Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
6-тақырып
Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
Тауар және ақша.
Бағалар мен тарифтер
Мақсат: қоғамдық шаруашылық формаларын анықтап, тауарлы шаруашылықтың мәнің ашу, тауар қасиеттерімен танысу. Ақша қызметтерінің мәнін түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: натуралды, тауарлы шаруашылық, тауар, айырбас құны, тұтыну құны, құн заңы, шекті пайдалылық теориясы, ақша, жалпылама эквивалент.
Қоғамдық өндірістің тарихи қалыптасқан түріне натуралды шаруашылық жатады. Ол өндіріс пен тұтынудың тікелей біріккен түрі, ал қызметтің үйлестірілуі патриархалды әдеттер негізінде және еңбекке жүгіну экономикадан тыс ерікпен жүзеге асырылады.
Шаруашылықтың ең кең таралған формасы ретінде тауарлы шаруашылық көрінеді. Бұл кезде өндіріс пен тұтыну арасындағы байланыс, экономикалық қызметтің үйлестірілуі бәсекеге негізделіп, тауарларды нарықта сату-сатып алу қатынастары арқылы жүзеге асырылады.
Натуралды шаруашылық субъект өзінің жеке бас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім өнідіретін ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесі.
Бұл жүйе келесі сипатқа ие. Сызбаны қараңыз.
Тұйық шаруашылық
Тікелей
шаруашылық
байланыстар
Әмбебап
еңбек
Натуралды шаруашылықтың сипаттамалары:
а) ұйымдық-экономикалық қатынастардың тұйық жүйесі;
б) оқшаулан түрге бөлінбеген әмбебап қол еңбегі;
в) өндіріс пен тұтыну арасындағы тікелей экономикалық байланыстар. Ол «өндіру-тұтыну» қағидасымен жүзеге асады.
Яғни шығарылған өнім өндіріске қатысушылар арасында бөлінеді, айырбас пен сату қатынастарынсыз тікелей тұтынылады. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыстың қалыптасу кезеңінде пайда болып, құлиеленуші елдерде үстемдік еткен, сондай-ақ феодалды экономиканың басты белгілерін құраған. Қазіргі таңда индустрияға дейінгі өндірісті қамтыған, дәстүрлі экономикалы, даму дәрежесі артта қалған бірқатар елдерде кездеседі.
Тауарлы шаруашылық пайдалы өнімдер нарықта сатылуы үшін өндірілетін ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесі. Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын бірқатар белгілерді қамтиды.
Тауарлы шаруашылықтың сипаттамалары:
а) ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтығы;
б) еңбек бөлінісі және оның нәтижесі ретіндегі тауарлар айырбасы;
в) өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама, тікелей емес байланыстар. Ол «өндіріс-айырбас-тұтыну» қағидасымен жүзеге асырылады.
Дайындалған өнім басқа тауарларға айырбастау және сату үшін нарыққа шығарылады және содан кейін барып тұтынуға түседі. Нарықтық айырбас тауар өндірушілері мен тұтынушылар арасындағы экономикалық байланыстарды қалыптастырады. Тауар өндірісі алғашқы қауымдық құрылыс кезінен бастап қазіргі күнге дейін бар.
Ашық шаруашылық
Еңбек
Бөлінісі
Жанама шаруашылық байланыстар
5.2 сурет Тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілері
Тауарлы өндірістің даму себептеріне жататындар:
а) қоғамдық еңбек бөлінісі;
б) адамдардың шаруашылық оқшаулануы.
Шаруалар мен қолөнершілердің қарапайым тауарлы шаруашылығы тарихи жағынан ең алғашқысы болған. Капитализм жағдайында тек қана еңбек нәтижесі тауар болып табылмайтын, сондай-ақ адамның жұмыс күші де тауар болып табылатын дамыған тауарлы шаруашылық көрініс табады.
Тауарлы шаруашылықтың қарапайым бөлшегі тауар. Тауар нарықта басқа тауарға эквивалентті түрде айырбастауға арналған, еңбекпен жасалған қоғамдық пайдалылық.
Нарықта тепе-тең құнды басқа тауарға айырбасталуы кезінде тауардың айырбас құны қасиеті шығады.
Айырбас құны тауардың басқа пайдалы заттарға айырбастың белгілі бір пропорцияда жүзеге асуын көрсететін қабілеті. Айырбас пропорциясы тауарға сіңген құнның мөлшеріне тәуелді болады. Осылай, тауар екі қасиетке ие болады: пайдалылық (тұтыну) және құндылық (айырбас).
Еңбек құн теориясы.
Еңбек құн теориясының (Уильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Карл Маркс) негізгі мазмұны келесі тұжырымдарда жатыр:
Нарықтық айырбастың әртекті өнімдерінің біркелкі ішкі сипатты, яғни құнды қатиды. Сондықтан олар белгілі бір айырбас пропорциясында бір-біріне теңесе алады;
Барлық тауарлардың құны тауар өндірушілердің қоғамдық өндірісі арқылы жасалады. Еңбек қоғамдық болып табылады, өйткені нарықтық өнімді өндіруші өзі үшін емес қоғамның басқа мүшелері үшін пайдалы заттарды жасап шығарады. Тауарға сіңген құн қоғамдық еңбек болып табылады. Құнды қалыптастыратын еңбектің өзі күрделілігі және сапалылығы бойынша бөлінеді. Күрделі еңбек көбейтілген қарапайым еңбек. Күрделі еңбектің барлық түрін қарапайым еңбектің белгілі бір мөлшеріне жеткізу еңбекті жетілдіру (редукциялау).
Еңбектің ішкі өлшемі жұмыс уақыты. Жеке жұмыс уақыты (қызметкердің, кәсіпорынның) және қоғамдық қажетті (нарықтық) жұмыс уақыты деп бөлінеді. Тауар құны қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты бұл:
а) өндірістің қоғамдық әдетті жағдайы;
б) жұмысшылардың орташа біліктілігі;
ә) еңбектің орташа қарқындылығы кезінде өнімді дайындауға кететін уақыт.
Құн заңына сәйкес пайдалы заттардың нарықтық құны қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен анықталады.
Құн заңы тауарлы шаруашылықтың негізгі заңы. Құн заңының қызметтері 5.3 сызбада берілген.
Құнның еңбек теориясы қоғамдық еңбек шығындарына сүйене отырып құнның мәнін ашқан болса, шекті пайдалылық теориясы (Карл Менгер, Евгений Бем-Баверк) құн мен құнды игіліктерді (қызметтерді) пайдалы заттарды тұтынушының экономикалық психологиясы тұрғысынан түсіндіреді.
Бұл теорияның негізгі заңдылықтары келесіде:
а) шексіз мөлшерде болатын (ауа);
б)жиналған қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру үшін салыстырмалы түрде сирек және шектеулі болып табылатын; дәл осы игіліктерге шаруашылық жүргізуші тұлғалар бағалылықты қосады.
Өндіріс пропорцияларын реттейді
Құн заңының қызметтері
Еңбек өнімділігінің артуын ынталандырады
Өндірушілерді жіктейді
5.3 сурет Құн заңының қызметтері.
Адам өзінің қажеттіліктерін олардың маңыздылық дәрежесінің кему тәртібімен орналастырады және оларды өз иелігіндегі бар игіліктер мөлшерімен қанағаттандыруға тырысады. Бұл ретте әр бір игіліктің бағалылығы, біріншіден қажеттілікті қанағаттандыру маңыздылығына, екіншіден оның қанығу дәрежесіне байланысты болады.
Шекті пайдалылық игілікті пайдаланудың әр түрлі деңгейлерінде пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда ол қандай-да бір өнімнің жаңа бірлігін тұтынудың өсуінен пайда болған адам сезінетін қосымша пайдалылық мөлшерін көрсетеді.
Шекті пайдалылық, сондай-ақ, өз кезегінде игіліктің бағалылығы сол тауардың мөлшері және оған деген қажеттілікке тәуелді болады.
Еңбек құн теориясы және шекті пайдалылық концепциясымен танысқаннан кейін нарықтық баға белгілеу теориясында жалпы алғанда қарама-қайшылық пайда болғанын байқауға болмайды.
Еңбек құн теориясының өкілдері, баға белгілеуде шешуші рөлді тауар өндірушілер (тауар ұсынысы) атқаратынына сүйенген.
Шекті пайдалылық теориясының өкілдері анықтаушы мәнді тұтынушылар сұранысына берген. Бұл қайшылықты шешуді қолға алған Альфред Маршалл болды. Ол бағаның «ымыралы» теориясын ұсынды. Осылай сұраныс (пайдалылық) және ұсыныстың (шығын) өзара байланысын талдауға негізделген бағаның екі факторлы теориясы дүниеге келді. Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныс механизмдері арқылы қалыптасады.
Бәсекенің нарықтық механизімі сұраныс пен ұсыныстың арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ете алады.
Ақша жалпыға бірдей жалғыз эквивалент болып табылатын ерекше тауар. Алтын құнның жалпыға танымал өлшеуіші болып табылғандықтан, ол барлық тауарлардың құнын өлшеуші-эталон болып табылды.
Ақшаның пайда болуынан кейін, Ti - Т2 формуласымен жүзеге асып келген қарапайым тауарайырбасы Ti - А - Т2 формуласымен ауысты. Ақша бір игілікті басқаға айырбастау кезінде таптырмайтын және өтімді делдалға айналды.
Ақшаның экономикалық рөлі оның қызметтерінен көрінеді. Ақша келесі қызметтерді атқарады:
Ақшаның қызметтері
Төлем құралы
Әлемдік ақша
Жинақтау құралы
Айналыс құралы
Құн өлшемі
5.4 Сурет Ақшаның қызметтері
Ақша ең бірінші құн өлшемі қызметін атқарады, яғни барлық тауарлардың құнын өлшейді.
Құнның ақшалай көрінісі бұл баға. Өнімнің бағасын анықтау үшін ақшаның өзі қажет емес, өйткені тауар сатушы оның бағасын ойша белгілейді (құнды ақшамен мінсіз көрсетеді).
Айналыс құралы қызметі кезінде ақша құралдары айналымдағы делдал ретінде көрініс табады, яғни Т (тауар) А (ақша) Т (тауар) формуласымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша бұл қызметті өткінші түрде атқара отырып, сатып алушылар мен сатушылардың қолында ұзақ уақытқа бөгелмейді. Бұл жайт соңында құны толымды ақшаның толымсыз ақшамен ауыстырылуына әкелді.
Егер сатушы өз тауары үшін ақша алып, бірақ оны өзіне қажетті заттарға жұмсамаған болса, онда айналым үрдісі үзіледі. Бұл кезде ақша қазына қалыптастыру құралы қызметін атқара бастайды, яғни олар байлық жинау көзі ретінде жинақтала бастайды.
Қазына қызметін тек қана алтын монеталар атқарып қоймайды, сондай-ақ алтын құймалары, алтын бұйымдары ақшалай материалдың барлық түрі атқарады.
Тауарларды несиеге берген кезде (төлем мерзімін ұзарту арқылы қарызға) ақша төлем құралы қызметін атқарады. Бұл кезде сатып алынған тауарға қарызды өтеу мерзімі келген кезде төлем жүргізіледі. Ақшаның бұл рөлі кезінде олар тауар айналымынан тыс жүзеге асырылады, яғни жалақы төленген кезде, қандай да бір қаржылық міндеттемелер орындалған кезде (қарызды өтеу, салық төлеу, арендалық немесе жерге төлемдерді жүргізу және т.б.)
Халықаралық сауда барысында ақшаның әлемдік ақша қызметі пайда болады. Бұл кезде барлық елдер арасындағы шаруашылық байланыстарда ақша жалпыға ортақ эквивалент рөлінде көрініс тауып отырады.
Әлемдік ақша қызметін көп уақыт бойы алтын атқарып келді. Алтын монеталар орнына ХХ ғасырда жасанды ақша бірлігі келді.
Алтын стандарттың күшін жою алтынсыз ақша түрінде атқарылуы мүмкін емес екі қызметтің жойылуына әкелді: а) қазына жинау құралы; б) әлемдік ақша. Қазіргі заман жағдайында ақшаның негізгі үш қызметі жүзеге асырылады: а) құн өлшемі; б) айналыс құралы; в) төлем құралы.
Ақша айналымының аталған компоненттері квази-ақша (латынша "quasi" дерлік, жартылай ақша) деген атқа ие болды.
Осылай, қазіргі ақшалардың ерекшеліктері мынада:
Қағаз және электронды ақшалар алтынмен байланысты емес. Қазіргі заманғы ақшалар бұл декреттелген ақшалар. Олар осылай аталады, өйткені көпшілік оны осылай таныған. Кепілгер ретінде мемлекетті айтамыз.
Бағаның қалыптасуында екі көзқарасты бөліп көрсеткен жөн:
Нарықтық және өндірістік (шығындық). Бірінші бағыт бойынша баға белгілеудің анықтаушы факторларына нарық конъюктурасы, сұраныс және тауар ұсынысы жатады. Екінші бағытта тауар бағасын бекітуде өндірістік шығындар, ең алдымен тауар жасаумен, шығарумен байланысты еңбек шығындары негізге алынады.
Нарықтық көзқарас аясында келесі анықтама лайық:
Баға бұл игіліктердің айырбасталу үрдісі кезінде көрініс табатын құндылығын көрсету формасы. Осылай тұжырымдауда көңіл аударатын екі негізгі нарсе бар. Біріншіден, тауар бағасының оның тұтыну объектісі ретінде қамтитын бағалылығымен, пайдалылығымен тікелей байланысы көрсетіледі. Екіншіден, мұндай талқылауға сәйкес тауар бағасы экономикалық мағына ретінде тек қана оның ақшаға немесе басқа тауарға айырбасталу жағдайында көрініс табады. Сондықтан нарықтан тыс, сату-сатып алусыз баға туралы айтылмайды, бағаны тек қана нарық белгілей алады. Бағаның мәні тұрғысындағы басқа ұстанымдар, бағаны өндіріс факторларымен, ең басты фактор еңбекпен байланыстыратын өндірістік көзқарасқа тән. Бұл бағыт үшін келесі тұжырымдама сәйкес келеді: Баға тауардың ақшалай көрінісі болып табылады. Мұндай анықтамада орталық мән «құн» ұғымына беріледі. А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерінен бастау алған және әрі қарай К.Маркспен дамытылған құнның еңбектік теориясына сәйкес, құн тауарды өндіруге кеткен еңбек шығындарымен анықталады, яғни еңбектік табиғатқа ие. Еңбектік мағынасын түсінуде құнды сандық өлшеудегі көптеген қиындықтарды айналып өту үшін К.Маркс «абстрактілі және нақты еңбек», «еңбектің қоғамдық қажетті шығындары» деген ұғымдарды енгізуге мәжбүр болды, бірақ сөйте тұра құн теориялық категория ретінде қала берді.
Бағаның бірінші қызметіне өлшеуді жатқызуға болады. Бағаның арқасында тауардың құнын өлшеуге, анықтауға болады, басқаша айтқанда сатып алушы қандай мөлшерде ақша төлеуі қажет, ал сатушы сатылған тауары үшін қанша ақша алуы қажет екендігін анықтайды. Бағалар сату-сатып алу үрдісінде ақшаның төлем құралы ретінде сандық нақтылыққа жетуіне себеп болады.
Баға бөлу қызметін атқара алады, яғни сол немесе басқа тауарға деген, оның бағасымен байланысты сұранысты қайта бөлу негізіндегі мүмкіндігі; тауар ұсынысына, жеткіліксіз тауар өндірісінің кеңеюіне және артық өндірісті қысқартуға әсер ете алады. Соңында инвестициялар айырықша өндірістің әлсіз дамыған салаларына ескірген салалардан құралдардың ағылуы есебінен бағытталады.
Бағаның өте маңызды әлеуметтік қызметі бар. Бағамен және оның өзгерісімен игіліктер мен қызметті тұтыну, шығындар, өмір сүру деңгейі, күн көріс минимумы, отбасының тұтынушылық бюджеті көлемі мен құрылымы байланысты болады. Тұтынушылық тауарлары мен қызметтеріне деген баға деңгейіне адамдардың әлеуметтік әсерлері бойынша, адамдар бағалардың өсуі өмір сүру деңгейін төмендетеді деп есептейді, сәйкесінше бағалардың түсуі өмірді жақсартатыны белгілі. Бұл ретте әдетте басқа бағасыз факторлар назардан тыс қалып отырады, мысалы табыс, нарықта тауардың болу-болмауы, тұтыну құрылымы.
Елдің халық шаруашылығы шегінде жүзеге асатын ішкі қызметтерімен бірге баға сауда келісімі, сыртқы төлемдер, елдер арасындағы екі-жақты есептің құралы бола отырып сыртқы экономикалық қызметті де атқарады.
Нарықтық, сондай-ақ нарықтық емес экономикада өндірушілердің сатудан түскен түсімді өсіру мақсатында өндіріс көлемі мен сапасын ұлғайтуға мүдделілігіне ықпал ете отырып баға ынталандыру қызметін атқарады. Бұл әсердің механизмі өндірушінің тауар және қызмет көрсету бағасымен тікелей байланысты болатын өздерінің табысы мен пайдасын ұлғайтуға деген ықыластары арқылы өтеді.
Белгілеріне қарай бағалар жеке түрлерге бөлінеді. Олардың негізгі және кең таралған түрлерін қарастырайық.
Тауарларды өткізу жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтерді сатудың түрі, сауда операцияларының масштабы және өткізілетін тауар сипаты бағаға өз әсерін тигізеді. Бұл белгілер арқылы бағалар көтерме, бөлшек, сатып алу бағасы және тарифтер деп бөлінеді.
Көтерме сауда бағасы деп көтерме сауда жағдайында өнімнің ірі топтамалармен сатылу бағасын айтамыз. Көтерме сауда бағалары жүйесі кәсіпорындар арасындағы сауда-саттық операцияларында, сонымен қатар көтерме сауданың арнайы дүкендері мен өткізу кеңселері арқылы өнімді сату кезінде, тауар биржаларында және тауарларды топтап сататын кез-келген басқа да сауда ұйымдарында айрықша мөлшерде қолданылады.
Бөлшек сауда бағасы деп бөлшек сауда желісі жағдайында тауарлардың жеке сатып алушыларға, салыстырмалы түрде әр бір сату көлемінің аз мөлшерімен сатылу бағасын айтамыз. Бөлшек сауда бағасымен әдетте тұрғындарға халықтың тұтыну тауарлары сатылады және аз жағдайда кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпкерлерге.
Бөлшек сауда бағасымен сауда-саттық көмегімен көбінде соңғы тұтынушыларға, үй шаруашылықтарына, азаматтарға қызмет көрсетіледі.
Бөлшек сауда бағасы әдетте көтерме сауда бағасынан сауда үстемесі мөлшеріне жоғары болады, оның есебінен бөлшек саудадағы айналыс шығындарының орны толтырылады және бөлшек сауда ұйымдары мен мекемелері үшін пайда қалыптасады.
Сатып алу бағалары бұл өнімдерді кәсіпорындардан, ұйымдар және тұрғындардан мемлекеттік сатып алу бағалары.
Белгілі ерекшеліктерге ие бағалар бұлар жоғарыда айтылғандай, материалдық-заттық түрде өндірілмейтін, бірақ аталған өнімнің сапасы өзгеретіндей, қызмет түрлерін көрсететуге деген бағалар. Көп жағдайда қызмет көрсетуді өндіру оны тұтынудың басталуымен сәйкес келеді.
Қызметтердің ерекшеліктері қызмет түрі ретінде тариф (бағалау) деп аталатын қызмет көрсету бағасының қалыптасуына әсер етеді. Қызмет көрсетуге тарифтерді белгілеу кезінде тек жұмыс көлемі ескеріліп қана қоймайды, сонымен бірге уақыт факторы мен сапа айтарлықтай рөл ойнайды. Тарифтердің әдеттегі мысалына коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсетулерді төлеу, телефон байланысы үшін төлем, радио және теледидар қолданысы үшін төлемдер жатады.
Реттеу деңгейі мен тәсіліне байланысты бағалар келесі топтарға бөлінеді: 1) қатаң бекітілген (белгіленетін); 2) реттелетін (өзгермелі); 3) келісімді (шартты); 4) еркін (нарықтық).
Қатаң бекітілген, тұрақты бағалар бағабелгілеу органдары немесе басқа да мемлекеттік органдармен белгіленеді, олардың деңгейі құжатпен қойылады. Өндірушілер де, тауар сатушылары да мұндай бағаны қандай да бір жаққа өзгертуге құқықсыз, ондай өзгеріс заңмен қудаланады. Орталықтан басқарылатын экономикада тағайындалатын бағалар кең таралған, олар мемлекеттік бағалар деген атпен таныс. Мемлекеттік баға белгілеу органдары мемлекеттік бағаларды белгілеуде және өзгертуде, оларды жоғарылатуда немесе төмендетуде монополиялық құқыққа ие болады.
Реттелетін бағалар дегеніміз деңгейі мемлекеттік органдармен реттеліп отыратын бағалар. Бұл кезде мемлекет тарапынан болатын бағаға деген реттеу шектелген, жанама сипатта болады, тауар сұранысы немесе ұсынысының өзгерісіне әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, өндірісітің белгілі бір түрін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет сол тауарларға жоғарырақ баға белгілеу қажет болған кезде сатып алушылармен, осы топтағы тауарларды тұтынушылармен төленетін салықты қысқартуы мүмкін, ол сәйкесінше сол тауар сұранысының кеңеюіне және осыған орай тауар бағасының жоғарылауына әкеледі. Сондай-ақ осындай жолмен бағаның төмендеуіне де мүмкіндік туғызуға болады.
Келісімді бағалар бұл деңгейі сауда-саттықтың алдын алған акттерiнің келісім-шартымен, сатып алушы мен сатушының арасында құжатпен белгіленген келісім-шартпен анықталатын бағалар. Іскерлік ынтымақтастықтың қазіргі тәжірибесінде келісім-шарттарда баға деңгейі түсіндірілетін арнайы бөлімді бөліп көрсету қабылданған. Бір қатар жағдайларда келісім-шартта бағаның абсолютті деңгейі емес, баға ауқымы, жоғарғы немесе төменгі деңгейі (жоғары да емес төмен де емес) немесе олардың мемлекеттік, нарықтық, әлемдік бағалармен байланысы қойылады.
Сонымен қатар келісім-шартпен бекітілген бағаның өзгерістері, айталық, инфляция, төтенше (форс-мажор) жағдайлары, жаңа заңдардың қабылдануы салдарынан болуы мүмкін өзгерістер ескеріледі.
Еркін нарықтық бағалар өнімнің атауы айтып тұрғандай, бұл бағалар мемлекеттік органдардың тікелей бағалық араласуынан арылған, нарықтық конъюктура, сұраныс және ұсыныс заңдарының ықпалы арқылы қалыптасатын тепе-тең бағалар, яғни сұраныс көлемі нарықтағы тауарлар ұсынысының көлеміне тең болған кездегі бағалар деген атқа ие.
Қорытынды
Тауар айырбасқа арналған еңбек өнімі бола тұра, мынадай қайшылықты қаситеттерге ие: құн және тұтынушылық құн (пайдалылық). Сатушы тауарды қымбатырақ сатуға тырысады және ол үшін тауардың сапасы маңызды, өйткені тауарды тез арада және тиімді сатуды көздейді (оны тауар құны және жоғары бағасы қызықтырады), ал сатып алушы тауарды арзан бағада және сапалы түрде алғысы келеді (оны тауардың пайдалылығы қызықтырады). Ақшаның пайда болуы мен мәні құн формасының дамуы мен өзгерісіне байланысты.
Бағалар негізгі екі айқындама арқылы қалыптасады: «шығынды» бағыт көзқарасы тұрғысынан, сондай-ақ тұтынушы және сатып алушы тұрғысынан немесе тауардың пайдалылығы тұрғысынан. Екі айқындама да нақты экономикалық өмірді сипаттайды және нақты қалыптасқан шаруашылық жағдайға байланысты қолданылады.
Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:
2. кесте
Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
Натуралды шаруашылық
Тауарлы шаруашылық
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. 1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.
2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.
Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.
Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:
- өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;
- өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
жеке меншіктің болуы;
тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.
жеке меншіктің пайда болуы;
тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;
еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;
қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;
экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.
Тауар сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:
- адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;
- басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).
Тұтыну құны тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны (тауардың өз құны) тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:
Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.
Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен (ҚҚЕШ) өлшенеді.
Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.
Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады.
Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині ЮнонМонета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.
Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.
Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.
Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:
Сапалық, біртектілік.
Сандық бөлінуі.
Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.
Сақталуы.
Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни
металдық
номиналдық
сандық теорияларна байланысты болады.
Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
«Ақшаның номиналды теориясының негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.
Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.
Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:
- Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).
- Пайдалануға өте ыңғайлы
Мүлтіксіз сақталынуы
Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.
Ақшаның атқаратын қызметтері.
Құн өлшемі бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.
Айналым құралы осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет
Төлем құралы бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.
Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.
Әлемдік ақша бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.