Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Бекітемін1

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирингуниверситеті

Жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық дайындық факультеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы

                                                                                                                           «Бекітемін»

                                                                                                           ОІ жөніндегі  проректоры

                                                                                                           ______  Имандосова М.Б.   

                                                                                                   « ___ » ____ 20__ ж.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ пәні бойынша

мемлекеттік емтиханның тест тапсырмалары

___5__

1 Неолит төңкерісі – бұл:

A) Тастан жасалған еңбек құралдарынан темірден жасалғандарға көшу;

B) Өндірмейтін шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу;

C) Садақ пен жебені ойлап табу;

D) Тасты өңдеу жаңа технологиясының – сығылмалы ретуштің пайда болуы;

E) Қоланы ойлап табу.

2 Адамдардың қазіргі типінің пайда болуы ежелгі адамдардың өмірінің қандай кезеңімен байланысты:

A) Төменгі палеолит;

B) Мезолит;

C) Орта палеолит;

D) Жоғары палеолит;

E) Неолит.

3 Антропогенез – бұл:

A) Материалдық мәдениеттің прогресіне әкелетін өңдеу техникасы мен еңбек құралын пайдаланудың дамуы;

B) Адамзат қоғамының қарапайым түрден күрделі қауымдастық түрге дейін дамуы;

C) Адамның маймыл тәріздес түрден қазіргі кезең типіне дейін морфологиялық дамуы;

D) Алғашқы қауымдық мәдениеттің түрі;

E) Өнердің түрі.

4 Қола дәуіріне  қай орнамент жатады;

A) өсімдікті;

B) геометриялық;

C) зооморфтік;

D) рунилік;

E) орнаментке ешқайсысы жатпайды.

5 Алғашқы  ірі қоғамдық еңбек бөлінуіне  негіз болған...

А) Тайпалардың мал шаруашылығына және егін шаруашылығына  бөлінуі;

В) Көшпелі шаруашылықтың пайда болуы;

С) Қолөнердің егіншіліктен бөлінуі;

D) Еңбектің ер адамдық және әйел адамдық деп бөлінуі;
Е) Еңбектің физикалық және интеллектуалдық деп бөлінуі.

6  Қазақтың қай ханы тұсында XVII ғ. алғашқы төртінші бөлігінде Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аудандар, орта Сырдария ағысындағы қалалар үшін күрес аяқталып, Ташкент 200 жылға Қазақ хандығының құрамына кіреді?

A) Хақназар хан;      

B) Есім хан (Шығай хан баласы);      

C) Шығай хан (Жәнібек ұрпағы);

D) Тәуекел хан (Шығай хан баласы);

E) Тәуке хан.

7 Тәуке хан (1680-1718 жж.) кезінде Қазақ хандығының қай қаласы жоңғарлар тонауынан аман қалды?

A) Сайрам;       

B) Манкент;     

C) Түркістан;     

D) Шымкент;     

E) Ташкент.

8 Қазіргі мәліметтер айтуынша қай қазақ ханы кезінде қазақтардың саны 1 млн. адамға жеткен?

A) Жәнібек хан;   

B) Бұрындық хан;   

C) Қасым хан;   

D) Мамаш хан;   

E) Тәуке хан.

9 Сібір ханы Көшімге қарсы тұру үшін Хақназар кіммен одақтасты:

A) Моғол ханы Саид сұлтанмен;  

B) Өзбек ханы Абдоллахпен;  

C) Хонтайжы Бошақтумен;

D) Ірі феодал Баба-сұлтанмен;     

E) Орыспатшасы Иван Грозныймен.

10 1680-1718 жж. қазақ ханы?

А) Жәңгір хан;

B) Қасым хан;

C) Әбілқайыр хан;

D) Тауке хан;

E) Хақназар хан.     

11  «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының суреттемесі» еңбегінің авторы кім?

А) Н.Рычков;

В) П.Паллас;

C) В.Радлов;

D) А.И.Левшин;

E) П.Семенов-Тянь-Шанский.

12 1911 жылы жарық көрген «Түркілер һәм қырғыз-қазақ хандар тарихының шежіресі» еңбегінің авторы кім?

А) С.Торайғыров;

В) С.Көбеев;

C) М.Жұмабаев;

D) Ш.Құдайбердиев;

E) А.Құнанбаев.

13 Ш.Уәлихановтың қай еңбегінде оның Қашқария экспедициясының нәтижесі баяндалған?

А) «Алтыншар жағдайы немесе Қытайдың Нан Лу (КішіБұхария) провинциясының алты қаласы туралы» ;

В) «Қытай империясының батыс провинциялары және Құлжа қаласы»;

C) «Ыстықкөл сапарының күнделігі»;

D) «Қырғыздар туралы жазбалар»;

E) «Қазақ өлкесіндегі мұсылмандық туралы» .

14Қазақстанның жазба әдебиетінің негізін қалаушы?

А) А.Байтұрсынов;

В) А.Құнанбаев;

C) Бұхаржырау;

D) Ы.Алтынсарин;

E) Ш.Құдайбердиев.

15 «Ресей империясының түрлі провинцияларына саяхат» еңбегінің авторы кім?

А) Н.Рычков;

В) П.Паллас;

C) Р.Радлов;

D) А.И.Левшин;

E) П.Семенов-Тянь-Шанский.

16   Берлинде Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры:

А) Б.Момышұлы;

В) М.Ғабдулин;

C) Қ.Қайсенов;

D) Р.Қошқарбаев;

E) А.Шаріпов.

17 Соғыс жылдарында елдің батыс облыстарынан көшірілген зауыт-фабрикалар негізінен Қазақстанның қай қаласында орналастырылды?

А) Арқалықта;

В) Ақмолада;

C) Қызыл-Ордада;

D) Талдықорғанда;

E) Шымкентте.

18 Генерал-майор И.В.Панфилов Мәскеу түбінде қандай әскери бөлімді басқарды?

А) 8-ші гвардияшылар дивизиясын;

В) 316-шы атқыштар дивизиясын;

C) 238-ші атқыштар дивизиясын;

D) 30-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы;

E) 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы.

19 М.Маметова  ерлігін қай қала үшін жасады?

А) Харьков;

В) Гомель;

С) Смоленск;

D) Невель;

Е) Москва.

20 Ә.Молдағұлова майданда кім болды?

A) Барлаушы;

B) Пулеметші;

C) Байланысшы;

D) Мерген;

E) Медбике.

21 Физикалық жағынан андроновтықтар:

А) Европеоидтар;

В) Монғолоидтар;

С) Негроидтар;

D) Европеоидтар мен монғолоидтартардың аралас түрі;

Е) Австроидтар болып саналады.

22 Қай дәуірде қоғамдық құрылымдар аналық ру аталық руды ауыстырды?

А) Тас дәуірі;

В) Қола дәуірі;

С) Мыс-тас дәуірі;

D) Ерте темір дәуірі;

Е) Ру әрқашан  ата жағынан айқындалып отырды.

23 Андроновтық тасқа қашалған суреттердің ең көп шоғырланған жері:

A) Орта Азия;

B) Батыс Қазақстан;

C) Жетісу;

D) Орталық Қазақстан;

E) Солтүстік Қазақстан.

24 «Көзілдірік» және «алақан» тәріздес алқалар, жартылай оралған сырғалар қай мәдениетті сипаттайды?  

A) Андронов;

B) Ботай;

С) Ориньяк;

D) Ашель;

Е) Тасмола.

25 Андронов мәдениетінің тұрақтары мына қаланың маңынан табылды:

A) Ачинск;

B) Алматы;

C) Тараз;

D) Орынбор;

E) Атырау.

26 «Тарихи-Рашиди» еңбегінің авторы кім?

А)М.Хайдар-Дуглат;

B) Ж.Баласағұн;

C) М.Қашғар;

D) Ибн Рузбихан;

E)  Ахмед Яссауи.

27 Неліктен Ұлы Жібек Жолы өзінің маңыздылығын жойып, қызмет етуін тоқтатты:

A) теңіз сауда жолдарының ашылуынан;

B) «далалық жолдардың» ашылуынан;

C) моңғол-татар шапқыншылығынан;

D) экономиканың құлдырауынан;

E) Қазақстан қалаларының жылдам құлдырауынан.

28 Батыста феодалдық жер иелену бенефиций, Ресейде – поместье деп аталды, ал Шығыста:

A) сауын;

B) ихта;

C) сойырғал;

D) вакуфтық жерлер;

E) вотчина.

29 XIV-Xғғ. Қазақстан территориясындағы ортағасырлық феодалдық мемлекеттерде тархандық сый нені білдірді:

A) Мемлекет пайдасы үшін салықтан босатылды;  

B) Сұлтан пайдасы үшін салықтан босатылды;

C) Хан пайдасы үшін салықтан босатылды;

D) Тек армияны ұстау үшін салық төледі;

E) Жерді жеке меншікке берді.

30 Өлген ағасының әйелі кіші інісіне (үлкен ағасы немесе жақын туысына) өту дәстүрі қалай аталады?

A) Беташар;

B) Қаңғала;   

C)  Мәрдіқар;   

D) Жамалға;

E)  Әмеңгерлік.

Құрастырушылар:

  1.  Тар.ғ.к.,доцент Джумалиева Л.Т.__________
  2.  Тар.ғ.к.,доцент Табылдиева О.Д._________
  3.  Тар.ғ.к.,доцент Едилханова  С.А._____ ___
  4.  Тар.ғ.к.,доцент Буянова Л.Л. _________
  5.  Аға оқытушы Қамиева Г.Б. _________
  6.  Аға оқытушы Бекенжанова А.А. _________
  7.  Аға оқытушы Кильдякова Е.Н. _________

Мемлекеттік емтиханның тест тапсырмалары  Қазақстан тарихы пәнінің сұрақтары бойынша құрастырылған және ол кафедра мәжілісінде бекітілген. Хаттама № ___  «_____»______________20__ж.




1. я ВозряСоцэкизменения к
2. количество движений за смену; b
3. тема. Внешние причины и условия корыстного преступного поведения
4. Мировоззренческая сторона этики состоит в том что цели практической деятельности человека формулируются в.
5. величина зависящая от материала способа его обработки состояния контактирующей поверхности
6. Основы психологии семьи и семейного консультирования для студентов специальности Социальная педагоги
7. Предупреждение и пресечение коррупции в иностранных государствах
8. Русский моряк АФМожайский - изобретатель первого в мире самолета
9. Краткий психологический словарь
10. Напрями впливу іноземних інвестицій на економічний розвиток приймаючої держави- переваги та недоліки
11. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня доктора географічних наук Київ 2001
12. Путь Чая
13. на тему- ldquo;Іслам ~ шиїти і сунітиrdquo; ПЛАН ВСТУП 1
14. Эффективность производства рапса в СПК прогресс-Вертелишки гродненского района
15. прежнему занимает одно из первых мест Л.html
16. Лабораторная работа 1 4 часа Тема
17. реферат дисертації на здобуття наукового ступеню кандидата медичних наук Харк
18. 1 Учет безналичных расчетов4101
19. Лекция 3 СОЦИАЛЬНЫЕ ЦЕННОСТИ И НОРМЫ Все мы живем в обществе себе подобных и поэтому обречены выбирать л
20. От сигнала к образу