Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
БТ
Тесты к ЕНТ 2013 по истории Казахстана на казахском языке
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. XV ғасырда қазақ жерін мекен еткен тілі, салт-дәстүрі ортақ тайпалардың этникалық, саяси-тарихи бірігуі негізінде: A) Түрлі діни ағымдар пайда болды B) Моғолстан мемлекеті құрылды C) Бөкей ордасы құрылды D) Қазақ хандығы құрылды E) Ішкі феодалдық тартыстар өрши түсті |
2. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы болған қалалар: A) Отырар, Сайрам B) Ташкент, Баласағұн C) Сығанақ, Түркістан D) Қызыл тура, Орда базар E) Тараз, Мерке |
3. 1643 жылғы Жәңгір ханның басшылығымен қазақтар жоңғарларды жеңген шайқас: A) Айғыржар шайқасы B) Ойрантөбе шайқасы C) Орбұлақ шайқасы D) Аңырақай шайқасы E) Қалмаққырылған шайқасы |
4. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қайғы-қасірет әсерінен туған ән: A) «Елім менің» B) «Заман-ай» C) «Қайран дүние» D) «Елім-ай» E) «Туған жер» |
5. 1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы: A) Ұзынағаш B) Жетісу C) Есік D) Үргеніш E) Алматы |
6. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар саны: A) 800-ге жуық B) 900-га жуық C) 500-ге жуық D) 600-ге жуық E) 700-ге жуық |
7. «Алтын қорған» деген атау алған Шығыс Қазақстан жеріндегі қорған: A) Шілікті қорғаны B) Есік қорғаны C) Берел қорғаны D) Бесшатыр қорғаны E) Аралтөбе қорғаны |
8. VII ғасырдың басында Монғолияның солтүстік-батысын мекендеген түрік тайпасы: A) Қимақ B) Қарлұқ C) Түргеш D) Қарахан E) Қыпшақ |
9. XIV ғасырдың 90-жылдары Едіге Ноғай Ордасының беделін көтеріп, шекарасын ұлғайту мақсатында соғысты: A) Әмір Темірмен B) Тоқтамыспен C) Өзбекпен D) Шайбан Әбілқайырмен E) Тоғылық Темірмен |
10. 1734 ж. Ресейде құрылған «Қырғыз-қайсақ» экспедициясының мақсаттарының бірі: A) Ұлы жібек жолын қалпына келтіру B) Қиыр Шығысты игеру C) Жоңғар хандығына жорық жасау D) Орта Азияның картасын жасау E) Кіші жүз жеріндегі табиғи ресурстарды зерттеу |
11. XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтерілістің нәтижесі: A) Салық мөлшеріне шек қойылды B) Есет Орынборда патша билігін мойындады C) Патша өкіметі көтерілісшілердің талабын орындауға уәде берді D) Жазалаушы топтар талқандалды E) Патша өкіметінің отарлауын кешеуілдетті |
12. 1865 жылы құрылған «Дала комиссиясын» басқарған: A) С.Гросс B) Б.Шварц C) Э.Сташинский D) Ф.Гирс E) Л.Мурашкин |
13. 1812 жылы Отан соғысында ерлігімен «Георгий» орденінің кавалері атанған қазақ: A) Майлыбайұлы B) Н.Жанжігітұлы C) Б.Шуашбайұлы D) Ы.Әубәкірұлы E) Е.Азаматұлы |
14. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер сотының мәліметтерін жинап құнды зерттеу жүргізген поляк азаттық қозғалысының өкілі: A) Г.Михаэлис B) С.Гросс C) Т.Шевченко D) К.Миллер E) П.Рычков |
15. 1905-1907 орыс революциясы жылдары қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен Семей облысындағы уезд: A) Перовск B) Қарқаралы C) Әулиеата D) Шымкент E) Жаркент |
16. Алашорданың уақытша орналасқан жері: A) Орал B) Семей C) Қостанай D) Верный E) Орынбор |
17. Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді: A) 1946 ж. B) 1938 ж. C) 1933 ж. D) 1942 ж. E) 1937 ж. |
18. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы: A) Ядролық физика B) Медицина C) Ғарышты игеру D) Кибернетика E) Есептеу техникалары |
19. КОКП басшылары Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына берген бағасы: A) «кәсіпшілдік қақтығысы» B) «демократиялық бастаулар» C) «ұлт-азаттық қозғалыс» D) «діни сипаттағы қозғалыс» E) «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» |
20. Арал төңірегіндегі неолиттік тұраќтың бірі: A) Тоќсанбай B) Сексеуіл C) Ќараќұдыќ D) Темір E) Ќарғалы |
21. VIII ғасырда Қарлұқ, Қимақ қағанаттары дәуірінде кең тараған, киіз үйге ұқсас діни құрылыс жүйесі: A) Керуен сарайлар B) Дың ескерткіштері C) Сардобалар D) Жер асты кесенелері E) Балбал тастар |
22. XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі: A) «Қобыланды батыр» B) «Ер Тарғын» C) «Жошы ханның жортуы» D) «Ақсақ құлан» E) «Жоямерген» |
23. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: A) Екі жүз мыңға B) Екі миллионға жуық C) Жарты миллионға жуық D) Бір миллион E) Сегіз жүз мыңдай адамға |
24. Индустрияландыру жылдары Қазақстанға жұмысшылар, инженерлер мен техниктерді әкелді: A) Шет елдерден B) Әзірбайжан, Армениядан C) Өзбекстан, Қырғызстаннан D) РКФСР мен Украинадан E) Түркіменстан, Тәжікстаннан |
25. КОКП XX съезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер: A) Ә.Марғұлан, М.Айтхожин, А.Байтұрсынов B) С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин C) М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов D) Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, М.Шаханов E) М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Әбішев |
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. XV ғасырда болашақ Қазақ хандығының құрылуына алғышарт осы хандықтың ішкі-сыртқы жағдайына байланысты қалыптасты: A) Әбілқайыр хандығының B) Ноғай Ордасының C) Сібір хандығының D) Алтын Орданың E) Ақ Орданың |
2. XVI ғасырда Моғолстанмен, Сібір хандығымен, Ноғай Ордасымен және Шайбан әулетімен әскери-саяси қатынасқа түсіп, Қазақ хандығының аумағын кеңейтті: A) Хақназар хан B) Бұрындық хан C) Шығай хан D) Есім хан E) Мамаш хан |
3. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайридің шығармасы: A) «Диуани-лұғат ат-түрк» B) «Бадап әл-уәкәй» C) «Диуан-и хикмет» D) «Жылнамалар жинағы» E) «Тарих-и Рашиди» |
4. 1734 жылы Қазақ жерінде ұйымдастырылған экспедиция: A) «Петербург-Түркістан» B) «Қырғыз-қайсақ» C) «Алтай» D) «Тұран» E) «Шыңжаң» |
5. 19-43 жас аралығындағы еңбекке жарамды барлық ер адамдарды қара жұмысқа алу туралы жарлық шықты: A) 1916 жылы 25 шілдеде B) 1916 жылы 25 маусымда C) 1916 жылы 25 мамырда D) 1916 жылы 25 тамызда E) 1916 жылы 25 сәуірде |
6. Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры Халық Қаһарманы: A) Төлеген Тоқтаров B) Асқар Мұхамедияров C) Бауыржан Момышұлы D) Рамазан Амангелдиев E) Мәлік Ғабдуллин |
7. Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы: A) Жүйрік атты турлар B) Азиялық скифтер C) Еркін адамдар D) Құдіретті еркектер E) Көшпелілер |
8. Х ғасырдың орта кезінде батысы Жетісудан, шығысы Қашқарға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекет: A) Қимақ B) Оғыз C) Қарақытай D) Қарлұқ E) Қарахан |
9. Ақ Орда мен Моғолстан одағы бағытталды: A) Жоңғарларға қарсы B) Алтын Орда хандарына қарсы C) Қытайға қарсы D) Ноғай Ордасына қарсы E) Темір мемлекетіне қарсы |
10. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің ерекшелігі: A) Көтеріліске орыстардың ғана қатысуы B) Он төрт жылға созылуы C) Башқұрт, татар, қазақтардың қатысуы D) Бүкіл қазақ жерін қамтуы E) Қоқан хандығына қарсы бағытталуы |
11. Игельстромның жоспары бойынша шекаралық сотқа беру көзделді: A) Ұлы жүздегі әкімшілік билікті B) Орта жүздегі әкімшілік билікті C) Кіші жүздегі әкімшілік билікті D) Дала мен Түркістан өлкесіндегі билікті E) Бөкей Ордасындағы әкімшілік билікті |
12. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Семей облысының құрамына кірген уез: A) Жаркент B) Көкшетау C) Тоқмақ D) Шымкент E) Павлодар |
13. Ұйғыр халқының музыка өнері, биі жөнінде жазған ғалым саяхатшы: A) М.Красовский B) Л.Гумилев C) П.Семенов-Тяньшанский D) В.Радлов E) Н.Пржевальский |
14. ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым: A) П.Величко B) Г.Карелин C) Н.Северцев D) С.Семенов E) М.Лаппа |
15. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы: A) 8-9 сағат B) 9-11 сағат C) 10-12 сағат D) 12-14 сағат E) 14-16 сағат |
16. 1917 жылы шілде айында Орынборда болған Жалпықазақ съезінде Алаш партиясы қойған талап: A) Интернационалдық билік орнату B) Қазақтардың ұлттық автономия алуы C) Социалистік революция өткізуге дайындық D) Монархиялық билікті қалпына келтіру E) Ресейдің құрамына толығымен кіру |
17. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик: A) Н.Курнаков B) В.Перовский C) Г.Батенков D) М.Сперанский E) И.Губкин |
18. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильм: A) «Абылай хан» B) «Көшпенділер» C) «Амангелді» D) «Сталинге хат» E) «Қыз Жібек» |
19. 1991 жылы 7 қыркүйекте болған Қазақстан Компартиясының төтенше съезінде қабылданған шешім: A) Партияның атауын өзгерту B) Қазақстан компартиясын тарату C) Қазақстан компартиясын ұлғайту D) Партияға жастарды көбірек тарту E) Қазақстан компартиясының жаңа басшысын сайлау |
20. Неолит дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі тұрағы: A) Пеньки B) Шабақты C) Зеленая Балка D) Бөріқазған E) Усть-Нарым |
21. Сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран, Византиямен байланыс орнатуға ұмтылған түрік қағаны: A) Үшлік B) Білге C) Иштеми D) Сұлу E) Мұқан |
22. Қ.А.Йасауи ғимаратының қасында орналасқан Әмір Темір ұрпағына арнап салынған кесене: A) Айша Бибі кесенесі B) Әбу Саид кесенесі C) Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі D) Ұлықбек кесенесі E) Гаухар Шахназ кесенесі |
23. Ресей үкіметі Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алды: A) 1862 жылы B) 1866 жылы C) 1864 жылы D) 1868 жылы E) 1870 жылы |
24. Қазақ АКСР-і тұсында болған мәдени саладағы ірі оқиға: A) Кәсіподақтардың I конференциясы өтті B) «Абай жолы» эпопеясы жарық көрді C) «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді D) Ғылым Академиясы құрылды E) Қызылорда қазақ театры ұйымдастырылды |
25. Қазақ КСР Ғылым академиясының 1946-1949 жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін жасаған ұсыныстар мен зерттеулер саны: A) 500-ге жуық B) 900-ден астам C) 700-ден астам D) 1200-ге жуык E) 600-ге жуык |
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. XV ғасырдағы Сыр бойындағы қалалар үшін болған шайқас нәтижесінде Қазақ хандығының құрамына кірген қала: A) Сығанақ B) Бозкент C) Ташкент D) Сайрам E) Отырар |
2. XVI ғасырда қазақ жерінің басым бөлігін өзіне қаратқан қазақ ханы: A) Бұрындық B) Қасым C) Тахир D) Шығай E) Бұйдаш |
3. ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ ғ. басында Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттеген хан: A) Қасым хан B) Абылай хан C) Есім хан D) Тәуке хан E) Хақназар хан |
4. XVIII ғ. аса танымал қазақ билеушісі: A) Абылай B) Қасым C) Жәңгір D) Есім E) Тәуекел |
5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Жетісудағы қозғалыс басшыларының бірі: A) Н.Қияшев B) Б.Әшекеев C) К.Көкімбайұлы D) Ә.Жанбосынов E) А.Иманов |
6. Ұлы Отан соғысында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған: A) Б.Момышұлы B) М.Ғабдуллин C) Л.Беда D) Қ.Қайсенов E) И.Карпов |
7. Сақтар туралы дерек қалдырған рим тарихшысы: A) Помпей Трог B) Арриан C) Полиэн D) Геродот E) Тит Ливий |
8. Дамыған орта ғасырда Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған тайпа: A) Қарақытайлар B) Керейіттер C) Қарлұқтар D) Қимақтар E) Қарахандар |
9. Батыс Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы қараған Шыңғысханның баласы: A) Үгедей B) Жошы C) Шағатай D) Төле E) Батый |
10. XVIII ғасырдың 20-жылдары Жоңғар мемлекеті бейбіт келісімге келген мемлекет: A) Осман империясы B) Ресей империясы C) Хиуа хандығы D) Бұхар хандығы E) Цинь империясы |
11. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан: A) Шерғазы B) Нұралы C) Ералы D) Айшуақ E) Есім |
12. «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша Қазақстанда құрылған әкімшілік жүйесі: A) Үш буынды B) Алты буынды C) Төрт буынды D) Бес буынды E) Екі буынды |
13. Ұйғырлардың Жетісу өлкесі мен Қырғыз жеріне қоныстануы созылған жылдар: A) 1881-1883 жж. B) 1881-1886 жж. C) 1881-1884 жж. D) 1881-1887 жж. E) 1881-1885 жж. |
14. Әйгілі «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасын таратқан эпик ақын: A) Сүйінбай ақын B) Шортанбай ақын C) Шернияз ақын D) Шөже ақын E) Дулат ақын |
15. 1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым: A) «Азат қырғыздар» B) «Жас жұмысшылар одағы» C) «Большевиктер одағы» D) «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» E) «Қызыл коммунарлар» |
16. Азамат соғысы кезеңінде қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе: A) Жаңа экономикалық саясат B) Әскери коммунизм C) Әскери диктатура D) Демократия E) Индустрияландыру |
17. ХХ ғ. 20 ж. түсті металлургияның негізгі ауданы: A) Қарғалы B) Ембі C) Кенді Алтай D) Қарағанды E) Екібастұз |
18. 1960 жылдардың ІІ жартысында салынған электр станциясы: A) Жамбыл B) Өскемен C) Алматы D) Ақтау E) Қапшағай |
19. Қазақ КСР-нің өмір сүрген уақыты: A) 1920-1991 жж. B) 1925-1991 жж. C) 1977-1991 жж. D) 1978-1991 жж. E) 1936-1991 жж. |
20. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі: A) Екі жерлеу орындарының болуы B) Адам мен жылқы қатар жерленген C) Жылқы сүйектерінің көп кездесуі D) Еркек пен әйел қатар жерленген E) Жерлеу орындары құрылыстарының ірілігі |
21. М. Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегін жазды: A) X ғасырда B) XIII ғасырда C) IX ғасырда D) XII ғасырда E) XI ғасырда |
22. Қазақстанда Ислам діні VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағаны жөнінде өз пікірін жазған қазақтың тұңғыш ғалымы: A) Ж.Аймауытов B) А.Құнанбаев C) Ш.Құдайбердиев D) М.Дулатов E) Ш.Уәлиханов |
23. ХІХ ғасырдың ортасында болған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы көтерілістер бағытталды: A) Қоқан хандығына қарсы B) Қытай билеушісіне қарсы C) Иран шахына қарсы D) Қашғар хандығына қарсы E) Англия билігіне қарсы |
24. 1934 жылы Қазақ АКСР-ның мәдени өміріндегі елеулі оқиға: A) Қазақ КСР-і құрылды B) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды C) Тұңғыш педагогикалық институт ашылды D) КСРО Ғылым академиясы құрылды E) Қ.И.Сәтбаевқа мемлекеттік сыйлық берілді |
25. Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді: A) 1930 жылдары B) 1940 жылдар ішінде C) 1970 жылдары D) 1950 жылдар ішінде E) 1960 жылдары |
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. Қазақ хандығының құрылуы жайында мәліметтер кездесетін тарихи еңбек: A) «Кодекс куманикус» B) «Тарих-и Рашиди» C) «Ақиқат сыйы» D) «Оғызнама» E) «Түрік тілдерінің сөздігі» |
2. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан Ұлы жүз биі: A) Төле би B) Қазыбек би C) Әйтеке би D) Қарашор би E) Сасық би |
3. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: A) Сабалақ B) Сәмеке C) Дарабоз D) Уәли E) Әбілмәмбет |
4. Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: A) Қоқан ханына B) Ресей патшасына C) Бұқар ханына D) Цинь императорына E) Хиуа ханына |
5. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов Ұлы Отан соғысында атқарған қызметі: A) Ұшқыш B) Барлаушы C) Пулеметші D) Мерген E) Танкист |
6. 1950-ші жылдары Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған дарынды жазушы: A) Е.Бөкетов B) С.Асфендияров C) С.Мұқанов D) Ю.Домбровский E) Ә.Марғұлан |
7. Сақтардың негізгі шаруашылығы: A) Мал шаруашылығы B) Теселі егіншілік C) Металл өңдеу D) Шыны бұйымдар жасау E) Аң аулау |
8. Қимақ қағанатында шонжарларға берілген лауазымдар: A) «ябғу», «шад-түрік», «елтебер» B) «елтебер», «шад», «ілік хандар» C) «бектер», «тегіндер», «ябғу» D) «ябғу шад», «ұлы қаған», «кіші қаған» E) «елтебер», «кіші хандар», «шад» |
9. 1390 жылдардағы жорықтан кейін Темірге толық тәуелділікке түскен: A) Моғолстан B) Ақ Орда C) Мауараннахр D) Әбілхайыр хандығы E) Ноғай Ордасы |
10. Жанқожа бастаған көтерілістің болған уақыты: A) 1836-1838 жж. B) 1837-1847 жж. C) 1856-1857 жж. D) 1773-1793 жж. E) 1860-1870 жж. |
11. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша аға сұлтандарды сайлады: A) сұлтандар B) жатақтар C) әскери шенеуніктер D) шаруа бастықтары E) губернаторлар |
12. 1891 жылғы Ереже бойынша Жетісу облысы енгізілді: A) Орынбор генерал-губернаторлығына B) Түркістан генерал-губернаторлығына C) Астрахан генерал-губернаторлығына D) Дала генерал-губернаторлығына E) Шығыс Сібір генерал-губернаторлығына |
13. 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісіне қатысқан ақындар: A) Шөже, Сүйінбай B) Дулат, Шортанбай C) Мұрат, Біржан D) Махамбет, Шернияз E) Әсет, Базар жырау |
14. ХІХ ғасырда орыс географиялық қоғамының бөлімдері мен бөлімшелері ашылған қалалар: A) Жезқазған, Қарағанды, Өскемен B) Ақмола, Атбасар, Арқалық C) Орынбор, Омбы, Семей D) Қостанай, Көкшетау, Торғай E) Әулиеата, Шымкент, Ақмешіт |
15. XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы: A) Түркістан-Сібір шойын жолының салынуы B) Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы C) Нілді зауытының іске қосылуы D) Қарағанды көмірін өндіру E) Алматы-Қызылорда шойын жолының салынуы |
16. «Реквизицияланған жұмысшылар» 1917 жылдың шілдесінде Верныйда құрған ұйым: A) «Жас қазақ» B) «Жас арбакештер одағы» C) «Қара жұмысшылар одағы» D) «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» E) «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын» |
17. 1934 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін ұйымдастырған: A) Ә.Қашаубаев B) Н.Тілендиев C) А.Жұбанов D) Е.Рахмадиев E) А.Затаевич |
18. «Қан мен тер» романының авторы: A) М.Әуезов B) Ғ.Мүсірепов C) Қ.Мырзалиев D) Ә.Нүрпейісов E) Ғ.Мұстафин |
19. Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы: A) «Дара тұлға» B) «Дарабоз» C) «Қызыл жебе» D) «Көне түркілер» E) «Соңғы парыз» |
20. Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ қырғыштар табылған тұрақ: A) Семізбұғы B) Бөріқазған C) Арыстанды D) Атасу E) Шабақты |
21. Әл Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін жазды: A) X ғасырда B) XIII ғасырда C) IX ғасырда D) XII ғасырда E) XI ғасырда |
22. «Дешті уәлаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазылған Өтеміс қажының кітабы: A) «Оғызнама» B) «Мухаббатнама» C) «Кодекс куманикус» D) «Ислам діні» E) «Шыңғыснама» |
23. Абдаллах ханның Хақназарға сыйға берген жері: A) Тараз маңындағы қалалар B) Жетісудағы біраз қалалар C) Сарыарқадағы бірнеше қала D) Ташкент E) Түркістан аймағындағы бірнеше қала |
24. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған: A) Оспан Шоңов B) Нұрлан Қияшев C) Бекболат Әшекеев D) Тұрар Рысқұлов E) Сәкен Сейфуллин |
25. 1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа сайланған мұнайшы: A) Т.Күзембаев B) А.Ақыжанов C) Л.Березняк D) С.Зұрбаев E) И.Логвиенко |