: торлар, құм ұстағыштар, тұндырғыштар. Түрлері, эксплуатациялау жағдайы, санитарлық жағдайы. Тұнбаларды  алып кету тәсілі (қолмен, механикалық).
  6.  Биологиялық тазарту имараттары: эксплуатациялау жағдайы, санитарлық жағдайы.  
  7.  Екіншілк тұндырғыштар: түрлері, эксплуатациялау жағдайы, санитарлық жағдайы.  
  8.  Іркінді суларды тазартудағы қосымша имараттар.
  9.  Іркінді суларды залалсыздандыратын имараттар және заласыздандыру жағдайы (реагенттердің мөлшері, жанасу уақыты). Реагенттің қалдық мөлшерінің концентрациясы.
  10.  Насостық станция бөлмесі. Қалдықтарды сорып алуға арналған құрылымдар мен имараттардың болуы.
  11.  Іркінді суларды ағызудың санитарлық жағдайы. Ағызу орны, суаттың сипаты (суаттың категориясы, араласу жиілігі, жақын елді мекенге дейінгі қашықтық).
  12.  Зертханалық тексерулердің мәліметтері, іркінді суды тазартудың техникалық және гигиеналық тиімділігін бағалау.
  13.  Ағындарды тазарту имарттарына дейін және суаттарға ағызу алдында зертханалық тексеру үшін іркінді сулар сынамасын алуда техникалық тиімділігін бағалау. Тазартудың және залалсыздандырудың негізгі түрлерінің тиімділігін бақылау, әр сатыда сынама алу (механикалық тазарту, биологиялық тазарту, залалсыздандыру).       
  14.  Іркінді сулардың 8 сағат ішіндегі орташа сынамасын алу, әрбір ½ – 2 сағат сайын.
  15.  Қалалық іркінді суларды негізгі көрстекіштері бойынша зертханалық тексеру:  температурасы, градуспен, лайлылығы, мг/л, тұнба, %-қ көлемі бойынша, өлшенді заттар, мг/л, рН, ОХҚ20,  мг/л, тұрақтылығы, %, аммоний азоты және нитраттар азоты, мг/л, мг/л.
  16.  Қызмет көрсететіндер, саны. Қызмет көрсететіндердің санитарлық минимумды сақтауы.   
  17.  Қызмет көрсететіндерге арналған бөлмелер (демалыс бөлмелері, душтар, әжетханалар және т.б.).  
  18.  Қорытынды: тазарту имарттарының құрылымы мен эксплуатациялануының кемшіліктері, іркінді сулардың суаттың санитарлық жағдайы мен су пайдалану жағдайына әсері.    
  19.  Қалалық іркінді суларды тазарту бойынша, станцияның жағдайын тазарту бойынша ұсыныстар.  

  Іркінді суларды топырақтық тазартудың санитарлық тексеру әдістемесі.

Іркінді суларды топырақтық тазарту әдістеріне суармалы егіс алқаптары жатады. Сүзу алаңдары – алдын ала механикалық тазартудан кейін іркінді суларды бөлу және топырақ арқылы сүзуге арналған жер учаскелері. Сүзу алаңдарына жаппай құю арқылы суландырады, одан кейін бірнеше уақыт өткен соң, оларды «демалдырады», содан кейін қайта құяды. Сүзу алаңдарын ылғалдылығы жоғары аудандарда қолданады, жер учаскесі жетіспеген жағдайда бұл алаңдарға жоғары жүктеме түседі. Оларды қысқы уақытта да қолданады. Қыста іркінді сулар қатады, ал күн жыли бастағанда топырақ арқылы сүзіледі.   

Суармалы егіс алқаптары (СЕА) – ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға, тыңайтуға және өсіруге арналған, арнайы дайындалған және жоспарланған жер учаскелері.  Суармалы алқаптардың негізгі міндеті – іркінді суларды тазарту. Топырақтық тазартудың бұл түрі аз жүктемеге арналған (тәулігіне 5-тен 15 м3/га-ға дейін, яғни сүзу алқаптарына қарағанда 5-15 есе аз). СЕА-на қойылатын талаптар «Суармалы егіс алқаптарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары нормативтік құжатына (№ 336,  3 тамыз, 2006 ж, Астана) сәйкес жүргізіледі.   

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер іркінді суларды тазарту және зарарсыздандыру бойынша имараттар жұмысын ағымды санитарлық бақылау кезінде келесі міндеттерді шешеді:     

•  нысанның санитарлық төлқұжатын құрастыру;

• тазарту имараттарының жұмыс тиімділігін санитарлық бақылау;   

• апат жағдайы кезінде ағызу жағдайының сәйкессіздігі мен тазарту сапасының нашарлау себебін анықтау.   

Санитарлық-топографиялық тексерудің негізгі мақсатына гигиеналық талаптардың бұзылыстарын анықтау жатады.  

СЕА-на арналған жер учаскелері жердің рельефін, топырақтың түрін, су тәртібін, өсірілетін дақылдардың құрамын, топырақта судың жату деңгейін және санитарлық қорғау аумағының (СҚА) өлшемін сақтау қажеттігін ескеріп таңдап алынуы керек. СЕА-на арналған жердің табиғи еңістігі 0,02 пайыздан аспайтын рельефі болуы тиіс. Ойпатты және су басатын аумақтар СЕА ұйымдастыру үшін пайдаланылмауы керек. Суару алаңдары елді мекендер бойынша ық жағынан орналасуы қажет. Іркінді суларды тазарту имарттарының алаңдары тұрғын ғимараттарға қарағанда ық жағында және суат ағысы бойынша елді мекеннен төмен орналасуы қажет. Топырақтық тазарту әдісі имараттары құмды және құмайтты жер учаскесінде орналасуы тиіс; оларды саздақты және қара топырақты жерде орнатуға да рұқсат етіледі, бұл ретте оларға іркінді сулар көлемінің жүктемесін азайту керек.     

СЕА жобалау кезінде жақын елді мекеннің даму жоспары, өнеркәсіптік нысандар іркінді сулар көлемінің ұлғаю ықтималдығы суландырылатын аумақтан тыс ағызбай және оны барлық көлемін тиімді пайдалану мақсатымен, маңайындағы елді мекендердің өнеркәсіптік нысандардың келешекке дамуын, іркінді сулардың көлемінің ұлғаю ықтималын, олардың тәулік ішіндегі тәртібін ескеру қажет.    

Іркінді суларды топырақтық тазрту үшін имарттарды орнатуға рұқсат етілмейді:

1) орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуші көздердің санитарлық қорғау аумағында;

2) су горизонттарының жер бетіне шығу орындарында, сондай-ақ су өткізбеуші қабатпен қорғалмаған жарықшақты тау жыныстары мен карсттар аумағында;

3) курорттардың санитарлық қорғау аумақтарының шегінде;

4) жер бетінен грунт суларының жату тереңдігі құмды  және құмайтты топырақта 1,25 метр, саздақты және сазды жерлерде 1,0 м-ден кем болмауында.  

СЕА салу топырақтағы жер асты суының жоғары деңгейде жатуында да рұқсат етіледі, бұл жағдайда құрғатқыш (дренажды) қондырғыларының орнатылуы және СЕА әсер ету аймағында болушы елді мекендерге орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру керек.    

Дренажды суларды жинау және оларды суландыру қажетіне пайдалануы үшін тоған-жинағыштарды орнату қарастырылуы керек.

Топырақтық тазарту имараттарын эксплуатациялау кезінде грунт суларын ластау мүмкіндігін анықтау қажет. Негізінен төрт қатар ұңғы бұрғыланады: жоғары, төмен, грунт суының ағыс осіне қарай. Бұл мақсатта зерттелетін нысаннан әр түрлі қашықтықта орналасқан құбырлы, шахталық құдықтар қолданылады. Сумен қамтамасыз ету көзі мен ластаушы көз арасында гидравликалық байланыстың бар-жоқтығын анықтау қажет. Байланыстың бар-жоқтығын анықтау үшін ластаушы көзге флюоресциннің сілтілі ерітіндісін құяды. Флюоресциннің мөлшері ластаушы көз бен су алу имараттарына дейінгі қашықтыққа байланысты. Гидравликалық байланыс болған кезде су көзінде су (опалесцировать) ете бастайды.

Суармалы алқаптар шекарасы бойынша елді мекендер жағына қарай ені ең кемінде 15 м, магистралдық жолдар бойы – ең кемінде 10 м санитарлық қорғаушы орман жолақтары отырғызылуы тиіс.

Санитарлық-техникалық тексеру кезінде имараттардың жұмыс істеу құрылымының дұрыстығына баға берілуі қажет.

Іркінді суларды топырақтық тазарту имараттарын тексеру кезінде (суару және сүзу алаңдары) іркінді сулардың жүктеме мөлшері жергілікті топырақтық, климаттық және гидрологиялық жағдайға сәйкестігін анықтау қажет. Іркінді судың суландыру және суару нормалары әрбір нақты жағдайда ескеріледі:

1) климаттық ауданын;

2) топырақтың физикалық-химиялық қасиеті және топырақтың сулы-физикалық қасиеттері;

3) грунт суының деңгейі;

4) ауыл-шаруашылық дақылдарының түрлері;

5) ағындардың химиялық қасиеті;

6) суармалы аумақтың еңістігі (суатқа қарағанда  5%-дан кем емес).

СЕА-да техникалық, дәндік және басқа да мал азықтық дақылдарын, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды өсіруге рұқсат етіледі. СЕА-да көкөністерді (оның ішінде картоп), жидектерді, жемістерді, бақша өсімдіктерін, жүзімдерді өсіруге тиым салынады.   

Жылдың кейбір кезеңдерінде іркінді суды СЕА-на жіберуге рұқсат етілмейді:

1) көктем мезгілінде, өнімді жинау және қыстық суармалы алаңдарды дайындау жүргізілетін жаз мезгілінде;

2) күз мезгілінде, егінді жинау және алаңды қыс мезгіліне дайындайтын уақыт;

3) жауын-шашын кезінде іркінді суларды қабылдау үшін дақылдарды өсіруге арналмаған қосымша учаскелер  қарастырылуы қажет.  

Іркінді сулар алқаптарға су тарту каналдар желісі арқылы берілуі тиіс. Егер топырақтың жағдайлары қажет ететін болса, сүзіліп тазартылған іркінді суды құрғатушы (дренажды) желісі арқылы шығарылады. Алаңдарды жеке карталарға бөлу керек.

Карталардың өлшемі алқаптардың тағайындалуына және бірқатар басқа жағдайларына (жердің рельефіне, топырақтың сипатына, алаңдардың жалпы ауданына, карталардағы жұмысты механикаландыру жағдайын қамтамасыз етуге т.б.) байланысты алынуы тиіс. Жерді механикалық өңдеу мүмкіндігін жасау үшін карталардың ұзындығын 300-1500 м қашықтықта алу керек. Карталардың ені жердің рельефіне, топырақтың жағдайларына және суару әдісіне байланысты, белгілі шектен (екі жақтан ағызуда 100-200 м) жоғары болмауы керек. Жеңіл топырақ үшін карталардың ені, ауыр топырақтарға қарағанда кеңірек алынады. Жыралардың біркелкі толуы үшін карталарды ұзындық және көлденеңдік еңістігі бойынша жоспарлау керек. Суару желісі арқылы алқаптардың барлық учаскесіне іркінді судың өздігінен ағатындай етіп жобалануы тиіс. Жердің жыраларын трапециялы кесімді түрінде, ал каналдар мен науаларды – қаптауланған тік бұрышты кесімді түрінде орнату қажет.    

Қолайсыз топырақ жағдайларында СЕА-да құрғатушы (суды әкетуші) желісін орнату керек. Ол дренаждан, жинаушы және әкетуші желісінен және ағызу қондырғыдан тұруы керек. Дренаж топырақтың артық ылғалын уақытында әкетуін және аэробты тотықтыру процесінің өтуіне қажетті ауаны өткізуін қамтамасыз ету керек. Топырақты судың карталардың бетінен 1,5 м төмен жату деңгейінде дренаж орнатылуы тиісті. Дренаждар карталардың бетінен 1,5 м тереңдікте орнатылуы керек, ал кейбір жағдайларда оларды 1,25 м тереңдікте орнатуға рұқсат етіледі. Дренді құбырлар грунт суының ағысының бағытына перпендикулярлы, яғни жергілікті көлденеңіне параллельді орналасуы керек.     

Жануар текті өнімдерді өңдеу, ет комбинаты, емдеу-профилактикалық мекемелері, егулер мен сарысулар өндірісі бойынша шығарылатын іркінді суларды СЕА-на құюға рұқсат етілмейді. СЕА-на өндірістік іркінді суларды құюға рұқсат етілмейді.   

Суармалы алқаптар үшін дайындалған шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және аралас іркінді сулар қолданылады. Суару үшін іркінді сулардың жарамдылығын жобаланған нысанның топырақтық жағдайы есепке алынып, химиялық және физикалық көрсеткіштер бойынша анықтау жүргізіледі.

СЕА іркінді сумен оңтайлы әдісі 25-60 см тереңдікте салынған кәрізделген полиэтилендік құбырлар арқылы топырақ іші суландыру әдісі саналады. Іркінді суды жер беткі әдісімен (жыралар, тілкемдер, жолақтар арқылы) сондай-ақ жауындық әдісімен суаруға рұқсат етіледі.  

Суару алқаптарын пайдалануда соңғы суару уақыты мен егістікті жинау арасында карантиндік мерзім орнатылуы қажет. Карантиндік мерзімі төмендегідей уақытпен алынуы керек:

1) аридті аймақ үшін (шөлді және жартылай шөлді) – ең кемінде 8 күн;

2) субаридті аймақ үшін (далалық, орман-далалық) – ең кемінде 10 күн;

3) гумидті аймақ үшін (орманды-шалғынды аймақ) - ең кемінде 14 күн.

Карантиндік мерзім әрбір нақты жағдайда өсірілетін дақылдардың түрін және оларды пайдалану әдісін ескеріп бекітіледі.

Тазарту станциясының қызметкерлері мен сол жерге жақын тұратын тұрғындырдың аурушаңдығының жоғарылауына, сондай-ақ  ішек жұқпалы ауруларының (су арқылы жұғу), геогельминтоздың дамуына іркінді сулардың әсерін анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.   Іркінді суды топырақтық тазарту имараттарында жұмыс істейтін жұмысшылар алдын ала жұмысқа түсер алдында кезеңді түрде медициналық тексеруден өтулері қажет. Алқаптарда жұмыс істейтін жұмысшыларға профилактикалық егулер жасайды және жеке бас гигиенасын сақтау үшін жағдай жасалады. Жұмысшылар арнайы киіммен жұмыс істеуі керек.   

Жұмыс барысында зертханалық тексерулердің ведомствалық жоспарына сәйкес, өндірістік зертханалық бақылау жүргізіледі.

Су нысандарына іркінді суды құю жағдайын санитарлық сараптау әдістемесі.

«Химиялық заттардың қауіптілік деңгейі бойынша жіктелуіне» орай барлық зиянды заттар 4 қауіптілк класына бөлінеді: 1-ші класс – өте қауіпті, 2-ші класс – қауіптілігі жоғары, 3-ші класс – қауіпті, 4-ші класс – қауіптілігі орташа. Сондықтан тұрғындар денсаулығына ірі елді мекен орындарының және қуатты кәсіпорындардың іркінді сулары өте қауіпті болып табылады. Осыған орай оларды жеке бағалудың қажеттілігі жоқ, негізінен кешенді түрде – бірігіп кездескенде бағалау жүргізу қажет. Су нысандарына біркелкі зиянды қабілеті бар, 1 және 2 қауіптілік класына жататын бірнеше заттар түскен жағдайда, әр заттың қанықпа ара қатынасының (С1, С2, … Сn) су нысанына тиісті ШРЕК деңгейі бірден аспауы керек:

«Жер беті суларын ластанудан қорғау үшін қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы ережелермен танысқаннан кейін санитарлық дәрігер су нысандарына іркінді суларды құю жағдайын анықтауға кіріседі. Бұл кезде санитарлық дәрігер С.Н. Черкинский өңдеген санитарлық іс-тәжірибеде жалпы қабылданған есептеу әдісін пайдаланады. Ол үшін сәйкес қағидалар мен математикалық есептеу формулаларын қолданады.

Су нысандарының іркінді сумен ластану деңгейі екі негізгі факторға байланысты:

•   іркінді сулардың мөлшері мен құрамы;

• су нысандары суымен іркінді судың араласу жиілігі.

Бірінші фактор негізгі болып табылады, ол елді мекен тұрғындарының санымен, өндіріс технологиясымен,  қуаттылығымен, іркінді судың көлемімен, тазартылу деңгейімен, құю тәртібімен анықталады. Іркінді суларды өте тиімді тазарту кезінде оның сапасын ауыз су параметрлеріне дейін жеткізуге болады (Тахо өзені, Калифорния, АҚШ), бірақ мұндай тазартуды кең көлемде жүргізу мүмкін емес. Сондықтан нақты кәсіпорын мен нақты су нысаны үшін шекті рұқсат етілген құю (ШРЕҚ) нормативі өңделеді, ағындарды суаттарға құйғаннан кейін судағы химиялық заттардың концентрациясы ШРЕК-тен аспайды.   

Өзен немесе көл суымен ағындардың араласу жиілігі су нысандарының қуаттылығына байланысты және бір суат үшін үнемі құйылатын бірдей іркінді сулар зиянын тигізе қоймағанымен, басқа нысан үшін өте жоғары зиянын тигізуі мүмкін. Іркінді сулар су нысаны суының бір бөлігімен ғана араласатынын ескеру қажет, негізінен іркінді сумен табиғи судың толық араласуы мүмкін емес.    

Санитарлық дәрігер іркінді суды құю жағдайы бойынша жоба мәліметтеріне сараптама жасау кезінде қаланың немесе өнеркәсіптің іркінді суын толық сипаттайтын материалдар (көлемі, құрамы, құю жағдайы мен кезеңділігі) қажет, сондай-ақ іркінді су құйылатын су нысаны туралы да мәліметтер (суды пайдалану категориясы, мезгіл бойынша су шығыны, оның құрамы мен қасиеттері, ағу жылдамдығы және т.б.) толық болуы керек.      

1. Суат суындағы іркінді судың араласу жиілігі (n) келесі формуламен анықталады:

,

мұндағы Q – өзендегі ең аз су шығыны; a – араласу коэффициенті (егер барлық өзен суы іркінді сумен араласуға қатысса, біріқ іс жүзінде олай болмайды, онда а = 1, басқа жағдайда, а 1); q – іркінді судың шығыны.

Өзендегі судың және іркінді судың шығыны бойынша мәліметтер жоба материалында болады, ал су нысаны суымен іркінді судың араласу коффициенті (а) келесі формуламен анықталады:

a = ,

М.В. Потапов формуласы бойынша есептеу үшін турбуленттік диффузия коэффициенті анықталады (Е):

E = ,

мұндағы, Vорташа – өзеннің орташа ағыс жылдамдығы; Норташа – оның тереңдігі;

200 – өзеннің біркелкілігі үшін эмпириялық коэффициент.

Егер өзеннің ағыс жылдамдығы және оның тереңдігі (V және H көрсеткіші) есептеу орнына дейін қашықтықта өзгеретін болса, Қазақстан жағдайы бойынша, іс жүзінде өзгеріссіз, онда турбуленттік коффициент диффузиясы (Е) келесі формуламен анықталады:

Е = ,

мұндағы L – есептеу елді мекен орнына дейінгі қашықтық;  L1,  L2,  Ln 

өзеннің әр түрлі учаскелеріндегі ағыс; V1  V2  Vn, – әр түрлі учаскедегі ағыс жылдамдығы; H1, H2, Hn – әр түрлі учаскедегі өзен тереңдігі.

Одан кейін араласудың гидравликалық  параметрлер мәнін көрсететін коэффициентті (α) келесі формуламен есептейді:

α = i · j ·

мұндағы, i – ағындарды құю орнына арналған коэффициент (жағада мәні 1-ге тең, аранда – 1,5);

j –  арнаның иірім коффициенті, ағындарды құю орны мен өзен арнасы бойынша тіке қашықтық бойынша есептеу нүктесіне дейінгі ара-қашықтыққа тең.

 (α) коффициентін есептеу үшін, α шамасын анықтау қажет, мұндағы  L – ағындарды құю орнынан есептеу нүктесіне дейінгі қашықтық, м. Содан кейін Салтыков кестесі бойынша  e3L сандық мәні қажет, одан соң а араласу коффициентін формула бойынша есептейміз.  

2. Құйылатын іркінді суда өлшенді заттардың рұқсат етілген концентрациясы келесі формуламен анықталады:

,

мұндағы Сағын– су пайдалану орнында су сапасының нормативін қамтамасыз ететін іркінді судағы рұқсат етілген өлшенді заттар концентрациясы; Срұқсат– суды пайдалану категориясына байланысты су нысаны суындағы ластаушы заттардың болуының рұқсат етілген жоғарылау шегі (0,25 или 0,75 мг/мл); Сөзен– су нысаны суында өлшенді заттардың фондық мөлшері.

3. Іркінді судағы қышқылдар (қ) немесе сілтілердің (с) рұқсат етілген концентрациясы келесі формуламен анықталады:

;

мұндағы Хқ немесе Хс – қышқыл немесе сілтінің қалыпты ерітіндісіндегі миллилитр мөлшері, 1 л су нысаны суында рН 6,5-8,5 шамада.

Хқ және Хс мөлшері сілтілік немесе қышқылдық фондық мөлшерге және суат суының рН-ына байланысты төмендегі график (5.6-сурет) бойынша анықталады.

e3L мөлшерін анықтау үшін қолданылатын Салтыков кестесі

α

e

α

e

α

e

α

e

α

e

0,50

0,614

1,15

0,317

2,55

0,0781

3,95

0,0194

5,7

0,00337

0,52

0,595

1,20

0,301

2,60

0,0745

4,00

0,0184

5,8

0,00304

0,54

0,583

1,25

0,286

2,65

0,0709

4,05

0,0175

5,9

0,00276

0,56

0,571

1,30

0,272

2,70

0,0675

4,10

0,0167

6,0

0,00249

0,58

0,560

1,35

0,259

2,75

0,0644

4,15

0,0159

6,1

0,00224

0,60

0,549

1,40

0,251

2,80

0,0610

4,20

0,0151

6,2

0,00204

0,62

0,538

1,45

0,235

2,85

0,0580

4,25

0,0141

6,3

0,00185

0,64

0,528

1,50

0,223

2,90

0,0552

4,30

0,0138

6,4

0,00167

0,66

0,517

1,55

0,212

2,95

0,0525

4,35

0,0130

6,5

0,00151

0,68

0,507

1,60

0,202

3,00

0,0500

4,40

0,0123

6,6

0,00138

0,70

0,497

1,65

0,192

3,05

0,0476

4,45

0,0118

6,7

0,00124

0,72

0,487

1,70

0,138

3,10

0,0454

4,50

0,0112

6,8

0,00112

0,74

0,447

1,75

0,174

3,15

0,0430

4,55

0,0107

6,9

0,00102

0,76

0,468

1,80

0,165

3,20

0,0408

4,60

0,0101

7,0

0,00092

0,78

0,459

1,85

0,159

3,25

0,0389

4,65

0,0096

7,1

0,00083

0,80

0,450

1,90

0,155

3,30

0,0371

4,70

0,00915

7,2

0,00076

0,82

0,441

1,95

0,144

3,35

0,0352

4,75

0,00872

7,3

0,00068

0,84

0,433

2,00

0,136

3,40

0,0335

4,80

0,00830

7,4

0,00062

0,86

0,425

2,05

0,129

3,45

0,0319

4,85

0,00790

7,5

0,00056

0,88

0,416

2,10

0,123

3,50

0,0303

4,90

0,00749

7,6

0,00050

0,90

0,407

2,15

0,117

3,55

0,0289

4,95

0,00717

7,7

0,00046

0,92

0,399

2,20

0,111

3,60

0,0276

5,00

0,00675

7,8

0,00042

0,94

0,392

2,25

0,106

3,65

0,0262

5,1

0,00614

7,9

0,00037

0,96

0,384

2,30

0,1005

3,70

0,0249

5,2

0,00555

8,0

0,00034

0,98

0,376

2,35

0,0958

3,75

0,0236

5,3

0,00503

8,5

0,000204

1,00

0,368

2,40

0,0911

3,80

0,0225

5,4

0,00457

9,0

0,000124

1,05

0,350

2,45

0,0865

3,85

0,0214

5,5

0,00415

9,5

0,000076

1,10

0,336

2,50

0,0824

3,90

0,0204

5,6

0,00372

10,0

0,000046

5.6-сурет. Қышқылды қ) және сілтілі с) ағындардың құю жағдайын есептеуге арналған номограмма

4. Өзін-өзі тазарту үрдісінсіз органикалық заттардың рұқсат етілген концентрациясы (ОБҚағын) (егер су пайдалану орны мен іркінді суды құю орны арасын бірнеше сағатта ағып өтсе) келесі формула арқылы есептеледі:

,

мұндағы ОБҚағыніркінді сулардың ОБҚтолық көрсеткіші бойынша органикалық заттардың рұқсат етілген концентрациясы, су пайдаланудың есептеу нүктесінде судың нормативтік сапасының сақталуы; ОБҚөОБҚтолық  іркінді суды ағызу орнынан жоғары өзен суында; ОБҚtсуды пайдалану категориясы бойынша су нысаны суындағы ОБҚтолық рұқсат етілген мөлшері (3 немесе 6 мг О2/л).

5. Іркінді судағы химиялық заттардың рұқсат етілген концентрациясы мына формула бойынша анықталады:

,

мұндағы Сағыніркінді судағы химиялық заттардың рұқсат етілген концентрациясы (мг/л), су пайдаланудың есептеу нүктесінде сол көрсеткіш бойынша судың қалыпты сапасын сақтайды;  СШРЕКсу нысаны суында сол заттың шекті рұқсат етілген концентрациясы; Сөзенсу нысаны суында сол заттың фондық концентрациясы.

6. Іркінді суды құю кезіндегі қажетті рұқсат етілген температурасы келесі формуламен есептеледі:

,

мұндағы  tағыніркінді судың шекті температурасы, осы арқылы су нысанына құю кезінде санитарлық нормаға жауап береді;  tмаксіркінді суды құйғанға дейін жаз уақытындағы максималды температура; tр.е.су нысанында су температурасының шекті жоғарғы температурасы (30С-ден жоғары емес).

7. Іркінді судың түске және иіске байланысты құю жағдайы суат суымен араласу деңгейіне байланысты.

Іркінді сулардың ағызу жағдайын сараптау мысалы.

К. қаласында химиялық зауыт жобалануда, іркінді суды ағызу қаланың төменгі жағындағы Н. өзеніне құйылатындығы жобаланған. Су нысанын санитарлық тексеру кезінде төменгі жағдайлар бекітілді: іркінді суды құю орнынан 5 км төмен қашықтықта В. елді мекені орналсқан, сол жердің тұрғындары Н. өзенін мәдени-тұрмыстық мақсатта пайдаланады. Ауыз сумен артезиандық ұңғылар арқылы қамтамасыз етіледі. Іркінді суды ағызу орнынан 20 км төменде М. қаласы орталықтандырылған су көзі ретінде пайдаланады.

Ұқсас химиялық зауыттың іркінді суын зерттеу мәліметтері

Сынама – орташа порциялық, жалпы ағыннан алынған. Сұйық ағынның орташа шығыны 0,4 м3/с мөлшеріне тең.

Сұйық ағынның түсі – қоңыр, 20 см биіктік бағанда араласу қатынасы 1 : 16 болғанда түсі жойылады, биіктігі 10 см бағанда араласу қатынасы 1 : 8 болғанда жойылады.

  1.  Іркінді судың исі – өзіне тән, 1 : 15 қатынаста араластырғанда түсі жойылады. .
  2.  Мөлдірлігі – 1 см, екі сағаттық тұну кезінде  – 15 см.
  3.  Хлоридтер – 120 мг/л.
  4.  1050С-де өлшенді заттар – 50 мг/л.
  5.  Сульфаттар – 80 мг/л.
  6.  1050С-де құрғақ қалдық – 148 мг/л.
  7.  Қалыпты сілті ерітіндісінің титрлік қышқылдығы – 17 мл.
  8.  рН 5,6.
  9.  Тотыққыштығы – 160 мг О2/л.
  10.  Оттегнің биохимиялық қажеттілігі (толық) – 190 мгО2/л.
  11.  Қорғасын – 3,5 мг/л.
  12.  Мырыш – 6 мг/л.
  13.  Бензол – 15 мг/л.
  14.  Нитрохлорбензол – 0,5 мг/л.
  15.  Динитрохлорбензол – 8 мг/л.

Сонымен қатар, іркінді суда органикалық және минералды қышқылдар, қарапайым гликол бар. Қалқып жүретін қоспалар жоқ. Бактериологиялық талдау жүргізілмейді.

Н. өзенінің тексеру мәліметтері.

  1.  В. елді мекенге дейін өзендегі судың орташа шығыны – 60 м3/с, В. – М. учаскелерінде – 80 м3/с.
  2.  Сол учаскелердегі су ағысының орташа жылдамдығы – 0,3 и 0,5 м/с.
  3.  Сол бөліктердегі араласуын қамтамасыз ететін есептеу коффициенті – 0,14 и 0,98.

Н. өзеннің қалаға кірер бөлігіндегі судың санитарлық талдау көрсеткіштері ГОСТ  2761-84 бойынша 2-класқа жататын талаптарға сәйкес келеді.   

  1.  1 н. қышқыл ерітіндісінің сілтілігі – 2,9-3 мл.
  2.  рН 7,2-7,3.
  3.  Еріген оттегі – 8 мг/л.
  4.  Оттегінің биохимиялық қажеттілігі (толық) – 1,6 мгО2/л.
  5.  Өлшенді заттар – 1,5 мг/л.
  6.  Мырыш – 0,1 мг/л.
  7.  Қорғасын – 0,01 мг/л.

Жобаланатын зауыттың суаттарға іркінді судың құю жағдайын анықтау.

Шешу мысалы: Іркінді судың қажетті тазартылу деңгейін Н. өзеніне құймастан бұрын В. және М. нүктелерінде араласу жиілігін  анықтау қажет.   Бұл үшін кесте бойынша нықталатын араласу коэффициентін білу қажет: В. нүктесі үшін – 0,14 және М. нүктесі үшін – 0,98. Суаттарға құйылатын іркінді су үшін араласу мүмкіндігі мынаған тең:

В. нүктесі үшін - ,

М. нүктесі үшін - .

Органолептикалық зияндылық көрстекіші бойынша іркінді судың ағызу жағдайын есептеу.

  1.  Іркінді судың түсі бойынша: В. нүктесі үшін – шынайы араласуы - 1 : 8; су пайдаланудың екінші категориясы үшін араласу мүмкіндіг і - 1 : 22.

М. нүктесі үшін – шынайы - 1 : 16; су пайдаланудың бірінші категориясы үшін араласу мүмкіндігі - 1 : 197.

  1.  Іркінді судың исі бойынша: В. нүктесі үшін шынайы араласу  – 1 : 15; есептегенде  – 1 : 22, М. нүктесі үшін қажетті араласу - 1 : 197. Арнайы иістің қауіптілігіне байланысты мәселені шешу үшін хлорлағаннан кейін аналитикалық мәліметтері ұсынылуы қажет.
  2.  Өлшенді заттар бойынша: В. нүктесі үшін –

мг/л,

М. нүктесі үшін

мг/л.

Жоғары араласу мүмкіндігі М. елді мекені үшін өлшенді заттарды литрына 50,75 мг-ға дайін іркінді суды тазартуға аз талаптар қоюға мүмкіндік береді (орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін Н. өзенін қолдану кезінде), біріқ В. пункті үшін іркінді судағы өлшенді заттардың мөлшері литрына 18 мг-нан жоғары, соған орай есептеу мөлшеріне дейін тазартуды талап етеді.    

  1.  Іркінді суларда табылған химиялық заттардан динитрохлорбензол органолептикалық зияндылық көрсеткіші бойынша нормаланады, ағындарда бұл заттардың рұқсат етілген деңгейін анықтау керек (ШРЕК – 0,5 мг/л):

Динитрохлорбензолдың іркінді сулардың шынайы концентрациясы – 8 мг/л, Н. өзенінің суына құюға рұқсат етіледі.

  1.  В. елді мекеніне жақын жатқан Н. өзеніне іркінді суды ағызу орнындағы ағындардың рұқсат етілген температурасы (tагын):  

Берілген есептеулер нәтижелеріне байланысты су нысанына іркінді суларды құймастан бұрын 1050С-дан 860С-ға дейін суыту қажет.  

 Жалпы санитарлық зияндылық көрсеткіштері бойынша іркінді сулардың ағызу жағдайын есепту.

  1.  В. нүктесі үшін ОБҚп  мәнін өзін-өзі тазартуын есепке алмай есептейді, яғни іркінді суларды құю орнынан су тұтыну нүктесінен 1 км жоғары орынға жету уақыты (t) бірнеше сағатты құрайды:   сағат, шамамен 0,25 тәулік.

мұндағы Lіркінді суды құю орнынан су тұтыну нүктесінен 1 км жоғары орынға дейінгі қашықтық, Vөзен ағысының орташа жылдамдығы.

мгО2/л.

М. нүктесі үшін уақыт  сағат, шамамен 0,5 тәулік. К және 10t мәнін 4-5 кестеден анықтаймыз. К = 0,1 и tтәулік = 0,5, табамыз 10t = 0,891.

мгО2

5.2-кесте.

Әр түрлі температурадағы тотығу жылдамдығының константы

Т °С

К

Т °С

К

Т °С

К

Т °С

К

0

0,04

12

0,07

20

0,10

26

0,13

5

0,05

15

0,08

22

0,11

28

0,14

9

0,06

18

0,09

24

0,12

29

0,15

5.3-кесте.

Ауыспалы К және  тәуліктік  t кезінде 10мөлшернің мәні

Жылдамдық константы ОБҚt)

Тәуліктік уақыт (t)

0,25

0,5

1,0

1,5

2,0

2,5

3,0

4,0

5,0

6,0

0,04

0,977

0,955

0,912

0,871

0,832

0,794

0,759

0,692

0,631

0,575

0,06

0,966

0,933

0,871

0,813

0,759

0,708

0,661

0,575

0,501

0,437

0,08

0,955

0,912

0,932

0,759

0,692

0,631

0,575

0,479

0,398

0,331

0,10

0,944

0,891

0,794

0,708

0,631

0,572

0,501

0,398

0,316

0,251

0,12

0,933

0,871

0,759

0,661

0,575

0,501

0,436

0,331

0,251

0,191

0,14

0,922

0,851

0,724

0,617

0,525

0,447

0,332

0,275

0,200

0,145

0,16

0,912

0,832

0,692

0,575

0,479

0,398

0,331

0,229

0,159

0,110

0,18

0,903

0,813

0,661

0,537

0,437

0,355

0,288

0,191

0,126

0,083

0,20

0,891

0,794

0,631

0,501

0,393

0,316

0,251

0,158

0,100

0,063

0,22

0,881

0,776

0,603

0,478

0,363

0,283

0,219

0,132

0,079

0,049

0,24

0,871

0,759

0,575

0,437

0,331

0,251

0,191

0,110

0,063

0,036

0,26

0,861

0,741

0,550

0,407

0,302

0,224

0,166

0,091

0,050

0,025

0,28

0,851

0,724

0,525

0,380

0,275

0,199

0,145

0,076

0,050

0,021

0,30

0,841

0,708

0,501

0,355

0,251

0,178

0,126

0,063

0,032

0,016

0,40

0,794

0,631

0,398

0,251

0,158

0,100

0,063

0,025

0,010

0,004

0,50

0,750

0,565

0,316

0,178

0,100

0,056

0,032

0,010

0,003

0,001

Осыдан қорытындылауға болады: егер В. нүктесі бойынша есептеу ОБҚn  98,4 мгО2 мөлшерде іркінді суда рұқсат етілсе, онда іркінді суды ОБҚn  бойынша 190 до 98,4 мгО2 мән аралығына дейін тазарту қажет. М. нүктесі үшін тексеру есептеуі көрсетті: іркінді сулардың жоғары дәрежеде араласуы және өзін-өзі тазаруы үшін көп уақыттың кетуіне орай ОБҚn бойынша арнайы тазарту шарасын қолданбай-ақ тазартуға болады.     

  1.  Зияндылықтың жалпы санитарлық көрсеткіші бойынша іркінді суда химиялық заттардың рұқсат етілген кездесу мөлшерін есептеу.  МырышШРЕК-1,0 мг/л.

Мырыштың іркінді судағы шынайы концентрациясы – 6 мг/л, Н. өзеніне құюға рұқсат етіледі.

  1.  Өзеннің рН реакциясы бойынша іркінді судың ағызу жағдайын есептеу:

Ск агын мәнін (іркінді судағы қышқылдың концентрациясы) график бойынша (5.6-сурет) Хк  мәнін табады, абсцисс осінен өзеннің рН-ына сәйкес келетін (7.25) нүктені табады. Осы нүктеден қисық сызықты кесіп өткенге дейін өзен суының сілтілігіне сәйкес, тік сызық жүргізеді, қиылысқан нүктеден оң ординат осіне көлденең сызық жүргізеді – Хқ = 1,3. Формулаға барлық мәнді қойып, Сқ ағын :

мл 1 моль/л ерітінді.

Іркінді судағы шынайы қышқыл концентрациясын еептеу мәнімен салыстырады, қорытынды беруге болады, н. сілтілі ерітіндінің титраттық қышқылдығы бар іркінді суды Н. өзеніне құюға рұқсат етіледі.  

Санитарлық-токсикологиялық зияндылық көрсеткші бойынша іркінді суды ағызу жағдайын есептеу.

  1.  Қорғасын мен бензол суда екінші қауіптілік класына жатады және санитарлық-токсикологиялық зияндылық көрсеткіші бойынша нормаланады, сондықтан олардың ШРЕК концентрациясының қосындысы бірден аса ма, жоқ па, сол мәнді анықтау қажет:

Біздің мысалымызда үш зат санитарлық-токсикологиялық зияндылық көрсеткіші бойынша нормаланады, яғни бұл заттардың ШРЕК мәні 3 есеге дейін азайтылуы керек:  

  •  қорғасынға арналған ШРЕК – 0,03 мг/л,  0,01мг/л мәні алынады;
  •  бензолға арналған ШРЕК – 0,5 мг/л, 0,16 мг/л мәні алынады;
  •  нитрохлорбензолға арналған ШРЕК – 0,05 мг/л, 0,016 мг/л мәні алынады.

   Қорғасын -

Бензол -

Нитрохлорбензол-  

Қорытынды: Н. өзеніне химиялық зауыттың іркінді суларын құю жағдайын есептеуді жүргізгенен кейін, қорытынды беруге болды, осы химиялық зауытқа ұқсас мәліметтері бар іркінді суларды су нысандарына құюға рұқсат етілмейді.      

Келтірілген есептеуге сәйкес, іркінді суды құю сызбасынан көруге болады:

  •  ағындардың исі мен түсінің жойылуы үшін іркінді судың шынайы араласуы жеткіліксіз;
  •  В. елді мекені үшін өлшенді заттардың рұқсат етілген деңгейі, Н. өзенін мәдени-тұрмыстық мақсат үшін қолдануда өлшенді заттардың мөлшері литрына 50 мг-ның орнына литрына 18 мг-ды құрау қажет;
  •  ағындардың рұқсат етілген температурасы 1050С-тың орнына 860С;
  •  іркінді сулардың ОБҚтолық  тазарту 190 мг О2-дан 98,4 мг О2 мөлшерге дейін.
  •  ағындардағы химиялық заттардың концентрациясы санитарлық-токсикологиялық зияндылық көрсеткіштері бойынша (қорғасын, бензол, нитробензол) іркінді судағы улылығы 10-100 есе рұқсат етілген деңгейден асып кетеді. Сондықтан барлық көрсеткіштерді рұқсат етілген (есептеу) деңгейіне дейін жеткізу үшін  су нысандарын ластанудан қорғау үшін қорғау шараларын (технологиялық, санитарлық-техникалық, көмекші) жүргізу қажет.

Автошаруашылықтардың іркінді суларының түзілу жағдайын санитарлық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, орналасқан жері.
  2.  Автошаруашылықтың ведомствалық иегері, аты.
  3.  Автокөліктер паркі, көлік саны.
  4.  Тұрғын ғимарттарға қарағанда қала аумағында парктің орналасуы.
  5.  Іркінді сулардың түзілу жағдайының сипаттамасы, ластану деңгейі, негізгі ластаушы заттар, температурасы, жанғыш қоспалар мен қалқып жүретін заттардың болуы.
  6.  Іркінді суларды тазартуда қолданылатын қондырғылар (лай тұндырғыштар, бензин ұстағыштар, мұнай ұстағыштар), тазартудан кейін іркінді суды қайта пайдалану.
  7.  Іркінді суды құю орны (суатқа немесе қалалық канализацияға).
  8.  Қалдықтарды тасымалдау жиілігі, улитизациялау, мұнай қалдықтарын бөліп алу. Өндірістік қалдықтарды тасымалдауға полигонның келісімінің болуы. Өткен айлар, жылдардағы тасылған қалдықтардың мөлшері.  
  9.  Тазарту имарттарының жұмыс тиімділігін бақылау (қандай зертхана жүргізеді, талдаулар көлемі, талдау нәтижесі).
  10.  Қызмет көрсететін жұмысшыларға арналған бөлмелер (демалыс бөлмесі, душтық орын, әжетхана және т.б.).
  11.  Қорытынды: тазарту имараттар жұмысындағы кемшіліктер, қалалық канализацияға немесе суатқа іркінді суды құю жағдайындағы мәліметтер.
  12.  Анықталған қателіктерді жоюға байланысты ұсыныстар.

Ескертпелі санитарлық бақылау

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің су нысандарын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі келесідей:

 •  шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарындағы суаттарға іркінді суды ағызу жағдайының жобасына санитарлық сараптама жүргізу (ағымды санитарлық бақылау бөлімінде келтірілген);

 •   елді мекенді, өндірістік және басқа да нысандарды канализациялауда салу, қайта салу, кеңейтуге байланысты жобаларға санитарлық сараптама жүргізу;

 •  канализация және тазарту имараттарының құрылысына санитарлық бақылау жүргізу, эксплуатацияға беру кезінде қатысу;

 •  шекті рұқсат етілген құю жобасына (ШРЕҚ) санитарлық сараптама жүргізу.

1975 ж. С.Н. Черкинский көрсеткендей іркінді сулардың зияндылық көрсеткіштеріне ағындарды суаттарға құю кезінде, туындайтын тұрғындардың су тұтынуының шектеу деңгейі жатады.  Ескертпелі санитарлық бақылауда суаттар суындағы зиянды заттардың болуын гигиеналық регламенттеу негізінде іркінді суларды құю жағдайын алдын ала  (кәсіпорындар құрылысына дейін) гигиеналық бағалау болып табылады.   

Коммуналдық гигиенаның бұл бөлімінің негізгі нормативтік құжаттарына  ҚНмЕ «Канализация. Наружные сети и сооружения» және №554, 28 шілде 2010ж  бұйрықпен бекітілген ҚР  СанЕмН  «Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, хозяйственно-питьевому водоснабжению ,местам культурно-бытового  водопользования  и  безопасности водных объектов» туралы ережелер мен нормалары жатады. Бұрынғы санитарлық заңнамалардан ерекшелігі, суды қорғау аумағы мен суды қорғау жолағын бекіту бекіту бойынша жоғары гигиенылық талаптар қойылған:

 –  суды қорғау аумағы – су көзінің ластанбауын, сарқылмауын, бітеліп қалмауын болдырмау үшін ондағы ж.үргізілетін шаруашылық қызметіне арнайы тәртіп қарастырылатын, су нысандарына және су шаруашылғына байланысты ғимараттарға жақын орналсқан аумақ;

 –  суды қорғау жолағы – су нысандарына және су шаруашылығына байланысты ғимараттарға жақын орналасқан жерде, шарашылық жүргізу тәртібіне шектеу қойылған суды қорғау аумағының шегіндегі ені 20 метрден кем емес аумақ.

 Суды қорғау аумағында су нысандарын ластайтын (әр түрлі химиялық заттардың қоймасы, қалдықтарды жинау орны, мехнаникалық жөндеу орындары, суға шомылу, малдарды санитарлық өңдеу, автокөліктерді жуу және т.б.) жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Аумақтың өзінде су нысанына жақын жатқан учаске - суды қорғау жолағы (ені 20-100 метрге дейін)  орналасады, онда шаруашылық іс-әрекет шектеледі. Суды қорғау жолағында ғимараттарды салуға, саяжай үйлерін салуға, палаталық қалашық құрылымын салуға, жайылым ретінде пайдалануға рұқсат берілмейді. Суды қорғау аумағын ұйымдастырумен қатар су нысандарын қорғау аумағын ұйымдастыру да бірге жүреді.

Суды қорғау аумағы мен жолағы және бұл жерлерді шаруашылық мақсатта пайдалану тәртібі жергілікті атқарушы ұйымдардың шешімімен бекітіледі. Әрбір жаға бойынша суды қорғау аумағының минималды ені су деңгейіне, өзен поймасына, пойма үстілік террасаларға, жағалық тік жарға, қоршау мен балкілерге байланысты белгіленеді:

–     кіші өзендер үші (ұзындығы 200 км-ге дейін) - 500 м;

– басқа өзендер үшін: қарапайым шаруашылық мақсата пайдалану жағдайына, су жинау орнында қолайлы экологиялық жағдайда  –500 м; күрделі шаруашылық мақсата пайдалану жағдайына, су жинау орнында қолайсыз экологиялық жағдайда  – 1000 м.

Осыған байланысты СанЕмН нормативі бойынша су нысандарына құюға болмайды:

    тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған, құрамында жұқпалы аурулар қоздырғышы  бар іркінді суларды;

   өндірістік, қалалық, ауылдық шаруашылықтарда қайта пайдалану жолымен алынып тасталған іркінді суларды;  

  қалдықтарды тастауға, балластық суларды  құюға, мұнай өнімдерінің суға ағуын болдырмау;

  елді мекен ішінде іркінді суларды құюға рұқсат етілмейді. Іркінді суларды құю орны елді мекен шекарасынан өзен ағысы бойынша төмен жақта болу қажет.    

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің маңызды міндеттерінің біріне су нысандарын қорғау үшін тазартылуына және жақын суаттарға ағындарды құю жағдайына бақылау жүргізу жатады. Бұл міндеттер осы бөлім бойынша ескертпелі және ағымды санитарлық бақылау негіздері болып табылады.    

Санитарлық дәрігер ескертпелі санитарлық бақылау сатысында елді мекен жобасына сараптама жүргізеді, канализация жүйесіне, қалалық іркінді суды тазарту және оларды суаттарға құю жобасына сараптама жүргізеді.   

Ағымды санитарлық бақылау кезінде су нысандарын ластаушы көздер анықталады, қалалық канализацияның тазарту имараттары тексеріледі, олардың жұмыс істеу тиімділігі бағаланады. Жиналған мәліметтер негізінде бірінші кезектегі және ұзақ мерзімді шаралардың жоспары құрастырылады.  

                                                                                                                                              

Елді мекен канализациясының жобасын санитарлық сараптау әдістемесі. 

Қаланың бас жоспарының «Канализация» бөліміне санитарлық сараптама жүргізу кезінде елді мекеннің болашақ дамуы бойынша канализация жүйесінің дамуын есепке алу маңызды міндеттің біріне жатады. Бұл бөлімде елді мекеннің канализациялану жағдайы берілуі қажет; жаңадан салынған аудандардан іркінді суларды алып кетуді қамтамасыз етудің даму жағдайына салыстырмалы талдау жүргізу мәліметтері болуы қажет; бұрыннан бар жүйені кеңейту және жаңадан тораптар мен имараттар құрылысын жүргізуді есепке ала отырып, оның сатылы түрде дамуы бойынша ұсыныстар беріледі; қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптар ескеріліп, кемшіліктерді жою бойынша шаралар ұсынылады.   

Санитарлық дәрігер елді мекенді канализациялау жобасын қарастыру кезінде су шаруашылығының біріңғай жүйесінің құрамды бір бөлігі ретінде қарастыруы тиіс. Сондықтан сумен қамтамасыз ету жүйесі мен әр түрлі текті іркінді сулардың су шығыны бойынша өз-ара байланысын, яғни олардың құрамын, іркінді сулардың суаттарға құйылуын, олардың шаруашылық ауыз-су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану нысаны ретіндегі әсерін міндетті түрде ескеру қажет. Тұрғын-азаматтық мақсаттағы нысандарды канализациялау бойынша негізгі шешімдер тазартылмаған немесе толық тазартылмаған іркінді суларды суаттарға ағызу кезінде қоршаған ортаны қорғау және елді мекеннің жайластыру деңгейін жоғарылату шараларын ескеру қажет.  

Жобаның құрамында келесі мәліметтер болуы керек: елді мекендегі бұрыннан салынған канализация жүйесі туралы мәліметтер (тұрмыстық, өндірістік, жауын-шашындық іркінді суларды алып кету жүйесі), олардың жалпы жағдайы, құрылысы жүргізілмеген қарастырылған жобалар туралы; елді мекеннің кәсіпорындарындағы су шаруашылық жүйесі туралы, тұрмыстық іркінді сулармен қатар, өндірістік іркінді сулар пайда болады, олардың көлемі, құрамы, ластаушылар концентрациясы туралы мәліметтер.      

Өндірістік іркінді сулардың мөлшері мен құрамы көптеген факторларға байланысты: өндірістік кәсіпорындардың салалары бастапқы шикізаттың түрлері, технологиялық үрдістер, өндірістік қалдықтарды утилизациялау мүмкіндігі, өнім бірлігіне меншікті су тұтыну мөлшері. Өндірістік іркінді сулар құрамында әр түрлі мөлшердегі органикалық және органикалық емес ластаушы заттар болады.

Өндірісі дамыған ірі қалаларда өндірістік ағындардың мөлшері жалпы көлемге шаққанда 35%-ды құрайды, сондықтан қалалық тазарту имараттары негізінен тұрмыстық іркінді суларға негізделген. Өндірістік ластаушылардың негізгі бөлігі зауыттың тазарту имарттарында ұсталып қалуы қажет.   

Іркінді сулардың құрамы химия-аналитикалық әдістермен анықталады, жобалау үшін қолданылатын және олардың сапасын сипаттайтын көрсеткіштердің қысқартылған тізімі қолданылады. Бұндай көрсеткіштерге келесілер жатады: температура, түсі, исі, мөлдірлігі, рН мөлшері, құрғақ және тығыз қалдықтар, өлшенді заттардың, тұнатын заттардың болуы, ОБҚ (БПК), ОХҚ (ХПК), азоттың, фосфаттың, хлоридтердің, сульфаттың, улы заттардың, синтетикалық беткей белсенді заттардың, еріген оттегі концентрациясының, биологиялық ластаушы заттардың болуы.      

Басындағы бес көрсеткіш органолептикалық зияндылық көрсеткішіне жатады, ондағы екі көрсеткіш (температура және ортаның реакциясы) канализацияның тазарту имараттарының жағдайына едәуір әсерін тигізеді. Судың температурасы өлшенді заттардың тұну үрдісіне әсер етеді және суды тазарту кезінде биологиялық үрдістердің жылдамдығын анықтайды, ал ортаның реакциясы 6,5-тен төмен немесе 8,5-тен жоғары болған кезде микроорганизмдердің тіршілік әрекетін бұзады, осыған сәйкес іркінді суларда тазару жүреді.

Іркінді сулар сапасының ең басты көрсеткішінің біріне – өлшенді заттардың болуы жатады, ол арқылы тұндыру үшін қолданылатын имараттарды есептейді және өлшенді заттардың мөлшерін анықтайды. Қалалық іркінді суларда өлшенді заттардың концентрациясы негізінен  литрына 100–500 мг-ды құрайды. Қалалық іркінді суларда тұнатын өлшенді заттардың мөлшері жалпы салмағымен есептегенде  75% -ға жуық.

Оттегінің биохимиялық қажеттілігі (ОБҚ) іркінді сулар сапасының маңызды көрсеткішінің біріне жатады, ол арқылы биологиялық тазарту қондырғыларын есептейді. ОБҚ5 – бұл бес тәулік анықтау уақытында микрорганизмдерге қажетті оттегнің мөлшері, ал БПКтолық іркінді сулардағы барлық органикалық заттардың тотығуына кететін қажетті оттегінің мөлшері. Қалалық іркінді сулардың БПКтолық көрсеткіші негізінен литрына 500 мг-нан аспайды. Оттегінің химиялық көрсетікіші (ОХК) БПКтолық көрсеткішінен жоғары болады, бірақ 1,5 еседен жоғары болмауы қажет, яғни литрына 750 О2 мөлшерінен жоғары болмауы қажет.

Санитарлық дәрігер ОХК мөлшері бойынша немесе ОХК мен БПКтолық мөлшерінің арасындағы айырмашылық бойынша тұрмыстық және өндірістік іркінді сулар қоспаларының арасындағы қатынасын болжауға болады. Бұл айырмашылық неғұрлым үлкен болса, өндірістік іркінді сулардың мөлшері соғұрлым көп болғаны, негізінен оның құрамында қиын тотығатын немесе биологиялық тотықпайтын органикалық заттар болады.  

Іркінді сулардың биологиялық тазаруын қамтамасыз ететін,   микроорганизмдердің қоректенуінің негізгі биогендік элементі – азот пен фосфор қосылыстарының іркінді суда болуын анықтау маңызды болып табылады. Қалалық іркінді суларда азоттың екі түрі: жалпы және аммонийлі түрі кездеседі. Нитриттер мен нитраттар биототықтырғыш – аэротенк пен биосүзгілерде тазартудан өткеннен кейін ғана пайда болады. Іркінді суда аммонийлі азоттың концентрациясының болуы ластанудың бір көрсеткіші болып табылады. Іркінді суда аммонийлі азот неғұрлым аз болса, соғұрлым таза, бірақ оның нитратқа дейін тотығуы үшін органиканың тотығу реакциясына қарағанда екі есе артық оттегі қажет.       

         Органикалық заттардың тотығуы толық биологиялық тотығу деп аталады.                                      

 Іркінді суда сульфаттар мен хлоридтердің болуы минералды ластанудың негізгі көрсеткіші ретінде бағаланады. Қалалық іркінді суда сульфаттардың концентрациясы негізінен – литрына 150 мг, ал хлоридтердің концентрациясы литрына 250 мг мөлшеріне дейін жетеді. Бірақ іркінді суларды тазарту үрдісінде тазарту имараттарында сульфаттар мен хлоридтер, нитраттар мен нитриттер ұсталмайды. Ағындардың улы заттарына никель, мыс, қорғасын, мырыш, хром, мышьяк, сурьма, алюминий және басқа да заттар тазартуды жүргізетін  микрофлораға әсер мәні жоғары болмауы қажет. 

       Сонымен қатар синтетикалық беткейлік белсенді заттар (СББЗ) суаттың санитарлық жағдайына және тазарту имараттарының жұмысына теріс әсер береді. Биологиялық тазарту имараттары үшін СББЗ-дың шекті рұқсат етілген концентрациясы литрына 10-20 мг мөлшерді құрайды. Су тазарту сапасының негізгі көрсеткіштерінің біріне еріген оттегінің мөлшерін анықтау жатады. Ашық суаттардың қалыпты тіршілігі үшін оның мөлшері литрына 4 мг-нан аспауы қажет, ал имараттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін мөлшері литрына 2 мг-нан кем болмауы қажет. Ластанған іркінді суларда еріген оттегі негізінен болмайды.      

Жоғарыда келтірілген заңнамаларға сәйкес, санитарлық дәрігер елді мекеннің канализация жобасын сараптау кезінде, іркінді сулардың ластану деңгейін бағалай алады, жобаланған тазарту имараттарының сәйкестігін тексере алады, ең маңыздысы – ағындарды тазатудың ұсынылған сызбасының дұрыс таңдалғандығына баға беру болып табылады. Сонымен қатар ол тазартылған іркінді су құйылатын су нысанының санитарлық жағдайына болжау жасай алады.     

Жобада елді мекен канализациясының тазартылатын су көлемін анықтайтын, оның шынайы вариантын таңдау және негіздеудің, канализациялау бассейнін анықтаудың, негізгі коллекторға тасымалдануының, насостық станциялар мен тазарту имарттарының ауданының сызбасы және іркінді сулардың тазарту деңгейін есептеу, тазарту имараттарының технологиялық сызбасын таңдау, іркінді суларды суаттарға ағызу орындары көрсетілген сызбалар болуы қажет. Тұрмыстық іркінді суларды тазатумен қатар, органикалық ластаушы заттары бар өндірістік іркінді суларды, қаланың ластанған бөлігіндегі беткейлік іркінді суларды тазарту қажеттігін де ескеру керек.       

Сараптама жүргізуші іркінді су құйылатын су нысанының сипаттамасына, олардың түрі мен категориясына, су нысанының су-шаруашылық мақсатында қолданылуын, гидрологиялық жағдайын, 95% қамтамасыз етілуде минималды орташа айлық су шығынын, өзеннің тереңдігі мен жылдамдығын, орташа енін, арнаның иірімдік коэффициентін, су таситын кезеңде суаттағы судың су сапасының көрсеткіштерінің фондық мәнін, сол кезеңдегі су арнасының учаскесін, өлшеу қай жерде, қай жылда, қай мезгілде жүргізілгендігі туралы мәліметтерді білудің маңызы зор.       

Жобаға сараптама жүргізу кезінде келесі сұрақтарды қарастыру қажет:

  •  құрылыстың қажеттілігі немесе канализацияны кеңейтудің қажеттігін негіздеу, канализациялық тораптың қуаттылығы мен оның жүйесінің дұрыс таңдалғандығына баға беру;
  •  канализациялауды қажет ететін нысандардың қосылуын жоспарлауды анықтау;
  •  қоғамдық ғимараттар жүйесіне қосылатын эксплуатацияға берілетін канализацияға жеке учаскелерінің қосылу кезектілігін анықтау;
  •  елді мекенде канализациямен тұрғындардың қамтылу пайызын бекіту;
  •  іркінді суларды гигиеналық талаптарға сәйкес тазарту үшін имараттардың санитарлық-қорғау аумағының мөлшеріне сәйкестілігін бекіту;
  •   канализациялық құбырлардың, құбыр өткізгіштердегі бақылау құдықтары мен камераларының құрылымына көңіл бөлу қажет, жауын қабылдағыштардың, беткей су ағарлардың, беткей суды бұрып жіберу қондырғылардың, жауын сулары мен басқа да элементтер үшін суаттардың болуын ескеру қажет;
  •   тұрмыстық іркінді сулардың концентрациясына байланысты ұсынылған тазарту сызбаларының дұрыс негізделгендігін тексеру;
  •   тұндырғыштардан шыққан тұнбаларды залалсыздандыру және утилизациялаудың қандай әдістері (тұнбалы (ил) суаттар, тұнбалы алаңдар, метантенктер) жобаланатындығын анықтау;
  •  санитарлық-қорғау аумағын ұйымдастыру, тазарту имараттар учаскесін жайластыру, көгалдандыру.

Санитарлық дәрігер бұдан кейін жеке тазарту имараттарын дәйекті бағалауға кіріседі. Толық биологиялық тазартудың қарапайым сызбасына торлар, құм ұстағыштар, біріншілік тұндырғыштар, биосүзгілер немесе аэросүзгілер, екіншілік тұндырғыштар, тұнба алаңдары кіреді.

Торларды бағалау кезінде сымдардың иілу бұрышын (60 – 70° шаманы құрау керек), оның арасын (16-20 мм), тор саңылауларынан судың ағу жылдамдығын (0,8—1 м/сек), ұсталып қалатын қалдықтарды алып тастау тәсілін (тәулігіне 0,1 м3 мөлшерден асса, торларды механикалық жолмен тазарту қажет), қатты қалдықтарды уату үшін майдалағыштың болуын тексеру қажет.

Құм ұстағышты бағалау кезінде алып келінетін бөлігінің көлемі анықталады, 30 секунттан кем уақытта ағындарда құм ұсталуы, ағып келудегі тереңдігі (0,7 – 1,0 м) есептеледі, сондай-ақ құмды кептіру үшін алаңдардың болуы және оны механикалық жолман алып кету тәсілі анықталады.   

Тұндырғыштарды қарастыру кезінде оларды таңдаудың тиімділігі (көлденең, тік, радиалды, екі қабатты) және тұнбаларды алып кетудің тәсілдеріне көңіл бөлу қажет. Өлшенді заттарды 20 пайызға дейін көбірек ұстауға мүмкіндік беретін ағындардың преаэрациясы қарастырылғандығы анықталады. Тұндырғыштардың қосынды көлемі іркінді судың бір сағаттық көлеміне сәйкес болуы керек. Тұрғын аудандар қатынасы бойынша (селитебті аймаққа дейінгі қашықтық, басым желдердің бағыты) және грунт суларының ластану мүмкіндігі бойынша тұнба алаңдарының орналасуы анықталады.  

Біріншілік және екіншілік тұндырғыштардан шыққан тұнбаларды ашыту үшін қолданылатын метантенктерді бағалау кезінде ашыту түрлерін (мезофильді t-ашыту 33°C немесе термофильді t-ашыту 53°C) анықтайды. Метантенктер санын бекітеді (екіден кем болмауы керек), сондай-ақ газгольдердің (түзілген газдарды жинауға арналған құрылым) болуын анықтайды. Жобада метантенкте тұнбаны қыздыратын қондырғының болу қажеттігін анықтайды.    

Канализация жүйесіне ескертпелі санитарлық бақылаудың негізгі сатысына іркінді суларды биологиялық тазарту бойынша мәліметтерді қарастыру жатады. Топырақтық тазарту әдісі жобасын пайдалану кезінде (сүзу алаңдары, егіншіліктік суару алаңдары) бірінші кезекте бұл әдістің сол елді мекен үшін тиімділігі мен маңыздылығын, яғни тазрату имараттары үшін қандай жер алаңы қажеттігін анықтаған дұрыс. Ірі қалалар үшін өте үлкен жер учаскелері қажет, бұл әрине тиімсіз. Іркінді суларды табиғи биологиялық тазарту кіші елді мекен үшін тиімді болып табылады, ірі елді мекенде сирек жағдайда ғана қолданылады.

Содан кейін санитарлық дәрігер учаскенің таңдалуына, оның жер бедеріне, топырақтың сүзілу қабілеттілігіне, грунт суының тереңдігі мен қозғалыс бағытына баға беруі қажет. Шаруашылық-ауыз су мақсатына сәйкес, жақын жатқан елді мекеннің грунт суын қолдануына сипаттама беру мағызды сұрақтардың біріне жатады. Содан кейін барып, іркінді сулардың мөлдірлендіру және залалсыздану тиімділігі бойынша мәліметтерді қарастырады.        

Жобада СҚА-ның мөлшерінің сақталуына аса көңіл бөлінеді, ол мөлшер тазарту имарттарының түріне байланысты әр түрлі болады және жоғары жүктеме кезінде де бірдей емес. Жобада СҚА-ның нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін салыстырады. Канализациялық  имараттардан тұрғын құрылыс ғимарат шекарасына дейінгі, қоғамдық ғимараттар учаскелеріне дейінгі және тағам өнеркәсіптік кәсіпорындарына дейінгі аралықтағы СҚА-ның мөлшерін келесі мәліметтер бойынша қарастыру қажет:

      – имараттар мен елді мекендегі канализациялық насостық станциялар арасындағы қашықтық 5.4-кестеде келтірілген;

5.4-кесте

Канализациялық имараттардың санитарлық-қорғау аумақтары

(ҚНмЕ «Канализация. Наружные сети и сооружения»)

Имараттар

Имараттардың өнімділігін есептеу кезіндегі санитарлық қорғау аумағы, мың м3 /тәулік

0,2-ге дейін

0,2-ден 5-ке дейін

5-тен 50-ге дейін

50-ден 280-ге дейін

Ашу қалдықтары үшін тұнба (ил) алаңдары бар механикалық және биологиялық тазарту қондырғылар имараттары, сондай-ақ жеке орналасқан тұнба алаңдары

150

200

400

500

Жабық бөлмелерде қалдықтарды термо-механикалық өңдеуден өткізетін механикалық және биологиялық тазарту имараттары

100

150

300

400

Сүзу алаңдары

200

300

500

-

Егіншіліктік суару алаңдары

150

200

400

-

Биологиялық суаттар

200

200

300

300

Айналмалы тотықтырғыш каналдары бар имараттар

150

-

-

-

Насостық станциялар

15

20

20

20

 – тәулігіне 280 мың м3 мөлшерден жоғары өнімділіктегі канализациялық имараттардың санитарлық-қорғау аумағы, сондай-ақ іркінді суларды қабылданған технологиялық тазартудан бас тартқан кезде, қалдықтарды өңдеу денсаулық сақтау министрлігінің бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының келісімі бойынша бекітіледі;     

  – 5.4-кестеде көрсетілген санитарлық-қорғау аумағын ұлғайтуға болады, бірақ тұрғын құрылысын тазарту имараттарына қарағанда ық жағында орналасқан кезде, 2 еседен жоғары көбейтуге болмайды немесе қолайлы жел раушаны кезінде 25 пайыздан артық кемітуге болмайды;

 – өнімділігі тәулігіне 0,2 мың м3 мөлшерден жоғары болған кезде, тазарту имараттар аумағында тұнба алаңдары болмаған кезде, аумақты 30 пайызға қысқартуға болады;

 – 0,5 гектарға дейінгі аудандағы сүзу алаңының және тәулігіне 50 м3 өнімділігі бар механикалық және биологиялық тазарту сүзгілерінің   санитарлық-қорғау аумағы 100 м-ден кем болмауы қажет;

 – тәулігіне 15 м3 мөлшерден аз өнімділіктегі жер асты сүзу алаңдарының санитарлық қорғау аумағы 15 м-ден кем болмауы қажет;

 –  сүзуші траншеялар мен құмды-гравийлі сүзгілердің санитарлық-қорғау аумағы 25 м болады, ал септиктер мен сүзуші құдықтардың санитарық-қорғау аумағы 5 және 8 м, тәулігіне 700 м3 мөлшерге дейінгі өнімділіктегі аэробты стабилизациялық тұнбаны толық тотықтыру үшін қолданылатын  аэрациялық құрылымдардың санитарлық-қорғау аумағы – 50 м-ге тең;   

 – құю станцияларының санитарлық-қорғау аумағы 300 м-ге тең;

– тазарту имараттары мен селитебті аймақ арасындағы санитарлық-қорғау аумағы 100 м, насостық станция аралығы – 15 м, өнеркәсіптік кәсіпорындардың тазарту имараттары арасындағы санитарлық қорғау аумағы – санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің келісімімен бекітіледі.        

Егер жобада ағындарды биологиялық тазарту биосүзгіде жоспарланса, оның түрлері анықталады: тамшылы, тәулігіне 50 мың м3 мөлшерге дейінгі өнімділіктегі биосүзгілер, аэросүзгілермен аэрациялайтын биосүзгілер (іркінді сулардың аэросүзгілеріне берілетін ОБҚтолық литрына 300 мг-нан аспауы қажет). Тазартылатын іркінді сулардың көлемі, биосүзгілердің жүктеме материалдары, сүзуші қабаттың қалыңдығы, тұндырғыштардан ағындарды кезеңді түрде ағызып отыратын құрылымның болуына байланысты мәліметтер анықталады.

Биосүзгіден кейін немесе белсенді аэротенктен кейін биологиялық қабықшаны ұстау үшін екіншілік тұндырғыштардың қарастырылғандығы тексеріледі. Санитарлық дәрігер жобада аэротенктің қандай түрі қолданғандығын және оның қалай жұмыс істейтінін (толық немесе жартылай тазарту) анықтау қажет.    

 Егер аэротенкте ағындарды жартылай тазарту жобаланса, онда санитарлық талаптарға сәйкестілігі анықталады. Жобада бұл имараттар бойынша барлық негізгі мәліметтер болуы қажет: көлемі, тереңдігі (3-5 м, одан жоғары), ені (8 м шамасында), ауа мен белсенді тұнбаның берілу жүйесі, аэротенкте сұйықтықтың болу уақыты.   

Биологиялық тоғандарда ағындарды тазарту кезінде негізгі мәліметтерді анықтау қажет, яғни ол жеке тазарту имаратына жата ма әлде басқа имараттардан кейін ағындарды одан әрі тазарту үшін қолданылатын имарат ретінде қолданылуы негізделеді.  Жобаланатын тоғандардың сатылар саны (биологиялық тазартылған ағындар үшін – 2-3 саты, тұндырылған ағындар үшін – 4-5 саты) осыған байланысты. Биологиялық тоғандарды табиғи немесе жасанды аэрация арқылы жобалауға рұқсат беріледі. Биологиялық тоғандарда тазарту кезінде табиғи аэрациялау тоғандарында ОБҚтолық көрсеткіші – литрына 200 мг, жасанды аэрациялау тоғандары үшін литрына 500 мг-нан жоғары (ОБҚтолық көрсеткіші – литрына 500 мг-нан жоғары болғанда іркінді суларды алдын ала тазартуды қарастыру қажет) болуы қажет. Тоғандарда терең тазарту үшін іркінді суларды алдын ала тазартудан өткізгеннен кейін,табиғи аэрациялау тоғандары үшін  ОБҚтолық көрсеткіші – литрына 25 мг-нан жоғары емес, жасанды аэрациялау үшін – 50 мг-нан жоғары болмауы қажет.

Жағдайлық жоспарда жергілікті жерде тоғандардың дұрыс орналасуын (басым желдер бойынша елді мекеннің ық жағында орналасуы қажет) тексеру қажет. Жобада тоған түбінің сүзуші деңгейі тексеріледі, биологиялық тоғандарды сүзілмейтін немесе әлсіз сүзілетін грунтта орнастыру қажет.

Тоғандарда өсімдіктердің болуы, оның ішінде іркінді судың тазарту тиімділігін жоғарылататын түрін қарастыру қажет. Суаттарға құйылатын іркінді судың суат суымен араласу деңгейінің, тоған мөлшерінің (тоған ұзындығының еніне қатынасы табиғи аэрациялау кезінде 20-дан кем болмауы қажет), оның тереңдігінің (қалыпты 0,5-1,0 м) де маңызы зор, сондай-ақ іркінді сулардың қаншалықты мөлшерде ағызылатынын да анықтау керек. Сонымен қатар, іркінді судың тазартылу сапасы оның биологиялық тоғанда болу уақытына тура пропорционал  (3-4 тәуліктен кем емес).   

Ереже бойынша іркінді суларды биологиялық тоғандарда  тазартқаннан кейін міндетті түрде зарарсыздандыру қажет. Жобадағы хлорлауға арналған имараттармен танысу қажет және хлор мөлшеріне (механикалық тазартудан кейін белсенді хлор – литрына 10 мг, толық емес биологиялық тазартудан кейін – литрына 5,0 мг, толық биологиялық тазартудан кейін – литрына 3,0 мг) көңіл бөлу қажет. Зарарсыздандырылған іркінді суда қалдық хлордың мөлшері литрына 1,5 мг-нан кем болмауы керек.  

Канализация жүйесінің тазарту жүйесінің имараттарының жұмыс тиімділігіне гигиеналық баға беру суттарға іркінді суды құюдағы әсері бойынша және су пайдалану орындарындағы суаттардың санитарлық жағдайы бойынша бағаланады. Жобада бұл мәселелер бойынша есептік мәліметтер болуы қажет, егер  СанЕмН «Жер беті суларын ластанудан қорғау үшін қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалары (ДСМ ҚР 28.06.2004 ж. №506 бұйрығымен бекітілген) құжаты талаптарына сәйкес келсе, онда жобаға келісім беріледі.

            Кіші елді мекенді және жеке нысандарды канализациялау жобасына сараптама жүргізу. Кіші елді мекенді (10 мыңға дейін тұрғыны бар) канализациялау жобасына сараптама жүргізу кезінде жеке нысандар үшін (аурухана қалашығы, шипажай, жеке тұрған ғимараттар) жергілікті тазарту имараттарының құрылымына және ішкі және сыртқы канализациялық тораптар эксплуатациясына қойылатын талаптар кез-келген шаруашылық-нәжістік канализацияға қойылатын талаптармен бірдей.         

Санитарлық дәрігер жергілікті канализация жобасын қарастыру кезінде келесі ерекшеліктерді ескеру қажет: іркінді сулардың аздығы, тазарту имараттары сол учаскеде немесе оған жақын жерде орналасатындығы. Сондықтан жобада тазарту имараттарының құрылысын эксплуатациялауда едәуір тиімді, күрделі емес, қарапайым түрін таңдауға негізделуі қажет. Бұл жағдайда жер асты сүзу жолымен биологиялық тазарту едәуір тиімді деп есептеледі.

Тазарту тиімділігі және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі бойынша келесі кезекте орналастыруға болады:

  •  жер асты суару алаңдары;
  •  сүзуші құдықтары бар жүйелер;
  •  құмды-гравийлі сүзгілер;
  •  табиғи немесе жасанды сүзуші грунт қабаты бар сүзуші траншеялар;
  •  жер асты сүзуші алаңдары немесе құмды-гравийлі сүзгілер.

Нақты жағдайларға байланысты канализациялау нысаны үшін қандай жүйе қажет екендігін бағалау қажет.

 Кіші елді мекен канализациясын жобалау кезінде іркінді суларды биологиялық тазартудың әр түрлі имараттары қолданылуы мүмкін:  а) кіші сүзу алаңдары; б) кіші суару алаңдары; в) жер асты сүзу алаңдары; г) тамшылы биосүзгілер; д) мұнаралы биосүзгілер; е) биологиялық суаттар және басқалар. Бірақ іркінді суларды жер асты сүзудің барлық жүйелерінде міндетті түрде септикті қолдану қажет.  

 ҚНмЕ «Канализация. Наружные сети и сооружения» құжатына сәйкес, жер асты сүзу алаңына, құмды-гравийлі сүзгіге, сүзуші траншеялар мен сүзуші құдықтарға түсетін іркінді суларды механикалық тазарту үшін септиктерді қолдану қажет. Септиктің есептеу көлемі: тәулігіне 5  м3 мөлшердегі іркінді су шығыны кезінде – 3 реттік тәуліктік ағыннан кем болмауы қажет, ал тәулігіне 5  м3 мөлшерден жоғары іркінді су шығыны кезінде – 2,5 реттік тәуліктік ағыннан кем болмауы қажет. Септиктердің көрсетілген есептеу көлемі тазарту жағдайына байланыссыз кем дегенде жылына бір рет жүргізілуі қажет.  

Іркінді судың қыстағы орташа температурасы 10 °С-дан жоғары болғанда немесе бір тұрғынға шаққандағы су шығыны тәулігіне 150 л-дан жоғары болғанда септиктің есептеу көлемін 15—20 % мөлшерге төмендетуге болады. Іркінді сулардың шығынына байланысты келесілерін қолдануға болады: бір камералы септиктер – тәулігіне 1 м3 іркінді су шығыны кезінде, екі камералы – тәулігіне 10 м3 мөлшерге дейін және үш камералы – тәулігіне 10 м3 мөлшерден жоғары болғанда қолданылады. Бірінші камераның көлемінде екі камералы септиктегідей – 0,75, үш камералыда – 0,5 есептік көлемді алу қажет. Сондықтан екінші және үшінші камералар көлемінде 0,25 есептік көлем бойынша қабылданады.

Бетон сақиналарынан салынған септиктерде барлық камераларда бірдей көлемде қабылдау қажет. Тәулігіне 5 м3 көлемнен жоғары өнімділіктегі септиктерде камераларды бөлімдерге бөлмей қарастыруға болады. Септиктен шыққан іркінді суларды залалсыздандыру қажет болған жағдайда жанаспалы камераны қарастыру қажет, 0,75x1 м көлемнен кем емес мөлшерін қолдану қажет.      

Жобада септиктердің сызбасымен танысу кезінде, келесілерді анықтау қажет: септик неше камерадан тұрады; ол қандай материалдан жасалған (кірпіш, темірбетон); тазарту үшін септиктер қақпақшалармен бөлінген ба; септикта желдету қарстырлыған ба; іркінді суды ғимараттан септикке жібергенде бақылау құдықтары бар ма.   

Септик басым желдер бойынша ғимараттың ық жағында орналасуы керек, ғимарат пен септиктің арасындағы қашықтық (септиктің өнімділігі бойынша 5-20 м аралығында) болуы уақыты (3 тәулік, аурухана және арнайы шипажайлар үшін 5 тәулік) талаптарға сәйкес болуы қажет. Биологиялық тазартудан кейін ағындарды хлорлы әк ерітіндісімен залалсыздандыру қажеттілігі қарастырылады.

Жер асты сүзу жобасында грунттың сипаты (құм, жеңіл құмдақ, ұсақ құм, қара топырақ) туралы, грунт суының тұру деңгейі туралы (суару құбырларына дейін кем дегенде 1 м), бір жүйедегі іркінді судың мөлшері туралы (30 м3 мөлшерден артық емес)  мәліметтер міндетті түрде болуы керек. Сонымен қатар құбырдың орналасу тереңдік деңгейі де тексерілуі керек, ол 0,6 м-ден кем болмауы қажет.    

Құмды гравийлі сүзгі мен сүзуші құдық жобасын қарастыру кезінде талаптарға сәйкес, бір сүзуші құдыққа түсетін ағындардың мөлшері нормадан аспауы қажет. Құмды-гравийлі-сүзгілер мен сүзуші траншеялар іркінді сулардың мөлшері тәулігіне 15 м3 мөлшерден аспаған кезде, су өткізбейтін немесе әлсіз өткізетін грунтта жалпы кететін құбырлар грунтты судың деңгейінен 1 м жоғары орналасуы қажет.     

Имараттардан бұрын септиктер құрылымын қарастыру дұрыс. Тазартылған іркінді суды су жинағышқа жинап (суару үшін қолданылады), №554, 28 шілде 2010ж  бұйрықпен бекітілген ҚР  СанЕмН  «Санитарно-эпидемиологические требования к водоисточникам, хозяйственно-питьевому водоснабжению ,местам культурно-бытового  водопользования  и  безопасности водных объектов» туралы санитарлық-эпидемиологиялық  ережелер мен нормалары құжатына сәйкес, су нысандарына құйылады. Сүзуші траншеялардың есептеу ұзындығы іркінді судың шығынына байланысты, 30 м-дан артық емес, ені 0,5 м-дан кем емес мөлшерде болуы керек. Сүзгіштердің жүктемелі материал ретінде ірі немесе орташа түйіршікті құм және басқа да материалдар қолданылады. Жүктеме материалы ретінде гравий, кеуекті тас (щебень), от жаққаннан шыққан шлак және басқа да материалдар қолданылуы мүмкін.     

Жобадан ғимараттан іркінді суды ағызғаннан кейін бақылау канализациялық құдықтарының  жобаланғандығы тексеріледі. Жобада міндетті түрде тазарту имараттары мен ғимараттар (тұрғын және қоғамдық) арасындағы қашықтық санитарлық заңнамаларға сәйкес, нормалары міндетті түрде сақталуы қажет.  

СанЕмН  нормативтік құжаты талаптарына орай, жер беті суының ластануына әсер ететін ғимараттар мен имаратарды жобалау, орналастыру, салу, қайта салуды ұйымдастыруға қойылатын ережелер сақталуы қажет.  

Жаңадан және қайта салынатын нысандарды эсплуатациялау, орналастыру, салу  кезінде аз қалдықты және қалдықсыз технология, іркінді суды қайта пайдалану және айналмалы жүйе негізінде, сондай-ақ іркінді суларды тазарту, залалсыздандыру және зарарсыздандыру бойынша шаралар негізінде   суаттар суында ластаушы заттарда ШРЕК сақталуы қажет. Жер асты және жер беті суларының ластануын болдырмайтын имараттармен қамтамасыз етілмеген кезде, бекітілген ШРЕК болмаған кезде және судағы зиянды заттарды анықтайтын әдістер болмаған кезде жаңадан салынған нысандарды эксплуатациялауға рұқсат берілмейді.

Жаңадан орналастырылатын, жобаланатын, салынатын нысандар бекітілген жоба құжаттарына сәйкес жүргізіледі, құрамында ластануды болдырмауға бағытталған шаралар мен суаттардың санитарлық жағдайына сол нысанның әсер етуі туралы мәліметтер болуы қажет.    

ТЭН және ТЭЕ құжаттарын өңдеу кезінде іркінді сулардың ағызу жағдайын және жоспарланған су қорғау шараларын бағалау құрылыс алаңын таңдау кезеңінде келісіледі.   

Бекітілген жобадан ауытқулар болғанда, су сапасының нормативтері сақталмағанда, бекітілген қондырғылармен сынап, тексерілмегенде нысандарды эксплуатацияға қабылдауға рұқсат берілмейді.

Су пайдаланушылар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің келісімімен тазарту имараттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін және су нысандары суы сапасының гигиеналық нормативтерін сақтау бойынша технологиялық, санитарлық-техникалық, ұйымдастыру-шаруашылық шараларын жүргізуі қажет.    

Тазарту имараттарында зиянды заттардың концентрациясының жоғарылауы мен іркінді сулардың көбеюін қамтамасыз ететін технологиялық агрегаттардың өнімділігін ұлғайтуға рұқсат етілмейді.    

Су пайдаланушылар тазарту имараттарының жұмысына, суаттағы судың сапасына, іркінді су құятын жерден жоғары нүктедегі және су пайдаланудың ең жақын нүктесінде судың сапасына жүйелі түрде лабораториялық бақылауды қамтамасыз ету керек. Шаруашылық ауыз-су су құбыры иегерлерінің су нысандарын апаттық ластау жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік ұйымдарымен келісілген шаралар өңделуі қажет.     

Шекті рұқсат етілген құю жобасына сараптама.

Заттардың шекті рұқсат етілген құю (ШРЕҚ) нормативі дегеніміз – суды пайдалану орындарында су сапасының санитарлық нормаларын сақтау үшін нақты су нысанының белгілі ағысында іркінді суларды құю кезінде оның құрамындағы химиялық заттардың максималды мөлшері. ШРЕҚ уақытша гигиеналық норматив және оны бекіту кезінде ескеру қажет:

 •  суды пайдалану орындарында су нысандарының суында су сапасының нормативі;

 •  су нысаны суының фондық сапасы іркінді судың құйылатын орнынан жоғары нүктеден алынған соңғы екі жылғы сынама талдауы бойынша. Қарастырылатын және жақын жатқан су пайдаланатын нүктелер арасында іркінді суды құятын басқа орын болған кезде (бұрыннан бар және жобаланатын орын) фондық сапа ретінде іркінді сулардың құю орындары көрсетіліп, су нысаны суының ластану деңгейі қолданылады.    

 •  су нысанының өзіндік тазарту қабілеттілігі;

 •  іркінді суларды құю орындарынан тұрғындардың шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық мақсатта қолданатын орындарына жақын есептеу (бақылау)  жармасына (екі жаққа ашылатын)  дейінгі учаскеде су нысаны суның араласу және сұйылтылу мүмкіндік деңгейі;    

 • су нысандарына іркінді суды құюда суды пайдаланушылар арасында заттардың рационалды бөлінуі.  

Орыс тіліндегі «Методические указания по рассмотрению проектов предельно допустимых сбросов (ПДС) веществ, поступающих в водные    объекты    со    сточными    водами» атты әдістемелік нұсқауда Министрліктер мен ведомствалар, сондай-ақ қоғамның құқықтық және заңды мүшесі жеке меншік түріне байланыссыз, мемлекеттік бақылау ұйымының келісімімен ШРЕҚ жобасы түрінде су нысандарына іркінді суларды өзіндік құю орны бар ведостваға қарасты кәсіпорындардан шығатын ластаушы заттарды азайту бойынша шараларды орындауға міндетті.  

 Ескерту: Іркінді суларды өзіндік ағызу дегеніміз - елді мекеннің су ағызу жүйесіне қосылмай, жеке немесе бірнеші кәсіпорындар үшін біріктірілген жүйемен су нысандарына құйылатын жүйе.

  ШРЕҚ жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мекемелерінің келісімі бойынша және суаттарды қорғау мен қолдануын реттеу бойынша мекеменің келісімімен реттеледі, содан кейін барып, заңдылық күшіне енеді.

 Суды пайдаланудың бекітілген нормативі болмаған кезде су нысандары суындағы ШРЕК немесе БРЕД (болжамды рұқсат етілген деңгей) негіздері бойынша қажетті зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Су нысанында іркінді сулардың сұйытылу жиілігін анықтау үшін су пайдаланудың есептеу (бақылау) нормасына су нысаны суындағы орташа сағат бойынша шығыны есептеледі және іркінді сулардың шынайы құйылатын орташа сағаттық шығыны есептеледі.     

Су нысандарына іркінді су құйылатын жерден жоғары нүктеде ШРЕҚ  су нысанындағы әрбір заттың концентрациясының қосындысы ШРЕК-ға сәйкес бірден аспайтындай мөлшерде болуы қажет.

Шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық мақсатта пайдаланатын су нысандары үшін ШРЕҚ мәнін есептеу келесі негізде жүргізіледі:

 •  су нысандары суының құрамы мен қасиеттеріне қойылатын жалпы талаптар;

 •  өндірістік іркінді сулар микробтық ластанған кезде, тұрғындардың су пайдалану кезінде эпидемиялық қауіптілік жағдайын ескеру қажет;

 •  су нысанын бір уақытта пайдалану кезінде немесе оның учаскесін әр түрлі мақсатта пайдалану кезінде ШРЕҚ-ды есептеуде жер беті суының сапасының бір жақты нормативтерінің қатал талаптарына сүйену қажет.   

ШРЕҚ-дың мөлшері (г/сағат)  іркінді судың ең көп орташа сағаттық gағын3/сағат) шығыны мен іркінді судың Сағын (г/м3) шынайы құю кезеңі мен заттардың концентрациясы арқылы келесі формуламен есептеледі:

ШРЕҚ =  gағын · Сағын

Іркінді сулардың шекті рұқсат етілген құю мөлшері іркінді судың есептік шығыны (gағын) кезінде жүргізілуі қажет, ал іркінді судағы заттардың концентрациясы (Сағын) өзен суындағы ШРЕК-тен жоғары болмауы қажет.  

Су ерекше аз болған жылдары орташа айлық су шығыны 95 пайыздан аз болған жағдайда тазартылған іркінді суларды құю санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан кейін бекітіледі.  

Іркінді сулардыің әрбір құю мөлшерін есептеу және әрбір ластаушы затты есептеу үшін су нысанындағы ШРЕҚ нормасы бекітіледі, жоғарыда айтылып кеткен санитарлық ережелер талаптарына сәйкес, су нысанының есептеу (бақылау) нормасында су сапасының нормативтік талаптары сақталуы керек.   

Су нысандарын іркінді суларды құю негізінен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мекемелерімен құю талаптары бойынша келісілген ретпен, арнайы су пайдалану шешімдері негізінде жүргізіледі.  

Егер іркінді суларды әр түрлі су нысандары қабылдайтын болса, онда оның әр қайсысына жеке сипаттама беріледі. Егер іркінді суларды қабылдайтын нысан жер асты суымен байланысатын болса немесе әсерін тигізетін болса, онда оның аймағы бойынша геологиялық-гидрологиялық сипаттама жүргізіледі. Сумен қамтамасыз ету көзінің гигиеналық және техникалық жағдайы мен судың сапасы Қазақстан Республикасында күші бар нормативтік құжаттарда берілген шаруашылық-сумен қамтамасыз ету талаптарына сәйкес болуы қажет.

Су нысандарына іркінді суларды құю үшін келісім беру  келесі жағдайларда жүргізіледі:  

 •  су жағдайына әсер ететін имараттар мен басқа да нысандар, ғимараттарды салу үшін жер учаскесін таңдау кезінде,  өндіріс технологиясы өзгергенде немесе техникалық қайта жабдықтау кезінде қайта салуда (кеңейту) мәселелерді қарастырған кезде;

 • іркінді суларды тазарту, залалсыздандыру, зарарсыздандыру, канализациялау жобасын қарастыру нысандарды жаңадан немесе бұрынғыларын қайта салу (кеңейту) бойынша жобаны қарастыру кезінде жүргізіледі;

 •  жұмыс істеп тұрған ШРЕҚ жобаларын және арнайы су пайдалану материалдарын қарастыру кезінде жүргізіледі.

ШРЕҚ мөлшері ҚР су қорғау және су пайдалануды жүйелеу мекемелері бекіткен кезең аралығында ғана өз күшінде болады, ал одан кейін су нысандарына ластаушы заттарды одан әрі тастау кезінде оларды толық жою немесе азайту бойынша мөлшерін қайта қарастыру қажеттігі туады.  

Бірінші кезекте ШРЕҚ жобасы су нысандарының қолайсыз экологиялық аймақтарында орналасқан кәсіпорындар үшін өңделеді. ШРЕҚ жобасының құжаттар тізімі № 3.02.003.04 ҚР СанНмЕ «Жер беті суларын ластанудан қорғау үшін қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» және 1 желтоқсан  2004 ж. N 309-п ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі,   24 қараша 2004 ж. N 824 ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі,  11 қараша 2004 ж. бекітілген ҚР ауыл шаруашылық Министрлігі су ресурстары бойынша Комитет төрағасында болады. «Инструкция по согласованию и выдаче разрешений на специальное водопользование в Республике Казахстан»  және ҚР СанЕмН «Жер беті суларын ластанудан қорғау үшін қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаты бойынша ШРЕҚ  жобасының құжаттар тізімі анықталады. ШРЕҚ-дың жоба мәліметтерінде келесі сұрақтар қарастырылады:

 • су нысанына гидрологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сипаттама;

 •   аэрация аумағы мен жер асты суларының жағдайына ағындардың құйылуын бағалауға мүмкіндік беретін, су нысандарының геологиялық-гидрогеологиялық сипаттамасы;

 •  су тұтынудың және су ағызудың нормативтік-негізделген көлемі: нормативтік құжаттарға сәйкес шаруашық ауыз-су мақсатында; өңделген салалық нормаларға немесе су тұтыну және су ағызудың үлкейтілген нормаларына сәйкес өндірістік мақсатта, таза судың шығыны, қайта пайдаланатын өңделген су шығыны, басқа өндірістерден шығатын іркінді су, іркінді сулардың суару алаңдарына кеткен шығыны ;

 •   әрбір су алу орны және жеке су ағызу орны (химиялық, бактериологиялық, радиологиялық) бойынша судың сапалық көрсеткіштері;

          •  су нысанының карта сызбасында көрсетілген ШРЕҚ нормативін бекіту кезінде іркінді суы құйылытын кәсіпорындар;

 •   суаттарға құю, сүзу алаңдарына, жинағышқа құю кезінде жер рельефі ескеріліп, іркінді сулармен ластану кезінде шекті рұқсат етілген құюды есептеу;    

 •  шаруашылық ауыз-сумен қамтамасыз ету кезінде санитарлық қорғау аумағын ұйымдастыру бойынша шаралар;

 •  жер асты суларының мониторингін ұйымдастыру және жүргізу бойынша шаралар;

 •  алынатын және құйылатын суды есепке алу және құйылатын судың құрамдық сапасын анықтау бойынша шаралар;

 •   «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің мәліметтері;

 •  «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімінің мәліметтері;

 • балық шаруашылық су нысандары үшін қоршаған ортаны қорғау аймағында орталық атқарушы ұйымдармен келісілген су нысанының балық шаруашылық сипаттамасы.  

Шекті рұқсат етілген құю (ШРЕҚ) жобасына сараптама жасау кезінде санитарлық дәрігер бірінші кезекте ШРЕҚ-дың дұрыс есептелуін тексеру, оның шынайылығын бағалау, содан кейін ШРЕҚ-ға жеткізу үшін шаралар жоспарын олардың орындалу мерзімін қарастыру. Егер ШРЕҚ жобасын бекітуде суды пайдалану нүктелерінде су сапасын қалыптандыруға алып келмесе, онда жобаға келісім берілмейді. Бұл жағдайда ШРЕҚ қалыптары қайта қарастырылу қажет, ал жоба қайта өңделіп, санитарлық сараптама қайта жүргізілуге беріледі.

 Қазақстан аумағында екі теңіз бар – Каспий және Арал. 1997 жылы СанПиН  № 3.01.054.97 «Санитарные правила и нормы охраны прибрежных вод морей от загрязнения в местах водопользования населения» құжаты бекітілді. Санитарлық ережелер жағалық аудандардан басқа су мен жағаның қиылысқан сызығынан ені 2 км-ге дейінгі аумақтар үшін де арналған. Суды пайдалану аудандарын ластанудан қорғау үшін арнайы қорғау аумақтары ұйымдастаралады. Сонымен, Каспий және Арал теңіздерінің санитарлық қорғау аумағына теңіз суының барлық акваториясы және 2 км-ге дейінгі жағалық құрғақ жолағы жатады. Акваторияда және жағалық аумақта жүргізілетін барлық жұмыстардың түрлері теңіз суының сапасын нашарлатпауы тиіс. Мұндай талаптар өзен бассейндеріне де қатысты.   


 

VI Б Ө Л І М

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ТОПЫРАҚҚА САНИТАРЛЫҚ  БАҚЫЛАУ ЖАСАУ  

Күнделікті санитарлық бақылау

Топырақты санитарлық қадағалау  саласының негізгі міндеттері болып табылады:

• елді мекен аумағында және  тұрмыстық қалдықтар жиналатын орындарда топырақтың жағдайына санитарлық бақылау жүргізу;

• тұрмыстық қалдықтар жиналатын орындар мен уақытша  сақтау орындарынан уақытылы тазарту жүргізуге санитарлық бақылау жүргізу;

• сол елді мекенде қабылданған аумақтың санитарлық тазартылыуының ұйымдастырылуына бақылау жасау;  

• ауылшарушылығы егістігінің топырағына қажетті улы химикаттардың  шекті рұқсат етілген деңгейін есептеу.

Санитарлық тексеру – елді мекендегі қалыптасқан жағдайды анықтаудығы санитарлық дәрігер жұмысының бірінші кезеңі болып табылады.   Бақылаудағы нысандардың (үйлер, аула, аулалық құрылыстар, квартал, аудан  аумағын ғимарат топтары)  қызмет етіп тұрған тазарту жүйесіне баға берілуі қажет.    Қоқыстарды жинау, сақтау және алып кету, шыбын-шіркейлердің көбеюі әсерінен ошақтардың пайда болуына байланысты жұқпалы аурулардың   таралуы кезінде тексерілу міндетті түрде қажет.

Кей жағдайда санитарлық талаптардың анық бұзылғандығына байланысты бір рет  көру арқылы қарап шықса да жеткілікті болып табылады. Бірақ, сырт қарағанда көзге түспейтін қауіпті, ұзақ уақытқа созылған бұзылыстарда санитарлық-бактериологиялық және физикалық-химиялық зерттеулерді жүргізу қажет.  

Сонымен қатар, бұл жұмыстар бұрын қабылданған шаралардың жүзеге асырылуын тексеруден тұрады.  Мұнда, әдетте жиі жасалатын қоқыс контейнерлерінің, арнаулы қазылған орлар мен арнаулы автокөліктердің жағдайын тексерумен ғана шектелуге болмайды.    Мұндай бақылау жұмыстары арнаулы гигиеналық білімді талап етпейді және оны  полиция немесе қоғам халықтары орындай алады. Арнаулы зерттеу тәсілдерін пайдалана отырып, келесі ұсыныстардың шынайылығын негіздеу үшін аймақтың санитарлық тазалығының сапасына гигиеналық баға беру қажет.

Мұндай тәсілдерге: санитарлық-эпидемиологиялық (бақылау нысанындағы шыбын-шіркей түрлерін, сондай-ақ айналасындағы  қоршаған топырақтағы дернәсілдер мен қуыршақтарын  тіркеп отыру); санитарлық-гельминтологиялық (топырақта гельминттердің жұмыртқаларының табылуы, олардың инвазиялылығына баға беру); санитарлық-бактериологиялық, қажет болған жағдайда санитарлық-химиялық түрлері жатады.

Мұндай тапсырманы орындау, елді мекеннің тұрмыстық қалдықтар үйінділері бар бөліктерін тексеруден тұрады.  Мұнда, канализацияланбаған аудандарға ерекше көңіл бөлінуі қажет және бұл жұмысты  жартылай санитарлық дәрігердің көмекшісіне жүктеуге болады. Бұл жұмысқа қоғамдық санитарлық әлеуметтіктегі адамдарды, үй комитеттерінің мүшелерін барынша жұмылдырған дұрыс болып табылады.  Оларға тазарту жүргізілуіне және санитарлық дәрігердің көмекшісі аулаға тексеру жүргізу аралығында   бақылау жасауды тапсыруға болады.    Сонымен қатар, аула, көше, елді мекеннің алаңшаларына  ішкі істер ұйымдары да бақылау жасайтындығын ескеру қажет.  

Қалдықтарды металл контейнерлерге жинайтын, канализацияланған үйлердің аулаларын тексеруде төмендегілер анықталуы қажет:

 • контейнерлердің орналасуы, олардың санитарлық-техникалық жағдайы, мөлшері және алаңшаның асфальтты жабынының жағдайы, айналасындағы қоршаған аумақтың санитарлық жағдайы;

 •  контейнерлерді жуу жағдайы;

 • контейнерлер санының сол аудандағы халықтар санына, үйлер топтарына сәйкестігі;

 •  контейнерлер тасымалдаушылар және қалдық тасуышылардың   қозғалыс графигінің сақталуы;

 • қоқыс өткізгіштермен жабдықталған үйлерде, қоқыс қабылдағыш камераның жағдайына, оларды тазарту реттілігіне баға беру қажет.

Олардың өтелденуін жеңілдету үшін қалдықтарды бөлек жинаған экономикалық тұрғыдан дұрыс болып табылады. Мұнда, қағаз қалдықтары, шүберектер, шыны қалдықтары, тағам қалдықтарын бөлек жинауға мүмкін болады. Санитарлық тұрғыдан жекелеп жинау жеке фракцияларды, әсіресе тағам қалдықтарын тек сенімді және ретті тасымадауда ғана келісіледі. Бұл пәтерлік қызмет кооперативі мен сәйкес тұтынушы ұжымдармен (екінші шикізатты жинау пункті, жемдеу базасы т.б.)  шаруашылық келісімдерін  бекіту арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Канализацияланбаған үйлерді санитарлық тексеруде қазылған дәретханалардың санитарлық жағдайы тексеріледі.  Мұнда, төмендегілерді ескеру қажет:

 • жер үсті құбырларының тұйықтығы, асфальтталған көпіршенің бары;   

 •  тәуліктің қараңғы мерзімінде жарықтандырылудың болуы;  

 •  қазылған ордың бетіне залалсыздандыру жүргізу реттілігі;

 • тастандылардың және ірі тастандыларды тазартып отыру реттілігі.

Елді мекендердің жағдайына санитарлық бақылау жасау.  

 Елді мекендерді тазарту және қорғау бойынша санитарлық дәрігердің жұмысын  бақылаудың әртүрлі тәсілдерін пайдаланғанда ғана тиімді болады. Күнделікті санитарлық бақылаудың  негізгі тәсіліне жатады.

Топырақтың сапасына бақылауды ұйымдастыру.  Топырақтың сапасына бақылауды  жобалау мен құрылысын салудың барлық кезеңдерінде жүргізіледі. Зерттеудің толықтығы мен көлемін жобалау мен құрылысын салудың кезеңдеріне байланысты болады:

 •  жобалау алдындағы құжаттарды өңдеу және жер алаңын таңдау  кезеңінде топырақты қысқартылған көрсеткіштерді ғана ескеру арқылы зерттеуге рұқсат етіледі;  

•  жер алаңын таңдап алу және жобалық жұмыстарды орындау кезеңінде, сондай-ақ құрылысын салу және нысанды пайдалануға қабылдау көрсеткіштердің стандартты тізімін пайдалану арқылы жүргізіледі.

Топырақтың құрамын анықтағанда химиялық көрсеткіштердің стандарттық тізімі ескеріледі:  

 –  ауыр металлдар: қорғасын, кадмий, мыс, мырыш, никель, мышьяк, сынап;

 –  3,4-бензпирен және и мұнай өнімдері;

 –  рН;

 –  ластаушы көрсеткіштердің жиынтық көрсеткіші.

Топырақтың химиялық ластануының «Ζс» кешенді көрсеткіші төмендегі формула бойынша есептелінеді:

Ζс =,

мұндағы,  n – топыраты ластаушы заттардың тіркеу саны;  

Зерттеліп отырған құрамдық бөлшектері санына байланысты топырақтың ластану дәрежесіне кешенді баға беру 6.1 кестеде көрсетілген.  Кең көлемді тізімдегі  санитарлық-эпидемиологиялық көрсеткіштерді  пайдалану арқылы бақылау жүргізу қауіптілігі жоғары нысандарға  жасалады, ал қалғандарына –  санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескеру арқылы және аумақты шаруашылықты меңгеруге байланысты көрсеткіштердің стандартты тізімі пайдаланылады.  

Нысанды пайдалануға қабылдағаннан соң тапсырыс беруші, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды да көрсетілгендей  жоғары қауіптіліктегі нысандардың  топырағының сапасына зертханалық зерттеулер жүргізіп отыруға міндетті болып табылады.

 

6.1 кесте

Топырақтың әртүрлі заттар санымен  ластануына  кешенді көрсеткіш  

К арқылы баға беру  

Топырақтың ластану категориясы

n = 5

n =  6

n = 7

n = 8

n = 9

n =10

Рұқсат етілген

К5

К6

К7

К8

К9

К10

Орташа

5К15

6К18

7К21

8К24

9К27

10К30

Жоғары

15К50

18К60

21К70

24К80

27К90

30К100

Өте жоғары

К50

К60

К70

К80

К90

К100

 Топырақ жағдайының мониторингі автокөліктер, өндірістік қалдықтар көмілген (полигондарға жақын аумақтар топырағы), тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды уақытша жинауға арналған жерлердегі, ауылшаруашылық орындары, санитарлық-қорғаныс аймағы    жоғары қауіптілікті аумақты қамти отырып,  тұрғын аймаққа жасалады.  Мониторингта зерттеу көлемі мен зерттеуге алынған көрсеткіштер әрбір нақты жағдайда, мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін орындар мен мекемелермен келісе отырып анықталады.

 Мониторинг жобалаудағы, құрылысын салудағы, сондай-ақ нысанның құрылысы аяқталғанда, оны пайдалануға қабылдауда және бүкіл пайдалану кезеңі бойына жүргізілген барлық  өткен кезеңдердегі зерттеу нәтижелерін ескере отырып жасалады.

 Топырақтан сынама алу сынама алуға қойылатын жалпы талаптар бойынша  мемлекеттік стандарттар арқылы сынама алу, сынама алу тәсілі  және топырақтың сынамасын химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық анализі мен елді мекендер топырағының сапасына  гигиеналық баға беруге арналған әдістемелік тәсіл бойынша регламенттеледі.   Топырақтағы химиялық ластаушы заттарды анықтау (6.2 кесте) ШРЕК  (ОДК) негіздегенде пайдаланылған тәсілдер бойынша немесе  метрологиялық аттестациядан өткен, мемлекеттік әдістемелер реестріне енгізілген басқа да тәсілдер арқылы жасалады.

 Топырақтағы паразитологиялық көрсеткіштерді анықтау қолданылып жүрген санитарлық-паразитологиялық зерттеулер тәсілі бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жасалады.

 Сынама алатын нүктелер санының жеткіліктілігі құрылыс алаңының ауданына, құрылыс нысанының тереңдігіне немесе инженерлік коммуниккациялардың орналасуына,  жобалық және құрылыс кезеңдерінің орындалу барысына байланысты болып келеді.    

 Радиациялық бақылау барлық кез-келген құрылыс және инженерлік құбырларда толық көлемде радиациялық қауіпсіздік – НРБ-99 талаптарына сәйкес жасалады.          

6.2. кесте

Елді мекендердің  топырағына, оның

функционалдық мағынасына байланысты

санитарлық жағдайының негізгі көрсеткіштері

#G0N

Көрсеткіштер-дің атаулары  

Бақылау нысандары  (функционалдық аймақтар, аумақтар)

Сұйық аймақ

МДМ, мектептік ұйымдар ойын алаңдары, аулалық

аумақтар 

Ашық сулар СҚА 

Рекреациялық аймақтар (сквер, парк, бульвар, пляж, орманпарктер)

Көлік магистралдары

Өндірістік аймақ 

Ауылшар. топырағы (тәжіриб. дала, бау-бақша, усадьба жаны (жылы жай шаруашылығы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Санитарлық сан 

 

 

 

-

-

-

-

2

Аммонийлы азот, мг/кг

+

+

+

+

 

 

3

Нитратты

азот, мг/кг

+

+

+

+

 

+

4

Хлоридтер, мг/кг

 

 

 

 

 

 

5

рН

±

 

 

±

±

 

±

6

Пестицидтер (қалдық сан), мг/кг

+

+

+

+

+

+

7

Ауыр

металлдар, мг/кг

+

+

+

 

+

+

+

8

Мұнай және мұнай өнім. мг/кг

+

 

+

 

+

+

+

9

Фенолдар ұшқыш, мг/кг

+

 

+

+

 

+

 

10

Күкіртті  қосылыстар, мг/кг

+

 

+

+

+

+

 

11

Детергенттер, мг/кг

+

 

+

+

-

+

 

12

Канцерогендік заттар, мг/кг

+

+

+

+

+

+

+

13

Мышьяк, мг/кг

+

+

+

+

+

+

+

14

Полихлорир. бифенилдер, мкг/кг

+

+

+

 

 

 

 

15

Цианидтер, мг/кг

+

+

+

+

+

+

+

16

Радиоактивті заттар, Ки/г

+

+

+

+

+

+

+

17

Макрохим. тыңайтқыштар г/кг

±

 

+

 

-

-

-

18

Микрохим. тыңайтқыштар, мг/кг

 

 

+

 

-

-

-

19

Лактозо-

оң ішек таяқшасы (Коли формы), индекс

+

+

+

+

+

+

+

20

Энтерококктар (фекальды стрептококктар), индекс

+

+

+

+

+

+

+

21

Патогеннді микроорг. (эпидкөрсеткіш бойынша), индекс

+

+

+

+

+

+

+

22

Гельминтердің жұмыртқалары мен дернәсілдер, экз./кг

+

+

+

+

+

+

+

23

Цисты ішек патогенді қарапайымдарэкз./100 г

+

+

+

+

+

+

+

24

Синантропты шыбындардыңдернәсілдер мен қуыршақтары, 20х20 см топырақтағы / эуз 

+

+

+

+

 

 

 

Ескрету.  « + »  белгісі топырақтың санитарлық жағдайын анықтағанда міндетті түрде анықтау қажеттігін көрсетеді. « – » - белгісі  міндетті емес екенінің көрсеткіші,  « ± » - белгісі  ластаушы көз анықталған жағдайда  міндетті түрдегі көрсеткіш.

 Топырақтың механикалық құрамына баға беру. Топыраққа толығырақ санитарлық сипаттама беру үшін оның механикалық құрамы,  яғни,  оны құрайтын бөліктерінің орташа мөлшерін анықтау жасалады.  Мұндай талдаудың өзін-өзі тазарту  мүмкіндігін және  тазарту құбырларына (сүзу даласы, себелеп суару даласы т.б.) жарамдылығын  гигиеналық тұрғыдан зерттеліп отырған топырақтың  ауа өткізгіштігі мен ылғал өткізгіштігін  анықтауға мүмкіндік береді.   Топырақтың механикалық құрамының сапасы санитарлық дәрігерге  тұрғын және қоғамдық ғимараттарға арнап, әсіресе балалар ұйымдарына  жер алаңын таңдап алуда, өндірістік нысандарды жобалауда  топырақтың тазартып өңдеу қажеттігіне, сонымен қатар, аумақтың ауылшаруашылығында құндылығына    баға беруде дұрыс шешім қабылдауда мүмкіндік береді.   Топырақтың механикалық құрамына баға беруде тесіктері әртүрлі мөлшердегі – 0,25 мм -10 мм-ге дейінгі (6.1 сурет) жеке електер жиынынан тұратын Кнопп елегі пайдаланылады. Әрбір тесіктің мөлшеріне  електің белгілі нөмірі сәйкес келеді. Таңдап алынған топырақтың өлшемі (200-300г) Кнопп елегінен өткізіледі, нәтижесінде жеке електерде әртүрлі мөлшердегі түйіршіктер қалады. Әрбір електегі затты  өлшеу арқылы  және олардың барлық сынама өлшеміне пайыздық құрамын  анықтай отырып, Н.А. Качинский жіктемесі бойынша мөлшермен механикалық құрамы анықталады. 

6.1. сурет. Кнопп елегі.

 Н.А. Качинский жіктемесі бойынша, белгілі електе ұсталып қалатын бөлшектерді топырақтың белгілі түріне жатқызады:

 • тесігі 3-10 мм електегітастар мен гравийлер;

 • тесігі 1-3 мм електегі ірі құмдар;

 • тесігі 1-0,25 мм електегіорташа құмдар;

 • елек түбіндегілермайда құмдар мен шаңдар.

 Топырақ құрамынынң басым бөлігін мөлшермен анықтап алған соң санитарлық дәрігер олардың ылғал өткізгіштік, ауа өткізгіштік дәрежесіне баға беру және сүзгіштік қабілетінің мүмкіндігіне байланысты  топырақтың  белгілі түріне жатқызады.  Топырақтың сүзгіштік қабілетін  дәлірек анықтау үшін тәжірибелік түрде  табиғи жағдайда топырақтың су сіңіруі уақытын анықтайды.   

Топырақтағы ауыр металдардың мөлшермен рұқсат етілген концентрациясын  есептеу тәсілі.  

Ұсынылған тәсілдің мақсаты – күнделікті бақылау жүргізу үшін топырақтағы  ауыр   металдарды  жылдам нормаландыру болып табылады.  

Бұл тәсілді топырақтағы металдар мен оның қосылыстарына пайдалана отырып, транслокациялық болып табылатын лимиттік көрсеткіші арқылы, сонымен қатар, өсімдіктік азық-түліктердегі   металдардың рұқсат етілген қалдық концентрациясының  (РҚК) мәні анықталады.

Транслокациялық коэффициент «К» белгілі өсімдік түрінің    өсімдіктегі  (Ср) және топырақтағы (Сп) металдардың қатынасын көрсете отырып, топырақтан металдарды  биологиялық сорып қабылдауы болып табылады.   «К» транслокациялық коэффициенті төмендегі формула арқылы анықталады:

К =,

мұндағы Ср – өсімдіктегі металл концентрациясы;

Сп – топырақтағы металлдар концентрациясы.

Топырақтағы металды мөлшерлі рұқсат етілген концентрациясы (МРК) және олардың өсімдіктер бойындағы рұқсат етілген қалдық концентрациясы (РҚК) бір-біріне транслокациялық коэффициент К арқылы байланысады:

РҚК = К · РҚД

Мұндағы МРК көлемі төмендегі формула арқылы анықталады:

МРК=  

Өсімдік-индикаторлар ретінде  ауыр  металдарға бірқатар сезімтал келетін және оларды максималды көлемде өз бойына жинайтын дәнді дақылдар – бидай мен арпа пайдаланылады. Көптеген металдар үшін  қазіргі кезде  дәнді  дақылдар мен  олардан алынатын өнімдерге гигиеналық нормалар жасалынған.  Бірқатар металдар үшін (қорғасын, цинк, мырыш, никель, кадмий, барий, мышьяк, кобальт, марганец, молибден, қалайы, күміс, хром) транслокациялық коэффициенттердің мәні анықталған. К және РҚК мөлшерін біле отырып, МРК мәнін жеңіл анықтап алуға болады.

Есептеу тәсілі

6.3. кестеде бірқатар металдар үшін К және МРК  мәндері берілген. Кестедегі мәндер мен формуланы пайдалана отырып, металдың топырақтағы мөлшермен алынған рұқсат етілген  концентрациясын  анықтаймыз. Жасалған есептеулердің нәтижесін 6.4 кестеден көруге болады.

   6.3. кесте

Рұқсат етілген қалдық мөлшерлер мәндер мен кейбір металдарға арналған мәндер және транслокациялық коэффициенттері

Көрсеткіш

Элемент

қорғасын

кадмий

цинк

мыс

никель

мышьяк

МРК мг/кг

0,2         

0,02

25,0

5,0

2,0

0,2

К

0,04       

0,04       

0,26        

0,14     

0,04     

0,15

   6.4 кесте

Металдардың мөлшермен рұқсат етілген концентрациясының есептелген мәндері және металдардың топырақтағы ШРЕК тәжірибелік мәні

Көрсеткіш

Элемент

қорғасын

кадмий

цинк

мыс

никель

мышьяк

БРК мг/кг

5,0

0,5

96,6

36,0

50,0

1,3

ШРЕК мг/кг

20,0

110,0

23,0

35,0

2,0

 Таңдап алынған бес элементке эксперименттік жасалған  ШРЕК белгілі болғандықтан, берілген есептеу тәсілінің  нақтылығын анықтауға болады.  Алынған мәндердің бәрі – бір қатар болып келеді. Қорғасында ғана МРК мен ШРЕК 1,5шегінен аспауы тәсілдің дәлдігінің дұрыс екенін көрсетеді.   

Тәсілдің мүмкіндігін басымды ластаушылар – есептелген МРК мөлшері 0,5 мг/кг тең болатын кадмийге   МРК қою мысалынан көруге болады.  Кадмийдің топырақтағы табиғи құрамы 0,5 – 0,7 мг/кг мөлшерінде, яғни  алынған мән  біріншіден  нақты нормативке  жақын келетіндігі тұрғысынан қарастырылады.  

 Берілген тәсіл топырақтағы нормативтер жасалмаған ауыр металдардың  мөлшерлі рұқсат етілген деңгейін анықтауда пайдаланылады, ал транслокациялық көрсеткіш лимиттік болып табылады.  Тәсілді пайдаланудағы қажетті жағдай РҚК туралы  мәліметтер мен транслокациялық К  коэффициенті болып табылады.  

                                                                    

  Елді мекендерді тазартуға арналған арнаулы көліктердің жұмысына бақылау жасау.  Осындай көліктер қозғалыс кестесінің сақталуына таңдамалы тексеру жасалады. Ол үшін  маршруттардың бірі таңдалып алынады және ол үшін негізінен жеке үй құрылыстары немесе емдеу мекемелерін бақылау нүктелері ретінде бекітіледі. Елді мекенді тазарту маршрутының кестесі бұзылған жағдай анықталғанда, айып-пұл  салу сияқты жедел шаралар қолданылуы қажет.  

Соңынан, санитарлық дәрігер немесе оның көмекшісі бақылап отырған тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау кезектерін бақылауда барлық ауданның қоқыс салатын бактарын жаппай  толық тексермесе де болады.  Арнаулы көліктердің жүретін жолдарының қозғалыс кестесіне қарап отырып,  оның жолындағы алдын ала бекітілген бақылаудағы контейнерлерді тексеріп отырса да болады.  Күнделікті санитарлық бақылау  халықтарда қалдықпен тура немесе жанама араласу болмауын, сонымен қатар, жұмыс және тұрғын үйлер топырағының ластанбауының алдын алуды қадағалайды.   

Санитарлық қызмет орындарына көше, бау-бақша, парктер, басқа да көпшілік қоғамдар пайдаланатын жерлерде  бақылау жасау, урналар мен басқа да қалдық жинайтын орындардың жеткіліктілігіне бақылау жүргізу жүктеледі. Мұндай жұмыстарды дәрігердің көмекшілері орындайды.

 

 Қалдықтарды  залалсыздандыратын құбырларға бақылау жүргізу. Олар қоқыстарды қайтадан өңдеу зауыттары, қайтадан өңдеу және жағу, биотермиялық камералар, жетілдірілген күресіндер, компостерлеуге, көмуге, ассенизацияға арналған далалар және т.б. болуы мүмкін.   Елді мекендердің санитарлық тазартылуына бақылау жүргізудің дұрыстығын жоғарылату үшін  санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-гельминтологялық зерттеудің маңызы өте зор болып табылады. Ол үшін санитарлық дәрігердің бақылауы арқылы дәрігердің көмекшілері топырақтан сынама алады.

Техногендік биогеохимиялық провинциялар қалыптасуы мүмкіндігі туралы сұрақты шешу үшін елді мекеннің  топырағының химимялық құрамын  мезгіл сайын зерттеп және жылдар бойындағы динамикасын салыстырып отыру қажет. Осы мақсатта 6.2 суретте  берілген үлгінің бірі бойынша топырақтан сынама алынып отырады. Көбінесе сынамаларды «гигиеналық конверт» бойынша алады. Кейбір жағдайларда топырақтың химиялық ластануының ұзақтығын анықтау үшін сынаманы белгілі тереңдіктен Некрасов бұрғысын пайдалану  арқылы алады (6.3 сурет).

                   

6.2. сурет. Топырақтан сынама алу үлгісі

а – диагоналды 3 нүктеден сынама алу;  диагоналды 5 нүктеден 6 сынама алу;    в –«гигиеналық конверт» тәсілі арқылы сынама алу

                      

6.3. сурет. Некрасов бұрғысы арқылы жердің терең қабаттарынан топырақ сынамаларын алу.

Топырақты санитарлық қорғаудағы  күнделікті санитарлық бақылауда,  санитарлық дәрігердің көмекшісіне үлкен жүктеме артылады. Ол коммуналдық гигиенаның басқа бөлімдеріне қарағанда елді мекенді тазартуды қадағалауға көбірек көңіл бөліп, нағыз белсенділік көрсетеді.  Олар: тазарту жүйесін, қоқыстарды жинау, сақтау және алып кету реттілігін; тазарту көлігінің қозғалу графигін (бірқатар жағдайларда графиктің сақталуына таңдамалы тексеру жүргізу);  шыбындар өсіп-өнетін ошақтар бары, қажет болған жағдайда оларды жою; контейнерлер алаңшаларына жақын аумақтың санитарлық жағдайын; контейнерлер асып-төгіліп тұру фактілерін; канализцияланбаған аудандардың, далалық дәретханалар мен жуынды құюға жерден қазылған орлардың санитарлық жағдайын, қалдықтарды жинау дұрыстығына (қалдықтарды тастайтын ыдыстардың  орналасатын жерлері, олардың санитарлық жағдайы, тазартылу реттілігі)  ерекше көңіл бөліп тексереді.        

Күнделікті санитарлық бақылауға коммуналдық гигиенадан санитарлық дәрігер қоғамдық  санитарлық әлеуметтілікті, сонымен қатар пәтерлік қызмет кооператив тұлғаларын араластыруы қажет.

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған күнделікті санитарлық бақылауға тексеру кіретіндер:  

  •  оларға арналып арнаулы полигондар және басқа да құбырлар қарастырылатындықтан полигондарға өндірістік тастандылардың қосылуын болғызбау үшін  түсетін қалдықтар құрамын;
  •  қалдықтар қабатының биіктігі және тығыздалу дәрежесі;
  •  аралық оқшауландыру қабатқа және оларды дұрыс орналастыру үшін материал (грунт) жеткіліктілігі;
  •  қоқыстың жанып кетуінен алдын алу;
  •  көліктерді жууды және контейнерлерді алмастыруды ұйымдастыру;
  •  дренаждық арықтардың, жолдар мен жасыл желектердің жағдайы.  

 Қызметкердің тұрмыстық бөлмелермен, ауыз сумен және тамақтану жағдайымен қамтамасыз етілуі міндетті түрде қадағаланады.   

Елді мекендердің аумағының топырағына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

 Елді мекендердің аумағының топырағының сапасына қойылатын гигиеналық талаптар  ең алдымен қауіптілігі жоғары аймақтарға: балалар және білім беру ұжымдарына, спорт, ойын, тұрғын құрылыстың балаларға арналған орындарына, демалыс алаңдарына, рекреация аймағына,  суаттарды санитарлық қорғау, олардың жағалуына, санитарлық қорғау аймағына қойылады. Тұрғын құрылыс аумағының топырағына рұқсат етілмейді:      •  санитарлық-токсикологиялық көрсеткіштер бойынша – шекті рұқсат етілген концентрацияның (ШРЕК) немесе химиялық ластаушылардың мөлшермен рұқсат етілген концентрациясының (МРЕК) жоғарылауы;

 •   санитарлық бактериологиялық көрсеткіштер бойынша – ішек инфекциясының қоздырғыштарының, патогенді бактериялардың, энтеровирустардың  болуы. Санитарлық-көрсеткіштердің индексі топырақтың 10 клетка/г жоғары болмауы қажет;  

  санитарлық-паразитологиялық көрсеткіштер бойынша – ішек паразиттік аурулардың қоздырғыштары (геогельминтоздар, лямблиоз, амебиаз т.б.), геогельминт, жұмыртқаларының, циста (ооцисталар)  ішек, патогенді, қарапайымдардың болуын;

 •   санитарлық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша  – синантропты шыбындардың имагинал (түр өзгеріс) алдындағы түрлерінің болуы;

 •  санитарлық – химиялық көрсеткіштер бойынша – Хлебниковтың санитарлық саны 0,98 төмен болуы қажет.

 Қойылған талаптарға сай келетін топырақ «таза» категорияға жатқызады.

  Елді мекендер топырағына қойылатын талаптар топырақтағы химиялық заттардың  ШРЕК (МРЕК) және олардың қауіптілік кластарына байланысты анықталады (6.5 кесте).         

6.5 кесте      

Химиялық ластаушы заттардың қауіптілік кластары

Қауіптілік кластары

Химиялық ластаушы заттар

1

Мышьяк, кадмий, сынап, қорғасын, цинк, фтор,

3,4 - бенз(а)пирен

2

Бор, кобальт, никель, молибден, мыс,

сурьма, хром

3

Барий, ванадий, вольфрам, марганец,

стронций, ацетофенон

 Елді мекеннің топырағының  санитарлық жағынан қауіптілік дәрежесіне  байланысты деңгейлік категориясына байланысты: таза, рұқсат етілген, қауіптілеу, қауіпті және өте қауіпті деп бөлінеді.   

Елді мекеннің  топырағына химиялық құрамы бойынша  қойылатын талаптар 6.6 кестеде берілген.   

6.6  кесте

Топырақтың химиялық ластану дәрежесіне баға беру

Ластану категория-сы

Сани-тар

лық

Жиыны

Топырақта сақталуы (мг/кг)

Хлебников саны

Zс

ластану көрсеткіші

І класты қауіптілік

ІІ класты қауіптілік

ІІІ класты қауіптілік

Органи-калық қосылыстар

Бейорганикалақ қосылыс-тар

Органи-калық қосылыстар

Бейорганиклақ қосылыстар

Органикалық қосылыстар

Бейорганиклақ қосылыстар

Таза*

0,98 и >

-

Фоннан ШРЕК дейін

Фоннан ШРЕК дейін

Фоннан ШРЕК дейін

Фоннан ШРЕК дейін

Фоннан ШРЕК дейін

Фоннан ШРЕК дейін

Рұқсат етілген

0,98 и >

<16

1 ден 2 ШРЕК дейін

2 фондық мәннен ШРЕК дейін

1 ден 2 ШРЕК дейін

2 фондық мәннен ШРЕК дейін

1 ден 2 ШРЕК дейін

2 фондық мәннен ШРЕК дейін

Қауіптірек

0,85-0,98

16-32

2 ден 5 ШРЕК дейін

ШРЕКтен К max дейін

Қауіпті

0,7-0,85

32-128

2 ден 5 ШРЕК дейін

ШРЕКтен К max дейін

ШРЕКтен К max дейін

ШРЕКтен К max дейін

> 5 ПДК

> К mах

Өте қауіпті

<0,7

>128

>5 ПДК

>К mах

>5 ПДК

>К mах

Ескерту:

Кmах – элементтің зияндылығының төрт көрсеткішінің біреуінен рұқсат етілген деңгейдің макималды мәні.

  •   ластану категориясы жоғарғы қауіптілік нысанына  жатады.
  •  Zc – есептеу елді мекеннің топырағының сапасына гигиеналық баға беру әдістемелік ұсынысан сәйкес жасалады.

 Топырақтың эпидемиологиялық бағасы  оның адам денсаулығына қауіпсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ биологиялық ластануларды азайту үшін шаралар өңдеу  мақсатында жүргізіледі (6-7 кесте).

 Ауылшаруашылық жайылымдар топырағына қойылатын гигиеналық талаптар топырақтағы химиялық заттардың зияндылығының лимиттік көрсеткіштерін және транслокациялық көрсеткіштің басымдылығын ескере отырып ШРЕД негізделеді. Ауылшаруашылығы тұрғысынан топырақ химиялық заттармен ластануы жағынан келесі категорияларға бөлінеді: рұқсат етілген, қауіптілеу, қауіпті және өте қауіпті:

 •  рұқсат етілген категория – топырақтардың құрамындағы химиялық заттар фондық көрсеткіштен жоғары болғанымен, ШРЕК көрсеткішінен аспайды;  

 •  қауіптірек категория – топырақтардың құрамындағы химиялық заттар  лимиттік, жалпы-санитарлық, су-миграциялық және ауа-миграциялық зияндылық көрсеткіштері бойынша  ШРЕК-тен  асқанымен транслокациялық көрсеткіштің рұқсат етілген деңгейінен аспайды;  

 •  қауіпті категория – топырақтағы зиянды химиялық заттар лимиттік транслокациялық зияндылық көрсеткіш бойынша ШРЕК-тен жоғары;   

 •  өте қауіпті категория – құрамындағы химиялық заттар барлық көрсеткіш бойынша ШРЕК-тен жоғары болып келеді.

6.7  кесте      

Топырақтың эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесіне баға беру

Топырақтың ластану категориясы

БГКП

индексі

Энтерококктар индексі

Патогенді бактериялар, с.і. сальмонелдар

Геогельминттер жұмыртқасы кг/эез

Л-қуыршақтар К шыбын дірнәсілдердің

20х20 аудандағы  топырақтағы экз.

Таза

1-10

1-10

0

0

0

Қауіптірек

1-100

1-100

0

10ға дейін

Л- 10ға дейін

К-жоқ

Қауіпті

100-1000

100-1000

0

100ге дейін

Л- 100ге дейін

К-10ға дейін

Өте қауіпті

1000 және жоғары

1000 және жоғары

0

>100

Л>100

К>10

  Елді мекендерді санитарлық тазарту

Елді мекендерді халықтың денсаулығын сақтау  және қоғамдық жайластыру мақсатында қалдықтарды тазарту, жинау, аулақтату және залалсыздандыруға бағытталған    жоспарлы, ұйымдастырылған, санитарлық, техникалық және шаруашылық жүйесінен тұрады. Елді мекендердің аумағынан тұрмыстық қалдықтарды жою күрделі экологиялық өзекті мәселе болып табылады. Ең қарапайым және арзан тәсіл қалдықтарды күресінге   апарып тастау болып табылады, бірақ ұйымдастырылмаған күресін қоршаған ортаны ластандандыру көзі болып, жұқпалы аурулар таралуының ошағына айналып кетуі мүмкін.  

Жетілдірілген күресінде (полигондар) қалыптастыру айтылған қолайсыз әсерлерді азайтады, дегенмен, белгілі құндылығы бар қалдықтарды  пайдалануға жол бермейді.  Ол үшін көңдерді ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін  қоқыс өңдейтін зауыттар салынады.   Осындай зауыттардың технологиясы тұрмыстық қалдықтардан қайтадан пайдалануға болатын  металл, шыны-әйнек, пластмассаларды алып тастауды қарастырады (6.8 кесте).  Қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) қайтадан өңделген өнімдерін отын ретінде  пайдалану мүмкіндігі оларды қайтадан өңдеудің  қазіргі заманғы – пиролиз тәсілін меңгеруге байланысты болды.   

Елді мекендерді  тазартудың негізгі мақсаты  тұрғын аудандар, көшелер мен алаңшаларды жоғары санитарлық-гигиеналық  жағдайға жеткізу болып табылады.  Санитарлық тазалаудың міндеттері тұрмыстық қалдықтарды жинау, аулақтату, залалсыздандыру және қайтадан өңдеу, аумақты тазарту, жұмысты механикаландыру кешенімен қамтамасыз ету болып табылады.    Компоненттерді жекелеп, мысалы қағаздар мен тағам қалдықтарын жеке-жеке жинауды ұйымдастыру өнеркәсіп орындарының табиғи шикізатқа сұранысын азайтып, орман байлығын сақтап, мал жеміне шығынды азайтуға мүмкіндік береді.  

6.8 кесте

Қалалық қалдықтардыңдың жіктелуі

Физикалық жағдайына  байланысты            

Пайда болу жеріне байланысты                

Табиғи құрамына байланысты

Қатты

Тұрғын үйлердің тұрмыстық қалдықтары

Тағам қалдықтары, сыпырынды, шыны, тері, резеңке, қағаз, металл, шүберектер, пластмасса, күл, ағаш, жөндеу жұмыстарының қалдықтары

Әкімшілік мағынадағы мекемелердің тұрмыстық қалдықтары    

Қағаз, шыны, текстиль, ағаш, сыпырынды, люминисценттік шамдар және т.б.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қалдықтары

Тағам қалдықтары, сүйек-саяқтар, қағаз, шыны, сыпырынды, ағаш және т.б.

Қоғамдық пайдалану орындарының қалдықтары

Көше сыпырындысы, қалдық заттар, қағаз, шыны, ағаштар, жапырақтар және т.б.  

Емдеу мекемелерінің қалдықтары 

Текстиль, қағаз, шыны, пластмасса және т.б.

Өндірістік тастандылар      

Металл,          пластмасса, шыны, ағаш, лактар, бояулар, өсімдік майлары, ағаш және т.б.   

Сұйық

Тұрмыстық

Өндірістік

Сұйық қалдықтар, фекальды-ағынды сулар

Ағынды сулар

Газ тәріздес   

Қалалық орта                  

Шаң, отын жануынан болған газ тәрізді өнімдер, өндіріс орындарының газдары, қатты және сұйық қалдықтардың бұзылуы және шіруінен пайда болған  газтәріздес өнімдер  

Санитарлық дәрігердің коммуналдық гигиенадағы жұмысында елді мекендерді  санитарлық тазарту міндетті  түрдегі құрамдық бөлімі болып табылады және уақытының белгілі бөлігін алады.

Бұл жұмыстың негізгі қағидалары төмендегідей болып келеді:  

– елді мекендерде тұрмыстық қалдықтардың (қатты және сұйық) белгілі мерзімде (тәулік, ай, жыл) жинақталу көлемін анықтау;

–  қалдықтарды шығару жүйесін зерттеу;

– қоқыс контейнерлерінің қажетті санын анықтау;

– қалдықтарды шығаруға қажетті арнайы автокөліктер санын анықтау.

Қоқыс салатын контейнерлер санын анықтау тәсілі

ҚНменЕ 3.01.01-2008 «Қаласалу. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу» бойынша елді мекендерді тазарту туралы негізгі қағидаларды зерттеу қажет.  Соңынан санитарлық дәрігер  бақылаудағы елді мекендегі  тұрмыстық қалдықтар жиналу нормасымен танысуы керек (6.9 кесте) және  халықтар саны мәліметтері негізінде төмендегі формула бойынша қалдықтардың жиналуын есептеу қажет:  

,

мұндағы  Mr – жылдық жинақталған қалдықтар; N1 –  жылына 1 адамға жинақталған қоқыс нормасы;  А – халықтар саны

6.9 кесте

Тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормасы

(ҚНменЕ №555 28 июля 2010ж. )

Тұрмыстық қалдықтар

Жылына 1 адамға шаққандағы  тұрмыстық қалдықтар

КГ

Л

Қатты

   Сумен қамтамасыз ету жүйесі, канализация, орталық жылыту жүйесі және газы бар

190 – 225

900 – 1000

Басқадай ғимараттардан

300 – 450

1100 – 1500

Қоғамдық ғимараттарды ескере отырып, қала бойынша жалпы саны

280 – 300

1400 – 1500

Сұйықтыққа арналған орлар (канализация болмағанда)

2000 – 3500

Қатты жабыны бар көшелердің, алаңшалар мен парктердің 1 м 2  сыпырынды

5 – 15

8 – 20

 

Жинақталу нормасы дегеніміз – қоғамдық ғимараттардың жұмыс уақытын ескере отырып, халықтан жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың, сыпырындыларды қоса т.б. есептелген  есеп бірлігі (адам) уақыт бірлігіне  (күн, жыл) саны.  Жинақталу нормасын масса (кг) немесе  көлем (литр, м3) арқылы анықтайды.

Қатты қалдықтардың жинақталу нормасын, полигон жобаланып отырған елді мекенге немесе СНменЕ №555 28 июля 2010ж бойынша анықталған іс жүзіндегі жинақ бойынша анықтайды.   

 ҚТҚ жинақталу нормасы  массасы бойынша  мөлшермен жылына  0,3-05% көлемі бойынша - 0,6 – 1,2 жоғарылайды.  Алынған мәліметтерді пайдалана отырып, елді мекенде қалдықтардың жылдық жинақталуының дұрыс есептелгендігін тексеру қажет.    Соңынан қалдықтарды жинау, шығару және  залаласыздандыру тәсілі  туралы сұрақтар шешіледі. Мұнда әсіресе  қоқыс қабылдағыштарды ең дұрысырақ  пайдалануды санитарлық негіздеу, олардың қала аумағында орналасуы және залаласыздандыру орнынан уақытында шығару жағдайына ерекше көңіл бөлінеді.   Елді мекенге қажетті  қоқыс жинағыштар санын есептеу төменде көрсетілген формула бойынша қатты қалдықтардың тәуліктік жиналу көлемін (Мс) пайдалану арқылы анықталады:  

,

мұндағы Mr –елді мекенде қатты қалдықтардың жылдық жиыны;

n – қатты қалдықтарды алып кету күндерінің саны  (300;365); 1,25 – катты қалдықтардың жиналуының біркелкі еместігінің коэффициенті.

Қалаға (ауданға, квартал немесе жеке үйлерге) қоқыс жинағыштың қажетті саны төмендегі формула бойынша анықталады:

,

мұндағы  Мс – қоқыстың ораша тәуліктік жинақталуы; V – қоқыс қабылдағыштың сиымдылығы;

К1 – жинақталудың біркелкі еместігінің коэффициенті (1,25); К2 -  жөндеуде және қорда барды ескере отырып, қоқыс қабылдағыштардың  санын ескеретін  коэффициент  (1,05); К3 –  қоқыс жианғыштардың толтырылу коэффициенті (0,9);

t – қоқысты шығарып тұру реттілігі (1-3 тәулік).

Қалдықтарды шығарудың ауыспалы (контейнерлік)  жүйесінде контейнерлер санын анықтау үшін  жоғарыда келтірілген формуланың алымына  коэффициент К4 қойылады, оның мәні:  

 • қатты қалдықтарды күнделікті шығаруда және  контейнерлерді тасу бір рейс болғанда – 2;  

 • қалдықтарды үш күнде бір рет шығарғанды  және бір рейс болғанда – 1,33.

Санитарлық дәрігер қалдықтардың өтелденуін және оларды залалсыздандырудың ең тиімді тәсілін (топырақты-биологиялық, индустриялды-биологиялық, термиялық, пиролиз, химиялық, механикалық және т.б.)  терең зерттеуі қажет.

Қалдықтарды залалсыздандыру тәсілдеріне қатысты сұрақтарды талдағанда, жергілікті жердің климаттық және топырақтық жағдайын ескере отырып, ҚТҚ арналған құбырдың жүктемелік нормасына, сондай-ақ қалдықтардың ферментациясының ерекшелігіне   көңіл аудару қажет.  Полигондардың, компостерлеу даласының құрылымы, қоқыс өңдеу зауытының жұмысының технологиясын  сәйкес макеттер мен үлгілерден зерттеп, білу қажет.

Елді мекенде канализация болмағанда сұйық қалдықтардың жиналуы мен залалсыздандырылуының дұрыс жүргізілу сұрақтарына көңіл бөлінуі қажет. №555 28 июля 2010ж  бұйрығымен бекітілген СНмеЕ бойынша жинақталу нормасымен танысу қажет және елді мекендегі санын (жылдық, тәуліктік) анықтау қажет.  Соңынан ассенизация және көму даласының құрылысы зерттеледі. Мұнда, жергілікті жердің климаты мен топырағының сипатын ескере отырып, осы құбырлардың жүктемелік нормасына ерекше көңіл бөлінеді, . №555 28 июля 2010ж  бұйрығымен бекітілген СНменЕ бойынша осы құбырлардан санитарлық-қорғау аймағының нормалық мөлшері анықталады.  

Есептеу үлгісі: ІҮ клматтық белдеуде орналасқан тұрғын аудан халқа 20 000 адамды құрайды. Тұрғын ғимараттың орташа биіктігі 9-12 қабат, жайластырылуы 100 % , үйлер қоқыс жүргізгішпен жабдықталған.

Берілген тұрғын аудандағы тұрмыстық қалдықтардың  орташа тәуліктік жинақталуы қандай?  Қоқыс шығарудың қандай жүйесін таңдап алған дұрыс?

Шешімі:

  1.  ,
  2.  ,
  3.  0,750 м3 қалдық жинағыштардың саны:

 Контейнерлердің қажетті саны  326-тең, ал, кезекпен шығару жүйесінде -. Қоқыс шығарудың  2 тәулік сайын болып отыруын жоспарлау қажет.  

Қорытынды: Қалдықтарды аулақтатудың жоспарлы-ретті контейнерлік алмасуын қабылдау қажет, ол үшін әрқайсысының  сиымдылығы 0,750 м 3 болатын 652 контейнер орнату қажет.    

Шешу үлгісі: Тұрғын ықшамауданда  (ІІІ климаттық аудан) 58 контейнер (әрқайсысы 0,75 м3) анықталған. Тұрмыстық қалдықтарды шығару  күнделікті жасалады. Ықшамаудан халқы  15200 адамнан тұрады. Ауданның жайластырылуы жоғары дәрежеде.  

ҚТҚ  күнделікті жиналуын  және  қоқыс  шығару үшін ауыспалы және ауыспайтын ыдыста болғанда   қажетті контейнерлер санын есептеп шығарыңыз.   

Шешуі:

КНмеН 3.01.01-2008 «Қаласалу. Қалалық және ауылдық жердерді  жоспарлау және құрылысын салу» бойынша, 11 қосымша  су жүру жүйесімен, канализация, орталық жылу және газбен қамтамасыз етілген тұрғын ғимаратта осы мәліметтерді ескере отырып,  төмендегің формула арқылы қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасын анықтау қажет

,

мұндағы Mr – қоқыстың жылдық жинақталуы; N1 – жылына 1 адамға жиналатын қоқыс  нормасы;   м3; А – халықтар саны.

Қала ІІІ климаттық ауданда болғандықтан, ҚНменЕ «Қаласалу. Қалалық және ауылдық жерлерді  жоспарлау және құрылысын салу» 11 қосымша п.2 ескертуі бойынша  ҚТҚ жиналу нормасын 10% жоғарылатуға болады. Қосымша бойынша бір адамға жылына 1000 л, 10%  ескере отырып, 1100 л болады.  Литрді м3 айналдырсақ ( 1 м3 1000 л бар), 1,1 м3 болады.

,

Елді мекенге  қажетті  қоқыс жинағыштар санын есептеу, қатты қалдықтардың тәуліктік жиналу көлемін  (Мс), төменде келтірілген формуланы пайдалану  арқылы анықтайды.   

,

мұндағы Mr – елді мекендегі барлық қатты қалдықтардың жылдық жиналуы; n – ағымда қатты  қалдықтар (300;365) шығару жұмыстары жасалатын күндер;  1,25 –қатты қалдықтардың  жиналуының біркелкі еместігінің коэффициенті.  

Ауыстырылмайтын сиымдылығы 0,75 м3 ыдыстағы қоқыс жинағыштардың қала (аудан, квартал немесе жеке үй) қажетті саны төмендегі формула арқылы анықталады:

,

мұндағы, Мс – қоқыстың орташа тәуліктік жиналуы; V – қоқыс салғыштардың сиымдылығы; К1 – жиналудың біркелкі еместігінің коэффициенті (1,25); К2 -  жөндеуде тұрған контейнерлерді санын ескеретін коэффициент (1,05); К3 – қоқыс жинағыштардың толығу коэффициенті (0,9); t – қоқыс шығару жиілігі  ( тәулігіне 1-3).

Сонымен  қоқысты ауыстырылмайтын  жүйемен шығарғанда 112 конитейнер керек.  Шығарудың ауыспалы  жүйесінде, максималды   (2) алынатын К4  коэффициентін енгізгеннен соң, формула түрі төмендегідей болады:  

N = 222,84

Қорытынды: ҚТҚ тәуліктік жинақталуы 57,3 м3/тәу. Жоспарлы-ретті контейнерлік жүйені қабылдау үшін  ауыспалы  емес болса  112 контейнер, ауыспалы болса әрқайсысының сиымдылығы 0,75 м3 болатын 223 контейнер қажет.  

    Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигондарына қойылатын күнделікті санитарлық бақылау.  

 Коммуналдық гигиенаның осы бөлімі бойынша негізгі нормалық құжат «Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондардың құрылысы мен жағдайына қойылатын санитарлық ережелер» . №555 28 июля 2010ж  бұйрығымен бекітілген  СанЕменН және «Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны» ҚР ҚНмеЕ 1.04-15-2002 болып табылады.

Полигондар дегеніміз – қатты тұрмыстық қалдықтарды топырақтың атмосфералық, топырақ ластануынан, беткейлік және грунт суларынан  қорғау, кеміргіштер мен құмырысқалар, ауру қоздырушы микрорганизмдердің таралып  кетуінің алдын алуға арналған  құбырлар кешені болып табылады.

 Полигондарда құбырдың аудан бірлігіне жүктемені ұлғайту үшін  ҚТҚ тығыздау жасалады. Полигондар жабылғаннан соң олардың беті жер алаңын келесі жолы пайдалануға болатындай етіліп  рекультивацияланады. Полигондағы жинақтау, тығыздау, ҚТҚ оқшалуландыру жұмыстарының бәрі механикаландырылған жолмен жасалады.  Полигондарды  кез-келген елді мекендерге арнап жасауға болады.  

 Полигондарға  тұрғын және қоғамдық ғимараттарда (құрылыс қалдықтарын қоса) пайда болған ҚТҚ, жергілікті жылыту көздерінің қалдықтары, көше, бау-бақша сыпырындылары қабылданады. Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орындарымен  келісу арқылы полигонға кейбір улылығы жоқ, радиактивті қасиеті жоқ  өндірістік қатты қалдықты заттарды да қабылдайды.  Полигондарда сонымен қатар,  ұсақ хайуандардың өлекселеріне арналған биотермиялық камералар орналастырылады.

 Пайдалануға келмейтін барлық тағамдар, дәрілік заттар  әдетте полигонға қабылданбайды. Қажет болған жағдайда оларды ҚТҚ полигонына қабылдау жергілікті Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орындарымен келісу арқылы жасалады.

 Өлген жануарлардың өлекселерін, ет комбинаттарының малды сойғаннан кейін қалатын қалдықтарын, ветеринарлық қызметтің биологиялық қалдықтарын залалсыздандыруды  мал көметін орындарда, өтел зауыттарында оларды термиялық өңдеуден өткізу арқылы,  қызмет етіп тұрған ветеринарлық қызметтің талаптарына сай  биотермиялық камераларда жүргізіледі.   

Емдеу мекемелерінің биологиялық қалдықтары (хирургиялық ауруханалар мен бөлімдер, әйелдер босанатын үйлер, инфекциялық ауруханалар т.б.) полигонға қабылданбайды, олардың залалсыздандырылуы  арнаулы «Елді мекен территорияларының жағдайына қойылатын санитарлық ержелер» бойынша жасалады.   

 Полигондар иелері жер алаңын бөлуді, жобалық құжаттар өңдеу және сараптама жасауды, техникалық жабдықталуды,  полигондар қызметіне келетін қалдықтар құрамына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.     Полигонның негізгі элементтері: келетін жолдар, ҚТҚ жинақтау алаңдар (полигон ауданының 95% дейін құрайды), шаруашылық аймағы,  инженерлік-құбырлық және коммуникация аймағы   болып табылады.  Келетін жолдар  қызмет етіп тұрған көлік магистралын ҚТҚ жинақтау  алаңымен байланыстырады және екі жақты қозғалыс ережесіне  есептеледі.   Тастандыларды үймелеу  қабаттар бойынша және әрбір ҚТҚ қабатының тығыздығы  биіктігі 2м грунт қабатымен оқшауландырылады. 

Полигонның санитарлық-қорғау аймағында  тұрғын құрылысты, ауыз суға арналған құдықтар мен скважиналарды орналастыруға тиым салынады. Алаңда жасыл-желеңдер немесе арнаулы жер төсеніштер болмағанда,  оны жапқанда қажет болатын грунт кавальерлері   жасалады.  Алаң тәртібі пайдаланылып жүрген санитарлық норма бойынша жасалады.

Полигон территориясында  ҚТҚ  жағып жіберуге қатал тиым салынады ал, өздігінен жаңа бастаса  өртке қарсы қауіпсіздк шаралар (ылғалдау, грунттың инертті қабатымен оқшаулау, механикалық жолды тығыздаушылар арқылы тығыздау)  жасалады.

Полигонды жабу оны белгілі биіктікке дейін топырақпен толтыру болып табылады.   Қызмет етуі бес жылдан  жоғары болған полигондарды тігінен белгіленген белгіні, кейін отырып кетуін ескере отырып 10% -дейін жоғары етіп көмеді.   Полигонды жабардың алдында қоқыстардың ең соңғы қабаты  сыртқы оқшаулағыш грунт қабатымен жабылады.  Ең соңғы жобалауда сыртқы оқшаулағыш қабатты полигон жиегіне қарай еңкіштеп, су іркіліп қалатындай шұңқырлар болмайтынай етіп жабылуын қадағалау қажет. Полигонның 1:4 дейін баратын сыртқы қиғаштарын бекіту, полигонды пайдаланудың басынан бастап, құбыр биіктігі жоғарылай бастағаннан бастап жүргізілуі қажет.  Полигонның сырттық қиғашы материалы ретінде полигонды салып жатқанда, сылып алынған өсімдік грунты жатады.  

Жоғарғы оқшаулағыш қабатын жасауды оны полигонды жапқаннан кейін пайдалану тұрғысынан анықтайды.  

Қала жанындағы ауылшаруашылық жүйеден орман парк кешенін жасауда пайдаланылатын аумақтар аймағын, шаңғы спортына арналған секіретін төбешіктің немесе елді мекеннің айналасын қарап көруге арналған қарауыл төбешіктің  сыртқы оқшаулағыш қабатының қалыңдығы 0,6 м кем болмауы қажет.    

 Грунтты жел ұшырып немесе  су шайып кетуден сақтау үшін полигонның сырттық оқшаландырығыш қабатын салып болысыман сыртқы қиғаш беттерін террас түрінде көгалдандыру қажет.   Талдар мен бұталар  түрлерін таңдау  жергілікті жағдайға байланысты анықталады. Негізінен сол жерді жақсы қабылдап, қаулап өсіп кететін қайың, емен, үйеңкі, жабайы шие ағаштарын отырғызу ұсынылады. Бұл ағаштар  топырақтың рекултивациясына және қалыпты орман төсеніштерін қалыптасыруға жағдай жасайды.   

 Бұрынғы ҚТҚ полигонның аумағын тағамнан басқа заттарға  ашық қоймалар   ретінде пайдаланғанда жоғарғы оқшауландырғыш қабаттың қалыңдығы 1,5 м кем болмауы қажет.   Тастандылардың жоғарғы қабаты  оқшауландырғышты жапқанға дейін  мұқият және біркелкі тегістелуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтармен бірге қабаттауға  рұқсат етілген өндірістік қалдықтар келесі технологиялық жағдайларға сәйкес болуы қажет:  ылғалдылығы 85%-дан аспауы қажет, жарылыс қауіпсіздігін сақталуы қажет, өздігінен тұтанып, өздігінен жанып кетпеуі қажет.  Сұйық және паста тәріздес қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды.

 Негізгі санитарлық талап өндірістік  тастандылардың тұрмыстық қалдықтармен қосылғандағы улы қоспалары  су сорылуын сараптау мәліметтері бойынша тұрмыстық қалдықтардың улылығынан аспауы қажет.   Шектеусіз қабылданып  оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылатын ІҮ класты қауіптіліктегі өндірістік тастандылар  су сорғышында  (1кг қалдыққа 1л су) қатты тұрмыстық қалдықтарда улы заттар фильтрат деңгейінде, ал интеграциялық көрсеткіш бойынша – оттегіне биохимиялық қажеттілік  бойынша сипатталады (БПК20) және оттегіне химиялық қажеттілік (ХПК)  - 300 мг/л жоғары емес, құрылымды фракцияларының мөлшері 250мм кем емес біркелкі  болып келеді.  

 Шектелген көлемде (қатты тұрмыстық қалдықтар массасының 30% көп емес) қабылданатын және тұрмыстық қалдықтармен бірге жиналатын   қауіптілігі ІҮ және ІІІ классты өндірістік қалдықтар су сорылуында  улы заттар ҚТҚ алынған сүзілу деңгейінде,   БПК20 мен ХПК 4000-5000 мгО2/л (осы көрсеткіштер бойынша  ҚТҚ фильтратына жақын)  сипатталады.

 Өтелденбейтін ІҮ және ІІІ классты  улы қалдықтары бар өндірістік кәсіпорындар оларды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығару үшін жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бекеттерден рұқсат алады.  Айтылған қалдықтардың ҚТҚ полигонына қабылданатын көлемі туралы сұрақты жергілікті жағдайға байланысты: жинақтауға арналған алаң бары, машиналар және механизмдермен қамтамасыз етілуі бойынша органдар шешеді.    Санитарлық дәрігер ҚТҚ полигонынан улы қалдықтарды  шығаруға рұқсат алуға қажетті материалдарға баға бере алуы қажет.

Улы қалдықтардың қауіптілік класын есептеу тәсілі.

 

Қалдықтарды  есептеу тәсілі арқылы  қауіптілік классына жатқызу  қалдықты (Ki)  құрайтын заттардың қауіптілік көрсеткішінің жиынына есептелген,   жинақты кауіптілік индексі К көлемі негізінде жасалады. Қалдықтардың қауіптілігінің  есептеуден алынған нәтижесі кесте түрінде өңделеді.

Қалдықтар құрамының тізімі  және олардың  сандық мазмұны сандық және сапалық химиялық сараптама немесе бастапқы шикізат құрамы мен оны технологиялық өңдеудің  нәтижесі бойынша жасалады.

Қалдық қауіптілігінің Ki көрсеткіші қалдықтар компоненті концентрациясының Ci (мг/кг),   қауіптілік дәрежесінің коэффициенті Wi қатынасы  арқылы есептеледі:  

Ki = Ci / Wi;

lg Wi = 1,2 (Xi-1),

мұндағы     Xi – қалдықтр  компоненті қауіптілігің орташа параметрі.

Қалдықтар компоненті қауіптілігінің Xi орташа алынған параметрін   анықтау тәсілі төмендегідей болады:

 • қалдықтардың сапалық құрамы негізінде оның әрбір компонентінің  токсикологиялық, санитарлық-гигиеналық және физикалық-химиялық қауіптілігінің көрсеткіштері анықталады;

 •  қауіптілік көрсеткішінің тізімнен (1 кесте ) таңдап алады, ал оның мәнін – нормалық құжаттар мен әдебиет көздерінен алады;

 •  қауіптілік көрсеткіші мәніне байланысты, соңғысына 1 ден 4 ке дейін балл беріледі (6.10 кестесі бойынша).   Есепте  алғашқы он екі көрсеткіш пайдаланылады.  Анықтамалық әдебиеттерде олар туралы ақпарат болмағанда  қалған көрсеткіштер бойынша мәліметтер пайдаланылады:           •  берілген қауіптілік көрсеткішінің  ақпарат көздерінде  бірнеше мәндері болғанда  (мысалы, DL50 жануарлардың әр түрлері үшін) максималды қауіптілікке сәйкес келетін көлем таңдалынып алынады, яғни DL50 мәнінен төмен  көлем т.с.с. ШРЕК болмағанда  БРЕӘЕД, МРК және басқа есептеу компонентін пайдалануға болады:  

 •  Xi көлемін есептегенде, пайдаланылған қауіптілік көрсеткіші  n байланысты болатын және  келесі мәндерге (баллмен): n-12-11 болғандағы I = 4; n-10-9 болғандағы I = 3; n-8-7 болғандағы I = 2; n – 6 болғандағы I = 1;    I  ақпараттық көрсеткіші ескеріледі;  

 •  қалдықтардың Xi компоненті қауіптілігінің орташа параметрі барлық көрсеткіштер бойынша, ақпараттықты қоса отырып, барлық балл жиынын көрсеткіштердің жалпы санына бөлу арқылы жасалады;   

 •  құрамы мынандай кремний, титан, нартрий, калий, кальций, көміртек, фосфор, топырақтың негізгі типтерінде сақталу жағдайынан аспайтын концентрациялық күкірт сияқты химиялық заттардан тұратын қалдықтар кешені  қауіптілік компоненті  Xi-дің 4-ке тең мөлшеріне   орташаландырылған  іс жүзінде қауіптілігі жоқ компонентке жатқызылады.

 •  қалдықтар құрамында адам ағзасына концерогенділігі дәлделденген өнімдер бар болса, ол компонентке Wi = 1 мәні беріледі, ал қалған қауіптілік көрсеткіштері ескерілмейді, яғни Ki = Ci/1 = Ci болып табылады;  

 •  қауіптіліктің жиынтық индексі К, қалдықтардың барлық  кешенінің Ki жиынтығына тең:    K = Ki=K1+К2+К3+Кn жиынтығы;

 •  қалдықтарды К көлемінің қауіптілік классы бойынша талдап орналастыру 6.11 кесте бойынша жасалады.   

6.10  кесте

Қалдықтар компонентінің токсикологиялық, санитарлық-гигиеналық және

физикалық-химиялық көрсеткіштері

Рет. №

Қауіптілік көрсеткіштері

Қауіптілік деңгейі мен критреиилері

1

2

3

4

1

Химиялық заттардың ШРЕК (МРК) (мг/кг)

бейорганикалық

<5

5-50

51-1000

>1000

органикалық

<1

1-9,9

10-99,9

>100

2

ШРЕК (МРК) (мг/кг)

<0,01

0,01-0,1

0,11-1

>1

3

ШРЕКр.з. (мг/м3)

<0,1

0,1-1

1,1-10

>10

4

ШРЕКс.с.(м.р.) (ОБУВ) (мг/ м3)

<0,01

0,01-0,1

0,11-1

>1

5

Қауіптілік классы

1

2

3

4

6

Жұмыс аймағындағы қауіптілік классы

1

2

3

4

7

Атмосферадағы қаіптілік классы

1

2

3

4

8

Топырақтағы қауіптілік классы

1

2

3

4

9

DL50 (мг/кг) рероралдық

<15

15-150

151-5000

>5000

10

CL50 (мг/ м3)

<500

500-5000

5001-50000

>50000

11

канцерогенділік

Адамдар үшін дәлелденген

Жануарлар үшін дәлелденген

Жануарларға қауіптілік мүмкіндігі бар

Концерогенді емес (дәлелденген)

12

Lg (S мг/л ШРЕК жәнеҚ)

>5

5-2

1,9-1

<1

13

Lg (Снас, мг/ м3/ШРЕКр.з.)

>5

5-2

1,9-1

<1

14

ШРЕКвр (мг/л)

0,001

0,001-0,01

0,011-0,1

>0,1

15

DL50 (skin) (мг/кг)

<100

100-500

501-2500

>2500

16

DL50 (w) (мг/л/96 ч)

<1

1-5

5,1-100

>100

17

Lg (Снас, мг/ м3/ПДКсс/мр)

>7

7-3,9

3,8-1,6

<1,6

18

КВИО

>300

300-30

29-3

<3

19

Log Kow (октанол/вода)

>4

4-2

1,9-0

0

20

Персистенттілік; қоршаған ортаға таралуы;

Улырақ тағамдар пайда болуы ,соның ішінде:  жеке тиімділік және жаңа тиімділік бары

әсер етуі айқынырақ тағамдардың көбірек пайда болуы. Зияндылық критериилері

Улылығы бастапқы заттың улылығына тән тағамдар пайда болуы  

21

Биоаккумуляция: тағамдық тізбектегі тәртібі

Барлық салада жиналуы

Бірнеше салада жиналуы

Салалардың бірінде жинақталуы

Жинақталу жоқ

22

мутогенділік

анықталған

Адамда көрініс беру мүмкіндігі бар

Жанаурларда көрініс беру мүмкіндігі бар

Анықталмаған

(дәлелденген)

23

Тағамдық азық-түліктердегі ШРЕКпп

0,01

0,01-1

1,1-10

>10

балл

1

2

3

4

6.11  кесте

Қалдықтардың адам денсаулығына қауіптілігінің жіктемесі

Қауіптілік кластары

1 класс

2 класс

3 класс

4 класс

К

>50 000

50 000-1000

999-100

<100

 Қандай қалдықтарды қандай мөлшерде қабылдауға рұқсат етілгендігі көрсетілген, мемлекеттік коммуналдық ұйымдармен бекітілген   қызмет етілетін кәсіпорынның тізімі (тәртібі)  полигонға беріледі.

Шығарылатын өндірістік қалдықтардың құрамының сәйкестігіне жергілікті санитарлық бекеттере қалдықтарды полигонға шығару үшін берілген мәліметтерге өндірістік кәсіпорын жауап береді.  

 Полигонға шығарылатын өндірістік қалдықтардың әрбір  партиясына кәсіпорын анықтама береді. Анықтаманың үлгісі СанЕмН 3.01.016.97 №2 қосымшасында берілген.  Қалдықты өткізетін кәсіпорын маманының және полигон мастерінің қолы қойылған анықтама  полигонның іс қағазында сақталады.  Анықтамада  қалықтарды полигонның қабылдағанын растайтыны  туралы  бақылау талоны болады. Полигонның мастері қолын қойған бақылау талоны қалдықтарды өткізген кәсіпорынның сәйкес  қызмет орнында сақталады. Қалдықтардың полигонға келіп түсуі «қалдықтарды қабылдау жұрналына» жазылады. Жұрналды толтыру үлгісі  №555 28 июля 2010ж  бұйрығымен бекітілген СанЕмН №8 қосымшасында көрсетілген.

 Қарамағында ҚТҚ полигоны бар ұйымдардың, штаттық кестесінде  және бұйрық бойынша қабылданатын қалдықтарды және оны санитарлық-гигиеналық және өрт болу тұрғысынан қауіпсіздігін қамтамсыз ете отырып,  пайдалану тәртібін  ара-кідік тексеріп отыратын жауапты қызметкер қарастырылуы қажет.  

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына

жіберілетін өндірістік қалдықтар туралы

АНЫҚТАМА

                                                                                         Тіркеу №.............

Қалдықтар  өткізетін өнеркәсіп орнының (ұйымның) аталуы ……………….........

Жіберілген күні................... автокөлік №.............................................................

Арнаулы автошаруашылық немесе полигонмен келісу  №..................................................

Қалдықтар түрінің атауы............................................................................................

Саны:  т.................................................................................................................

м3....................................................................................................................................

Қолдар қойылуы:

Қалдықтардың төгілуі.............................................(қызметі, аты-жөні, қолы)…………..

Қалдықтар  полигонға өткізілді..................................................................................................     

Қалдықтар  қабылданды..................................................................................................................    

Қабылдау күні...............Қабылданған жоқ: (себебін көрсету арқылы)………………….

……………………………………………………………….…………………………..

Бақылау талоны

Анықтамаға бақылау талоны (қалдықтарды өткізетін өнеркәсіп орнына беріледі)

……………………………………………………………………………………………

Қалдықтарды  өткізген өнеркәсіп орнының атауы.............................................................

Қабылдау күні......................автокөлік №.....................................................................

Қалдықтардың түрі.......................Саны, т. , м3................................................................

Қалдықтарды қабылдаушы...............Қалдықтарды өткізуші……………......................

 

Полигонға қалдықтар әкелетін кәсіпорындардың нормалық талаптарды бұзғаны туралы  полигон басшылығы келесі де,  қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына өндірістік қалдықтарды әкелуге тиым салып, жергілікті санэпидбекеттер мен өрт сөндіру инспекциясына  хабарлайды. 

 Полигонға ҚТҚ және бектілген нұсқауларға сәйкес кейбір өндірістік қалдықтарды қабылдау туралы технологиялық бақылауды  коммуналдық мекемелердің зертханалық қызметі жүргізеді.   

Зертханалық қызмет жүйелі түрде  бекітілген кесте бойынша,  полигонға түсетін қалдықтардың фракциялық, морфологиялық, химиялық құрамын, контейнерлердің жуылу тәртібін,  ауаның, беткей сулардың ластану жағдайын, полигонның жұмыс зонасындағы жер асты суларының  және  санитарлық қорғау аймағының шекарасындағы ластану динамикасын бақылаумен салыстыра отырып қадағалап отырады.  

 Заңдылықтар негізінде коммуналдық қызмет өңдеуі қажет:

 а) полигондарға ҚТҚ мен өндірістік қалдықтарды қабылдау жөнінен нұсқаулар жасау;

 б) техника қауіпсіздігі, өртке қарсы алдын алу және  кәсіпорын жұмысын қамтамасыз етуге арналған қызметкерлер үшін нұсқаулар жасау. Аталмыш нұсқаулар кәсіпорын басшылығымен келісіледі.

 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қамтамасыз етеді:

 а) ҚТҚ полигонының қызметіне қойылатын күнделікті санитарлық қадағалау топырақтағы химиялық заттардың ШРЕК тізімін басшылыққа ала отырып және  елді мекеннің  топырағының санитарлық жағдайына баға беру көрсеткіштері бойынша жылына екі реттен кем емес санитарлық бақылау жүргізіледі;    

 б) қызмет етуші қызметкерге арналған тұрмыстық бөлме тәртібінің санитарлық тәртібіне және оларды еңбек қауіпсіздігі бойынша жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілуіне бақылау қою.  

 Полигонда қызмет ететін жұмысшы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қызмет етіп тұрған бұйрығына сәйкес  алдын-ала медициналық тексеруден өтуі қажет.  

Санитарлық заңдылықтың орындалуын басшылығында ҚТҚ полигоны бар ұйымдар мен адамдарға жүктеледі.

 ҚТҚ полигонының жобасы үшін  төмендегі бөлімдерді қамтитын  арнаулы мониторинг жүйесі өңделуі: жер асты және беткейлік су нысандарын, атмосфералық ауаны, топырақ пен өсімдіктерді, полигонның қолайсыз әсер етуі мүмкін аймақтардағы  шуылмен ластануын,   жер асты және беткей сулардың, атмосфералық ауаның, топырақ пен өсімдіктердің  ластануының, полигондар әсер етуінен рұқсат етілген шектен жоғары  шуылдық ластану анықталған жағдайда алдын алуды қамтамасыз ететін полигондағы технологиялық үрдістерді басқару жүйесін үшін қажет.

 Мониторинг жүйесі жер асты және жер үсті суларының жағдайын, атмофералық ауа, топырақ пен өсімдіктер, сондай-ақ полигон әсер етуі мүмкін аймақтағы шуылмен ластану тәртібіне бақылау қоюға арналған  қондырғылар мен құбырларды қарастыруы керек.   

 Гидрогеологиялық қызмет және полигонның жасыл  аймағындағы грунт суларының жағдайына бақылау жүргізу үшін санэпидқадағалау ұйымдарымен  келсімі бойынша бақылау шурфтары,  құдық немесе құбырлар  және  олардың орналастыру нүктелері жобада берілуі қажет.  Бір бақылау құбырын полигонның жоғары жағына, грунт суларының ағысы бойына   полигон әсері түспейтін бақылауға арналған су алу мақсатында орнатады.   

 Грунт суларының ағысы бойынша полигоннан жоғары орналасқан бақылау скважиналарынан алынған су сынамалары бастапқы жағдайды сипаттайды.  Грунт суларының ағысы бойынша (50-100 м қашықтықтағы) полигоннан төмен ағысқа да, сол сияқты полигон әсерін анықтау үшін су сынамасын алуға арнап 1-2 құбыр жасап қойылады.  Тереңдігі 2-6 м құдықтардың диаметрі 700-900 м темір бетон құбырлары арқылы  грунт сулары деңгейінің (ГСД) 0,2 м белгісінен төмен етіп жасайды.   Сүзгілердің  түбінің қалыңдығы 200 мм қиыршық тастан тұрады. Санитарлық дәрігер жобадағы  су сынамасын алатын нүктелердің  орналасу дұрыстығын тексеруі қажет.

 Құдыққа стационарлық баспалдақ арқылы түседі. Грунт сулары өте тереңірек орналасса, оларды бақылау скважиналар арқылы жасалады.

 Құбыр құрылымы грунт суларын кездейсоқ ластанулар түсуінен сақтау, су сорып алу, суды ағызып жіберу, сондай-ақ судан сынама алу үшін қолайлы жағдай жасауы қажет.  Анықталатын көрсеткіштер көлемі және сынама алу кезектілігі полигондар монинторингісінің  жобасында негізделеді.

 Таңдап алынған сынамаларда аммиак, нитриттер,  нитраттар, гидрокарбонаттар,  кальций хлоридтері, темір, сульфаттар, литий, ОХҚ, ОБҚ, органикалық көміртек, магний, кадмий, хром, ционидтер, қорғасын, сынап, мышьяк, мыс, кадмий, барий,  құрғақ қалдықтардың және т.б. рН  анықталады.  Егер сынама ағыстың төменгі жағынан алынған болса,  анықталып отырған заттардың  концентрациясының бақылаудағымен салыстырғандағы  айтарылқтай  жоғары екендігін  анықтап, анықтау көрсеткіштерін  кеңейту қажет болады.  Егер анықталып отырған заттардың  құрамы мұндай жағдайда ШРЕК жоғары болса,  грунт суларына  ластаушы заттардың түсуін ШРЕК деңгейіне дейін шектеуге қажетті шаралар қабылдау қажет.

  Полигоннан жоғарғы беткейлік су көздерінде және полигонның төменгі жағындағы су ағатын арықтарда да сол сияқты беткейлік сулардан сынама алу орындары жобаланады.   Алынған сынамаларға гельминтологиялық, бактериологиялық, санитарлық-химиялық көрсеткіштер  бойынша зерттеу жасалады.  Егер беткейлік ағын суларының төменгі жағынан алынған  су сынамаларында анықтап отырған көрсеткіштердің концентрациясы бақылау  көрсеткіштерінен  бірқатар жоғары болса, онда анықтап отырған көрсеткіштердің көлемін кеңейту қажет.  

 Егер осы жағдайларда анықталатын заттың мөлшері ШРЕК жоғары болса,  беткейлік су нысандарына ластану түсуін ШРЕК деңгейіне дейін  азайтатын шара қолдану қажет.  Грунттық және беткейлік суларды бақылайтын құбырларға  автокөліктер келетін жолдар жобаланады және  сынама аларда  суды ағызып жіберетін немесе суды сорып алатын  мүмкіндіктер қарастырылады.  Полигон құрылысының сметасында су жүру -канализациялық шаруашылық  жүйесінде қоданылатын су сынамаларын алу үшін сынама алғыштар қарастырылады.

 Мониторинг жүйесіне  тұрақты түрде  ауа құрамының жағдайына бақылау жасау енгізілеуі керек.   Полигон алаңы мен санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауа сынамасына  ҚТҚ биохимиялық шіру үрдісін сипаттайтын және өте үлкен қауіптілік тудыратын қосылыстарды анықтау үшін әр тоқсан сайын сараптап отыру қажет.  

 Ауа сынамаларынан шаң, күкірт сутегі, көміртек диоксиді, азот және күкірт  тотықтары, күкірт,  аммиак, сынап, темір, үшхлорметан, және хлорбензол анықтау қажет.  Анықтайтын көрсеткіштер көлемі мен сынама алу жиілігі полигон мониторингінде және  санитарлық қызметтің жергілікті органдарымен негізделеді.  Атмосфера ауасының санитарлық қорғау аймағында ШРЕК-тен асатын ластануы анықталғанда және полигонның жұмыс орнындағы ШРЕК-тен жоғары болса  ластанудың сипаты мен деңгейін ескеретін сәйкес шаралар қолданылуы қажет.   

 Мониторинг жүйесі полигон әсер етуі мүмкін аймақтағы  топырақтың жағдайына тұрақты түрде бақылау  жүргізуді ескеруі қажет.  Осы мақсат үшін топырақ және өсімдіктердің сапасына   топырақтағы экзогенді химиялық заттарға ШРЕК аспауы үшін бақылау жасалады.   Анықталып отырған ЭХЗ көлемі, бақылау жиілігі полигон мониторингісінің жобасында анықталады және жергілікті санитарлық қызмет орындарымен келісіледі.  

 

Арнаулы көліктер паркін санитарлық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен,  аудан, орналасқан орны.
  2.  Көлік паркінің ведомоствалық бағыныштылығы, аталуы
  3.  Автокөлік паркі, көлік саны
  4.  Парктің қала аумағында  тұрғын ғимараттардың орналасуына сәйкес орналасуы (ең жақын тұрғын үйдің ара қашықтығы 100м кем емес).
  5.  Арнаулы автокөліктердің  бірлік саны (контейнер тасымалдаушылар, қоқыс тасымалдаушылар, жуатын машиналар, вакуум және насаостық, қар тазалағыштар, лақтырғыштар т.б. ).
  6.  Қолдағы көліктердің елді мекеннің аумағын тазартуға жеткіліктілігі. Көлік қорының бары.  
  7.  Қызмет  ету аудандарымен байланысы;  келетін жолдардың жайластырылуы.
  8.  Көлік паркі алаңының ауданы.
  9.  Жалпы қалалық коммуникацияға (су жүру, көлік паркі, канализация, электрқамтамасыз етілуі).қосылу мүмкіндігі
  10.  Парк аумағының жайластырылуы  (жолдар мен алаңшалардың тапталыну, көгалдандырылуы,  Көлікті жуып залалсыздандыруға аудан бары; жуынды суларды ағызып жіберу мүмкіндігі).
  11.  Қызметшіге арналған бөлме бары (демалыс бөлмесі, душ, дәретхана т.б..).
  12.  Арнаулы көлік паркінің жағдайы, су өңдеу тәсілі туралы және оны ары қарай жақсартуға арналған шараларды негіздеу туралы қорытынды
  13.  Анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар.

Тұрғын аумақтарды тазартуды

ұйымдастыру  жөнінен пәтер иелерінің кооперативі (ПҚК) санитарлық

тексеру бағдарламасы

 

  1.  Елді мекен,  аудан, орналасқан орны.
  2.  ПҚК аты, мекен-жайы, қызмет етететін халықтар саны
  3.  Подъездер мен аумақтарды тазалауды ұйымдастыру. Аула және үй тазартушы қызметкерлер штатының толықтығы.   Күнделікті тазарту жүргізу кестесі, баспалдақты торларды тазарту жиілігі.  Тексеру кезіндегі баспалдақтың санитарлық жағдайы.
  4.  Тағамдық заттарды жеке жинаудың ұйымдастырылуы (бактардың орналастырылуы, олардың бүтіндігі, тазартылу реттілігі). Қыс және жаз кездерінде бактарды жууға арналған жағдай (ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген арнаулы ауданша бары, ағынды суларды канализацияға ағызу мүмкіндігі, пайдаланылып жүрген орындар,  олардың белгіленуі, сақталуы).
  5.  Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау. Тұрғын үйлердің қоқыс жүретін жолдар мен қамтамасыз етілуі, қоқыс жүретін жолдардағы қабылдайтын клапандардың жағдайы (резеңке тығындық бары, жабылатын есіктің тығыз жабылуы).  Қоқыс жүретін жолдарды тазалайтын арқандар мен жуғыштардың бүтіндігі. Қоқыс жүргізетін жолдар бункерінің  қоқыстан тазарту жағдайы. Кеміргіштермен күресу жолдары.
  6.  Далалық қоқыс жинағыштардың типтері, ауданша конструкциясы (ашық, жабық), олардың аумақтарда орналасуы (тұрғын бөлмелер мен балалар ауданшаларының т.б. ең аз алыстығы).  Қоқыс шығару жиілігі, кестенің бұзылыстары, себептері. Кіші-гірім қоқыстарды жинау, уақытша сақтау және оларды шығаруды ұйымдастыру.  
  7.  Тағамдық қалдықтарды жинау жүйесі, қоқыс жинуға арналған астаулардың көше  алаңшаларында орналастырылуы, олардың жағдайы, алаңшаларды тазарту реттілігі және аулақтату, далалық қоқыс жинағыштарда қоқыс жақтау, шығарып тастау жиілігі. ПҚК тұрғын территориясын тазарту жағдайына қорытынды жасау.  
  8.  Анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар.

 

Ауылшаруашылық мақсаттанда пайдаланатын топырақты гигиеналық

бағалау жүргізудегі бағдарлама

  1.        Елді мекен,  аудан, орналасқан орны.
  2.  Ауыл шаруашылығын  химияландыру  құралдарының көлемі мен тізімі (пестицилтер, өсуді реттегіштер, мелиоранттар), оларды сақтауға арналған қоймалардың орналасқан орны,  ауылшаруашылық авиацияның  ұшып-қону жолағы
  3.  Малшаруашылығы кешендерінің, құс фабрикаларының орналасу орны.  
  4.  Жер суару тәсілдері.
  5.  Топырақтың санитарлық жағдайының сипаттамасы; Жасыл желеңдер жүйесінің қалыптасуына әсер етуі мүмкін топырақтың қасиеті  және жер рельефінің сипаты.
  6.  Химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық және энтомологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша  санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жазу.  
  7.  Анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар.

 Топырақты пайдалануға берілетін ұсыныстар олардың химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық және энтомологиялық ластану дәрежесіне негізделген (6.12 кесте).   Аса қауіпті жұқпалылардың қоздырғышымен ластанған аумақтарды рекультивациялау  шаралары әрбір нақты жағдайларда, нормалық құжаттарға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін органдар мен мекемелермен келісу арқылы жасалады.

6.12 кесте     

Топырақты ластану дәрежесіне байланысты  

пайдалану жөнінен ұсыныстар

Ластану категориясы #G0 

Топырақты пайдалануға арналған ұсыныстар

Таза

Пайдалануға шек қойылмайды 

Рұқсатетілген

Жоғыры қауіптіліктен басқасын шексіз пайдалану

Қауіптірек 

Құрылыс жұмысы кезінде қазандықтардың, шұңқырлардың түбіне себуге, жасыл желек алаңында таза грунтты қабатты  0,2м аз қылмай  сеуіп жабу.  

Қауіпті

Шұңқырлар мен қазандықтарды 0,5м кем емес таза грунт қабатымен жабылған қабатына шектеулі түрде пайдалану.   

Эпидемиологиялық қауіптілік бар да –залалсыздандыру (дезинвазия) жүргізілгеннен кейін пайдалану.

Өте қауіпті

Арнайы полигондарға утилизациялау және шығару. Эпидемиологиялық қауіптілік жағдай болған кезде дезинфекция жүргізгеннен кейін мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызметтің қаулысы  бойынша зертханалық бақылау жүргізіледі.  

    

Сақтық санитарлық бақылау

 Сақтық санитарлық бақылау саласы бойынша топырақ гигиенасы жөнінен санитарлық дәрігердің қызметі төмендегі шараларды қамтиды:

 азаматтық-тұрғын нысандардың құрылысын салу үшін жер алаңын бөлуге қатысу;

   –  қалдықтарды жинау мен заласыздандыру құбырларын салу үшін жер алаңын бөлуге қатысу;

 тыңайтқыштар мен агрохимикаттарға қойма салуға жер алаңын бөлуге қатысу;

 –  жобаның санитарлық сараптамасы:

  •   қоғамдық және тұрғын ғимараттарды салу;  

  •   елді мекенді тазартудың басты үлгісі;

    агрохимикаттар мен тыңайтқыштарды сақтауға қоймалар салу; 

          •  арнайы автошаруашылықтың құрылысын салу;

 –  елді мекенді санитарлық тазартудың  кешенді жоспарын өңдеу.

 Құрылысты салуға жер алаңын бөліп алу. Нысандардың құрылы-сын салу үшін алаңдар таңдап алу  төмендегі жағдайдарды ескеру арқылы жасалады:

 •  топырақтың физикалық-химиялық қасиеті, оның механикалық құрамы, органикалық заттардың болуы т.б.;

 • табиғи-климаттық сипаттамасы (жел раушаны, жауын-шашындар саны, ауданның температуралық тәртібі);

  • топырақтың ландшафтық, геологиялық және гидрогеологиялық сиаптамасы;

 •  олардың шаруашылықта пайдаланылуы.

 Топырақтыңы  санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына баға беруде потенциалды ластаушы көздер анықталады, ауданы  анықталады және тереңдігі бойынша зерттеу аумағының шекарасы бекітіледі,  топырақ сынамасын алу үлгісі анықталады.  

 Зерттеу көлемі мен ластаушылар тізімін  санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ұйымдарымен келісе отырып, аккредитацияланған ұйымдар арқылы, топырақтың ластануына байланысты,  аумақты және жобалау кезеңін келесі функционалдық пайдалануға байланысты    анықталады.  Осыған байланысты стандартты  немесе зерттеуде көрсетілгендей кеңейтілген тізімін  пайдалану  санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға кіреді.   

 Жобалау алдындағы құжаттарды (ТЭН, ТЭЕ) жасау кезеңінде тексеру жұмысы жобалап отырған құрылыс аумағы топырағының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына  оның қазіргі кездегі және болашақтағы пайдаланылуын ескере отырып, алдын ала баға беру үшін жасалады.   Алдын ала тексеру жүргізген кезде  топырақтан сынама алу  арнаулы тор: 50х100 немесе 100х100 м бойынша жасалады.  

 Жер алаңын таңдап алу және жобалық құжаттар өңдеу  кезеңінде  аумақты тексеру  химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық көрсеткіштер бойынша жасалады. Сынама алу инженерлік-геологиялық скважиналардан қабат-қабаты бойынша алынады. Зерттеу тереңдігі аумағының қазіргі және болашақтағы пайдаланылуына байланысты жасалады.  

 Көрсеткіштердің кеңейтілген тізімі бойынша зерттеу күресін, орындарында, өндірістік кәсіпорындарда,  сүзу даласында, автөкіліктерді қанықтыруға арналған бекеттерде және т.б.  жасалады.  Органикалық қалдықтары бар (қатты тұрмыстық қалдықтар, ағынды су тұнбалары, құс өсіру, мал өсіру кешендерінің тастандылары, торфпен жабылған өзендер) аумағында  газохимиялық зерттеулер жүргізу қажеттігі зор болып табылады.  

 Құрылыс жұмыстарын орындау кезеңінде топырақты зерттеу химиялық  көрсеткіштері бойынша толық көлемде жүргізіледі. Топырақтан сынама алу  қабат-қабаты бойынша жер бетінен  0-0,2; 0,2-1,0; 1,0-2,0 тереңдікте  және де одан соң, ғимарат іргетасының немесе инженерлік коммуникация салынуының тереңдігіне, гидрогеологиялық жағдайларға, ластану қарқындылығына  т.с.с. байланысты жүргізіледі.

 Құрылысын салып болғаннан соң зерттеулер ең маңызды химиялық кешен (3,4-бензапирен, мұнайөнімдерін  қоса отырып), санитарлық-микробиологиялық және санитарлық-паразиотологиялық зерттеулер бойынша жасалады. Сынама алу топырақ  бетінен жасалады.  

Топырақтың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес  екендігіне қорытынды беру үшін мемлекеттік санитарлық бақылау ұйымдары мен мекемелерге   төмендегі материалдар беріледі:  

•  құрылысқа қажетті ауданның, пункттің, ауданның (трассаның) аэроклиматтық мәліметтерін, елді мекеннің жер  рельефін,  өндірістік қалдықтардың атмосфераға таралу заңдылығын ескере отырып,  жасалған сипаттамасы;

 •  өндірістік өнеркәсіп орындарының (құбырдың 10-40 биіктігі аймағында әсер етуі) сандық және сапалық қалдықтары, автокөліктерден, кәсіпорынның санитарлық қорғау аймағының  тәртібі мен мөлшері    және күтілетін атмосфера ластануы  туралы  мәліметтер;

 •  құрылыс ауданның тұрмыстық, өндірістік, қалдықтармен, күресін грунттарымен ластану мүмкіндігі  туралы мәліметтер; биологиялық және химиялық көмулер туралы ақпарат;

 •  потенциалды ластаушы көздерден приоритетті есептеу және зертханалық мәліметтер бойынша  алынған қауіптілік кластары көрсетілген химиялық заттардың тізімі;  

 •  бұзылған және ластанған  топырақтың рекультивациясы және алдын алу шаралары;  

 •  ішіне (М 1:2000)  қызмет етіп тұрған, құрылысы салынып жатқан және құрылысы салынатын өндірістік нысандар мен олардың санитарлық қорғаныш аймағының, сол жердегі бар және болашақтық тұрғын үй-азаматтық нысандардың  шекарасы  кіретін жағдайлық жоспар; болашақта құрылдысы салынатын нысанның сынама алу нүктелері көрсетілген (М 1:500) алаңшаның карта- үлгісі;   жоғары ластану алаңдары көрсетілген (ауданы және тереңдігі бойынша)  ауданның карта-үлгісі.  

 Келіп түскен мәліметтер бойынша  мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері топырақтың  санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен ережелереге сәйкестігіне қорытынды  береді.  Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  жасайтын ұйымдар мен мекемелердің қорытындысынсыз немесе санитарлық нормалар мен ержелерді бұзғандығы туралы ескерту болған жағдайда жер алаңына құрылыс салуға бөліп беруге рұқсат берілмейді.   

 Нысанның құралысын салуға арналаған жобалық-сметалық құжат топыраққа арналған санитарлық қорытындыға сәйкес өңделуі қажет.  Аумақтарды рекультивациялау жөнінен  қабылданған жобалық шешімдерді түзету қойылған тәртіп бойынша  мемелекттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  жүргізетін ұйымдар мен мекемелердің  қорытындысын қажет етеді.  

    

              

  Елді мекендерді тазарту жобасына санитарлық сараптама жүргізу тәсілі  

Ең алдымен санитарлық дәрігер жалпы сұрақтармен: елді мекеннің сипаты, аумақтың мөлшері, халық саны, тұрғын фонның сипаттамасы,  көше торабы туралы мәліметтер,  табиғи факторлардың сипаттамасы (рельеф, топырақ, грунт суларының деңгейі), климаттық жағдайлар қызмет етіп тұрған тазарту құбырлары туралы мәліметтер, халықтың ішек жұқпалы  аурлары туралы мәліметтермен танысады Мұндай мәліметтерді алу үшін  елді мекеннің  санитарлық тазарту құбырларының орны көрсетілген түсініктеме қағаз және жағдайлық жоспар  пайдаланылады.

 Соңынан ҚТҚ саны есептеледі  (қоқыс контейнерлерінің қажетті санын анықтау  туралы әдістемені қара). Одан соң жобада көрсетілген ҚТҚ шығару жүйесінің жобасына (жоспарлы-пәтерлік, жоспарлы реттік) және сұйық тастандыларға баға беріледі соған байланысты қоқыс жинақтаушы, сұйық қалдықтар жинаушы, дәретханалардың  ең дұрысырақ түрлері анықтылып алынады.

 Жасалған есептеулер мөлшермен алынған және контейнер санын соңына дейін анықтау үшін  елді мекеннің құрылысын салудың сипатын, орналастыру жағдайын, аулалар мен жеке үйлердің  санын  ескеру қажет. Егер жоба контейнерлерді  алмастыра тасу жүйесін  қарастырған болса, онда формуланың алымына алмастыру коэффициенті - К 4, 2-ге тең қойылады.   Сұйық қалдықтарды шығару  айына екі реттен кем болмауы қажет. Тіркеу үшін далалық дәретхана орларының сиымдылығының еспетелуін төмендегі формула бойынша тексереді:

Vвыгреба = ,

мұндағы, В - жерден қазылған орды пайдаланушылар; 3,5 м3 - су енгізілмеген  үйлердегі   жылына 1 адамға жиналатын қоқыстың орташа нормасы;

12-жылына қоқыс шығару жиілігі; 1,3 - ордың көлемдік қоры.

 Көшелер үшін қажетті урналар санын оларды орналастырудағы әдеттегі есептелген аралықтарды ( жаяу халық жиі жүретін көшелерде  40м, басқа жерлерде 100 м) ескеру арқылы есептейді.  Сауда орындарында сауданың   250м2 ауданына, ал, шомылу орындарында 30м жағажайға  бір урнадан келуі керек. ҚТҚ тасуға арналған көлік саны төмендегі формула бойынша есептеледі.  

Х =

мұндағы X- қажетті  көлік санының бірлігі; А - қаладағы халық саны;

Б - орташа тәуліктегі 1 адамға, кг ҚТҚ жиналу мөлшері;   К1 - көлікпен (0,8-1) қызмет етілетін  халықтар бөлігі; С - көліктер бірлігінің, кг жүк тасымалдау көлемі; К2 - ҚТҚ жиналуының біркелкі еместігінің коэффициенті (1,25); К3 - көліктің жүк тасымалдау мүмкінідігіне пайдалану коэффициенті (0,8);  К4 - көлік паркін пайдалану коэффициенті    (0,75); Р - күніне (1 смендегі) рейстер саны.

 Соңынан жобаның болжамдағы тастандыларды залалсыздандыру құбырларын орналастыруға арналған жер алаңын сипаттайтын  бөлімдері  тексеріледі.  Нормалық құжаты №555 28 июля 2010ж  бұйрығымен бекітілген  СанЕменН  болып табылады. Тазарту құбырларына жер алаңын бөліп алуды келісуде санитарлық дәрігер келесі принцитерді басшылыққа алады:

 1.  Алаң аумағын тазарту қондырығысын орналатыру үшін ауданы, рельефі, топырақтың типі, грунт суларының деңгейі, келетін жолдар бары және аудан қоры бойынша жарамды болуы қажет.

2.  Тазарту құбырының қызметі  жақын маңайда тұрып жатқан  тұрғындар тіршілігінің санитарлық жағдайына жел раушаны, грунт суларының орналасуы мен бағыты бойынша, тұрғын үй қоғамдық ғимараттарға ара қашықтығы бойынша қолайсыз әсер етпеуі қажет.

 Елді мекендерді санитарлық тазартудың бас үлгісінде  көшелерді тазартуды ұйымдастыру туралы мәліметтер көрсетілген.  Жазғы тазартуға көше тораптарын суару-жуу машинасы арқылы жуу және тазарту, сыпырғаш машиналар арқылы тазарту, қоқыс шығару жатады.   Қысқы тазартуға  көшені қардан тазарту, оны жинап, шығару, сондай-ақ көктағайғақпен күрес жатады. Түсініктеме қағазда осы мақсатқа қажетті арнаулы автокөліктер қажеттігіне негіздеме берілуі қажет.  

Жобаның бас үлгісіне гигиеналық баға бергеннен соң қаланың санитарлық дәрігері санитарлық қорытыныды жазады.  Егер тазартудың бас үлгі  елді мекеннің құрылысын салу жобасының бір бөлігі болса, онда қорытынды  жоба бойынша жалпы қорытындыға қосып беріледі.

 

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарды жобалауға жүргізілетін сақтық санитарлық бақылау

Полигонның жұмыс жобасының жобалық құжаттарының құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:

 •  жалпы түсініктеме қағаз;

 •  топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық хаттамалар;

•  технологиялық бөлім:

сиымдылықты есептеу, полигоды пайдаланудағы негізгі негізгі опрерациялардың  технологиялық үлгісі, эксплатациялық қызметкерлер қажеттігін есептеу; машиналар мен механизмдер, қалдықтар қабылдайтын полигондарды жапқаннан кейін  алаңды рекультивациялау  жөніндегі ұсыныстар;

 •  алаңның жалпы жоспары:

тігінен жоспарлау, жайластыру, арнаулы табиғаты қорғау  құбырлары (су ағызатын тау арықтары, бөгеттер, суға төзімді негіздер т.б.);

•  “Қоршаған ортаға әсер етуіне баға беру” бөлімі;

 •  санитарлық қорғау аймағы және мониторинг жүйесі;  архитектуралық құрылыс бөлімі; санитарлық-техникалық бөлім; электортехникалық бөлім;

•  жинақтау сметасы (қажет болған жағдайда)

 Коммуналдық гигиенадан санитарлық дәрігер қорытынды алуға түскен жұмыс жобасына  санитарлық заңдылықтарға сәйкес  сараптама жасайды. Әсіресе полигонға арналып бөлінген жер алаңының дұрыстығына ерекше көңіл бөлінуі қажет.

 ҚТҚ полигонын орналастыру елді мекеннің жалпы жоспарын жасаған кезде қарастырылуы қажет. Әдетте полигондарды елді мекеннің сыртына орналастыру қажет.  ҚТҚ полигонының санитарлық-қорғаныш аймағының мөлшерлік  өлшемі  тұрғын үйлерден полигон шекарасына дейін 1000 м кем болмауы қажет. Кейіннен СҚА өлшемі қалдықтардың  атмосфераға таралуын есептеуде анықталады.  Аймақты 100 м кішірейтуге тиым салынады.

 ҚТҚ полигонын салуға алаң қарастырылған кезде климаттық ерекшеліктерді, сондай-ақ геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктерді ескеру қажет болады. Полигондарды қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын инженерлік шешімдерді жүзеге асыруға мүмкін болатын аудандарға орналастыру қажет:  елді мекенге және демалыс аймағына байланысты желдің ық жағына (ең басты жел өтіне байланысты); ауыз су келетін жерден төмен; грунт суларының нашар сүзілетін алаңдарында (балшық, суглинка, солонца), грунт суларының орналасуы көмілген қалдықтардың төменгі деңгейінен 2 м төмен емес жерде. Грунт сулары жоғарырақ орналасқанда полигонды ұйымдастыру  қоршаған орта қызметі органдарымен келісу арқылы шешіледі.

 Жауын-шашын сулары жиналып қалатын лайлы көлшіктерге ҚТҚ тікелей жинауға болмайды. Жауын-шашын сулары құйылып тұратын лайлы (тереңдігі 1м аспайтын) көлшіктерді ҚТҚ полигонының алаңы ретінде пайдалану үшін, бекейлік және жауын суларының максималды деңгейі  алдын ала биіктігі 1-1,5 м жоғары болып келетіндігі туралы инертті материалдар болуы қажет.  Төккен кезде  суға төзімді экран жасалады. Полигондарды орналастыру: су көздерін және минералдық көздерін санитарлық қорғаудың  І және ІІ белдулерінде; шипажайды санитарлық қорғаудың барлық үш аймағында; жер асты ауыз су көздерімен  қанықтырылатын және су келетін горизонттардың қиылысқан жеріне; сел ағымы, жер сілкіну және қар көшкіні болатын аймаққа; халықтың жаппай демалатын орындары мен балаларды сауықтыру мекемелері орналасқан жерге; грунт суларының бұлақ болып ағып шығатын жерлеріне,  аэропорттарға 15 км жақын алаңға рұқсат етілмейді.     Полигонның негізгі бөлігі – қалдықтарды  жинайтын алаң болып табылады. Жинақтайтын алаңның барлық ауданында тығыздалған ҚТҚ ортасынан және соңынан ең соңғы рет оқшаулауға қажетті грунт алу үшін ор қазылуы қарастырылады.  Ордан алынған грунт полигон периметрі бойынша еңіс жерлерге жинақталады. Жылдық атмосфералық жауын-шашынды, топырақтың буландырғыш қасиеті мен ҚТҚ жинақтаудан ылғалдылығын ескере отырып, олардың қабатында сұйық фаза – фильтрат пайда болу мүмкіндігі қарастырылады.  Фильтрат ылғалдылығы 55% ҚТҚ қалдықтары және  ылғалдылығы едәуір жоғары болып, полигон бетінен буланатын атмосфералық жауын-шашыннан пайда болады.  

 ҚӨҚ негізін қалау үшін қалыңдығы 0,5 м сүзгіш коэффициенті 0,0086 м/тәулік болатын қосылысты грунт қабаты болуы қажет.  Негізінде сүзгіш коэффициенті  нормадан 30-50%  жоғары (10-5 см/с)  болатын грунттарды  тығыздау қажеттігі қарастырылу қажет.  Сүзгіш коэффициенті 10 -3 - 3 •10 -5 см/с сипатталатын, майда, ұсақ грунттарға төмендегі жағдайлар қажет:    а) қабатты 5,10 мм өніммен немесе мұнай өңдейтін өндірістің  қалдықтарымен  (құрамында күкірт қышқылы 19% аспайтын қышқыл гудрондар сорты) байланыстыру;  

б) екі еселенген полиэтиленді жарғақтан жасанды негіз жасау немесе   қалыңдығы 0,2 мм күлмен немесе  қалыңдығы 0,5 м сүзілгіге қарсы экран жасау арқылы,  жасанды негіз қалыптастыру.

Жылына ҚТҚ 120 мың м3  төмен  қабылдайтын полигондар үшін ҚТҚ үйінділеудің  траншеялық түрі ұсынылады. Үлгі үйінділеу алаңында  тереңдігі 3-6 м және ені 6,12 м  траншея жасауды қарастырады. Траншеялар ҚТҚ ұшырып әкетпейтіндей жел өтіне перпендикуляр жасай отырып орналастырылады. Траншея қазудан алынған топырақ, ҚТҚ мен толтырылғаннан соң қайта көмуде пайдаланылады.  

Фильтрат пайда болатын  климаттық аймақтарда қазылған ордың түбі 0,5 м кем болмай топырақты грунттарға қарай үңгірленуі қажет.   Бір траншеяның  ұзындығы оның толтырылу мерзімін ескеру арқылы жасалуы қажет:

 а) 0°С жоғары температурада - 1-2 ай аралығына;

   б) 0°С төмен температура кезінде - грунттардың түгел қататын уақытын ескеру.                                                                 

 6.13 кестеде 15 қызмет ету мерзіміне есептелген полигонды жинақтап үю алаңының мөлшерлік ауданы берілген.  

6.13 кесте

Пайдаланылуы 15 жылға есептелен  ҚТҚ  полигонында

қоқыс жинақтау алаңының (га) мөлшерлік ауданы

(СНиП РК 1.04-15-2002)

Халықтың орташа есептелген саны. мың. адамға.

ҚТҚ үиілту биіктігі, м

12

20

25

35

45

60

50

6,5

4,5-5,5

-

-

-

1,0

100

12,5

8,5

6,5-7,5

-

-

-

250

31,0

21,0

16,0

11,5-13,5

-

-

500

61,0

41,0

31,0

23,0

16,5-20,0

-

750

91,0

61,0

46,0

34,0

26,0

-

1000

121,0

81,0

61,0

45,0

35,0

27,-32,0

Негізінен квадрат формасына жақын және ҚТҚ жинақтап үюді максималды биіктікке дейін мүмкін ететін жер алаңы үнемдірек болып табылады.  Полигонның үлгілік кесіндісі 6.3 суретте берілген.  

ҚТҚ полигоны жобасында топографиялық түсіру, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеулерден, алаңның жалпы жоспарынан (1:1000 масштабында)      шаруашылық аймағы алаңның жоспары  (6.4 сурет), инженерлік құбырлар мен сыртқы коммуникациядан (1:500 масштабындағы)  алынған материалдар, сонымен қатар, санитарлық тексеру актілері  болуы қажет.   

Гидрогеологиялық зерттеулер грунт суларының орналасу деңгейін және ағыс бағытын анықтайды. Полигонды беткейлік сулар (жауын-шашаын, қар сулары) ағысынан қорғайтын су жүретін ағатын арықты есептеу үшін  атмосфералық жауын-шашынның қарқындылығы мен  булануы және олардың су жиналу ауданы туралы мәлімет берілуі қажет.    Жобада  гидрогеологтың белгіленген алаңның ҚТҚ полигонына жарамдылығы туралы және қоршаған табиғи ортаны инженерлік қорғау жөнінен ұсыныстары туралы  қорытындысы келтіріледі.  

6.3 Сурет. ҚТҚ полигонының үлгі ретіндегі кесіндісі  

1 - сыртқы оқшаулау; 2 - аралық оқшаулау; 3 - ҚТҚ; 4 - суға төзімді негіз; Н - биіктігі; h - биіктіктің төмендеуі; Шп - полигон кеңдігі; УГВ - грунт суының деңгейі;

Полигонның сыйымдылығын есептеу ҚТҚ жылдық нормасының жалпы көлемінің 1 адамға шаққандағы бойынша алынады.   Полигонның алынған алынған сыйымдылығының  қажетті жинақтау ауданын негіздеу үшін есептеледі.   ҚТҚ жинақтау қажетті алаңын бөлу полигонның м3 алынған жоспарланған сыйымдылығын қалдықтарды жинақтаудың (м арқылы) орташа биіктігіне оның тығыздығын ескере отырып,  бөлу арқылы анықтайды. Ортақ биіктігі 20 м жоғары және пайдаланылған ауданға түсетін жүктеме 10 т/м3, немесе 1000 мың м/га,  ҚТҚ полигондары жоғары жүктемелі полигондарға жатады.

6.4 - сурет.  Полигонның негізгі құбырларын

орналастыру үлгісі:

а -полигонның ұзындығы мен ені 2:1 қатынасында болғанда;  6 - 3:1 қатынасынан жоғары болғанда.  1 - келетін жол; 2 - шаруашылық аймағы; 3 - төбешік канакасы; 4 - қоршау;

5 - жасыл-желеуктер аймағы; 6 - қабаттарды оқшаулауға  арналған грунт кавальері (көму); 7 - Қызмет етудің І,ІІ және ІІІ кезегінде ҚТҚ жинау   алаңдары.   

Қоқыстан тазарту даласы мен көму далаларының жобасына

санитарлық сараптама жасау үлгісі

  1.  Елді мекен, аудан орналасқан орны.
  2.  Қоқыстан тазарту даласы мен көму даласы халықтың қандай бөлігіне жобаланған.
  3.  Сұйық қалдықтардың жылына 1 адамға  жиналу нормасы және далаға тасымалданатын жалпы қалдықтардың  көлемі. Дала көлемі сұйық қалдықтар  көлеміне сай келе ме?
  4.   Даланың тұрғын ауданға сәйкес орналасуы (желдің ық жағына орналасуы қажет).
  5.  Санитарлық-қорғаныс аймағының мөлшері (1000 м кем болмсауы қажет).
  6.  Жергілікті жер рельефінің сипаты (дөңесі жоқ, кедір-бұдыры аз, тегістеу болуы қажет).
  7.  Грунт суларының орналасу деңгейі (дала грунт сулары ағысының төменгі жағында орналасуы қажет, топырақтың типі).  
  8.  1га далаға  жобада қабылданған  жүктеменің түрі (топырақтың түріне және жауын-шашынның орташа санына байланысты): қоқыстан тазарту даласы жауын-шашынның орташа  жылдық саны 300 ден 650мм-ға дейін; жақсы сүзгіш топырақтарды  (құм, қиыршық)  - 1200-1500 м3/га; сүзгілігі нашар топырақта (лайлы, балшықты) 700-900; жақсы сүзгішті топырақтағы көму даласы - 3000 м3/га; сүзгілігі нашар топырақта 2000 м3/га;  
  9.  Ағынды сулармен суару тәсілі;
  10.  Алаңның жоспарлануы, оның көгалдандырылуы; қыстық және жаздық алаңға бөлінуі; шаруашылық алаңның  бары; көлікті жуып, залалсызандыруға арналған алаңша бары; су ағызатын каналдар бары және даланың айналасында жасыл желектер жолағының орналасуы; құрал-саймандар сақтауға шаруашылық құрылыс бары.
  11.  Сумен қамтамасыз ету көзінің бары және сипаттамасы;
  12.  Далаға келетін жолдардың жайластырылуы, түнгі уақытта жарықтандырылуы;
  13.  Қызмет етуші қызметкердің бөлмесі (демалыс бөлмесі, санитарлық өткізгіш, душ, дәретхана тс.с.).  
  14.  Қоқыстан тазарту  даласына ауылшаруашылық дақылдар өсірудің жоспарына арналған тізім.   
  15.  Қорытынды.
  16.  Анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныс.

 

Компостерлеу  даласының жобасына санитарлық

сараптама жасау үлгісі

  1.  Елді мекен, аудан орналасқан орны
  2.  Компостерлеу даласы халықтың қандай бөлігіне арналған.
  3.  ҚТҚ жылына 1 адамға жиналу нормасы және далаға апарылатын жалпы  қалдықтардың жалпы көлемі.  
  4.  Тұрғын ауданға байланысты даланың орналасуы  (желдің ық жағында орналасуы қажет).
  5.  Санитарлық қорғаныш аймағының мөлшері (500 м кем болмауы қажет) ҚТҚ сапалық сипаттамасы (ылғалдылығы, органикалық бөлігі)
  6.   ҚТҚ өтелге шығару қарастырылған ба (тиеитін кезде ме немесе компостерлеуден кейін бе)
  7.  Компостерлеу даласының жер алаңының сипаттамасы   (рельефі, грунт суының орналасу деңгейі, топырақтың түрі, мөлшері, нормаға сәйкестігі).   
  8.  ҚТҚ штабелінің мөлшері  (ені, биіктігі, ұзындығы ені, себуге пайдаланылатын материал).
  9.  Алаңды  жоспарлау оның қоршалуы; қыстық және жаздық алаңға бөлінуі; шаруашылық алаңның бары;  көлікті жуып, залалсыздандыруға арналған алаңның бары, даланың айналасында  су ағатын каналдар мен жасыл желектер жолағы бары; Құрал- саймандарға арналған шаруашылық құрылыс бары.
  10.  Далаға апаратын жер асты жолдарының жайластырылуы, түнгі мезгілде жарықтандырылуы.
  11.  Жаңа компостарды жинау қоймасы, санитарлық-қорғаныш аймағының мөлшері (500м кем болмауы қажет).
  12.  Қызмет көрсетуші қызметкерге арналған бөлме (демалыс бөлмесі, санитарлық пропускник, душ, дәретхана т.с.с.)
  13.  Қорытынды.
  14.  Анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныс.

 VІІ БӨЛІМ

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ САНИТАРЛЫҚ ҚОРҒАУ

Бұл мәселенің сұрақтарын шешу бойынша «Атмосфералық ауаға қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалары құжаты қолданылады. Құжат негізінен атмосфералық ауаның ластануының тұрғындар денсаулығына қолайсыз әсерінің алдын алуға және тұрғын мекенге гигиеналық талаптарға сай сапалы атмосфералық ауамен қамтамасыз етуге және елді мекенді орналастыруда, жоспарлауда, құрылысында, қайта салуда және нысандарды қабылдауға берерде, сонымен қатар қала құрушы құжаттарды өңдеуде гигиеналық нормаларды сақтауды қарастырады.

Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер және анықтамалар қолданылады:

  •   аэроклиматтық жағдай – тропосфера және стратосфераның төменгі қабатында анықталынатын климаттық жағдай;
  •   апаттық жағдайда шығару (көптеп)- жылжымалы және стационарлы көздерден атмосфераға зиянды (ластаушы) заттарды шығару;
  •   халықтың жаппай дем алу орындары – қалалардың, аудандардың сызбасында, қалаға жақын маңындағы орындардың, курорттар мен санаторийлердің,  демалыс үйлерінің, пансионаттардың, туристік базалардың, саяжай аудандарының, халық ұйымдастырылған демалу орындарындағы (қалалық жағажай, парктер, спорттық базарлар және оның ашық ауадағы құрылымдары) бас жоспарында қарастырылып, бөлінген аумақ;
  •   атмосфералық  ауаны қорғау – адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмауға бағытталған және атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға арналған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
  •   қауіпсіз әсер етудің бағдарланған деңгейі (ҚӘБД) – атмосфераны ластайтын заттардың, өндірістік нысандарды жобалау мақсатында есептеу әдістері арқылы анықталған уақытша гигиеналық нормативі;
  •   шығарылуға рұқсат етілген деңгей (ШРД) – өнеркәсіптік ұйымның келешекте дамуы және зиянды заттардың атмосфераға таралуын есепке ала отырып, белгілі бір көздерден және қала немесе  елді мекеннен шығарылатын жалпы зиянды заттардың ҚРШ-ін жоғарылатпай, жер бетінде шоғырланбайтын, атмосфералық ластағыш көздің әрқайсысының шығару деңгейі;
  •   қанықпаның рұқсат етілген шегі (ҚРШ) – атмосфералық ауаға бір немесе бірнеше зиянды заттардың әсерінің көрсеткіші. Оның мөлшерінің жоғарылауы адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер етеді;
  •   румб – горизонттың көріну нүктесімен төрт құбыланың арасындағы бұрыш;
  •   «жел розасы» - көп жылдық бақылау бойынша анықталған аумақтағы желдің соғу режимін сипаттайтын векторлық диаграмма;
  •   санитарлық қорғау аймағы (СҚА) – қолайсыз факторлардың әсерінен азайтуға бағытталған азаматтық-тұрғын үй ғимараттары мен имараттарынан және сол ауданнан өндірістік аумақты және басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма нысандарды бөліп тұратын аумақ;
  •   селитебті аумақ – арнайы санитарлық қорғау аумағын керек етпейтін тұрғын-үй, қоғамдық, демалу аумақтары, сондай-ақ инженерлік, көліктік және басқа да нысандар орналасқан елді мекен аумағының бір бөлігі;
  •   трансформация – химиялық заттардың өзгеру үрдісі;
  •   Фондық  ластануы – жобаланған нысандардан шығатын атмосфералық ауаның ластану көзі болып табылатын заттар;
  •   толық қосындының тиімділігі (адетивті әсер) – бірнеше заттардың әсер етуінің феномені дегеніміз қоспаның қосындысының тиімділігі, құрамдар қосындысының тиімділігіне тең болғанда анықталатын жағдай;
  •   толық емес қосындының тиімділігі - бірнеше заттардың әсер етуінің феномені дегеніміз қоспаның қосындысының тиімділігі, құрамдар қосындысының тиімділігінен кем болғанда анықталатын жағдай;
  •   тиімділік мүмкіншілігі – қосындыға қарағанда, көптіктің салдарынан тиімділіктің өсуі.

Елді мекеннің атмосфералық ауасын бақылауда атмосфераны ластаушылардың гигиеналық нормативі – тұрғындар денсаулығына және оның өмір сүру жағдайына тікелей немесе жанама әсер көрсетпейтін, химиялық және биологиялық заттарға шекті рұқсат етілген концентрация болып табылады. Кейбір заттар үшін, сонымен қатар сақтық санитарлық бақылау сатысында, шекті рұқсат етілген концентрация бекітілмеген жағдайда, қауіпсіз әсер етудің бағдарланған деңгейі (ҚӘБД) қолдануға рұқсат етіледі және оның қолдану уақыты тағайындалады.     Тұрғындар арасында жағымсыз иістердің пайда болуын, тітіркендіргіш әсердің және рефлекторлық реакцияларды жою үшін, сонымен қатар тұрғындар денсаулығына қысқа уақыт аралығында атмосфералық ластаушылардың концентрациясының жедел көтерілуі кезінде максимальды бір реттік ШРЕК (ШРЕКмак) сақтауды қажет етеді. Тұрғындар денсаулығына атмосфералық ластаушылардың ұзақ уақыт әсер етуін жою үшін (резобтивтік әсер) орташа тәуліктік концентрацияны (ШРЕКот) сақтауды қамтамасыз етеді.

Күнделіеті санитарлық бақылау

Атмосфералық ауаны қорғау бойынша күнделікті санитарлық бақылаудың міндеттеріне мыналар кіреді:  

 – елді мекеннің атмосфералық ауасын ластайтын көздерді бақылау;

 – барлық жұмыс істеп тұрған нысандардың тастамаларды тазарту бойынша қондырғылардың жұмыс істеуін бақылау;

 – елді мекеннің атмосфералық ауасындағы кәсіпорынның, жылыту электр станцияларының және автокөлік тастамаларының ластау дәрежесін бақылау;

 – тұрғындар денсаулығы мен атмосфераны ластаушылардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау.

Атмосфералық ауаға шығатын тастамаларды тазарту бойынша қондырғылар жұмысына бақылау мына тәртіппен жүргізіледі: 

 •   санитарлық-эпидемиологиялық станцияның жоспары бойынша жүйелі түрде;  

 •  өнеркәсіп орындары селитебті территорияға жақын орналасқан елді мекеннің атмосфералық ауасына зиянды заттардың мөлшерінің жоғары кездесуіне әсерін тигізген жағдайда;  

 •      тұрғындардан шағым болған жағдайда.

Бұл үшін коммуналдық гигиена бөлімінің дәрігері өнеркәсіп орындарына міндетті түрде санитарлық тексеру жүргізу қажет, яғни атмосфералық ауаның ластануына байланысты екі сатылы болып бөлінеді. Тексерудің бірінші сатысында мыналар қарастырылады:

 –  келесі сұрақтарды шешу мақсатында өнеркәсіптің техникалық бөлімінің басшыларымен кездесу және мына жағдайлар анықталынады:

  • тазарту қондырғылары қай уақытта орналастырылғандығы  және оларға қайта қарауды қарастырығандығы туралы мәліметтерді;

  •  жобалау және құрылыс (жоба келісімі мен эксплуатацияға сынама) кездерінде санитарлық қызметкерлердің  қатысқандығы туралы мәліметтерді;

 –  берілген құжаттармен танысу:

  •   тазарту қондырғылардың түрлері көрсетілген техникалық паспорты және оларды қолдану жағдайлары, өнімділігі, тазарту тиімділік коэффициентімен;  

  • қалыпты жағдайда жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін негізгі техникалық жағдайларымен;

  •  техникалық эксплуатациялық журнал және оның дұрыс толтырылуы: барлық мәліметтердің күнделікті тіркелуі, эксплуатациялық қондырғылардың жұмыс істеу тәртібінің сақталуы, жұмыс істеу тәртібінің ақаулары, қолданылған шаралар, санитарлық қызметкерлердің тексерген күні.

Тексерудің екінші сатысында жобаға сәйкес орнатылған барлық қондырғыларды тексеру, олардың пайдалылығын және тазарту тиімділігін анықтау.

Өнеркәсіп орындарын санитарлық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, орналасу орны.
  2.  Өнеркәсіптің аталуы, ведомствоға тиімділігі.
  3.  Жел раушанына, жергілікті жердің рельефіне, жер беткейлік су нысандарына байланысты қала жоспарында өнеркәсіптің орналауы.
  4.  Өндіріс орындарының санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптілік класы.
  5.  Санитарлық қорғау аймағы, оның көлемі және ұйымдастырылуы (көгалдандырылуы, басқа нысандардың орналасуы).
  6.  Технологиялық үрдіске сипаттама, атмосфераға тастамалардың түсу жағдайлары.
  7.  Өндірістік тастамалардың құрамы, бірінші қауіптілік класына жататын заттардың тізімі.
  8.  Атмосфералық ауаға  шығатын тастамаларды жою түрлері (түтінді құбыр, желдету каналдары және т.б.)
  9.  Шекті рұқсат етілген тастама (ШРЕТ), қандай ұйыммен анықталған және қандай жағдайда келісілген.  
  10.  Ұйымдастырылмаған тастамалардың бар болуы.  
  11.  Атмосфералық ауаға шығатын тастамаларды тазарту бойынша қондырғылар түрлері, оларға сипаттама.
  12.  Шаң және газ тазарту жүйесі (бір сатылы, екі сатылы және көп сатылы).
  13.  Тазарту қондырғыларына техникалық паспорттардың болуы, жоба және факт бойынша қондырғылардың жұмыс істеуінің техникалық тиімділігі.
  14.  Тазарту қондырғыларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру (жауапты адамның болуы, қызмет көрсетуі бойынша нұсқаудың және техникалық эксплуатациялық журналдың болуы).
  15.  Өндірістік нысандары әсерін тигізетін аудандардағы тұрғын аумақтың атмосфералық ауасын зерттеу бойынша өндірістік лабораторияның мәліметтері және ШРЕТ нақты зерттелуі.
  16.  Жұмыскерлер үшін бөлмелер (дем алу бөлмесі, жуынатын бөлмелер және т.б.).   
  17.  Тұрғындардан өндірістік тастамалардың өмір жағдайына әсері туралы алынған сұрақнама мәліметі. Егер ол сұрақнама жүргізілмеген жағдайда, мынадай үлгіде жүргізу ұсынылады:

    Тұрғындардан сұрақнама алу картасы

 •  көшесі __________________________үй____ пәтер  _____;

 •  аты-жөні ____________________________;

 •  жынысы:    Е,  Ә (қажеттісінің астын сызу керек);

 •  туған жылы ___________________;

әлеуметтік жағдайы: жұмысшы, қызметкер, оқушы, мүгедек, зейнеткер, үй жұмысымен айналысатын адам, мектепке дейінгі бала (қажеттісінің астын сызу керек);

 •  осы ауданда қанша уақыттан бері тұрады _____________;

 •  атмосфералық ауаның ластануы немен байқалады  

 (16 жасқа толған адам толтырады):

 а)  көңіл-күйіне әсер ете ме?        

 б)  тұрмыстық жағдайына әсер ете ме?   

в)   өндіріс маңындағы территориядан иіс немесе шаңның пайда болуын байқайды ма, қандай қашықтықта (қажеттісінің астын сызу керек).

Күні     Қолы

  1.  Тексерілген өнеркәсіптің нәтижесіне, тұрғындар сұрақнамасына және тұрғын құрылыс территориясындағы атмосфералық ауасының мәліметтеріне талдау жасай  отырып  елді мекеннің атмосфералық ауасына санитарлық қорытынды беру.
  2.  Анықталған кемшіліктерді түзу бойынша ұсыныстар. Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау бойынша көлемі және алдын алу шаралар сипаттамасы  анықталады.

 Елді мекен территориясындағы атмосфералық ауаның ластану дәрежесіне бақылау әдістемесі санэпидстанциямен жүргізіледі: 

 •      өндірістік нысандар зиянды әсерін тигізетін аумақтарда;

 •       автокөлік қалдықтарды көп бөлінетін магистарлды жолдарға жақын аудандарда;

 •     қала территориясындағы атмосфераның жағдайын бағалау үшін стационарлық орындарда.

17.2.3.01-86 МемСТ құжатына сәйкес атмосфераның ластануын бақылау үшін үш түрлі бақылау орындары орналастырылады: стационарлы, жылжымалы, алау асты.  Стационарлы бақылау ластаушы заттардың құрамына немесе дискретті, яғни тәуліктің белгілі бір сағатында ауадан үздіксіз сынама алу үшін орналастырылады. Жылжымалы бақылау орны елді мекеннің белгілі бір анықталған орындарынан жылжымалы қондырғылар көмегімен сынама алу үшін, ал алау асты – түтін шығаратын құбырлардың астынан сынама алу үшін қолданылады. Бақылау орындарын қала аумағында орналастыру санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің келісімімен ғана орналастырылады.

Стационарлық және жылжымалы бақылау орындарын орналастыруда қала ауасының  өндірістік және автокөлік тастамаларымен ластануын біріншілік зерттеуден кейін ғана, яғни көп жағдайда елді мекеннің орталық бөлігін және көлік көп жүретін магистралды аумақтар таңдалады. Алау асты бақылау орындарынан сынама алу кезінде ауаны ластаушы белгілі бір көздерден әртүрлі қашықтықта алынады.

Бақылау орындарының орналасу саны тұрғындарын есепке ала отырып және елді мекеннің ауданына байланысты анықталады. Сонымен стационарлық бақылау орындар саны тұрғындар санына байланысты,  яғни 50 мың тұрғындарға дейін – 1 бақылау орнынан; 100 мың тұрғындарға – 2 бақылау орнынан; 100-200 мың тұрғындарға – 2-3 бақылау орнынан; 200-500 мың тұрғындарға – 3-5 бақылау орнынан; 500 мың көп тұрғындарға – 5-10 бақылау орнынан; 1 млн.  асатын тұрғындарға -10-20 бақылау орнынан кем болмауы қажет.  

  Стационарлық бақылау орны төрт бақылау бағдарламасы бойынша жұмыс істейді: толық, толық емес, қысқартылған және тәуліктік.  Толық бағдарлама атмосфералық ластаушы заттарды күн сайын үздіксіз немесе белгілі бір уақыт аралықтарында тіркеу жүргізу арқылы орындалады, бірақта бір тәулікте төрт реттен (1, 7, 13, 19 сағаттарда, жергілікті уақыт бойынша) кем болмауы және бір реттік және орташа тәуліктік концентрациялар  анықталуы үшін жүргізілуі керек. Толық емес бағдарламада – сынама алу күн сайын 7, 13, 19 сағ. , қысқартылған бағдарламада - 7 және 13 сағаттарда бір реттік концентрацияларды анықтау үшін жүргізіледі.  Тәуліктік бағдарламада үздіксіз тәулік бойы алынған сынамадан орташа тәулікті концентрация ақпаратын анықтау үшін жүргізіледі. Жексенбі және мереке күндері бақылауды жүргізбеуге рұқсат етіледі.

Жалпы стационарлық бақылау орындарының ішінен тіректі бақылау орындары бөлінеді, яғни олар негізгі ластаушы заттарды және кең көлемде тараған ластаушы заттарды анықтайды. Тіректі стационарлық бақылау орындары дәстүрлі ластаушы заттарды: шаң, күкіртті газ, көміртегі тотығын, қос тотықты азот және арнайы заттарды, белгілі бір елді мекенде өндірістік тастамаларға сипат беретін заттарды зерттейді.

Тірексіз стационарлық бақылау орныдары, негізінен атмосфералық ауадағы арнайы ластаушыларды анықтау үшін жүргізеді. Әрбір стационарлық бақылау орындары  үшін бақылайтын заттардың тізімін жергілікті гидрометеорологиялық ұйым, қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасы  тағайындайды.   Жылжымалы бақылау орындары сол елді мекенге тән дәстүрлі және арнайы ластаушы заттарды, алау асты бақылау орындары – тек қана арнайы ластаушыларды анықтайды.

Бір реттік концентрацияны анықтау үшін сынама алу ұзақтығы 20-30 минут аралығын құрайды, орташа тәуліктік концентрацияны анықтау үшін дискретті бақылауды – 20-30 минут, ал үздіксіз сынама алу кезінде – 24 сағат алынған мәліметтерден алынады.  Жер беткейлік концентрацияны анықтауда сынама алуды жер бетінен 1,5 м биіктікте жүргізеді.

Алынған мәліметтер бойынша концентрация шамасы анықталады: бір реттік (20-30 мин), орташа тәуліктік, орташа айлық және орташа жылдық.   Орташа тәуліктік концентрация бір реттік концентрацияның орташа арифметикалық шамасымен, сонымен қатар үздіксіз тәуліктік сынама алудың орташа шамасымен анықталады. Орташа айлық концентрация бір ай ішіндегі бір реттік немесе орташа тәуліктік концентрациялардың орташа арифметикалық мәнімен анықталады. Орташа жылдық концентрация заттардың бір жылдағы бір реттік немесе орташа тәуліктік концентрациялардың орташа арифметикалық мәні арқылы анықталады. Өндірістік нысандар әсерін тигізетін аумақта атмосфералық ауаға бақылауды ұйымдастыру кезінде атмосфераға тастаманың сипатын бағалағаннан кейін бір реттік сынама алумен шектеуге болады,  сынама алу орындарын ық жақа ластаушы тастамалардан әртүрлі қашықтықта орналастыру қажет. Сынаманы алу атмосфера көбірек ластанған уақытта (өнеркәсіп толық қуаттылықпен жұмыс істеген кезде, қолайсыз метеорологиялық жағдайда және т.б.) жүргізілуі қажет және ол аспирациялық әдіспен жүзеге асады.  

Атмосфераның ластануына автокөліктің соңғы газдарының әсерін зерттеу кезінде, санитарлық дәрігер қала ішінен бірнеше орындарды (тұрғындар санына байланысты) автокөліктердің тығыз орналасатын орындарына байланысты таңдауы қажет.  Көп жағдайда сынама толық емес бағдарлама  бойынша алынады. Сынама алу кезінде метео жағдайлар (желдің жылдамдығы және бағыты, температура, қысымы), ауа-райының жағдайы (тұман, жаңбыр және т.б.), сонымен бірге жағымсыз сезімдер (иіс, көздің шырышты қабатының және тыныс алу жолдарының тітіркенуі және т.б.) бірге тіркеледі.

Атмосфералық ауадан сынама алу әдістемесі

 

Қазіргі уақытта атмосфералық ластаушылардан сынама алу үшін аспирациялық (тыныс жолына бөгде заттардың түсу жолы) әдіс қолданылады, ал седиментациялық (тұну, шөгу) әдіс қолданылмайды.   Аспираторлар газды ауалы ағымды өлшеу үшін ротаметрден, ауаны үрлеу үшін сорғыш насостан, насостың қоректену көзінен тұрады. Ауаның сорылып тартылуы тоқ көзінің болуымен іске асады. Тоқ көзіне қосуға мүмкін болмаған жағдайда әртүрлі конструкциялы автокөлікті аспираторлар кеңінен пайдаланылады. Автокөлікті аспираторларды пайдаланған кезде сол автокөліктің соңғы газдарының әсерін болдырмау үшін, сынаманы міндетті түрде автокөліктің жел жағынан алу керек.   

Кең көлемде қолданылатын аспираторлар мынадай талаптарға сай келуі керек:

      •  егер ауадан алынатын сынама тоқ көзінен қашық жерлерден алынатын болса, автономды түрде жұмыс істеу мүмкіндігі;

      •  аз салмақты және габаритті болуы керек; себебі кей жағдайда анализ жасау алыстау орналасқан нысандарда жүргізілуі мүмкін;

       • бағдарланған автономды жұмыс істеу мүмкіндігі;

       •  автономды жұмыс істеу уақыты 4 сағаттан кем емес;

•  сынамаға басқа заттардың енуіне мүмкіндік тудырмау.  



             
Сурет 7.1. Аспиратор А-01

Бұндай талаптарға А-01аспираторы сай келеді, үш ротаметрі бар, сонымен қатар тиімділігі жоғары насоспен аз габаритті, қоректену көзі автономды, бағдарланған автономды жұмысты ұзақ уақытқа дейін жүргізетін микропроцессорлы басқармадан тұрады (сурет 7.1). Сонымен қатар ол тек қана аккумулятормен ғана жұмыс істемейді, 220 В тоқ көзімен де жұмыс істейді. Оператор сынама алу уақытын белгілейді, ал аспиратор өздігінен сағатты және насосты іске қосады,  белгіленген уақыты аяқталғанда сынама алуын және жұмыс істеуін тоқтатады. Реттегіштің көмегімен оператор сынама алудың қажетті жылдамдығын реттейді, яғни бір мезгілде барлық үш каналдары арқылы сынама алуға болады.

Сонымен бірге, санитарлық қызмет тәжірибесінде Мигунов (М-822) электроаспиратор аспабы кеңінен қолданылады, бір мезгілде төрт сынама алуға болады, яғни екеуі газ тәрізді бөлшектерді және екеуі шаң бөлшектерін ұстап қалу үшін қолданылады (сурет 7.2). Ол электрлі ауа айдағыштан және реометрден тұрады. Ауа айдағы ауаны сорып тарту үшін, реометр – енген ауа көлемін өлшеу үшін қызмет атқарады (ол минутта енген ауаның литр өлшемімен көрсетеді). Реометр ауа айдағыш және сіңіргіш аспаптың ортасында орналасады.  Аспиратор төрт реометрден тұрады (суретте – 5 жағдаймен көрсетілген), екеуі минутына 1 л/мин дейін, ал қалған екеуі 20 л/мин дейін жылдамдылықпен ауа өткізеді.

7.2 – сурет. М - 822 Мигунов аспираторы. 

1 – колодка; 2 – тумблер; 3 – реометрлердің ұстағышы; 4 – штуцерлер;

5 – реометрлер; 6 – клапан; 7 – қорғағыш; 8 – жерге қосылуы;

9 – резиналы түтікше; 10 – сүзгіге арналған патрон.

 

 Соңғы жылдары Рессейде Мигунов аспабына ұқсас – ПУ -2Э электрлі аспиратор шығарылды, яғни техникалық сипаты ұқсас, бірақ тоқ көзімен де, автокөлік акумулятормен де жұмыс істеуге болады.  Бұл жаңа аспапта сынама алу уақытын есептейтін таймері бар, бірақ тек қана екі реометр каналы бар (газдар және шаң бөлшектері үшін), яғни бір мезгілде тек екі сынама алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ПУ -2Э кейбір үлгілерінде сіңіргіш элементтері арқылы 35 л/минутқа дейінгі жылдамдықпен ауа өткізілу есептелінген.

 Шаң бөлшектерін ауаны сүзгімен өткізу арқылы, таразылық әдіспен анықтайды. Сүзгіш материал ретінде жиі Петряновтың синтетикалық матасы қолданылады.

Аналитикалық азрозольді сүзгілер (АСС) әртүрлі диаметрде шығарылады, шаң бөлшектерін ұстап қалу тиімділігі жоғары (0,1 мкм-ға дейін), химиялық агрессивті ортаға тұрақты және кей жағдайларды гидрофобтық қасиеттері бар. АСС сүзгісі берілген маркировкасына сәйкес, бірінші әріпі алынатын сынаманың түрін (В- таразылық; Х- химиялық), екіншісі – сүзуші материалдарды (А – ацетилцеллюлоз; П – перхлорвинил), ал сандары (10 немесе 20) келесі әріптермен сол сүзгінің см2 есебінен жұмыс ауданын көрсетеді.

Сүзгіге сынама алу үшін, металл немесе патрон сүзгі ұстағыштар қолданылады, яғни сүзгінің өз мөлшеріне сәйкес болуы қажет (7.3- сурет). Сынама алынатын кезде сүзгілерді өлшейді, алып болғаннан кейін тағы да өлшейді, содан соң химиялық талдауға жіберіледі.  

7.3 – сурет. Патрон-сүзгі ұстағыш

Газ тәрізді жағдайдағы заттарды ұстап қалу үшін, әр түрлі сорғыш орталар мен сорғыш құрылғылар қолданылады. Сұйық орталар үшін (сұйықтықтар) шынылы сорғыш аспаптары - Петри, Зайцев және тағы да басқа сорғыштары қолданылады. Бұл сорғыш аспаптардың екі шынылы түтікшесі болады: қысқа және ұзын, олар аспаптың түбіне дейін жетеді. Сорғыш аспаптың қысқа түтікшесі  аспираторға жалғанады. Сынама алу кезінде ретіне қарай жалғанған,  сұйықтық арқылы заттардың өтіп кетуін болдырмау үшін, екі-үш сорғыш аспаптары пайдаланылады.  Жиі санитарлық практикада келесі сорғыштар қолданылады:  

а) Полежаев сорғышы (7.4-сурет), ол көлемі 10мл-ге дейінгі сорғыш сұйықтыққа арналған;

б)  Зайцев сорғышы (7.5-сурет, а), ол көлемі 5 мл-ге дейінгі сұйықтық мөлшеріне арналған, бірақ жұмысқа ыңғайсыз болып келеді.  

в) Кеуекті пластинкасы бар сорғыш (7.5-сурет, б), ең тиімді болып есептелінеді, ол кеуекті пластинкадан өткен ауаның ұсақталуымен және сорғыш сұйықтың жиналуының көптігімен байланысты. Ауаның сорғыш аспаптар арқылы сорылуы үшін электрлі аспиратор да қолданылады.

              

                               а               б

7.4-сурет.  Полежаев сорғышы           7.5-сурет. Зайцев сорғышы (а) және

                                                                   кеуекті пластинкасы бар сорғыш (б)

                 Қазіргі таңда санитарлық қызмет тәжірибесінде әртүрлі аспираторлық аспаптар электр қосу арқылы қолданылады. Кеңінен қолдау тапқан Мигунов аспабымен қатар, басқа да аспираторлар, мысалы «Ауа» аспираторы көп жағдайда өнеркәсіп орындарындағы жұмыс істейтін аумақтан  ауа сынамасын алу үшін  қолданылады, сонымен қатар атмосфера ластануын анықтау кезінде де қолдануға болады.

Электрді қажет етпейтін аспираторлар сирек қолданылады және олар мынадай жағдайда ғана, егер де аз көлемдегі ауа қажет болған кезде және талдау әдісінде зерттелетін заттардың жоғары сезімталдылық қасиеті болған кезде. Бұндай жағдайда, әсіресе электр көзі болмаған жағдайда, көлемі 500 мл газды пипеткалар немесе сулы аспираторлар қолданылады. Газды пипеткалар (7.6), ашып немесе жауып тұратын кран немесе қысқыштары болады, оның ішіне бейтарап сұйықтықпен толтырылады және талдау жасауға қажетті көлемде оның ағып шығуына байланысты ішіне ауа толтырылады. Тура осындай жолмен бутыльды (үлкен шынылы ыдыс) аспираторлар да жұмыс істейді.

                              

 

7.6-сурет. Газды пипетка.                                  7.7-сурет.  Сулы аспиратор             

а – кранмен; б – қысқышпен.                                              1 – шөлмек; 2 –тығын;

                                                                                          3 – түтікше-сифон; 4 – қысқа түтікше                                                               

                                                                     

Сулы аспиратор (7.7-сурет) әрқайсысының көлемі 5-10 л тұратын екі шөлмектен тұрады.  Бутыль екі шынышы түтікше орнатылған: қысқа және шөлмек түбіне дейін жететін ұзын (сифон), резиналы тығынмен тығыздалып жабылады. Ұзын түтікшенің бір ұшы винтті қысқышы бар резенкелі түтікшемен жалғасады. Шөлмектер градуирленген (бөліктерге бөлінген) және сынама алу кезінде біріншісі екіншісінен төмен орналасады. Жоғарғы шөлмектегі қысқа түтікшеге сорғыш құрылғыны біріктіріп,  шөлмекті сумен толтырады және шөлмектерді жалғастырып тұратын ұзын түтікшенің резеңкелі түтікшедегі бұрандалы қысқышты ашады.

 

 7.8- сурет. Комовский вакуум-насосты көмегімен ауа сынамасын алу.

1 – вакуум-насос; 2  - вакуумметр; 3 – бутыль.

 Нәтижесінде жоғарғы шөлмектен төменгі шөлмекке су ағады, ал сорғыш аспаптар арқылы жоғарғы шөлмектің  ішіне судың көлеміне сәйкес келетін ауа енеді. Егерде көп көлемде сорылатын ауа қажет жағдайда, алдын ала сіңіргіш аспаптарды ағытып және резеңкелі түтікшедегі қысқышты бекітіп,   шөлмектердің  орнын ауыстырады.  Сулы аспиратордың көмегімен 50-60 л/сағат жылдамдықпен ауа жұтылады. Сонымен қатар, Комовский вакуум-насосты көмегімен ауа сынамасын алуға болады (7.8-сурет).   

Санитарлық дәрігер атмосфералық ластаушылардан тұрақты түрде сынама алу үшін мынадай жағдайларды ескеруі керек, елді мекеннің орталық бөлігінің және шеткері аймақтағы атмосфералық ауасының жағдайын білуі және атмосфераны ластаушылардың негізгі көздерін (өндірістік нысандарды), сонымен бірге автокөліктерді анықтау керек.  Тұрақты бақылау жүргізуде қаланың орталық бөлігінен және радиалды бағыт бойынша бірнеше орындар таңдалады, мысалы:   

 •  1 бақылау орны - қаланың орталық бөлігінің тұрғын ауданында;  

 • 2 және 3 бақылау орны – қаланың шеткі аймақтағы тұрғын аудандарда екі қарама-қарсы бағыт бойынша: 2 бақылау орын – өндірістік нысандардың тастамаларынан көбірек ластанатын  аймақта, ал 3 бақылау орны- азырақ түтінденетін аймақта;

 • 4-5 бақылау орны – автокөліктер қозғалысы көбірек жүретін магистралдрарға жақын аумкақтка;  

 •  6 бақылау орны – жасыл-желектер аумағында (қалалық бақ, парк және т.б.) орналастырылады.  

Кішірек елді мекенде бақылау орнының саны 3-4 дейін қысқартылуы мүмкін. Алынған елді мекендерден сынама алу дәстүрлі ластаушыларға және сол елді мекеннің атмосфералық ауасын негізгі ластаушы көздер болатын өндіріс орындары үшін арнайы ластаушыларға жүргізіледі.

 Аспирациялық сынаманы  бір мезгілде әртүрлі қашықтықта 2-3 орындардан өндірістік нысандардың тастама көздерінің ық жақтарынан алғанда  жақсы жүреді. Сынама алу уақытының ұзақтығында хаттамаға түтінді алаудың бағытын тіркеуді және сынама алатын орыннан алаудың бұзылу ұзақтығын бақылау қажет. Сынама алумен бірге метеорологиялық бақылау бір мезгілде жүргізіледі.

Хаттамаға ауа-райының мәліметі, шаңның (түтіннің) болуы және тағы да басқа жағдайлар тіркеледі.  Сынама жер қыртысының шаңданбайтын жабындармен жабылған (газон, асфальт, қатты грунт) аумағында, адамның тыныс алатын аймағында (1,5 м биіктікте) алынады. Аспирациялық сынама алу кезінде бір тәулікте бірнеше рет жүргізіледі, себебі атмосфера тастамалармен көбірек жиі ластанатын аралықты (өнеркәсіп толық қуаттылықпен жұмыс істеген кезде, автокөліктердің қозғалысының жоғары кезінде және қолайсыз метеорологиялық жағдайды) толық қамту үшін.   Сынаманы алғаннан кейін ауа сынамасын,  яғни оның температурасын және бараметрлік қысымын қалыпты жағдайға әкелу керек. Ауа көлемін қалыпты жағдайға келтіру мына формуламен жүргізіледі:

               

Vо= Vt   ,

мұндағы Voтемпературасы 00 С және  қысымы 760 мм с.б-ғы. ауа көлемі;

Vt – сынама алған кездегі ауа көлемінің температурасы; Р – сынама алған кездегі атмосфералық қысымы; t – сынама алған кездегі ауа температурасы.

      

         Ауаны ластайтын заттардың концентрациясын есептеу үшін, мына формула қолданылады:

X =,

мұндағы Х –  ауадағы заттардың концентрациясы, мг/м3; aалынған ауа көлеміндегі табылған заттардың мөлшері; b1 л ауадағы қайта есептеу коэффициенті; Vo қалыпты жағдайға әкелінген алынған ауа көлемі (л).

Алынған ауа көлемін қалыпты жағдайға әкелу үшін сынама алған кездегі атмосфералық қысымды білуі қажет. 

Атмосфералық қысымды анықтау әдістемесі

Барометрлік қысым миллиметрлік сынап бағынасында (мм.с.б) немесе паскалда (Па) өлшенеді, бірақта санитарлық дәрігер қажетті есептеулерді жүргізе білуі керек.  Қалыпты жағдайдағы атмосфералық қысым үшін  теңіз деңгейіне 0 0С-ға тең температураға сәйкес және 450 болатын географиялық ендіктегі  760 мм сынап бағынасы биіктігіне теңестіру, 1013 гектопаскальга (гПа) сәйкес келеді. Миллибар – қысым, 1 см2 үстіндегі 1 г дене салмағын көрсетеді; бір миллибар 0,7501 мм.сынап бағанасына сәйкес келеді, ал СИ (өлшеу жүйесі) жүйесі бойынша 1 бар 105 Па-ға тең.

Барометрлік қысымды сынапты немесе металдық барометр көмегімен анықтайды. Сынапты барометрдің екі түрі болады – табақшалы және сифонды.

Табақшалы сынапты барометр тік шыны түтікшеге сынап толтырылып және жоғарғы бөлігі түтікшеге дәнекерленген, ал төменгі бөлігі  табақшадағы сынапқа малынған болады. Ауа шыны ыдыстағы сынаптың үстінен табақшаға қарай қысады, сондықтан сынаптың бір бөлігі түтікшеде қалып оның салмағын теңестіріп тұрады. Сынап бағанасындағы қысымның биіктігі  760 мм-ге теңескен жағдайда ғана қалыпты атмосфералық қысым деп атай аламыз. Сынап бағанасының биіктігінде ауа қысымының түнемі әрі-бері қозғалыста болуы түсінікті. Себебі ауа сейілген сайын, сынап бағанасы да төмендей түседі (СИ жүйесінде қалыпты қысым эквиваленті 1013 гПа тең).  

Барометрлік түтікше тік ойығы бар,сынапты көруге болатын қорапта орналасады. Сынаптың жоғарғы шекарасын нониустың көмегімен және барометрлік шкаласындағы жабынды шыны тесігі арқылы анықтайды.  Нониус – қысымды миллиметрдің ондық бөлшектеріне дейін өте дәлдікпен есептеуге арналған,  шкаласы бар металл пластинкадан тұрады. Көрсеткішті алар алдында барометрдің жабынды шынысын (мениск) сынапты қалыпты жағдайға келтіру үшін оны жеңіл ғана қағып алу керек. Сонан соң нониусты микрометрлық қысқыштың көмегімен оның нөлдік нүктесі сынапты ыдыстың төбесіндегі сызығымен сәйкестендіріп орналастыру керек. Миллиметрлердің толық саны миллиметрдің оннан бір бөлігін көрсетеді. Миллиметрдің толық санын барометр шкаласында сынапты ыдыстың астынан ғана табуға болады.

Түтікті (сифонды) сынап барометрі. Түтікті сынап барометрінің құрылысының принципі, атмосфералық қысым бір жақ шеті бекітілген сынап бағанасына теңестіріле отырып, осы барометрдегі сынап бағанасының түтікше иінінде ұзартылуы мен қысқартылуының әртүрлі биіктігіне сәйкес келеді. Барометрлік түтікше шкаласы бар тақтаға бекітілген, онда сынап бағанасы миллиметрге бөлінген (алдағы уақытта паскальға бөлінеді). Түтікшедегі сынаптың көлемі, температура ауысқан сайын өзгеріп отырады, сондықтан барометрдің көрсеткішін  00С температураға сәйкестендіріп қояды, мына формула бойынша (өлшеу бірлігі кестедеден қараңыз):

В0t  – Bt·0,000162·t,

мұндағы В0  -  0 0С келтірілген барометр көрсеткіші, мм.с.б.; Вt  осы температурадағы  барометр көрсеткіші; t – анықтау кезіндегі ауа температурасы; 0,000162- сынаптың ұлғаю коэффициенті. Барометр көрсеткіштерін түзету шамасын № 6 кесте арқылы анықтауға болады.

6 кесте

0 0С-ға сынапты барометр көрсеткіштерін түзетуге келтіру үшін

Температура, 0С

Мм. Сынап бағанасындағы барометр көрсеткіштері.

730

740

750

760

770

780

1

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

0,1

2

0,2

0,2

0,2

0,2

0,3

0,3

3

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

0,4

4

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

5

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6

6

0,7

0,7

0,7

0,7

0,8

0,8

7

0,8

0,8

0,9

0,9

0,9

0,9

8

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

9

1,1

1,1

1,1

1,1

1,1

1,2

10

1,2

1,2

1,2

1,2

1,3

1,3

11

1,3

1,3

1,3

1,4

1,4

1,4

12

1,4

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

13

1,5

1,6

1,6

1,6

1,6

1,7

14

1,7

1,7

1,7

1,7

1,8

1,8

15

1,8

1,8

1,8

1,9

1,9

1,9

16

1,9

1,9

2,0

2,0

2,0

2,0

17

2,0

2,1

2,1

2,1

2,1

2,2

18

2,1

2,2

2,2

2,2

2,2

2,3

19

2,3

2,3

2,3

2,4

2,4

2,4

20

2,4

2,4

2,5

2,5

2,5

2,5

21

2,5

2,5

2,6

2,6

2,6

2,7

22

2,6

2,7

2,7

2,7

2,8

2,8

23

2,7

2,8

2,8

2,8

2,9

2,9

24

2,9

2,9

3,0

3,0

3,0

3,0

25

3,0

3,0

3,1

3,1

3,1

3,2

26

3,1

3,1

3,2

3,2

3,3

3,3

27

3,2

3,3

3,3

3,4

3,4

3,4

28

3,3

3,4

3,4

3,5

3,5

3,6

29

3,5

3,5

3,6

3,6

3,7

3,7

30

3,6

3,6

3,7

3,7

3,8

3,8

31

3,7

3,8

3,8

3,9

3,9

4,0

32

3,8

3,9

3,9

4,0

4,0

4,1

33

3,9

4,0

4,0

4,1

4,2

4,2

             

Мысал: 760 мм. С.б. 200С температурадағы барометр көрсеткіші

В0t-Bt·0,000162·t = 760 -760 ∙0,000162∙20 =757,54 мм. с. Б.

Сонымен, 757, 54 мм. с. б. атмосфералық қысымды 6 кесте арқылы анықтауға болады, яғни 760 мм.с.б. және 200С қиылысу орнын анықтаймыз – 2,5; 760 - 2,5=757,5, сонымен біздің есептеулеріміз сәйкес келеді.

Барометр-анероид  металдан кеңірдекше қалтқы сияқты жасалған, оның ішіндегі ауасы шығарылған. Атмосфералық қысым көбейген кезде анероидты қорапшаның қабырғалары ішке қарай тартылады, ал қысым азайғанда түзеледі. Рычактар (тұтқалар) жүйесінің көмегімен бұл қозғалыстар стрелкаға әсер береді де, ол циферблатпен жылжиды. Барометр-анероид шкаласы сынап бағанасы миллиметрлеріне бөлінген. Барометрдің  циферблатында  температуралық түзету енгізуді анықтау үшін температураны есептеп шығаруға арналған сынапты термометрі бар. Аспапты көлденең орналастырады және температураның кенеттен өзгеруінен және күн сәулесінің түсуінен сақтау қажет.

Есептер алдында барометрдің стрелкасын немесе қорабын саусақпен шамалы қағып, аспаптың механизміндегі үйкелуін реттеу керек. Барометрдегі есептеу сынап бағанасындағы миллиметрдің оннан бір бөлігіне дейін дәлділікпен, градусты оннан бір бөлікке дейін – термометр бойынша жасалады. Аспаптың шкаласындағы көрсеткіштерге түзетулер, әр аспапқа қосымша ұсынылатын, сипаттама және байқау куәлігіне сәйкес көрсетіледі.

Барометр-анероид көрсеткіштерін (көрсетуін) сынапты барометр көрсеткіштерімен 6 айда 1 рет тексертіп, салыстырып отыру керек.

Барограф – атмосфералық қысымды үздіксіз тіркеп отыруға арналған. Қысым қабылдағыш жүйелі түрде біріктірілген бірнеше анероидтық қорапшалардан тұрады. Қорапшалар тобы ұзындығының өзгеруі тұтқалар жүйесінің көмегімен қауырсынды стрелкаға беріледі, ол өз кезегінде айналып тұрған сағат механизмі барабанына керіліп және бекітілген кестелі таспаға берілетін қысымға сәйкес белгілейді. Айналадағы ауа температурасының өзгерістерінің анероидтық қорапшаларының формасының мөлшеріне әсер етпес үшін, аспап термокомпенсатормен жабдықталған.

Барографты жылу радиациясы көздерінен алыс жерге, мықты тұғырға орналастырылады, жанына белгілі уақыт аралығында салыстырып, тексеру үшін бақылайтын сынапты барометрді орналастырады

Стационарлық бақылау орындарының мәліметтерін өңдеу әдістемесі

Ең алдымен шаңдану және газдану «раушанын» құрастыру үшін жылдың әрбір айларына шаңның және күкірттің қос тотығының, сонан соң басқа ластаушы заттардың концентрациясына орташа мәні есептелініп жүргізіледі. Ол үшін күкірттің қос тотығының және шаңның (басқа да ластаушы заттардың) бір ай ішіндегі төменде көрсетілген 16 румб бойынша және штиль кезіндегі ертеңгі және кешкі алынған сынамаларының концентрациялары  жазылады:

  1. С .......                                    9. О.......  

  2. ССШ.......                              10. ООБ…..   

  3. СШ.......                                 11. ОБ.......         

  4. ШСШ.......                             12. БОБ......       

  5. Ш........                                   13. Б.......

                            6. ШОШ.......                             14. БСБ......

                            7. ОШ.......                                 15. СБ.......

                            8. ООШ ......                              16. ССБ......

                   17. О   — штиль     ....

 

 Содан соң концентрациялардың әрбір румб бойынша және штиль кезіндегі кездесетін жиілігі анықталып, орташа мәнін есептейді. Орташа арифметикалық мәні мына формула бойынша есептелінеді:  

М =

М – орташа арифметикалық; С – шаңның, күкірттің қос тотығының және басқа да ластаушы заттардың концентрациясы; ∑– барлық мәндерді қосу белгісі; n—қатардың кезесетін саны.

Барлық румб бойынша және жылдың әрбір мезгілі үшін ластаушы заттардың орташа концентрациясы есептелінеді. Әрбір румб бойынша алынған көрсеткіштер газдану және шаңдану раушанын құру үшін негізгі мәліметтер болып табылады, ал орташа штиль концентрациясы барлық румбалар бойынша бірдей болады. Тұрғын аймақтың атмосфералық ауасын гигиеналық бағалауда алынған мәліметтерді сәйкес гигиеналық нормативтермен салыстыру арқылы жүргізіледі (ШРЕКорт.т).  Газдану және шаңдану раушаны атмосфералық ауаны ластаушылардың бағытын көрсетеді.   Барлық мәліметтердің жиынтығы бойынша атмосфералық ауаны санитарлық қорғау шараларының көлемі мен сипаты анықталады.

Сонымен қатар санитарлық дәрігер және оның көмекшісі қандай да бір елді мекеннің атмосфералық ауаның ластануынан сынама алу кезінде санитарлық тексеру актісін толтыра білуі тиіс және алынған нәтижелерді өңдеу үшін санитарлық статистиканың негізерін меңгере білуі қажет.

Сонымен бірге, оларға қала немесе ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайы бойынша мәліметтерді жинау жұмыстарын беруі мүмкін.  Бұл емханалардан статистикалық талондарды жинау кезінде олардың саны және статистикалық өңдеу жұмыстарымен сипатталады. Осы оқулықта келтірілген күрделі емес формулаларды пайдалана отырып, дәрігердің көмекшісі кейбір денсаулық көрсеткіштерін есептей отырып және белгілі салыстырмалы бағалау динамикасын жүргізуге болады. Берілген жұмысты коммуналдық гигиена бөлімінің санитарлық дәрігерінің бақылауымен жүргізіледі.  

Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау әдістемесі

Санитарлық дәрігер психрометрдің және гигрографтың көмегімен ауаның температурасын және ауаның ылғалдылығын («жалпы гигиена» бағдарламасында беріледі), сонымен қатар табақшалы (7.9-сурет) немесе қанатшалы (7.10-сурет) анемометрмен ауаның қозғалу жылдамдығын анықтай білуі қажет. Коммуналдық гигиенада жиі табақшалы анемометрді пайдаланады, ол желдің жылдамдығын секундына 1,0-ден 50,0 м аралығында өлшеуге мүмкіндік береді. Қанатшалы анемометр – өте нәзік, сезімтал аспап және ауаның қозғалыс жылдамдығын 0,1-ден 5,0 м/сек дейінгі диапазонда  есептеуге арналған, сондықтан ол ауаның салыстырмалы әлсіз қозғалысында қолданылады.  

Табақшалы анемометр оның жоғарғы жағында бекітілген төрт бос жартышар бар, олар қозғалыс жылдамдығының әсерінен тік ось арқылы айналып тұрады. Осьтің төменгі бөлігі циферблаттың стрелкаларының жалғанған көмегімен метр сандарын көрсетеді. Үлкен стрелка бірлік және ондық метрді, ал кіші стрелка – жүздік және мыңдық метрді көрсетеді.  Айналымдарды есептегішке қосу немесе ажырату үшін циферблаттың жанында ілгек-тиегі бар.

Бақылау алдында циферблаттағы барлық стрелканың көрсеткіштерін жазып алады. Анемометр ауа ағынына перпендикуляр қойылады және табақшаны бос айналдырады, содан соң бір мезгілде аспаптың есептегішін  және секундомерді іске қосады. Бақылау бірнеше минут бойы жүргізіледі, содан соң есептегішті өшіреді және стрелканың көрсеткен көрсеткіштерін жазып алады. Соңғы көрсеткен көрсеткіштерді өлшегенге дейінгі көрсеткіштерден алып тастап есептейді, алынған айырмашылықты бақыланған уақыт секунд санына бөледі.  

                                                                                

7.9-сурет. Табақшалы анемометр.                              7.10-сурет. Қанатшалы          

                                                                                                             анемометр.

 Қанатшалы анемометр да табақшалы анемометр сияқты, бірақ оның қабылдағыш бөлігі жұқа алюминді қанатшалардан тұрады. Көрсеткіштерді алу және жылдамдығын есептеу табақшалы анемометр сияқты жүргізіледі. Егер де анемометрдің циферблатындағы бөлгіштер метрге сәйкес келмеген жағдайда, жылдамдықты анықтау үшін аспаппен бірге берілген графикті пайдаланады. 

 Мысал. Аспаптың өлшер алындағы көрсеткіші  – 5425, 3 мин өлшегеннен кейінгі көрсеткіші – 5695. Көрсеткіштердің айырмасы 5695 – 5425 = 270 бөліктерді құрады.  Бөлгіштер секундта: 270:180 = 1,5. Аспаппен бірге берілген график бойынша, 1,5 бөлгіш 0,8 м/с сәйкес келетіндігі анықталды.

Санитарлық дәрігер «жел раушанының» графикалық түріндегі суретін дұрыс бағалай білуі керек, яғни 7.11,А. суретінде берілген. Оны құру кезінде әр желдік румбада белгілі-бір уақыт аралығында (ай, квартал, жыл) күнделікті қайталанатын желдің жиілігі қойылады, ал ортасында пайызбен көрсетілген күндердің саны қойылады.

Санитарлық дәрігер осы әдіспен «ластану раушанында» (7.11, Б.-сурет) құрады. Осыған сәйкес жел румбаларында көрсету кезінде желдің қайталану жиілігін емес, негізінен химиялық заттардың ластану концентрациясын кейінге қалдыру қажет. «Ластану раушаны» графигі негізгі ластаушы көздерді анықтауға мүмкіндік береді және 7.11, Б.- сурет бойынша бақылау орындарынан шығыста орналасқандығын байқаймыз. Егер талдауға бірнеше заттар жататын болса, онда графикте оларға әртүрлі масштабты қолдану керек.

                                                                                                           

                                    А                                                         Б

7.11. – сурет. А  – «жел раушаны»; Б –   «ластану раушаны»:

 1 – орташа айлық концентрация;

2 – штиль; 3 – заттардың ШРЕК.

 

Атмосферадағы тамшылы бөлшектерді зерттеу әдістемесі. Өлшенді заттар ауа бассейініне тікелей ену арқылы атмосфералық аэрозольдар түрінде (біріншілік) пайда болады және қатты заттардың конденсация үрдісіне түсуінен, жану, булануынан (екіншілік) пайда болады.

 Әртүрлі отындар жанған кезде, автокөліктерден ыстық қоспалар бөлінгенде ірі өлшенді бөлшектер пайда болады, ал, өте ұсақ өлшенді бөлшектер, көбінесе газдарды химиялық тасымалдау кезінде түзіледі. Аэрозольдардың басқа затқа ауысуы, немесе аэрозольдардың сұйық түрге айналуы мүмкін.

Өлшенді заттардың дәрежелік мәні биологиялық белсенділігіне  байланысты  болатындықтан, біріншілік және екіншілік өлшенді заттардың дисперстік құрамы әртүрлі болып келеді және бұл сұраққа ұзақ уақыт бойы гигиенистер қажетті көңілді аудармай келді.

Жалпы өлшенді бөлшектердің ішінде РМ10 бөлшектері адам денсаулығы үшін қауіпті екенін ғылыи зерттеулерде анықталды және кейінгі жылдарғы шетелдік ғылыми әдебиеттерде өлшенді заттардың екі фракциясы беріледі - РМ10 және РМ2,5. 

          Қазақстан Республикасының елді мекендерінің атмосфералық ауасынан бақылаушы орындар тек өлшенді заттардың біріккен құрамын анықтайды, ал өте қауіпті өлшенді бөлшектердің фракцияларына бүгінгі таңға дейін зерттеулер жүргізілген емес. АҚШ және басқа еуропалық одақтастық елдерде жалпы өлшенді заттар үшін, сонымен қатар олардың 10 және 2,5 мкм өлшемдегі фракциялары үшін нормативті шкалалары өңделген.

         Бұл әдістемеде санитарлық дәрігер Қазақстан Республикасының елді мекен аумағында атмосфералық ауаның өлшенді бөлшектермен ластану қаупі кезінде бағалауға мүмкіндік береді.  

Ауада өлшенді заттардың дисперсті құрамын ескермеген жағдайда, жалпы санын шаңдардың біріккен фракциялары деп аталады. Өлшенді заттардың мөлшері негізінен 0,01-ден 100 мкм-ға дейі болады, соның ішінде 10 мкм-нан жоғары ірі бөлшектер гравитация кезінде тез тұнады және газды тастамаларды тазарту кезінде ұсталынып қалады.

Ауадан сынама алу кезінде 50  пайызы ұсталынатын 2,5 мкмге дейінгі диаметрлі бөлшектерді  РМ2,5   деп атайды.

Ауадан сынама алу кезінде 50  пайызы ұсталынатын 10 мкмге дейінгі диаметрлі бөлшектерді  РМ10  деп атайды.

 7.1 кесте.

Дисперстілігіне байланысты өлшенді бөлшектердің адамның

тыныс алу жолдарына ену қабілеттілігі

Өлшенді бөлшектердің мөлшері, мкм

Тыныс алу жолдарына ену қабілеті

>10

7-10

4,7-7

3,3-4,7

2,1-3,3

1,1-2,1

0,65-1,1

0,43-0,65

Тыныс жолдары арқылы енбейді

Мұрын қуыстарында жиналады

Кеңірдекке дейін енеді

Трахеяға және біріншілік бронх жолдарына дейін енеді

Екіншілік бронх жолдарына дейін жетеді

Бронхтың терең бөліктеріне жиналды

Бронхиолаларға енеді де

одан әрі өкпенің альвеолаларына дейін енеді

  

 Дисперсті заттардың құрамы олардың атмосфералық ауада болу ұзақтағы мен ауа бассейінінде таралу қашықтығына байланысты болады.

Әртүрлі өлшенді бөлшектердің организмге әсер ету механизмі және қауіптілік дәрежесі әртүрлі болып келеді. 1996 жылы АҚШ ғалымдары   Wilson R, Spengler J.  өлшенді заттардың мөлшеріне байланысты адамның тыныс алу жолдарына ену қабілетін анықтаған (7.1-кесте).

10 мкм (РМ10) кіші көлемді өлшенді бөлшектерді респирабельді фракциялар деп атайды, олар ауада ұзақ уақыт сақталады, тұнбайды және адам денсаулығы үшін қауіпті болып табылады.

Диаметрі 10 мкм-нан кіші өлшенді бөлшектермен ластаушы көздер негізінен отын жану үрдісі (55% дейін), өндірістік тастамалар (30% мөлшерінде) мен автокөлік тастамалары (25% дейін) болып табылады.

Қазақстанның санитарлық заңдылықтарында  шаңның біріккен құрамы үшін – бір реттік максимальды ШРЕК  - 0,5 мг/м3  және орташа тәуліктік ШРЕК- 0,15 мг/м3 регламенті ғана бар.

АҚШ-да өлшенді бөлшектерді нормалау тек респирабельді фракциялармен:  диаметрі 10 және 2,5 мкм бөлшектер үшін  ғана жүргізіледі, яғни шаңның біріккен құрамы 83 және 50 мкг/м3 сәйкес келеді.  Б.А. Ревич (2001) мәліметі бойынша, атмосферадағы өлшенді бөлшектердің жалпы мөлшерінің шамамен 55% РМ10  фракциялары құрайды.

РМ10 бөлшектері тыныс алу кезінде тыныс жолдары арқылы еніп, ену жолдарында қалып, жинала береді және олар халықтың осал топтары үшін  (балалар, өкпе ақаулары бар адамдар) өте қауіпті болып табылады. Атмосфералық ауада өлшенді бөлшектердің мөлшері 10 мкм-нан төмен болған жағдайда  өкпе аурушаңдығының жиілігі өсіп, халықтар арасында өлім көрсеткіші  ұлғаяды.

БДҰ мәліметі бойынша атмосфералық ауада жалпы шаң фракциясының орташа жылдық концентрациясы 10 мкг/м3 көбейсе балалар арасында бронхит аурушаңдығы 11 пайызға дейін көтеріледі деген мәлімет бар. Егер, РМ10 шаң фракциясының орташа тәуліктік концентрациясы  жоғарылайтын болса, тұрғындар арасында жоғары тыныс алу жолдарының аурушаңдығы 3,5 пайызға, респираторлық патологияларға шағым айту мен олардың  госпитализациясы 0,84 пайызға ұлғаюы мүмкін екен.  

БДҰ және Еуропалық Одақ мәліметтері бойынша өлшенді бөлшектердің РМ10 и РМ2,5 фракциялары созылмалы әсер еткенде тұрғындардың қосымша өлім көрсеткіші (по отношению к фоновой) 5-14 пайызды, жедел әсер еткенде – 0,70-1,50 пайызды құраған. Қазіргі таңда Қазақстанда 12.08.06 жылы Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігер бекіткен «Методические указания по оценке риска воздействия взвешенных частиц атмосферы на здоровье населения» әдістемелік нұсқау бар.

Атмосфералық ауаның ластануын кешенді бағалау әдістемесі

Тастаманың тұрақты көзінде атмосфералық ауаның ластану мүмкін деңгейі метеорологиялық жағдайларға байланысты. Атмосфераның жер беткейлік қабатында зиянды заттардың таралуы үшін қолайсыз метеожағдайлардың қайталануы – атмосфераның ластану потенциалы  (АЛП) деп аталады.  Жоғары АЛП болып табылатын территорияларда ауаны ластаушы көз болып табылатын қуатты нысандарды орналастыруға болмайды.

Атмосфераны ластаушы потенциал метеорологиялық параметрлерге байланысты: жер беткейлік инверсияға, желдің жылдамдығына, тұманның ұзақтығына және араласу қабатындағы биіктігіне. АЛП неғұрлым жоғары болса, атмосфераның жер беткейлік қабатында тастамалардың таралуы үшін соғұрлым қолайлы жағдай болады. Берілген ауданның көп жылдық метеожағдайларын ескере отырып, Э.Ю. Безуглдің (7.2-кесте) қысқартылған сызбасын пайдалана отырып, санитарлық дәрігер АЛП деңгейін бекітеді. Жоғары көрсеткішті деңгейі кезінде атмосфералық ауаны қорғауда жоғары талаптар қойылады.

7.2 - кесте.

Метеорологиялық параметрлердің орташа жылдық мәні бойынша АЛП деңгейі (Э.Ю. Безугл бойынша, 1980 жыл)

АЛП-ң деңгейі

Жер беткейлік инверсия

Желдің жылдамдығының қайталануы, % түріндегі 0-1 м/сек  

Км –дегі араласу қабатының биіктігі

Тұманның ұзақтығы, сағат

% түрінде қайталануы 

0С жиілігі  

Төмен

Орташа

Көтеріңкі

Жоғары

Өте жоғары

20-30

30-40

30-40

40-50

40-60

2-3

3-5

2-6

3-6

3-10

10-20

20-30

20-40

30-60

50-70

0,7-0,8

0,8-1,0

0,7-1,0

0,7-1,6

0,8-1,6

80-350

100-550

100-600

50-200

10-600

Әртүрлі метеорологиялық параметрлер кезінде АЛП деңгейін анықтау бойынша студенттердің өз бетіндік жұмысы үшін есептің үлгісі:

 • жер беткейлік инверсияның қайталануы – 33 %, жиілігі– 30С, 0-1 м/сек желдің қайталану жылдамдығы– 26 %, араласу қабатының биіктігі – 0,8 км, тұманның ұзақтығы – 50 сағат;

 • жер беткейлік инверсияның қайталануы – 42 %, жиілігі – 50С, 0-1 м/сек желдің қайталану жылдамдығы – 30 %, араласу қабатының биіктігі – 0,9 км, тұманның ұзақтығы – 200 сағат;

 •  жер беткейлік инверсияның қайталануы – 45 %, жиілігі – 60С, 0-1 м/сек желдің қайталану жылдамдығы – 45 %, араласу қабатының биіктігі – 1,2 км, тұманның ұзақтығы – 350 сағат.

 Атмосфералық ауадағы жекелеген көрсеткіштері бойынша химиялық ластануды бағалауда,  әртүрлі қауіптілік класына жататын барлық кешенді заттардың тұрғындар денсаулығы үшін қауіптілік дәрежесін анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар, ол қаланың әртүрлі аудандарындағы ауаның ластануына, сонымен бірге әртүрлі өндіріс орындары бар мекендерде, яғни әртүрлі сипаттағы поллютантардың кездесуіне байланысты салыстырмалы санитарлық сипаттама беру мүмкін емес. Бұл көрсетілген мақсатқа жету үшін санитарлық дәрігер атмосфераның ластануының кешенді көрсеткіштерін пайдалануы керек, соның ішінде негізгілеріне жататындар:

 •  атмосфераның ластану индексі – АЛИ;  

 •  Кқос біріккен көрсеткіш;  

 •  Р біріккен көрсеткіш;  

 •  S қосарланған көрсеткіш.

Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) мына формула бойынша есептелінеді:

АЛИ= ∑ · ()n ,

мұндағы  - қосындылар белгісі; Сi  – мг/м3  -дағы i-ді заттардың орташа концентрациясы; ШРЕКi - мг/м3-дағы  i-ді заттардың орташа тәуліктік нормасы; n  – i-ді заттарды 3 қауіптілік класына   келтірілген шексіз констант.

Атмосфераның ластану индексі елді мекеннің атмосфералық ауасының ластануы бойынша гидромет қызметінің жыл бойы жинаған мәліметтерін өңдеу кезінде пайдаланылады. Кей жағдайда оны коммуналдық гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері өзінің есеп беру жұмысында пайдаланады, бірақ та алынған көрсеткіш адам денсаулығы үшін қауіптілік қатынасын бағалауда жарамсыз болып табылады. Сонда да әртүрлі елді мекеннің ауа бассейннің ластану дәрежесін салыстыру үшін АЛИ тиімді болып табылады. Көп жағдайда АЛИ бес-он шақты атмосфераның басымды ластаушылары есептеледі және оны АЛИ5,  АЛИ7 және т.б. деп аталады. Қауіптілік классы әртүрлі заттар үшін n констант тең:  І класс қауіпті заттар үшін – 1,7; II класс – 1,3; III класс – 1,0; IV класс – 0,9.

 Кқос кешенді көрсеткіш, 1985 жылы К.А. Буштуев  ұсынған, ол мына формула бойынша есептелінеді:

Кқос= , мұндағы

- қосындылар белгісі; С1…Сn – ауадағы химиялық заттардың концентрациясы;

ПДКС1 және ПДКСn – осы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы;

N – заттардың әрбір қауіптілік класына арналған коэффициенті, І қауіптілік класы үшін  – 1; 2-ші – 1,5; 3-ші – 2,0; 4-ші – 4,0.

Кқос көрсеткіш зиянды заттардың бір реттік және орташа тәуліктік концентрациясы бойынша есептелінеді, сонымен қатар әртүрлі сападағы параметрлер үшін бағалау шкаласы болып табылмайды.  Әртүрлі елді мекеннің түрлі сипаттағы ластанудың деңгейін салыстырмалы бағалау үшін қолданылады.

М.А. Пинигин ұсынған Р біріккен көрсеткіші едәуір жетілдірілген болып табылады және әртүрлі қауіптілік класына жататын заттардың изоэффективті концентрациясын 3-ші класқа келтіру арқылы бекітуге негізделген.   Көрсеткіштер бір реттік, орташа тәуліктік, орташа айлық және орташа жылдық концентрациялар арқылы есептелінеді. Р біріккен көрсеткіші мына формула бойынша есептелінеді

Р= , мұндағы

Кi – 3 қауіптілік класына жататын заттардың ШРЕК-тен жоғарылау жиілігінің қосындысы.

Есептеулер келесі есептеу жолдары арқылы іске асырылады:

К3= К1● 3,02.89lgK1; К3= К21,51,55lgK1; К3= К4● 0,7510,5lgK1

мұндағы К3 – І, ІІ, ІV заттардың ІІІ класс қауіптілігіне айналдырылған ШРЕК есе өсімі; К1, К2, К4 - І, ІІ, ІV қауіптілік класына жататын заттардың ШРЕК есе өсімі.

Тұрғындар денсаулығына атмосфералық ауаның химиялық ластану әсерінің қауіптілік дәрежесін бағалау Р көрсеткішінің мәні бойынша жүргізіледі. «Р»  мәндері арқылы атмосфералық ауаның ластану дәрежесін анықтауға болады: егер 2-ге дейін болса рұқсат етілген ластану деңгейі; 2-4 - әлсіз; 4-8 – жоғары; 8-16 күшті; 16-дан жоғары болса - өте күшті.  

Жоғарыда келтірілген Р көрсеткіші, атмосферада кездесетін заттардың гигиеналық регламенттен төмен бекітілген мәндері ескерілмеген,  ШРЕК есе өсіміне ғана негізделген. Берілген жағдайды ескеру үшін мына формула қолданылады:

                       Р =  1+ - , мұндағы

К2i- нормаланған заттардың концентрациясының қосындылары, мәндері ШРЕК-ға тең немесе жоғары; Кi - нормаланған заттардың концентрациясының қосындылары, мәндері ШРЕК-дан төмен.

S көрсеткіші  биологиялық әсер беретін заттарды есепке ала отырып, атмосфералық ауаны ластаушы бірнеше зиянды заттарды бағалау үшін қолданылады.

Ю.Г. Фельдман ұсынған S қосынды көрсеткіші, мына формула бойынша есептелінеді:

                             S = , мұндағы

n – өндіріс орындарының аймағынан 500 м қашықтықта орналасқан бақылау орындарының саны; R – әсер ететін аймақтағы есептелген румбалар саны; Сi – есептелген орындағы заттардың концентрациясы; ШРЕКi – заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы.

Атмосфераның ластану қаупін бағалау кезінде санитарлық қорғаныс аймағының мөлшерін бекіту үшін S көрсеткіштерін қолдаған жөн, бірақта көп жағдайда санитарлық дәрігер Кқос және Р көрсеткіштерін қолдануға тура келеді.

Кешенді көрсеткіштерді есептеу мысалдары.

Мына мәліметтер бойынша N қаласының 2007 жылына атмосфераның ластануына кешенді көрсеткіштерді есептеу керек: шаңның құрамы 0,3 мг/м3 (ШРЕК 0,05 мг/м3, ІІІ қауіптілік класс), күкірттің қос тотығы 0,059 мг/м3 (ШРЕК 0,05 мг/м3, ІІІ қауіптілік класс), көміртегі тотығы 3,0 мг/м3 (ШРЕК 3,0 мг/м3, IV қауіптілік класс), азоттың қос тотығы 0,08 мг/м3 (ШРЕК 0,04 мг/м3, IІ қауіптілік класс), фенол 0,005 мг/м3 (ШРЕК 0,003 мг/м3, IІ қауіптілік класс). «Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалары  2004 ж.

Атмосфераның ластану индексі – «АЛИ5», берілген қала үшін атмосфераны химиялық ластаушылардың бес приоритетін ескере отырып:

АЛИ5== ++=

61+1,181+ 10,9+ 21,3+1,671,3 = 6+1,18+1+2,46+1,95=12,59

мұндағы С1…С5заттардың нақтылы концентрациясы;

ШРЕК1 және ШРЕК5осы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы;

х –І қауіптілік класына жататын заттар үшін -1,7; II класс – 1,3; III класс – 1,0; IV класс – 0,9 тең болатын коэффициент.

«К қос кешенді көрсеткіш мына формула бойынша есептелінеді: 

Кқос.== =3+0,059+0,25+1,3+1,11 = 5,72                                                

мұндағы ∑ - қосынды белгісі; С1 және Сn ауада кездесетін жекелеген заттардың концентрациясы; ШРЕК С1 және ШРЕК Сnосы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы; N – коэффициент, І қауіптілік класына жататын заттар үшін – 1,0; II класс – 1,5;  III класс – 2,0;  IV класс – 4,0 тең.

Атмосфераны ластаушылардың «Р» көрсеткіші мына формула бойынша есептелінеді:

Р2 = Кi  ,

мұндағы қосынды белгісі; Кі –заттардың ШРЕК-тен есе өсімінің қосындысы, яғни келесі формула бойынша ІІІ класс қауіптілігіне айналдырылған:

К3 бірінші қауіптілік класына жататын заттар үшін = К1● 3,02.89lgK1;                                                                               

К3 екінші қауіптілік класына жататын заттар үшін = К2● 1,51,55lgK1;                                                                               

К3 төртінші қауіптілік класына жататын заттар үшін = К4● 0,751,05lgK1,                                                                             

мұндағы К3 – І, ІІ, ІV заттардың ІІІ класс қауіптілігіне айналдырылған ШРЕК есе     өсімі; К1, К2, К4 - І, ІІ, ІV қауіптілік класына жататын заттардың ШРЕК есе өсімі.

Шаң, ІІІ қауіптілік класына жатады, сондықтан К3 = 1.

Күкірттің қос тотығы, ІІІ қауіптілік класына жатады, сондықтан К3 = 1.

Көміртегі тотығы, ІV қауіптілік класына жатады, сондықтан К3 = К4· 0,751,05 lg K4= 1 · 0,751,05 lg 1= 1 · 0,75= 0,75

К4ШРЕК-тен есе өсімі, көміртегі тотығы концентрациясы 1 тең, яғни ШРЕК-ке сәйкес келеді  3,0 мг/м3, IV қауіптілік класына жатады.  

Азоттың қос тотығы, яғни ІІ қауіптілік класына жататын заттар,

К3 = К2·1,51,55 lg K2= 2·1,51,55 lg 2= 2·1,51,55· 0,3 = 2·1,50,46 = 2·1,21 = 2,42

К2 - ШРЕК-тен есе өсімі 2 тең, азоттың қос тотығының концентрациясы 0,08 тең болып тұр, ШРЕК-тен  2 есе жоғары, ШРЕК 0,004 мг/м3 тең,  ІІ қауіптілік класына жатады.  

Фенол, ІІ қауіптілік класына жататын заттар, сондықтан

К3 = К2·1,51,55 lg K2= 1,67·1,51,55 lg 1,67= 1,67·1,51,55· 0,22 = 1,67·1,50,37 = 1,67·1,16 = 1,94

К2 - ШРЕК-тен есе өсімі 1,67 тең, фенолдың концентрациясы 0,005 құраса, ШРЕК-тен 1,67 есе жоғары, ШРЕК  0,003 мг/м3тең, II қауіптілік класына жатады.

Р = Кi  = 12 + 12 + 0,752 + 2,422 + 1,942 = 12,2 = 3,5

«Р»  мәндері арқылы атмосфералық ауаның ластану дәрежесін анықтауға болады: егер 2-ге дейін болса рұқсат етілген ластану деңгейі; 2-4 - әлсіз; 4-8 – жоғары; 8-16 күшті; 16-дан жоғары болса - өте күшті.  Сонымен, «Р» -7,11 мәніне тең болып тұр, яғни атмосфералық ауаның орташа ластануы деп бағалауға болады.

Қорытынды: 2007 жылы N қаласында атмосфералық ауаның ластануы бойынша Кқос - 5,72, АЛИ5 – 12,79, Р – 7,11 мәндеріне тең болды. «Р» кешенді көрсеткіш бойынша атмосфералық ауаның ластануын әлсіз деп бағалауға болады, Кқос және АЛИ5 кешенді көрсеткіштері бойынша басқа жылдармен салыстыра отырып ластану динамикасын бақылау қажет.

Атмосфералық жауын-шашынның қышқылдығын анықтау әдістемесі.

Соңғы он жылдықта антропогенді іс-әрекет қоршаған ортаны санды және сапалы түрде өзгертуде. Осы үрдістерге байланысты «қышқылдық жауын-шашындар» жиі айтыла бастады.

Негізінен, ластамаған жаңбырлық судың рН 5,6 тең деңгейінде қышқылдық болады. Бірақ та кейбір елдердің қышқылдық жауын-шашынның деңгейінің өсуі, тек қана гигиенистерді ғана емес, басқаларды да назар аудартты. Олардың кең таралуы солтүстік Европада   және солтүстік Америкада , Жапонияда , Қытайда , ТМД елдерінде және оңтүстік Америкада анықталған.

«Қышқылды жауын-шашындар»  тек адам денсаулығына ғана әсерін тигізбейді, сонымен қатар ормандарға, топырақтарға, өзендерге және көлдерге , ауыл-шаруашылыққа пайдаланатын жерлерге , ғимараттарға және сәулетшілік ескерткіштерге де зор шығын алып келеді. Атмосфералық жауын-шашынның қышқылдануы «кең ауқымды» және атмосфераға өнеркәсіптің және автокөліктің тастамаларының бөлінуі, ауаның қышқылды газдармен ластануының жоғарылауы негізгі себеп болып табылады.

Қышқылдығы нормадан жоғарырақ әртүрлі  атмосфералық жауын-шашындар (жаңбыр, қар, тұман, шық) қышқыл жауын-шашындар  деп аталады. Су ерітіндісінің қышқылдығы бір литрдегі (Н+) (моль/л немесе г/л) оң сутекті иондарының Н+ концентрациямен анықталады.  Ерітінді сілтілігі гидроксилді иондардың қатысуымен сипатталады (ОН-). Егер сутекті және гидроксилді иондардың концентрациялары бірдей болса, яғни химиялық таза суға тән болса ерітінді бейтарап болып саналады.

 Қышқылдық дәрежесі (немесе сілтіліктің) ерітіндінінің рН сутекті көрсеткішімен анықталады, сутекті иондардың молярлы концентрациясы теріс ондық логарифмімен: рН =- lgc ( Н +) сипатталады. Егер ерітіндіде сутектік иондардың концентрациясы 10- 5 моль/л тең болса,  онда сол ерітіндінің қышқылдық көрсеткіш рН =5 тең. рН қышқылдық көрсеткіштің өзгертуі бірлікте сутекті иондардың концентрациясының он есе өзгеруіне сәйкес келеді. Сутекті иондардың концентрациясы рН = 3, 4 және 5 ортасына қарағанда рН =2 ортасында 10,100 және 1000 есе жоғары.

Қышқылды ерітінділерінде рН әрқашан <7 болады және неғұрлым ол төмен болса, соғұрлым қышқылды ерітінді болады, сілтілілерде рН әрқашан >7 болса, неғұрлым ол жоғары болса, соғұрлым сілтілі ерітінді болып табылады.  Қышқылдық шкаласы рН-тан басталады, рН-ы 0 тең болса (жоғары  қышқылдық ), рН- 7-ге дейін болса (бейтарап орта), 14-ке тең болса (жоғары сілтілік).  Құрамында ластаушы заттары жоқ таза жаңбырлық судың өзінде әлсіз қышқылдық (рН = 5,6) реакциясы болады,  сондықтан оған табиғи көмірқышқыл газ жеңіл ериді және әлсіз көмір қышқыл түзіледі: СО2+H20=H2CO3.  

 РН мөлшері 5,6-5,7 деңгейінде қоршаған ортаға қолайсыз әсерін тигізбейді, егер одан кішкене төмен көрсеткіштерді көрсететін болса онда қышқылдығы жоғары деп есептелінеді. Негізінен қышқыл түзуші газдарға  SО2, SО4, NО2, NО3 өнеркәсіп нысандарынан, электростанциялардан, қазандықтар  және транспорттандан бөлінетін тастамалар жатады. Атмосфераның қышқылдығына ең басты үлесті күкіртті қышқыл (60-70%), содан соң азоттық (30%), ең  төменгі орынды тұзды және көмір қышқылы алады.   

Қышқылды жауын-шашындар ластаушы көзден жүздеген километрлерге дейінгі қашықтықта топырақты және жер беті суларын қышқылдай отырып түзілуі мүмкін.   Атмосферадан азотты тотығы және күкірттің қос тотығы газдарды жойып, бұлттарда су тамшыларымен жеңіл сіңіретін күкіртті және азотты қышқылдар түзіледі. Лос - Анджелес ауданында жаңбырлық судың  рН- 3,6 шамасында болды, ал лимон шырын қышқылдарына сәйкес келетін тұманның рН – 2,0 дейін төмендеді.  1987 жылы АҚШ-да қоршаған ортаны қорғау агенттігінің адамдарда дамыған қышқылды аэрозолдардың жанында кенеттен пайда болатын ауруларының оқиғалары келтірілген, қышқылдық жауын-шашындардың проблемасына байланысты симпозиумы өтті. Олар көп жағдайда смог кезінде демікпелік ұстамалар немесе созылмалы бронхиттердің  қозуы түрінде көрінген.

7.3-кесте

Атмосфераның құрамына кіретін газдардың жіктелуі; Л. Хорват, 1990 .

Газдардың топтары                    

Аталуы    

         Болу уақыты

Тұрақты

Азот  

оттегі                                                           Аргон және басқа инертті газдар

Бірнеше мыңдаған жылдар бойы

Тұрақсыз

Көмірқышқыл газы

сутегі

Метан

Азоттың шала тотығы

[азот тотығы (I)] және т.б.                 

Бірнеше жыл (4-25)

Тез өзгеретіндер             

Су буы

Азоттың қос тотығы

[азот тотығы (IV)]

Күкірттің қос тотығы

[күкірт тотығы (IV)]

Күкіртті сутегі және т.б.

Бірнеше (2-10)                             

Л . Хорваттың (1990) қышқылдық жауын-шашындармен шұғылданған проблемасында, атмосфера құрамындағы барлық газдар үш топқа: тұрақты, тұрақсыз және тез өзгеретіндер деп бөлінеді (7.3-кесте). Атмосфераның тұрақты компоненттерінің өзгеруі гигиенистер үшін практикалық маңызы жоқ, себебі адамның әсерімен маңызды өзгерістер болмайды. Бірақ  та тұрақсыз концентрация, әсіресе күшті өзгеретін газдар адамның іс-әрекетінің нәтижесінен тез өзгеруі мүмкін.  Олар дымқылды седиментацияның пайда болуына алып келеді (7.12-сурет), яғни қышқылды жауын-шашынның жаууына себеп болады.  

7.12-сурет. Қышқылды жауын-шашынның түзілу схемасы; Л. Хорват, 1990.

Атмосфералық қышқылдық жауын-шашындарды анықтамау әдістемесі келесіде болады:

•  көлемі әртүрлі таза шынылы ыдысты (0,5-1,0 л) дистилденген сумен шаю керек, кептіргіш шкафта кептіру және қатты жаңбыр жауған уақытта ашық аспанның астына шығарып қою керек. Оларды бөтен қоспалар түспеу үшін әртүрлі ағынды сулардың астына қоюға болмайды;

•   сутекті иондарға талдау жасау үшін 10-15 мл жауын суын жинау қажет. Егер жиналған сынама көп көлемді болса, онда оны атомдық - сорғыш талдау жасау үшін микроэлементтерді, сонымен қатар, ауыр металдарды анықтауға болады;

•  қысқы мезгілде белгілі орындардан қар сынамаларын алып қоюға болады (бұл жағдайда сынама алатын және қар жиналу уақытына байланысты аудандарды белгілеп қою керек);

• сынама алып болғаннан кейін,  сутекті иондардың концентрациясымен әртүрлімен стандарттар әзірлеу үшін лабораториялық рН - метрде анализдер жүргізіледі;

 • өте қарапайым, бірақ жеткілікті дәлділікпен сынаманың қышқылдылығын анықтау тәсіліне химиялық заттардың  рН ортасының тәуелділігіне байланысты  (фенолфталеин, метилоранж, лакмус) түсін өзгертетін индикаторларды пайдалану болып табылады. рН қышқылдық көрсеткіші құрамында қышқылды реттеуші пигменттері бар индикаторлық қағаздың көмегімен  өлшенеді;

  •  атмосфералық ауа ластануының болжамды дәрежесі 7.4 кестеде берілген.

7.4-кесте

Атмосфералық жауын-шашынның қышқылдық жіктелуі

Атмосфералық жауын-шашындағы  рН мөлшері

Атмосфералық ауаның ластану дәрежесі                            

5,6—5,0

рұқсат етілген

5,0 төмен

Көтеріңкі

4,0 — 3,0

Жоғары

3,0 төмен

өте жоғары

Қазақстанда 1988 жылдан бастап гидрометқызметі республиканың  қышқылды жауын-шашындарына бақылаулар жүргізді, бірақ тек қана ірі өндірістік аймақтарда ғана жүргізген. Алматы қаласында ерекше климатты - географиялық жағдайларымен (жоғары пайызды штильге, тұманның түзілуіне, желдің төменгі жылдамдықтарына және инверсияға байланысты), «қышқылды жауын-шашынның» үнемі пайда болуы және жаууы біздің бақылауларымызда дәлелделген болатын. Сонымен қатар, отандық гигиенистер қазіргі уақытқа дейін осы сұрақтарды толық қарастырмай келеді.

Сонымен қатар, ауаның ластану дәрежесін бағалау көрсеткіштерінде атмосфералық жауындар басқа параметрлері бойынша анықталады, яғни олардан химиялық заттардың құрамы, соның ішінде ауыр металдар анықталады. Бұл жағдайда ластану дәрежесін бағалау үшін улылық потенциалы қолданылады (УП) және мына формуламен есептелінеді:

УП = ,

мұндағы Сi – атмосфералық жауын-шашындағы заттардың концентрациясы; ШРЕКi –регламентке сәйкестілігі.

Атмосфералық жауындарда химиялық заттардың құрамы үшін арналған нормативтардың жоқ болуын байланысты, су нысандарына арналған ШРЕК регламенті пайдаланылады.  Ауыр металдарды қарлардан сынама алып,  талдау жасау кезінде алуға болады. Қардан сынама алудың ешқандай қиындығы жоқ, бірақ та санитарлық дәрігер алынған сынаманы және қардың жиналған уақытын ескере отырып, сынамаға қажетті ауданды есептеуі қажет. Қардан алынған сынама белгілі уақыт аралығында жер бетіне тұнатын металдардың массасын анықтауға мүмкіндік береді, яғни аспирациялық сынамада бұны анықтау мүмкін емес.

Атмосфералық ауаны ластаушы көздер болып табылатын нысандарды пайдалану кезіндегі санитарлық - эпидемиологиялық талаптар.  

Атмосфералық ауаны ластаушы көз болып табылатын нысандардың басшылары білуі қажет:

• тастамалардың құрамындағы ластаушы заттарды төмендетуге бағытталған шаралардың орындалуын, үздіксіз, тиімді қондырғыларды пайдалану, тастамаларды тазарту үшін жабдықтар мен аспаптарды қамтамасыз ету;  

• атмосфераға тасталатын ластаушы заттардың құрамы мен санына тұрақты есеп жүргізу;

• селитебті аумақта атмосфералық ауаны ластаушыларға бақылау жүргізу. Анықталатын ластайтын заттардың тізімі, мерзімділігі және сынама алу нүктелерін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде орналастырады;

• барлық технологиялық үрдістердің немесе жабдықтардың өзгертулеріне (өндірістің қуаттылығының артуына, өндіріс үрдістерінің интенсификациясына және бекітілген жобадан басқа өзгерістерге) санитарлық - эпидемиологиялық қорытындылары болуы;

• бекітілген нормативтен асатын (ШРЕК немесе 0,8 ШРЕК) елді мекеннің атмосфералық ауасының ластануын болдырмау бойынша шараларды қолдану;

• жобалау бойынша жұмыстармен қамтамасыз ету және нысандарда СҚА  жайластыру;

• атмосфералық ауаға зиянды қоспалардың дүркін-дүркін түсу жағдайлары туралы мәліметтерімен мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызмет органдарын ақпараттау;

• апаттық жағдайларды тудырмау және болдырмау бойынша шаралар өңдеу.

Сонымен бірге:

– қондырғыларды реконструкциялағанда тастамаларды тазарту үшін жабдықтар мен аспаптарды бірге қарастырмаған кезде, тастамада зиянды заттардың көлемін жоғарлататын технологиялық жабдықтардың өнімділігін арттыруға;

– елді мекеннің атмосфералық ауасында тастамалардың зиянды заттарына ШРЕК және БРЕД бекітілмеген жағдайда рұқсат етілмейді.  

Сақтық санитарлық бақылау

Атмосфералық ауаның тазалығын сақтық санитарлық бақылауда қарастырады:

•    елді мекеннің бас жоспарымен келісу;

•   атмосфераның ластану потенциялы болып табылатын нысандар құрылысна жер алаңын бөлу;

•     құрылыс жобасына және өндіріс орындарының қайта құрылыс жобасына санитарлық сараптама;

•  өндіріс орындарының санитарлық қорғаныс аймағының және оның қайта түзету жобасына санитарлық сипаттама;

•  шекті рұқсат етілген тастама (ШРЕК) жобасына санитарлық сипаттама;

•  шаң және газдарды тазартатын қондырғылар құрылысын бақылау және оның пайдалануға берер алдындағы тиімділігін бағалау.

Құрылыс салу үшін жер алаңын бөлу. Нысандардың құрылысына арналған жер алаңын таңдау әдетте жоба алдындағы сатыда жүзеге асады. Нысандардың құрылысына арналған алаңды таңдауды ұйымдастыру, қажетті материалдардың дайындауын және белгіленген келісулердің және шешімдердің толықтығын  жобаға тапсырыс берушісі қамсыздандырады.

Алаңды талдау сатысында атмосфералық ауаны қорғау бойынша материалдар болуы қажет:

- аэроклиматтық жағдайларды және физикалық - географиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып,  жер рельефін, атмосфералық ауа ластануының фондық мәліметін,  сонымен қатар жылдық орташа метеопараметр бойынша атмосфераның ластану потенциалын (АЛП) анықтай отырып, ауданды, пунктіні, құрылысқа  арналған алаңды (жолдың)  таңдаудың негізділігі (7.5-кесте);

7.5 кесте

Метеорологиялық параметрлер бойынша АЛП анықталуы

Атмосфераның ластану потенциалы (АЛП)

Жер беткейлік инверсии

қайталануы, %

Араласу қабатының биіктігі, км

Тұманның ұзақтығы, сағ.

қайталануы, %

Қуаттылығы , км

Интенсивтілігі, град. С

0-1 м/сек желдің жылдамдығы

Ауаныңозғалыссыз тұрған күндері

төмен

20 – 30

0,3 - 0,4

2 -  3

10 - 20

5 - 10

0,7 - 0,8

80 - 350

орташа

30 – 40

0,3 - 0,5

3 -  5

20 - 30

7 - 12

0,8 - 1,0

100 - 550

көтеріңкі: континент-тік

теңіз жағалауын-дағы

30 – 45

30 – 45

0,3 - 0,6

0,3 - 0,7

2 -  6

2 -  6

20 - 40

20 - 40

3 - 18

10 - 25

0,7 - 1,0

0,4 - 1,1

100 - 600¦

100 - 600¦

жоғары      

40 – 60

0,3 - 0,7¦

3 -  6

30 - 60

10 - 30

0,7 - 1,6

50 - 200

Өте жоғары  

40 – 60

0,3 - 0,9

3 - 10

50 - 70

20 - 45

0,8 - 1,6

10 - 600

атмосфераға шығатын заттардың ШРЕК немесе БРЕД көрсетілген ластайтын заттардың тізімі.  Сонымен қатар, нормативте берілмеген заттарды тізімде көрсетуге рұқсат етілмейді, ал БРЕД үшін олардың жарамдылық мерзімі көрсетілуі керек;  

атмосфераны ластайтын заттардың тастамаларына сандық және сапалық сипаттамасы;

– өндірістің пайдаланған қалдықтарын және ластаушыларына ескертулер бойынша белгіленген шешімдері;

–   атмосфераға жалпылай тастамалар және апаттық жағдайлар мүмкіндіктері туралы мәліметтері;

–    санитарлық қорғаныс аймағын ұйымдастырылуы және мөлшерінің негізделуі;  

–   атмосфералық ауаны ластаушы заттарға жұмыс істеп тұрған (фондық ластаушылар), құрылыс жүргізіліп жатқан және құрылысқа белгіленген нысандарды есепке ала отырып болжамды есептеулер жүргізілуі;

–  графикалық материалдар: жұмыс істеп тұрған, құрылыс салынып жатқан және құрылысқа бекітілген нысандары ескерілген жағдайлық жоспар сызбасы, орташа жылдық «жел раушаны», әрбір румбалар бойынша желдің жылдамдығы, санитарлық қорғаныс аумағының мөлшері, атмосфераға тамтамалардың көзі болып табылатын белгіленген құрылыс нысандарының бас жоспары.

Тұрғын аймақта орналасқан жұмыс істеп тұрған нысандардың алаңына жаңа өндірістерді орналастырған кезде атмосфералық ауаның ластану мүмкіндігін есептеу керек, СҚА жобасы өңделеді және құрылыс нысандары аяқталған кезде аумақтан тұрғындарды басқа жерге қоныс аудару қажет.

Берілген мәліметтер бойынша санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес атмосфералық ауаны қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызмет органдары қабылданған шешімдердің сәйкестігі туралы қорытынды береді.

Жобаға сараптама жасау әдістемесі. Сақтық санитарлық бақылаудың негізгі міндеті ауа бассейін ластайтын өндірістік орындардың және басқа да нысандардың жобаларын қарау болып табылады. Бұл жобалар санитарлық қызметпен міндетті түрде келісуі керек, келіспеген жағдайда ол нысандарды жұмыс істеуге рұқсат етпейді.

Жобалау сатысында атмосфералық ауаны қорғау үшін санитарлық –эпидемиологиялық сараптама жүргізіледі:

– құрылыс нысандарының барлық жобалау-сметалық құжаттары;

– өңдеу кезінде шешімдерге өзгеріс енгізуді қажет еткен жағдайдағы  жобалау-сметалық құжаттары;

        – қайта салу, техникалық жабдықтар, өндірістің қауіптілік класы өзгерген жағдайда жаңа өндіріс нысанын салу, тастамаларға сапалық және сандық сипаттама беруге байланысты жобалары;

– қала құрушы жобалық-сметалық құжаттары;

Жаңадан салынатын, қайта салынатын немесе жұмыс істеп тұрған нысандарда техникалық жабдықталу кезінде қарастырылуы қажет:

– қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық үрдіс;

– табиғи ресурстарды кешенді өңдеу;

– өндірістік және санитарлық-техникалық жабдықтарды, тастамалардың ұсталуын, жоюын, залалсыздандыруын және атмосфералық ауаға ластаушы заттардың тастамаларын мүлдем шығарылмауын қамтамасыз ету;

– ұйымдастыру шаралары (газ тазарту және шаңдарды ұстау қондырғыларын пайдалану бойынша, тастамаларды бақылау және әсер ету аймақта зиянды заттардың ұсталуы бойынша лабораторияларды, қолайсыз метео жағдайлар және апаттық жағдайлар кезінде қызметтердің жасалуы).  

Жобалық-сметалық құжаттардың құрамында болуы қажет:

• ауданның физика-географиялық жағдайы туралы сипаттама, құрылыстың ауданы және оның жобалау кезіндегі есебі;

•   қабылданған жобалық шешімдерде технологиясы бойынша өндірісте ластаушы заттардың пайда болуының және ластаушы заттардың бөлінуінің азайтылуы туралы негіздеуі;  

•   атмосфераға бөлінетін тастамаларды тазарту үшін аспаптардың және қондырғылардың таңдалуының негізделуі;

•  ластаушы заттардың апаттық жағдайларда және бірден көп мөлшерде ауаға бөлінудің болдырмауға байланысты ұсыныстар;

 •  қолайсыз метеорологиялық жағдайда ластаушы заттардың ауаға бөлінуін төмендету бойынша шаралардың негізделуі;

 •  ластаушы заттардың атмосфераға кейбір цехтар, өндірістер, қондырғылар бойынша бөлінуіне сапалық және сандық сипаттамасы, ШРЕТ есептелуі;

•  атмосфералық ауадағы ластаушылардың деңгейі туралы мәліметтері (фондық концентрация);

•  СҚА жайластырылу және ұйымдастырылу жобасы;

•  өнеркәсіп орналасқан ауданда атмосфералық ауаның ластануын есептеген материалдары және оның анализі (өнімдердің трансформациясын ескере отырып алынған);  

•  атмосфералық ауаны ластаушылардан қорғау бойынша шаралардың орындалуын іске асыруға жұмсалатыны туралы сметалық ведомосттары;

• атмосфералық ауаны ластауға себепші болатын заттар үшін ауаны қорғау шараларының экономикалық тиімділігін жүзеге асыру бойынша есептелген нәтижесі және экономикалық шығынын бағалауы;  

• құрылыстың кезектілігі және шығарылатын кешендердің қолдануға енгізілуі;

• тастаманың құрамы мен санына бақылау әдістерінің негіздері және сипаттамасы;

•  ғылыми зерттелу, эксперименталдық және тәжірибелік жұмыстардың тізімі мен сипаты, яғни атмосфералық ауаны ластаушы заттардан қорғау бойынша қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін міндетті түрде орындалуы және олардың орындалуы туралы мерзімі. Ғылыми зерттеу жұмыстары ШРЕК-ны өңдеуде  БРЕД-пен   ауыстырылғанда жобалық-сметалық құжаттар бекітіліп біткенге дейін тіркелуі қажет және осы жұмыстардың  орындалуы келісім-шартпен бекітілуі қажет;

•  графикалық материалдар: жағдайлық жоспар онда СҚА, жұмыс істеп тұрған, салынатын және құрылыс салынуға белгіленген өндіріс орындарының, селитебті аумақтың, демалыс аймақтарының, санаториялардың, демалыс үйлерінің, пансионаттардың; атмосфераға ластаушы көз болып табылатын белгіленген нысан құрылысының алаңның бас жоспары; өндіріс және СҚА жайластырылуы бойынша графикалық материалдары;

•  қосымша: құрылыс үшін алаңды таңдау бойынша актіні; биік мұржа жобалаған кездегі аймақтық азаматтық авиациялық басқарманың қорытындысы.  

Энергетикалық нысандарда құбырлардың биіктігі 250 метрден жоғары,  ал басқа өндіріс орындарында белгілі органдардың келісімімен ғана құбырдың биіктігі 200 метрден биік  болуға рұқсат етіледі.

Құрылысы жүретін нысанның тапсырыс берушісі (құрылысын салушы) құрылысты қаржыландыруға бір ай қалғанда, құрылысы жүргізілетін нысанның тиісті аумағындағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы  саласындағы іс-шараны жүзеге асыратын атқарушы органға хабарлап, атмосфералық ауаны қорғау жөнінідегі шаралардың толығымен іске асуын бақылауға арналған жобаның барлық керекті бөлімдерін уақытша қолдану үшін ұсынуы керек.

Тапсырыс беруші белгіленген кешенді жерлерден максималды ластану деңгейін болжауға сәйкес, ауаның сапалы және сандық ластануларын анықтау мақсатында лабораториялық зерттеулер жүргізуі тиіс.

Жобаға сараптама жасау кезінде санитарлық дәрігер келесі сұрақтары қамтуы қажет:

  1.  Атмосфералық ауаны ластаушы көз ретінде нысанды толық бағалау: өндіріс технологиясының толық берілуі; тастама көздерінің саны; құрамы, көлемі және тастаманың тасталу кезеңдері.
  2.  Нысан аумағында ауаның ластану мүмкіндігінің дұрыс есептелуі. 
  3.  Газ тазарту қондырғыларының тиімділігіне берілген сипаттаманың негізденуі.
  4.  Берілген ауданның ауасының ластану мүмкіндігін есептеу кезіндегі аэроклиматтық ерекшеліктері.
  5.  Өндірістің болашақтағы даму мүмкіндігі.
  6.  Жобада атмосфераның фондық ластануының ескерілуі.
  7.  Жобада қабылданған санитарлық қорғау аймағының, өндірістің санитарлық жіктелуінің сәйкестілігі. СҚА ені атмосфераның максимальды ластану есебімен және «жел раушанымен» ескерілген сәйкестілігі.
  8.  Селитебті территорияға өндірістік нысандардың «жел раушаны» және жергілікті жердің рельефі есебі бойынша дұрыс орналасуы.   

Барлық атмосфераны ластаушы көздер екі топқа бөлінеді: ұйымдастырылған, яғни аспирациялық және желдеткіш жүйелері арқылы ауаға түтін құбырлары арқылы шығатын және ұйымдастырылмаған -  әртүрлі тығызданбаған аспаптар және коммуникациялар, шаңданушы материалдар арқылы, қоймалардан және күл-қоқыстардан және т.б. ауаға түсуі жатады.   

Бұл ластаушыларды, әсіресе атмосфераның жер беті қабатындағы ластаушы заттардың жалпы көлемінің қатынасын ескеру өте қиын.  

Ұйымдастырылмаған тастама төменгі ластаушы көздерге жатады және олардың ауада таралу қашықтығы шектеулі. Сол себептен санитралық қорғаныс аймағын көгалдандыруға ерекше көңіл аудару қажет, кей жағдайда ол жеткілікті шара болып табылады. Сонымен бірге өнеркәсіп қалдықтарын ашық жинауға тиім салу қажет, ол себебі ұйымдастырылмаған тастаманың негізгі көзі болып табылады.

Атмосфераның ластаушы көзі болатын қандай да бір нысанды жобалаған кезде, сол ластаушы заттардың тұну дәрежесі мен оның таралу қашықтығын есептейді.  Бұл есептеулер өндіріс маңындағы қолайсыз жағдайларды ескерген ең жоғарғы шамадағы химиялық заттардың концентрациясы негізінде алынуы қажет.

Бұл негізгі принциптерді санитарлық дәрігер сақтық бақылаудың барлық сұрақтары кезінде ескереуі керек. Мысалы, ЖЭС жобасында жағылатын отынның түрлеріне сипаттама беру арқылы (күл, күкірт, ылғалдылық, жылу шығару қабілеттілігі) жүргізіледі.  Егер жобаланған нысанда жағатын отынның бірнеше түрі (газ, көмір, мазут) берілсе, онда атмосфераның ластануына әсерін тигізетін отынның түріне бағытталуы қажет. Санитарлық дәрігер жобалаушыдан жағатын отынның  сапасы жағынан ең төменгі түрінен, соның ішінде күкіртті мазуттан шығатын тастаманың болжамды таралуы туралы есептеулерін сұрау қажет.  Бұндай талаптарды ескеру қажет екені практикада дәлелденген, себебі жобалағанда газбен жұмыс істейтін қуаты жоғары ГРЭС немесе ЖЭС кей жағдайларда күкіртті мазутты жағуды пайдаланған. Сонымен бірге өндірістің жоғары жүктемесінде ескеру қажет.

Нысандарды орналастыру, жобалау, құрылысын қайта жүргізу, жаңа нысандарды салу және оларды техникалық тұрғыдан жабдықтау кезінде, нысандардың қоршаған ортаны нысандарына әсер ететін (атмосфералық ауа, су нысандары, топырақ) шараларды қарастырып, жобалау құжаттарына сәйкес жүргізілуі керек.

Атмосфералық ауаны ластаушы зиянды заттардан және физикалық зиянды әсерлерден қорғауға бағытталған шаралар келесі жобалық құжаттарда қарастырылуы қажет, сонымен бірге санитарлық қызметпен келісілуі керек:

–  өндірістік күштерді дамыту және оларды орналастыру жөніндегі бас сызбасында (бас сызба);

–    өнеркәсіп саласын дамыту және орналастыру сызбасын (салалық сызба);

– экономикалық аудандар бойынша өндірістік күштерді дамыту және орналастыру сызбасын (аумақтық сызба);  

– нысандардың құрылысының тиімділігі туралы техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) және техникалық-экономикалық есептерін (ТЭЕ);

– өнеркәсіптік ұйымдарының тобындағы жалпы нысандар құрылысының бас жоспары аудандық деңгейіндегі жоспарлау сызбасы;

– қала құрылысын жобалау және сызба түріндегі құжатын.  

Нысандарды орналастырғанда, жобалағанда, құрылысын жүргізгенде, пайдалану үшін жаңа нысандарды салып, олардың құрылысын жаңартқан жағдайда тастаманың ластаушы заттарын максималды төмендету бойынша шараларды қолдану қажет. Бұл тек аз қалдықты және қалдықсыз технологияны пайдаланған кезде және табиғи ресурстарды кешенді пайдаланған кезде ғана қол жеткізуге болады.

Қолданылатын шаралар селитебтік аймақтың атмосфералық ауасындағы ластағыш заттар қанықпасының рұқсат етілген деңгейі қамтамасыз етіліп және тұрғындар көп демалатын орындарда 0,8  ШРЕК болуы керек. Ол үшін:

•  құрамындағы зиянды заттардың нормативін сақтау заттардың өнімдерінің жиынтықты биологиялық әсер етуін немесе атмосферадағы заттардың трансформацияға ұшырауын бағалай отырып, жүргізу керек;

• ауа атмосферасын ластайтын көз болып табылатын нысандардан ластау деңгейі анықталған нормативтерден асып кеткен аумақтарда нысандарды жобалауға салуға тиым салу;

•  атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың деңгейімен анықталатын нысандардың құрылысын жүргізуге арналған алаңды таңдау, бекітілген бас жоспарға немесе жоспарлау, не болмаса құрылыс жобасына сәйкес қаланың өнеркәсіптік аймақтары мен елді мекендерінде қарастырылуы керек;

•   жаңа нысандарды салуға арналған алаңды таңдау және нысандарды кеңейту аэроклиматтық сипаттаманы, жергілікті жердің рельефін, атмосфералық ауаның фондық ластаушылары туралы мәліметтерді есепке ала отырып жүргізілуі керек. Аэроклиматтық жағдайы қанағаттанарлықсыз алаңдарға бірінші және екінші кластардағы ұйымдарды орналастыруға болмайды.

Атмосфералық ауаның дағдарыстық жағдайымен (тымық, температураның өзгеруі, тұрақты түрдегі тұман) сипатталатын қатарынан үш күнге дейін созылатын аумақтарда жаңа нысандарды орналастыру және оларды кеңейту туралы мәселе әрбір жағдайда нақты түрде шешілуге тиіс.

Атмосфералық ауаны ластаушы көзі болып табылатын нысандар үшін санитарлық-қорғау аумақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің М.а. 2005 жылы 08.06. №334 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс объектілерін жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары құжатына сәйкес ұйымдастырылуы керек. СҚА ұйымдастыру және жайластырылу жобасы нысанның құрылыс жобасымен бірге өңделуі қажет. СҚА өндірістік немесе селитебті аумақты кеңейту үшін пайдалануға және нысан аумағының қосымша жер ретінде қарастыруға болмайды.  

СҚА ені өндірістердің санитарлық жіктелуі және ұйымдардан шығарылатын заттардың құрамында болатын зиянды заттардың атмосферада шашырау есебін ескере отырып, нысандардың тастамаларының құрамына және атмосфералық ауаның зертханалық тексеріс нәтижелеріне сәйкес анықталады.  

СҚА-ның енін ондағы желдің бағытын ескере отырып (р >12,5%), түзеткен жағдайда, оны негізгі бағыт бойынша  р <12,5% қысқартуға болмайды.  

 

Өнеркәсіп орындарының санитарлық-қорғаныс аумағының тиімді мөлшерін бағалау әдістемесі

 Өндірістік қалалар құрылысның практикасында дәлелденгендей, атмосфералық ауаны ластайтын өнеркәсіп орындары мен селитебті аумақтың арасында міндетті түрде санитарлық-қорғынас аумағы (СҚА) бекітілуі керек.   Сол себептен жаңадан салынатын және қайта қарастырылып салынатын өнеркәсіптер «Қоршаған ортаны қорғау» бөліміне кіреді, яғни тазарту қондырғыларын және СҚА тиімді мөлшерін пайдалана отырып тұрғындарды зиянды заттардан қорғауға мүмкіндік береді.

Санитарлық дәрігер атмосфераны ластайтын стационарлық нысандардан, сол нысанның  санитарлық-қорғаныс аймағы бар ма екенін және ол аймақ санитарлық талаптарға сәйкес келетіндігін анықтауы керек. Осы сұрақтар бойынша қазіргі кездердегі қолданыста бар Қазақстан Республикасының негізгі санитарлық құжаттарына мыналар жатады: «Өндіріс нысандарын жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары;  «Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалары және басшылық құжаты РНД – 211.2.01-97 «Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий».

           Өндіріс нысандарының санитарлық жіктелуіне сәйкес, оның қуаттылығына және қоршаған ортаға ластаушы заттардың бөліну санына  байланысты, қоршаған ортаға және адам денсаулығына олардың қолайсыз әсерлерін төмендету үшін келесі СҚА бекітіледі:

               –I класс нысан орындары үшін -  1000 м кем емес;

               –II класс орындары үшін - 500 м кем емес;

               –III класс орындары үшін - 300 м кем емес;

               –IV класс орындары үшін - 100 м кем емес;

               V класс орындары үшін - 50 м кем емес.

 

 Санитарлық-қорғаныс аумағында тұрғын үйлерді, тәрбиелеу және оқу ұйымдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, спорттық құрылымдарды, бақтарды және практерді орналастыруға тиым салынады. Селитебті аумаққа жақын тек қана зиянды заттарды бөлмейтін және жоғары деңгейді шуды шығармайтын  өнеркәсіптерді орналастыруға болады. СҚА-ның шекарасында тағамдық азық ретінде пайдалануға болмайтын ауыл шаруашылығына жарамды техникалық дақылдарды өсіруге рұқсат етіледі.

            СҚА-ғы мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қызмет ұйымының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының негізінде бекітіледі:

 • Қазақстан Республикасында қолдану үшін рұқсат етілген бағдарлама бойынша атмосфералық ауаның ластану деңгейін үлгілеу және қазіргі уақытта қолданыста бар стандарттарға сәйкес нысандардан шыққан тастамалардағы ластаушы заттардың есептелуі;   

 •  атмосфералық ауаның ластану деңгейін ШРЕК салыстырмалы түрде зиянды заттардың жиынтықты биологиялық әсер етуін ескере отырып, қолданыстағы, құрылыс жүріп жатқан және құрылысы жүретін нысандардан шығатын заттармен ластануын, сонымен қатар осы заттардың трансформацияға ұшырауын бағалай отырып үлгіленуі;  

 •  физикалық факторлардың әсер ету деңгейінің есептелуі;

• жобаланатын, құрылыс салынатын және қолданыстағы нысандарға әлемдік және отандық ұқсас нысандармен талдау жасалуы;           • аспаптық және зертханалық зерттеулердің нәтижесі.

        Санитарлық-қорғаныс аймағы өнеркәсіптің класына байланысты көгалдандырылуы керек және аймақтың ені:

  IV, V класс нысандары үшін ауданы 60% кем болмау керек;

 •  II және III класс нысандары үшін –50 % кем болмауы керек;

 •  I класс нысандары үшін –  40% кем болмауы керек.

Санитарлық-қорғаныс аймағын белгілі бір өндірістік нысандар үшін бекіту келесі сатылардан тұрады:

санитарлық-қорғаныс аймағының нормативті анықтамасы;

       • СҚА мөлшерінің ұзақ уақыт бойы бақыланғандығы (кем дегенде бір жыл). СҚА-ның шекарасында зиянды заттардың концентрациясы ШРЕКмк аспауы керек;

       •  атмосферадағы ластаушыларды РНД -211.2.01-97 нормативті құжаты бойынша  СҚА мөлшерінің жеткіліктілігін есептеп анықтау.

  Ең алдымен санитарлық дәрігер сол аумақта орналасқан атмосфераны ластаушы болып табылатын өндірістік нысанға санитарлық жіктелу талаптарына сай СҚА бекітуі қажет. Бірақта бұл нормативті құжатта СҚА-тың белгілі бір нысандар үшін тек минималды мөлшері ғана берілген.  

Егерде өнеркәсіп зиянды тастамаларды тазарту және залаласыздандыру шараларын жүргізгеннен кейінде тұрғын құрылыстың қорған ортасына қолайсыз әсерін тигізетін болса, онда СҚА-ның мөлшерін атмосфералық ауадағы өнеркәсіп тастамасының құрамындағы зиянды заттардың концентрациясын есептеу әдістемесі сай бекітіледі (РНД – 211.2.01-97).

7.13-сурет.  Қарашығанық конденсатты мұнай газ орнының (ҚМГКО) санитарлық-қорғаныс аумағы 

РНД – 211.2.01-97 нормативті құжатын пайдалана отырып санитарлық дәрігер санитарлық-қорғаныс аймағының тиімді мөлшерін есептеу үшін келесі негізгі сұрақтарды қарастыруы қажет:

  берілген нысандар үшін зиянды заттардың пайда болатын жер беткейлік концентрациясын анықтау;

   бұл концентрацияларды бақылау үшін тастаманың көзінен қашықтығын бекіту;  

   тастама көзінен әртүрлі қашықтықтағы зиянды заттардың жер беткейлік концентрациясын анықтау;

   өнеркәсіптің тиімді санитарлық-қорғаныс мөлшерін бекіту. Санитарлық заңдылықтар бойынша тиімді табиғи қорғау шараларын енгізген жағдайда СҚА мөлшері төмен болуы мүмкін.  7.13-суретте   Қарашығанық конденсатты мұнай газ орнының (ҚКМГО) сызбасы берілген, яғни тастамаларды тазартудың тиімді шараларын енгізуден кейінгі белгілі бір кезең аралығында тастамалардың көлемі төмендеуі бойынша мөлшері берілген. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы санитарлық заңдылықтарда, нормативті құжаттармен салыстырғанда СҚА мөлшерін тек үлкейтумен ғана қарастырылған.   

             СҚА нормативті аймағы тек мынадай жағдайда ғана үлкейтіледі:

 • «Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалары құжатына селитебті аумақтың атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың мөлшері  сәйкес келмеген жағдайда, ескірген технологиялық жабдықтардың болуы;

 •  газды, шаңды ұстағыш қондырғылардың жұмыс істеу тиімділігі төмендегенде және гигиеналық нормативке дейін атмосфералық ауаны ластаушылардың төмендеуі туралы техникалық шешімдердің болмауы кезінде;

 •   селитебті және өндірістік аумақтардың желдің басым бағытына қолайсыз орналасуы;

 •  техникалық құралдармен ластану деңгейін төмендету мүмкіндігі болмағанда СҚА-ның шекарасынан тыс жерде, атмосферадағы химиялық заттардың мөлшерінің ШРЕК-тен және шудың, дірілдің, радиожиіліктегі электромагниттік толқынның және басқа да зиянды физикалық факторлардың деңгейінің мүмкіндік шегінен жоғары болуы.

 Өнеркәсіптің санитарлық-қорғаныс аймағында зиянды заттардың ең жоғары концентрациясының мөлшері атмосфералық ауада сол заттың  См максималды бір реттік шекті рұқсат етілген концентрациядан аспау керек (ШРЕКмр):  

См £ ШРЕКмр  

Атмосфералық ауада бірнеше заттардың (n) бір мезгілде бірігіп кездесетін, яғни біріккен улылық әсер беретін және олардың біріккен концентрациясы (Ссум ) формула бойынша есептелгенде 1-ден аспауы қажет:

,

мұндағы С1, С2, … Сn (мг/м3) – атмосфералық ауадағы зиянды заттардың есептелген концентрациясы; ШРЕК1, ШРЕК2, … ШРЕКn (мг/м3) –

ШРЕК сәйкес максималды бір реттік концентрация

Санитарлық-қорғаныс аймағының мөлшерін есептеу әдістемесі.

Белгілі-бір ластаушы көз нүктесінен См (мг/м3) зиянды заттардың жоғары жер беткейлік концентрациясы қолайсыз метеорологиялық жағдайларды мына формула бойынша бекітіледі:

;

мұндағы А – атмосфераның температуралық стратификациясына байланысты коэффициент, Орта Азия, Қазақстан үшін – 200; М –(г/с) уақыт бірлігінде атмосфераға тасталынатын зиянды заттардың массасы; F – атмосфералық ауада зиянды заттардың шөгу жылдамдығын ескеретін өлшемсіз коэффициент, ол мынадай кездерде: а) газ тәрізді заттар үшін және ұсақ бөлшекті аэрозолдер үшін (шаң, күл және т.б. шөгу жылдамдығы нөлге тең) – 1, б) ұсақ бөлшекті аэрозолдер үшін  («а» бөлімінде көрсетілгендерден басқа), егер тастаманы тазарту коэффициенті 90 % төмен болмаса – 2; 75-тен 90 %-ға дейін болса – 2,5; 75 %  төмен және тазарту жүргізілмеген жағдайда – 3; h - жер рельефін ескеретін өлшемсіз коэффициент, 1 км радиуста биіктіктің ауытқуы 50 м-ден аспайтын жағдайда, h = 1; Н – жер деңгейінен тастама көзіне дейінгі биіктік (мұржаның биіктігі) (м); DТ – тасталынатын газды-ауалы қоспаның температурасы мен атмосфера температурасының айырмасы; V1 – шығатын газды-ауалы қоспаның көлемі (м3) және ол мына формула бойынша анықталынады:

,

мұндағы D – тастама көзінің диаметрі (м);  w0 - тастама көзінен шығатын газды-ауалы қоспаның орташа жылдамдығы (м/с); m және n – мұржа аузынан газды-ауа қоспасының шығу жағдайын ескеретін коэффициент.

m коэффициенті 7.15- суреттің (РНД - 211.2.01-97, 2.1- графигі) көмегі арқылы f параметрі бойынша анықталады, яғни мына формула бойынша:

n  коэффициенті 7.16- сурет (РНД - 211.2.01-97, 2.2- графигі) бойынша vм (м/с) параметріне байланысты анықталады:

n = 1 при vм³2.

Зиянды заттардың жер беткейлік максималды См концентрациясының  Хм  қашықтығы  мына формула бойынша анықталады:                                                                                      

,

мұндағы Хмзиянды заттардың жер беткейлік максималды концентрациясын бақылауда алау осі бойынша тастама көзінің қашықтығы(м); dформула бойынша анықталынатын немесе сол формуланың негізінде жасалған 7.6 кесте анықталынатын өлшемсіз шама.

7.6-кесте.

Vм және f мәндеріне байланысты өлшемсіз d коэффициентінің мәні.

F

Vм

0,5

1,0

1,5

2,0

3,0

4,0

5,0

6,0

7,0

0

2,0

5,0

7,5

10,0

12,0

14,0

15,0

17,0

18,0

0,1

2,2

5,8

8,8

11,0

13,0

15,0

17,0

19,0

20,0

0,2

2,5

6,2

9,5

11,5

13,5

15,5

18,0

20,0

21,0

0,5

2,8

6,8

10,0

12,0

14,0

17,0

18,5

21,0

22,0

1

3,1

7,4

11,1

14,0

15,0

18,0

19,0

22,0

23,0

2

3,4

8,0

12,3

15,0

17,0

20,0

22,0

23,0

24,0

5

3,7

8,6

13,2

16,0

18,0

21,0

24,0

25,0

28,0

10

4,0

9,2

14,4

17,0

21,0

22,0

27,0

28,0

30,0

20

4,3

9,8

15,8

18,0

23,0

24,0

28,0

30,0

--

50

4,7

10,4

17,0

20,0

25,0

28,0

30,0

--

--

100

5,0

11,0

18,0

23,0

28,0

30,0

35,0

--

--

Мысал: 

Газдардың тастамасы кезінде (F = 1), мұржаның биіктігі (Н) 50 м, f = 10,0 и Vм = 1,5, яғни d мәні 14,4 тең болғанда,  

Атмосферадағы алаудың осі бойынша әртүрлі қашықтықтағы Х (м) тастамалардың тастама көзінен зиянды заттардың жер беткейлік концентрациясын С (мг/м3) мына формула бойынша анықталынады:

,

мұндағы S1 мәндеріне байланысты 7.17 сурет бойынша (РНД - 211.2.01-97, 2.4-графигі бойынша) анықталынатын өлшемсіз коэффициент; Сматмосфералық ауадағы зиянды заттардың жер беткейлік максималды концентрациясы (мг/м3); Хмтастама орнынан зиянды заттардың (м) жер беткейлік концентрациясы байқалатын жерге дейінгі қашықтығы; Х – ауадағы зиянды заттардың ШРЕК-не тең болғандағы қашықтығы (м).

L0 мәні S1 өлшемсіз мәннің көмегімен, мына формула бойынша анықталады:

,

мұндағы ШРЕКсанитарлық қорғаныс аймағына байланысты (мг/см3) есептелінетін зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы;

Смосы заттардың жер беткейлік максималды концентрациясы (мг/м3).

7.17 суреттен (РНД - 211.2.01-97, 2.4 графигі бойынша) S1 мәні бойынша  қатынасының сандық мәні алынады, мұндағы Х –ізделіп отырған мән L0 тең; Хм – ауадағы зиянды заттардың максималды концентрациясының бақыланатын қашықтығы.

Жеке проблемды жағдайлар бойынша қорытындыда елді мекеннің атмосфералық ауасының ластану дәрежесін гигиеналық бағалау және ауа бассейін қорғауға бағытталған алдын алу шаралар жобасы болуы қажет.

Жағдайлық есептерді шығару мысалдары:  

1 есеп.

                           Павлодар обласының Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігер   А.А.Маметовқа

Сізден жасанды талшық зауытын орналастыруға арналған алаңға келісім беруіңізді сұраймын. Жақын тұрған елді мекенге дейінгі ара-қашықтық 2800 м (Х). Атмосфералық ауаның ластану дәрежесін сипаттайтын негізгі параметрлері:  

Газды тастаманың көлемі (V1) 50 м3/сек тең.

Тастамадағы зиянды заттардың құрамы (М):

Күкіртті сутек – 1,0 г/сек.

Күкіртті көмірсутек – 20 г/сек.

Динил – 10 г/сек.

Мұржаның биіктігі (Н) – 100 м.

Газдың температурасыг) – 1500С

Ың ыстық айдағы ауаның температурасыв) – 300С

Мұржадан шығатын газдардың шығу жағдайын есептегендегі параметрлердің мәні:  f – 0,5; Vм – 2,5.

Жасанды талшық зауытының бас инженері                              Иванов В.В.

Есептеу алгоритмі:

1. Алаудың жер бетіне қону орнынан максималды мүмкіндік концентрациясын м) мына формула бойынша анықтау керек:

а) А – Казахстан үшін – 200;

б) Fгазы тастама кезінде -1,0 тең;

в) m –7.14 сурет бойынша f = 0,5 болған кезде 1,0 тең;

г) n –7.15 сурет бойынша Vм = 2,5 болған кезде 1,0тең;

д) h -  50 м биіктіктен жоғары күркіреме болмаған кезде -1,0 тең;

е) DТ –Тг - Тв = 150 – 30 = 120 тең;

ж) мәнін 7.7 – кесте бойынша анықталады.

Таблица 7.7.

мәндері

1000

10

15000

24,7

4000

16

20000

27,1

4800

16,8

22000

28,0

6000

18,2

22500

28,2

8000

20,0

28000

30,4

9000

20,8

43750

35,2

9360

21,1

100000

46,5

11900

22,8

122500

49,7

12000

22,9

--

--

14000

24,2

--

--

Әрбір берілген заттар үшін мәліметтерді формулаға саламыз:

Күкіртті сутек 

Кұкіртті көміртек 

Динил        

Алынған мәліметтерді бір реттік ШРЕК салыстырып, рұқсат етілген концентрациядан жоғары деңгейі бар ма екенін анықталады.

2. Ластаушы көзден қандай қашықтықта (Хм) мұндай концентрация пайда болатынын анықтау үшін мына формула бойынша анықталады:

7.6 – кесте бойынша  f = 0,5 және Vм = 2,5 болған кезде d = 13, яғни:

3. Елді мекенге дейінгі қашықтық (Х)– 2800 м. Осы қашықтықта қандай зиянды заттардың концентрациясы болаты анықталады.

Есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:  

Қатынастар -  - тең болатынын анықтаймыз.

2.4 – графигі бойынша (РНД - 211.2.01-97)  S1 = 0,7 тең болатынын табамыз.

Скүкіртті сутек = 0,001 ∙ 0,7 = 0,0007 мг/м3;

Скүкіртті көміртек = 0,02 ∙ 0,7 = 0,014 мг/м3;

Сдинил = 0,01 ∙ 0,7 = 0,007 мг/м3.

Есептеулерден 2800 м қашықтықта күкіртті көміртек концентрациясы орташа тәуліктік ШРЕК жоғары болады.  

Бірақта ҚР «Өндіріс объектілерін жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары құжатына сәйкес жасанды талшықты өндіріс орындарының санитарлық қорғаныс аймағы 1000 м тең. Сонымен қатар, алаулардың жерге қону орындарында зиянды заттардың концентрациясы ШРЕК-тен жоғары болмаса да, күкіртті сутек пен динил біріккен әсер көрсетеді:

, яғни 1-ден жоғары екенін көрсетіп тұр.

СҚА қажетті мөлшер S1 коэффициенті арқылы анықталады:

7.16 суреттен S1 = 0,9 мәні, 1,2 сәйкес келеді, бұдан Х = Хм ·1,2 = 1300 · 1,2 = 1560 м., яғни СҚА қажетті мөлшері = 1560 м.

Қорытынды: есептеулер соңында СҚА мөлшері 1560 м. екені анықталды, сонымен қатар, міндетті түрде атмосфералық ауадағы күкіртті көміртекті тастаманы төмендету үшін қосымша шаралар жүргізу қажет: 1) технологиялық - …; 2) санитарлы-техникалық - …; 3) жоспарлаушы - ….

7.14- сурет. Өлшемсіз m коэффициентін анықтауға арналған график.

(РНД - 211.2.01-97,  2. 1 - сурет.)

7.15- сурет. Өлшемсіз n коэффициентін анықтауға арналған график.

(РНД - 211.2.01-97,  2. 2- сурет.)

7.16 - сурет. Өлшемсіз S1коэффициентін анықтауға арналған график.

(РНД - 211.2.01-97, 2. 4-сурет.)

Мұндағы а –  х/хм мәндеріне арналған:    1-ден 8 дейін; б –х/хм  мәні 8-ден жоғары;

1 – жеңіл қоспалар үшін; 2 – ауыр қоспалар үшін.

2 есеп.

Қазақстанның N. Қаласында жылу электр орталығын орналастыру жоспарлануда. Биіктігі 120 м мұржадан атмосфераға шаң – 450 г/сек, күкірттің қос тотығы – 1120 г/сек, азоттың қос тотығы - 560 г/сек бөлінеді. Елді мекенге дейінгі фактілі қашықтық 2300 м. жергілікті жердің тегістігі, n -1. Газдың көлемі – 250 м3/сек, газдың температурасы – 145 0С. Ең ыстық айдағы ауаның температурасы  - 32 0С. Мұржадан шығатын газдың параметрі f – 0,5; Vм – 2,5, D– 10,0.

Атмосфералық қабаттағы жер беткейлік максималды концентрацияны анықтаңдар және СҚА  ұйымдастыру бойынша ұсыныстар беріңіздер.

Аузы дөңгелек тәрізді жеке шығу көзінен қолайсыз метеорологиялық жағдайлардағы ыстық және суық тастамалардың жер беткейлік максималды концентрациясы төмендегі формуламен анықталынады:

- ыстық тастамалар;

- суық тастамалар;

,

мұндағы, А – атмосфераның температуралық стратификациясына байланысты коэффициент: Казахстан және Орта Азия үшін – 200;

М – атмосфераға тасталынатын зиянды заттардың массасы (г/с);

Fатмосфералық ауадағы зиянды заттардың шөгу жылдамдығын ескеретін шектеусіз коэффициент, ол: а) газ тәрізді зиянды заттар және ұсақ дисперсті аэрозольдер үшін (шаң, күл және т.б., яғни шөгу жылдамдығы практика жүзінде нольге тең) – 1, б) ұсақ дисперсті аэрозольдер үшін, егер тазарту орташа эксплуатациялық коэффициенті 96 % жоғары болса - 2;  75-тен  90 % дейін- 2,5;  75 % тен аз және тазарту болмаған жағдайда –3;

hәрбір 1 км-де төбелердің биіктігі 50 м-ден аспайтын тегіс және әлсіз кескінді рельефтің әсерін секеретін шектеусіз коэффициент, h = 1;

Н – жер бетінен ескергенде тастама көзінің биіктігі (м);

V1тасталынатын газ-ауалы қоспаның көлемі 3).

Ыстық тастамалар үшін алаудың жер бетімен қиылысатын нүктесіндегі күтілетін максималды концентрациясы м) мына формуламен анықталады:

а) А – Казахстан үшін – 200

б) Fгазды тасмалдау үшін -1,0

в) m –  2.1 графигі (РНД - 211.2.01-97) бойынша  f = 0,5 болғанда, 1,0 тең

г) n 2.2 графигі (РНД - 211.2.01-97) бойынша  Vм = 2,5 болғанда, 1,0 тең

д) h -  50 м.-ден жоғары ауытқулардың болмауына байланысты, 1,0 тең

е) DТ –Тг - Тв = 145 – 32 = 113 тең

ж) мөлшерін 7.7 кесте бойынша табады.

Барлық мәліметтерді формулаға қойып, әрбір зат үшін жеке-жеке есептелінеді:

Шаң

Күкірттің қос тотығы              

Азоттың қос тотығы  

Осындай концентрациялар шығу көзінен қандай қашықтықта (Хм) болатынын төмендегі формула бойынша анықтаймыз:

Газды тастама кезінде (F = 1), мұржаның биіктігі (Н) 250 м тең, 7.6 кете бойынша  f = 0,5 және Vм = 2,5 болған кезде  d мәні 13,0 тең болады, сонда 

мұндағы, Хмзиянды заттардың қолайсыз метеорологиялық жағдайларда алау осі бойынша тастама көзінен байқалатын қашықтық (м); dформула бойынша және осы формулалар негізінде құрастырылған 7.6 кесте бойынша анықталған шектеусіз коэффициент.

Тастама алу осі бойынша ластаушы көзден әртүрлі қашықтықтағы Х (м) атмосферадағы зиянды заттардың жер беткейлік концентрациясының С (мг/м3) мөлшері мына формуламен анықталынады:

,

мұндағы,  S1мәніне байланысты 7.17 сурет бойынша (РНД - 211.2.01-97, 2.4 график) анықталатын шектеусіз коэффициент; Сматмосфералық ауадағы зиянды заттың максималды жер беткейлік концентрациясы (мг/м3); Хмтастама орнынан зиянды заттардың жер беткейлік концентрациясы байқалатын ара-қашықтық (м); Х – атмосферадағы зиянды заттардың концентрациясы ШРЕК-ке тең қашықтығы (м).

Елді мекенге дейінгі фактілі қашықтық (Х) – 2300 м. Зиянды заттардың концентрациясы осы қашықтықта қанша болатынын анықтау қажет.

Қатынасын табамыз –  

2.4 графигі бойынша (РНД - 211.2.01-97)  S1 = 0,9 екендігін табамыз

Сшаң = 0,9 · 0,206 = 0,185 мг/м3;

Скүкірттің қос тотығы = 0,9 · 0,512 = 0,461 мг/м3;

Сазоттың  тотығы = 0,9 · 0,256 = 0,23 мг/м3.

Есептеулер бойынша шаңның концентрациясы  (ШРЕК – 0,5) және  күкірттің қос тотығы (ШРЕК – 0,5) ШРЕК-тен жоғары емес, ал азоттың  тотығы (ШРЕК – 0,085) 2300 м қашықтықта   ШРЕК-тен жоғары екенін көрсетті.

Бірақта, Астанада 2005 жылы бекітілген «Өндіріс объектілерін жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары құжатына сәйкес жылу электр орталығы үшін санитарлық-қорғаныс аймағының мөлшері  1000 м кем болмауы керек. Сонымен қатар 2004 жылы бекітілген «Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалары құжатының 2 кестесіне сәйкес  күкірттің қос тотығы мен азоттың тотығы қосарланған әсер береді:

яғни 1-ден жоғары.

СҚА-ның қажетті мөлшері  S1 коэффициенті арқылы кері тәртіппен анықталады:

7.17 сурет бойынша (РНД - 211.2.01-97, 2.4 график) S1 = 0,27 тең, ол 5,25 –ке сәйкес келеді, осыдан Х = Хм ∙ 5,25 = 1560 ∙ 5,25 = 8190 м., яғни СҚА-ның қажетті мөлшері 8190 м.

Қорытынды: Жүргізілген есептеулер бойынша СҚА-ның қажетті мөлшері 8190 м., міндетті түрде атмосфералық ауадағы күкірттің қос тотығы және азоттың қос тотығын төмендету үшін қосымша технологиялық, санитарлы-техникалық, жоспарлау шаралар жүргізу қажет.  

Санитарлық-қорғаныс аймағын желдің бағытына байланысты қайта түзету

Санитарлық жіктелу немесе есептеулер бойынша, орташа жылдық «жел раушанына» байланысты нысандарды орналастыру ауданның алынған өндіріс орындарының санитарлық қорғаныс аймағының мөлшері жеке румбалар бойынша анықталуы қажет. РНД РК 211.2.01 – 97 «Методика расчета концентраций в атмосферном воздухе вредных веществ, содержащихся в выбросах предприятий» құжатына сәйкес, егер сегіз румба бойынша орташа жылдық желдің қайталану жиілігі 12,5% жоғары болса, онда оның мөлшеріне үлкейту жүргізу мына формула бойынша есептелінеді:  

L = ,

мұндағы L (м) – СҚА соңғы мөлшері;  L0 (м) –  СҚА түзету жүргізілмеген кездегі есептелген мөлшері; Р (%) – 12,5 % жоғары румба бойынша желдің қайталану жиілігі; Р0 (%) –  румба бойынша орташа желдің қайталануы (12,5 %);

Егер желдің соғуы айналма қайталанғыштығы 100 % деп алсақ, онда сегіз румбаның «жел раушаны» әрбір румбаға   = 12,5 %  болады және мұндай жағдайда аймаққа қайта түзету жүргізілмейді,  барлығы географиялық румб бойынша бірдей болады.  Егерде желдің қайталану жиілігі 12,5 % төмен болса, онда аймақтың мөлшерін төмендетуге болмайды. Желдің соғу жылдамдығы 12,5 % жоғары болса онда қайта түзету жүргізіледі, яғни СҚА –на қайта түзету жүргізу керек және мөлшерін үлкейтуді қажет етеді.  Аймақты үлкейту «жел раушанының» ортасынан желдің бағыталғаны бойынша румбаның қарама-қарсы бетіне жүргізіледі.

Жобалау кезінде румбалар бойынша СҚА мөлшерін төмендетумен жиі қателер жібереді, бұл ҚР «Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережеле мен нормалары құжатына қарама-қарсы келеді, яғни «СҚА-ның енін ондағы желдің бағытын (р>12,5%)қоса есептей отырып, түзеткен жағдайда, оны негізгі бағыт бойынша р<12,5% қысқартуға болмайды».

 

Мысал.

1 қауіптілік класына жататын өнеркәсіп орнының санитарлық-қорғаныс аймағы – 1000 м деп есептелінген. Желдің қайталану бағыты СБ бойынша - 15 %, О бойынша - 18 %, Б бойынша - 10 %, ОБ - 8 % және т.б. құрайды. СҚА желдің соғу бағытына байланысты қайта түзеуді жүргізу керек.

Санитарлық дәрігердің іс-әрекеті:

Желдің соғу бағыты бойынша 12,5 % жоғары: СБ және О румбалары бойынша, сол себептен СҚА мөлшерін географиялық ендік бойынша ОШ және С қарай үлкейту керек, ал басқа бағыттары бойынша 1000 м деңгейінде қалуы керек.

Есептелуі:

     L – ОШ румбасы бойынша  = 1000 · =  1000 · 1,2 = 1200 м  

              L - С румбасы бойынша  = 1000 ·  = 1000 · 1,44 =  1440 м

Қорытынды. Санитарлық-қорғау аймағының мөлшерін ОШ румбасы бойынша 1200 м дейін, С румба бағыты бойынша -1440 м дейін үлкейтілуі керек, ал қалған румбалар бойынша есептелген мөлшер көлемінде – 1000 м деңгейінде қалуы керек.

Шекті рұқсат етілген тастамалар (ШРЕТ) жобасына санитарлық сараптама әдістемесі.  

Атмосфералық ауаны ластаушы болып табылатын әрбір пайдаланылатын нысанға ШРЕТ әзірленіп, әр нормативке тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органымен бекітілуі керек.    

Атмосфералық ауаға зиянды заттардың ШРЕТ нормативін сақтау үшін жүргізілетін шараларды жүзеге асыру кезінде, атмосфералық ауаның тұрақты түрдегі ластану көздері бар нысандар осы ластаушы заттарды белгілі бір мөлшерге дейін төмендетуге зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететін немесе тастамалардан мүлдем жойылуға дейінгі сатылы жобалар өңдеуі қажет

ШРЕТ қамтамасыз етуге дейінгі әрбір сатыда кәсіпорынның тастама деңгейіне ең жақсы технологиялық жетістіктер арқылы зиянды заттарға уақытша келісілген тастама (УКТ) бекітіледі.

ШРЕТ (УКТ) бекіту кезінде өндірістің болашақтағы дамуы, жергілікті жердің физикалық-географиялық және климаттық жағдайлары, өндіріс алаңдарының орналасуы және жұмыс істеп тұрған нысандардың орналасуы мен белгіленген тұрғын құрылыстың, санаториялардың, қаладағы демалу орындарының, өндіріс алаңдары мен селитебті аймақтардың өзара орналасуы және тағы да басқалары ескерілуі керек.

Өндіріс орындарын жобалауда санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және ұйымдастырымаған тастамалардағы зиянды заттарды максималды төмендету және жою үшін соңғы жетістікке жеткен технологияларды, тазарту әдістерін және басқа да технологиялық заттарды кеңінен пайдалану арқылы жүзеге асыру қажет. ШРЕТ (УКТ) мәндері және оларды негіздейтін мәліметтер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен келісілуі керек және белгілі тәртіппен бекітілуі қажет. Атмосферадағы зиянды заттардың таралуына биіктігін үлкейту есебінен пайдалану барлық зиянды заттарды соңғы техникалық құралдарды қолданғаннан кейін ғана зиянды заттардың тастамалары қысқартылғаннан кейін рұқсат етіледі.  Егер бөлек кәсіпорынның тастамаларындағы зиянды заттарды төмендету мүмкін болмаған жағдайда, онда осы кәсіпорынды қаланың селитебті аумағынан шығару мерзімі аумақтық-ведомствалық жоспарда қарастырылуы қажет, осы кәсіпорынның немесе нысанның жұмыс істеу профилінің өзгертілу және олардың санитарлық-қорғаныс аймағы  ұйымдастырылуы керек.

Тастамалардың атмосфераға түсуінің үлкен маңызы, яғни барлық ластаушы көздер туралы мәліметтерді, олардың құрамы мен көлемін жүйеге келтіруге болады. Бұл 1980 жылы шыққан МемСТ–та «Охрана природы. Атмосфера. Правила установления предельно допустимых выбросов вредных веществ промышленными предприятиями» енгізілген болатын.  

МемСТ-тың негізгі талаптары шекті рұқсат етілген тастамалар әрбір ластаушы көздер үшін бөлек берілген, әрбір ластаушылар үшін бұл тастамалардың басқа нысандардың фондық концентрациясын есепке ала отырып ШРЕК-тен асатын жербеткейлік концентрация ескерілмеген.  

Егер тұрғын мекеннің ауасында зиянды заттардың концентрациясы ШРЕК-тен асатын болса, ал ШРЕТ-ке қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, кейбір жағдайларға байланысты тастамалардағы зиянда заттарды сатылы түрде төмендету енгізіледі. Әрбір сатыда ең жақсы технологиясымен осы өнеркәсіпке ұқсас өнеркәсіптерге бағыттай отырып,  уақытша келісілген тастама (УКТ) бекітіледі.

ШРЕТ және УКТ құжаттарын міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерімен келісуі керек.  Тастамалардың биіктігін жоғарылату есебінен жер беткейлік ластаушыларды төмендету соңғы кездегі газдарды тазарту қондырғыларын қолданғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Атмосфералық ауа сапасын критериялау  ШРЕТ бекіту кезінде ШРЕК болып табылады және оның қатынасы:  

,

мұндағы С – жер беткейлік қабаттағы заттардың есептелген концентрациясы.

Атмосфералық ауадағы химиялық заттардың фактілі концентрациясы оның ШРЕК қатынасы кезінде бірден жоғары болмауы керек. Курорттық аймақтарда бір санының орнына 0,8 ШРЕК алынады, яғни ШРЕК 20 % төмендейді, бұл жағдайда міндетті түрде фондық ластану (Сф) және С концентрациясының орнына С + Сф  алынады немесе сол ШРЕК-тен Сф алынып тасталады.

Ерекше көңілді УКТ мәндеріне бөлу қажет. Гигиенист дәрігердің негізгі көз қарасы  тұрғындар денсаулығы үшін максималды қауіпсіздікті тудырмау болып табылады. Қажетті жағдайда уақытша қорғау шаралары – жоспарлау сипатында қарастырылуы керек. Бос түрінде кездесетін аумақтарда санитарлық қорғаныс аймағының мөлшерін үлкейту түрінде қарастыру қажет.  Егер мұндай жағдай болмаған кезде қаланың бас жоспарында уақытша қатаң құрылыс тәртібіндегі аймақ бекітіледі. Бұндай аймақтардан балалар мекемелері алынып тасталады, жаңа тұрғын құрылыстарын салуға рұқсат етілмейді.

Егерде ШРЕК-ке жету мүмкін болмаған жағдайда міндетті түрде өндірістің қуаттылығын төмендету керек. ШРЕК-ті есептеу арнайы өңделген бағдарлама бойынша ЭЕМ жүргізіледі. Сақтық санитарлық бақылаудың ең негізгі міндеті өнеркәсіп орындарының болашақтағы дамуын ескеру болып табылады. Сондықтан нысандардың жобасын өңдеу кезінде санитарлық қызметке оның болашақтағы дамуы туралы негізделген материалдарды ұсыну керек.

7.17 - сурет. Қала сызбасының типтік картасы.

1 – металлургиялық зауыт;   2 – азотнотукты зауыт;   3 – ГРЭС;

4 – қазандық;  5 – цемент  зауыты;  6 – машина құрылыс зауыты;

7 – жеңіл өнеркәсіп орындары; 8 – үй құрылыс  комбинаты.

--------   санитарлық қорғаныс аймағының шекарасы.

          ∆  атмосфераны ластанудан бақылау орны.

ШРЕТ атмосфераны ластаушы әрбір көзі үшін бекітіледі. Ұйымдастырылмаған тастамалар үшін және жеке майда ластаушы көздердің жиынтығына  (өндірістің бір бөлімшесіндегі желдеткіштен шығатын тастамаға, жеке орналасқан бөлімшелерден немесе ашық ауадан, қондырғылардан және т.б. шығатындарға) біріккен ШРЕТ (УКТ) бекітіледі. Біріктірілген ШРЕТ (УКТ) нәтижесінде өнеркәсіптер үшін немесе нысандар үшін және олардың біртұтас кешендері үшін  атмосфераның ластаушы көздеріне жеке ШРЕТ (УКТ) мәндері бекітіледі. ШРЕТ (УКТ) 5 жылда бір рет қайта қарастырылып отырады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізіміне сәйкес атмосферадағы бірнеше (п) зиянды заттардың тізімі болған кезде, олардың зиянды біріккен әсерін ескеру қажет. Қаланың өндірістері үшін ШРЕТ (УКТ) бекіту жұмысын бас ұйым жүргізеді. ШРЕТ (УКТ) бекіту кезінде тастамалардың бірігуін ескере отырып, қаланың сызба картасы және өндірістер мен нысандардың тастамаларындағы берілген тізіміне байланысты, олар жүргізу тәртібі мен ШРЕТ (УКТ) бекіту бойынша жұмыс істейтіндерді анықтайды.

ШРЕТ анықтау негізінде қаланың барлық нысандары бойынша барлық зиянды заттардың атмосферасындағы біріккен ластануын есептеу бойынша жүреді және біріккен концентрацияны есептеу изосызықтың көмегімен қаланың типтік сызба картасына түсіріледі. Содан соң қаланың бас ұйымы барлық жұмыс істеп тұрған және құрылыс салынатын кәсіпорындардың бөлінетін тастамаларынан атмосфераның ластану мүмкіндігіне есептеулер жүргізеді және әрбір кәсіпорынға, ластаушы көздерге,  зиянды заттарға ШРЕТ (УКТ) бекітеді және атмосфераның зиянды заттарымен ластануын төмендетуге бағытталған кешенді шаралар жоспарын өңдейді.

Министерлік және ведомоства атмосфераның зиянды заттармен ластану көздерін анықтайды және өнеркәсіптер мен нысандардың, ластаушы көздердің барлық салалары бойынша параметрі, сонымен қатар осы өнеркәсіп пен нысандар орналасқан басқа қалалар мен елді мекен орындары бойынша тастамалардың зиянды заттарына тізім жүргізеді; тастамалардың зиянды заттарынан атмосфераны қорғау бойынша жобаларға өңдеу жүргізеді; әрбір берілген құрылыс көздері үшін ШРЕТ бойынша ұсыныстарды өңдейді, сонымен қатар, әрбір жұмыс істеп тұрған көздер үшін атмосфераның фондық ластану есебінен сол ауданда орналасқан және жобаланатын байланыссыз ведомоствалық басқа да  өнеркәсіп пен нысандарға  ШРТЕ (УКТ) бойынша ұсыныстар өңдейді.

Атмосфераны зиянды заттардан қорғауға арналған жобаны санитарлық сараптамаға  ұсынылғанда, жоба стандарттарға, өнеркәсіп орындарын жобалау бойынша құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келуі керек және ШРЕТ мәні есептелінуі қажет.

Министерлік және ведомоствалық жаңа құрылыс жобаланған кезде және жұмыс істеп тұрған өнеркәсіпті және нысандарды қайта салу кезінде ШРЕТ (УКТ) бекітетін бас ұйымға осы өнеркәсіптің тастамаларындағы зиянды заттардың параметріне қосымша мәліметтер беріледі

  ШРЕТ (УКТ) бекітілген кәсіпорындарда белгілі тәртіппен бекітілген ШРЕТ (УКТ)  сақталуына бақылау жүргізетін жүйені ұйымдастыру керек. Бақылау жүргізу кезінде зиянды заттардың концентрациясына және газ тазарту қондырғыларынан тазартылғаннан кейінгі газды – ауалы қоспаның көлемін немесе атмосфераға тікелей бөлінетін жерлердегі заттардың концентрациясына тікелей өлшеу әдістерін қолдануы керек.  ШРЕТ-ке (УКТ) жүргізілген бақылау жоғары сенімді болуы үшін, сонымен бірге тікелей өлшеу әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда балансты, технологиялық және т.б. әдістер қолданылады.

ШРЕТ-ті (УКТ) сақтауға бақылау жүргізу кезінде тастамалардағы зиянды заттарды 20 мин аралығында анықтайды, яғни максималды бір реттік ШРЕК сәйкес, сонымен қатар орташа тәулік, ай және жыл бойынша.   

Егер зиянды заттардың атмосфераға бөліну уақыты 20 мин аз болатын болса, онда бақылау осындай уақыт аралығында зиянды заттар толық бөлінгенде жүргізіледі.

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер, елді мекеннің қоршаған ортасын қорғау бойынша жоба материалдарына сараптама жүргізе отырып, ол жобаның құрамын және толық гигиеналық баға беру үшін қажетті құжаттардың тізімін білуі қажет.  

 «Атмосфераны қорғау және шекті рұқсат етілген тастамалар (ШРЕТ)» бөлімі бойынша жобаның біріңғай құрамы:  

 •  қала, обылыс;

 •  қаланың сызба картасы және оның жан-жағынның орналасуы: қыраттылығы, өзендер, көлдер және т.б. Карта сызбасында тастамалардың негізгі көзі болатын өндіріс алаңдары, санитарлық қорғаныс аймағы, тұрғын кварталдар және аумақтар, демалыс аймағы, шипажайлар, атмосфераның ластануын бақылайтын орындар, метеостанциялар. (7.18-суретті қара);

 •  өндіріс тастамаларының таралуын анықтайтын жергілікті жердің физикалық-географиялық және климаттық жағдайларының параметрі бойынша қысқаша сипаттама. Жер беткейлік және көтеріңкі температуралық инверсияның орташа жылдық, жылдық және тәуліктік пайда болу жиілігі және қайталануы, шитльдің, жауын-шашынның, тұманның, желдің әртүрлі жылдамдығы және бағыты;

 •   атмосфераның ластануының есептеу кезіндегі жергілікті жердің ерекшеліктерінің ескеру әдістері және ШРЕТ бекітілуі. Ауа температурасының,  желдің жылдамдығының және бағытының есептелуінің, рельефті ескеруі бойынша қайта қарастырылған есептеулердің коэффициент мәні;

 •  атмосфераның фондық ластануын төмендету бойынша шаралар: транспортты электрификациялау, газификациялау, тұрғын құрылысын жергілікті жердің таза ауасы болып есептелетін алаңдарда салынуы, үлкен көлік жүретін жерлерді айналмалы түрде салу және т.б.;

 •  тастамалары ШРЕТ-ті (УКТ) бекіту  кезінде бірге ескерілген салынатын және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарының тізімі; атмосфераны ластайтын жұмысын тоқтататын немесе қайта қаралатын өнеркәсіптер;

 •   ауаға бөлінетін заттардың атаулары және олардың бірігіп әсер көрсететін комбинациясы;

 •  жеке орналасқан өндіріс орындарының атмосфераға бөлінетін тастамаларының сипаттамасы, оларға қолданылатын: технологиясы, газды тазарту қондырғылары, түтін мұржаларының орнатылуы және т.б. сипаттамалары;

 •  анықталған мәліметтер, технология, газ тазартқыш қондырғылардың түрлері, шикізат құрамы, отын, ұқсас өндірістерді тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді негізге ала отырып заттардың тастамаларына сандық сипаттама беру;

      •  ұйымдастырылған және желдетуден пайда болатын тастамалардың барлық заттары бойынша, өнеркәсіп орындарының тастамаларының біріккен әсеріне, тізіміне және ұйымдастырылмаған және желдетуден пайда болатын тастамаларды төмендетуге арналған шаралар негізінде сандық сипаттама беру;

 •  технологиялық, газ тазарту және басқа да атмосфераны қорғау бойынша алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік ғылыми шаралар, тазарту дәрежесі бойынша технологиялық және эксплуатациялық жетістіктеріне техникалық-экономикалық анализіне сәйкестілігі. Қабылданған ШРЕТ және УКТ шешімдері бойынша техникалық-экономикалық негіздері;

 •  атмосфераның ластануына стационарлық, жылжымалы және алау астылық бақылауды жүргізген қызметкерлері мен табиғи ортаны бақылау және гидрометеорологиялық мекемелері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, кәсіпорындар және т.б. бойынша сипаттама. Анықталытын құрамды бөлшектер, сынама алу жиілігі, алынатын сынаманың саны. Ауаның ластануына автоматтанған газоанализаторлар, автоматтанған бақылау жүйесін және басқа да жаңа зерттеу орталарын қолдану;

 •  атмосфераны ластаушылар туралы мәліметтер, оның соңғы жылдардағы тенденциясы, сапалық және ғылыми-техникалық есептеу болжауынан оның барлық көрсеткіштері бойынша өзгерістері. Анализ кезінде ШРЕТ есе өсімінің ескерілуі және зиянды заттардың класы;

 •  ҚР денсаулық сақтау министрлігі мекемесінің мәліметі бойынша халықтың тұрғын жағдайын гигиеналық бағалау. Санитарлық қорғаныс аймағында немесе аумағында тұратын халықтың саны;  

 •  халық денсаулығына және қоршаған ортаға атмосфераның ластану әсері туралы мәліметтері;

 •  атмосфералық ластаушыларды және ШРЕТ есептеу үшін мәліметтері берілген кестелері;  

 •  табиғи ортаны бақылау және гидрометеорология бойынша Мемлекеттік комитеттің мәліметтері бойынша ауаның фондық ластану мәні;   

•  қолайсыз жағдай кезіндегі ауа-райы мен тастамалардың барлық заттары бойынша және қосарланған зиянды әсері бар заттардың бірігу әсер көрсететін кездегі атмосфера ластануынын (фонды есепке ала отырып) есептеу нәтижесі бойынша карталы-сызбасы. Карталы-сызбада ауа сапасының гигиеналық нормативке сәйкес келмеген аумақтар көрсетіледі;

 •  тастамаларды бақылау және ШРЕТ-тің орындалуы бойынша берілген және іске асырылатын шаралар. Аспаптармен қамтамасыз етілуі, тәжірибелі, балансты және басқа да әдістермен бақылаудың сипаттамасы;

 •  стандартты, нормативті құжаттарды, санитарлық заңдылықтарды қоса отырып қолданылған әдебиеттер тізімі;

 •  ҚР денсаулық сақтау министрлігінің, табиғи ортаны қорғау және гидрометеорология бойынша мемлекеттік комитет мекемелерінің және қызметкерлерінің сараптамалық қорытындысы;

 •    ведомства аралық және ведомствалық жиындардың хаттамасы.

 

Санитарлық дәрігер берілген жобаның құжатын толық қарау негізінде келесі сұрақтарға сараптамалық баға беруі қажет:

–  елді мекеннің атмосфералық ауасын ластайтын автокөлікті бірге қоса отырып негізгі және қосымша көздердің толық тіркелуін;

–  атмосфераның ластануын есептеу нәтижесінен ең қолайсыз болып табылатын қала аумағының карталық-сызбада көрсетілуін;

–  ауа сапасының гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін қала аумақтарына және ШРЕК-тен жоғары дәрежесіне гигиеналық баға беру;

–  бірнеше жылдар бойы атмосфералық ластану дәрежесіне байланысты селитебті аумақтағы тұрғындардың денсаулық жағдайы. Қажет болған жағдайда бұл сұрақты ҒЗИ салалы гигиеналық лабораторияға немесе медициналық жоғарғы оқу орындарының коммуналдық гигиена кафедрасына тапсырылады;  

–  жобаны пайдалану уақыт аралығындағы және болашақтағы ШРЕТ-тің жетістікке жететін объективті сатылары;

–  тастамаларға және ШРЕТ орындалуына бақылау бойынша шаралардың толықтығына гигиеналық баға беру;

–     өнеркәсіптің ШРЕТ-ға сатылы түрде жету мүмкін болмаған жағдайда, санитарлық дәрігер оның өндірістік қуаттылығын төмендетуге, жұмыс істеу бағытын өзгертілуіне, қаланың сыртына орналастырылуына немесе оның жабылуы туралы сұрақ көтереді.  

Конец формы

VIII БӨЛІМ

ТҰРҒЫН ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАР ГИГИЕНАСЫ

Ғимараттарды жоспарлау және құрылыс кезіндегі санитарлық бақылау.

Барлық ғимараттар қолдану жағдайына байланысты 3 топқа бөлінеді: азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық. Азаматтық ғимараттар адам тұрмыстық және қоғамдық мақсатта пайдалану үшін арналады және осыған байланысты олар тұрғын (тұрғын үй, жатақхана және т.б.) және қоғамдық (клубтар, театрлар, мектептер, ауруханалар және т.б.) болып бөлінеді. Өндірістік ғимараттар адам еңбек үрдісін орындау үшін (фабрикалар, зауыттар, электрстанциялар, қазандық, депо, гараждар және т.б.) және өнімдерді өндіру үшін қызмет етеді. Ауылшаруашылықтық ғимараттары ауылшаруашылық жұмысын орындау үшін (мал және құс шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерінің қоймалары, улы химикаттар және тыңайтқыштар, ауылшаруашылығының машиналарын жөндеу және сақтау үшін арналған ғимараттар) пайдалануға арналған.

Сонымен қатар ғимараттар биік қабатты (тоғыз қабаттан жоғары), көп қабатты (3 қабаттан жоғары) және аз қабатты (3 қабатқа дейінгі) болып бөлінеді. Қабаттар санына барлық жер беткейлік қабаттар, соның ішінде техникалық, мансардты, цокольды қабаттар кіреді. Қабаттар деп ғимараттың бір деңгейінде орналасқан бөлмелерді айтады. Келесі қабаттар түрлері болады:

Жер беті бөлмесі – едені жер белгісінен жоғары орналасатын бөлмелер;

Цокольды бөлме – бөлменің жартысынан аз бөлігі жер белгісінен төмен орналасатын бөлмелер;

Жер төле бөлме – бөлменің жартысынан көп бөлігі жер белгісінен төмен орналасатын бөлмелер;

Мансардты бөлмечердакта орналасатын бөлмелер;

Техникалық бөлмелер инженерлік қондырғылар және коммуникациялық тығындар (прокладки) орналасу үшін арналған қабат. Олар ғимараттың төменгі бөлігінде (техникалық жер төле), орталық бөлігінде (техникалық қабат) немесе жоғарғы бөлігінде (техникалық чердак) орналасуы мүмкін.

           Күнделікті санитарлық бақылау

Санитарлық дәрігердің жұмысы келесі шараларды жүргізумен аяқталады:

•  тұрғын және қоғамдық ғимараттардың құрылымына санитарлық тексеру және бақылау жүргізу;

• бөлмелердегі ықшам климат параметрінің, табиғи жарықтануының және шу деңгейінің сақталуын санитарлық бақылау;  

         •   тұрғындар шағымы бойынша күнделікті санитарлық бақылау.

Тұрғын үйді санитарлық тексеру бағдарламасы

  1.  Тұрғын мекеннің, ауданның орналасуы.
  2.  Типтік жоба (жеке ұсыныс) бойынша салынуы.  
  3.  Құрылыстың салынған жылы.
  4.  Құрылыс кварталының түрі (тізбектелген, периметрлі және т.б), көрші ғимарат ара-қашықтығы.
  5.  Ғимараттың бағытталуы, мөлшері, қабаттылығы.  
  6.  Құрылыс материалдары (кірпішті, панельді ғимарат және т.б.), сәулеттілік безендірілуі, қоқыс шығарылатын құбырлардың және жауын-шашын сулары ағатын  құбырлардың (ішкі, сыртқы) орналасуы.
  7.  Тұрғын секциялардың және барлық үй бойынша пәтерлердің саны. Бөлмелердің жалпы ауданы.
  8.  Жер төле және чердактік бөлмелерді пайдалануы. Қосымша тұрғын емес бөлмелердің болуы, бөлмелерді өз мақсаты бойынша пайдаланбауы. Сол бөлмелерге құрылыс салуға және қайта салуға рұқсатының болуына, жобадан ауытқуларына және өзгеріс енгізулеріне сипаттама.
  9.  Күнделікті, толық қайта жөндеуді қажет етуі.
  10.  Жергілікті жердің топографиясы: үстіртті, еңісті, батпақтылығы, желден ашық немесе жабық орналасуы.
  11.  Геологиялық жағдайлары: топыраққа сипаттама, оның ылғалдылығы, грунт суларының орналасу деңгейі.
  12.  Қоршаған аумаққа сипаттама: жел раушаны, атмосфералық ауаны ластаушы көздердің болуы, өндіріс нысандары, шулы және шаңды көшелер, тұйықталған алаңдардың болуы және т.б.
  13.  Ғимараттың жайластырылған жер алаңы: жалпы ауданы, жайластырылуы, құрылыс пайызы, көгалдандырылу деңгейі, аула алаңындағы құрылыстың тізімі, алаңның жер бетінің жабылымдары, аумақты тазалау жағдайы және жүйесі, контейнерлік және балалар алаңының, автокөлік тұрағы алаңының болуы.
  14.  Ғимараттың санитарлық жайластырылуы: жылытылу, желдету, жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету және қалдықтарды жою  жүйелері.
  15.  Пәтерлердің құрылымы: қабаты, бөлмелердің жоспарлануы, негізгі және қосымша бөлмелердің орналасуы, жарықтың, көшенің, ауланың орналасуына байланысты бөлмелердің бағытталуы,  желдетілу мүмкіндігі, сыртқа шығатын есіктердің саны, бөлмелердің саны, оның көлемі, пәтердің жалпы ауданы, ішкі әрленуі және жиһаздалуы.
  16.  Пәтерге тұру тығыздылығы: пәтерде және әрбір бөлмеде тұратындардың саны.
  17.  Бөлмелердің санитарлық жағдайы: қабырғалардың, еденнің, есіктің, терезенің, төбенің жағдайы.
  18.  Негізгі қабырғалардағы көгерудің белгілері, ауаның сапасы, иістердің болуы.
  19.  Жылытылудың және желдетілудің тиімділігі, газды пештердің үстіндегі механикалық сорып шығару желдеткіштердің болуы.
  20.  Табиғи және жасанды жарықтандырудың жеткіліктілігі. Инсоляция жағдайы.
  21.  Бөлмелерді күту сапасы және жүйесі, кеміргіштер мен жәндіктердің болуы.
  22.  Тұрғындардың қолайсыз тұрғын жағдайларына байланысты шағымдары: жалпы әлсіздікпен көрінетін сырқаттану, пәтер ішілік, квартал ішілік және транспортты шу, табиғи жарықтанудың жеткіліксіздігі, қолайсыз температуралы-ылғалды режим және т.б.
  23.  Қосымша мәліметтер: баспалдақтардың санитарлық жағдайы, жедел сатының жұмыс істеуі, пәтерлерде үй жануарларының болуы және т.б.
  24.  Қорытынды.
  25.  Көрсетілген кемшіліктерді жою үшін ұсыныстар.

 Бөлмелердегі микроклимат параметрлері сақталу үшін санитарлық бақылау.

 Тұрғын және қоғамдық ғимараттың микроклиматының нормативті параметрлері ҚР ҚНмЕ 4.02-42-2006 («Жылыту, желдету және ауаны баптау», 5 қосымша) (8.1 кесте) құжаты бойынша бекітіледі.  

8.1-кесте.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелеріндегі ауаның қозғалыс жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдылығы және температурасының оптималды нормасы

(ҚР ҚНмЕ 4.02-05-2001 «Жылыту, желдету және ауаны баптау»,  5 қосымша)

Жыл мезгілі

Ауаның температурасы, 0 С

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

Ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с, жоғары емес

Жылы кезең

20 – 22

23 – 25

60 – 30

60 – 30

0,2

0,3

Суық және ауыспалы кезең

20 – 22

45 – 30

0,2

Ескертеу. Нормалар бөлмеде үздіксіз 2 сағаттан көп болатын адамдар үшін бекітілген.  

 

 Бөлменің микроклиматын бағалау үшін ауаның температурасын, ылғалдылығын, қозғалыс жылдамдығын өлшейді. Нормалау жеке көрсеткіштер бойынша жүргізілуіне байланысты, оны алдымен анықтайды,  жеке-жеке бағалайды және микроклиматты кешенді бағалау үшін ҚР ҚНмЕ 3.02-02-2009 «Қоғамдық ғимараттар және имараттар» құжатының 3 бөлімі, ҚР ҚНмЕ 3.02-43-2007 «Тұрғын ғимараттар» құжатның 4 қосымшасы бойынша салыстырады.

Бөлмедегі ауаның температурасын анықтау. Ауаның температурасын өлшейтін аспапты шартты түрде тіркелетін (максималды, минималды) және өлшеуші (бақылау кезінде) деп бөлуге болады. Максималды термометрлер – сынапты, минималды –спиртті, өлшеуші – сұйықтықты (спиртті, сынапты) және электрлы болып келеді.

Сынапты термометрлер кеңінен тараған, сондықтан да олар дәлірек өлшейді және олармен – 350С-тан + 350С-қа дейінгі температураны өлшеуге болады.  Спирт қызған кезде біркелкі тарамайды, ал оның қайнау шыңы 78,3 0С.  Сондықтан спиртті термометрлермен,  әсіресе жоғары температураны өлшеу кезінде сенімділігі төмен,  ал онымен төменгі температураны өлшеген тиімді. Көп жағдайда гигиеналық зерттеу кезінде дәлділікпен 0,2 0С-ге дейін бөлінген температуралық шкаласы бар арнайы сынапты термометрлерді қолданады.

 Максималды термометрлер   әртүрлі конструкциясымен белгілі.  Олардың бәрі де сынапты термометрлер, жасалу тәртібі бойынша, температураның кейіннен төмендейтініне қарамастан, ең жоғары температура көрсеткіштерін сақтайды. Кейбір максималды термометрлердің түбіне шыны желі бекітіліп, жіңішке түтікше арқылы термометрді бойлап орналасқан. Қызу жоғарылаған кезде сынап сол желі арқылы түтікше қабырғасын бойлап көтеріле бастайды, қызу төмендеген кезде сынап бағынасы қарсы қозғалысқа түсе алмайды да, сол бұрынғы максималды қызуды көрсете береді. Сынапты қайта орнына түсіру үшін, термометрлерді сілкіп-сілкіп қалу керек.

Сынап термометрлерімен жұмыс істеу кезінде, менискінің (тар ыдысқа құйылған сұйық зат бетінің дөңістігі не ойпаттығы) шығыңқы бөлігі бойынша есептеу жүргізіледі. Аспаптың көрсеткішіне зерттеу кезінде бөлінетін жылу әсер етуі мүмкін, сондықтан есептеу он бөлігінен бастап жүргізілуі қажет. Термометрлерді өлшеу нүктесінде бекіткен кезден бастап, оның көрсеткіштерін анықтап болғанға дейін 10 мин өтуі қажет.

 Минималды термометр  спиртті термометрелерден тұрады, олардың шыны ине-көрсеткіштері (штифт) бар. Бөлменің ауа температурасын өлшеу кезінде термометрді оның көрсетуіне әсер ететін, ыстық немесе суық беткейден оқшаулау қажет.

Өлшеу алдында бақылаушының көзі есептеу деңгейінде болуы үшін, термометрді штативке бекітіледі. Температураны анықтауға арналған нүктелерді таңдау, қойылған мақсатқа байланысты. Тұрғын бөлмелердің ауа температурасын бөлменің ортасынан еденнен 1,5 м биіктікте өлшейді және өлшеу жүргізу кем дегенде алты нүктеде (көлденеңі бойынша үш нүкте және тігі бойынша үш нүкте) анықтайды.  Көлденеңі бойынша температураның түсуін сыртқы қабырғадан жылытушы аспап немесе ішкі қабырғаға дейін анықтайды. Термометрлерді сыртқа қабырғадан (немесе жылытушы аспаптан) 0,2 м қашықтықта бөлменің ортасында және қарама-қарсы қабырғадан 0,2 м қашықтықта бекітіледі. Тұрғын бөлмелердегі температураның төмендеуі көлденеңі бойынша 2 0С-дан аспауы қажет.

Тігі (тік) бойынша ауа температурасының таралуының біркелкілігін анықтау үшін термометрді 0,1; 1 және 1,5 биіктікте, ал қажет болған жағдайда төбеден 0,2 м биіктікте бекітіледі. Тұрғын бөлмелердегі температураның айырмашылығы еден мен адамның басының тұсы аралығында 2,5 0С-дан аспауы қажет. Бөлмедегі орташа температураны анықтау үшін, өлшеу әр түрлі орындарда (терезе, есік маңында, еденде және т.б.) өлшенеді. Одан кейін термометр көрсеткіштерін қосып, өлшенген санға бөледі.

Бөлмедегі орташа ауа температурасы таңертеңгі, күндізгі, кешкі және түнгі уақыттар шамасындағы, бірдей мөлшердегі орындалған жеке өлшемдерден алынады.  

Мысал: Аурухананың босанғаннан кейінгі бөлмесінен белгіленген алты орында температурасы өлшенді, яғни үш нүкте көлденең бойынша - 190С, 200С, 20 0С  және үш нүкте тігі бойынша өлшегенде - 180С, 200С, 210 С мәндеріне тең болды. Көлденең бойынша температураның ауытқуы 20С тең, яғни нормативтен аспайды, ал тігі бойынша  2,50С жоғары, яғни қолайсыз. Бөлменің орташа температурасы 19,60С  тең, яғни 3.02-02-2001 ҚР ҚНмЕ «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар» нормативінің 3 бөліміндегі 26 кесте бойынша 220С тең болу керек, нормативтен төмен.

Қорытынды. Аурухананың босанғаннан кейінгі бөлменің температурасы қолайсыз деп есептеледі.

Ауа температурасын өлшеуді тұрақты бақылаудың қажеттігі кезінде, өзіндік жазатын аспап-термограф қолданылады. Термограф толуол толтырылған тегіс металл түтікшеден тұрады. Түтікшенің бір басы қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі рычаг жүйесінің көмегімен, кеуіп кетпейтін сия құйылған, қаламмен байланыстырылған. Қалам айналдыратын барабанға кигізілген диаграммалық таспамен үйкеліседі. Температура тербелісі кезінде толуол көлемі өзгереді, осыған орай, түтікшенің иілгіштігі де өзгереді.

Температура көрсеткіші биметал пластинкасынан тұруы мүмкін. Өз-ара жапсырылған метал жолағының сызықтық кеңеюдің әр түрлі коэффициенттеріне ие, сондықтан температура тербелісі кезінде қисық радиусы өзгереді, бұл қисық өлшемі барабан лентасына тіркеледі. Оның айналу жылдамдығына байланысты тәулік немесе апта ішіндегі температураның шамасын үздіксіз жазып алуға болады. Жазуды жүргізер алдында термографтың қаламы бақылау термометрінің температурасын көрсеті тұрған деңгейіне қойылады. Термографтың жазуы үрдісі жүрген кезде сынапты немесе спиртті термометрдің көрсеткіштерімен мезгіл-мезгіл тексеріп тұру қажет.

Ауа ылғалдылығын анықтау. Ауа ылғалдылығын психрометр,  гигрометраммен және гигрографпен анықтайды. Психрометрдің жұмыс істеуі термометрдің құрғақ және ылғалды көрсеткіштеріне негізделген, яғни есептелген кестенің көмегімен бөлмедегі ауаның абсолютті және салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды.

 Ауа ылғалдылығын анықтау үшін Ассман психрометрін қолданады, ол екі термометрден және үнемі ауаның қозғалысын қамтамасыз етіп тұратын (2 м/с) желдеткіштен тұрады. Ылғалдылықты анықтау үшін еденнен 1,5 м биіктікте зерттелетін орынға психрометрді іліп қояды. Жаз айларында көрсеткіштерді 4-5 минуттан кейін, ал қыс айларында 15-20 минуттан кейін есептейді.  А абсолюттік ылғалдылықты формула бойынша есептейді (кесте бойынша):

А =,

мұндағы  f – ылғалды термометрдің температурасы кезіндегі су буының ең жоғары қуаты ( 8.2-кесте) мм. сын. бағ.; t -  құрғақ термометрдің температурасы, 0С;   t1 -   ылғалды термометрдің температурасы, 0С;  В – анықтау кезіндегі барметрлік қысым;  0,5 – тұрақты психрометрлік коэффициент.

Абсолюттік ылғалдылықты мына формула бойынша салыстырмалы ылғалдылыққа айналдырамыз:

R= ∙ 100,

мұндағы R – салыстырмалы ылғалдылық, %; А – абсолюттік ылғалдылық, г/м3,

F –құрғақ термометрдің температурасы кезіндегі су буының ең жоғарғы қуаты (8.2-кесте).

8.2 - кесте.

Миллиметрлік сынап бағанасындағы әртүрлі температура

кезіндегі су буының ең жоғарғы қуаты

Толық градусы

Градустың ондық бөлігі

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

5

3,16

3,13

3,11

3,09

3,06

3,04

3,02

2,99

2,97

2,95

4

3,40

3,58

3,35

3,33

3,30

3,28

3,25

3,23

3,21

3,18

3

3,67

3,64

3,62

3,59

3,56

3,53

3,51

3,48

3,46

3,43

2

3,95

3,92

3,89

3,86

3,84

3,81

3,78

3,75

3,72

3,70

– 1

4,26

4,22

4,19

4,16

4,13

4,10

4,1,7

4,04

4,01

3,98

0

4,58

4,61

4,65

4,68

4,72

4,75

4,78

4,82

4,86

489

1

4,93

4,96

5,00

5,03

5,07

5,11

5,14

5,18

5,22

5,26

2

5,29

5,23

5,37

5,41

5,45

5,49

5,52

5,56

5,60

5,64

3

5,68

5,72

5,77

5,81

5,85

5,89

5,9З

5,97

6,02

6,06

4

6,10

6,14

6,19

623

6,27

6,32

6,36

6,41

6,45

650

5

6,54

6,59

6,64

6,68

6,73

6,78

6,82

6,87

6,92

696

6

7,01

706

7,11

7,16

7,21

7,26

7,31

7,36

7,41

7,46

7

7,51

7,56

7,62

7,67

7,72

7,78

7,83

7,88

7,94

7,99

8

8,04

810

816

8,21

847

8,32

8,58

8,44

8,49

8,55

9

8,61

8,67

8,73

8,79

8,84

8,90

8,96

9,02

9,09

9,15

10

9,21

9,27

9,53

9,40

9,46

952

9,58

9,65

9,71

9,78

11

9,84

9,91

9,98

10,04

10,11

10,18

10,24

10,31

10,38

10,45

12

10,52

10,59

10,66

10,73

10,80

10,87

10,94

11,01

11,08

11,16

13

11,23

11,30

11,58

11,45

11,53

11,60

11,68

11,76

11,83

11,91

14

11,99

12,06

12,14

12,22

12,30

12,38

12,46

12,54

12,62

12,71

15

12,79

12,87

12,95

13,04

13,12

13,20

13,29

13,58

13,46

13,55

16

13,63

13,72

13,81

13,90

13,99

14,08

14,17

14,26

14,35

14,14

17

14,53

14,62

14,72

14,81

14,90

15,00

15,09

15,19

15,28

15,38

18

15,48

15,58

15,67

15,77

15,87

15,97

16,07

16,17

16,27

16,37

19

16,48

16,58

16,67

16,79

16,89

17,00

17,10

17,21

17,32

17,43

20

17,54

17,64

17,75

17,86

17,97

18,08

18,20

18,31

18,42

1854

21

18,65

18,76

18,88

19,00

19,11

19,23

19,35

19,47

19,59

19,71

22

19,83

19,S5

20,07

20,19

2032

20,44

20,56

20,69

20,82

20,94

23

21,07

21,20

21,32

21,45

21,58

21,71

21,84

21,98

22,11

22,24

24

22,38

22,51

22,65

22,78

22,92

23,06

23,20

23,34

23,48

23,62

25

23,76

23,90

24,04

24,18

24,33

24,47

24,62

24,76

24,91

25,06

26

25,21

2536

25,51

25,66

25,81

25,96

26,12

26,27

26,43

26,58

27

26,74

26,90

27,06

27,21

27,37

27,54

27,70

27,86

28,02

28,18

28

28,35

28,51

28,68

28,85

2902

29,18

29,35

23,52

29,70

29,87

29

30,04

30,22

30,39

30,57

30,74

30,92

31,10

31,28

31,46

31,64

30

31,82

32,01

32,19

32,38

32,56

32,75

32,93

33,12

33,31

33,50

31

33,70

33,89

34,08

34,28

34,47

34,67

34,86

35,06

55,26

35,46

32

35,66

35,86

36,07

36,27

36,48

36,68

36,89

37,10

37,31

37,52

33

37,73

37,94

38,16

38,37

38,58

38,80

39,02

39,24

39,46

39,68

34

39,90

40,12

40,34

40,57

40,80

41,02

41,25

41,48

41,71

41,94

 Салыстырмалы ылғалдылықты 8.3 кесте бойынша да анықтауға болады, яғни тік бағанада құрғақ термометрдің көрсеткіштері, көлденең бағанада ылғалды термометрдің көрсеткіштері берілген. Салыстырмалы ылғалдылық көлденең жән тік бағаналардың қиылысқан (пайыздық қатынасы) орны болып табылады.

8.3 - кесте.

 Ассман психрометрінің көрсеткіші бойынша салыстырмалы

ылғалдылықты анықтау, %

Құрғақ термометрдің көрсеткіштері, 0С

Ылғалды термометрдің көрсеткіштері, 0С

10,0

11,0

12,0

13,0

14,0

15,0

16,0

17,0

18,0

19,0

20,0

21,0

22,0

23,0

15

52

61

71

80

90

100

16

46

54

63

71

81

90

100

17

39

47

55

64

72

81

90

100

18

34

41

49

56

65

73

82

91

100

19

29

36

43

50

58

66

74

82

91

100

20

24

30

37

44

52

59

66

74

83

91

100

21

20

26

32

39

46

53

60

67

75

83

91

100

22

16

22

28

34

40

47

54

61

68

76

84

91

100

23

13

18

24

30

36

42

48

55

62

69

76

84

92

100

 Мысал: ылғалдылықты анықтау кезінде ылғалды термометрдің көрсеткіші – 18,1 0С, құрғақ термометрдің көрсеткіші  21,5 0С тең болды. Анықтау кезінде барометрлік қысым 765 мм. сын. бағ. Ылғалды термометрдің температурасы кезіндегі су буының ең жоғары қуатын кесте бойынша ( 8.2-кесте) 18 0С және градустың ондық бөлігінен – 1 қиылысқын орнын табамыз, ол 15,58 тең. Формула бойынша А абсолюттік ылғалдылықты анықтаймыз:              А = = 15,58 – 0,5 (21,5 – 18,1)  =13,86,

мұндағы  f – ылғалды термометрдің температурасы кезіндегі су буының ең жоғары қуаты ( 8.2-кесте) мм. сын. бағ.; t -  құрғақ термометрдің температурасы, 0С;   t1 -   ылғалды термометрдің температурасы, 0С;  В – анықтау кезіндегі барметрлік қысым;  0,5 – тұрақты психрометрлік коэффициент.

Формула бойынша абсолюттік ылғалдылықты салыстырмалы ылғалдылыққа айналдырамыз:

R= ∙ 100 = =72,

мұндағы R – салыстырмалы ылғалдылық, %; А – абсолюттік ылғалдылық, г/м3,

F –құрғақ термометрдің температурасы кезіндегі су буының ең жоғарғы қуаты (8.2-кесте).

Құрғақ термометрдің температурасы кезіндегі су буының ең жоғары қуатын кесте бойынша ( 8.2-кесте) 21 0С  және градустың ондық бөлігінен – 5 қиылысқын орнын табамыз, ол 19,23 тең. Сонымен, салыстырмалы ылғалдылық шамамен 72% тең,  салыстырмалы ылғалдылықты есептеусіз анықтауға болатын 8.3 кестенің мәліметіне сәйкес келеді.  

Шашты гигрометрді ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін қолданады. Оның жұмысының принципі адамның майы кептірілген шашының негізінде оның ылғалдылыққа байланысты ұзындығының өсуіне негізделген. Аспап металл шеңберден тұрады, орта тұсында адамның майсыздандырылған шашы тік бағытта келтірілген. Шаштың жоғарғы жағы винтпен құрылымға бекітілген, төменгі жағы жарты сақинада стрелканың ортасына мықтылап байланған. Жарты сақина аз ғана жүгі бар стерженде ілініп және ол шашты керіп тұрады. Шаштың ұзындығының өзгеріп отыруы стрелка арқылы беріледі, ол шкала бойымен ауысып жылжи отырып, салыстырмалы ауа ылғалдылығының пайызын көрсетеді. Бөлмедегі ауаның ылғалдылығын анықтаған кезде гигрометрді жылу түсетін көзден алшақ орналастырады. Гигрометр көрсеткішін, яғни шаштың сезімталдығы уақыт өте өзгеруіне байланысты аспирациялық психрометрмен тексеріп тұру қажет.   Гигрограф салыстырмалы ауа ылғалдылығы өзгерістерін тұрақты түрде бақылауға арналған. Ылғалды датчигі бір бума (35-40-тай) майы кептірілген адам шашынан тұрады, олар шеңберге керілген, екі жағынан бекітілген. Салыстырмалы ылғалдылықтың өзгерісі кезінде бума шаштың ұзындығы ұзарады немесе қысқарады. Бұл қозғалыстар таратушы механизмнің көмегімен стрелканың ұшының кесте лентасы бойымен жылжуын қамтамасыз етеді. Аспаптың тіркейтін бөлігі термографтікі сияқты. Салыстырмалы ауа ылғалдылығын анықтау барысында гигрографтың көрсеткіштерін психрометр арқылы бақылап отыру қажет.

Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау. Бөлмелердегі ауаның қозғалысы әлсіз болған кезде, оны қанатшалы анемометрдің (тікелей әдіс) немесе кататермометрдің (жанама әдіс) көмегімен анықтауға болады.  Қанатшалы анемометрмен жұмыс істеудің әдістемесі 7 бөлімде берілген. Кататермометр (8.1-сурет) шкаласы 35-тен 38 °С-қа дейінгі аралықта бөлінген, цилиндрлік немесе шар резервуары бар, спирттік термометрден тұрады.

Кататермометрмен ауаның жылдамдығын анықтау үшін спирттік резервуарды кататермометрдің капиллярының жоғары кеңеюі жартысна жетіп толғанша ыстық суыда (60-80 °С)  ұстайды. Содан кейін аспапты құрғақ етіп сүртіп, бақылау орнына штативке іледі. Ысытылған резервуар жылуын сыртқы ауаға бөледі және салқындаған аспаптың жоғарғы бөлігіндегі спирт резервуарға түседі.

Спирттік бағанасы 38-ден 35°С –ге дейін төмендеген уақытын секундамермен белгілеп алады және анықтауды 2-3 рет қайталап, орташа мәнін табады. 38-ден 35°С –ге дейін спирт бағанасының төмендеу уақытында кататермометрдің резервуарының 1 см2 бетінен жоғалған жылу мөлшері. Бұл аспап факторы деп аталады және Р әріпімен белгіленеді. Ол аспаптың алдыңғы бетінде көрсетілген (милликалория түрінде). Кататермометр температураның және ауаның қозғалыс жылдамдығына байланысты жылуын жоғалтады, яғни оны мына формулаға сәйкес анықталады.  

8.1-сурет. Кататермометрлер

а – шарлы; б – цилиндрлі

 Басында ауаның салқындау қабілеттілігін анықтайды. Бұл үшін спирттік резервуарды ыстық суы бар (70-80 0С) стаканға салады және оны кататермометрдің капиллярының жоғары кеңеюі ½ шамасына жетіп толғанша ұстайды. Содан соң аспапты құрғақ етіп сүртіп, бақылау орнына штативке іледі.

Кататермометрді міндетті түрде картон немесе фанер көмегімен жылу радиация көздерінен экрандайды, ол кезде экрандарды аспаптың айналасында ауа қозғалысына кедергі жасамайтындай етіп орналастырады. Спирттік бағанасы 38-ден 350С-ге дейін төмендеген уақытын секундамермен белгілеп алады.  Анықтауды 2-3 рет қайталап, орташа мәнін табады.

   Резервуар салқындағанда аспап белгілі-бір жылу мөлшерін жоғалтады. Спирттің және шынының тұрақты жылу ұстағыштығына орай, кататермометр үшін бұл жылу жоғалту шкала деңгейінде қатаң түрде анықталған болады. 38-ден 350С-ге дейін спирт бағанасының төмендеу уақытында кататермометрдің резервуары, аспап факторы (F) деп аталады, яғни кататермометрдің капиллярын көрсетеді.

Цилиндрлік кататермометрді қолдану кезінде, джоуля секундында белгіленген (Дж/с) ауаның салқындату қажеттілігі Н төмендегі формуламен есептелінеді:

H =  ,

мұндағы F- аспап факторы;  α- 38 -тен 350С-ге дейінгі спирт бағанасының төмендеген уақыты (секунд).

Шарлы катотермометрмен жұмыс істеген кезде, салқындауға бақылау жасағанда, міндетті түрде температура интервалдары аралығында жүргізу, яғни қосындысы 2-ге бөлініп, жеке 36,5 0С болатындай деңгейде алуға болады:  40 –тан 35 0С-ге дейін,  39–дан 34 0С-ге дейін және 38–ден 35 0С-ге дейін, ауаның салқындау қабілеттілігін есептеу үшін жоғарыда келтірілген формула қолданылады. Спирт бағанасы 40-тан 330С-ға дейін немесе 39-дан 340С –ға дейін төмендегендігі байқалатын болса, келесі формула пайдаланылады:

Н = ,

мұндағы Ф=   - кататермометр константы, миллиджоул шаршы

сантиметр-градуста өлшенген; T1- жоғары температура, 0С;

Т2- төменгі температура, 0С.

 Ауаның салқындау қабілеттілігін қолдана отырып, оның қозғалыс жылдамдығын есептеуге болады. 1 м/с–тан төмен жылдамдықты анықтау кезінде төмендегі келесі формула қолданылады:

V = ,

1 м/с–тан жоғары жылдамдықты анықтау кезінде келесі формула қолданылады:

V =,

мұндағы V – ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с; Н – ауаның салқындау қабілеттілігі; Q - 36,5 0С, орташа дене температурасы және зерттеу кезіндегі температура арасындағы айырмашылық.

Н/ Q мөлшерлерін біле отырып, ауа қозғалыс жылдамдығын  8.4-кесте немесе 8.5-кесте бойынша анықталады.

8.4-кесте.

Температураның өзгеруіне байланысты

ауаның қозғалыс жылдамдығы

(1 м/с-тен төмен жылдамдықта)

Ауа температурасы, 0С

0

12,5

15

17,5

20

22,5

25

26

0,27

-

-

-

-

0,041

0,047

0,051

0,559

0,28

-

-

-

0,049

0,051

0,061

0,070

0,070

0,29

0,041

0,050

0,051

0,060

0,067

0,076

0,085

0,089

0,30

0,051

0,060

0,060

0,073

0,082

0,091

0,101

0,104

0,31

0,061

0,070

0,079

0,088

0,098

0,107

0,116

0,119

0,32

0,076

0,085

0,094

0,104

0,113

0,124

0,136

0,140

0,34

0,091

0,101

0,110

0,119

0,128

0,140

0,153

0,159

0,35

0,127

0,136

0,145

0,154

0,167

0,180

0,196

0,203

0,36

0,142

0,151

0,165

0,179

0,192

0,206

0,220

0,225

0,37

0,163

0,172

0,185

0,198

0,212

0,226

0,240

0,245

0,38

0,183

0,197

0,210

0,222

0,239

0,249

0,266

0,273

0,39

0,208

0,222

0,232

0,244

0,257

0,274

0,293

0,301

0,40

0,229

0,242

0,256

0,269

0,287

0,305

0,323

0,330

0,41

0,254

0,267

0,282

0,299

0,314

0,330

0,349

0,364

0,42

0,280

0,293

0,311

0,325

0,343

0,361

0,379

0,386

0,43

0,320

0,324

0,342

0,356

0,373

0,392

0,410

0,417

0,44

0,340

0,354

0,368

0,385

0,401

0,417

0,445

0,449

0,45

0,366

0,351

0,398

0,412

0,429

0,449

0,471

0473

0,46

0,396

0,415

0,429

0,446

0465

0,483

0,501

0,508

0,47

0,427

0,445

0,464

0,482

0,500

0,518

0,537

0,544

0,48

0,468

0,481

0,499

0,513

0,531

0,551

0,572

0,579

0,49

0,503

0,516

0,535

0,566

0,571

0,590

0,608

0,615

0,50

0,539

0,557

0,571

0,589

0,604

0,622

0,640

0,651

0,51

0,574

0,593

0,607

0,628

0,648

0,666

0,684

0,691

0,52

0,615

0,633

0644

0665

0,683

0,701

0,720

0,727

0,53

0,656

0,674

0,688

0,705

0,724

0,742

0,760

0,768

0,54

0,696

0,715

0,729

0,746

0,764

0,783

0,801

0,808

0,55

0,737

0,755

0,770

0,790

0,807

0,807

0,844

0,851

0,56

0,788

0,801

0,815

0,833

0851

0,867

0,884

0,894

0,57

0,834

0,832

0,867

0,882

0,898

0,915

0,933

0,940

0,58

0,879

0,898

0,912

0,929

0,911

0,959

0,972

0,977

0,59

0,930

0,943

0,957

0,971

0,985

1,001

1,018

1,023

0,60

0,981

0,994

1,008

1,022

1,033

1,014

1,056

1,060

8.5-кесте.

Температураның өзгеруіне байланысты

ауаның қозғалыс жылдамдығы

(1 м/с-тен жоғары жылдамдықта)

Ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с

Ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с

Ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с

0,60

1,00

0,83

2,22

1,15

4,71

0,61

1,04

0,84

2,28

1,18

4,99

0,62

1,09

0,85

2,34

1,20

5,30

0,63

1,13

0,86

2,41

1,23

5,48

0,64

1,18

0,87

2,48

1,25

5,69

0,65

1,22

0,88

2,54

1,28

5,95

0,66

1,27

0,89

2,61

1,30

6,24

0,67

1,32

0,90

2,68

1,35

6,73

0,68

1,37

0,91

2,75

1,40

7,30

0,69

1,42

0,92

0,82

1,45

7,88

0,70

1,47

0,93

2,90

1,50

8,49

0,71

1,52

0,94

2,97

1,55

9,13

0,72

1,58

0,95

3,04

1,60

9,78

0,73

1,65

0,96

3,12

1,65

10,5

0,74

1,68

0,97

3,19

1,70

11,2

0,75

1,74

0,98

3,26

1,75

11,9

0,76

1,80

0,99

3,35

1,80

12,6

0,77

1,85

1,00

3,49

1,85

13,4

0,78

1,914

1,03

3,66

1,90

14,2

0,79

1,97

1,05

3,84

1,95

15,0

0,80

2,06

1,08

4,08

2,00

15,8

0,81

2,09

1,10

4,26

-

-

0,82

2,16

1,13

4,52

-

-

 Термоанемометр ЭА-2М. бұл аспаптың көмегімен ауа қозғалысының жылдамдығы 0,03 -тан 5 м/с-қа дейінгі және температурасы 10-нан 60 0С-ға дейінгі аралықта болған жағдайды анықтауға болады. Аспаптың жұмыс істеу принципі жартылай өткізгіш микротермо үйкелістің ауа қозғалысының салқындауына негізделген.

 Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жылытылуы жергілікті (пешпен) және орталықтан жылытылуы мүмкін. Бірінші жағдайда жылытылу үй пештерін отынмен жылыту, екінші жағдайдағы – қазандықты немесе ТЭЦ жатады. Барлық жылыту жүйесі санитарлық талаптарға сәйкес келуі керек және бөлмелерде біркелкі ауа температурасын қамтамасыз етуі қажет.

8.6-кесте.

Ғимараттарды пешті қолдану арқылы жылыту

(ҚР ҚЕмТ 4.02-05-2001«Жылыту, желдету және ауаны баптау», 15 қосымша)

ғимарат

саны

Қабаттар,   жоғары емес

Орындар, көп емес

Тұрғын, әкімшіліктік                                                                                                

2

жатақхана, монша                                                                                                               

1

25

Емханалар, спорттық, тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсететін орындар                                      (тұрмыстық үйден, қызмет көрсететін комбинаттардан басқалары), сонымен қатар Г және Д категорияларына жататын аудандары 500 м2  жоғары емес бөлмелер, байланыс орындары

1

Клубтар  

1

100

Жатын корпустары жоқ жалпы білім беретін мектептер                                                                                        

1

80

Күндіз балалар болатын мектепке дейінгі балалар мекемелері, жалпы көліктік және тағамданатын орындар

1

50

Ескерту. Цоколді қабаттарды ескермеген жағдайдағы ғимараттар қабаттылығы.              

     

    Жергілікті жылыту екі қабаттан жоғары болмайтын тұрғын және әкімшілікті ғимараттарды (8.6-кесте) жылыту үшін қолданылады,  бірнеше біріккен бөлмелерді жылыту үшін және қазіргі уақытта, негізінен ауылдық жерлерде және жеке үйлерде кездеседі. Оның негізгі кемшілігі тәуліктік тұрақсыз температура, бөлмелердің күйемен ластану және отын толық жанбаған кезде адамның көмір қышқыл газымен улануы мүмкін. Иісті газдан уланудың  алдын алу үшін герметикалық есікпен жабылатын, арнайы құрылымды пештерді қолдану қажет (8.2,1-сурет).

 

                             

                                          1                                                           2      

8.2-сурет. Жергілікті (1) және орталықтан (2) жылыту сызбасы.

1 – Үй пештері: а – герметикалық есік; 2 – Орталықтан сумен жылыту:

А – котел; Б – негізгі бөлік; В –магистарлды бөлуші; Г –  чердактағы таратушы бак; Д – таратушы бөлік; Е – радиаторлар; Ж – судың қайтушы ағымы.

 Бір және екі қабатты ғимараттарды жылыту кезінде де,  орталықтан жылыту тиімді болып табылады ( 8.1, 2-сурет). Орталықтан жылыту булы, сулы, сәулелік және ауалық болуы мүмкін және олардың әр қайсысының өз ерекшеліктері бар.

Бумен жылыту жылытушы аспапты жоғары температурамен қамтамасыз етеді және бөлмені тез жылытады.  Бірақта радиатордың жоғары температурасы (1000 С жоғары) шаңның жануын және бөлмедегі ауаның ластануын тудырады, сонымен қатар адамға күйік шақыру қауіптілігін тудыруы мүмкін.  Жоғарыдағы жағдайларды ескере отырып бумен жылыту тек шектеулі түрде (монша, кір жуу орындарында, сут кухнияларында) ғана пайдаланылады, ал тұрғын және қоғамдық ғимараттарда оны пайдалану рұқсат етілмейді.

 Сумен жылыту кезінде радиаторлардың температурасы 800 С аспайды, ал жылыту қарқындылығын реттеп отыруға болады. Бірақта жылытушы аспаптардың арасында тазартылуы қиын шаң жиналып қалады. Қазіргі уақытта кеңінен тараған жылытушы аспаптарға әртүрлі радиаторлар жатады. Бұрынғы жылдары негізінен жылытушы аспаптарды шойыннан дайындайтын, ал қазіргі таңда ол өндірістерді қысқартып жатыр, себебі оған көп көлемде металдардың шығынын қажет етеді.   Шойынды радиаторлар орнына болатты панельдерді пайдаланады, яғни олардың салмағы әжептәуір төмен, бірақта коррозияға тез ұшырайды. Сонымен қатар басқа көптеген 8.3 суретте берілген жылытушы аспаптарды пайдаланылады.

Радиаторлар еденнен 100 мм қашықтықта және қабырғадан 60 мм қашықтықта орналастырылады.  Радиаторлардың бетін жауып тұратын декоративті экрандарды пайдаланған кезде, яғни экран 100 мм еденге және терезе жақтауына жетпей тұруы керек, әйтпесеі аспаптың жылу беруі тез төмендеуі мүмкін.

8.3 - сурет. Жылытушы аспаптар.

а, б – чугунды радиаторлар; в, г – болатты радиаторлар;

д – қабырғалы чугунды құбырлар; е, ж – конвекторлар.

Ауалы жылыту ауаны калориферияларды жылыту арқылы жүзеге асады және соңғы жылдары кеңінен қолдануда ( 8.4-сурет). Бірақта тұрғын бөлмелер үшін жылыту тиімсіз болып табылады, яғни олардан жылып шыққан ауа адам организмінің жылу алмасуын тез бұзады. Оны көп жағдайда қоғамдық ғимараттарда пайдаланады.

Сауда залдарын және көрме орындарын жылыту үшін кеңінен ауалы жылыту кей жағдайда желдетумен бірге біріктіріліп қолданылады. Мұндай жылыту жүйесі суытылған ауаны қайта қолдануға қарастырылған тікелей ағымды және қайта айналмалы болуы мүмкін.  Сол себептен емдеу орындарында және білім беру мекемелерінде ауаның қайта ағымды жүйесін қолдануға рұқсат етілмейді және мұндай мекемелерде тек тікелей ағымды жүйесі қолданылады.  

Сәулелі-панелді жылыту кезінде жылу көзі бетонды плиткалы қабырғаларда орналасады, яғни жылу тарату үшін құбырлар бетонның ішінде орналастырылады. Панелдердің өте жоғары емес жылу беру мүмкіндігі бар қызуға төзімді қабаты болады, себебі күйік тудыру қаупі болмауы керек және бөлмеге жылы ауаны біркелкі таратуы қажет.   Сонымен қатар, мұндай жылытуды қолданған кезде шаңның тұну және жану жағдайы мүлдем болмау қажет. Балалар және спорттық мекемелерінде, сонымен бірге кейбір моншаларда жылыту элементтері еденнің жабынды қабатының астында орналастырылады. Гигиеналық көзқарас бойынша сәулелік жылыту едәуір тиімді болып саналады, бірақ кеңінен қолданылмайды.  

 Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда жылытуды қарастыру, жобалау ҚР ҚНмЕ 4.02-42-2006 «Жылыту, желдету және ауа баптау» құжатына сәйкес жүргізіледі. Тұрғын ғимараттадың қоршаушы құрылымдарын есептеу кезінде мына мөлшерлерді ескеру қажет: минус 31°С-тан жоғары неғұрлым суық температуралы бескүндікті аудандарда (ҚР ҚНмЕ 2.04-01-2001-ге сәйкес анықталатын) ішкі ауа температурасы 18  °С және минус 31°С-та және одан төмен кезде - 20°С; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 пайызға тең.  

 

 8.4 сурет.  Ауалы жылытудың сызбасы.

1 – ауа қабылдаушы; 2 – ауаны қыздыру үшін қолданылатын камера; 3 – қабырғалардағы канал; 4 –каналдан ауа берілетін тор;  5 – сорылған ауаны өткізетін тор; 6 – сорып  шығаратын қаналы; 7 – шатырға сорып шығаратын шахта.

Газды отынды әр пәтерлік сужылытқыштары (оның ішінде қысқаметражды жылытқыш қазандар) биіктігі бес қабатқа дейінгі тұрғын ғимараттарда, қатты отынды екі қабатқа дейінгілерді қоса (шығыңқы іргелік қабат) қарастыруға рұқсат етіледі.

Қатты отынмен жұмыс істейтін әр пәтерлік жылу генераторларын асханаларда немесе жеке бөлмелерде орналасқан бөлмеге кіреберісті пәтердің қосалқы бөлмелерінен шығаруға рұқсат етіледі.

Пәтерлі үйлерде қатты отындық дәнекерлеу және жылыту пештерін (плиткаларды) биіктігі екі қабаттан көп емес (шығыңқы іргелік қабатты қоспағанда) және бір қабатты жатақханаларда құруға рұқсат етіледі.

Мектепке дейінгі жастағы балалар мекемелерінде балалар уақытының көп бөлігін өткізетін бөлмелердегі үшкір болып келетін жылытушы аспаптар, алынуға ыңғайлы болып келетін ағаштан жасалған қорғаушы торлармен беті жабылып тұруы керек және ол аспапты жүйелі тазалау кезінде кедергі жасамауы қажет.  

        Мектепке дейінгі мекемелердегі топтық бөлмелерде терезе астындағы қабырғаға радиаторларды орналастырған кезде аспаптың астыңғы жағынан еденге дейінгі қашықтық 50 мм-ге дейін рұқсат етіледі.

Еденнен жылытуды негізінен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің барлық топтарының бірінші қабаттарына, сонымен қатар тірек –қимыл аппараттарының бұзылыстары бар балалар мекемелерінде ұйықтайтын және шешінетін бөлмелерінде орналастыруға болады. Еден бетінің орташа температурасы шамамен 23°С-та болуы қажет.  

 Ауалы жылыту жүйесінде жалпы білім беру мектептерінде, мектеп-интернаттарда және интернаттарда жұмыс уақытында ауаның температурасы 40 °С-тан аспауы керек.  

Мектеп ғимартарына желдетумен біріктірілген ауалы жылытуды жобалаған кезде автоматтандырылған басқару жүйесі қарастылуы керек, себебі оқу үрдісі кезінде бөлмелерде  ауаның есептелген температурасы және салыстырмалы ылғалдылық  30-60 % шамасында болуы қажет, сонымен қатар оқу уақытынан тыс кездері ауа температурасы 15 °С төмен болмауы керек.

Ауалы жылыту жүйесінде ауаның қайта айналымы оқу бөлмелерінде тек оқу үрдісі жоқ кезде ғана рұқсат етіледі.

Жылыту жүйесіне санитарлық бақылау кезінде міндетті түрде ҚР ҚНмЕ 4.02-05-2001 «Жылыту, желдету, ауа баптау» құжатының 11 қосымшасын басшылыққа ала отырып жүргізу керек (8.7 – кесте).

 8.7-кесте                                                      

Тұрғын және қоғамдық ғимаратарды жылыту жүйелері.

Бөлмелер

   Жылыту жүйелері (жылыту аспаптары, жылутасмалдағыш, жылутасмалдағыштың немесе жылу беретін беттің шекті температурасы)

Тұрғын, қоғамдық және әкімшілік-

тұрмыстық

   Радиаторлары, панельдері және конвекторлары бар сумен, жылутасмалдағыштың температурасында, жүйелер үшін: 95°С – екі құбырлы және 105°С – бір құбырлы.

   Сыртқы қабырғалар, аражабындылар және едендер ішінде орнатылған қыздырғыш элементтері бар сумен.

   Ауамен.  

   Радиаторлары немесе жылытқыштары бар жергілікті (пәтерлік) сумен, (жылутасмалдағыштың  95°С температурасында).

   Электрмен немесе газбен (жылу беретін бетіндегі температурасы 95°С кезде).

      

 Мектепке дейінгі балалар бөлмелері, мектепке дейінгі балалар, баспалдақ торлары және вестибюльдер.                                                  

  Радиаторлар, панельдер және жылытқыштары сумен (жылутасмалдағыштың 95°С температурасында).

Сыртқы қабырғалар, аражабындылар және едендер ішінде орнатылған қыздырғыш элементтермен, сулы.    Электрмен, жылу беретін бетіндегі температурасы 95°С-дан жоғары емес.

Ауруханадағы палаталар, операциялық және емдеуге арналған басқа бөлмелерде (психиатриялық және наркологиялық қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстықтардан өзге)

Радиаторлар және панельдер сумен (жылутасмалдағыштың 95°С  температурасында).  

Сыртқы қабырғалар, аражабындылар және едендер ішінде орнатылған қыздырғыш элементтері бар сумен.

Психиатриялық және наркологиялық ауруханалардағы палаталар, операциялық және емдеуге арналған басқа бөлмелерде (қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстықтан өзге).

Радиаторлар және панельдер сумен (жылутасмалдағыштың 95°С  температурасында).  

Сыртқы қабырғалар, аражабындылар және едендер ішінде орнатылған қыздырғыш элементтер және тіректермен.

Электрмен жылу беретін температурасы 95°С

Спорт залдары                                       

Ауамен.

Радиаторлары, панельдері және жылытқыштары және жылтыр құбырлары, суы бар жылутасмалдағыштың 150°С температурасында.

Сыртқы қабырғалар, аражабындылар және едендер ішінде орнатылған қыздырғыш элементтермен.    Электрлік немесе газдық жылу беретін бетіндегі температурасы 150°С.

Моншалар, кір жуатын жерлер және сусебізгілер                   

Моншалар және сусебізгілер үшін радиаторлар, жылытқыштары және жылтыр құбырлары бар сумен жылутасмалдағыштың температурасында 95°С, 150°С – кір жуатын жерлер үшін.

Ауамен.

Сыртқы қабырғалар, аражабындылар және едендер ішінде орнатылған қыздырғыш элементтері бар сумен.

Қоғамдық тамақтану (мейрамханалардан өзге) және сауда залдары

Радиаторлары, панельдері және жылытқыштары және жылтыр құбырлары, суы бар жылутасмалдағыштың 150°С температурасында.                                                        Сыртқы қабырғалар, аражабындылар және едендер ішінде орнатылған қыздырғыш элементтері және тік құбырлары бар сумен.    

Ауамен.

Электрмен немесе газбен жылу беретін бетіндегі температурасы 150°С.                                           

Жылы қымталмаған және жартылай ашық бөлмелер мен ғимараттарда жоғары температуралы қараңғы сәулеленгіші бар электр және газбен.

Сауда залдары және оңай тұтанғыш сұйықтардан тұратын материалдарды өңдеу мен сақтауға арналған бөлмелер

ҚР ҚНмЕ 4.02-05-2001 құжатының 11,а немесе 11,б қосымшасына сәйкес қабылдау керек.  

Вокзалдардың жолаушылар залдары                   

Ауамен.

Радиаторлары және конвекторлар бар сумен жылутасмалдағыштың 150°С температурасында.

Сыртқы қабырғалар, аражабындылар және едендер ішінде орнатылған қыздырғыш элементтермен.   Электрмен жылу беретін бетіндегі температурасы 150°С кезде.

Көрермен залдары және мейрамханалар                

Радиаторлары және конвекторлар бар сумен жылутасмалдағыштың 115°С температурасында.

ауамен.

Электрмен жылу беретін бетіндегі температурасы 115°С кезде. 

Жылыту жүйесіне күнделікті санитарлық бақылау кезінде міндетті түрде бекіту керек:

жеке бөлмелердің жылу жоғалту саны;

осы бөлмелерге жылыту аспаптарының қажетті көлемі.  

Қандайда бір бөлменің жылу жоғалтуын есептеу үшін оның қоршаушы құрылымдарының жылу беруін анықтайды, яғни оған сыртқы қабырға және терезелер жатады. Бөлменің жылу жоғалтуын мына формула бойынша анықтайды:

 

Q = ,

мұндағы Q – қоршаушы құрылымдардың жылу жоғалтатын саны, Вт; А – қоршаушы құрылымдардың ауданы, м2; R – қоршаушы құрылымдардың жылу беру кезіндегі көрсететін қарсылығы м2 оС/Вт; tр – бөлмедегі есептелген ауа температурасы, оС; text  –  жылдың суық кезі үшін сыртқы ауаның есептелтен температурасы оС;  ∑ –  қосынды белгісі; ß – негізгі жылу жоғалту бөлігінен қосымша жылу жоғалту; n – сыртқа ауаға сыртқы қоршаушының қатынасы бойынша ескерілген коэффициент.

Жылу жоғалтуды анықтағаннан кейін міндетті түрде сол бөлме үшін жылу жоғалтуды компенсациялайтын жылытушы аспаптың көлемін есептеу қажет. Орталықтан жылыту кезінде жылытушы аспаптың қажетті көлемін мына формула бойынша анықтайды:

S = ,

      мұндағы Q – бөлменің жалпы жылу жоғалтуы, Вт; К – жылутасымалдағыштың жылу беруі, Вт/м2 · град; t вх – жылу тасымалдағыштың радиаторға кіре берістегі температурасы; tвых – жылу тасымалдағыштың радиатордан шығатын бөлігіндегі температурасы; tр – бөлме ауасының есептелген температурасы.  

Жағдайлық есептерді шығару мысалдары:  

1 есеп

Өскемен қаласындағы терапиялық бөлімнің ересек адамдарға арналған палатасы оңтүстік-шығысқа бағытталған, ғимараттың ортасында орналасқан, 3 м қалыңдықта бір сыртқы қабарғасы бар, биіктігі 2,8 м, екі шынылы қабатпен қапталған 2,3 м2 ағаш терезесі бар.  

Осы бөлме үшін қанша шойынды радиатор секциясы қажет, егер жылу тасымалдаушының кірі берістегі температурасы  85 0С , ал шыға берістегі температурасы 65 0С болса.

Бөлменің жылу жоғалтуын есептеу үшін алдымен оның қоршаға құрылымдар арқылы жылу беруін анықтау қажет. Егерде ауаның температурасы көрші бөлмелермен ұқсас нормаланса, онда жылу жоғалтуды есептегенде ішкі қоршаушы қабырғалар, еден, төбе арқылы берілуі ескерілмейді. Сондықтан осы бөлменің жылу жоғалтуын есептегенде оның сыртқы бетке қарайтын қабырғасын және терезелерді ескеру арқылы жүргізіледі. Палатада жылу жоғалтуды есептейміз:

Q =  (tp – text ) ∙ (1 + ∑β) ∙ n;

мұндағы Q – қоршаушы құрылымдар арқылы жоғалатын жылу саны, Вт; А – қоршаушы құрылымның есептелген ауданы, м2; R – қоршаушы құрылымның жылу жоғалтуға қарсы көрсететін қарсылығы, м2 0С/Вт; tр – бөлме ауасының есептелген температурасы, 0С; text – жылдың суық кезі үшін сыртқы ауаның температурасы;  β – жылудың негізгі жоғалту бөлігінен қосымша жылу жоғалтуы; n – сыртқы ауаның қатынасы бойынша сыртқы ортаның жағдайына байланысты тіркелген коэффициент.  R, n мәндері ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылутехникасы» құжаты бойынша;  t, β мәндері  - ҚР ҚНмЕ 4.02-05-2001 «Жылыту, желдету және ауа баптау» құжаты бойынша анықталады.

Қоршаушы құрылымның есептелген ауданын анықтаймыз, м2 - А , қабырғаның ұзындығы 3 м, биіктігі 2,8 м, екі қабатталған терезенің ауданы 2,3 м2  

A = 3 ∙ 2,8 – 2,3 = 6,1 м2

Қолайлы жағдайларға және санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін, қоршаған құрылымның жылу беруіне қажетті қарсылығы (R), мына формула бойынша анықталады:  

R =  =  =  = 1,8м2 град/Вт;

мұндағы n – ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылутехникасы» құжаты бойынша сыртқы бетке қарайтын қабырға 1 тең, 3 - кесте;  tp – бөлме ауасының есептелген температурасы 200С тең; text – жылдың суық мезгілі үшін сыртқы ауаның есептелген температурасы, ҚР ҚНмЕ  2.04-11-2001 «Құрылыс климатологиясы және геофизикасы» құжатының 1 кестесі бойынша Өскемен қаласы үшін  (-420С) тең, неғұрлым суық температуралы бескүндікті аудандарда, 0С, 0,98 қамтамасыз етуі керек; ∆t – ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылутехникасы» құжатының 2- кестесі бойынша, тұрғын және аурухана бөлмелерінің сыртқы бетке қарайтын қабырғалары үшін, температуралық төмен түсудің нормасы 4-ке тең; αв – ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылутехникасы» құжатының 4- кестесі бойынша, қоршаушы құрылымның ішкі беттерінің жылу беруі 8,7 тең.

Жарық ойындысы үшін жылу берудің қарсы көрсететін қарсылығы (R) ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылутехникасы» құжатының 6 қосымшасы бойынша анықталады, сонымен екі қабатты шынымен қапталған ағаш терезелер үшін – 0,4 тең.

β – қосымша жылу жоғалту. Сыртқы бетке қарайтын қабырғалар, есіктер және терезелер үшін ҚР ҚНмЕ 4.02-05-2001 «Жылыту, желдету және ауа баптау» құжатының 9 қосымшасының 2 пункті бойынша С, Ш, СШ бағытқа бағыталғандар – 0,1 тең; О, ОШ және Б үшін -0,05; сыртқы бетке қараған қабырғалары бар бөлмелер үшін қосымша, егерде  әрбір қабырғалары, есіктері және терезелері С, Ш, СШ және СБ бағытталған болса – 0,05 бойынша және басқа жағдайларда 0,1 тең болады.  

Яғни, ғимараттың бағытталуы оңтүстік-шығысқа бағытталуына байланысты ∑β – жылудың қосымша жоғалтуы 0,1 тең. Егерде ауаның температурасы көрші бөлмелермен ұқсас нормаланса, онда жылу жоғалтуды есептегенде ішкі қоршаушы қабырғалар, еден, төбе арқылы берілуі ескерілмейді. Сондықтан бұл бөлме үшін жылу жоғалту қабырға және терезе арқылы жүзеге асады.  

Қабырға арқылы жылу жоғалту:  

Q =  (tp – text ) ∙ (1 + ∑β) ∙ n = Вт

Терезе арқылы жылу жоғалту:

Q =  (tp – text ) ∙ (1 + ∑β) ∙ n = Вт

Жылу жоғалтуды қосқанымызда -  626,8 Вт тең болды.

Қажетті жылытушы аспаптың ауданын анықтаймыз (S):

S = ;

мұндағы  К –жылу тасымалдаушының жылу беруі ( 8.8-кесте) 8,1-ге тең.

8.8 кесте.

Жылу тасымалдаушылардың әртүрлі жылытушы аспаптарындағы жылу берілуі

Жылытушы аспаптардың түрі

Әртүрлі температура кезінде жылу тасымалдаушылардың және ауаның желу беруі (Вт/м2∙град)

50- ден

60 0С дейін

60-ден

70 0С дейін

70-ден

80 0С дейін

80 0С жоғары

Радиаторлар чугунды

7,9

8,1

8,4

8,5

М-132, М-150

8,1

8,6

9,0

9,2

Н-136, Н-150

7,4

7,8

8,1

58,5

«Польза»

8,4

9,0

9,2

9,5

Қабырғалық құбырлар

5,2

5,8

5,8

5,8

S =  =  =  = 1,4 м2;

Бір секцияның ауданы 0,25 м2 тең, осыған байланысты радиатордағы секциялардың саны 1,4 : 0,25 = 5,6 болуы қажет.

Қорытынды. Ересектерге арналған терапиялық бөлімнің палаталарындағы оптималды ықшамклиматты қамтамасыз ету үшін 6 секциялы шойынды радиаторларды орналастыру қажет.

2 есеп

Алматы қаласында солтүстік-батысқа бағытталған,  ғимараттың бүйір жағында орналасқан тұрғын бөлменің шойынды радиаторлар секциясының санын есептеңіз. Сыртқы бетке қараған қабырғалар 3,5 және 4 м, бөлменің биіктігі 3 м. Қабырғаның бүйір жағыда екі шынылы ағаш терезе бар, оның жалпы ауданы 4,2 м2 . Жылу тасымалдаушының кірі берістегі температурасы  80 0С , шыға берістегі температурасы 60 0С.

Қоршаушы құрылымның есептелген ауданын анықтаймыз, м2 - А , қабырғаның ұзындығы 3,5 және 4 м, биіктігі 3 м, екі қабатталған терезенің ауданы 4,2 м2  

A = (3,5 ∙ 3) + (4 ∙ 3) – 4,2 = 6,42 м2

Қолайлы жағдайларға және санитарлық-гигиналық талаптарға сай келетін, қоршаған құрылымның жылу беруіне қажетті қарсылығы (R), мына формула бойынша анықтаймыз:  

R =  =  =  = 1,3м2 град/Вт;

мұндағы n – ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылутехникасы» құжаты бойынша сыртқы бетке қарайтын қабырға 1 тең, 3 - кесте;  tp – бөлме ауасының есептелген температурасы 200С тең, бірақта бүйір бетке қарайтын бөлмедегі ауаның есептелген температурасы нормативтен 2 0С-қа жоғары алынады, сондықтан бөлмедегі ауаның есептелген температурасы 22 0С тең; text – жылдың суық мезгілі үшін сыртқы ауаның есептелген температурасы, ҚР ҚНмЕ  2.04-11-2001 «Құрылыс климатологиясы және геофизикасы» құжатының 1 кестесі бойынша Алматы қаласы үшін  (-230С) тең, неғұрлым суық температуралы бескүндікті аудандарда, 0С, 0,98 қамтамасыз етуі керек; ∆t – ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылутехникасы» құжатының 2- кестесі бойынша, тұрғын және аурухана бөлмелерінің сыртқы бетке қарайтын қабырғалары үшін, температуралық төмен түсудің нормасы 4-ке тең; αв – ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылутехникасы» құжатының 4- кестесі бойынша, қоршаушы құрылымның ішкі беттерінің жылу беруі 8,7 тең.

Жарық ойындысы үшін жылу берудің қарсы көрсететін қарсылығы (R) ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылутехникасы» құжатының 6 қосымшасы бойынша анықталады, сонымен екі қабатты шынымен қапталған ағаш терезелер үшін – 0,4 тең.

Сонымен ғимарттың бағыты солтүстік-батысқа бағытталуына байланысты ∑β – жылудың қосымша жоғалтуы 0,05 тең.  

Қабырға арқылы жылу жоғалту:  

Q =  (tp – text ) ∙ (1 + ∑β) ∙ n = Вт

Терезе арқылы жылу жоғалту:  

Q =  (tp – text ) ∙ (1 + ∑β) ∙ n = Вт

Жылу жоғалтуды қосқанымызда – 684,6 Вт.

Қажетті жылытушы аспаптың ауданын анықтаймыз (S):

S = ;

мұндағы  К –жылу тасымалдаушының жылу беруі ( 8.2-кесте) 8,1-ге тең.

S =  =  =  = 1,76 м2;

Бір секцияның ауданы 0,25 м2 тең, осыған байланысты радиатордағы секцияның саны 1,76 : 0,25 = 7,04 болуы қажет.

Қорытынды. Тұрғын бөлмедегі оптималды ықшамклиматты қамтамасыз ету үшін 7 секциялы шойынды радиаторларды орналастыру қажет.

 Желдету дегеніміз қызмет көрсететін аймақта рұқсат етілген метеорологиялық жағдайлар мен ауа тазалығын қамтамасыз ету мақсатымен жылудың, ылғалдың, зиянды және басқа да заттардың молдылығын жою үшін бөлмелердегі ауаны алмастыру. Бөлмелер ішінде адамның іс-әрекеті нәтижесінде және оның ішінде адамдар жәй болған жағдайда ауаның физикалық құрылымы және химиялық құрамы өзгереді. Осының нәтижесінен оның температурасы, ылғалдылығы, көмірқышқылды газдың құрамы көбейеді, жағымсыз иіспен жеңіл ұшатын органикалық заттар пайда болады. Ауаның сапасына әртүрлі тұрмыстық және өндірістік үрдістер өте жоғары әсер етуі мүмкін.

 Мұндай жағдайды, яғни жылытушы аспаптарды қолдану әсерінен (газды плиталар, электрлі тастар, үй пештері, электрлі аспаптар) ауа температурасының жоғарылуын айтуға болады.  Тұрмыстық газдарды жаққан кезде сол бөлменің ауасында көмірқышқылды газ пайда болады, ал жартылай жанған кезде көміртегі тотығы пайда болады.  Ас дайындайтын және жуынатын бөлмелердегі ауа ылғалдылығының жоғарылауы ыдыс жуу, адамдар суға түсу және кір жуу кезінде түзілген сулы будың әсерінен пайда болады.

Жоғарыда айтылған мәліметтерден тұрғын және қоғамдық ғимарттарда міндетті түрде мезгіл-мезгіл желдетіп тұру қажеттігін көрсетеді. Қолайлы ықшамклимат жағдайын қалыптастыру үшін желдету қолданылады, яғни табиғи және жасанды (механикалық) ауаны сорып әкелетін және сорып шығаратын түрлерге бөлінеді. Ауаны сорып әкелетін желдету түрі бөлмеге сырттан таза ауамен қамтамасыз етеді, ал сорып шығаратын түрі – бөлмеден лас ауаны сыртқа шығарады.

Табиғи желдету кезінде негізгі ауа алмасу сыртқы және ішкі ауаның температурасының әртүрлігіне, сонымен қатар желдің жылдамдығына байланысты газдардың диффузиясы есебінен жүреді.  Ауаның аз көлемдегі алмасуы бөлменің тығыздалмаған терезелер мен есіктері арқылы жүзеге асады, бірақ та олар терезе және фрагмулар арқылы желдету кезінде жұмысы күшейеді. Жасанды желдету кезінде ауаны сорып әкелу және ауаны сорып шығару механикалық ортаны қоздыру арқылы (желдеткіштер) жүреді.

Желдету жүйесіне санитарлық бақылауды ҚР ҚНмЕ 4.02.42-2006 «Жылыту, желдету және ауа баптау» құжатымен, сонымен қатар ҚР ҚНмЕ 3.02.-43-2007 «Тұрғын ғимараттар» және ҚР ҚНмЕ 3.02-02-2009 «Қоғамдық ғимараттар және имараттар» құжаттары негізінде жүзеге асады.  

  Бөлмелерде ауаның және ауа алмасу жиілігінің есептік параметрлері ҚР ҚНмЕ 3.02.-02-2009 (4 қосымша, міндетті түрде) құжатына сәйкес қолдану (8.9 кесте) қажет.

 8.9 кесте.

Ауаның және ауа алмасу жиілігінің есептік параметрлері

(ҚР ҚНмЕ 3.02.-43-2007 «Тұрғын ғимараттар», 4қосымша)

Бөлмелер  

Жылдың суық кезеңіндегі ауаның есептік температурасы, С°

Ауа алмасу еселігі немесе бөлмеден шығарылатын ауаның саны   

Құйылуы  

Сорылуы

Пәтерлер немесе жатақханалардың тұрғын бөлмелері                            

18 (20)                          

Тұрғын бөлмелердің 1 м2 –на 3 м3/с 

Пәтер және жатақхана асханасы электрплиталы куб

Газ плиталы

18                          

60 м3/с-тан кем емес,

2 конфорлы плиталарда

75 м3/с-тан кем емес,

3 конфорлы плиталарда

90 м3/с-тан кем емес,

4 конфорлы плиталарда 

Ванна

25

25 м3/с

Жеке дәретхана                                                          

18

25 «

Біріктірілген дәретхана және ванна бөлмесі

25

50 «

Жатақханадағы киімді тазалау және үтіктеуге арналған киімілгіш бөлмесі және жатақханадағы жуынатын бөлме

18

1,5

Жатақханадағы вестибюль, ортақ дәліз, баспалдақ торы

18

1

                                                      

 ескерту:

1. пәтерлер және жатақханалардың бұрыштық бөлмелерінде ауаның есептік температурасын кестеде көрсетілген 2 °С жоғары қабылдану керек. 

2 IV климаттық ауданның және III Б қосалқы климаттық ауданның үйлерінде, сондай-ақ пәтерлік жылытылатын үйлерге арналған баспалдақ торларында ауаның есептік температурасы нормаланбайды.  

3. жақша ішіндегі мәндер қарттар мен мүгедектері бар отбасылар үйлеріне қатысты берілген.

 Сорып шығару құрылымы нормаланған бөлмелер үшін алып кетілетін ауаны бөлме ішіне түсетін ауаның көлеміне сәйкес келеді, сондай-ақ сол пәтердің басқа бөлмелерден келетін ауаның есебіне сәйкестенеді. Пәтерлер мен жатақханалардың тұрғын бөлмелеріндегі сорып шығаратын желдету жүйесі ас дайындайтын, әжетхана, ванна (душ) және кептіру шкафтарының сорып шығару каналдары арқылы жүзеге асады. Ас дайындайтын бөлмелерде газды су жылытқыш қондырғыларын орнату кезінде қосымша сорып шығару каналдарын қарастыру қажет.

Бір пәтердің жергілікті желдету каналдарын құрамалы желдеткіш каналдарға оларды қызмет көрсететін бөлмелерден 2 м кем емес бір деңгей жоғарыдағы құрамалы каналға жалғап қосу арқылы біріктіруге болады.  Асханалардан, әжетханалардан, ванналардан (сусебезгілерден), азық-түлік сақтайтын қоймаларынан тартылған желдеткіш каналдарды әр  пәтерлік желдету жылу генераторлары бөлмелерінен, гараждардан тартылған желдеткіш каналадарымен біріктіруге болмайды.

Тұрғын ғимараттарға қосып салынған қоғамдық бөлмелерде жылыту және желдетумен қамтамасыз етілуі қажет. Ауа баптау жүйесін құру қажеттілігі тиісті нормативтік құжаттармен қарастырылады.

Қосылып салынған нысандардың желдетуі дербес болуы қажет бір пәтердің габаритындағы бөлмелердің – нотариальдық, кеңселердің, заң кеңестері, балалар бөлмесінің, тұрғын үй-пайдалану ұйымдары кеңселерінің, жинақ банкілердің, баспасөз одағының дүңгіршектерінің өрт жарылғыштық қауіпті заттары жоқ және зиянды қалдықтар нормаланған мәндерден аспайтын өзге де қосылып салынған бөлмелердің көлемінде орналасқан сорғыш желдеткішті тұрғын үйдің жалпы сору жүйесіне қосуға рұқсат етіледі.

Жылы шатырлы ғимараттарда шатырдан ауаны айдап шығару үйдің әр бөлініе соңғы қабаттың ара жабынынан биіктігі 4,5 м-ден кем емес сорғыш шахта қою арқылы қарастырылуы қажет.

Мұнда  минус 40°С –тан төмен неғұрлым суық температуралы бескүндікті климаттық ауданда (қамтамасыз етілуі 0,92) биіктігі үш қабатты және одан да көп тұрғын ғимараттарда, сыртқы ауаны қыздыратын құятын желдеткішпен жабдықтауға рұқсат етіледі.

 Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі балалар ұйықтайтын бөлмелерінен ауаны сорып шығару қарама-қарсы желдету немесе бұрыштық желдету болатын болса, онда желдетуді топтық бөлмелер арқылы жүргізуді қарастыру керек. Ас дайындайтын бөлмеден шығатын ауаны сорып шығару  үрдісі топтық және балалар ұйықтайтын бөлмелер арқылы жүруіне тиым салынады.

Жалпы білім беретін мектептердің оқу бөлмелерінен ауа шығарылуын тынысжайлық бөлмелері және тазалық сақтау торабы арқылы, сондай-ақ ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001-дің талаптары бойынша сыртқы терезелер арқылы қарастырылуы керек.

Оқу бөлмелерінде, механикалық қоздырғыш бар немесе ауаның сол бөлмелерге тікелей құйылуына бағытталған ауа шығарылуын жобалағанда, ауаның сырттан табиғи сорылуы және есеп бойынша бір сағатта бөлмедегі ауаның алмасуы қамтамасыз етілетіндей болуын қарастырылуы керек. Оқу бөлмелерін ауамен жылытқанда, онда ауа сорып шығару жолдарын жобаламаса да болады.

Мектеп асханаларында ауа алмасу жұмысын есептегенде ас үйіндегі технологиялық жабдықтардан бөлінетін қосымша жылуды да ескеруі керек. Тамақ бөлмелер тобының өндірістік бөлмелеріне сырттан құйылатын ауаны түстік зал арқылы қарастыруға болады. Түстік залда берілетін ауаның көлемі бір орынға 20 м3/с кем болмауы қажет.  Оқушылардың саны 200-ге дейін болатын мектептерде желдету құрылғыларын сырттан ұйымдасқан механикалық түрде құйылатын ауа ағынысыз қарастыруға рұқсат етіледі. Жасанды қоздыру арқылы желдетуді жобалау кезінде қарастыру қажет:

 • егер метеорологиялық жағдаймен ауаның тазалығы табиғи қоздарғышы бар желдеттілумен немесе бөлмені жүйелі түрде желдету кезінде нәтиже бермеген жағдайда;

 •  табиғи желдетуге мүмкіндігі жоқ бөлмелер үшін және сыртқа қабырғадағы аэрозиялық ойындылары немесе ашылатын терезелері 30 м аса қашықтықта болатын қоғамдық бөлмелер үшін немесе басқа нормативтік құжаттада бекітілген қашықтықтағы бөлмелер үшін.

Ауаны алып келетін немесе алып кететін жартылай қолданылатын табиғи қоздырғышы бар аралас желдету жүйесін жобалау рұқсат етіледі. Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің бөлме желдетілуін бағалау кезіндегі міндеттері:

 •  белгілі бір бөлме үшін қажетті желдету жүйесін таңдау;

 • бөлме ауасының сапасын нормалау үшін қажетті ауа аламасу жиілігін бекіту;

 • бөлменің ықшам климатын қалыптандыру үшін қажетті ауа аламасу жиілігін бекіту;

 • қажетті жағдайда желдету тиімділігін жоғарлату бойынша ұсыныстар енгізу.

Ауа шығынын және ауа алмасу жиілігін анықтау әдістемесі.

Негізінен тұрғын бөлмелердің ауасы табиғи желдету көмегімен алмасады, газ пештері үстіндегі механикалық сорылумен жасанды түрде тазартылады. Көптеген қоғамдық ғимарттар мен әртүрлі мақсаттағы коммуналдық нысандар бөлмелеріндегі ауа сол жердегі адамадардың іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Бұл ғылыми-зерттеу мекемелері, денсаулық сақтау мекемелері, коммуналдық шаруашылық, сауда кәсіп орындары және т.б.  Уақыт бірлігіне сәйкес бөлмені желдету үшін қажетті ауа алмасу жиілігі бөлменің көлеміне, ауаға бөлінетін зиянды заттардың концентрациясына және сол бөлмеде болатын адам санына байланысты.

Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер бөлмелердегі желдетуге санитарлық бақылау кезінде келесі сұрақтарды қамтуы қажет:

•  бөлменің көлеміне, сол бөлмедегі адамдардың санына және ластану дәрежесіне байланысты белгі бір бөлмедегі желдетілуге қажетті ауа көлемін бекіту;

•   нақты желдету жүйесіне байланысты бөлменің ауа есебін есептеу;

•  бөлменің көлемі мен ондағы ауа шығынына байланысты бөлмедегі ауа алмасу жиілігі есептеу;

• бөлмеде ауа алмасу қажеттігін анықтау;  

•  белгілі бір бөлменің желдетілуіне гигиеналық баға беру. 

Жалпы ауа алмасу, желдету кезінде қажетті ауа алмасуды анықтау:

 а) артық жылуды сіңіру үшін;

б) артық ылғалды сіңіру үшін;

в) араласқан зиянды газдар үшін.

 Тұрғын бөлмелерде ауа сапасы адамдардың болу есебіне байланысты нашарлайды, желдетілуге қажетті  ауа көлемі (1 сағатына) жанама көрсеткіш – көмірқышқыл газы бойынша (СО2) анықталады. Бұл жағдайда желдету мақсаты бөлме ауасында  СО2 –  0,1%  немесе бір пайыз қалыпта болатындай, яғни 1 л /м3  мөлшеріне сәйкес болуы қажет. Есептеу формула бойынша жүргізіледі:

L = ,

мұндағы L қажетті желдету көлемі (м3/ч); 21,6 – тұрғын бөлмеде 1 сағат ішінде ересек адамның шығаратын көмір қышқылының мөлшері (л/сағ); N –  бөлмедегі адам саны; 1 – тұрғын бөлме ауасындағы рұқсат етілетін СО2   концентрациясы ();

0,4 – атмосфералық ауадағы СО2 орташа мөлшері ().

 Мысалы. Егер тұрғын бөлмеде үнемі 3 адам болатын болса, онда қажетті желдету көлемі мынаған тең:

L =  м3/сағ.

 

 Қорытынды. Үнемі 3 адам болатын бөлмедегі қажетті табиғи желдету көлемі 108 м3/сағ.  

Әрі қарай санитарлық дәрігер, табиғи желдету кезіндегі сол бөлмедегі ауа шығынын есептейді, яғни оның бөлмеге ашық терезеден және форточкадан (фрамугадан) уақыт бірлігіне қарай түсу мөлшерінде (м3/сағ) келесі формула қолданылады:

L = V · S · 3600,

мұндағы  L –  ауа шығыны м3/сағ; V –  ауаның қозғалыс жылдамдығы м/с;

S – ауа өтетін тесіктің ауданы;

3600 – секундтағы сағаттың есептелуі.

Ауанның қозғалыс жылдамдығын 3-5 мин ішінде қанатшалы анемометрдің көмегімен өлшенеді, анемометрді желдету тесігінің орталық ауданынада ұстау керек.  

Мысал.  Тұрғын бөлменің ауданы 20 м2 және биіктігі 3 м, желдетілуі 20 см X 25 см 0,8 м/с жылдамдықпен төрт бұрышты фрамуга арқылы жүреді. Бөлмеде 1 сағат ішінде ауаның желдетілуін анықтаңдар.

Форточка ойындысының ауданын есептейміз, яғни  0,20 м Х 0,25м = 0,05 м2 және келесі сәйкес формулаға қоямыз:

L = V · S · 3600 = 0,7 · 0,05 · 3600 = 126 м3/сағ.

 Қорытынды.  Тұрғын  бөлдеге ашық форточка арқылы бір сағатта   126 м3 ауа енеді.

Жоғарыда келтірілген формуламен бөлмелерді механикалық желдету кезінде желдеткіш ойындысының ауданын есептеп және ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтап, ауаның шығынын бағалау үшін қолдануға да болады. Мұндай есептеулер санитарлық дәрігерге желдету қондырғыларының қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақта бұл жағдайда қанатшалы анемометрді емес, жоғары жылдамдыққа есептелген табақшалы анемометрді пайдаланған жөн.   Бөлмедегі ауаның шығынын біле отырып, мына формула арқылы ауа алмасу жиілігін есептеуге болады:

Р   = ±  ,

мұндағы Р – ауа алмасу жиілігі; L –  м3/сағаттағы ауа шығыны;  

W – бөлменің көлемі, м3 

Мысал.  Тұрғын бөлменің ауданы 20 м2 және биіктігі 3,0 м, бір сағаттағы ауаның алмасуы 126 м3 ауаны құрайды. Ауа алмасу жиілігі:

Р   = ±   =  

 Қорытынды. Тұрғын бөлмеде ауа сағатына 2,1 рет алмасады.

Бөлмедегі желдеткіштің негізгі көрсеткіші ауа алмасу жиілігі болып табылады және ол сызба жобаларында келетін ауа ағыны « + » белгісімен, кететін ауа ағыны «–» белгісімен белгіленеді. Табиғи желдету кезінде бөлмедегі ауа алмасу тығыздалмаған терезе және есіктер арқылы жүреді, ауа алмасу жиілігін анықтау үшін міндетті түрде бөлмедегі ауаның құрамындағы көмір қышқылды газды есептеу керек. Есептеу келесі формула бойынша жүреді:

Р =

мұндағы: Р – ауа алмасу жиілігі;  21,6 –

тұрғын бөлмеде 1 сағат ішінде ересек адамның шығаратын

көмір қышқылының мөлшері (л/сағ);

N –  бөлмедегі адам саны;  m – тұрғын бөлме ауасындағы СО2   

концентрациясы (); W –  бөлме ауданы, м3;

0,4 – атмосфералық ауадағы СО2 орташа мөлшері ().

 Мысал. Көлемі 60 м3 (W) қызмет бөлмесінде алты адам отырады (N). Сол бөлмедегі (m)  ауаның  құрамында СО2 - 1,6   құрайды. Бөлмедегі ауа алмасудың қажетті жиілігін анықтау қажет. Қажетті көрсеткіштерді формулаға саламыз:

Р =

 Қорытынды. Ауаның қалыпты жағдайы үшін қызмет бөлмесіндегі көмірқышқыл газының концентрациясы жоғарыламауы үшін міндетті түрде сағатына 1,8 рет ауаны  желдету арқылы ауыстырып тұру қажет. Табиғи желдету тығыздалмаған құрылымдар арқылы бір сағатта бір еселік ауа алмасуынан аспауы керек, сол себептен ол үшін бөлмені мезгіл-мезгіл желдетіп тұру қажет.

 

Келтірген мысалға байланысты, бөлмедегі қажетті ауа алмасуы зиянды заттардың концентрациясына, сонымен қатар ауа бөлетін белгілі бір ластаушы көздердің жылуы мен ылғалдылығына байланысты. Егерде бөлмеде ауа температурасын, ылғалдылығы мен зиянды заттардың концентрациясын  жоғарылататын қандайда бір жұмыс істелетін болса, онда қажетті ауа алмасу желдетілуі  келесі формула бойынша анықталады:  

 А) көп жылу жұтылу үшін:

L = ;  

 Б) көп ылғалдылық жұтылу үшін:

L =  ;  

 В)  көп химиялық заттар араласу үшін:

L =  ,

мұндағы L қажетті ауа алмасу, м3/сағ; Qластаушы көздерден бөлінетін артық жылу саны, ккал/сағ; О – ауаның көлемді жылу сиымдылығы (0,3 ккал/м3 · град); Тн –  бөлмедегі қалыпты ауа   температурасы,  0С; Тасорылып келетін ауа температурасы, 0С; D – бөлмедегі артық ылғалдылық, г/сағ; dнбөлме ауасындағы қалыпты ылғалдылықтың құрылымы, г/м3; dа –  сорылып келетін ауадағы ылғалдылықтың құрылымы, г/м3; С – бөлме ауасына бөлінетін химиялық заттардың саны, мг/ч; сносы заттардағы ШРЕК, мг/м3; сасорылып келетін ауадағы осы заттардың концентрациясы, мг/м3.

Жасанды және табиғи жарықтануды зерттеу әдістемесі

Тұрғын және қоғамдық ғимараттың бөлмелеріндегі жарықтануға күнделікті санитарлық бақылау үрдісінде келесі нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып жүргізеді:  ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 «Табиғи және жасанды жарықтану»; ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 «Құрылыс климатологиясы»; ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 «Тұрғын ғимараттар»; ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009 «Қоғамдық ғимараттар және имараттар».

Қажетті жоба материалдарын оқу үшін  және берілген нормативті құжаттармен жұмыс істеу үшін,  алдымен негізгі терминдермен танысу қажет.

 ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002, А қосымшасы

Табиғи және жасанды жарықтану терминдері

 

Бүйірлік табиғи жарықтандыру – бөлмелерді сыртқы қабырғалардағы жарық ойықтары арқылы жарықтандыру.

Үстінгі табиғи жарықтандыру – бөлмелерді күнтартарлар, ғимараттар          биіктігі ауыспалы жерлерде қабырғалардағы жарық ойықтары арқылы жарықтандыру.

Табиғи жарықтандырудың геометриялық коэффициенті – толтырылмаған жарық ойығы арқылы өткен және тікелей бір қалыпты жарық аспаннан түсетін жарық бөлменің ішіндегі берілген жарықтың қарастырылуышы нүктесінде құратын табиғи жарықтанудың толық ашылған аспан аясы астындағы сыртқы көлденең жарықтанудың бірмезгілдік мәніне қатынасы, бұл орайда тік күн жарығының сол немесе басқа жарықтануды құрауға қатысы толығымен мүмкін болмайды, пайызбен келтіріледі.

Табиғи жарықтандыру – бөлмелерді сыртқы қоршайтын құрылымдардағы жарық ойықтары арқылы кіретін жарығымен (тік немесе шағылған) жарықтандыру. Құрастырылған табиғи жарықтандыру – үстіңгі және бүйірлік жарықтандыру тіркесі.

Табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) – тікелей аспан жарығы бөлменің ішіндегі берілген жазықтықтың қайсы бір нүктесінде құратын табиғи жарықтанудың толық ашылған аспан аясы жарығы құратын сыртқа көлденең жарықтанудың бірмезгілдік мәніне қатынасы, проценттермен келтіріледі.  

 Жарықтық климат коэффициенті  т жарықтық климаттың ерекшеліктерін ескеретін коэффициент.

 Табиғи жарықтанудың бірқалыпты еместігі – бөлменің сипаттық тілігі шектерінде ТЖК-нің орташа мәнінің неғұрлым кіші мәніне қатынасы.

 Терезелер ауданы S0 – жарықтандырылатын бөлменің сыртқы қабырғаларындағы жарық ойықтарының (жарықта) қосынды ауданы, м2.

 ТЖК-нің есептік мәні ер жайларды табиғи немесе қосарлы жарықтандыруды жобалау кезінде есептеу жолымен алынған мән, пайызбен келтіріледі.

Жарықтық климат – бір  немесе өзге жерде он жылдық кезең бойындағы табиғи жарықтанудың шартты жиынтығы (көлденең) көкжиек тараптары бойынша түрлі бағытталған тік беттердегі аспанның шашыраңқы жарығы мен күннің тік жарығы құрайтын жарықтану, күннің жарықтығының ұзақтығы және төселме беттің альбедосы).

 Біріктірілген жарықтандыру – нормалар бойынша жеткіліксіз жарықтандыру жасанды жарықтандырумен толықтырылған кездегі жарықтандыру.

 

Жасанды жарықтандыру терминдері

 Қауіпсіздік жарықтандыру – жұмыстық жарықтандырудың апаттық өшу кезінде жұмысты жалғасытру үшін жарықтандыру.

 Кезекші жарықтандыру  – жұмыстық емес уақытта жарықтандыру.

Құрастырылған жарықтандыру жалпы жарықтандыруға жергілікті қосылған кездегі жарықтандыру.

 Жергілікті жарықтандыру жалпыға қосымша, жарық ағынын тікелей жұмыс орындарында шоғырландыратын шырақтар жасайтын жарықтандыру.

 Жалпы жарықтандыру шырақтар бөлменің жоғары ауданында бірқалыпты (жалпы бірқалыпты жарықтандыру) немесе жабдықтың орналасуына қатысты (жалпы оқшауланған жарықтандыру) орналасқан жарықтандыру.

 Көшіру жарықтандыру  –  қалыпты жарықтандырудың апаттық  өшіру кезінде адамдарды бөлмелерден көшіру үшін жарықтандыру.

 Терезенің орналасуы және олардың қабырға аралық ені гигиеналық көзқарас бойынша өте маңызды: терезенің жоғары шеті мен бөлменің төбесіне дейінгі қашықтық неғұрлым аз болса – бөлмеге жарық соғұрлым терең енеді; терезелер арасындағы қабырға аралық ені неғұрлым аз болса – жарықтың біркелкі таралуы жоғары болады (қабырға аралық ені терезе енінен бір жарым еседен аспау керек).   Сонымен қатар, бөлмедегі қабырғаның сырлары және жиһаз түстеріде маңызды орын алады, яғни олар неғұрлым ашық түс болса, жарықтың шағылысу есебінен соғұрлым жоғары болады.

 Бөлмедегі табиғи жарықтанудың жеткіліктілігін геометриялық әдістің көмегімен анықтауға болды, мысалы жарықтық коэффициент бойынша (ЖК), яғни терезелердің шыныланған бөлігінің ауданының еден ауданына қатынасы арқылы болжам жасауға болады.  Оны анықтау үшін бөлмедегі барлық терезелер ауданын (жақтауларын және қаптауларын есептемейді) және еден бетінің ауданын есептейді.  Содан соң еден ауданының мөлшерін терезенің шыныланған бөлігінің ауданына бөліп, белгілі бір мән алынады. ЖК көрсеткіші бөлінді түрінде көрсетіледі, яғни терезенің шыныланған жарық өтетін бетінің ауданына (S0) еден ауданының қатынасы (Sп) және мына формула бойынша есептелінеді:  

ЖК =  

ҚР ҚНжЕ 3.02.43-2007«Тұрғын ғимараттар» құжатына сәйкес, барлық тұрғын бөлмелер және ас үй пәтерінің және жатақханалардың жарық өтетін аудандарының бұл бөлмелердің едендеріне қатынасы, қағида бойынша 1:5,5-тен артпауы тиіс, ал минималды қатынас 1:8-ден кем болмауы керек. Мансардтық қабат үшін, мансардалық терезелерді қолданған кезде 1:10 қатынасын қабылдауға рұқсат етіледі. Жатақханалардың  шағын тұрғын орындарында (екі бөлмеден көп емес) және А типті бір бөлмелі пәтерлерде ас үй қуысы табиғи  жарықтандырусыз жобалауға рұқсат етіледі.

 

 Мысал. Тұрғын бөлмедегі терезенің жарық өткізгіш бетінің ауданы 4 м2, еден ауданы  16 м2 тең. Жеке мәні 16 : 4 = 4, ЖК = 1/4, яғни терезенің шыныланған бетінің ауданы еден ауданынан 4 есе кем.

 Қорытынды. Бөлменің табиғи жарықтану жоғары, яғни ҚР ҚНжЕ 01.03.2002 «Тұрғын ғимараттар» құжатына сәйкес барлық тұрғын бөлмелерде жарық өтетін аудандарының бұл бөлмелердің едендеріне қатынасы бойынша 1:5,5-тен артпауы тиіс, ал минималды қатынас 1:8-ден кем болмауы керек. 

Бірақта, жарықтық коэффициент салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және  егерде жарық өткізгіш бетін қарама-қарсы тұрған ағаштар және ғимараттар көлеңкелейтін болса, онда оның жоғары мәнінің өзі бөлмеге жеткіліксіз болап саналады.  Сонымен қатар, жарықтық коэффициент бөлмелер мөлшеріне қатынасын, қоршаушы құрылымдардан шағылысу жарығын және жұмыс орнынан және тағы да басқа жерлерден жарық өткізігіштің алыстауын ескермейді.  Жоғарыда айтылған кемшіліктерді жою үшін басқа геометриялық әдістердің көмегімен, яғни жарықтану бұрышы: түсу бұрышы және саңылау бұрышы арқылы анықтауға болады.

Түсу бұрышының көрсеткіші жұмысшы орнынан жарық өткізгіштің алшақтауын ескеретін және бөлмеге жарық өткізгіш арқылы жұмысшы беткейге жарықтық сәуленің түсу бұрышымен сипатталады, ал саңылау бұрышы – оның жарықтануына шектеусіз мән болып табылады. Осы бұрыш неғұрлым көп болған сайын, жұмысшы беткейге жарықтану соғұрлым жақсы болады. Жарықтанудың айтылған бұрыштарын есептеу үшін бөлменің кесіндісінен (8.5 сурет) үш сызық жүргізу арқылы жүргізіледі: ВС сызығы – жұмысшы беткейінің ортаңғы бетінен жарық өткізгіштің төменгі бөлігіне дейін; ВА сызығы - жұмысшы беткейінің ортаңғы бетінен жарық өткізгіштің жоғарғы бөлігіне дейін және ВЕ сызығы - жұмысшы беткейінің ортаңғы бетінен көлеңкелейтін нысанның жоғарығы нүктесіне дейінгі қашықтық. Сызықтарды жүргізу арқылы екі бұрыштары пайда болады,  АВС – түсу бұрышы және АВЕ – саңылау бұрышы. Олардың мәнін есептеу үшін транспортирді қолданады немесе (8.10 кесте)  тригонометриялық функцияның натурал мәндері (тангенс) берілген кестені пайдалану арқылы жүргізуге болады.

8.5 сурет.  Түсу бұрышын анықтау схемасы.

АВС – түсу бұрышы; АБЕ – саңылау бұрышы.

 Берілген  схемада АВС үш бұрышы тік бұрышты, сондықтан АВС бұрышының tg АВС = тең,  Ас катеті (тік бұрышты үш бұрыштың тік бұрышына жапсырылған қабырғалары) – бұл көлденең бойынша жұмысшы беткейдің және терезенің жоғарғы шегі арасындағы ара-қашықтық, ал ВС катеті – жұмысшы беткейінің ортаңғы нүктесінен терезеге дейінгі ара-қашықтық.  Түсу бұрышының мәнін есептеу үшін осы катеттерді міндетті түрде өлшеу қажет.

Мысал. Терапевт дәрігердің бөлмесіндегі терезенің биіктігі (АС) 1,5 м тең, жұмыс столынан терезеге дейінгі (ВС) ара-қашықтық 3,2 м құрайды.

tg АВС бұрышы =  =  = 0,468

Тангенстің натурал мәндері кестесі бойынша 0,468 мәні 25° бұрышына сәйкес келеді, яғни бұл түсу бұрышы болып табылады.

 Қорытынды. Дәрігердің жұмыс орнында түсу бұрышы 27° кем болмауы қажет, яғни түсу бұрышы жеткіліксіз.  Оны түсу бұрышын 27° тең болатындай, жұмыс үстелін терезеге дейінгі ара-қашықтығын  2,9 м дейін қысқарту керек.  

8.10 кесте.

Тангенстің натурал мәндері

tg α

α°

tg α

α°

tg α

α°

tg α

α°

0,017

1

0,249

14

0,510

27

0,839

40

0,035

2

0,268

15

0,532

28

0,869

41

0,052

3

0,287

16

0,554

29

0,900

42

0,070

4

0,306

17

0,577

30

0,933

43

0,087

5

0,325

18

0,601

31

0,966

44

0,105

6

0,344

19

0,625

32

1,000

45

0,123

7

0,364

20

0,649

33

1,15

49

0,1471

8

0,384

21

0,675

34

1,39

53

0,158

9

0,404

22

0,700

35

1,60

58

0,176

10

0,424

23

0,727

36

2,05

64

0,194

11

0,445

24

0,754

37

2,45

68

0,213

12

0,466

25

0,781

38

3,07

72

0,231

13

0,488

26

0,810

39

4,01

76

5,67

80

 Саңылау бұрышында осыған ұқсас анықталады. Жұмыс орнының ортаңғы нүктесінен қарама-қарсы тұрған ғимараттың жоғарғы бөлігіне дейін ойша сызық сызылады, оны терезенің ойындысымен қиылысатын нүктені белгілеп, ДС және СВ кесіндісін өлшейді.  қатынасы тангенсті ДВС бұрышы болып табылады, ал АВЕ (АВД) саңылау бұрышы АВС бұрышының бір бөлігі болып табылады, яғни біз есептеп анықтаған АВС бұрышынан ДВС бұрышын алып тастағанға  тең.

 Мысал. ВЕ ойша сызығы дәрігердің үстеліндегі жұмыс бетінен қарама-қарсы тұрған ғимараттың жоғарғы нүктесіне сызылады, терезе бетінің терезе алдындағы жақтаушасынан (подоконник) 1,0 м биіктікте Д нүктесінде қиылысады. Жұмыс столы терезеден 3,2 м қашықтықта орналасқан.

tg ДВС бұрышы =

Тангенс кестесе бойынша  ДВС бұрышы 17° тең, ал АВС бұрышы біздің алдыңғы есептеулеріміз бойынша 25° тең, АВД саңылау бұрышы = АВС бұрышы – ДВС бұрышы = 25° – 17° =  8°.

 Қорытынды. Дәрігердің жұмыс үстеліндегі саңылау бұрышы 8° тең, егер стол мен терезенің ара-қашықтығы 2,9 м-ге дейін болса, онда 10° құрайды. Саңылау бұрышының ең төменгі көрсеткіші 5° болып табылады, яғни терапевт дәрігердің жұмыс орнындағы табиғи жарықтану жағдайы нормаға сәйкес келеді.

 Келтірілген сызбасындағы дәрігердің жұмыс үстел бетінің биіктігі еденнен терезенің алдыңғы жақтаушасына дейінгі биіктікпен бірдей және АВС бұрышы тік бұрышты.  Егерде жұмыс орнының биіктігі терезенің алдыңғы жақтаушасынан төмен болатын болса, онда бірнеше геометриялық параметрлерді қолдану қажет, яғни 8.6 суретте келтірілген. Бұның айырмашылығы , үш бұрышты тік бұрыш алу үшін жұмыс орнынан терезенің алдыңғы жақтаушасына дейінгі қашықтықты емес, жарық өткізгіш қабырғадан бастап есептелінеді.

8.6 сурет.  Саңылау бұрышын анықтау.

О – жұмысшы беткейі, lқабырғаның жарық өткізгішке дейінгі қашықтығы, а –  жарық өткізгіштің ең жоғарғы шегіне дейінгі қашықтық; b  көлеңкелеуші нысанның ең жоғарғы шетіне дейінгі қашықтық, d терезенің жоғарғы шетінен жұмысшы беткейге дейінгі қашықтық, с — көлеңкелейтін нысанның жоғарғы шетінен жұмысшы беткейге дейінгі қашықтық.

Жасанды жарықтану 

Бөлмедегі жасанды жарықтануды анықтау әдістемесі

Бөлмедегі жасанды жарықтану жарық көзінен жарық ағымының жиілігіне байланысты. Жарық ағымы (F) деп жарық қуаттылығын адам сәулелі энергияда сезінуі. Жарық ағымының өлшем бірлігі нүктелі сәулеленуші көзден жарық ағымы - люмен (лм) өлшенеді. Жарықтанудан (Е) жарық ағымының тығыздығы  түсінуге болады, яғни қандайда бір беткейге  берілетін және жарық ағымының сол берілетін беттің ауданының  (S) қатынасына тең: E = .

Жарықтанудың өлшем бірлігі люксметрмен (лк) өлшенеді -  1 лм-де жарық ағымының түсу кезіндегі 1 м2 беткейдің жарықтануы.  Жарықтық  (Яркостью) деп бағыты бойынша көзге жарықтандырылған беттің шағылысқан жарық ағымының шамасы.  Жарықтың өлшем бірлігі шаршы метрге канделмен (кд/м2) алынады.

Бөлмедегі жасанды жарықтануды бағалау үшін санитарлық дәрігер міндетті түрде  жарықтандырудың  орналасуын және шырақтардың түрлерін жазуы керек; жарық ағымының пульсациясының болуын немесе болмауын белгілеп, жұмыс орнынан объективті люксметрмен жарықтануды анықтап және жарықтанған беттің бірқалыпты емес коэффициентін бағалау керек.     

Жасанды жарықтану деңгейі люксметр көмегімен өлшенеді. Бұрынғы жылдары кеңінен фотоэлектрлік люксметрлер Ю-16, Ю-17, Ю-116 қолданылды, ал соңғы жылдары «ТКА-ПКМ» аспабы (8.7 сурет) кеңінен қолдануда.

Барлық люксметрлер селенді фотоэлемент - пластинкасы түріндегі жарықтық энергияны электрлікке айналдыруға қабілеті бар, өлшеуші электрлі магнитті аспаптан және сіңіру жұтатын жарық қабылдағыштан  тұрады.  Жұмыс істеу принципі жарықтың әсерінен селен қабатына фототоқ берілу арқылы жүреді, пайда болған фототоқ пен жарық бір-бірімен өзара тікелей байланысты. Жарық ағымының шамасы люксте белгіленген (0-25; 0-100; 0-500 лк) сәйкес шкалалардағы гальванометрлермен өлшенеді.

Жарықтануды өлшегенде диапазонды кеңейту үшін,  яғни шамамен 0-2500; 0-10 000; 0- 50 000 лк жарықтануды өлшеуге мүмкіндік беретін, 100 коэффициентке тең болатын ақшыл түсті шынылы сіңіргіштер қолданылады. Қыздырылатын лампалармен жарықтанған жарықтануды өлшеу үшін аспаптың шкалалары белгіленген, сондықтан люминесценттік лампалармен жарықтануды өлшеген кезде кейбір түзетулер енгізіледі: тин лампасы үшін ЛД (күндізгі жарық) 0,9 коэффициентіне тең, ЛБ лампасы үшін (ақ түсті) – 1,1, ал табиғи жарықтану үшін – 0,8 коэффициентіне тең болады.  

Сонымен қатар, «ТКА-ПКМ» аспабының жұмыс істеу принципі жарықтанудың (лк) және жарықтықтың (кд/м2) сандық мағыналарының индикациясымен цифрлік келісімі арқылы электрлік сигналға оптикалық сәулелену құрылымдарының фото қабылдауды өзгерту арқылы жүреді.  Жарықтануды өлшеу үшін міндетті түрде аспаптың фотометрлік бас жағын өлшенетін нысанның жазықтығында ұстау қажет, ал жарықтықты өлшеу үшін экранды – экран жарықтығына паралельді 1....4 мм қашықтықта орналастыру керек. ЖКИ анықталған «1…» символы белгіленген энергетикалық диапазонның өлшенетін параметр мәнінің жоғарлағанын және келесі өлшеу сатысына ауыстырудың қажеттілігі туралы хабарлайды. Жарықтануды өлшеу кезінде 2000 лк жоғары болатын болса, онда қосқышты «х10» жағдайына ауыстыру керек.

8.7 сурет. ТКА-ПКМ люксметрі

Ауданы 15-20 м2 бөлмелерде жарықтануды өлшегенде 8-10 нүктелерде, ал одан кіші бөлмелерде 3-4 нүктелерде жүргізіледі. Өлшеулер шырақтардың астынан және олардың аралығынан жүргізіледі. Алынған мәліметтерден жарықтанудың орташа мәні есептеледі және ол мәндерді ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 нормативті құжаттарымен салыстырылады. Сонымен қатар, біркелкі емес коэффициенті анықталады, яғни минималды жарықтанудың максималды жарықтануға қатынасы. Біркелкі емес коэффициент 0,3 төмен болмауы керек.

Люксметр болмаған жағдайда жасанды жарықтану деңгейін «ватт» әдісінің көмегімен анықтауға болады. Бөлмедегі шамдардың санын есептейді және олардың қуатын қосу арқылы анықтайды. Алынған мәндер бөлменің ауданына бөлінеді және 1м2 (Р) ваттағы шамның меншікті қуаты алынады.

Жарықтану мына формула бойынша аныцқталады:

Е = Р · e,

мұндағы  Р – Вт/м2 шырақтардың меншікті қуатылығы, е – 8.11 кесте бойынша люкстің сәйкес келетін меншікті қуатылығын көрсететін коэффициент,

8.11 кесте.

е коэффицентінің мәні

Шамның қуатылығы, Вт

Тоқ көзінің қуаты, В

110, 120, 127

220

110 дейін

2,4

2,0

100 және жоғары

3,2

2,5

Мысал: Бөлменің ауданы 25 м2, қуаттылығы 100 Вт 6 шамдардың көмегімен жарықтандырылады, тоқ көзінің қуаты – 220 В. Жарықтануды анықтаңдар.

Р == 24 Вт/м2

Е = Р · e = 24 Вт/м2 ∙ 2,5 В = 60 лк

Қорытынды. Бөлменің болжамды жарықтануы 60 лк/ м2 құрайды

8.12 кесте.

Шағылысу коэффициентінің көрсеткіштері

Сыртқы боялған беткейлер

Шағылысу коэффициенті 

Бор, әк, гипс

0,85

Ақ желімді бояулар

0,80

Ақ қағаз

0,75

Жаңадан әктелген қабырғалар

0,56

Бұрыннан әктелген қабырғалар

0,33

Беттердің шағылысу коэффициентін люксметрдің көмегімен келесі жағдайлар бойынша анықталады: фотоэлементтің сезгіш бетін анықталатын беттен 5-10 см биіктікте орналастырады және гальваметрдің көрсеткішін белгілейді. Содан соң фотоэлементті сол деңгейде зерттелетін беттің қарама- қарсы тұрған бағытына сезгіш бетімен бұрады, гальванометрдің көрсеткіштерін қайтадан белгілейді және шағылысу коэффиицентін есептейді.

Мысал: Шамның шағылысу ағымы фотоэлемент бетінде 80 лк, ал түсуі – 140 лк. 140 лк бірлік түрінде қабылданады, ал 80 лк - «х»-ке тең деп алынады. Шағылысу коэффициент:  = 0,57 тең.

Қорытынды.

Жеткілікті жасанды жарықтану барлық көрсеткіштері бойынша қанағаттанарлық болуы керек  екенін ескеру қажет.

Кейбір көру қызметтері бойынша жарықтану жағдайларын салыстырмалы гигиеналық бағалау әдістемесі

Жарықтану жағдайларын салыстырмалы гигиеналық бағалау: көру өткірлігін; контрасты сезімталдылығын; ажырату жылдамдығын; көру мүмкіншілігін көру тереңдігін; көру тұрақтылығын анықтау көмегімен алынуы мүмкін.

Көру өткірлігі бойынша жарықтану жағдайларын анықтау. Жарықтанудың әртүрлі жағдайларында көру өткірлігін зерттеу үшін Сивцев және Головин кестелерін қолдануға болады. Кестеден жүйелі түрде жарықтанудың келесі (түрлері) деңгейлері көрсетіледі: 25 лк, 50 лк, 75 лк, 150 лк, 300 лк. Алдымен қыздыру лампасының көмегімен, содан соң люминесцентті лампалар көмегімен көрсетіледі.  

Зерттелетін адамды берілген кестеден 5 метр қашықтықта отырғызады және әр көзді бөлек зерттейді. Зерттелушіден кестедегі әріптерді атауын сұрайды, жоғарғы қатардан бастап әріптердің 75 пайызын ажырата алатын қатарға дейін осы қатардың оң жағындағы сандар жарықтанудың көру өткірлігінің көрсеткіші болады.

Көру өткірлігінің ең жоғары өлшемімен байқалған шамдар жарықтану мен жарық көзінің ең жақсы түрі деп есептелінеді.

Контрасты сезімталдық бойынша жарықтанудың жағдайларын анықтау. Контрасты сезімталдықты анықтау айналатын дискілері бар арнайы қондырғыда жүреді, яғни бұл дискідегі сұр шеңберлер ақ шеңберлермен алмасып тұрады. Зерттелінетін адамға ақ шеңбермен контрасты ажырата алатын шеңбердің көрсетуін ұсынады. Осы жолмен тағы да жарықтануды өзгертеді, бірақ зерттеушімен қондырғының арасындағы қашықтықты сақтай отырып жүргізеді. Ең жақсы жарықтану болып контрасты сезімталдығының ең төменгі табалдырығына жақын жарықтану болып табылады.

Бөлшектерді ажырату бойынша жарықтандыру жағдайларын бағалау. Зерттеушіні Ландольтты сақинасында үзілуді анық ажырата алатын ең жоғары қашықтыққа отырғызады. Одан кейін сақинаны экранмен жабады және сақина үзілуі үшін белгілі бір жағдайға қояды. Экранды тез алыстатқанда зерттеуші үзілу бағытын көре салысымен қолмен көрсетуі керек. Секундамермен үзілуді ажыратуға өткен уақытты ескереді.

Содан соң бұны да жарықтандыруды өзгертумен жүргізеді. Көздің осы функциясын қамтамасыз ететін ең аз уақыттағы жарықтандыру өте жақсы болып саналады.

Көру мүмкіншілігі бойынша жарықтандыру жағдайларын бағалау. Оны бағалау үшін көру мүмкіншілігіне поляризациялы бинокулярлы өлшегіш қолданылады. Оның сыртқы көрнісі көзілдірікке ұқсайды. Аспаптағы қозғалмайтын әйнектер екі жағынан сынатын призмалар, ал қозғалатындары – поляроидтар. Поляроидтардың – айналу бұрышы тетіктер жүйесінің көмегімен аспаптың шкаласындағы тілшікпен белгіленеді. Поляроидтар айналған кезде көру мүмкіндігі объектімен фонның контрастысын жасанды азайту жолымен табалдырықтық өлшемдерге дейін әкелінеді. Бұл кезде көру мүмкіншілігі қазіргі контрастың табалдырығына, яғни табалдырықтың санына қатынасымен анықталады.

Объекті мен фонның контрасты табалдырықты өлшемдерге келтіру объектінің екі жалпақ поляризациялық көрністерінің біреуін азайту арқылы жүзеге асады.  Яғни поляроидтар айналғанда бір көрніс күшейіп, ал екіншісі әлсіреп, кейін мүлдем жойылады. Үлкен қателерді болдырмау үшін аспаптың шкаласындағы 34 бөліктен аспайтын объектіні қою керек. Аспапқа шкала бөліктерінің санын табалдырықтық санына айналдыратын бөліктерге бөлінген кесте қойылады. Ең жақсы көру мүмкіншілігін, яғни контрасты сезімталдық табалдырықтың ең көп санын беретін жарықтану өте жақсы жарықтану болып табылады.

Көру тұрақтылығы бойынша жарықтану жағдайын бағалау (КТЖ). Зерттеуші Ландольт  сақинасындағы үзілуді анық ажырата алатын ең жоғары қашықтықта орналастырылады. Зерттеуші 3 минут ішінде үзілуді қарайды және бұл үзілуді анық емес көргенде белгі береді. Зерттеуші жарықтануды өзгерткен соң тағы да қайталайды.  

Әртүрлі адамдардағы көру тұрақтылық көрсеткішін салыстыру үшін жарықтану жағдайындағы көру тұрақтылығын 100 пайыз деп алынады, ал жарықтандарғышты өзгерткенде көру тұрақтылығының жалпы уақыты  «х» деп алынады. Ландольт сақинасына қарау 10-15 минут үзіліспен жүргізіледі.

Мысал. Көру тұрақтылығы 150 лк жарықтану кезінде кететін және 160 қыздыру шамдарына жұмсалатын уақыт 160 секунтқа, ал 50 лк жарықтануына 140 сек тең. Сонымен жарықтануы 150 лк-тен 50 лк-ке дейін азайтқанда көру тұрақтылығының жалпы уақыты 20 сек-қа азайған немесе 12,5 пайызға тең болған.  

Көздің ең аз шаршауын және көру анализаторының ең жоғарғы сезімталдық деңгейін қамтамасыз ететін вариантын өте жақсы жарықтану деп есептеуге болады.

Бөлмедегі жарықтануды зерттеу бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, мекен-жайы.
  2.  Ашық жерде, көлеңкелеу жерде орналасқан ғимарат, бағытталуы.
  3.  Бөлмелердің қабаттары, оның көлемі.
  4.  Бөлмелердегі терезе саны, қабырғалардың сырлануы, төбесі, таза терезелер. Терезенің жоғарғы бөлігінен төбеге дейінгі қашықтық, терезенің шығыңқы бөлігінің биіктігі, қабырғалар арасының ені, терезе жақтауларының түрі. Терезелердегі жалюздер, перделер түрі.  
  5.  Жарық коэффициентін анықтау: шынылану ауданы м2, еден ауданы м2, жарық коэффициенті.  
  6.  Саңылау бұрышы (сызбалары және есептеулері).  
  7.  Түсу бұрышы (сызбалары және есептеулері).  
  8.  Табиғи жарықтану коэффициенті: сыртқы көлденең жарықтану, лк; жұмыс орнының жарықтануы, лк; ТЖК, лк.
  9.  Жасанды жарықтану жүйесі: жалпы, жергілікті, комбинирленген; қыздыру шамдары, люминесцентік шамдар.
  10.  Шырақтардың түрлері: тікелей, шашыраңқы, шағылысып түсу жарығы.
  11.  Шырақтардың саны, орналасуы, іліну биіктігі.
  12.  Шамның қуаттылығы, Вт; жалпы қуаттылығы, Вт.
  13.  Арматуралар жағдайлары, қорғаныс қабілеттілігі.
  14.  Диагоналы бойынша орындардан люкспен жарықтануы, максималды және минималды жарықтану қатынастары.
  15.  Бөлмедегі жасанды жарықтанудың біркелкілігін анықтау, шағылысу коэффициенті.
  16.  Қорытынды.
  17.  Анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар.

Жергілікті жарықтану аспабы тек жұмыс орнын жарықтандыру үшін қолданылады және ол стационарлы және тасымалдамалы  болуы мүмкін.  Қоғамдық ғимараттардағы бөлмелерді жарықтандыру люминесценті шамдары және қыздыру шамдары арқылы жүреді. Люминесценті шамдар қыздыру шамдарына қарағанда өте жоғары жарық беруімен және қызмет көрсету уақытының ұзақтығымен ерекшеленеді.

Емдеу мекемелеріндегі палаталарды жарықтандыру үшін (балалар және психиаторлық бөлімшелерден басқасы) қабырғалық комбинерленген жергілікті жарықтану шырақтары қолданылады, әрбір төсек орыннан еден деңгейінен 1,7 м биіктікте орналасады. Балалар және психиаторлық бөлімшелерде тек жалпы жарықтану шырақтары қолданылады. Сонымен қатар, психиаторлық палаталарда кездейсоқ жарақаттанудан сақтану үшін шырақтардың беті қосымша жабындармен қорғалады.

Жалпы жарықтанумен қатар әрбір палаталарда  түнгі жарықтану шырақтары қарастырылады, еденнен 0,3 м биіктікте есік маңында орналасады. Түнгі жарықтану шырақтары 220 Вт апаттық жарықтану тоқ көзінен қоректенеді. Жалпы жарықтануды ажыратқыштар медбике отыратын орнында немесе дәлізде болады, ал жергілікті – науқастың төсегінің жанында орналасады.

Психиаторлық бөлімшелерде жалпы және түнгі жарықтануды қосып-өшіргіші арнайы беті есікшемен жабылатын қуыстарда орналасады немесе персоналдарға қызмет көрсететін бөлмелерде болады.  

УК бактерицидті сәуленлендіргіштер екі ажыратқыштар арқылы басқарылады: бекітілген бөлмелердегі шамның жоғарғы бөлігінде ажыратқыштар орналастырылады, шамның төменгі бөлігі -  бөлменің сыртында орналасады және «Кіруге болмайды, бактерицидтік сәулелендіргіш қосылған» деген жарықтық дыбыспен бекітіледі.

Емдік-профилактикалық мекеме

Емдік профилактикалық мекемелерде күнделікті санитарлық тексерудің міндеті оны пайдалану үрдісі кезіндегі негізгі кемшіліктерді анықтауға арналған, нысанның санитарлық жағдайын жақсарту бойынша алдын алу шараларын өңдеу мақсатында жүргізу болып табылады.

Санитарлық тексеру негізіне санитарлық дәрігер емдік-профилактикалық мекемелердің санитарлық жағдайын жақсарту бойынша шаралар жоспарын өңдейді, мекеменің жұмысына арнайы тексеру жүргізу бойынша және сонымен қатар осы мекемелердің күздік-қыстық мезгілдік дайындығын тексеру бойынша  комиссия құрамына қатысады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы емдік-профилактикалық мекемелердің қатаң тіркеу есебін жүргізеді, нақты мекемелердің тексеру жоспарын құрастырады, олардың санитарлық жағдайын жақсартуға арналған талаптарын көрсетеді. Күнделікті тексеру кезінде негізгі сұрақтарға көңіл аудару қажет, яғни оларға:

•  ғимараттың жалпы санитарлық жағдайына, оның жайластырылуына, желдету жүйесінің рационалды пайдалануына, жасанды жарықтануына, сумен қамтамасыз етілуіне, арнайы қалдықтарды залалсыздандыруына, қалдықтарды жинау жүйесіне және қалдықтарды аймақтан алып кетілуіне, қалдықтардың өз уақытылы жойылуына және т.б.    

         •  санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің қамтамасыз етілуіне: төсек-орын беретін орынның жағдайына, төсек-орын тысын және іш киімдерді жууды ұйымдастыруына, оның уақытылы алмастырылуына;

•  ас дайындайтын бөлмелердің санитарлық жағдайына, оның тоңазытқыштармен және технологиялық жабдықтармен жабдықталуына, инвентарларына, ыдыс-аяқтарына, асты дайындау кезінде санитарлық талаптардың сақталуына.

Ауруханаларға тексеру жүргізу кезінде барлық сұрақтар бойынша қамтылады, ауруханаға қатысты алаңының санитарлық жағдайына және бөлек орналасқан аурухана корпустарына да тексеру жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының санитарлық заңдылықтарына «Инструкцию о порядке осуществления текущего санитарного надзора за лечебно-профилактическими учреждениями» кіреді. Оның негізгі талаптарына санитарлық бақылаудың төмендегілері жатады.

Емдік-профилактикалық мекемелердің санитарлық-гигиеналық жағдайын кешенді бақылау коммуналдық гигиена дәрігері және оның көмекшісі, эпидемиологтар, бактериологтар, дезинфекционистер, ал керек жағдайда басқа да мамандардың қатысуымен жүреді. Кешенді тексеру жылына бір реттен жиі емес және бұл кезде елді мекендегі барлық емдік-профилактикалық мекемелер тексеріледі. Мұндай тексеру рейдтері кезінде санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда ауруханалық мекемелерді бақылайтын бұйрықпен бекітілген функционалдық топтар құрылады.  Тексеру актілерінде мекеменің санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға  сәйкес екендігі, сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемияға қарсы режимі туралы бұйрықтарын орындау туралы мәліметтер көрсетіледі.  Емдік-профилактикалық мекемелердің санитарлық жағдайы жоспарлы тексеру кварталына 1 рет, ал сонымен қатар көрсеткіштері бойынша денсаулық сақтаудың кіші нысандарына жылына 1 рет тексеріледі

Стационарларды тексеру орта медициналық персоналмен бірге ауруханалық гигиена сұрақтары бойынша тәжірибесі бар мамандандырылған санитарлық дәрігерлермен жүргізіледі (санитарлық дәрігерлер көмекшісі, лаборанттар). Ірі емдік-профилактикалық мекемелерді орташа медициналық қызметкерлер өз бетімен тек алдындағы ескертулердің нәтижесін тексеру мақсатында және аспапты және лабораториялық өлшеулер жасау мақсатында жүргізе алады.

Бұл кезде мына сұрақтар бойынша тексеріледі: ғимараттар мен бөлмелердегі архитектуралық-жоспарлық шешімнің нормативтерінің сақталуы; бөлменің санитарлық-техникалық жағдайы және инженерлік қондырғылардың санитарлық техникалық жағдайы: жылыту, желдету, сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелерінің жағдайы; шағын климаты және бөлменің жарықтандырылуы (тазалау, желдету және т.б.), шумен күресудегі шаралардың орындалуы; төсек, инвентарь, жиһаз, жуушы заттармен қамтамасыз етілуі; қоқыс пен қалдықтарды жинау, сақтау, шығару, утилизациялауды ұйымдастыру және оның жағдайы; атмосфералық ауаның ластануын алдын алу шараларының орындалуы және т.б.

Ауруханаға тексеру төмендегі материалдарды есепке ала отырып құрастырылған бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.  

Аурухананы санитарлық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, мекен-жайы.
  2.  Аурухананың аталуы және оның жабдықтары.
  3.  Жеке және типтік жоба бойынша құрылысы, құрылыс салынған жылы.
  4.  Жоба бойынша төсек саны, керуерт санының фактілі сәйкестілігі.
  5.  Жоспарланған аурухана алаңын және аурухана ғимаратын санитарлық бағалау.    
  6.  Елді мекенге байланысты  алаңның орналасуы, өнеркәсіп орындарынан, ауаны, топырақты ластаушылардан, шу көздерінен (аэропорт, көлік жолдарынан) орналасу қашықтығы.
  7.  Кірме жолдарының жағдайы және қалалық және жеке көліктер үшін алаңдардың болуы.
  8.  Барлық аурухана үшін жер алаңының  ауданы және бір төсекке келетін ауданы.
  9.  Функциналдық аймақтың болуы және оның оқшаулану дәрежесі.
  10.  Емдік ғимараттардың бағытталуы.
  11.  Ауруханалық алаңға кіретін көлік жолдар саны және олардың мақсаты.
  12.  Аурухананың құрылыс жүйесі және құрылыс тығыздығы.
  13.  Алаңның көгалдану пайызы, жасыл желектерді отырғызудың ұйымдастырылуы.   
  14.  Соматикалық және жұқпалы аурулармен ауыратын науқастардың сыртта дем алу уақытының, әкелінетін тамақтардың, төсек-жайларының ауыстыру және т.б. жағдайлардың графигінің сақталуы.  Жоспарланған аурухана алаңының бас жоспарға сәйкестілігі.
  15.  Аурухананың сумен қамтамасыз етілуі және канализациясы.
  16.  Ауруханадағы қатты тұрмыстық қалдықтардың санитарлық тазартылуы, оны жинау және жою жүйесі, қалдықтарды залалсыздндыру әдістері.
  17.  Аурухананы жылумен қамтамасыз ету, жылыту, желдету, ауаны баптау, газбен қамтамасыз ету жағдайы.
  18.  Бөлмелердегі микроклимат.
  19.  Аурухананың қабылдау және шығару бөлмелерін санитарлық бағалау.  
  20.  Науқастардың саны, тәуліктегі түсетін науқастардың саны, науқастардың жүріп қимылдау ағымы бойынша қамтамасыз етілуі.
  21.  Лабораториялардың болуы, емдік-диагностикалық бөлімшелердің болуы және орналасуы.
  22.  Науқастардың жеке заттарын қабылдау және сақтау жағдайлары. Бөлімшеде педикулез және қышыма ауруларының алдын алу шаралары.
  23.  Аурухана бөлімшелерінің жоспарлануын мен тәртібін санитарлық бағалау: мекен жайының гигиеналық талаптарға сәйкестілігі; секцияның жалпы ауданы және саны, секциялардан өту жолдарының болуы; бір секциядағы төсек саны және оның аурухана жобалық қуаттылығына сәйкестілігі; палатадағы бір төсекке қажетті ауданы, оның санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестілігі; палатаның бағытталуы, табиғи және жасанды жарықтануы, солтүстікке және оңтүстік-батысқа бағытталған палаталардың болуы; палаталардағы төбенің және қабырғалардың өңделуі; сигнализацияның, радиофикацияның болуы;  палатадағы табиғи желдету (фрамугалардың және  сормалы тесіктердің болуы); механикалық желдеткіштердің болуы;  палатада қол жуғыштардың болуы; науқастардың күндіз болатын бөлмелері, оның ауданы және жабдықталуы; кезекші медициналық мейір бике орнының ұйымдастырылуы, оның науқастарға қызмет көрсету ыңғайлылығы; қосымша бөлмелер (санитралық түйіндер, ванналар, клизмалық, санитарлық бөлмелер); олардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестілігі; бөлімшеге кіру есіктерінің саны; науқастардың, персоналдардың, науқастарға келушілердің, ас және төсек-жайларды әкеліп, алып кету қозғалыстарының графигі;   науқастардың сыртта дем алуының ұйымдастырылуы; оларды сыртқы киімдермен қамтамасыз етілуі және оның сақталу жағдайы.
  24.  Хирургиялық бөлім үшін: операциялық төсектер санының сәйкестілігі;   операциялық  блоктардың оқшаулануы,  септикалық және асептикалық бөлімдер; операциядан кейінгі палаталардағы төсек саны; операциялық бөлмелердің бағытталуы, жарықтануы, қабырғасының сырлануы және желдетілуі.
  25.  Босану бөлімдері үшін: жеке қабылдау бөлімінің болуы; босанатын палаталардың орналасу ыңғайлылығы, жаңа туылған және шала туылған нәрестелер палаталары, алдын ала дайындау бөлмелері.
  26.  Жұқпалы корпустар және бөлімдер үшін: аурухана алаңында ғимаратың орналасу орны; ғимараттың құрылымы, бокстар саны, жартылай бокстар, боксталған палаталар, олардың бағытталуы, жарықтануы және желдетілуі; науқастарды қабылдау, шығару және санитарлық өңдеу орындарын ұйымдастыру; қабылдау-қарау бокстарның болуы;  персоналдар үшін санитарлық өткізгіш орындарының болуы және орналасуы; буфеттің орналасуы, науқастардың ыдыс аяқтары және төсектерінің өңделуі; науқастардан шыққан заттарды  дезинфекциялау;  аурухана ішілік инфекциялардың алдын алу үшін шаралар;   бейтарап аймақтың болуы.
  27.  Стерилизациялау бөлмесі, жұмыс істеу тәртібі, құрылымы, қуаттылығы.
  28.  Санитарлық режим сұрақтарын қамтитын санитарлық журналдың болуы.
  29.  Қызмет көрсететін персоналдар, жалпы саны. Персоналдарда санитарлық минимумның сақталуы, медициналық тексеруден өтуі, санитарлық кітапшаның болуы.
  30.  Персоналдарды санитарлық киімдермен қамтамасыз етілуі, жууды ұйымдастырылуы және халаттарды алмастыру кезектерінің реттелуі. Персоналдардың халаттарының және жеке заттарының сақталуы.
  31.  Персоналдар үшін бөлмелер (дем алу бөлмесі, душ, әжетхана және т.б).
  32.  Қорытынды: аурухананы пайдалану және құрылымдарындағы кемшіліктер.
  33.  Аурухана жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

Емханаларды санитарлық-гигиеналық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, мекен-жайы.
  2.  Емхананың аталуы, нөмірі және оның жабдықтары.
  3.  Жеке және типтік жоба бойынша құрылысы, құрылыс салынған жылы.
  4.  Жоба бойынша бір аусымда келішілірдің фактілі келушілерге сәйкестілігі.
  5.  Тұрғындарға қызмет көрсететін контингент.
  6.  Негізгі бөлмелердің жалпы құрылымы, емхана жоспарында оның орналасуы, ауданы.
  7.  Вестибюльдің, киім ілгіштердің орналасуы, қанша келушіге есептелінген. Қауіпті науқастарды шығару және оқшаулау бойынша жоспарланған шаралар.
  8.  Дәліздер, науқасты күту орнының орналасуы, бағытталуы, жабдықталуы (тері аурулары, фтизиатор,  акушер-гинеколог, психиатор, жұқпалы аурулар бойынша дәрігердің кабинеттерінің орналасуы).
  9.  Тіркеу орнының орналасуы, қанша жұмыс орнына есептелген, қабылдауға науқастардың жазылу мінездемесі.
  10.  Жұқпалы аурулар бойынша дәрігердің кабинеті, қабаты, бөлменің құрылымы, жабдықталуы, жеке шығатын есіктің болуы.
  11.  Қайта сауықтырып емдеу кабинеттері, жабдықталуы, бөлмелердің құрамы, жұмыс істеу тәртібі.
  12.   Ем-шара бөлмелер, бағытталуы, қанша жұмыс орынға арналғандығы, аусымдағы манипуляция саны.  
  13.  Табиғи жарықтану (ТЖК, ЖК, түсу бұрышы, саңылау бұрышы). Жасанды жарықтану (люксметр, «Ватт» әдістері бойынша жарықтануды анықтау).
  14.  Бөлмелердегі ықшамклимат, жылыту, желдету. Жылыту және желдету жүйесі, арнайы тағайындаулар бойынша: қайта сауықтырып емдеу, жұқпалы аурулар бойынша,  ем-шара және стерилизациялық кабинеттерінің сәйкестілігі.
  15.  Стерилизациялық бөлмелер, жұмыс істеу тәртібі, жабдықталуы, қуаттылығы.
  16.  Қызмет көрсетуші персоналдардың саны. Персоналдарда санитарлық минимумның сақталуы, медициналық тексеруден өтуі, санитарлық кітапшаның болуы.
  17.  Персоналдарды санитарлық киімдермен қамтамасыз етілуі, жууды ұйымдастырылуы және халаттарды алмастыру кезектерінің реттелуі. Персоналдардың халаттарының және жеке заттарының сақталуы.
  18.  Қорытынды: емхананы пайдалану және құрылымдарындағы кемшіліктер.
  19.  Емхана жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

Дәріханаларды санитарлық-гигиеналық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, мекен-жайы.
  2.  Дәріхананың аталуы, нөмірі және оның жабдықтары.
  3.  Жеке немесе бірге тұрған ғимарат. Жеке немесе типтік жоба бойынша салынған, құрылыстың салынған жылы.
  4.  Оның негізгі бөлмелерінің тізімі және оның ауданы.
  5.  Дәрі-дәрмектерді тағайындайтын бөлмелер. Дәрілерді сақтау жағдайы, тоңазытқыштардың болуы, кейбір дәрілердің сақталу уақытын тексеру.
  6.  Ассистентік бөлмелер. Қабырғаның, төбенің, еденнің жағдайы. Жұмыс үстелінің жасалуы, жәшіктердің ішкі беттеріндегі сырлардың жағдайы. Ұнтақ дәрілер үшін қағаздардың сақталуы, негізгі ерітуші заттар, таратушы жүйенің жуылуы.  Өлшер алдындағы  таразы табақтары беттерінің өңделуі. Негізгі еріткіш заттардың сақталу уақытын тексеру (сыртқы қағаздағы күні бойынша).  Бөлмелерде қол жуғыштардың, сабынның болуы.
  7.  Стерилді ерітінділерді және көз тамшыларын дайындау үшін жағдайлары. Арнайы немесе бокстардың болуы. Оларды жұмысқа дайындау (сынапты-кварцты шамдармен сәулелендіру тәртібі). Стерилді халаттар, бас киімдер, бетперделер. Бөлмені жинау тәртібі.
  8.  Бактериологиялық көрсеткіштері бойынша дәрілердің дайындалу сапасына (соңғы 3 айдың мәлімдемелері бойынша) ведомствалық және санитарлық бақылаудың (СЭС) нәтижелері.
  9.  Жуу бөлмелері. Жаңа дәріханалық ыдыстарды өңдеу тәртібі, жуылуы және кептірілуі. Қол жуғыштардың болуы.
  10.  Қызмет көрсетуші персоналдардың саны. Персоналдарда санитарлық минимумның сақталуы, медициналық тексеруден өтуі, санитарлық кітапшаның болуы.
  11.  Персоналдарды санитарлық киімдермен қамтамасыз етілуі, жууды ұйымдастырылуы және халаттарды алмастыру кезектерінің реттелуі. Персоналдардың халаттарының және жеке заттарының сақталуы.
  12.  Ас қабылдауға арналған және қосымша бөлмелер. Жинайтын бөлмелер. Осы бөлмелерге халатпен кіргенде рұқсат етілмейтін нұсқаулардың болуы.
  13.  Қорытынды: дәріхананы пайдалану және құрылымдарындағы кемшіліктер.
  14.  Дәріхана жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

Дәріханалық бөлмелердегі (Р.А.Логинов бойынша) жылытуды және желдетуді санитарлық тексеру бағдарламасы.

 

1.  Дәріхананың мекен-жайы.

2.  Дәріхананың категориясы.

 3. Бірге салынған немесе жеке ғимараттарда орналасуы.

4.  Ғимараттарға сипаттама:  кірпішті,  шлакоблокты; сыртанда сылауының болуы немесе болмауы.

5.  Бөлмелердің атаулары, оның бір адамға шаққандағы ауданы, биіктігі, көлемі.

6.  Бөлмелердің ішкі әрленуі (қабырғасы, төбесі, едені).

7.  Жылытылуы: орталықтан, жергілікті пешпен:

 а) орталықтан жылыту: сулы, булы, ауалы, сәулелік; жылытушы аспаптардың түрі және орналасуы, олардың санитарлық жағдайы;

 б)  пешпен жылыту: пештің үлкен, кіші жылу көлемі; пештің орналасуы, жылыту тесігі бетінің қай жақа қарайтын бағыты;

 в)  бөлмедегі ауа температурасы, оның көлденең және тігі бойынша өзгерісі, қыздырушы аспап бетінің температурасы;

 г)  бөлмедегі ауаның ылғалдылығы.

8. Табиғи желдету: терезе, форточкалар, фрамугалар арқылы, олардың ауданы; желдету тәртібі; қабырғалардан сорып алатын каналдардың бар немесе жоқтығы.

9.  Жасанды желдету.

 а) жалпы алмасу желдеткіші: сорып әкелетін, сорып шығаратын, сорып әкеліп-шығаратын; үнемі жұмыс істеу немесе жұмысқа қосуы; сорып әкелетін немесе сорып шығаратын саңылаулардың орналасуы; ауаны жинау орны; сорып әкелетін ауаның тазартылуы (шаңнан тазартылуынан, ауаның қыздырылуынан, ылғалдануынан); ауа кіруге арналған саңылаудан берілетін ауаның жылдамдығы мен температурасы; жұмыс орнында ауаның қозғалыс жылдамдылығы; ауа алмасу жиілігі;  

 б)   жергілікті сорып шығару желдеткіші: жергілікті сорып шығару түрі және оның құрылысы (сорып шығару шкафы, зонты және т.б.), сорып шығаратын шкафтың жұмыс саңылауындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы,   сорып шығару саңылауларының жергілікті сору бойынша басқа түрлері;

 в)   желдеткіш жүйелерінің жұмыс істеу кезінде жоғары деңгейде шу, тербеліс тудыруы.

10. Жұмыс орнындағы ауада шаңның, зиянды булардың және газдардың концентрациясы.

11. Жылытуды және желдетуді жақсарту бойынша санитарлық дәрігердің ұсынысы.  

 Төменде кейбір басқа нысандарды санитарлық тексеру бағдарламасы берілген.

Спорттық имараттарды санитарлық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, мекен-жайы.
  2.  Залдың аталуы.
  3.  Тізбектелген немесе жеке тұрған имарат. Жеке немесе типтік жоба бойынша салынған, құрылыс салынған жылы.
  4.  Арнайы немесе ыңғайлы зал.
  5.  Негізгі бөлмелер тізімі және оның ауданы. Залдың ұзындығы, тереңдігі, биіктігі.
  6.  Зал ауданы, оның көлемі (өлшемдері көрсетілген фронталды сызба).
  7.  Залдың жабдықталуы: штанг, гир, саусақты шыңдайға арналған қондырғы, швед қабырғасы.
  8.  Қосымша қондырғылар.
  9.  Күрес және бокс залдарындағы кілем мен рингтің мөлшері, оның саны, кілім және рингтің шетінен қоршаушы құрылымдарға және снарядқа дейінгі қашықтық.
  10.  Терезелер саны, мөлшері. Форточкалар, фрамугалар саны, оның мөлшері. Залда желдетудің жүргізілуі (жиілігі және ұзақтығы).
  11.  Жасанды желдету (сорып әкелу, сорып шығару, сорып әкелу-шығару). Желдеткіштер саңылауының  орналасу орны (сорып әкелу, сорып шығару).
  12.  Терезенің шыныланған ауданы, жарықтық коэффициент, залдың бағытталуы.  
  13.  Жасанды жарықтану: күндізгі жарыққа сәйкес шамдар (саны), қыздырушы шамдар (саны), еденнен шамдардың іліну биіктігі, жарықтық арматуралар түрі, лк жарықтануы.
  14.  Сабақтар кестесі (күніне дайындалатын топтар саны, үзілістер, ұзақтығы, саны). Залда қандай спорт түрі бойынша сабақтар жүреді (арнайы сабақтардан басқа). Күніне бір уақытта дайындалатын спортшылар саны.
  15.  Залда жинау жұмыстарының жүргізілуі, тазалау әдістері, жүргізілу уақыты. Залда және жабдықтарда дезинфекцияның жүргізілуі. Дезинфекция әдісі, бассейндер үшін реагенттердің дозасын көрсету.
  16.  Киім шешетін орындардың болуы, душтар (саны).
  17.  Дәреханалардың болуы, орналасу орны.
  18.  Қызмет көрсетуші персоналдардың саны. Персоналдарда санитарлық минимумның сақталуы, медициналық тексеруден өтуі, санитарлық кітапшаның болуы.
  19.  Персоналдарды санитарлық киімдермен қамтамасыз етілуі, жууды ұйымдастырылуы және халаттарды алмастыру кезектерінің реттелуі. Персоналдардың халаттарының және жеке заттарының сақталуы.
  20.  Қорытынды: спорттық имараттарды пайдалану және құрылымдарындағы кемшіліктер.
  21.  Спорттық имараттар жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

Шаштараздарды санитарлық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, мекен-жайы.
  2.  Шаштараздардың аталуы.
  3.  Тізбектелген немесе жеке салынған бөлмелер. Жеке немесе типтік жоба бойынша салынған, құрылыс салынған жылы.
  4.  Шаштараздың қабаты, кіретін есіктер саны.
  5.  Бөлменің құрамы, ауданы.
  6.  Жұмыс орнының саны. Жұмыс орындарының жабдықталуы (жиһаз).
  7.  Жұмыс орнында дезинфекциялаушы заттардың тізімі.
  8.  Ерлер және әйелдер залы үшін бір жұмыс орнына пайдаланатын заттардың қоры.
  9.  Таза және лас заттарды сақтау жағдайы.
  10.  Маникюр жұмыс орнының болуы және саны. Стерилизацилық орын, жұмыс тәртібі, жабдықталуы, қуаттылығы. Маникюр жұмыс орнының жабдықталуы, оның орналасуы.
  11.  Бөлмелердің ішкі әрленуі.
  12.  Санитарлық-техникалық жабдықталуы:

а) жылыту жүйесі;

б) сумен қамтамасыз ету;

в) желдету (жасанды және табиғи);

г) жарықтануы (табиғи, жасанды).

  1.  Тазалау инвентарлардың болуы, тазалау әдісі және жиілігі.
  2.  Қызмет көрсетуші персоналдардың саны. Персоналдарда санитарлық минимумның сақталуы, медициналық тексеруден өтуі, санитарлық кітапшаның болуы.
  3.  Персоналдарды арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі, жууды ұйымдастырылуы және алмастыру жиілігі.  
  4.  Қызмет көрсететін персоналдарға арналған бөлмелер (ас қабылдау үшін, дәретханалар және т.б.).
  5.  Қорытынды: шаштараздарды пайдалану және құрылымдарындағы кемшіліктер.
  6.  Шаштараз жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

.

Жүзу бассейндерін санитарлық тексеру бағдарламасы

  1.  Елді мекен, аудан, мекен-жайы.
  2.  Жүзу бассейндерінің аталуы.
  3.  Тізбектеліп немесе жеке салынған бөлмелер. Жеке немесе типтік жоба бойынша салынуы, құрылыс салынған жылы.
  4.  Өткізу қабілеттілігі (жоба және факті бойынша).
  5.  Бассейннің түрі (ашық, жабық, оқу-спроттық жұмыстар үшін және жарыстарға арналған, жаппай шомылу үшін, балалар үшін, аралас).
  6.  Қозғалыс тізімі:  а) көрермендер (кіргеннен трибунаға дейінгі;  б) спортшылар  (кіргеннен шешінентін және ванна бөлмелеріне дейін).
  7.  Персоналдар үшін сырт киімді шешінетін орындар, сырт киімді және аяқ киімді алмастыру орны.
  8.  Спортшылар және шомылуға келген адамдар үшін шешінетін орын, оның ауданы,  аяқ киім киген және кимеген спортшылардың жүру қозғалысы. Шомылуға келген адамдар үшін санитарлық түйіндер, оның орналасу орны, санитарлық түйіннен ваннаға дейінгі жолдың қозғалысы (міндетті түрде душтан өтуі керек). Тексеру кезіндегі санитарлық жағдайы.
  9.  Сусебізгі бөлмелер, сусебізгінің саны (шешінетін жерде 6 орынға 1 тор). Жуынатындарды бақылау мүмкіндігі.
  10.  Бассейн ваннасы. Ауданы, тереңдігі, есептелген өткізу қабілеттілігі, тексеру кезіндегі шомылушылар саны. Ваннаның әрленуі, ванна жабдықтарының жағдайы, баспалдақтары, сулардың ағу жағдайы.
  11.  Бассейн суына қойылатын талаптар. Суды ауыстыру жүйесі (ағып келуі, айналмалы), су өлшеушінің болуы. Су өлшегішінің көрсеткіші бойынша толтырылатын тәуліктің судың көлемін тексеру (10% дейін), бассейнде тәуліктегі үш еселік су айналымымен қамтамасыз етілуі (толық қайта айналымы 6-8 сағат). Қайта айналым жүйесі кезінде ваннаға келетін схеманы тексеру; ванна – суға түскен шаштарды ұстайтын құрылым – насос- сүзгілер – жылу алмастырушы – ванналар.  Ваннадан ағатын сулар бір айда 1 реттен кем есем физикалық-химиялық және бактериологиялық анализдері қолайлы болған жағдайда ғана  қайта айналмалы жүйесі жүргізіледі.
  12.  Балалар ваннасы болған кезде автономды су айналымына көңіл аудару керек, бассейнді пайдалану тәртібі, жүктемесі, ванналарды жуу жиілігі.  Балалар ваннасының көлемі 2000 м3 дейінгі суларды ағызу және ванналарды дезинфекциялау 10 күнде 1 реттен кем жүргізілмеуі керек.
  13.  Суды залалсыздандыру. Залалсыздандыратын концентрациялы ерітінді сүзгілердің алдында жүргізілуі керек. Құрамында хлоры бар препараттар, газ тәрізді хлор, сонымен қатар бромды препараттарды қолданады. Концентрациялық ерітінділерді арнайы бөлмелерде дайындайды. Хлор дозасы күнделікті судағы хлорсіңімділікке байланысты тағайындалады. Қалдық хлордың құрамына бақылауды қызмет көрсететін персоналдың әрбір 2 сағат сайын тіркеу журналына жазу арқылы қадағаланады. Ағып келу жүйесі кезінде бассейнге судың толтырылу және мезгілдік суды ауыстыруда ваннада дезинфекция айына 2 реттен кем жүргізілмейді.  Хлорлау кезінде: хлорлау үшін бөлменің болуы, хлоратор түрі, желдету жүйесінің жағдайы, оның жұмыс істеу тиімділігі, газға қарсы заттардың болуы. Хлор қорларын сақтау орны
  14.  Судың гельминт жұмыртқаларымен ластануды ескерту бойынша шаралардың орындалуы: суға түсушілерді денесін дұрыс жуу туралы оқыту, жуыну кезінде бақылау.
  15.  Денсаулық жағдайына медициналық бақылау: персоналдар жұмысқа кірген кезде және әрі қарай жұмыс істеген уақыттарында – кварталына 1 рет (санитарлық кітапшаларының болуына байланысты); қатысушылар және спортшылар үшін (медициналық  қараудан өткендігі туралы анықтама қағазының болуы). Медициналық қарауды медперсоналдар бассейнге түсер алдында жүйелі түрде жүргіуі.
  16.  Бассейндегі су сапасын бақылау. Зертхана болған жағдайда: оның мүмкіндігі, штатпен қамтамасыз етілуі, олардың білім деңгейі, қолданылатын әдістері және реактивтері (тексеру жүргізу кезінде болуы), бассейнді қолдану үрдісі кезінде алынған мәліметтерді дұрыс тіркеуі. Бассейнде зертхана болмаған жағдайда, лаборант бассейнде келесі анықтауларды жүргізуі қажет: лайлылығы, түстілігі, иісі және судың температурасы, қалдық хлор немесе бромды әрбір, 2 сағат сайын жүргізуі керек.  
  17.  Тіркеу журналы бойынша соңғы айлардағы ванна суларынан залалсызандыру агенттерінің (хлор, озон, бром) қалдық құрамының нәтижелерімен танысу, сынама алу жиілігі, анықтау графигінің  сақталуы, сынама алу орындары. Судан сынама алу графигі (СЭС құрастырады) аптасына 1 реттен кем емес 2 орыннан: бассейнге түсер алдында сүзгілерде және сүзгілерден өткен кейін аздаған жүктеме кезінде алынады.  Сынама 30 минут аралығында жүргізіледі. Ваннадан сынама 25-30 см тереңдіте алынады. Алынған мәлімет журналға тіркеледі, ол журнал бассейн зертханасында немесе әкімшілікте сақталады.
  18.  Мәліметтері бойынша ведмоствалық зертхана және СЭС судың бактериологиялық зерттеулерімен танысады. Нормативтен ауытқулары бар сынамалардың пайызын анықтайды, ауытқуларды жоюға бағытталған шараларды тіркейді.
  19.  Судың температурасының сақталуын (тіркеу журналы және тексеру кезіндегі мәліметтер бойынша),  бақылау әрбір 2 сағатта жүргіізіледі.
  20.  Қызмет көрсетуші персоналдардың саны. Персоналдарда санитарлық минимумның сақталуы, медициналық тексеруден өтуі, санитарлық кітапшаның болуы.
  21.  Персоналдарды арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі, жууды ұйымдастырылуы және алмастыру жиілігі.  
  22.  Қорытынды: жүзу бассейндерін пайдалану және құрылымдарындағы кемшіліктер.
  23.  Жүзу бассейндері  жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарға сақтық санитарлық бақылау келесідей жүргізіледі:

•  ТЭН немесе ТЭЕ қарастыру;

•  құрылыс үшін жер алаңын таңдау бойынша комиссия құрамына қатысу;

• ғимарат жобасына санитарлық сараптама;

•  құрылыс барысын бақылау;

 ғимаратты пайдалануға беру кезінде комиссия құрамына қатысу.

 ТЭН немесе ТЭЕ қарастыру. Бұл саты сол елді мекеннің (мектептер, ауруханалар, кинотеатрлар және т.б.) кейбір нысандарының құрылысына қажетті негіздеулер жүргізу үшін қызмет атқарады. Тұрмыстық-азаматық құрылыс нысандарының жобалануы елді мекеннің бекітілген бас жоспардың негізінде  жүргізіледі.  

         Жер алаңын таңдау. Алаң таңдау үшін құрылысқа тапсырыс беруші (министрлік, ведомстволық) өкілдерден комиссия: жобаға тапсырыс беруші; жобалық ұйым;  құрылыс салушы ұйым (мердігердің); мемлекеттік бақылау ұйымы (мемлекеттік санитарлық бақылауды қоса отырып); мемлекеттік гидромет комитеті ұйымы; жергілікті атқару ұйымдары; электрлік-жылу және сумен қамтамасыз ету тораптарының, байланыстар, канализация және т.б. ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен құрады.

Тапсырыс беруші алаң таңдауды негіздеу бойынша материалдар мен есептерді осы барлық мекемелерге және ұйымдарға ұсынады. Осы берілген құжаттарды 15 күн ішінде қарап біткеннен кейін қорытынды беруі керек және комиссия алаңды талдау туралы акт құрастырады, яғни барлық комиссия мүшелері қол қояды және тапсырыс берушімен бекітіледі. Санитарлық дәрігер осы актінің негізінде «құрылысқа жер алаңын таңдау бойынша қорытынды» №301/у формана толтырады және оған СЭС-тің бас дәрігері қол қояды. Қорытынды арнайы журналға тіркеледі (№302/у есептік форма) және жоба тапсырыс берушіге беріледі.

Санитарлық дәрігер жер алаңын таңдау санитарлық бақылау сатысының өте маңызды сұрақтарының бірі екенін білуі қажет, яғни  ғимаратар салу кезінде белгілі жергілікті жағдайлармен (су құбырларымен, канализациямен, жылу тораптарымен және т.б. қосылуларына) көптеген негізігі санитарлық сұрақтарды шешуі керек, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды белгілеуі қажет. Маңызды жағдайларға жер рельефін, гидрогеологиялық жағдайлар (жер асты суларының орналасу тереңдігі), топырақтың санитарлық жағдайы бағалау болып табылады. Қажет болған кейбір жағдайларда, яғни  құрылыс салу үшін алаңды қолдануға рұқсат етіледі: грунт суларының деңгейін төмендету, тік жоспарлауды жүргізу, ластанған грунттарды ауыстыру және т.б.

 Тұрғын, үй жобасын санитарлық сараптау. Тұрғын ғимараттардың құрылысы белгілі климаттық аудандарға байланысты көп рет қолдануға есептелген типтік жоба бойынша жүреді. Типтік жобалар санитарлық заңдылықтарға толық сәйкес өңделгендіктен санитарлық сараптауды қажет етпейді. Бірақта типтік жоба үрдісі кезінде жергілікті жерлердің ерекшеліктеріне сәйкес, санитарлық қызметпен келісуді қажет ететін  кейбір өзгертулерді енгізуге тура келеді.

Қаланың белгілі бір ауданындағы тұрғын үй құрылысының сұрақтарын шешу үшін қалалық СЭС-қа жобамен бірге келесі құжаттар келіп түсуі керек:  –  жергілікті әкімшіліктің құрылыс үшін жер алаңын бөлу туралы жарлығы;

 –  жер алаңын бөлу туралы санитарлық-эпидемиологиялық станцияның қорытындысы;

 – тапсырыс берушінің жобалаудағы тапсырмасы;

 – құрылысы және сәулеті бойынша жергілікті ұйымның берген ғимараттың сәулеттік-жоспары;

 – жергілікті коммуникациялармен (су құбыры, канализация, жылу орталығының торабымен) қосу мүмкіндігі туралы анықтама;

 – құрылыс салынатын ауданның жағдайлық жоспары;

 –  жұмыс істеп тұрған ғимараттардың (алаңдарға жақын және орнынан көшіруге жататын ғимараттар) және инженерлік тораптардың құрылыс алаңдарындағы көлденең түсірілген тіректік жоспары;

 –  қосымшада кесінді түрінде берілген алаңның инженерлік-геологиялық және гидрологиялық сипаттамасы;

 –  тұрғын үйдің жобасы.

 Жобаның графикалық мәліметтерінде беріледі:  

 •  құрылыс алаңының бас жоспары;

 •  фасадтардың сызбасы;

 •  ғимарат жоспарының қабаттар бойынша сызбасы;

 •  ғимараттың тік кесіндісі бойынша сызбасы;

 • электрмен қамтамасыз етілу және санитарлық-техникалық жабдықталу сызбасы;

 •   ғимараттың бөлшектері және сызбасы (терезе, есік, бірінші қабаттың едені, қабат аралық және төбе қабаттарының жабындары, баспалдақ жән т.б.);

 •  жылыту, желдету, дыбысты оқшалау бойынша есептеулер және сызбасы.

 Құжаттардың толықтығын тексеріп болғаннан кейін санитарлық дәрігер коммуналдық гигиена бойынша жобаны талдауға кіріседі. Жобаның құжаттық мәліметтерімен танысады: оны кім өңдегенін, қашан, қандай жергілікті жағдайлар үшін (құрылыс үшін қалыпты немесе сейсмикалық аудандардың балдары көрсетілуімен), қандай климаттық аудандар үшін.

Түсініктеме қағазды және жағдайлық жоспарды қарай отырып санитарлық дәрігер жобаланатын үй ықшам ауданның элементі болып саналатынын немесе ол жеке дара орналасатын анықтайды. Егер ғимарат құрылысы тұрғын аудан аумағында салынатын болса, онда ол сол ауданның қабат бойынша құрылысына сәйкес келуін, архитектуралық әрленуін, санитарлық жайластырылуын, оның жарық бағыты бойынша рационалды бағытталуын, үйлер арасында санитарлық  талаптардың сақталуын, жасыл-желектердің отырғызылуын, қоғамдық ғимараттар мен жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын анықтауы қажет.

 Жағдайлық жоспар бойынша сол үйді салынатын орынды таңдау кезінде ауаны, топырақты ластаушы көздерін ескере отырып, сонымен қатар басқа тұрғын құрылысқа байланысты орналасу орнын анықтау қажет. Жалпы жоспар бойынша санитарлық дәрігер жер учаскесінің жайластырылуын: көгалдандырылуын, шаруашылық құрылыстардың  орналасуының дұрыстығын, балаларға және спорт ойындарына арналған ауданшаларды,  шараушылық қызмет ету ауданын, жаяу жүргіншілер мен көліктер кіруіне арналған жолдарды тексереді.     

Үйлердің елді мекендердегі меридиональды, кеңістікті және диагональды болып келетін (8.8 сурет)  бағытын  тексереді. Меридиональды бағытта  ғимараттың ұзындығы меридианға паралелельді және бір беті батысқа, екінші беті – шығысқы қарап орналасады.  Бағытталудың бұл түрі, үйдің тұрғын  бөлмелері  бір бағытқа ғана қарайтын және  батысқа қараған фасад бөлмелері  қызып кететіндіктен ІҮ климаттық  аймаққа ұсынылмайды.

8.8  Сурет.  Ғимараттарды бағыттау варианттары , Е.И. Гончарук, 2006.

а меридиональдық; б – кеңістіктік; в – диагональдық.

 Кеңістіктік бағытта ғимараттың ұзындығы экваторға параллельді орналасады және бір фасад солтүстікке, екіншісі – оңтүстікке бағытталады. Мұнда оңтүстікке бағытталған фасадтар  ультракүлгін сәуеллермен максималды түрде қанықтырылатын болса, батыс жағы мүлде күн сәулесін көрмейді.

Ғимараттың ұзындығы меридианға  тік бұрыш жасай орналасқанда диагональдық бағытталу  деп аталады. Ғимараттың ұзындығы меридианнан сағат тілі бойынша  шығысқа қарай 19-22,5° ауытқыса,  ғимараттың гелиотермиялық осьте орналасуы болып табылады.  Мұнда, екі фасадтың да  күн көзінен сәулелену  жағдайы бірдей және мұндай бағытталу ІІІ және ІҮ климаттық аймақтарға ұсынылады.   Тұрғын бөлмелердің екі жағынанда бағытталуында ең дұрысы гелиометрлік ось бойына бағытталғаны болып табылады.  

Қолайсыз румбаға екі-бес бөлмелі пәтерлердің бір-үш бөлмесін бағыттаған дұрыс болып табылады.  Ғимаратты ІІ климаттық аймаққа орналастырғанда кеңістіктік бағытқа екі-бес бөлмелі пәтерлердің бір-екі бөлмесін ғана бағыттауға рұқсат етіледі. Жалпы жоспар бойынша санитарлық дәрігер  үйлердің фасадының 3 сағаттан кем болмауы қажет етілетін үздіксіз инсоляциясын тексереді.  

Құрылыс алаңы бұрын не үшін пайдаланылғаны анықталады, сонымен қатар табиғат жағдайына, мысалы,  жер рельефіне сәйкес  құрылымдар салуға жарамдылығын тексереді.   Ол үшін жалпы жоспар бойынша  (тігінен жоспарлау жобасы)  атмосфералық сулардың ағып кетуіне жер еңістігінің жеткіліктілігін анықтайды.

Жалпы жоспарда алаңдағы әртүрлі нысандардың  бір-бірімен дұрыс орналасқандығы анықталады: ғимараттың өзін, шаруашылық құрылымдарды, балаларға және сопрт ойындарына арналған ауданшаларды,  қоқыс салуға арналған контейнерлер ауданын, жаяу жүргіншілер мен көліктер кіруіне арналған жолдарды тексереді. Алаңның құрылыс ауданының пайызын есептейді және оның нормаларға сәйкестігін анықтайды, 40 – 45% болуы қажет болып келетін көгалдандырылу пайызын есептейді.  Алаңда  көше шаңы мен шуылына қорғану үшін (әсіресе – балаларға арналған аудандарды) қандай жасыл желектер түрі пайдаланылатыны анықталады.

Одан соң ғимараттық  құрылымдық ерекшеліктерін фундаментінен бастап, үйдің төбесіне дейін  рет-ретімен қарап шығады. Міндетті түрде фундаменттің көлденеңдік гидроизоляциясы барын  және фундаменттің түбінен грунт суына дейінгі (0,3 м кем болмауы қажет)   аралықты анықтайды. Егер ғимарат астындағы бөлмеде жеке қоймалар жобаланған болса, қабырғалар мен еденнің грунт ылғалдылығынан гидроизоляцисы қамтамасыз етілгендігі анықталады.

Санитарлық дәрігердің қабырға қалауға және сыртқы қорғанның жылу беру коэффицентінің есептелген температураға сәйкестігіне құрылыс материалдарының  қалыңдығының жеткіліктілігін тексергені дұрыс.

Егер ол үйде жапсыра салынатын мекемелер (дүкен, кафе, асхана) болса, онда санитарлық дәрігердің дыбыс изоляциясына ерекше көңіл бөлгені дұрыс. Осындай жапсыра салынға нысандар болса тауарлар мен азық-түліктерді түсіру ғимараттың тек  артында ғана жасалады; арнайы иісті ғимарат төбесінен жоғарыға алып кету үшін  бұл бөлмелер дыбыс изоляция және желдеткішпен қамтамасыз етілуі қажет.    

Тұрғын үйлердің пәтер аралық және бөлме аралық бөлімдер құрылымы дыбыс өтпеуін қамтамасыз етуі қажет. Тұрғын үйлердегі дыбыс изоляциясы  нормаларға сәйкес: пәтерлер бөлмелері бөлімдерінің арасында, қабырға мен   пәтерлер бөлімдерінің арасында, пәтерлердің тұрғын бөлмелері арасында және баспалдақты бөлмелерде, ауа шуылы үшін -   50 дБ; пәтерлер бөлмелері мен жапсырма дүкендердің арасында  - 55  дБ болуы қажет.    

Төменде орналасқан дүкеннің, мейрамхана, кафе, және спорттық дәліздердің  төбесі мен пәтерлер бөлмелерінің арасындағы қатты шуылдан  қорғайтын дыбыс изоляциясы 67 дБ болуы қажет.  Төбеден келетін қатты шуылдан жақсы дыбыс изоляция болу үшін, еденді қатты негізде (ағаш-талшықты немесе минералды-талшықты плиталар) орналастыру қажет.

Тұрғын бөлмелердегі едендерді жабуға суық және мықты емес жасанды полихлорвинильді материалдарды пайдалануға болмайды. Мұндай едендерді ас үй мен кіреберіс үй бөлмелерде пайдалануға болады. Санитарлық бөлмелердің едендеріне су өткізбейтін,  метал плиталарды пайдаланған дұрыс, ал, апатты жағдайлар үшін еден деңгейі басқа бөлмелердің еденінен төмен орналасуы қажет.  Төбе жабынында тұрғын  бөлмелерден келетін ылғалдықтың алдын алу үшін, сондай-ақ жылулығын жақсарту үшін оқшауландыратын қабат (керамзит, минералдық мақта) төселуін қарастыру қажет.   Ғимараттың тігінен берілетін кесіндісінде жабынның түрі: жабын, техникалық чердак бар жоғары қабаттағы бөлмелерді жазда қызып кетуден, қыста қатып қалудан сақтайтын ауа қабаты бойынша гигиеналық тұрғыдан дұрыс болып табылады.

СанНмЕ талаптарына сай ғимарат төбесінен су жүргізудің ұйымдастырылуына көңіл бөлу қажет. Ғимараттың бесінші қабатынан бастап ұйымдастырылған сыртқы немесе  ішкі төбеден су келетін жол болуы қажет.  Қызыл жолақтан 1,5м қашықтықта орналасқан, бес қабатқа дейінгі биіктіктегі ғимараттарда сырқы ұйымдастырылмаған су жолымен шектелуге болады.

Ғимарат төбесінен келетін жаңбыр және қар сулары  карниздерден ағатын жолдар арқылы немесе сыртқы немесе ішкі ұйымдастырылған суағарлар арқылы  ағызылып жіберіледі.  Сыртқы су ағарлар (8.9 сурет) төбеден ағатын су жинайтын жүйелерден, және ғимараттың іргесіндегі арыққа лақтыратын  түтікшесі бар су ағатын құбырлардан тұрады.  Жолдағы су, сыртқы жаңбыр суы канализациясының жаңбыр суын жинайтын торабына келіп құйылады. Қыстың күндері  суағарлар қатып қалады,  жауын-шашын сулары ағып кетпегендіктен  ғимарат қабырғасын ылғалдануға және бұзылуға ұшыратады. Сондықтан сырқы суағарларды төбесі кіші-гірім, аз қабатты үйлерде, негізінен оңтүстік аймақтарда пайдаланады.  

Ішкі суағарлар көптеген төбесі жалпақ келетін кейінгі заманғы ғимараттарда (8.9 сурет, а, б)  пайдалану кеңінен таралған.  Олар суды ғимарат ішінде ораналасқан құбырлық жолдармен ағызатындықтан, барлық жыл мезгілдерінде сенімді түрде істеп тұрады және қызмет көрсетуді талап етпейді.   Ішкі суағарлардағы сулар сыртқы жаңбыр немесе жалпы су ағатын канализацияларға (жабық ағызу) (8.9 сурет, а) жіберіледі. Жаңбыр суларына арналған канализация болмағанда сулар ғимарат жанындағы  астаушаларға жіберіледі (ашық ағу) (8.9 сурет, б, в).  Бұндай суларды  шаруашылық-тұрмыстық канализацияларға қосуға болмайды.   Жауын суларын ластанбаған ағын суларға арналған өндірістік канализацияға ағызып жіберуге болады.

8.9 Сурет.  Ғимарат суағарлары

1 – тазарту қондырғысы;   2 тұрақ;   3 – ағызу құбырлары;

4 – су ағызатын түтікше;   5 – су бекіту;   6 – ашық ағу;

7 – су ағатын құбыр; 8 – науа;   9 – жауын суын қабылдағыш;

10 –жауын канализациясының  сыртқы құдығы;

11 – жабық ағу; 12 – тексеріп тұруға арналған құдық.

Ғимарат кесіндісінен жеке детальдардың құрылымдары  мен мөлшерлерін анықтайды. Тұрғын үйлер қабаттары арасындағы  баспалдақтары екі-үш маршқа есептеліп, кеңдігі 1,05 м кем емес, бір аттамдағы  баспалдақтар саны – 3 кем – 18 ден көп болмауы керек.  Баспалдақ аттамдары және ауданшалардың тұтқасы бар қорғандары болуы керек және табиғи жарықпен жарықтандырылуы қажет.   Жоғарғы қабаттың едені  жерден 14м және одан да жоғары болып келетін тұрғын үйлерде жедел саты болуын қарастыру қажет.  10 қабатқа дейінгі ғимараттарға бір жедел саты, 11-қабаттан бастап екі жедел саты қарастырылады.

Лифтердің машиналық бөлмелерін тікелей тұрғын бөлмелер астын орналастыруға тиым салынады, ал лифтердің шахтыларын тұрғын бөлмелермен аралас орналастыруға болмайды.  

Ғимараттың ішкі жоспарлануына баға беру үшін бірінші қабаттың жоспары қарастырылады, сонымен қатар, егер басқалары соған ұқсас болса  бір типтік қабаттың жоспары қарастырылады (8.10 сурет). Пәтерлерді жоспарлауда: құрамында барлық қажетті бөлмелер бары, олардың аудандарының жеткіліктілігі, биіктігі, бір-бірімен қатынасы анықталады.                       

8.10 сурет.  Бес қабатты тұрғын ғимараттың типтік қабатының жоспары.

 Пәтер тұрғын аудандар деп аталатын тұрғын бөлмелерден және қосымша бөлмелерден – ас үй, кіре беріс, ванна, дәретхана, бірге салынған шкафтардан (тұрғын және қосымша бөлмелер ауданының қосындысы пәтердің жалпы ауданын құрайды) тұрады.  Қазіргі кезде «Тұрғын ғимараттар» ҚНменЕ пәтерлерді бірден, бес бөлмеге дейін болуын қарастырады.  Аралас санитарлық тораптар тек бір бөлмелі пәтерлерге ғана рұқсат етіледі. Тұрғын бөлмелердің биіктігі 2,5м кем болмауы қажет. Тұрғын бөлмелер баспалдақ аймағынан аулақта пәтердің  ең түбіне қарай орналасуы қажет. Пәтерді ғимараттың сырт жағына орналастырғанда бөлмелердің орналасуы бөлмелердің екі жақты желдетілуін қамтамасыз етуі қажет. Ас үйге кіру тұрғын бөлмелерді шуылдан сақтау үшін кіре берістен басталуы қажет, санитарлық тораптарды олармен аралас бөлмеге орналастыруға болмайды. Ас үй мен санитарлық тораптарды баспалдақ ауданшасына жақын орналастырған ең дұрысырақ болып табылады. Көп қабатты ғимараттарда жоғарға қабаттардағы  санитарлық тораптарды төменгі қабаттардағы тұрғын бөлмелер үстіне орналастыруға болмайды.

Егер жер асты және цоколдық бөлмелерді пайдалану қарастырылған болса, олардың жоспарын қарау қажет. Ғимаратқа қазандық орналастырылатын болса, санитарлық дәрігер онда  қандай отын пайдаланылатынын, жоғарғы қабаттағы тұрғын бөлмелерді газданудан, тербелістерден сақтандыру жолдары (дыбыс оқшаулаушы материалдар, моторларға амортизаторлар) қарастырылды ма,  қазандықтың желдетілуі қалай жасалады және ластанған ауаның қайда шығарылатынын анықтап алуы қажет.   

Жобаның материалдарын (АР сызбалары) зерттей отырып, тұрғын және қосымша бөлмелердің табиғи жарық жағдайы санитарлық нормалар мен ережелерге сай келетіндігін анықталады. Барлық тұрғын бөлмелер, ас үй және үйлердегі канализацияланбаған дәретханалар (люфт–клозеттер)  тікелей табиғи  жарықтандырылған болуы қажет. Канализациясы бар  ғимараттардағы дәретханалар мен ванналарды екінші жарықпен жарықтандыруға болады. Данилюк сызбасын пайдалана отырып, бірнеше тұрғын үйлердегі пәтерлердің типтік тұрғын үйлер мен қосымша бөлмелерде іріктеп, ТЖК анықтайды (кейде жарық коэффициентін анықтаса да жеткілікті).

Жобаға сараптама жасауда  санитарлық дәрігер міндетті түрде тұрғын бөлмелердің инсоляциясының үздіксіз болуын және оның нормаға сәйкестігін  тексереді.  Егер пәтердің терезесі бір-ақ жаққа қарап тұрса, олардың горизонттың 310-нан 500-қа дейінгі секторына, ал ІІІ және ІҮ климаттық аудандарда – 200-ден 2900 –қа дейінгі бағыттауға болмайды.   ІҮ климаттық ауданда тұрғын ғимараттардың инсоляциясының ұзақтығын берілген нормадан 30%-ға дейін қысқарту қажет болады.  9 қабатты және одан да жоғары ғимараттар арасына салынған  жағдайда тұрғын бөлмелердің инсоляциялануының жиыны  күніне 0,5 сағаттан көп болғанда инсоляциялауды  бір реттік үзіліспен жасауға болады.   Барлық бөлмелері инсоляцияланылатын, мередиандық бағыттағы тұрғын үйлерде инсоляция ұзақтығын күніне 0,5сағаттан қысқартуға болады.  

Бөлменің жасанды жарықталуына баға беруде: жобадағы жарық көзі (қыздырығыш шам, люминисцентті шам), әртүрлі маңыздағы бөлмелерде шырақтардың орналастырылуы, жобалық мүмкіндікпен есептеліп ұсынылған шамдар, жарықтандыру арматурасы анықталады.  Ватт тәсілін пайдалану арқылы санитарлық дәрігер мөлшермен әртүрлі бөлмелердегі жасанды жарық деңгейін анықтайды.

Барлық тұрғын бөлмелер мен ас үйдің терезелері желдету үшін фрамугалармен не болмасы форточкалармен қамтамсыз етілуі қажет.  Ас үй, дәретхана, және ванналарда қабырғадағы каналдар арқылы сорылатын  табиғи  ауа соратын желдеткіштер болуы қажет.  

Ғимаратта орталықтандырылған жылыту болғанда санитарлық дәрігер іріктеп алу арқылы жылытқыш құралдарға қажетті аудан есебін анықтауы қажет.  Егер пәтерлерге пеш арқылы жылыту жобаланса, пештің жылту қуатын, оның орналасуын, от жағатын ауыздың орналасуын, олардың бөлмелерде орналасу дұрыстығын анықтап, сонымен қатар, от жағу қандай бөлмеден басталатындығын анықтау қажет.   

Тұрғын үйдің санитарлық-техникалық жабдықтарымен танысқаннан кейін, сызбалардан олардың қажеттігі жоғары бөлмелерде (ас үй, дәретхана, ванна, қол жуатын бөлмелер) ішкі  суқұбырларының қарастырылғандығын анықтау қажет. Сызбалардан су ағатын крандарды, қол жуғыштарды, унитаздарды тауып, олардың орналасу дұрыстығын анықтайды.  Канализацияға баға беруде аулалық канализация жүйесіне  су жіберетін еңістікпен қамтамасыз етілу мүмкіндігі анықталады.  Ағынды суларды желдету үшін  ауа сорғыш каналдар төбеден жоғары орналасуы және дефлектормен жабдықталынуы қажет.

Бес және одан да жоғары қабатты үйлердің қоқыс жүретін каналдары қабырғаға мықтап орнатылуы қажет, ал төбеде тартылысты күшейтуге арналған дефлектор орнатылуы қажет.  Қоқыс қабылдайтын люктерді ас үйде, кіреберісте, баспалдақты ауданшада орналастыруға болады.  Қоқыс жүретін жердің люктері шуыл болмауы және мықты жабылуы үшін эластикалық төсеніштері болуы керек.  Қоқыс қабылдайтын камераны мүмкіндігінше тотырылған қоқыс жинағыштарды шығаруға арналған жеке есігі, трап және шлангалы су жүргіш краны бар, бірінші қабатқа  орналасқаны дұрыс.  

ҚНменЕ талаптарына (3.10 п.) сәйкес тұрғын ғимараттарда шуыл шығаратын және тербеліс жасайтын нысандарды: бірге салынған қазандық пен насос, трансформаторлық подстанция, әйелдер кеңесі мен стоматологиялық емханадан басқа  емдеу орындарын, асхана, кафе, және басқа 50 отыратын  орыннан жоғары  қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын, сату залының ауданы  36 м2 жоғары көкөніс дүкендерін, арнаулы балық сататын дүкендерді орналастыруға рұқсат етілмейді.    

Жобаны талдап тексергеннен соң, санитарлық дәрігер қорытынды да көрсетуге қажетті белгілі пікірге келеді.

Құрылыс үрдісіндегі санитарлық қадағалау. Коммуналдық гигиенадан санитарлық дәрігер жаңа ғимараттың құрылысын тексеру жоспарын басқаратын алаңдағы басқа құрылыс  жұмыстарының жұмыс кестесімен байланыстыруы қажет. Құрылыс аумағының бөліктеріне, қазылған қазан-шұңқырдың грунтының тазалығына көңіл бөліп, санитарлық ұйымдармен келісімге салынбаған жұмыс сызбаларымен танысуы қажет. Жұмыс сызбалары бойынша жобаланған іргетасының және қабырғаның гидрооқшаулануының сипаты (көлденеңінен, тігінен) анықталады.  

Тұрғын ғимарат құрылысына барғанда санитарлық дәрігер әсіресе ғимаратты қабылдау кезінде көзге көрінбейтін (желдеткіш каналдардың орналасуы, жер асты бөлмелердің, төбе жабындарының гидрооқшауландырылуы) «жасырын жұмыстарға» ерекше көңіл бөлуі қажет, мұнда санитарлық ұйымдарменен келісілмеген жобадан ауытқу жағдайы анықталады.   

Құрылысқа пайдаланылып жүрген материалдарға, ішкі жеке жұмыстардың сапасына көңіл аудару қажет, полимерлер мен пластмассалар пайдаланылатын болса, олардың пайлануға ҚР денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты бары тексеріледі; жылуоқшауландырғаш төсеніштердің сенімділігі,  еденнің бұрыштар және қабырғамен қосылатын жерлеріндегі жеке жұмыстар тексеріледі.  Құрылыс кезіндегі нысанға әрбір барғандағы жұмыс ұсыныстар және оларды орындау мерзімі көрсетілген акт толтырылады.  

Құрылысқа бақылау жасау, құрылыс мекемесінің, техникалық қадағалау және құрылысқа тапсырыс берушінің қатысуымен орындалады.  Құрылыс нысанына бақылауды сапалы жүргізу үшін санитарлық дәрігердің онда баруы  үш реттен кем болмауы керек:

 – аумақты инженерлік даярлауда;

 – «нөлдік цикл» стадиясында;

 – жасырын жұмыстар жүргізіліп жатқанда.

Инженерлік даярлық кезеңіне құрылыс ауданшаларын игеру, аумақты тазарту,  ескі құрылысты бұзу,   беткей суларды ағызуға уақытша арықтар ұйымдастыру, құрылыс ауданшасын жоспарлап, тегістеу, топырақты тазарту жатады.  Мұнда, көру арқылы тазартудың толық жүргізілгендігіне, топырақтың жағдайына,  жер алаңының белгіленуіне, оның аймақтануына, құрылыстар мен ғимараттардың және қызыл жолақтан аралығына баға беріледі. Қызыл жолақ көше мен құрылыс аумағының аралығындағы шекара болып табылады.  (8.11 сурет).

8.11 сурет. Қызыл жолақ және құрылысты реттеуге қажетті жолақ.  

      Топырақты тазарту өте ластанған алаңды алып тастаудан және беткей кемшілігіне құм төгіп, толтыру арқылы жасалады.   Қажет болған жағдайда қанықтырылған хлорлы әк ерітіндісімен залалсыздандырылады. Санитарлық дәрігер сонымен қатар, грунт суы деңгейін азайту, топырақты дренаждау  жұмыстарының  сапасын тексеруі қажет.  

«Нөлдік цикл» кезеңінде (қазаншұңқыр қазу, іргетасын салу) де құрылыс алаңына гигиеналық баға беріледі. Грунт жағдайына және топырақ ластайтын көздер барына (жерден қазылған ор, күресін, көмілгілер,  мал өлекселерін көметін жер т.б.) ерекше көңіл бөлінуі қажет.  Мұндай жағдайда сауықтыру шараларын жүргізуге ұсыныстар берілуі қажет.

Ірге тасын салуда санитарлық дәрігер іргетасты қазуға арналып, грунт ерекшелігі, қазылатын ордың тереңдігі, грунт суының деңгейі, ескі қазылған орлар мен құдықтар бары көрсетілген актпен танысуы қажет.  Іргетасты салуға арналған актіде грунт суларыннан гидрооқшауландыру туралы мәліметтер, және келесі жұмыстарға рұқсат ету көрсетіледі.  

Көптеген жағдайларда нысандарды қабылдауда кемшіліктерді және  жобадан ауытқуды анықтауға мүмкін болмайтындықтан «жасырын жұмыстардың» орындалуына ерекше көңіл бөлінуі қажет.  Сондықтан құрылысқа жасырын жұмыстар жасалып жатқан кезде барып тұру қажет. Мұнда төмендегі жұмыстар тексеріледі: іргетасының, төбесінің, қабырғасының, санитарлық тораптар мен басқа да ылғалдылық болатын бөлмелердің жабындары мен бөлімдердің  гидрооқшауландырылуы; қоршау конструкцияларының, әсіресе едендердің  дыбыс- және дірілді оқшауландырылуы; қабаттар аралық жабындардың жылу оқшаулануы;  жылыту панельдерінің орналасуы; қабырғалардағы желдеткіш каналдардың орналасуы; ағаштар мен басқа да құрылыс материалдарының микробтан тазартылуы; есік, терезе блоктарының жөнделуі; су және канализация торабының сыртқы құбырларының даярлануы, орналасуы; ыстық судың және жылумен қамтамасыз етудің  құбырдан жүру жолдарын жылуоқшаулануы; айналасындағы аумақтағы топырақты ластаушы көздердің жойылуы.  

Әрбір құрылысы салынып жатқан нысанда жасырын жұмыстарға акт болуы керек және оны санитарлық дәрігер көруге талап қоя алады. Қосымша мәліметтерді жобада көрсетілген шараларды жазып отыратын жұмыс жұрналынан алуға болады.  Санитарлық дәрігер ғимаратты өткізген кезде тексеру мүмкін болмайтындықтан жасырын жұмыстардың жүргізілуіне  баға береді. Бірақ қажет болса жұмыс сапасын тесеру үшін  белгілі алаңды қопарып көрсетеуге болады. Қажет болғанда құрылыс орнынан зертханалық зерттеу жүргізу үшін (су- су жүйесін жуып, залалсыздандырғаннан кейін, топырақ – оны ластаушы көздерді жойған жерлерден т.б.) сынамалар алынады.

Дәрігер өзінің  нысанға әрбір барғанына орындау мерзімі көрсетіліп, санитарлық талаптар мен ұсыныстар берілген акт толтырады  Ғимаратты қызмет етуге қабылдаудың алдында санитарлық дәрігер сызбаны алып, жобаның орындалуын толық тексеріп шығуы керек.   

Тұрғын ғимаратты қабылдау. Санитарлық қызмет ғимараттың даярлығын тексеру және оған  адамдарды тұрғызу мүмкіндігін анықтау үшін екі рет қабылдау комиссиясяның құрамына енгізіледі, алғаш рет – жұмыс комиссиясы, одан соң мемлекеттік комиссия.  

Жұмыс комиссиясы ҚР бас мемлекттік  санитарлық дәрігеріне (республикалық СЭҚ) хабарлай отырып, тапсырыс берушінің (құрылысшының) бұйрығы бойынша тағайындалады.  Жұмыс комиссиясында міндетті түрде құрылысқа  қадағалау жасайтын  санитарлық дәрігер болуы керек.

Жұмыс комиссиясының қызметі негізгі үш кезеңнен тұрады:

  •  құжаттарды тексеру;
  •  алаңды тексеру;
  •  ғимаратты толық тескеру.

Нысанды өткізгенде көрсететін құжаттарға жатады:

  •  құрылысқа қатысқан ұйымдардың тізімі;
  •  жұмыс сызбаларының кешені;
  •  гидрооқшауландырудың жұмыс сызбалары;
  •  жауапты құрылымдарды  аралық қабылдау актілері;
  •  жасын жұмыс түрлерінің актілері;
  •  ішкі су жүйесі, канализация, ыстық су,  газбен қамтамасыз ету, орталық жылу жүйесін гидравликалық сынау актілері;
  •  сыртқы жылумен, сумен, канализациямен қамтамасыз ету торабын қабылдау актілері;
  •  желдету жүйесін қабылдау актілері;
  •  өндірістік жұмыстардың (құрылыс үрдісінде жіберілген кемшіліктердің бәрі жазылған) жұрналдар;
  •  телефондау, радиофикациялау ішкі және сыртқы электрқондырғылары мен электртораптарды қабылдау актілері;
  •  қосымша жеке ғимараттар мен құбырларды қызметке қосу мүмкіндігі туралы техникалық инспектордың қорытындысы.

Құжаттармен танысып болғаннан соң, жұмыс комиссиясы жобалық- жұмыстың сапасын тесеруі қажет: сметалық құжаттарға, құрылыс нормалары мен ережелеріне  сәйкестігін,   жабдықтарды сынамадан өткізіп қабылдауды және ғимарат пен құбырлады қабылдау жүргізу.

Алаңды тексеру балалар, спорт және шаруашылық аудандардың даярлығына, үйді айнала (отмостка) текше орындау, келетін жолдарды асфальттау,  алаңды көгалдандыруға  баға беруден тұрады.

Үшінші кезең тұрғын үйдің барлық бөлмелерін (сызбаларымен бірге) тексеруден тұрады. Бірқатар өлшеулер жасалады: жарықтандырылуды, температурасын және ауа қозғаласының жылдамдығын, пәтер аралық және бөлме аралық бөлімдер, қабат аралық жабындар, жедел саты жұмысындағы тербеліске,сонымен қатар, автокөліктер қозғалысынан болатын шуылға баға беру үшін   тұрғын бөлмелердегі шуыл деңгейі өлшенеді.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясына көрсету үшін құрылысы аяқталған  ғимарат пен құбырлардың даярлық дәрежесі  туралы акт жазылып, жинақ материалдар жасалады.  

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамында бола отырып, санитарлық дәрігер келесі сұрақтарды қарастырады:

  •  алаңның көгалдандырылуы, суағарлардың,  ғимарат бойындағы текшенің құрылымы;
  •  ғимаратқа келу жолдары,  машина жолдары, шаруашылық ауданының асфальтпен қапталуы;

- жалпы жоспар  және әкімшілік шешімі бойынша қарастырыған алаңдағы құрылыстарды жою; 

  •  аумақты құрылыс қоқыстарынан тазарту және қосалқы құрылыстарды жою;
  •  балалар ауданшаларының ұйымдастырылып, жайластырылуын қарайды.

Коммуналдық гигиенадан санитарлық дәрігерлер  жылыту және желдету жүйесінің, табиғи және жасанды жарықтандырылудың, шуылдан қорғау шараларының, сумен қамтамасыз ету және канализацияның, ағынды суды тазарту және атмосфераға түсетін тастандылардың тазартылуының және басқа да қоршаған ортаны қорғау шараларының жобаның стандартқа, санитарлық норамалар мен ережелерге  сай келуін ыждахаттылықпен қарауы қажет. Мұнда кешенді сынамаларда жүргізілген зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерін пайдаланылуы қажет.

Үйдің алдыңғы жағын тексергенде  төбеден келетін судың ағып кетуінің ұйымдастырылуына, кіре берісте қалқан болуына, балкондардың қоршалғандығына көңіл бөлу қажет. Ғимараттың ішінде баспалдақ  алаңшалары мен аттамдық  жағдайы, баспалдақтарда жылыту саймандарының болуы тексеріледі.   

Пәтерлердегі  бөлмелерде ылғал барына, жылыту саймандарының дұрыс орналасқандығы, едендердің, төбелердің жағдайы, форточкалар мен фрамугалар бары, қабат аралық бөлімдер мен жабындардың дыбыс өткізгіштігіне көңіл аударылады.   Қоршауға қолданылатын конструкцияның дыбысоқшаулағышын  тексеру үшін санитарлық дәрігер гигиеналық нормалармен салыстыра отырып,  шуылға өлшемдер жасауы қажет (8.13 кесте).

8.13 Кесте.

Тұрғын ғимарат бөлмелеріне  енетін  шуылға рұқсат етілген деңгейлер  

Бөлмелер, аумақтардың аталуы

Тәулік мерзімі

Орташа геометриялық жиіліктегі ГЦ, октавалық жолақтармен алынған дыбыс қысымының деңгейлері, дБ  

Дыбыс деңгейлері LA және дыбыстың эквивалентті деңгейлері LАэкв., дБА

Дыбыстың максималдық деңгейлері LAмакc., дБА

31,5

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

Пәтерлердің тұрғын бөлмелері

7 ден 23-ке дейін

79

63

52

45

39

35

32

30

28

40

55

23-тен  7-ге дейін

72

55

44

35

29

25

22

20

18

30

45

 Бөлмелердегі ауаның температурасы өлшенеді: тұрғын бөлме мен ас үй - 18°, ванна – 25°, жоба бойынша ауа алмасудың есептелген жиілігі ҚНменЕ 4 қосымшасы бойынша  салыстырылады.   Ас үйдегі ауа сорылу тиімділігі жағылған қағаздың от жалынының қозғалысына байланысты тексеріледі,  санитарлық торапта – ауа сорғыш желдеткіштің бары, унитаздың, су ағызатын бачектың жағдайы (су шашырамайтындығы)  тексеріледі. Барлық бөлмелердегі бояулардың, желімдердің, плинтустардың, ернеулердің  бекітілуінің,  бірге салынған жабдықтардың, есік, терезе тұтқаларының, топсалардың сапалылығы тексеріледі.

Санитарлдық дәрігер сақтық санитарлық және күнделікті санитарлық қадағалауда тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ауасының химиялық құрамына да  көңіл бөлуі қажет. Оның ластаушы көзі құрылыс материалдары, ал, қызмет етіп тұрған болса – жиһаз, газ плиталар мен тұрмыстық заттар болып табылады.

Құрылыс материалдары мен жиһаздар ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап гигиенистердің  көңіл аударатын мәселесіне айналып отырған, өте көп ұшқыш қосылыстарды бөледі. (Ю.М. Губернский, 1998-2003). Бұл эмиссия өте күрделі қосылыстар болып келуі мүмкін  және  құрылыс материалдарының 42 түріне зерттеу жүргізіліп, 62 әртүрлі химиялық қосылыстар анықталған. Ең  алдымен бұл алифатикалық және ароматикалық көмірсутектер, олардың туындылары толуол, ксилол, терпендер, бутилацетат, бутанол, гексан, гептан және т.б

Құрылыс материалдарына ағаш-талшықты плиталар, линолеум, тұс қағаз тұстар (винилді, әйнек – талшықты және қағаз), эпоксидті және полиуретанды лак, әртүрлі құрылыстық құрамдар мен бояулар жатады.  Жаңа үйлер мен  пәтерлерде жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен соң бұл заттардың концентрациясы гигиеналық нормалардан асып,  жоғары көлемдерге жетеді. Бөлме ауасының ластану дәрежесінің бағасы негізінен атмосфералық ауаға берілетін регламент бойынша жасалады, бірақ Ресей Федерациясының санитарлық заңдылығында кейбір заттарға, мысалы, формальдегидке тұрғын ортаға арналған уақытша стандарттар қабылданған (8. 14 кесте).  

8.14 кесте.

Тұрғын үй бөлмелерінің ауасын ластайтын, гигиеналық

маңыздылығы жоғары  заттардың тізімі  


Заттардың аталуы

Формула

Орташа тәуліктік ШРЕК көлемі, , мг/м³

Қауіптілік класстары

1

Азот (IV) оксид

2

0,04

2

2

Аммиак

NH3

0,04

4

3

Ацетальдегид

С2H4O

0,01**

3

4

Бензол

С6H6

0,1

2

5

Бутилацетат

С6H12OH6

0,1**

4

6

Диметиламин

С2H7N

0,0025

2

7

1,2-Дихлорэтан

С2H4Cl2

1,0

2

8

Ксилол

С8H10

0,2**

3

9

Сынап

Hg

0,0003

1

10

Қорғасын және оның бейорганикалық қосылыстары (қорғасынға есептелген)

Pb

0,0003

1

11

Күкірт сутегі

H2S

0,008**

2

12

Стирол

С8H8

0,002

2

13

Толуол

С7H8

0,6**

3

14

Көмірсулар тотығы

CO

3,0

4

15

Фенол

C6H6O

0,003

2

16

Формальдегид

CH2O

0,01*

2

17

Диметилфталат

C10H10O4

0,007

2

18

Этилацетат

C4H8O2

0,1**

4

19

Этилбензол

C8H10

0,02**

3

 Ескерту:

* Ресей Федерациясының тұрғын үй  ауа ортасына қойылған уақытша гигиеналық нормалар

** Максималды тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрация (ШРЕК).

Санитарлық-гигиеналық сипаттағы ақаулар немесе аяқталмай қалған жұмыстар болса, оларды жұмыс комиссиясы ұсынатын тізімге, оларды жою мерзімдерін көрсетіп енгізу қажет. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысы басталарға дейін ондай кемшіліктер жойылуы қажет.

Құрылыста өте негізді кемшіліктер анықталатын болса, оларды жою мерзімдері көрсетілген кемшіліктегі тізімі жасалады. Жұмыс актісіне қолдар қойылып, кемшіліктер жойылғаннан соң, осы жұмысқа ұқсас жұмыстар жүргізетін мемелекеттік комиссия тағайындалады.

 Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау орнынынң мемлекеттік қабылдау комиссиясына қатысуы. Мемлекеттік қабылдау комиссиясын тағайындау  өндірістік нысандарды қабылдаудан үш айдан кешіктірмей,  тұрғын үй-азаматтық  мақсаттағы нысандарды қабылдауға, қызмет етуге өткізерден бұрын 30 күннен кешіктірмей тағайындалуы қажет.

Тапсырыс беруші қабылдау комиссиясына бұрынғы жұмыс комиссиясына берілген материалдардан басқа да  құрамында төмендегілер де кіретін құжаттарды көрсетуі тиіс:

 жұмыс комиссиясы анықтаған кемшіліктердің жойылғаны туралы анықтама; 

• бекітілген жобалық-сметалық құжаттар;  

 жер алаңын бөлініп алынғаны туралы құжаттар;

•  арнаулы су жүйесін пайдалану туралы құжаттар;

•  жабдықтар мен механизмдердің төлқұжаттары;

• ғимараттар мен құбырларды, қосымша жапсырма жабдықтарды қабылдау туралы жұмыс комиссиясы жасаған қабылдау актілері;  

• қабылданған нысанның  қажет жерлерінде, санитарлық-тұрмыстық бөлмелерде, азық-түлік пункттерінде, тұрғын және қоғамдық ғимараттарда   қызмет көрсететін эксплуатациялық кадрлармен қамтамасыз етілгендігі туралы  анықтама;  

• қалалық эксплуатациялық ұйымдар сыртық суық және ыстық су, канализация, жылумен қамтамасыз ету, энергиямен қамтамсыз ету мен байланыс коммуникацияларына дұрыс қызмет көрсететіні  туралы анықтама;  

 жұмыс комиссиясының нысанды бүтіндей алғанда мемлекеттік қабылдау комиссиясының эксплуатацияға қабылдауына даярлығы туралы   материалдарының  жиынтығы.

Барлық құжаттармен танысып болғаннан соң, комиссия нысанды қарап, тексереді:

 жұмыс комиссиясы анықтаған кемшіліктердің жойылғандығы және нысанның қабылдауға даярлығы;  

– құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасы, технологиялық, архитектуралық-құрылыстық шешімдердің озықтығы.

Мемлекттік қабылдау комиссиясы қажет болған жағдайда бақылау  сынамалары мен тексерулерді, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласынан да тағайындай алады. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы қайшылықты мәселелерге шешім қабылдау актіге қол қойылғаннан кейін  жеті күн мерзімінде жасалады.  Көрсетілген мерзімдер өтіп кеткен нысандар, экплуатацияға қабылданбаған болып есептеледі және оларға екінші рет мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрылады.  Қабылдау актісіне қолдар қойылған күннен бастап, мемлекеттік комиссияның құзырлылығы тоқтатылады.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясы тек көгалдандыру және  тұрғын үй, жатақхана, МДМ, мектептерге келетін жолдар мен ауданшалардың жоғарғы қабаттарын төсеу жұмыстарын ғана, нысанды эксплуатацияға қабылдайтын жылдың екінші тоқсанынан қалдырмайтындай уақытқа шегере аладаы. Актіде осы жұмыстардың аяқталу мерзімі нысанды эксплуатацияға қабылдайтын жылдың екінші тоқсанынан қалдырмайтындай мерзімі анық көрсетілуі қажет.    

       Жобаны табиғи жарық бөлімі бойынша сараптау тәсілі

Ішкі бөлмелерді табиғи жарықтандыру бөлімі бойынша жобаға сараптама жасаудағы коммуналдық гигиенадан санитарлық дәрігердің міндеттері болып табылады:  

 • Жобаның бөлмелердің табиғи жарықтандырылуы туралы  нормалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау;

  • жобада қабылданған табиғи жарықтандырудың негізгі көрсеткіштерін анықтау;   

 •  жоба бойынша тұжырымдамалар мен қорытындыларды толтыру.

Негізгі сұрақтарды шешуден басқа, сонымен қатар, жарықтандырудың есептелген деңгейі анықталады, жарықтандырудың біркелкі еместігінің дәрежесі, күн көзінің жылыту әсерінің артықшылығынан қорғау шаралары, жұмыс бетінің жарқырауы мен қоршаған қабырға мен төбенің жарқырау қатынастары анықталады.    

Жоба бойынша тұрғын үй бөлмелері мен қоғамдық ғимараттардың табиғи жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптарды анықтау үшін  және жобалық шешімдердің дұрыстығына баға беру үшін төменде көрсетілгендерді анықтау қажет:  

•  «Құрылыс климатологиясы» және «Табиғи және жасанды жарықтандыру» ҚНменЕ бойынша  құрылыстың климаттық ауданын (Қазақстанның көп бөлігі ІІІ- климаттық аймаққа жатады) анықтап алу қажет, сонымен қатар  жарық климатының белдеуін, жарық климатының коэффициентін (m), және климаттың күнгейлік коэффициентін  (C), жобаланып отырған ғимараттың орналасатын орнын (ҚНменЕ 4-5 кестесінен) анықтап алу қажет;

•  жобадан сараптама жасау үшін бірнеше типтік бөлмелерді іріктеп алу;   

•  бөлменің мақсатын және нақтылық дәрежесі бойынша (түсініктеме қағазды оқуда анықталады) ондағы адамның көру жұмысының сипатын  анықтап алу;  

 жоба материалдары  бойынша бөлмеге ұсынылған табиғи жарық түрін анықтап алу; (2.04-05-2002 ҚР ҚНменЕ 1 қосымшасын қараңыз);

•  берілген бөлмеге екінші жарық беруге болатындығын анықтау (аралас бөлмелердің ішкі қабырғалары, бөлімдерінің босағалары арқылы келетін табиғи жарық);

 •  ҚР 2.04-05-2002 ҚНменЕ 1 кестесі бойынша осы бөлмеге табиғи жарықтың есептелген деңгейін анықтау;

•  бөлменің жарық босағаларының бағытын анықтау;

 • жарық босағаларды күн көзінен қорғаныш қарастырылғандығын анықтау; 

• жағдайлық жоспардан қарсы тұрған ғимараттың орналасуын және онымен жобаланып отырған ғимараттың ара қашықтығын анықтау;

•  төбенің, қабырға, еденнің  жеке өрнектеу материалын анықтау және олардың әрқайсысына сәулелену коэффициентінің (р),орташа есептелген (рср) маңызын анықтау. 

Ішкі бөлмелердің нормалық табиғи жарықтандырылу дәрежесі (ен)  табиғи жарық коэффициенті (ТЖК) арқылы сипатталады, сандық мәні  ғимараттың орналасу орнына, бөлменің мақсатына, көру жұмысының сипатына және жарық босағаларының бағытына байланысты  нормаланған мән. Бөлменің табиғи жарықтану дәрежесіне шынайы баға беру үшін төмендегі формула бойынша  табиғи жарық коэффициенті (ТЖК) анықталады:  

ТЖК  = ,

мұндағы,  Еп – бөлме ішінің жарықтандырылуы;

Ео – ашық аспан астындағы жарықтандырылу

 Бөлменің ТКЖ мәнін нормалау төмендегі формула бойынша анықталады: 

Е н = ЕтС,

мұндағы,  Ен ТКЖ нормаланған мәні; Е ТКЖ аспаннан жарықтың шашырағандағы ҚР КНменЕ II-4-79  1-2 кестесінде көрсетілген мәні; т – сандық мәні ҚР КНменЕ II-4-79  4 кестесінде көрсетілген, жарықталу климатының коэффициенті; С – сандық мәні ҚР КНменЕ II-4-79  5 кестесінде көрсетілген климаттың күнгейлік коэффициенті.  

Күнделікті санитарлық бақылауда табиғи жарық коэффициенті люксметрдің көмегі арқылы, жарықтехникалық тәсіл арқылы анықталады, ал сақтық санитарлық қадағалауда А.М. Данилюктің геометриялық   тәсілі арқылы анықталады. ТЖК геометориялық тәсілі деп - табиғи жарықтың бөлме ішіне әйнектелмеген жарық босағасы арқылы сол мезгілдегі ашық аспан астындағы сыртқы жарықтың мәніне  түсетін  шашыранды жарықтың іздеп отырған нүктеге қатынасын айтады.  Люксметрді пайдалануда ішкі және сыртқы жарықтың жасалынуындағы тікелей түсетін күннің жарығы  есептелмейді.

Тұрғын үй және қоғамдық орындардың жобасына сараптама жасағанда геометриялық ТЖК есебінен А.М. Данилюктің екі сызбасы: жарғақ үлдірде орындалған І-сызба – бөлме кесіндісінің сызбаларына арналған және ІІ-сызба –жоспарлардың сызбаларына арналған (8. 12 сурет) қолданылады. ТЖК есептеу тәсілі келесі операциялардан тұрады:

 •  жобадан ТЖК анықтау қажет, жоспарлық және кесінді сызбалары бар бөлме таңдап алынады;

 •  І-сызбаны О орталығы А бөлменің есептелген нүктесіне сәйкес келетін етіп жобадағы бөлме сызбасына жапсырады;   

 •  сызбадағы жарық келетін босағадан өтетін сәуле санын санайды (8,12 сурет, а – 12 сәулелер) және сызбаның жарық босағасының орталығын С - нүктесін қиып өтетені  жарты шеңберлік нөмірлерін белгілейді. Сөйтіп, 12 тең болатын n1- көрсеткішін анықтайды.

 •  ІІ сызбада бұрынғы жарты шеңбердегі белгіленген нөмірге сәйкес келетін көлденеңдік түзулікті тауып, оны бөлме жоспарындағы сызбаға жапсырады (кесіндінің масштабына сай). Мұнда сызбаның негізі жарық босағасына параллель келуі қажет, сызбаның ортасы есептелген А нүктесін кесіп өтеді, ал белгіленген көлденең  түзулік, жарық босағасының орталық түзулігіне сәйкестенеді.  

 • жарқытандыру босағасынан өтетін (8. 12 сурет, б – 18 және 56 сәуле) сәулелер саны саналады. Сөйтіп, 74 (18 + 56 = 74) тең келетін  n2 көрсеткішін  табады

8.12 Сурет.  ТЖК анықтау үшін Данилюк сызбасын пайдалану  үлгісі,

Е.И. Гончарук, 1990.

а  –  кесіндіде;   б  –  жоспарда;   С  –  бөлме контурының – профилімен сызылған терезе босағаларының  орталығы,

 

  • төмендегі формула бойынша бөлмені бүйірден жарықтандырудағы геометриялық ТЖК анықталады:

КЕОг = 0,01 · n1 · n2;

 

  •  біздің мысалымызда биіктігі бірдей болатын екі жарық  босағасы бар, сондықтан І-сызба бойынша сәулелер санын ІІ-сызба бойынша алынған сәулелер санының жиынына көбейту қажет.   

КЕОг =  0,01 · 12 · 74 = 8,88 %

 

 Егер берілген бөлмеде бір жарық босағасы болса (үлкен терезе), онда геометриялық ТЖК төмендегідей болар еді:

КЕОг =  0,01 · 12 · 56 = 6,72 %

Ғимаратты қоршаған құрылымдардың жылу қорғау дәрежесіне санитарлық сараптама жасау тәсілі.  

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жылыту жобалық материалдарына баға беруде эксперт бірінші, негізгі мәселені шешіп алуы қажет: ғимаратты қоршаушы құрылымдарының жылу қорғау қасиеті ол жобаланып отырған климаттық ауданға келе ме екен? Содан соң ғана санитарлық дәрігер  жылыту жүйелерінің өзіне сараптама жасауға кіріседі. 

Сақтық санитарлық бақылаудың осы бөлімінің нормалық құжаттары «Құрылыс климотологиясы» ҚР ҚНменЕ 2.04-03-2002, «Құрылыс жылутехникасы» ҚР ҚНменЕ 2.04-43-2007,  «Тұрғын ғимараттар» ҚР ҚН мен Е 3.02-02-2009  «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар» ҚР ҚН мен Е 3.02-02-2001 және   ГОСТ 30494-96 «Тұрғын және қоғамдық ғимараттар. Бөлмедегі микроклимат параметрлері».

 Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жобалық материалдарына сараптама жасауда екі негізгі жағдайға баға беру қажет:

–   жобаланып отырған ғимараттың сыртқы қоршауының жылу қорғаныш қасиетін анықтау;  

– сыртқы  қоршаудың жылу қорғау қасиетінің ғимарат салынатын климаттық ауданға сәйкестігі.

Қоршаушы құрылымдардың  жылу қорғағыш қасиетіне баға беру үшін есептеу қажет:  

 • қоршаушы құрылымының жылу өткізудегі -– Rтр қажетті қарсыласу көлемін;  

•  ғимараттың қоршау құрылымының құрылыс материалының термиялық қарсыласу көлемін - R;

• қоршаушы құрылымының қажетті көлемімен салыстыруға қажетті жылу берудегі іс жүзіндегі қарсыласуын R0.  

Көрсетілген көлемдерді есептеу үшін арналы формулалар пайдаланылады, ол үшін төмендегі параметрлерді табу қажет:

tвҚР ҚНменЕ 3.02.-43-2007 «Тұрғын ғимараттар», 4 қосымша; ҚР ҚНменЕ 3.02-02-2009 «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар»,19-27 кестеде көрсетілген,  бөлменің ішкі ауасының есептелген температурасы °С,

tн – ҚР КНменЕ 2.04-01-2001 «Құрылыс климатологиясы», 8 қосымшада көрсетілген сыртқы ауаның  ең ызғарлы бескүндіктегі қысқы есептелген, °С;  

n – қоршаушы құрылымның сыртқы бетінің орналасуы мен сыртқы ауаға  қатынасына байланысты алынған, (8. 15 кесте) ҚР ҚНменЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы», 3 кесте  бойынша анықталатын коэффициент;

t °С  ауа температурасы мен қоршаушы құрылымының ішкі бетінің температурасы арасындағы, ҚР ҚНменЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы» 2 кесте бойынша табылатын нормалық температуралық ауыспалылық;

- ҚР ҚНменЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы», 4 кестеден табылатын қоршаушы құрылымның ішкі бетінің жылу беру коэффициенті;

 – ҚР ҚНменЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы», 6 кестеден табылатын қоршаушы құрылымының сыртқы бетінің жылу беру коэффициенті;

λ ҚР ҚНменЕ 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы», 6 қосымшадан табылатын құрылыс материалының жылу өткізгіштігінің есептелген коэффициенті;  

n –  сыртықы ауаға қоршаушы құрылымының сыртқы  бетінің жағдайына байланысты  алынатын коффициенті;

Rк   қоршаушы құрылымының термиялық өзара қарсыласуы.

Санитарлық-гигиеналық және комфортты жағдайларға сәйкес келетін, қоршаушы құрылымының  (жарық-жарқыруықтан басқа) жылу беруде талап етілетін қарсыласуды (Rтр), төмендегі формула бойынша анықталады. (параметрлердің түсініктемесі жоғарыда келтірілген):  

R  = ,   

Қоршаушы құрылымның жылу беруде қарсыласуы төмендегі формула арқылы анықталады:  

R0 = ,

Көп қабатты   және сонымен қатар, біркелкі (бір қабатты)  қоршаушы құрылымының термиялық қарсыласуы  Rк, м∙°С/Вт төмендегі формула арқылы анықталады:  

R =

мұндағы δ – құрылыс материал қабаттарының қалыңдығы, м;  –материал қабатының  жылу өткізгіштігінің  есептелген коэффициенті , Вт/(м • °С).

8.15 кесте

Коэффициенттер көрсеткіштері

(ҚР ҚНмен Е 2.04-03-2002 «Құрылыс жылу техникасы»,  3кестеге сәйкес)

,№

Қоршаушы құрылымы

Коэффициент n

1

Сыртқы қабырғалар мен қоршаулар (соның ішінде сыртқы ауамен желдетілетіндер), төбе жабындары (штукпен алынған жабын материалдары) және жолдар үстіндегі; Суық (қабырғасы қоршалмаған) төсенділердің жабындары   

1

2

Сыртқы ауаман араласатын жер асты суық үйдің жабыны; төбедегі (рулондық материалдармен жабылған) жабын; едендердің суық асты мен суық қабаттардың жабындары.

0,9

3

Жылытылмайтын, қабырғасында жарыққа арналған босағалары жоқ жер асты үйлерінің жабыны.  

0,75

4

Жылытылмайтын, қабырғасында жарыққа арналған босағалары жоқ жерден жоғары орналасқан  үйлерінің жабыны.  

0,6

5

Жылытылмайтын, қабырғасында жарыққа арналған босағалары жоқ жерден жоғары орналасқан техникалық еден асты үйлердің жабыны.  

0,4

8.16 кесте

Нормаланатын температуралық тұрақсыздық

(ҚР ҚНмен Е 2.04-03-2002 «Құрылыстық жылу техника», 2 кесте)

         

Ғимараттар мен бөлмелер

Нормаланатын температуралық тұрақсыздық

 tн,0 С, үшін

Сыртқы қабырғалар мен төбе жабыны

жабындар

Жолдар, жер асты үйлер мен еден асты бөлмелердің жабындары  

1     

Тұрғын үйлер, емдеу профилактикалық және балалар мекемелері, мектептер, интернаттар

4,0

3,0

2,0

2

Ылғалды және сулы тәртіпте жұмыс істейтін бөлмелерден басқа  қоғамдық, әкімшілік және тұрмыстық бөлмелер

4,5

4,0

2,5

8.17 кесте

Қоршаушы құрылымының ішкі бетінің жылу

беру коэффициентінің көрсеткіштері

 (ҚР ҚНменЕ 2.04-03-2002 «Құрылыстық жылу техника»,. 4 кесте)

Қоршаушы құрылымының ішкі беті

Жылу беру коэффициенті     Вт/(м2°С)

1

Қабырға, еден, тегіс төбелер  

8,7

2  

Шығыңқы қабырғалары бар төбелер

7,6

8.18 кесте

Қоршаушы конструкциясының сыртқы бетінің жылу

беру коэффициентінің көрсеткіштері

(ҚР ҚНменЕ 2.04-03-2002 «Құрылыстық жылу техника»,. 6 кесте)

№ п/п

Қоршаушы құрылымының сыртқы  беті

Қыс мерзіміне арналған жылу беру коэффициенті, αн, Вт/(м2 ∙ °С)

1.

Сыртқы қабырға, жол үстінің және суық (қоршау қабырғасы жоқ) еден асты бөлмелер жабындары

23

2

Сыртқы ауамен кездесіп отыратын, суық жер асты бөлмелердің, суық еден асты бөлмелер (қоршау қабырғалар) және суық қабаттар жабындары  

17

3

Төбе жабындары және қабырғасында жарық босағалары бар, жылытылмайтын жер асты үйлері, сонымен қатар, сыртқы ауаумен желдетілетін ауа қабаты бар сыртқы қабырғалар жабындары

12

4

Жерден жоғары орналасқа қабырғаларында жарық босағалары жоқ, жылытылмайтын жер асты үйлердің жабындары және жер бетіндегі

6

Жобаны сараптаудағы есептеулер үлгісі. Аламты қаласында цементті-құм ерітіндіге отырғызылатын, қалыңдығы – 540мм. керамикалық іші қуыс кірпіштен тұрғын үй құрылысын салу жобалануда. Санитарлық дәрігерге таңдалып алынға құрылыс материалдары үйдің бөлмелерінде қалыпты температуралық тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретіндігін аықтауы қажет. Ол үшін төмендегі жағдайларды анықтап алуы қажет:

– қоршаушы құрылымының талап бойынша жылу беруге  қарсыласуы Rтр;

– қоршаушы құрылымының іс жүзінде жылу беруге қарсыласуы R0;

– іс жүзіндегі қарсыласуды талап етілетін  қарсыласумен.

Қоршаушы құрылымының талап бойынша жылу беруге  қарсыласуы (R)  төмендегі флормула бойынша анықталады:

R  =  = м2 · 0С/Вт.

Қоршаушы құрылымның іс жүзінде жылу беруге қарсыласуын анықтау үшін алдымен қоршаушы құрылымның құрылыс материалының термиялық қарсыласуын бойынша  (Rк) төмендегі формула анықтап алу қажет:

Rк =  =  1,03 м2 · 0С/Вт

мұндағы δ – құрылыс материалдарының тұрғызып қойғандағы қалыңдық қабаты, м;  λ – құрылыс материалының есептелген жылу беру коэффициенті,  Алматы қаласының  2.04-03-2002 ҚНменЕ, 3 қосымша   бойынша алынған  Б зонасы және керамикалық іші қуыс кірпіштің жылу беруінің есептелген коэффициенті 0,52 Вт/(м· 0С) құрайды.

Осыдан соң қоршаушы құрылымның жылу беруінің іс жүзіндегі қарсыласуын R0, төмендегі формула бойынша анықталады: 

R0 = =  1,18  м2 · 0С/Вт

Қорытынды.  Алматы жағдайындағы тұрғын үйдің қоршаушы құрылымның талап бойынша жылу беруге  қарсыласуы  1,20 м2 · 0С/В болғанымен, іс жүзіндегі қарсыласуы – 1, 18 м2 · 0С/Вт., яғни айтарлықтай төмен. Соған сәйкес, кірпіш  құймасының қалыңдығын  қоршаушы құрылымның  жылу беруінің  қажетті қарсыласуға жеткізгенге дейін  жоғарылату қажет не болмаса,  құрылысқа жылу өткізгіштігінің коффециенті   төменірек, мысалы керамзитті бетонның бір түрінің жылу өткізу коэффициенті едәуір (0,23 – 0,41 Вт/(м· 0С ) төмен,  материал пайдалану қажет.

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жоба материалдарын қараған кезде ауа баптау  принциптік үлгісіне және сонымен қатар,  ҚР КНменЕ  4.02.42-2006 «Жылыту, желдету және ауа баптау»,  талаптарының ерешеліктерінің орындалуына, сондай-ақ ҚР ҚНменЕ 3.02.-43-2007 «Тұрғын ғимараттар» мен 3.02-02-2009 «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар»  бойынша желдетілудің ұйымдастырылуына көңіл аудару қажет.

Ең алдымен, түсініктеме қағазбен танысу қажет, одан ғимараттың сипаты, жеке бөлмелер мен жобаланған желдеткіш жүйесінің мақсаты анықталады. Жеке бөлмелер бойынша  ауа алмасуының көлемі мен жиілігі, келетін ауаны даярлау тәсілдері (тазалау, жылыту т с.с), оларды шығарып тастайтын орын анықталады.

Сонымен қатар, бөлмелерге берілетін ауаны шығаруға арналған қондырғылар мен олардың орны, берілу жылдамдығы, желдеткіштердің қызмет етуінен пайда болатын тербеліс пен шуылға қарсы күрес   шаралары анықталады.  Мұнда сызба материалдары қаралады, олар:  

• бөлменің технологиялық жабдықтардың орналасуы да көрсетілген  жоспары мен кесінділері;

•  желдеткіш қондырғылары мен олардың бөлімдерінің (желдеткіш камералар, ауаны даярлауға арналған қондырғылар,  ауаны бөлмеге жинау, шығару және сыртқа шығарып тастауға арналған қондырғылар), сызбалық көріністері;  

• ауа әкелетін және ауа соратын жеке қондырғылардың аксенометрлік үлгілері.

Санитарлық дәрігердің міндеті – жобада көрсетілген желдеткіштер жүйелерінің дұрыстығына, олардың тиімділігіне баға беру және сәйкес сараптамалық қорытынды жасау болып табылады.

ЕПМ жобалық материалдарына гигиеналық сараптама жасау

 ЕПМ қойылатын сақтық санитарлық бақылауға жатады:

 •  құрылысқа жер алаңын таңдау және бөлу;

  •  емдеу мекемелерінің жобасына санитарлық сараптама жасау; 

•  құрылысын салуда санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жасау;

 •  аурухананы эксплуатацияға қабылдау; 

Құрылыс салуға алаңды таңдауды санитарлық эпидемиологиялық қызмет дәрігерінің қатысуымен арнаулы комиссия жүргізеді. Жер алаңын таңдау жақсы көрініп тұрған жерді мұқият тексеруден тұрады.  Құрылыс салуға жер таңдау мен бөлуге 303 /ф. сәйкес қорытынды толтырылады.  

Жобаның сараптамасын коммуналдық гигиенадан дәрігер ЕПМ жаңа серияларының жобаларымен танысқаннан соң жасайды.  Іс жүзінде көбінесе ауруханалардың типтік жобаларын байланыстыруға келісім жасалады, сондықтан алғашқыда типтік жобаның осы климаттық ауданға сәйкес келетіндігін анықтап алу қажет.    Жобаға ары қарай сараптама жасаудағы санитарлық дәрігердің негізгі міндеті жобалық шешімдердің санитарлық заңдылықтарға сай келуін анықтау болып табылады.  

Аурухана жобасына санитарлық сараптама жасау.   Санитарлық  дәрігер ҚР ҚНменЕ 3.01.083.02 « Аурухана ұйымдары мен ана мен баланы қорғау ұйымдарының құрылысы мен маңызына қойылатын талаптар», сонымен қатар  ҚР ҚНмЕ 3.02.-02-2009 «Қоғамдық ғимараттар мен имараттар» басшылыққа алынады.

 Жобаға сараптама жасауды аурухана алаңының  жалпы жоспарына баға беруден бастайды.  Ол үшін төмендегі мәселелерді анықтап алу қажет:

 •  алаңның жер рельефі мен грунт суының орналасу деңгейіне байланысты жарамдылығы;

 • ауа, су, топырақты ластау қауіпін тудыратын өндіріс орындары бар ма;    

• шуыл көздері, селитебті аймақтан, трамвай жолдарынан, көлік жүретін көшелерден аулақтығы;   

 • алаңның айналасында жасыл қорған болуы;

 • алаңның ауданы, оның конфигурациясы, аумақтың 1 төсекке ауданы, құрылыс пайызы;  

 •  аурухана алаңның аумағын аймақтау, аймақтағы ғимарат құрамы;

 • емхана, жұқпалы аурулар ғимаратының, патологоанатомиялық және радиологиялық бөлімдердің ораналасуы, санитарлық ара- қашықтықтың жеткіліктілігі;

 •  ғимараттың жеке тораптардың алаң жоспарынада бір- бірімен орналасу жағдайын, олардың бағыты;

                   •  аурухананың құрылыс жүйесі;

  •  жасыл желектердің пайызы, олардың ұйымдастырылуы;

  • сумен қамтамасыз етілуі, қатты қалдықтардан тазартылуы,  құбырларының орналасуы, санитарлық қорғау және санитарлық қорғау аймақтарының болуы.  

Берілген құжаттармен танысып болғаннан соң санитарлық дәрігер жобадан келесідегі бөлімдердің жобалық шешімдерінің санитарлық-заңдылық құжаттар талабына сай екендігін анықтайды:    

Жобада аурухана алаңы мен аумағына қойылатын талаптардың сақталуы.

Аурухана елді мекеннің жалпы жоспардағы  бекітілуге сәйкес селитебтік немесе  қала сыртындағы аймақтарда орналасуы қажет. Селитебтік аумақта емдеу және палаталық ғимараттар құрылыс қызыл жолағынан 30 метрден жақын емес, ал тұрғын ғимараттардан  арасы 50 м кем емес болып орналастыру қажет:   

 • науқастардың ұзақ уақыт болуына арналаған сыйымдылығы 1000 төсектен жоғары ауруханалар, сонымен қатар кейбір стационарларды (психиатрлық, өкпе ауруы) қала сыртындағы аймаққа немесе ықшам ауданның шетіне қарай  жасыл желектердің бойына, селитебтік аумақтан ара- қашықтығын 1000м төмен қылмай орналастыру қажет;   

 •  осы аурухананы орналастыруға арналған жер алаңының таңдалуы  мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық орындармен келісілгендігін тексеру қажет;  

 •  жер алаңын таңдауда  басым желдің бағыты ескерілгендігін, алаң бұрын қоқсық тастайтын, ассенизация даласына, мал көметін орынға, мола-зират орындарына пайдаланылғандығын анықтап алу қажет;

 •    жағдайлық жоспарда аурухана алаңы темір жол, аэропорт, жиі жүретін автомагистральдерден және де басқадай физикалық факторлардың күшті-қуатты көздерінің әсерінен  аулақтығы анықталады;

 •   алаңның жалпы жоспарынан (8,13 сурет) санитарлық дәрігер аумағы аурухана алаңының 60% кем болмайтын, ал бау-бақша аймағы 1 науқасқа – 25 м2 кем болмайтын жасыл желектер мен газондардың ауданын анықтайды.    Алаңның  периметрі бойынша кеңдігі 1,5 м кем емес, жасыл желеңдер отырғызылуы қажет.  Діңі жуан ағаштардың стационар ғимаратының қабырғасына жақындығы 10м  жақын болмауы қажет. Алаңның биіктігі 1,6 м психиатриялық аурухана үшін - 2,5 кем емес қорғаны болуы қажет;   

 • жобаның түсініктеме қағазында грунт сулары орналасуының тереңдігін (ірге тасы түбінен 1 м кем емес) және грунттың қату тереңдігін анықтайды;   

 • ауруханаға келетін жолдар ішкі жолдар және жаяу жүретін жолдардың  қатты жабыны болуы қажет.  Жеке пайдаланылатын автокөліктердің уақытша тұрақтарының аумақтардан ара қашықтығы 40 м жақын болмауы қажет;  

8.13 сурет. 400 төсекке арналаған қалалық орталықтандырылмаған

аурухананың жалпы жоспары,  Е.И. Гончарук, 2006.

                             1 - бас ғимарат; 2 – шаруашылық ғимараты;

                                       3 – паталогоанатомиялық  ғимараты.  

 •  аурухана аумағында емхана, патанатомиялақ ғимарат, шаруашылық іс әрекеті, инженерлік құрылымдар және бау-бақша аймағы болады, климаттерапия мен дене шынықтыруға ауданшалар жабдықталады. Виварий (зерттеуге арналған жануарлар бөлмесі) палатадан 50 және тұрғын үйлерден 100 м аулақта орналасуы қажет;    

•  ритуалдық аймағы бар паталогоанатомиялық ғимарат палатарлық ғимараттардан оқшауланған және емдік және әйелдер босанатын бөлімдерге, сонымен қатар,  аурухана алаңына жақын орналасқан тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға  көрінбеуі қажет. Палаталық ғимараттардан, асханалардан  паталогоанатомиялық ғимаратқа дейінгі аралық 30 м кем болмауы керек. Рәсімдік аймақта  оқшауландырыған кіріп, шығатын жолдар болуы қажет;     

•  көп салалы ауруханалардың құрамына кіретін  жұқпалы  аурулар, психосоматикалық, тері – венерологиялық бөлімдер жеке ғимараттарға орналастырылуы қажет. Аурухана алаңына емханалық ғимараттарды орналастырған жағдайда оған өз алдына жол салғызып,  мейілінше алаңның шеткері жағына орналастырылады;

 •  аурухана аумағына ауруханаға қатысы жоқ тұрғын мекен-жай, басқа да құрылыстар салуға болмайды;  

 •  жұқпалы аурулар ауруханасы (корпусы) аумағында  бір-бірінен жасыл желектермен оқшауландырылған, «таза» және «лас»  аймақтар болуы қажет.   «Лас» аймақтан көлік келгенде, көлікті залалсыздандыратын жабық аудан қарастырылуы қажет;  

 • аурухана алаңындағы ғимараттармен басқа ғимараттардың  аралығы инсоляцияға, жарықтандырылуға, желдетілуге және шуылдан қорғауға жағдай туғызуы  қажет. Корпустардың палаталар терезелерінен  ара қашықтықтары қарсы тұрған ғимараттың 2,5 биіктігіне тең болуы  қажет;  •  қоқыс жинайтын аумақта қанша қоқыс салғыштар, қанша урналар бар екенін,  олар қоршалған ба,  қоқыс  және тұрмыстық қалдықтарды шығару жиілігі қандай, тері-венерологиялық, жұқпалы аурулар, онкологиялық, хирургиялық (соның ішінде акушер-гинекологиялық) бөлімдердің қалдықтары қалай жиналады, алаңда қалдық-қоқыстарды жағып жіберетін пеш барын тексеру қажет.     

8.13 суретте емдеу-профилактикалық мекемлердің алаңына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар қарастырылған орталықтандырылған соматикалық аурухананың жалпы жоспары берілген.

Ғимараттың және аурухананың жеке  бөлмелерінің  архитектуралық-жоспарлық шешімінің талаптарын сақтау.  

Ғимараттың және аурухананың жоспарлық және құрылымдық шешімдері  санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет, сондықтан сарапшының тексеруі қажет:  

 •  негізгі және қосымша бөлмелердің құрамы мен ауданы қолданылып жүрген СНменЕ талапттары бойынша жобалаудағы  міндеттерімен анықталады;

 • медициналық жоғарғы оқу орындарының, колледждердің, ғылыми-зерттеу институттарының базасы болатын   ЕПМ жобасында мекеменің негізгі функционалдық бөлімдерінен басқа, студенттер үшін оқу бөлмелері  және оқытушылар құрамына, шешінетін орын, дәретхана, қойма,   арнайы кабинеттер қарастырылады;

 •    емдеу және диагностикалық ғимараттардың  жер асты және цоколды қабаттарында шеберхана, улы, қатты әсерін тигізетін, жылдам тұтынатын және жанатын сұйықтықтар, аккумуляторлық және қабылдау бөлімдерін орналастыруға болмайды;  

 •  желдеткіш жабдықтарға арналған бөлмелер, жылу бөлмелері, көлік бөлімдері бар салқындатқыш камералар, жедел саты, көтергіш шахталары  және басқа шуыл және тербеліс көзі болып табылатын бөлмелер,  сонымен қатар, автоклав пен залаласыздандыру камерасы палаталармен, емдеу және емшара кабинеттерімен араластырып және олардың астына орналастыруға болмайды;    

•   операциялық блоктар оқшауландырылған блокта орналасуы қажет  және басқа хирургиялық бөлмелерден тамбур, жабдықталған ультрокүлгін  сәулелі    бактерицидті  көздер арқылы бөлінген болуы қажет. Операциялық блок ауа сорылуынан ауа келуі басым болып келетін желдеткішпен  жабдықталуы қажет және екі оқшауланған – септикалық және асептикалық  адмдар өтпейтін  бөлмесі болуы қажет. Операциялық бөлмелерді бірінің үстіне бірін орналастырғанда, септикалық операциялық бөлмені  асептикалық бөлменің үстіне орналастыру қажет;

 •   обсервациялық бөлім бірінші қабатта және негізгі ғимартқа қарағанда (қосымша салғанда) бөлек болып келуі қажет немесе жоғарғы қабатта жүкті әйелдер патологиясы, физиологиялық және гинекологиялық  бөлімдердің үстіне  орнластырылуы қажет. Вестибюль мен фильтрден басқа барлық бөлмелер  физиологиялық және обсервациялық бөлімдерге жеке қарастырылуы қажет.

Жобада бөлмелердің ішкі  жеке жұмыстарына қойылатын талаптардың сақталуы.

Санитарлық дәрігер төмендегі жағдайларды тексеруі қажет:

 •  палата, дәрігерлер кабинеті, холлдар, вестибюльдер, асхана, физиотерапевтикалық бөлмелердің қабырғалары және басқа құрғақ тәртіптегі емдеу-диагностикалық  кабинеттердің қабырғасы  силикатты бояулармен өңделген болуы қажет, осы мақсатта нитробояуларды пайдалануға тиым салынады;  

 • ылғалды тәртіптегі бөлмелерде, сонымен қатар ылғалды залалсыздандырулар жасалатын бөлмелердің  (операциялық, таңуға арналған бөлме, босану, операция бөлмеснің алды, наркоз беретін, емшара, сонымен қатар, ванна, сусебізгіш, санитарлық тораптар, клизма жасайтын, кір киім-кешектер талдап, сақтайтын бөлмелер) қабырғасын глазурлы плиткалармен басқа да су өткізбейтін материалдардармен төбесіне дейін қапталады.  Еденді қаптауға су өткізбейтін материалдарды пайдалану ұсынылады,  оперция, наркоз беретін, босануға арналған бөлмелердің едені  ұшқын шығармайтын, антистатикалық, ылғалды тәртіптегі бөлмелердің төбесі суға төзімді бояулармен боялуы қажет;

 •  раковиналар және басқа да  санитарлық-техникалқ аспаптар  орналастырылған жерлерде, сонымен қатар, қызмет етуге арналған қабырға мен бөлгіш заттардың ылғалды болуына байланысты оларды  биіктігі еденнен 1,6 м, кеңдігі жабдықтар мен аспаптардың арасы барлық жағына 20см  болатындай етіп, глазурланған плиталармен, басқа да суға төзімді    материалдармен өңдеу қарастырылуы қажет;

 •  ілінбелі төбелерді операциялық, босанатын бөлме, жарақат таңу бөлмелеріне тікелей қатысы жоқ вестибюл, дәліз, холл және т.б қосымша бөлмелерде қолдануға рұқсат етіледі.  Ілінбелі төбелердің материалдар мен конструкциялары олардың тазартылып, залалсыздандырылуына мүмкіндік жасауы қажет.  

Санитарлық-техникалық және технологиялық жабдықтарға қойылатын талаптардың сақталуы.  

Барлық ауруханалар су жүйесімен, канализация, орталықтандырылған ыстық су, жылу жүйесі, желдеткіш (қажет болған жағдайда ауаны баптау  жүйесімен) қамтамасыз етілуі қажет. Екі немесе одан көп қабатты ғимараттар жедел сатымен, қоқыс жинауға арналаған камерасы бар қоқыс жүретін жолдармен, көтеретін құралдармен жабдықталған болуы керек.  

Ауруханалардың ағынды суларын тазартып, залалсыздандыру жалпы қалалық канализациялық тазарту құбырларында жасалады. Жалпы қалалық тазарту құбырлары болмаған жағдайда  ауруханалардың ағынды сулары  жеке тазарту құбырларында тазартылып, залалсыздандырылады.  

Жаңадан салынған ауруханалар  ыстық су жүйесі бұзылып қалғанда немесе профилактикалық жөндеуге жабылғанда, резервтегі (апаттық) ыстық су көзі қарастырылады, ал қызмет етіп тұрған мекемелерге –санитарлық қабылдау бөлімінде, операция алды, босану залдарына, емшара, жаңа туған нәресетелер мен бір жасқа дейінгі балалар бөлімдерін, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, ыдыс жуатын бөлме, буфет, тамақ тарататын, асхана және т.б. ерекше санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы талаптардың күшеюін қажет ететін функционалдық бөлмелерде  су қыздыру үшін    апатты есебінен су қызыдыру үшін үздіксіз жұмыс істейтін электр аспаптар  орнатылады.

Науқастарға арналған палаталарда, дәрігерлік кабинеттерде, қызметкерлердің бөлмелері мен кабинеттерінде, дәретханаларда, шлюздер мен бокстарда, жартылай бокстарда, емшера, жарақат таңу  және қосымша бөлмелерде  ыстық  және суық су келетін,  су аралатырғышпен  жабдықталған қол жуғыштармен қамтамасыз етілуі қажет.  Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитздар санымен бірдей болуы қажет.

Жылытылу мен желдетілуіне қойылатын талаптардың сақталуы. 

Жылытылу, желдетілу және ауаны баптау жүйесі бөлменің ауасы мен ықшамклиматына қойылатын гигиеналық нормаларға сәйкес келетін жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.  Жобаға сараптама жасауда  санитарлық дәрігер қолданылып жүрген ҚНменЕ негізгі қағидаларын басшылыққа алады:  •  жұқпалы аурулардан басқадай аурухана ғимараттары  механикалық қозғалатын ауа әкелу - ауа сору желдету жүйесімен жабдықталуы қажет.  Жұқпалы ауруларға арналған ауруханаларда (бөлімдерде) дефлектор қондырылған жеке гравитациялық қозғалыспен  ауа соратын желдеткіш әрбір бокс пен жартылай бокстарда, палаталық секцияларға орнатылуы қажет. Палаталардан ауа соратын желдеткіш, ауаның шығып кетуіне жол бермейтін  жеке каналдар арқылы жасалуы қажет.  

Операциялық жасайтын жерден басқа  барлық бөлмелерде маханикалық қозғалыстағы   ауа әкелетін-ауа соратын желдеткіштен басқа табиғи желдету көзі болуы қажет;  

 • желдету жүйесі мен ауаны баптауға арналған сыртқы ауаны жинау  таза аймақтан, жер бетінен 1,0 кем болмайтын биіктікте жасалуы қажет, ауа келетін қондырғыларға келетін ауа сүзгілер арқылы тазаруы қажет.  Операциялық бөлме, наркоз жасау, босану, реанимациялық бөлмелер, операциядан кейінгі палаталар, үдетпелі терапия палаталары, сонымен қатар, терісі күйген науқастарға арналған палаталар бактерицидті фильтрлар арқылы тазартылуы қажет;    

 •  операция бөлмесі, үдемелі терапия, реанимация, босану, емшара бөлмелері және т.б. ауаға зиянды заттар түсіруі мүмкін медициналық-технологиялық үрдістер жасалатын бөлмелер жергілікті ауа сору насостары немесе ауа соратын шкафтармен жабдықталынуы қажет;

 • операция жасайтын, наркоз беретін, босанатын, операциядан кейінгі палаталарда, үдемелі терапия палаталарында реанимациялық, терісі күйген науқастарға арналаған палаталарда, жаңа туған, шала туған және жарақат алған нәрестелер палатасында ауаны баптау қарастырылуы қажет;

            •   палаталарға жекелендірілген ауа тәртібін жасау үшін оларды санитарлық тораптарға шығатын шлюздер арқылы жобалаған жөн;

          • баспалдақ клеткаларын, жедел саты шахталарын, көтіргіштердің бағандарын, орталықтандырылғын лас  кір жинайтын орындар автономды жеке ауа әкелетін – ауа соратын желдеткіштермен жабдықталуы қажет;  

  •  қыздырғыш аспаптарды сыртқы қабырғаға, терезе астына, қоршаусыз – ақ орналастыруға болады, ал, әкімшілік –шаруашылық бөлмелерде, балалар ауруханасында және кейбір арнайыландаралған бөлімдерде жылыту аспаптары декоративті шарбақтармен, торлармен немесе тесіктері бар шынылармен қоршалынуы қажет.   

 

Табиғи және жасанды жарыққа қойылатын талаптар.

 Аурухананың барлық бөлмелерінің жарықтандырылуы қолданылып жүрген  ҚНмен Е сай  табиғи және жасанды жарық көздерінен болуы қажет:  

 •  қойма, палаталардың санитарлық тораптарына, гигиеналық ванна, клизма жасайтын бөлме, қызметкерлерге арналған сусебізгіш, киім ілгіш,  жеке бас гигиенасы бөлмесі, термостат бөлмесі, операция жасайтын және операцияға дейінгі бөлмелер, аппарат сақтайтын, наркоз беретін, фотозертхана, және басқа да технологиясы мен ережесі, қызмет етуінде табиғи жарық қажет етілмейтін бөлмелерде екінші жарық  немесе  тек жасанды жарықпен жарықтандыруға   рұқсат етіледі;

 •  палата секцияларының (бөлімдерінің) дәліздерінде ғимарат сыртындағы терезелерден және жарық қалталарынан (холлдардан) түсетін табиғи жарық болуы қажет. Жарық қалталары арасындағы аралық 24 м, жарық қалталарына дейінгі аралық 36 м жоғары болмауы қажет.  Емдеу  -диагностикалық және қосымша бөлімдерге артқы және бүйір жақтан жақсырақ түсуі қажет;

 • барлық бөлмелерде жалпы жасанды жарық қарастырылуы қажет.   Жеке функционалдық аймақтар мен жұмыс орындарын жарықтандыру үшін қосымша жергілікті жарық беріледі;

 • бөлменің жасанды жарығы люминисценттік шамдар мен қыздырғыш шамдар арқылы жасалады. Ұсынылған жарықтандырылу, жарық көзі шамдар типтері қолданылып жүрген нормалық құжаттарға байланысты жасалады;   

 •  төбеде орналасқан бөлмені жалпы жарықтандыруға арналған шырақтар тұтастай (жабық) жарық таратқыштар болуы қажет.  Палаталарды жарықтандыру үшін (балалар жәнеи психиатрия бөлімдерінен басқа)  әрбір төсектің жанына еденнен 1,7 м биіктікте орнатылған  қабырғалық аралас шырақтар (жалпы және жергілікті жарықтандыратын)  пайдаланған дұрыс;    •  одан басқа әрбір палатада арнаулы түнгі жарықтандыруға арналған шырақ болуы қажет.  Дәрігерлік қарайтын кабинеттерде науқасты қарау үшін қабырғалық шырақтар орнатылуы қажет.

Жобаға санитарлық сарапатама жасалғаннан соң оның Қазақстан республикасының санитарлық заңдылықтарына сәйкестігіне  (жоба келісіледі) немесе сәйкес еместігіне (жоба келісімге салынбайды) деген жалпы қорытынды шығарады.  Сақтық санитарлық бақылаудың қалған кезеңдері  (құрылысқа бақылау жүргізу, эксплуатацияға қабылдау) жоғарыда талдап көрсетілген нысандарға жүргізілетін кезеңдерден көп айырмашылығы жоқ.

ЕПМ жобасына санитарлық сараптама  жасау үлгісі:

  1.  Төлқұжат бөлімі: жобаның типі, жобаның сериясы, сараптамаға қажетті материалдардың толықтығы (түсініктеме қағаз, сызба материалдар және т.б.).
  2.  Емдеу-профилактикалық мекеменің профилі
  3.  Атмосфераны ластаушы, шуыл шығаруышы көздерден аулақтығы
  4.  Елді мекен аудандарымен көлік арқылы байланысы.
  5.  ЕПМ салу жүйесі.
  6.  Ғимарат қабаттары.
  7.  Мекемедегі науқастардың жобалық бөлігі.
  8.  Қабаттардағы бөлмелер құрамы: (жоспарлануы, емдеу, емшара, қабылдау-қарау блоктарының, фильтрдің, диагностикалық-емдеу кабинеттерінің, палаталардың аудандары).
  9.  Аурухана палаталарының ішінара табиғи жарықтандырылуы: палата тереңдігі, орналасу тереңдігі, ТЖК, терезе алдының биіктігі, терезенің қараңғылану дәрежесі.   
  10.  Жасанды жарықтандырудың сипаты (апатты жарықтандыру бары).
  11.  Палаталардың жарық жақтарға бағыты.
  12.  Аурухана палаталарын ішінара инсоляциялау мерзімдері.
  13.  Аурухана секцияларының және бөлімдерінің сыйымдылығы. 
  14.  Тұрмыстық бөлмелер, олардың жабдықталынуы (ас үй, душ, дәретхана, қойма т.б.).
  15.  Ғимараттың санитарлық-техникалық жабдықталынуына (сумен қамтамасыз етілуі, канализация, желдетілу, жылытылуына) баға беру.
  16.  Қорытынды.

 

   ІХ БӨЛІМ

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ САЛУ ГИГИЕНАСЫ

Елді мекендерді жоспарлау үлкен аралас гигиеналық сұрақтарды қамтитынықтан коммуналдық гигиенаның ең күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады. Санитарлық дәрігер жалпы жоспарға коммуналдық гигиенаның барлық сұрақтарына (сумен қамтамасыз ету гигиенасы, су, атмосфера, топырақ нысандарын қорғау, елді мекендерді тазарту, инсоляция тағыда көптеген сұрақтар) қажетті мәліметтер берілген болса ғана жобаға сапалы сараптама жасай алады.

Коммуналдық гигиена оқулықтарында елді мекендерді жоспарлау, құрылысын  салу және жайластыру әр уақытта бөлек бөлімдер болып келеді. Республиканың барлық елді мекендеріне қатысты осы сұрақтардың негізгі нормалық құжаты  ҚР ҚНменЕ 3.01-01-2008ж  «Қаласалу. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу» болып табылады.

Кез келген елді мекен аумағында рационалды орналастырылуы қажет және бір – бірімен функционалдық байланыста болатын құрылымдық элементтердің (өндірістік, тұрғын үй, көліктік, мәдени  - тұрмыстық) күрделі кешені болып табылады. Сонымен қатар, қалалық және ауылдық елді мекендер максималды түрде жайластырылуы қажет, ал әртүрлі коммуникациялар мен аумақтар – халықтар денсаулығын сақтаудағы гигиеналық талаптарға сай болуы қажет.  Бұл тек арнаулы өңделген жоспар  және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жағынан қажетті бақылау жасалғанда ғана мүмкін болады.

 Қалалық және ауылдық елді мекендерді Қазақстан Республикасының  және соған кіретін облыстар, әкімшілік аудандар, сонымен қатар облыс аралық және аудан аралық жүйелерді орналастыру жүйесінің элементтері ретінде жобалануы қажет.  Мұнда, әлеуметтік, өндірістік, көліктік және басқа да инфроқұрылымдар, сондай-ақ елді мекен әсер ететін аймақтағы еңбек, мәдени-тұрмыстық және рекреациялық байланыстарды ескеру қажет. Аймақтың әсер ету мөлшерін аудандық жоспарланудың үлгілері мен жобасын негізге ала отырып, белгілі әкімшілік шекараны ескеру арқылы қабылдау қажет.

 Елді мекеннің жоспарлау  және құрылысын салу жобасында олардың дамуының тиімді кезектілігінің Қазақстан республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен ұштасып жатуын қарастыру қажет.  Мұнда, 20 жылға белгіленуі қажет, ал қала салу болжамы 20-40 жылды қамтыуы қажет,   елді мекеннің даму болашағын берілген мерзімнің шегінен де асырып отырып анықтап алу қажет.   

 

9.1 кесте

Қалалық және ауылдық елді мекендердің жіктемесі

(ҚР ҚНменЕ 3.01-01-2002,  1 кесте)

Елді мекен

топтары

Елді мекендер, мың адамға

Қалалар

Ауылдық елді мекендер

Өте ірі

Ірі

Үлкен

Орташа

Кіші

1000 жоғары

– 500- ден 1000 дейін

– 250 – 500

– 100 – 250

–  50 – 100

–  20 – 50

–  10 – 20

– 10 дейін

5 жоғары

– 3 до 5

– 1 – 3

– 0,2- ден 1 дейін

– 0,05 – 0,2

–0,05 дейін

Халықтың жобалық санына байланысты қалалық және ауылдық елді мекендер  9.1 кестеге сәйкес топтарға бөлінеді. Есептелген мерзімге арналған халықтар санын  елді мекеннің    болашақтық мәліметтерінің негізінде анықталады.

Күнделікті санитарлық бақылау

Елді мекенді жоспарлаудағы күнделікті санитарлық бақылау жұмысына кіреді:

• селитебтік аумақтағы және қоғамдық ғимараттардағы инсоляция ұзақтығын анықтау;

•   көліктер шуылы деңгейіне бақылау қою;

•  электрмагнитті сәулелер деңгейіне бақылау қою.

Аумақтар мен бөлмелердің инсоляциялануының ұзақтығына қойылатын талаптар.  

 Қазақстан Республикасында ҚНменЕ 12.12.2000ж.  3.01.0768«Тұрғын үй  және қоғамдық ғимараттарды  және тұрған құрылымдар  аумақтарын инсоляциямен қамтамасыз етілуінің санитарлық нормалары  мен ережелер» құжаты бекітілген, яғни тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар мен аудандарды, жаңадан салынып жатқан және қайта салудан өтуі қажет  қалалар мен ауылдар және ауылдық елді мекендерді     жобалауда, сондай-ақ оларға сақтық және күнделікті санитарлық бақылау жүргізуде осы құжат міндетті түрде   ескерілуі қажет.

Инсоляция маңызды сауықтыру факторы  болып табылады  және тек қана тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарда ғана емес тұрғын құрылыс аумағында да  пайдаланылуы қажет.   Инсоляцияның өте тиімді әсері – оның сауықтыру, психофизологиялық және бактерицидтік әсері күн сәулесін бөлме мен территорияға тікелей түсуі  күнделікті үздіксіз 2,5-3,0 сағат болғанда ғана қамтамасыз етіледі. Норма талаптарының сақталуы қажетті бағытта жоспарлау және орналастыруға байланысты болады.

 Мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, жалпы білім беру мектептерін, мектеп интернаттар,  шипажай-сауықтыру және басқа сауықтандыру мекемелерінің негізгі функционалдық бөлмелерінің бағыты мен орналастырылуы бөлмелердегі үздіксіз инсоляциялану ұзақтығын  нормаланған кезеңдерде  күніне 3 сағаттан  кем  болмауын қамтамасыз етуі қажет.  

2,5 сағаттық инсоляция ұзақтығы қамтамасыз етілуі қажет:

а)  бір-, екі-, үшбөлмелік пәтерлерде бір бөлмеден, төрт-, бес. – алты бөлмелі пәтерлерде 2 бөлмеден кем болмай, жатақханаларда тұрғын бөлмелердің   60%-нан кем болмай  қамтылуы қажет.

 3  сағаттық инсоляция ұзақтығы қамтамасыз етілуі қажет:

 б)    қоғамдық ғимараттардың келесі бөлмелері:

–   мектепке дейінгі мекемелердің ойын және топтық бөлмелері,

 –  жалпы білім беру, бастауыш мектептер, мектеп-интернаттардың сынаптарында  және мектеп-интернаттардың ұйықтауға арналған бөлмелерінде;    

в)  балалар ойнайтын ауданшалардың және тұрғын үйлердің спорттық ойынға арналған ауданшаларының, мектепке дейінгі мекемелердің топтық ауданшаларының, жалпы білім беру мектептер мен мектеп интернаттардың   демалыс аймақтары аумақтарында.     

 Инсоляцияның адамдарға және қоршаған ортаға артық жылулық әсерін  шектеу талабы қойылады:

а) пәтерлердің тұрғын  бөлмелері мен ас үйлері, ұйықтауға арналаған бөлмелері және берілген нормаларға сәйкес шектелуі қажет етілетін   мектепке дейінгі мекемелередің қоғамдық ғимарат бөлмелері, жалпы білім беру  мектептері, мектеп-интернаттар,  КТМ  және басқа орта білім беру мекемелерінің, емдеу-профилактикалық және сауықтыру мекемелерінің және т.б.  оқу бөлмелері;

б)  ІІІ және ІҮ климаттық аудандарда орналасқан  тұрғын құрылыс аумақтарын қызып кетуден сақтандыру ойынға арналған спорттық снарядтар мен демалуға арналағн орындықтардың және жаяу жүруге арналған жолдардың үштен бірінен,   ойын аудандарының жартысынан кем болмауы қажет.

ІҮ климаттық ауданда орналасқан  қоғамдық ғимараттардың көкжиек секторының  мөлшермен 200-2900 қараған терезе босағаларында, веранда, лоджияларда күн көзінен қорғайтын қондырғылары болуы қажет. Әйнектелу пайызы жоғары болып келетін қоғамдық ғимараттарда барлық климаттық аймақтарда солтүстік кеңістіктен  58° оңтүстікке қарай 200-290° бағытқа қараған бөдмелерде күннен қорғайтын  қондырғылар қарастырылуы қажет.

Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды  орналастыру мен бағыттауда бөлмелер мен аумақтарының  22 науырыздан 22 қыркүйекке дейін  инсоляциялану ұзақтығын сақтауы қажет.

Ескерту:

1. Көп қабатты құрылыс жағдайында (9 және оданда көп қабат) тұрғын үйлермен қоғамдық ғимараттардың инсоляциялануына бір күндік иинсоляцияның ұзақтығының  жиыны 0,5 сағат болғанда бір реттік үзіліс беруге болады.   

2. Барлық бөлмелері инсоляцияланатын меридианальды типтегі тұрғын үйлерде, сол сияқты тұрғын құрылыстарды қайта жөндегенде немесе жаңа құрылысты өте күрделі қала салу жағдайында (тарихи құнды қалалық байланыс, аумақтың даярлығының өте қымбатқа түсуі, жалпы қалалық және аудандық орталықтар болғанда) болғанда инсоляция ұзақтығың 0,5 сағатқа қысқартуға рұқсат етіледі.  

Жылдың ыстық мезгілдерінде бөлме мен аумақтағы инсоляцияның артық әсерін ғимаратты  соған сәйкес жоспарлау, бағытын дұрыстау, территорияны жайластыру, күннен қорғайтын қондырғылар орнату, қажет болған жағдайда – ауаны баптау және ішкі салқындатқыш жүйелерді пайдалану арқылы қамтамасыз етілуі қажет.    Аумақ инсоляциясының жылу әсерін  шектеу арнаулы көлеңкелік қондырғылар мен тиімді көгалдандыру арқылы ғимараттан көлеңкелеу арқылы қамтамасыз етіледі. Инсоляцияның жылу әсерін шектеу бөлменің табиғи жарықтануының бұзылысына әкелмеуі қажет.    

Тұрғын ғимараттардың жан-жақтағы жарыққа қарайтын бағыты бойынша бір-ғана талап – тұрғын бөлмеледі  оңтүстік ал, қосымша бөлмелерді солтүстік   румбаға бағыттау орындалуы қажет. Сонымен қатар, санитарлық заңдылық бөлменің қызып кетуі, не болмаса инсоляциясының жеткіліксіз болып қалуы мүмкін болғандықтан ғимаратты белгілі бағыттарға салуға тиым салады:

• барлық климаттық аудандарда терезелерін бір жақты 310-500 секторға  бағытына қаратуға тиым салынады;

• ІІІ және ІҮ климаттық аудандарда  терезелерін бір жақты 200-2900 секторға  бағытына қаратуға тиым салынады (бөлме ауасы қызып кетуі мүмкін);

 •  екі бөлмелі және көп бөлмелі пәтерлерді  290-70° секторға бағыттауға шекті мөлшерде рұқсат етіледі;   

•  ІІІ және ІҮ климаттық аудандарда бөлмелердің терезелерін күннен қорғайтын заттар арқылы қызып кетуден қорғау қажет.

 Қаланың құрылысы мен жоспарлануының жобасын (тұрғын ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау,  ықшамаудандардың жобалары, ауылдық елді мекендерді  және басқа ауылдардың құрылыс жоспары) инсоляция жағдайына қажетті қазіргі  нормалардың талаптары  түсініктеме қағаздың арнаулы бөлімінде «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде көрсетілуі қажет.

Бөлмелер мен аумақтардың инсоляция немесе көлеңкелеу жағдайын анықтау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен тәсілдер арқылы (сызбалар және аспаптар)  орындалуы қажет.  Жыл бойы көлеңкелеу жағдайы жазғы күн тұруы (22 маусым) жағдайына,  ал, тәуліктік көлеңкелеу – жазғы және күзгі күн теңдігіне (22 мамыр және 22 қыркүйек) сәйкес есептеледі.

 Бөлмелердің инсоляциясының ұзақтығының мөлшері бөлмені табиғи жарықтандыру  нормасының талаптарына сай келетін  ғимараттың төменгі қабатына, жарық босағаларының орталық нүктесінен  өту жағдайына байланысты есептейді. Мұнда жарық босағаларына көлеңке түсіретін (күн қағар, балкон, лоджий, борттар, жалюздер т.с.с.) ғимарат элементтерінің мөлшері мен орналасуын ескеру қажет.  Инсоляция ұзақтығын есептеуде  күн жарқырауының ең алғашқы және ең соңғы сағаты есептелдмейді.

Сақтық санитарлық бақылау барысында Қазақстан Республикасы территориясындағы инсоляция ұзақтығын есептеу  әртүрлі кеңістіктегі  жергілікті жерлерге арналған инсоляциялық сызғыш қолданылады.  (9.1 сурет).

9.1 сурет. Инсоляциялық сызғыш 

Инсоляция ұзақтығына гигиеналық баға беру тәсілі.  Үздіксіз инсоляция уақытына баға беруде санитарлық дәрігер жергілікті елді мекеннің кеңістіктегі орнына байланысты,  жарқырауық үлдірде даярланған инсоляциялық сызғышты, құрылыс алаңының жоспарын немесе детальдық жоспарланудың қажетті бетін пайдаланады.

 9.2 сурет. Инсоляциялық сызғыш арқылы үздіксіз инсоляцияның

ұзақтығын есептеу үлгісі.

Көлеңкелейтін нысандары жоқ, белгілі бөлмедегі инсоляция ұзақтығын анықтау үшін инсоляциялық сызғышты жоспарға ғимарат алдыңғы көрнісінен  іздеп отырған нүктесі сызғыштың «С» нүктесіне келетін қылып, ал сызғыш тілі  - жоспардағы солтүстік бағытқа келетін етіп, инсоляциялық сызғашты жоспарға жапсырады.     Одан соң  «С» нүктесін  инсоляцияның теориялық  уақытының басы мен аяғына келетін радиалдық сызықтарды белгілейді. Инсоляцияның жалпы ұзақтығы  радиалды сызықта шектелген инсоляция басталатын, аяқталатын уақыт бойынша анықталады.

Есептеу үлгісі.  9,2 суретте көрсетілгендей берілген бағытта және көлеңкелейтін нысандар болмағанда  түзу келетін күн сәулесінің көзі  фасадқа сағат 7-ден (СА сызығы) 18-ге дейін (СД) сызығы түседі. Қоңыржай кеңістікте инсоляция сағат 6-дан 7-ге дейін және 17-ден 18-ге дейінгі кезеңдер толық емес болып саналады да осы кезең есепке кірмейді. Сөйтіп, инсоляцияның жалпы ұзақтығы сағат 7-ден 17-ге дейін (СГ сызығы), яғни 10 сағатты құрайды.  

Көлеңкелейтін нысандар болған жағдайда инсоляцияның жалпы ұзақтығынан  бізге қажетті нүктеге көлеңке түсіп тұрған уақытты алып тастайды. Көлеңкелейтін нысанның қабаттылығына қарай (№2 үй) инсоляциялық сызғыштан масштабын ескере отырып, метр арқылы шартты түрдегі «қабаттар сызықтарынан»  көлденең сызықтың орналасуын табады.   «Қабаттар сызығынан» төменде орналасқан барлық нысандар  инсоляция ұзақтығына әсерін тигізбейді. Егер көлеңкелейтін нысан «қабаттар сызығынан» жоғары жатса, онда «С» нүктесінен көлеңкелейтін ғимараттың «қабаттар сызығының» деңгейінде немесе одан жоғары, одан соң осы түзуді бүйірлік немесе төмендегі  уақыт белгілеріне орналасқан соңғы нүктесіне дейін түзу сызық тарту арқылы көлеңкелену уақытын анықтайды. Осы түзулердің арасындағы уақыт аралығы көлеңкелеу уақытына сай келеді, оны инсоляцияның жалпы ұзақтығынан алып тастайды.

Есептеу үлгісі. 9,2 суретте  биіктігі 35м. №2 үй белгіленген.  Жоспарға инсоляциялық сызғышты жапсырып қарағанда, ғимараттың биіктігі 35 м, және масштабы 1:500 болғанда «Қабаттар сызығы» белгіден  және   жоғары жатыр.  С нүктесін «қабаттар сызығының» деңгейінде немесе одан жоғары орналасқан №2 үйдің ең соңғы нүктесіне қосып, түзуді уақыт белгілеріне қарай тартамыз СБ және СВ сызықтары 1030 және 1315- ға келеді, осы уақыт аралығында түзу күн сәулесі көздері  ғимарат фасадындағы С нүктесіне жетпейді.   Көлеңкелеу уақыты 1315 – 1030 = 245  сағат. Инсоляцияның жалпы ұзақтығынан  көлеңкелену уақытын 10 ч – 245 ч = 715 с. алып тасталынады.  

Қоырытынды: Инсоляция ұзақтығы, көлеңкелейтін нысандарды есептей отырып, 715 с. болады.

 

Көше көліктерінен бөлінетін шуыл деңгейіне бақылау қою.

Селитебтік аумақтағы шуылмен күресудегі күнделікті санитарлық бақылаудың негізгі міндеті  қолайсыз шуыл тәртібін туғызатын көздер мен себептерді тауып, шуыл деңгейіне бақылау қою болып табылады.  

 Коммуналдық гигиенадан санитарлық дәрігер осы бағытта төмендегі жұмыстарды жасайды:

 •  тұрғын құрылыс аумақтары мен бөлмелердегі шуыл деңгейіне бақылау жасау;

 •  санитарлық қадағалау нысандарындағы шуыл тәртібіне қолданылып жүрген нормалармен салыстыру арқылы баға беру;

 •  шуыл тәртібінен қолайсыз нысандарды анықтап, төлқұжатын толтыру;  

           •  жоба жасаушылармен бірге елді мекеннің шуыл картасын құрастыру;

 •  селитебтік аумағындағы шуылды азайтуға бағытталған шаралар жоспарын жасау;   

 • халықтан шағым түскен жағдайда және жоспар бойынша шуыл тәртібін тексеруде тұрғын  үй құрылыстары мен бөлмелердегі шуыл деңгейіне бақылау қою.  

Көліктен бөлінетін шуылдарға гигиеналық баға беру тәсілдері.

Қазіргі заманғы магистральды қалалардағы шуыл деңгейі көлік қозғалысының қарқындылығына, олардың қозғалыс үдемелелігіне, көлік құрадарының түрлеріне, олардың техникалық жағдайларына, сонымен қатар, магистральдардың жабынына, оның рельефіне және тағы да басқа факторларға байланысты болып келеді.  

Селитебтік аумаққа шуыл таралуы оның құрылыс типіне, көгелдандырылу дәрежесіне мен көгалдар түрлеріне, көше магистралынан ара қашықтығына, экрандаушы нысандар барына, сонымен қатар, басқа да жоспарлық, құрылыстық және арнаулы санитарлық-техникалық шарлараға байланысты болып келеді.   

Қалалық шуыл қолданылып жүрген «Тұрғын үй қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде және тұрғын құрылыс аумағында шуыл мен инфрадыбыстар деңгейінің гигиеналық номалары» ҚР ҚНменЕ  бойынша регламенттелген. Қаланың санитарлық дәрігері тұрғын аумағындағы шуыл тәртібіне сақтық және күнделікті санитарлық қадағалау жасайды. Мұнда қала магистралінде көліктерден пайда болатын шуылды анықтауға аспаптық және есептеу тәсілдері пайдаланылады.   Өлшенген және есептелген шуыл деңгейін анықтауға  санитарлық дәрігер келесі құжаттарды: ҚНменЕ II-12-77 «Шуылдан қорғау»; ГОСТ 20444-85 «Шуыл. Көліктік ағындар. Шуыл сипатын өлшеу тәсілдері»;  ГОСТ 23337-78 (СТ СЭВ 2600-80) «Шуыл. Селитебтік аумақтарда және тұрғын үй, қоғамдық ғимарат бөлмелерінің шуылын өлшеу тәсілдері» пайдаланады.  

Аспаптық әдіс. «Тұрғын құрылыс аумағындағы және тұрғын үй, қоғамдық ғимарат бөлмелеріндегі шуыл және инфрадыбыс деңгейін гигиеналық нормаландыру» құжатына сәйкес, шуылға баға беру үшін өлшеуіш аспаптар – шуды өлшегіштер пайдаланылады. Октавалық фильтрі бар аспап октавалық жолақтар арасындағы 31,5-8000 Гц. диапазонында L (дБ) жиілікті анықтауға мүмкіндік береді.  Октаваалық  фильтр болмағанда дыбыстың тек адам есту анализаторы қабылдайтын шуылға жақын  «А»сипатындағы  LА (дБА) дыбыс деңгейі ғана анықталады.  

Шуыл өлшеуіштің қызметі микрофонның дыбыс толқындарын өзгертуден және оларды өлшегіш құралдарға (галванометрге) немесе  өздігінен жазатын бөлікке беруден тұрады.   ТМД елдерінің аумағында шығарылатын аспаптардан ең қолайлысы 10 нан 20 000 Гц дейінгі жиіліктегі дыбыс қысымының октавалық деңгейін өлшеуге, және 140 дБА көлеміндегі дыбыс деңгейін  анықтауға мүмкіндік беретін,  шуыл мен тербеліс өлшейтін ВШВ-003  болып табылады. Аспаптың қоректенуі аралық тоқ пен 373 құрғақ элементтер арқылы жасалады.

ВШВ-003 аспабымен жұмыс істеу тәртібі. Аспапты жерге қосқаннан кейін келесі жұмыстар орындалады:

 – механикалық корректор арқылы аспатың тілін 0 ден бастап, 0-10 көрсетіп тұрған шкаласына қосады;  

 – шуыл өлшеген кезде «жұмыс түрін» қайта қосақышты F (жылдам) жағдайына қояды.  Мұндағы аспаптың көрсеткіш тілі шкаланың 7-10, … 10 дБ аралығында болуы керек және  қайта қосқыштың «бөлгіш І» және «бөлгіш ІІ» жарық диодтарының  біруі жануы қажет;  

– шуылды өлшеу үшін микрофондық алдын ала жоғарылатқышты  аспаптың біріктіргішімен қосады;

–  қайта қосқыштар төмендегі жағдайларда болуы қажет: «бөлгіш І» - 80,  «бөлгіш ІІ» - 50, «фильтрлер» - А сипатында,   «жұмыс түрлері» - Ғ (жылдам) және 2 минут аралығында аспап қыздырылып болуы қажет.

Көрсеткіштерді өлшеген кезде шу өлшегіш микрофонды көліктік ағынның бағытына қарай  өлшеу жүргізілетін жерден 0,5 м кем болмайтын қашықтықта  қолды созып ұстайды.  Жел жылдамдығы 1 м/с болғанда, өлшеуді желге қарсы фильтрде жасау қажет.  Көліктік ағынның шуылдық сипатын өлшеген кезде  көлік жолы екі жақты бағыттағы автокөліктер саны  200-ден кем болмауы қажет.  

Егер өлшегіш құралдың тілі  шкаланың басында тұрса, оны «бөлгіш І»,  соңынан «бөлгіш ІІ» қайта қосқыш арқылы  0-10 секторына шығару қажет, егер тіл қайта-қайта бір шкалада тұрып қалса, - «бөлгіш І»-ді жоғары деңгейлерге көтеру қажет.  Нәтижелерді есептеуді децибелл шкаласындағы жарық диодтарының көрсеткіштерін және өлшегіш аспаптың шкалаларының бөліктерін қосу арқылы жасайды.

  Тұрақты шуыл дегеніміз -  шуыл деңгейі уақыт бойынша бес  дБА артық өзгермейтін, шуыл өлшегіштің уақыттық сипатында өлшегенде «баяу» өзгеретін шуыл. Тұрақсыз шуыл  дегеніміз – деңгейі уақыт бойынша бес дБА жоғарылықта өзгеретін, шуыл өлшегіштің уақыттық сипатында өлшегенде «баяу» өзгеретін шуыл.  

 Көлік шуылы әдетте тұрақсыз болып келеді  және дыбыстың эквивалентті деңгейімен LА экв, дБА өлшенеді.  Санитарлық дәрігер шуылды ГОСТ 23337 – 78 (СТ СЭВ 2600 – 80) «Шуыл. Шуылды селитебтік территорияда және тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттар бөлмелерінде өлшеу тәсілдері»  пайдалану арқылы өлшейді. Дыбыс қысымын өлшеген кезде есептеу  аспаптың тілі  толқығандағы орташа көрсеткіш бойынша өлшенеді және әрбір нүктеде өлшеуді үш реттен кем қылмай қайталайды.   

Тұрақсыз (көліктік) шуылда әрбір шуыл өлшейтін нүктеде алынатын жиілігі 5 с. аралықпен 360 есептеу жүргізілуі қажет болғандықтан, өлшеу ұзақтығы 30 мин. кем болмауы қажет.   Бөлмедегі шуылды өлшеу үш нүктеде жүргізіледі:     

           •  ішкі қабырғадан 1 м кем болмайтын аралықта;

  • еденнен 1,2 м  биіктікте;

  • селитебтік аумақта да сол сияқты кемінде  үш нүкте алынады:

            • сыртқы қабырғадан 2 м кем емес аралықта;

  •  жерден 1,2 м биіктікте.

Көліктік шуға баға беру дыбыс деңгейі көлемінің өлшенген  дБА  есептелген,  әрбір нүктедегі эквиваленттік және максималдық  дыбыс деңгейіне жасалады.   Тұрақты шуылдың эквиваленттік деңгейі(LА экв, дБА)  дегеніміз – адамға сол деңгейдегі тұрақты шуыл сиықты әсер беретін,   энергиясы бойынша орташа алынған дыбыс деңгейі.   Тұрақсыз шуылдың макималдық деңгейі(LA макс, дБА)  дегеніміз – шуыл өлшегіштің макималдық көрсеткішіне тең келетін деңгей  немесе автоматты баға беру  қондырғысында өлшеу уақытының  1% тіркелген, дыбыстың  ең жоғары   деңгейінің дБА мәні.   

Дыбыстың эквиваленттік деңгейін LА экв есептеу  шуыл деңгейін ВШВ-003 аспабымен өлшеу нәтижесіне негізделеді. ГОСТ 23337 бойынша  –  78 ГОСТқа 3 қосымша) және (9.2 кесте)  арқылы өңделіп, хаттама түрінде толтырылады   (ГОСТ  қосымша5, формалар 3, 4).

ГОСТ 23337 –  78-ге ҚОСЫМША 3.

ДЫБЫСТЫҢ ЭКВИВАЛЕНТТІК ДЕҢГЕЙІН ЕСЕПТЕУ  

Дыбыстың эквалентік деңгейін есептеу  келесі реттілікпен орныдалуы қажет:   

1. Өлшеніп алынған дыбыс деңгейлерін (5 қосымша 3 форма)   5 қосымшаның 4 формасы 1 сызбасына сәйкес интервалдарға бөледі.  Әрбір интервалдағы дыбыс деңгейінің есептілік сандары есептеледі.

Айтылған операциялардың нәтижелерін (белгілер немесе цифрлар арқылы)  5 қосымшаның 4 формасының 2 және 3 сызбаларына тіркейді.

 2.  9.3 кесте бойынша  жеке индекстерді анықтайды, интервалдарға байланысты және осы интервалдардағы есептік сандарына байланысты дыбыс деңгейлері мен мәндерін  5 қосымша, 4 форманың 4 сызбасына жазады. Байланысты.  

3.  Алынған жеке индекстерді қосу арқыдлы, индекстер жиынын есептеп шығарады.   

  4. Табылған индекстер жиынының мәніне сәйкес,  9.4 кесте бойынша LА, дБА көлемін табады.

 5. Дыбыстың эквиваленттік деңгейін LА экв, дБА төмендегі формула бойынша табады:  

9.2 Кесте

Шуылға өлшецу жүргізілгендігі туралы хаттама

(ГОСТу 23337 –  78, 5 қосымша 3 форма)

Өлше жасалған жер ________________________________________________

Өлшеу жүргіген күн, уақыты _______________________________________________________

Өлшеу нүктелерінің нөмірлері _____________________________________________________

Кестедегі

жолдар

Дыбыс деңгейлері , LА, дБА

1

2

20

9.3 Кесте 

Жеке индекстерді анықтау

(ГОСТ 23337-78, қосымша. 3, кесте. 2)

Интервалдағы дыбыс деңгейлерін есептеу сандары

Дыбыс деңгейлерінің интервалдары дБА

13 -тен 17-ге

38 -ден 42-ге

43- тен 47-ге

48 –ден

52-ге

53 –тен

57-ге

58- ден 62-ге

дейін

108 -ден 112-ге дейін

Жеке индекстер

1

0

3

9

28

89

280

28000000

2

0

6

18

56

177

560

56000000

3

0

8

26

83

262

830

83000000

4

0

11

35

111

351

1110

111000000

5

0

14

44

139

440

1390

139000000

6

0

17

53

167

528

1670

167000000

7

0

19

61

194

613

1940

194000000

8

0

22

70

222

702

2220

222000000

9

0

25

79

250

791

2500

250000000

10

0

28

88

278

879

2780

278000000

11-12

0

33

105

333

1050

3330

333000000

13-14

0

39

123

389

1230

3890

389000000

15-16

0

44

140

444

1400

4440

444000000

17-18

0

50

158

500

1580

5000

500000000

19-20

0

56

176

556

1760

5560

556000000

21-23

0

64

202

639

2020

6390

639000000

24-26

0

72

228

722

2280

7220

722000000

27-30

0

83

263

833

2630

8330

833300000

31-34

0

94

298

944

2980

9140

944000000

35-39

0

108

342

1080

3420

10800

1080000000

40-44

0

122

386

1220

3860

12200

1220000000

45-49

0

136

430

1360

4300

13600

1360000000

50-56

1

156

492

1560

4920

15600

1560000000

57-63

1

175

553

1750

5530

17500

1750000000

64-70

1

194

615

1940

6150

19400

1940000000

71-80

1

222

703

2220

7030

22200

2220000000

81-90

1

250

791

2500

7910

25000

2500000000

91-100

1

278

878

2780

8780

27800

2780000000

101-115

1

319

1010

3190

10100

31900

3190000000

116-130

1

361

1140

3610

11400

36100

3610000000

131-150

1

417

1320

4170

13200

41700

4170000000

151-170

2

472

1490

4720

14900

47200

4720000000

171-190

2

528

1670

5280

16700

52800

5280000000

191-220

2

611

1930

6110

19300

60100

6110000000

221-250

2

694

2200

6940

22000

69400

6940000000

251-280

3

778

2460

7780

24600

77800

7780000000

281-320

3

889

2810

8890

28100

88900

8890000000

321-360

3

1000

3160

10000

31600

100000

10000000000

9.4 кесте

Шуылды өлшеу нәтижелерін тіркеу

(ГОСТ 23337 –  78, қосымша 5,  форма 4)

Дыбыс деңгейлерінің интервалдары, дБА

Интервалдағы дыбыс деңгейлерін есептеу белгілері

Интервалдағы дыбыс деңгейлерін есептеу сандары

Жеке индекстер

13-тен 17-ге дейін

18-ден  22-ге

23-тен 27-ге

28-ден  32-ге

33 -тен 37-ге

38-ден 42-ге

43-тен 47-ге

48-ден 52-ге дейін

53-тен 57-ге

58-ден 62-ге

63-ден 67-ге

68-ден  72-ге

73 -тен 77-ге

78-ден  82-ге

83-тен  87-ге

88-ден  92-ге

93-тен 97-ге

98-ден 102-ге

103-тен 107-ге

108-ден  112-ге дейін

Жиынтық индекс __________________________

9.5 кесте

LА, дБА көлемін анықтау

(ГОСТ 23337 –  78, қоысмша 3,  кесте 3)

Жиынтық индекс

LA

дБА

Жиынтық индекс

LA

дБА

Жиынтық индекс

LA

дБА

Жиынтық индекс

LA

дБА

32

15

7943

39

1995000

63

501200000

87

40

16

10000

40

2512000

64

631000000

88

50

17

12590

41

3162000

65

794300000

89

63

18

15850

42

3981000

66

1000000000

90

79

19

19950

43

5012000

67

1259000000

91

100

20

25120

44

6310000

68

1585000000

92

126

21

31620

45

7943000

69

1995000000

93

159

22

39810

46

10000000

70

2512000000

94

200

23

50120

47

12590000

71

3162000000

95

251

24

63100

48

15850000

72

3981000000

96

316

25

79430

49

19950000

73

5012000000

97

398

26

100000

50

25120000

74

6310000000

98

501

27

125900

51

31620000

75

7943000000

99

631

28

158500

52

39810000

76

10000000000

100

794

29

199500

53

50120000

77

12590000000

101

1000

30

251200

54

63100000

78

15850000000

102

1259

31

316200

55

79430000

79

19950000000

103

1585

32

398100

56

100000000

80

25120000000

104

1995

33

501200

57

125900000

81

31620000000

105

2512

34

631000

58

158500000

82

39810000000

106

3162

35

794300

59

199500000

83

50120000000

107

3981

36

1000000

60

251200000

84

63100000000

108

5012

37

1259000

61

316200000

85

79430000000

109

6310

38

1585000

62

398100000

86

100000000000

110

Алғашында шуыл деңгейіне аспаптық өлшеулер жасалады. Өлшемдер саны есептеледі. Әрбір дыбыс интервалына түскендері және нәтижелері 9,2 кестенің 2 сызбасына толтырылады және нәтижелік цифрлар ретінде 9,4 кестенің 3 сызбасына жазылады.

Осы интервалдағы дыбыс деңгейін есептеу саны мен интервалға байланысты ГОСТ 2 кесте «Шуыл. Селитебті территория мен тұрғын үй қоғамдық ғимарат бөлмелерінде шуыл деңгейін есептеу» бойынша жеке индекстер мен олардың мәндері анықталып, 9,4 кестенің 4 сызбасына тіркеледі.

Алынған мәліметтерді пайдалану арқылы алынған жеке индекстерді қосу арқылы жиынтық индекс есептеледі. Алынған жиынтық индекстің мәніне байланысты ГОСТ «Шуыл. Селитебті территория мен тұрғын үй қоғамдық ғимарат бөлмелерінде шуыл деңгейін есептеу»  3 кестесі бойынша LА (дБА) көлемі анықталады.

Дыбыстың эквивалентті деңгейі (LАэкв) мына  формула бойынша есептеледі:

Үлгі. Н қ. Абай даңғылы, 7 үй тұрғындардың ҚСЭҚД шағымдарына сәйкес коммуналдық гигена  санитарлық дәрігерінің қызыл жолақтан 30 м орналасқан тұрғын құрылыс аумақтарының көліктен келетін шуылына сипаттама беруі қажет.   

Көлік шуылына өлшеулер жасалады. Өлшемдерден алынған нәтижелер дБА әрбір интервалының саны бойынша саналады және қосымша 3, кесте 2  (ГОСТа 23337 –  78)  бойынша жеке индекстер өлшемдері анықталады, олардың қосыныдысы алынғаннан соң (9.6 кесте)  жиынтық индексті анықтап, (ГОСТа 23337 –  78) қосымша 3, кесте 3 арқылы LА анықталады:   

9.6 кесте

Дыбыстың жиынтық индексін есептеу

Дыбыс деңгейлерінің интервалдары, дБА

Интервалдардағы дыбыс деңгейлерін есептеу белгылері

Интервалдардағы дыбыс деңгейлерінің есептелу саны

Жеке индекстер

13-17

38-42

43-47

48-52

53-57

58-62

63-67

108-112

--

--

IIII…I (18)

III…I (47)

III… I(165)

III…I (72)

III…I (33)

III…I (15)

--

--

--

--

18

47

165

72

33

15

--

--

--

--

50

430

4720

7910

9140

14 000

--

--

Жиынтық индекс 36 250                                                                   LА = 46 дБА

Егер 9.5 кестедегі жиынтық индекстің барлық көлемі  біз алған көлемнен басқаша болса, онда LА төмендегі формула бойынша жақын арадағы жиынтық индексінің көлеміне байланысты анықталады:

LА экв =  LА + 10 = 46 +10 = 56 дБА

Алынған нәтиже ҚР «Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар бөлмелеріндегі  шуыл мен инфрадыбыс деңгейлерінің гигиеналық нормалары» СНменЕ рұқсат етілген деңгейлерімен  салыстырылады. Нормаларға сәйкес, тұрғын бөлмелерде күндіз дыбыс деңнейі 45 дБА шуылға рұқсат етіледі.   Біздің есепте дыбыстың рұқсат етілген деңгейі 11 дБА. Артылып тұрғаны байқалады. Аспаптық өлшеулерде,  шуыл өлшегіш тілінің ең жоғарғы ауытқуы жүк көліктері автомагистралі өтететін жерде байқалған болатын.  Тұрғын құрылыс аумағындағы  шуылды төмендету үшін жүк көліктерінің өтуіне тиым салынуы қажет және кеңдігі 20м  екі қатар жасыл желектер отырғызылуы керек.

Көліктен келетін шуыл деңгейін есептеп анықтау тәсілі.  

Елді мекендерді жоспарлаудағы сақтық санитарлық қадағалаудағы санитарлық дәрігерлердің тәжірибесінде көліктен келетін шуылды анықтауда есептеу тәсілін пайдалану қажет болады.  Өлшегіш аспаптар болмаған жағдайда бұл тәсілді ортаның шуылмен ластануын анықтау үшін күнделікті санитарлық қадағалауда  пайдалануға болады.  Санкт-Петербор санитарлық-гигиеналық медициналық институтының коммуналдық гигиена кафедрасы профессор  В.А. Рудейко басшылығымен көптеген жылдар бойы  осы есептеу   тәсілін оқу үрдісінде пайдаланып келді, төменде соның қысқартылған түрі беріледі.  Жоба материалдарымен жұміс істегенде күтіліп отырған шуыл жүктемесін  есептеу  қаласалу ОҒЗИ  «Шуылдан қорғау» II-12-77  ҚНменЕ пайдалану арқылы жасаған кестелер түрінде беріліп отыр.  

Көрсетілген кестелердің негізіне  көптеген қала көшелерінде олардаан сол мезгілде өтетін автөкліктерді (көлік экипаждарын), көлік құрамдарын және олардың қозғалу үдемелілігін қатар санау арқылы    өлшенген шуыл деңгейлерінің мәліметтері алынғын. Бұл тәсіл тұрғын аумағын жоспарлау үрдісінде, шуылдан қорғануды жобалауда  күтілетін шуыл деңгейіни анықтауға мүмкіндік береді.  Күнделікті санитарлық қадағалауда санитарлық дәрігер  есептеу тәсілін өзі тексеретін аумақтың шуыл тәртібінен жылдам мәлімет алудың әдісі ретінде пайдаланады.   

Алынған мәліметтер елді  мекеннің мөлшермен көліктен болатын шуыл фонын сипаттайды, бірақ аспатық өлшемдер жүргізу арқылы нақтылауға болады. Тұрғын құрылыс аумағындағы көлік шуылының деңгейін есептеу төмендегідей кезекте жасалады:  

 • алғашында сол көлік магистралінің өзіндегі (LА7) – қозғалыстың бірінші жолағының  ортасынан 7м қашықтықтағы    шуылдың күтілетін деңгейі анықталады;

  • одан соң магистралға жақын орналасқан тұрғын аумағының күтілетін шуыл деңгейі анықталады.  

Есепті орындау үшін төмендегілерді анықтап алу қажет:

 –  магистральдан 1 сағаттың ішінде екі бағытқа өтетін барлық автокөліктердің саны;

 – жеке жүк таситын және қоғамдық көліктердің, дизельдік двигательдегі автокөліктердің  саны анықталады (әрбір түр (%-бен) өтетін көліктердің жалпы санына анықталады);  

–  көлік ағымы қозғалысының орташа жылдамдығы (км/сағ);  

  ағымда трамвай  бары;

магистраль жолы жабынының түрі;  

 магистральдің өзін бөліп тұратын жолақ бары және оның кеңдігі (м);   

         –  магистральдің ұзындығының еңістігі (0 ден бастап пайызбен).

Сақтық санитарлық бақылауда аталып отырған  мәліметтер жобалық материалдардан алынады.

Бір сағаттың ішіндегісі елді мекен көшелеріндегі экипаждар саны саналады (үлкен көліктік ағымда уақытты 30мин. дейін қысқартуға болады және анықталған нәтиже екіге көбейтіледі).  Магистральдағы көлік шуылының (LА7;табл.) бастапқы есептеу деңгейі 9.7 кесте бойынша анықталады.

 9.7 Кесте

Елді мекендердегі қозғалысы орташа үдемеліліктегі 40км/сағ және экипаж құрамы ағымындағы   60 % жүк таситын және қоғамдық автокөлік  ағымынан болатын   шуылдың күтілетін есептік деңгейінің нәтижесі

2 жақты қозғалыс үдемелілігі (экипаждар/сағ)

40

50

60

80

100

150

200

300

400

Дыбыстың есептелген деңгейі, дБ

68

68,5

69

69,5

70

71

72

73

73,5

2 жақты қозғалыс үдемелілігі (экипаждар/сағ)

500

700

900

1000

1500

2000

3000

4000

5000

Дыбыстың есептелген деңгейі, дБ

74

75

75,5

76

77

77,5

78,5

79

80

Магистральдағы немесе көшедегі көліктерден болатын шуыл деңгейі (LА7) төмендегі формула бойынша анықталады:

,

мұндағы LА7, табл.кестелік мәні LА7, А1көліктер ағымындағы  экипаж құрамына түзету, дБА;

А2 – көліктің қозғалыс үдемелелілігіне түзету;

А3…Аn – жергілікті жағдайға байланысты басқа түзетулер, дБА.

Аралас көлік магистралінің аумағына (LАN) тарайтын көлік шуылының деңгейін есептегенде, бастапқы деңгей сол магистральдың өзіндегі (LА7) шуыл деңгейі болып табылады.   

Шуыл деңгейін есептеу төмендегі формула бойынша жасалады:   

,

мұндағы а1, а2, а3…аnшуылды төмендетуге қарастырылған

немесе нақты жағдайдағы  жоспарлық, құрылыстық және басқа

шуылдан қорғау шаралары  арқылы түзету.

Тұрғын үй қоғамдық ғимараттар бөлмелеріндегі көлік шуылын есептеп оған баға беру варианттарының бірі ҚменЕ «Шуылдан қоғау» құжатында берілген тәсіл болып табылады.

Есептеудің ерекшелігі мен жүйелілігі төмендегідей болып табылады. 

Қала көшесіндегі өте жоғары болатын  сағаттардағы көліктік шуылдың есептеулік шуылдық сипатын (LА экв, дБА) өте көп көлік жүретін жолдарда  мынандай тәртіппен алған дұрыс: 6 жолақтық – 86дБА; 8 жолақтық 87дБА; жалпықалалалық үзіліссіз жүрілетін жолдарда  6 жолақтық – 84дба;   8 жолақтық – 85дБА;  жалпы қалалық реттеуге келетін жолдар мен аудандарда 4 жолақ – 81 дБА; 6 жолақ – 82 дБА; жүк таситын көліктер жүретін жолдар: 2 жолақтық – 73дБА; 4 жолақтық – 75 дБА.  

Тұрғын үй құрылыс аумағындағы ғимарат қабырғасынан 2 м қашықтықтағы шуыл деңгейі төмендегі формуланы пайдалану арқылы анықталады:

LА тер = LА экв - LА рас - LА экр - LА зел

мұндағы, LА экв –жоғарыда келтірілге көлік ағымыны шуылының сипаттамасы,

LА рас – ара қашықтыққа байланысты  дыбыс деңгейінің (дБА)   сызба бойынша анықталып    (ҚНменЕ «шуылдан қорғау» 26 суретте көрсетілген), төмендеуі,   

LА экр –дыбыс  деңгейінің (дБА) экрандаушы қондырғылар құрылымна байланысты төмендеуі,  жағдайлық мәліметтерге байланысты анықталады,  9.2 сурет.  

9.2 Сурет. Дыбыс деңгейінің ара қашықтық бойынша төмендеуі   

(ҚНменЕ «Шуылдан қорғау» 26 сурет)

1 –тұрғын үй топтарының ішіндегі шуыл көздері;  2 – көлік ағымдары

Дыбыс деңгейін  экрандау арқылы төмендетудің  есептеу тәсілі  

Шуылдан қорғалатын нысандардың аумағында немесе  бөлмесіндегі шуыл деңгейін азайту үшін шуыл көзі мен шуылдан қорғалуы қажет нысандардың арасында орналасқан  экрандар болуы қажет.  

Экран ретінде жергілікті жер рельефінде орналасқан жасанды және табиғи элементтер (жер шұқырлары, жер өсіндісі, үйінділер, төбешіктер және т.с.с.)  және бөлмесіне 50 дБА жоғары дыбыс деңгейлері рұқсат етілетін ғимараттар, сыртқы конструкциясы күшті дыбыс оқшаулағышпен қапталған  тұрғын ғимараттар, қосымша бөлмелердің терезелері, үш бөлмелі пәтерлердің  немесе көп бөлмелері бар пәтерлердің шуыл келетін жағынан бір бөлмесінің терезесі  қарағаны  және әртүрлі құрылымдар (жолдың қоршауы, жоғарғы бетінің тығыздығы 30 кг/м2 қабырғалары мен қоршаулар және т.б.)  алынады.

 Көрсетілген  ғимараттар мен құбырлардың бәрін шуыл көздерінің бойынша, әдетте тұтас құрылыс ретінде салады. Көліктерден шуыл ағымының дБА алынған дыбыс деңгейін экран арқылы  төмендету үшін, келесі көлемдерден тәуелділігін анықтау қажет:  (LА экр В)  дБА, ҚНменЕ «Шуылдан қорғау» 32 кестесі бойынша анықтау.

Егер экран жоқ болса, шуыл көзінен (ШК) шыққан дыбыс толқыны  ең қысқа жол арқылы есептеу нүктесіне (ЕН) жетеді, егер экран орнатылған болса – кедергіден айналып өту үшін  дыбыс толқынының жолы ұзарады. Үлгіде (9.3 сурет) экран арқылы өтетін дыбыс толқынының қозғалысы екі кесінді «а» - шуыл көзінен экранның жоғарғы жағына дейін және «b» - экранның жоғарғы жағынан есептелген нүктеге дейін, яғни шуылдан қорғалатын нысанға дейін  жүретін болса, қысқа жол «С» кесіндісіне сәйкес келеді.  

Метр арқылы алынған дыбыс сәулелерінің  ұзақтығының айырмашылығы, экран үлгісіне сәйкес (9.3 сурет) төмендегі формула арқылы анықталады:  

= (а + b) – с.

мұндағы,  а —шуыл көзінің ортасы мен экранның жоғарғы шегінің  метрмен алынған ең қысқа аралығы;  b –еспетелген нүкте мен экранның жоғарғы жағының метрмен алынған ең қысқа ара қашықтығы; с — шуыл көзінің геометриялық орталығы мен есептелен нүктенің метрмен алынған ең қысқа ара қашықтығы.  

                                                                                                                   экран      

                                            b                                   

       а                        экран             рт                                                     

    иш с £1   £2

                                                                                                    

 

                                                                                                               рт  

         кесінді                                                                                       жоспар 

9.3 сурет. (ҚНменЕ II-12-77) «Шуылдан қорғау»,  27 сурет. Экран арқылы дыбыс деңгейінің төмендеуін анықтауды есепетеу үлгісі  

ШК шуыл көзі;  ЕНесептеу нүктесі;

көсеткішіне байланысты  9.7 кестеден экран артындағы, оның ұзындығын есепке алмастан дыбыс деңгейінің төмендеуі LА экр  анықталады.  

9.7 кесте

Дыбыс сәулесі жолы ұзақтығына байланысты дыбыс дегейінің  (LА экрВ) төмендеуі

(ҚНменЕ П  II-12-77 «Шуылдан қорғау»,  32 кесте)

Айырмашылық, м

0,005

0,002

0,06

0,14

0,28

0,48

0,83

1,4

2,4

6

LА экр, дБА

6

8

10

12

14

16

18

20

22

24

Экран артындағы дыбыс деңгейінің іс жүзіндегі төмендеуін 9.8. кесе бойынша анықтау қажет.

9.8 кесте.

LА экр  және 1 мен 2 бұрыштарының ең төменгі көлмедерін ескере отырып,

экран артындағы дыбыс деңгейінің (LА экр) төмендеуі

(ҚНменЕ II-12-77 «Шуылдан қорғау»,  33 кесте).

LА экр, дБА

Град алынған бұрыштар  мәніндегі LА экр, дБА, көлемдері

45

50

55

60

65

70

75

80

85

6

8

10

12

14

16

18

20

22

24

1,2

1,7

2,2

2,4

2,6

2,8

2,9

3,2

3,3

3,5

1,7

2,3

2,9

3,1

3,4

3,6

3,7

3,9

4,1

4,3

2,3

3,0

3,8

4,0

4,3

4,5

4,7

4,9

5,1

5,8

3,0

4,0

4,8

5,1

5,4

5,7

5,9

6,1

6,3

6,5

3,8

4,8

5,8

6,2

6,7

7,0

7,3

7,6

7,9

8,2

4,5

5,6

6,8

7,5

8,1

8,6

9,0

9,4

9,8

10,2

5,1

6,5

7,8

8,8

9,7

10,4

10,8

11,3

11,9

12,6

5,7

7,4

9,0

10,2

11,5

12,4

13,0

13,7

14,5

15,4

6,0

8,0

10,0

11,7

13,3

15,0

16,8

18,7

20,7

22,6

 Жағдайлық есепті шешу үлгісі.

Н. қаласының мемлекттік

                                                                                                               санитарлық  бас дәрігері                                                                                                          А. О.Бәкиев мырзаға

 «Арман» ықшамауданындағы № 5 тұрғын үйді Достық даңғылының шуылынан қорғайтын  экран ретінде болатын  ұзындығы 120 м және биіктігі 5,5 м дүкен ғимаратының құрылысын  келісімге салуыңызды сұраймын.

Жүргізілген зерттеулерде №5 үй пәтерлеріндегі шуылдың эквиваленттік деңгейі қазіргі кезде 50,5 дБА болып,  тұрғын учаскеде 65,5 дБА болып рұқсат етілген деңгейден асып тұр.  Сонымен қатар, қала әкімі мен Сіздің атыңызға жазылған  тұрғындардың ұжымдық шағымы да бар.

Қалалық жобалық институтының бас инженері                                           қолы

Қосымша:  М қоймасының жобаланған ғимараты мен «Арман» ықшамауданының бас жоспарынан көшірме М 1:1000 (9.4 сурет)

9.4 сурет.

«Арман» ықшамауданыны бас жоспарынан көшірме М 1:1000

 Тапсырманы шешу:

1.ҚНменЕ СНиП П-12-77 «Шуылдан қорғау»   10 бөліміне сәйкес экран артындағы шуыл деңгейінің төмендеуін есептеу үшін 1:1000 масштабтағы үлгі даярлаймыз (9.3 сретті қараңыз).   

 Сызғышпен өлшеп және көзден (даңғылдың көлік жүретін бөлігі) бастап, экрансыз («С» кесіндісі) және экранды ("а" және "b" кесіндісі)  есептегі нүктеге дейінгі (№2 үйдің тұрғын территориясы)  дыбыс сәулесінң  ұзындығын  метрге айналдыру арқылы дыбыс толқыны ұзындығы жолының төмендегі формула бойынша айырмашылығын табамыз:  

= (а + b) – с = (18,5 + 35) – 51 = 2,5м

 2.  ҚНменЕ П-12-77, 32 кестесі бойынша табылған айырмашылыққа (2,5м) экран артындағы, оның ұзындығы ескерілместен дыбыстың максималды төмендеуін табамыз:       

LА экр  = 22  дБА

 3. Ұзындығы 120м экран артындағы дыбыс көлемінің төмендеуін анықтау үшін ҚНменЕ П-12-77 10,15 пункт және 27 сурет бойынша, жоспардағы есептелген нүктеден (екі көшенің шуылының әсеріне ұшырайтындықтан ең нашары болып табылады) экранға перпендикуляр жібереміз, соңынан есептелген нүктені экран жиегімен қосамыз (9.4 суретті қара)    

 4. Бұрыштардың транспортирмен есептелген көлемі бойынша £1  = 75°  и  £2 = 45°  және бұрын  ҚНменЕ 3 кестесі бойынша табылған дыбыстың  максималды  көлемі  (22 дБА) бойынша дыбыс төмендеуінің екі көлемін табамыз:

     £1-де  = 75°  LА экр  = 11,9  дБА      

 £2 -де= 45°  LА экр   = 3,З дБА

Есептелген нүктеден экранға дейінгі бұрыш кішірейген сайын (45°),  кран арқылы шуыл деңгйінің төмендеуі аз, осы бұрыш ұлғайған сайын (75°), шуылдан қорғау жоғарылайды.

а)

б)

9.5 сурет. Экран арқылы шуыл деңгейін  төмендетуді есептеу    

а) – кесіндіде; б) – жоспарда

 5. ҚНменЕ  П-12-77    34 кестесінде  төмендеу көлемінің (11,9 дБА – 3,3 дБА = 8,6 дБА)  әртүрлілігіне байланысты  түзету табамыз.   Айырмашылық  8,6 дБА түзету   2,4 дБА тең.

6. Табылған түзетуді  бұрынырақ 33 кесте  (3,3 дБА) бойынша анықталған шуыл деңгейін төмендетудің ең төменгі көлеміне қосамыз және экран артындағы дыбыс деңгейінің іс жүзінде (№5 үйдің тұрғын аумағындағы) төмендеу көлемін анықтаймыз:

   LА экр  = 3,3 дБА + 2,4 дБА = 5,7 дБА

Сөйтіп экрандаушы ғимарат салынып болғаннан кейін күтілетін шуыл деңгейі төмендегідей болады:

 Селитебті аумағында –  65,5 дБА-5,7 дБА = 59,8 дБА,

  Тұрғын үй пәтерлерінде –   50,5 дБА.25,7 дБА = 44,8 дБА.

 7. Шуылдың күтілетін деңгейін анықтап алғаннан соң  оларды   тұрғын үй құрылыс аумағы және  тұрғын үй, қоғамдық  ғимараттарға рұқсат етілген шуылдың санитарлық  нормасымен салыстырамыз.   

 Қорытынды:  Жүргізілген есептеулер бойынша №5үй  және оған жақын аумақ  үшін «Арман» ықшамауданындағы шуылдан қорғайтын экран ретінде  салынатын дүкеннің божамды құрылысы шуылдың рұқсат етілген деңгейге дейін төмендеуін  қамтамасыз етеді. Айтылғандарға байланысты Н. қаласының санитарлық эпидемиологиялық бекеті  көрсетілген М. 1:1000 көшірмесі бойынша   дүкен ғимаратын салуға қарсы емес. Дүкен ғимаратының байланыстыру жобасын көрсетілген тәртіп бойынша келісімге салуға болады.   

Н. қаласының Бас мемлекеттік

           санитарлық дәрігері        А.О. Бакиев

 

Жасыл желектер жолақтарының дыбыс деңгейін төмендетуін LА зел (дБА)  қосымшадан қарау қажет.     

Шуылдан қорғалатын ғимараттың LА пом (дБА) бөлмелерінің есептелген нүктесіндегі дыбыс деңгейі төмендегі формула бойынша анықталады:    

LА пом = LА тер - LА ок,

мұндағы,  LА тер дыбыс деңгейін жасыл желек жолақтары арқылы төмендетуді есепке алмастан жоғарыда көрсетілген тәсіл бойынша анықталады; LА ок9.9 кесте арқылы анықталатын терезе құрылымы бойынша  дыбыс деңгейінің (дБА) төмендеуі.

9. 9 кесте.

LА ок мәні

Терезе конструкциясы

Әйнектің қалыңдығы, мм

LА ок, дБА көлемі

Тығыздалмаған

Тығыздалған

Форточка, фрамугасы ашық терезе  

--

10

--

Бір қабатты

3

6

18

21

20

23

Қосақталған

3 и3

6 и 3

6 и 4

22

26

27

24

28

29

Бөлектелген

6 и 3

30

32

Ескпту үлгісі.  Жоабаланып отырған ықшамауданда жалпықалалық маңыздағы  6 жолақты қозғалысты магистральдан 100 м қашықтықта мектеп ғимараты орналастырылмақшы. Мектептің алдында магистарльдан 20 м қашықтықта жалпы көлемі 60 м 2 қабатты сауда-тұрмыстық орталық  салу жобаланған.  Мектеп бөлмесінің терезесі  қосақталып тығыздылып қапталған.

Мектептің  территогриясының спорт ауданы мен сынып бөлмелеріндегі шуыл деңгейінің күтілетінн эквивалентін  анықтау қажет:   

Аудандағы көлік шуылының деңгейі төмендегідей:  

LА тер = LА экв - LА рас - LА экр = 84 – 18 – 5,1 = 60,9 дБА;

= (а + в) – с = (20 + 82,2) – 100 = 2,2 м;

LА экр = 22 дБАминималдық бұрыш 1,2 = 550, LА экр = 5,1 дБА.

Сыныптардағы шуыл деңгейі төмендегідей:

LА пом = LА тер - LА ок = 60,9 – 24 = 36,9 дБА

«Санитарлық норма...» бойынша мектеп территориясына және бөлмелеріне рұқсат етілген шуылдың эквивалентті деңгейі  түзетулерді қоса отырып, соған сәйкес  55 және 40 дБА. Көлік шуылы мектеп территориясындағы рұқсат етліген деңгейден 5,9 дБА жоғары.

9. 10 кесте.

Көлік шуылының есептелген деңгейіне  енгізілетін түзетулер

Рельссіз көліктер мен экипаждар құрамдарының ағымына:

Жүк таситын және қоғамдық автокөліктер

саны, %

дБА,

түзетулері

Двигательдері дизельдык автокөліктер саны, %

дБА,

түзетулері

7

20

33

47

60

73

87

100

-4

-3

-2

-1

0

1

2

3

10- төмен

10-20

20-30

30-50

50 -жоғары

0

1

2

3

5

  1.  Көліктер ағымының қозғалу жылдамдығына:

Ораташа жылдамдық, км/ч

дБА,

түзетулері

Ораташа жылдамдық, км/ч

дБА,

түзетулері

7

13

20

27

33

40

47

-5

-4

-3

-2

-1

0

1

53

60

67

73

80

90

100

2

3

4

5

6

7

8

  1.  Жалпы  көліктік ағымда трамвайлардың болуы: МТВ – 5 дБА, ВРЗ – 3 дБА, «Татра» -2 дБА типіндегі трамвайлар болғанда.
  2.  Магистралдың жүруге арналған бөлігінің  жолының жабынының сипаты: асфальтобетон – 0, бетон – 3, таспен қаланған жол – 5, тау тастары – 10 дБА.
  3.  Дыбыстың дыбыстан қорғауға арналаған көк желектер жолағымен жұтылуы:

Жолақтардың кеңдігі, м

Күтілетін төмендеу тиімділігі, дБА

Жасыл желек жолақтары

10-15

14-20

20-25

23-30

4-5

5-8

8-10

10-12

Жолақ ішінде  ағаштарды бір қатар шахмат тәрізді орнату

Сол сияқты

Екі қатар әртүрлі аралықтармен жолақтар (3-5 м)

Аралығы 3м екі  және үш қатар жолақтар

Жағдайлық есептерді шешу үлгілері.

1 Тапсырма.

  Көліктер қозғалысының магистраль бойынша бірінші жолақтан 50 м орналасқан  тұрғын үйдегі күтілетін көліктік шуыл деңгейін анықтаңыз. Болжамдағы магистральдағы ең көп жүретін мезгілдегі екі бағытқа  көлік қозғалысының  үдемелілігі  бір сағатта 3000 экипаж; экиппаждың орташа  қозғалыс үдемелілігі – 60км/сағ.   Көлік ағымының құрамы: жүк таситын және қоғамдық көліктер,  МТВ – травмайлары - 35 %, дизельді двигательдегі автомобильдер - 15%.  Көшеде еңістік жоқ, асфальтпен жабылған.  Мегистральдің  көлік жүретін бөлігі мен  тұрғын үй аралығында екі қатар жасыл желектен кеңдігі 25 м  қорғаныш  жолағын салу жобалануда. Көлік шулы деңгейін анықтаудың есептеу тәсілі көлік шуылын  ҒЗИО қаласалу құрастырған  кестелер бойынша есептеп табу болып табылады.  Бұл кестелердің негізіне көптеген ССРО қалаларының көшелеріндегі бір мезгілде өтіп бара жатқан автокөліктерді (Көліктер экипажын), көлік құрамы мен олардың қозғалу жылдамдығын анықтау арқылы  шуыл деңгейін  өлшеу материалдары алынған.

Бұл тәсілдің артықшылығы, аспап пайдаланғаннан басқа, мұнда күтілетін шуыл деңгейін есептеуге мүмкіндік бар болуы болып табылады. Бұл тұрғын үйлерді жоспарлау үрдісінде шуылдан қорғау шараларын жобалауға қажет, ал санитарлық дәрігердің қызметінде – елді мекендерді салу және қайта салуда  сақтық санитарлық қадағалау жасауда қажет.

Есептеу тәсілі шуыл шуылөлшеуіш болмаған жағдайда күнделікті санитарлық қадағалуда да, сонымен қатар,  көптеген көлік магистральдарының шуыл тәртібінен жедел мәлімет алуға мүмкіндік беретін тәсіл ретінде пайдаланылады.   

Тұрғын құрылыс аумағына таралатын көлік шуылының деңгейін есептеу екі кезеңмен  жүргізіледі: алғашында  көлік магистралінің өзіндегі күтілетін шуыл деңгейі есептеледі,  соңынан магистральге жақын орналасқан тұрғын аумағындағы берілген нүктедегі  шуыл деңгейі анықталады.

Берілген магистральдағы (LА7;табл.) есептеуге қажетті шуыл деңгейі 9.7 кесте бойынша анықталады.

Мысалы, 9.7 кесетедегідей  көлік құрамы ағымдары мен қозғалу жылдамдығының  белгілі жағдайына жасалғанын пайдаланған кезде нақты алынып отырған жағдайға сәйкес келмесе, онда қажетті түзетулер жасалады.   Одан басқа басқа да нақты жергілікті жағдайларға сәйкес түзетулер жасалады (9.10 кестені қараңыз).

Магистральдағы немесе көшедегі көлік шуылының есептелу деңгейі (LА7) төмендегі формула арқылы есептеледі:  

,

Мұндағы, LА7, кесте. –LА7 кестелік мәні; А1 –көлік ағымындағы экипаждар құрамына жасалатын түзету;  дБА; А2 –көлік қозғалысының жылдамдығына жасалатын түзету;  А3…Аn – жергілікті жағдайға байланысты басқа да түзетулер, дБА.

Көбінесе жиі қолданылатын түзетулер 9.10 кестеде берілді.

Берілген тапсырманы шешуде, ең алдымен магистральдағы көлік шуылының күтілетін деңгейін анықтап алу қажет.   Ол үшін төмендегідей жағдайлар орындалады:  

  1.  9.10 кесте бойынша 3000 экипаж/сағ қозғалыс үдемелілігіндегі (LА7, табл.) мөлшермен 78,5 дБА болатын   шуыл деңгейі анықталады.
  2.  Қосымшадан түзетулерді табады: А1 – көліктер құрамына: жүк таситын және қоғамдық көліктер (-2 дБА), дизельдік двигательді автокөліктер  (1 дБА); А2 – көлік ағымының үдемелілігі  (3 дБА); А3 – магистраль жабыны (0 дБА); А4 – көше еңістігі (0), МТВ трамвайы (5 дБА).
  3.  Алынған мәліметтерді қосу арқылы (есептеу формуласына сәйкес), магистральдағы  күтілетін шуыл деңгейінің мәні анықталады:

  1.  Одан соң берілген үйдің жанындағы көлік шуылының күтілетін деңгейі анықталады.  Қосымшадан сәйкес түзетулерді табады: а1 – аумақтық аралыққа (-12 дБА) (9.2 сурет) , а2 – көгалды қорғаныш жолағына  (-10 дБА) ( 9.10 кесте).
  2.  Жоғарыда есептелген магистральдағы шуыл деңгейі көлемімен осы түзетулерді қосу арқылы  берілген үйдің жанындағы күтілетін шуыл деңгейінің мәні анықталады:

Үй жанындағы алынған көлік шуылының күтілетін деңгейінің көлемін  70 дБА аспауы қажет рұқсат етілетін көлеммен салыстырады (Гигиеналық нормалар «Тұрғын үй, қоғамдық ғимарат және тұрғын құрылыс аумағындағы шуыл мен инфрадыбыс деңгейінің гигиеналық нормалары», Астана).

 Сөйтіп, берілген үйдің  жанындағы шуыл деңгейі 63,5 дБА, яғни рұқсат етілген санитарлық нормадан  аспайды.

2. Тапсырма.

   Берілген мәліметтер бойынша магистральдағы көлік шуылы деңгейін (LА7)   анықтау:  

  •  Қозғалыс үдемелілігі – 1500 эк/сағ.
  •  Орташа қозғалыс үдемелілігі – 55 км/сағ.
  •  Ағымдар құрамы: жүк таситын және қоғамдық көлік– 20%
  •  дизельдер – 5%
  •  трамвайларжоқ
  •  еңістік жоқ
  •  жабыны - бетон
  1.  9.7 кесте бойынша 1 500 экипаж/сағ үдемеліліктегі ч (LА7, табл.), мөлшермен 77дБА болатын  шуыл деңгейін табады.
  2.  9.10 кестеден түзетулерді табады: А1 – көліктер құрамына: жүк таситын және қоғамдық көліктер (-3 дБА), дизельдік двигательді автокөліктер  (0 дБА); А2 – көлік ағымының үдемелілігі  (3 дБА); А3 – магистраль жабыны (3 дБА); А4 – көше еңістігі (0).
  3.  Келтірілген мәліметтерді қосу арқылы (есепте формуласы бойынша) магистральда күтілетін шуыл деңгейінің мәні анықталады:

Магистральда күтілетін шуыл деңгейі 79 дБА.

Радиотехникалық нысандарға (РТН) жататын санитарлық қорғау аймағын (СҚЗ) және құрылысты шектеу аймағын(ҚША) есептеу тәсілі  

Халықка электр магниттік өріс әсер етуінің негізгі көзі азаматтық авиация,  қарулы күштер Министрлігі,  Мемлекеттік гидромет комитетінің  және радио-, теледидарлық  бекеттердің радиолокациялық (радиотехникалық) нысандары  болып табылады.  Әрбір осындай ЭМӨ сәулелендіретін нысандардың техникалық сипаттамалары, ЭМӨ өлшемдерінің нәтижелері және  олардың РТН –ға жақын аумақтарда    таралуының есептеулері келтірілген  санитарлық төлқұжаты  болуы қажет.  

Сонымен қатар,  санитарлық төлқұжатта  ЭМӨ аумаққа таралуы белгілі  РТН жүктемесі көлеміне және олардың антенналары  бағыттарының диаграммасына байлынысты екендігі көрсетілген.  Теледидарлық  антенналардың бәрідерлік дөңгелек  диаграмма түріндегі бағыттардағы болып келетін болса, және олар негізінен халықтар өте тығыз қоныстанған қала ішінде орналасса,  радиолокациялық бекеттердің бәрінің антеннасы жіңішке сәулелі түзу бағыттардағы   ЭМӨ шашыратыды.  

Санитарлық-гигиеналық электрмагнитті жағдай ЭАТ – энергия ағымы тығыздығына байланысты болып келеді және мөлшермен жобалу ұйымдарының мәліметі бойынша РТН орналасатын аудандарда есептеледі. Есептеулер жергілікті жердің рельефінің топографиялық ерекшеліктерін  және РТН техникалық сипаттарын ескере отырып жасалады. Санитарлық қызмет сақтық санитарлық қадағалау жүргізуде сәйкес жобалау ұйымдарының  көрсетілген есептеулерді беруін талап етеді.

Есептеулерде нысандардан  әртүрлі ара қашықтықтардағы және жер төбешіктерінің әртүрлі биіктіктеріне есептелген ( r )  ЭАТ мәліметтері көрсетілуі қажет.  Алынған мәліметтер негізінде коммуналдық гигиенадан санитарлық дәрігер қолданыстағы ШРД нормалары бойынша нысанның айналасына ЭМӨ таралуының тігінен сәулелену диаграммасын (ТСД) жасауы қажет.  ТСД электрмагнитттілік жағдайының болжауда және СҚА мен ҚША еспетеуде пайдаланылады.

РТН аумағына жанасқан аудан санитарлық – қорғаныш аумағы болып табылады.   СҚЗ ішкі шекарасы ШРЕК сәйкес келетін, ППЭ деңгейі бойынша жер бетінен 2м жоғары етіп анықталады.  

Жер бетінен 2 м жоғарыда ШРЕД артық аумақтар - құрылысты шектеу аймағы  (ҚША)  деп аталады. ЗОЗ сыртқы шекарасы  ең биік ғимараттардың жоғарғы қабатындағы ППЭ (жүктемесінің) ЭМӨ ШРЕК сәйкес келетін  деңгейіне байланысты  анықталады. СҚА мен ҚША салуды екі тәсілмен: ВДИ көмегімен және сызба талдаулық тәсіл арқылы жасалады.   

Сақтық санитарлық бақылау.

Елді мекендерді жобалау және құрылысын салу кезеңі бойына бұл үрдіске сақтық санитарлық бақылау жасалады.  Қалалардың жобасын жасаудың өзі үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – аудандық жоспардың үлгілері мен жобаларының негізінде қаланың жалпы жоспары жасалады;  екінші кезең – қаланың жалпы жоспарының негізінде егжей – тегжейлік  жоспарлаудың жобасы дайындалады: үшінші кезең – егжей – тегжейлік  жоспарлау негізінде құрылыс жобасы жасалады.                                                                                                  

Өңдеу үшін технико-экономикалық  негіздеулер (ТЭН) жасалатын, қаланың жоспарлануы мен құрылысын анықтайтын негізгі құжат  жалпы жоспар болып табылады. 

Жалпы жоспардың ТЭН ең жақсы вариантты таңдау мақсатында, экономикалық, демографиялық, табиғи, жоспарлық және инженерлік  жағдайларды сараптау негізінде  жасалады.  Қаланың жалпы жоспарын өңдеуде  санитарлық қадағалау органы жобалаудағы жалпы тапсырмаға енгізу үшін  санитарлық тапсырма жасайды.   Онда табиғи-климаттық жағдайлар мен қоршаған ортаның санитарлық жағдайын ескере отырып   санитарлық қызметтің қаланың аумақтық өсуінің  шектері мен бағыттары туралы пікірлері көрсетіледі.  

Санитарлық тапсырма сонымен қатар, төмендегі мәселелер қамтылған мәліметтерді де қамтиды: қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру   (бірқатар нысандарды қала сыртына шығару, олардың мәнін, технологиясын өзгерту,  СҚЗ, тазарту құбырларын ұйымдастыру)  туралы шаралар;  тұрғын, азаматтық және  өндірістік құрылысқа алаңдар таңдау; сумен қамтамасыз етуді, канализация мен аумақтың қатты қалдықтардан тазарту сонымен қатар емдеу-профилактикалық, мәдени-тұрмыстық және жалпы-спорттық мекемелерді  жақсарту болашағы.

Мұнда міндетті түрде қаланың санитарлық сипаттамасы жасалады. Ол үшін атмосфера, топырақ, жергілікті халықтардың аурулары тұрғын үйлер жағдайы, қызмет ету мекемелері мен қоғамдық демалыс орындарына жүргізілген көпжылдық мәліметтер нәтижесі пайдаланылады.  Санитарлық сипаттама табиғи-климаттық жағдайларды және олардың қалалық ортаның санитарлық жағдайына тигізетін әсеріне баға беруден тұрады.   

Санитарлық сипаттамаға міндетті түрде  халықтың бүтіндей алғандағы  және жеке жас бойынша ауруын сараптау  бөлімі  кіреді. Осы мәселе бойынша мәліметтер денсаулық сақтау мекемелерінің статистикалық бөлімдерінен, медициналық жоғары оқу орындарының арнаулы кафедраларынан  және ҒЗИ алынады. Мүмкіндігінше  халықтар ауруларының қоршаған ортаның қолайсыз факторларымен байланысы туралы мәліметтер болғаны жөн.  Санитарлық сипаттаманың соңында  осы құжатта берілген барлық мәліметтердің негізінде санитарлық эпидемиологиялық қадағалау  ұсынатын сауықтыру шараларының тізімі келтіріледі.  

Елді мекендерді  жобалау үш негізгі кезеңдерден тұрады:

 • бірінші кезең – аудандық жоспарлау жобасы мен  сызбалары негізінде қаланың жалпы жоспары жасалады;  

 екіші кезең – қаланың жалпы жоспары негізінде  егжей – тегжейлік   жоспарлаудың жобасы жасалады.  Егжей – тегжейлік   жоспарлау  жобасы (ЕЖЖ) , қала аумағының жеке бөліктеріне жасалады. ЕЖЖ жалпы жоспарда көрсетілген жоба шешімдер дәйектеліп, нақтыландырылады. ЕЖЖ тұрғын аудандарға, демалыс аймағына, арнайыландырылған ғылыми, оқу, медицина, спорт,  және т.б. жалпы жоспар шекарасындағы кешендерге жасалады.     

•  үшінші кезең – егжей – тегжейлік жоспар негізінде ықшамаудандар, кварталдар  ірі тұрғын және қоғамдық ғимараттар, қаласалу кешендерін салу  жобасы жасалады.   Кейбір жағдайларда жалпы жоспар негізінде ЕЖЖ құрылыс жобаларын  бектілмеген түрде орындауға рұқсат етіледі.  

Қаланың жоспарлануымен  салынуын анықтайтын негізгі құжат жалпы жоспар болып табылады. 500 мың және одан да көп халқы бар қалалар үшін жобалау екі кезеңмен жасалады:

Бірінші кезең – қаланың жалпы жоспарын техникалық-экономикалық негіздеу (ТЭН).  

Екінші кезең  – әдетте жалпы жоспар деп аталатын қаланың жалпы жоспары жасалады.

 Кішігірім қалалар үшін жалпы жоспардың жобасы бір кезеңмен өңделеді және ТЭН бөлім ретінде қосылады. 50 мың адамдық елді мекендердің  жалпы жоспары егжей – тегжейлік  жоспар жобасымен бірге өңделеді.   

Жалпы жоспардардың ТЭН экономикалық, демографиялық, табиғи, жоспарлық және инженерлік жағдайларды сараптау негізінде  оңтайлы вариантты таңдап алу мақсатында  дайындалады. Елді мекеннің жалпы жоспарына тапсырма берушісі көбінесе,  республика өкіметі мен облыстық әкімшіліктер  болып табылады.

Жалпы жоспарлар аралық мерзімдерді бірінші салынатын құрылыстарды көрсете отырып,  20 жылдық есептік мерзімдерге өңделеді. Әдетте ең алдымен құрылыс жүргізіліп жатқан  бесжылдықтағы және одан кейінгі мерзімдердегі жұмыстар көрсетіледі.  

Қаланың жалпы жоспарлары төмендегі мәліметтерді қамтитын  ТЭЕ ескере отырып  өңделеді:

 • қалажасайтын базалар, халық санының өсімі, функционалдық аймақтар сипатталған  түсініктеме қағаз;

 •  Жобаланып отырған және қалдырылатын аумақтар, барлық магистральдар тораптары, жасыл көгалдар, инженерлік жабдықтар қондырғылары сипатталатын жалпы жоспардың эскизі;

 • ТЭН жасалып жатқан кезеңдегі аумақтардың функционалдық аймақталуы, оларды қазіргі заманғы пайдалану  көрсетілген көтерме жоспар (опорный план)

.  •  пайдалы қазбалар жатуының, санитарлық қорғау (су құбырларын санитарлық қорғау және т.б.), аймақтардың шекараларын сипаттайтын жобалу ұйымдарының үлгілері;   

 •  автөкліктік, темір жол және трамвай тораптарының жоспары бар - көлік магистралінің үлгісі;

 • ішіне суқұбыры, тазарту  құбырлары, су жүретін, канализациялық және жылу тораптары жылуэлектрбекеттері, газ құбырлары кіретін  инженерлік құбырлардың үлгілері. 

Қала және ауылдық елді мекендердің құрылысы мен жоспарлануына сақтық санитарлық бақылау жасау төмендегі негізгі кезеңдермен жасалады:

 –  құрылыс салу үшін аумағын таңдап алуға қатысу;  

–  жобалық материалдарды қарау және сараптау (елді мекеннің жалпы жоспарының жобасы, егжей – тегжейлік  жоспарлау жобалары, жобалар мен құрылыстар);   

 – құрылыс барысыны бақылау;

– нысанды эксплуатацияға қабылдау.  

Елді мекенді салуға немесе оны кеңейтуге аумағын таңдап алу аудандық жоспарлау үлгісіне, жалпы жоспарға немесе жобалау мен құрлысын салуға  өңделген  жобаға  сәйкес жасалуы қажет.  Елді мекендердің құрылысын салу  ауыл шаруашылығына жарамсыз және ең алдымен құрылыс салудан бос аумағында және елді мекеннің шекарасында жасалуы қажет. Құрылыс салуға алаңды таңдап алуда  дәрігер гигиенистің негізгі  міндеті төмендегі мәселелерді анықтау болып табылады:  

Аумақтың мөлшері.  Құрылыс салуға бөлінген аумақ онда құрылыс арасындағы аралықта санитарлық гигиеналық талаптарды бұзбай барлық қажетті құбырлардың орналастырылуы, инсоляция және жарықтандыпу жағдайы жеткілікті болуы  қажет.  

Мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, арнаулы орта және жоғары  білім беретін оқу орындары, қызмет ету саласының  кәсіпорындарының қажетті мөлшерін есептеу үшін  халықтың демографиялық құрылымы туралы мәлімет болуы керек.  

Құрылысқа жер бөлінген кезде санитарлық-эпидемиологиялық қызметке  келесі сұрақтар қамтылған жергілікті жердің топографиялық және жағдайлық жоспарлары қарауға беріледі:    а) жердің рельефі; б) топырақтың типтері; в) қлиматтық жағдайлар; г) ашық сулар; д) көгалды белдер; е) сейсмикалық жағдайлар.

Жердің рельефі аумақтың ықшамклиматына, құрылыс типіне, көгалдандарылуға  әсер етеді. Тұрғын аймақ үшін алаңның күн көзі жақсы түсетіндіктен жақсы жылынатын, жарықтындырылатын оңтүстікке қараған  жота жағын таңдап алған дұрыс. Соынмен қатар, тұрғын зонаның рельефі атмосфералық жауын суларының ағып кетуіне, су құбырларын жүргізуге, өзі ағатын канализациялар орнатуға, жаяу жүргіншілер мен көліктер жүруіне жағдай жасауы қажет.    

Яғни, аумақты таңдауда рельефі кедір-бұдырсыз тегіс жерлерді алған дұрыс. Бірақ, жергілікті жердің 0,5% еңістігі, тігінен жоспарлауды – жауын, шашын, тау суларын ағызуға рельефті ұйымдастыру қажет болатындықтан соншама қолайлы емес болып табылады.  

Сел тасқыны, қар көшкіні болуы мүмкін қауіпті аймақтарда, су көздерін санитарлық қоғаудың бірінші белдеулік аймақтары; шипажайды санитарлық қорғаудың бірінші аймағында     ғимарат пен құбырларды орналастыруға тиым салынады.   

Сол сияқты пайдалы қазбалар жатқан аумағында  да  қала құрылысын салуға жатпайды.  Санитарлық дәрігер 1.1000 масштабтағы топографиялық карта бойынша жергілікті жердің рельефі туралы болжам айта алады. ӨТЕ терең кедір, бұдырлы рельефтегі территорияны жасыл желеңдер отырғызуға пайдаланған дұрыс.

Топырақ жағдайы құрылыс салуға алаңды таңдау  мәселесін шешуде, жобалаушылар аумағының бұрын не үшін пайдаланылғыны туралы мәліметтер жинайды.

Мал өлекселері көмілген, күл-қоқыс төгілген, зират орны болған учаскелерді тек көгалдандыруға ғана пайдаланады, қала салуға пайдалануға болмайды. Құрылысқа жарамды топырақ құрғақ, кеуекті, химиялық, радиоактивті тастандылармен ластанбаған болуы қажет.

Грунт суларының орналасу деңгейі.  Қала және ауылды елді мекендерде грунт  суларының жер бетінен рұқсат етілген деңгейі 2м; ғимарат ірге тасына дейінгі  грунт суының деңгейі 30 см төмен болмауы қажет. Жер асты суларының одан жоғары деңгейінде құрылыс салу қажет болса, олардың деңгейін төмендету шаралары (дренаждық жұмыстар) жасалуы және ірге тастар мен ғимараттың жер асты бөлмелері  тігінен гидрооқшауландырылуы қажет.

Одан басқа, егер, сумен қамтамсыз ету, сонымен қатар, ағынды суларды тазарту,  жою мүмкін болмаған жағдайда алаң құрылыс салуға жарамсыз болып табылады.  Ауылды жерлердегі елді мекендерде  геологиялық зерттеу мәліметтері мен топырақтың сипаты тазарту құбырының  қандай жүйесін алу қажеттігіне бағыт береді.

 Сонымен қатар бөлініп алынған аумақ маңайында атмосфераны ластайтын көздер (өндіріс нысандары) барын, оларға дейінгі аралық пен жел розасын  (тұрғын аудандарға қарай  желдің ық жағы болуы қажет) анықтап алу қажет. Құрылыс алаңы өндіріс орындары мен селитебтік аумақ арасында және олардың мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік беретін  нормаға сәйкес санитарлық-қорғау аймағының ұйымдастырылуына мүмкіндік беруі қажет.  Жағдайлық жоспардан және климаттық аудандарға байланысты әртүрлі болып келетін  қоғамдық көліктер жүретін магистральды көшелердің  аралығы арқылы анықталатын сыртқы көлік қатынастарының байланысын ұйымдастырудың маңызы зор.

Климаттық жағдайлар. Сол жердің климаттық ерекшеліктері, табиғи желдетілу жағдайы, күн радиациясының үдемелілігі, жауын-шашын саны, жел тәртібі міндетті түрде ескерілуі қажет.    Жергілікті жердің климаты халықтың денсаулығына және елді мекенді жоспарландыру ерекшеліктеріне үлкен әсер етеді. Оның негізгі параметрлеріне температура, ылғалдылық, қысым және ауаның қозғалу жылдамдығы жатады.  

Ауа температурасы. Күн сәулесі іс жүзінде атмосфералық ауаны қыздырмай және ол жылуды қызып тұрған жерге жанасу арқылы алады.   Осыған байланысты, ауаның төменгі қабатының температурасы жоғарғы жағынан гөрі жылы болып келеді.  Одан басқа, жоғарылаған сайын ауа температурасы  мөлшермен адиабатикалық үрдіске байланысты әрбір 100м сайын 0,6-1,00 С – қа төмендеп отырады. Адам бойы биіктікте ауаның  максималды температурасы 13 және 15 сағаттар аралығында, минимумы – күн ұясынан шығарда байқалады.   Сонымен қатар, іс жүзіндегі максималды мүмкіндік 100% деп алынатын ауаның су буымен қаныққандығын көрсететін  салыстырмалы ылғалдықтың да маңызы зор. Ауаның жоғары ылғалдылығы да жоғары және төмен температуралар сияқты адамдарға қолайсыз әсер етеді, төмен ылғалдылық – тері мен кілейгелі қабаттар құрғап, адамның ауруларға қарсыласу мүмкіндігі төмендейді.  Ылғал ауаның өте жоғары ылғалөткізгіштік қасиеті бар, сондықтан ол құрғақ ауаға қарағанда бірқатар салқын болып келеді.  

Жоспарлауда ауа қозғалысының жылдамдығы мен атмосфералық қысымның да   маңызы зор, бірақ,  негізінде барлық метеорологиялық параметрлер  кешенді түрде бағаланады.  ССРО аумағы да олар жылдың ең суық (қаңтар) және ең ыстық (тамыз)  айларының орташа алынған ауа температурасы бойынша анықталған. Қазақстан негізінен ІІІ климаттық аймақ болып саналатын, бірақ республикада ІІ және ІҮ аудандарға  жататын аумақтар да бар болды.    Әрбір аудан өз кезегінде әріптермен белгіленетін (А, Б, В, Г, Д) ауданшаларға бөлінетін.   

Құрылыс ерекшеліктері, ғимараттың типтік жобасы, олардың қабырғасының қалыңдығы, елді мекенде орналасуы, жол тораптары, көлік жүйелері, үйлердің жарық жақтарға бағытталуы, аумақтарды жобалау мен жайластыру (көгалдандыру, күн көзінен, жел өтінен қорғау,  т.с.с.) климаттық аудандарға байланысты анықталады. Елді мекендегі алаңды құрылыс салуға таңдағанда осы мәліметтердің сараптамасы негізінде осылардың қолайсыз әсерлерін жұмсарту үшін нақты ұсыныстар жасалады.

 Мысалы, желі күшті солтүстік аудандарда қаланың немесе ауылдың  ғимараттарын топтастырып салу, ал оңтүстік аудандарда  желдетілуді жақсарту үшін көшелердің басым бөлігін  жел өтінің бағытына қаратып орнатқан дұрыс.    Көше желінің өте жоғары жылдамдығында, керісінше олардың бағытына перпендикуляр орнату қажет.  

 Үлкен жылдамдықтағы жел өтінде жергілікті жердің табиғи қорғандарына жақын орналасқаны  (биік төбелер, орман-тоғайлар) дұрыс болып саналады, не болмаса жасанды орман-қорған жолақтар жобаланады.  Климаттық жағдайларға байланысты сонымен қатар, тұрғын үй, балалар және емдеу мекемелерінің орналасуы мен бағыты анықталады.

Жоғарыда аталған мәліметтермен  және аумақпен танысып болған соң  санитарлық дәрігер  алаң құрылыс салуға жарамды; шартты түрде жарамды немесе жарамсыздығы туралы (жарамсыздық себебін толық ашып көрсеткен) жер учаскесін бөлу туралы акт жазады. Шартты түрде жарамды болған жағдайда алаңды сауықтыру туралы нақты шаралар көрсетілуі қажет.  

Елді мекенді жоспарлаудың жобалық материалдарына сараптама жасау.

Қаланың жалпы жоспары  егжей – тегжейлік  жобалауды, құрылыс жобасын, инженерлік жабдықтардың, қала көліктерінің, жайластыру мен көгалдандарудың  жобаларын   өңдеу үшін негіз болып табылады.  Қаланың жалпы жоспарымен бірге құрылысы ең алдымен салынатын нысандар жобасы мен қала маңындағы аймақтың жоспары бірге беріледі.  

 Бас жоспар түсініктеме қағаз бен сызба материалдарынан  тұрады. Түсініктеме қағазда  қаланың қазіргі жағдайын және кала маңайын  сипаттайтын, есептелген мерзімге дейінгі қала халықтары санының өсуін   және ең алдымен  салынатын құрылыстар туралы  мәліметтер беріледі.  

Жаңа елді мекеннің  жоспарлау жобасына сараптама жасағанда санитарлық дәрігер келесі сұрақтарды анықтап алуы қажет:   

 • қажетті ұйымдардың елді мекендегі салынаын жатқан немесе құрылысы қайта салынатын нысандарға арналған шешімі барын;

 • елді мекеннің типтері (қала, ауыл т.б.);

 • аумақты таңдап алғандағы табиғи жағдайлар мен  қолайсыз факторларды жою немесе жеңілдетуге арналып жобаланып отырған шаралар ескерілген бе;  

  • халықты орналастыруға аумақтың мөлшері жеткілікті ме;

 •  аумақты аймақтарға бөлу жасалған ба және зоналардың өзара байланысына қойылатын талаптар сақталған ба;  

 • өндіріс орныдарын орналастыруға қойылатын талаптар  мен санитарлық қорғау аймақтарын жасауға қойылатын талаптар орындалған ба;       •  елді мекендегі халықтың ықшам аудан, тұрғын аудандардағы  орналасу тығыздығының гигиеналық нормасы сақталған ба;  

 •  елді мекен тұрғындары негізгі мәдени-тұрмыстық бағыттағы мекемелермен жеткілікті қамтылған ба;

 • елді мекенде денешынықтыру-спорттық құрылымдардың орналасуы;  

 бір адамға есептелген көк-желектер отырғызу  нормасы орындалған ба;  

   қоғамдық пайдаланылатын көк-желектердің біркелкі орналастырылуы қамтылған ба;  

 • қаланың жеке аудандарының көлік байланыстарының қолайлылығы мен  көлікті елді мекенге біркелкі бөлу сипаты;     

 қаланың көше тораптарын  жоспарлап, жайластырғанда  санитарлық нормалар сақталған ба;

 •   қала сыртындағы аймақтағы елді мекенде бары және онда басқа әртүрлі нысандарды орналастыру мүмкіндігі;

 •  зират орындарына алаң бөлу қарастырылған ба және мұнда санитарлық талаптар сақталған ба;

         •  қала халқының жеткілікті мөлшерде ауыз сумен  қамтылуы;

         • жоба бойынша  сұйық қалдықтар мен қатты тұрмыстық қоқыстарды  елді мекен аумағынан мезгілінде аулақтату  қарастырылған ба;  

          •  жоба бойынша  атмосфераны ластанудан қорғау және халықты шуылдан қорғау шаралары ескерілген бе.   

 Аумақты зоналарға бөлу.  Қала және ауылды елді мекендерді  орналастыруға арналған аумақты  оны техникалық-экономикалық  есептеулер негізінде, санитарлық- гигиеналық көрсеткіштер, энергетикалық, су,  аумақтық ресурстар мен қоршаған орта жағдайына байланысты   тиімді пайдалану мүмкін болғанына қарай таңдап алу қажет.   Мысалы негізгі функционалдық пайдаланылуына қарай қала аумақты селитебтік, өндірістік және ландшафты-рекреациялық болып бөлінеді.  

Селитебтік территория ғылыми-зерттеу институттарын, сонымен қатар, СҚЗ қажет етпейтін жеке коммуналдық және өндірістік нысандарды қоса отырып, тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құбырларды орналастыруға; қалаішілік байланыс жолдарын, көшелерді, алаңдарды, парктерді, бульварлар мен басқа да қоғамдық пайдаланылатын орындарды салуға арналған.

Өндірістік аумақ өндірістік кәсіпорындар мен нысандарды, ғылыми мекемелер кешенін, коммуналдық-қоймалар нысандарын, сыртқы көлік құбырларын, сондай-ақ қала сырты, қала маңайындағы байланыс тораптарын салуға арналған.   

Ландшафтық-рекреациялық аумаққа қалалық ормандар, ормандық қорғау аймақ ашық сулар мен парк, бау-бақша, бульварлармен бірге ашық кеңістік құратын ауылшаруашылығына қажетті жерлер кіреді.

Бірақ көрсетілген аумақтар шегінде әртүрлі функционалдық мәндегі аймақтар бөлінеді: тұрғын құрылыс, қоғамдық орталықтар, өндірістік, ғылыми, қоммуналдық-қоймалар, сыртық көлік, жаппай дем алу, курорт т.б.  Нысандарды бірлесе орналастыру үшін санитарлық-гигиеналық талаптар сақталғанда көп функционалды аймақтарды жасауға рұқсат етіледі.

Ауылды елді мекеннің аумағын ұйымдастырғанда селитебтік және өндірістік аумаққа бөле отырып,   шаруашылық аумақпен байланыстыру арқылы ұйымдастыруды қарастыру қажет.  Қала және ауылдық елді мекендерді жоспарлауды  аумақты тиімді аудандастыру мен функционалдық аймақтардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз ете отырып, қалыптастыру қажет.   Өте ірі және ірі қалаларда  жер асты кеңістігін кешенді  пайдалануды қарастыру қажет. Бау-бақша серіктік алаңды елді мекеннің болашақтағы дамуына сәйкестендіріп, тұрғын орыннан қоғамдық көлік аралығы 1,5 сағ. ал, өте ірі және ірі қалаларда – 2 сағ. аспайтын етіп орналастыру қажет.

Селитебтік аумақ. Елді мекеннің селитебтік аумағын жоспарлауды бір-біріне байланысты функционалдық аймақты  ескере отырып, сонымен қатар, аумақ көлемінің кеңдігі мен табиғи ерекшеліктеріне байланысты жалпы алғандағы жоспарлау құрылымымен байланыстыра отырып қалыптастыру қажет.    Қалаларда жалпы қала аралық орталықтарды қоса отырып,  демалыс аймағы, күнделікті қолданыстағы сауда-тұрмыстық орталықтарды, сондай-ақ арнайыландырылған орталықтарды (медициналық, оқу-білім, спорттық т.б.) ескере отырып,  қоғамдық орталықтар жүйесін қалыптастыру қажет.  Кіші-гірім қалалар мен ауылдарда тұрғын құрылыстың күнделікті пайдаланатын қосымша нысандарымен бірге ортақ қоғамдық орталық қалыптастырылады.

Тұрғын құрылыс. Тұрғын құрылыста селитебтік аумақтың құрылымдық ұйымы  негізгі екі деңгейге бөлінеді:  

• ықшамаудан  – ауданы 10-60 га болатын, бірақ 80 га аспайтын  магистральдық көше және жолдармен бөлінбеген,  аумағында күнделікті қызмет ететін  мекемелер, қызмет ету ауданы 500 м кем емес  мекемелер мен өндіріс орындары орналасқан, құрылымдық элемент; ықшамауданның шекаралары болып негізінен магистральдық  немесе тұрғын көшелер  саналады;

  тұрғын аудан – маңайына  қызмет ету ауданы  1500 м болатын мекемелер мен өндіріс орындары кіретін  аумағы 80-нен 250 га –ға дейін болатын  құрылымдық элемент;

 •  тұрғын аудан, әдетте егжей-тегжейлі жоспарлаудың жобасын жасайтын, ал ықшамаудан – құрылыс жобасының нысандар болып табылады.   Кіші-гірім қалаларда және ауылдық елді мекендерде кішкентай жоспарлық құрылымдарда барлық селитебтік аумақ   тұрғын аудан ретінде болады;.

•  ықшамудандар аумағына кіруді бір-бірінен 300м көп қылмай ал, қайта салынатын аудандарда периметрлік құрылыс салуда – 180 м  қарастыру қажет;  

 • ықшамаудандар әдетте, екі жолақты жолдармен қамтылады.  Бекітпелі  жолдардың ұзындығы 150 м ұзақ болмауы қажет және қоқыс таситын, тазалық қамтамсыз ететін және өрт қауіпсіздігі  көліктерінің бұрылып кетуін қамтамасыз ететін  айналмалы алаңдармен аяқталуы қажет;

 •  тротуарлар мен велосипед жолдарын  жолдардың деңгейінен 15 см-ге биіктетіп орналастыру қажет;  

 •   ықшамуаданның көгелдандырылған аумағының  (мектеп және мектептек дейінгі мекемелер учаскесін  ескерместен) ауданын 6 м2/адам кем қылмай алу қажет.  Көгалдандырудың жекелеген учаскелеріндегі аудандарға,  егер учаскенің жалпы ауданның 30 %  аспаса, демалыс, балалар ойнайтын  алаңдар, жаяу жүретін соқпақ жолдар кіреді;

•  тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар арасындағы содай-ақ өндірістік ғимараттар арасындағы аралықтар  инсоляция және жарықтандыруды есептеу  негізінде қабылданады;

•  биіктігі 2-3 қабаттық  тұрғын үйлердің ұзындық қабырғалары аралықтарындағы аралығы  (тұрмыстық бөліктер) 15 м,  ал біиіктігі 4 қабатты  үйлердікін – 20м  кем қылмай,  осы үйлердің ұзындық қабырғалары мен тұрғын бөлмелердің терезесі бар  сырт жағын – 10 м кем қылмай  алу қажет.  Көрсетілген ара қашықтықты  инсоляция және жарықтандыру нормасын сақтау арқылы  қысқартуға болады;

 •  қалада тұрғын құрылысты жобалағанда тұрғын ауданның аумағындағы  және ықшамуадандағы халық тығыздығын (9.11 кесте), адам/га, РҚҚНменЕ РК 3.01-01-2002, 4 қосымшасындағы ұсынылғын республикалық нормаларға сәйкес алған жөн.  Мұнда  ықшам аудан халқының есептелген тығыздығы әдетте, 450 адам/га аспауы қажет.  

9.11 қосымша

Тұрғын аудан аумағындағы есептелген халықтар тығыздығы

(ҚР ҚНменЕ 3.01-01-2002,  4 қосымша)

Аумақтың

Қаласалу құндылығы әртүрлі дәрежедегі аймағы

Тұрғын аудан халқының тығыздығы  адам/га, тұрғындар саны , мың адамдыққалалар топтары үшін  

20 дейін

20 – 50

50 – 100

100 – 250

250 –500

500 – 1000

1000 жоғары

Жоғары

Орташа

Төмен

130

70

165

115

185

160

200

180

165

210

185

170

215

200

180

220

210

190

 Ауылдық елді мекендердің селитабтік аумағы І, ІІ және ІІІ категориялы автокөлік жолдарымен, сондай-ақ ауылшаруашылық көліктерімен және мал айдайтын жолдармен байланыспауы қажет.   

 Ауылды елді мекендерде  көбінесе бір-, екі пәтерлі  усадьба түріндегі тұрғын үйлер қарастырылуы қажет,  пәтерлерде  жер алаңы бар, көп пәтерлі блокталған үйлер, сонымен қатар, биіктігі 4 қабатқа дейінгі секциялық үйлер рұқсат етіледі.  

 Ауылды жерлерде  үйдің (пәтердің) жер алаңының мөлшері  қолданылып жүрген заңдылыққа сәйкес, халықтың демографиялық құрылымын ескере отырып, жергілікті жағдайға сәйкес жобалау тапсырмасы бойынша анықталады.  

 Мал мен құстарға арналған қораны үйдің тұрғын бөлмелерінің терезелерінен: бір немесе екі қабаттық – 15 м кем емес; 8 блокқа дейінгі – 25м кем емес,  8ден жоғары 30 блокқа дейін -310м кем емес; 30 блоктан жоғары 100 м кем емес аулақтықтығы аралықта орнатады. Селитебтік аумақта орналасатын қоралар тобының әрқайсыс 30 блоктан  аспауы қажет.  

 Секциалық үйлердің тұрғындарына  малға шаруашылық құрылыстары үшін селитебтік аумақтың сыртқары орын бөлінеді; секциялық үйлер болғанда бірге салынған немесе жеке  тұратын  ұжымдық жер асты  ауылшаруашылық азық-түліктерді сақтайтын жер асты қоймасы салынуы қажет. Малдарға арналған болокталған сарайлардың ауданы 800 м2  аспауы қажет.

 Өндірістік аумақ. Өндірістік кәсіпорындарды жалпы қосалық өндірістерімен немесе инфрақұрылым нысандарымен, ал ауылды елді мекендерде  - өндірістік аймақ құрамындағы өндірістік аудандар аумағына орналастыру қажет. Олардың тұрғын аудандармен  жұмыс орнына  бару қозғалысының  минималды уақыт кетіретіндей етіп,  бір-бірімен тиімді байланысын қамтамасыз ету қажет.

 Өндірістік кәсіпорындардың және басқа да өндірістік нысандар, мекемелер және қызмет ету кәсіпорындарының  ауданшалары орналасқан  аумақ барлық өндірістік  кәсіпорындар аймағының 60%-нан кем болмауы қажет. Өндірістік зонаның аумағының  пайызбан анықталатын қатынасындай алып жатқан орны өндірістік кәсіпорында,  сондай-ақ өнеркәсіп аймағының жалпы аумағындағы қызмет ету мекемелерінің олармен байланысты қаланың жалпы жоспарымен анықталған нысандардың ауданының жиынтығы арқылы анықталады.  

Аумақ сонымен қатар,  жоба тапсырмасы арқалы бекітіліп, онда  ғимараттар мен құбырлар салуға арналған кәсіпорындар ауданшаларындағы  қор ретіне  жататын алаңды  алуы қажет.  Көмір, сланец,  мышьяк, қорғасын, сынап,  және басқа да  жанатын және улы заттары бар өндірістік тастамаларды тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құбырлардан  есептеп анықталған қашықтықта орнадласуы қажет.  

 Ғылыми және ғылыми-өндірістік аймақ. Бұл аймақ аумақта ғылыми және ғылыми қызмет көрсету мекемелерін, тәжірибелік өндірістер және солармен байланысты оқу орындарын,  қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарын, сондай-ақ инженерлік және көлік коммуникациясын оранластырады.    Ғылыми және ғылыми өндірістік аймақтың құрамы және жеке ҒЗИ мен тәжірибелік өндіріс орындарын қоршаған ортаға тигізетін әсерін ескере отырып орналастыру қажет.

 Аумақтың селитебтік аумағында орналасқан ғылыми-өндірістік аймақтағы қызметкерлер саны 15 мың адамнан аспауы қажет.  Ғылыми мекемелердің жер алаң мөлшерін төмендегі көрсеткіштерден аспайтын (жалпы ауданның 1000 м2)  га, алынуы қажет:

– табиғи және техникалық ғылымға………………    0,14 – 0,2

– қоғамдық ғылымға ................................................    0,1 – 0,12

 Коммуналық-қойма аймағы.  Бұл аймақтың аумағында тағам өнеркәсібі (ет және сүт өнімдері), тауар қоймаларын (тоңазытқыштар, картоп-, жеміс-көкөніс сақтайтын), қала халқына коммуналдық, көлік және тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындарды орналастырады.   Халыққа күнделікті қызмет көрсетуге арналмаған қоймаларды қала сыртына, темір жол торабына жақын жерлерге орналастырған дұрыс.

 Қала аумақтарының сыртында мұнай және мұнай өнімдерінің қоймаларын, ертіліген газдар,  жарылатын материалдар, күшті әсер ететін улы заттардың қоймалары, азық-түліктің, фураж және өндірістік шикізаттардың  базалық қоймалары,  орманнан келетін  орман және құрылыс материалдарының  базалық қоймалары қарастырылады. Ауылды жерлердің  өндірістік аймағының жер алаңында  санитарлық қорғаныш аймағының мөлшері 300 м асатын өндірістер мен нысандарды орналастыруға болады.  

 Ландшафты-рекреациялық аумақ. Қалалар мен ауылды елді мекендерде  көгалдандырылғын аумақтар жүйесін қарастыру қажет. Қала ішіндегі әртүрлі бағыттағы көгалдандырылған аумақтың меншікті үлесі 40%-дан, ал тұрғын үйлер шекарасында 25% - дан кем болмауы қажет.  Кеңдігі 1км-ден аса санитарлық – қорғаныш аймағын қажет ететін өндіріс орындары бар қалаларда құрылыс аумағының көгалдандыру деңгейін 15%-ға өсіру қажет.  

Селитебтік аумаққа орналасатын жалпы пайдаланылатын аумақтардың – парк, бау-бақша, скверлер, бульварлардың көгалдандыру ауданын  ҚР ҚНменЕ 3.01-01-2002  3 кестесіне сәйкес алады. Өте ірі, ірі және үлкен қалаларда табиғи қалалық ормандарды,  қалалық  орманды парктергке айналдыру қажет  және оларды  көгалдандырылу аумағы қосымшада көрсетілген 9.12 кестеге 5 м2/адам жоғары болмайтындай есеппен жатқызады.

9.12 кесте

Қоғамдық пайдалану аумағын көгалдандыру

(ҚР ҚНменЕ РК 3.01-01-2002)

Қоғамдық  пайдалану аумағының көгалдандырылуы

Аумақтың көгалдандырылу ауданы,

м 2 /адам.

өте ірі, ірі және үлкен қалалар

Орташа қалалар

Кіші-гірім қалалар

Ауылдық елді мекендер

Жалпы қалалық

Тұрғын аудандар           

10

6

7

6

8

12

 Келтірілген көгалдандыру нормасын курорттық-қалалар үшін ұлғайту қажет, бірақ ол 50%-дан жоғары болмауы керек.  Жалпы қолданыстағы көгалдандырылыған аумақтың ауданын тақыр  және жартылай тақыр  үшін 20-30%-ға ал,  дала мен орманды дала үшін10-20%-ға жоғарылатуға болады.   

 Құрылыс жүйесі. Елді мекеннің құрылысын салу жүйесі жергілікті жердің климаттық-географиялық ерекшелігіне байланысты болып келеді. Егер осы елді мекенде өте күшті жел болатын болса олардан қорғану үшін  периметрлік құрылыс  -   ғимараттарды көше бойына кварталдың төрт жағына қаратып, тұтас, және бөліктері бар (9.6 а суреттегідей)  жабық түзу бұрыш жасайтындай етіп орналастырады.   Бұл жүйенің кемшілігі кварталдың желдетілуінің және бағыттың (инсоляцияның) нашарлығы болып табылады.

 

 

                  

а                                                                   б

9.6 сурет.  Периметрлік (а) және ұзына  бойына сызықшалық құрылыс жүйесі

Үзікті құрылыс салғанда  (9.6 сурет) кварталдағы ғимартты бір-біріне параллельді етіп орналастырады, сондай-ақ ғимарт орталығы еркіндікпен, инсоляция және желдетілу жағдайына байланысты болады. Топтық құрылыс (9.7 а сурет) ықшам аудан және кварталдағы бірнеше топтағы үйлердің араласып, топтың ортасындағы үйдің қорғалынып тұруын қарастырады.  

               

                а                                                               б

                                                                    

9.7 сурет. Топтық (а) және бос (б) құрылыс жүйесі

Кейде архитектуралық пікірлеріне сәйкес, сонымен қатар, инсоляция, аэрация, шуылдан қорғау мәселелері бойынша  ғимараттарды еркін орналасатын  еркін құрылыс салынады (9.7, б сурет). Бірақ, қазіргі кезде қаласалу тәжірибесінде көбінесе аралас құрылыс  - әртүрлі жүйенің элементтерін араластыра салу пайдаланылады. Әсіресе бұл белгілі бір жүйеге жататын ескі қалаларға тән болып келеді.   

Қалалардың тұрғын аудандарының құрылысының сипаты, көбінесе жергілікті климаттық-географиялық жағдайға байланысты болып келеді.  Мысалы,  Қиыр батысқа тұтас немесе жартылай бекітілген периметральдық құрылыс  ұсынылады, ал күшті жел өтіндегі аудандарға - топтық, ал, желсіз  елді мекендерге  -  үзікті құрылыс түрлері ұсынылады. Алматы қаласының жағдайына, әлсіз желдетілетін болғандықтан,  периметрлік құрылыс жүйесі ұсынылмайды, өйткені қала кварталдарының табиғи желдетілуіне кедергі келтіреді. Сонымен қатар, қаланың құрлысын салуда алғашқыда  тек осы жүйе пайдаланылған болатын.

Квартал құрылысының типінен  оның желдетілу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар,  қажетті инсоляция уақытын (ультра күлгін сәуленің тікелей әсер етуі)  қамтамасыз ету үшін ғимарат бағытын  таңдап алу мүмкін болады. Ең дұрыс инсоляция  ғимаратты меридианальдық бағытқа орналастырғанда, әсіресе терезесін шығысқа және батысқа қаратып орнатқан пәтерлерде  болады. Ғимараттың кеңістіктік бағыты тек терезелері оңтүстікке қаратып салынған пәтерлерді ғана инсоляциямен қамтамсыз етеді.   Тұрғын құрылыстың инсоляцияның ұзақтығын анықтау үшін  инсоляциялық сызғыш пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының  санитарлық заңдылығына сәйкес,  мектепте дейінгі және мектептік мекемелер және басқа да  оқу орындарынан  басқа тұрғын және қоғамдық ғимараттар және ЕПМ- ді 22 науырыздан 22 қыркүйекке дейін күніне 2,5 сағаттық үздіксіз инсоляциямен қамтамасыз етілуі қажет. Мектептке дейінгі мекемелер, жалпы білім беру мектептері, мектеп – интернаттар, денсаулық сақтау және демалу мекемелері  ғимараттарында  осы мезгілдегі күнделікті үздіксіз инсоляциялау  үш сағаттан кем болмауы қажет.   Көрсетілген талаптар «Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, тұрғын құрылыс аумағын инсоляциямен қамтамасыз еті туралы» санитарлық нормалар мен ережелерде,  СанЕменН № 3.01.078-2000 снымен қатар, № 3.01-01-2008 «Қаласалу. Қала және ауылдық елді мекендерді жобалау және құрылысын салу»ҚР ҚНменЕ  көрсетілген.

 Көлік және көше-жол торабы.  Қалаларды жобалағанда көше-жол торабының барлық функциоаналдық аймағымен, нысандарымен қала маңына орналасқан сыртқы көлік нысандары және жалпы автокөлік жол  торабындағы  көлік жүйесінің біркелкі жылдам және қауіпсіз болуын қарастырады.  Тұратын орыннан  жұмыс орнына дейінгі  қозғалысқа жоғалтатын  жол шығыны, еңбекшілер үшін 90 %  - дан сапауы қажет қалаларда көрсетілген мыңдықтағы халықтарға көрсетілген мин аспауы қажет:                                               

1000 және одан да жоғары .........................................             40

                 500...............................................................................              37

                 250...............................................................................              35

                 100 және одан төмен ................................................              30

 Көше және көлік тораптарының тоғысатын  жерлерінің өткізгіштік қабілетін, автокөліктерді  сақтайтын орын санын есептелген мерзімге  автокөліктендіру деңгейіне, автокөліктер 1000 адамға: 3-4 такси, 2-3 ведомствалық автокөліктер мен 25-40 жүк таситын автокөліктерді қоса алғандағы, парк құрамына сәйкес 200-250 жеңіл автокөлік есебінен алынады.     1000 адамға алынған мотоциклдер мен мопедтер  санын  халқы 100 мың және қалған елді мекендерге 100-150 бірлікке  алынған сан бойынша жасалады. Автокөліктендірудің көрсетілген деңгейі жергілікті жағдайға байланысты ұлғайтуға не азайтуға болады, бірақ бұл өзгерту -20%- дан сапуы қажет.   Сыртқы көлік. Жолаушы вокзалдарын (темір жол, автокөлік, су транспорты, әуежай бекеті) қала орталығы көліктерімен байланыстыра отырып,  тұрғын және өндірістік аудандардың   бекеттері  арасына орналастырған дұрыс.  Жолаушылар ағымы жылына 2 мың адамнан кем емес әуежай  қызмет ететін қалаларда, қала әуежай бекеті қарастырған дұрыс.    Темір жолдың жалпы торабының жаңа сорттарға бөлу бекеттерін  қала сыртына орналастырған дұрыс, ал техникалық жолаушы бекеттерін,  қордағы қозғалыс құрамының паркін, жүк тасу бекеттерін және темір және автокөлік жолдарын – селитебтік аумақтан  тысқары орналастыру қажет. Ірі және өте ірі қалалардың транизиттік поездарды өткізуге арналған қала маңындағы аймақтарда айланбалы жолдар қарастырылуы қажет

 Тұрғын құрылыстарды темір жолдардан  кеңдігі 100 м санитарлық-қорғау аймағымен бөлген дұрыс.  Темір жолдарды ойысқа орналастырғанда немесе  арнаулы шуылдан қорғау  шараларын жүргізгенде  санитарлық-қорғау аймағының кеңдігі азайтылуы мүмкін, бірақ 50 м кем болмауы қажет. Санитарлық- қорғау аймағы аудананың  көгалдануы 50% кем болмауы қажет. Санитарлық-қорғау аймағына  автожолдарды салуға, гараждар  орналастыруға, автокөліктер тұрағын, қоймалар, коммуналды-тұрмыстық мақсаттағы  мекемелерді салуға рұқсат етіледі.   Санитарлық-қорғау зонасының кеңдігін бау-бақша учаскесіне дейін 50м қылып алу қажет.

Жалпы тораптағы I, II, III категориялы автокөлік жолдарын елді мекенді айналып өтуге жоспарлануы қажет.  Айтылған жолдардың жол жиегінен құрылысқа дейін: тұрғын үйлер – 100ге дейін,  бау-бақша бірлестіктеріне дейін – 50 м, ІҮ категориялы жолдар үшін соған сәйкес 50 – 25 м болуы қажет.    Құрылысты шуылдан және ұшқыш газдардан  қорғау үшін жол бойына  кеңдігі 10 жасыл желектер орнатылуы қажет.   

              

                9.8 сурет. Көше торабының конфигурациясы

             А – тікбұрышты; Б – радиалдық-шеңберлік.

Қаланың көшелері мен алаңшалары  тек көлік жүретін жол ретінде ғана емес, елді мекеннің ауа бассейнімен желдетілетін каналы ретінде болады. Көше торабының негізгі конфигурациясы тік бұрышты және радиальды-шеңберлі (9.8 сурет), сондай-ақ еркін және аралас болып келеді.  

Алматы қаласында жел әсері әлсіз болғандықтан  тік бұрыш жасап жоспарлау қала аумағының дұрыс желдетілуіне мүмкіндік береді, бірақ, қаланың көп бөлігінің периметрлік жүйесі квартал ішілік кеңістіктің желдетілуіне кедергі жасайды. Мәскеу қаласына көше торабының радиалдық-шеңберлік конфигурациясы тән.  

Көше конфигурациясы мен бағытын таңдауда температуралық және жел тәртібіне көңіл бөлінуі қажет. Мысалы, суық климатта көшелерді жел өтіне орналастыруға болмайды,  мұндай жоспарландыруды ыстық климатты жерлерге пайдалану қажет.  Көшенің көлік жүретін бөлігінің кеңдігі көлік қозғалысының қарқынына байланысты болып келеді, ал, бір жолақтың кеңдігі әдетте 3,0-тен 3,5 м болып келеді. Ірі қалалардағы магистральдық көшелер 5-ке дейін оданда көп жолақты болып келуі мүмкін, тротуарлардың кеңдігі - 3м-ге дейін, ал жасыл желекті жолақтың кеңдігі - 2,5 м    кең болмауы қажет.  

Көше жайластырылуына олардың ең жақсысы асфальт-бетон болап табылатын жабыны жатады. Осындай көшелер жеңіл тазартылып жылы кездерде жақсы жуылады, ал қыс күндері қардан тез тазарады. Тау тастарынан жасалған жолдардың  керісінше тазартылуы қиын, көліктер жүріп өткен кезде шуыл шығарады және қазіргі кезде өте сирек кездеседі.  Көше торабының маңызды элементі жауын суларын ағызатын арықтары және жасанды жарықтандырылуы болып табылады.

Халықтар тіршілігінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ету бірқатар жоспарлық гигиеналық шараларды жасау арқылы жүргізіледі: елді мекенге ең қолайлы жер алаңын таңдап алу; сауықтандыру мақсатында табиғи факторларды (су нысандары, ормандар) максималды қолдану;  атмосфера, су, топыраты санитарлық қорғау үшін метеорологиялық жағдайларды ескеру; қала аумағында өндірістік нысандарды да «жел раушынын» ескере отырып, дұрыс орналастыру;  елді мекендерді оқу-тәрбиелік, мәдени және қызмет ету мекемелерімен, кәсіпорындармен, жайластыру; демалысты, денешынықтыру мен спортты ұйымдастыру.  

Құрылыс жоспарының жүзеге асырылуын бақылауда, жұмыс басталарға дейін санитарлық дәрігер  аумақтың инженерлік дайындылығының қазіргі жағдайға сәйкестігіне;   сумен қамтамсыз ету және канализациялық жүйе салу және тазарту құбырларының берілген жүктемеге сәйкестігіне  ерекше  көңіл болу қажет. Кезек күттірмейтін алғашқы міндеттерге көлік қатынастарын ұйымдастыру жұмысы да жатады және мұнда әсіресе автокөліктерге жіті көңіл бөлінуі қажет. Олардың саны бүкіл әлемде өсу үстінде және бүгінгі таңда автокөліктер жүк тасымалының 80 %-нан жоғары қамтиды.  Бұл күнделікті урбанизация және халықың ірі қалаларға жиналуынан агломерацияға байланысты болуды.  Сонымен қатар,  бір жеңіл автокөлік жылына  ауаға  800 кг жоғары көміртек тотығын, 200 кг аса көмірсутегін, 40 кг азот тотығын бөліп, 4000 кг оттегін жағады екен.  Жүк таситын көлік қоршаған ортаны белгілі деңгейде ластайды екен. Мұндағы, химиялық заттардың  ұшатын газдармен  макисмалды ластануы, тек  двигательдерінің ауыспалы тәртіпте жұмыс істеуіне байланысты (бағдар шамның алдында жиі тоқтап тұру, қозғалыс тоқтауы т.б. жағдайлар) қалалық жағдайларда болады екен.    Тек жүк немесе жолаушылар тасымалдаушы  құрал ғана емес,  әлеуметтік жағдайдың жақсаруын көрсететіндіктен  автокөліктер қазіргі қала көшелерін толтыруда.   

Міне сондықтан қала жоспарлаудың маңызды бөлігі елді мекеннің  көше торабының  жол тартуы енетін қала ішілік және сырқы көліктер жүруін ұйымдастыру болып табылады.  (9.9 сурет). Әртүрлі елдерде жүргізілген зерттеулер осы кезде автокөліктер ауа бассейінін ластаушы  және тұрақсыз шуылдың негізгі  көзі болып табылатындығын көрсеткен.

 

                                                  

 9.9 сурет. Қала жоспарындағы көшелер мен жолдарды трассалау.

1 – айнала қоршаулы қарқынды трасса; 2 – қалалық қарқынды магистраль;

3 – жалпықалалық жолдар; 4 – аудандық мәндегі магистральдар.

Сондықтан елді мекенді жоспарлаған кезде міндетті түрде тұрғын аумақты атмосфералық ауа ластануынан және көлік шуылынан қорғайтын шаралар қарастырылуы қажет. Көше және жол тораптары  келесі категорияларға бөлінеді:  мағнасы  алшақтығы өндірістік және жоспарлық аудандармен байланыстыру, және сондай-ақ ішкі автокөлік жолдарына (әуежай, демалыс орны т.с.с) шығу   болып табылатын -үдемелі қозғалыстағы магистральдық жолда;  жеке бағыттардағы қала аудандарын байланыстыратын - қозғалыс реттеудегі магистральдық жолдар;  тұрғын, өндірістік аудандармен және қоғамдық орталықтармен, сонымен қатар, ірі қалалардағы басқа да көшелермен (үздіксіз және реттеулі қозғалыстар болуы мүмкін, сондай-ақ аудандық маңыздығы) байланыстыру үшін - жалпықалалық  маңыздағы магистральды көшелер;  тұрғын аудандарда (ықшамаудандарда)   және магистральды көшеге шығу үшін - жергілікті маңыздағы көшелер мен жоллдар.  

Магистарлдық көшелер  барлық қала көшелерінің 25 %-ға жуығын құрайды, бірақ оларда автөкөліктер қозғалысының 80 %  шоғырланған.  Қарқынды қозғалыстағы магистральдар жасау көлік қозғалысының жылдамдығын жоғарылатыды және көше тораптарының өткізгіштік қабілетін арттырады.  Бірақ,  қаланың қарқындылық магистралін қала ортасымен өткізуге болмайды,  жүк таситын көліктер ағымын қала сыртына шығарып, жалпы қалалық жолдармен шектелген дұрыс.   Транзиттық көліктер үшін  елді мекенді айналып өтетін айналмалы қалалық трассалар жасалады.

Елді мекендерді жоспарлаған кезде  көше жарақатынан сақтану үшін  жаяу жүргіншілердің кедергісіз жүруіне қажетті жағдай жасаудың да маңызы зор болып табылады.  Ол үшін  жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысын шегіне дейін бөлу қажет.  9.10 суретте негізгі мақсаты әртүрлі деңгейдегі, жер асты мен жер үстін қоса ескере отырып,  тұрғындар мен жалпы қалалық көліктердің қозғалысын ұйымдастыру болып табылатын осындай шектеулердің әртүрлі варианттары берілген.

                               

                         

9.10 сурет.  Көлік және жаяу жүргіншілер жолын бөлу варианттары.

а- бір деңгейдегі қозғалыс ; б – көліктің эскадамен қозғалуы;

в- жаяу жүргіншілердің тоннельдерде қозғалуы; г – көліктердің тоннельде қозғалуы;

д – жаяу жүргіншілердің эскадамен қозғалуы.

 

Бала бақша, мектептер, орта және жоғары оқу орындарымен шектеседі, сондай-ақ халық көп жиналатын жерлермен шектесетін алаңда ерекше көңіл қоюды қажет етеді.  Қала салу тәжірибесі эстакада (транспорттың өтуіне арналған жер үстіне салынған көпірлік құрылыс) мен жер асты тоннельдерін жасау көше жарақатының кездесуін және жол-көлік оқиғаларының санын елеулі түрде төмендедетінгігінің куәсы  болып отыр.  Олардың ең көп жиналатын жеріне жасалған көлікке арналған эстакадалар мен тоннельдер автокөліктердің кедергісіз жүруіне жағдай жасайды, олардың жиі тоқтап қалуын болдырмайды және атмосфера ауасының ластануын азайтады.  Осыған кейбір көшелерге көлік келуін толық тоқтатын жаяу жүргіншілер жолы аймағы да қосымша жағдай жасайды.

Барлық жерлерде автокөлік саны өсіп отырғанына байланысты  ірі қалаларда  оларды сақтаудың, тіпті уақытша сақтаудың  мәселесі пайда болды.   Елді мекендер аумағында күндіз көліктердің еркін қозғалысына кедергі келтіретін, ал, түнде  қорғау дыбыс дабылы бар сиренасымен қала халқының ұйқысын бұзатын  көптеген автокөліктер тұрағы  пайда болуда. Бұл мәселенің шешімі қалаларда жер үсті аумағын  алмайтын,  үстіне газондар мен ағаштар отырғызуға болатын көпқабатты жер асты гараждарын (9.11 сурет)  салу болып табылады.  

      

 9.11 сурет.  Жер асты гаражының кесіндісі.

1 – баспалдақты марштар; 2 – автокөліктерге арналған бөлме;

3 – автокөліктер жүруіне арналған марштар.

Қазіргі қалалар  көшелерінің автокөліктермен толып кетуіне байланысты,  тек жоспарлау ғана емес,  әкімшілік шаралардың да дұрыс тиімділігі  жоғары болып келеді.   Қаланың белгілі аймағында түнде автокөліктер қозғалысына тиым салу және басқа қалалық көліктердің келуіне шектеу жасау да  дұрыс тиімділік береді.

Қала көшелері, жаяу жүргіншілер мен көлік өткізгеннен басқа, сонымен қатар, ғимараттарға су, жылу электрэнергиясын,  және ағын суларды әкететін жерасты инженерлік тораптарын орналастырға қызмет етеді. Салынған инженерлік тораптардың тереңдігі грунттің мұз болып  қату торабы тереңдігінің түріне байланысты болады. Грунт кеуекті болған сайын оның жылу өткізгіштігі төмен болып келеді және мұз болып қатуы төмендейді.  Кейінгі жылдары қазіргі қалалардың жер асты кеңістігінде, көбінесе жер асты жаяу жүргішілер жолында    әртүрлі сауда кәсіпорындарын (кітап  дүңгіршектері, билет сататын кассалар және т.б.) орналастырады. Олар  соған ұқсас жер үсті нысандары сияқты көше тастандыларын жинауға  арналған урналармен қамтамасыз етілуі қажет.     

Құрылыс жобасы мен  егжей-тегжейлі жобаның санитарлық сараптамасы.

 Қаланың жалпы жоспары негізінде  селитебтік аумақтың жеке бөліктерінің ықшамудандар мен тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспары жасалады. 

Егжей-тегжейлі жоспарлаудың негізгі мақсаты кәсіпорындар мен  мәдени-тұрмыстық қызмет ету мекемелерін қажеттілікті анықтау, олардың ауданда орналасуын, көшелерде қызыл жолақтардың сақталуын, инженерлік тораптардың шешімін, көше, жолдар және көгалдандыруылар жайластырылуын анықтау болып табылады.   Егжей-тегжейлі жоспарлаудың жобасын қарастырған кезде  селитебтік аумаққа  қала сыртындағы таза ауаның  тізбектеліп келіп тұруына қажетті  көгалдандырылу жүйесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Санитарлық дәрігердің маңызды міндеттерінің бірі көлік шуылы мен кварталдық шуларды азайтуға арналған  шараларға сараптама жасау болып табылады. 

Бұлар тұрғын үйлерді көлік қозғалысы қарқынды  көшелердің ені 25 м жасыл желек жолақтары арқылы  немесе  қоғамдық ғимарат-экрандар  арқылы, көше енінің жеткіліктілігі арқылы және т.б.  арқылы оқшауландыру болып табылады.  Шуыл деңгейіне сонымен қатар  тұрғын кварталдарды салу типтері де (еркін немес периметрлік-жабық), көше жайластырылуы да (олардың жабынының сапасы), сондай-ақ пайдаланылып жүрген көлік түрі мен техникалық жағдайы да үлкен әсер етеді.  

 Елді мекендердің көше-жол тораптарын көшелер мен жолдардың  функциоанлдық маңызын, көлік қарқындылығын, велесипед және жаяу жүргіншілер қозғалысын және құрылыс сипатын  ескере отырып жобалау қажет.   Көше-жол тораптары құрамынан магистральдық және жергілікті көше-жолдар мен бас көшелерді бөліп қарастыру қажет.   Көше категориялары мен қала жолдары ҚР ҚНменЕ  РК 3.01-01-2002  7 кестесінде келтірілген жүктеме бойынша анықтайды. Қала көшелері мен жолдарының есептеу параметрлерін ҚР ҚНменЕ 3.01-01-2002. 8 кестесі, ауылдық жерлерге – 9 кестесі бойынша  жасайды.

 Магистральдық жолдардың көлік жүретін жиегінен тұрғын құрылысты реттейтін сызыққа дейінгі аралық 50 метр болып ал, шуылдан қорғайтын қондырғылар болған жағдайда 25м болып алынады.  Көрсетілген аралықтан жоғары болған жағдайда аралықты өрт сөндіретін машиналардың жүруіне жарамды  кеңдігі 6 м құрылыс салу сызығы жолағынан 5 м жақын қылмай  алуды қарастыру қажет.

 Көшелер мен жолдардың ені көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қарқындылығына, арнайы элементтер шегінде  орналасатын құрамдар (жүретін бөлік, жер үсті коммуникациясын  салуға арналған техникалық жолақ, тротуарлар, жасыл желектер және т.б) байланысты, санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып анықталады.   Әдетте, қызыл жолақтағы  көше және жолдардың ені: магистральды жолдардан – 50-75,  магистральды көшелерден -40-80;  жергілікті маңыздағы көше мен жолдардан – 15-25 м деп  алынады.    Магистральды көшелерде және ірі, өте ірі және үлкен қалаларда автобустар мен троллейбустардың қозғалысы үшін  шеткі жолақтың  4 м кем болмауын қарастыру қажет;  қарқындылығы 40 бірлік/сағаттан жоғары  көлік өте көп жүретін сағатта автобустарды өткізу үшін көлік жүретін бөліктен кеңдігі 8-12м  бөлектеліп келген жүргін бөлек салуға рұқсат етіледі. Көбінесе жүк таситын  көліктер жүретін магистральдық көшелерде қозғалыс жолағының кеңдігін 4м дейін кеңейтуге рұқсат етіледі. Тротуарлардың ғимарат қабырғасына,  қосалқы қабырғалар мен қоршауларға жабысып салынғанында енін 0,5 м кем қылмай кеңейту қажет.  Тротуарлардың жаяу жүргіншілер жүретін бөлігінің ені қалаларда 1,5 м-ден 4,5 м- ге дейін болуы мүмкін, ауылды жерлерде – 1,0 м-ден 2,25 м-ге дейін болады.   Жол торабының профилін қараған кезде қалаларда 30-60%-дан жоғары болмауы қажет,   көшенің ең ұзақ еңістігін тексереді.   

 Егжей-тегжейлі жоспарлау  жобасы негізінде  ықшамаудан, квартал,  тұрғын үй топтарының  құрылысын  салу жобасы жасалады. Санитарлық дәрігер  селитебтік аумақ құрылысының жобасына сараптама жасағанда алаңда орналастырылады деп саналатын  тұрғын аудан санын нақтылауы қажет,  тұрғын үйлер мен  басқа нысандар арасындағы  аралықтарда (пәтерлердің инсоляциялану мерзімі мен олардың бағытталуында) санитарлық нормалар сақталғанына көңіл бөлуі қажет. Жобада  мәдени-тұрмыстық мекемелер мен  бүтіндей алғанда халыққа қызмет ету жүйесінің есептелуінің дұрыстығын да тексереді.   

Ықшамауданды егжей-тегжейлі жоспарлау  жобасына сараптама жасау үлгісі  

Жобалау  кезеңі мен жобалық құжаттардың мазмұны

  1.  Бастапқы материалдардың тізімі, олардың толықтығы.
  2.  Ықшамауданның аты мен мекен-жайы.  
  3.  Ықшамауданның елді мекеннің жоспарында орналасуы.
  4.  Ықшамауданды ұйымдастыру жүйесі (бірегей ірілендірілген түрі, ықшамуадан топтары және т.б.).
  5.  Ықшамауданның құрылыс жүйесі (еркін, үзікті, периметарльдық, аралас т.б.).
  6.  Ықшамауданда қандай функционалдық аймақтар қарастырылған (тұрғын аймақ, спорт кешені,  мектеп және мектепке  дейінгі мекемелер аймағы, қоғамды –сауда орталығы).
  7.  Ықшамаудан аумағының ауданы (жалпы аумағы, тұрғын аумақ).
  8.  Ықшамаудан халқының саны (аумақ мөлшеріне халық санына сәйкес келе ме).
  9.  Тұрғын фонның тығыздығына баға беру ( брутто және нетто).
  10.  Қабаттары – әртүрлі қабаттағы  үйлердің пайызы.  
  11.  Ықшамаудан құрылысының  пайызына баға беру.
  12.  Ғимараттар арасындағы  аралықтың жеткіліктілігіне баға беру.
  13.  Балалар және мектепке дейінгі мекемелер алаңының жайластырылуы мен орналастырылуын бағалау (қызмет ету радиусы).
  14.  Мектеп  алаңының жайластырылуы мен орналастырылуын бағалау (алаң мөлшері, орын саны, халықтың қамтамасыз етілу пайызы, қызмет ету ауданы).
  15.  Сауда орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелерінің жайластырылуы мен орналастырылуын бағалау (алаң мөлшері, отыратын орын саны, халықтың қамтамасыз етілу пайызы, қызмет ету ауданы).
  16.  Жиі пайдаланылатын мекемелермен қамтамасыз етілуі (тұрмыстық шеберханалар, ателье, дәріханалар, кинотеатрлар т.б.)
  17.  Ықшамауданды ҚТҚ тазарту жүйесі.
  18.  Ересектер мен балаларға арналған демалыс алаңшаларының жайластырылуы мен орналасуы, көгалдандырылу, спортпен айналысу дәрежесі (олардың  тұрғын үйлерден, подъездерден және т.с.с. ара қашықтығы).   
  19.  Шаруашылық алаңшаларының жайластырылуы мен орналасуы (алаң мөлшері, тұрғын үйлерден, гараж, магистральдардан әртүрлі мазмұндағы алаңшалардан ара қашықтығы).  
  20.  Көше, проезд, тротуарларға баға беру (ені, қызыл жолақтан тұрғын үйлерге, тәрбиелік және оқу ұйымдарына  дейінгі ара қашықтығы).  
  21.  Ықшамаданның көгалдандырылуына баға беру – көгалдандыру ауданы.

Ауылдық елді мекендерді жобалау және құрылысын салу

Ауылды елді мекендер 200 адамға дейінгі  кішкентай, орташа (200–ден 1000 адамға дейін), үлкен (3000 адамға дейін) және 5000-нан астам тұрғыны бар ірі  ауылдар болуы мүмкін. Аудандық өңірдегі ауылдық жерлерді төмендегідей жіктеуге болады: аудан орталығы (30 және одан да жоғары мыңдаған адам), шаруашылықтың орталық ауылы (1,5 мыңға дейінгі адам) өндірістік бөлім ауылы (1 мыңнан аспайтын адам), бригадалық ауыл (0,5 мың адам).   

Ауылды елді мекенге арналған алаңның топырағы құрғақ, рельефі тегіс, оның аумағын жауын-шашын сулары толып кетпейтін және су басып кетпейтін болуы қажет.   Жақын арада (қызмет ету ауданы 3 км)  лайлы, шалшықты жер болмауы қажет, ондай жағдайда мелиоротивтік шаралар жасалуы қажет.  

Ауылдық елді мекендерге алаң таңдауда және аумақты аймақтауда табиғи-климаттық жағдай ескерілуі қажет. Мысалы, солтүстік облыстарда үйлерді жел өтінен және қар басудан қорғау  мүмкіндігін қарастыру қажет.  Ол үшін  ауылдық елді мекендердің жер алаңдарын  орман-тоғайлардың немесе төбешіктердің артына, негізгі жел румбаларының  бағытына қарай бөлу қажет.  Мүмкіндік болмаған жағдайларда  жасанды орманды қорғау жолақтарын  жасау қажет. Ені 40 м жасыл жолақ желдің күшін  80 %-ға дейін азайтады. Осы мақсатқа  селитебтік аймақтың топтық немесе периметрлік  құрылысын  пайдалануға болады.

Ауылдық елді мекенге арналған алаңда орталықтандырылған және жергілікті  шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге жарамды тұщы су көзі болуы қажет. Қазақстанның кейбір батыс аймақтарында орын алатын, мұндай жағдай болмағанда, жеке ірі су көздерінен  тұщы су алуды жобалайды немесе  бір мезгілде бірнеше ауылды сумен қамтамасыз ете алатын  топтық су құбырларын салады.   

Ауылдық елді мекеннің аумағы екі аймаққа бөлінеді:  селитебтік және өндірістік. Соңғысы өз кезегінде жөндеу–механикалық шеберханалар, гараж, қойма шаруашылық  орналасатын және т.б. орналасатын   өндірістік және малшаруашылығы секторларына бөлінеді. Селитебтік аймаққа тұрғын құрылыс, қоғамдық орталық, қоғамдық мекемелердің алаңдары демалыс аймағы мен жеке шаруашылық аймағы жатады. Өндірістік және селитебтік аймақтар бір-бірімен тығыз байланыста және біріне-бірі бағынышты болып келеді.

Қоғамдық орталыққа әдетте әкімшілік ғимарты, құлып, сауда орталығы (дүкендер, аралас сауда), асхана, тұрмыстық қызмет ету комбинаты, пошта бөлімі, ясли-, бала-бақша мен мектеп  кіреді.  Мұнда  функционалдық мағынасы бірдей  мекемелерді  (дүкендер, асхана және тұрмыстық қызмет ету комбинатын – сауда орталығына, пошта бөлімі мен  кеңселерді - әкімшілік орталыққа) бір ғимаратқа біріктіруге болады.

Ауылды жерлерде негізінен бір-, екі пәтерлі усадьба типіндегі  тұрғын үйлер қарастырылады, дегенмен  алаңы көгалдандырылған көп қабатты  үйлер, сондай-ақ 4-қабатқа дейінгі секциялық үйлер салу да рұқсат етіледі.  Үйлердегі жер алаңының мөлшері халықтың демографиялық құрылымын және қолданылып жүрген заңдылықты ескере отырып,   жобада берілген  тапсырма бойынша анықталады. Секциялық үйлердің тұрғындары үшін  малға қажетті құрылыстар селитебтік аймақ сыртынан бөлінеді, сонымен қатар,  оларға ауылшаруашылық азық-түліктерді сақтауға жер асты қоймаларын  салуға рұқсат етіледі.

Мал және құстар қорасы, блоктар санына байланысты, тұрғын үйлердің терезесінен 15м (бір және екі қабатты), сегіз блокта – 25м,  30 блокқа дейін 50м және 30 блоктан жоғары 100 м   жоғары қашықтықта орналасуы қажет. Селитебті аумақтағы қоралар тобында 30 блоктан жоғары болмауы қажет.    Мал қоралары құрлысының жалпы ауданы 800 м2. жоғары болмауы қажет.

Ауыл көшелері мен жол торабы елді мекеннің барлық элементтерін бір жүйеге байланыстырады, және тораптың ұзындығы жылдам жайластыруға жағдай жасайтындай минималды болуы қажет.  Ауыл көшелері мен жолдарын төмендегі түрлерге бөлуге болады: транзиттық, бас және қосымша  тұрғындар, шаруашылық, жаяу жүргіншілер жолы мен тротуарлар қоса отырып есептелген жол өткелдері. Ауылға кіру тұрғын құрылыс арқалы транзиттік қозғалысты болдырмау үшін тұрғын және өндірістік аймақтар арасындағы жолдар арқылы жасалады.   

Ауылдық жерде селитебтік аумағы І, ІІ және ІІІ категориялы  автокөлік жолдарымен, сондай-ақ ауылшаруашылық көліктері жүруге және мал айдауға арналған  жолдармен  түйіспеуі қажет. Мал айдауға қажетті жеке шаруашылық жолдарын ұйымдастырғанда селитебтік аумақтың аумағы 10% -ға ұлғаяды.  Бұл ауданнан құрылысқа жарамайтын аумақ (жар қабақтар, жыралар, тас шыңдар, суару каналдары және т.б.) алынып тасталады.  Өндірістік аймақ да жалпы тораптағы автокөлік немесе  темір жолдармен бөлінбеуі қажет. Осы аумақта  санитарлық-қорғау аймағы 300м аспайтын мекемелер мен нысандар орналастырылады.

Қаладағы сияқты  ауылды жерлерде де жасыл желектер төмендегі түрлерге бөлінеді: жалпы қолданыстығы (парктер, скверлер, көшелер), шектеулі қолданыстағы (бала бақша мен мектептердегі, өндіріс аймақтары, тұрғын учаскелердегі) және арнаулы маңыздағы (жел- және қардан қорғау жолақтары, санитарлық-қорғау аймағы, питомниктер, бау-бақшалар). Олар бір-бірінен бөлек орналасады, ал біріктірген кезде  ауылдың  тұтас көгалдандыру жүйесін құрастырады.

Ауылдық  елді мекендер  жобасына санитарлық сараптама жасау үлгісі:  

 Елді мекен, аудан, орналасу орны 

  1.  Бастапқы материалдардың тізімі, олрдың толықтығы. Сәйкес ұйымдардың жаңадан немесе бұрыннан  бар елді мекендерді  қайтадан салуға шешімдері бар ма.
  2.    Жердің рельефі  (еңістік % және оның бағыты).
  3.  Аумақтың функционалдық аймағы бар ма  (селитебтік, өндірістік,  коммуналдық-қоймалық). Аумақты аймақтау принципі  және аймақтардың бір-бірімен байланыста орналасу тәртібі сақталған ба. Аумақты бөліп алуда  табиғи жағдайлар қаншалықты ескерілген және жобада қолайсыз факторларды жою немесе оның әсерін азайту  шаралары жеткілікті көрсетілген бе.  
  4.  Аумақтың  нақты көлемі  (селитебтік, өндірістік т.б.).
  5.  Жел раушаны ескерілген бе (аймақтар бір-бірімен  дұрыс орналасқан ба  және олардың функционалдық байланысы).     
  6.  Өндірістік нысандардың  санитарлық қорғау аймағы  (мөлшері,  когалдандырылуы).
  7.  Селитебтік аумақтың құрылыс жүйесі.
  8.  Құрылыс пайызы (нормаға сәйкестігі).
  9.  Халықтар саны (аумақтың қарастырылуы жеткілікті ме).
  10.  Аулалар (усадьбалар) саны.
  11.  Усадьбалық алаңның мөлшері, олардың бөлінуі (жеке аула және шаруашылық блокқа арналған аула).
  12.  Усадьбасы жоқ тұрғын үйлер бары, саны, пайызы, қабаттары.
  13.  Қоқыс жинайтын  ауланың, кір жаятын орынның,  халықтар демалатын, шаруашылққа қажетті орныдардың   орналасуы (мөлшері, ара қашықтығы).
  14.  Әкімшілік орталық бары, орналасуы.
  15.   Ауыл  жоспарындағы  мәдени-тұрмыстық мекемеледрің тізімі, сиымдылығы және олардың аумақта  орналасуы, халықтың қамтылу пайызы
  16.  Денсаулық сақтау нысандары бар ма, олардың аумағында орналасуы, халықтың қамтылу пайызы.
  17.  Ветеринарлық емдеу орнының орналасуы  (тұрғын құрылысқа дейінгі, өндірістік аймаққа дейінгі аралығы).
  18.  Тұрғын үйлердің жарық жақтарға бағыты (қолайсыз бағытталған үйлерлің пайызы).
  19.  Көше, алаңдардың сипаттамасы (ені, саны, маңызы).
  20.  Шаруашылық-өндірістік аймақты бағалау (құрамы, тұрғын үй құрылыс сызығынан аулақтығы және оның  зияндылық дәрежесіне байланыстылығы).
  21.  Ауылдық елді мекенді  ҚТҚ мен  көңнен тазарту жүйесі.
  22.  Мал өлекселерін көму (мөлшері, елді мекеннен қашықтығы).
  23.  Компостерлеу және су бүрку даласы (мөлшері, құрылыс салу сызығынан алыстығы).
  24.  Сумен қамтамасыз ету  (тұрғын және қоғамдық ғимараттарға  су жеткізу тәсілі, меншікті су пайдалану нормасы).
  25.  Канализация бар ма, халықтың қамтылу пайызы
  26.   Зират (мөлшері, елді мекеннен қашықтығы)
  27.  Қоғамдық пайдалану көгалдарының орналасуының және көгалдармен қамтамасыз ету нормасының  біркелкілігі (1 тұрғынға).
  28.  Қорытынды.
  29.  Анықталған кемшіліктерді  жоюға арналағн ұсыныстар

Елді мекенді жоспарлау және  құрылысын салу  жобасына санитарлық

сараптама жасау үлгісі.  

  1.  Елді мекендер, аудан, мекен-жайы. Елді мекеннің типі (қала, ауыл т.б.)
  2.   Бастапқы материалдардың тізімі, олрдың толықтығы. Сәйкес ұйымдардың жаңадан немесе бұрыннан  бар елді мекендерді  қайтадан салуға шешімдері бар ма.
  3.   Жердің рельефі  (еңістік % және оның бағытыа).
  4.  Аумақтың функционалдық аймағы бар ма  (селитебтік, өндірістік,  коммуналдық-қоймалық). Аумақты аймақтау принципі  және аймақтың бір-бірімен байланыста орналасу тәртібі сақталған ба. Аумақты бөліп алуда  табиғи жағдайлар қаншалықты ескерілген және жобада қолайсыз факторларды жою немесе оның әсерін азайту  шаралары жеткілікті көрсетілген бе.
  5.  Аумақтың нақты көлемі  (селитебтік, өндірістік. ландшафтық-рекреациялық).
  6.  Жел раушаны ескерілген бе (аймақтар бір-бірімен  дұрыс орналасқан ба  және олардың функционалдық байланысы).     
  7.  Өндіріс орныдарының санитарлық-қорғау аймағы (мөлшері, көгалдандырылуы). Өндіріс орнын орналастарыруға арналған тәртіп сақталған ба, санитарлық зияндылықтарды азайтуға арналағн қондырғылар бар ма.
  8.  Селитебтік аумақтың құрылыс жүйесі.
  9.  Құрылыс пайызы (нормаға сәйкестігі).
  10.  Халық саны  (аумақтың жеткілікті қарастырылған ба).
  11.  Тұрғын аймағы жоспарландыру сипаты (тұрғын кварталдар, ықшамаудандар т.б.). Ғимараттардың қабаттары, жайластырылуы  санитарлық-техникалық жабдықталуы бойынша  тұрғын қорының сипаттамасы.
  12.  Ықшамаудандар мен тұрғын аудандарда  орналасу тығыздығының  гигиналық нормаларының сақталуы.
  13.  Халықтың мәдени-тұрмыстық маңыздағы негізгі мекемелермен қамтылуы.
  14.  Елді мекенде денешынықтыру-спорт құбырының орналасуы.
  15.  Қоғамдық пайдаланантын жасыл желеңдерді орналаструдың біркелкілігі және жасыл желектермен қамтылу нормасы (1 тұрғынға).
  16.  Көлік құбырларының сипаты, қаланың жеке аудандарымен көлік байланысының қолайлылығы және елді мекенде таралуының біркелкілігі.
  17.  Көше тораптарын жоспарлауда санитарлық ережелердің сақталуы.
  18.  Көлік-қойма және коммуналдық құбырлардың орналасуы.
  19.  Қала маңы аймағыбар ма және онда әртүрлі нысандардың орналастырылуы.
  20.  Зираттарға арнап алаң бөлу қарастырылған ба  және мұнда санитарлық талаптар сақталған ба.
  21.  Халықтың сапалы ауыз сумен жеткілікті түрде қамтылуы.
  22.  Елді мекен аумағынан  сұйық және қатты қалдықтар уақытында аулақтату қамтылған ба.  Жобаланып отырған қалдықтар, ағын суларды тазарту тәсіліне баға беру.   
  23.  Атмосфералық ауаны ластанудан қорғау шаралары.
  24.  Халықты шуылдан қорғау  шаралары.
  25.  Қорытынды.
  26.  Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар.

Қалалар мен ауылдық елді мекендерді қайта салу жобасына санитарлық сараптама жасауда осы үлгі пайдаланылады.  

Елді мекеннің аумағының мөлшеріне  баға беру тәсілі.  

Аумақ мөлшеріне санитарлық баға бергенде селитебтік аумақта жобалық мерзімде (26-30жыл) тұратын халық санының есептелу дұрыстығы тексеріледі.

Халықтың мөлшерлі санын анықтау төмендегі формула бойынша жасалады:

мұндағы: А – қалақұрайтын топтардың абсолютті саны,

Б – қызмет ететін кадрлар пайызы,

В- өз еркі жоқ халықтар пайызы.

Қалыптасқан өте ірі және ірі қалалар үшін  қызмет ететін халықтар тобының меншікті үлесін құрылыс басталардың алдында 10-20% мөлшерінде, ал болашаққа 23-26%, орташа кіші-гірім қалаларға – 15-17%, ауылдарға – 19-22%  мөлшерінде алу ұсынылады.      

Тұрғын аумақ мөлшерін  анықтау үшін  1 селибтебтік аумаққа (брутто тығыздығы)  халықтың орташа тығыздық көрсеткішінің ірілендіріліген көрсеткіші пайдаланылады.  

Елді мекеннің аумақты аймақтау. Қала аумағын функционалдық мағынасы бойынша селитебтік, өндірістік, ландшафтық-рекреациялық, сондай-ақ басқа да зоналарға (сыртқы көліктің коммуналды-қоймалық, сонымен қатар т.б) бөлінгендігі анықталады және олар бірі-біріне  дұрыс байланыста орналасқан ба.      

Сонымен қатар, санитарлық-техникалық қондырғыларды, су қондырғыларының және канализация, зират т.б. орналастыруға  алаңдар бөлінеді.  

Курорт-қалаларда жоғарыда аталғандардан басқа емдеу-курорттық мекемлер, демалыс және туризм мекмелері, балаларды сауықтыру және қызмет ету мекемелері  алаңдары бөлінеді.   

Қалалық және қала сыртындағы көліктер үлгісінен магистраль жіктемесінің дұрыстығы, вокзалдар орналасатын жердің, қала маңындағы аялдамалардың қала көліктерінің аялдамаларына, әуежайлар мен тікұшақ қонатын ауданшалар дұрыс бөлінгендігіне баға  беріледі.  

Мәдени-тұрмыстық қызмет ету мекемелерінің (театрлар, спорт құбырлары, емдеу кешендері, сауда орталығы, әмбебап дүкендер мен нарық орындары) үлгісін қарастырғанда қызмет ету ауданынан қала жоспарында біркелкі бөлінгендігіне және халықтар орналасқан жермен олардың орналасқан жерінің қатынас қолайлылығына көңіл бөлу қажет.

 

Шу көздеріне сақтық санитарлық бақылау.

 Шуылмен күрестегі сақтық санитарлық қадағалаудың міндеті  елді мекеннің тұрғын құрылыс аумағында қолайлы шуыл тәртібімен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл селитебтік аумақты  ҚНменЕ «Шулыдан қорғау» құжатына сәйкес тиімді жоспарлау арқылы жүзеге асырылады.  Санитарлық заңдылық бойынша, жаңа елді мекендерді (құрылысты)  жоспарлау жобасы мен бар елді мекендерді  қайта салуда   шуылға қарсы шараларды сақтау  бойынша арнаулы бөлімдер болуы қажет.  

 Осындай шараларды өңдеу қалаларды жобалаудың барлық кезеңдерінде жасалатын және селитебтік аумақтың алаңдарына, сондай-ақ жеке бөлмелерге қатысы бар шуыл деңгейін болжамдық есептеулер негізінде  жасалады. Тәртіптің осы бөлімі бойынша  коммуналдық гигиенадан  санитарлық дәрігердің ролі төмендегідей болады:  

 •  санэпидқызмет тұрғын құрылыс аумағы мен тұрғын және қоғамдық ғимараттар бөлмелеріндегі болжамдық шуыл тәртібін есептеулерге  санитарлық сараптама жасайды;

 •  санэпидқызмет жобалаушының халықты қала көшесі шуылынан  және тұрғын құрылыс аумағындағы т.б.  шуыл түрлерінен қорғаудың болжамық  ұсыныстары мен  жобасы  шараларына санитарлық сараптама жасайды;   

 •  санитарлық қызмет нысанды эксплуатацияға қабылдауда  шуылға өлшемдер жүргізеді.

 Аталып отырған іс-әрекетті жүргізу және шуыл тәртібін есептеулеріне сараптама жасау  үшін  санитарлық дәрігер  елді мекендер аумағындағы әртүрлі шуыл түрлеріне  баға беру тәсілдерімен таныс болуы қажет.   Кейінгі онжылдықтарда  санитарлық қызмет көлік шуылына баса көңіл аударуда.  Аумақ пен бөлмедегі көлік шуылына баға беру бірнеше кезеңнен тұрады:    

  •  магистарльдағы күтілетін дыбыс деңгейін анықтау;
  •  көлік ағымының шуылдан қорғау нысанына дейінгі аралықтың ұлғаюына байланысты  дыбыс деңгейінің төмендеуін анықтау;
  •  дыбыс жолдарына жасанды  экрандар жасау арқылы дыбыс деңгейінің  төмендеуін қосымша анықтау;  
  •  шуылдың жасыл желектер арқылы төмендеуін анықтау;
  •  аумақтағы шуылдан қорғау нысанындағы күтілетін дыбыс деңгейін анықтау;
  •  бөлмедегі күтілетін дыбыс деңгейін анықтау;  
  •  есептелген көлемдерді рұқсат етілген шуыл нормасымен салыстыру;
  •  санитарлық қорытынды.

 

                                        Тест сұрақтары

1 . Су сапасына су құбыры торабының әсерін бағалау кезінде бақылау жүргізіледі:

*+исі

* флокулянтттардың қалдық мөлшері

* коагулянттардың қалдық мөлшері

* флокулянтттардың қалдық мөлшері

* белсенді хлордың қалдық мөлшері

*темір

2. Су тораптарында ластану анықталған кезде қосымша зерттеулер жүргізілуі қажет:

* белсенді қалдық хлор

* жалпы кермектілігі

* коли-фагтар

*+ жаңадан нәжістік латану

* коагулянттардың қалдық мөлшері

3. Су тораптарында ластану анықталған кезде қосымша анықталады:

* темір

*+ азотқұрамды затттар

* берилий

* сульфиттер

* жалпы керм115.  

4 .Топырақтың санитарлық жағдайын бағалау үшін қолданылатын көрсеткіш:

*+ санитарлық-химиялық

* органолептикалық

* транслокациялық

* миграционды-ауалы

* миграционды-сулы

5.. Қалдықтарды утилизациялау:

* жерге көму

*+ екіншілік өнім алу

*жағ

* пиролиз

* гидролиз

6.. Тұрмыстық қалдықтарды сақтау мерзімі:

*+ 3 тәулік

* 4 тәулік

* 5 тәулік 

* 6 тәулік 

* 1ай

7.. Құрылыс қалдықтарды сақтау мерзімі:

*7 тәулік

* +1 ай

* 2 ай

* 3 ай

8.. Жаңадан органикалық ластану ненің жоғарылағанын білдіреді?

* нитраттардың

* нитритттердің

* сульфаттардың

*+органикалық азоттың, көміртегінің жоғарылауын

* сульфиттердің

9..  Судың түстілігін қандай заттар анықтайды?

* нитраттар

* өлшенді заттар

* нитриттер

*+ гуминдік заттар

* фтор

10. Қандай заттар лайлылықты анықтайды?

* гуминдік

*+өлшенді

* фтор

* нитраттар

* нитриттер

11. Хлебниковтың санитарлық саны не үшін қолданылады:

* топырақтың микробтық ластануын бағалу үшін

*+топырақтың санитарлық-химиялық жағдайын бағалау үшін

* гельминтологиялық ластануды бағалау үшін

* энтомологиялық ластануды бағалау үшін

* топырақтың токсикалық ластануын

12. Транслокациялық көрсеткіштер сипаттайды:

* заттардың суға өту деңгейін

* заттардың ауаға өту деңгейін

*+ заттардың өсімдікке өту деңгейін

* топырақтың биологиялық белсенділігінің өзгеруін

* судың, тағамның дәмінің, исінің өзгеруі

13.  Қалдық жинағыштар тұрғын үйден келесі қашықтықта орналасуы қажет:

* 10 м

*+ 20 м

* 30 м

* 40 м

* 50 м

14. Қалдықтарды биотермиялық зарарсыздандыру әдісі:

* пиролиз

* гидролиз

*+ компостирлеу

* жағу

* престеу

15. Топырақты санитарлық бағалау үшін қолданылатын көрсеткіш:

* жалпы санитарлық

*+ санитарлық-химиялық

* органолептикалық

* санитарлық-токсикологиялық

* транслокациялық

16.  Зияндылықтың 6 көрсеткіші бекітілетін орта:

* су

* ауа

*+топырақ

* тағамдық азықтар

* су мен ауа

17.Қандай метеофактор фотохимиялық тұман түзеді?

* жоғары температура

* төмен температура

* ауаның жоғары қозғалысы

*+ УК-сәулелер

* ультрақызыл сәулелер

18.Ауада қандай зат  фотохимиялық тұман түзеді?

* күкірттік ангидрид

*+ озон

* азоттың қос тотығы

* азот тотығы

* күкірт тотығы

Көміртегі тотығы

19. Атмосфераның ластану потенциалының көрсеткіштері:

* жоғары температура

* төмен температура

*+ жоғары ылғалдылық

* төмен ылғалдылық

* дауылды жел

20. Түтіндену розасының шыңы көрсетеді:

* жел розасын

*+ластаушы көзді

* климатты

* климаттық аудан

* жарықтық климат

21.  Атмосфералық ауаның кешенді көрсеткіштері ескереді:

* заттың тек концентрациясын

* тек ШРЕК-ті

*+заттардың ШРЕК-тен жоғарылау жиілігінің қосындысы

* сынама алу нүктесі

* әсер етудің болжамды рұқсат етілген деңгейі

22. Қолайсыз метеожағдайдың қайталануы:

* атмосфераның ластану индексі

*+ атмосфераның ластану потенциалы

* инверсия

* температуралық стратификация

* температуралық  градиент

23. Тұрмыстқ іркінді сулар үшін тән:

* химиялық ластану

* физикалық ластану

*+ бактериалдық ластану

* ластануы орташа

* ластануы жоғары

24. Адамға жанама әсер көрсетеді:

* ауаның ластануы

* су нысандарының ластануы

*+ топырақтың ластануы

* жұмыс зонасы ауасының ластануы

* барлық жағдайларда

25 .Топырақтың бұрыннан ластанғанын және өзін-өзі  тазарту үрдісінің аяқталғанын білдіреді:

* нитриттар

*+ нитраттер

* NHз

* метан

* барлық компаненттер

26. Топырақтың бұрыннан ластанғанын және өзін-өзі  тазарту үрдісінің жүріп жатқандығын білдіреді:

* формальдегид

*+ нитриттар

* метан

* оттегі

* көмірқышқыл газы

27. Топырақта химиялық заттарды нормалаудың бір зияндылық көрсеткіші:

* бактериологиялық

* трансформациялық

*+ миграциялық

* рефлекторлық

* резорбтивтік

28. Судағы химиялық заттардың лимититтік көрсеткішіне жатады:

* бактериологиялық

*+ санитарлық-токсикологиялық

* транслокациялық

* су-миграциялық

* ауа-миграциялық

ектілігі

29. Судың жаңадан нәжістік ластануы кезінде анықталады:

* оттегінің химиялық қажеттілігі (ХПК)

* белсенді қалдық хлор

*+ лактоза оң ішек таяқшалары

* жалпы кермектілігі

* белсенді реакция

30 .Суды өңдеу кезінде қосылатын химиялық зат:

*темір

*+ полиакриламид

* марганец

* хлоридтер

* сульфаттар

 

                           

                                    МАЗМҰНЫ

Алғы сөз...............................................................................................................................................................1

I Бөлім. Қоммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігердің

жұмысының әдістері мен бақылау нысандары ..............................................................................4

IІ Бөлім. Жобаның сызба материалдарын оқу   ..........................................................................37

Бас  жоспар сызбаларын оқу................................................................................................................57

IІІ Бөлім. қоршаған орта қауіптілік факторларының   денсаулығына  әсерін зерттеу...................................................................................................................................................73

Халықтар денсаулығы жағдайын зерттеу тәсілдері ...........................................................................7

«Қоршаған орта-халықтар денсаулығы»  математикадық үлгіні жасау тәсілі......................................................................................................................................................80

Қоршаған орта  қауіптілік факторларына баға беру тәсілдері  ......................................................92

IV Бөлім.   Су және елді мекендерді сумен қамтамасызету гигиенасы..................................104

Күнделікті санитарлық бақылау ................................................................................ ......................104

Шаруашылық ауыз-сумен қамтамасыз ету көздерін тексеру  .......................................................102

Зерттеу жүргізу үшін су сынамсын алу тәсілі..................................................................................107

Зертханалық сараптаулар арқылы  судың сапасына баға беру тәсілі.......................... .................113

Ауыз су сапасын  бақылаудың  жұмыс жоспарын келісімге салу тәсілі     ..................................114

Ауыз су сараптамасына баға беру тәсілі  .........................................................................................116

Жерасты су көздерінің  бас су құбырларын зерттеу...................................................................... .126

Жер беті су көздері құбырларын зерттеу................................................................   .......................128

Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету ..............................................................................134

Каптаж бен бұлақ суларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ....................135

Шахталық құдықтарды санитарлық тексеру тәсілі...........................................................................136

Шахталық құдықтарды санациалауды жүргізу тәсілі.......................................................................139

Сақтық санитарлық бақылау...............................................................................................................145

Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету  жобаларына санитарлық сараптама жасау....................145

Шаруашылық- ауыз сумен қамтамасыз етудің жер асты су көздернің жобасына сараптама жасау......................................................................................................................................................145

V Бөлім.   Су нысандарын санитарлық қорғау.....................................................................................................................................................164

Күнделәікті санитарлық бақылау......................,............................................................................................................................161

Елді мекендердің  канализация жүйесіне  санитарлық баға беру....................................................164

Су  нысандарының ластану дәрежесіне баға беру.............................................................................170

Су нысандарын         санитарлық.........................................................................................................172

Қалалық тазарту құбырларының жұмыс тиімділігіне баға беру......................................................173

Ағынды суларды  топырақ арқылы тазарту құбырларын санитарлық тексеру тәсілі............... ....177

Ағынды суларды су нысандарына жіберілу жағдайына  санитарлық сараптама жасау тісілі.......180

Сақтық санитарлық бақылау................................................................................................................189

Елді мекеннің  канализация жобасына санитарлық сараптама жасау.............................................191

Елді мекеннің және жееке нысандардың канализациясыныңм жобасына сараптама жасау  ......195

Шекті рұқсат етілген тастандылар жобасына сараптама жасау...................................................... 198

VI Бөлім.   Елді мекендердегі   топырақты санитарлық қорғау ...............................................206

Күнделікті санитарлық қадағалау.......................................................................................................206

Елді мекендерді тазарту жағдайына санитарлық бақылау жасау....................................................207

Топырақтағы  ауыр металлдардың мөлшермен рұқсат етілген  концентрациясын есептеу  .212

Елді мекенді тазартуға арналған арнаулы көліктердің жұмысына бақылау жасау..........................214

Қалдықтарды залаласыздандыратын  құбырларға бақылау жасау ....................................................214  

Елді мекендердің аумағының топырағына қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ..................................................................................................................................................................216

Елді мекендерді санитарлық тазарту ....................................................................................................218

Қоқыс салатын контейнерлер санын анықтаутәсілі.............................................................................221   

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қойылатын күнделікті санитарлық бақылау.................225

Улы қалдықтардың қауіптілік классын есептеу тәсілдері................................................................... 227

Сақтық санитарлы бақылау.....................................................................................................................235

Елді мекендерді тазарту  жобасына санитарлық сараптама жүргізу тәсілі .......................................238

Қатты тұрмыстық қалдықтарға  арналған полигодар жобалауға жүргізілетін сақтық санитардық бақылау ....................................................................................................................................................239

VII Бөлім.  Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау  ................................................................244

Күнделікті санитарлық бақылау.............................................................................................................246

Атмосфералық ауаның ластану дәрежесіне  бақылау әдістемесі .......................................................248

Атмосфералық ауадан сынама алу әдістемесі.......................................................................................250

Атмосфералық қысымды анықтау әдістемесі.......................................................................................257

Стационарлық бақылау орындарының мәліметтерін өңдеу әдістемесі..............................................269

Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау әдістемесі...........................................................................261

Атмосферадағы тамшылы бөлшектерді зерттеу әдістемесі.......................... ......................................262

Атмосфералық ауаның ластануын  кешенді бағалау әдістемесі................................................................................................................................................  265

Атмосфералық жауын-шашынның қышқылдығын анықтау әдістемесі................................................................................................................................................  269

Атмосфералық ауа ластану көздері болып табылатын  нысандардың қызмет етуіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар................................................................................................................................................  273

Сақтық санитарлық бақылау................................................................................................................................................. 274

Жобаға сараптама жасау әдістемесі.............................................................................................................................................  276

Өнеркәсіп орындарының санитарлық қорғаныс аума,ының тиімді мөлшерін бағалау

әдістемесі.............................................................................................................................................. 280

Санитарлық қорғаныс аймағының мөлшерін есептеу әдістемесі.............................................................................................................................................. 284

Санитарлық қорғаныс аймағын желдің бағытына байланысты қайта түзету................................................................................................................................................... 291

VIII Бөлім.   Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар гигиенасы.........................................................................................................................................  299

Ғимаратты жоспарлау және құрылыс салу кезіндегі санитарлық бақылау............................................................................................................................................... 299

Күнделікті санитарлық бақылау............................................................................................................................................... 299

Бөлмелердегі микроклимат парметрлері сақталу үшін санитарлық бақылау............................................................................................................................................... 301

Жылыту.............................................................................................................................................. 309

Желдету.............................................................................................................................................. 318

Ауа шығынын және ауа алмасу жиілігін анықтау әдістемесі............................................................................................................................................ 321

Жасанды және табиғи жарықтануды зерттеу әдістемесі........................................................................................................................................... 324

Бөлмедегі жасанды жарықтануды анықтау әдістемесі. ................................................................ 324

Кейбір көру қызметтері бойынша  жарықтану жағдайларын салыстырмалы гигиеналық

бағалау  әдістемесі.  ...................................................................................................................... 332

Емдеу профилактикалық мекемелер ......................................................................................................................................................... 335

Сақтық санитарлық бақылау ......................................................................................................................................................... 343

Жобаны табиғи жарық бөлімі бойынша сараптау тәсілі  ........................................................   358

Ғимаратты қоршаған құрылымдардың жылу қорғау дәрежесіне  санитарлық сараптама

Жасау   тәсілі................................................................................................................................... 362

ЕПМ жобалық материалдарына гигиеналық сараптама жасау.......................................................................................   ....................................................... 366

IX  Бөлім.   Елді мекендерді жоспарлау және құрылысын салу гигиенасы  ........................................................................................................................................................ 375

Күнделікті санитарлық бақылау........................................................................................................................................ 376

Аумақтар мен бөлмелердің  инсоляциялануының ұзақтығына қойылатын талаптар...................................................................................................................................... 376

Көше көліктерінен бөлінетін шуыл деңгейіне бақылау.....қою................................................................................  ......................................... 380

Көліктен бөлінетін шуылдарға гигиеналық баға беру...тәсілдері............................................................................................................................. 381

Көліктен келетін шуылдеңгейін есептеп  анықтаутәсілі ........................................................ 387

Дыбыс деңгейін экрандау арқылы төмендетудің есептеу тәсілі ........................................... 390

Радиотехникалық нысандарға жататын санитарлық қорғау  аймағын (СҚЗ) және

Құрылысты  шектеу       аймағын  есептеу      тәсілі................................................................ 397

Сақтық  санитарлық    бақылау...................                                         ..................................... 398

Елді мекендерді жоспарлаудың жобалық материалдарына сараптама  жасау. .................. 403

Құрылыс жобасы мен егжей-тегжейлі жобаның санитарлық  сараптамасы......................... 416

Ауылдық елді мекендерді жобалау мен құрылысын салу................................................... 419

Елді мекендер аумағының мөлшеріне баға беру тәсілі .......................................................... 422

Шу көздеріне  сақтық санитарлық   бақылау .......................................................................... 423

                                      

                                      Оқу әдебиеті

Неменко Борис Аркадьевич,

Арынова Гүлбану Әбжанқызы,

Бекказинова Данара Болатқызы,

Елғондина Гүлден Базарбайқызы.

КОММУНАЛДЫҚ ГИГИЕНА БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК     

                    САБАҚҚА АРНАЛҒАН БАСШЫЛЫҚ

                                    Оқулық

 

PAGE  


PAGE  443


                                                                                                                                                      


PAGE  




1. Класс 1998. т. 3 с.180207
2. Анализ хозяйственной деятельности
3. ТЕМА- ТЕРМОМЕТРИЯ Выполнил- Студент группы РФ~00~2 Азизов
4. Тема 3 Международные стандарты по финансовой отчетности и раскрытию информации 1
5. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата технічних наук Льв
6.  ~о~амны~ ~леуметтік ж~йе ретіндегі м~ні
7. Однако насколько правильно вообще понимается эта сила Чтобы говорить о жезле и горшке сначала нам необход
8. Роль арбитражного управляющего при заключении мирового соглашения в деле о банкротстве
9. Тема- Основные формы международных экономических отношений
10. перцептивного опыта влияет на развитие ЦНС человека
11. модульної контрольної роботи Теми Одиниці компіляції та модифікатори типів даних sttic extern pscl cdecl voltile.
12. Реферат- Компьютерные сети и технологии
13. тематические методы Тема
14. История России конца 19 - начала 20 века
15. Положення про систему управління охороною праці на підприємстві; Положення про службу охорони праці підпри
16. а Во время путешествия вы познакомитесь и увидите- Старая Рига Церкви многовековая архитектура с че
17. КОНТРОЛЬНАЯ РАБОТА по дисциплине Политология
18. Представление о личности в общей и дифференциальной психологии
19. Игрушки Советского общества. История и значение
20. Пьеса А. С. Грибоедова ldquo;Горе от умаrdquo; знаменует собой победу в творчестве писателя реализма точнее го