Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~лем мойында~ан ж~не кезкелген ~йымды бас~ару ~~руды~ тиімді ~~ралы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.6.2024

КІРІСПЕ

Сапа менеджментінің жүйесі - әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. ИСО 9000 сериялы стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттан-дыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз - өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше – Сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп, ол өз кезегінде жаңа үдерістерді, құжаттардың жаңа үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.Дамыған елдердің жүз мыңдаған тауар өндірушілері өз қызметтерін осы нормаларға сәйкестендіреді. ТМД елдеріндегі олардың саны бірнеше онмен ғана саналады, алайда халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге ұмтылыс қарқын алып келеді.Сапа менеджменті анықтамасын қарастыру үшін үйымды басқару дегеніміз не дегенді жалпылама тұрғыда бейнелеп алған пайдалы.

Барынша қарапайым түрде айтқанда басшылық дегеніміз мақсаттарға қол жеткізу жолында ресурстарды ұйымдастыру, бақылау және басқару.

Оны неғұрлым дәлірек ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, басшылықтың саясатын айқындау және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сол саясатты басқару жүйесіне енгізу ретінде бейнелеуге болады.Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіштері мен сапа индекстерін анықтау.

Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейі көрсетеді.Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу                                                              өнімнің сапасына тікелей орын береді.Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен); тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
Есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;

Органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
Социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
Сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар. Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады. Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
•сұрыптылығы;

•маркасы;
•жүктелімі;

•пайдалызаттың мазмұны

• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Сапа көрсеткіштері

Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн:

- әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;

- нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.

Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері.

Көрсеткіштердің алғашқы тобы өндіріспен байланысты:

- атқарумен түзетулердің көлемі.

- Жұмыс жүктемесіндегі (нарядтағы) қателер.

- Жарамсыз деп табылған бұйымдар проценті.

Екінші топ – сапаны қамтамасыз ету.

- Қате жасалған партия проценті.

- Құрылымды өзгерту мөлшері.

- Есеп айырысудағы және шоттарды ресімдеудегі қателіктер.

- Түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің ұзақтығы.

Үшінші топ – бухгалтерлік есеп:

- Мерзімі өткен төлемдер проценті;

- Жаңылыс бухгалтерлік жазбалар;

- Төлем тізімдемесіндегі қателер;

- Ақпарат алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру.

Төртінші топ – маркетинг:

- Болжамдық жорамлдың дәлдігі;

- Қате толтырылған тапсырыстар мөлшері;

- Мәмілелердегі қателер;

- Ақпарат алу уақыты.

Бесінші топ – ақпараттық қызмет көрсету;

- график бойынша шығарылмаған есеп берулер саны;

- бағдарламадан табылған қателер;

- мәтінде өзгертілгендер саны;

- Ақпаратты алу уақыт

Сапаны басқару

Өнім сапасын басқару жүйесі

Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау жәнеобоптерін белгілеу кіреді.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын

негізгі проблемалар, олар:

• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;

• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда іске асқан жөн.
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы — нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін.

• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық                                                  
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.

• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын жәнемүдделерін қорғаудан тұрады.

Сапаға қойылатын талаптар

Өндіріс сапасымен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсы бір өндіріс (бөлімінің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа – шын мәнінсінде баршаның және әркімнің  мақсатты ісі.

Тиісті сапаны қамтамасыз ету үшін негіз салушы жағдайлар мен талаптарды сақтау.

- тұтынушыға осы процестің маңызды құрамдасы ретінде қарау;

- басшылықтың фирманы басқару жүйесін жақсарту процесін енгізу жөніндегі ұзақ

мерзімді міндеттемелерді қабылдауы;

- кемелге келу шексіз деген сенім;

- олар проблемалардың әсеріне жауап қатқаннан гөрі алдын алған жөн;

- мүделілік, жетекші рөл және басшылықтың тікелей қатысуы;

- ең аз шамадағы қателіктерден көрінетін жұмыстың үлгі-қалпы ( стандаоттары);

- фирманың барлық қызметкерлерінің ұжымдық түрде де, жекеше түрде де қатысуы;

- адамдарды емес, процестерді жетілдіруге баса назар аудару;

- жабдықтаушылар сіздің серіктесіңіз болады деген кәміл сенім;

- еңбекті мойындап, қадірлеу;

Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа – материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол – бәсекеге

деген мүмкіншіліктің негізі.)

Тұтынушы тұрғысынан қарағанда бұйым сапасы – тұтынушы талаптарын

қанағаттандыру деңгейі. «Тұтынушыдан асқан бастық жоқ».

- бақылау мен өнімді сынау жүйесіне – сенімділік сертификаты;

- өндірісті ұйымдастыру жүйесіне;

- сапалы жобалаудан бастап пайдалануға дейін басқару жүйесі;

- сапаны технологиялық процесте қамтамасыз ету;

- сапаны қолдау жүйесін фирмашілік бақылау.

 

Индекстер туралы түсінік

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасауда қорытындылаушы көрсеткіштің бір түрі индекстік әдіс болып табылады.

Индекстік әдіс деп бір-біріне тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың бір түрі болып табылады.

Индекстік әдісті қолдану арқылы салыстыруға келмейтін экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің өзгеруін; құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін; күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсер ететін себептерді анықтау мәселелерін шешуге болады.Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жүргізүде екі уақыт кезеңінің нақты сандық көрсеткіштері алынады. Салыстырылатын уақыт шамасы есепті немесе ағымдағы деп аталады. Бұл көрсеткіш үнемі индекстік қатыныстың алымында беріледі, «1» деген таңбамен белгіленеді.Индекстік әдіспен есептелінген көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны 100-ге көбейту арқылы %-пен өлшенеді. Егер индекстік көрсеткіштер 1-ден немесе 100-ден көп болса, құбылыстың өткендігін, ал аз болса, онда кемігендігін көрсетеді.

Индекстер зерттеу объектісінің көрсеткіштеріне байланысты екі топқа бөлінеді: көлемдік және сапалық .Көлемдік индекстерге өнім көлемінің жалпы индекстері жатады. М/ы, өнеркәсіптің, а/ш-ның, т.б. көлемі алынады. Көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бағамен бағаланады.Сапалық индекстерге бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің индекстері жатады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.

Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.Жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне байланысты индекстер жеке және жалпы болып бөлінеді.

Жеке индекстер дегеніміз біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасы. М/ы, ағымдағы және базалық уақытты салыстыру арқылы көрсеткіштердің қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.

Жеке индекстер кіші «і» әрпімен белгіленеді. Зерттеу объектісінің белгісіне қарай индекстік белгінің оң жағына оның таңбасы қатар жазылады (ір,іq,іz). Бағаның жеке (дара) индексін есептеу үшін сол заттың ағымдағы кезеңдегі бағасын базалық кезеңдегі бағасына бөлу керек:

ір=Р1/Р0

Өнім көлемінің жеке индексі :

iq=q1/q0

Өнімнің өзіндік құнының жеке индексі:

iz=z1/z0

Еңбек өнімділігінің жеке индексі:

it=t0/t1

Мұндағы T1, T0 бір дана өнімді өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері.

Қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңнең тұрып, олардың ағымдағы әрбір дәрежесі оның алдынғы уақытта тұрған шамасымен салыстырылса, ол өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп аталады және  келесідей жазылады:

iq=q1/q0 ; q2/q3 ; q3/q2 ; т.с.с.

Егер қатардың әр дәрежесі белгілі бір тұрақты базалық кезең мәнімен салыстырылса, ол базалық индекстер деп аталады және оны келесідей көрсетеміз:

iq=q1/q0 ; q2/q0; q3/q 0 ; т.с.с.

Жеке индекстер құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін зерттеуде қолданылады, олар сол құбылыстың қандай себептерге байланысты өзгергендігін анықтай алмайды. Сондықтан да жалпы индекстерді қолданамыз.

Жалпы индекстер дегеніміз тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі болып табылады. Құбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады.Статистикада жалпы индекстер үлкен «І» әрпімен белгіленеді, оның төменгі оң жағына нені зерттейтініне байланысты таңбасы бірге жазылады.(Іq, Іp, Іz, Іqp, т.б.)Жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе топтардан тұратын болса, олар топтық индекстер деп аталады. М/ы а/ш-қ өнімдері жалпы, ал мал шаруашылығы, өсімдік шар-ң өнімдері топтық индекстерге жатады.Есептеу әдістемесіне байланысты жалпы немесе топтық индекстер агрегаттық және орташа болып бөлінеді.Агрегатты индекстер, мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең.

Тауар айналымының жалпы индексін мына формуламен есептейді:

Іqp=Σq1p1/Σq0p0 , мұндағы

Σq1p1 және Σq0p0   - екі мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы құны;

Тауар айналымының көлемдік жалпы индексінің формуласы келесідей:

Іq=Σq1p0/Σq0p0 , мұндағы

Σq1p0 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен бағамен есептегендегі шартты құны.

Σq0p0 -өткен мерзімдегі сатылған тауарлардың құны.

Бағаның жалпы индексі келесі (Паоша) формуламен өрнектеледі:

Ip= Σp1q1/Σp0q1 ; мұндағы

Σp1q1 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың жалпы құны;

Σp0q1 - ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен уақыттағы бағамен есептегендегі шартты құны. Осы индекстердің байланысын келесідей түрде көрсетуге болады:

Σp1q1/Σp0q0= Σq1p0/Σq0p0*Σp1q1/Σp0q1

Агрегаттық индекстердің өзара байланысы арқылы есептелген көрсеткіштердің дұрыстығын және экономикалық құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін себептерді анықтауға болады.Көрсеткіштің сандық және сапалық мәндері белгісіз болып, оның орнына өткен мерзімдегі тауар айналымы, өнім өндіру шығындары, сатылған тауар көлемі, оның әр данасының бағасы немесе өзіндік құн % есебімен өзгерген түрде берілсе, олардың өзгерісін анықтау үшін агрегаттық индекстерді жеке индекстер бойынша есептелген көрсеткіштерді қолдана отырып, орташа индекстерге түрлендіреміз. Мұндай түрлендіруді екі тәсілмен жүргізуге болады: арифметикалық және үйлесімдік.Арифметикалық орташа индекс. Егер шығарылған өнімнің саны (q) мен өзіндік құны (z) белгісіз, ал өткен мерзімдегі жалпы шығын (z0q0) мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі (iq) белгілі болатын болса, өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін, көлемдік индексті қолданамыз:

Іq=Σq1z0/Σq0z0

Әрбір өндірілген өнім көлемінің өзгергені жеке индекс түрінде белгілі. Онда жеке көлемдік индекстің формуласынан (iq=q1/q0), белгісіз (q1=iqq0) тауып, бөлшектің алымына жазсақ, формула келесідей түрге түрленеді:

Іq=Σq1z0/Σq0z0=Σ iq q0z0/Σq0z0

Арифметикалық орташа индекс экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде көрсеткіштердің өзгерістері коэфицентпен немесе %-н берілгенде қолданылады.

Үйлесімдік орташа индекс. Егер ағымдағы мерзімде шығарылған өнім саны (q1) және өзіндік құны (z1) белгісіз, ал жалпы шығын (z1q1) мен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі (iz)  белгілі болса, онда мұндай көрсеткіштерді есептеу үшін, өзіндік құнның жалпы индексін үйлесімдік орташа индекске түрлендіреміз. Ол үшін агрегаттық индекстің (Iz= Σz1q1/Σz0q1) бөліміндегі өткен уақыттағы өзіндік құнды есептеп алу керек. Оны есептеу үшін өзіндік құнның жеке индексінен (iz = z1/z0) өткен мерзімдегі өзіндік құнды тауып (z0=z1/iz) қойсақ , үйлесімдік орташа индекстің формуласы келесідей түрге түрленеді:

Iz=ΣZz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σz1/izq1=Σz1q1/Σz1q1/iz}

Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.

Экономикалық  құбылыстардың орташа көрсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оның әсерін тигізетін әрбір себептер жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты және өзгермелі құрамды индекстерарқылы анықталады.

Тұрақты құрамды индекс. Құбылыстың өзгеруіне әсерін тигізетін себепті анықтау үшін сапалық көрсеткіштер құрамын өзгермелі түрде алсақ , яғни салыстыратын екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі қолданылса, онда тұрақты индекс шығады, оны сапалық мәндері бойынша келесі формуламен көрсетеміз.

1) баға бойынша: Ipт.қ=Σp1q1/Σp0q1= Σq1p1/Σq1: Σp0q1/Σq1

2) өзіндік құн бойынша: Izт.қ=Σz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σq1: Σz0q1/Σq1

Өзгермелі құрамды индекс. Мұнда статистикалық талдау жасау үшін, екі уақыт кезеңіндегі зерттелетін құбылыстың орташа шамалары жеке-жеке есептеледі, бір-бірімен салыстырылады және олардың қандай себептерден өзгергені анықталады. Бұл индексте салмақталған екі орташа шаманың қатынасы қарастырылады. Сондықтан оны орташа шамалар индексі деп те айтады және келесі формулалармен есептеледі:

1) баға бойынша: Ір= Σq1p1/Σq1 : Σp0q0/Σq0= p1:p0 

 2) өзіндік құн бойынша: Іz= Σq1z1/Σq1 : Σz0q0/Σq0= z1:z0 

 Құрылымның өзгеру индексі. Егер жиынтық құрамының өзгеру әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталса, ол құрылымның өзгеру индексі деп аталады. Оны есептеу үшін өзгермелі құрамды индексті тұрақты құрамды индекске бөлу керек және формуласын келесідей түрде көрсетуге болады:

Іқұрылымның өзгеру индексі = Іөзгермелі инд. / Ітұрақты инд.

Қарастырылған үш индекстің арасындағы өзара байланысты көрсетсек:

Іөзгермелі құр-ы инд.= Ітұрақты құр-ы инд. * Іқұрылымның құр-ы инд.

Бұл индекстер басқару жұмыстарына талдау жасауда, экономикалық мәселелерді шешуде жиі қолданылады. Өзгермелі құрамды индекс жалпы сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін, тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы арқылы көрсетеді, яғни сапа көрсеткіштері өзгерістерінің қандай себептер әсерінен болғанын анықтайды.
Қазақстан Республикасындағы сапа менеджменті жүйесін жетілдіру
Бизнес жүйесінің интегративтік сапалары. Іскерлік қатынастың кез келген табиғатын, өндірістің ғылыми жүйелері сияқты өзіне тән бизнестік жүйелік қасиеттері болады. Әдетте, бизнестің осы қасиеттерін бизнес жүйесінің интегративтік сапалары дейміз. Өзіне тән қасиетіне байланысты осы сапа аталған жүйенің біртүтас құрамы болып қалыптасады. Бизнес жүйесінің негізгі интегративтік жүйелеріне төмендегілер жатады:

— бизнес жүйесінде атқаратын функционалдық қызметіне қарамай-ақ барлық субъектілердің әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздігі сақталады;
— іскерлік қатыс барлық субъектілер ықыластарының консенсусы болып табылады.

Бизнестегі қатыс барлық субъектілердің бір-бірінен тәуелсіз болулары шартты жағдай. Бұл қағиданы сақтау кәсіпкерлерден, жалдамалы қызметкерлерден, тұтынушылардан, мемлекет мекемелерінен келісімнің жаңа түрін іздеуде, өз қимыл-әрекеттерін іске асыру жолында, керек болса, өздерінің мүлкімен заң алдында жауап беруді талап етеді. Бұл субъектілер бір-бірінің мүддесіне карама-қарсы келмеулері керек.
Іскерлік қатыс субъектілерінің тәуелсіздіктерін бір мағынада түсінуге болмайды. Экономикалық субъектінің бостандығы керісінше — өз серіктестерінің мүдделерімен санаспай, өз бетінше әрекет жүргізу принципі. Бұл принцип экономиканың талаптарына сай келмейді. Себебі, рыноктың толық іске асуы үшін кәсіпкерлердің шығаратын өнімдері тұтынушыларды толық қанағаттандырулары керек. Жалдамалы қызметкерлер де, егер өз жұмысшы күшінің бағасы, жұмыс орнының саны мен сапасы, қажетті мамандарының саны мен сапасы, тағы басқалары жайынан ақпараттары болмаса, кәсіпкерлерге тең құқықты жағдайда жалдана алмайды.
Іскерлік қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі дел келісім жүргізген кезде олардың бір-біріне ықыласымен, саналы қатыстардың шарттарының толык сақталуымен қоса, субъектілер іс-әрекеттерін үкімет орындары мен оның басқару буындарының  қорғауында болуы айтылады.

Бизнес жүйесінде өзара байланыстары бар субъектілер қашан болса да жаңа шешім қабылдағанда, барлық қажетін қанағаттандыратын әлеуметтік-экономикалық мүдденің консенсусына көңіл аударулары тиіс. Мүдденің консенсусы дегеніміз — осы ықыласқа барлық жақтың іскерлікке қатысты уәделеріне берік болып, өз контрагентінің тәуелсіздігін бұзбау.

Бизнестің жүйесі экономиканың ұзақ эволюциялық жолмен дамуының нәтижесі.
Іскерлік қатыстар субъектілерінің тәуелсіздігі мен олардың арасындағы мүдделерінің консенсусы бірін-бірі қамтамасыз етеді. «Іскерлік» адамдардың өзара қатынастарындағы қайшылықтар қоғамдық консенсустың шегінен шықпауы керек және жалпы мемлекеттік мәселеге айиалып шешілмесе, тұйыққа тірелмеуі керек.
Бизнес өзін-өзі реттеуші жүйе. Бірақ та іскерлік қатыстардың заң шығарушылық және бағдарлаушылық реттеушілері бар. Заң шығарушылық — реттеуші заңды және заңсыз бизнестерді бірінен бірі ажыратып, заңды бизнесті қолдап, көлеңке бизнеске тыйым салады. Сонымен қатар, бизнеске қатысушылардың бір-бірінің алдында жауапкершілігінің заңдылық жағын анықтайды. Бизнестің мөлшерін бағдарлаушы, реттеуші, көтермелеуші сияқты экономикалық тетіктер заңды бизнесті кепілдікке алу, қолдау және қорғау жолдарын анықтайды.

Бүгінгі Қазақстан экономикасында бизнестің жүйелі түрі қалыптасуда. Бұрынғы Совет Одағында жеке кәсіпкершілікке ресми түрде тыйым салынды, тіпті, ол әрекет заң алдында жауап беретін іс болды. Жоспарлы экономикада қосымша шаруашылыққада еңбек ететін және ұсақ қолөнер кәсіпкершілігімен шұғылданатын адамдар тысқары қалды. «Бизнесті» айтпағанда, «кәсіпкер», «кәсіпкершілік» деген сөздер қолданбақ түгілі, ол аталмаушы еді.

Кәсіпкерлік фирмалардың түрлері. Кәсіпкерлік фирма дегеніміз — азаматтардың және ұйымдардың заңды кәсіпкерлік қызметінің түрі. «Кәсіпкерлік фирма» — заңды экономикалық термин. Қазақстан Республикасындағы барлық кәсіпкерлік фирмалар қызметтерінің іс жүйесін Қазақстан Республикасының заңы реттейді.
Қазақстан Республикасы бекіткен ереже бойынша жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын ұжымдар жеке еңбек әрекеті, ал жалдамалы еңбекті пайдалану арқылы жүргізілетін кәсіпкерлік әрекет өнеркәсіп ұжымы болып тіркеледі.

Сөйтіп, кәсіпкерлік фирма — жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерліктің бір түрі. Рыноктық экономика дамыған елдердің бәрінде де саны және сапасы жағынан әртүрлі кәсіпкерлік фирмалар бар.

Фирмалардың әр түрлі болуы олардың меншік түріне тікелей байланысты. Сонымен қоса кәсіпкерлік фирмалар өнім ассортименттерінің әртүрлілігімен, одақтарға кіру тәсілімен, бәсеке жүргізу жағдайы және бәсекелестік жолы жағынан ажыратылады.

Сапалық көрсеткіштер негізіне меншік түрлері жатады. Олардың ішіндегі жиі

кездесетін түрлерін атап өтелік:

- жеке меншіктегі фирмалар;

- жауапкершілігі шектелген ұжымдық кәсіпорындар;

- мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар (Батыс елдеріне бұған мемлекеттік ұжымдық не мемлекеттік және меншіктік аралас меншіктегі капиталдары бар өнеркәсіптер де жатқызылады);

- фирмалардың филиалдары мен өкілдіктері.

Сонымен қоса фирмалардың сапалық және сандық сипаттамалары бар. Кәсіпкерлік фирмалар сапалық жағынан меншік түрлеріне байланысты болса, сандық жағын жұмыскерлер саны мен капиталдың жылдық айналым мөлшеріне қарай ажыратуға болады.Өнеркәсіптердің сандық параметрі кызметкерлердің санына сәйкес мына төмендегідей бөлінеді (мысалы АКД):

- ең шағын өнеркәсіптер (қызметкерлер саны оннан аспайды);

- өте ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 20-дан аспайды);

- ұсақ өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 99-дан аспайды);

- ірі өнеркәсіптер (қызметкерлер саны 500-ден астам).

Басқа елдердегі кәсіпкерлік фирмалардың түрлерін ажырату сандық параметрлері

жағынан осыған ұқсас.

Өнеркәсіптер капиталдың жылдық айналым мөлшеріне сай мына төмендегідей бөлінеді (Германия):

- ұсақ өнеркәсіптер (капиталдың жылдық айналымы 25 мың маркадан аспайды),

- орта және ірі өнеркәсіптер (25 мың маркадан жоғары). Фирманың сандық параметріне қарай олардың жауапкершілігі де өзгереді. Мысалы: ұсак және өте ұсақ өнеркәсіптер, жауапкершіліктері шектелмеген жеке меншіктегі фирмалар немесе ұжымдық кәсіпорындары тобын айтуға болады. Орта және ірі фирмаларға көбіне жауапкершілігі шектелген акционерлік қоғамдар жатады.
Рынок экономикасы дамыған елдердің бәрінде де кәсіпкерлік фирмалардың әрекеттерін заң қорғайды және олардың өнімдері қоғам үшін аса қажетті деп саналады.
Қазақстан Республикасы экономикасындағы кәсіпкершілік фирмалардың қалыптасуы төмендегідей өтуде: жеке меншіктегі жауапкершіліктері шектелген ұжымдар, кәсіпорындар азаматтардың мемлекеттік, муниципалдық және басқадай меншіктегі кәсіпорындарды сатып алу арқылы немесе жаңа кәсіпорындар ұйымдастыру арқылы пайда болуда.

Әрбір меншік иесі фирманың барлық алған міндеттемелері үшін толық жауап береді. Ол фирманың капиталын алған, алынған кірістен немесе пайдадан, табыстардан не болмаса меншік иесінің жеке жарнасынан пайда болады.

Рыноктық экономика қалыптасқан елдерде меншік классикалық жеке меншік емес, яғни бір-ақ адамның меншігі сирек кездеседі. Мұнда меншіктер көбіне ұсақ кәсіпкершілік түрінде болады.

Қортынды

                                                                                                                                                                           

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы-өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.
ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдерді ұсыну. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей мұндай жетістіктерге тек сапаны кешенді басқару арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан сапаны тиімді басқару мәселесі, отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өте маңызды. Өнімнің сапасын және техникалық деңгейін жетілдіру – ҒТП–ның және өндірістік тиімділіктің артуына, сонымен қатар экономиканың интенсивті дамуына, отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін және елдегі халықтың өмір деңгейінің өсуіне жол ашады.

Өнімнің сапасын көтеру – кез келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Өйткені тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, ҒТП–ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға және кәсіпорында қолданылатын барлық  ресурстарды үнемдеуге қол жеткіземіз.

Өнімнің бәсекегеқабілеттілігі негізгі екі фактор арқылы анықталынады:

1. Өнімнің бағасы

2. Өнімнің сапасы қазіргі таңда өнімнің сапасы бірінші орынға қойылуда.
     Кәсіпорын өнімінің сапасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бұл кәсіпорын бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Кез келген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндіретін өнімінің немесе қызметінің сапасымен анықталады. Тұтынушылар әрқашан сапалы өнімді төмен бағамен сатып алуды ұнатады. Мұндай талаптарды бизнестің эволюциясы арқылы көруге болады. Мәселен: 1950 жылдары бизнестің негізі: өндірістік шығындар мен тарату шығындары + қажетті табыс = баға болса, ал 1990 жылдары нарықтағы бәсекелестіктің артуына байланысты бизнестің шарты өзгерді. Өндірушілер келесі формуланы қолдана бастады: нарықтық баға өндірістік және тарату шығындары пайда болады. Сапа – бұл бірнеше анықтамалардан тұратын өте күрделі философиялық, экономикалық және әлеуметтік категория болып табылады. Әдетте біз сапаны – белгілі бір критерияларға, нормаларға, талаптарға, стандарттарға сүйене отырып анықтаймыз.

Нарықтың жоғарғы технологиялық деңгейдегі бұйымдар мен сапалы тұтыну тауарларына толығуы – экономиканың толық өркендеуінің белгісін көрсетеді. XX–шы ғасырдың 80-ші жылдары бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз етуде сапа негізгі маңыздылыққа ие болды. Әлемдік нарықта тұтынушылардың 80 пайызы тауарды сатып алуда бірінші оның сапасына мән берді. Мәселен: Батыс Еуропа елдерінде кейбір тауарлар сапа сертификатынсыз нарыққа шығуына рұқсат етілмейді. Ал, басқа да сертификатталмаған тауарлар, сертификатталған тауарлардан екі есе төмен бағамен сатылуы тиіс деген заңнамалар бекітілген.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1-наурыз 2006 жылғы Қазақстан халықтарына жолдауында Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды . Бұл жұмыстың мақсаты осы стратегияға байланысты отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату тәсілдерін іздеу. Өнімнің сапасын жетілдіруде сапаны басқару жүйесінің халықаралық тәжірибесін қолдану, оның ішінде ИСО 9000 сериялы стандарттарын енгізу қажеттілігін айқындау.      

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1.  ТАРАУ. Тақырып бойынша ақпараттық шолу

1.1 Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

1.2 Сапа көрсеткіштері

  1.  Негізгі бөлім

2.1 Өнім сапасын басқару жүйесі

2.2 Сапаға қойылатын талаптар

2.3 Индекстер туралы түсінік

  1.  ҚОРЫТЫНДЫ

  1.  ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Системы менеджмента качества организаций высшего  профессионального образования» Ж.А.Кулекеев, Г.Г.Пивень.

2. «Сертификаттау» К. Сағадиев, А. Смағұлов, Б. Барақбаев

 3. «Основы маркетинга» Филип Котлер Москва «Бизнес-книга» 1995

4.Основы менеджмента» М.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури  Москва 2002

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

Факультет:  Технология және экономика

Кафедра: «Технология және стандарттау»

Мамандығы:050732-Стандартттау, метрология және сертификаттау

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Студент:    Шакиржанова Қ.

Топ СМжС 3курс

Курстық жұмыстың тақырыбы:     

Кәсіпорын жұмысының кешенді сапа көрсеткіші                       

Жұмыстың кеңесшісі:Айкеева Г.

Қорғалған күні_________________

Бағасы________________




1. ГЭОТАР 2013 Показания к пункции- диагностические- характер выпота пункционная биопсия при подозрени
2. тема образования Республики Беларусь
3. Экономика Испании - стабилизация и развитие
4. Влияние гендерных стереотипов на общение и взаимодействие людей
5. Стеклянный ангел
6. собственные оборотные средства обеспечивают запасы и затраты Авансовый отчет составляют-Подотчетные л
7. официант Боталова Татьяна Игоревна ассистентспециалиста парикмахерастилист.html
8. Особенности молодежной политики
9. МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ в помощь педагогам работающих в рамках районной комплексно целевой програм
10. реферат ученика 10 ldquo;Аrdquo; класса Захарова Леонида
11. Содержание белков в органах и тканях
12. Вероятностный подход в современном науковедении
13. модульної контрольної роботи 4 МАШИНІ ПОСТІЙНОГО СТРУМУ Білет 1
14. Философии для всех специальностей на 20102011 уч
15. Жизнь и творчество Фридриха Ницше.html
16. У кошки в эксперименте проводят раздражение одной из двигательных структур головного мозга в результате че
17. Семейное право Задачи
18. Тема лекции- Основы организации и мероприятия защиты населения от вредных и опасных факторов природного ан
19. АКТУАЛЬНІ ПРОБЛЕМИ ПРАВОЗНАВСТВА м
20. Морфология английского языка