Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1 Экономикалық теория пәні, даму кезеңдері (мектептері)
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.
Меркантелизм. Ең алғаш экономикалық ілім XVI-XVII ғасырларда меркантелизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар-ақша қатынастарында болды.
Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.
Физиократизм (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. ХІХ ғасырдың ІІ жартысының басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.
б) Маржинализм (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрас). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Л.Вальрас математикалық мектептің негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.
Кейнсиандық мектеп ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.
Институционализм ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.
2. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Жалпы әдістер |
Жеке әдістер |
Эксперимент, гипотеза және т.б. |
Экономика математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функционалдық және тағы басқа да әдістер. |
3. Экономикалық теорияның функциялары.
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
4. Нормативті ж»не позитивті экономика
Экономиканы талдауда нормативті және позитивті әдістер қолданылады. Позитивті немесе дискриптивті экономика объективті немесе ғылыми экономика қызметін іздейді. Ол қазіргі уақытта бар немесе болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, егер мемлекет бір тауарға салықты өсірсе, тауар бағасы өседі.
Нормативті экономика субъективті негізделген жеке бағалау әсерін ұсынады. Ол болашақта болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру керек дейді. Бір сөзбен айтқанда, «керек» немесе «істеу керек» деген сөздер кездесетін болса, онда бұл нормативті экономика болады.
5.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.). Экономикалық заңдылықтар бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:
Экономикалық ресурстар экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет, ақпарат.
1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:
Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.
Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.
3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:
Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:
4.Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекшк түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.
1) Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек.
2) Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.
3) Жаңашылдыққа ұмтыла білуі керек.
4) Тәуекелшіл болуы тиіс.
Материалдық өндіріс |
Материалдық емес өндіріс |
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. |
Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары. |
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
Өндіріс материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Ұдайы өндірістің типтері
жай өндіріс
ұлғаймалы өндіріс
Сурет 2.1. Ұдайы өндірістің типтері
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
Меншік ол зат емес, меншік заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
Меншік ол зат емес, меншік заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы. Меншік субъектісі (жалдамалы жұмыс күші, акция иелері), меншік объектісі өндіріс құралы.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.
Жеке меншіктің дамуы XIX ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.
Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.
Жекешелендірудің тәсілдері
Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. |
Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды) |
Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу. |
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге
болады.
Экономикалық жүйе бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Оған әсер ететін факторларды үш құрылымға топтастыруға болады:
1) шаруашылық құрылым;
Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әртүрлі сипатта болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Егер елде мемлекеттік сипат күшейсе онда ұлттандыру процесінің нәтижесі деуге болады. Керісінше жеке шаруашылық дамитын болса онда жекешелендіру процесінің жүргендігі.
Қазіргі заманғы әлем әрқайсысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Қоғамның тарихи даму процесін жіктеу критерийлері біркелкі емес:
1. Формациялық көзқарас Маркстік теорияға тән. Ол үш типін бөліп қарастырады. Алғашқы құрылыс алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шеңберінде қала отырып, нарықтың көмегінсіз өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген қауым. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген елдерге тән болғанмен ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді.
Екінші ірі формацияны Маркс жеке меншікке негізделген деп атады. Үшіншісі жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Формациялық әдіске тән экономикалық жүйелер бес өндіріс әдістерінен көрінеді: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік. Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді.
ІІ. Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын тарих ретінде зерттеуді ұсынады. Өркениет сөзі латынның "civilis" - азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық). Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды. Қазіргі төңкеріс ғылыми-техникалық болып табылады. Кейбір экономистер 7 өркениетті бөліп қарастырады: неолиттік (тас ғасыры)-30-35 ғасырлық; шығыстық-құл иеленушілік (қола ғасыры)-20-23ғасырлық; антикалық 12-13 ғасырлық (темір ғасыры); ерте феодалдық-7 ғасырға созылған; бастапқы индустриалдық 4-5 ғасырлық; индустриалдық 2-3 ғасыр; кейінгі идустриалдық немесе ақпараттық қоғам.
ІІІ. Қоғамның индустриалдық даму деңгейінің критерийлерін қолданатын басқа жіктеуге сәйкес үш экономикалық жүйелер бөліп қарастырылады: индустриалдық, кейінгі индустриалдық және жаңа индустриалдық. Соңғысын немесе ақпараттық қоғам деп те атайды.
IV. Өндіріс құралдарына меншік формасы мен шаруашылық қызметін басқару әдісі. Бұл екі белгінің негізінде әкімшіл нарықтық және аралас экономика деп бөліну жүреді.
Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Экономикалық теорияның басты проблемасы адамзаттың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану мәселесін зерттеу болып табылады. Қай қоғамның да негізгі экономикалық проблемалары: не өндіру керек?, қалай өндіру керек?, кім үшін өндіру керек? Экономикалық ресурстар сирек және шектеулі. Нақтылы өнім шығару үшін қандай да болмасын қорды пайдаланған кезде ол қорларды басқа бір тәсілмен игерудің мүмкіндігі жойылады.
Экономикалық мәселелерді шешу үшін әрбір қоғам әртүрлі құрылымдар мен механизмдерді пайдалана алады.
Дәстүрлі экономикалық жүйе әдет-ғұрыпқа, дәстүрлерге негізделеді. Өндіріс процесі, айырбас, бөлу және тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-ғұрыпқа сүйенеді. Бұл жүйе мемлекеттілікке дейінгі алғашқы қауым кезеңіне ұқсас келеді. Қазіргі уақытта ол амазондық үнділерге, австралияның тұрғындарына, африка тайпаларына тән.
Дәстүрлі экономиканың өзіндік ерекшеліктері мынадай:
Әкімшіл-әміршіл жүйе мемлекеттік монополиялық меншіктің және оның монополиялық мемлекет өкіметі тудырған үстемдігімен сипатталынады. Бұл жүйеге басқарудың қатаң типтік иерархиясы тән. Дәлірек айтсақ жоспарлаушылар бұл жүйеде қандай тауарлар өндіріліп және қандай қызметтер көрсетілуі керектігін анықтап алады.
Әміршіл-әкімшіл жүйеге тән ерекшеліктер мыналар:
Бұл жүйеде өндірушінің еңбегі қоғамдық бағалауға бұрмаланып, жалған, субьективті бағалау түріне айналады. Нәтижесінде жүйенің тиімділігі кемиді. Бұл жүйе бұрыңғы КСРО және социалистік елдерде үстемдік еткен.
Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.
Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:
Аралас экономикалық жүйе. Аралас экономика идеясы ХІХ ғасырда әлеуметтік мәселені шешу қажеттігі туындап, мемлекеттің шаруашылық өмірге араласуы нәтижесінде пайда болған, яғни аралас экономика теорияларында ең алғаш рет экономика ілімінде мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі турасында ой-тұжырымдар айтылған. Ол мемлекеттік реттеу арқылы нарықты толықтыруға негізделінеді. Нарықтық механизм мынадай проблемаларды шеше алмайды: қоғамдық игіліктерді жасау, әлеуметтік мәселелер, экономикалық тұрақтылық, технологиялық қайта құрылу, қоршаған ортаны қорғау және т.б. Экономикалық мәселелер жеке өндірушілер деңгейінде нарық арқылы шешіледі. Қоғамдық сипаттағы мәселелер мемлекетпен шешіледі. Мемлекеттік реттеу дәрежесі әр елде әр басқа. Жоспарлы жүйені басқарудан бас тарту және өз бетімен саналы нарықтық экономикаға өту елімізде аралас экономикаға өтудің басты бағыты болып табылады.