У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Халы~~а емдеу профилактикалы~ ~ызметті ~йымдастыру

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.12.2024

Дәріс құрылымы

  Тақырыбы:  Халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру принциптері  

Мақсаты:Студенттерге  халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру жөнінде қажетті білім беру.

Дәріс жоспары:

1.Халыққа емдеу-профилактикалық көмекті                                                                                                      ұйымдасыру

2. Денсаулық сақтау жүйесінің салалық  құрылымы   

3. Алғашқы медициналық –әлеуметтік көмекті ұйымдастыру

4. Жалпы тәжірбие дәрігерін енгізудегі негізгі міндеттер

5. Біріккен емхана

6. Халықтың әр түрлі топтарына амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдастыру.

        Дәріс тезистері (5 беттен кем емес )

       Суреттік материал

       Әдебиет :

1. Кровцов А.С «Қоғамдық денсаулық сақтау» оқулығы  2. Меняев В.А « Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық  сақтау»

    Бақылау сұрақтары: ( кері байланыс )

      Тақырыбы: «Қала  тұрғындарына  медициналық  көмекті  ұйымдастыру».

Дәріс мақсаты: Қала  және  ауыл тұрғындарына  медициналық  көмек   көрсетудің  оны  ұйымдастырудың   басқа формалары  мен  түрлерімен  салыстырғандағы  ерекшеліктерін  көрсету , отбасы  дәрігері   мен  олардың  артықшылықтарымен   кемшіліктерін  көрсету .

        Дәріс жоспар:

1. Халыққа  емдеу – профилактикалық   көмекті  қйымдастыру  .

  1.1. Денсаулық  сақтау  жүйесінің   сапалық  құрылымы  .

  1.2. Алғашқы медициналық  - әлеуметтік  көмекті  ұйымдастыру.

  1.3. Жалпы тәжірбие дәрігерін енгізудегі  негізгі міндеттер .

  1.4. Біріккен  емхана  .

  1.5. Халықтың әр түрлі   топтарына  амбулаторлық –емханалық  көмекті  ұйымдастыру .

-  Емхана

-  Амбулатория

- Қалалық  емхананың  негізгі  бөлімдерінің  шамамен  құрылымы.

      

 Амбулаторлық – емханалық  көмектің  ерекшеліктері  мен  ұйымдастыру  принциптері :

            - Дәрігерлік  терапевтік  аймақ .

            - Аймақтық  дәрігер .

            - Жалпы  тәжірибе  дәрігері  .

            - Диспансерлік  әдіс .

           -  Үй  жағдайындағы  медициналық  көмек  .

           -  Медициналық  статистика  кабинеттері .

2.  Станционарлық  медициналық   көмекті  ұйымдастыру  .

                                           2.1. Қалалық  аурухана  

                                           2.2. Бвс  дәрігер  

                                           2.3. Жұмыс  көрсеткіштері  

3. Ауыл  тұрғындарына  емдеу  -  профилактикалық   көмекті  ұйымдастыру .

                                          3.1. Ерекшеліктері  

                                             3.2. Ауылдың  денсаулық  сақтаудың  сатылылығы .

 Әдебиеттер :    

Негізгі әдебиет  :  

    1.  Бигалиева Р.К., Исмаилов Ш.М. социальная медицина и управление здравоохранением: Учебник (на государственном языке).- Алматы, 2001.- 371с.

   2.   Руководство к практическим занятиям по социальной медицине и организации здравоохранения/ под редакцией Лисицына Ю.П. и Копыта Н.Я.-М., 1984.-400 с.

   3.  Социальная гигиена и организация здравоохранения / под. ред. Ю.П.Лисицына. М., 1992г.

   4.   Социальная гигиена и организация здравоохранения / под редакцией Серенко А.Ф. и Ермакова В.В.- М., 1984-639 с.

   Қосымша әдебиеттер :

    1. Актуальные проблемы социальной медицины и управления здравоохранением: Сборник избранных лекций. – Алматы, 1994.- 175с.

    2.Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. -М., 2002.-416 с.

    3.Девятко В.Н., Аканов А.А. Здоровье народа и здравоохранение Казахстана в переходный период: опыт, уроки, проблемы. Алматы, 1999-140 с.

   4.Аканов А.А., Девятко Н.В., Кульжанов М.К. Здравоохранение мира: состояние,  перспективы, развитие.- Алматы.- 1995-168 с.

   5.Руководство по социальной гигиене и организации здравоохранения / под. ред. Ю.П.Лисицына. В 2-х томах. М., 1987.

   1.Халыққа емдеу – профилактикалық  көмекті ұйымдастыру :

        1.1. Денсаулық  сақтау  жүйесінің  салалық  құрылымы .

   Денсаулық  сақтау  - емдеу  - профилактикалық , эпижемияға қарсы  , реабилитациялық   медициналық  шаралар  , мемлекеттік  және муниципалды  меншік  жүйесі  ретінде  сапалық  құрылымға  , жүйе элементтері -  құрылым  әрекеттерінің  үйлесімділігіне ие . Ол  мынандай  салаларды  қамтиды :

Емдеу – профилактикалық  ( амбулаторлық – емханалық  ауруханалар ,диспансерлер т.б)

Диспансерлікті қорғау ,әйелдер мен  балаларға  медициналық  көмек .

Санитарлық эпидемияға  қарсы .

Медициналық фармацевтикалық  өнеркәсіп , дәріханалар .

Медициналық  білім мен ғылым  - жоғарғы және орташа медицина және ғылыми – зерттеу мекемелері .

Санаториялық курорттық  іс .

Патологоанатомиялық , сот медициналық және сот –психологиялық  сараптамалар .

Міндетті  медициналық  сақтандыру .

    Аталған  ұйымдар  ( мекеме түрлері ) мемлекеттік және аймақтық, жергілікті органдар мен    мекемелер  есебінен  көрсетілетін  медициналық  көмекті  ұйымдастыру  жүйесінің  негізін  құрайды .Бұл  жүйеге  одан  әрі  кеңейіп  және  нығайып  келе  жатқан  жеке  медициналық  мекемелер  жүйесі  мен  қоғамдық  ұйымдар  мекемесі , қорлар , діни конфессиялар  қосылады. Олар бірігіп , бірғана мемлекеттік , бюджеттік жүйе орнына  келіп , қоғамдық  денсаулық  сақтау  жүйесін  құрайды.

      1.2. Алғашқы медициналық – әлеуметтік  көмекті  ұйымдастыру.

  АМӘК – алғашқы  медициналық – әлеуметтік көмек  және  оған  тиісті  мекемелер – бұл денсаулық  сақтау  мекемелері  мен  халық арасындағы  біріншілік байланысу  аймағы . Мұнда кіреді:

Амбулаторлық -  емханалық  мекемелер

Әйелдер  консультациясы

Санитарлық – эпидемиологиялық  станциялар

Жедел жәрдем мекемелері  

Перзентхана мекемелері

      Дүниежүзілік Денсаулық  Сақтау Ұйымы (ДДҰ) « 2000 жылға барлығына  Денсаулық » стратегиясын шығарды , денсаулық әр адамға  әлеуметтік  және  экономикалық  жағынан  продуктивті , салауатты өмір  салтын  жүргізуге  мүмкіндік  береді .Бұл  стратегияны  жүзеге асыру  АМӘК  және  оған  қатысты  мекемелер  арқылы  өтеді .

    1978 ж. Алматыда  АМӘК  концепциясы  жасалған  және  соған  сәйкес  Алматы  декларациясы  қабылданған  халықаралық  ірі  конференцмя  өтті. Ең көп  алғашқы  медициналық  әлеуметтік  көмек  көрсетілетін мекемелер – амбулаторлық – емханалық  мекемелер  болып  табылады , мұнда  АМӘК -  ті аймақтық, отбасылық , жалпы тәжірбиелік  дәрігерлер , ал  фельдшерлік  және  фельдшерлік – акушерлік  пункттарда  орта  медициналық  қызметкерлер  жүзеге  асырады .

     АМӘК  жүйесі  тек  емдеу  ғана  емес , профилактикалық  жұмытан  барлық  сатыдағы  тіркелген  халыққа  медициналық  көмекті ұйымдастыруды  қамтамасыз  ету  керек . Қазіргі уақытта  біздің  мемлекетімізде  бірінші  дәрежелік  көңіл   АМӘК – амбулаторлы – емханалық  мекемелерге  бөлінеді , мұнда  80-90 % -ға дейін  келіп кетулер  тіркелген . 90 ж. басынан бастап  мекеме құрамының  құрылымдық  өзгерістері  болып , қысқартулар  есебінен  Отбасылық  дәрігерлік  амбуториялар  пайда  болды(СВА).

       АМӘК  дамуында  көптеген  мәселелер  туындады. Ең алдымен   мекемелердің  материалдық-техникалық  жағдайына  байланысты  мәселелер , медициналық  кадрлар  даярлау  деңгейі , медициналық  көмек  көрсету  сапасы. Мәселелері .Аймақтық дәрігерге  артылған  үміт ақталғанда , оған  қарағанда  жалпы  тәжірбие  дәрәгерә  перспективті  болып  саналады .

      1.3. Жалпы  тәжірбие  дәрігерін  негізудің  негізгі  міндеттері :   

Медициналық  қызметкерлердің  денсаулық сақтау  жүйесі мен  халық  арасындағы  біріншілік  байланысу  аймаында  АМӘК - ті көрсете отырып  қолданатын  кеңейтілген  әдістер негізінде  халықты  сапалы  медициналық  көмекпен  қамтамасыз ету :

профилактиканы жүргізуді  әрбір  дәрігердің  жұмысыны  жатқызу.

            1.4. Біріккен  емхана .

     Қалада ұйымдық құрылымдардың  ең  тиімдісі  - біріккен  емхана  болып  табылады , ол бір уақытта ересектер  мен  балаларға  медицинлық  көмек  көрсетеді . Емхана жұмысы ұйымдастырудың  бригадалық  формасы  негізінде  теориялық  аймақтық  принцип  бойынша  жүргізіледі .

            Жалпы тәжірбие дәрігеріне  1,5-2 мың  адамнан келеді . Жалпы тәжірбие дәрігерінің  негізгі  міндетті - әрбір отбасымен  сенімді  қарым -  қатынас  құру , әр  науқасқа  оның  ауруын  дұрыс  түсіндіре  білу , науқасты  дер  кезінде  қажет  арнайы  маманға  бағыттау  мен  емдеу . Мұндай  қарым - қатынаста ең  бастысы  сенімділік  қажет . Барлық  отбасы  мүшелерін  динамикалық  бақылау , алдын алу  шараларын  жүргізу - аурудың  созылмалы  түрінің  пайда  болуын  төмендетеді , тұқымқуалайтын  аурулар  мен  жасырын  формада  өтетін  ауруларда  ерте  анықтауды  арттырады . Мысалы , Ресейде  жүргізілген  сауалнама  бойынша , респонденттердің  94 -97 % -ы  отбасының  барлық  мүшелерінің  бір дәрәгерге  қаралуын  жақтады , олапрдың ойынша отбасылық дәрігер  жұмысымен  салыстырғанда  тиімді.

           Артықшылықтары :  Жалпы көтерілуі , әр  дәрігердің  өз  бетімен  жұмыс  істеуі , әр  түрлі  ауруларды  емдеу  мүмкіндігі лабороторлық - диагностикалық  зерттеу  мүмкңндңктерін  кеңейту, материалдық - техникалық  жабдықталуды  жаңарту  қажет.

          Белгілі бір  жағдайларда  қазіргі  денсаулық  сақтау  жүйесіне  кең  профилдегі  отбасы дәрігерін  кірістіру  антуалды болып  табылады.  Бірақ  олардың  дайындығын  жетілдіру  қажет , жалпы  тәжірбие  дәрігерінің  арнайы  дайындығын  жүргңзу  қажет. Жалпы  тәжірбие , отбасы  дәрігерін  қорғайтын  нормативтік - құқықтық  құру  қажет .

           1.5. Халықтың  әр түрлі  топтарына  амбулаторлық - емханалық  көмекті  ұйымдастыру .

           Амбулаторлық емханалық  көмек - халыққа медициналық көмек  көрсетуде бірінші дәрежелі  орын  алады , амбулаторлық  емханалық  мекемелер  АМӘК - ті  ұйымдастыруда  алдыңғы звено болып  табылады .

            Мекеме түрлері : амбулаторлық - емханалық  көмек  амбулаториялар  мен  емханаларда  көрсетіледі .Бір  қала  тұрғынына  орта есеппен  9-10 рет дәрігерге келіп  кетуде  тіркелген . Медициалық  көмеккке  келген  тұрғындардың  80% -ы  өзінің  емін емханаларда  қабылдайды.

            Амбулаторлық - емханалық  мекемелер :

            Бұл мекемелердің  ішінде  алдыңғы орынды  амбулаториялар  мен  емханалар  алады . Емхана  - келіп кететін және жағдайындағы  науқастарға  медициналық  көмек  көрсетілетін , емдеу  -жағдайындағы  науқастарға медициналық  көмек  көрсетілетін ,емдеу - профилактикалық  шаралар  комплексі  жүзеге асырылатын  жоғары  дамыған  арнайыланған  емдеу - профилактикалық  мекеме, қала  тұрғындарына  көмек  көрсетілетін  негізгі  амбулаторлық  - емханалық  мекеме - емхана болып  табылады , егер ол  өндіріс  орындарының , құрылыс  қйымдарының , транспорт  мекемелерінің  қызметкерлеріне  арналса, онда ол  медико - санитарлық  бөлім  болып  есептеледі.

              Амбулатория - емханадан  мамандану  деңгейі мен  қызмет  көлемі  бойынша  ажыратылады . Мұнда  негізгі  аздаған  мамардықтар  бойынша  қабылдау  өтеді : терапевт , хирург , акушер  гинеколог, педиатр .

             Емханаларды  номенклаурасы  бойынша  жұмысының  ұйымдастырылуы  бойынша  станционармен  біріккен  және  бірікпеген  деп  бөлінеді.

территориясы  бойынша : қалалық, аудандық

Профиль бойынша :жалпы және   тек  ересектерді немесе  тек  балаларды  қабылдайтын  емханалар.

Емханалар денсаулық сақтау  министрлігі бұйрығымен әрекет етеді.

Қалалық емхананың негізгі бөлімшелерінің құрылымы;

Қалалық емхананың негізгі бөлімшелерінің құрылымына мыналар жатады:

   -Емхана басқармасы;

   -Анықтама столы бар тіркеу орны;

   -Емдеу профилактикалық кабинеттер; терапевтік, хирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық, отоларингологиялық, неврологиялық және физиотерапиялық.

   -Реабилитация кабинеттері мен ЛФК емдеу физикалық сауықтыру, кардиологиялық, ревматологиялық, эндокринологиялық, инфекциялық аурулар кабинеті, әйелдер консультациясы.

  -Дәрігерлік және фельдшерлік пунктер, диспансерлер, жедел жәрдем станциялары және т.б.

   -Қосымша диагностикалық бөлімдер; рентген кабинеті, лаборатория, функционалды диагностика кабинеті, эндоскопиялық кабинет, мед статистика кабинеті, әкімшілік шаруашылық бөлімі және т.б.

Бұл негізгі бөлімдер басқарма шешімі бойынша емханаларда ақылы мед көмек көрсететін денсаулық орталықтары, дәстүрлі емес емдеу әдістерінің бөлімдері ұйымдастырыла алады. Бұл мекеменің қаржылық жағдайына байланысты.

Амбулаториялық емханалық көмектің ерекшеліктері мен ұйымдастыру принцптері;

   -Аймақтық принцп;

   -Жалпы қолжетімділік;

   -Профилактикалық бағыттылық;

   -Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер жұмысы;

Халыққа амбулаториялық емханалық көмекті қалалық емханалар аймақтық территориялды принцп бойынша ұйымдастырады. Құрылыс, транспорт мекемелеріне және өндіріс орындарына тіркелген жұмысшыларға цехтік принцп бойынша жүзеге асырылады. Бұл аймақтың әрқайсысына дәрігерлер мен медбикелер тіркеледі. Терапевттер, педиатрлар, акушер гинекологтар, фтизиаторлар және басқа да мамандар өз жұмысын аймақтық принцптер бойынша жүзеге асырылады Қазіргі кезде территориялық аймақта ересектер-1700, цехте-1600 адам.

Халықтың денсаулық сақтау жүйесі мекемесі мен дәрігерді заң бойынша таңдау кеңінен тарала алмады, себебі біздің дәрігерлерде атқаратын жұмыс үшін материялдық қызығушылық жоқ.

Амбулаториялық емханалық көмек ерекшеліктері дәрігер жұмысының келесі факторларын анықтайды:

    

-Күн сайын келетін науқастың белгісіздігі:

   -Дәрігердің уақытының шектеулілігі:

   -Дәрігердің ауруды ерте диагностикалай білуі:

   -Стационармен салыстырғандағы емханадағы ауруларлың ауысып отыруы;

    -Басқа мамандармен консультацияның қажеттілігі;

    -Амбулаториялық емханалық жағдайда науқаста емдеу ерекшелігі;

Амбулаториялық емханалық көмектің негізгі түрі аймақтық принцп бойынша жүзеге асырамыз;

Дәрігерлік терапевтік аймақ тек клиницист емес, халыққа АМӘК ті ұйымдастырушы өз қызметін дұрыс атқару үшін әлеуметтік гигиена мен клиникалық медицина жөнінде хабардар болуы тиіс.

«Аймақтық емханадағы дәрігер терапевт туралы» заңнама бойынша аймақтық терапевт қамтамасыз етуі қажет.

     -Халыққа емханада және үй жағдайында дер кезінде квалификациялық терапевттік көмек көрсету;

     -Уланған, жарақаттанған және жедел жағдайдағы науқастарға мекен жайына қарамастан жедел медициналық көмек көрсету;

     -Жоспарланған госпитализациялау кезінде науқастарды алдын ала тексерістен өткізіп дер кезінде ауруханаға жатқызу;

    -Өз жұмысында профилактика, емдеу диагностикалауда ең жаңа әдістерді қолдану медикаментоздық заттар, диетатерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, физиотерапия және т.б.

   -Уақытша еңбекке жарамсыздық экспертизасын бар құжатқа сәйкестендіру;

   -Аймақ халықының дегельментациясы профилактикалық егуді жүргізу және ұйымдастыру;

   -Инфекциялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу, тағамдық және кәсіби уланулар жөнінде қауіп туғызатын инфекциялық науқастар жөнінде терапевтік бөлім меңгерушісін хабардар ету;

   -Өзінің квалификациясының және медбикенің медициналық білім деңгейін жүйелік жоғарлату;

   -Зиянды әдеттерге қарсы күрес пен санитарлық ағарту жұмыстарын белсед және жүйелі түрде үлгеру;

Аймақтық дәрігер терапевтің жұмысы график бойынша жүзеге асырылады, онда үй жағдайындағы және амбулаториялық науқастарды қабылдау профилактика және басқа да жұмыстардың уақыты тіркелген.

Квалификациясын жоғарлату мақсатында аймақтық  дәрігерлердің  жетілдіру  институттарына  бағыттайды, жоғарғы медициналық  оқу  орнында специалзациясына жібереді, 5жылда бір реттен кем емес .

Амбулаториялық емханалық көмектің маңызды  ерекшелігі емхана дәрігерінің  емдеу  және профилактикалық  жұмыстарды  жүргізу  мүмкіндігі болып  табылады. Амбулаториялық емханалық мекеме дәрігерлері  профилактикалық  жұмыс  жүргізу  кезінде  диспанерлік  әдісті қолданады. Бұл әдісті қолданудағы мақсат  ауруларды  ерте  анықтау, науқастарды  тіркеу және  комплексті  емдеу,  аурудың  таралуын  болдырмау , салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру.

Диспансеризацияны  жүргізу емханың  емдеу  профилактикалық  бөлімдеріндегі  дәрігерлердің  жұмысының  міндетті  бөлігі  болып  табылады. Қазіргі  уақытта  диспансеризация  денсаулық  сақтау  мекемелерінің  ведмостволық  жүйесінде  немесе  азаматтардың  өзінің  ақшасына, немесе келісім  шарт  бойынша  жүзеге  асырылады.

Аймақтық  дәрігер  мамандардың  қорытындысын  қолдана  отырып  аймақтағы науқастарды  емдеудің  жоспарын  құрастыру. Сонымен, аймақтық  дәрігер  терапевт  жұмысында  келесі  қызметтерді  бөлеміз:

     -Емдеу;

     -Профилактикалық ;

     -Эпидемияға  қарсы ;

     -Санитарлық  ағарту;

     -Тіркеу  құжаттамасын  жүргізу ;

     -Емдеудің  негізгі элементтері :

    -Үй  жағдайында және  емханада терапевттік  көмек , кейбір  терапевттің  науқастарды госпитализациялау;

    -Еңбекке  жарамдылық  эспертизасы, профилактикалық қарау, диспансеризация;

    -Инфекциялық ауруларды  анықтау;

    -Профилактикалық  егу  мен  дегельминтация;

Профилактикалық: профилактикалық қарау, диспансеризация.

Эпидемияға  қарсы: -инфекциялық  ауруларды  анықтау,

                                  -профилактикалық  егу  мен  дегельминтация

Реабилитациялық: денсаулықты,  еңбекке  қабілеттілікті барлық  шаралармен қалпына  келтіру.

Әрбір  денсаулық  сақтау  мекемесінде  мед персонал саны және дәрігерлік, орта  және кіші мед персонал  арасындағы  рационал  қатынас  уақыт жіне  жұмыс  көлеміне  байланысты қалыптасады.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау мекемелерінде уақыт нормаларының сапалық есеп көрсеткіштерін кеңінен қолданады, бірақ мекме басқарушысының хронометраждық бақылауы мен орташа шығындарын анықтау негізінде өзінің жергілікті көрсеткішін шығару құқығы бар. Уақыт нормалары жүктеме нормасын есептеу тек база ретінде қызмет етеді.

Денсаулық сақтау мекемесінің басқарушысына өндірістік қажеттіліктен шыға отырып, жеке құрылымдық бөлімдерді күшейтуге және мемлекеттік нормативтерде қарастырылмаған жаңа қызмет орындарын енгізуге рұқсат беріледі. Мысалы, аймақтық терапевтке біріншілік қаралуға кететін уақыт 22мин, қайта қаралу 16мин, қарау қысқашасын 25ке тең, емханада емдеу диагностикалық қаралуға кететін орташа уақыт шығыны 17,7мин тең.(22х1+16х2,5)7,5.Жүктеме нормасы жұмыс амбулаторлық дәрігерлер үшін  3,4(60/ 17,7) дәрігерлік міндеттің жоспарлы функциясы бір жыл ішіндегі дәрігерге келу саны бойынша анықталады, шамамен 5600 болады.

Емхана дәрігері аптасына 5 күн жұмыс істейді. Күн сайын жұмыс уақытының 0,5 сағаты емдеу диагностикалық және профилактикалық жұмыспен байланысты емес жұмыстарға жұмсалады (конференция, жиналыс т.б.) дәрігер міндеттерінің құрылымын емхананың басқармасы бекітеді.

Амбулаторлы емхананың мекемелеріндегі кіші және орта мед персонал саны дәрігерлік персонал санына байланысты анықталады.Қалалық емханаларда 1: 2,2: 0,7; 25мың халық саны бар. Ауылдық жерлердегі амбулаторлық емханалық мекемелерде-1: (3,5-5): (1,5-2).

Соңғы уақытта қызметкерледі жұмысқа алудың контрактты жүйесі қолданады жалақы квалификациялық катигорияны ескере отырып тариф бойынша беріледі. Бақылау «сапаның менеджменттік жүйесі » критерииіне сай жүргізіледі. Қызметкерлер графигін басқарма бекітеді және халықты олардың жұмыс кестесімен таныстырып, кіреберісте іліп қояды.

Емхананың кейбір құрылымдық бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері:

Тіркеу орны емхананың құрылымдық бөлімі мұнда дәрігерлерге қаралу үшін науқастар жазылады. Регистратурада орта білімі бар қызметкерлер жұмыс істей алады,ал регистратураның  меңгерушісі болып орта медициналық білімі бар адамдар қызмет ете алады.

Регистратура орталықтандырыған болуы мүмкін, яғни мекеме үшін ортақ және орталықтандырылмаған, яғни бірнеше регистратуралардың болуы мүмкін. Сонымен қатар науқастар дәрігерлерге өздері жазыла алады. Ол үшін арнайы столдарда кез келген дәрігерге, әр түрлі күнде және уақытта қабылдау талоны жатады. Науқас өзіне қажет дәрігерді өзіне қолайлы уақытта таңдап, өзінің амбулаторлық картасымен бірге қабылдауға келеді.

Регистраторлардың біреуі анықтама бюросы функциясын атқарады. Дәрігердің науқастың қандай аурулармен ауыратындығымен танысу үшін оның диагнозын амбулаторлық картасының алғашқы беттерінде жазылады. Регистратураның қасында емханаға қарайтын сол аймаққа кіретін көшелердің аттары жазылған стенд ілінеді және дәрігерлердің кабинеті мен этаж номері, жұмыс істеу кестесі жазылады.

Жалпы тәжірибе дәрігерінің АМӘК ті көрсетудегі негізгі міндетті:

Халықты санитарлық ағарту, тәрбелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, аурудың алдын алу;

Жасырын формадағы және ерте стадиядағы аурулурды анықтау және алдын алу;

Денсаулық жағдайын динамикалық бақылау;

Жедел аурулар кезінде жедел көмек беру;

Науқатарды дер кезінде госпитализациялау жәнеконсультация жүргізу;

Емдеу және қалыпына келтіру шараларын жүзеге асыру;

«ауру парағын беру тәртібі жөнінде» заңнамасына сай науқастарың уақытша еңбекке қабілетсіздік экспертизасын жүргізеді;

Әлеуметтік қорғау органдры мен біріге отырып медициналық әлеуметтік көмекті ұйымдастыру;

Отбасына  консультациялық көмек мына сұрақтар бойынша:

Имуннопрофилактика; балаларды тәрбиелеу, емізу, мектепке дейінгі мекемелерге дайындау;

Отбасын жоспарлау;

Үй жағдайындағы медициналық көмек емхана қызметінің негізгі түрлерінің бірі, дәрігерлік көмек тәулік бойы 9 дан 19.00 дейін аймақтық дәрігер, ал басқа уақытта жедел аурулар кезінде жедел жәрдем арқылы көрсетіледі. Дәрігерді үйге шақырған кезде науқастың жағдайы бағаланған соң кезекші дәрігер бірден келеді.  Шақыру кезіндегі мәлеметтер журналға тіркеледі. Одан кейінгі дәрігерді науқасқа оның шақыруынсыз өз ұйғаруымен келуі активті деп аталады. Егер науқасты госпитаизациялау қажет болса, науқас стационарға жіберіледі.

Егер госпитализация қажет болмаса  дәрігер науқасты үй жағдайында  күтеді бұл үй  жағдайындағы станционар. Бұл мақсат  үшін қызыл крест  қоғамына  мүшелері , белсенділері, медбикелер  қатыстырылады. Стационар мен біріккен  емханаларда  асханалар  ұйымдастырылуы мүмкін.

Амблаторлық  емханалық  мекемелерде  емделіп  жатқан  науқастар және үйде  жатқан  науқастарға ақысыз  дәрі алу үшін  рецепттер  беріледі. Мұндай  науқасар  тобын  арнайы  бұйрық  бойынша  анықтайды. Науқастарға  үй  жағдайында  медициналық  көмек  көрсету  үшін емхана  арнайы  дәрілермен ,құралдармен  жабдықталған сөмкемен  дәрігерді  қамтамасыз  етеді. Мұндай  сөмкелермен  медбикелерде  жабдықталады. Олар емдік  процедуралар  көрсетіген  науқастарға  және  диспансерлік  бақылау мақсатында  науқас  үйіне  барады. Бөлім  меңгерушісі терапевттік  бөлімде  9, хирургиялық  бөлімде 8 қызметкер  орындары  болған  жағдайда  бекітіледі. Қызмет орнының санын  аз  болса, мамандардың  біреуі  бұл  функцияны  атқарады.Бөлім  меңгерушісінің  функциясы: дәрігерлермен бірігіп емдеу  профилактикалық жұмыстың  жоспарын  құрастыру; емдеу  диагностикалық процессті  ұйымдастыруды  басқару  және  бақылау, уақытша  еңбекке  қабілетсіздердің экспертизациясы және т.б. Бөлім  меңгерушісі медициналық  құжаттармен  танысады, науқастарға  көмек  көрсетілген  медициналық  көмекің  сапасын  бағалайды. Бөқлім  меңгерушісінің  маңызды  функциясы мед  персоналдың  квалификациясын жоғарлату, конференциялар  өткізу, диагностиканың  жаңа  әдістерін  және  әр  түрлі  емдеу  процедураларының  техникасын  үйрету сабақтарын  өткізу.

Емханаларда оперативті  тіркеу  құжаттары  жүргізіледі, оның  негізгі  формалары:

Науқастың  амбулаторлық  картасы ;

Қорытынды  диагнозды  тіркейтін  статистикалық  талон;

Инфекциялық  аурулар  тағамдық, кәсіби және  жедел  уланулар  мен  егу кезіндегі  қалыпсыз реакциялар  жөнінде  хабарлама;

Үйге  шақыруларды  тіркеу  кітабы;

Емхана ,диспансер, амбулатория, консультация  дәрігер  күнделігі, диспансерлік  бақылау  картасы;

Мақсаттық  медициналық  қаралуға тиіс адамдар тізімі ;

Еңбекке  қабілетсіздік  парағы;

Госпитализацияға  бағыттама  талоны;

Консультациялар  мен  қосымша  кабинеттерге  бағыттамалар;

Қайтыс  болу  туралы  дәрігерлік  куәлік;

Инфекциялық  ауруларды  тіркеу  журналы;

Құрамында  наркотикалық  заттар  бар  дәрілерді  алу  үшін  жазылатын  рецепт.

Емханаларда мед статистика кабинеттері ұйымдастырылуда, бұлар тікелей бас дәрігерге немесе емдеу ісі бойынша оның орынбасарына бағынады.

Қызметі:

Статистикалық тіркеуді ұйымдастыру;

Құжат жүргізудегі ережелердің ескерілуі мен ондағы мәліметтердің шынайылылығын қадағалау;

Осы жылдың тіркеу құжаттарын сақтауды рационалды ұйымдастыру;

Мед статистика кабинеті емхананың барлық құрылымдық бөлімдері мен дәрігерлермен тығыз байланысты жұмыс істейді;

Ең маңызды құжат жылдық статисикалық есеп, ол бекітілген уақытта құрылып, ҚР мемлекеттік статитстикалық комитнтіндегі денсаулық сақтау басқармасына жібеіледі;

№ 30 формада берілген мәліметер бойынша емхана қызметін мына көрсеткіштермен сипаттауға болады:

Халықтың аурушаңдылығы;

Дәрігердің жүктемесі, аймақтылық;
Мед қараудан өткізілген халық;

Диспансерлік қараумен дер кезінде қамтылған;
Диспансеризацияның тиімділігі;

Диспансеризацияның тиімділігініңкөрсеткіштері;

Дспансерлік бақылауға себеп болған науқас ауруының асқынуыбар немесе жоқтығы;

Уақытша еңбекке қабілетсіздіктің көрсеткіштерінің төмендеуі немесе артуы;

Диспансерлік тіркеуде тұрған науқастар арасында мүгедектікке шығу көрсеткіші;

Денсаулық жағдайының өзгеруі.

2.Стационарлық медициналық көмекті ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде ауруханалардың төсек орындары мен қамтылуы төмендеуі. Денсаулық сақтау жүйесінің кризисі барлық емдеу мекемелерін қамтыды, ол төсектердің көп бөлігінің санитарлық нормалар мен талаптарына сай еместігінен, оның материалдық техникалық базасының емдеу диагностикалық процессті жүргізуге мүмкіндік бермейтіндігінен көрінеді.

Төсектердң қажеттілігі соңғы жылдары төмендеуде, науқастардың 30-50% госпитальдық емдеуді қажет етпейді, олар зерттеуден өтіп өз емдерн ауруханаға дейінгі сатыда қабылдай алады. Материалдық техникалық және қаржылық ресурстардң 70% стацинардың мед көмектің дамуына жұмсалады.

Емханлық көмек көрсетудің қазіргі жүйесі мед көмектің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін, қымбат тұратын жаңа технологиялар мен специализацияны дамыту негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Денсаулық сақтауда реформалау қазіргі таңда стационарлық мед көмекті жйі қолдануға бағытталған.

Халықаралық стандарт бойынша аурухананың оптималды көлемі 600-800төсек, ал минимальді көлемі 300-400 төсек болып есептеледі.

Қалалық аурухна қазіргі медициналық ғылым мен техникалық жетістіктермен негізделген халыққа квалификациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін емдік профилактикалық мекеме.

Қалалық аурухана көрсетілетін мед көмек түрі мен жұмысты ұйымдастыру жүйесі бойынша болуы мүмкін: бағыты бойынша:

Көп профильді немесе арнайыланған;

Ұйымдастыру жүйесі бойынша: емханамен біріккен және бірікпеген;

Қызмет көлемі бойынша: әр түрлі категорияда;

Қалалық аурухананың негізгі міндеттері:

Халыққа жоғары квалификацияланған емдеу профилактикалық көмек көрсету;

Өндіріс орындарының қызметкерлерін мед көмекпен қамтамасыз ету;

Халыққа қызмет көрсету тәжірибесіне профилактиканың, диагностикалық және емдеудің жаңа әдістерін кірістіру;

Халыққа мед көмек көрсету әдістері мен ұйымдастыру формаларын жетілдіру және дамыту;

Халықтың жалпы аурушаңдылығның себептерін анықтау, кең таралған аурулардың алдын алу үшін сауықтыру шараларын жүргізу;

Халықты санитарлық гигиеналық тәрбелеу;

Халыққа емдеу профилактикалық қызмет көрсету шараларын жүргізуге қоғамды кірістіру, бұл үшін ауруханада қоғамдық кеңес ұйымдастырылған;  

Емдеу мекемелерінің ішінде көп профильді немесе жалпы стационарлар маңызды орын алады. Арнайыланған стационарлар мысалы, кардиоревматологиялық, дерматовенерологиялық, офтальмолгиялық және т.б. әдетте үлкен қалаларда орналасады. Жалпы стационарлар сияқты  арнайыланған стационарлар мед ЖООның клиникалық базалары бола алады. Бұл іс жүзінде денсаулық сақтаудың негізгі принцптерінің бірі ғылым мен тәжірибе байланысын жүзеге асырады.

Мемлекетте ғылыми, ұйымдастыру әдістемелік, емдеу диагностикалық бірлестіктер маңызды клиникалық мамандықтар бойынша арнайыланған медициналық көмек орталықтары құрылған. Олар ауруларды емдеу диагностикалау және алдын алудың жаңа тиімді әдістерін іздеумен, арнйыланған мед көмекті ұйымдастырумен, жоғары квалификацияланған кадрларды дайындумен айналысады.

Біріккен ауруханаларды бас дрігер басқарады, ол барлық емдеу профилактикалық әкімшілік шаруашылық және қаржылық жұмыстарға жауап береді. Оның медициналық емханалықжәне әкімшілік шаруашылық жағынан орынбасары бар. Бас дәрігер науқастарды зерттеу емдеу оларға дипансерлік көмек көрсету, оларды күтудің дұрыстығын бақылап, ұйымдастырады, материалдар мен дәрігерлердің шығындарын бақылайды, аурухананың санитарлық жағдайына жауап береді.

Бас дәрігердің орынбасары аурухананың мед өызметінің сапасына, емдеу профилактикалық, санитарлық эпидемияға қарсы жұмыстарғажауап береді.

Стационар бойынша негізгі статистикалық есеп формалары: Ауру тарих, аурудың стационарлық мед картасы.

Ауруды және төсек орындарды тіркеу парағы;

Стационардан шығу картасы;

Бұл және басқа да статистикалық есеп формалары жылдық есепті құруда қолданады. Стационар қызметіне сараптама жасау үшін келесі көрсеткіштер қажет.

Төсек орындардың жалы саны: төсек айналымы;

Науқастың стационарда өткізген уақыты: леталдылық;

Клиникалық және патологиялық анатомиялық диагноздардың келіспеуі;

Стационар қызметіне әсер еетін келесі факторларды бөлуге болады:

Аурухана типі мен профильі; науқастар құрамы; зерттеудің дер кезінде жүргізілуі; емдеу сапасы; мед персоналдың квалификациясы.

Емханалық көмектің сапасы.

Көрсеткіштердің сараптамасы салыстырмалы түрде өтеді;

Аталған аурухананы былтырғы мәліметтермен салыстыру;

Басқа ауруханалармен салыстыру;

Республикалық мәліметтермен салыстыру.

Диспансерлер:

Диспансерлік әдіс денсаулық жағдайын динамикалық бақылау, ауруды ерте стадиясында анықтау, комплекстік емдеу және тіркеуге алу, сауықтыру шараларын жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптасыру.

Диспансеризация элементтері:

Науқастарды патологиялық процесстерді алғашқы стадиясында анықтау;

Толық клиникалық зерттеу;

Науқастардың денсаулық жағдайын динамикалық зерттеу;

Емдеу сауықтыру шаралар комплексін, амбулаторлық емдеуді госпитализацияны, санаториялы курорттық емдеуді, жұмыспен қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

Еңбек жағдайымен мақсатымен танысу, қоршаған ортаның зиянды факторларынжою шараларын ұйымдастыру мен адам өміріне қолайлы жағдай туғызу.

Тіркеу құжаттары:

Науқастың амбулаторлық картасы;

Диспансерлік бақылау картасы;

Тері венерологиялық диспансер және жеке тері аурулары мен ауыратын науқастар, және саңырауқұлақ ауруымен ауыратын науқастарға диспансерлік бақылауды ұйымдастыру.

Кардиологиялық

Туберкулездік

Онкологиялық

Медициналық санитарлық бөлім «МСБ»

Өнеркәсіп, өндіріс және құрылыс орындарында мед көмек көрсету халыққа емдеу профилактикалық мекемелерді ұйымдастырудың маңызды принцптерінің бірі.

МСБның негізгі міндеті мен функциялары:

Жалпы және кәсіби аурушаңдылықты, жарақаттарды төмендету мақсатында өзі қарайтын контингентіне арнайыланған квалификациялық көмек көрсету.

Әкімшілікпен  бірігіп, қызмет ететіндердің денсаулығын жақсарту шараларын жүргізу;

Қызмет етушілердің денсаулық жағдайының еңбек жағдайына сәйкестігін бақылау;

Бас дәрігер→ цехтік аймақ→цехтік дәрігер

Цехтік дәрігердің жұмысының элементтері:

Аймақта қызмет ететін жұмысшылардың еңбек жағдайын, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау;

МСБ стационары мен емханасында науқастарды қабылдау, емдеу;

Цехтегі маманданған жұмыс;

Жарақаттылықтың алдын алу және төмендету;

Кәсіптік қарау мен диспанасеризация;

Уақытша еңбекке қабілетсіздердің аурушаңдылығын сараптау;

Сауықтыру және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру;

Ай сайын цехік дәрігер жоғарыда айтылған бөлімдер бойынша жұмыс жоспарын құрастырады.

Цехтік дәрігер сауықтыру шараларының біріңғай кешенді жоспарын құруға қатысады. Бұл жоспарды құрудың мақсаты өзгерістегі еңбек жағдайын жақсарту, мед көмек пен жұмысшылардың денсаулығын жақсарту, жарақаттылық пен аурушаңдылықты төмендету.

Өндіріс әкімшілігі ауықыру шараларының біріңғай кешенді жоспарын бір жолға құрастырып оны төрт бөлімге бөледі:

Санитарлық техникалық шаралар

Санитарлық гигиеналық шаралар

Емдеу профилактикалық шаралар

Ұйымдастыру шаралары.

 

       

      

  

           

            

             

 




1. Городец
2. практического направления
3. реферату- Поняття влади
4. на тему Разработка АС в защищенном исполнении Выполнил- Студент группы КОБ09 Кырнаев А
5. Промышленная политика Нижегородской области
6. е гг нашего столетия в США в связи с появлением и широким распространением социального заказа на проведение
7. записка. Крупный План
8. Управленческие решения в гостиничном бизнесе
9. Реферат- Впровадження інтегрованих уроків у навчання іноземної мови учнів початкової школи
10. Любовный многоугольник именно многоугольник Дело в том что человек как правило одновременно любит мн
11. Основи теорії і практики маркетингу
12. Тема уроку Загальні відомості про рівняння
13. Прикосновенность к преступлению понятие виды
14. Subject or im. This pttern is- the preliminry pge; the introduction; the body of the report; the conclusion recommendtions or min findings; cknowledgements; ppe.html
15. Новый стиль в трагедиях Сенеки их отношение к греческим оригиналам.
16. ВЛАДИМИРСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени Александра Григорьевича и Николая Григорьевича Столетов
17. Теоретичні відомості Модуляція з ефективним використанням смуги частот Основним завданням спе
18. первых обеспечить должнику защиту от кредиторов требования которых он не в состоянии удовлетворить; вовто
19. распочкования предмета философии и концепции предметного самоопределения философии где речь идет толь
20. ВАРИАНТ 1 Оглавление б Особенности невербального общения.