Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Кеден ы~ына жалпы сипаттама

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 11.11.2024

  1.  Кеден құқығына жалпы сипаттама.Кеден саласы Қазақстан үшін мем/к егемендікті және тәуелсіздікті, оның экон/к қауіпсіздігін, сонымен қатар егеменді  мем/ң қызметіндегі қайтадан пайда болған ішкі саясат, экономика, қарғаныс және т.б. салаларын қамтамасыз етудің құралы ретінде болды. Кеден құқығының кешендік болуы Қаз/ның құқық саласын жаңа материалмен толықтыратын, ерекшелігі бар дербес сала ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Кеден құқығы өзінің пайда болу кезінен бастап сол кезеңнің заңдарына, Қаз/н үшін кеден саласындағы жаңалықтарға сәйкес кеден органдарының  атқаратын қызметтерінің күшіне орай дербестікке қмтылды.  Ю. А. Тихомиров сияқты бірқатар ғалымдар кедендік реттеуді әкімшілік құқық институты ретінде қарастырды. Кедендік реттеуді кодификацияланған заң қабылданғанға дейін әкімшілік құқықтың пәні арқылы қарастырсақ, онда ол әуел бастан ақ қазіргі кездегі кеден ісі тәрізді мем/к монополиялық қызмет аймағы болған деп айтуға болады. кеден құқығы заңмен айқындалған құқықтық реттеудің өзіндік мәселелеріне ие. Кеден құқығы пәніне К.К. Сандровский берген анықтама өзіне көңіл аудартады: « кеден құқығына сәйкес мем/тбекіткен режимге және жалпы кеден саясатын жүргізуге байланысты құқық салаларына тән тәсілдер, құралдар мен әдістерден тұрады. Кеден құқығына қолданылатын әдіс тәсілдер мен құралдарды автормен үш топқа бөлінген: 1)ерік беру;  2)тыйым салу;  3) міндет жүктеу.кеден құқығының жалпы сипаттамасына оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалармен және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді. Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, қағидаларын, әдістерін біріктіретін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды.

  1.  Кеден органының лауазымды тұлғасының құқықтық жағдайы. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

Кеден органдарының өзге лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалады және қызметінен босатылады. Кеден органдарының лауазымды адамдарына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметтік куәлік пен жеке нөмірлі мөр беріледі. Кеден органының лауазымды адамы кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан халқына адал болуға ант береді.Кеден органдарының лауазымды адамдарына ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылатын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшалай қаражатты, қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшін үстеме ақыны қамтиды.

Кеден органының лауазымды адамдары және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ зейнеткерлікке шыққан адамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады.

1. Кеден органдарындағы қызметті тоқтату үшін мынадай жағдайлардың бірі:

1) осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен кеден одағы лауазымды адамының жұмыстан босатылуы; 2) кеден органы лауазымды адамының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы; 3) кеден органы лауазымды адамының Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы; 4) кеден органы лауазымды адамының қайтыс болуы; 5) кеден органы лауазымды адамының мемлекеттік қызметте болуына байланысты міндеттерді және шектеулерді сақтамауы; 6) кеден органының лауазымды адамына қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы негіз болып табылады.

2. Кеден органдарының лауазымды адамдары: 1) денсаулық жағдайына байланысты;2) штаттың қысқартылуына байланысты; 3) өз қалауы бойынша; 4) аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген қызметке сәйкес еместігіне байланысты; 5) сынақ мерзімі ішінде кеден органдарындағы қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда; 6) кеден органының лауазымды адамы беделін түсіретін әрекет жасаған кезде; 7) кеден органының лауазымды адамы қызмет тәртібін үнемі бұзғаны үшін; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыстан босатылады. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.Кеден органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актілерді шығаруы салдарынан келтірілген зиян кеден органдарының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуіне жатады. Кеден органдарының лауазымды адамдары заңсыз шешімдері, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.

  1.  Кеден құқығының пәні мен тәсілдері.

Пәні - Кеден құқығының пайда болуына Казақстанның мемлекеттік қызметінде кеден саласынын, бөлінуі әсер етті. Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің кажеттілігі ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің калыптасуына алып келеді. Кеден құқығының дамуының алғашқы кезеңі оның пәнінің тар болуымен және қоғамдық қатынастарды кедендік реттеуімен сипатталынады. Кодификацияланған актінің қабылдануы құқықтық реттеуде кеден құқығы пәнінің жаңа мазмұнын қалыптастырады.Қазақстан Республикасындағы кеден ісі. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды. Кеден құқығына қолданылатын әдіс тәсілдер мен құралдарды үш топқа бөлінген: 1)ерік беру;  2)тыйым салу;  3) міндет жүктеу.кеден құқығының жалпы сипаттамасына оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалармен және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді. Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, қағидаларын, әдістерін біріктіретін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды.

  1.  Кеден органдарындағы қызмет және оның түрлері. Қ.Р.кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қ. Р.кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қ.Р. жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қ.Р. заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар. Қ. Р.кеден органдарының бірыңғай жүйесін: уәкілетті орган; уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері; кедендер; кеден бекеттері; Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері; мамандандырылған кеден мекемелері құрайды. Кеден органдарының:1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;2) ҚР КК көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;4) оның құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;5) Қ.Р.заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді және жасайды;6) ҚР КК және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін лицензиялау мен бақылауды жүзеге асырады;7) Қ. Р.заңнамасында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға шешімдер, рұқсаттар беру туралы шешім қабылдайды;8) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;9) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады; 10) ҚР КК белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтің қатысушыларын кеден ісі саласындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрақты негізде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.11) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді
  2.  Кеден ісі, оның өрісі, жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады.

Кеден ісі саласында тікелей басшылық жасауды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;2) осы Кодексте көзделген нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;5) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;6) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;7) кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;8) тауарлар мен көлік құралдарының кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;9) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы ақпараттандыруды, оның ішінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыруды тұрақты негізде қамтамасыз етеді;10) кедендік статистиканы жүргізеді;11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Кеден құқығында негізгі институттар мынадай түрге бөлінеді: мем/ң ішкі және сыртқы саясатының ққрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты және кеден аясындағы кедендік саясат пен міндеттерге жету мақсатының құралы ретінде кеден ісі.

  1.  Кеден құқығының қағидалары.

7-бап. Кеден органдары қызметінің принциптері

Кеден органдарының қызметі:

1) заңдылық;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

3) баршаның заң алдындағы теңдігі;

4) жариялылық принциптерінде құрылады.

Кеден саясатының қағидалары:

  1.  бірлік (саяси бірлік: ішкі және сыртқы)
  2.  жүйелік ( кеден ісінің 11 одақтан тұратын біріңғай жүйесі бар) 
  3.  адамгершілік
  4.  зандылық
  5.  субъектік теңдік
  6.  жауапкершілік
  7.  жалпыға міндеттілік
  8.  орталық мемлекеттік билік органдарымен реттеледі

1992 жылы ТМД мүше-мемлекеттері ортақ кедендік территорияны сақтап, Кедендік одақ құруға дайын екендіктерін жариялаған болатын. 1992 жылы 14 ақпанда Сауда-экономикалық  ынтымақтастық саласындағы өзара қатынастар туралы келісімшартқа, 1992 жылы 13 наурызда Кедендік саясаттың қағидалары жөніндегі келісімшарттарға қол қойды. Бұл келісімшарттар бойынша мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық кедергілерді жою, тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету және келісілген кедендік саясат жүргізу қарастырылған. Мемлекеттер ортақ кедендік территорияға кіретін және шығатын тауарлардың кедендік тарифтерін және ішкі салық өндіруді келісіп жасауға тиіс. Кедендік Одақ мемлекеттері территориясындағы тауарлар қозғалысына кедендік баж салықтары мен басқа да жинақтар салынбауы керек. Ортақ кедендік саясатты жүргізу үшін, кедендік қызметтердің өзара қатынасын координациялау үшін Кедендік кеңес құрылды.

  1.  Кеден саясаты, оның түсінігі және құрылмы. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады. Қазакстанның кеден саясаты қазақстандык нарыкты, отандық тұтынушылар мен өндірушілерді корғауға, экономика, экспорт жэнс импорттың орнын басатын өндірісті дамытуға, шетел инвсстиция-сын тартуға, сауда саясаты мэселелерін шешуге жэнс т.б. ыкпал ету-ге тиіс. Бұл міндеттср Қазакстанның егемендігі мен тэуелсіздігін, оның ұлттык кауіпсіздігін камтамасыз ету үшін кажет.Кеден саясаты кеден ісімен катар кедсн кұқығының пэнін құрайды. Мсмлекеттін ішкі жэне сыртқы саясатының кұрамдас бөлігі ретін-де оның экономикалық сииаттағы өзіндік занды түрде аныкталған максаты бар. Ке-дсн саясаты Қазакстан Республикасының кеден шскарасы аркылы өтетін тауарларға катысты ксден төлемдерінің бірыңғай, максатты жүйесін құрып, жүзеге асыратын мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалык кызметтегі бір саласы болып табылады.Қаржы тұрақтылығын камтамасыз ету, ішкі нарыкты реттеу жэнс оны импорттаушылардың әділетсіз бэсскелестігін корғау, ондіріске шетел инвесторларын тартып, ынталандыру, отандык тауар өндірушілерді ауыр салықтан босату, шикізатты елден шығаруды ретке келтіру, импорттын ыңғайлы құрылымын кұру, тауарлар экс-порты мсн қызмет көрсетуден келген валюта түсімдсрін камтамасыз сту, Қазакстан капиталының шығуына бақылау жасауды күшейту, кедсндегі алаяқтык пен контрабандаға жол бермеу - осьпіың бэрі біздің кедсн саясатының ретке келтіріліп, жүзеге асырылуына бай-ланысты.

  1.  Кеден құқығының пән. Кеден құқығының пәні мен тәсілдері

Пәні - Кеден құқығының пайда болуына Казақстанның мемлекеттік қызметінде кеден саласынын, бөлінуі әсер етті. Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің кажеттілігі ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің калыптасуына алып келеді. Кеден құқығының дамуының алғашқы кезеңі оның пәнінің тар болуымен және қоғамдық қатынастарды кедендік реттеуімен сипатталынады. Кодификацияланған актінің қабылдануы құқықтық реттеуде кеден құқығы пәнінің жаңа мазмұнын қалыптастырады.Қазақстан Республикасындағы кеден ісі. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды. Кеден құқығына қолданылатын әдіс тәсілдер мен құралдарды үш топқа бөлінген: 1)ерік беру;  2)тыйым салу;  3) міндет жүктеу.кеден құқығының жалпы сипаттамасына оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалармен және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді. Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, қағидаларын, әдістерін біріктіретін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды.

  1.  Кеден құқығының нормалары. Құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған мемлекеттік сәйкес заңдық ережелердің бір түрі.

Құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған мемлекеттік сәйкес заңдық ережелердің бір түрі.
Кедендік құқықтың ішкі құрлымы гипотеза, санкция және диспозициядан тұрады.
Гипотеза-нормативтік акт қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді.
Диспозиция-қатынастың мазмұны мен субъектілердің құықтары мен міндеттерін көрсетеді.
Санкция- диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары мен жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. 
Түрлері:

  1.  пәндік реттеу бойынша: материалдық және процесуалдық.
  2.  әрекет ету субъектілеріне ықпалл ету әдісі бойынша: міндеттеуші, тиым салушы, рұқсат беруші.
  3.  Кеңістіктегі әрекеті бойынша: жалпы қазақстандық, жергілікті, територияаралық, арнайы.
  4.  Уақыт бойынша әрекеті: мерзімді және мерзімсіз
  5.  Субъект бойынша: азаматтардың қызметі, кедендік органдар қызметі, заңды тұлғалар қызметі.

Кеден құкығы кешенді құқық саласы ретінде құқықтық институттардың бөлімдерінде (блоктарға) қамтылатын құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Осы институттар мен кұқықтық нормалардың мазмұнынан құқық саласының кешенділігі көрінеді. Кеден аясындағы қатынастар, кеден саясаты, кеден ісі, мемлекет бекіткен ережелер болып табылатын нормалар арқылы реттеледі. Кеден қатынастары әкімшілік құқығымен реттелетін әкімшілік-құқықтық қатынастармен өте ұқсас болып келеді. Бұл қатынастарда тараптардың құқыктары мен міндеттері мемлекеттің атқарушы және билік ету қызметімен байланысты болды.

Кеден құқығының негізгі институттарын қарамастан бұрын олардың мазмұнының кейбір бөліктеріне, сонымен бірге кеден құқығының кешенділігі мен кешенді бөліктерінің ара-қатынасына тоқталуды жөн көріп отырмыз.

Ш

Ш

Ш

ш

  1.  Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің жалпы ережесі. Кедендік шекара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізу кезіндегі алдын ала операциялар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту; 2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы кеден органдарына хабарлау; 3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу; 4) тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды межелі кеден органына жеткізу; 5) тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы межелі кеден органына хабарлау; 6) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына құбыр тасымалын пайдалану және электр беру желілері бойынша өткізу кезіндегі алдын ала операцияларды жүзеге асырудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына іс жүзінде өткізу тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуге ҚР КК сәйкес айқындалатын өткізу пункттерінде, олардың жұмыс істеу уақытында жол беріледі және тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаға тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды өткізу пунктінде орналасқан кеден органына мүмкіндігінше қысқа мерзімде жеткізу міндетін жүктейді. Өткізу пунктін анықтау: 1) әуе көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - межелі әуежай немесе тауарлар тасымалдаушы әуе кемесінің Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қонатын және тауарларды түсіретін алғашқы әуежайы; 2) теңіз көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы алғашқы түсіру порты немесе қайта тиеу порты; 3) көліктің басқа түрлерімен өткізілетін тауарлар үшін - жүру жолындағы бірінші кеден органы; 4) құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар үшін, - уәкілетті органмен келісілген коммерциялық есептеу аспаптары орнатылған жерлер тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті болып табылады. Тасымалдаушы не тауарларды өткізуші тұлға өткізу пунктінде орналасқан кеден органын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуі туралы хабардар етуге міндетті.

 11. Қедендік құқықтық қатынастар.  Жеке мемлекеттің құрылу кезінде кеден саласына қатысты бірнеше нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Негізінен кедендік тарифтік реттеуді қамтитын 1991 ж. 24 желтоксандағы "Кеден тарифтері мен баждары туралы" ҚР-ң Заңы, Үкіметтік шешімдерімен, әкімшілік құқық бұзушылық, туралы Кодекстің нормаларымен сәйкес келетін 1991 ж. 12 желтоқсандағы "ҚР-ң кеден комитетін құру туралы" Президент жарлығын айтуға болады.

Келесі кеден саласындағы маңызды қадам - "ҚР кеден ісі туралы" 1995 ж. 20 шілдедегі Заң күші бар Президент Жарлығы (бұдан кейін - "Кеден ісі туралы" Жарлық) - 1999 ж. 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заңы (бұдан кейін - "Кеден ісі туралы" Заң).

Кедендік реттеу, бүгінгі түсінігімізше, кеден құқық институттарының жиынтығы, "кедендік әкімшілік ету" ұғымын білдіреді.

Осылайша Қазақстанның кеден заңдылығы құрылымы бойынша әр түрлілік сипатқа ие болып, халықаралық кеден құқығы нормаларына, конституциялық, әкімшілік құқық, қаржы, салық, қылмыс-процесуальдық құқық салаларына сүйенеді. Кеден заңдылығына кіретін Үкіметтің, Кеден комитетінін, ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері қабылдануда. Кеден мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер пайда бола бастады. Кейбір әкімшілік құқық мәселелерін қарастыратын ғалымдар: жаңа институттардың құрылу үрдісінде, мәселен қаржы, банк, кеден, салық, муниципалды және т.б. құқық салалары сияқты әкімшілік құқықтың нормалары басқару әдістемелік орталығы ролін атқарып, олардың нығаюына көмектесіп, кешендік институттар мен жеке құқық салаларына бөлінуін қолдауда деп атап көрсетеді.

Кеден құқығының кешендік болуы Қазақстанның құқық саласын жаңа материалмен толықтыратын, ерекшелігі бар дербес сала ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан құқығының жаңа, кешенді салаларының пайда болуын қоғамдық және мемлекеттік өмірдің әр түрлі жүйелерінің қажетті деңгейде дамуымен байланыстыруға болады. В. Н. Протасовтың айтуынша, "Мұндай салалардың жоқтығы белгілі әлеуметтік салалардың болмауын білдіреді" (Протасов В. Н. Что и как регулирует право. М., 1995. С. 39).

Кеңес дәуіріндегі заң ғылымы кешендік құқық салалары туралы көптеген идеялар тастаған болатын: 1947 ж. басында В. К. Райхер, одан кейін 1957 ж. Ю. К. Толстой, 1961 ж. О. С. Иоффе мен М. Д. Шаргородский.

Олар құқьіқ жүйесі мен құқық заңдарын қарастыра отырып олардың құрылымында кешенді құқықтың қайнар көздеріне ие бөлімдердің бар екенін айтты.

Ю. К. Толстой негізгі және кешенді құқық салалары арасындағы төмендегі айырмашылықтарды ажыратады:

1) Әр құқық саласы пәннің біртұтастығына ие, Кешендік салада пән біртұтас емес, сондықтан ол әр түрлі болып келеді.

2) Негізгі құқық саласының құрамына басқа құқық саласының нормалары

кірмейді. Керісінше, кешендік құқық салаларының нормалары негізгі құқық салаларынан алынатын нормалардан тұрады.

3) Құқыктық реттеудің өзіндік жеке әдістемесі болмай жеке негізгі құқықтық сала бола алмайды. Ал кешендік құқық салалары құқықтың басқа салаларының әдістемелерін пайдаланады.

4) Негізгі құқық салаларының бүгінгі күнгі қалыптасқан құқық жүйесінде белгілі бір объективті орны бар болса, кешендік қүқық салалары құқық, нормаларын жүйелендірудің нәтижесі болып табылады, және құқық жүйесінде ешқандай орын алмайды. (Толстой Ю. К. О теоретических основах кодификации гражданского законодательства // Правоведение. 1957. № 1.44-5 6.)

Құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесінің болу шарты тек кешендік құқық саласы ғана емес, негізгі құқық салаларының (1-қосымшадағы схемаға қараңыз) басты аргументі болып табылады.

Кеден құкығы кешенді құқық саласы ретінде құқықтық институттардың бөлімдерінде (блоктарға) қамтылатын құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Осы институттар мен кұқықтық нормалардың мазмұнынан құқық саласының кешенділігі көрінеді.

12.Кедендік  рәсімдер (жалпы сипаттама). кедендік ресімдеу – тауарлар мен көлік құралдарын Қ. Р.кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты тұлғалар және Қ. Р.кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы. ҚР КК көзделген ережелер, талаптар мен шарттар Қ. Р.кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік мақсаттар үшін құжаттарды ресімдеуге байланысты барлық кеден операцияларына қолданылады. Кедендік ресімдеу ҚР КК және соған сәйкес қабылданатын кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі. Қ. Р. халықаралық шарттарына сәйкес кедендік ресімдеуді оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мемлекеттердің кедендік ресімдеу үшін пайдаланылатын кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін. Кедендік ресімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға: 1) Қ.Р. кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың санаттарына; 2) осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне; 3) тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған. Кедендік рәсімдер тауарлар шығарылатын, жөнелтілетін және жеткізілетін елге қарамастан бірдей қолданылады. Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір кедендік режимге орналастыру бойынша іс-әрекет негізгі кедендік ресімдеу деп танылады. Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында жасалады. Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар ҚР КК сәйкес кеден органдары орналасқан жерден тыс және олардың жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін. Кедендік мақсаттар үшін құжаттарды толтыруды қоса алғанда, кедендік ресімдеу мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі.  Уәкілетті орган шет тілдерінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кедендік мақсаттар үшін кеден органдарының қабылдауы және пайдалануы мүмкін жағдайларды белгілеуге құқылы.

13.Кеден құқығының қайнар көздері . Кеден құқығы – кеден құқығы саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларрының жиынтығын білдірретін құқықтың кешенді дербес саласы.
Кеден құқығы мен конституциялық құқықтың байланысы: конституциялық құқығы барлық құқық кеден құқығына негізін салушы бастаманың әдістерін алдын-ала белгілейді.
Кеден құқығы Конституциялық құқықтың жағдайлары мен нормаларына сәйкес дамуы қажет.
Қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығымен байланысы.
Кеден ісі саласындағы қылмыс жасаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуден туындайтын қатынастар қылмыстық құқыққа байланысты.
Азаматтық құқықпен байланысы кеден құқығы мен Азаматтық құқық шарттық қатынастардың міндеттемелері мен құқығың регламентациясының сурақтарын реттеуде тыгыз байланысары.
Қылмыстық іс жүргізу құқығымен кеден органдарының құқық қорғау қызметінің сурақтары бойынша тыгыз байланысы бар.
Енбек құқығымен енбек саласындағы лаузымды тулғалардың құқықтық дәрежесімен, олардың құқықтары мен міндетте арқылы байланысады.
Әкімшілік құқықпен, әкімшілік құқық нормалары кеден-құқықтық нормалары қайнар коздерінің 90% қурайды. Қайнар қөздерің жүйесіне кіретіндер: Кеден Кодексі 2003 ж. 1 мамыррынан; Конституциялық заңдар
ҚР конституциясында аталған заңдар; Президент пен Үкіметтің нормативтік құқықтық актілері  Нормативтік буйырықтар  Халықаралық актілер және шарттар; министрлікпен және басқа ведомстволардың қаулары.

14.Кеден қоймасы режимі.  Кеден қоймасы режимі - тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режим. Кеден қоймасының кедендік режиміне, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудын ерекше жағдайларын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтаудын талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиіс. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзімін тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлға белгілейді, бірақ ол тауарлар кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспауы керек. Сақтау, тұтыну және сату үшін шектеулі жарамдылық мерзімі бартауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуі және аталған мерзімдер аяқталғанға дейінгі күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей кеден қоймасынан әкетілуі тиіс.

15.ҚР кеден кодексіне жалпы сипаттама. Кеден құқығының пайда болуына Казақ/ң мемлекеттік қызметінде кеден саласынын, бөлінуі әсер етті. Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің кажеттілігі ішкі ж/е сыртқы саясаттың құрылымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің калыптасуына алып келеді. Кеден құқығының дамуының алғашқы кезеңі оның пәнінің тар болуымен ж/е қоғамдық қатынастарды кедендік реттеуімен сипатталынады. Кодификацияланған актінің қабылдануы құқықтық реттеуде кеден құқығы пәнінің жаңа мазмұнын қалыптастырады. Еуропа кеден құқығының тәжірибесі керсеткендей, фискальды функцияның басқа экономикалық бірыңғай нарықтың шараларымен салыстырғанда,ролі төмен болуы тиіс. Кеден саласының құқық қорғау аспектілеріне заңсыз есірткі ж/е заңсыз қару айналымдары, халықаралык терроризммен күресу жатады. Жалпы кеден құқығының дамуының екі кезеңін атап айтуға болады: 1991ж.желтоқсаннан 1995ж.шілдесіне дейін; 1995 ж. шілдесінен бүгінгі күнге  дейін.Беларусь Республикасы,Қ. Р.,Қырғызстан Республикасы ж/е Ресей Федерациясы Мемлекетаралық кеңесі жанындағы Үкімет басшылары кеңесімен 1998ж.24 қарашада "Кеден Одағымен бірыңғай экономикалық кеңістік құру ж/е оның жүзеге асыру шаралары туралы келісім жобасы туралы" шешім қабылданды.1999ж.26 ақпанда мемлекет басшылары қабылданған Келісім Кеден Одағындағы өзара қатынасқа  өзгеріс әкелмек, сондай-ақ интеграциялық процестерді күшейтіп, ұлттық кеден заңдылықтарының өзгеруіне септігін тигізбек.Қазақ/ң кеден құқығының негізгі ережелері кеден заңдылықтарының құқықтық институттарына негізделген. Оларға кеден саясатын, кеден ісін, кеден шекарысынан тауарлар мен көлік құралдары етуінің қағидалары мен құқықтық механизмдерін, кеден режимдерін, кеден төлемдерін, кеденді рәсімдеу мен кедендік бақылауды, кедендік құқық, бұзушылық үшін жауапкершілікті жатқызуға болады.

16.Еркін кедендік аймақ және еркін қойма режимі. Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етілетін тауарлар. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен жүргізілетін операциялар еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен операциялар арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленген тізбе бойынша жасалады. Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыру кезінде импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар және салықтар алынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.

17.Тарифтік емес реттеу шаралары: түсінігі және түрлері. Тарифтік емес реттеу шаралары – тауарлар мен көлік құрал дарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квота лау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармаколо гиялық, санитариялық-эпидемиологиялық, ветерина риялық, фитосани тар лық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар.

 

18. Кедендік өткізу пункттері. Кеден Кодексіне сәйкес Кеден органының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындары не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де орындар тауарларды өткізу пункттері болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын адамдардың кесіп өтуінің, ол арқылы көлік құралдарын, жүктерді, тауарларды, жануарларды, өсімдік өнімдерін және өзге де мүлікті (бұдан әрі – көлік құралдары және жүктер) тасымалдаудың белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету үшін өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, көліктік және карантиндік фитосанитариялық бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) жүзеге асырылады

Өткізу пункттері:

1) халықаралық қатынас түрі бойынша: автомобильдік (автожолдық); теміржолдық, теңіз; өзен; әуе (авиациялық); жаяу; аралас;

2) мәртебесі бойынша: көпжақты (халықаралық); екіжақты;

3) жұмыс режимі бойынша:күндізгі (жарық уақыттағы); тәулік бойғы;

қатынас сипаты бойынша: жүк; жолаушылар; жүк-жолаушылар;

5) жұмыс істеу тәртібі бойынша: тұрақты (тұрақты негізде жұмыс істейтін); маусымдық (тұрақты емес негізде жұмыс істейтін); уақытша болып жіктеледі.

Өткізу пунктін орнатудың орындылығын айқындау үшін мүдделі мемлекеттік орган (бұдан әрі – бастамашы) мемлекеттік бақылау органдарына мынадай материалдарды қоса бере отырып, өткізу пункттерін орнату туралы өтінішхат жібереді:

1) жоспарланатын өткізу қабілеті және өткізу пунктін ашу мерзімі туралы мәліметтер;

2) өткізу пункті объектілерін жобалауға, салуға және күтіп-ұстауға, сондай-ақ оларды жабдықтауға, техникалық жарақтандыруға, мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті көліктік, инженерлік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдарды құру мен дамытуға арналған қаражат шығынының есептемесі және негіздемесі;

3) жоспарланған орналастыру аймағын белгілей отырып, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктінде шекаралық, кедендік және бақылаудың өзге де түрлерін ұйымдастыру үшін қажетті, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері объектілерін орналастыру жоспарланған аумақтың (акваторийдің) схемасы;

4) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті объектілерін орналастыру көзделген жер учаскесін алу бойынша ұсыныстар;

5) жергілікті (облыстық) атқарушы органның өз аумағында өткізу пунктін (бастамашы ол болмаған жағдайда) орналастыруға келісімі.

Өткізу пункті:

1) мемлекеттік шекара арқылы көлік қатынасын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшіне енуі;

2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті халықаралық шартқа өткізу пунктін жабу туралы өзгерістер енгізу не Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының өткізу пунктінің одан әрі жұмыс істеуінің орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының одан шығуы;

3) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиісті екіжақты халықаралық шарттан қатысушы мемлекеттің шығуы негізінде толық жабылуы мүмкін.

19. Халықаралық кеден құқығының негізі.

Европалық Кеден Одағы Қазақстанның кеден құқығының қалыптасуы халықаралық кеден құқығының дамуымен үйлесімді келе жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1990 жылдың 12 қырқүйектегі шешімі бойынша 1999-2000 жылдар аралығындағы мерзім халықаралық құқықтың онжылдығы деп аталып, халықаралық құқық келісімдерінің барлық мемлекеттер үшін міндетті екендігі аталып өтті. Яғни, халықаралық құқықтың саясатта басым болуы тиіс деген сөз, халыкаралық құқық келісімдерінің сақталуы ұлттық мүдделерден жоғары болуы тиіс.

Халықаралық кеден құқығына Н. С. Барчуков, Ф. Мартенс, Б. М. Угаров, К. Г. Борисов өздерінің еңбектерін арнаған.

Осыған орай, М. А. Сәрсембаев "Кеден ісі тек мемлекеттің ішкі құзыретінде ғана қалып қоймайды, ол халыкаралық мемлекеттің халықаралық арена да реттеледі, кеден ісі халықаралық аренада халықаралық құқықтық нормалармен реттеледі. Халықаралық құқықтық жүйесінің ішінде халықаралық кеден құқығы атты жеке сала бар".

Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға және халықаралық кеден құқығына негізделеді. Атап айтар болсақ, ұлттық тәуелсіздікті және егемендікті құрметтеу, ішкі іске араласпау, күш көрсетпеу, толық тең құқылық, ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын өзі шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т. б. Халықаралық келісім-шарттар, құқық нормасы ретінде танылған халықаралық әдет-ғұрыптар, халықаралық құқықтың жалпы қағидалары, кедендік ынтымақпен өзара көмекке байланысты халықаралық ұйымдардың шешімдері; халықаралық сот пен арбитраждың шешімдері халықаралық кеден құқығының қайнар көздері болып табылады. Халықаралық кеден құқығының нормалары мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тікелей әсер етеді.Қазақстанның кеден құқығының қалыптасуы халықаралық кеден құқығының дамуымен үйлесiмдi келе жатыр. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1990 жылдың 12 қыркүйектегi шешiмi бойынша 1999-2000 жылдар аралығындағы мерзім халыкаралық құқықтың он жылдығы деп аталып, халықаралық құқық келiсiмдерiнiң барлық мемлекеттер үшiн мiндеттi екендiгi аталып өттi. Яғни, халықаралық құқықтың саясатта басым болуы тиiс деген сөз, халықаралық құқық келiсiмдерiнiң сақталуы ұлттық мүдделерден жоғары болуы тиiс.

Еуропадағы кедендік одақтың қалыптасу үдерістері 1957 жылы Еуропалық одақ туралы келісімге қол қою сәтінен, яғни кезеңдік тұрғыда бәріне бірдей тиімді болуы тиіс кедендік төлемдер мен алымдарды алып тастаудан басталғандығы бәрімізге мәлім. Ал 1968 жылдан бастап ЕО-ға мүше мемлекеттер арасындағы шекаралық ай-мақтарда кедендік бақылаулар біртіндеп алынып тасталды. Бұл үдеріс 1993 жылдары аяқталып, бірыңғай төлем бірлігі ретінде бірыңғай валюта өмірге келді. Жалпы алғанда, Еуропа аталмыш одақты құруға 40 жылға жуық уақытын жұмсады. Ал бізде кедендік одақты құру аса қысылтаяң мерзім аралығында өтті. Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің кедендік одақ қалыптастырудағы жолы 15 жылдық мерзімді құрайды. Оның ішінде құқықтық базаны қалыптастыруға, көптеген скептиктердің еуропалық тәжірибеге сілтеме жасай отырып, еуразиялық үдерістер бірнеше онжылдықтарды алады деген ойларына қарамастан 2 жыл ғана уақыт жұмсалып отыр. Негізінен бұл жетістікке ел басшыларының саяси жігері мен ел үкіметтерінің іскерлік қызметтерінің арқасында қол жеткізіліп отыр. ЕурАзЭҚ бірлестігі аясының өзінде еркін сауда режімін қалыптастыру бағыты бойынша маңызды қадамдар жасалған.

20.Кеден төлемдері және салықтар. Кедендік төлемдер мен салықтарға: 1) кедендік әкелу бажы;2) кедендік әкету бажы;3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;4) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге:1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген - адвалорлық;2) заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамаларына (саны, массасы, көлемі немесе өзге сипататтамаларына) қарай белгіленген - өзіндік ерекше;3) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген түрлерді ұштастыратын құрамдастырылған болып бөлiнедi.

Тауарларды шығарумен, тауарларды кедендік алып жүрумен байланысты іс-әрекеттер жасағаны, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де іс-әрекеттер жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер кедендік алымдар болып табылады. Кедендік алымдардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алымдар белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шамамен алынған шығындарының құнынан аспауға тиіс. Кедендік алымдарға: 1) тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар;2) кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар; 3) алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы жатады.

Бірнеше автомобиль көлік құралымен өткізілетін тауарларды кедендік алып жүру кезінде кедендік алым сомасы көрсетілген көлік құралдарының санына барабар бөлінеді. Кеден органының осы Кодекстің 79 және 91-баптарына сәйкес тауарларды сыныптау жөнінде және тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақы өндіріп алынады. Кедендік алып жүру үшін кедендік алым кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірілмей төленеді.Кеден органы алдын ала шешім қабылдағаны үшін ақыны төлеуші көрсетілген шешім өзіне берілгенге дейін енгізеді.Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және иелік ету бойынша шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулер бұзылған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу кезінде тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі кедендік шекара арқылы тауарларды өткізген күн болып есептеледі. Егер заңсыз өткізілген күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.Төлеушінің кедендік төлемді кедендік алым бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне аванспен енгізуге құқығы бар.  

21. Кеден құқығының құқық жүйесіндегі орны .  Кеден саласы Қазақстан үшін мем/к егемендікті және тәуелсіздікті, оның экон/к қауіпсіздігін, сонымен қатар егеменді  мем/ң қызметіндегі қайтадан пайда болған ішкі саясат, экономика, қарғаныс және т.б. салаларын қамтамасыз етудің құралы ретінде болды. Кеден құқығының кешендік болуы Қаз/ның құқық саласын жаңа материалмен толықтыратын, ерекшелігі бар дербес сала ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Кеден құқығы өзінің пайда болу кезінен бастап сол кезеңнің заңдарына, Қаз/н үшін кеден саласындағы жаңалықтарға сәйкес кеден органдарының  атқаратын қызметтерінің күшіне орай дербестікке қмтылды.  Ю. А. Тихомиров сияқты бірқатар ғалымдар кедендік реттеуді әкімшілік құқық институты ретінде қарастырды. Кедендік реттеуді кодификацияланған заң қабылданғанға дейін әкімшілік құқықтың пәні арқылы қарастырсақ, онда ол әуел бастан ақ қазіргі кездегі кеден ісі тәрізді мем/к монополиялық қызмет аймағы болған деп айтуға болады. кеден құқығы заңмен айқындалған құқықтық реттеудің өзіндік мәселелеріне ие. Кеден құқығы пәніне К.К. Сандровский берген анықтама өзіне көңіл аудартады: « кеден құқығына сәйкес мем/тбекіткен режимге және жалпы кеден саясатын жүргізуге байланысты құқық салаларына тән тәсілдер, құралдар мен әдістерден тұрады. Кеден құқығына қолданылатын әдіс тәсілдер мен құралдарды автормен үш топқа бөлінген: 1)ерік беру;  2)тыйым салу;  3) міндет жүктеу.кеден құқығының жалпы сипаттамасына оның пәні мен құқықтық реттеудің әдісінен басқа құқық жүйесі, оның құрылымы және қағидалары, құқықтық нормалармен және басқа құқық салаларымен байланысы кіреді. Кеден құқығы ұғымын жалпы алғанда, кеден аясын реттеудің пәнін, мақсатын, қағидаларын, әдістерін біріктіретін құқықтық нормалар мен институттардың жүйесі құрайды.

22.Кедендік төлемдер ставкаларының түрлері. Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады: 1) кедендік баж; 2) кедендік алымдар; 3) алымдар; 4) алдын ала шешім үшін төлемақы. салықтар – тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз. Кедендік төлемдер мен салықтарды ҚР КК көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеушілер дербес есептейді.  Кедендік төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге: 1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелетiн - адвалорлық; 2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн - ерекшелiкті; 3) кедендік төлемдер ставкаларының аталған екi түрiн де ұштастыратын - құрамдас болып бөлiнедi. кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын ставкалар пайдаланылады. Кедендік баждарды және салықтарды есептеу мақсаттары үшін ҚР КК жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетін ставкалар қолданылады. Қазақстан Республикасында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігі кедендік баждың өзіндік ерекше ставкалары белгіленген тауарлар бойынша кедендік баждар салуға арналған база болып табылады.

23. Кеден мәселелері бойынша халықаралық конвенциялар (келісімдер).Халықаралық кеден құқығы дегеніміз кеден ісі саласындағы мемлекеттер арасындағы ж халықаралық кеден құқығының басқа субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін қағидалар мен нормалар жүйесі. ХКҚ халықаралық жария құқықтың бір бөлігі болып табылады. ХКҚ субъектілері: мемлекеттер; сауда ж кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар; өзінің мемлекеттілігінің анықталуы үшін шығатын ұлттар мен халықтар; мемлекет типтес құрылымдар. ХКҚ|ның негізгі қайнар көздері – халықаралық келісімдер, халықаралық әдет ғұрып, халықаралық ұйымдардың міндетті шешімдері. Кеден ісі саласындағы халықаралық келісімдер әсер ету аумағы бойынша әмбебап, аумақтық, екіжақты болып табылады. Реттеу объектісі бойынша халықаралық келісімдер мынадай болуы мүмкін: кедендік іс саласындағы сұрақтарды толығымен реттейтін халықаралық келісімдер (1973 жылғы Кедендік процедуларды реттеу туралы халықаралық конвенция (Киот конвенциясы) 1999 рекдакциясымен қоса); халықаралық кеде қатынастарын ішінара реттейтін халықаралық келісімдер (1961 жылғы Вен конвенциясы). Халықаралық конвенциялар: 1999 жылғы редакциядағы 1973 Кедендік процедураларды жеңілдету ж гармонизациялау туралы Халықаралық конвенция (Киот конвенциясы);  Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі туралы х.а конвенция 1983 Бүкіл әлемдік кеден ұйымымен қабылданған. 1988 ж. 1 қаңтарынан күшіне енген. Қазақстан бұл конвенцияға 2004 жылы қосылды; ТМД ның сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы туралы келісімі; Евразиялық экон.қ қауымдастықтың жалпы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы туралы келісімі 2002 ж. 20 қыркүйекте бекітілген; 1957 ж. 25 наурыз жане 1987 ж. Рим трактаты; 1951 ж. еуропалық көмір  және болат ұйымын құрушы трактаты – «Париж келісім шарты; 1957 ж. 25 наурыздағы Еуропалық атом энергиясы комиссиясының құрушы келісім шарты Еуроатом келісім шарты және т.б.

24. Лицензия бергені үшім алымдардың түрлері. Кеден төлемдері – кеден органдарымен алынатын кеден баждары, алымдар және т.с.с. міндетті төлемдер.

Кеден төлемдерінің түрлері:1)кеден баждары– ҚР территориясына кірген немесе шыққан тауар үшін кеден органдарымен алынатын кедендік төлем түрі.2) кеден алымдары – кеден органдарымен бекітілген қоймалардағы тауар немесе көлік құралдарын сақтау, кедендік бірге жүруі үшін кеден органдарымен алынатын кеден төлемдерінің бір түрі.3) Алымдар – кеден органдарымен лицензия бергені үшін алынатын кеден төлемдерінің бір түрі (кеден қоймасына, пошлинасыз сату дүкеніне, еркін қойма, уақытша сақтау қоймасына, жұмысты кеден брокері ретінде жүзеге асыру барысында берілетін лицензиялар).

- кедендік толтыру бойынша маманның квалификационды аттестаты берілгені және осы аттестаттың қайта жүзеге асырылуы үшін жинаулар.

Қазақстан Республикасының кеден органдары иелері болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша кеден алымдары алынады.

     Отандық тұлғалар иелері болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін, кеден ісі мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген мөлшерлер бойынша кеден алымдары алынады.

Кеден органдары кеден қоймасын, еркін қойманы, уақытша сақтау қоймасын, бажсыз сауда жасайтын дүкенді құруға, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия бергені үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша, алым алынады.Кеден делдалы ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия, кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктік аттестатын бергені үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шамада алым алынады. Кедендік алып жүру үшін кеден алымдарының сомасын есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекіткен айлық есептік көрсеткіштердегі қашықтыққа байланысты жүргізіледі.

25. ҚР кеден органдарының жүйесі. Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - кеден органдары): 1) уәкілетті орган;2) уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері);3) кедендер;4) кеден бекеттері;5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;6 Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады.) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды. Уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде уәкілетті орган бекітеді. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады.

26. Алдын ала жасалатын операциялар және алдын ала шешім. Мамандандырылған кеден мекемелері мен бақылау өткізу пункттерін қоспағанда, кеден органдары тұлғаның (өтініш берушінің) өтініші бойынша нақты тауар жөнінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жіктемесіне қатысты алдын ала шешім қабылдайды. Кеден органдары тұлғаның (өтініш берушінің) өтініші бойынша ҚР КК сәйкес тауар туралы табыс етілген мәліметтер болған кезде тауардың шығарылған елін анықтауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды. Тауардың шығарылған елін анықтауға қатысты алдын ала шешімдер артықшылықты және артықшылықты емес режимдерін қолдану кезінде қабылданады. Көрсетілген мәселелер бойынша алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен нысанын кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Аталған шешімді қабылдағаны үшін ҚР КК сәйкес алдын ала шешім үшін ақы алынады. Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады. Лицензиялар мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешім үшін төлемақы кеден органдары лицензияларды ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау үшін ҚР КК белгіленген құжаттар мен қажетті мәліметтерді қабылдағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді. Егер декларант тауарларды кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттарды берсе, тауарларға қатысты жүктің кедендік декларациясы тауарлар межелі кеден органына табыс етілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте берілмеуі мүмкін. Кедендiк баждар мен салықтар тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғанға дейiн төленедi. Егер кедендік мақсат үшін тауарлардың ілеспе көлік немесе коммерциялық құжаттары пайдаланылуға тиіс болса, кеден органы осы құжаттардың декларант куәландырған көшірмелерін немесе осы құжаттардан алынған мәліметті қабылдайды және тауарлар келгеннен кейін көрсетілген мәліметтерді құжаттардағы мәліметтермен салыстырады. Егер алдын ала декларацияны тіркелген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны қабылдаған кеден органына тауарлар берілмесе, жүктің кедендік декларациясының күші жойылуға жатады.

27. Кеден органдарының функциясы. Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін: уәкілетті орган; уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері; кедендер; кеден бекеттері; Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері; мамандандырылған кеден мекемелері құрайды. Кеден органдарының:1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;2) ҚР КК көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;4) оның құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді және жасайды;6) ҚР КК және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін лицензиялау мен бақылауды жүзеге асырады;7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға шешімдер, рұқсаттар беру туралы шешім қабылдайды;8) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;9) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады; 10) ҚР КК белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтің қатысушыларын кеден ісі саласындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрақты негізде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

28. Кеден құқығының арнайы қағидалары. Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Кеден құқығының негізіне кеден аясының қызметі мен мәніне жауап бере алатын қағидаларды жатқызуға болады. М.А.Сәрсембаев Қазақстан кеден құқығының қағидаларына келесі үш қағиданы жатқызады: а.кеден қызметін жан жақиы реттеу; б.кеден қызметін заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асыру; в.кеден ісі бойынша сұрақтарды халықаралық құқықтық реттеу және шетелдермен қарым қатынас тәжірибелерін ескере отырып шешу. Заңдылық қағидасы кеден ісін жүзеге асыратын ұйымдар мен азаматтардың құқықтыры мен мүдделерін қорғауда, сонымен бірге кеден органдарына жүктелген кеден ісі бойынша заңда қамтамасыз етуден көрінеді. Демократизм кеден құқығының қағидасы ретінде кеден органдарының мақсатында көрсетілген әр адамның тауарларды әкелу және шетке шығару бостандығынан кез келген кедендік режимді таңдауынан, кеден органдары мен оның лауазымды тұлғасының әрекеті мен немесе әрекетсіздігіне шағымдана алуынан,кеңес алу және ақраоат алу құқығының болуымен ашылады. Кеден саясатының қағидалары

• бірлік (саяси бірлік: ішкі және сыртқы)

• жүйелік ( кеден ісінің 11 одақтан тұратын біріңғай жүйесі бар)

• адамгершілік

• зандылық

• субъектік теңдік

• жауапкершілік

• жалпыға міндеттілік

• орталық мемлекеттік билік органдарымен реттеледі

29.Кеден органына тәуелді мекемелер мен ұйымдар. Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады. Уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде уәкілетті орган бекітеді. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады.

30. Кеден бақылауы. Түсінгі және нысандары. кедендік бақылау – Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы. Кеден органдарының лауазымды адамдары: 1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына;  2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлік құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттар мен мәліметтерге; 3) кеден брокері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдердің шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне қатысты; 4) тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгіленген шектеулердің сақталуына; 5) кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендік бақылау жүргізеді. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу тәртібін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші не бақылауы кеден органдарына жүктелетін қызметті жүзеге асырушы тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге міндетті. Кедендік бақылау нысандары: 1) кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру; 2) ауызша пікір сұрау; 3) түсіндірмелер алу; 4) кедендік қадағалау; 5) тауарлар мен көлік құралдарын тексеру; 6) тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау; 7) жеке тексеру; 8) тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау не ҚРКК және Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға бірдейлендіру белгілерін соғу; 9) тауарлар мен көлік құралдарының есебі мен олар бойынша есептілік жүйесін тексеру; 10) тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу; 11) үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.

31)Кеден органының лауазымды тұлғасы Қайыпбеков А... Жеке кедендік тексеріп қарау Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілетін тауарларды өзінде жасырып және ерікті түрде бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, кеден органы басшысының (оны алмастыратын адамның) жазбаша шешімі бойынша жүргізілетін кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады.Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешім кеден органы лауазымды адамының баянхатына бұрыштама қою арқылы жазбаша нысанда қабылданады не жеке құжатпен ресімделеді.Жеке кедендік тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді көрсетуді. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы лауазымды адамының әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге, тексеріліп қаралатын тұлғаның денсаулығына заңсыз зиян және мүлкіне залал келтірмеуге тиіс. . Жеке кедендік тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың кіруіне және олардың тарапынан жеке кедендік тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. Тексеріп қаралатын адамның денесін тексеріп зерттеуді, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып, медицина қызметкері ғана жүргізуге тиіс.Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілетін нысан бойынша екі дана етіп акті жасалады. Бұл акт жеке кедендік тексеріп қарау барысында не тікелей ол аяқталғаннан кейін жасалуға тиіс.Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз жеке адамды жеке кедендік тексеріп қарау кезінде оның заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары) немесе оны алып жүретін адамдар қатысуға міндетті.

32)Жеке кәсіпкер А. Кеден қоймасын ашу үшін кеден органына... Тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 40-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады.Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.Өтінішті қоса берілетін құжаттармен бірге қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш еркін нысанда толтырылады және онда:1) қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қолдаухат;2) өтініш берушінің атауы туралы, тұрған жері туралы, ашылған банктік шоттары туралы мәлімет;3) өтініш берушінің иелігіндегі және уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар туралы, олардың тұрған жері, жайластырылуы, жабдықталуы және материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәлімет;4) өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлімет; 5) қажетті тиеу-түсіру тетіктерінің және арнайы техниканың, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есептеу аспаптарының болуы туралы мәлімет қамтылуға тиіс. Тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.Өтінішті қоса берілетін құжаттармен бірге қызмет аймағына қойма құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оны тіркеген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.

33) «Азимут» ЖШС-і шет мемлекеттен тауарлар әкелу кезінде кеден органының тауарға... Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы) сыртқы экономикалық қызметтің сыртқы сауда және өзге де түрлерін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру, кедендік статистиканы жүргізу үшін қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы жариялайды.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекітеді.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді.

34) Азамат Д. Кеден шекарасы арқылы құны 130000 теңгелік зергерлік... Кеден одағының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 250-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткiзуге тыйым салынған немесе өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткiзу. Экономикалық контрабанданың тікелей объектісі кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен өзгеде заттарды реттейтін қолғамдық қатынастар. Қылмыстың заты Қылмыстық Кодекстің айналымдағы заттар мен тауарлар. Қылмыс құрылысы жағынан формальдық құрам. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады.       Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткізілген тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде және егер өткізілген тауарлардың құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, аса ірі мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.

35) Жеке тұлға шет елден шыққан жылы 2000 жылғы автокөлік алып... Тауар деген ұғым кез келген қозғалатын мүлік, валюталық құндылықтар, электр жылуы және басқа да энергия түрлері, тауарлар мен жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылатын көліктен басқа көлік құралдары деп түсңнеміз. Салық заңнамаларына сәйкес кедендік шекарадан көлік құралдарын өту барысында акциздер мен қосымша құн   салығыен салу кедендік органдарға жүктеледі. Мысалы, жеңіл автокөлік кедендік тіркеу 50 евро (бірнеше бет декларацияларына 20 евро). Автокөлік құралдары үшін кедендік төлем төленеді немесе 1 см куб 0,1 евро (егер автокөлік құралына 10 жыл өтіп кетсе 15%). Акциз тек 300 см куб. Және қосылған құн салығы мен импорт.

36. Азамат Түрік Республикасынан Қазақстанға жеке мақсатта деп 5 жұп аяқ киім, 4  былғары тон, 10 костюм алып келді. Оған қатысты кеден органдары кеден заңнамсын бұзғандығы үшін әкімшілік іс қозғады. Жеке тұлғалардың кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өтуінің тәртібі және нормалары қандай? Кеден органының әрекеті заңды ма? Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарлар - салмағы 35 килограмнан жоғары, тауардың бір бірлігінен немесе бір жиынтығынан тұратын, оның ішінде тауардың жиналған, жиынтықталған немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеті бар деген шартпен, бөлшектелген, жиналмаған, жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауар. Жиынтықталым дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші тауардың заттаңбаларында, бұйымдарының паспорттарында, кепілдік талондарында, орам қағаздарында, өзге де құжаттарда ұсынған мәліметтер негізінде, сондай-ақ осындай тауардың немесе жиынтықтың функционалдық мақсатына сай келетін олардың жалпыға бірдей (дәстүрлі) қолданылуын негізге ала отырып айқындалады; Бұл жерде кеден органдарының іс-әрекеті дұрыс емес. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік төлемдер мен салықтарды төлемей өткізудің құндық, сандық және салмақтық нормалары, жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату жағдайлары, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды қолдану тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен белгіленеді.

37. Уақытша сақтау қоймасындағы тауарларды жеке кәсіпкер толық кедендік рәсімдеу аяқталмай жатып саудаға шығара бастады. УСҚ-ғы тауарлармен қандай операциялар жасауға болады. УСҚ-ғы тауарларға кедендік бақылау жүргізудің нысандары мен тәртібі туралы айтыңыз. Тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғалар немесе олардың өкілдері уақытша сақтауда тұрған тауарлармен оларды өзгермейтін жай-күйде сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті кәдімгі операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды уақытша сақтау орны шегінде ауыстыруға құқылы.Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдардың немесе олардың өкілдерінің уақытша сақтаудағы тауарларды пайдалануға, оның ішінде мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарғанға дейін оларды уақытша сақтау орны аумағынан әкетуге не осы Кодексте көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасауға құқығы жоқТауарларды уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын,салықтарды төлеу бойынша міндет:
уақытша сақтау қоймасының иесінде – тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап;

38. Интелъектуалдық меншік объектісін  азамат өзі автор болғандықтан уәкілетті органның келісімінсіз кеден шекарасынан сыртқа шығармақ болды, оның бұл әрекетін кеден органы заңсыз деп танып іс қозғады. Кеден органдарының интельектуалдық меншік объектілеріне құқықты қорғауының тәртібін сипаттап беріңіз? Кеден органдары өз құзыреті шегінде мынадай зияткерлік меншік объектілерін:1) авторлық және аралас құқықтар объектілерін;
2) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қолдану мақсатында зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізеді және оның жариялануын, оның ішінде ресми интернет-ресурста, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның веб-порталында жариялануын қамтамасызетеді.  Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізудің нысаны мен тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.       Кеден органдары сот шешiмiне сәйкес жойылуға жататын зияткерлiк меншiк құқықтары бұзылған тауарларды Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органына беруге мiндеттi.
     
Интеллектуалдық меншiк объектiсі бар және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы; 
      1) кеден органдары тауарлар транзиті кедендік режиміне сәйкес өткізілетін тауарларға қатысты интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөніндегі шараларды қолданбайды. 

39. Тауарлардың кедендік құның анықтау кезінде азамат Б. тауардың құнына оның сақтандыру құның енгізілуіне қарсылық білдірді. Оның әрекеті дұрыс па, Тауарлардың кедендік құнын анықтаудың тәртібі қандай? Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды қабылдайды. Сақтандыру шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
     Кеден органы мынадай жағдайлардың бірінде: 1) сақтандыру шартын берген сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағында көрсетілген сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілмеген;2) табыс етілген сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың сомасы сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан асып кеткен;
4) сақтандыру шарты қолданылуының аяқталу мерзімі кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі төлеуші міндеттемесінің орындалу мерзімінен аз болғанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шартын қабылдаудан бас тартады.Сақтандыру шартын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартқан кезде кеден органы бас тарту себептерін негіздей отырып, көрсетілген сақтандыру шартын табыс еткен төлеушіні бұл туралы үш күн ішінде жазбаша хабардар етеді.Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме орындалмаған жағдайда кеден органы сақтандыру ұйымына аталған сақтандыру шартында көзделген міндеттеменің орындалу мерзімдері аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кедендік баждардың, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу туралы талапты жібереді. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеменің орындалу мерзімдері аяқталған күннен кейінгі келесі күннен бастап өсімпұлдар есептеледі.

40.Қазақстан Респуликасында жеңілдікпен автокөліктер кедендік ресімделіп жатыр. Оның мерзімі және тәртібі қандай? Қазақстан Республикасы кеден заңдарының уақыт жағынан қолданылуының тәжрибелік маңызын ашып беріңіз. Көлік құралдарын өткізу тәртібі:

      1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін көлік құралдары өткізу пункттері арқылы ғана өткізіледі және олар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерді жүзеге асыру үшін аялдауға және тоқтауға тиіс. 
      2. Кедендік рәсімдердің басталуы мен аяқталуы кеден органдарына қатысы жоқ себептер бойынша жүзеге асырылмайтын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған көлік құралдарының тұру ұзақтығы өте қысқа болуы және ұлттық теміржол компаниясымен келісім бойынша уәкілетті орган және шекара бақылау органдары белгілеген темір жол көлігіне арналған уақыттан, автомобиль көлігі үшін - бес сағатқа дейінгі, теңіз, ішкі су көлігі үшін бір тәулікке дейінгі уақыттан аспауы тиіс.
 Көлік құралдарын уақытша әкелуді немесе уақытша әкетуді кедендік ресімдеу тасымалдаушы берген көлік құжатына кеден органының тиісті белгілерін қою жолымен жүзеге асырылады.  Уақытша әкелінген көлік құралын оны әкелуді жүзеге асырған тұлғаға қатысы жоқ себептер бойынша белгіленген мерзімдерде әкету мүмкін болмаған жағдайда, оны пайдалану құқығын берместен, көлік құралын уақытша қайта әкетудің мерзімі көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағынан нақты әкету басталғанға дейін кеден органы ұзартуы мүмкін. Көлік құралын уақытша әкелудің жалпы мерзімі ұзарту мерзімі ескеріле отырып, бір жылдан аспауы тиіс. 
      2. Уақытша әкетілген көлік құралын қайта әкелу оны Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан нақты әкеткен кезден бастап бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

41)Тәжірибелік сұрақ: Жеке кәсіпкер кедендік декларацияны тауарды сатып алу бағасы бойынша толтырды. Оның әрекеті дұрыс па, кедендік декларация қандай құжаттардың негізінде толтырылады. Оның әрекеті дұрыс емес, себебі, кедендік декларация дегеннің өзі тауарды сатып алу бағасы бойынша толтырылмайды. Кедендік декларация мына құжаттар негізінде толырылады: өтініш және тауардың ілеспе құжаттары негізінде,ал өтініште тауарларды жіберушілер мен алушылар, тауарлар жіберетін және жеткізілетін елдер туралы мәліметтер, тауарлардың атауы, сипаты, саны, брутто салмағы және құны, тауарларды пайдалану мақсаты туралы, сондай-ақ, мәлімделетін тауарларды орналастыру болжанатын кедендік режим туралы мәлімет, жүктің кедендік декларациясын, кедендік мақсат үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді белгіленген мерзімде беру туралы міндеттеме болуға тиіс. Кедендік деларация дегеніміздің өзі- тауарлар мен көлік құралдары туралы декларант мәлімдеген мәліметтерді жазбаша және электрондық түрде растайтын құжат, сондықтанда тауардың сатып алу бағасы бойынша толтырылмайды, тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтер негізінде толтырылады.

42)Тәжірибелік сұрақ: Мұнай экспорттаушы компания экспорттық рента салығын мұнайдың Қазақстан Республикасындағы нарықтық бағамы негізінде есептеп толтырды. Декларация толтыру кезінде қандай баға негізге алынуы тиіс? Компанияның құнды есептеуі салық заңдарына сәйкес келе ме? ҚР-ның  Кеден Кодексінің 330-бабына сәйкес  Қазақстан Республикасының Салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан аумағынан әкетілетін(экспортталатын), шикі мұнай экспорттауда  рента салығынан босатылды. Осы бапта көрсетілген тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен кедендік алымдарды салудан босатуға арналған құжаттарды беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

43) Тәжірибелік сұрақ:«Адал» ЖШС-і 2009 жылы ҚХР-на өзінің құрал жабдықтарын кәсіпкерлік жүргізу үшін алып өтті, алайда 2011жылы бұл компания кәсіпкерлікті ҚР-да жүргізетін болып, алып өткен тауарын қайта кіргізді. Ол тауарлардың кері импорты режимін пайдалана ала ма және оның шарттары қандай?  Адал ЖШС компаниясы кері импорты режимін пайдалана алады, себебі тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастырудың шарттарының бәрі сақталған.Ал оның шарттары кеден кодексінің 122 бабында қарастырылған, олар мынадай шарттар: 1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде қазақстандық тауарлар мәртебесі болуы; 2) әкету сәтінен бастап  үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының кедендік режиміне мәлімделуі;3) тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың  қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан өзгеруді қоспағанда, олар өзгеріссіз жағдайда болуы; 4) кеден органдары тарапынан бiрдейлендiрiлген болуы тиiс; 5) тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасау, жөндеуге байланысты операциялар олардың әкетілген сәттегі құнымен салыстырғанда тауарлар құнының өсуіне әкелетін жағдайларды қоспағанда, тауарларды тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастыруға кедергі келтірмейді. Бұл ретте әкетілген күнгі құн мен әкелінген күнгі құнның арақатынасы тауарлардың кедендікдекларациясында көрсетілетін статистикалық құнының негізінде айқындалады. 

44) Тәжірибелік сұрақ: Кәсіпкер Д. Қазақстан Республикасына ірі мөлшерде электр құралдарын әкеліп, ол туралы тек екі ай өткен соң кеден органына мәлімдеді. Тауралар мен көлік құралдарын мәлімдеу тәртібін және мерзімдерін. Тауарларды кедендік режимде мәлімдеу және мерзімі ҚРның Кеден Кодексінің 117 бабында қарастырылған: кеден органы кеден декларациясын тіркеген күн тауарларды белгілі бір кедендік режимде мәлімдеген күн болып есептеледі.Осы Кеден Кодексінде белгіленген тәртіппен кеден органының тауарларды шығарған күні тауарларды кедендік режимде орналастырған күн болып есептеледі.

45) «Серт» ЖШС-і Қытайдан матаны Қырғыз Республикасына әкеліп әртүрлі киімдер тігеді. Ал ол тауарларды Қазақстанға әкеліп сатады. Мұнда тауарды шығарған ел қай ел болып табылады.Тауарлардың шығарылған елі: оны анықтау және  анықтау кезіндегі ерекшеліктерді сипаттаңыз. Тауардың шығарылған елі тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу және тауарды бұл аумақтан әкету жөнiндегі демпингке қарсы, өтемдiк және қорғау шараларын қоса алғанда, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатымен анықталады. Тауар толық өндірілген немесе осы Кеден Кодексінің 35-бабында белгіленген жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген ел тауардың шығарылған елі болып есептеледі. Тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаты үшін елдер тобы және елдердiң кеден одақтары тауардың шығарылған елі деп есептелуі мүмкін. Бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрде жеткізілетін тауарлардың шығарылған елін анықтау :1)Бірнеше лек етіп жеткізілетін бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлардың шығарылған елін анықтау кезінде, егер өндірістік немесе көліктік жағдайлары бойынша оларды бір лек етіп тиеу мүмкін болмаса, сондай-ақ тауарлар легі қателік салдарынан бірнеше лекке бөлінген жағдайларда, біртұтас тауар ретінде қарастырылады.Мына шарттар сақталған кезде қолданылады: 1)мұндай жеткізудің себептерін көрсетіп, лек-легімен жеткізілетін бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлар туралы кеден органын алдын ала хабардар ету және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодтарын, әр лекке кіретін тауарлардың құны мен шығарылған елін көрсетіп әр лектің сипаттамасын табыс ету. Қателіктің немесе мекен-жайына дұрыс жолданбаудың салдарынан тауарды бірнеше лекке бөлу жағдайларында тауарды бөлудің қателігін құжатпен растау қосымша табыс етіледі; 2) тауарлардың барлық легін бір елден бір келісім-шарттың шеңберінде бір жеткізушінің беруі; 3) тауарлардың барлық легін бір кеден органында декларациялау;4) тауарлардың барлық легін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына кеден органы тауарлардың алғашқы легіне қатысты жүк кедендік декларациясын қабылдаған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде әкелу. Тауарлар алушыға байланысты емес себептер бойынша тауарларды жеткізіп беру мүмкін болмаған жағдайда кеден органы декларанттың дәлелді өтініші бойынша тауардың қалған легін әкелу мерзімін ұзартуы мүмкін. Бұл орайда аталған ұзарту тауардың алғашқы легі әкелінген күннен бастап бір жылдан аспауы керек.

46. Тәжірибелік сұрақ: «Нұрай» Өндірістік кооперативі өндірілген тауарлары үшін мемлекеттен жеңілдіктер алып отыр. Мұндай жеңілдіктерді алудың және ұсынудын шарттары қандай? ҚР-ның Кеден ісі туралы кодекстің  330-бап. Кедендік төлемдер салудан босату, жүктердi, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшiн шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк; Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi; Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлар, Осы бапта көрсетілген тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен кедендік алымдарды салудан босатуға арналған құжаттарды беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

47) Тәжірибелік сұрақ:Тасымалдаушы компания тауарды халықаралық почта қызметін ұйымға өткізіп, ол туралы тауар межелі жеріне жеткенде ғана кеден органына хабарлады.Тауарларлар мен көлік құралдарын кеден Одағының кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі қандай? Тауарларлар мен көлік құралдарын кеден Одағының кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі: 1)Тасымалдаушы не тауарларды өткізуші тұлға өткізу пунктінде орналасқан кеден органын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуі туралы хабардар етуге міндетті. 2) Кеден органдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы хабардар ету - бұл Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына шекарадан өту фактісі туралы хабарлау.3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту кезінде кеден органын хабардар ету тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған тауарға ілеспе құжаттарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына табыс ету арқылы жүргізіледі.4) Кеден органының лауазымды адамдары кеден кодексінің 56-бабының 3-тармағында көзделген құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы емес. Тауарлар мен көлік құралдарын межелі кеден органына жеткізген кезде тасымалдаушы немесе тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға:1) жеткізуді бақылау құжаттарын;2) көлік және коммерциялық құжаттарын;3) әкелінген тауарлар мен көлік құралдарын табыс ету арқылы тауарлардың жеткізілгендігі туралы хабардар етеді.

48) Тәжірибелік сұрақ: Азамат Т. Өзбекстаннан Қазақстанға 2 тонна бақша өнімдерін өткізбек болды. Оған кеден органының қызметкері тауардын құның жалпы тәртіп бойынша есептелетіндігін айтқан. Алайда ол мұнымен келіспейтіндігін, өз тауарын оңайлатылған тәртіпен өткізуге құқылы екендігін мәлімдейді. Оңайлатылған тәртіппен мұндай көлемдегі тауарды ресімдеуге бола ма және оның нормасы Негізгі кедендік ресімдеу алдындағы және тыйым салынған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізуге жол бермеу үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу болып табылады. 

49. Тәжірибелік сұрақ: Жеке кәсіпкер шет елден әкелген 10 тонна азық түлік тауарын пайдалану мерзімі өтіп кеткендіктен кедендік сақтау қоймасынан алып кетпейтіндігін және одан мемлекет пайдасына бас тартатындығын мәлімдеді. Ол мұндай кедендік рәсімге тауарын орналастыруға құқылы ма? Кеден ісі туралы 271-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбi: 1. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операциялар және тауарларды кедендiк тазарту кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және жағдайларда жасалады. Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгiленген тауарларды iшкi тұтынуға енгiзу үшiн, олардың экспорты үшiн немесе тауарларға өзге кедендiк рәсiмдердi қолдану үшiн қажеттi кедендiк операцияларды жасау кедендiк тазарту деп түсiнiледi.  Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендiк тазартуды жасау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жүргiзген кезде кеден органдары қоятын талаптар негiзделген болуға және кеден одағы кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi талаптармен шектелуге тиiс. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операциялар тауарлардың шығарылған, жөнелтушi және тағайындалған елiне қарамастан бiрдей қолданылады.Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру кеден органына кедендiк декларацияны және (немесе) осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды берген кезден басталады.

50)Тәжірибелік сұрақ: Кеден ісі саласындағы тарифтік реттеу шарасы ретінде ҚР-нің үкіметі Қытайдан келетін аяқ киімдерге демпингке қарсы баж енгізді.  Кеден ісі саласындағы тарифтік реттеу шарасы демпингкке қарсы баж қандай   жағдайларда және негіздерде енгізіледі? Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.Кеден органдары демпингке қарсы қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алады. 

51. Тәжірибелік сұрақ: «НұрИнвестТабыс» Серіктестігі Қазақстанда өндірілмейтін құрал жабдықтарды инвестициялық жоба аясында кедендік жеңілдікпен, яғни баж төлемей ҚР-на әкелді. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер қалай және кімдерге беріледі? ҚР-ның Кеден ісі туралы кодекстің  330-бап. Кедендік төлемдер салудан босату, жүктердi, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшiн шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк; Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi; Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлар, Осы бапта көрсетілген тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен кедендік алымдарды салудан босатуға арналған құжаттарды беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

52. Тәжірибелік сұрақ:Азамат Б. Жеке пайдалануға деп шет елден 15 құты виски, 2000 дана темекі өнімін және 20 кг-ға жуық азық-түлік алып келді, оның бұл әкелген тауарлары жеке тұлғалардың бажсыз тауар алып келу нормасына сәйкес пе? Жеке тұлғалардың жеке тұтынуға тауарлар алып өтуінің нормалары мен көлемі қандай? жеке пайдалануға арналған, тасымалдаушы жеткізетін тауарлар - кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтпеген жеке тұлғаның атына не жеке тұлғадан кеден одағының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізу үшін халықаралық тасымалдау шарты бойынша (жүкқұжат, коносамент және өзге де құжаттар бойынша) тасымалдаушыға берілген немесе берілетін, жеке пайдалануға арналған тауарлар . Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуіне байланысты туындайтын осы Келісімде реттелмеген құқықтық қатынастар кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалады. Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарлар - салмағы 35 килограмнан жоғары, тауардың бір бірлігінен немесе бір жиынтығынан тұратын, оның ішінде тауардың жиналған, жиынтықталған немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеті бар деген шартпен, бөлшектелген, жиналмаған, жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауар. Жиынтықталым дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші тауардың заттаңбаларында, бұйымдарының паспорттарында, кепілдік талондарында, орам қағаздарында, өзге де құжаттарда ұсынған мәліметтер негізінде, сондай-ақ осындай тауардың немесе жиынтықтың функционалдық мақсатына сай келетін олардың жалпыға бірдей (дәстүрлі) қолданылуын негізге ала отырып айқындалады;

53. Тәжірибелік сұрақ: Азамат Өзбекстан Республикасынан 8 тонна қауын-қарбыз өнімдерін оңайлатылған тәртәппен алып өту үшін кеден органына мәлімдеді. Жеке тұлғалардың оңайлатылған тәртіпте тауарлар өткізуі тәртібі және мөлшері қандай?

264-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды өткізу тәртібі  1. Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынғандарын қоспағанда, өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шарттар мен нормалар сақталған жағдайда, жеке тұлғалар осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіпте Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізеді.  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген салмақтық және құндық нормалардың шегіндегі, оларға қатысты жеңілдетілген тәртіп көзделмеген тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіппен өткізеді. 3. Шетел мемлекеттерінде үздіксіз болу мерзімі алты айдан асатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жеке құрамының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріндегі жұмысының аяқталуына орай, келген елiнен жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерде бүкіл жұмыс істеу кезеңі ішінде алған жалақы сомасының шегінде кедендік баждар төлеместен әкелуге құқығы бар. 4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртібі көзделмеген тауарларға кедендік ресімдеудің осы Кодекспен белгіленген жалпы тәртібі қолданылады.

54. Тәжірибелік сұрақ: ҚР-ғы шетелдік елшілік қызметкері өзімен бірге жеке тұтынудағы заттарын (5 аяқ киім, 3 сыртқы киім және т.б.), 5 электрондық аспап (әр түрдегі), және 50 келі азық-түлік өнімін алып келді, ол мұндай мөлшерде кедендік салықтар төлемей тауар алып өте алады ма, шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының тауарларды өткізуінің тәртібін сипаттаңыз? Бұл жағдайда кедендік салықтарды төлемей тауарларды алып өте алады себебі, кеден ісі кодекске сәйкес Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарлар - салмағы 35 килограмнан жоғары, тауардың бір бірлігінен немесе бір жиынтығынан тұратын, оның ішінде тауардың жиналған, жиынтықталған немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеті бар деген шартпен, бөлшектелген, жиналмаған, жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауар. Жиынтықталым дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші тауардың заттаңбаларында, бұйымдарының паспорттарында, кепілдік талондарында, орам қағаздарында, өзге де құжаттарда ұсынған мәліметтер негізінде, сондай-ақ осындай тауардың немесе жиынтықтың функционалдық мақсатына сай келетін олардың жалпыға бірдей (дәстүрлі) қолданылуын негізге ала отырып айқындалады; Шетел мемлекеттерінде үздіксіз болу мерзімі алты айдан асатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жеке құрамының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріндегі жұмысының аяқталуына орай, келген елiнен жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерде бүкіл жұмыс істеу кезеңі ішінде алған жалақы сомасының шегінде кедендік баждар төлеместен әкелуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртібі көзделмеген тауарларға кедендік ресімдеудің осы Кодекспен белгіленген жалпы тәртібі қолданылады

55. Тәжірибелік сұрақ: Азамат К. АҚШ-тан автокөлік алып келіп оны 5 айдан кейін тауарлардың еркін айналысы кедендік рәсіміне орналастыру үшін кеден органына жүгінді. Ол кедендік ресімдеу мерзімін өткізіп алған жоқ па? Кедендік ресімдеу тәртібі және мерзімдерін ашып беріңіз? Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін та-уарлар мен көлік құралдарының заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртінтерін және оның сакталуын аныктайды, басқа да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңға сәй-кестігін нақтылайды және кеден бакылауьш өткізуді қамтамасыз етеді. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының калауы бойын-ша сол жерде және оның қызмет орнының аймактарында немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді.

56. Тәжірибелік сұрақ: Электр энергиясын экспорттаушы ЖШС айдын басында уақытша декларациялау негізінде Ресейге 20 МВт электр энергиясын шығаратындығын мәлімдеді.? Кедендік декларациялауға электр энергиясының іс жүзінде әкелінген және әкетілген мөлшері жатады. Электр энергиясының мөлшері технологиялық келісілген және электр энергиясының өтуін белгілейтін жерлерде орнатылған есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің, тиісті сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды іс жүзінде жеткізу туралы актілердің, тапсыру-қабылдау актілерінің және электр энергиясының сальдо-артық легі ретінде (кернеудің барлық сыныптарының барлық жұмыс істеп тұрған мемлекетаралық электр беру желілері бойынша қарсы бағыттардағы электр энергиясы артық легінің алгебралық сомасы) электр энергиясының іс жүзінде өтуін растайтын басқа да құжаттардың негізінде екі шектес мемлекеттің энергия жүйелері қатарлас жұмыс істеген жағдайларда әрбір күнтізбелік ай үшін айқындалады. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін электр энергиясын кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 449-бабының 1-тармағына сәйкес, Қ. Р. аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының не шектес мемлекеттің аумағында орналасқан есепке алу аспаптарының көрсеткіштері пайдаланылады. Қ. Р. аумағы арқылы энергия жүйесінің қосарлы жұмыстары жағдайында Қ. Р. аумағы арқылы электр беру желісімен өткізілетін электр энергиясы кедендік транзит кедендік рәсімдеріне орналастырылуға жатпайды. Бұл ретте электр энергиясы іс жүзінде өткізілген әрбір күнтізбелік айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірілмей кеден органына есеп айырысу кезеңінде өткізудің көлемі, электр энергиясының шартты құны туралы мәліметтер және өзге де белгіленген мәліметтер көрсетіле отырып, жазбаша өтініш табыс етілуі қажет.

57. Тәжірибелік сұрақ: Азамат Т. Кеден брокері лицензиясын алу үшін кеден органына жүгінді, оған кеден органы кеден брокері лицензиясын алу үшін 5 мың еуро алым төлеу керек екендігін айтып өтінішін қабылдамады. Кеден органының әрекеті заңды ма? Кеден брокерінің тауарларды декларациялаудағы ролі қандай? 401-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия .1. Кеден брокері ретіндегі қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган берген лицензияны алғаннан кейін жол беріледі.2. Лицензия алу үшін: 1) мүдделі тұлғаның белгіленген нысан бойынша өтінішін;  2) өтініште көрсетілген мәліметтерді және өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар, атап айтқанда: тіркеу құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін; осы Кодекстің 400-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар; 3) лицензия бергені үшін алым төлегендігін растайтын құжаттар ұсыну қажет; 3. Лицензия беру туралы өтінішті қарау кезінде уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы. Әрине бұл жерде кеден органдарының іс-әрекеті заңсыз болып саналады.

58. Тәжірибелік сұрақ: Азамат Д. Кеден органына тауарларды кедендік ресімдеу үшін қазақ тілінде өтініш берді. Алайда оған кедендік ресімдеу бағдарламасының орыс тілінде екендігін айтып, одан өтінішті орыс тіліндне беруін өтінді. Кеден органы қызи\меткерінің әрекетә заңды ма, кедендік рәсімдеу жүргізілетін тілдің тәжірибелік маңызы қандай?  Кеден ісі туралы заңның 366-бап. Кедендік ресімдеу жүргізілетін тіл  Кедендік мақсаттар үшін құжаттарды толтыруды қоса алғанда, кедендік ресімдеу мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі. Уәкілетті орган шет тілдерінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кедендік мақсаттар үшін кеден органдарының қабылдауы және пайдалануы мүмкін жағдайларды белгілеуге құқылы. Бұл жерде кеден органдары әрекеті заңсыз.

59. Тәжірибелік сұрақ:  Азамат 12 мың АҚШ долларын кеден шекарасы арқылы алып өтпек болды. Ол мұндай жағдайда ақшасын декларациялауға міндетті ме? Жолаушылардын тауарларын декларациялаудың ерекшеліктерін сипатаңыз? 376-бап. Бұл жпғдпйда шетел азаматы өз Декларанттың міндеттері: 1) тауарлар мен көлік құралдарына декларация жүргізуге; 2) кеден органының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарын көрсетуге;  3) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге;  4) осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге немесе олардың төленуін қамтамасыз етуге; 5) кеден органдарының осы Кодексте көзделген өзге де талаптарын орындауға міндетті.

60. Тәжірибелік сұрақ: Азамат Т. Кеден брокері лицензиясын алу үшін кеден органына жүгінді, оған кеден органы кеден брокері лицензиясын алу үшін 5 мың еуро алым төлеу керек екендігін айтып өтінішін қабылдамады. Кеден органының әрекеті заңды ма? Кеден брокерінің тауарларды декларациялаудағы ролі қандай? 401-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия .1. Кеден брокері ретіндегі қызметке осындай қызметті жүзеге асыру құқығына уәкілетті орган берген лицензияны алғаннан кейін жол беріледі.2. Лицензия алу үшін: 1) мүдделі тұлғаның белгіленген нысан бойынша өтінішін;  2) өтініште көрсетілген мәліметтерді және өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар, атап айтқанда: тіркеу құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін; осы Кодекстің 400-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар; 3) лицензия бергені үшін алым төлегендігін растайтын құжаттар ұсыну қажет; 3. Лицензия беру туралы өтінішті қарау кезінде уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды сұратып алуға құқылы. Әрине бұл жерде кеден органдарының іс-әрекеті заңсыз болып саналады.


     

1 Кеден құқығына жалпы сипаттама

2 Кеден органының лауазымды тұлғасының құқықтық жағдайы

3 Кеден құқығының пәні мен тәсілдері

4 Кеден органдарындағы қызмет және оның түрлері

5 Кеден ісі, оның өрісі, жалпы сипаттамасы

6 Кеден құқығының қағидалары

7 Кеден саясаты, оның түсінігі және құрылмы

8 Кеден құқығының пәні

9 Кеден құқығының нормалары

10 Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің жалпы ережесі

11 Кедендік-құқықтық қатынастар

12 Кедендік  рәсімдер (жалпы сипаттама)

13 Кеден құқығының қайнар көздері

14 Кеден қоймасы режимі

15 ҚР кеден кодексіне жалпы сипаттама

16 Еркін кедендік аймақ және еркін қойма режимі

17 Тарифтік емес реттеу шаралары: түсінігі және түрлері

18 Кедендік өткізу пункттері

19 Халықаралық кеден құқығының негізі. Европалық Кеден Одағы

20 Кеден төлемдері және салықтар

21 Кеден құқығының құқық жүйесіндегі орны

22 Кедендік төлемдер ставкаларының түрлері

23 Кеден мәселелері бойынша халықаралық конвенциялар (келісімдер)

24 Лицензия бергені үшім алымдардың түрлері

25 ҚР кеден органдарының жүйесі

26 Алдын ала жасалатын операциялар және алдын ала шешім

27 Кеден органдарының функциясы

28 Кеден құқығының арнайы қағидалары

29 Кеден органына тәуелді мекемелер мен ұйымдар

30 Кеден бақылауы. Түсінгі және нысандары

31 Кеден органының лауазымды тұлғасы Қайыпбеков А.

32 Жеке кәсіпкер А. Кеден қоймасын ашу үшін кеден органына

33 «Азимут» ЖШС-і шет мемлекеттен тауарлар әкелу кезінде

34 Азамат Д. Кеден шекарасы арқылы құны 130000 теңгелік

35 Жеке тұлға шет елден шыққан жылы 2000 жылғы автокөлік

36 Азамат Түрік Республикасынан Қазақстанға жеке мақсатта

37 Уақытша сақтау қоймасындағы тауарларды жеке кәсіпкер

38 Интелъектуалдық меншік объектісін  азамат өзі автор

39 Тауарлардың кедендік құның анықтау кезінде азамат Б.

40 Қазақстан Респуликасында жеңілдікпен автокөліктер кедендік

41 Жеке кәсіпкер кедендік декларацияны тауарды сатып алу

42 Мұнай экспорттаушы компания экспорттық рента салығын

43 Адал» ЖШС-і 2009 жылы ҚХР-на өзінің құрал жабдықтарын

44 Кәсіпкер Д. Қазақстан Республикасына ірі мөлшерде электр

45 «Серт» ЖШС-і Қытайдан матаны Қырғыз Республикасына

46  «Нұрай» Өндірістік кооперативі өндірілген тауарлары үшін

47 Тасымалдаушы компания тауарды халықаралық почта

48 Азамат Т. Өзбекстаннан Қазақстанға 2 тонна бақша өнімдерін

49 Жеке кәсіпкер шет елден әкелген 10 тонна азық түлік тауарын

50 Кеден ісі саласындағы тарифтік реттеу шарасы ретінде ҚР-нің

51  «НұрИнвестТабыс» Серіктестігі Қазақстанда өндірілмейтін

52 Азамат Б. Жеке пайдалануға деп шет елден 15 құты виски,

53 Азамат Өзбекстан Республикасынан 8 тонна қауын-қарбыз

54 ҚР-ғы шетелдік елшілік қызметкері өзімен бірге жеке

55 Азамат К. АҚШ-тан автокөлік алып келіп оны 5 айдан кейін

56 Электр энергиясын экспорттаушы ЖШС айдын басында

57 Азамат Т. Кеден брокері лицензиясын алу үшін кеден

58 Азамат Д. Кеден органына тауарларды кедендік ресімдеу

59 Азамат 12 мың АҚШ долларын кеден шекарасы арқылы алып

60 Азамат Т. Кеден брокері лицензиясын алу үшін кеден




1. Общий анализ мокроты
2. на тему- Ціни біржової торгівлі Підготувала- Студентка гр
3. в том числе с психологической адаптацией
4. Video from portble cmers is nlyzed to clculte the distnce of obstcles nd predict the movements of people nd crs
5. 2014 Дорогие коллеги Ассоциация дополнительного образования и просвещения АДОиП пригл
6. Влияние схемы шлифования как динамического фактора процесса резания на дефектность и прочность изделий из ситаллов
7. УТВЕРЖДАЮ Заведующая ДОУ Ф
8. Інформаційні системи і технології на підприємств
9.  Посадка лоцмана на борт судна
10. на тему- Сталинград 70 лет назад Работу выпол
11. Реферат Студентки 1 курсу спеціальності польська та українська мови і літератури Павловської А
12. 40см высота 40см 250 руб.html
13. а Доц. Писанко Практичний курс перекладу з китайської мови Викл
14. Налоговый контроль по налогу на доходы физических лиц
15. а верста; вес ~ пуд 164 кг; жидкие тела ~ бочки ведра кружки бутылки.
16. Реферат- Поиск и сохранение информации в сети Интернет
17. 0001 Шар Олимпийский 8 Марта под воздух ОЛИМПИЙСКИЙ РОССИЯ
18. ЮРГУЭС УТВЕРЖД
19. Вступ3 Класифікація та загальна характеристика машин і о
20. веды и происходит название этого периода