У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Дамуында ауыт~ушылы~ы бар балаларды отбасында т~рбиелеуді~ компенсациялы~ негізі

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

Молдабекова Гүлбану,

Абдықалықова Мадина,

Ерманова Гүлбану,

Әбуталип Айдана.

6-бөлім.

Дамуында ауытқушылығы бар балаларды отбасында тәрбиелеудің компенсациялық негізі.

Баланың коррекциялық тәрбиесінде отбасының рөлі.

Л.С.Выготский дамуында ауытқушылығы бар баланың тұлғалық ерекшелігі оның отбасындағы жағдайына байланысты екенін атап өткен.

Отбасындағы тәрбиенің кері әсері баланың психикалық дамуының тежелуіне, тәртібінің және тұлғалық ерекшелігінің дамуына әсерін тигізеді. Осыған байланысты мүмкіншілігі шектеулі бала тәрбиелеп отқан отбасына арнай мамандардаң, мемлекеттің және қоғамның көмегі коррекциялық көмектің негізі болып табылады.

Бұл сөздің мәні тереңде жатыр. Тәжірибе көрсетіп отқандай бүгінгі күні ата-аналарадың көпшілігі дерлік психомоторлы дамудың бұзылысын жеңу жолында медикаментозды емге жүгінеді.  Шыныныда да соңғы жылдары миды дамытатын және оның қызметін жақсартатын көптеген нәтижелі препараттар пада болды. Бірақ, ең күшті деген медикаментозды препараттарды қолданғанның өзінде баланың жағдайының жақсаруы үшін отбасы жағдайы мен ата-ананың арнайы жаттығуларды жүргізуі маңызды.  Баланы отбасында тәрбиелеу коррекциялық әсер болып табылады, себебі ол емдік-педагогикалық кешеннің жаңа бағыты.

Мүмкіншілігі шектеулі баланы отбасында тәрбиелеудің маңыздылығы мемлекеттік деңгейде айтылады.

Тәжірибе көрсеткендей отбасында мүмкіншілігі шектеулі бала тәрбиеленетін болса, бұл отбасына мемлекеттік және арнайы мамандардың көмегі маңызды.

Коррекциялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру ерте жастан және мектеп шағындағы балаларды тәрбиелеудің және оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Аталған жаңа жүйенің барлығы өсіп келе жатқан жасөспірімдерді тәрбиелеудің әлемдік стандарттарын біріктіріп, жақындасқан, біріктірілген және бәр білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Коррекциялық тәрбие негіздерін ин еграциялық оқу барысында бала қарым-қатынасқа түсетін адамдар да біле керек (тәрбиешілер, педагогтар)

Жалпы айтқанда баланың проблемасын оны қоршаған адамдар неғұрлым тереіңрек білсе, онымен қатынасқа түсу соғұрлым оңай болады.

Коррекциялық жұмыстың негізгі жағдайы

Коррекциялық жұмыс барысында баланың құқығы туралы Конвенцияда көрсетілген бөлімдерді сақтау керек: баланың тұлғалық дамуына, ақыл-ой және психикалық дамуына  бағытталған білім алуға құқығын, еркін қоғамда баланың тұлғалық қабілетін сақтауға мүмкіндік беру.

Коррекциялық жаттығуларға барлық балалардығ, соның ішінде күрделі кемістігі бар балаларды да қосып, әр балаға жеке даму бағдарламасын ұйымдастыру қажет.

Динамикалық дамуын бағалауда баланы басқа балалармен емес, өзінің бұрынғы жағдайын ескеру керек.

Бала үшін жағымды және қауіпсіз орта жағдайын жасау керек. Педагог баланың қабылдау ерекшелігін ескере отырып, оғын арнайы жағдай жасау керек.

Баланың динамикалық дамуын коррекциялық және адамгершілік жағынан қарастыру маңызды. Педагогикалық болжам педагогтық оптимизмге, яғни  әрбір баланың бойынан сақталған  психомоторлы қызметтерін таба отырып, оның тұлғалық дамуында оң жақтарын таба білуі қажет.

121

Баланың ойындық, заттық-тәжірибелік, зейінге ойын арқылы көңіл бөлу коррекциялық жұмыста маңызды. Олар келесілер:

  1.  Даму ерекшелігі мен дефект құрылымын ескере отырып әр түрлі методикалар әзірлеу;
  2.  Дамудың еерте жастан ынталандыру жүйелерін қадағалау;
  3.  Бала үшін жақын дамдар жағынан ыңғайлы жағдай жасау ;
  4.  Баланың оқуы мен тәрбиесінде баланың отбасы мен оларды ауыстырушы адамдарға жағдай жасау;
  5.  Ата-ана және бала жүйесінде қалыпты қарым-қатынасты қалыптастыру;
  6.  Диагностикалау мен коррекциялық жұмыстарға комплексті қатынас жасау, яғни әр сала мамандарымен кеңесе отырып жұмыс жасау;
  7.  Жұмыс барысында ата-аналармен тығыз байланыста болу;

Дамуында ауытқушылығы бар балаларды ьәрбиелеу мен оқытудың жаңа технологиялары

Педагогтар, тәрбиешілер мен ата-анларға коррекциялық тәрбиелеудің негіздерін түсініп, оны ұтымды пйдалана білу оқыту-педагогикалық процес барысында маңызды. Баланың жасы неғұрлым кіші болса оның жағдайы психикалық жарақатқа алып келуі мүмкін. Бұл баланы ерте жастан тәрдиелеу мен оқытудың дұрыс бағытты жүруі маңызды. Бұл үшін коррекциялық жұмыс барысында ата-ана мен бала және бала мен педагог қарым-қатынасы бағдарламасы жасалуда.

Осы уақытқа дейін ауыр кемістігі бар балалар оқуға қабілетсіз деп танылып, ол балалардың ата-аналарына баланы әлеуметтік қамтамасыз етілетін орындарға өткізуге кеңес берілді. Бірақ соңғы жылдары тәжірибелер көрсеткендей мүмкінщілігі шектеулі баланы ерте жастан қолға алып, тәрбиелеу әсіресе баланың анасының бала кемістігін түсініп, ерте жастан қолға алуы баланың қалыпты балалардың қатарына жақындауына мүмкіндік туғызады. Бұл жұмыстар кемістіктің ерте жастан анықталуына байланысты да өз нәтижесін береді. Медициналық-коррекциялық жұмыстың нәтижелілігі баланың отбасындағы жағдайлармен де тығыз байланысты. Әсересе баланың сөйлеу тілі, психо-моторлы дамуы барасында баланың анасымен қарым-қатынасының орны маңызды екенін атап өткен жөн. Сондықтан да коррекциялық жұмыс барысында ананың арнай мамандармен қатар баламен жұмыс жасауы маңызды. Ол жұмыстар арнай мамандармен кеңесе отырып, баланың мүмкіншілігін ескере отырпы жасалынады.

Соңғы уақытқа дейін мүмкіндігі шектеулі балалар соның ішінде БЦА балалар да арнай мектепте оқытылып келсе, ал бүгінгі күні ол балаларды жалпы мектептерде оқыту кеңінен белең алуда. БЦА баламен жұмыс барысында оқытушы бұл баланың ерекшеліктері мен кездесетін қиындықтармен таныс болуы қажет. Педагог ол қиындықтың қай кзеңде қалыптасқанын және сол қиындықтың себебін таба отырып, одан өту жолдарын қалыптастыруы қажет. Баланың жалпы мектепте оқыту үшін, оның жағдайының жақсы болуы және нәтижелі болу үшін педагог пен ата-ананың байланысы маңызды.

Балаға қажетті коррекциялық көмек көрсету барысында оның интеграциялық орнын анықтау маңызды. Сонымен қатар қоғамның дайындығы да баланың коррекциялық жұмысында маңызды орын алады. Оларды интеграциялауды неғұрлым ерте бастаса, жұмыстың нәтижелілігі арта түседі. БАҚ құралдары арқылы да адамгершілік тәрбиені қалыптастыру керек. Балалардың интеграциялық жұмысы барысында ата-аналрдың күнделікті әсері маңызды болып табылады. Уйдегі коррекциялық жұмысты ұйымдастыру ата-ананың міндеті.

Баланың күнделікті оқуы мен қол жеткізген табыстары маңызды. Сабақта бұл жұмысты арнай маман дефектолог атқарады.

Мұндай балаларды оқыту барысында олардың келесі ерекшеліктерін ескеру қажет:мүмкіншілігі шектеулі балалар қандай қызмет болса да тез шаршайды, оларға арнайы демалыстар қажет. Тағы да оларды оқыту барысында олармен арнай жеке жұмыс жүргізу қажет. Әсіресе бұл қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балалармен жұмыста ескеру маңызды.

Баланы отбасында тәрбиелеу коррекциялық бағытта болуы қажет.

Отбасына көмек көрсету барысында оның негізгі бағыттарының бірі бала тәрбиесіне арнайы педагогикалық жағдайды қалыптастыру.  Ата-аналар арнайы мамандар жағынан көмектер алып отырады.

Бұзылысты ерте және нақты анықтау баланың уақытылы коррекциялық көмек алуға мүмкіндік алады, бұған балалар және ата-аналар мұқтаж.

Ерте жастан көмек көрсету қызметі- бұо 0-3 жас аралығындағы ерекше көмекті қажет ететін  бала мен оның отбасына қажетті көмек көрсетудегі кешенділік негізіндегі құрылым. Бұл қызметке медициналық, биологиялы және әлеуметтік факторлардың нәтижесінде арнай көмекті қажет ететін балалардың отбасылары, дамуы артта қалған немесе келесі бұзылыстар байқалуы мүмкін: қимыл-қозғалыс бұзылысы, сөйлеу тілі дамуы, әлеуметтік және эмоционалды даму бұзылысы бар балалардың отбасылары, сонымен қатар ата-ана қарауынсыз қалған балалар және олардың тәрбиелеушілер.

Ерте жастан көмек көрсету қызметінің негізгі мақсаттары келесідей:

  1.  Отбасының және ата-аналардың мәліметтік және әлеуметтік-психологиялық көмегі: ерекше көмекті қажет ететін бала дүниеге келгенде оныі ата-анасы мен отбасына көмк көрсету; баланың ерекшеліктері мен оның дамуының оңтайлы жолдарын қарастыруда ата-анаға кеңес беру, қажетті көмекті ұйымдастыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жайлы, әлеуметтік жеңілдіктер мен м.ш.б.-ның мүддесін қорғайтын заңдармен таныстыру.
  2.  Бала мен отбасының басым және әлсіз жақтарын анықтау: баланың даму деңгейі (танымдық, ерік-жігер, қимыл-қозғалыс, тіл және өзіне-өзі қызмет көрсету жағы), баланың психикалық жағдайы мен оның отбасымен және ата-анасымен қарым қатынасының сапалық ерекшеліктері, отбасы мен баланың негізгі қажеттіліктерін анықтау;
  3.  Отбасында балаға ерте жастан көмек көрсету-отбасы мен балаға жеке көмек көрсету; қабылданған бағдарлама бойынша бала мен отбасына көмек көрсету; ерте жастан көмек көрсету, егер қажет болған жағдайда бағдарламаға өзгерістер енгізу.
  4.  Баланы және оның отбасын басқа құрылымға ауыстыру-баланы және оның отбасын басқа құрылымға ауыстыруды жоспарлау мен дайындау; баланы және оның отбасын басқа құрылымға ауыстыру.
  5.  Ертен жастан көмек көрсету бағдарламасы туралы ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға, мамандандырылған ұйымдарға хабар беру.

Ерте жастан көмек көрсету орталығының қызметкерлері: дәрігер-неонатолог, мұғалім-дефектолог, педагог-психолог.

Ерте жастан көмек көрсету ұйымының негізгі принциптері: арнай көмек көрсету ұйымының арнайы көмекті қажет ететін баланың отбасы мен оны қоршаған ортасын профессиональді бағыттау; салаарлық-әр түрлі сала мамандарының отбасына көрсетілетін көмегінің комплексті жағы.

Баланың м.мкіншілігі шектелген екені анықталғаннан кейін бір айдың көлемінде медициналық-әлеуметтік сараптама жасалынып, баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты мүмкіншілігі шектеулі баланы реабилитациялау жұмысының бағдарламасы жасалынады. Бұл жұмыстардың барысында жүргізілген реабилитациялық жұмыстардың көлемі, өткізу уақыты және өткізген мамандар тізімі көрсетіледі. Бұл жұмыстың бағыты баланы мүмкіншіліктерін қалыпқа келтіруге бағытталған :тұрмыстық, оның мүмкіншіліктері ескрілетін оқу бағдарламасын меңгеруге, қызығушылықтарын, соматикалық жағдайын, психофизиологиялық шыдамдылығын, баланың әлеуметтіки деңгейін көтеруге және әлеуметтік ортадағы мүмкіншіліктерін дамытуға бағытталған.

Реабилитациялық жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі баланың негіздік психикалық процестерін дамыту болып табылады. Бұл қызметтердің дамуы баланың тәжірибе жинау барысында өте маңызды. Ол 75-100 арлығындағы интеллектісі бұзылған балаларда маңызды орын алады. Бұл бағдарлама арнайы психологиялық-коррекциялық  ойындардан және қабылдауды дамытуға бағытталған жаттығулар жиынынан тұрады. Олар келесі психикалық функциялардың оңтайлы дамуына өз ықпалын тигізеді:танымдық қызмет, зейінғ есте сақтау, ойлау, сөйле тілі, тәртіп пен ерік-жігер сферасы.

Педагогикалық реабилитация қоғамға интеграциялау барысында өз ықпалын тигізетін және даму бұзылыстарын әр аймақта қалыпқа келтіруде дамушылық, тәрбие, оқыту әдістерінде қалыптасушылық, коррекциялық және компенсациялық қызметтерді іске қосу жұмыстары.

Педагогикалық коррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты өз құрамына оқыту, тәрбиелеу мен дамуды қоса отырып, әлеуметтік реабилитация мен қоғамға интеграциялау.

Коррекциялық тәрбие-қоғамға бейімделуге мүмкіндік тудыратын сапаларды дамыту.

Коррекциялық даму ақыл-ой және физикалық кемістіктерді жетілдіру мен психофизикалық жағдайды одан ары жақсарту.

Шет елдегі ерте педагогикалық көмек бағдарламсы(дамуға ерте жастан араласу)

Үйде оқытылатын бұл бағдарлама ата –аналардың дайындығы мен белсенді қатысуларына негізделген. Бұл бағдарлама әр түрлі кемістігі бар, сонымен қоса церебральді сал ауыратын балаларға арналған ерте жастан көмек көрсету бағдарламасы. Ол үш жасқа дейінгі және одан да үлкен жастағы балалардың қимыл-қозғалыс аппаратын, сөйлеу тілін, танымдық қызметтерін және өзіне қызмет көрсетуін дамытуға арналған. Бұл жағдайда ата-ана мен педагогтың және басқа сала мамандарының серіктестігі негізге алынған.

Ата-ананың мұндай бағдарламаларға қатысу балалар мәселесінің мұндай аймағынан қаншалықты хабардар екенін білу мақсатында анкета толтырудан басталады.

Бағдарламаның болжауы:

- баланы оқыту бағдарламасын іске асыруға ата- ананың белсенді қатысуы;

- отбасымен жеке консультация жүргізу

- ата- аналардың баламен арнайы әдістемені қолдану арқылы жүргізілетін сабақтармен танысуы.

Аналарға баламен күнара  10-20 минут сабақ жүргізу үшін нақты оқу пособиясы ұсынылады. Анасы баланың физикалық іс-әрекетін бақылап, өзін –өзі ұстау үлгісін көрсете отырып баланың ақыл - ой қабілетін дамыта алады. Арнайы маман  баламен ананың арасындағы байланысты орнату мақсатында  маман отбасына аптасына 1-2 рет барып тұрады.

Әр түрлі  ауырлық дәрежесіндегі дене және ақыл ой кемістігі бар балаларға арнайы бағдарламалар жасалып жатыр. Бұл бағдарлама   кемістігі бар балалаарға қалыпты балалармен  бірдей бір балалабақшада тәрбиеленуге мүмкіндік береді.

Оқытудың жаңа формаларын маман бірінші  өзі өткізіп көреді, кейін ата-ананың  баламен  жұмысын бақылайды. Әр аптада ата-анаға нақты жұмыстың мақсаты мен қалыптасқан іс әрекеттерін жақсарту жұмыстары белгіленген таблица жасалынады.   Осы таблицаға қарап  ата-ана баласының кунделікті іс әрекетін және оқудағы жетістіктерінің нәтижесін   талқылайды.   Мүмкіндігі шектеулі балаларды  ерте жастан оқытуға арналған шет елдерде жасалған  «Каролина» және «Пор тадж» сияқты  отандық модельдік араласулар қатер тобындағы сәбилерді  ойын арқылы  дамыту бағдарламасын жасап шығарған.

Әлеуметтік  эмоционалдық  қатер тобындағы  сәбилерге  арнап жасалынған  ерте  психотерапиялық  араласу   ерекше қажеттілікті талап ететін сәбилер мен отбасының мүшелеріне арналған ерте

9

психотерапиялық араласу барлық топтарға  таралған.

«Даун синдром» ассоцациясы   Даун  синдромы бар  балаларды тәрбиелеу  мәселесін  шешуге  «Маленькие ступеньки»  атты дамуында  ауытқуы  бар балаларға  ерте  педагогикалық  көмек көрсету  бағдарламасын  ұсынды.  Бұл  бағдарламада  әр  түрлі жаттығу  түрлері  берілген. «Маленькие ступеньки» бағдарламасына   Е.М. Мастюкова   адаптация жасаған және ол осы баспаның ғылыми редакторы болып табылады.

Мамандар мен ата-аналардың арақатынасының негізгі формалары.

Дамуында ауытқуы бар балалардың  отбасымен   сауықтыру коррекциялық  процесстерін жүргізетін мекемелердің формалары.

Жиі қолданылатын сауықтыру-коррекциялық  процесстерінің  формалары:

* консультативті-ұсыныстық

* ақпараттық

* ата-аналарға арналған тәжірибелік сабақтар

* ата-аналарға арналған домалақ үстелдер, семинарлар, конференциялар, клубтар.

* бала және оның ата-анасымен жеке сабақ жүргізу

* психотерапия және психокоррекциялық арттерапия

* топтық сабақтар.

Отбасымен жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен міндетін анықтағаннан кейін коррекциялық-педагогикалық-психологиялық жұмыстың және мамандар мен ата-аналардың бірлескен іс әрекетінің  тиімді тәсілін таңдау керек.

Тәжірибеде көрсетілгендей  косультативті-ұсыныстық формасы кең пайдаланылады.Бірінші консультацияда  ата-ана мен маман арасындағы белсенді қатынас басталады.

 Алдымен ата-аналардан педагогтың баламен жүргізілген

10

жұмысын бақылап ,сол жаттығуларды үйде қайталатуға талап

қойылады. Кейбір отбасыларда аналары сабақтың барысында жүргізілетін ойын эпизодтарына қатысады: маман мен бала бір топта, ал анасы серіктестік рөлін ойнаса, кейін анасы мен маман өз рөлдерін ауыстырады.

Дамуында ауытқушылығы бар балаларды отбасында корррекциялық тәрбиелеудің міндеті мен формасы.

Маман үшін ең басты мәселе ауру баланы тәрбиелеп отырған отбасына тек сауықтыру мен тәрбиелеу туралы ұсыныстар беріп қоймай, сонымен қатар отбасы мүшелерін бұл мәселені шешуде максималды ынталандыру қажет. Мамандар өздерінің бақылау және тексеру әдістерімен жұмыс жасағаннан кейін шыққан нәтиже туралы ата-анасына ақпарат беріп, бірге талқылайды. Ата-ана баланы реабилитациялаудың жеке бағдарламалардың мақсаты одан шығатын нәтижені білуі тиіс. Танысқан сәттен бастап ақ ата-анасының әр түрлі мамандармен бірігіп жұмыс жасауға дайндығын, меңгеруге тиісті коррекциялық жұмыстың көлемін анықтау керек.

 Жеке реабелитациялық бағдарламаларды жасау кезінде ата-аналарды ең алдымен баланың ауруының ерекшелігімен таныстыру қажет. Ата-ана бұл процесссте ең қызығып қатысушылардың бірі, олар баланы қоршаған ортаға беімдеуге, еңбекке үйретуге бар күшін салады.

 Ата –ана мен мамандар баланы тәрбиелеу процессінде өз алдына баланың жасына сай коррекциялық міндеттерді қояды. Өмірінің бірінші жылы баланың психикалық дамуы сенсорлық және моторлы функциясымен тығыз байланысты болады. Сондықтан эмоциялық жағымды процесс  сенсоматорлық функциясының дамуы кезіндегі бала мен анасының арақатынасы барлық психикалық функцияларының қалыптасуының негізі болып табылады: сөйлеу тілі, зейіні, есте сақтауы, бағытты әрекеті, эмоциялық өрісі, ойлауы және түсінігі.

Көру және заттарды бақылау іс-әрекеттің дамуы баланың жағымды эмоцияларының пайда болуына әкеледі: алғаш

11

күлуі,бірінші дауыстың рекциялары. Сонымен қатар баланы әрдайым қуантып, әртүрлі түстегіойыншықтарды көрсете отырып, баланы қимыл қозғалысқа келтіреді.

 Бірінші жылының соңында ақ баланы заттардың формасымен, көлемімен, түсімен және қарапайым заттық іс-әрекетпен таныстыру керек.

 Баланың психикалық дамуына зат пен іс-әрекеттің және сөйлеу тілінің өзара байланысы маңызды рөль алады.

Баланы тәрбиелеу барысында дағдарыс кезеңіндегі өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін ескеру қажет.

Үш жасқа толғанда баланың сөйлеу тілі психикалық дамуында негізгі орын алады. Үш жасында бала өзі туралы бірінші жақта сөйлей бастайды, балада «мен» концепциясы қалыптасады. Бұл кезеңде бала өз бетімен әрекет жасауға тырысады. Ата-ананың араласқанын жақтырмайды, араласқан жағдайда бала бәрін керісінше жасайды, ақырында ол өзін қоршаған әлемнен бөле бастайды.

 Осы кезеңдегі баланың мінез-құлық және басқа да даму әрекеттері үлкенднрге байланысты. Бұл кезең үш жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл жаста баланың жаңа психологиясының қалыптасу,яғни қоршаған адамдардан жекелеу қалыптасады, балада тұлғалық қалыптасу жүреді.

 Сонымен қатар осы кезеңде дамуында ерекше мәселелері бар балаларда  психопотологиялық бұзылыстар бірден байқалады. Мысалы: өзін қоршаған ортадан жекелеу ерте балалық аутизмге сәйкес келеді.

 Бәрін ескере отырып ата-ананың коррекциялық процесстің міндеттері баланың жасына сай екенін түсінеміз.

0-3 жас аралығында ата –ана баланың психофизикалық дамуын эмоционалды жылы қатынасы тактильді ынталандырумен, көру және есту қабілеті, сөздік белсенділігін, кеңістікті бағдарлауын дамытады.

  3-4 жасында баланың зейіні, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі, жалпы және ұсақ моторикасы дамиды, қарым-қатынас жасау дағдылары және ортасы қалыптасады. Өзіне өзі қызмет жасайды, тазалық сақтайды, ата -анасы рөлдік және сюжеттік рөлдік ойындар ұйымдастырады, демалысын ұйымдастырады, балабақшасын таңдап, мамандармен бірігіп жұмыс жасайды. Ата – ана тек сырттай бақылап, күнделік жазады.

 5-6 жастағы баланың ата-ана мамандармен бірлесіп баланы мектепке дайындайды. Ата-аналар баласының еңбек дағдысын қалыптастырып, өзімен өзі дамуына үйретеді.

Ата-ананың негізгі реабилитациялық міндеттері:

  1.  Үйдің атмосферасын, жағымды, тыныш, баланың жағдайына сай жасау;
  2.  Балаға уақтылы дәрісін беру;
  3.  Әрдайым күнделікке баланың соматикалық және психикалық жағдайын бақылап, жазып отыру;
  4.  Дамуында ауытқушылығы бар және инвалид балаларға қатысты заңдарды білу;
  5.  Дамуында кемістігі бар балалардың ата-аналарына арналған бірлестіктерге қатысу;
  6.  Ата-ана баланың дамуының барлық ерекшеліктерімен танысып, кемістікке оң қарап, баланы қоршаған ортаға бейімдеу қажет.

Негізгі коррекциялық сабақ формалары: жеке сабақ ,шағын топтармен ата-ананаң қатысуымен жүргізілетін сабақ.

Баланың нақты білім деңгейін анықтау үшін әңгімелесу барысында сұрақ- жауап әдісін қолдануға болады. Тексеру кезінде балада агрессия, негативизм, жүйке жүйесінің қозғыштығы байқалса баламен қатынасқа түсу мүмкін емес. Бұл кезде баланы тек сырттай ойын барысында бақылай аламыз.

3 жастағы Витяны тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың жеке бағдарламасы.

 Диагноз: Сөйлеу тілініңжәне психикалық дамуының артта қалуы.

Тексерудің нәтижесі: бала өзі сенімді жүреді, бірақ секірмейді, қолдың моторикасы дамымаған. Жекеше сөздерді айтады, өзіне айтылған сөзді түсінеді.

 Ата-анаға арналған бағдарлама өзіне жалпы және сөйлеу моторикасының дамуын қосады.

 Жалпы қозғалысты, секіруді, аяқтың қшымен жүруді дамыту керек. Бір аяқпен тұру,тепе-теңдікті сақтауды үйрету керек және қол моторикасын жаттықтыру қажет.

Ата-ана 3 сатымен оқытуды жүргізу қажет:

  1.  Алдымен балаға не істеу керек екенін түсіндіру
  2.  Кейін қажет болған жағдайда көмек көрсету
  3.  Жағдайды сәтті аяқтап, баланы жасаған тапсырмасы үшін мадақтау.

Дамуында ауытқушылығы бар баланың еңбекке икемділігі төмен келеді, ЦНС. Сондықтан олар ең алдымен ұйқысының жеткілікті болғанын қалайды. 1 жастан 3-4 жасқа дейін бала тәулігіне 14-15 сағат ұйықтау керек.

Дамуында ауытқушылығы бар бала үшін ең маңыздыс арнайы сабақтар ол үшін    қызықты болу керек.

Ауа райының өзгеруі кезінде, әсіресе ауа қысымы жоғары болғанн кезде, көп балалардың жағдайы нашарлай түседі, олар мазасызданып жылай береді.

Ойын әрекетін қалыптастыру.

Ерте бала кезеңдегі және бастауыш сынып жасында бала үшін маңызды қызмет түрі ойын болғандықтан ата-аналарға, тәрбиелеушілер мен ұстаздарға балалардың ойындағы мүмкіншіліктер мен қызметтеріне баса назар аударуы қажет. Қалыпты дамуы бар балада ойын қызметі кезеңмен дамитыны белгілі. Бірінші кезеңде балалар қызметінің негізгісі-заттық әрекет болып табылады. Бұл ойындар негізінен заттық әсер етуші ойындар болып келеді.

Бала үшін ең бірініші ойыншық-балының өзі. Ол өз қолын көру арқылы оны зерттей бастайды, ал аузы арқылы оны сезеді. Өз өмірінің бірінші жылынан бастап бала айналасындағы заттарды зерттейді, барлық затқа қол созып, өзіне қарай тартады. Оның барлық әрекеті зерттеу мен тануға жұмылдырылған.4-8 айлық бала өзіне таныс затты алыстан танып, оған қол соза алады. Ата-аналар ойын барысында балалардың танымдық әрекетін дамыта отырып, оларды қайталап, жаңа элементтермен толтырып отырулары маңызды.

Ата аналар балаға ыдыстан су ішудә қасықты дұрыс ұстауды үйретуі қажет. Бұл мақсатта су құю мен төгу ойынын ойнаған маңызды.

 

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.

Баланың қимыл қозғалысы дамыту мен кеңістікті бағдарлау әрекетін қалыптастыру.

Дамуында мүмкіншілігі бар балалардың әсіресе бірінші жылдары қимыл-қозғалысында қиыншылықтар кездеседі.

Бала өзі қимылдағанымен оның жүрісі тұрақсыз болып келеді. Көп жағдайда ата-аналар балаларына сүйемелдеу көрсетіп, оның дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл баланың қимыл-қозғалыс тәжірибесінің бәсеңсуіне алып келеді де, өз-өзін ұстауы мүлдем болмайы мүмкін. Ата—аналарға балалардың моторикасын дамытуға барынша мүмкіншілік жасауға тырысу керек.

Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.

Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) . Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.

Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі [2].

Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.

Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.

Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:

* фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту;

* қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;

* ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту;

* есте сақтау қабілетін дамыту;

* жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;

* парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.

Балабақшадағы интеграциялық сабақтар:

1. естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару (доппен ойын – «Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.);

2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу, жеке әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.);

3. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлау («Графикалық диктант», «Нүктелерге қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау);

4. колдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу (саусақтық имитациялар, доппен ойын және т.б.);

5. қолдың қимылдарын бақылау ( «Ережеге сай ою-өрнекті салуды жалғастыр», «Суретті шрихта» және т.б.);

6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген балаға көп көмеген тигізеді.

Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен ойындардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын жазу дағдыландыру жаттығуларымен қатар, оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады: үлкендерді мұқият тыңдау білігі, оолардың нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз бетінше алдына қойынған ақыл-ой міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б.

Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер қарастырылады:

1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру;

2. айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;

3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа сөздер мен ұғымдарды синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет тілімен танысу);

4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.

5. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру .

Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейін кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет.

Дамуында айытқушылығы бар балаларға ерте жастан емдік-педагогикалық көмек көрсету мекемелері.

Балаларға қажетті амбулаториялық-емханалық қызмет, өте ерте жастан 17 жасқа дейінгі аралықта, бірыңғай медициналық көмек көрсету принципі бойынша балалар емханаларында (бөлімдерінде) жасалады. Басқа амбулаториялық-емханалық мекемелер (консультациялық-диагностикалық орталықтар, жанұяны жоспарлау және репродукция орталықтары, реабилитациялық мекемелер) денсаулық сақтау жөніндегі арнаулы сұрақтарды шешеді, консультациялық көмек көрсетеді, терең диагностикалық зерттеулер жүргізеді, қажетті базасы болған жағдайда емдеу, реабилитациялық көмек көрсетеді.

Қалалық балалар емханасы (бөлімі) – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласының ең басты емдеу профилактикалық мекемесі болып табылады. Соматикалық, репродуктивтік, психикалық денсаулық туралы ақпараттарды жинап, біріктіріп, сараптап, балалардың медициналық көмекпен қамтамасыз етілуінің сапасына жауап береді. Осындай жұмыстардың негізінде профилактикалық, емдеу-салауаттандыру және коррекциялық жұмыстардың негізгі басымдық бағыттарын анықтайды, сол территорияның балаларының денсаулығын сақтаудың негізгі міндеттерін құрастырады.

Үздіксіз медициналық бақылау жүйесінде учаскелік педиатрлар басты, координациялық маңыз атқарады. Олар профилактикалық емдеу, реабилитациялық жұмыстардың мезгілінде, кешенді және қажетті көлемде жүргізілуіне тікелей жауапкершілікте болады.

Бұл міндеттер орындалуы үшін балалар емханасында (бөлімінде) педиатрлар бөлімі (кабинеттері), ағарту мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, салауаттандыру шаралары, клиникалық-эксперттік комиссия және т.б. параклиникалық, қосарлы қызметтер жұмыс істейді.

Педиатриялық бөлімдер жаңа туған сәбиден17 жасқа дейінгі балаларға жедел және созылмалы ауруларға қарсы амбулаториялық және үйге барып көмек көрсету, диспансерлік бақылау, жұмыс істеп жүрген жасөспірімдерге профилактикалық шаралар жүргізу қызметін атқарадаы.

Репродуктивтік денсаулық жөніндегі мамандардың (балалар гинекологы, андрология …) қатысуымен арнаулы көмектер көрсетіледі.

Оқу-ағарту орындарындағы медициналық көмек көрсету бөлімдері, жалпы және коррекциялық типтердегі интернаттарға, кәсіптік білім беру орындарындағы балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Әскери комиссариатпен тығыз байланыста болып, ер балаларды әскерге дайындау жұмыстарын және дәрігерлік-мамандық кеңес беру, мамандыққа бағыт беру жұмыстарын жүргізеді.

Медициналық-санитарлық көмек беру бөлімі жанұяның медициналық - әлеуметтік қауіпті факторларын анықтап, медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсетеді.

Емдеу-профилактикалық мекемелердің клиникалық-эксперттік комиссиясы уақытша еңбекке жарамсыздыққа экспертиза жасау мақсатында қызмет етеді. Жасөспірімдер 18 жасқа толған соң балалар емханасынан жалпы ересектер емханасының бақылауына ауыстырылады. Мұнда диспансерлік бақылауда тұрған жасөспірімдерді толық тексеруден өткізіп, комиссия шешімін көрсету арқылы ауыстырады.

Балалардың міндетті түрде медициналық бақылауда болу мерзімі, құрылымы, кезеңдері Денсаулық сақтау Министрлігінің құжаттары бойынша анықталады. Мектептерде денсаулық жағдайының ауытқулары бар балаларға салауаттандыру шаралары жүргізіледі.

Жоғары тыныс жолдарының жедел салқын тиген ауруларымен жиі ауыратын балаларға арнаулы, жеке тәртіп жасалып, витаминдерге (А,В,С) фитонциттерге (сарымсақ, пияз) бай тағамдармен қанықтырылыған рационалды тамақтану, арнаулы бағдарламадағы денешынықтыру тәрбиесі, қажетті шынығу процедуралары, симтоматикалық емдік дәрілер, кариес тістердің санациясы, УФ т.с.с тағайындалады.

Табиғи физикалық факторлардан ең қолайлысы климатотерапия (аэротерапия, гелиотерапия, серуендер) болып табылады. Арнаулы зерттеулер арқылы минералды сулармен емдеудің диуретикалық тиімділігінің жоғары екендігі, жақсы иммунологиялық өзгеріс беретіндігі анықталған. Экологиялық Қолайсыз жерлерден келген балаларға минералды ванналар жақсы көмектеседі.

Дамуында айытқушылығы бар балаларға ерте жастан емдік-педагогикалық көмек көрсету мекемелерінің шарттары бойынша аталған көмектің 3 кезеңін бөліп қарастыруға болады:

1-кезең:Бұл орталық жүйке-жүйесі бұзылған балалар мен қатер тобындағы балаларға арналған мамандандырылған көмек көрсету. Бұл көмек босану мекемелерінде басталып, арнайы психоневрологиялық, әр салалалы ауруханаларда, арнайы мамандардың бақылауымен жүреді.

Бірінші кезеңде жұмыстар алғашқы кездегі медициналық көмек пен емдік-коррекциялық жұмыстар болып келеді және ол жұмыстар балалардың кемістіктерін уақытылы анықтап және мүмкін болатын кемістіктерді болжауға мүмкіндік береді.  Бірінші кезеңде балаларғы арналған медициналық көмекпен қоса профилактикалық шараларды ұйымдастыруға мүмкіншілік береді, себебі алғашқы уақыттағы кемістіктер одан кейін де екіншілік кемістіктерді тудыруы мүмкін.

Босану үйлерінде түрлі жарақаттармен, асфексиямен жіне ақаулықтармен туылған балалар үшін арнайы бөлмелер бар. Үлкен босану мекемелерінде биохимиялық, иммуналогиялық және цитогенетикалық , дыбыстық зерттеулер арқылы балада дамып келе жатқан ақаулықты анықтауға болады.

Босану үйлерінде сонымен қатар жеке емдеу бөлмелері де болады.

Екінші кезеңде мүмкіншілігі шектеулі балаларға арнайы көмектер стационарларда, шипажайларды, балабақшаларда, балалар үйінде, емханалар мен психоневрологиялық диспансерлерде кездеседі.

ОНЖ-сі ерте органикалық зақымданған балалар үшін, күн ваннасын өмірлерінің 1-ші жылында шынықтыру құралы ретінде пайдалануға болмайды. Бұл олардың көбісінің ішкі ми қысымының көтерілуіне, кейді ОНЖ-нің тітіркенуі мен тартылуына бейім екендігімен байланысты болады.

Дамуында ауытқушылық бар барлық балалар үшін олардың моторикасын, функциясын дамыту бойынша арнайы сабақтардың, әсіресе қозғалыс координациясы, тепе-теңдік функциясын, түзу тұруын, жүруін, кеңістікте қозғалтуын және ритмін дамыту бойынша сабақтардың маңызы ерекше.

146

Дамуында қалыңқыраған көптеген балаларда қозғалысты орындау ритмі бұзылған. Бұл әсіресе қозғалуы және сөйлеуі бұзылған балаларда ерекше жиі кездеседі. Сол себепті баланы қозғалысты берілген ритмге сай орындауға үйрету қажет. Ол үшін баламен есеппен, шапалақпен, музыкамен байланыстыра арнайы тапсырмалар өткізу керек. Қозғалысты берілген ритмде орындау баланың момторикасын жақсартып қана қоймай, оның ынтасын белсендіреді, көңіл-күй (эмоциялық) тонусын көтереді, оның тіл дамуын сәйкестендіреді.

Дамуында ауытқушылық бар балаларда, әдетте жылдамдық, икемділік, күш және төзімділік сияқты физикалық қасиеттер жеткіліксіз дамиды. Сондықтан олармен негізгі қозғалыс дағдыларын құратын және физикалық қасиеттерінің дамуына ықпал ететін арнайы жаттығулар орындаған өте маңызды. Мұндай жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, сондай-ақ ойыншықтармен және заттармен жасалатын әртүрлі әрекеттер жатады. Баланы мүмкіндігінше ертерек көлемі, пішіні және салмағы бойынша заттарды ұстауға, қозғалтуға және оларды жабық көзбен сезіп байқауға үйреткен маңызды.

Дамуында ауытқушылық бар баланы тәрбиелеу оның денсаулығын қатайтумен тығыз байланыста жүреді. Ең алдымен оның ұйқысы мен тамақтану режимін бір қалыпқа келтіру қажет. Баланы анасының қолында ұйықтауға үйретпеген дұрыс. Бұны қатты қажет жағдайда ғана, мысалы ауырғанда жасауға болады. Баланы ұйықтауға күнде бір уақытта жатқызған дұрыс. Түнгі ұйқы алдында баламен қыдырған, бірқалыпты,тыныш ойындармен ойнаған пайдалы; ұйықтар алдында оны еркелетіп еліктіруге, жаңа ойыншықтар сыйлауға, жаңа кітаптар оқуға болмайды. Күнде бір ойынға ойнаған, балаға жақсы таныс әрі өзі ұнататын кітабын оқыған тиімді. Баланы ұйықтататын үлкен адам неғұрлым сабырлы болуы қажет.

 147

Қозғалысы дұрыс емес, әсіресе ДЦП бар сәбиді түнгі ұйқысы кезінде бір жағынан екінші жағына аунатып жатқызған дұрыс. Егер бала ішімен ұйықтап жатса, оның басы бір жаққа қарай бұрылып жатуы қажет. Олай болмаған жағдайда, оны ішімен жатқызбау керек.

Егер сәби нормадан көп ұйықтаса, қобалжымаңыз, есіңізде болсын, оның нерв жүйесі өте әлсіз және демалысты қажет етеді.

Егер баланың сіңірі тартылатын болса, анасының түнгі ұйқы кезінде өте абай болғаны дұрыс; жанұя мүшесінің бірі баламен бір бөлмеде ұйықтағаны, тіпті жақсы болады.

Дамуында ауытқушылық бар кей балалар түнде оянбастан айқайлауы, кейді тіпті тұрып, бөлме ішінде жүруі мүмкін.

Егер бұл жағдай үнемі, яғни ұйықтағаннан кейін күнде бір уақытта болатын болса және сол уақытта бала сиіп қойса ата-анасы міндетті түрде дәрігерлермен ақылдасуы қажет, себебі мұндай жағдайларда арнайы ем қажет болуы мүмкін.

Ауру баланы тамақтандыру кезінде оның әртүрлі тағам түрлерін қалай сіңіретіндігіне назар аудару керек. Психомоторикалық дамуында қалыңқыраған кейбір балалардың зат алмасуы туылғаннан бұзылған болуы мүмкін, соған байланысты олар әртүрлі өнімдерді, мысалы сүт, қант, белоктық заттар, нащар игереді. Бұл жағдайлардың барлығында да дәрігерге қаралып, ол тағайындаған диетаны қатаң ұстау қажет.

 

 Балада өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту

Ауру баланы тәрбиелеу және әлеуметтендіру үшін, онда өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту өте маңызды. Дмуында ауытқушылық бар балалардың барлығында өз-өзіне қызмет көрсету кезінде қажетті қол дағдылары нашар қалыптасады, бұл дағдыларды дамыту үшін бірнеше кезеңмен өткізілетін арнайы сабақтар қажет. Бірінші кезеңде баланы заттарды өздігінен алуға және тастауға, бір қолынан екінші қолына ауыстыруға, заттың өлшеміне, салмағына және пішініне қарай қозғалту күштерін шамалай алуға үйрету қажет.

 

 148

Бала өз  бетінше тамақ жей алуы үшін, қолын аузына әкелуі, одан соң нан алып, оны да аузына әкелуі, қасықты алып, өз бетінше тамақ жеуі (алдымен оған қою ботқа беріледі) тиіс, содан кейін барып кружканы ұстап, одан ішуге үйренеді. Ауытқушылығы бар баланың осы дағдының барлығын үйренуі үшін, өз бетінше қимылдауға көбірек мүмкіндік беру қажет. Өзіңізқимайтын жақсы ыдысты жинап қойып, орнына сынбайтын кеселер мен тарелкалар пайдаланыңыз. Одан кейін сәбиді біртіндеп вилканы, пышақты қолдануға үйретіңіз,. Столды сәндегенде эстетика туралы ұмытпаңыз.

Баланы киінуге үйрету үшін, алдымен үлкен, содан соң кішкентай түймелерді ағытуға, киімді дұрыс тани білуге үйретіңіз. Көптеген балалар киімнің «алды» мен «артын», ішкі және сыртқа жағын, ая киімде – оң және сол аяғын шатастаырады, көпке шеін ілмектерді, замоктарды сала алмай, аяқ киімнің бауын байлай алмайды. Мұның бәрін ойын түрінде үйретіп, жаттықтырған дұрыс. Бұл дағдының барлығы бекігеннен кейін, бала өз бетінше өмірде қолданатындай жағдай жасау керек. Мұндай сабақтардан кейін бала мұның бәрін өз бетімен жасағысы келеді. Дегенмен, ол әлі ебедейсіз және өте жай қозғалады. Сіз оған ренжімеңіз. Шыдамдылық танытыңыз, бала өз өзіне қызмет көрсету дағдыларын біртіндеп меңгеріп кетеді.

Баланы ерте жастан тәртіпке үйреткен дұрыс. Ұйықтар алдында ол өз киімін орындыққа мұқият жинап, тәпішкесін керуеттің жанына, ойыншықтарын бір орынға жинап қоюы тиіс.

Баланы тазалық дағдыларына үйрету        

 Ауытқушылығы бар балалардың барлығын олардың жағдайларының ауырлық дәрежесіне қарамастан, тазалық дағдыларына үйрету керек. Алайда бұл өте үлкен шыдамдылықты және табандылықты қажет етеді.

 149

Дамуында ауытқушылығы бар балаларда тазалық дағдыларын дамытудың белгіі бір қиындықтары болады және ол бұл балалардың ауруларының ерекшеліктеріне де, тәрбиелеудегі қателікке де байланысты болады. Көптеген ата-аналар өз баласының болашағын ойлап, баланы тазалық дағдыларына өте ерте жастан үйрете бастайды, алкейбірі, керісінше, оны аяп, бірінші жылында оған онша мән бермейді. Екі жағдайда да дағдыларды қалыптастыру қиынға түседі.

Бұл қателіктерге жол бермеу үшін, ата-ананың сау балада тазалық дағдыларын дамыту ерекшеліктерін білгені дұрыс; баланың бір жасына дейін, қағида бойынша, зат пен оның арналуы арасында байланыс болмайды, сол себепті бұл жаста баланы горшокты пайдалануға үйретудің қажеті жоқ. Балалардың көбінде бұл байланыс екі жасында пайда бола бастайды. Алайда бұл жаста әрекеттің басым түрі қозғалыс болыптабылады, бала жүруді игеруге беріліп кетеді де, өзіні қуық қызметін бақылауды ұмытып кетеді. Бұл бақылау біртіндеп, жасы үлкейген сайын қалыптасады. 2 жастағы балалардың көбінде тазалық дағдысы ішінара қалыптасады, алайда бұл жаста бала горшокты пайдалану кезінде мазасызданып, бірнеше рет тұрып кетуі мүмкін. Бұл дағды тек 3-3,5 жасында ғана неғұрым тұрақты түрде қалыптасады.

Ата-аналардың тазалық дағдыларын үйретудің ұзақ процесс екендігін және сау балада ол қалыпты жағдай өзгергенде бұзылуы мүмкін екендігін ескергені дұрыс.

Ата-ана баласын тазалық дағдысын білдірген жағдайда мақтауы, ал бұзылған жағдайда мүлдем орыспауы керек. Ақыл-ойы қалыңқыраған баланың өзі жаман іс істегенін сезеді, сондықтаната-ананың ұрсуы оның мазасыздандырып, дағдының қалыптасуына көмектеспейді, керісінше эмоциялық стресс есебінен оны бұзады.

 

150

Тазалық дағдысына әрбеиелу үшін ата-анасы балаға горшокты белгілі бір уақыт аралығы сайын ұсынуы қажет. Бала ата-анасын қуантуға ұмтылуы тиіс, себебі ол горшокты не үшін пайдалану керектігін ұғыну оған әлі қиын.

Тазалық дағдысына тәрбиелеу кезінде ата-аналардың аномальды даму ерекшелігіне байланысты мынадай сәттерді ескергені дұрыс: горшокта отырғанда бала қорықпауы тиіс. Ол өзін тыныш сезінуі үшін, қасында үлкен адамның болғаны жөн; қолына ешқандай ойыншық бермеу керек, ол өз ынтасын соған аударып жібереді; көптеген балалар үшін отыру қалпын ұстау және осы қалыпта күшеніп, дәретке отыру қиынырақ болады.

Соңғысы дамуында ауытқушылық бар балалардың көбінің тазалық дағдысына үйренуді едәуірқиындатады. Бұл жерде мынадай кеңестер пайдалы. Егер бұл кішкентай бала болса, анасы горшокты алдына алып отыруы тиіс, бұл баланың отыру қалпын ұстауына көмектесіп, оның басын ұстауын бақылауға және тепе-теңдікті сақтауына көмектеседі. Анасының көмегімен бала өзін еркін сезіне алады. Кейде горшоктың жиегіне қуысты резеңке қойған да пайдалы, оны горшоктың жиегінде тұратындай және балаға ыңғайлы болатындай етіп орнатады, сондай-ақ арнайы орындықтар қолданған да пайдалы, бала оның көлденең ағашынан ұстап отыра алады.

Ұл балалардың психосексуалдық тұрғыдан дұрыс дамулары үшін тазалыққа тәрбилеудің басынан бастап тұрып дәрет сындырулары тиіс. Қозғалысында кінәрат бар балалар үшін екі жағы көтерілетін арнайы горшокты пайдалануға болады, бала оны ұстап тұрып өзін неғұрлым орнықты сезінеді және құлап кетемін деген қорқынышыты жеңеді.

Баланың өзін теңдікте ұстау реакциясы және отыру функциясы жеткіліксіз дамығын жағдайда, бала құрылғының шетінен ұстап отыруы үшін горшокты ағаш жәшікке немесе үш бұрышты орындықтың не табуретканың негізіне салып қойған жөн.

Бала өмірінің алғашқы жылдарынан бастап горшокты өзі алуға, неғұрлым үлкен болғанда - өз бетімен оны пайдалануға тырысуы тиіс. Ата-ананың міндеті  - осы функцияларды баланың өзінің орындауына мүмкіндік туғызу. Дәретхана қағазын баланың қолы жететін жерге орналастырады. Баланың киімі өзі шеше алатындай болуы тиіс.

 

151

Машықты дамытудың бірінші сатысында, бала түрлі тәсілдерді қолданып айналасындағыларға өз қажеттілігі туралы хабарлай бастаған кезде, ересектер осы сигналдарға – ымына, мимикасына, сөзіне, көз қарасына, дауысына барынша көңіл аударулары тиіс.

Келесі кезеңде, бала горшокты өзі алуды және киімін шешуді бастаған кезде, жоғарыда айтылып кеткендей, оның осы әрекеттерді істеуде толық тәуелсіз болуы үшін жағдай туғызған дұрыс.

Балада тазалық машықтарын қалыптастыруды жеңілдету үшін сіз оны ең алдымен бір уақытта тамақтандырып, бір уақытта сусын беруіңіз керек. Соған сәйкес горшоққа отырғызу керек. Баланы горшокқа басында жиі отырғызыңыз (мысалы, бір сағат сайын), бірақ горшокта ұзақ отырғызып қоймаңыз (5-6 минуттан ұзақ емес).

Тазалық машықтарын үйреткен кезде барынша шыдамды әрі әрекеттеріңіздің бірізділігін сақтаудың қажет екендігін тағы да естеріңізге саламыз. Осы машықтарға тәрбилеуде сіздің балаңызбен ғана қиындықтар туындайды деген ойдан аулақ болыңыз. Қандай жағдай болмасын балада туындағы қиындықтардың себебін түсіну және барлық күшін оны жеңуге бағыттау керек.

Ата-анасының қанша күш жұмсағанына қарамастан, бала 4 жасқа келгенде тазалық машығы әлі қалыптаспаса немесе машық қалыптасып, содан кейін қандай да бір жағымсыз әрекеттердің салдарынан жоғалып кеткен жағдайда, баланы дәрігерге қаратуыңыз қажет.

Дамуында ауытқушылық бар, күндізгі уақытқа тазалық машығы қалыптастырылған көптеген балалар түнде ұйқыда жатқанда еріксіз зәр жіберіп алады – энурез. Дамуында ауытқушылығы бар балаларда   түнгі энурез көбінесе ұйқы механизімінің бұзылуымен байланысты. Сондықтан мұндай жағдайларда маңызды режимдік сәттердің бірі баланың ұйқы режимін қатаң ұйымдастыру болып табылады. Баланың ұйықтауы үшін қолайла жағдайлар жасау қажет, ол үшін ұйықтағанға дейін 2 сағат бұрын әртүрлі эмоциялық әсерлендіру әсері бар (көп қозғалатын ойындар, теле хабарлар көру және т.б.) әрекеттерді тоқтату, бала жылы бөлмеде, аяқ жағы кішкене көтеріңкі жартылай қатты керуетте ұйықатуы тиіс. Сондай-ақ белгіленген тамақтану және ішу режимін сақтаудың және күннің екінші жартысында сұйықтық мөлшері көп өнімді шектеудің де маңызы зор. Ұйқыдан 4-5 сағат бұрын ішудің қайсысын болса да тоқтату керек. Егер бұл режимдердің барлығы да жеткіліксіз болса, онда психоневролог-дәрігермен ақылдасқан дұрыс.   




1. Ослабление условий Хотеллинга в теории невозобновляемых природных ресурсов
2. Реферат- Страхування транспортних засобів та вантажів
3. ДА то вы пришли по адресу
4. тема Психологическая защита личности
5. Тема 9 Рабочее время
6. Понятие и элементы Форма правления Форма государственного устройства Политический режим Форм
7. ДИХЛОР ПРИ ВИРУСНЫХ ИНФЕКЦИЯХ ВКЛЮЧАЯ ГРИПП ПОВЕРХНОСТИ В ПОМЕЩЕНИЯХ ЖЕСТКАЯ МЕБЕЛЬ-
8. Лекція 1 ПРЕДМЕТ ФІНАНСОВОЇ НАУКИ ЯК ПІЗНАННЯ СУТНОСТІ ФІНАНСІВ 1.
9. Региональная политика стран-членов ЕС.html
10. Лабораторная работа 5 Тема- КОМПЛЕКСНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ВОЗМОЖНОСТЕЙ MS EXCEL ДЛЯ СОЗДАНИЯ ДОКУМЕНТОВ Цел
11. Политическая биография Хосни Мубарака
12. Сначала Чарткова бросали в пот такие требования но потом он уже не затруднялся- даже из двух трёх слов с
13. задание на раскрытие какоголибо теоретического положения понятия на примере Памятка для ученика1
14. 30 Содружество независимых государств 410
15. Плотности материалов
16. вариант Боул Ксения 2 Валиуллин Артур 3
17. тематичне моделювання ВЛАСНИХ коливань РЕЗОНАТОРІВ З тонкОЮ ОПУКЛОЮ п~єзоелектричною пластинОЮ
18. Систематизация нормативно-правовых актов
19. ЛАБОРАТОРНА РОБОТА 8 Дослідження роботи ППІ КР580ВВ55 1
20. Теоретические основы сушки и сушильные устройства