У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

І. Кіріспе ІІ. Негізгі б~лім 2

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім

2.1 Cұраныс пен ұсыныстың әрекеттесуі.Нарықтық тепе-теңдік.

2.2 Нарықтық тепе-теңдіктің үлгілері.

ІІІ. Қорытынды

                                                 

                                                   Кіріспе

Бұл тақырыпты талдауға кіріскенде,алдымен нарық деген ұғымды түсініп  алуымыз қажет.Өйткені,бұл ұғымды түсініп алғаннан кейін ғана біз оның  басты элементі - сұраныс пен ұсыныстың толық  мәнін қаратыруға мүмкіндік  аламыз. Жалпы  нарық  немесе  рынок  деген  ұғымды  классикалық  саяси  экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) "көрінбейтін қол"  қағидасымен  байланыстыруға  болады. Оның айтуынша, "көрінбейтін қол" - бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке  жетелейтін автоматты  өзін-өзі  реттеу  механизмі, өндірушілердің  пайдасын  арттыруға  және  тұтынушылардың  пайдалылығын  максималдауға  итермелейтін   күш  және  мәжбүрлейтін  бәсекелік  күрес.  Сондықтан, классикалық   бағытқа  сәйкес, нарық  өзін-өзі  автоматты  түрде  реттейтін  механизм  деген  тұжырым  қалыптасқан. Нарық  деген  ұғымға  бірнеше  анықтама  беруге  болады.

Нарық – экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қатынастар.   

                                         Нарық түрлерінің айырмашылығы

Өндіріс факторларының нарығы

Тауар және қызмет көрсету нарығы

• Жер және жылжымайтын мүлік нарығы: Жер участкілері, қызметтік және тұратын үй-жай (сатып алу-сату немесе жалға алу-жалға беру туралы хабарландырулар БАҚ-та жарияланады)

• Тұтыну тауарларының нарығы: Күнделікті сұранымға ие тауарлар (азық-түлік, тұрмыстық заттар, киім-кешек)

• Еңбек нарығы: Адамдардың дене және ақыл-ой жағынан еңбек ете білу қабілеті (еңбек биржасы, бос тұрмыс орындары туралы БАҚ-та жарияланады)

• Инвестициялық тауарлар нарығы: өндіріс құралдары (шикізат, машина, құрал-жабдық)

Қаржы капиталының нарығы: Кредиттер мен құнды қағаздар (акциялар, облигациялар)

Нарық принциптері:

  1.  Маржиналдық талдау
  2.  Балама таңдау
  3.  Экономикалық рационалдық

Нарық түрлері:

Объектілердің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

  1.  Игіліктер мен қызметтер нарығы;
  2.  Өндіріс құралдарының нарығы;
  3.  Ғылыми - техникалық құралдар нарығы;
  4.  Бағалы қағаздар нарығы;
  5.  Жұмыс күші нарығы.

Кеңістік критерийі бойынша:

  1.  Аймақтар ішіндегі;
  2.  Аймақаралық;
  3.  Республикалық;
  4.  Республика аралық;
  5.  Халықаралық.

Нарыққы қатысатын субъектілер бойынша:

  1.  Көтерме сауда:
  2.  Бөлшек сауда;
  3.  Ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарығы;

Заңды тіркеу бойынша:

  1.  Ресми;
  2.  Көлеңкелі нарықтар.

                                            Атқаратын қызметі:

Ақпараттық      Делдалдық       Реттеуші     Санациялық                Баға белгілеу

 қызмет

Нарық артықшылығы:

Нарық кемшіліктері:

  1.  Өзгеретін жағдайға тез бейімделуі;
  2.  Жаңа технологияларды оперативті қолдану;
  3.  Өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі
  4.  Тұтынушылардың керекті тауарды жоғарғы сапамен керекті мөлшерде пайдалану мүмкіндігі.
  1.  Еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;
  2.  Қоғамдағы теңсіздік туындауы;
  3.  Ұжымдасқан түрде өнім өндіруге ынтаның болмауы;
  4.  Нарық әлеуметтік қажетті тауарлар өндіруге емес,ақшасы бар елдің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.

Нарық механизімінің элементтері:

  1.  БАҒА;
  2.  БӘСЕКЕ;
  3.  СҰРАНЫС;
  4.  ҰСЫНЫС.

БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

          Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес бағаның көптеген түрі қолданылады. Олар меншік түріне қарай мемлекеттік (кесімді және реттелген) баға және еркін (нарықтық) баға; қоғамдық өндірістің жіктелуіне қарай өндіріс қоры бағасы және тұтыну тауары бағасы; экономикалық айналым мен тауар қозғалысының сипатына қарай көтерме сауда бағасы және бөлшек сауда бағасы; транспорттық шығындарды келісе отырып бөлісуге байланысты өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) және тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы); қамтитын аумағына қарай әлемдік баға, аймақтық баға және жергілікті баға; статистикада қолдануына қарай базистік баға, ағымдағы баға, орташа баға, салыстырмалы баға болып бөлінеді. Мемлекеттік баға —  органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар.

  1.  Кесімді Баға — мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы.
  2.  Реттелетін Баға — мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға.
  3.  Нарықтық баға — сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы — өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады.

  1.  Көтерме сауда бағасы — ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы. Әдетте, көтерме сауда бағасы бөлшек сауда бағасынан төмен болады.
  2.  Бөлшек сауда бағасы — жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға
  3.  Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Бұл негізінен темір жолмен жүк тасымалдауда қолданылады. Сатушының белгілеген бағасының ішіне тауарды жеткізіп беру мен жөнелтілім стансасындағы тиеу — түсіру шығындары, т.б. кіреді. Тұтыну орнындағы баға (франко-жеткізілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталған баға. Келісім шарт бойынша сатушының міндетіне тауарды өз күшімен тиеп, белгіленген стансаға жеткізу және сондағы станса қоймасына түсіріп, жинап беру кіреді. Әлемдік баға — тауарлардың әлемдік рынокта қалыптасқан бағасы.
  4.  Аймақтық баға — реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. Базистік баға — тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға — белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда бағасы, сатып алу бағасы, құрылыс бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін баға, т.б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға — сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға — жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.

        БӘСЕКЕ – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайту мақсатындағы өндірістің аса қолайлы жағдайы үшін кәсіпкерлерінің өзара күрес – тартыс сайысы.

        Бәсеке түрлері:

Даму масштабы бойынша:

  1.  Жеке және жергілікті
  2.  Сала ішіндегі және сала аралық
  3.  Ұлттық және ғаламдық

Жүргізу әдісіне қарай:

  1.  бағалық
  2.  бағалық емес.

                             

                                      Даму сипатына қарай:

     Жетілген                                                              Жетілмеген      

  1.  Монополистік бәсеке
  2.  Олигаполия
  3.  Дуаполия
  4.  Таза монополия
  5.  Монопсония

Сұраныс дегеніміз – тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары.

 Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды заңы.

     Сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы.

     Сұраныс заңы дегеніміз тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарлаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын, тауарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді. Бұл кері тәуелділікті сұраныс қисығы арқылы сипаттауға болады. Сұраныс қисығы дегеніміз сұраныс заңының графикалық көрінісі мен бейнеленуі, сатып алушылардың берілген уақыт мезетінде әр түрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатып алуға болатындығын көрсететін қисық сызық.

        Сұраныс функциясы – сұранысқа әсер ететін әр түрлі факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Әрине баға сұранысқа әсер ететін маңызды фактор.Сонымен қатар,сұранысқа әсер ететән бағалық емес факторларда бар: а) тұтынушылардың табысы; ә)алмастырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы;б)тұтынушылардың талғамы; в) алдағы уақытты немесе болашақты күту; г) нарықтағы тұтынушылардың саны және т.б.

 

Сұранысқа және сұраныс көлеміне әсер ететін барлық факторларды сұраныс детирминанттары деп те атайды. Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы болып табылады:

                              

мұндағы,  – сұраныс; Р – баға; I – табыс; Z – талғамдар мен қалаулар; W – күтулер (waiting); Psub – алмастырушы (субститутты) тауарлардың бағасы; Pcom – толықтырушы (комплементарлы) тауарлардың бағасы; N – сатып алушылардың саны; B – басқа да факторлар.

    Сұранысқа әсер ететін маңызды фактор – ол сатып алушылардың саны. Сонымен қатар сұраныстың екі түрі бар: жеке сұраныс – бұл бір сатып алушының сұранысы, ал нарықтық сұраныс – сол жеке сұраныстардың қосындысы және жиынтығы.

 

                Сұраныстың бағалық икемділігі

Бағалық икемділік коэффиценті (Е p) заттың бағасы 1%-ке өзгерсе,онда сол затқа деген  сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінің көрсетеді.Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады,бірақ сұранысқа әсер ететің басқа факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігінің (CБИ)шамасы теріс сан болады.Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:

1.икемді 2.икемсіз3.икемділігі бірге тең 4.өте икемді 5.өте икемсіз

Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса  және тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса ,онда сұраныс икемді болады.

Түсім дегеніміз-тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі.TP=P*Q.

                        Сұраныстың табыстылық икемділігі

Сұраныстың табыстылық икемділігі (CTN) (Ei) тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше прцентке өзгеретінің көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффиценті E I- оң сан ,теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда E I >0.Бұндай тауарларды кәдімгідей тауарлар дейміз.Ал егер СТИ-дің мәні E I<0 болса ,онда бұл тауарлар –сапасыз тауарлар болады ,себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.

                          Сұраныстың қиылысқан икемділігі

Тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі,екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін,сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффицент y тауарының бағасы 1%-ке өзгерген кезде, x тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінің көрсетеді.

                 Ұсыныс туралы түсінік

     Ұсыныс дегеніміз сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе қызмет түрін берілген уақытмезетінде белгілі бір бағамен сатуға деген даярлығы немесе сату қабілеті. байланы.

     Ұсыныс көлемі – бұл нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны.

     Ұсыныс бағасы – бұл сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы. заңы тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелеуге болады. Ұсыныс көлемі дегеніміз-ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетің тауардың саны. Тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстанымды ұсыныс заңы деп атаймыз: баға жоғары болғанда(басқа факторлар тұрақты болғанда) сатушылар өз тауарын көбірек көлемде сатқысы немесе ұсынғысы келеді.

                                       Qs=f(P),  

мұндағы, Qs – ұсыныс көлемі (supply); P – баға (price).

     Өндірілген өнім санының бағаға тура байланыстылығын график түрінде ұсыныс қисығы арқылы көрсетуге болады. Ұсыныс қисығы дегеніміз ұсыныс заңын сипаттайтын графикалық көрініс, сатушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатқысы келетінін көрсететін қисық сызық.  

     Өндірушілердің берілген игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс детирминанттарымен сипатталады. Ұсыныс детирминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар: а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары; б)өндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ бағаны және тапшылықты күту; г)салықтар мен субсидиялардың көлемі; д)сатушылардың саны және т.б. Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады.  

 Ұсыныс функциясы дегеніміз ұсынысқа әсер ететін әр түрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік және ол былайша формуламен беріледі:

                                Qs = f (P, Pr, K, T, N, B)      

мұндағы, Pr – ресурстардың бағалары, K – технология, T – салықтар мен субсидиялар; N – сатушылардың саны; B – басқа да факторлар.

Сонымен, нарықтық тепе-теңдік дегеніміз бұл берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Әрине, бұл жерде, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты параметрлері болып, біріншіден, жоғарыда аталып өткендей, тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлем табылады.

                                Нарықтағы тепе – теңдік

Әрбір экономикалык модельдегі тепе-теңдік сол модельдегі түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уакытта болады.     

  Егер біз сұраныстын 2.1. және ұсыныстың  2.7 -суреттерін бір графикке салатын болсақ, онда төменде көрсетілгендей болып шығады.

Баға Ро- ге тең болғанда ғана сұраныс көлем ұсыныс көлеміне тең болады (QD=QS). 2.9-суреттегі және S қисықтарының қиылысу нүктесі тепе-тендік жағдайы деп аталып,  Ро - тендестік бағасын, ал Q0 - сұраныс пен  ұсыныс  бір-біріне тең болатын  тендестік көлемін көрсетеді.                                                        

Егер нарықта тауардың бағасы Р1 деп белгіленсе (Р1< Р0) онда сұраныс көлемі ұсынылып отырған көлемнен көп болады (QD>QS). Бұндай жағдайда нарықта жетіспеушілік (дефицит) болады (сұраныс артықшылығы немесе тауар тапшылығы).

Ал егер баға тепе-теңдік деңгейінең жоғары болса (Р1< Р0) оңда  сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болады да  (0о>03)Р   нарықта ұсыныс артықшылығы  орын   алады.   Осы   айтылғандар   төмендегі 2.3. – кестеде көрсетілген.

2.3. – кесте

Нарықтық жағдай

Сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланыс

Нарықтық баға

Тепе – теңдік

QD = QS

Тепе – теңдік

Тапшылық

QD>QS

Төменейді

артықшылық

QD<QS

жоғарылайды

Сұраныс немесе ұсыныс өзгеруі нарықтағы тепе-тендіктің өзгеруіне әкеліп соқтырады. 2.10, 2.11, 2.12-суреттерде кейбір варианттары көрсетілген.

Нарықтағы  тепе-теқдік   Е   нүктесінде  болған.   Сұраныс   көбейгеннен   кейін   (D       D1 )   тепе-теңдік    Е2 нүктесіне     дейін     жылжиды.     Ал     сұраныс     азаюы (D      D1 )   тепе-теңдік   нүктесін    Е1-ге   дейін   өзгертті.

Нарықтағы алғашқы тепе-теқдік   Е   нүктесінде орналысқан. Ұсыныс жоғарылауына (S > Si)  байланысты нарықтағы теңдестік жағданы Е1 нүктесіне жылжиды.

Ұсыныс азайып уақытта (S(      )Si) нарықтағы тепе – теңдік Е2 нүктесің де болады.

Егер сұраныс пен      ұсыныс  мезгілде    өзгеретін болса   (мысалы,   сұраныс  көбейіп, ұсыныс  азайса),  онда  нарықтағы  тепе - тендік    Ео нүктесінен   Е1   нүктесі ауысады.   Сұраныс пен   сыныстың   өзгеру   қатынастары байланысты   тендестік    нүктесі    де   әр түрлі    болады:    нарықтық   баға   жоғарылайды,    ал    сату көлемі көбейеді немесе азаяды, тіпті өзгермеуі де мүмкін.

                                           Нарықтық тепе-тендік

Нарықтық тепе-теңдігі — берілген нарыктық орта және уақыт   мезгіліндегі  экономикалық   бірліктердің   тауарлар   мен қызметтерді өз ара сатуға және сатып алуға ықтияр білдірулері мен қабілетерінің тура келуі.                                                

Нарықтық көлем тепе-теңдігі - берілген баға, нарықтық орта және уақыт мезгіліңдегі экономикалық бірліктердің тауарлар мен қызметтерді өз ара сатуға және сатып алуға ықтияр білдірген және қабілеті бар сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тең болуы.

Көлем тапшысы  (немесе  сұраныс  көлемінің артықшылығы)   -  берілген   баға,   нарықтық   орта   және   уақыт мезгіліндегі экономикалық бірліктердің тауарлар мен қызметтерді өз ара сатуға және сатып алуға ықтияр білдірген және қабілеті бар сұраныс көлемдерінің ұсыныс көлемдерінен артық болуы.

Көлем артықшылығы (немесе    ұсыныс    көлемінің  артықшылығы)  -   берілген   баға,   нарықтық   орта   және   уақыт мезгіліңдегі экономикалық бірліктердің тауарлар мен қызметтерді өз ара сатуға және сатып алуға ықтияр білдірген және қабілеті бар ұсыныс колемдерінің сұраныс көлемдерінен артық болуы.

Нарықтық баға тепе-теңдігі - берілген колем, нарықтық орта және уақыт мезгіліндегі экономикалық бірліктердің тауарлар мен қызметтерді өз ара сатуға және сатып алуға ықтияр білдірген және қабілеті бар сұраныс пен ұсыныс бағаларының тең болуы.

Нарықтық   баға   артыкшылығы   (немесе   сұраныс   баға артықшылығы)  -  берілген   көлем,   нарықтык  орта  және  уақыт мезгіліндегі экономикалық бірліктердің тауарлар мен қызметтерді өз ара сатуға және сатып алуға ықтияр білдірген және қабілеті бар сұраныс бағаларының ұсыныс бағаларынан артық болуы.

Төлей алмаушылығы (немесе ұсыныс баға артықшылығы) -    берілген   көлем,   нарықтық   орта   және   уақыт   мезгіліндегі экономикалық бірліктердің тауарлар мен қызметтерді оз ара сатуға және сатып алуға ықтияр білдірген және  қабілеті  бар ұсыныс бағаларының сұраныс бағаларынан артық болуы.

Тепе-теңдік баға – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Ал тепе-теңдік көлем – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі.Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы кезінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады. Осыған сәйкес, екі ұғым пайда болады.

1)Тұтынушының ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үрдісінде тұтынушының игілікті сатып алуға дайын максималды сұраныс бағасы арасындағы айырмашылықтан алатын қосымша пайдалылығы.

2)Өндірушінің ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үдісінде өндірушінің игілікті сатуға дайын минималды ұсыныс бағасы мен сол игілікті нақты сатудың тепе-теңдік бағасы арасындағы айырмашылықтан көретін қосымша пайдасы.

Нарықтық тепе-теңдікті қолдану

QD = QD (P) - сұраныс көлем функциясы, ал QS = QS (P)-  ұсыныс көлем функциясы. Егер  QD (P) = QS (P) шарты орын алса, онда QE = QD (P) = QS (P) нарықтық тепе – теңдік көлемді аңықтайды.

РD = РD(Q) -  сұ раныс     бағасы     функциясы,     ал  рs= рs (Q)  - ұсыныс бағасы функциясы. Егер  РD (Q)=PS (Q) шарты орын алса, онда  РE = РD(Q) = РS (Q)   нарықтық тепе-тендік бағаны анықтайды.

Микроэкономикада нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмін зерттейтін екі негізгі неоклассикалық бағыт бар: 1)Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік. 2) Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік.

Вальрас бойынша тепе-теңдік – ол нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің ( орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс пен ұсыныс көлемдері тарапынан орын алған артықшылықтарды басу немесе жою салдары ретінде түсіндіріледі. Мұндай тепе-теңдік қысқа мерзімде орын алады. Егер бағасы кезінде  аралығында сұраныс артықшылығы орын алса, онда сатып алушылардың бәсекелестігі нәтижесінде артықшылық жойылғанға дейін баға  бағасына қарай көтеріле береді. Ал егер  бағасы кезінде ұсыныс артықшылығы орын алса, онда сатушылардың арасында бәсеке күшейіп, нәтижесінде артықшылықтың жойылуына алып келеді.

Л.Вальрас   бойынша   уақыт   мезетіндегі   сұраныс   пен ұсыныстың өзара әсерлесуі дифференциальды теңдеуімен анықталсын, мүндағы Р(t) — нарықтық баға,         нарықтық баға өзгеруі, QD(Р) – сұраныс көлемі, QS(Р) – ұсыныс колемі,  ∆QD (P) -  баға Р(t) болғандағы сұраныс көлемі артықшылығы, һ > 0 - параметр. Еғер ∆QD (P) > 0 болса, онда Р(t) - нарықтық бағасы өседі.

Л.Вальрас   бойынша  уақыт  мезетіндегі   сұраныс   пен ұсыныстың өзара әсерлесуі дифференциальды   теңдеуімен   анықталсын,    мұндағы    Р (t)    -нарықтық баға,                      нарықтық баға озгеруі, QD  (Р) – сұраныс көлемі, QS (Р) - ұсыныс көлемі,  ∆QD (P) -  баға Р (t)  болғандағы сұраныс   артықшылығы,   h > 0   -  параметр.   Егер   ∆QD (P) < 0 болса, онда Р (t)  - нарықтық бағасы кемиді.

Л.Вальрас   бойынша уакыт  мезетіндегі   сұраныс   пен ұсыныстың өзара әсерлесуі дифференциальды   тендеуімен   анықталады,    мұндагы    Q(t)  -нарыктық көлемі,            нарықтық баға өзгеруі, PD (Q) – сұраныс бағасы,

PS (Q) – ұсыныс бағасы, ∆PD (Q) – көлемі Q (t)боландағы сұраныс баға артықшылығы, k > 0 – параметр. Онда сұраныс көлемі нарықтық тепе–теңдік реттеуші аналитикалық механизмі болады.

Маршалл бойынша тепе – теңдік – ол нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (РD = РS) тарапынан орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады. Мұндай нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуін жою немесе ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артып кетуін жою арқылы қарастырылады . Мұндай тепе-теңдік ұзақ мерзімде орын алады. Егер Q1 көлемі кезінде P2сұраныс бағасы P1 ұсыныс бағасынан артық болса, онда сатушылар артық пайда алуға ие бола отырып ұсыныс көлемін арттыруға ынталы болады. НәтижесіндеQ1 ұсыныс көлемі QE ұсыныс көлеміне дейін ұлғайып баға PEбағасына дейін төмендейді де нарықтық тепе-теңдік орнайды. Және керісінше, егер Q2 көлемі кезінде P3 сұраныс бағасы P2ұсыныс бағасынан төмен болса, онда сатушылар ұсыныс көлемін қысқартуға мәжбүр болады. Сөйтіп сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңесуі арқылы Маршалл бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі:

                                        

                                     PD(Q) = PS (Q)

 

Нарықтық экономиканың дамымаған жағдайында ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан артық болады,ал сәйкесінше, ұсыныс көлемі де сұраныс көлемінен артық болуы мүмкін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  Құлпыбаев С. т.б. Қаржы  –Алматы: Экономика,2010.
  2.  Қ.С.Есенғалиева Микроэкономика – Алматы: Экономика,2007
  3.  Ғабит Ж.Х.,Доғалов А.Н.,Досмағанбетов Н.С.Микроэкономика – Алматы -2009
  4.  А.Б. Молдахметова, М.Ө. Өтебаев Микроэкономика -2000




1. Варианты Период Инвестиции по годам Прибыль по годам
2. одинаковый phone звук.
3. тематическое планирование 3 класс 1 раздел- Легкоатлетические у
4. Сообщества мелких млекопитающих в городской среде
5. Вопросы обеспечения качества управления, конкурентоспособности предприятия сферы услуг
6. Социальная психология
7. тема управленческой документации
8. Когда бьют осла лошадь тоже боится
9. Тема 10 ПРОИЗВОДСТВО ПО ДЕЛАМ ОБ АДМИНИСТРАТИВНЫХ ПРАВОНАРУШЕНИЯХ 1
10. Реферат на тему- Связь традиционная Николаев 1999
11. Он может быть так слаб что не вызовет никакого ощущения
12. Современная научно-техническая документация на статистические методы анализа результатов измерени
13. Курсовая работа- Роль минерально-сырьевого комплекса в экономике России
14. вариант Найдите имена существительные 1
15. рефератов Базовые понятия и определения задач принятия решений Классификация задач принятия решени
16. Введение Менеджером можно назвать человека только тогда когда он принимает организационные решения или
17. тематические зависимости приведенные в прил
18. Контрольная работа долна соответствовать теме и содержать не менее 12 страниц машинописного текста
19. На тему- Управление качеством проекта Студентка- Савельева Н
20. яизготов идти на все большие уступки потребителям и посредникам в сбыте своей продукции с помощью стимулир