Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1 |
Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудың объектісі және пәнін, қарастыратын мәселелерін сипаттаңыз |
2 |
Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгейін бөліп қарастырыңыз |
3 |
Әлеуметтанудың атқаратын қызметтерін сипаттаңыз |
4 |
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысын қарастырыңыз |
5 |
«Әлеуметтік құрылым» түсінігі. Әлеуметтік құрылымның элементтерін ашып көрсетіңіз |
6 |
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау жасаңыз: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт». |
7 |
О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретіндегі үлесін, еңбектерін, қарастырған мәселелерін талдаңыз |
8 |
О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз |
9 |
Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесін сипаттаңыз |
10 |
Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасын, негізгі еңбектерін, қарастырған мәселелерін айқындаңыз |
11 |
М.Вебер әлеуметтануы: идеалды тип теориясын, дін әлеуметтануға қосқан үлесін мазмұндаңыз |
12 |
М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы талдаңыз |
13 |
Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдері қарастырыңыз |
14 |
Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдерін талдаңыз |
15 |
Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесін сипаттаңыз |
16 |
Отбасы әлеуметтік институт ретіндегі ерекшелігін, қызметтерін, түрлері мен типтерін сипаттаңыз |
17 |
Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін қарастырыңыз |
18 |
Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін, қарастыратын мәселелерін айқындаңыз |
19 |
Тұлға әлеуметтануының обьектісі мен пәнін, тұлғаның әлеуметтену процесін , кезеңдерін ашып көрсетіңіз |
20 |
Білім беру орындары әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктерін, қызметтерін, деңгейлерін мазмұндаңыз |
21 |
Мәдениет әлеуметтік институт ретіндегі сипатамаларын, субмәідениет пен контрмәдениеттің қазіргі қоғамдағы орны мен мәселелерін қарастырыңыз |
22 |
Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орнын, дін әлеуметтануының қарастыратын мәселелерін, қызметтерін көрсетіңіз |
23 |
Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін сипаттаңыз. "Экономикалық адам" түсінігінің мәнін ашыңыз |
24 |
Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын қарастырыңыз |
25 |
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын, оның құрылымы мен функцияларын жан-жақты талдаңыз |
26 |
Әлеуметтанудағы сауалнама әдісі: ауызша және жазбаша. Сауалнаманың қолданылу аясын, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңыз |
27 |
Анкеталық әдіс. Анкета құру техникасы мен сұрақтардың түрлерін сипаттаңыз |
28 |
Бақылау әдісі, негізгі сипаттамасы,оның кезеңдері мен түрлерін талдаңыз |
29 |
Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеуді сипаттаңыз |
30 |
Эксперимент әдісі және оның ерекшеліктерін, түрлерін қарастырыңыз |
31 |
Девиантты мінез құлық әлеуметтануының зерттеу саласын сипаттаңыз. Ч.Ломброза, Э.Дюркгейм, Р.Мертон, С.Шелдон концепцияларындағы девиантты мінез құлықтың шығу себептерін көрсетіңіз |
32 |
Мәдениет әлеуметтануының құрылымы және негізгі элементтерін қарастырыңыз.Субъмәдениеттің қазіргі қоғамдағы көріністерінің пайда болуы мен ерекшеліктерін сипаттаңыз |
33 |
Іріктеу әдісі: іріктеу, жиынтық, бас жиынтық, іріктелген жиынтық. Аталған іріктеу түрлерін мысал келтіре отырып талдаңыз |
34 |
"Әлеуметтік мобилділік" терминін ғылымға П.Сорокин енгізіп, бұл түсінікке анықтама берді. Осы терминге анықтама беріп, әлеуметтік мобилділіктің тұрлерін бөліп көрсетіп, сипаттаңыз |
35 |
Ауытқушылық мінез-құлық -үш форманы қамтиды:девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Осы ауытқушылық мінез-құлықтың әрбіреуін жан-жақты талдап, өзара салыстырыңыз
|
36 |
Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі. Сауатсыз халыққа білім алудың құндылығын жеткізу үшін атқарған қызметтері мен жетістіктерін, атқарған жұмыстарының қоғам дамуына ықпалын сипаттаңыз |
37 |
Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз. |
38 |
Отбасының түрлеріне, және қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлерінеқарастырыңыз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін көрсетіңіз |
39 |
Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз. |
40 |
Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер арқылы қарастрыңыз |
41 |
Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз. |
42 |
Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа 3 мысал келтір). |
43 |
Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз. |
44 |
2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз. |
45 |
О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: социология, әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика, метафизика, позитивизм, стратификация. |
46 |
О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, ...... Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз. |
47 |
Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз. |
48 |
Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз. Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі осыған сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз. |
49 |
Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз. |
50 |
Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбею салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан талдау жасаңыз. |
51 |
Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз. |
52 |
Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілерді және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсерін қарастрыңыз |
53 |
Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігін және түрлерін сипаттаңыз |
54 |
Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз |
55 |
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудің негізгі социологиялық аспектілерін талдаңыз |
56 |
Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз |
57 |
Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және әрқайсысына мысал келтіре отырып, сипаттама беріңіз |
58 |
Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз. |
59 |
Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз. |
60 |
Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға |
1. Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудың объектісі және пәнін, қарастыратын мәселелерін сипаттаңыз. Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді.Әлеуметтану деген терминді ғылыми танымға өткен ғасырдың 30 жылдары фр. ғалымы О.Конт енгізді.Оның көзқарасы бойынша қоғамға қатысты барлық мәселелер әлеуметтанумен тікелей байланысты. Социологияның екі жүз жылдық тарихы өз бастамасын О.Конт пен Э.Дюркгеймнен, Т.Парсонс пен Р.Мертоннан, Г.Гарфинкель мен И.Гофманнан алатын ғылымның тындырылған теориялық және әдістемелік жетістіктерінің таңғаларлық байлығын паш етуге мүмкіндік береді.Соц.ғ.ХІХ аяғы ХХ басында бөлініп шықты.Басқа қоғамдық ғылымдар жүйесінде әлеуметтану ғылымы ерекше орынға ие:Әлеуметтану қоғам туралы,оның процестері мен құбылыстары туралы ғылым.Әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық роль атқаратын қоғам туралы жалпы әлеуметтанулық теорины қамтиды.Әлеуметтану ғылымының негізгі обьектісі-қоғам,яғни қоғамда болып жатқан барлық байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы.Алматы бойынша 50 шақты қоғамдық ұйым бар.Бұл ғылымның ерекшелігін түсіндіру үшін қоғам деген ұғымды бөліп алып қарастыру жеткіліксіз.Өйткені қоғам көптеген ғылымдардың обьектісі б.т. Әлеуметтану ғылымының міндетіжүйелерді топтастыру,типтестіру әрбір топтастырылған обьектідегі байланыстармен қатынастарды заңдылықтар деңгейінде зерттеу.Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін,рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған.Әлеуметтанудың пәні болып әлеуметтік жүйелердегі болып жатқан іс-әрекеттердің жүзеге асуы және әлеуметік шынайылық б.т.Кез келген ғылымның пәні объективті дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес, оның зерделенетін объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін теориялық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Ғылымның пәні тұрақты бола алмайды және таным процесінің өзі сияқты үнемі қозғалыс, даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының қозғалысы екі шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне, екінші жағынан қоғамның өзгермелі сұранысына, әлеуметтік сұранымға тәуелді Әлеуметтанудың пәндік саласы аталған факторлардың ықпалымен қалыптасқандықтан және қалыптасып жатқандықтан, әлеуметтану өз пәнін анықтауда өзгеріске ұшырамай тұра алмайды .
2.Әлеуметтанулық теориялар құрылымы. Теориялық және эмпирикалық деңгей.Социологиялық білім тұжырымдаудың түрлі деңгейдегі теорияларын қамтиды. Ең алдымен тұтас қоғам өмірін сипаттауға және түсіндіруге тырысатын жалпы социологиялық теорияларды бөліп қараған жөн. Социологияда өзара бәсекелес болатын көптеген жалпы теориялар бар. Бұл - К.Маркстің қоғамдық формациялар теориясы, М.Вебердің әлеуметтік іс-әрекет теориясы, Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық теориясы, Дж.Александердің және басқа социология классиктерінің “көп өлшемді” теориялары. Бұдан әрі арнайы социологиялық теорияларды немесе орта деңгей теорияларын бөліп қараған жөн.Олар өзінің жалпы түрінде байланыстардың екі негізгі түрін: тұтас қоғамдық жүйе мен қоғамдық өмірдің осы саласы арасындағы, сондай-ақ қоғамдық өмірге тән ішкі өзара байланыстарды ашып көрсетеді.Демек, олардың жалпы социологиялық теориямен салыстырғандағы қолданылу аясы неғұрлым тар, олардың пәндік саласы салыстырмалы дербес құрамдас бөліктермен және тұтас қоғамдық процестермен шектелген.Білімнің деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді. Ғылыми танымдағы теориялық пен эмпирикалық арақатынастың проблемасы екі аспектіні: функционалдық және генетикалық аспектіні қамтиды. Функционалдық аспекті ғылымның дамыған теориялық аппараты мен оның эмпирикалық базисінің арақатынасына қатысты. Мәселені мұндай қырынан алып қарау теорияның аппараты мен бақылаулардың және эксперименттердің мәліметтері арасындағы байланыстырушы буындарды табуды, теориялық ережелерді эмпирикалық тексеру әдістерін анықтауды көздейді, ол ғылыми білімнің теориялық деңгейі қалыптасқан және мәселе оның эмпирикалық деңгеймен арақатынасын негіздеу туралы болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл ретте теорияның эмпиркамен “кері байланысы” ғылымның өзінің теориялық аппаратының одан әрі жетілуі мен дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналады. Ғылымдағы теориялық және эмпирикалық білімнің арақатынасы проблемасының генетикалық қыры теориялық аппаратты, оның ішінде ғылыми теорияны қалыптастыруға, ғылымның эмпирикалық сатысынан оның теориялық сатысына көшуіне қатысты.Теориялық әлеуметтану-қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелерге ғылыми тұрғыдан жауап беріп,қоғамның әлеуметік жақтарынан жақсару жолдары мен әдістерін көрсетеді.Теориялық білім - теориялық білімнің әлеуметтанушылық теориялары, болжамдары, типологиялары және т.б. нысандары. Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін. Бұл теориялық зерттеулерге қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі, бірақ қолданбалы бағытта болады. Қолданбалы әлеуметтану қоғам өмірінің жеке салаларында болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып,тәжірибеге негізделген жаңа деректердің көбеюіне жағдай жасайды.
3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді.Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады.Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты оның әлеуметтік құбылыстар мен процесттердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеумметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процесттердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақатынастары қандай? т.б.Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.Әлеуметтік қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.
4. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысын қарастырыңыз.Әлеуметтік философия дегеніміз философияның қоғамның сапалық өзіндік ерекшеліктерін және оның табиғаттан өзгешеліктерін ұғынуға арналған бөлімі. Ол қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдайды. Әлеуметтік-философиялық ой-толғанымдардың пәндік саласы қоғам өмірін зерттеу, ең алдымен олардың бел ортасында өмірдің маңызды проблемалары тұратын дүниетанымдық мәселелерді шешу тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әлеуметтану және тарих. Тарих - ежелгі қоғамдық ғылымдардың бірі. Тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты зерттейді. Ол бұрынғы өткен әлеуметтік оқиғаларды зерделеуге бағытталған, әр түрлі дәуірлер туралы олардың оқиғаларын қадағалай және оларды кеңістіктік-уақыттық тұтастық ретінде сипаттай отырып, мәліметтер жинайды. Осылайша ол әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты материал жинақтайды. Бір айырмашылығы, ғылым ретінде әлеуметтанудағы ең басты нәрсе - өткен және осы шақтағы әлеуметтік тәжірибені жалпыландыру, берілген әлеуметтік құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің қайталанатындарын,тұрпаттыларын, мән-мағыналық заңдылықтарын бөліп қарау.Сонымен әлеуметтану тарихқа қарағанда неғұрлым жоғары абстракциялық деңгейдегі ғылым болып табылады. Іс жүзінде әлеуметтану тарих (сондай-ақ басқа ғылым да) беретін мәліметтерді пайдаланады, әлеуметтік құбылыстардың жеке түрлерінің ортақ қасиеттерін атап өтеді және олардың типологиялық бейнесін береді. Әлеуметтану және саясаттану.Әлеуметтану мен саясаттану арасында өзара тығыз байланыс бар. Олар: -әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады; -саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады; -саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын айқындайды. Әлеуметтану және психология. Егер әлеуметтану өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Әлеуметтану және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады, олардағы өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғанындай, экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттар мен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі
5.«Әлеуметтік құрылым» түсінігі. Әлеуметтік құрылымның элементтерін ашып көрсетіңіз.Әлеуметтік құрылым социология ғылымының тарихында өте маңызды мәселелердің бірі.Әлеуметтік құрылым туралы социологияда әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социоло.гтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде бар деп түсінсе, ал екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды, тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт : құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста, байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды. Әлеуметтік құрылым-қоғамның ішкі құрамы,оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне :
1.өзара тығыз байланыста,қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар;
2.қоғам мүшелерінің бірігуі,топтасуы негізінде пайда болып дамып отыратын әлеуметік қауымдастықтар.
3.сол қоғамда қалыптасқан белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Әлеуметтік құрылым басты элементтері: индивидтер,әлеуметтік институттар ,әлеуметтік қауымдастықтар және топтар.Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:
1. Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бөлінісі орталық бөлігі дамыған (орта топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен емес ромбты елестетеді.
2. Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға аяқ тіреген әлеуметтік құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).
3. Бұрынғы социалистік елдердің қабатталу моделі табаны аса үлкен үшбұрышты еске түсіреді, оның көп ауданын “еңбекшілер” қабаты, ал төбесін - “билік адамдары” алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ.
6.Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде категориялық талдау жасаңыз: «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт».Қоғам-адамдардың өзара әрекеті мен бірлестігінің барлық тәсілдері мен формаларының жиынтығы.Қоғамның жүйе ретіндегі негізгі элементтері әлеуметтік институттар, әлеум.қауымдастықтар, әлеум.ұйымдар,әлеум.тап, топтар, қабаттар,адамзат индивиді.Әлеуметтік қауымдастық-белгілі бір ортақ белгілері бар,яғни мүдделері құндылық бағдарламалары,атқаратын қызметі,іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобы. Әлеуметтік қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн:Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпирикалық тіркеуге және тексеруге болады.Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар - жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас жүйелік сипаттамалары бар тұтастық.Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар объектілері болып табылады.Әлеуметтік институт (лат. құрылым) қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді.Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Әлеум.ұйым-белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін құрылған және ережелердің ресми құрылымын биліктік қатынастармен,еңбек бөлінісімен шектеулі қабылдауымен сипатталатын ұжым түрі.Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар :
1. Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. Демек, әлеуметтік ұйым оған кіретін мүшелерінің әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі өзара байланысқан жүйесін білдіреді.
2. Әлеуметтік ұйымдар тұтас бір әлеуметтік жүйені білдіреді. Ал тұтас жүйе өзбөліктерінен үлкен болады. Сондықтан ұйымның әр түрлі элементтерін біріктіру базасында ерекше ұйымдық немесе синергетикалық әсер жасалады.
7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретіндегі үлесін, еңбектерін, қарастырған мәселелерін талдаңыз
Огюст Конт (1798 - 1857) - француз философы, әлеуметтанушысы, ғылым әдіснамашысы, әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салушы, философиядағы позитивтік мектепті құрушылардың бірі. Ол алғаш рет «Әлеуметтік» сөзін 1839 жылы «Позитивті философия курсының» 47 дәрісінде қолданады.Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы тәжірибе.Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б.Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының “үш сатысы” туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.
8. О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз.
Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетшизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” оның спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын кезеңді құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.Позитивті не шынайы немесе ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі мұнда қиялдың бақылауға тұрақты бағынатын заңы қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді. Конт бүкіл болмыстың, соның ішінде адамзат болмысының бірлігі мен иерархиялық құрылымы жөніндегі ұғымға сүйенеді. Мұндай ұғым негізінде ол кеңінен таралған ғылымның өзі жасаған топтамасын құрады. Бұл топтамаға негізгі ғылымдар: математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану кірді.
9. Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесін сипаттаңызСпенсер Герберт -- ағылшын философы және әлеуметтанушы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі.Спенсердің басты еңбегі «Синтетикалық философия» жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: «Негізгі бастамалар» (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), «Биологияның негіздемелері» (1876-1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері «Әлеуметтік статистика» (1850) және «Социология зерттеу пәні ретінде» (1873).Спенсерді позивитизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай алмайды деп білді. Объективті дүниені танып-білуге болмайды деген ұйғарым діни көзқараспен сабақтасып жатуынан, Спенсер дің ғылым мен дінді ұштастыратыны көрінеді. Спенсер дің ілімінде агностицизм объективті идеализм элементтерімен ұштасып жатады. Спенсер дің эволюц тұжырымдамасы оның әлеум. көзқарасымен қоғамның органик. теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социалдық құрылымға қарсы болып, төңкерісшілдікті қоғамдық организмнің індеті деп білдіГ.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік. Спенсер қоғамның өсуін әлеуметтік дамудың негізгі факторларының біріне жатқызады, әлеуметтік эволюцияның себебі де, салдары да содан туындайды. Спенсердің ойынша, әлеуметтік организм үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өндірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.). Түптеп келгенде, оның ойынша, бүкіл әлеуметтік бақылауды үрей мен қорқыныш билейді. Спенсердің өз әлеуметтануынан шығарған саяси доктринасының мәні мынада: әлеуметтік жоспарлау, әлеуметтік ауқаттылықты орталықтандыру және қоғамдық процестерге мемлекеттің араласуы индустриалдық қоғамда жеке бостандыққа кепілдік беретін әлеуметтік эволюция мен прогреске кедергі келтіреді.
10. Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасын, негізгі еңбектерін, қарастырған мәселелерін айқындаңыз.Француз әлеуметтанушысыЭмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды,солардың арқасында оның негізгі туындыларына « Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», « Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Э.Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар , яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады.Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды, индивидтердің, әлеуметік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады.Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.Дюркгейм «социологизмнің» басты принципі мен ерекшелігі оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді.Бұның мәні-құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің түтқасына айналуында. Э.Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады.Оның пікірінше әлеуметтану әлеуметтік факторлар туралы ғылым.Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси , құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.Дюркгеймнің ойынша социология құрылымы үш негізгі саладан тұруы тиіс: морфология, социология және жалпы социология. Әлеуметтік морфология, анатомия тектес, қоғам қалай құрылған, оның құрылымы көріністерінің материалдық формалары: әлеуметтік ұйымдар, халықтың құрамы, оның тығыздығы, алып жатқан аумағы бойынша орналасуы т.б. қандай деген мәселелерді зерттеумен айналысуы тиіс. Әлеуметтік физиология қоғам тіршілігінің әр тектес салаларын зерттеп, бірнеше дербес социологиялық теорияларға бөлінеді: дін социологиясы, мораль социологиясы, құқық социологиясы, экономикалық социология және т.б. Ал соңғысы, жалпы социология алғашқы екі бөлімнің жетістіктері мен тұжырымдарын синтездейді және біршама ортақ әлеуметтік заңдарды орнықтырады.
11.М.Вебер әлеуметтануы: идеалды тип теориясын, дін әлеуметтануға қосқан үлесін мазмұндаңызМ. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады. Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу А. И.) негізінде жасалады.Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне кестесі. Идеалды типтік құрылымдар бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.Идеалды типте сол немесе басқа құбылыстың «мәдени мағнасы»шоғырланады, және зерттеуші, сонымен одан қарастырылатын объектінің алыс және жақындығы анықталатын, критерийге қолы жетеді. Солай, М. Вебер үстемдіктің «таза» үш типін бөліп көрсетті.Біріншісі үстемдік етушілердің және бағынушыларың рационалды мүдделерімен себептелген, екіншісі типтің негізінде дәстүрлер жатар, үшіншісі билікті сезімдік тұрғыдан қабылдауға негізделген. Осыған сай, үстемдіктің рационалды типіне құқықтық мемлекет сәйкес келеді, онда ең бастысы-заң; үстемдіктің дәстүрлі типі дәстүрлердің мызғымайтындығына негізделген (патриархалдық қоғам); үшінші тип харизматикалық («харизма»-сый), онда үстемдік етушілер бағынушыларды өздеріне иландыруға және толық бақылауға ұмтылады. Мысалы ретінде М.Вебер дүниежүзілік діндердің негізін қалаушылардың есімдерін (Будда, Иисус, Мұхаммед), ұлы қолбасшыларды (Македонский, Цехарь, Напалон), көрнекті саяхатшыларды.Осындай социология пәнінің жалпы тұжырымдамасына сәйкес М.Вебер дінді зерттеуге социологиялық ыңғайдың спецификасын қалыптастырады. М.Вебер тұрғысынан социолог, теолог пен философқа қарағанда діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық "мәнін” орнатпай оның өмір сүру жағдайын орнатып немесе проблеманы сену объектісінің шынайылығы, құдай болмысы, т.б. жөніндегі сұрақтарды шешумен алмастыру керек. Басқаша айтқанда, дін социолог үшін тек адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысы дәледенуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық болады. Сонымен, М.Вебердің ойынша социология діннің шынайылығы және жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселесін қозғамай, көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық үгіт шеңберінде сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі заманғы социологтар үшін айрықша өзекті болып отыр.Дін социологиясының пәніне мұндай баға беру діннің әлеуметтік қызметін Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді. М.Вебер дінді өзінде мәдени жүйенің белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырды, яғни білім саласын, символдары және индивид пен қоғамның құндылықтарын анықтайды және онымен бірге ол өзінше әлеуметтік институт ретінде қызмет атқарады.М.Вебер дінді құндылықтардың бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осындай тұрғыда ол әлеуметтік әрекетке мән берудің ең маңызды амалдардың бірі болып табылады, оның мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. Дәл осыдан діни нұсқаулардың негізінде адам өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі өз тарапынан өмірлік маңызды немесе маңызды емес болып жіктелінеді. Дүниеге діни түсіндірме беру ондағы бағыт ұстану және жүріс-тұрысты реттеу құралы болып табылады. Дін дүниенің белгілі бір бейнесін суреттейді және сонымен қатар құндылықтар мен нормалардың жүйесін ұсынады және соларға сәйкес бір әрекеттерге тиым салынады, екіншілерге рұқсат етеді. Сонысымен ол адамның жүріс-тұрысының моралдық нормаларын құрады.Вебердің дін социологиясының тағы бір маңызды бөлігі - "шіркеу мен секта” арақатынасын қарастыруға келіп тірейтін, діни ұйымдар түрлерін зерттеу.
12.М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы талдаңыз
Вебер социологиясының басты ұғымдарының бірі әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Ғалымның өзі оған мынадай анықтама берген: “іс-әрекет” деп біз (ішкі және сыртқы сипатына, араласпауға немесе шыдай білуге саятындығына қарамастан) әрекет етуші индивид немесе индивидтер онымен субъективті мән-мағынаны байланыстыратын адамның іс-әрекетін атаймыз. “Әлеуметтік” деп біз әрекет етуші тұлғаның немесе тұлғалардың шамалауы бойынша өзге адамдардың әрекетіне байланыстырылып, соған бағытталған іс-әрекетті атаймыз.Алайда адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын көптеген басқа ғылымдар атап айтқанда тарих пен психология зерттейді. Таза социологиялық әдістердің сапалық ерекшелігі неде? Ең алдымен, социология адамдардың жалпы іс-әрекетінің қандай да бір жетілген жағдайдағы күйін зерттейді. Оған қоса оның басқа адамдарға бағытталуымен қатар, бір мәнге ие болу мәселесі де қызықтырады. Мән ұғымы мақсат пен құрал арақатынасынан келіп шығады. Мұндай арақатынастың түрлі нұсқаларын зерттеу Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттердің жетілген типологиясын жасауына алып келді.Әңгіме адам баласы іске асыратын кез келген іс-әрекеттер мен қылықтар осы өзіндік эталондар арқылы “өлшене” алатынын, яғни жақындаудың жоғарғы және төмен деңгейде төрт жетілген типтердің біріне жатқызылуы мүмкін.Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет - іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейдегі ұтымды түрі, алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады, оның үстіне дәл осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұтымды ойластырылған құралдар да осыған кіреді.Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген типі, ол құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді, яғни бұл жерде мақсат ретінде іс-әрекеттің өзі болады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет, Вебердің ойынша, белгілі бір талаптарға бағындырылған, ал оларды ұстанып отыруды индивид өзінің борышы деп есептейді.Дәстүрлі іс-әрекет - дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет, яғни мәдениетте қалыптасып, қосталған, сондықтан да іс жүзінде ұтымды ойластыруға және сынауға жатпайтын іс-әрекеттің қандай да бір үлгісіне еліктеу.Жан азабына сай іс-әрекет - барлық іс-әрекет түрлерінің ішіндегі ең аз ойластырылғаны. Оның басты сипаттамасы - қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй болып табылады. Жан азабына сай іс-әрекеттің “мәні” алдымен пайда болған эмоционалды шиеленісті тез арада басуында, бәсеңдетуінде.
13. Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдері. Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және әлеуметтану идеяларын қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Әлеуметтану ойы қоғам, оның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады. Қазақстандағы әлеуметтік ой қалыптасуының қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1) рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2) әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршыл-дық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835-65), Абай Құнанбаев (1845-1904), Ыбырай Алтынсарин (1841-89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:
1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;
2.Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М.Сералин, С.Торайғыров (1893-1920), С.Дөнентаев. Қазақстандағы әлеуметтану көзқарастарының қалыптасу процесі Батыс Еуропада әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873-1938) білім (білім беру) әлеуметтануы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады. Шәкәрімнің философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1) Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдары-ның еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттûң еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты ұстанымын білдіреді; 2) дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3) ақиқат ғылымды іздеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. Ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады. Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтынсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде. Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім берудегі әлеуметтану бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда Шәкәрімнің “Үш анық” атты еңбегі аталмыш проблеманы зерттеу құралы болып табылады. Төменгі саты - бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы - тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі. Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемалар мынадай бөліктерге бөлінеді:
адам, оның әлеуметтік мәні;
білім, білім беру, ғылым;
әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесі;
Қоғамның әлеуеттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс-тіршілігінің механизмдері, тәсілдері мен әдістері.
14. Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері. Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XXғасырдың үлесіне тиді. Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Ресейлік әлеуметтанушылар да белгілі бір мөлшерде өз үлестерін қосты. Соның негізінде Ресейде Батыс әлеуметтанушыларын бетке ұстап,қалыптасқан бірнеше мектептер мен бағыттар пайда болды. Олардың көзқарастары мен ілімдерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар баршылық.Сол себепті Ресейдегі әлеуматтанудың дамуын 2 кезеңге бөліп қарастырсақ болады.XΙX ғ-ң 2 жартысындағы Ресей әлеуметтануында қалыптасып, дамыған әлеуметтанулық ілімдерге көңіл қойылды .XXғ-да осы елде әлеуметтанудың даму процесінің қалай жүргені сөз ітіледі.Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. XΙX ғ-ң 2 жартысындағы ғалымдарды айтып кетсек, олар Л.И.Мечников, А.И.Стронин, П.Ф.Лилиенфельд, П.Л.Лавров, Н.К.Михайлоский, М.Бакунин, П.Кропоткин, Е.В.Де-роберти мен Н.И.Кареев, М.М.Ковалевский, К.Маркс ж/е Ленин болып табылады.олардың кейбіреулеріне тоқталып кететін болсақ,Географиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Л.И.Мечниковтың еңбектерінде байқалады. Л.И.Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет ж/е ұлы тарихи өзендер » деген ірі еңбегінде баяндалады. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді.Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткадан бастап, адамдардың өндірістік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап,Л.И.Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұсынады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағыттың өкілдері А.И.Стронин (1826-1889) ж/е П.Ф.Лилиенфельд (1829-1903) қызықты ережелерді қалыптастырды. А.И.Строниннің биолог-қ редукционизмі механицизммен бірігіп, оның әлеуметтану тұжырымдамасының эвристік шектеулігін негіздеді. Соған қарамастан оның бірнеше теориялары Ресейдің интеллектуалдық ой пікірінде белсенді пікір тартыстарыноятты,одан әрі әлеуметтанулық теориялардың дамуына әсер етті.әлеуметтануда органикалық бағытты пән ретінде жақтаушы «Болашақтың әл-к ғылымы туралы ойлар » атты кітаптың авторы П.Ф.Лилиенфельд болды.Қоғамды табиғаттың барлық организмдері сияқты өмір сүретін шынайы организм іспетті қарастыра отырып, П.Ф.Лилиенфельд әл-к заңдар әл-к күштердің ж/е табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады.М.Бакунин қоғам дамуының бүкіл эконои-қ, саяси,рухани процестерін мемлекет реттейтін «мемл-к социализмді» сынға алды.Оның пікірі б/ша, мұндай социализм өзінің негізсіздігін толығымен көрсетті. «Реттеушілік» ж/е «деспоттық» болғандықтан социализм көпшілік халықтың қажеттерін ж/е заңды талаптарын қанағаттандыру мұратынан шалғайда тұрды.XXғ-ғы Ресей әлеуметтануының дамуы.Қазан төңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді.Онда институттандыру прцесі жүрді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметтану ғылымының өрлеуі байқалды. Әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді ж/е әлеуметтану кафедралары құрылды.Жоғары оқу орнының осындай бөлімі Петроград пен Ярослав университеттерінде жұмыс істей бастады.1919ж Социобиблиографиялық институт ашылды.Сол жылы инстит-ң директоры К.М.Тахтарев бұл институтты Ресей әлеуметтану институтына өзгерту туралы мәселе көтерді.М.М.Ковалевский атындағы Ресей әлеуметтану қоғамы өз жұмысын қайта жалғастырды. Оның төрағасына Н.И.Кареев тағайындалды. Петроград университетінің маңызды буыны саналатын қоғамдық ғылымдыр факультетінің қатарында елдегі алғашқы әлеуметтану бөлімі 1920ж ашылып оқу процесіне орыстың ірі әлеуметтанушылыры тартылды.Осы әлеуметтану бөлімін басқару ісі Сорокинге тапсырылды. Осы жылдары негізінен теориялық мәселелр қарастырылған көптеген әлеуметтанулық әдебиеттер баспалардан жарыққа шықты. Мысалы : П.А.Сорокиннің, Н.А.Бухариннің, Н.А.Салбнскийдің, В.М.Хвостовтың , т.б. шығармаларын айтуға болады.П.А.Сорокин марксистерді қоғамның әл-к құрылымының бүкіл проблемасын топтарға бөлумен шектелуін сынады, адамдар арасындағы жойылмайтын сапалы өзгешеліктерге байланысты тапсыз қоғам орнатудың (принципі мүмкін емес ) екендігін де айтты. Марксизмге адал К.М.Тахтарев,С.И.Солнцев, т.б. елеуметтанушылар қоғамынынң таптарға бөлінуі шешуші рөл атқаратындығын атап көрсетті, таптардың шығуы мен эволюциясын Спенсер мен Дюркгейм тұрғысынан түсіндірді.А.А.Богданов пен Н.И.Бухариннің таптар тұжырымдамаларының негізіне қоғамның әл-к-таптық құрылымын қалыптастыратын техникалық-ұжымдық қатынастар қоғамдық еңбек бөлінісінде басқарушы ж/е атқарушы болады деген түсініктер алынды. Мұндай бөліну тіптен әл-к ұйымдар-ң нышаны көрініс берген жерлердің бәрін де болатын болды. Сондықтан таптар қоғамның табиғи ж/е қажетті элементі деп танылды.Кеңестік әлеуметтанудың «екінші рет дүниеге келуі» 60-ж болды. Шет елдердегі әлеуметтанудың қарқынды дамуы мен кейбір субъективтік жағдайлар бұған негізгі себеп болған еді. 30-60ж аралығында Кеңес қоғамында әлеуметтанулық ойдың дамуында бірқатар үзіліс болды.Әлеуметтанудың жандана бастағаны,ғылыми пән ретінде алғашқы еске алынуы 1955ж басталды. Академик В.С.Немчинов зерттеу пәні- қоғамның дамуы дей отырып, әлеуметтануды философиялық білімнің бір саласы ретінде сипаттады.Бұдан кейін 1965ж әлеуметтану қоғам дамуының заңдары мен қозғаушы күштері туралы ғылым ретінде айқындалды
15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
Георг Зиммель (Georg Sіmmel) (1858 - 1918) - неміс философы әрі социологы, “формальді социологияның” негізін салушы, “өмір философиясының” алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі.Басты еңбектері: “Тарих философиясының мәселелері” (1892), “Ақша философиясы” (1900), “Социология” (1908), “Қазіргі заман мәдениетінің қақтығысы” (1918).Зиммель социологиясының өзіндік ерекшелігі әлеуметтіктің жалпы контекстінен (“кедей”, “бөтен”) “шеттетілгендер” формаларын зерттеуге көңіл аударуы болып табылады. Дюркгейм мен Тенниске қарағанда Зиммель, әлеуметтік қақтығыста да, күресте де бар, қақтығыс жалпы өзара іс-әрекеттің кез келген формасында кездеседі және оның әлеуметтік дамудағы рөлі көп жағдайда игілікті деп есептеуі. Зиммель тұжырымдамасының мазмұндық жағы оның методологиялық зерттеуімен тікелей байланысты. Қоғам тарихы - интеллектуалданудың (рационализацияның) үдей түсуі мен ақша шаруашылығы принциптері ықпалының тереңдеу тарихы. Ақша мен ақылдың әлеуметтік функциясы деп Зиммель капиталистік өркениеттің терең қайшылықтарына, мәдени нормалардың құлдырауына, тұлғаның бірегейлігі мен мәдени формалар арасындағы қақтығысқа алып келетіндердің барлығына объективтілікті жариялап отыру деп есептеді. Зиммель интеракционизмнің негізін салушы деп толық есептеуге болады, өйткені ол барлық әлеуметтік құбылыстардың мәнін байланыс пен өзара әсерден көрді. Оның көптеген идеялары еуропалық социологияда да, американдық социологияда да жалғасын тапты.Сөздің кең мағынасында алғанда, Зиммельдің бастапқы методологиялық позициясын релятивизм ретінде, ал оның көзқарастарының дәйекті дамуын - релятивизмнен өту талпынысы деуге болады. Қазіргі заманғы релятивизм, Зиммельдің айтуы бойынша, “жекелік пен субстанционалдықты өзара әрекетке ыдыратуға бейімділігі...”; әлеуметтік ойға қатысты айтатын болсақ, онда релятивизм үшін “индивид әлеуметтік байланыстар жалғасатын орын ғана, ал тұлға - оның орындалу тәсілі ғана болды”. Таным принциптеріне қатысты релятивизм “заттардың мәнін әрдайым білдіріп отыратын, сындарлы басты негіздер, тек қана дамушы таным көзқарасының мәні болып табылатын реттеуші заттарға өтеді”Әлеуметтік өмірді қарастыру Зиммель үшін пайымдаудың жинақтаушы белсенділігі болып табылады. Социология тарих сияқты ғылым бола тұрса да жаратылыстану мұратынан алыс. Кейде ол саналы түрде Зиммель арқылы көркем шығармашылықпен жақындастырылып және қалай дегенмен де көбінесе айқын көрінетін экстремизм нышандары байқалады. “Эстетикалық талқылау мен бейнелеудің мәні біз үшін дербес жағдайда - тип, кездейсоқ жағдайда - заң, сыртқы және өткінші жағдайда - заттардың мәні мен маңызы болып табылады. Зиммель социологиясының өзіндік белгілері оның тағдырын анықтады. Оның идеялары ешқашан да өзінің жемістілігін жоғалтқан емес, алайда олардың зор маңыздылығы барлық уақытта бірдей мойындалмады. Кейде идеялар автордың беделіне қатыссыз өмір сүрген жағдайлар да болып отырды. Әдетте, сәтті уақыттарда оған деген қызығушылық төмендеп отырды. Жақындап келе жатқан және тұтана бастаған дағдарыстар дәуірінде ол қайтадан өзекті болып отырды. ХХ ғасырдың соңында он жыл бойы Батыста “зиммельдік ренессанс” жалғасты. 1989 жылы Г. Зиммельдің шығармаларының толық жинағы, ал 1991 жылдан бастап - “Sіmmel - Newletter” журналы жарық көрді.
16.Отбасы әлеуметтік институт ретіндегі ерекшелігін, қызметтерін, түрлері мен типтерін сипаттаңыз. Отбасы әлеуметтік жүйе ретінде әлеуметтік институттың және кіші әлеуметтік топтың сипаттарын қамтиды. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлар, ата-аналар, балалар және т.б. туыстар қарым-қатынастарын реттейтің әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерін сипаттайды. Отбасы - қоғамды құрайтын негізгі элемент. Қоғам отбасылар жиынтығынан құрылады; мұнда отбасылық тіршілік ету сатысы саяси тіршілік ету сатысына ауысады. Отбасы, ру, ұлт, мемлекет - мұның бәрі дәйекті түрде адамзатқа ұмтылудағы қауымдастық кезеңдері болып табылады. Бірақ отбасы - қауымдастық емес, ол сезімдік, эмоционалдық байланыстылыққа негізделген “одақ” болып табылады. Отбасы ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасы социологиясы-отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы бағыттардың бірі. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата аналардың, балаалр мен басқа туыстардың өзара қарым қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез құлық үлгілері жиынтығымен сипатталады. Отбасы некеге немесе қандық туыстыққа негізделген шағын топ. Оның мүшелері тұрмыстың ортақтылығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады. Отбасының әлеуметтік функциялары, оның әлеум-к институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктер мен өмір сүру сипатын көрсетеді.Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:
-репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);
-экономикалық (өндіру және тұтыну);
-қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);
-балаларды оқыту-тәрбиелеу;
-эмоциялық (ерлі зайыптылардың бірін-бірі сүюі);
-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).
Отбасының құрылымдық типтері ерлі-зайыптылық, тұрмыстық және ата аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымының оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рольдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда ең кең тараған түрі-нуклеарлық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі таңдағы отбасының тағы да бір түрі-кеңейген немесе туыстық жағынан жақын отбасылар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді. Отбасындағы билікті бөлу, билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған: 1)Дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтың өкілдері тұрады, билікті, лидерлікті жасы үлкен ер адам өзінің қолына алады. Дәстүрлі отбасына мынадай сипаттар тән: 1) ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы боп саналады, оның қожайындығы басым; 2) әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі; 3)отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі; Отбасындағы билікті және т.б. бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түріэгалитарлық немесе демократиялық отбасы.Бұл отбасына: 1)үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең,әділ бөлінуі;2)ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселе бойынша бірлесіп шешім қабылдануы;3)демалыстарды бірге өткізуі,бала тәрбиесіне бірдей қатысу тән. Отбасы топтарын патри немесе матрилокалдандыру принциптері негізінде фамилияны,мүлік-дүниені,әлеуметтік жағдайды әкесі немесе шешесі жағынан мұралану патрилиниялық немесе матрилиниялық отбасылар боп бөлінеді.
17.Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін қарастырыңыз
Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды Экономикалық әлеуметтануда экономикалық құбылыстарды, процестерді зерттеуде басты назарды адам факторына аударды. Экономикалық әлеуметтанудың маңызды мәселелрінің бірі адамдардың еңбекке қатынасы және олардың еңбек сүйгіш дейгейін зерттеу болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды объектілерінің біріне айналды.Экономикалық өмірге әлеуметтану тұрғысынан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде қарастыру біздің түсінігімізді айтарлықтай кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі күнде заман талабына сай болып отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б процестердің экономикалық саралау саласында қандай да бір қосымша немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық әлеуметтану экономиканы ондағы әрекет етуші әлеуметтік топтардың белсенділігінен, олардың мүдделерінен, мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуінен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде сипаттайды. В.В.Радаев атап көрсеткендей, “экономикалық теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық әлеуметтану үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына қисынына, кәдімгі адамдардың мінез-құлқына әкеліп тірейді. Әлеуметтанушылар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын “жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Неге қатардағы жұмысшылар өз әріптестерінің жалақысының мардымсыз жоғарылауына қызғанышпен қарап, “қатардағылар” мен “басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Әлеуметтанушылар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның мінез-құлқын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады. Қазіргі күнде экономикалық әлеуметтану ықпалына енген сұрақтар бұрынырақ белгілі бір деңгейде индустриалды әлеуметтану, еңбек әлеуметтануы, аймақтық әлеуметтануы, басқару әлеуметтануы, ұйымдастыру әлеуметтануы және басқа да сол секілді шектес бағыттарда қозғалған еді.
18.Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін, қарастыратын мәселелерін айқындаңыз.Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы - ауытқымалы мінез-құлық. Яғни, белгілі бір іс-әрекеттер ауысып отырады. Әлеуметтанудағы девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині фр. тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы дегенді білдіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мыс. Шу, геомагниттік өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Девиация бірнеше типтен тұрады. Олар: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құқық. Сонымен қатар, девиантты мінез-құлық деп - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтамыз. Кейбір деректерде бұл типті «антидисциплина» деп атайды. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне мыналар жатады: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез құлықтар, суицид т.б жатады. Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттық мінез-құлық болып табылады. “Девианттық мінез-құлық” ұғымы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттық деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады. Девианттық мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әр түрлі халықтардың отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдердегі сияқты біздің Қазақстан қоғамында да мұндай жағдай қоғамдық мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі салт-дәстүрлерді ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен сақталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы азаматтық құқық бойынша бір некелілік талаптары мен ислам мойындайтын көп әйел алу дәстүрі арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы - саяси партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе топ, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар. Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтанудағы түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты көрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды. Қоғам түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, әрқашан ауытқушы мінез-құлықтардың жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға тырысады. Әрбір әлеуметтік топта өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын әлеуметтік бақылау жүйелері болады. Жалпыға ортақ қабылданған үлгілер шеңберіне сыймайтын мінез-құлықтарды тиісінше қоғам санкциялаған болады. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі.Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлардеп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
19.Тұлға әлеуметтануының обьектісі мен пәнін, тұлғаның әлеуметтену процесін , кезеңдерін ашып көрсетіңіз.Тұлға жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы. Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Әлеуметтенудің негізгі 4 кезеңі бар: 1)балалық; 2)жастық; 3)ересектік; 4) қарттық; Әлеу/у процесінің 2 түрі бар: кері және қайта. Кері әл/у ескі құндылықтарды нормаларды рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту. Қайта ескі құндылықтардығ орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін үйрену. Тұлға әлеуметтенуінің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады.Тұлғаның құрылымында мыналар бөліп қаралады:1) өмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде көрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру тәсілі;2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның органикалық бөлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер тіршілік етуін, өмір сүруін тоқтатпайды және тұлғаның мінез-құлқына айқындық енгізіп отырады;3) шығармашылық қызметке қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан айырып көрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері.4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани жан дүниесі; 5) тұлға басшылыққа алатын ізгілік нормалары мен принциптері. Сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.Адам әлеуметтену процесінде әлеуметтік нормаларды меңгеріп, әлеуметтік рөлдер, қоғамдық мінез дағдыларын пайдаланудың тәсілдерін үйренеді. Тұлға әлеуметтенуі тұлғаның әлеуметтік шындықты тануына негізделеді.Тұлға әлеуметтенуінің көзі болып табылатындар:
1) сәбилік жастағы тәжірибесі психикалық функциялар мен мінездің элементарлық формасының қалыптасуы;
2) әлеуметтік институттар тәрбиелеу, оқыту мен білім беру жүйелері;
3) қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде адамдардың өзара әсері.
20.Білім беру орындары әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктерін, қызметтерін, деңгейлерін мазмұндаңыз.Білім беру әлеуметтануы білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылыми пән. Білім беру әлеуметтанудың зерттеу пәні әлеуметтік институт ретінде, білім әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері, сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеу/к институтының қызметі:1)білім беру; 2)білім тарату; Білім беру әлеуметтануының негізін салушылар белгілі әлеуметтанушылар: Э. Дюркгейм, М. Вебер, Л. Сорокин және Т. Парсонс. Білім берудің деңгейлері: 1) мектепке дейінгі; 2) орта білім; 3) кәсіби техникалық білім; 4) жоғарғы білім; Білім әлеуметтануы әлеуметтану білімінің жаңа саласы. Ол ғылымтанудың бір тармағы болып келеді, бірақ қоғам дамуының кезеңінде басқа ғылыми пәндермен тарих және философия ғылымымен, экономика және ғылыми іс-әрекет ұйымдарымен өзара тығыз байланыстылығын жалғастырып келеді. Білім беру әлеуметтануының келесідей міндеттері бар: білім алудағы қажетті зерттеу қоғам өмірімен жеке өмірдегі оның рөлін түсініп бағалау, олардың әлеуметтік маңыздылығын, білім сапасын және деңгейін бағдарламалау; қоғаммен білім алушылардың білімге қатынасы оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу; әлеуметтік мәртебенің фактор ретінде білімнің рөлін көрсету; рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне әсер етуін анықтау. Қазіргі кезде білім әлеуметтануы өзінің назарын мыналарға аударып отыр. 1-ден, қоғам мен ғылымның өзара қатынастары қалай жасалады; 2-ден, қоғамның тиімді қалыптасуы үшін ғылыми ұйымдардың әлеуметтік мәселелері мен оның қызметтерінің қандай мәні бар; 3-ден, ғылым адамдары өздерін қалай көрсетеді, қазіргі қоғамда олар өздерінің орындарын, рөлі мен жауапкершіліктерін қалай сезінеді. Ғылым принциптерін қалыптастыру 1942ж Р. Мертон тарапынан ұсынылған болатын, олардың қатарында әмбебаптық коммунализм, қызықпаушылық және ұйымдасқын скептицизм бар. Әлеуметтануда мейлінше толығырақ қарастырылған «әлеуметтендіру категорясы «білім» ұғымымен салыстырғанда бірінші орындағы ұғым болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісі кездейсоқ және мақсатты бағытталған екі негізгі формада жүзеге асады. Білім бұл әлеуметтану тұрғысынан жалпылама түрде алғанда тұлғаның мақсаты даму саласы ретінде айқындалған, ондағы әлеуметтендіру үрдістері тәртіпке келтірілген форманы, қоғамдық маңызы бар стандарт пен бағыт бағдарды иеленеді. Бұл формалар білім үрдістерінің институттық табиғатын және әлеуметтік ұғымдығын көрсетеді. Білімділерде, құндылықтарда, нормаларда және қызмет тәсілдерде жүзеге асатын стандарттар білім мазмұнына айналады. Білімнің балашақтағы нәтижелері оның нысаналары болып шығады, олар нақты әлеуметтік рөлдерден көрініс табады. Онда адам мақсатты әлеуметтендіру үрдісіне дайындалады. Сонымен қатар, мысалы, кәсіби білім құрылымында мамандар дайындалып шығарылады. Бір мезгілде алуан түрлі әлеуметтік институттар мектеп, отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары және басқалары әрекет ететін біллім саласы шартты түрде екі салаға формальды білімге және формальды емес білімге бөлінеді. Бұдан білім әрі білім беруді әлеуметтанулық талдау оның институттену, әлеуметтік мазмұны, ұйымдастырылуы және функциялары мәселелеріне назар аударуды талап етеді. Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырадыБілім беру әлеуметтануының өзіндік ерекше міндеттері бар:Білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;Олардың әлеуметтік маңыздылық астарындағы білім сапасын және деңгейін бағалау;Қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;Әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;Рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету деңгейін анықтау.Білім беру әлеуметтануының негізін М.Вебер және Э.Дюркгейм қалаған.Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикалық және саяси процестермен байланысын, сонымен қатар әлеуметтану көзқарасы бойынша оқу орындары мен педагогикалық процестерді зерттеді. Кейінірек Т.Парсонс білімді қазіргі қоғамда әлеуметтендіру институты ретінде зерттеуді, оқу орындары мен оның элементтерін әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруды ұсынды (рөлдер мен нормалар жүйесі.Мектеп. Мектептегі оқытудың тек балалардың жартысын ғана қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден айырмашылығы баршаға ортақтығында. Барлық жастарға орта білім беру мекемесін бітіруге мүмкіндік пен кепілдік беріледі. Жастар орта білім алған соң еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласады. Әлеуметтендіру институты ретінде мектептің рөлі әрқашан айтарлықтай жоғары болған, алайда индустриялы өндірісте ата-аналардың жұмыспен қамтылуы мен екі ұрпақтық отбасыдан қарапайым отбасыға өтуіне байланысты отбасының тәрбиелік рөлінің төмендеуі себебінен ол одан да ұлғая түседі.Жалпы білім беру мектебін аяқтау жас бала үшін болашақта өмірлік жолын, мамандығын, айналысатын іс-әрекетін таңдауды білдіреді. Мектеп бітірушісі осы нұсқалардың біреуіне тоқтала отырып, кәсіби білімнің қандай да бір түріне жоғары баға береді.Кәсіби техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге жедел әрі тезірек енгізу нысанымен тікелей байланысты. Кәсіби-техникалық дайындық әр түрлі шығындарға қарамастан, білім алудағы маңызды арна болып қала береді. Білім беру әлеуметтануы үшін білім алушылардың білім себебі, оқытудың тиімділігі, оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық шаруашылығындағы мәселелерді шешудегі рөлі маңызды.Жоғары білім беруге келетін болсақ, әлеуметтану үшін жастарды оқыту түрлерінің әлеуметтік мәртебесін анықтау, болашақтағы ересек өмірдің мүмкіндігі мен рөліне баға беру, қоғамдағы субьективті талпыныс пен объективті қажеттілігінің сәйкестігі, дайындықтың сапасы мен тиімділігі маңызды.
21. Мәдениет әлеуметтік институт ретіндегі сипатамаларын, субмәдениет пен контрмәдениеттің қазіргі қоғамдағы орны мен мәселелерін қарастырыңыз.Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.Мәдениетті жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы мәденит әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқартын қызметінің заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың мәдени қызметін, мәдени деңгейін, мәдени салада бұл топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени дәрежесін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың,мекмелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін, мәдени қызметкерлердің жағдайын және іс-қызметін, т.с.с. зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім, ғылым, этникалық, және көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелердің (театр, кино, мұражай, кітапхананалар) дамуын болжап, жоспарлайды.Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста қандай да бір нақтылы формада қызмет атқарады. Мәдениет болмысының бұл нақтылы формасын көрсету үшін социологияда субмәдениет түсінігі қолданылады. Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, өздерінің комплекстерімен, әдет-ғұрыптарымен, нормаларымен, ерекшеленетін автономды тұтастай білім. Психологиялық жағынан қарасақ жастардың психикасының зардап шегуі соңында өкінерлік жағдайларға әкелетінін де ұмытпау керек. Жастардың субмәдениетінің біздің елде таралуы Батыстан кем емес. Ол күнделікті өмірден де көрініс тауып жатыр. Қазақстанда жастардың субмәдениетінің типологиялық анализін жасауда ғалымдар субмәдениеттің жаңа көріністері көбінесе Алматы, Қарағанды, Павлодар секілді жастар қалаларында кең тарағандығын айтады. Қазақстанда жастардың субмәдениетін топтастыру өте қиын, қазірде оны зерттеу төмен деңгейде. Сонымен қатар жаһандану үрдісі елімізді мүлдем басқа кеңістікке әкеткендей. Батыстың және Ресейдің рухани құндылықтарын сіңіре отыра жастар күнделікті өмірде Отандық БАҚ, бағдарламаларды қолдануда төмен дәрежеде. Себебі бәрімізге белгілі жастарымыз «қара роктың» патшасы Макл Джексонның фанаттары, сонымен қатар Отандық телеарналарды қараудан, өзіміздің дәстүрлі әндерімізді тындаудан гөрі Муз-ТВ, Эм-ТИ-ВИ, НТВ және т.б Ресейлік, шетелдік телеарналарды тамашалауды жөн көреді. Компьютерлік ғасыр, Интернеттің үстемдік етуі кезеңінде жастар субмәдениетінің жаһандану процесі жүреді. Сондықтан да қызығушылықтарына, білім деңгейлеріне байланысты белгілі бір жастар ұйымдары пайда болып жатыр. Қазақстандағы жастар субмәдениетінің мынадай топтамасын ұсынуға болады:
- Ойын сауықтық - рокерлер, рэперлер, металлистер, эмолар, готтар, байкерлер;
-Беделді адамдардың, элита, саяси шеңбердегі өкілдердің, әртістердің, жалпы өнер адамдарының балалары да белгілі бір субмәдениетті құрайды.
-Діни субмәдениет. Бұл топқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктердің табынушылары кіреді. Қазіргі кезде дінге байланысты жастардың көзқарасының адасушылық жолда болуы бәрімізді қатты алаңдатуда.
- Студенттердің субмәдениеті. Қазақстан қоғамының білімді және белсенді бөлігі. Бұл топқа 17-22( кейде 25) жас аралығындағы жастар кіреді. Студенттік кезеңде жастардың әлеуметтік, саяси көзқарастары қалыптасып, тұлға ретінде өзіндік мінездемесін орнықтырады. Университет қабырғасы, жатақхана студентке болашақтың үлкен бір терезесін ашып, жол сілтейді.
Осы аталған жастардың субмәдениеттерінің өзіндік дүниеге көзқарастары, құндылықтары бар. Психолог мамандардың айтуынша, біздің қоғамда бейформальды топтардың пайда болуы бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, бұл құбылыстың пайда болуы рухани тәрбиенің жоқтығынан деуге болады. Ата-ана қамқоры мен назарының аздығынан жастар өздеріне ұқсас қызығушылықтары бар ортаны табуға тырысады. Солай бір-бірін тауып, бейформальды топ құрады. Олар кішкентай мемлекет іспеттес.Контрмәдениет субмәдениеттің ерекше бір түрі. Контрмәдениет үстемдік етуші мәдениеттің құндылықтарын жоққа шығаратын субмәдени бағыт. «Контрмәдениет» терминін ең алғаш қолданған американдық әлеуметтанушы Теодор фон Роззак болды. Ол контрмәдениетті дәстүрлі мәдениетке қарсы қоятын өнердегі жаңа ағымды білдіру үшін қолданған еді. Түрлі зерттеулерде контрмәдениетке ежелгі әлемдік діндердің қалыптасу кезеңдерін, утопистердің коммуналары мен большевиктердің қозғалысын жатқызады. Контрмәдениеттің айқын мысалы ретінде оқшауланған қылмыстық топтарды айтуға болады. Олар әрдайым «дамып» отырады, әрі шыншылдық, еңбекқорлық, отбасылы өмір сияқты жалпыға ортақ құндылықтарды «басынан аяғына дейін» идеологиялық түрде өзгертіп бұрмалап жібереді. Жастар контрмәдениеті дәстүрлі құндылықтардан бас тартып, оларды контрқұндылықтармен алмастыруды талап етеді. Өз-өзіңді көрсетудің еркіндігі, жаңа өмір сүру салтына ілесу, жазалау шараларын жою, әрі әуес, қиял, елес туғызған кез келген сезімге сену, бейвербальді қатынас жасауға иек арту мұның барлығы контрмәдениеттің басты құндылықтары. Жастар контрмәдениетінің басты ұраны қайырымдылық, әдет-ғұрып атаулыдан аулақ жүретін бақытты адам. Міне сондықтан контрмәдениет ұсынған, алдын-ала жоспарланған адам көп жағдайда адамгершілік заңдарына қайшы келетін барлық тыйымдарға және моральдік беделді тұлғаларға өшпенділікпен қарайды, сондай-ақ ондай адамдардың психикасында адамзатқа ортақ өнегелілік, руханилық тәрізді құндылықтар механизмі әлі қалыптасып бітпеген.
22. Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орнын, дін әлеуметтануының қарастыратын мәселелерін, қызметтерін көрсетіңіз.Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Дiн социологиясы дiннiң кейбiр бағыттары бойынша адамдарды белгiлi әлеуметтiк әрекеттерге жетелейтiн қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi. Дін әлеуметтануы адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын зерттейді. Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды. Дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу обьектісі ретінде қарастырылуда. Дін социологисы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді. Мәселен, белгілі бір діннің яки сектаның мүшелері өздерінің діни нанымдары негізінде белгілі бір әлеуметтік іс амалдарды жүзеге асырып жатса, бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді.Дін социологиясын зерттеуде Батыс елдерінде қолданылып келе жатқан әдістердің бірі «социография» әдісі. Бұл әлеуметтік қарым қатынас феномендерін сипаттауға бағытталған әдіс. Осы әдіс бойынша әлеуметтік өмірдің белгілі бір мәселесі туралы деректер жиналады, тәжірибелер жасалады, санақтар жүргізіледі. Және жиналған мәліметтер салыстырмалы түрде талданады. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа О.Конт “тарихтың үш сатысы жайлы заңында” жауап берді. Бірінші саты діни немесе “теологиялық жағдай”, онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі философиялық, “метафизикалық жағдай”, онда абстракция, дөрекі дерексіздік шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Дiн социологиясының зерттеу әдiстерi туралы айталық. Эмпирикалық, яғни тәжiрибеге сүйенген iлiм ретiнде дiн социологиясы нақтылы зерттеулер мен тәжiрибелердi жүзеге асырады. Дiннiң қоғам өмiрiндегi маңызды орны мен ықпалын анықтаудағы ең тиiмдi әдiс адамдармен сұхбаттар жүргiзу (тiкелей кездесу әдiсi) және дiни топтар мен секталардың, маргиналды дiни ағымдардың ритуалдерi мен жиналыстарына қатысу және тәжiрибе жинақтау (эмпирикалық әдiс). Бұған қоса дiни мәтiндер мен баспасөзде келтiрiлген дiни ақпараттарды сұрыптау, талдау, герменевтикалық сараптау пайдалы әдiстерге жатады. Адамдардың саяси өмiрiндегi дiни әрекеттер мен ұстанымдарды зерттеу дiн социологиясының мiндеттерiне жатады.
23. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін сипаттаңыз. "Экономикалық адам" түсінігінің мәнін ашыңыз.Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал,экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестігі, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдікету бағыну,басқару орындау)еңбеккерлердің
өндірісті басқаруға қатынасуы,жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.Әлеуметтану экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен адамның,әлеуметтік топтың ,жіктің экономикалық мінез-құлқын зерттейді.Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық құбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен,олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.Сонымен,экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы - қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.
24. Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын қарастырыңыз.Саясат қоғамның ұйымдасқан ж/е реттеуші, бақылаушылық ортасы. Саясат жеке адамның өмір сүру саласын дәстүр, әдет-ғұрып негізінде реттеу мен қалыптастыру мүмкін болатын даму сатысында пайда болды. Әлеуметтік өмірді реттеудің ерекше бір түрі. Саяси әлеуметтану саяси саланың қоғамның басқа салалары мен саяси институтының басқа әлеуметтік институттардан қарым-қатынасын, мемлекетпен, партиямен, қоғамдық ұйымдармен тікелей байланысты мәселелерді зерттейді.Саяси әлеуметтанудың зерттеу пәні-қоғамның саяси өмірінің әлеуметтік аспектілері, саяси биліктің әлеуметтік феномен ретінде саяси салаларының қоғамның басқа салаларымен әлеуметтік өзара әрекеттесуі. Саяси әлеуметтануың 2 деңгейі бар. 1) Макроәлеуметтану деңгейі. Ірі көлемді саяси құбылыстар мен процестерге, саяси құрылымдар мен саяси институттарға ж/е жалпы ғылыми жалпы әлеуметтанулық әдістерді қолданумен ерекшеленеді. Макроәлеуметтану деңгейі күнделікті саяси өмірге жеке адамдар мен топтардың саяси мінез-құлқын зерттеумен айқындалады. Саяси әлеуметтану ғылымы 20 ғ. 30-50 жылдары орныға бастаған. Саяси әлеуметтану қазіргі уақытта әлеуметтік өзгерістердің саяси салдарын, саяси институттардың әлеуметтік процестер мен құрылымдарға әсер етуін, тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесі мәселесін зерттейді. Саяси әлеуметтанудың обьектісі: саяси институттар, жүйелер, саясатқа адамдардың, топтардың, қауымдаст/ң әсер етуі болып табылады. Саяси әлеуметтану жалпы әлеуметтік саяси қатынастардың 4 деңгейін зерттейді: 1) саяси әлеуметтік жүйелердің қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын саяси іс-әрекетті зерттеуге жауапты жалпы саяси әлеуметтану деңгейі; 2) жекелеген елдердің әлеуметтік саяси қатынастарын талдайтын ж/е сипаттайтын елтану деңгейі; 3) жекелеген саяси әлеуметтік процестерді ж/е саяси іс-әрекеттің тұрлерін зерттеуге бағытталған іс-жүргізу деңгейі. 4) нақтылы әлеуметтану зерттеуі арқылы қоғамдық пікірді анықтау мен талдаудың сараптаулы деңгейі; Саяси әлеуметтанудың әдістері: құжат талдау, сауалнамалық, фокус топтық, бақылау ж/е статистикалық мәліметтерді талдау. Саяси әлеуметтанудың 2 заңы бар: 1) әлеуметтік саяси іс-әрекеттердің оны ұйымдастыру амалдарының заңдары; 2) әлеуметтік саяси өмірдің даму заңдары;
25. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын, оның құрылымы мен функцияларын жан-жақты талдаңыз.
Бағдарлама - эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты. Әлеуметтанудың теориясы мен әдіснамасы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік тарапынан мақұлданған болып табылады:
1.Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
5. Зерттеу жоспарлары.
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.
Бағдарламаның бұл тарауларын жеке қарастырайық.
1. Кез келген ғылыми зерттеу секілді әлеуметтану тұрғысынан зерттеу проблемасы да қазіргі таңда аталмыш ғылымда не белгілі және не белгісіз деген шектес “жерден” басталады. Демек, проблемалық жағдай белгілі бір бағытта - белгілі кезеңнен белгісіз кезеңге бара жатқан танымның кезекті кезеңінде қалыптасады. Ғылым пәні көптеген оқулықтарда немесе осы ғылым жөніндегі барлық әдебиетте баяндалатыны мәлім. Әлеуметтанушының әлеуметтану пәнін білуі проблемалық жағдайдың мазмұнын айқын анықтауға мүмкіндік береді. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады. 2. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары проблемалық жағдайды шешу болып табылады. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің міндеттері нәтижесінде әлеуметтанушы әлеуметтік қайшылықтардан арылу (тәжірибелік проблема кезінде) бойынша қорытынды білімді (теориялық проблема кезінде) немесе ұсынысты жасай алатын зерттеу әрекеттерінің орындалуы болып табылады. 3. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтау барысында проблемалық жағдайдың мазмұнды құрылымының анықталуына әкелетін негізгі ұғымдарды айқындау және түсініктемелеу сияқты әлеуметтану тұрғысынан зерттеу бағдарламасының мазмұнды аспектісі қалыптасады. 4. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемесіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді. Болжамдар негізгі және екінші дәрежедегі, сапалы немесе сандық, сипаттамалық немесе түсіндірмелік және т.б. болуы мүмкін. Болжамдарға мынадай талаптар қойылады: 1) олар теория мен ғылымның белгілі, тексерілген заңдарына қайшы келмеуі тиіс; 2) оларды зерттеудің соңында ақиқаттылығын тексеруге болатындай құрастыру қажет. 5. Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт мерзімі мен жұмыс кезеңдері жатады:
зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы;тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу;алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы;негізгі зерттеуді жүргізу;алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру;
26. Әлеуметтанудағы сауалнама әдісі: ауызша және жазбаша. Сауалнаманың қолданылу аясын, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңыз
Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады.Сауалнама әдісінің жазбаша және ауызша түрлері де бар.Респоденттермен жазбаша және ауызша сауалнама жүргізудің анкета және сұхбат деген 2 түрі бар. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады.Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде.Әлеуметтанымдық ақпаратты жинау үшін қолданылған сұхбат әдісі зерттеушінің тұрғындармен мақсатты тікелей сұрақ-жауап жүргізу жолымен ақпарат жинау әдісі болып табылады. Бұл әдіс адамдардың пікірін, олардың мінез-құлық уәждемелерін, тілдерді меңгеру деңгейін, қоршаған ортаны, олардың діни дүниетанымын, өмірлік жоспарлары мен мақсат-бағыттарын, белгілі бір мәселе жөнінде хабардарлығын т.с.с. анықтау және бағалау мақсатында қолданылады.
27. Анкеталық әдіс. Анкета құру техникасы мен сұрақтардың түрлерін сипаттаңызАнкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.Анкеталық әдіс қолданылғанда, синтетик, (жинақтау), демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі.
28. Бақылау әдісі, негізгі сипаттамасы,оның кезеңдері мен түрлерін талдаңыз.Бақылау оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бастапқы таным пункті ретінде бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезінде қолданылады. Мамандар бақылаудың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: бақылау зерттеушілердің зерттелетін оқиғаға араласпауынсыз жүзеге асырылған кездегі қалыпқа келтірілген және қалыпқа келтірілмеген, қосылған ( мысалы, социолог митингтің қатысушысы болады) және қосылмаған. Табиғи ортада, табиғи жағдайда және лабораторияда ( мысалы, әлеуметтік психологиялық тәжірибелерде) жүретін далалық бақылау да кездеседі. Бақылаудың бірліктерін топтастыру - әлеуметтік ақпаратты бейнелеудің алғашқы және қарапайым түрі. Бақылау әдісінің қолдану аясы айтарлықтай кең - маркетингтен бастап ғылым әлеуметтануына дейін кіші топтарды зерттеуден бұқаралық сана мен мінез-құлықты зерттеуге дейін болады. Сонымен қатар, әлеуметтану ғылымында түйсіну арқылы ақпаратты жинау және обьект жөнінде барлық фактілерді тіркеу әдісін бақылау деп атайды. Ол қарапайым бақылаудан мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді:
1) Нақты зерттеу мақсатында бағындырылады.
2) Белгілібір әдістеме арқылы жүргізіледі
3) Бақылаудың мәліметтері белгілі бір әдістемемен хаттамаларға, күнделіктерге көшіріледі
4) Бақылау жолымен алынған ақпараттың сенімділігі және негізділігі тексерістен өтеді.
Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жүргізу техникасына, кімді бақылау қажеттігіне орай бақылау бақылаулық және бақылаусыздақ, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және реттілігіне сәйкес жүргізіледі. Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі бақылауда, айталық, айдың күніндегі қимыл әрекет ұқыпты түрде күнделікке түсіріліп отырады, кездейсоқ бақылауда ақпарат жоспарсыз жүргізіледі. Бақылаушының қолданатын әдісіне орай бақылаудың іштен және сырттан бақылау деп те ажыратылады. Іштен және сырттан ашық түрде немесе жасырын (бүркеніш) атпен жүргізуге болады.
29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеуді сипаттаңыз.Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынған бүкіл бөліктің тұтастай жиынтығын айтады. Бас жиынтық аймақтық, мерзімдік, өндірістік салаларды немесе кәсіптік, қызметтік шеңберді қамтумен шектелген. Іріктелген жиынтық бас жиынтықтың бір бөлігі бола отырып, әзірленген әдістемеге немесе іріктеліп, таңдап алу бағдарламасына сәйкес зерттелген обьектінің есебіне жатқызылады. Әлеуметтануда бас жиынтықтың сауалнамаға қатынасатын адамдарды таңдап алудың әр түрлі әдістерін сұрыптау қалыптасқан. Ол әдістер бір ғана мақсатты көздейді: іріктелген жиынтық бас жиынтықты ұдайы дамытып, жетілдіруіме, дәлірек айтсақ, репрезентативтілікпен (өкілдік) сипатталуы тиіс.Іріктеме әдістерін кездейсоқ және кездейсоқ емес деп 2 үлкен топқа бөлуге болады:
1. Кездейсоқ іріктемеге жиынтықтың әрбір мүшесі берілген нөлдік емес ықтималдықпен енуі мүмкін. Кездейсоқ іріктеме түрлері: 1) Кездейсоқ іріктеменің кең тараған түрі қарапайым кездейсоқ іріктеме. Мұнда жиынтықтың барлық элементтерінің зерттелетін іріктемеге түсу мүмкіндігі бар. Мұндай іріктемеде таңдау лотереядағыдай кездейсоқ сандар көмегімен жүргізіледі.2) Топтық іріктеме адамдарды әр түрлі категорияға бөле іріктеп, содан соң әр топ ішінде қарапайым іріктеме жүргізіледі. 3) Стратификацияланған іріктеме бас жиынтықты бірқатар қиылыспайтын бөліктерге (қабаттар, страталар) бөліп, әр бөлшекте қарапайым кездейсоқ іріктеме жүргізіледі. 4) Территориялық іріктеме бірлігі ретінде территориялар (аудан, бөлімше) алынады. Басты жиынтық қиылыспайтын көп бөліктерге бөлінеді. Олардың әрқайсысында кездейсоқ іріктеме жүргізіледі.
2. Кездейсоқ емес іріктемеде жиынтықтың кез келген элементін енгізу ықтималдығын бағалау мүмкін емес. Кездейсоқ емес іріктеменің түрлері: 1) Еркін іріктеме мұнда элементтер жоспарсыз стихиялық түрдетаңдалынады. Бұл әдіс өте қарапайым және шығынды аз қажет етеді. 2) Арнайы іріктемеде зерттеуші іріктеме элементтерін мақсатқа сәйкес таңдайды. 3) Квоталық іріктеме іріктеме элементтерінің үлесі зерттелетін популяция үлесіне сәйкес келуі қажет. 4) Типтік іріктеме мәліметтерді белгілі бір типтік элементтерден жинау немесе халықтың белгілі бір категориясын зерттеу. Іріктеуді анықтау социологиялық зерттеу кезіндегі бірден-бір күрделі сәттердің бірі (жұмыс гипотезасын әзірлеумен қатар), өйткені ол объектінің бүкіл элементінің ерекшеліктері мен ара қатынастарын қатаң көрсетуі тиіс. Іріктелген жиынтық берілген ережеге сәйкес қатаң іріктеліп алынған басты жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеуге жататын ( сауалнама, интервью алу және с.с ) іріктелген жиынтықтың элементтері ( респонденттер, талданатын құжаттар және с.с ) талдау бірлігі болып табылады. Олар жекелеген адамдар да, сол сияқты тұтас топтар да (студенттік ), жұмыс ұжымдары да болуы мүмкін. Ең бірінші кезекте барлық топқа тән элементтер іріктеу бірліктері деп аталады. Осы әдісті негізінен механикалық іріктеме деп атайды. Мұндай іріктеме кезінде іріктеу 10, 20, 50 және т.б адам арқылы жүргізілуі мүмкін. Ірітілетіндер арасындағы аралық іріктеу қадамдары (таңдау қадамдары) деп аталады. Іріктеме мақсатты болуы да мүмкін, мұнда зерттеуші адамдарды топты зерттеудің қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшін іріктеп алады. Кездейсоқ іріктеу - халық құрылымының әрбір элементі оған біркелкі ықтималдылықпен қосылуы мүмкін. Әрине, іріктеу көлемі репрезентация қателігіне әсер етеді. Іріктеу шамасы қаншалықты көп болса, ықтимал қателесу соншалықты аз болады. Үлкен іріктеумен сауалнама жүргізу өте қымбатқа түседі, мамандардың дәлелдеуінше, басты жиынтықтың 10%-ін іріктеме жиынтыққа қосу іс жүзінде өзін-өзі ақтаған. Мұндайда респонденттердің ( ағылш. Response жауап ) саны 2-2,5 мың адамнан аспауы тиіс. Телефонмен сауалнама жүргізу кезінде миллион тұрғыны бар қалада 300 адамға сауалнама жүргізсе жеткілікті. Шағындау қалаларда іріктеме көлемі 150-200 адам болса да болады. Басты жиынтықтың сипаттамасынан анық ауытқулардан қашқан жөн. Мұндай жағдайда зерттеу нәтижелері жалған болуы мүмкін. Социологиялық зерттеу жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу тілін әзірлеудің маңызы зор. Мұндайда маңызыды ерекшеліктер негізгі ұғымдарда түсіндіру рәсімі болып табылады, осы ұғымдар арқылы олар оның мазмұның сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді. Ғылыми талдау және теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады және ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі
30. Эксперимент әдісі және оның ерекшеліктерін, түрлерін қарастырыңыз .Эксперимент әдісі ойлауды зерттеулерде жеткілікті кең қолданыс тапты. Ол арнайы жағдайлардағы зерттеліп отырған құбылыстың белсенді түрде қайта жаңғыруын қамтамасыз етеді, бұл ойлау процесінің ашылуына әсер ететін факторларды айқын анықтауға, зерпттеудің жағдайларын қайталауға және онымен статистикалық мәліметтерді жинақтауға, жағдайларды түрлендіруге және сонымен себепсалдарлық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде жасанды түсініктердің (әр түрлі модификациялардағы) қалыптасуы, сондай-ақ шешуге берілген ойлау тапсырмаларын шешуде көмек сөздерді қолданумен байланысты тәжірибелер алынуы мүмкін.Эксперимент табиғи және лабораториялық болады. Мәні бойынша, табиғи эксперимент оқытудың жаңа әдістерін енгізу жағдайлары, ғылыми зерттеуде жаңа приборларды қолдану жағдалары болып табылады. Барлық саналуандықта бұл жағдайларға бір жалпы ерекшелік тән: оларда ойлау іс- әрекеттің мәнді өзгеруіне жағдайлар жасалады. “Табиғи эксперименттің” өзіне тән нұсқалары адамның ойлау іс-әрекетіне мәнді өзгерістер енгізетін ауру, ми жұмысының бұзылуы болып табылады.Эксперименттерді жүргізуде зерттелушінің эксперимент жағдайына реакциясын, оның эксперинтатормен қарымқатынасын ескеру маңызды.Лабораториялық та, табиғи да эксперименттерді қалыптастырушыға және тұжырымдаушыға бөледі. Қалыптастырушы эксперименттер, өз кезегінде, қалыптасу процедурасының бағытталғанымен ажыратылуы мүмкін: бір жағдайда операциялықтехникалық жаққа, ал екіншісіндеқажеттіліктік мотивациялыққа.
31.Девиантты мінез құлық әлеуметтануының зерттеу саласын сипаттаңыз.Ч.Ломброза, Э.Дюркгейм, Р.Мертон, С.Шелдон концепцияларындағы девиантты мінез құлықтың шығу себептерін көрсетіңіз.Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды. Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.
Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметттік санкцияға жатқызылады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасынадағы қатынасқа(өтірік, дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және қатысушыларлың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда евиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі(қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі) Сондықтан мінез құлықты кең және шағын мағынада алып қарастырады. Тар мағынада алғандағы
девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын,яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтіе ауытқулар ретінде түсініледі. Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құлыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез құлық деген атқа ие болады. Бұл екі мән де социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа жатады. Мұндай мінез құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау,пара, құжаттарды қолдан жасау, өндірістік шпионаж жатады. Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады. Потология-әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған: қылмыс, маскүнемдік,нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, оларға қоғамға бүтіндей және нақты жеке тұлғаға зиян әкеледі.
Құқық бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс өзінің әркелкілігімен, сондай-ақ қоғамдағы келеңсіз көрінісімен тіпті қауіптілімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жодарын айқында.
Адамдардың мінез-құлқына қоғамдық үрдістер мен əлеуметтік топтардың ықпалы, ең алдымен, əлеуметтік тəсіл аясында қарастырылады. Бұл бағыттың ең танымал өкілдері: О.Конт, Г.Тард, А.Кетле, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т. Парсонс, Р. Мертон.Аномия теориясында Э. Дюркгейм əлеуметтік девиацияны алғашқы болып толық түсіндірген "Аномия» термині француз тілінен аударғанда «заңның, ұйымдастырудың жоқтығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл ескі нормалар мен құндылықтар шынайы қарым-қатынастарға сай келмеген, жаңалары əлі бекітілмеген əлеуметтік бос кеңістіктің əлеуметтік тəртіпсіздікті туғызу күйін түсіндіреді. Бұл теорияны ол өзіне-өзі қол жұмсау болмысы туралы классикалық зерттеуінде қолданады (1897).Ғалымның пікірінше, өзіне-өзі қол жұмсаудың саны тұлғаның ішкі қасиеттеріне ғана байланысты емес, адамдарды басқаратын сыртқы себептерге де байланысты. Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқулардың объективті табиғатына еш күмəнданбағаны соншалықты, ол қылмысты «əдетті жағдай» деп пайымдады. Оның пікірінше, əдетті құбылыстың даусыз белгілері бар басқа ешқандай құбылыс жоқ, «қылмыс қоғамның барлық түрінде кездеседі…қылмыс деңгейі адамзаттың дамуымен азаймайды». Осылайша Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқуларды қоғамның нормативті-құндылықтарының шырқы бұзылуының салдары ретінде қарастырады. Оның ойлары əртүрлі əлеуметтік топтар мен əлеуметтік күштердің арасындағы қарама-қайшылықты девиантты мінез-құлықтың басты себептері деп есептейтін зерттеушілердің еңбектерінде жалғасын тапты, мысалы: жаңашылдық пен кертатпалық новаторлық пен консервативтік. Р. Мертон, Э.Дюркгеймнің ең көрнекті өкілдерінің бірі, девиантты мінез-құлықты мəдениетпен анықталатын ұмтылыстар мен оларды қанағаттандыру құралдарын беретін əлеуметтік құрылымның арасындағы келіспеушіліктің нəтижесі ретінде қарастырады. Мəселен, қазіргі американ мəдениетінде ауқаттылық идеясы басым, бұл өз кезегінде сəттіліктің жоғары индивидуалды маңызын анықтайды. Əлеуметтік нормалар арқылы мəдениет мақсаттарды ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оларға же-тудің заңды тəсілдерін де анықтайды. Сонымен, егер адам табанды еңбек етсе, оның «американдық арманы», əйтеуір, бір орындалуы тиіс. Жетістікке жету үшін барлық адамда жағдайлар бірдей емес, бірақ олар кездесетін кедергілерге бірнеше тəсілдің көмегімен бейімделе алады. Бұндай бейімделу тəсілдерін Р.Мертон анықтап көрсетті:
-Конформизм (əлеуметтік тұрғыдан мақұлданған мақсаттар мен оларға қол жеткізу тəсілдерін толық қабылдау);
-Инновация (мақсаттарды қабылдау, оларға жетудің заңды тəсілдерінен бас тарту);
-Ритуализм (берілген немесе үйреншікті тəсілдерді олқы қайталап қолдану);
- Ретризм (əлеуметтік нормаларды орындаудан пассивті бас тарту, мəселен, нашақорлық);
- Бүлік (белсенді бүлік əлеуметтік нормаларды мойындамау).
тарихы бар. ХІХ ғасырда итальяндық дəрігер-психиатр əрі криминалист Чезаре Ломброзо (18361909) биосоциологиялық теория ұсынды, бұл теорияда ғалым адамның қылмыстық іс-əрекетін оның анатомиялық құрылымымен байланыстырды. Басты назар аударылған объектілер: бас сүйегі, ми, мұрын, құлақтар, шаштың түсі, татуировка, қолтаңба, терінің сезімталдығы, қылмыскерлердің психикалық қасиеттері. Уильям Шелдон (18981984) темперамент түрлері (жəне мінез-құлық) арасындағы, сонымен қатар, адамның соматикалық құрылымының түрлері арасындағы байланыстарды анықтады. Ғалым дене бітімнің үш түрін бөліп көрсеткен: эндоморфты, мезоморфты, эктоморфты. Дене бітімнің бұл үш түрі темпераменттің: висцеротония, соматотония, церебротония секілді үш түрімен байланысады.
32.Мәдениет әлеуметтануының құрылымы және негізгі элементтерін қарастырыңыз.Субъмәдениеттің қазіргі қоғамдағы көріністерінің пайда болуы мен ерекшеліктерін сипаттаңыз “Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:Әлеуметтік институт ретінде мәдениеттің құрамы күрделі, ол туралы әр түрлі көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі мәдениет негізгі төрт элементтен тұрады деген пікір. Біреуі - адамдардың қоршаған ортада бағдарға алатын түсініктері мен ұғымдары. Екіншісі адамдардың қарымқатынас деңгейі, яғни кеңістік мен уақыттағы өзара байланыс деңгейі. Үшінші құндылықтарға қатынас, яғни адам нені және қалай игеру қажет. Төртінші белгілі бір мәдениеттің құндылықтарына сәйкес адамдардың мінезқұлқын реттейтін нормалар мен ережелер. Ал Ресей әлеуметтанушы Геннадий Иванович Козырев мәдениетті төмендегідей құрылымдардан тұрады деп есептейді:
1. Сана бұл адамдарды басқа мақұлықтардан айыратын басты белгі. Сана (жады, ойлау) адамға әлемді, бүкіл қоршаған ортаны және өзін ғана танытып қоймайды, сонымен қатар өзі де білім және тәжірибемен толығады, бар жинаған құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізеді.
2. Қоршаған әлемді бағалай білу, қабылдау және оны игеру әдістері. Адамның жануарлардан айырмашылығы өзінің де, басқаның да әрекеттері мен ниетін жақсы не жаман деп бағалай алатындығында.
3. Тіл адами қарымқатынастың ойлаумен бірліктегі аса маңызды көрінісі. Бұл - коммуникацияның дыбыстар мен симболдардан тұратын ерекше жүйесі. Тіл - мәдениетті сақтаудың, келер ұрпаққа оны жеткізудің негізгі құралы. Тілдің бірлігі жалпы мәдениеттің бірлігі сияқты адамдардың тұтаса түсуіне игі ықпал етеді. Сондайақ тілдің бөлектігі адамдар арасындағы өзара жек көру мен алауыздықтың себептері де болуы мүмкін. Сол себепті тіл мәселесінің өте нәзік екенін қандай бір қоғам мүшелері болмасын жақсы білгені, тиісінше көңіл бөлгендері жөн.
4. Қызмет бұл адамдардың өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатындағы, қоршаған әлемді және өз табиғатын өзгертуге бағытталған саналы әрекет.
Мәдениеттің негізгі элементтері
Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба-символдық элемент болып саналады. Халықта «күш-білімде» деп босқа айтылмаған.Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б. арқылы қалыптасып, тілде көрініс тауып, анықталады. Тіл-адамзаттың білімі мен тәжрибені сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы. Ол адамның ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен байланыстыратын құрал. Танымды білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар. Осы таңбаларды, символдарды адам оқу, тәрбие прцестерінде біліп ұүйренеді, сонан кейін оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мирас етіп қалдырып, жалғастырып отыру үшін қолданады.Мәдениеттің екінші элементі-ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен жіктердің, бірлікткрдің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттандырытын құбылыс, процестердің, т.б. қасиеттерін айтамыз.Субмәдениет (лат. sub төменгі, нем. kultur мәдениет) дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады.
33.Іріктеу әдісі: іріктеу, жиынтық, бас жиынтық, іріктелген жиынтық. Аталған іріктеу түрлерін мысал келтіре отырып талдаңызІріктеу әдісі - объектінің потенциалды жиынтығының (негізгі жиынтықтың) бір бөлшегін зерттеуге арналған және нәтижелері объектінің барлық жиынтығына тарайтын ақпарат алудың әдісін айтады.Іріктеуді жобалау: негізгі жиынтықтың құрамы мен шекарасын анықтау (тұтастай немесе іріктеулі зерттеу); іріктеудің түрін анықтау (кездейсоқ, квоталы, ұялы, қарапайым және көпсатылы); іріктеудің көлемін анықтау; іріктеудің шектеулі қателерін есептеу (репрезентативтілік); объектіні таңдау технологиясын анықтау.
Репрезентативтілік (өкілеттілік) - негізгі жиынтықтың мазмұнын көрсететін іріктеудің қасиеті.Іріктеудің көлемін анықтайтын формулалар: п=2
n =(0,25t2N)/(А2N+0,25t2),
Бұл жерде n - дегеніміз іріктеуші жиынтық;
N - негізгі жиынтықтың көлемі;
Т2 - арнайы кестелермен анықталатын іріктеудің шектеулі кателерінің және сенуге болатын ықтималдылықтың саны;
А - іріктеудің шектеулі қателері;
Әлеуметтанудагы ipіктеу әдісі туралы сурактарды ашатьш негізгі ұғымдык аппараттарды аныкгап керейік.Жиынтык бул салыстырмалы турде олар туралы корытынды жасагымыз келетін кез-келген адамдар тобы, уйымдар, 6iзді кызықтырушы окигалар.Heгізгі жиынтык бул зерттелуге жататьш адамдардьң кез-келген топтары. Мысалы когамдык пікір туралы мониторингтің бастапкы косьшдысы - республикадагы кәмелетке толган барлык тургындар.Іріктеу сараптау үшін бөлініп алынган объектілер косындысының топшасы.Іріктеуді негіздеу ушін бастапкы жиынтык туралы толык акпарат алу кажет. Бул статистикалык жинактар,әртурлі облыстык бөлімшелер (жумыспен каматамасыз ету орталыктары) болуы мумкш.Іріктелген жиынтык - катан турде бершген ереже бойынша ірктелген бас жиынтык элементтерінің белгілі 6ip саны. Зерттеу сәтінде ол бас жиынтыктьщ микромоделін курайды, ягни ipiктелген жиьштык непзі зерттелетін касиеттері жэне бакьлану белгілері бойьшша негізгі жиынтык курылымымен сэйкес келуі тиіc. Әр зерттеудің өзінің объектісі болады, ал объект ол зерттелетін проблеманың иелері. Зерттеу объектісі жалпы жияынтықты құрайды, оның көлемі кең және күрделі болуы мүмкін. Сондықтан, іріктелген жиынтықты құру керек.Іріктеудің көлемі зерттеудің аналитикалык міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - багдардьщ максаттык устанымымен аныкталады. Ipiктеу колемі бул зерттелшетш респонденттердің жалпы саны. Зерттеудің ipiKTeyi репрезентативтілік иринцишне жауап 6epyi кажет. Іріктеудің репрезентативтілігі зерттеу міндеті тургысынан манызды, іріктеудің бас жиьштык параметрлерін керсете білу касиеті. Іріктеудің репрезентативтілігі деген ол жалпы жиынтықтың барлық параметрлері бойынша іріктелген жиынтықтың сәйкес келуі. Іріктеудің жалпы жиынтыққа сәйкестендірілуі іріктеу қатесі деп аталады. Іріктеу қатесінің шектеулері зерттеудің мақсатына байланысты. Іріктеу қатесінің көлемі зерттеудің сенімділігі анықталады.Жоғары сенімділік іріктеу қатесі 3% дейін, қалыпты 3 тен 10% дейін (көбінесе 5%), жақындатылған 10 нан 20% дейін және бағыттаушылық 20-дан 40% дейін. Сынау зерттеулерде іріктеудің қатесі жақындатылған немесе бағыттаушы болса, аналитикалық және бейнелеу зерттеулерде кем дегенде қалыпты болуы тиіс (5%).
Әлеуметтануда келесідей ipiктеу эдістері колданылады. Механикалыи, ipiктеу әдісі бас жиынтыктан тен арадан кейін кажетті респонденттер саны ipiктелініп алынады (мысалы, әрбір ойыншы).Сериялық ipіктеу adici бас жиынтык 6ipкелкі бөлшектерге белшеді жэне әр белшектен пропорционалды зерттеу 6ipліктеріi теріліп алынады. Ұялық зерттеу adici - терілу бірлігі ретінде дара респонденттер емес, одан әрі тутастай сауалнамаланатын топтар болады.Heгізгі массив adici - бул бас жиынтыктын 60-70% -н сауалнамалау.Квоталық ipiктеу adici ipi бас жиынтыкга колданылатын негурлым курделі әдіс.Квоталык ipiктеу бул берілген пропорцияга сәйкес накты сипаттамалар жиынтыгы бар адамдарды ipiKTey.Квоталык ipiKTey әдісі респондентгерді тандап алудагы 6ipнеше белгілерді анықтауды кажет етед1 (мысалы, төрт жынысы, улты, жасы, білімi, элеуметік-кәсіптік статусі). Бул әдіс зерттеу басталганга дейін негізгі жиынтыктын бакылану белплері жайындастатистикалык мәліметгер болган жагдайда колданылады. Барлык бакылану белгілері жайындагы мәліметтер квота ретінде, ал олардың белгілі-бір сандык мәндері квота параметрлері ретінде болады. Квоталык ipiктеуде интервьюерлер респондеттерді максатты турде квота параметрлерін сактай отырып таңдап алады.Ipiктеу жиынтығының элементтерінің кaжeттi белгілірінің курылымын пайыздык салмакта негізгі жиынтык элементтерінің бөлшектенуінің курылымына тен, пропорционалды етіп калыптастыру кажет. Ойланып жэне жауапты курылган іріктелген жиынтык зерттеудеп оның табысты өтуіне ыкпал етуш мацызды этаптардыц 6ipi.
34."Әлеуметтік мобилділік" терминін ғылымға П.Сорокин енгізіп, бұл түсінікке анықтама берді. Осы терминге анықтама беріп, әлеуметтік мобилділіктің тұрлерін бөліп көрсетіп, сипаттаңыз
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтікмобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп,«әлеуметтікмобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар тобының бір әлеуметтіжағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар;вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.Веритикальды мобильдік-индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оныңәлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни керікеу бағытында болады.Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдықмобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік)жатады. Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі.Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырғанқұбылыс.Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассиметрикалық (яғни,бөліктердің бір.біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп,жоғарылауға тырысады, керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда,жоғарлау ерікті құбылыс, ал, төмен түсу еріксіз құбылыс болып саналады. Горизантальды мобильдікте индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысутек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы,кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметкетағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші біразаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші біротбасымен қосылуы; бір діннен екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде деиндивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады. Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін.Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін. Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрі, яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобильдігі қысқа мерзімді процеске жатады. әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобильдік, ал, екіншісінде дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін. Әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.Жеке мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы.Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады.Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен бірге оның ұйымдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдігі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мімкін.Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО-да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: "Егер мобильдік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар да болмас еді . Олай болса барлық қоғам страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше бір "елеуіш”тәрізді, яғни онда индивидтер мен тптарды белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады”.
35.Ауытқушылық мінез-құлық -үш форманы қамтиды:девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Осы ауытқушылық мінез-құлықтың әрбіреуін жан-жақты талдап, өзара салыстырыңыз
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық,суицид т.б. жатады.Девианттық мінез-құлықтың келесі түрі ретінде, біз деликвентті мінез-құлықты айтуымызға болады. Яғни заңға қайшы іс-әрекеттердің барлығы немесе қылмыстар, социологияда ерекше атау алады, ол деликвентті мінез-құлық деп аталады. Құқықтық жәен моральдық нормалар олардың орындалуы мемлекеттік биліктің беделді маңызды және қатысты қарым-қатынасты реттейді. Оларды бұзу қоғамдық қатынастарды тұрақтандырады, және қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Құқықтық нормаларды бұзатын мінез-құлықтар, зиянды заңға қайшы болып табылады. Қоғамдық қатынасатрға шектіретін зиянның деңгейін анықтай келе әлеуметтік жиынтықатрдың, топатр мен жекеелген азаматтардың қызығушылығы, сол сияқты әлеуметтік нормалардың бұзылуының түрлерін ауытқитын мінез-құлық түрлерін ажыратуға мүмкіндік туады, оларды келесі жіктерге бөлеміз: деструктивті міенз-құлық, ол тек тұлғаның өміріне зиян тигізеді де қоғам өміріне жалпымен қабылданған моральдық нормаларға қатысы болмайды,(жинақтыылқ, фанатизм, конформизм,мазохизм), ассоциалды мінез-құлық, ол тұлғаға, әлеуметтік топтарға, қоғамға жәен әлеуметтік нормаларға қаарма-қарсы келеді (ішімгерлік,нашақорлық, өзін-өзі өлтірушілік);заңға қарсы мінез-құлықтар(қылмыс және басқа да заң бұзушылықтар.Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.Наша сату және тарату.Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.Девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлықтан өзгешелігі, девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлыққа қарағанда кеңірек түсінік ретінде қарастырылады. Девианттық мінез-құлық деликвентті мінез-құлықты өзінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Девиация-нормалардың кез-келген бұзушылықтарын айтамыз. Ал делинквенттік-ол тек қана қылмыстық жауапкершіліктерді алып жүретін мінез-құлық актілеріне жатады. Ауытқулардың осындай түрлерге бөлінетіндігіне қарап негізделген саясат құруға болады, ол практиканы профиалктикаға бағыттап отырады. Және де барлық аутқуларды жою емес тек қана негативті аутқуларды жоюға көмекетседі.
36.Ы.Алтынсарин Қазақстандағы білім беру институтының негізін қалаушы ретінде белгілі. Сауатсыз халыққа білім алудың құндылығын жеткізу үшін атқарған қызметтері мен жетістіктерін, атқарған жұмыстарының қоғам дамуына ықпалын сипаттаңыз
Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты. Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың өзоқ мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негігі құралы етіп баолық қазақ ауылдарында орыс-қыпғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады. Ы. Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы деп қана қараған жоқ, оны Қазақстанның «өндірістік дамуына септігін тигізетін, яғни қазақтардың орыс халқынан ғылыми және практикалық білімін қабылаудың әдісі» деп санады. Ы. Алтынсарин осы идеясын іске асыру үшін 1883-ші жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін (ремесленная школа) ашты. Ы. Алтынсариннің түсінігі бойынша, білім дегеніміз, төңіректегі ақиқатты тану. «Табиғи ақыл айналадағы бізді қоршағанды ғана қамтуға қабілетті, ал, оны дамытып, біздің көрмегенімізді де білуге қабілетті ететін дүниелік (светский) білім ғана» деп көрсетті 1887 жылы Елек уезіне қарасты Бөрте болысынан,Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашып,әрқайсысының жанынан қазақ балалары жататын жиырма бес орындық интернат салдырды.1887 жылы торғай даласында айтулы тағы бір жаңалық болды.Ол Ыбырайдың көптен армандап жүрген Ырғыз қыздар училещесінің салтанатты түрде ашылуы еді.Бұл сахараға күтпеген,тосын жаңалық болды.Өйткені ол кездерде қыздарға арналған мектеп болмайтын және қыздардың білім алуына рұқсат етілмейтін,себебі ол келешек ана деп есептелетін. Ыбырай 1888 жылы қыркүйек айының жиырма бірінші күні Қоснанай қаласында орыс мектебін ашты. Ал 1886 жылы Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты. Қысы-жазы сар даланы атпен аралап,өзі ашқан мектептердің қамымен жүрген. Ыбырай Алтынсарин жүрек ауруы салдарынан небәрі қырық сегіз-ақ жас жасап,1889 жылы шілденің он жетінші жұлдызында дүниеден қайтты. Оның денесі Қостанай қаласынан он екі шақырым жнрднгі Тобыл өзенінің бойына жерленді. Ыбырай - қазақ балалары үшін ұлы ұстаз. Ол қазақ балалары үшін нешеме мектептер ашып,өмірінің бағытын осы жолға арнап өмір сүрген қамқоршы. Ыбырайдың бар арманы қазақ балаларының сауатын ашып, білімді ұрпақ тәрбиелеу болатын. Оның ең алғашқы ұстаздық жолы өзі ашқан мектептердің бірі Торғай қаласындағы мектепке мұғалім болудан басталды. Ол ұстаздардың ұстазы,балалардың жанашыры болды. Ол балаларды «Кел,балалар оқылық!» деп оқуға,білімге шақырды.оқысаңдар іздегендерің алдарыңнан табылады, мақсаттарыңа жетесіңдер деп үндеу айтады.
37.Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды. Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі, т.б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кенже қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды. Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай.Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі.Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Шәкәрімнің әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарымен тамырластығында. Ақын халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді. Өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз. Өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Еңбектену, білімге ұмтылу, кәсіпкерлік және адалдықты жақтау жетіспейді. Нәпсіні тыймау, бірін-бірі көре алмау, өзара таласу, ақылды мен дарындыны аяқтан шалу қазақты өркендетпейді, оның басқа халықтарға қарағанда әлсіздігіне әкеледі: момын, әділ адамды қазақ талауға дайын. Адамға көмектесу қиын. Себебі, қулық пен арамдықты жолдас қылғандар өте көп. Мақтан мен атақ іздегендер бірігіп күшейіп отыр. Олар жалақор. Адалдықты ұстаймын дегендер, өз бетімен кетіп тыныш өмір сүремін дегендер үнемі олардың, атақ құмарлардың қорлығына, зорлығына душар болады, деп өкінеді ақын ”Қазақ айнасы” деп аталатын өлеңінде.Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады
38.Отбасының түрлеріне, және қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлерін қарастырыңыз және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін көрсетіңіз Отбасы деп шағын адамдар тобын, оларды біріктіретін қан араластық, үлкендер балаларға тәрбие беруге жауапты және күнделікті тұрмыс бірлігі. Қазіргі отбасының сипатын танудағы жемісті әдістерді аса көрнекті американдық әлеуметтанушы Талкотт Парсонс қолданған еді. Оның айтуынша, қазіргі нуклеаралық отбасы (яғни ата-аналар мен балалардан құрылған) мынадай себептер бойынша қазіргі қоғамға сай ыңғайластырылған. 1-ден, қазіргі қоғамның экономикалық өмірі дәл осындай кішігірім отбасының болуын қалайды. Мұндай отбасында, үлкен отбасылармен салыстырғанда, қайшылықтары көп жанжалдардан құтылуға болады. Қалаларда көп ұрпақты үлкен отбасылар аз, олар көбінесе ауылды жерлерде кездеседі. Енді басқа бір қырынан қарағанда, кішігірім нуклеаралық отбасы тез көшіп-қонуға, өзінің тұрған жерін жедел ауыстыруға бейім келеді. Яғни, қазіргі экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып келеді. 2-ден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл таба алады. Үлкен, әулетті отбасында, оның үстіне басқа туыстарымен байланыста болуы өндіріске кері әсерін тигізіп, қызмет тиімділігін кемітеді. Кіші нуклеаралық отбасында бұған соқтықпаудың екі түрлі мүмкіндігі бар: Біріншіден, кішігірім нуклеаралық отбасы әр түрлі туысқандық байланыстарды қысқартады. Екіншіден, мұндай отбасы ішкі отбасылық кеңістікте шектеліп, одан тысқары экономикалық қызметке араласпайды. Отбасының құрылымдық типтері ерлі зайыптылық, тұрмыстық және ата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым қатынастар. Рөлдерде бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Бұл тұрғыдан алғанда оның ең кең тараған түрі нуклералық немесе ерлі зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі зайыптылар мен олардың балалары құрайды, яғни мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының бұл түрінің аса көлемді етек алуына әлемдегі қазіргі таңда кеңінен жүркіп жатқан индустрияландыру мен урбанизация процестері себепші болып отыр. Туыстық жағынан алғанда бүгінгі таңда отбасының тағы бір түрі кеңейген немесе туыстық тұрғыдан жақын отбасылар. Онда ерлі зайптылар өз балаларымен, ата-аналарымен, бауырларымен бірге тұрады, онда бірнеше ұрпақ өмір сүреді.Кейінгі жылдары «азаматтық неке» мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Оны жақтаушылар да баршылық. Тіпті олардың заңдастырып алмақ ойлары да бар. Ел арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атап жүр. Бұл сөздердің астарынан «ашыналық» ұғымын көру қиын емес. Бұл жаһандастыру толқынымен батыстан келген құбылыс.Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті заң өкiлдерi мұны әзірге “бейресми некелесу” деп қабылдап отыр.«Азаматтық неке» құбылысының қоғамға демографиялық, рухани және басқа да зардаптары жайында еліміздегі белгілі тұлғалар айтып, бірқатар жетекші басылымдар тарапынан жазылып жүр. Мамандардың есептеуінше, азаматтық некемен өмір сүрген жастардың 80 пайызы кейін бір-бірімен жараспай, айырылысады екен. Тек бестен бірінің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайыпты атанады. Еліміздегі «Дағдарыс» орталығының мәліметіне сүйенсек, оған жыл сайын «азаматтық некеге» тұрып, алданып қалған 15-20 әйел көмек сұрап келеді екен. Оның үстіне, бүгінгі таңда жаңа туған балалардың 22 пайызы некесіз деген дерек бар.
39.Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.Енді отбасындағы құндылықтарға келетін болсақ, ол әрине шаңырақтан бастау алады. Отбасынан басталған тәрбие бертін келе баланың санасына әсер етіп, одан болашақта елін сүйетін патриот тұлға өседі. Енді осы баланың санасының сыртқы орта тәрбиесін дұрыс қабылдауына, толассыз ақпараттарды басында өңдеуіне, яғни ненің жаман, ненің жақсы екенін дұрыс ажырату қабілеттілігіне де ген әсер ететіні анықталған. Сондықтан да отбасында көптеген жылдар бойы қалыптасқан қандай да болмасын ерекшеліктер гендік қорға тікелей болмаса да жанама әсер ететіні сөзсіз. Мысалы, жалпы ұлт деңгейінде қарайтын болсаңыз, қазақ халқында отбасында бала тәрбиелеуде баланың ісіне тосқауыл қойып отыру бар. Оны жасырмаймыз. Ол баланың санасында қабілетсіздікті, жасқаншақтықты тудырады, яғни «ол нәрсені мен істей алмаймын» деген балада сенімсіздік пайда болады. Әрине, бұл балаға толық еркіндік бер деген сөз емес, басқалай, баланың бетінен қақпай отырып, ойын есебінде санасын, зейінін басқа жаққа бұру арқылы тәрбиелеу керек. Көп адамның мұндай тәсілге шыдамы жетпейді. Жапон елінің бала тәрбиесінде 5-6 жасқа дейін баланың бетінен қақпау қалыптасқан. Яғни осы уақыт аралығында балада болашақ тұлғаға лайық мінез қалыптасады деп саналады. Осы жерде баланы ойын арқылы санасын басқа жаққа бұру тәсілі қолданылады. Ал ары қарай 15 жасқа дейін балаға деген талаптар күшейеді. Бала 15 жастан кейін үлкендермен бірдей жағдайда қарым-қатынаста болады. Көптеген әдебиеттер осы Жапон елінің тәрбиесін үлгі етіп жазады. Отбасы құндылық ретінде әртүрлі басымдықтарға ие. Әлеуметтік зерттеулерге қарасақ, осыдан 25-30 жыл бұрын жүргізілген зерттеулерде «Сіз үшін не құнды?» деген сұраққа жастар: «Бірінші кезекте Отан, екінші махаббат, үшінші отбасы, бала» деп жауап берген. Ал 2000 жылдың ортасынан бастап жастар «Алғашқы орында материалдық жағдай, екінші мансап, үшінші білім алу» деп, отбасы, бала деген құндылықтар тоғызыншы, оныншы орындарға ысырылып қалды. Демек, бұл соңғы 25-30 жыл ішінде құндылықтар жүйесіндегі күрделі өзгерістерді көрсетеді.Отбасын құру, отбасында өмір сүру адамнан үлкен ептілікті, көрегенділікті, шыдамдылықты талап етеді. Ал бүгінгі жастардың, отау құрып жатқандардың көбі бір үйдің мәпелеп өсірген жалғыз-жарым ұл-қыздары. Бір отбасында ерке өскен балалар өзге азаматпен алғашында жарасып, тіл табысса да, уақыт өте келе оны тұрақты қарым-қатынасқа айналдыра алмай жатады. Соның кесірінен кеше ғана қосылған кейбір жастар ажырасып жатады. Өйткені, өзара түсіністік, шыдам, кешірім жоқ. Қиын-қыстау кезде бір-біріне қолдау көрсетуге дағдыланбаған.Кезінде бір отбасында кемі 5-6 бала өскен. Олар бірін-бірі жетелеп, бірінің киімін бірі киіп, біреуіне біреуі қолдау көрсетіп, үлкен дастарқан басында бір таба нанды бөліп жеп, ержететін. Қазіргі балалар тек өзіне ғана қарайды. Себебі, ол жалғыз. Бүгінгі қоғамдағы өзімшілдік дерті отбасындағы бала санының аздығынан.Қазақ ұлтында тастанды, жетім баланың болмауы ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан менталитет еді. Әр перзент халықтың құндылығын өз бойына сіңіруге, ойында өрбітуге, бойында өрістетуге бейім жүретін. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың барлығына осындай қағиданы, тілін, дінін, тарихын білуді уағыздау керек.Көп жағдайда тастанды, жетім балалардың көбеюін аналардың мойнына жүктейміз. Ал ер азаматтардың опасыздығы, тұрақсыздығы, ұшқалақтығы, махаббат сезіміне жауапсыздығы бұл да отбасындағы тәрбиеден жіберілген қателік деп білеміз. Сезімді түсіну, оны қадірлеу ер азаматтың негізгі міндеті болуы керек. Еркектің жауапкершілігі деген бар емес пе?!Жалпы, әйел мен еркек тең. Бірақ әлеуметтік тұрғыдан басшы болуы тиіс. Мемлекеттің басшысы болатыны секілді, отбасыға да басшы керек. Ол басшы қалыптасқан дәстүріміз бойынша, әлеуметтік мәртебесіне қарай, материалдық қосатын үлесі бойынша қазақта бас адам әке болып саналады. Ер азаматтың міндетін еш уақытта әйел атқара алмайды. Бұл ердің табиғат анықтаған орны. Әке отбасында, ұрпақ алдында жетекші басшы орнында болған, солай болып қала беруі керек.Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі ер адамды отбасының қамқоршысы, елін қорғайтын тұлға ретінде қалыптастырған. Қазіргі кезде ақша табатын әйелдердің көбеюі, нарықтық экономиканың кіруі, ғылым мен техниканың күрт дамуы бүкіл әлемде капитализмнің енуімен отбасы құндылығы ретінде «табыс», «ақша» деген ұғымдарды кіргізді.Бүгінгі қоғамда әйелдердің өзімшілдігі байқалады. Себебі, заманауи әйел ер азаматпен бір деңгейде жұмыс істеп, кіріс кіргізуге қабілетті. Бұл әйелді қаржылық, әлеуметтік тұрғыдан тәуелсіз ете түспек. Ал ер азаматтар отбасын жоғалтып алудан қорықпайды, себебі, басқа отбасын құруға болады деп ойлайды. Рухани кедейленген, өзімшілдігі асқынған адам ғұмыр бойы өзін бір ғана адамға байлап қойғысы жоқ. Осындай өзімшілдік меңдеген қоғамда ер мен әйелдің бір-бірін түсініп, бір-бірінің ығына жығылып, айтқанына көнуі, бір-бірінің сөзіне құлақ асуы, отбасы мүшелерінің ортақ шаңырақ астында бірігуі, жылы қарым-қатынас орнатуы күрделі мәселеге айналып кеткендей. Нарықтық қатынастар да баланы өмірге әкеле бергенше, мансап қуу керек дегенге бейімдеп бара жатқандай.
40.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер арқылы қарастрыңыз
Отбасы әлеуметтануы жеке сала ретінде Рилз пен Ле Пидің эмперикалық зерттеулерінен бастау алады. 19 ғасырдың ортасында олар бір біріне тәуелсіз отбасы тұрмысы оның құрылымы ондағы экономикалық қатынастарға әлеуметтік факторлардың (индустриализация,урбанизация)білім берудің әсерін зерттеді.Отбасы бір жағынан әлеуметтік инстетут болса екінші жағынан ол өз қызметімен дамуының өзіндік заңдылықтары бар кішігірім топ. Сол себепті ол қоғамдық құрылым экономикалық саяси діни қатынастарға тәуелді мемлекеттегі тұрақсыздық отбасына әсер етеді. Тағы бір әлеуметтік мәселе бұл отбасындағы түсіністік,оның бірлігі қиындықты жеңе алу қабілеті. Осы мәселелер туудың төмендеуі халықтың қартайюы,некенің тұрақсыздығы,еркін неке,некесіз туылғандар санынан ерлі зайптылар мінез құлқы ,рухани талаптары ,эмоциялылығы,мәдени деңгейіне байланысты айырмашылықтары болуы мүмкін. Отбасындағы жан жалды жығдай қарама қарсы көз қарас құбылыстар мен оқиғаларға қатысты пікір өзара түсініспеушіліктің қақтығысы.Ол ажырасуға әкелуі мүмкін.Ерлердің пікірі бойынша қаражаттың жетіспеуі 22,6 пайыз бір сынарының қызметіне байланысты үйде болмауы 22,4 пайыз ,тұрмыс жағдайының нашарлығы 22 пайыз ,ата ананың араласуы 19,7пайыз ,өмірге деген әртүрлі көзқарас 11,6 пайыз ,жұбайының қажетті мөлшерде көңіл аудармауы 10,2 пайыз деңгейінде кері әсер етеді.Әйелдер отбасылық өмірді қиындататын факторларға жұмысына байланысты жұбайының үйде болмауы 26,6 пайыз,ақшаның жетіспеуі 16,2 пайыз,ата аналардың араласуы 15,6 пайыз әсер етеді. Қазіргі таңда отбасы инстетуты қиын заманды бастан өткеруде. Отбасын тұрақтандырытың көптеген факторлар артта қалды: әйелдің экономикалық тәуелділігі заңдық, діни ,моралдық тыйым салу ажырасуды қолдамау.Көптеген әлеуметтанулық зерттеулердің қорытыңдысы бойынша ажырасудың себебі некені жоюмен ғана шешіле алатын жағдайға жеткен ерлі зайыптылар араындығы жан ал жатады. Отбасындағы дағдарысқа әкелетін жағдайларды үшке бөлуге болады:тұрмыстық,тұлғааралық және сыртқы факторлар. Қазақстанның статистика агентігінің мәліметі бойынша 2011 жылы Қазақстанда 144 357 отбасы заңды некеге тұрып, оның 40 982 ажырасқан. Аталмыш мәлімет бойынша Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Повладар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір жылда некеге тұрған әр бір үшінші ерлі зайыпты ажырасатын болса, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 2 есе төмен, онда әрбір алтыншы неке ажырасып жатады екен. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 5733 ек-арптық. Мысалға 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4466 жұп некеге тұрды, ресми түрде 1884 жұбайлы жұптар ажырасты. 2009 жылмен салыстырғанда неке бұғауларын үзген жанұялардың саны 131 ге өскен, сонымен қатар неке қиуға ниет білдіргендер саны тек 55 ке. 2010 жылы 100 некеге 42 ажырасу келді, ал 2009 жылы 40 ажырасу келді. Бұзылған некелердің 38% жалпы балалары жоқ, 44,4% бір баладан, 17,2 % 2 және көбірек баладан. Ажырасудан кейін қиналатын балалар 2010 жылы ата-аналарының ажырасқандарынан 1536 бала толық емес жанұяда тұратын болды. Облыстағы ажырасудың жартысынан көбі 25-39 жастағы тұрғындарға келеді. Сонымен қатар 18-24 жастағы әйелдер 2,1 есе ерлерден неке бұғауларын үзуге белсенді.
41. Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағананы құрайтын кесте құрыңыз.Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі.
Артықшылығы |
Кемшілігі |
Индивидуалды сауалнама толтыруда анкетер сұрақтар бойынша туындайтын мәселелерге қосымша түсініктеме беріп, ұсынылған барлық анкеталарды өзіне қайтарып алады; Почталық сауалнама төмен шығын, іріктеуді жүргізген кездегі қосымша мүмкіндіктерді иеленуге көмектеседі. Ұйымдастырудың қолайлылығы мен қарапайымдылығы; Интернеттегі сауалнама-ұйымдастырудың қолайлылығы,нәтижені алу оңай,интерактивті сауалнаманы жасау күрделі мәтіндік әдістемелерді жасауды қажет етпейді |
Үлкен еңбек шығыны; Сауалнаманы толтыру кезінде бақылаудың болмауы(топпен толтыру,өзге адамдардың ықпалымен толтыру,техникалық қателердің кетуі,сауалнаманың қайтіп келмеуі) зерттеу процесіне кері әсер етеді. Анкеталардың қайтіп келуі бақыланбайды, іріктеуді жүргізудегі қиындықтар, қайта қарау мүмкіндігі болмайды |
42. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа 3 мысал келтір).
Анкета ( enquete деген француз сөзінен шыққан - зерттеу) өзіндік ерекшелігі бойынша респондентпен әңгімелесу сценарийі, бұл осы әңгіменің тікелей (интервью) немесе сырттай (анкета тарату) болуына байланыссыз болады.Анкетаның сұрақтары 2 негізгі топқа бөлінеді:
1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;
2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;
Жабық сұрақтар мысалы:Жалақыңызға қанағаттаныз ба?
А.Иә , маған атқарған жұмыссымнан артықта төлейтін сияқты
Ә. Иә, мен жұмысыма сәйкес жалақы аламын
Б. Жоқ ,маған көбірек төлеуі керек
В.мен жұмыс істемеймін
Қандай студия ,үйірмелерді білесіз немесе соңғы алты айда қайсына бардыңыз?
білемін |
Бардым |
Көбінесе баратыным |
|||
1 |
феникс студиясы |
||||
2 |
Би үйірмесі |
||||
3 |
Гүл өсірушілер үйірмесі |
3.Әлеуметтік статусыңызды белгілеңіз.
А. Бизнесмен
Ә.үй шаруасымен айналысамын
Б. Студент
В.қызметкер
Ашық сұрақтар мысалы:
Cіз спорттың қандай түрімен айналысасыз? ________________
Cіз қандай әуенді тыңдағанды ұнатасыз?___________________
Біздің банк жұмысының қандай кемшіліктерін айтар едіңіз?____________________________
43. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
Бағдарлама - эмпирикалық әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің негізгі құжаты.
негізгі бөлім |
Сипаттама |
1.Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау |
Кең мағынасында алғанда әлеуметтанулық зерттеудің объектісі қандай да бір әлеуметтік мәселені таратушысы. Объектіні өте дәл, анық түрде көрсету зерттеу пәнін де дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.Зерттеу заты обьектінің зерттелуге ұсынылған белгілі бір жақтары. |
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою. |
Әлеуметтанулық зерттеудің міндеттері оның мақсаты мен болжамдарына қатысты үрде қалыптасып,шартты түрде негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.Зерттеудің негізгі міндеттері негізгі емес сұрақтарға жауап іздеуді талап етеді. |
3.Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру |
Жоғарыда атап кеткеніміздей, әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемесіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді |
4.Зерттеу болжамдарын ұсыну. |
Болжам қолдауға немесе теріске шығаруға болатын қандай да бір деректерді,құбылыстарды және процестерді түсіндіру үшін ұсынылағн ғылыми жоба.Әдетте әр бір әлеуметтанулық зерттеу эзерттегелі отырған мәселенің пайда болу себептері және сипаты туралы алдын ала тұжырымдалған болжамдардан тұрады.Бұл зерттеудің шапшаңырақ жүргізілуін қамтамасыз етіп,зерттеу обьектісін және әдісетрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. |
5. Зерттеу жоспарлары. |
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт мерзімі мен жұмыс кезеңдері жатады: зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы; тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу; алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы; негізгі зерттеуді жүргізу; алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру; |
6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау. |
Зерттеудің обьектісін анықтау арқылы зерттеуге қатыстаын адамдардың жиынтығының сипаты мен саны туралы сұрақ шешіліп бітпейді.Зерттеудің обьектісі болып табылатын барлық адамдардан сұрау рационалды болмаған болар еді.Бұл зерттеудің ерзімін ұзартып сонымен қатар керекті хабарды тез алуды да қиындатып,үлкен қаражаттық шығынды талап етіп,зерттеуді өте күрделі етіп жіберер еді.Сондықтанда әлеуметтанулық зерттеулер көп жағдайда тұтас емес,іріктеліп таңдалған сипатқа ие болады. |
7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау. |
44. 2 бағанадан тұратын кесте сызыңыз, сол жақ бағанада берілген әлеуметтанулық зерттеу әдістерін жазыңыз: анкета, сұхбат, бақылау, фокус топ, эксперимент. Осы әдістердің сипаттамасын оң жақ бағанаға толтырыңыз.
Әдіс |
Сипаттамасы |
Анкета |
Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады. |
Сұхбат |
сұхбат ең алдымен, жеке және телефондық болып бөлінеді. Жеке сұхбат, өз кезегінде, пәтердегі сұхбатқа (жеке дара түрінде респонденттің жұмыс қабинетінде алынған сұхбаттың әдістемесі мен техникасы жағынан олардан айырмашылығы болмайды) және көшеде алынған (дүкенде, өзге қоғамдық орындарда) сұхбатқа бөлінеді. Өткізілу технологиясы бойынша терең сұхбатты нарративтік (narratіve - әңгіме, хикая), жартылай құрылымдық және фокустық деп бөлуге болады. |
Бақылау |
Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында ақпарат береді. Ақпарат жинау процестер мен құбылыстарды визуалды және есту арқылы қабылдауға негізделген. Бақылаудың ерекше белгісі оны әдетте басқа әдістермен бір жиынтықта пайдалану болып табылады Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді. |
Фокус-топ |
Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі пікірлер, көңіл-күй, қажеттіліктер, талғамдар айырмашылығын барынша көрсету үшін іріктеп алынады (фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады). фокус-топты келесі типтерге бөлуге болады: |
Эксперимент |
Зерттеуде алға қойылатын болжамдарды тексерудің жеке әдісі әлеуметтік эксперимент жүргізу болып табылады (зерттеу объектісіне сүйену). Эксперименттік жағдай тудыру үшін екі (ең кемінде) - эксперименттік (белгіленген әсер ету факторына ықпал жасау үшін) және бақылау (ықпал ету жоқ) іріктеуінің болуы қажет. |
45. О.Конттың ғылымға енгізген ұғымдарын таңдап алыңыз және сипаттама беріңіз: социология, әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика, метафизика, позитивизм, стратификация.Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік.Орта Деңгей Теориясы - ортақтық деңгейі бойынша теоретикалық және эмпирикалық зерттеулер арасында орналасқан және әлеуметтанудың белтілі бір бөліктері шекарасына олардың арасындағы өзара байланысын камтамасыз ететін әлеуметтану теориялары. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы бойынша қоғам, түрлі сипаттарына қарай қабаттарға бөлінеді. Бұл табиғи және әрбір қоғамда кездесетін құбылыс.
46. О.Конт қоғам дамуының 3 сатысын атап көрсетті: теологиялық, ...... Сатыларын жалғастырыңыз және әрқайсысына әлеуметтанулық талдау жасаңыз.
Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.Бұл кезде білімнің дамымауына байланысты адам белгілі құбылысты діни көзқараспен түсіндіруге тырысты.Яғни Құдайдың,белгілі \бір күштердің әсерінен деген қорытындыға келді.Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” оның спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын кезеңді құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.Бұл кезде қоғамның ізденісіне байланысты адамдар абстрактілі ойдан алшақтай бастады.Ғылымға негізделе бастады.Позитивті не шынайы немесе ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі мұнда қиялдың бақылауға тұрақты бағынатын заңы қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді. Конт бүкіл болмыстың, соның ішінде адамзат болмысының бірлігі мен иерархиялық құрылымы жөніндегі ұғымға сүйенеді. Мұндай ұғым негізінде ол кеңінен таралған ғылымның өзі жасаған топтамасын құрады. Бұл топтамаға негізгі ғылымдар: математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану кірді.Таза ғылыми ізденістерге негізделген кезең болып саналады.
47. Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы - мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйымдардың түрлері:
-ол оңтайлы, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу принциптері жатыр;
- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналып есептелген
Бейресми топқа келер болсақ, оның мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық алдын ала дұрыс көру қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; спонтанды (өзінше еркін), оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден ж..тыс (ресми топтардың шеңберінде қалыптасатын) және әлеуметтік-психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.Типологияның маңызды түрі шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ -мүшелерінің өзара байланысуларының жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады.Отбасы ғана емес, өзіміз құрамына кіретін басқа көптеген бастауыш және екінші топтар да біздің өмірбаянымызда маңызды әлеуметтендіруші рөл атқарады: құрбы-құрдастар топтары, дос-жарандар, әуесқойлар үйірмелері, спорт командалары - біз дәл осылар арқылы замандастарымыз бен отандастарымыздың кең қауымдастығында қалыптасқан дәстүрлердің, нормалардың және құндылықтардың барлығын игереміз. Жеке адам үшін өзі жататын бастауыш топ өте маңызды референттік топтардың бірі болып табылады. Бұл терминмен құндылықтар мен нормалар жүйесі жеке адам үшін өзіндік эталон болатын (шынайы немесе қиялдағы) топты белгілейдіӘлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы.Әлеуметтік топ ұғымының социологияда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады. Бұл орайда “әлеуметтік топ” ұғымына адамдардың аса көп санды бірлестігі ретіндегі әлеуметтік қауымдастық және адамдардың сан жағынан салыстырғанда шағын жиынтығы ретіндегі әлеуметтік топтың өзі де кіреді (ал әлеуметтік топтардың өздері де үлкен және кіші болуы мүмкін).Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.Қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен,
48. Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз? Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы). Менің ойымша аталып отырған отбасының түрі-патриархалды. Патриархат(гр. pater әке, archo басқару, билеу) алғашқы қауымдық қатынастардың ең көп тараған формасы. Патриархат тұсында қоғамда, шаруашылықта, үйде, ер адамдардың рөлі үстем болды; алғашқы қауымдық кұрылыс кезінде матриархат формациясының құлдырауынан кейінгі оны ауыстырған формация.Патриархалдық отбасы - ең жақын туыстардың бірнеше ұрпағынан тұратын,бірлесе шаруашылық жүргізетін, ер адам отағасы ретінде абсолюттік билікке ие болатын отбасы.Қазіргі қоғамда патриархалды отбасы басым дегенімізбен,Бұқаралық ақпарат құралдарында отбасылық өмірді жақсы, ұнамды жағынан көрсету азайып барады. «Отбасы» сөзінің «тұрмыстық зорлық-зомбылық», «көзге шөп салу», «баласын тастап кету» сияқты ұғымдармен байланыстырылатын кезі көп-ақ. Содан да, жастарда теріс түсінік пайда болып, қорқыңқырап қалған сияқ-
ты.Көңілге қонатыны, Қазақстанда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қалпына келтіруге күш салу жөніндегі әңгіме жоғары мінберлерден күн құрғатпай дерлік көтеріліп жүр. Депутаттар тарапынан бір кездегі «бойдақтар салығын» қайта жаңғырту, 21 жастан бастап отбасын құруды насихаттау жөнінде ұсыныстар білдірілді.
Тарих бетіне көз жүгіртсек, неке институтын жоққа шығаруға талпынған қадамдар бірнеше рет орын алған. Кеңестер одағының «күн көсемі» Лениннің өзі бастапқыда еркін, ашық қарым-қатынасты жақтап, кейін «отбасы мемлекет негізі» деген қағиданы енгізді емес пе? Онысы тегін емес. Қай елде болмасын, мемлекет негізін қалайтын, сенімді, тұрақты күш отбасы болып табылады. Ал, жоғарыда келтіргендей, жай ғана бірге тұратын, анда-санда жолығатын некелердің барлығының орнын, түптеп келгенде, дәстүрлі отбасы түрі басатын болады.
Отбасылық қарым-қатынас ұғымы мәнін өзгертіп, деградацияға ұшырай бастаған Америка мен Еуропа елдерінің одан ұтып отырмағаны әмбеге аян. Бір жыныстық неке, жынысын өзгерту, бірнеше мәрте ажырасу батыстық идеологияның қол жеткізген «жеңісі» және жемісі! Жағдайдың ушыққаны соншалық, Англия мектептерінде гей-балаларға арнап бөлек әжетханалар ашыла бастаған. Оны қойып, 13 жасар Эльфи Паттен қаршадайынан әке атанғаннан кейін британдық оқу орындары жыныстық қатынасты балаларға 5 жастан бастап түсіндіру жөнінде шешім қабылдаған. Ал, керек болса! Сонда, біздің қит етсе үлгі тұтып, аузымызды ашып жүргеніміз кімдер?!
Қысқасы, неке және отбасы институтын нық қалыптастыруға маңыз беретін уақыт әлдеқашан жетті. Бүгін қимылдамасақ, ертең кеш
49. Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық.Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1.Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.Наша сату және тарату.Бұл алғашқы екеуінде бақылауды негізінен әлеуметтік институттар жүргізеді.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.Бұған бақылауды мемлекеттік құқық қорғау органдары жүргізеді.
50. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбею салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан талдау жасаңыз.Мінез-құлық проблемасы-психология-педагогигалық проблемалардың өзекті прблемалардың бірі. Деструктивті процестер,әртүрлі қоғамдық сфераларды қозғағанда, өздерінің арасында тек қана үлкендердің емес сондай-ақ жасөспірімдердің арасындағы қылмыстарға әкеп соғуда. Статистика көрсеткіші бойынша 50% заңбұзушылық жасөспірімдер мен ересектердің арасында. Девианттік мінез-құлық әлеуметтік шамадан тыс екендігін көрсетеді кейінгі кезде ондай мінез социологтардың, педагогтардың, психологтакрдың, медицина қызметкерлері мен заңқорғаушы органдардың назарының ортасында.Жасөспірімдер мен жеткіншектердің ортасында шылым шегу, нашақорлыққа салыну, ішімдікке салыну еліміздегі өзгерістердің болуының себептері салдарынан. Француз социологі Эмиль Дюркгейм қоғамдық ортаның жағдайын бейнелегенде, индевидтердің қылықтарында нақты қадағалаудың болмауы, тек моральдік вакумның, бұрынғы шамалар, құндылықтар жаңа қатынастарға сәикеспейтіндігін айтады.Осы сипаттаман Қазақстанға да толықтай жатқызуға болады. Ата-аналар, педагогтар, психологтар, медицина және полиция қызметкерлері жас жеткініншектермен жұмыс істейтін адамдар жастардың өз істеріне жауапты және денсаулықтары жақсы дамып ер жетуін қалайды.Бірақ, көптеген жастар балалық шақтан ересектер өміріне сәтті өту үшін қажетті айналаның кері әсерінің және тәжірбиенің жоқтығынан зиян әдеттер мен жағдайлардың құрбаны болады. Жасөспірімдер моделінің теріс мінезі жиі басқа мәселелерге әкеп соғады, олар мынадай, мектептегі үлгерімнің төмен болуы, өтірік айту, ұрлық жасау, вандализм, наркомания, алкогольге әдестену. Соңғы уақыттарды бұл тізімге Интернет жүйесі - тәуелділік, әуес ойындар, тіркелмеген топтар мен секталарға тәуелді бөлу сияқты жаман қасиеттер қосылуда. Кейін болған істі жөндеудің қйын екендігін одан көрі профилактика өткізудің әлде қайда жеңіл екендігіне көпшіліктің келісетіні мәлім.Өкінішімізге қарай біздің қоғамымыза әлі күнге дейін жастар арасында девиантты мінез-құлыққа байланысты прафилактиканың жеткіліксіз екендігі байқалады.Бар айтылған әлеуметтік проблемалар (нашақорлық, ішімдікке салыну, қияли дөрекі мінездер т.б) осылардың неліктен болатындығын ойлауға мәжбүр етеді.
51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
Әлеуметтендіруді бірінші және екінші әлеуметтендіру деп екіге бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға өзінің тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған туыстарының, достардың, құрдастардың, оқу және еңбек ұжымдарыныі, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқудағы, қызметтегі, жұмыстағы тікелей басшының және т.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Тұлғаның алғашқы қалыптасуы мен дамуында бірінші әлеуметтендірудің рөлі аса зор. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар (шағын немесе ірі), құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір екі бағытта жүзеге асырылады. Мұндағы қатынастар көбіне институциооналдық сипат алады. Екінші әлеуметтендірудің агенттері мемлекет пен оның органдарының (әскер, полиция, сот, прокуратура, т.б.), кәсіпорындардың, жоғарғы оқу орындарының, мектептердің, балабақшалардың, радио, теледидар, баспасөз және т.б., басшылары және ресми өкілдері болып табылады. Екінші әлеуметтендіру жақсы кемеліне келген, есейген шақта өте маңызды. Бұл тұста адамның әлеуметтік мәртөбесі мен рөлі негізінен анықталады, енді соларды жүзеге асыруға және ішінара өзгерістер жасауға көңіл аударылады. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің қызметін өзара байланыстыруы мен үйлестіруді қамтамасыз ету аса маңызды. Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында баларды ересектер мен әлеміндегі өмірге бейімдеу іске асырылады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата-аналар атқарады. Осы сатыда ата аналар мен балалар арасындағы өзара қарым қатынастар олардың бір біріне деген жақындық, жауапкершілік, ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.
Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторлар
1. Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы сипаттама
2. Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы
3. Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалы
4. Мезафактор және олардың адамға ықпалы
5. Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызы
1. Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы
сипаттама
Әлеуметтендіру тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы,
ӛндірістік, саяси т.б. кӛрінеді.
2. Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы Балалар, жасӛспірімдер, жастар ӛзара қарым қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуына азды кӛпті әсер ететін түрлі жағдайлардан ӛтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы
күштерін 4 топқа біріктіреді.
3. Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалы
Әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін, соның ішінде жеке адамдарға да әсері күшті екінші фактор - макрофактор (грекше зор деген сӛз) деп аталады. Оған ӛлке, қоғам, ел, этнос, мемлекет кіреді. Ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде ӛмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.
4. Мезафактор және олардың адамға ықпалы
Адамға әсер ететін факторлардың үшінші тобына мезафакторлар (мезо -
орташа) жатады. Мезафакторларға тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы. Сондай-ақ халық ӛмір сүретін аймақ, ауыл, қала, шағын қала, аудан және бұхаралық ақпарат құралдары - радио, теледидар т.б. және соған байланысты субмәдениет немесе мәдениетке жақын жерде орналасқан даму тендециялары бар елді мекен кіреді.
5. Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызы
Тӛртінші - микрофакторлар белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - әйелмен отбасы, кӛрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар. Микрофакторлар яғни, «кішкене» деген сӛздің мағынасына үңілсек, ол адамға ең жақын орта дегенді білдіреді. Бұған адамның отбасы, кӛрші қолаң, құрбылар, сыныптастар, курстастар, бірге жұмыс істейтіндер, қоғамдық мемлекеттік, жеке меншік мемлекеттер кіреді де олар микроәлеуметтер құрайды.
52.Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілерді және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсерін қарастрыңыз
Субмәдениет (лат. sub төменгі, нем. kultur мәдениет) дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды. Субмәдениетке готтар, фэндом, хиппи, растофары, металист және панктер т.б ағымдар осы мәдениетті құраушы өкілдері жатады. Жастардың субмәдениетіне сондай-ақ протест, эскапизм тән боп келеді. Эскапизм дегеніміз шындықтан қашу, яки, басына түскен қиындықтан қашқандар көбіне осы мәдениет өкілдеріне еріксіз еріп кететінге ұқсайды.
Субмәдениеттің мынадай түрлерін жіктеп көрсетуге болады:
1. Музыкалық-субмәдениет белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ;
2. Арт-субмәдениет әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында қауымдасқан топ;
3. Интернет-субмәдениеті Интернет қауымдастық, жалпы виртуалды кеңістікте ортақ тіл табысқандар;
4. Индустриалды және спорттық субмәдениет қалалану процесінде байланысты және футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ.Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.Өкiнiштiсi сол, сырттан енген субмәдениеттiң кең қанат жаюына жағдай жасап, есiктi айқара ашқанымыз соншалық, соңғы кезде облыс, республика орталықтарында оның өкiлдерi бас қосуды дағдыға айналдырды. Мәселен, Павлодар қаласында 3 жыл қатарынан Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында субмәдениет өкiлдерi арнайы фестивалiн өткiздi. Бұл шараға республиканың түкпiр-түкпiрiнен жастар арадай жиналды. Бiле бiлсек, мұндай жиындар қауiптi екенiн ескерiп, қоғам алаңдауы қажет.Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.
53.Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігін және түрлерін сипаттаңызСухбат бул сухбатшының сауалнамага жауап беруімен тікелей байланысын көздейтш, белгш жоспар бойынша өткізілетш әнгіме. Сухбаттың негізгі ерекшеліктері, біріншіден, зерттеушінің сауалнамага жауап беруппмен тікелей байланысы (сауалнамалык пікіртерімде соган гана катысты) болса, екінші ден, байланыстың ауызша түpi (сауалнамалык пікіртерімде байланыстың жазбаша Typi болады) болып табылады.Сұхбат
1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері:клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;
2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат. Сұрақ 1) оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтау үшін қойылатын сұрау; 2) адамдар бір-бірімен қарым-қатынас барысында ойларын айқындау үшін қойылатын сұрау. Сұхбат оқушылардың, студенттердің білімін әр қырынан тексеру үшін қойылады. Әлеуметтанымдық ақпаратты жинау үшін қолданылған сұхбат әдісі зерттеушінің тұрғындармен мақсатты тікелей сұрақ-жауап жүргізу жолымен ақпарат жинау әдісі болып табылады. Бұл әдіс адамдардың пікірін, олардың мінез-құлық уәждемелерін, тілдерді меңгеру деңгейін, қоршаған ортаны, олардың діни дүниетанымын, өмірлік жоспарлары мен мақсат-бағыттарын, белгілі бір мәселе жөнінде хабардарлығын т.с.с. анықтау және бағалау мақсатында қолданылады.
Тереңдетілген сұхбат әдісі алдын ала әзірленген сценариймен және дайындалған сұрақтар бойынша жүргізілді. Әдетте тереңдетілген сұхбат сұхбаткерлерден сауалнамада ескеру қиын болатын сұрақтарға толық жауап алуға мүмкіндік береді. Сұхбаттың бұл түрінде сұхбаткерге жағымды әсер етіп, таңдап алынған тақырыпта ұзақ әрі толық пайым жасауға бағытталған техникалар мен әдістемелер қолданылады. Өз кезегінде бұл жалпы алғанда елеусіз болып көрінгенімен, зерттеу міндеттерін шешу үшін аса маңызды болып табылатын мәселелерді және сұхбаткердің көзқарастарын айқындауға мүмкіндік туғызады. Сұхбаттың бұл түрі сұхбаткермен бөгде адамдарсыз жеке кездесу немесе, зерттеу сипатына қарай, телефон арқылы жүргізіледі.
54.Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:Лабораториялық эксперимент арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді. Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамның шамасы, дағдылары, жұмысқа деген қабілеті, білім деңгейі сияқты психикалық еркешеліктерін анықтайды.Анкета әдісі. Зерттелушілерге бірқатар сұрақтарға жауап жаздырады. Тест әдісі. Ағылшын тілінен енген сөз («сынақ») деген мағына білдіреді. Арнайы дайындалған, стандартталған сұрақтар тізбегін тест деп атаймыз.Интроспекция әдісі. Адамның өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, зерттеу жүргізуі.Егіздерді зерттеу әдісі. Егіздер 2 түрлі болады:
бір жасушадан жаралған;
екі жасушадан жаралған.
Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау және эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеу мен сыналушыларға сипаттама.Зерттеудің теориялық талдауында біз отбасы, отбасылық шиеленіс, этностық құндылықтармен отбасылық қарым-қатынасты ғылыми негіздеп көрсеттік. Осы орайда, біз өз зерттеулерімізде нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындауды мақсат етіп қойдық.Жастардың отбасылық өмірге деген қатынасын анықтау арқылы болашаққа жоспарды құра білу дағдыларын дамыту бүгінгі күні өзекті болып отыр. Жастар сезімнің шырмауында қала беріп, алып-ұшпа көңілден жоспарсыз, яғни отбасын құрмай жатып балалы болып, оның өміріне жауапкершіліксіздік танытып жатқанын қазіргі ақпарат көздерінде көріп, өмірде куә болып жүрміз. Осы орайда, халқымыздың «жетімін жылатпаған» деген даналық сөзі еріксіз ойыңа келеді. Сондықтан жастарды ұлтымыздың қасиетті құндылықтарымен тәрбиелеп, өмірге бағыттау басты мәселелердің бірі болып табылады.Біздің зерттеумізде эксперимент үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде студент-жастардың отбасылық өмірге дайындығы психодиагностикалық әдістер арқылы зерттелді. Бұл кезеңде «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасы, «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы, «Отбасында эмоциялық қатынасты анықтау» әдістері пайдаланылды. «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасының авторы К.Ғ. Жүнісова Елшібаева. Біз сауалнаманы зерттеу мақсатымызға орай модификациялап (авторлық) пайдалануды жөн санап отырмыз.«Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы авторы Э.Г.Эйдемеллер және В.Юстицкис (2000) Әдістеменің мақсаты: Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау.«Отбасында эмоциялық қатынасты анықтау» әдістемесі. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген бір-біріне сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Тұлғаның қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады.Екінші кезеңде біз жастардың отбасылық құндылықтары анықталды. Мұнда төмендегі әдістемелер пайдаланылды:Эссе жазу: «Менің елесімдегі отбасылық өмір»;Үшінші кезеңде отбасылық психотерапия элементтері арқылы жастарды өмірлік жоспар құруға және отбасын құруға психологиялық жағымды қатынас орнату үшін төмендегі тренингтер ұйымдастырылды:«Менің отбасым қазір және ертең»;
«Отбасын ойнайық»жаттығуы; «Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы;«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.Біз жоғарыда зерттеу жұмысының бағытын анықтап, әдістемлерге сипаттама беріп өттік. Біз зерттуе жұмысымыздың сынлаушыларына студенттік кезеңді таңдадық. Студенттік шақ адам тұлғасының қалыптасуында аса маңызды кезеңі болып саналады. Ересектік кезеңге өту, тәуелсіздіктің басты баспалдағы осы студенттік кезеңнен бастау алады. Әрине, бұл кезең тәрбиелік қатынаста қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Педагогика және психология ғылымында студенттердің ерекшеліктерін зерттеу әртүрлі мазмұнда және сипатта жүзеге асып келеді. Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелеріне талдау.Эксперимент барысына сипаттама беріп, осы бөлімде жүргізілген зерттеулерге талдау жасауға көшеміз. Эксперимент жүргізу жоспарлы түрде жүргізілді. Эксперименттік алаңға өзіміздің университетіміз алынды. Экспериментке қатысушы респонденттерге музыка-педагогикалық факультетінің «Педагогика және психология» мамандығының 3-4 курс студенттері (80 қатысушы) таңдалды. Респонденттер жоғары белсенділікпен қатысты. Оларға моральдық-психологиялық жағдайлар жасалды. Эксперимент тапсырмалары мен материалдары жеке таратылды. Нұсқау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда атап кеткендей бұл кезеңде үш әдістеме пайдаланылды. Эксперименттің бірінші кезеңі 2011 жылдың қыркүйек- қазан айларында студенттерінің отбасылық өмірге дайындығы бойынша психодиагноситкалық зерттеулер арқылы жүргізілді. Келесі кезекте біз әрбір психодиагностикалық зерттеулерге талдау жасаймыз. Бірінші әдістеме К.Ғ. Жүнісова-Елшібаеваның «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» атты 13 сұрақтан тұратын сауалнамасы жүргізілді. Бұл сауалнама студент-жастардың отбасын құруға қаншалықты дайын екендігі анықталды. Тапсырманы орындау барысында әрбір сұрақ бойынша пайыздық көрсеткіштері анықталып, оны баллдық жүйеге келтіріп алып отырмыз.
55.Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудің негізгі социологиялық аспектілерін талдаңыз
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.Отбасы - өзімен өзі қайнап жаткан әлем. Ол көптеген жақсылыктар мен қателіктердің жемісі. Социологгардың бастапқы бөлігі казіргі қоғамдағы отбасының негізгі кызметі: дүнисге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу; экономикалык, яғни балалардың есеюіне дейін көмек беру. Казіргі қоғамдағы отбасының осы қызметтерді орындауға жақсы бейімделгендігінің бірнеше себептері бар. Шын мәнінде, балаларды тәрбиелеу мыкты биологиялык механизмге, яғни туыстық байланысқа сүйенеді, дүниеге адам әкелу жүбайлар арасында калыпты, тәртіпке келтірілген жыныстык катынастар және экономикалык жағынан көмек көрсету балалар тәрбиесі үшін өте тиімді тәсіл болып отыр. Кейбір коғамда калыпты отбасы мүлдем болған емес. Этнографтардың зерттеуіне жүгінсек, кейбір түрпайы қоғамда ер адамдардың әскери жан-жалға араласқан кезінде отбасынан үзак уакыт ажырап калғандықтан өзінің кызметін ойдағыдай өтей алмаған. Сондықтан адамдардың дүниеге келуі әр түрлі жолмен жүзеге асты. Дәлірек айтсак, жыныстық серіктестік жағынан алғанда әкесінің қызметін басқа ер адам аткарған. Соған карамастан дүниеге адам әкелу тиімді түрде жүзеге асып отырған. Басқаша жағдайда, жыныстық қатынастарды ретке келтіруге қарамастан, еркектер өз әйелдеріне жыныстық қажетін етеу объектісі ретінде ғана қарайды. Мүнда ол әкенің қызметі мен әлеуметтік роліне көңіл бөлмейді. Бүған қосымша тағы да бір таңқаларлық жағдай, ананың да өз кызметін дүрыс өтемеуі. Яғни тек дүниеге сәби әкелумен ғана шектеліп, ал осы тәрбиелерді басқа адамдардың іске асыруы. Демек, бізге белгілі болған коғамдардан өзгеше бір қоғамда отбасылық қатынастар адамдар бірлігін қамтамасыз етуді белгілей алмағандығына көз жеткіземіз. Өмірлік іс-әрекетте отбасының топтық сапасын көрсете отырып. отбасы социологиясы индивидті отбасының мұшесі рстінде, мүшелердің қүрьшымын бір бүтін ретінде, ең алдымен жеке адамды отбасының ішкі рольдерінің әлеуметтік-мәдени призмасын зерттей отырып қарастырады. Отбасы социологиясында жеке адам нақты ері немесе жүбайы ретінде, әкесі нсмесе анасы, үлы немесе қызы ретінде қойылады. Ерекше қарастырылатыны ішкі отбасылық рольдердің орындалуы, түлғааралык өзара әрекет пен өзара қатынастар арқылы көрінеді. Отбасы социологиясы отбасылық-туыстық түрдің адамдардын аз тобындағы біріккен өмірін, отбасылық өмір салтын жалғыз-бойдақпен салыстырып ок,ытады. Әлеуметтік өмірдің негізі боп әлеуметтік институттар болып саиалады. олар адамдардың өмірін қамсыздандырады. Социологияның маңызды тармағы неке және отбасын зерттеу саналады. Туыскандық индивидтердің некемен бекітілген карым-катынастары не қандас-туыстық қатынас (әке, ана, ата, әжет.б.) Неке екі индивидтің арасындағы қарым-қатынасты әлеуметтік қүқықтық түрғыдан бекіту. Екі адам некеге түрғаннан бастап, олар туыс деп саналады.
56.Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз
Білім беру өзінің құрылымы бар шағын жүйені көрсетеді. Негізгі элементтер ретінде әлеуметтік қауымдастық, әлеуметтік ұйым ретіндегі оқу-тәрбиелеу мекемесін (оқытушылар мен оқушылар) және әлеуметтің мәдени іс-әрекетінің түрі ретінде оқу процесін көрсетуге болады. Білім жүйесі мына принциптер бойынша құрылады, әрі бірнеше буындардан тұрады: мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі, жалпы білім беру мектебі, кәсіби-техникалық білім, жоғары оқу орыннан кейінгі кадрларды қайта даярлау мен біліктілікті жоғарылату жүйесі, т.б.Мектепке дейінгі мекемелер. Мектепке дейінгі мекемелердің адам тәрбиесінің, оның еңбекқорлығы мен басқа қасиеттерінің негізін қалау процесінде маңызы зор. Қоғамның маңызды институттарының бірі ретінде мектепке дейінгі мекемелердің әлеуметтік қызметтерін былай бөліп көрсетуге болады:Жас баланың тән және психологиялық денсаулығын қорғау және нығайту;Балалардың білім алуға, жан-жақты дамуға және мектепке оқуға жалпы мәдени психологиялық құқығын жүзеге асыру;Құрдастары ортасында әлеуметтік мінезін қалыптастыру (балалар ұжымында, қарым-қатынаста және белсенді өзара әрекеттесуде):Қоршаған әлеуметтік орта мен отбасының даму мүмкіндігінің шектелген себебі бойынша дамуды айрылғандардың орнын толтыру;Әйелдер мен балалардың тұлғалығын жетілдіру және қоғамдық еңбек үшін қолайлы жағдай жасау;Мектепке дейінгі және келесі өмір барысында баланың тұлға болып қалыптасуы мүддесі үшін ата-анамен және үлкен адамдармен психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-ағартушылық жұмыс.Мектеп. Мектептегі оқытудың тек балалардың жартысын ғана қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден айырмашылығы баршаға ортақтығында. Барлық жастарға орта білім беру мекемесін бітіруге мүмкіндік пен кепілдік беріледі. Жастар орта білім алған соң еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласады. Әлеуметтендіру институты ретінде мектептің рөлі әрқашан айтарлықтай жоғары болған, алайда индустриялы өндірісте ата-аналардың жұмыспен қамтылуы мен екі ұрпақтық отбасыдан қарапайым отбасыға өтуіне байланысты отбасының тәрбиелік рөлінің төмендеуі себебінен ол одан да ұлғая түседі.Жалпы білім беру мектебін аяқтау жас бала үшін болашақта өмірлік жолын, мамандығын, айналысатын іс-әрекетін таңдауды білдіреді. Мектеп бітірушісі осы нұсқалардың біреуіне тоқтала отырып, кәсіби білімнің қандай да бір түріне жоғары баға береді.Кәсіби техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге жедел әрі тезірек енгізу нысанымен тікелей байланысты. Кәсіби-техникалық дайындық әр түрлі шығындарға қарамастан, білім алудағы маңызды арна болып қала береді. Білім беру әлеуметтануы үшін білім алушылардың білім себебі, оқытудың тиімділігі, оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық шаруашылығындағы мәселелерді шешудегі рөлі маңызды.Жоғары білім беруге келетін болсақ, әлеуметтану үшін жастарды оқыту түрлерінің әлеуметтік мәртебесін анықтау, болашақтағы ересек өмірдің мүмкіндігі мен рөліне баға беру, қоғамдағы субьективті талпыныс пен объективті қажеттілігінің сәйкестігі, дайындықтың сапасы мен тиімділігі маңызды.Білім қоғамдық өмірдің барлық саласымен байланысты. Экономика білім беру саласының материалдық базасын анықтайды, оның мазмұнын пәндер құрылымы, мамандық және мамандану тұрғысын, жоспарын негіздейді. Саяси сала, сондай-ақ, білім жүйесіне тікелей әрекет жасайды. Қоғамдағы режимге (демократиялық және тоталитарлық) және оның түрлеріне (ашық және жабық) байланысты білім беру жүйесінің мазмұны мен оған сәйкес келетін құрылымдары қалыптасады. Сонымен бірге әлеуметтік-мәдени орта макро- және микро- деңгейде білім берудің барлық жүйесіне әсер етеді. Бұл жерде әңгіме қоғам мен отбасының өнегелі және діни құндылықтары жайлы болып отыр.Қазақстандағы білім беру жүйесі қазір өзінің элементтері мен буындарына қатысты негізгі өзгерістерді бастан кешіруде. Мемлекеттік оқу орындарымен бірге баламалы, жеке меншік оқу орындары пайда болды. Білімнің нұсқалық нысандарын таңдау мүмкіндігі кеңеюде. Дәстүрлі бұқаралық мектеппен бірге бір бағыт ұстанған сыныптар мен пәндерді тереңдетіп оқытатын лицейлер, гимназиялар, колледждер, мектептер пайда болып келеді. Тегін білім беру жүйесімен қатар, барлық буындарда бала-бақшадан университетке дейін ақылы білім беру өмір сүріп келеді.
57.Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және әрқайсысына мысал келтіре отырып, сипаттама беріңіз
Тұлға жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы. Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Әлеум/ң негізгі 4 кезеңі бар: 1)балалық; 2)жастық; 3)ересектік; 4) қарттық; Балалық кезең - өмірдің бір кезеңіндегі жиі, бірақ болуы міндетті емес, биологиялық жетілмегендікпен тәуелді күйімен сипатталатын кезең. Адамдардың өз жасын сезінуінде тарихи және мәдени ерекшеліктері болады, ал оның кезендік және маңызды категорияларға бөлінуі жасты әлеуметтік құру деп аталады. 13 пен 18 аралығындағы жас «жасөспірімдік шақ» деп аталады. Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Денесі өседі, бұлшықеттері дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай түседі. Кеудемен тынысалу түрі айқын білінеді және т. б. Ұлдардың дауысы жуандайды, көмекейі айқын байкалады. Зат алмасу қарқындығы артып, қозғалыс әрекеттердің үйлесімділігі жетіледі. Барлық физиологиялық үдерістер жедел жүреді. Ересектік кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады. Жүрек-қантамырлар ауруларының қауіптілігі арта түседі. Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді. Әлеу/у процесінің 2 түрі бар: кері және қайта. Кері әл/у ескі құндылықтарды нормаларды рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту. Қайта ескі құндылықтардығ орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін үйрену. Адамның әртүрлі топтарға қатысты жағдайын талдау үшін әлеуметтануда әлеуметтік мәртебе мен әлеуметтік рөл мәртебелері қолданылады. Әлеуметтік мәртебе деп- адамның топтағы н/е қоғамдағы ұстанымын, жағдайын айтады. Әлеуметтік мәртебені 2-ге бөлеміз: белгіленген мәртебе ж/е қол жеткен мәртебе. Белгіленген мәртебе этникалық шығу тегі, туған жері, отбасы, жынысы мен жасы сияқты факторлармен байланысты. Қол жеткен мәртебе адамның өзінің күш жұмсауымен анықталады.
58.Адамдардың экономикадағы әрекетін әлеуметтану тұрғысынан түсіндіру «Экономикалық адам үлгісінің» түсіндірмелі мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады. Оны бейнелеудің төмендегідей төрт алғышартын бөлуге болады: адам тәуелсіз, адам өзімшіл, адам ұтымды, адам хабардар. Алғышарттарына жеке-жеке талдау жасаңыз және «Әлеуметтік адам» үлгісімен салыстырмалы сипаттама беріңіз.Өндірістің жаңа құралдары өз кезегінде еңбекті жаңартады.Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар ұғымдар пайдаланылады: «экономикалық адам», «адам ресурстары», «адам капиталы», «кәсіпкер», «жұмыс күші», «өндірістің жеке факторы», «еңбек ресурстары» т.с.с.Экономикалық адам бұл таңдау бостандығы бар,жеке мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды шешім қабылдайтын,нарықтық экономиканың басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адам бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналады. Ол тек қана байлықты жасап қоймай, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтап, оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді. Сонымен, адам капиталы экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектілері ретінде танылады және негізделеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылардың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі таратушысы ретінде көптеген қасиеттер мен сапаларға ие, яғни алуан түрлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономикалық адам», «өндірістегі жеке фактор», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтамалардың тұтастай арсеналын пайдаланады. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Әлеуметтік адам-бұл топтың адамдары бүкіл қоғамдық тәртіпке бағынады.Оларды жеке жеке қарастырмаймызғяғни оларға белгілі бір шекаралар қойылмайды.Жеке адамда бір сипаты ғана басымдылық танытады.
59.Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз.Әлеуметтік қақтығыс индивид немесе индивидтер тобының өз мақсаттарына жетуде басқа индивидті немесе индивидтер тобын өзіне бағындару немесе жою арқылы жетідегі процесс. Қақтығыс теориясында ерекше орынды Карл Маркстың жұмыстары ерекше орын алады. Ол тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіруді ұсынуы әлеумеьтік қарым қатынастарды жаңаша көзқарасмпен түсінкуге мүмкңіндңк берді. Маркстін пікірінше адамдар санасы мен еркіне тәуелді емес блоатын өзара қарым қатынасқа түседі деген.Парсонс қақтығысты аномалия деп сипаттады, және оны өткере алу керек деген. Дарендорф өзінің жанжал теориясында ол жанжалды қақтығыстар жүйесі деп есептеп, одан құтылу мүмкін емес, оған таң қалудың да қажеті жоқ, ол адамдардың қажеттілігі деген. Негізінен, қақтығыс қаншалықты теріс деп қабылдасақ та, ол Козер сияқты жанжалдың ашық және жабық типтерінің бар екенідігн ескере отырып, оны қоғамдық түсіністік пен тыныщтықты бұзатын құбылыс ретінде қарасақ, екніші жағынан, оның позитивті немесе конструктивті жағын да ескере отырумызға болады лдеп есептеймін.Боулдинг пікірінше, қақтығыс адам өмірнен ажыратылмас құбылыс, оның негізгі тұсінігін бәсекелестік деген ұғым арқылы сипаттауға болады деген. Қазіргі таңдағы қақтығыстар 2010 жылдың 11 желтоқсан күні Ресей астанасы Мәскеу қаласының қақ ортасында дәл Кремльдің түбінде орыстың шовинистік күштері мен құқық қорғау органдары арасындағы бұрын-соңды болмаған қақтығыстар орын алды. Орыс ұлтшылдарының бас көтеруіне себеп - осыған дейін «Спартак» футбол клубының жанкүйерлері мен кавказдықтардың арасында болған төбелесте Егор Свиридов деген жігіттің өлімі. Қақтығыстардың нәтижесі бойынша екі астанада полиция жүзге жуық «тентектер мен бұзақыларды» тұтқындады. Полициядан қашқан орыс жастары көше-көшедегі орыс еместердің барлығын соққыға жығып, ойына келгендерін істеді. Қанды қырғын Мәскеу метросында да жалғасты дейді көзбен көргендер.Міне, қатығыстар кейде шығын, адам өмірін қиюмен а-ды
60.Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз. экономиканың негізгі әлеуметтік түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Осы арқылы эконмиканың ең түпкі мақсаты адамдардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне қалай жетуге болатындығын көрсету.Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті.Ел мен оның өңiрлерiнiң жаңа ұстанымдану мiндеттерiне жауап беретiн, бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiк құруды қамтамасыз ететiн, ел дамуының геосаяси және гэоэкономикалық факторларын ескеретiн экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды тиiмдi кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру.Әлемдiк және өңiрлiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң орнын айқындау, экономикалық, табиғи, еңбек әлеуетiн талдау және бағалау, сондай-ақ таратып орналастыру жүйесi негiзiнде елдiң аумақтық кеңiстiгiн қалыптастырудың осьтiк ұстанымына көшудi жүзеге асыру көзделiп отыр, оның қаңқалық негiзi қазiр бар және қалыптастыру көзделiп отырған, сыртқы нарықтарға шығу мен елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикаға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникация дәлiзi, ал аса маңызды тораптары - өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген көшбасшы iрi қалалар болады. Солтүстiк, Оңтүстiк, Орталық аумақтық дамудың стратегиялық осьтерi :қалыптасқан, сол сияқты қалыптастырылып жатқан өңiрлiк және өңiрге қарасты құрылатын аумақтық-шаруашылық жүйелердi, сондай-ақ оқшауланған экономикалық тораптар мен олардың арасындағы аумақтарды байланыстырады, бұл жергiлiктi осьаралық желiлердi қалыптастырумен қатар елдiң iшкi экономикалық кеңiстiгiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етедi;ортақ еуразиялық экономикалық кеңiстiк қалыптастыру аясында елдiң геоэкономикалық жағдайынан түсетiн қосымша пайданы қамтамасыз ете отырып, трансеуразиялық сауда-экономикалық, көлiк-коммуникациялық дәлiздер бағытында қалыптастырылады.Солтүстiк даму oci Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық шаруашылық жүйелерiне шығумен Өскемен - Семей - Павлодар - Астана - Қостанай (Көкшетау, Петропавл) - Ақтөбе - Орал бағытында және Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңiрлерiне осьтiң бүкiл периметрi бойынша қалыптасады.Осы елдiң солтүстiгi мен батысындағы "астық белдеуi" деп аталатын өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Ресей Федерациясымен, еуропалық, таяушығыстық және шығыс-азиялық (Орталық ось арқылы) экономикалық кеңiстiкке негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Солтүстiк-қазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн құрад.Оське кiретiн аумақтардың қазiр бар экономикалық әлеуетiн нығайтумен қатар, Қостанай - Ақтөбе ocькe қарасты дәлiздiң әлеуетiн, сондай-ақ Каспий аумақтық шаруашылық жүйесiне (Атырау, Ақтау) шығуды ұйымдастыруды нығайту мен өсiру перспективалы мiндет болып табылады.
Оңтүстiк даму oci бүкiл периметр бойынша ортаазиялық мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiне шығумен Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) - Талдықорған - Алматы - Тараз - Шымкент - Қызылорда - Атырау, Ақтау бағытында қалыптасады.