Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1457 қаулысымен
бекітілген
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
міндетті мерзімдік аттестациялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестациялау қағидалары (бұдан әрі Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасының жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді (цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ өзге, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұрған бөлімшелерін) бағалау жөніндегі қызмет;
2) зертханалар өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындауға байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;
3) өндірістік объектілер өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымның цехтары, учаскелері және өзге де жеке тұрған өндірістік бөлімшелері;
4) жұмыс орны еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің тұрақты немесе уақытша болатын орны;
5) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта және еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
6) білікті кадрлар өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі жұмыспен айналысатын, тиісті білімі бар немесе дайындық курстарынан өткен және тиісті сертификаты бар қызметкерлері;
7) сертификат тиісті білім беру ұйымдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша даярлық курсынан өткен адамдарға беретін белгіленген үлгідегі құжат;
8) жеке қорғану құралдары қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
9) ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
10) жарақат қауіпсіздігі өндірістік объектілердің еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жағдайларда жұмыс істеушілердің жарақаттануын болдырмайтын еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
11) еңбектің ауырлығы еңбек процесінің ағзаның негізінен тірек-қозғалыс аппаратына және функционалдық (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және басқа) жүйесіне түсетін жүктемені көрсететін, оның қызметін қамтамасыз ететін сипаттамасы;
12) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары еңбек процесі мен өндірістік ортаның қызметкер еңбек міндеттерін атқаруы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуы;
13) еңбек қауырттылығы еңбек процесінің қызметкердің негізінен орталық жүйке жүйесіне, сезу органдарына, эмоционалдық жүйесіне түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;
14) қауіпсіздік нормалары өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және еңбек қызметі процесінде қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс беруші бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
4. Өндірістік объектілерді аттестаттау:
1) ұйымның өндірістік объектілері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік объектілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды:
еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;
жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды;
қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
5. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері:
1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;
3) қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;
4) кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;
6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;
7) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу;
9) қызметкерлердің еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері аттестаттауға жатады.
7. Аттестаттауды өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілердің соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.
8. Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу тәртібінің бұзылғаны анықталған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органының талабы бойынша жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
9. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, білікті кадрлары туралы мәлімет, зертханалардың болуы немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы зертханалармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
9-1. Өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізудің уақтылылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Ескерту. 1-бөлім 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы
10. Өндірістік объектіні аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші тұрақты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
11. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына жетекші не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері кіреді.
12. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;
2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды немесе зертхананы белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;
4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды өткізу кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
5) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
6) өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу үшін қажетті нормативтік анықтамалық базаны қалыптастырады;
7) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;
8) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықтарды айқындайды;
9) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу мерзімін келіседі;
10) ұйымдардың өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізудің сапасына ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3. Аттестаттауды өткізудің тәртібі
13. Еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық қауіпті және зиянды өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар, оның ішінде еңбек ауырлығы мен қауырттылығы жатады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері және эргономикалық зерттеулер ұжымдық және жеке қорғану құралдары жарамды болған кезде жұмыс жағдайында және өндірістік процестерде орындалуға тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты көмір шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, еңбек процесінің ауырлығы мен еңбек қауырттылығы көрсеткіштерін айқындау, өндірістегі еңбек гигиенасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады. Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелері хаттамалармен ресімделеді (осы Қағидаларға 1-қосымша).
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.
Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың шекті рұқсат етілген концентрацияларына (деңгейіне) сәйкестігіне өлшенген параметрлер сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді.
14. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:
1) өндірістік жабдықтар;
2) құрылғылар мен құрал-саймандар;
3) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;
4) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.
15. Өндірістік жабдықтардың, айлабұйымдардың және жабдықтардың зақым келтіру қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлердың сәйкестігіне және өндірістік процесс технологиясының талаптарына байланысты болады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
16. Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау Жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасымен (осы Қағидаларға 2-қосымша) ресімделеді.
17. Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау:
Әр кәсіп қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі анықталады. Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын жұмыс берушінің қаражаты есебінен берудің нормаларымен салыстыру арқылы анықталады.
Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде берілген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталуға тиіс.
ЖҚҚ-ның сапасын және олармен қызметкерлердің қамтамасыз етілуін бағалау Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен (осы Қағидаларға 3-қосымша) ресімделеді. Қызметкерлер еңбек нормалары мен жағдайларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана «қамтамасыз етілді» деген баға қойылады.
4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау
18. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының жай-күйін бағалау:
1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесінен;
2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу дәрежесінен;
3) жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуден, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестілігінен тұрады.
19. Жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
20. Жұмыс орындары төмендегі факторлардың бірі:
1) өндірістік орта факторларының нақты мәні қолданыстағы нормалардан жоғары болған;
2) жарақат қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған;
3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.
21. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті факторларға жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
22. Өндірістік объектілерді аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөніндегі жоспардың жобасын (бұдан әрі Жоспар жобасы) және аттестаттау нәтижесін қоса отырып, өндірістік объектіні аттестациялау актісімен ресімдейді.
23. Жоспар жобасында ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес келетін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шаралары және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс (осы Қағидаларға 4-қосымша).
24. Жоспар жобасында барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделуге тиіс.
25. Жоспар жобасында аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.
5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі
Ескерту. 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Аттестаттау нәтижелері:
1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттау жүргізудің негізі, тартылатын өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);
2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);
3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының зертханалық, аспаптық және эргономикалық зерттеулер хаттамалары;
4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;
5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамаларын қамтитын құжат түрінде ресімделеді.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
27. Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін аттестаттау нәтижелерін еңбек жөніндегі тиісті жергілікті органға бір ай мерзімде осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес қағаз және электронды тасымалдағышта беруге міндетті.
Ескерту. 1-бөлім 27-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша
міндетті мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша
________________________________________________________
(өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі
мамандандырылған ұйымның атауы)
Зиянды өндірістік факторларды өлшеу
№ __________ ХАТТАМАСЫ
20___ ж. ____ ___________
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Ұйым: ____________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндіріс, цех, учаске: ____________________________
3. Мекенжайы: ____________________________
4. Үй-жайдың сипаттамасы:
ауданы: _______________________
ұжымдық қорғану жүйесі: _________________________________
жабдықтардың түрі және олардың саны _____________________
кәсіптердің, лауазымдардың атауы ________________________
5. Өлшеу құралдары:
Р/с |
Атауы |
Зауыттық нөмірі |
Тексеру күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
|
6. Сынама және жабдықтарды іріктеу нүктелері көрсетілген үй-жай эскизі:
Ескерту: бір іріктеу нүктесінің ауданы 50 м2 дейін есебімен |
7. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижесі:
Эскиз бойынша нүкте № |
Жұмыс орнының коды |
Жұмыс орнының саны |
Өндірістік орта факторларының атауы, өлшем бірлігі |
Норма, ШРК, ШРШ |
Нақты деңгей |
Шамадан асып кету |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
Өлшеуді жүргізген: _________________ ________________
Ұйымның өкілі: _____________________ ________________
Өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша
міндетті мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша
_______________________________________________________
(өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі
мамандандырылған ұйымның атауы)
Жарақат қауіпсіздігін бағалау
№ ____ ХАТТАМАСЫ
20___ ж.____ ___________
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Ұйым: ____________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндіріс, цех, учаске: ____________________________
3. Мекенжайы: ____________________________
4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижесі:
Жұмыс орнының коды |
Жабдықтар, құрылғылар мен құрал-саймандардың атауы |
Техникалық құжаттамасының (паспорттардың, сертификаттардың және т.б.) болуы |
Жұмыс орнының саны |
Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижесі |
|
Сәйкестігі |
Сәйкессіздік себептері |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
Бағалауды жүргізді: ___________ __________________
Ұйымның өкілі: _______________ __________________
Өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша
міндетті мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша
_______________________________________________________
(өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі
мамандандырылған ұйымның атауы)
Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен
қамтамасыз етілуін бағалау
№ _____ ХАТТАМАСЫ
20___ ж.____ ___________
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.01 № 731 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Ұйым: ____________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндіріс, цех, учаске: ____________________________
3. Мекенжайы: ____________________________
4. ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау
Жұмыс орнының коды |
Кәсіптердің, лауазымдардың атауы |
Жұмыс орнының саны |
Қызметкерге берілуге тиіс жеке қорғану құралдарының (ЖҚҚ) тізбесі (ЖҚҚ атауы) |
ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау (қамтамасыз етілген/ қамтамасыз етілмеген) |
Ескерту |
||
қолданыстағы нормаға сәйкес |
нақты берілгені |
МЕМСТ, сертификаты |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалауды жүргізген: ________________ ______________________
Ұйымның өкілі: _______________________ ______________________
Өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша
міндетті мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша
Бекітемін:
Ұйымның басшысы
_______ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
20__ ж.____ ________
Ұйымда еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту және
сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Жұмыс орнының коды |
Іс-шаралар атауы |
Орындалу мерзімі |
Іс-шараларды орындауға жауапты |
Орындалуы туралы белгі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Өндірістің, цехтың, учаскенің атауы |
|||||
|
|
|
|
Аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________ ___________________
(қолы) (Т. А. Ә.)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері ______________ ___________________
(қолы) (Т. А. Ә.)
"Әділет" АҚЖ ресми жарияланым дереккөзі болып табылмайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК