Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

1. За~ды т~л~аларды~ ~ызметiн лицензиялау т~сінігі

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 23.11.2024

МАЗМҰНЫ

Кіріспе........................................................................................................................3

  1.  Заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау..................................................4

1.1. Заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау түсінігі........................................4

1.2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы....................11

1.3. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары...................................12

1.4.  Лицензияны және лицензияға қосымшаны беру шарттары........................20

Қорытынды............................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................27

Қосымша.................................................................................................................28

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда бірқатар кәсіпкерлік қызмет түрлерін мемлекет реттейді, аталған қызмет түрлеріне рұқсат алу қажет – лицензия, аккредитация туралы куәліктер, сертификациялар, рұқсаттар, келісімдер мен өзге рұқсат құжаттары. Рұқсат құжаттары жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір қызмет түрімен айналысу немесе білгілі бір әрекеттер жүзеге асыру құқығын береді. Рұқсат жүйесі саласында негізгі нормативтік-құқықтық акті болып «Лицензиялау туралы» ҚР Заңы табылады, аталған Заң егер Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өнімге қойылатын талаптар, өнімдер мен үдерістердің жеке түрлерінің сәйкес болуын міндетті растау бойынша талаптар мемлекеттік әкімшілендіру мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз, ал әсіресе – тұрғындардың қауіпсіздігін, денсаулығын және өмірін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қызметтің жеке түрлерін лицензиялау кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мейлінше қатал талаптарды болжайды.

Курстық жұмыстың мақсаты. Лицензиялау  заңды   тұлғалардың шаруашылық кызметін  әкімшілік реттеу әдісі, ол тізбесі заңмен айқындалатын  қызметтің  жекелеген түрлерімен айналысу үшін арнаулы рұқсат (лицензия) алуды көздейді. Лицензия әр түрлі қызметтерді көрсетуге рұқсатты ұсынатын құжат ретінде заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) міндетті құжаттарының бірі болып табылады. Сол себепті осы курстық жұмысты орындау барысында алдымызға Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды лицензиялаудың негізгі шарттарын зерттеу және лицензияға қосымшаны беру шарттары мен тәртібін анықтауды мақсат етіп қойдық.

Берілген «Заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау тәртібі» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспеден, 1 тараудан, 4 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.  

  1.  Заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау

1.1 Заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау түсінігі

Лицензиялау заңды тұлғалардың  шаруашылық кызметін әкімшілік реттеу  әдісі, ол тізбесі заңмен айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін арнаулы рұқсат (лицензия) алуды көздейді.

Қазақстанда қызметтің анықталған түрлерімен айналысу лицензия алуды талап етеді. Лиценциялау жекелеген қызмет түрлері бойынша келесі салаларда жүргізіледі:

  1.  өнеркәсіп;
  2.  атом энергиясын пайдалану
  3.  улы заттар айналымы;
  4.  көлік;
  5.  есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
  6.  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  7.  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;
  8.  қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;
  9.  ғарыш кеңістігін пайдалану;
  10.  ақпараттандыру және байланыс;
  11.  білім беру;
  12.  бұқаралық ақпарат құралдары;
  13.  ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия және картография;

14.  денсаулық сақтау;
15.  жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
16.  ойын бизнесі;
17.  ветеринария;
18.  сот-сараптама;
19.  мәдениет;
20.  қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
21.  сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
22.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындау;
23.  этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы;
24.  экспорт  пен импорт тауарлары;
25.  тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс.
2 

Лицензиялаудың негізгі принциптері

Лицензиясыз жұмыс жүргізу компанияның лицензиясыз қызметінен  түскен кірістерді тәркілеу және айып салу түрінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен бірге лицензиясыз жұмыс жүргізу - заңсыз мерзімдерде жасалған формалды келісімдер жарамсыз деп тану, компанияның жұмысы тоқтату және лицензия ережелерін бұзған болып табылады.

Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» заңында  қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы  Заңына жаңа қызмет түрлері және қызметтің кіші түрлері енгізілген кезде оларды лицензиялау біліктілік талаптары мен қызмет түрлерін лицензиялау ережелері белгіленетін тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады. Біліктілік талаптарын, қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс жекелеген тауарлар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға тиіс емес. 3

Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасының  заңдарында  белгіленген  өкілеттіктер  шегінде  жүзеге асыратын қызметті қоспағанда, лицензиялау  талап етілетін қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға немесе белгілі бір іс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.

Кредиттік серіктестіктер, өзара сақтандыру қоғамдары, сондай-ақ  Ұлттық почта операторы  Қазақстан Республикасының  заңдарында  белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.4

Лицензияны беру мерзімі

  1.  қажетті құжаттарды берген күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде;
  2.  қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтер мен қаржылық салаларда, атом энергетикасын пайдалану саласында – 30 жұмыс күні ішінде.

Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап, лицензия берілген болып саналады. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге міндетті. Олай болмаған жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынған болып есептеледі, ал, лицензияр қабылдаған күні туралы белгі соғылған құжат көшірмесі, лицензияның өзін алғанға дейін заңмен бекітілетін құжаттар лицензиямен жұмыс жүргізілген болып есептеледі.

«Лицензиялау туралы» ҚР Заңының 43 бабына сәйкес Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi. Лицензиар 43 бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.

Егер лицензиар осы «Лицензиялау туралы» ҚР Заңында белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтiнiш берушiнi лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, «Лицензиялау туралы» ҚР заңының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн белгiленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi тиiстi лицензиарды қызметтiң өзi өтiнiш берген түрiн және (немесе) кiшi түрiн жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi. Кәсіпкерлер лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге мiндеттi екенін білуі тиіс. Лицензияның беру мерзімін бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады және аталған жағдайда, кәсіпкер мемлекеттік органдардың әрекетіне сотқа шағымдана алады.5

Лицензиялаудың түрлері

«Лицензиялау туралы» ҚР Заңының 9 бабына сәйкес лицензия келесі белгілері бойынша бөлінеді:

1. Субъектiлер бойынша:

1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берiлетiн;

2) шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берiлетiн лицензиялар.

2. Қызмет көлемi бойынша:

1) бас қызмет - қолданылу мерзiмiне шек қойылмай қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысуға берiлетiн;

2) бiржолғы - рұқсат етiлген мерзiм, көлем, салмақ немесе мөлшер шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясымен айналысуға (заттай не ақшалай түрде), сондай-ақ "Ойын бизнесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiм шегiнде ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiмен айналысуға және "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген көлем шегiнде үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысуға берiлетiн;

3) операциялық - банк қызметiнде жекелеген операциялармен,

сақтандыру қызметiнде сыныптарға жiктеумен (сақтандыру сыныптарымен) айналысуға берiлетiн лицензиялар.6

1.2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңы 2007 жылғы 11 қаңтарда қабылданды.  Қазақстан  Республикасының  лицензиялау  туралы  заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негізделеді және Қазақстан Республикасының   өзге  де  нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта  Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында  көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.7

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілік талаптары - өтініш берушінің жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;

      2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

      3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;

      4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

      6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;

      7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

      8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі - қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде нақтылау;

      9) лицензиялар тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрған, жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор;

      10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;

      11) лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;

      12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға;

      13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган.8

1.3. Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары

Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензиаттың санатын, өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензияланатын қызмет түрi жүзеге асырылатын саланы көрсету үшiн енгiзiледi.9

Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:

1) iздестiру қызметi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

  1.  инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:
  2.  геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
  3.  жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;
  4.  жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);
  5.  инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекіту арқылы нақты іске асырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;

Инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:

  1.  геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;
  2.  жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;

2) жобалау қызметі.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды: қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:

  1.  жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
  2.  елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
  3.  құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;
  4.  ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;
  5.  тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерiн орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;
  6.  елдi мекендер мен қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;
  7.  құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерiн орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;
  8.  инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;

Ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк - реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:

  1.  объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды;

Құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:

  1.  негiздер мен iргетастарды;
  2.  бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;
  3.  металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;

Инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:

  1.  жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
  2.  су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
  3.  тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;
  4.  iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және
  5.  10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;
  6.  35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
  7.  магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;

Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:

  1.  мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
  2.  көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсету үшін, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

Өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:

  1.  энергетика өнеркәсiбiне арналған;
  2.  жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;
  3.  ауыр машина жасауға арналған;
  4.  медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;
  5.  бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
  6.  мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;
  7.  көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

Көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:

  1.  автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;
  2.  жергiлiктi байланыс, радио, телекоммуникация желiлерiне;
  3.  байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

Мыналарды:

  1.  теміржол көлiгi қатынасы жолдарын;
  2.  барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
  3.  қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;
  4.  көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайырықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
  5.  өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

3) құрылыс-монтаж жұмыстары.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

  1.  жер қабатындағы арнаулы жұмыстарды, оның ішінде:
  2.  іргетас негіздерін орналастыруды;
  3.  жер қабатындағы бұрғылау жұмыстарын;
  4.  суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстарды;

Объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын, ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен жол өткізгілер, өзге де жасанды құрылыстар) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды, оның ішінде:

  1.  металл конструкцияларды монтаждауды;
  2.  мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;
  3.  көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;
  4.  гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;
  5.  түтiн мұржаларын, күш түсетін құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;
  6.  тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгілеуге қарсы қалқаларды орналастыруды;
  7.  көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен басқа да көтергіш құрылғылар конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
  8.  монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
  9.  шатыр жабу жұмыстарын қамтиды;
  10.  күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды салу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның ішінде:
  11.  қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);
  12.  мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
  13.  кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн;
  14.  байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;

Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылғысын, оның iшiнде:

  1.  теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
  2.  газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;
  3.  суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
  4.  электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, iшкi электрмен жарықтандыру және электрмен жылыту желiлерiн қамтиды;

Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын салу, оның ішінде:

  1.  темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын салу;
  2.  I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
  3.  III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
  4.  аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын қамтиды;
  5.  мыналармен:
  6.  гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;
  7.  құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;
  8.  театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлермен;
  9.  байланыспен, аварияға қарсы қорғаумен, бақылау және дабыл құралы жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;10

1.4 Лицензияны және лицензияға қосымшаны беру шарттары

 

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша беріледі.

Лицензияны және лицензияға қосымшаны (лицензияланатын қызметтің кіші түрлері болған жағдайда) алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тізбесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган да белгілей алады.

Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 11

Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласындағы органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну жөнінде сауал жібереді.

Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласындағы органдар лицензиардың сауалының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді.

Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Ойын бизнесі саласындағы қызметке лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңымен айқындалады. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия берудің шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).

Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін электрондық түрдегі құжаттардың көшірмелерімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішін жолдай отырып, электрондық лицензия беру туралы лицензиарға өтініш жасай алады. Мемлекеттік органдар осы баптың 2 - тармағында көрсетілген өтініш берушінің ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы тексеруді дербес жүргізеді. Мұндай ресурстар болмаған жағдайда мемлекеттік органдар құжаттардың қағаз жеткізгіште берілуін талап етуге құқылы.12

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап – отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін («Лицензиялау туралы» Заңның 19-бабы екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда) он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Лицензиар осы бапта белгіленген мерзім ішінде лицензияны және лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.

Егер лицензиар «Лицензиялау туралы» Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, «Лицензиялау туралы» Заңда лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін және кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және лицензияға қосымша беруге міндетті.13

Лицензияның және лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресімдеу және беру. Лицензиясы және лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы. Лицензияның және  лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Қызметтің лицензияланатын түрінен бір немесе одан көп банк операциялары, бір немесе одан да көп сақтандыру қызметіндегі класс алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді. 14

Лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату. Лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:

1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;

2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;

3) лицензия алып қойылғанда;

4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе

қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;

5) лицензия және лицензияға қосымша лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;

6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және кіші түрі алып тасталса;

7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. Лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.15

Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарынды көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.16

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту

1. Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) осы Заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензия беруден бас

тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;

3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;

5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілей алады.

Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.17

Қорытынды

Қазіргі уақытта Ақпарат және байланыс министрлігі «Е-лицензиялау» электрондық лицензиялауды енгізу жобасын әзірледі . Аталған жүйе 2011-2012 жылдар ішінде іске қосылды, оның көмегімен лицензиат сканерден өткізілген үлгідегі құжаттарды қоса ұсына отырып, «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы өтініш беру мүмкіндігіне ие болды.

Курстық жұмысты орындау барысында заңды тұлғаларды лицензиялау түсінігін мен оларды беру шарттарымен таныстық.

Лицензиялау заңды тұлғалардың  шаруашылық кызметін әкімшілік реттеу  әдісі, ол тізбесі заңмен айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін арнаулы рұқсат алуды көздейді.  Сонымен қатар лицензиясыз жұмыс жүргізу компанияның қызметінен  түскен кірістерді тәркілеу және айып салу түрінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен бірге лицензиясыз жұмыс жүргізу - заңсыз мерзімдерде жасалған формалды келісімдер жарамсыз деп тану, компанияның жұмысы тоқтату және лицензия ережелерін бұзған болып табылады.

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңы 2007 жылғы 11 қаңтарда қабылданды.  Қазақстан  Республикасының  лицензиялау  туралы  заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негізделеді және Қазақстан Республикасының   өзге  де  нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта  Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында  көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге заңды тұлғаларға деген сұраныс артуда. Сондықтан заңды тұлғаларды лицензиялаудың барынша ыңғайлы әрі қол жетімді болуын сұраймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

Ι. Нормативтік құқықтық актілер:

  1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (2011 жылы 2 ақпандағы №403–IV Заңдарымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар)
  2.  Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы және Ерекше  бөлімдері) Алматы: ЮРИСТ, 2013. – 364 б. (2012 жылғы 26 желтоқсандағы №61-V Заңдарымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен берілген)
  3.  Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы (2011.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ΙΙ. Арнаулы әдебиеттер:

  1.  «Қазақстан Республикасында лицензиялау және рұқсат ету жүйесі» Әдістемелік нұсқаулық АСТАНА, 2010
  2.  www.e.license.kz  Қазақстан Республикасының электронды лицензиялау
  3.  Гражданский Кодекс РК (Общая часть) комментарий в 2-х книгах. Книга-1 (отв.ред. Сулейменов М.К,Басин Ю.Г.) Алма-Ата Жеті Жарғы,1998г.
  4.   Гражданское право в 2-х томах /отв. ред  Е.А.Суханов. Москва изд: БЕК 1993 г.
  5.   Гражданское право. Учебник для ВУЗов /отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин Алма-Ата 2002 г.

Қосымша

№ 1 Қосымша

Заңды тұлғаның лицензия алу туралы өтінішінің үлгісі

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы __________

№ ____ қаулысына

 

Нысан

 

________________________________________________________________

                                    (лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________

            (жек тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН)

 

ӨТІНІШ

________________________________________________________________________________________________________________________________

                                 (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрі көрсетiлсiн)

______________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

Мекенжайы__________________________________________________

                                                          (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі)

Электронды пошта _______________________________________________

Телефондары ____________________________________________________

Факс ___________________________________________________________

Банк шоты ______________________________________________________

                 (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары)_________________________________

(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі)

______парақта қоса беріліп отыр.

осымен, көрсетілген барлық деректердің ресми екендігі және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағандығы;

қоса берілген құжаттардың барлығы қолданыста және қолданысқа жататындығы расталады.      

 

Жеке тұлға __________ _________________________________________

               (қолы)                           (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

 

Мөр орны                        толтыру мерзімі: 20__ жылғы _______________

(болған жағдайда)

№2 қосымша

Мемлекеттік лицензия үлгісі

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы __________

 

Нысан

 

Қазақстан Республикасының

Елтаңбасы

 

Мемлекеттік лицензия

 

20____ жылғы «___» ___________

№________

 

________________________________________________________________

(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын

________________________________________________________________

қызмет түрінің атауы)

______________________________________________________________________________________________________________________айналысуға

________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, БСН/жеке

_________________________________________________________ берілді

тұлғаның аты-жөні толығымен ЖСН)

Лицензия түрі ___________________________________________________

                («Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

________________________________________________________________                                   

                                                      9-бабына сәйкес)

Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары ______________________

                                                                                  («Лицензиялау туралы»

________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес)

Лицензиар _______________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

________________________________________________________________

 

Басшы (уәкiлеттi адам) ____________________________________________

        (басшының (уәкiлеттi адамның) Т.А.Ә.)

Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы лицензия үшін)

 

Мөр орны (қағаз тасығыштағы лицензия үшін) 

Берілген орны ____________________________

2 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 11 бап

3 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі  34 бап

4 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 4 бап

5 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 43 бап

6Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 9 бап

7 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 2 бап

8 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 3 бап

9 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 9 бап 2-тармақ

10 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 33 бап

11 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 42 бап 1 –тармақ

12 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 42 бап 2 - тармақ

13 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 43 бап

14 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 47 бап

15 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 48 бап

16 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 49 бап

17 Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңы 45 бап




1. экономическая и юридическая характеристика предпринимательства предпринимательской деятельности.
2. Исторические взгляды декабристов.html
3. на тему Единство мира и проблема психики
4.  СОЦИАЛЬНАЯ СТРАТИФИКАЦИЯ Разделение общества на большие группы
5. Помощник ВРАЧА СТОМАТОЛОГА ОРТОПЕДА
6.  Аналитический ~ адекватность товара образцу информация 2
7. на тему- Способствовало ли возрождение наук и искусств улучшению нравов
8. Андреа Камиллери Телефон Лекарство от скуки
9. Хозяйственные ситуации и операции как объект бухгалтерского дел
10. Двигательная активность
11. Реферат- Прибор Ультразвуковой отпугиватель грызунов
12. Существенность в аудите
13. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата наук з державного управління Харків
14. Нептун
15. тематичний розподіл предметів за класами на підставі загальної ознаки який здійснюється таким чином щоб ко
16. ГОРНОАЛТАЙСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ Биологохимический факультет Кафедра органической хими
17. Тема- ldquo;Как правильно готовить урокиrdquo;
18. Реферат СМИ как субъект политического процесса и манипулирования Выполнил-
19. Тема- Пожежна безпека
20. Формирование произвольности у детей с задержкой психического развития