У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

I. Бас~аруды~ негiзгi категориялары

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

Мемлекеттiк басқарудың түсiнiгi және мәнi.

  1.  Басқарудың негiзгi категориялары.
  2.  Әлеуметтiк басқару және оның түрлерi.
  3.  Мемлекеттiк басқару түсiнiгi және мәнi.
  4.  Мемлекеттiк басқару мен қоғамдық басқарудың арақатынасы.
  5.  Мемлекеттiк басқарудың негiзгi қағидалары.

ҚР-ның әкiмшiлiк құқығы - ҚР-ның ұлттық құқығының iрi салаларының бiрi болып табылады.

Онда мемлекеттiк басқару салаларындағы әр қилы қоғамдық қатынастар реттеледi. ҚР-ның әкiмшiлiк құқық саласы – ұлттық құқық саласында ерекше орын алатындықтан, ол тек қана пәнiмен ғана емес, қоғамның барлық салаларын да реттеумен ерекшеленедi.

Әкiмшiлiк құқық нормалары:

  1.  басқарма салаларындағы әр қилы қоғамдық қатынастарды бекiтiп, реттеп отырады;
  2.  құқықпен реттелетiн қоғамдық қатынастарды қорғайды;
  3.  қазiргi кезеңге сай келмейтiн қоғамдық қатынастарды басқару саласынан ығыстырып шығарады;
  4.  жаңа қоғамдық қатынастардың дамуына әсер етедi.

Қазiргi кезеңде әкiмшiлiк-құқықтық реттеудiң бұл бағыты өте зор мағынаға ие болып отыр.

Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты экономиканы басқару тәсiлдерi, басқару жүйесi, әлеуметтiк- мәдени және басқа да өмiр ағысының салалары әкiмшiлiк құқықтың нормаларын қамтып отырады. Яғни жаңа басқару қатынастарын реттеуге бағытталады.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың әсерiмен басқару саласындағы азаматтардың құқықтық мәртебесi, атқарушы билiктегi мемлекеттiк органдардың құқықтық жағдайы және олардың азаматтармен арақатынасы анықталады.

Әкiмшiлiк құқықты оқып үйрену үшiн оның ҚР-ның құқық жүйесiнiң саласы ретiнде қалыптасуының әдiстемелiк негiздерiн анықтау қажет. Ал, ол басқару деген мағынаға ие болатын әлеуметтiк құбылыспен объективтiк байланыста.

Ал, әкiмшiлiк, администрация терминi – латын сөзiнен аударғанда “басқару”деген түсiнiктi бередi.

Администрация – басқару қоғамның қандай да бiр алдына қойған мақсаттарына жету үшiн белгiлi бiр қызметтiң, әрекеттердiң жиынтығын көрсететiн құрал.

Басқарудың функционалдық тағайындалуының мазмұнын жан-жақты ашуды қажет етедi.

Жоғарыда атап өткендей әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың реттеу объектiсi -  мемлекеттiк басқару саласындағы қалыптасқан қоғамдық қатынастар.

Сондықтан, ең бiрiншiден, әкiмшiлiк құқықтың мәнiн ашпай тұрып, әлеуметтiк басқарудың бiрi ретiнде мемлекеттiк басқаруды реттейтiн пәндi оқуға көңiл бөлу қажет.

Әлеуметтiк, оның iшiнде мемлекеттiк басқару - қандай да бiр мақсаттарға жету үшiн жүзеге асырылатын адамдардың қызметтерiн ұйымдастыру.

Басқару – басқарудың субъектiсiн (басқаратын адам) және басқарылу объектiсiн (басқарылатын адам) және олардың арасында пайда болатын тiкелей және керi байланысты анықтайды.

Тiкелей байланыс - өкiм, бұйрық беру.

Керi байланыс – берiлген өкiмдi орындағаны немесе орындамағаны туралы хабарлау.

Басқару субъектiсi – басқаруды жүзеге асыру үшiн белгiлi бiр өкiлеттiктерге ие болады.

Басқару жүйесiнiң түрлері:

  1.  механикалық – технологиялық процестi басқару
  2.  биологиялық -  тiрiторганизмдердiң процесiн басқару
  3.  әлеуметтiк -  адамдардың, ұжымдардың процесiн басқару.

Жалпы басқару – екi және одан да көп адамдардың, олардың ассоциацияларының қандай да бiр нақты нәтижеге жету мақсатындағы сәйкестелген қызметi.

Объективтi жағынан алғанда ол барплық адамзат қоғамында бiрге жүредi.

Басқарудың мәнi – нақты бағытталған, реттелетiн әрекет.

Қоғам әрдайым реттеудi қажет етедi, сондықтан басқару жүзеге асырылады.

Басқару – қоғамдық өмiрдегi жан-жақты саладағы қоғамдық қатынастарды реттеу үшiн адамдардың күшiн бiрiктiредi.

ҚоҒамды басқару дегенiмiз адамдарды, адамдардың әлеуметтiк қатынастарын басқару.

Әлеуметтiк басқару – адамдардың адамдарға қатысты билiктiк басқаруы, яғни қоғамдық iстердi басқару.

Басқару – адамдардың бiрлесе iстейтiн жұмысын ұйымдастыру.

Қорыта келгенде басқаруда -  басқару субъектiсi де, басқару объектiсi де   адамдар болғандықтан адамдар адамдарды бсқарады.

Басқару айналымының негiзгi кезеңдерi: шешiм қабылдау, қабылданған шешiмдi орындауды ұйымдастыру, орындауды бақылау және қорытынды шығару.

Яғни,

  1.  шешуге тиiстi мәселелердi анықтау
  2.  шешiмнiң жобасын дайындау
  3.  оны бағалау
  4.  шешiм қабылдау
  5.  атқаруды ұйымдастыру
  6.  орындалғанын бақылау
  7.  орындалғаны туралы хабарлау.

  1.  Әлеуметтiк басқару түрлерi:
  2.  Мемлекеттiк басқару (мемлекеттiк iстердi басқару);
  3.  Қоғамдық басқару (қоғамдық бiрлестiктерлiң iстерiн басқару) немесе мемлекеттiк емес басқару .

Мемлекеттiк басқаруды кең мағынада мемлекетiң барлық органдары жүзеге асырады. Бұл басқару келесi қызметтiң нысандары:

  1.  заң шығарушы;
  2.  атқарушы;
  3.  сот төрелiгiнде жүзеге асырылады.

Бұл қызмет нысандарының бағыты мемлекеттiң алдына қойған мақсаттарына жету болғанмен, қызметтi жүзеге асыруда белгiлi ерекшелiктермен анықталды.

Мемлекеттiк басқару, атқару қызметi – мемлекет қызметiнiң нысандарының бiрi болып табылғанымен – олардың келесi қасиеттерiмен сипатталады

  1.  ұйымдастырушылық қызмет;
  2.  мемлекеттiк-билiктiк мазмұн;
  3.  тiкелей қызмет;
  4.  салааралық сфераларда (қаржы, салық, мемлекеттiк стандарт, әлеуметтiк-саяси қорғаныс, iшкi iстер аясы; әлеуметтiк-мәдени – бiлiм, ғылым, денсаулық; шаруашылық қызме - өндiрiс, сауда) мемлекеттiк функциялардың күнделiктi жүзеге асырылуы;
  5.  басқаруды арнайы өкiлеттiктерi бар субъектiлер жүзеге асырады.

Мемлекеттiк басқару, атқарушы билiк субъектiлерi – мемлекеттiк билiк өкiлеттiктерiне ие болғандықтан олар мемлекет атынан қатысады.

Басқару қызметi – заңдардың, нормативтiк актiлердiң орындалуына бағытталады.

Мемлекеттiк басқару – ұйымдастырушылық қызметiн атқарады:

  1.  кадрларды жинау және бөлу
  2.  болжамдау;
  3.  ақпаратпен жұмыс жасау;
  4.  үйлестiру;
  5.  бақылау;
  6.  есептеу және статистика;
  7.  iс жүргiзу және т.с.с.

Мемлекеттiк басқарудың қызметi – жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қызмет ету.

Мемлекеттiк билiк органдарының субъектiлерi – мемлкеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары және сәйкестелген өкiлеттiктер берiлгенқоғамдық. Яғни мемлекеттiк емес органдар.

Мемлекеттiк билiктiң өкiлеттiк органдары басқару саласын реттейтiн нормативтiк актiлер қабылдайды.

Мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк емес бiрлестiктердi басқару.

Мемлекеттiк басқару және мемлекеттiк емес бiрлестiктердi басқару:

  1.  әлеуметтiк басқарудағы азаматтардың рөлi;
  2.  нарықтық қатынастарды дамыту;
  3.  азаматтардың өздерiнiң мүмкiндiктерiн еркiн пайдалану құқықтары;
  4.  бiрлестiктер құруға құқықтары;
  5.  Конституцияда кепiлдендiрiлген қоғамдық бiрлестiктердiң қызмет бостандығы;
  6.  Азаматтардың мемлекеттiк басқаруға тiкелей және өкiлдерi арқылы қатысуға конституциялық құқығы және т.с.с.

Мемлекеттiк басқару:

  1.  мемлекеттiң атқарушы аппаратымен жүзеге асырылады;
  2.  мемлекеттiк қызметкерлер аппаратта төлем ақылы түрiнде қызмет жасайды;
  3.  аппараттың қызметi заңды-билiктiк мазмұнына ие болады
  4.  мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiледi;
  5.  басқару субъектiлерi тiкелей мемлекет атынан қатысады;
  6.  мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi тек оның қызметкерлерiне ғана емес, сонымен қатар қоғамдық басқаруға қатысушыларға да мiндеттi болып табылады.

Қоғамдық басқару:

  1.  әр түрлi қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылады;
  2.  ұйымдардың мүшелерi өздерiнiң жұмыстарын өз ерiктерiмен, төлем ақысыз атқарады
  3.  өздерiнiң жұмыстарын төлем ақысыз атқарғанмен, мемлекеттiк күшпен нығайтылмайды;
  4.  азаматтар қоғамдық ұйымдардың атынан қатысады;
  5.  қоғамдық ұйымдардың шешiмi тек қоғам мүшелерiне мiндеттi;
  6.  қоғамдық ұйымдардың жұмысы негiзiнен моральды-ұйымдастырушылық мазмұнға ие болады

Мемлекеттiк басқарудың негiзгi қағидаларыбасқару құрылатын, басқару аппараты қызмет ететiн, негiзгi бастама, ол екi топқа бөлiнедi:

  1. әлеуметтiк-құқықтық;
  2.  ұйымдастырушылық.

  1.  әлеуметтiк-құқықтық қағидалар – жалпы әлеуметтiк мазмөнұа ие болады, олар – объективтi, нақты, заңдылық және нәтижелiлiк.
  2.  ұйымдастырушылық қағидалардың өзi екi топқа бөлiнедi: 1-шi, салалық, аумақтық, сызықтық, функциональдық(әр сала бойынша жеке манмандандырылған инстанция жүргiзедi) – арнайы органдар құрылады және салааралық байланыстарға қолданылады; 1-шi, атқарушы қызмет субъектiлерiне өкiлеттiктердi рациональды бөлу, яғни әр органға, аппаратқа қызмет құқықтар мен мiндеттерiн бекiту;
  3.  жұмыстың нәтижесiне атқарушы қызметтiң жауаптылығы;
  4.  бiржақты бастау және алқалылықтың үйлесiмдiлiгi (мемлекеттiң атқарушы қызметiнiң маңызды мәселелерiн алқа – Үкiмет шешсе, ал алқалы қарауды қажет етпейтiн бiр ағымдағы, жедел мазмұндағы сұрақтарминистрлiктермен немесе басқа да органдармен бiржақты шешiлуi мүмкiн).

Мемлекеттiк басқару объектiсi – мемлекеттiк билiк органдарының аппараты, мекеме, кәсiпорын қызметшiлерiнiң ұжымдары, азаматтар.

Мемлекеттiк емес басқару объектiсi – сәйкестелген ұйымдардың жұмысшыларының ұжымдары, азаматтар.

Тақырып 2.

Әкiмшiлiк құқық – құқық саласы және ғылым ретiнде.

  1.  Әкiмшiлiк құқық – құқық саласы және ғылым ретiнде. Әкiмшiлiк құқықтың пәнi.
  2.  Әкiмшiлiк құқық жүйесi.
  3.  Әкiмшiлiк құқықтың қайнар көздерi.
  4.  Әкiмшiлiк құқықтың өзге де құқық салаларымен арақатынасы.

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығы – құқық жүйесiнiң саласы ретiнде белгiлi бiр қоғамдық қатынастарды реттейдi. Ол реттелетiн қоғамдық қатынастардың ерекшелiктерi:

  1.  қоғамның барлық саласында мемлекеттiк басқару аясында пайда болады, өзгередi және тоқтатылады;
  2.  Конституцияда бекiтiлген мемлекеттiк саясатты тану, адам мен азаматтың құқықтарц мен бостандықтарын қорғау;
  3.  Реттелiп отырған саладағы бұқаралық-құқықтық мүдделердiң басымдылығын бiлдiрiредi.

Әкiмшiлiк құқық атқарушы билiктi жүзеге асыру аясында мемлкет пен тұлғалардың мүдделерiн толық үйлестiру мақсатында әрекет ережелерiн бекiте отырып, басқарушыдық қатынастарға бұқаралық-құқықтық мазмЅн бередi. Сондықтан құқықтық қатынастардың барлық қасиеттерi мемлекеттiк басқару қызметiне тиiстi ерекшелiктердiң нақты ашылуына мүмкiндiк бередi. Осы позицияның құрылымынан мынадай қорытынды шығаруға болады:

  1.  азаматтардың, олардың бiрлестiктерiнiң қатысуымен мемлекеттiк басқару қызметiмен тiкелей байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар, басқаша айтқанда атқарушы билiктi жүзеге асыру механизмiнiң қызметiмен байланысты пайда болатын, өзгеретiн және тоқтатылатын басқару қатынастары;
  2.  Әкiмшiлiк құқық –  мемлекеттiң ерекше саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеушi ретiнде көрсететiн болғандықтан, ол ммлекеттiк басқарудың аясы деп аталады. Мемлекеттiк басқарудың саласы - әкiмшiлiк құқықтың дұрыс тѕсiнуге жағдай жасайды. Мемлекеттiк басқару саласын қоғамдық мәндi қызметтердiң жиынтығына айналып кету қаупiнен сақтау үшiн белгiлi бiр шектеулер қою қажзеттiлiгi туындайды. Бұл шектеулер мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын арнайы субъектiлермен анықталады
  3.  Мемлекеттiк басқару аясындағы қоғамдық қатынастар мемлекеттiк-басқару қызметiнiң функциялары мен мақсатын арнай субъектiлермен жүзеге асырумен ғана байланысты емес, ол үшiн лауазымды тұлғалардың өкiлеттiктерi болу қажет. Қазiргi әрекет етiп отырған заңдылық бойынша басқарушылық қызметiн жүзеге асыратын органдар атқарушы-реттеушi мазмұнға ие болады;
  4.  Әкiмшiлiк құқық реттейтiн қоғамдық қатынастарды, оларға қатысушылардың арасында заңды-теңдiк деген қағида жоқ, оған түсiнiктеме – қоғамдық қатынастарға қатысатын атқарушы билiктiң субъектiлерi өзiне берiлген заңды-билiктiк өкiлеттiктiң күшiне байланысты, оған қатысушылардың өзгелерiне өзiне бiр жақты  бағындыру әрекетiне ие болады
  5.  Әкiмшiлiк құқық – басқа құқық салаларының нормалары әрекет ететiн салаларды реттеу рөлiн жиi атқарады
  6.  Әкiмшiлiк құқық – мәнi жағынан басқармалық болып табылғандықтан, оны заң шығарушы, сот әдiлдiгi және өзге де салаларда кездестiруге болады. Осы кезде пайда болатын қатынастар  iшкi ұйымдастырушылық мазмұнға ие болады және бiртектi қарапайым басқару қатынастары болып табылғанды (мысалы, судьялар өздерiнiң қызметiнде атқарушы органның лауазымды тұлғасына қатысты заңды-билiктiк өкiлеттiктердi жүзеге асырады - әкiмшiлiк жаза қолдану, ал бұл әрекеттер әкiмшiлiк құқықтың пәнiне енедi);

Осы аталып өткендердi қорыта келiп, әкiмшiлiк құқықтың пәнi тѕсiнiгiне мына қатынастарды қарастырады:

  1.  атқарушы билiктiң мақсаттары, қызметтерi және өкiлеттiктерi тiкелей жүзеге асырылатын шеңбер;
  2.  iшкi ұйымдастырушылықты жүзеге асыру кезiнде өзге де органдардың да қызметi процесi кезiнде пайда болады;

Басқарушылық қатынастарды бiрнеше критериийлерге байланысты топтастыруға болады (оған қатысушылардың ерекшелiктерiне байланысты):

  1.  атқарушы билiк субъектiсi мен азаматтардың арасында;
  2.  атқарушы билiк субъектiсi мен қоғамдық бiрлесiктер арасында;
  3.  атқарушы билiк субъектiсi мен ёр түрлi мемлекеттiк емес органдар арасында.

Қорыта келгенде әкiмшiлiк құқық мәнi бойынша басқармалық сипаттағы қоғамдық қатынастардың 2 тобын қарастырады

  1.  мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырумен тiкелей байланысты қатынастар;
  2.  мемлекеттiк органдардың қызмет процесi кезiнде пайда болатын iшкi ұйымдастырушылық қатынастар.

Әкiмшiлiк құқықтың пәнiн атқарушы билiктi жүзеге асыру кезiнде пайда болатын, өзгеретiн және тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды құрайды.

Әкiмшiлiк құқықтың әдiстерi.

Әкiмшiлiк құқықтың реттеушi функцияларын жүзеге асыра отырып, оған құқықтың құрамдары немесе басқармашылық қоғамдық қатынастарды реттеуге әсер ететiн тәсiлдердiң жиынтығын анықтайды.

Бұл - қоғамдық қатынастарды реттейтiн әдiстер.

Жалпы құқық теориясының позициясында дәлелденген кез келген құқық саласы құқықтық реттеу құралы ретiнде келесi заңды мүмкiндiктердi қарастырады.

Олар:

  1.  тыйым салу -  қандай да бiр жағымсыз әрекеттi жасаудан бас тарту талаптары;
  2.  рұқсат беру – тұлғаларға қандай да бiр әрекеттi жасау құқығын беру;
  3.  позитивтi мiндеттеу - өкiм түрiнде қандай да бiр әрекеттi жасау қажеттiлiгi.

Әкiмшiлiк құқықтың әдiсi императивтi сипатта болады.

Осылардың жиынтығы қоғамдық қатынастарға құқықтық әрекет ету мазмұнын қарастырады.

2.  Әкiмшiлiк құқықтың жүйесi.

Әкiмшiлiк құқықтың реттеу қатынастарының көлемi әр түрлi болғандықтан оны жүйелендiруге болатындықтан, әкiмшiлiк құқықтың нормаларын топтастырады.

Бiртектес басқару қатынастарын реттеу белгiлерi  бойынша бiрiктiрiлуi мүмкiн.

Әкiмшiлiк құқықтың нормалары құқықтық механизмнiң элементi болып табылады.

Әкiмшiлiк құқықтың институттары  - әкiмшiлiк құқықтың жүйесiнiң маңызды бөлiгi.

Жалпы сипаттағы басқару қатынастарын реттейтiн нормалар (әкiмшiлiк құқықтың жалпы институттары):

  1.  азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi;
  2.  атқарушы билiктiң әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi;
  3.  басқарудың құқықтық нысандары;
  4.  әкiмшiлiк мәжбүрлеу;
  5.  әкiмшiлiк жауаптылық;
  6.  әкiмшiлiк жаза;
  7.  әкiмшiлiк қадағалау және т.с.с.  

Әкiмшiлiк құқықтың  жүйесiнiң тағы бiр тобы басқарудың қандай да бiр саласындағы әкiмшiлiк құқықтық институттарына қойылатын талаптарды реттейдi. Осы топтарға сәйкес әкiмшiлiк құқықтық нормаларының жүйесiн 2 топқа бөлiп қарастырады: жалпы және ерекше (бұлай бөлу тек теориялық негiзде қолданылады).

Әкiмшiлiк құқықтың  жалпы бөлiмiнiң жүйесi – мемлекеттiк басқару барлық салаларының жалпы мәселелерiн реттейтiн нормалар:

  1.  мемлекеттi басқарудың негiзгi қағидаларын бекiтетiн нормалар;
  2.  әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерiнiң құқықтық қатынастарын бекiтетiн нормалар;
  3.  мемлекеттiк басқарудың нысандары мен әдiстерiн және т.с.с. бекiтетiн нормалар;

Ерекше бөлiмде әкiмшiлiк құқықтың  институттарын және жекелеген салаларда әрекет ететiн нормалар.

3. Әкiмшiлiк құқықтың  қайнар көздерi – мемлекеттiк билiкпен ресми танылған басқару қатынасы субъектiлерiнiң бекiтiлген ережелерi.  

 Әкiмшiлiк құқықтың  қайнар көзi болу үшiн қандай да бiр белгiлерге ие болу керек:

  1.  субъектiлердiң белгiлi бiр категорияларының орындауына мiндеттi бiр немесе бiрнеше әрекет
  2.  мемлекеттiк басқару ресми танылып, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiлуi;
  3.  әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың субъектiлерiне қолданылуы;
  4.  әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың субъектiлерiмен заңды әрекеттердi жасауға негiздеме болуы;
  5.  ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес елдегi құқық жүйесiне енуi.

Құқықтың қайнар көздерi мен нысанын айыра бiлу қажет:

1-ден, қайнар көздерi құқықтың ысаны ретiнде институцияландырылған, ал құқық нысаны  - құқық шығарушылық қызметiнiң нәтижесi;

2-ден, тек нормалар ғана адамдардың құқықтық нысанда объективтендiрiлген әрекетiн қарастырады

3-ден, заң оқулықтарында құқықтың қайнар көздерiнiң алты нысаны қарастырылады:

  1.  құқықтық салт-дәстүр – қоғамда мемлекеттiк басқару тәуелсiз түрде азаматтардың сана сезiмiне бiрнеше рет қайталануы нәтижесiнде әлеуметтiк императив негiзiнде бекiтiлген әрекет ережелерi
  2.  нормативтiк акт – референдумда немесе мемлекеттiң өкiлеттендiрiлген органдары немесе лауазымды тұлғаларымен қабылданғаннақты нысандағы жазбаша құжат. Нормативтiк актiлер  - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтiн негiзгi құрал;
  3.  сот прецедентi – сотпен нақты iс бойынша қабылданған және келесi осыған ұқсас iстердi шешу кезiнде мiндеттi болып саналатын шешiм;
  4.  шарт – екi немесе одан да көп субъектiлердiң арасындағы, тек осы субъектiлерге ғана мiндеттi әрекет ететiн ережелердi қамтитын келiсiм;
  5.  сот тәжiрибесiн талқылау - соттармен нақты iстердi шешу кезiнде сәйкестелген нормативтiк құқықтық актiлермен реттелмеген қатынастарға бiрнеше рет қолдану нәтижесiнде қалыптасқан құқық ережелерi;
  6.  ғылыми құқықтық доктрина – құқық ғылымы саласында қалыптасқан жалпыға танымал ресми көзқарастардың, қағидалар мен ережелердiң жүйесi (құқықты шығару қызметi; құқықтық нормаларды пайдалану процесi кезiнде заң баптарын талқылау; құқықтың пробелдерiн толықтыру).

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының қайнар көздерiнiң  қасиеттерi: қабылдаудың ресми тәртiбi, құқық нормаларының жеткiлiктiгi, қысқаша мазмұн, субъектiлердiң кең шеңберiне әсерi, басқарушы субъектiлердiң басқаруға жетудегi мүдделерi.

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының қайнар көздерi болып табылатын нормативтiк актiлер:

  1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2.  Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары (“Президент туралы”, “ Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы”);
  3.  Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi;
  4.  Президенттiң жарлықтары;
  5.  Заңға бағынышты нормативтiк актiлер – нақты сипатқа ие болатын сұрақтарды шешуге бағыттылған (республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының заңға бағынышты актiлерi нақты атқарушы-өкiмдiк қызметтi қамтып, оның шегiнен шықпайды);

Әкiмшiлiк шарттар - әкiмшiлiк құқық қатынасының заңды нысаны болып табылады. Оның нормативтiк актiлерден ерекшелiгi:

  1.  горизантальды әкiмшiлiк қатынастарды реттейдi;
  2.  мiндеттi субъектiсi – мемлекеттiк басқару органы;
  3.  мемлекеттiк басқару органдарының атқару-реттеушi функцияларын жүзеге асырады;
  4.  басқару органының құзыретiн анықтайтын құқықтық нормалар белгiлi бiр мақсатты жүзеге асыру үшiн екi жақтың келiсiмi.

4. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының басқа құқық салаларымен ерекшелiгi:

  1.  конституциялық құқық – қоғамдық құрылыс негiздерiн, мемлекеттiк органдардың жүйесiн бекiтсе, ол одан әрi тереңдетiлiп әкiмшiлiк құқықпен реттеледi;
  2.  азаматтық құқық -  мүлiктiк және мүлiктiк емес қатынастар;
  3.  қылмыстық құқық – келтiрiлген зиынның қоғамға қауiптiлiгi мен залалдың мөлшерi.

Әкiмшiлiк құқық – барлығына да мiндеттi көптеген нормаларды анықтайды (транспорттық жүйе, жол ережесi, қоғамдық тәртiп және т.с.с., егер осы нормалар бұзылса, онда қылмыстық хауаптылықтар туындауы мүмкiн).

 

         Т. 3. Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмi.

  1.  Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмiнiң түсiнiгi және элементтерi.
  2.  Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түсiнiгi және оның түрлерi. Жүзеге асырылу нысандары.
  3.  Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түсiнiгi. Олардың әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмiндегi рөлi.
  4.  Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түрлерi.

Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмi түсiнiгiн ашып алу үшiн ең алдымен мемлекеттiң қоғамдық қатынастарға әрекет ету тәсiлдерiн бiлу қажет. Негiзгi әрекет ету тәсiлдерi – бұл құқықтық реттеу, яғни қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн бекiту және субъектiлердiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруы.

Ол үшiн құқықтық құралдар – құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар, құқықшығарушылық, субъектiлердiң құқықтары мен заңды мiндеттерi қолданылады. Бұл құралдар құқықтық реттеу механизмiмен қамтылады.

Қоғамдық қатынастарға әсер ететiн әкiмшiлiк-құқықтық құралдар жүйесi - әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмi деп аталады.

Әкiмшiлiк-құқықтық реттеу механизмiнiң элементтерi:

  1.  әкiмшiлiк құқықтың қағидалары
  2.  нормативтiк негiз – мемлекеттiң басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн нормалар;
  3.  әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар
  4.  құқықтар мен мiндеттердiң жүзеге асырылу.

Құқықтық реттеудiң жалпы үш кезеңi бар:

  1.  құқық нормаларының күшiне енуi және әрекетi;
  2.  нақты белгiленген субъектiлерге қатысты құқықтық нормаларда қарастырылған жалпы құқықтар мен мiндеттердiң пайда болуы;
  3.  субъектiлердiң құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы

2. Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түсiнiгi және оның түрлерi.

Әкiмшiлiк құқықтың құқықтық негiзiн әкiмшiлiк құқықтың нормалары құрайды.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар -  мемлекеттiк қоғамдық басқару саласындағы қатынастарды, сонымен қатар басқа да мемлекеттiң қызмет аясында (сот әдiлдiгi, прокурорлық қадағалау) пайда болатын басқару қатынастарын реттейтiн, мемлекетпен бекiтiлген немесе санкцияландырылған ереже.

Егер ол орындалмаса, онда мемлекеттiк мәжбүрлеумен қамтамасыз етiледi.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түрлерiн бөлiп қарастыру:

  1.  мазмұны бойынша
  2.  бекiтiлген нормалардың көрсетiлу нысаны бойынша;
  3.  тұлғалардың шеңберi бойынша;
  4.  нормалардың кеңiстiкте әрекет ету тәртiбi бойынша;
  5.  әрекет ету уақыты бойынша.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың мазмұны бойынша құқықтық институттарға топтастырылады. Олар мазмұны бойынша ұқсас қоғамдық әатынастарды реттейтiн белгiлi құқықтық нормалардың жиынтығы.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың түрлерi

  1.  әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, жауаптылықтарын бекiтетiн нормалар;
  2.  атқару билiгiн жүзеге асыратын нысандар мен әдiстерiн анықтайтын нормалар;
  3.  әкiмшiлiк процессуалдық қызметтi реттейтiн нормалар:
  4.  атқарушы билiк органдарының қызметiн заңдылықпен қамтамасыз ететiн  нормалар;
  5.  мемлекеттiк басқаруды экономикалық, әлеуметтiк-мәдени, әкiмшiлiк-саяси саласында ұйымдастыру бойынша негiзгi ережелердi анықтайтын нормалар.

Қорыта келгенде әкiмшiлiк-құқықтық нормалар мазмұны бойынша:

  1.  материалдық;
  2.  процессуалдық болып бөлiнедi.

Материалдық  - азаматтардың; ұйымдардың, атқарушы билiк

органдарының әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн бекiтедi.

Ал, екiншiсi материалдық нормаларды мемлекеттiк басқару органдарының орындау процесi кезiнде қолданылуы.

Процессуалдық нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:

  1.  тағайындалуы (материалдық нормалар субъектiлердiң әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн бекiтсе, процессуалдық нормалар оны» жүзеге асырылуының тәртiбiн реттейдi);
  2.  қайталануы (материалдық нормалардың қолданылу тқртiбiн реттеуге қажеттi);
  3.  материалдық нормалардың қолданылуы бойынша қатынастарды басқа да құқық салаларында реттейдi.

Бекiтiлген нормалардың көрсетiлу нысаны бойынша:

  1.  мiндеттейтiн (белгiлi мерзiм iшiнде басқару органдарының азаматтардың өтiнiштерiн қарауы);
  2.  тыйым салатын;
  3.  рұқсат беретiн;
  4.  ынталандыраты;
  5.  ұсынылатын;
  6.  жеңiлдiктер беретiн нормалар.

Тұлғалардың шеңберi бойынша:

  1.  мемлекеттiк басқару органдарының қызметiн реттейтiн нормалар;
  2.  мемлекеттiк басқару салаларындағы қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн реттейтiн нормалар;
  3.  мемлекеттiк басқару аяларындағы азаматтардың қызметiн реттейтiн нормалар.

Кеңiстiкте әрекет ету тәртiбi бойынша:

  1.  республикалық;
  2.  жергiлiктi (локальные) – облыстық, қалалық, аудандық;
  3.  салалық – мемлекеттiк басқарудың белгiлi бiр саласында әрекет етуi;
  4.  салааралық – мемлекеттiк басқарудың бiрнеше салаларында қолденылатын нормалар (кедендiк бақылау, стандарттау).

Әрекет ету уақыты бойынша:

  1.  мерзiмдi, әрекет ету мерзiмi алдын-ала көрсетедi;
  2.  мерзiмсiз.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың  жүзеге асырылуы – мемлекетiң еркiн оның субъектiлерiнiң норма талабына сәйкес өмiрге енгiзу процесi.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың  жүзеге асырылуы – онда мазмұндалатын құқық ережелерiн басқармалық қоғамдық қатынастарды реттеу мүддесiне iс жүзiнде пайдалану.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормаларды  жүзеге асыру нысандары:

  1.  сақтау, нормалармен тыйым салынған әрекеттердi жасаудан бас тарту;
  2.  атқару, мiндеттеу нормаларында бекiтiлген нұсқамаларды орындау;
  3.  пайдалану, өз құқықтарын жүзеге асыруы;
  4.  қолдану,  заңдылық актiлер шығару арқылы нақты iс шешу.

Әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың элементтерi:

  1.  гипотеза, әрекет етуге болатын немесе әрекет ету жағдайларының сипатталуы. Нормалардың гипотезада көрсетiлген жағдаяттары – заңдылық деректер;
  2.  диспозиция - iс-қимыл ережесi, нормалармен бекiтiлген құқықтар мен бостандықтар. Олар – тыйым салу, рұқсат беру;
  3.  санкция, нормаларда бекiтiлген iс-қимыл ережесiн бұзу салдары.

3.  Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар.

Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар – мемлекеттiк басқару саласында әкiмшiлiк-құқық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар. Бұл құқық қатынастарында мемлекеттiк мүдде көрсетiледi, мемлекеттiң функциялары мен мақсатары жүзеге асырылады.

Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарының құрылымы:

  1.  әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылар;
  2.  олардың субъективтiк құқықтары мен заңдылық мiндеттерi;
  3.  әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың жауаптылықтары;
  4.  заңды дерек.

Заңдылық дерек -  құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастар пайда болатын, өзгеретiн және және тоқтатылатын фактiлiк жағдаяттар. Осы фактiлiу жағдайда әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерi әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың субъектiлерi болып табылады.

Заңдылық дерек - әрекет және оқиға болып бөлiнедi. Әрекет - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркiн көрсетедi. Ол нәтижесiне қарай екiге бөлiнедi:

  1.  құқыққа сәйкес, яғни әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың талаптарына сәйкес келедi (лауазымға тағайындау туралы бұйрық, азаматтардың өтiнiш жазуы, қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу және т.с.с.).
  2.  құқыққа сәйкес емес, яғни әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың талабына сәйкес келмейтiн, оны бұзатын әрекеттердi жасау немесе әкiмшiлiк-құқықтық нормалардың талабына сәйкес келетiн әрекеттердi жасамау - әрекетсiздiк (iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ететiн шараларды қолданбауы).

Оқиға – адамның еркiнен тыс туындайтын заңдылық дерек (белгiлi бiр жасқа келуi, табиғи, стихиялық апаттар, адамның өлiмi).

Әкiмшiлiк-құқық субъектiсi - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастың субъектiсi болуы үшiн үш шарт қарастырылады:

  1.  субъектiнiң құқықтары мен бостандықтарын, заңды жауаптылдықтарын анықтайтын әкiмшiлiк-құқықтық нормалар;
  2.  әкiмшiлiк құқық қабылетi және әкiмшiлiк әрекет қабылеттiгi;
  3.  заңдылық дерек.

4. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түрлерi.

Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар топтастырылады:

  1.  әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың өзара қатынасына байланысты: вертикальды, бағынышты жақтардың арасында; горизонтальды – басқару қатынасындағы субъектiлердiң тең құқықтық жақтар ретiнде қарастырылуы.
  2.  Нақты мақсаттары бойынша: сыртқы, яғни атқарушы билiк органдары мен осы органдардың жүйесiне жатпайтын басқару объектiлерiнiң арасында; iшкi басқармалық, iшкi ұйымдастырушылық мақсатқа жету кезiндегi қатынастар;
  3.  Мазмұны бойынша: материалды, басқару саласында әкiмшiлiк құқықтың материалдық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар; процессуалдық – жеке, нақты iстердi шешумен байланысты туындайтын әкiмшiлiк құқық нормаларымен реттелетiн қрғамдық қатынастар (азаматтардың өтiнiштерiн қарау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау).    

Әкiмшiлiк құқықсубъектiлiк -  әкiмшiлiк құқыққабылеттiк және әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк.

Әкiмшiлiк құқыққабылеттiк азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық сипаттағы құқықтар мен мiндеттерге ие болу қабылетi.

Пайда болуы:

  1.  мемлекеттiк органдар үшiн – құрылу кезiнен, ал аяқталуы – жойылғаннан кейiн (ликвидация);
  2.  мемлекеттiк аппарат қызметкерi үшiн – лауазымына тағайындалған кезiнен бастап;
  3.  қоғамдық ұйымдар үшiн – олардың жарғысы және арнайы нормативтiк актiлермен анықталады;
  4.  азаматтар үшiн – туған кезiнен бастап, белгiлi бiр жасқа келуiмен өзгередi және өлiмiмен аяқталады.

Әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – мемлекетпен танылған, азаматтардың өзiне берiлген құқықтарын жүзеге асыруы мен мемлекеттiк басқару саласындағы жүктелген мiндеттерiн атқара бiлу, өз iс-қимылына заңды жауаптылықты өтеу қабылетi.

Пайда болуы:

  1.  заңды тұлғаларға – қалыптасу кезiнен бастап;
  2.  азаматтар үшiн - толық әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – 18 жас; шектелген әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – 16 жас (әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылу жасы, куәлiк алу жасы); жекелеген әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – 7 жас.

Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың ерекшелiгi:

  1.  атқарушы билiк органдары немесе мемлекеттiк билiктiк сипатқа ие болатын басқару уәкiлеттiгi берiлген лауазымды тұлғалар;
  2.  Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың объектiсi – барлық бағыттар қамтылған атқару билiгi саласындағы басқарылатындардың әрекетi, еркi;
  3.  Мемлекеттiң тапсыруымен нормативтiк сипаттағы актiлер шығара алатын мемлекеттiк басқару органдары мен лауазымды тұлғалар;
  4.  мемлекеттiк басқару органдары бастамасымен әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар пайда болуы және екiншi жақтың келiсiмi мiндеттi болып табылмайды;
  5.  әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар – мемлекет пен оның аппаратын күнделiктi функцияландыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-басқармалық, атқарушы-өкiмдiк қызметiн көрсету;
  6.  әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар пайда болуы мүмкiн даулар, көптеген жағдайда әкiмшiлiк тәртiпте, яғни уәкiлеттi басқару органдарының бiржақты өкiмдiгiмен тiкелей қаралып шешiледi;
  7.  егер әкiмшiлiк-құқықтық қатынасқа түсушi екi жақтың бiреуiнiң нормативтiк талаптары бұзылса, онда олар мемлекеттiң алдында жауаптылыққа ие болады.

5. Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде.  

  1.  Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.
  2.  Азаматтардың әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi.
  3.  Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы.

1. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi.

Азаматтар - әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде қоғамдық қатынастарға нормативтiк актiлерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Осы құқықтар мен мiндеттердiң жиынтығы азаматтарың құқықтық мәртебесiн көрсетедi.  

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – заңда және јзге де нормативтiк құқықтық актiлермен бекiтiлген азаматтың мемлекеттiк басқаруға, жеке және бұқаралық мүдделерiн қанағаттандыруға қатысуын қамтамасыз ететiн құқықтары, мiндеттерi және жауаптылығы.    

Нормативтiк құқықтық актiлер – құқықшығарушы органдардың өзiнiң құзыретi шеңберiнде белгiлi бiр нысанда қабылданатын және құқық нормаларын өзгертуге, бекiтуге бағытталған, жазбаша ресми құжат.  

Құқық нормалары  - жалпыға бiрдей мiндеттi, тұрақты немесе уақытша сипатқа ие болатын, бiрнеше рет қолдануға негiзделген мемлекеттiк предписание?

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – ҚР-ның Конституциясы, “ҚР-ның  азаматтығы туралы”, “ҚР-дағы мемлекеттiк қызмет туралы” және өзге де актiлермен анықталады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа қатысушы ретiнде сипатталатын басты ерекшелiктерi – олар жеке тұлға болып қатысады, яғни атқарушы билiк саласында өзiнiң жеке құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асырады.

Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесi күрделi сипатқа ие болады және атқарушы билiк аясында көптеген құқықтар мен мiндеттердi қамтиды. Сондықтан әкiмшiлiк құқықтық қатынастар мемлекеттiк билiк уәкiлеттiгiне ие болатын сәйкестелген органдардың және бұндай уәкiлеттiктерге ие болмайтын, бiрақ мемлекеттiк билiк саласында белгiлi құқықтар мен мiндеттерге ие болатын азаматтар арасында пайда болады.

Олар:

  1.  азаматтардың атқарушы билiк саласында заңмен бекiтiлген құқықтарын жүзеге асыруы;
  2.  азаматтардың атқарушы билiк саласында өзiне жүктелген мiндеттерiн атқаруы;
  3.  азаматтардың атқарушы билiк саласындағы құқықтарының бұзылуы;
  4.  азаматтардың атқарушы билiк саласындағы заңды мiндеттерiн орындамауы.

Әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың пайда болу шеңберi әр түрлi, сондықтан азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiн нығайтуды қажет етедi. Олар:

  1.  мемлекеттiк iстердi басқаруға тiкелей және өкiлдерi арқылы қатысуы;
  2.  азаматтардың мемлекеттiк қызметке тең құқығы;
  3.  еркiн жүрiп-тұру;
  4.  азаматтардың экономикалық, әлеуметтiк-мәдени құқықтары.

Сонымен қатар мiндеттерi:

  1.  қоршаған ортаны қорғау;
  2.  отанды қорғау;
  3.  салық төлеу.

2. Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық жағдайы оның әкiмшiлiк құқық субъектiлiгiмен анықталады.

Құқық субъектiлiк – құқықтың субъектiсi болу қабылетi.

Азамат атқарушы билiк саласында құқықтарға ие болып, мiндеттер атқару үшiн оның әкiмшiлiк құқық қабылеттiгi және әрекет қабылеттiгi болуы керек.

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк мемлекетпен қамтамасыз етiлген. Кейбiр жағдайда әкiмшiлiк құқық қабылеттiк заңмен белгiленген тәртiпте уақытша немесе жартылай шектелуi мүмкiн (әскери қызметiн өтеу кезiнде, денсаулығына байланысты; көлiк айдау құқығынан уақытша айыру; төтенше жағдайлар кезiнде).

Әкiмшiлiк құқық қабылеттiк әкiмшiлiк әрекет қабылеттiктiң қажеттi шарты болып табылады.

Жалпы алғанда азаматтар бiрдей әкiмшiлiк әрекет қабылеттiкке ие болады. Бiрақ, денсаулық және т.с.с. жағдайларға байланысты олар жартылай немесе толық әрекет қабылеттiгi жоқ деп танылады (егер есi дұрыс болмаса, онда жауаптылыққа тартылмайды).

Әрекет қабылеттiгi бар азамат нақты әкiмшiлiк құқықтық қатынасқа түсiп, атқарушы билiк органдарының талаптарын орындайды немесе өзiне тиiстi құқықтарын жүзеге асырады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бөлiп қарастыру ҚР-ның Конституциясында бекiтiлген жүйеге сүйенедi және оны жүзеге асыру кезiнде тереңдетiледi (меншiк құқығының пайда болуы әкiмшiлiк құқығымен уәкiлеттендiрiлгенорган немесе лауазымды тұлғамен берiлетiн заңды құжатпен куәлендiрiледi).

Профессор А.П.Алехин – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын екi топқа бөлiп қарастырады:

  1.  статуттық, азаматтың елдегi әлеуметтiк құрылымындағы жағдайын көрсетедi (ана тiлiн қолдану құқығы);
  2.  адекватты, құқықтар мен бостандықтардың iске асырылу салалары (жеке – төрұын үйге қолсұғылмаушылық), әлеуметтiк (бiлiм алу, денсаулық сақтау), саяси (митингiлер, шерулер өткiзу).

Профессор Ю.М.Козлов – мемлекеттiк басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын 4 блокқа бөлiп қарастырады:

  1.  мемлекеттi басқаруға қажеттi құқықтар мен бостандықтар;
  2.  құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк басқару органдарының әрекетi;
  3.  мемлекеттiк кепiлдiк;
  4.  азаматтардың атқарушы органдардың қызметiне сарапшы-кеңесшi ретiнде қатысуы.

Мемлекеттiк кепiлдiктер үшiн келесi шарттар болу қажет:

  1.  декларитивтi емес нақты нормалардың болуы және олардың iске асырылуы;
  2.  құқықтар мен бостандықтардың iске асырылуына жағдайлар жасау мiндетi жүктелген органдар мен лауазымды тұлғалардың шеңберiн анықтау;
  3.  азаматтардың құқықтарын қорғау кезiнде шаралар қолданбағаны үшiн органдар мен лауазымды тұлғаларға жауаптылықтарды анықтау.

Жалпы алғанда құқықтық кепiл – соттық және соттан тысқары болып бөлiнедi.

3. Әкiмшiлiк құқықтың субъектiсi ретiнде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.

Бұл тұлғалар жалпы құқықтар мен бостандықтармен қоса арнайы құқықтық мәртебеге де ие болады.

Мемлекет шетел азаматтарымен қатынастарды реттеумен қатар олардың құқыққабылетiн бекiтiп, құқықтары мен бостандықтарын анықтап, кепiлдiктердiң көмегiмен құқықтық мәртебесiн қорғайды және iске асыруды қамтамасыз етедi. Сонымен қатар атқарушы билiк органдары шетел азаматтарының құқықтық iс қимылына бақылау және қадағалау шараларын қолданады.

Мемлекетке келген шетел азаматтарының шектелген құқыққабылеттiгi олардың посольстволар мен консульстволарда келуге рұқсат алу және құжаттарын рәсiмдеуден басталса, ал толық құқыққабылеттiк ҚР-ның аумағына келiп кiргенде басталып, ҚР-нан кеткенде немесе азаматтығын өзгертуде анықталады.

Шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi – оның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау қабылеттiгi және өзiнiң әрекеттерiмен өзiне берiлген құқықтарды жүзеге асыру болып табылады.

Заңдағы критерилерден басқа шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi халықаралық келiсiмге сәйкес негiзде анықталуы мүмкiн.

Шетел азаматтарының әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiнiң ерекшелiктерi: олардың саяси құқықтары болмайды.

Заңды кепiл  - шетел азаматтарының берiлген құқықтары мен бостандықтары және мiндеттерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты да қарастырады (әкiмшiлiк жазалар – Республиканың аумағынан әкiмшiлiк жолмен кетiру). Бұл жазаларды қолдануға әсер ететiн салдар:

  1.  мемлекеттiк қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы әрекеттер жасау;
  2.  халықтың денсаулығын қорғауға қажеттi деп танылса;
  3.  жалпыға бiрдей мiндеттiлiктi сақтамаса;
  4.  еңбек құқығының нормаларын бұзса және т.с.с.

Әкiмшiлiк құқық позициясынан шетел азаматтары:

  1.  тұрақты тұратындар, яғни ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға вид алған – шетел азаматтары;
  2.  уақытша келгендер деп сараланады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар

1. Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері  мен принциптері.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы.

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері

Адам өмірінің құндылығын, оның құқықтары мен бостандықтарының ерекшелігін саралау, зерттеу мәселелері адамзат тарихының ажырамас бөлігі. Бұл сұрақтар әр түрлі ғылым салаларының зерттеу объектісі, сонымен қатар жай адамдарды толғандыратын мәселе. XX ғасырдың басты оқиғасы 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейін барша әлем адамның құқықтары мен бостандықтары туралы мәселеге аса зор көңіл бөле бастады. Әсірісе, бір партиялы авторитарлы билік құлдырағаннан кейін, әлем елдері демократиялану процесіне бет бұрды.

Бұл процестен Қазақстан да қалып қойған жоқ. Тіпті, бұл әрекеттердің қарқыны өте тез деп айтуға болады. Тәуелсіздік алғаннан кейін, елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатыр. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып, Қазақстан Республикасының басты байлығы болып адам және азамат танылды. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, адам мен азаматтардың конституциялық беделін орнатты.

Осындай ерекше беделге адам мен азаматтардың әкімшілік статусын да жатқызуға болады. Бұл түсінікке тұлғаның атқарушы билік субъектілерімен қатысты орнын айтуға болады. Яғни, тұлға мен атқарушы билік субъектісінің мемлекетті басқару аясындағы қарым- қатынасы. Осы қарым- қатынас барысында әкімшілік құқық екі түрлі сұраққа тіреледі. Біріншіден, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру, ал екіншіден тұлғалардың мүдделеріне араласуды жетілдіру2.

Әкімшілік құқық ғылымының басты және айырықша мақсаты – мемлекетті басқару аясын қатаң регламенттау және оның қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасының қазіргі қоғам даму сатысында әкімшілік құқық саласы дамытуға үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстті жетілдіру арқылы мемлекетті басқару мәселесін екі жақты тиімді етуге тырысу керек.

Өте көп сұрақтар әкімшілік-процессуалдық шараларға байланысты туындайды. Бұл шаралар  «саны» барлық жағдайда тиімсіз, ал кейде тіпті жеткіліксіз деуге болады3.

Сонымен қатар, әкімшілік құқықтағы кәнісіздік презумпциясы Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты көрсетілмеуі де, қалай да құқықтырды қорғау мәселесіне кедергі болуы мүмкін4. Ал бұл Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет тұрғысынан қарастыруға бірталай кедергі келтіреді.

Әкімшілік іс-жүргізу процесінде де адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан барлық әрекеттер орындалуы қажет. Біріншіден, білікті соттармен қамтамасыз ету мәселесін шешу, екіншіден, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыларға шағымдану мерзімдерін «жақсарту». Сонымен қатар, іс қаралу барысында заңдылықты сақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау; іске қатысты құжаттарды дұрыс дайындау, сияқты мәселелер барынша заңға сәйкес келуі міндетті екенін ұмытпау керек.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әкімшілік құқық мәселесімен айналасушылар мектебі қалыптасып, бұл саланы зерттеуге бағыт алғандығы дұрыс әрі тиімді  процесс. Өз елімізде әкімшілік құқықтың институтын жетілдіру, өзге елдің тәжірибесіне  сүйене отырып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепіл болатына негіз болады.   Соған байланысты мынадай қажеттіліктер туындады: құқықтық нормативтік-культорологиялық сипаттамасы, билікті бөлу, адам мен азаматтың иеліктен алынбайтын құқықтары мен бостандықтары идеяларының контексінде әкімшілік құқық проблемаларын қарастыру. Егемен Қазақстанның экономикалық, саяси – құқықтық, әлеуметтік саладағы жаңа міндеттеріне сәйкес әкімшілік құқық институттарына бақылау жасау және тағы да басқа.осы мәселелерді шешу арқылы ғана Қазақстан Республикасы өз азаматтарының әкімшілік құқықтық қатынастарға түсуі кезінде құқықтары мен бостандықтарының дұрыс жүзеге асырылуына толық кепіл бола алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің міндеттері мен принциптері.

Қазақстан Республикасында әр түрлі әкімшілік ережелер әрекет етеді. Мысалы, олардың қатарына қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жол қозғалысы ережелері, от қауіпсздік, қоршаған ортаны қорғау ережелері, төтенше жағдай туралы ережелерді жатқызуға болады. Бұлардың барлығы Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітіледі. Ал, бұл ережелерді бұзу құқық бұзушылық болып саналады. Соның ішінен әкімшілік құқық бұзушылықты айыра білу керек.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәкес, әкімшілік құқық бұзушылық – жеке адамның осы кодекс бойынша әкімшілік жауаптылықты көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі. Профессор А.А. Тарановтың жазуынша, әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптың әрекет не әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылық ыриқтық іс-әрекет актісі болып табылады, ол өзіне іс-әрекеттің екі аспектісін - әрекеттік немесе әрекетсіздік көріністі білдіреді.5 Міндеттемені, заңды талапты белсенді түрінде орындамау, сондай-ақ салынған тыйымды бұзу (мысалы, егіндкті бүлдіру, көкнар немесе қарасораны заңсыз отырғызу) әрекет болып табылады. Ал әрекетсіздік дегеніміз міндетті көрінеу орындамау ( мысалы, мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көміп тастау талабын орындамау, т.б.)

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауапкершіліктің негізі ретінде, әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады. Жаза қолдануға нормативтік негіздемеге құқық нормалары жатады және әкімшілік жауапкершілік осы нормаларға сәйкес белгіленіп, қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты басқа құқыққа қайшы әрекеттен айыру үшін оның белгілерін білу қажет. Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілеріне мыналар жатады:

заңға қайшылық. Бұның мәні құқық нормасының диспозициясын бұзатын әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалуында, ал ол үшін әкмшілік жауапкершілік белгіленеді. Мысалы, құқық бұзушылық құқықтың, заңнаманың әр түрлі салаларының нормаларына қатысты болуы мүмкін (мысалы, білім, қораныс, ветеринария, т.б. туралы), бірақ ол үшін әкімшілк, сот тәртібінде қолданылатын әкімшілік жазалау шаралары көзделсе, онда ол әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

Кінәлілік. Кез-келген әрекетті (әркетсіздікті) жасаудағы кінәлілік дегеіміз – оның қасақана немесе абайсда жасалуы. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті түрдегі белгісі, ал кінә болмаса іс-әрекет әкімшілік  құқық бұзушылық деп танылмайды, сондақтан кінәнің формасы сараланбайды. Ол белгілі бір теріс қылықты жасағадық үшін әкімшілік жауапкершілік салыстырмалы- белгілі бір жазалау шараларында көрініс тапқанда, мысал, көптеген теріс қылықтар үшін жаза бергенде, негізгі немесе қосымша жаза бергенде ескеріледі. Жаңа ӘҚтК-тің 36-бабына сәйкес заңды тұлағалардың әкімшілік жауакершілігі белгіленген, онда кінә саралаушы белгі болып табылмайды (яғни, кінә анықталмайды).

Жаппай жасалу (теріс қылықтардың жаппай орын алуы). Жаппай жасалушылық әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі ретінде заң ғылымында әзірше толық, жан-жақты зерттелмеген.

Жаппай жасалғандықты көрсететін белгілерге мыналар жатады: теріс әрекетті қайталап жасау, не құқық бұзушылықты көптеген субъектілердің алдын-ала келісімінсіз жасауы. Мысалы, электр немесе жылу қуатын пайдалану құқығын бұзу.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерімен қатар, оны басқа құқыққа қайшы әрекеттерден (әрекетсіздіктерінен) айыру қажет. Және бұл мәселені дұрыстап қарастыру, біріншіден, мемлекетті басқару органдары мен лауазымды тұлғалар үшін өте маңызды.

Ең басты, материалды белгісі бойыша, яғни қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай барлық құқық бұзушылықтар екіге бөлінеді: Қылмастар және теріс қылықтар.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарағанда қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесі жоғары болады. Және бұлар қылмыстық заң бойынша сараланып, жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықты, тәрбиелік мәнді теріс қылықтардан ажырату маңызды. Яғни, теріс қылық – белгілі бір мекеме немесе ұйымның нақты бір қызметтеріне жүктелген әрекетті жасамау. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық жалпыға бірдей міндетті ережелерді, нормаларды орындамау.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адамның және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдырадың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу деп жазылған ҚР ӘҚтК-нің 7-баптың 1-ші тармағында. Осы жоғарыда айтылған міндеттерді орындау үшін жауаптылықтың негіздері мен принциптері белгіленеді. Яғни, қандай әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылық деп қарастыруды, қолданылатын жаза түрлерін, оны қолдану тәртіптерін көрсетеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың принциптерінің басты маңызы: заңдарды бұзу, әрекеттің сипаты мен дәрежесіне қарай, іс бойынша жүргізілген істі жарамсыз деп тануға, шешімдердің күшін жоюға әкеп соғады. Яғни, бұл принциптер істі дұрыс шешу үшін маңызды.

ӘҚтҚ-тің 9 бабының 1-тармағына сәйкес, заңдылық принципі бойынша осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға ұшыратылуға тиіс емес. Сонымен қатар, осы принцип негізінде соттар адамдардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға еш құқықтары жоқ. Егер ондай жағдай болса, іс жүргізуді тоқтату керек.

Кодекс бойынша істерді сот қарастырады. Оның құзіретін заң белгілейді.

Азаматтардың заң алдында теңдігі тағы да бір ерекше маңызы бар принцип екені айғақ. Бұл дегеніміз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында азаматтардың ешбіріне нәсілдік, әлеуметтік, жыныстық, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, тағы да басқа негіздер бойынша дискриминацияға түсуге жол берілмейді. Яғни, сот алдында барлығы тең дәрежеде құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік беру.

Өзіне қатысты іс қозғалған жеке адам өз кінәсі заңда көзделген тәртіпте дәләлденгенше, өз өкілеттігі шегінде істі қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз есептеледі. Яғни, бір сөзбен айтқанда 12-ші бап бойынша кінәсіздік презумпциясы заң негізінде қолданылады.

Жеке адам тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін ғана әкімшілік жауаптылықта болады және бір құқық бұзушылық үшін ешкімді екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды деген қағидалар да әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте орын алған.

Қазақстан Республикасы демократиялы мемлекет болып, өзінің басты байлығы деп адам, оның өмірі мен құқықтарын, бостандығын жариялағандықтан кодекстің 15- ші бабы көздейтін ізгілік принципінің болуы табиғи процесс. Себебеі әр демократиялы елдің заңдарының  принциптерінің ішіне адамдарды қинау, жан және тән азабын келтіру еш уақытта да енгізілмейді.

Ізгілік қағидасы негізінде құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты әкімшілік жаза қолданғанда, оған дене жарақаттарын келтіру, жай күйзелісін тудырып, қадір-қасиетіне  нұқсан келтіріп, қорлауды жазалаудың мақсаты етіп қоюға еш уақытта жол берілмеуге тиісті.

Жеке басқа қол сұқпаушылық бабының 1 тармағында ешкімді де осы Кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен өзгеше ретте әкімшілік ұстауға, ішкі істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органдарға алып келуге, жеткізуге, жеке басын немесе жеке адамның заттарын тексеруге болмайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен тек судъяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде қамауға алу қолданылуы мүмкін. Себебі, қамау жаза ретінде адамның жүріп-тұруын шектейді. Демек, бұл оның құқықтары мен бостандығын шектейді. Ал ол үшін көлемді дәлелдер қажет. Сондықтан бұл жаза түрін тек сот және тек заңда көзделген негіздерде тағайындай алады.

Осы баптың 5 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды. Бұл тармақ ізгілік принципі толығымен сәйкес келетіні көрініп тұр. Сонымен бірге Конституцияға толығымен сәйкес келеді.

Ал осы баптың  7 тармағы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау кезінде, оған қауіп төнбейтін, денсаулығы мен өміріне зиян келтірмейтін жағдайды орындалуы керек екенін баяндайды. Дегенмен, кей жағдайда мұндай оқиғалар орын алып, адамға қатер төндіреді. Осындай залалдардың орнын заңда көзделген тәртіппен өтеу міндетті деп жазылғаны жеке басқа қол сұқпаушылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу және жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы «және өзге де хабарламалар алысу құпиясы» деген екі баптың мазмұны тағы да жоғарыда айтылған баптың мазмұнына жақын деуге болады. Бірақ, соңғы екеуі адамның моральдық жағынан, ар-ожданы мен құпиялары сияқты жанның залалдары туралы сияқты. Ал 19-бап, яғни «Меншікке қол сұқпаушылық» бабы тура қарама-қарсы. Мұнда материалды құндылықтар туралы жазылған. Мысалы, көлік құралдары, кемелрді, тауарларды және тағы басқа заттай құндылықтарға соттың шешімінсіз қол сұғуға болмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыру және шешім шығару кезінде судьялардың сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіздігі туралы 20 бапта нақты жазылған. Яғни, судья шешім шығарғанда не іске қатысушылардың көзқарастарына, не басқа біреудің кеңестеріне емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады. Ал егер ондай жағдай болса, ол заң бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істері мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал егер қажет болса орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылуы мүмкін. Бұл басқа тілде сөйлейтін азаматтардың құқықтарын бұзбау үшін қолданылатын шара. Іс жүргізу тілін судья, уәкілетті орган (лауазымды адамдар) қаулы бойынша белгілейді.

22- ші баптың мазмұнын құрайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың принциптерінің бірі туыстық, отбасылық қатынастардың ерекшелігіне байланысты құрастырылған. Яғни, ешкім өзіне-өзі, жұбайына, (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Мүмкін бұл отбасы ішіндегі ерекше психологиялық жағдайға байланысты енгізілген. Сол сияқты, діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.

Жалпы алғанда, 7 мен 27 бап арасын қамтыған принциптердің және міндеттердің басты мақсаты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарды жүзеге асыру барысында, істі толығымен заңға сәйкестендіріп, қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарының толығымен қамтамасыз ету арқылы әділеттілікті орнату.

Әкімшішілік құқық бұзушылық құрамы

 

 Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз – қандай да бір әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңға қайшы, кінәлі деп танылған, әкімшілік жауапкершілікке алып келу үшін қажетті, әкімшілік заңнамада белгіленген белгілер жиынтығы.

Іс-әрекет құқық бұзушылық деп саналу үшін онда құрамның барлық белгілеріболуға тиіс. Олар ӘҚтК-тің ІІ тарауының Жалпы бөлімінің нормаларымен анықталған. Ол құқық бұзушылықтың обьектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Осылардың біреуінің болмауы құрамның толық болмауын білдіреді. Яғни, жауапкершіліктің негізі болмайды.

Жинақтау дәрежесіне қарай құқық бұзушылық жалпы, тектік және тікелей обьектілерге бөлінеді. Құқықтың әр түрлі салаларымен реттелген, әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылық объектісі, оның ішінде жалпы объектісі болып табылады. Жалпы объектінің дербес бөлігін құрайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылықтың тектік объектісі болып саналады. ӘҚтК тектік объектілерді тек мемлекеттік басқару салалары бойынша ғана емес, сонымен қатар реттелетін қоғамдық тәртіп, табиғат қорғау, т.б. бөліктеп қарайды. Бір текті бірқатар құқық бұзушылық (жол қозғалысы, төқұжат режим ережелерін, кеден ережелерін бұзу) үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы түрлік объекті деп танылады. Тікелей объекті дегеніміз - әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын нақты қоғамдық қатынасқа зиян келтіру (Кеден бақылауы аймағында режимді бұзу). Мысалы, ұсақ бұзақылық кезінде тікелей объект азаматтардың тыныштығы және имандылық.

Объективтік жақ әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) өзін сипаттайды. Құқық бұзушының құрамында, көбіне, құқық бұзушылық жасау тәсілінің, сипатының (қайталанушылық, бірнеше рет жасалғандық), жасалған уақыт пен орнының (қоғамдық орын, шекара зонасы, әуе кемесі), келген зиянның, қылмыс жасауда пайдаланылған құралдардың (көлік құралы, ішімдік, есірткі заттар, қару) маңызы зор.

Объективтік жақтың іс-әрекеттің бірнеше рет жасалғандығы және қайталанғындығы сияқты белгілері әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамдарына жиі қарастырылады. Бірнеше рет қайталану дегеніміз – бір текті  әрекеттің немесе әрекетсіздіктің бір реттен көп жасалуы. Бір тектілік болмаса бұл белгі әкімшілік құқық бқзушылықтың объективтік жағына жатқызылу мүмкіндігі болдырамайды.

Ал, қайталанушылық дегеніміз – бір адамның әкімшілік жаза берілген біртекті құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы. Қайталанушылық әкімшілік құқық бқзушылықты жасағаны үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып табылады.

Бірнеше рет құқық бұзушылық, қайталанушылыққа қарағанда, бірнеше құқық бұзушылық емес, бір құқық бұзушылық деп саналады.

Әкімшілік құқық бқзушылық субъектісі дегеніміз – оны жасаған жеке тұлға, басқа сөзбен айтқанда - әкімшілік құқық бқзушылықты жасауға қабілеті бар, құқық бұзғандығы үшін заңға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін адам.6

Әкімшілік жауапкершілік субъектісінің жалпы және арнайы белгілері боладв. Жалпы белгілері – 16 жасқа толғандық және ақыл-есінің дұрыстығы. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдардың барлығында болуы тиіс. Егер құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес осы екі белгілерге ие адам субъект ретінде танылса, онда әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы субъектісі жайында сөз болады.

Кейбір жағдайларда қандай да бір адамды құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартуға жалпы белгілердің болғандығы жеткіліксіз. Сондықтан да заң шығарушылар мұндай жағдайларды құқық бұзушылық құрамына қосымша, субъектіні сипаттайтын арнайы белгілер кіргізген.

Бұл жерде әңгіме арнайы субъект жайында, ондай адамда жалпы белгілермен қатар әкімшілік құқық бқзушылық құрамына заң шығарушы кіргізген арнайы, қосымша белгілер де болады. Бұл белгілер үш топқа бөлінеді, олар мынаны сипаттайды:

тұлғаның құқықтық жағдайын немесе қызмет түрін (лауазымды адам, әкімшілік мемлекеттік қызметкер, сауда немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның қызметкері, көлік құралын жүргізуші, кәсіпкерлік қызмет);

субъектінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері (әскери міндетті, ата-ана, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға);

субъектінің бұрынғы құқық бұзушылық іс-әрекеті (әкімшілік қадағалаудағы адам; құқық бұзушылықты қайтара жасаған адам).

Әдебиетте заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөніндегі даулар ұзақ уақыт айтылып келеді.

Заңды тұлғалардың әкімшілігін болдырмайтын дәлел ретінде мамандар көңілге қонымды және жеткілікті мысалдардың жоқтығына сілтеме жасайды. Әс жүзінде мүлде басқаша. Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделген.7 Бұл жерде осы құбылыстың жаратылысын, әсіресе уәкілетті лауазымды адам заңды тұлға болып құрылған кезде, бөліп алып саралаудың маңызы зор.

Субъективтік жақ, бұл – субъектінің өзі жасаған заңсыз әрекетке немесе әрекетсіздікке және оның мүмкін болатын салдарына психологиялық қатынасы. Кінә арам ниеттіліктен немесе абайсызда туындауы мүмкін. Қасақана әрекет немесе әрекетсіздік жасағанда адам өз іс-әрекетінің сипатын ұғынады, оның теріс зардабын алдын ала көреді, сол зардаптардың болуын қалайды немесе саналы түрде оған жол береді.

Ал, абайызда жасалған деп танылады, егер адам зиянды салдардың болатынын білуге тиіс  болса немесе біле алса, бірақ оларды болады деп ойламаса.8 

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда кінәнің формасы, көбіне, көрсетілмейді және онда сараланушылық маңыз болмайды. Кінә - субъективтік жақтың міндетті белгісі. Құқық бұзушылық жасаудың себебі мен мақсаты факультативтік белгілерге жатады, себебі олар тек бірнеше құрамдарда ғана көрсетілуі тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болған жағдайда ғана, оны жасаған адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ӘҚтК құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздемелерін қарастырған. Жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының жеке басы сондай негіздемелерге жатады. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жеңілдететін мән – жайлар (шын жүректен өкіну, кінәлінің зиянды салдарын тойтаруы, құқық бұзушылықты кәмелетке толмағанның жасауы және т.б.), құқық бұзушының қаншалықты кінәлі екендігі, оның мүліктік жағдайы ескеріледі.

ӘҚтК-тің 67-70 және 71-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өзінің іс-әрекетімен өкінуіне, құқық бұзушылықтың елеусіз болуына, ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық жасау актісіне, науқасына байланысты одан босатылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын дәлірек түсіну үшін ӘҚтК-тің 114 бабын «Кәмелетке толмағандарға темекіні және темекі бұйымдарын сату» - алып қарастыруға болады.

Бұл баптың жалпы объектісі – кәмелетке толмағандардың құқықтары. Және қоғамдық тәртіп. Субъект болып әкімшілік құқық субъектілігіне ие жеке тұлға. Яғни, заңды тұлға емес. Бұл құқық бұзушылықтың субъективтік жаға қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Ал, объективтік жағы- әрекет.

Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар

 

 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 22 тарауы қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қарсы құқық бұзушылықтар сипаты мен оларға қолданылатын санкциялар жазылған. Бұл тарау 330-341 баптарды қамтып, барлығы 13 баптан тұрады. Бірінші, 330 бап, ұсақ бұзақылық деп аталатын құқыққа қарсы әрекетті қамтиды.

Жалпы, тараудың аталуына сәйкес қоғамдық тәртіп және имандылық-бірімен-бірі тығыз байланысты түсініктер. Себебі, имандылық қоғамдық тәртіптің көрсеткіші. Және де осы екі түсінікті біріктіретін түсінік - өзін-өзі ұстау мәдениеті. Ал, заң шығарушы үшін, құқық қорғау органдары үшін имандылық жақсы мен жаманды бір-бірінен айыратын түсінік.

Имандылық – бұл тұлғаның ішкі жан дүниесі, сыртқы ортаның көрінісі.

Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке, құқыққа, дәстүрге, адамдардың мүдделеріне қарсы әкімшілік құқық бұзушылық. Яғни, қоғамдық орындарды болатын сөйлеу, азаматтардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілердегі сыйламаушылықты білдіретін әрекеттер. Осындай әрекеттер үшін айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Ал егер, нақ осы әрекеттер үшін жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалса, айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Бұл құқық бұзушылықтың жалпы объектісі – қоғамдық  тәртіп және имандылық; субъектісі – азаматтар; субъективтік жағы – қасақаналық, объективтік жағы – белсенді әрекет.

Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық, яғни 16 жасқа дейінгі адамдар жасаған бұзақылық үшін, сол адамның ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіщтің бірден екіге дейінгі мөлшеріндке айыппұл салынады.

332 бап  -  «Елді мекендерде атыс-қаруынан ату, пиротехникалық қондырғыларды жару» деп аталады. Яғни, елді мекендерде  және бұл үшін бөлінбеген орындарда азаматтардың тыныщтығын, белгіленген тәртіпті бұзатын атыс қаруы мен газды қарудан, сондай-ақ қолдан жасалған немесе соған бейімделіп жасалған қарудан ату әрекеті негізінде қоғамдық тәртіпті бұзу.

Жалпы айтатын жай, Қазақстан Республикасының «Қарудың кейбір түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы» заңы қарулардың кей түрлерін қолдануын, есепке тұруын бақылайды.

Сонымен бірге, бұл бап тек атыс қаруы пайдалану арқылы құқық бұзушылық жасауды қарастырады. Ал, газбен ататын қару бұл бапта көзлделмеген.

Осы баптың диспозициясы бланкеттік екенін де ескеру керек. Яғни, қаруды қолдану жағдайларының алуындығын ескеру қажет.Олар: 1) белгілі бір объектілерді, территорияларды күзету кезінде қару қолдану; 2) құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында қару қолдану; 3) саяси, әкімшілік мемлекетік қызметкерлерді қорғау кезінде; Сондықтан, қару өзінің бағытталған қызметі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

суық қару;

азаматтық;

қызметтік немесе кәсіптік.

Осы қаруларды пайдалануға болатын уақыт және орындар болады (тир; ату алаңдары; ішкі істер органдарымен рұқсат етілген орындар). Бұл жерде арнайы рұқсатпен қызмет ететін ату алаңдары, стендтері болады. Сонымен бірге, бұл баптың санкциялары қолданбайтын арнайы тұлғалардың тізімі де бар. Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылық үшін 332 баптың 1 тармағына сәйкес қолданылатын санкйия – қаруды тәркілеу немесе онысыз, айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салу.

Елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда азаматтардың тыныштығы мен белгіленген тәртіпті бұзатын және ірі материалды залал келтіруге әкеп соқпаған арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық қондырғыларды жару үшін, құқық бұзушылық туралы тәркіленіп, сонымен бірге айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға санкция көзделген.

Бұл әкімшілік құқық  бұзушылықтың субьектісі болып 16 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Бұл әрекет абайсызда немесе қасақана жасалуы мүмкін. Ал егер, тура осы әрекетті 16 жасқа толмаған адам жасаса, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға не айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға заң негізінде рұқсат бар. Бұл осы баптың 3 тармағында жазылған.

Осы баптың 2-ші және 1-ші бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық  үшін айлық есептік көрсеткіштің 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады немесе оннан он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, түнгі уақыттағы (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін) тыныштықты бұзу, соның ішінде тұрғын үй-жайларға және олардың сыртында шұғыл қажеттіліксіз  шу шығаратын жұмыстардаы жүргізу – 333 баптың “Тыныштықты бұзу” диспозициясы осындай әрекеттерге музыканың қатты ойнауын, дауыстап ән салуды, түнгі уақытта музыкалық аспаптарда ойнауды жатқызуға болады. Бұл құқық бұзушылықтың субьектісі болып 16 жасқа толған азаматтар табылады.

Обьективтік жағын саралау кезінде тыныштықты бұзу уақытына ғана емес, орнына және тәсіліне назар аудару керек. Сонымен бірге бұл әрекет және әрекетсіздік те болуы мүмкін. Бұл үшін көзделген шараны ескерту жасауды немесе айлық есептік көрсеткіштің екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – беске дейінгі, заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл ішкі істер органдары салады.

Қазіргі уақытта 334 бап көздейтін “Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру” деп сараланған құқық бұзушылықтар жиі кездеседі. Яғни, мемлекттік өртке қарсы қызметті, полицияны, медициналық жедел жәрдемді, авариялық қызметтерді көрінеу жалған шақырып, сол арқылы жоғарыда көзделген қызметтерді материалдық шығынға әкеліп соғады. Бұл құқық бұзушылықтың тектік объектісі – мемлекеттік жедел қызмет көрсету мекемелерін шақыру ережелерін сақтау негізінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Объективтік жағы тікелей қасақанылықпен сипатталады. Субъектісі – ҚР-ның азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар. Осы субъектілер арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру үшін, кәмелетке толған болса, айлық есептік көрсеткіштің 20 дейінгі мөлшерінде, ал 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаса, айлық есептік көрсеткіштің 10 дейінгі мөлшерінде ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға салық арқылы немесе ескерту арқылы шара қолданылады. Егер жоғарыда айтылған әрекетті жасау үшін көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталанып жасалынса немесе аварияларды, өрттерді, табиға апат зардаптарын жою кезеңінде жасалса, айлық есептік көрсеткіштің 50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Кей жағдайларда бұл әрекеттер абайсызда жасалуы мүмкін деген ойлар да болады. Бірақ, абайсыз кінә нақты дәлелденуі керек.

Үйде жасалатын күшті спирт ішімдіктерін дайындау және сату да қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қарсы жасалынатын әрекеттер қатарына жатқызылады. Бұндай ішімдіктерге ӘҚтК – ке сай самогон, чача, тұт арағы, брага және басқа да күшті спирт ішімдіктері жатады. Олар заңсыз дайындалып, сату үшін тауар болады. Бұл құқық бұзушылықтың субъектісі – жеке тұлға; субъективтік жағы – қасақаналық; объектісі – спиррттік ішімдіктерді дайындау және сату айналасында заңға бағынышты қатынастар, яғни сол қатынастарға қол сұғылады; ал объективтік жағы – заңға бағынышты белсенді іс-әрекет. Осыған қолданылатын санкция – спирт ішімдіктерін, аппараттарды, шикізаттарды және жабдықтарды, сондай-ақ оларды сатудан түскен ақша мен өзге де құндылықтарды тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің 3-ке дейінгі мөлшерінде айыппұл салу.

Жергілікті атқарушы орган спирт ішімдіктерін құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде, стадиондарда, гүлзарларда, саябақтарда, қоғамдық көлікте және басқа да қоғамдық орындарда спирт ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық оырндарға адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіргендей мас күйінде келу – 336 баптың – «Спирт ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу» - 1-ші тармағы. Осында көзделген әрекеттер үшін айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады. Егер тура осы әрекеттерді 1 жыл ішінде қайталап жасаса ғана, ал 1 жыл уақыттан кейін барып тағы жасалса, айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшері айыппұл ретінде өндіріліп алады. Ал, егер 1 жыл ішінде 2 рет қайталанып жасаса, айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салынып, ерекше жағдайларда, бұл шара жеткіліксіз деп танылса, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

336 – 1 бабы кейін енгізілген баптарының бірі. Мүмкін бұл азаматтардың қоғамдық орындарда темекі шегуінен болатын жаман, теріс салдардың көбейіп кетуінен болар. Яғни, Қазақстан Республикасының заңдарында жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу деген әкімшілік құқық бұзушылық түрі көзделген. Ол үшін көрсетілген шара 1 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл  салу.

Осы баптың 2-ші тармағына сәйкес 1 жыл ішінде нақ сол әрекетті жасағаны үшін айыппұл мөлшері өсіп, айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде орнатылады.

Сондай-ақ, жұмыс берушінің темекі шегу үшін арнайы орындар бөлуді көздейтін заңдарды бұзу, арнаулы белгіленбеген орныдарды темекі шегушілерге шаралар қолданбайы үшін лауазымды адамға айлық есептік көрсеткіштің 10 дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға – 40 дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Келесі баптың бар болуы қоғамдық тәртіптің, мәдениеттіліктің, әлеуметтік ықпал ету шараларының деңгейлерінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. 9 Бұл 337 «Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі» бабы. Яғни, 16 жасқа толмағандардың қоғамдық орындарға мас келуі және спирт ішімдіктерін ішу – қоғамдық тәртіпке , ал біріншіден жастардың имандылығына қайшы келетін әрекеті. Бұл әрекеттер ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. Яғни, бұл жағдайда ата-аналардың жастарға ықпалының қаншалықты екені көрсетіледі. Бұл әрекеттің субъективтік жағы – не қасақана, не абайсызда болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ірі қалаларда әр түрлі ойын-сауық орындары ашылуда. Олар адамдарға бос уақыттарын қызық өткізуге көмектесетін орындар деп есептеледі. Бірақ, олардың ең пайдалы, табысты, адамдарды көп тартатын түрі – құмар ойындар заңмен көзделген орындардан тыс ұйымдастырылып, адамдарды шығынға тартуды басты мақсат етіп қояды. Осындай ойындарға қатысу, сол сияқтыоларды өткізуге арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ұтыс тігу әкімшілік құқық бұзушылық  ретінде танылып, ойын құралдарын, ақшасын, заттары мен өзге де құндылықтарын тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің 2-ден 5-ке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әәкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Ал, 16 жасқа толмағандарды осындай ойындарға тарту - айлық есептік көрсеткіштің 5-тен 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.  Осындай құқық бұзушылықтар субъектісі азаматтар, шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады. Объективтік жағы - әрекет (әрекетсіздік). Субъективтік жағы – қасақаналық.

339 бап – «Эротикалық мазмұндағы өнімдерді жарнамалау». Оның мазмұны мынадай: «осы мақсаттар үшін бөлінбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнімдерді сату, тарату немесе жарнамалау, - аталған өнімдерді тәркілей отырып, айлық есептік көрсеткіштің 20-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

А.А. Таранов осы баптың редакциясының нашар екені туралы былай дейді: «өнімдерді жарнамалау түсінігі сату, тарату деген әрекеттерді қамти алмайды. Екіншіден, эротикалық мазмұндағы өнімдердің нақты түсініктемесі берілмеген, яғни оларды басқа өнімдерден айырудың белгілері жоқ. Үшіншіден, мұндай өнімдерді көрсетіп, сатуға, таратуға не жарнамалауға болатын орындар көрсетілмеген. Ал, ол іс қозғау үшін кедергі болуы мүмкін». Бұл әрекеттердің субъектісі болып азаматтар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар саналады.

ӘҚтК-тің 340 бабы мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдалану ережелерін бұзу үшін – азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің 5-ке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға негіз болады. Сонымен қатар, кодекстің соңғы бабы мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескрткіштеріне немесе табиғи объектілерін қорлау, егер онда қылмыстың белгілері болмаса, - айлық есептік көрсеткіштің 5-тен 10-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Ал, осы әрекеттер кәмелетке толмағандармен жасалса, ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Әкімшілік жаза

1. Әкімшілік жазаның түсінігі

2. Әкімшілік жазаның жүйесі

3. Әкімшілік жазаның түрлері

4. Әкімшілік жазаларны қолдану ерекшеліктері

5. Әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі

Әкімшілік жаза, заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және осындай құқық бұзушылықты жасаған адамның ӘҚБК-те көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.

Әкімшілік жазаны қолдану барысында келесіге көңіл аударған жөн, ол:

1. Құқық нормаларының арасындағы байланыс;

2. Өкілетті тұлғалардың құқықтық жағдайы.

Осы айтылғандар бір соңғы шешімге жету үшін бағытталған.

Әкімшілік жазалар ӘҚБК-те және басқа да әкімшілік құқықтың актілерімен көрсетілгендей әртүрлі негіз бойынша шектеледі, олар:

Түрлеріне қарай: 1) Ескерту жасау. 2) Әкімшілік айыппұл салу. 3) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алып қою. 4) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу. 5) Арнаулы құқықтан айыру (аң аулау құқығы, көлік айдау құқығы). 6) Әкімшілік қамауға алу. 7) Жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу. 8) Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан, куәліктен айыру немесе қызметінің белгілі бір түріне не белгілі іс-әрекеттер жасауға оның қолдануын тоқтата тұру. 9) Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру.

Процессуалдық қамтамасыз етудің түрлері бойынша: соттық және әкімшілік жаза тағайындау тәртібі.

Тағайындау орны бойынша жаза:

  1.  Құқық бұзушылық жасаған орны бойынша
  2.  Оқу орны, қызметі бойынша
  3.  Тұратын тұрғын жай орны бойынша
  4.  Көлікті тіркеу орны бойынша

Негізгі және қосымша жазалар.

Мерзім уақытына қарай: бір реттік, бір мерзімдік (ескерту, айыппұл), созылмалы (қамау, арнаулы құқықтан айыру).

Құқық бұзушылықты болдырмау функциялары бойынша жазалар келесі түрлерге жіктеледі:

  1.  Жалпы
  2.  Жеке
  3.  Арнайы

Жалпы - әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған сол тұлғаға жаңа құқық бұзушылықты қайта жасауға болғызбауға бағытталған, сонымен қатар бұл басқа да тұлғаларға қатысты болады.

Жеке – бұл тек әкімшілік құқық бұзушылық жасаған сол тұлғамен жаңа құқық бұзушылықты жасауды болғызбауға бағытталған.

Арнайы – бұл жеке жаза түрінің бір бөлігі болып табылады. Кінәлінің жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамау үшін кедергі болатын жағдайлар туғызу.

Барлық жазалар Қазақстан Республикасының заңымен анықталатын жалпы бір жүйені құрайды, заңмен жазаны орналастыру тәртібі қатаң түрде белгіленген, олар: жеңіл және қатаң, бұл осы жазаны қолданатын тұлғаларға қатысты болады.

Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған тұлғаға материалдық және моральдык тұрғыда көрініс табады.

Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Ең басты ол заңдылық сипатқа ие әкімшілік құқықты бұзған тұлғаға белгілі бір мақсатта нақты жаза қолданылады. Әкімшілік жаза бұл кінәлі тұлғаға келеңсіз салдары бар жағдай туғызуы мүмкін. Осыны қылмыстық жазамен салыстыратын болсақ, әкімшілік жаза жеңілірек, бірақ кей жағдайларда ұқсастығы бар деп те айтуға болады. Әкімшілік жазаны не материалдық не моральдык тұрғыдан алсақ та, оның мақсаты материалдық залалды өтеу болып табылады.

Заң жазаны міндетті белгісі ретінде қарастырмаса да, бірақ әкімшілік жазаны жауапкершілік шарасы ретінде әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты қарастыру керек. Осыған байланысты жазаның келесі мақсаттарын бөліп көрсету қажет:

  1.  Құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады
  2.  Әкімшілік заңының нормаларында көрсетілген әрекетсіздік үшін жауапкершілік
  3.  Құқық бұзушылық жасаған адамды заңдар талаптарына сай тәрбиелеу
  4.  Жаңа құқық бұзушылықты жасауды алдын алу

ҚР заңымен бекітілген әкімшілік жаза жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сүйеніп, қолданылуы керек. Әкімшілік жаза құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын  тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір қасиетін қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды.

Әкімшілік жазалардың түрлері және жүйесі.

ӘҚБК-тің 45-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлғаларға келесі әкімшілік жазалар қолданылады:

  1.  Ескерту жасау;
  2.  Әкімшілік айыпұл салу;
  3.  Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;
  4.  Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу;
  5.  Арнаулы құқықтан айыру;
  6.  Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру және қызметтің белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
  7.  Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу;
  8.  Өз бетімен салынып жатқан және салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
  9.  Әкімшілік қамауға алу;
  10.  Шетелдікті және азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР-ң аумағынан әкімшілік жолмен кетіру;                                

          Сонымен қатар, заңды тұлғаларға құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБК-нің 45-бабының бірінші бөлігінің 1)-6),8) тармақшаларында аталған әкімшілік жазалар, сондай-ақ  заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу қолданылуы мүмкін.

           Негізгі және қосымша әкімшілік жазалау шаралары.

Заңды негізгі және қосымша әкімшілік жазалау шаралары көрсетілген.

Ескерту, әкімшілік айыппұл салу және әкімшілік қамауға алу мен негізгі әкішілік жазалар ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

Азаматқа және заңды тұлғаға берілген арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтата тұру, жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік жолмен кетіру негізгі де, сол сияқты қосымша да әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық  құралы және оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою, тәркілеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып, тастау мен қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

 Ескерту - әкімшілік жаза қолданудағы уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беру және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.

          Бұл шара тұлғалармен жасалған маңыздылығы шамалы құқық  бұзушылық үшін қолданылады. Ескерту бірінші рет немесе абайсызда болған маңыздылығы шамалы теріс қылық жасаған тұлғалар ұшырайды. Осы шараны қолдану барысында құқық бұзушының жеке басы зерттеледі, міндетті түрде барлық іс мән-жайлары қаралады. Ескерту кінәліге нақты құқықтық салдар туғызуы мүмкін: біріншіден, ол әкімшілік жазаға ұшыраған деп саналады, екіншіден, қайталанып жасалған құқықтық бұзушылық кезінде ескертуді қолдану үшін басқа әкімшілік жазалармен санасуы.

         Айыппұл салу - әкімшілік құқық бұзушылық үшін ӘҚБК-тің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза түрі.

          Жалпы және ерекше бөлімдердің баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшері ҚР-ң заң актілерінде белгіленген салықты міндеттемелерінің орындалмаған сомасының, сондай-ақ ҚР-сы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операциялар сомасының процентімен көрсетіледі. Әкімшілік тәртіп бойынша салынатын айыппұл ең көп тараған әкімшілік жаза шарасы болып табылады. Мысалы, бір теріс қылық үшін салынатын айыппұл он немесе жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

          Айыппұл келесі жағдайларда қарастырылады:

Нақты заттың құнына байланысты

Қайталанып жасалған құқық бұзушылық үшін екі есе төлеу (жұмыс берушінің кінәсінен еңбек ақыны ұстап қалу)

Еңбек ақының  минималды мөлшеріне байланысты.

ӘҚБК-нің 48-бабына сәйкес айыппұл келесі түрлерде қаралады:

Ақшалай өндіріп алу

ӘҚБК-те белгіленгендей айыппұл салу

Айлық есептік көрсеткішке сәйкес сома түрінде

Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл – бес айлық есептік көрсеткіштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппұл – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.'

Ерекше жағдайда әкімшілік жауапкершілікті қатайту шарасына байланысты ҚР заңды актілерімен ӘҚБК-те көрсетілген мөлшерден көбірек айыппұл сомасы анықталуы мүмкін. Айыппұл тағы да тиым салынатын кәсіпкерліктің түрімен айналысса салынады. Айыппұл құқық бұзушымен қаулы шыққан күннен бастап 15 күннен кешіктірмей төлеуі қажет.

           Заңда күштеп және өз еркімен айыппұлды орындау көрсетілген, егер айыппұл өз мерзімінде төленбесе, құқық бұзушыдан айыппұл сомасының 1 процент өсімі өндіріліп алынады, әр мерзімі өткен күні үшін. Егер 16 жастан 18 жас аралығында тұлға құқық бұзушылық жасаса, онда айыппұлды ата-анасы немесе қамқоршысы төлейді.

            ҚР-сы заң актілерінде белгіленген салықтық міндеттемелердің орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ ҚР-сы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасысың процентімен көрсетілген айыппұл 48-баптың 3-бөлігінде аталған айыппұлдар мөлшерінен асатын мөлшерде белгіленуі мүмкін.

            Айыппұл заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріліп алынады.

           Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою.

            Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынатын затты өткізу жөніндегі шығыстарды, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып қоюды судья қолданады. Өтемін төлеп алынып қойылған заттар арнайы сақтау органдарына жіберіледі және құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайынша сот органдарында сақталады.

          Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемін төлеп алып қоюдың аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

          Өтемін төлеп алып қою ӘҚБК-тің жалпы және ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшін ғана қолданылуы мүмкін.

           Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды тәркілеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивиденттерді), ақшаны, бағалы қағаздарды тәркілеу, оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне тегін аударудан тұрады.'

          Тәркілеу- бұл мүлікке байланысты әкімшілік жаза ретінде затты мәжбүрлеп, өтеусіз алып қою. Тәркілеу негізгі және қосымша жаза ретінде де қолданылады. Тәркілеу арнайы әкімшілік-құқықтық шара ретінде қолданылмаса да, бірақ көбінесе құқық бұзушылық жасаған объектісіне (контрабанда) немесе құқықтық бұзушылық жасалған қару-жарақтарға тікелей қатынасы бар тұлғаларға қолданылады.

           Тәркілеу кезінде арнайы органмен тәркілеу туралы қаулы шығарылады, ал тікелей тәркілеу күні қаулының орындалу актісі шығарылады.

           Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және басқа да рұқсат етілген аң аулау және балық аулау құралдарының тәркілеуді аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

           Тәркілеуді судья қолданады, және жалпы және ерекше бөлімдерінің тиісті баптарында көзделген әкімшілік жаза ретінде тағайындалуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектісі болған мүлікті тәркілеу туралы қаулы келесі органдармен жүзеге асырылады:

  1.  Сот атқарушысы
  2.  Ішкі істер органдары
  3.  Қаржы органдарының өкілетті тұлғалары
  4.  Аңшылық ережелерін сақтауын қадағалайтын орган
  5.  Балық қорын сақтау органдарының өкілетті тұлғалары
  6.  Кеден органдарының өкілетті тұлғалары

Арнаулы құқықтан айыру. Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртібінің өрескел үнемі бұзылғаны үшін қолданылады. Осы жазаны қолдану барысында азаматтық құқық субъектілігі шектеледі, оның нақты қызмет түрімен айналысуына шектеу қойылады (аңшылық, көлік айдау құқығы).

ӘҚБК-тің 2 және 3 бөлімінің 51-бабына сәйкес нақты қызмет түрімен айналысуға, арнайы құқықтан айыру тек 2 жағдайда қарастырылады:

  1.  Масаң күйінде көлік айдау
  2.  Аңшылық ережелерін бұзу

     Көлік айдау құқығынан айыру мүгедектерге қолданылмайды.

Заңды көлік айдау құқығынан айырудың басқа да негіздері бойынша қарастырылуы мүмкін, олар:

  1.  Жүргізушінің құжаты мерзімінің өтіп кетуі
  2.  Көлік жүргізушісінің денсаулығының нашарлауы

Арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс.

Лицензиялардан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру не белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға қолданылуын тоқтата тұру.

Жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаларды белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиядан, біліктілік аттестатынан, арнаулы рұқсаттан айыруды судья аталған адамдардың қызметті жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, біліктілік аттестатында көзделген белгілі бір іс-әрекеттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылығы үшін қолданылуы мүмкін.

Белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиядан қолдануды тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан уақытша айыру алты айға дейін мерзімге белгіленеді.

Белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиядан айыру лицензиялау туралы заңдарда белгіленген негізде қолданылады.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу.

ӘҚБК-тің 53-бабына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның өтініші бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргізіледі.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы талап қою өтініші ҚР-ң заң актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша сотқа жіберіледі. Өтінішті сот он күн ішінде қарайды.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру кезіндегі әкімшілік жазалау шарасы бұзушылықты жою үшін сот белгілеген мерзімде қажетті іс-әрекеттер жүргізу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салуға, сот шешімінің ерекше жағдайларда, талап қою өтінішін сотқа белгіленген мерзімде міндетті түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзімге жол беріледі. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актісі сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.

Қоғамдық бірлестіктің қызметі өздерінің жарғысына немесе заңдарға қайшы келетін жағдайларда сот олардың қызметін тоқтата тұруы немесе оған тыйым салуы мүмкін.

Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау.

Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды жалпы және ерекше бөлімдердің баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды.

Әкімшілік қамауға алу

Әкімшілік қамауға алу - әкімшілік жазаның негізгі түрі ретінде қолданылады, ол он бес тәлікке дейінгі, ал төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамауға алуды судья қолданады.

Әкімшілік қамауға алу тек әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін айрықша жағдайларда ғана бекітіледі.

Жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкімшілік қамауға алуды қолдануға болмайды.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды ҚР-сы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру.

ҚР-сы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты әкімшілік жазалау шарасы ретінде қолданылады.

Әкімшілік жолмен кетіруді судья тағайындайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза ӘҚБК-тің 7-таруының 60-бабына сәйкес ерекше және жалпы бөлімдерінің бабында көзделген шекте, кодекстің ережелеріне дәл сәйкестікте қолданылады.

Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай болуы тиіс.

Әкімшілік жаза жеке адамға қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Заңды тұлғаға әкімшілік жаза қолданған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Әкімшілік жаза қолдану, адамды орындалмағаны үшін аталған шара қолданылған міндеттерді атқарудан жол берілген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.

Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір негізгі немесе негізгі және қосымша әкімшілік жазалардың қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік жаза келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін:

  1.  Арнайы органдармен немесе өкілетті тұлғалармен
  2.  Егер кінәлінің әрекетінде әкімшілік теріс қылықтар туралы анықталса
  3.  Егер осы теріс қылықтар құрамы ӘҚБК-де немесе нормативтік актілерде белгіленген болса
  4.  Егер бап санкциясы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырса
  5.  Құқық бұзушының мінез-құлық сипаты, жеке басы, кінәлінің дәрежесіне қарай

Заңдылық және жеке дара қағидаларын ұстана отырып әкімшілік жазаны қолдануды қамтамасыз ету.

Заңдылық қағидасы:

  1.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастырып жатқан өкілеті тұлға немесе арнайы орган кінәліге тек қана жаза қолдануы мүмкін, ол заң актілерінде белгіленуі мүмкін және ол нормативтік актілер санкциясы шеңберінде қарастырылуы қажет.
  2.  Тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту және оған заңсыз әкімшілік жаза түрлерін қолдану заңсыз әрекет болып табылады.
  3.   Сонымен қатар заңсыз әрекеттер дұрыс саралануы қажет
  4.  Арнайы органның немесе өкілетті тұлғаның өздерінің өкілеттігі шеңберінде ғана істі қарастыру.

Жеке-дара қағидасы - әкімшілік жазаны қолдану барысында, құқық бұзушының өзінің жеке басы, кінәлінің дәрежесі, мүліктік жағдайы ескерілуі тиіс.

Әкімшілік жаза қолдану мерзімі:

Әкімшілік қамауға алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке адамға немесе заңды тұлғаларға берілген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан айыру (біліктілік аттестатынан, арнаулы рұқсаттан) айыру немесе оның қолданылу қызметінің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тоқтата тұру мерзімі – жылдармен, айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану барысында қаулының орындалуы ақталған күннен бастап бір жылдың ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.

Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану:

Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады.

Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган (лауазымды тұлға) қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін ӘҚБК-те белгілеген үш еселенген ең жоғарғы мерзімінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда – отыз тәуліктен, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік қамауға алу қырық бес тәуліктен аспауға тиіс.

Әкімшілік жазаға түсініктеме беру үшін жазаларды бірнеше негіз бойынша жіктейді, және оларды жеке ажыратып қарастыру керек деген. Олар: - түрлері бойынша,- процессуалды қамтамасыз ету бойынша,- тағайындау бойынша, мерзімі, уақытына қарай,- құқық бұзушылықты болдырмау функциялары бойынша жіктейді. Осы барлық жазалар жалпы бір жүйені құрайды. Көп ғалымдар өз жұмыстарында осы жүйені толық ашып көрсетпейді. Сондықтан да әкімшілік жазаның жүйесіне көп тоқталдым.

Тағы да бір мәселе, әкімшілік жазаны, соның ішінде жаза мақсатын азаматтар түсіне білмейді. Қоғамдық пікірлерге құлақ шалсақ, біреулер жазаларды қатайту керек десе, біреулер ізгілік принципін қолданып, тек айыппұл салуды қалдыру керек дейді.

Шет елдерде әкімшілік жазаға көп көңіл бөледі және жазаның мақсатын толық ашып көрсетеді. Мысалы, Солтүстік АҚШ-та жылына 8790 адамға әкімшілік жаза қолданады. Оларда әкімшілік жаза, қылмыстыққа қарағанда қөп қолданылады. Өйткені соттылық атаққа іліккендер күннен-күнге өсіп жатыр. Сондықтан да олар әкімшілік жазаның айыппұл түрін көп қолданады.

Мемлекет аясында шоғырланған мәжбүрлеу күші болғандықтан, мемлекет тарапынан жазалау саяси және құқықтық теория алаңдайтын аса маңызды мәселе болып отыр.

Осы және тағы да басқа әкімшілік жазаға қатысты мәселелерді қарастырдым. Қорыта келе мынадайды түйдім:

Әкімшілік жазамен қылмыстық жазаны айыра білу.

Әкімшілік жазаның мақсатын дұрыс ұғыну (ол азаматты тонау емес, құқық бұзушылықтарды алдын-алу және болдырмау).

Әкімшілік жазалардың түрлерін дұрыс ажырата білу.

Әкімшілік жазаны қолдану ережелері мен қағидаларын білу керек: а)заңдылық қағидасы, б)жеке-дара қағидасы

Егер де осы жүйені немесе ойларды біліп, әкімшілік жазаны дұрыс қолдануға болады. Және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталады. Бұл құқықтық мемлекетті құру барысында үлкен қадам болып есептелуі мүмкін

  

Әкімшілік жауаптылық: генезис, негізгі белгілері, құрылымы

1. Әкімшілік жауаптылық институтының қалыптасу тарихы

2. Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы

3. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

4. Шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы

5. Әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Әкімшілік жауаптылық институтының қалыптасу тарихы

«Жауапкершілік – адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет. Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқаруымен бірге өзіне жүктелген жауаптілікті орындау - оның кісілік беделін қалыптастырып,іскерлігін шындайды»Әйгілі филолог А.Алдамуратов.

Қоғамның санасында әкімшілік құқық жайында,ол — атқарушы билік органдарының күш көрсететін (мәжбүрлейтін) құралы, мемлекелік органдардың "қызметшісі" деген ұғым калыптасқан. Бірақ, өкіметтің және оның мүддесін білдіретін органдардың заңға бағынатындығьн, оларды өзара тендестіруге болмайтындығын бұл жерде ескермейміз10. Құқық, билік жайындағы ойлар әркімге тікелей беріле салатын нәрсе емес. Ойды жетілдіру қажет. Гегель былай деген: "Тек дұрыс ойлану ғана білім, заттың танымы, ал біздің танымымыз ғылыми болуы тиіс"11.

Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасы құкық жүйесінің кескіндейтін (іргелі) саласы, құрамдас буыны бола тұрып, атқарушы органның еркін жай ғана жүзеге асырудан гөрі едәуір ауқымды құбылыс болып танылады. Мамандардың пайымдауынша, құқықтың өз басы қоғамның мәдениет институты, жалпы өркениеттілік процестің қажетті құрамдас бөлігі12. Осы идеялар контексінде әкімшілік күқықты императивтік тәжірибесімен, яғни мемлекеттің қоғам өмірінің экономикалық және басқа өрістеріне белсенді қатысу саясатымен шектеуге болмайды.

Әкімшілік жауаптылық әкімшілік  құқығының бір саласы болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз — жалпыға міндеті әкімшілік-құқықгық нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптық әрекет не әрекетсіздік.

Әкімшілік құқық бұзушылық ырықтық іс-әрекет актісі болып табылады, ол өзіне іс-әрекеттің екі аспектісін — әрекеттік немесе әрекетсіздік көріністі білдіреді. Міндеттемені, заңды талапты белсенді түрде орындамау, сондай-ақ салынған тыйымды бұзу (мысалы, егіндікті бүлдіру, көкнар немесе қарасораны заңсыз отырғызу) әрекет болып табылады. Ал әрекетсіздік дегеніміз міндетті пәс орындамау (мысалы, мемлекеттік стати-стикалық бақылау жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көміп тастау талабын орындамау, т.б.)

Әкімшілік құкық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың негіздемесі ретінде ол адамға әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғады (нормативтік негіздемелерге құқық нормалары жатады, әкімшілік жауаптылық  соларға сәйкес белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік жауаптылық- мемлекеттік органдар,лауазымды тұлғалар, атқарушы органдардың мемлекетпен белгіленген әкімшілік жаза шараларын құқық бұзушылыққа қарсы  қолданатын амалы болып табылады.Қазір Қазақстанда көптеген әкімшілік ережелер қолдануа және әкімшілік құқық қаржы,еңбек секілді өзге құқық салаларымен байланыста.

Әкімшілік жауаптылық дегеніміз бұл кінәлі адамға әкімшілік құқығының зерттеу тақырыбы болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.

Жауаптылық дәрежесі өте ұзақ мерзімде пайда болып дамыған. Оның алғашқы бастамасы ретінде б.з.д. 399ж. Афинадағы Сократтың сотталуымен, ал аяқталуын – орта ғасырлар шегімен сәйкестендіруге болады.

Платонның фиософиясы және Сократқа қарсы жүргізілген өндіріс, осы фактілерінің барлығы жауаптылықтың дәрежесінің дамуында маңызды роль атқарды. Көнегректік және көнеримдік стоиктер философиясының негізі- тәртіп, адамдардың іс-әрекеті, оларға мемлекет пен биліктің қатынасы еді.

Рим империясының кезеңіндегі философтар және тарихшылар (Сенека, Эпиктет, Улпиан және т.б.) адамның туғанынан пайда болатын  құқықтарды қорғауға бағытталған шараларды қолдаңған еді. Уақыт өте келе ежелгі Рим заңнамасында кінәлі тарапты тыңдау қағидасы пайда болды: «nemo inauditus damnari potest» (оны тыңдап алғанша,ешкім кінәлі деп саналмайды ) деген мағынада қарастырылған13.

Жауаптылық институты алғашқы кезінен  бастап өз мақсаты ретінде жазаны әділдік қағидасын қолданып тағайындауды білдірген еді. Гоббстың жазуы бойынша: «Жаза тағайындаудың кемшілігі -ол жазаны мемлекеттік биліктің тағайындағаны» деп айтылған14.  

Мемлекеттік құқық саласы жауаптылық институтын алғашқы болып қабылдаған. Сонымен, 1 Петрдің  Жарлығы 2 наурыздың 1711 жылы «Сенаттың билігі мен жауаптылығы» деп аталған15.

Кешірек, XIX ғасырда жауаптылық ұғымы қылмыстық және азаматтық құқық салаларына енеді. Әкімшілік құқық болса тек  XX ғасырда заңнамада пайда болады16.

Шын мәнінде Кеңестік 50ж. әкімшілік жауаптылық түсінігі мен термині әкімшілік құқық ғылымында жаналық болып,оны зерттеуге деген ынта 60-80ж.әкімшілік жауаптылық институтын оқып қарастыру әкімшілік құқықтық зерттеулерде маңыздысына айналып,бұл тақырыпқа арнала әдебиеттер монобланы жазыла,ды.Жалпы өткен онжылдықтарда ресей әкімшілік-ғалымдары Д.Н Бахрах,И.А Галагин,И.И Веремеенко,Б.Л Лазарев,А.Е Лунев,Г.Н Салищева,М.С Студеникина,Л.Л Попов,А.П Шергин және т.б. 1980ж.Кеңестік,1984-86 ж.Кеңестік Республикаларының Кодекстері  әкімшілік  құқық бұзушылықтың теориялық  негізін салады.

Әкімшілік заңдылықтың элеметтері ең алғаш рет Францияда пайда болды. 17ғасырда монархқа бағынған,төменгі әкімшілікті бақылап,азаматтардың дауларын,әкімшілікпен байланысты талаптарын шешетін провинциялық басқарушы орган - интенданттар пайда болды.17ғ. аяғында бұл органның құзіреті арта түсіп,король азаматтық,кейін қылмыстық істерді жүргізу уәкілеттігінен айырылады.Интенданттардың шешімдерін Мемлекеттік Кеңес қарастырып,бірте-бірте бұл органның беделі күшейеді. 18ғ.Людовик ХIII кезінде Мемлекеттік Кеңес корольдің барлық әкімшілігін басқарады.Интенданттар мен Мемлекеттік Кеңес арасындағы шиеленіс нәтижесінде 1789ж.23маусым және 22желтоқсандағы шыққан заңдар интенданттарды жойып,жаңа департаменттер пайда болады,ал Кеңес –Министрлер кеңесі ретінде қайта құрылады.1790ж.Ұлттық жиналыс соттық-әкімшілік функцияларын атқара бастайды.Францияның әкімшілік институттарының қалыптасуындағы басты қағида-соттардан тәуелсіз,еркін,күшті  әкімшілік биліктің болуы.

Әкімшілік жауаптылығының негізгі белгілері ұғымын айқындай отырып көптеген әкімшілік-ғалымдары бұл мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік құқық бұзушылыққа жазалау, әкімшілік санкциясын қолдануымен сипатталатын «әсерлестік»формасы деп тұжырымдайды.Әсерлестік әр түрде жүзеге асады ,өндеп алу –оның бір түрі. Сондықтан әкімшілік жауаптылық,мемлекеттің құқық бұзушылыққа әсерін сипаттай отырып,ең біріншіден, бұл құзіретті орган немесе лауазымды тұлға айып салып,құқық бұзушылық бойынша тергеу жүргізетінін айтып кеткен жөн.

Әкімшілік жауаптылықтың басты ерекшеліктерінің бірі -өкілетті орган, лауазымды тұлғаның билік құзіретіндегі әсер ету шараларын қолдана отырып (протокол толтыру), оны жасаған құқық бұзушылығы жөнінде түсініктеме беру құқығын айту болып табылады.Басқаша айтқанда,мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа әсер ету формасы тұлғаны айыптау және оның құқық бұзушылық негізін түсіндіру құқығы секілді  процессуалдық іс әрекеттерімен белгіленеді.Бірақ ешкімнің де кінәлі тұлғаны түсініктеме беруге мәжбүр ете алмайды, себебі бұл құқық бұзышылық жасаған тұлғаның жеке құқығы.

Әкімшілік жауаптылықты мемлекеттік органдардың заңмен тыйым салынған іс әрекеттерді жасауға ықпалы ретінде сипаттала отырып,бұндай әсерлестік  жасалған әрекетті «теріс бағалау» арқылы жазаға тартумен белгіленеді.Әкімшілік тәртіпсіздікке берілетін теріс бағалау – уәкілетті органмен жүзеге асатын өзіндік әсер ету шарасы.

Әкімшілік жауаптылық өзіне тән спецификалық өндіріс формаларында жүзеге асады.Мемлекеттік басқару органдарының заңдылық тәртібімен жазалау шаралары алдын-ала белгіленген ереже,процедуралары арқылы жүргізілгені өте маңызды.

Сонымен қатар әкімшілік жауаптылықтың мынадай белгілері бар:

1)  оны мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы әсерлестігі (реакциясы) деп қарастырамыз және ол әкімшілік жаза шараларын кодданудан көрініс табады;

2)  құқық бұзушыға күқықтық "шығын" келтіреді және ол әкімшілік күқық бұзған адамды тәрбиелеу, сондай-ақ сол құқық бұзған адамды, басқа да адамдарды жаңа құқық бұзушылық жасаудан сақтандыру мақсатында қолданылады;

3) онда адамның ар-намысын таптау, оған күйзеліс келтіру, жеке (немесе заңды) тұлғаның іскерлік беделін түсіру мақсаты болмайды.

Әкімшілік жауапкершілік арнайы процедуралар белгіленген тәртіпте сақталып, белгіленген іс жүргізу формаларында жүзеге асырылады.

Қылмыстық-құқыктық, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қарағанда әкімшілік жауапкершілік:

1)  құқыққа қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) фактысы үшін;

2)  әкімшілік-құқықтық нормаларда көзделген жағдайларда;

3) уәкілеттігі бар органдар (лауазымды адамдар) арқылы сот және әкімшілік тәртібінде қолданылады.

Францияның әкімшілік құқығы - әкімшілік органдардың,лауазымды тұлғалардың ұйымдастырылуы мен шығармашылығын реттейтін құқық саласы.Мемлекеттік қызметкерлердің саны мен шенін анықтау да әкімшілік құқығының әрекет ету аясы.Бұл органдар  заңшығарушымен белгіленген қоғам өмірінде саяси шешімдер шығарып,мемлекетте ерекше орынға ие.Әкімшілік органдарының шығармашылық нәтижесі – мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық,саяси жағдайын анықтайды. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – Конституциялық және өзге заңдар,әкімшілік органдар мен әкімшілік соттардың шешімдері.Францияда Кодекстердің орнына қоғамдастықтар,мемлекеттік меншік,зейнетақы,мемлекеттік және қалалық шаруашылықты реттейтін 30 аса заң жинақтары мен актілер қолданады.

Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы

Ұйымдық билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық - міндеттерді орындауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат , сондай-ақ мемлекеттік органдар немесе жергшікті өзін-өзі басқару органдары болып табылатын ұйымдардың жетекшілері, басқару функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлер лауазымды адамдар ретінде жауаптылықта болады17.

Әкімшілік кодекстің баптарында заңды тұлғаның жауаптылығы көзделген жағдайларда жеке кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін занды тұлға ретінде жауаптылықта болады.

Тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкілеттігі бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын(яғни оларға қызмет жағынан тәуелді емес адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан зандық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген) не мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарында, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасыньщ басқа әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдық билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.

Атап айта кететін бір жағдай - әскери қызметшілер мен әскери жиында жүрген азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, Ішкі Істер Органдарының қатарындағы және басшы құрамындағы қызметкерлері, салык полициясы мен кеден органдарынын қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушьшық үшін

тиісті органдарда қызмет өтеу төртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жауапттылыкта болады.

Жоғарыда аталған адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы режимін, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді, санитариялык заңдарды, өрт қауіпсіздігінің талаптарын, жолда жүру ережелерін, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерін, аң аулау, балық аулау ережелерін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану меи қорғаудың басқа да ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады. Аталған адамдарга - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкімшілік қамауға алу түрінде, ал шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілерге, әскери және арнаулы оқу орьшдарының курсанттарына (тыңдаушыларына) айыппұл түрінде де әкімшілік жаза қолдануға болмайды.

Қызмет туралы тәртіптік жарғылардың немесе арнайы ережелердің күші қолданылатын, аталғандардан басқа адамдар осы актілерде тікелей кезделген жағдайларда - қызмет міндеттерін атқару кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылықта, ал қалган жағдайларда жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болады.

Әкімшілік жаза қолдану құқығы берілген органдар (лауазымды адамдар), аталған адамдарға әкімшілік, жаза қолданудын  орнына,  кінәлі  адамдарды  тәртіптік  жауаптылыққа тарту   туралы   мәселені   шешу   үшін   тиісті   орғандарға   құқық бұзушылық туралы материалдарды беруі мүмкін.

Егер әкімшілік кодекстің нормаларында олар жеке адамға немесе занды тұлғаға қолданылатын-қолданылмайтындығы - туралы көрсетілмесе, осы нормалардың мәні бойынша олар тек жеке адамға қатысты жэне соған ғана қолданылуы мүмкін жағдайлардыІ қоспағанда, осы нормалар жеке адамға және заңды тұлғага қатысты бірдей дәрежеде қолданылады.

Дербес салық төлеуші болып табылатын және салық салу саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған занды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері занды тұлғалар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады18.

Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлға ретiнде әкiмшілiк жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.

ҚРӘҚтК-де барлық посткеңестік кеңістікте алғаш рет заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелерін регламентациялауға әрекет етілді.Кодекс күшіне енгесін алқалы субект-занды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде теориялық та,тәжірибелік сипаттағы да бірталай проблемалар туындады.Аса даулы мән-жай ҚРӘҚтК-нің 36б. «Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы» ҚР және әкімшілік жауаптылық қағидаларымен ара қатынысы болып табылады.

ҚРАКтК-тің 33б.сәйкес заңды тұлға анықтамасы: «Меншік,шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттері бойынша жауап беретін,өз атынан мүліктік және мүліктік  емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,оларды жүзеге асыра алатын,сотта талапкер ,жауапкер бола алатын ұйым-заңды тұлға деп танылады».Бұл анықтама барлық әрекет етіп жатқан коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың шығармашылық мақсаттары,меншік түрлеріне қарамастан қамтиды.

Заңды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылық жасауы олардың ішкі және сыртқы шығармашылық істерін жүзеге асыруға құқылы заңды өкілдері жеке тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауымен түсіндіріледі.Заңды тұлғалардың әрекеттері арқылы ерік білдірулері,егерде әрекет етуге не әрекет етпеуге уәкілеті бар өкілдер,әсіресе,лауазымды тұлғалар атынан жүзеге асса,шынайы болып саналады.

ҚРӘтК-нің 1б.сәйкес «Осы тараудың Ерекше бөлімінде тікелей көзделген жағдайларда заңды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықта болуы тиіс».Бірақ Ерекше бөлімнің баптарында заңды тұлғалармен бірге лауазымды тұлғалар да көрсетілген.Бұл нормалардың мағынасы бойынша бір құқық бұзушылық үшін мекеме басқарушысы,лауазымды тұлға және заңды тұлғаның өкілдері ретінде жауаптылыққа тартылады.Бұл ҚРӘтК-тің 14б. сәйкес келмейді,бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды.Ерекше бөлімнің санкциялары заңды тұлғалармен лауазымды тұлғаларға байланысты аз емес мөлшерлі айыппұл салынады.Айырмашылығы - лауазымды тұлға ретінде құқық бұзушы айыппұлды өз қалтасынан төлесе,заңды тұлға  заңды тұлғаныңың есеп шотынан төлейді.

Бұл мәселені қарастырып отырған Ж.Рамазановтың ойынша,әкімшілік заңшығармашылық заңды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылықтарын  ғана емес одан туындайтын зардапты да байланыстыру керек.Сонымен қатар заңды тұлғалардың жауптылығы келтірілген зардап,заңға қайшылық арасындағы себептік байланыс болған жағдайда туындауы тиіс.

ҚРӘтК-нің 34б жеке кәсіпкерлердің әкімшілік мен қазіргі кездегі мемлекеттің кіші кәсіпкерлікті қолдау саясаты сәйкес келмейді.Бұл баптың нормаларына сай жеке кәсіпкер бірдей құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға,лауазымды тұлғамен бірдей жауаптылықта болады.Егер де Кодекс нормалары ведомстволық нормашығармашылық басымдылығын ескерсек,Ерекше бөлімде құқық құқық бұзушылықты қарастыратын заңға тәуелді актілер бар.Яғни формальді заңды негізде кәсіпкерлерді көптеген негіздер бойынша жауаптылыққа тартуға болады.

Сонымен қатар заңды тұлғалар әкімшілік істер бойынша қорғалу құқығында шектеледі.Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс оған қатынасты қорғаушысы немесе заңды өкілінің қатысуымен қарастырылады. ҚРӘтК-нің 2б сәйкес қорғаушысы ретінде адвокаттар,жұбайы,жақын адамдары немесе қоғамдық бірлестік мүшелерінің істерін қарастыратын  профсоюз өкілдері қатыса алады.Ал ұйымға жауапты тәжірибелі штаттық заңгерлер жөнінде мүлдем сөз қозғалмайды.Штатта заңгерлер бола отырып,кодекс нормалары заңды тұлға басқарушыларын көп ақша төлеп,ақылы адвокаттарды жалдуаға мәжбүр етеді.

Қорытындылай келе,Батыс-Қазақстандық әкімшілік басқармасының бас маман заңгері Ж.Рамазановтың ойынша барлық жоғары көрсетілген нормалардың ҚРӘтК-не сәйкессіздігі  ҚР Конституциясымен,ҚРӘтК-нің 8-27 баптарындағы қағидаларымен жедел түрде сәйкестендіруді талап етеді.Конституциялық Кеңеске Кодекстің  нормаларының  конституциялық еместігі мен туындайтын қиыншылықтарды қарастыру жөніндегі мәселені соттар да қозғауы керек.  

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 72-бабына сейкес әкімшілік, құқық бузушылық жасаған кезде 16 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп танылады.

ҚР-дағы кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалатын әкімшілік-құқық бұзушылықтың қазіргі кездегі белсенді динамикасы мемлекеттік органдар,қоғамдастықтармен өткізілетін алдын-алу және профилактикалық шараларының жеткіліксіз екендігі дәлелдейді.Бұндай пікір әр түрлі зерттеушілермен өткізілген социологиялық сауалнама нәтижесінде де айқындалған.Сондықтан мемлекет саясатының осы аспектіде  қарастыратын аса мәнді саяси бағыты -әкімшілік жауаптылық қолдану қажеттігін белгілейтін сәйкес құқықпен реттеу арқылы жүзеге асатын қоғамдық қолсұғушылықтан азаматтар нақты қорғалуы керек.

Қолданыстағы тәжірибе жастар арасында құқық бұзушылықтың өсуін көрсетеді.Мысалға,статистикалық мәліметтер бойынша 1997-2000ж. «Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық жағдайы жөніндегі »анықтамасына сәйкес 9045 кәмелетке толмағандардың,әсіресе көп тараған:спирт ішімдіктерін ішу,масан күйде қоғамдық жерлерде жүру,есірткі заттарды қолданып ,сақтау секілді делинквенттері орын алған.

Заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары колданылуы мүмкін.

Айыппұл көмелетке толмаған адамның өндіріп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкі болған кезде тағайындалады. Айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Кәмелетке толмағанның өндіріп алуға болатын дербес жалақысы немесе мүлкі болмаған жағдайда айыппұл жалпы негіздерде ата анасына немесе олардың орнындағы адамдарға санылады.

Арнаулы   құқықтан   айыру  кәмелетке   толмағанда   1-жылдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін19.

Кәмелетке толмағандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 45 бабында көрсетілген әкімшілік жазалар (әкімшілік қамауға алуды қоспағанда), сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 57-баптарында аталған өкімшілік құқықтық ықпал ету шаралары және мынадай тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін:

1) заңды түсіндіру;

2)  ата-аналарының  немесе  олардың  орньшдағы  адамдардың,   не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

3)  келтірген зиянды реттеіліру міндетін жіктеу;

4)  бос уақытын шектеу жөне кәмелетке толмағанның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.

Зандарда тәрбиелік ықпал етудің өзге де шаралары козделуі мүмкін. Сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.

Занды түсіндіру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетімен келтірілген зиянды және әкімшілік кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсіндіруден тұрады.

Ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандырылғай мемлекетгік ортанға қадағалауға беру кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал ету және оның мінез-қүлқына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді жүктеуден тұрады.

Келтірілген зиянды жөнге келтіру міндеті кәмелетке толмаған, адамның мүліктік жағдайы мен тиісті еңбек дағдыларының болуы ескеріле отырып жүктеледі.

Бос уақытын шектеу жөне кәмелетке толмаған адамның мінез-кұлкына ерекше талаптар белгілеу белгілі бір орындарға баруға, бос уақытын өткізудің белгілі бір нысандарын, оның ішінде көлік құралдарын  пайдалануға,  тәуліктің белгілі бір  уақытынан кейін үйден     тыс     жерлерде     болуға     кәмелетке     толмағандардың құқықтарын  қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға   оқуды   аяқтау   не   кәмелетке   толмағандардың   құқығын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа тұру талабы да қойылуы мүмкін.

Кәмелетке    толмағандарды    әкімшілік    жауаптылықтан    және әкімшілік жазадан босату. Әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уөкілетті орган (лауазымды тұлға) оған зандарда көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған әкімшілік жазагны орындаудан босатылуы мүмкін.

Әкімшілік кодекстің 69 бабында көзделген ескіру мерзімдерінің көмелетке толмағандарды әкімшілік жауаптылықтан немесе әкімшілік жазаны орындаудан босату кезінде жаптысы қысқартылады.

Өзіне әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданьлған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап алты айдың ішінде ұшырады деп есептеледі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияларды   жергілікті   атқарушы   органдар   комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссияның жауапты хатшысы құрайды. Кәмелетке толмағаңдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясьның төрағасы мен жауапты хатшысы тиісті мемлекеттік органдар аппараттарының шарттарындағы қызметінде болады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру мен оның қызмет істеу тәртібі заңдарда белгіленеді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық комиссиялар кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құкық бұзушылық туралы істерді қарайды.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе,кәмелетке толмағандардың әкімшілік  жауаптылық ұғымы  уәкілді орган немесе лауазымды тұлғамен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған тұлғаға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу,өндеп алу шараларын қолданылатын жауаптылықтың ерекше заңи түрін білдіреді.Ол превентивті,альтернативті,шектеу не құқық қорғау функцияларының  спецификасымен сипатталатын жауаптылық.

Келесі  тұжырымға келуге болады:

*Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы болашақта ескерілуі үшін оның санасына әсер ету шаралары  және әкімшілік құқық нормаларын бұзу профилактикасы болып табылады;

*Кәмелетке толмағанның жауаптылығы тек мемлекет ықыласымен ғана емес,оның жеке ықыласымен жүзеге асады.Яғни әкімшілік құқық бұзушылықты  бірнеше рет қайталануы-соныңда қылмыс ретінде сараланатынын естен шығармау керек.

*Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы кәмелетке толмағандардың жеке құқықтық мүдделерін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың билік произволынан қорғайтын арнайы құқық механизмін қалыптастырады.

Шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік жауаптылығы

Азаматтар - әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде қоғамдық қатынастарға нормативтік актілерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен міндеттарге ие болады.

ҚР-да әкімшілік құқық субъектісі ретінде шетел және азаматтығы жоқ адамдар жатады.Бұл тұлғалар жалпы құқықтар,бостандықтармен қоса арнайы құқықтық мәртебеге ие.

ҚР-да тұрақты тұратындар не уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық қатынастары алуан түрлі.Ол – азаматтық-құқықтық қатынастар,бұл тұлғалардың еңбектік-құқықтық қатынастары,т.б.Аса маңызды топты шетел және азаматтығы жоқ тұлғалардың әкімшілік нормаларының әрекет ету аясындағы құқықтық қатынастар құрайды.

Мемлекетімізде шетелжәне азаматтығы жоқ тұлғалардың нәсіліне,ұлтына,тіліне,әлеуметтік шығу тегіне,мүліктік және қызметтік жағдайына,дініне,қоғамдық бірлестіктің мүшелігіне ,өзге де жағдайларға байланысты құқықтары шектелмейді.Ал шетел азаматтарының өз мемлекеттерінің заңдарында белгіленген әр түрлі шектеулер ҚР-ның территориясында танылып,қолданылмайды.

Шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалардың мемлекеттік басқару аясындағы міндеттері республикамызда  шетел азаматтарына байланысты бекітілген   құқықтық режимдерге негізделеді.

Бұл жерде ғалымдар арасында шетелдіктердің құқықтық режимдеріне байланысты пікірталастар туындайды.Қазіргі кезде шетелдіктердің құқықтық режиміне берілетін анықтаманың аса көп тараған түрі ол – шетелдіктердің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.Ғалым Л.Н Галенскаяның ойынша : «Шетел азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы-олардың құқықтық статусы болып табылады.»

Заң әдебиеттерінде халықаралық,конституциялық,әкімшілік құқықтар бойынша ұлттық,арнайы секілді режимдер білгіленген.Ұлттық режим жөнінде сөз қозғасақ,онда шетел және азаматты жоқ тұлғалардың құқықтық  мәртебелері өз азаматтарымен теңестіріледі.Бірақ ,дегенмен шетел азаматтарының құқықтары еш уақытта мемлекет азаматтарымен тең бола алмайды,құқықтарының ауқымы азырақ.Әсіресе,конституциялық және әкімшілік құқық аяларында.

Шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік уәкілеттікке ие бола алмайды.Яғни оларға мемлекеттікбилік және қызмет функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік берілмейді.Бұл тұлғалар мемлекеттік органдардың техникалық персоналында жұмыс істеуге құқылы.Конституцияға сәйкес олар еңбекке қабілеттлігіне сәйкес мамандығы тандайды.Шетел азаматтары еркін еңбектерін  әр түрлі жүзеге асырады: өз мемлекетткрінің дипломатиялық елшіліктерінде,мемлекетімізде құрылған кәсіптік филиалдарда,банктер мен өзге занды тұлғалар ретінде.ӘҚтК-тің 37бабының 1.1 тармағына сәйкес  Шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық ббөлімшелері (филиалдары,өкілдіктері) ҚР-ның қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапқа тартылады.Сонымен қатар шетел азаматтарына мемлекеттік қорғаныс,республиканың маңызды әкономикалық мүдделеріне байланысты,табиғи ресурстарға тәуелсіз құқықтармен қамтамсаыз ету саларында шектеуліктер қойылады.

Шетелдік және азаматтыжоқ тұлғалар бірлестіктер құра алады және ҚР азаматтарымен құрылған бірлестіктерге еркін кіреді.Жеке,меншік,отбасы ,өзге құқықтарын қорғауға мемлекеттік органдарға,сотқа арыздануға құқлы.

Жоғарыда айтылғандай,барлық шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие.Сәйкес ҚР аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктер,шетелдік заңды тұлғалар,азаматтығы жоқ адамдар жалпы негізде әкімшілік жауаптылықта болады.ҚР континенттік қайраңында ҚР-ның егемендік құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады.Ал шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге щетелдіктер ҚР жасалған әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық жөнінденгі мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

Ерекшелеп кететін жай,шетел азаматтарының берілген құқықтары мен бостандықтары және міндеттерін бұзғаны үшін қолданыланын әкімшілік жаза – Республика аумағынан әкімшілік жолмен кетіру болып табылады.Бұндай жазаларды қолдануға әсер ететін салдар:

      *мемлекеттік қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қорғау мүдделеріне      қайшы әрекеттер жасау

     *халықтың денсаулығын қорғауға қажетті деп танылса

     *жадпыға бірдей міндеттілікті сақтамаса

     *еңбек құқығының нормаларын бұзса және т.с.с.

Әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Әкімшілік өндеп алуды мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға жүзеге асыру барысында құқық бұзушының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғай отырып оның іс-әрекетінде әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

Қарастырып отырған мән-жайлар құқық бұзушылықтың белгілері ретінде саналмайды және құқық бұзушылыққа  сәйкес өндеп алу шенгін- белгілегенде ешбір әсер етпеуі тиіс.Бұл мән-жайлар Кодекстегі бапқа немесе нормативтік актілерінің шегінде әкімшілік өндеп алудың нақты түрі мен мөлшерін анықтауға әсерін тигізеді.

Заңшығарушы жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілік дәрежесіне әсер етуін қарастырады.Сонымен құқық бұзушылық құрамынан  тыс,бірақ құқық бұзушыға тікелей,не жанама түрде қатысты болатын және өндеп алуға ықпал ететін мән-жайлар - әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін не ауырлататын мән-жайлар болып табылады

ҚРӘтК-нің 61-62 баптарында әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар белгіленген.

Кінәлі адамның өкінуі- құқық бұзушылықты жасаған тұлғаның өз кінәсін түсініп,шын жүректен өкінуін білдіреді.Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өндірістің басты мақсаттарының бірі-құқық бұзушылықтың алдың алу,азаматтарда заңды бұзбау рухында тәрбиелеу.Мақсаттың жүзеге асуы құқық бұзушыларда өз кінәсін түсінуіне әкеледі.Өкіну фактісінің болу,құқық бұзушылықты жасағаны жөнінде айтуы,өз кінәсін өтегісі келуі- әкімшілік өндап алуды жеңілдетуіне әкеледі.

Кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптардың  болдырмауы ,залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиятды жою-әкімшілік құқық бұзушылықтың физикалық немесе моральдік зардаптарын толық,не жартылай жоюымен айқындалады.Яғни кінәлінің талап етулерін шынайы орындауы жауаптылықты жеңілдетеді.

Зиянның орның ерікті толтыруы материялды,моральді түрінде жүзеге асады.Кінәлі келтірілген зиянды ақшалай,жеке еңбегімен,белгілі бір затты сатып алу арқылы өтей алады.Ал моральді түрде орнын толтыру –ауызша ,не жазбаша кешірім сұраумен жүзеге асады.

Ерекше ескерілетін жай заңда көрсетілген жағдайлар кейде мемлекеттік орган не лауазымды тұлғамен ауқымды немесе шектелген түрде талқыланады.Мысалы, «өздігінен зиянның орнын толтыруда»кінәлі оны өз ниеті бойынша,үшінші тұлғаның ықпалынсыз болуы тиіс және  мемлекеттік орган оны толығымен ,жартылай толтырғанын ескереді.

Әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау.Адам өмірінде өз іс әрекеттеріне ие болуын төмендететін әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін(жұмысынан айырылуы,отбасын қамтамасыз ете алмау,т.б).Бұндай жағдайларда тұлға өз іс әрекет,ойларын бақылай алмайды.Жеке отбасылық жағдайлардың тоғысуы(жақын адамның ауруы,қайтысболуы,ажырасу,баланы асырап алуға келісім бермеу) адамның теріс іс әрекеттеріне себеп болуын лауазымды тұлға ескеруі қажет.Осыған тән сипаттағы мән-жайларда адамгершілік қатынастар орын алады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы.Кәмелетке толмағандар өзінің өмірлік тәжірибесінің жетіспеушілігіне,өзге адамдарға еліктеуге тырысу нәтижесінде құқық бұзушылық жасайалады.Сондықтан кәмелетке толмағанға ересек адамдармен бірдей жаза қолдану керексіздігі күмән тудырмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы.Мемлекет пен қоғамның аналар,балаларды қорғауы бұл жағдайды жеңілдетеді.Жүкті әйелдерге ызашыл болуы,психикалық өзгерістер тән.мемлекеттік органның шешімдерінен ананың уайымдары болашақ баланың психикалық дамуына әсер етеді.

Бір жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге жауаптылық жеңілдетіледі.Әйелдің психикалық жағдайына баланың ауыруы,ұйқысыз түндерден кейінгі ананың шаршауы әсер етеді.

          1994ж. Өзбекістан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде мемлекет тарабынан ата-ана құқықтарын барынша кепілденген. «14 ж.дейінгі баланы жалғыз тәрбиелейтін тұлға»әкімшілік құқық бұзушылық жасаса,ол жауаптылы жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі.Біріншіден,баланы тәрбиелейтін тұлғаның мүдделері қорғалады (міндетті түрде ол әйел болуы тиісті емес).Екіншіден, «жалғыз тәрбиелейтін»әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін топты ерекшелейді.Сонымен қатар ӨРӘҚтК-тің 31бабында жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға «әкімшілік құқық бұзушылықты қауіп төну барысында қызмет орнымен,материялдық не өзге тәуелдігіне байланысты мәжбүрлеу»жатады.Қазір Қазақстанда әр түрлі  жеке меншік,жалданбалы нңбек түрі пайда болды.Заң ғылымының кандидаты  А.С Дугенецтің байқауынша,мүмкін біздің де ӘК-ке жалдамалы жұмыскерлерге байланысты толықтырулар енгізілуі керек.

          Мелекеттік орган әкімшілік өндеп алу  шарасын қолданар алдында Кодексте көзделмеген өзге де жауаптылықты  жеңілдететінмән-жайларды қарастыуы мүмкін.Ол:соғыс пен еңбек ардагерлері,көп балалы ата-аналар,мемлекеттіе наградаларға ие тұлғалар,т.б.

          РӘтК-нің 62 бабында әкімшілік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар белгіленген.ӘҚтК туралы заңшығармашылық жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға заңи анықтама берді-құқық бұзушылық жасаған тұлғаның зияндылығының аса үлкен дәрежесін куәландіратін кінәлінің жеке басы жөніндегі мәліметтер,қауіпті ерекшеліктері қарастырылады. басы жөніндегі мәліметтер,құқық бұзушылықтың қоғамға қауіпті ерекшеліктері қарастырылады.Бұл жағдайда өндеп алу үлкен мөлшерде қолданылады,бірақ  санкцияда көрсетілген шегінен аспауы керек.

         Құқыққа қарсы мінез-құлықты,прокурордың заңды түсіндіргеніне және оны тоқтату туралы оған уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан оны жалғастыра беру.Уәкілетті органның талаптарын елемеу құқық бұзушының белгіленген тәртіпті бұзудан бас тартқаны,қауіпті зардапты тоқтатқысы келмейтіндігіне куә болады.Заңды тәртіпті орындамауы қоғамды сыйламаушылық пен агрессияны көрсетеді.Белгілеп кететін жай,тек уәкілетті орган қызметкері құқық бұзушылықты тоқтату талабын елемеген жағдайда  бұл жауаптылықты ауырлататын жай болып саналады,ал өзге жағдайларда ауырлататын мән-жай болып есептелмейді.

         Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту.Бұл жағдай кәмелетке толмағандарды ересек құқық бұзушылардың ықпалынан сақтау үшін заңшығармашымен қарастырылған жағдай.Кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту қандай тәсілмен(алдау,мәжбүрлеу,азғыру)жүзеге асқанына мән берілмейді.

          Маскүнемдік,нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.Әкімшілік құқық бұзушылықтың маскүнемдік күйінде жасаудың қатан жазалануының мақсаты-құқық бұзушылық жасау шартының кен таралған түрін жою.Қазір спирт ішімдіктерін ішу мәселесі өте өзекті болып,кең таралған.Бұл мәселе  қоғамымыздың демократиялық игілігіне кері әсерін тигізетін,қылмыстылықтан әлеуметтік мәселеге  ауысқаны күмән тудырмайды.

          ӘҚтК- тің 61-62баптардың мазмұнынан жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың ауқымдылығын айқындайды.Яғни істі қарастыра отырып,лауазымды тұлға өзге бір ауырлататын не жеңілдететін мән-жай ретінде тануға тиісті емес.

Әр адам ерік-жігеріне,қайраты мен табандылығына қарай жауапкершілікті әрқалай сезінеді.Жүктелген міндетіне жауапкершілігімен қарайтын адам туған туыстары,жолдастары,ұжымдағы,қызметтегі жалпы әлеумет пен қоғам алдында жоғары бағаланып,оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады.Өз ісі үшін әр адам өз алдында жауапты.Істеген ісінің нәтижесі қоғамға не пайда не зиян келтіреді.Зиянды ісі үшін азамат заң алдында жауапкершілікке тартылуы тиіс.

          Заң әдебиетінде әкімшілік құқықты ғылым ретінде және кұқық саласы ретінде қарастыру мәселесі осы уақытқа дейін талас тудыруда.

Әкімшілік-әміршілдік режим жағдайында бұл ғылым құқықтық шындықтың кең ауқымды құбылыстарын талдады. Сондықтан да оны көптеген мамандар мемлекеттің барлық істерін басқару ғылымы деп қарастырды. Сөз жоқ, әкімшілік құқық мемлекеттік органдардың атқарушылық-өкілдік қызметі барысында туындайтын қатынастарды жанама түрге келтіреді, бірақ олардың кейбіреулері ғана өздерінің мәндік сипатына қарай әкімшілік-қүқықтық болып табылады.

Әкімшілік құқықты ғылыми пән деп алсақ ол әкімшіліктік-құқықтық құбылыстар туралы санаттардың, ой-толғаныстардың және тұжырымдардың жүйесін құрайды. Әкімшілік құқық құқык саласы және заңнаманың тиісті тармағы ретінде оның негізі болып табылады.

Әкімшілік жауаптылық тақырыбын қорытындылай отырып, бүгінгі таңда  Қазақстанның әкімшілік жауаптылығының дамуы уақыт өте келе қарқынды дамып келе жатқанын айтқым келеді.Қоғамның заңға сәйкес өмір сүріп,тәріпті  сақтауынсыз ешбір мемлекет гүлденіп,өркениетке жетпейді.Демократиялы қоғамның негізгі тірегі – заң жоғарылығы.Кәмелетке толмағандардың  арасында кең өріс алған қоғамдық жерлерде масан күйде жүрулері,нашақорлықпен айналысу,қоғамдық жерлерде тәртіпті бұзушылық маңызды мәселеге айналды.Нарықтық қатынастарға көшуге сейкес кәмелетке толмағандармен айналысудың жаңа тәсілдерін табу қажет.Олармен профилактикалық жұмыстарды жүргізуге тиісті координациялық орталықтарының жетіспеуі қиыншылықтар туғызады.Мемлекетіміздің экономикалық саласындағы жетістіктеріне  байланысты  шетелдіктердің соңғы жылдары көп келуі,олардың әкімшілік салада заңдылықты,қоғамдық тәртіпті сақтауы,ал оны бұзған жағдайда жауаптылығы да әкімшілік жауаптылықтың маңыздылығын ерекшелейді.  

Болашақта құқықтық,зайырлы,әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы республикада қоғамдық тәртіптілік сақтау мен құқық бұзушылыққа қарсы күреспен байланысты.Сондықтан да әкімшілік құқық саласының,әкімшілік жауаптылық институтының нәтижелі әрекет етуі өзекті мәселе.

                              Қолданған әдебиеттер тізімі

  1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл
  2.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-II Кодексі (2005 ж. 8 шілдеге берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  3.  Алексеев С.С. Общая теория права. Курс в двух томах. Т. 1. - М.: Юрид. лит., 1981
  4.  Алпысбаева М.А., Ақымбеков О.Қ. Әкімшілік құқық. Оқу қуралы —Алматы, 2003
  5.  Бахралинов А.С. Особенности административной ответственности несовершеннолетних. Материалы международной научно-теоретической конференции.
  6.  Бахрах Д.Н. Административное право. М.: БЕК, 1993
  7.  Бельский К.С. Административная ответственность; генезис, основные признаки, структура. Государство и право. 1999, 12
  8.  Гамзатов Я. Б. Законодательство об административных правонарушениях в РФ (Проблемы и перспективы). Дисс. ... к.ю.н. М., 1995
  9.  Гегель Г.В. Ф.Философия религии. М., 1975
  10.  Гегель о научных способах исследования естественного права, его месте в практической философии и его отношении к науке о позитивном праве. Политические произведения. М.: Наука, 1978
  11.  Гегель. Политические произведения. М.: Наука, 1978
  12.  Диалектическая логика. Категории сферы сущности и целостности. Алма-Ата, 1987
  13.  Краснов М.А.  Ответственность в системе  народного представительства. Автореф. докт. дисс. М., 1993
  14.  Обстоятельства, смягчающие и отягчающие административную ответственность. Научные труды РАЮН. № 1
  15.  Парламент и законодательная власть Казахстана. Отв. редактор А.А.Таранов. Алматы. Жеті Жарғы,  1995
  16.  Полное собрание Законов Российской империи. Т. 4. СПб., 1830
  17.  Правовая система социализма. В двух книгах. Кн. 2, М.: Юрид. Лит., 1987, С. 140.
  18.  Рамазанов Ж. Особенности административной ответственности юридических лиц по законодательству Республики Казахстан. Актуальные вопросы юридической практики. Предприниматель и право. 4 (218), 2003 февраль
  19.  Таранов А.А. Административная ответственность в Республике Казахстан. Алматы. Жеті Жарғы, 1997
  20.  Тузельбаев Е.О.. Административная ответственность за незаконный оборот наркотических средств в РК. «Современное право», № 10, 2004
  21.  Чукмаитов Д.С.. Предупреждение преступности. Алматы. Баспа, 1998

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істер бойынша істер жүргізу.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша істер жүргізу.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс әкімшілік-юрисдикциялық процестің құрылымына кіреді. Әкімшілік өндірістің бұл түрі әкімшілік құқықтың материалыдқ және іс-жүргізу нормаларымен барынша толық реттелген. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің өндірісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен реттеледі. Бұл өндірістің мынадай міндеттер заңмен анықталып берілген:

әр істің мән-жайын уақытылы, жан-жақты, толық және әділ айқындау;

істі заңнамаға сәйкестендіріп шешу;

шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау;

құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылықты нығайту.

Кейде жоғарыда аталған міндеттер орындалмай, заңдылық сақталмайды. Мысалы, іс бойынша шешімдер, көбіне жабық отырыстарда және шағын аудиторияларды қабылданады. Кейбір жағдайларда хаттамалар жасалынбайды, ал жаза құқық бұзушылық жасалған жерде беріледі. Іс қаралған кезде құқық бұзушы мен іс бойынша шешім қабылдайтын және оны сол жерде орындайтын лауазымды адам ғана болады. Әкімшілік бәсекелестік принципіне қарамастан процеске адвокаттың, прокурордың міндетті түрде қатысуы болмайды, кейде құқық бұзушының өзі де қатыспайды.20 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің екі түрін бөліп алуға болады, олар әдеттегідей және оңайлатылған әдеттегі өндіріс түрі істердің көпшілігіне тән, ол заңнамада жан-жақты реттелген. Кодексте тікелей көзделген істер жеңілдетілген өндіріс тәртібінде қаралады. Онда іс жүргізу әрекеттері аз әрі жеңіл болады.

ӘҚтК-ке сүйеніп әкімшілік өндірісте бірнеше дербес іс жүргізу сатыларын бөліп алуға болады. Олар: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істі қозғау; істі қарау; іс бойынша қаулы шығару; қабылданған шешімді орындау; шешіімге шағым және наразылық келтіру.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау өндірістің бастапқы сатысы болып табылады, онла нақты мақсат болады және іс жүргізу құжатын – хаттаманы толтыруда. Заңға сәйкес айыппұл салынып алынатын, ол құқық бұзушылық жасалған жерде ескерту берілетін жағдайдан басқа реттерде уәкілеттік берілген лауазымды адам хаттама толтыруға тиіс.

Іс-қозғау – жасалғандығы анықталған және іс жүргізуді рәсімдемен құқық бұзушылықтың салдары болып табылатын нақты әкімшілік іс жүргізу қатынасының туындауына әкеліп соғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға ӘҚтК-нің 636-бабында өзіне уәкілеттік берілген адам құқылы (ішкі істер органдарының, атқарушы органдарының, көлік инспекциясы органдарының, сот орындаушылар, тағы басқа лауазымды адамдар). Сонымен қоса, 634 баптың 3 тармағына сәйкес істің прокурордың қаулысының негізінде қозғалуы мүмкін.

Ал, хаттаманың өзіне мынадай талаптар қойылады: оны толтырған күн және орын көрсетілуі; оны жасаған адам жайында деректер, аты-жөні, қызметі; құқық бұзушылық жасаған адам туралы мәліметтер; әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыты, оның мәні; құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік акт; куәлар мен жәбірленушілердің көрсетулері; құқық бұзушының түсініктемесі; істі шешуге қажетті басқа да мәліметтер. Хаттамаға оны жасаған адам, құқық бұзушы, егер бар болса, куә және жәбірленуші қол қояды. Құқық бұзушы өз түсініктемелері мен ескертулерін ұсынуға құқылы, олар хаттамаға тіркеледі.

Хаттма бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге уәкілетті органға жіберілуі тиіс.

Заңда тікелей көзделген кейбір жағдайларда хаттамаға жасау міндетті  емес. Мысалы, темір жол көлігінде тәртіпті қорғау және жүру қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді бұзғанда, әуе кемесінде өзін қалай ұстау ережелерін бұзғанда, егер адам өзіне берілетін әкімшілік жазаға қарсы болмаса, сондай-ақ айыппұл салынып алынатын, ал ескерту құқық бұзылған жерде тіркелетін басқа да жағдайларда хаттама жасалынбайды.

Егер хаттама жасау міндетті болса, ал оны сол жерде жасау мүмкін болмаса, уәкілетті адам құқық бұзушыны полицияға жеткізеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау сатысында, қажет болған жағдайда, құқық бұзушыға мынадай әкімшілік жол кесу шаралары қолданылуы мүмкін әкімшілік жолмен ұстау,  үсті-басын қарау, заттарын қарау, заттарын және жеке құжаттарын алу. Бұл шараларды жүргізудегі мақсат әкімшілік құқық бұзушылықтың  жолын кесу, хаттама жасау, істің уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету.

Әкімшілік жолмен ұстау тек заңда көзделген жағдайларда ған және оған өкілеттік берілген органдар арқылы жүзеге асырылады. Ұстаудың жалпы мерзімі 3 сағаттан, ал төтенше жағдайларда 3 тәуліктен аспауға тиіс (мерзім хаттама толтырғаннан кейін басталады).

Үсті – басты қарауға сол қаралатын адаммен бір жыныстағы, сондай әрекетке өкілеттігі бар адам сол жыныстағы басқа 2 адамның көзінше жасауға құқылы.

Жалпы, Жол кесу шараларын қолдану міндетті емес, ол тиісті құзыретті органның құқығы, қолданбауы не қолдануы өз еркісі.

2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау - әкімшілік өндірістің негізгі сатысы онда іс жүргізу қызметінің осы түріне тән барлық негізгі ерекшеліктер, сипаттар көрініс табады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді мына органдар иен лауазымды адамдар қарауға құқылы:

әкімшілік комиссиялары;

поселке, ауыл, село әкімшілігінің басшысы;

кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия;

аудандық (қалалық) соттар, судъялар;

ішкі істер органдары;

әкімшілік қадағалау функцияларын жүзеге асырушысы органдар мен лауазымды адамдар.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісіне қатысушы адамдардың құқықтық мәртебесін заң анықтайды. Оларға жататындар: әкімшілік жауапқа тартылатын адамдар, жәбірленуші, заңды өкілдер, адвокат, куәгер, сарапшылар, аудармашы, маман, Прокурордың қатысуы міндетті емес.

Істі қараудың жалпы мерзімі – уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және басқа материалдарды алғанна кейін 15 күн. Істердің кейбір санаттары бойынша қысқартылған мерзімдер көзделген: ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу немесе көпшілік орныдарда мас болып жүру және тағы басқа істер туралы – бір тәулік ішінде; рұқсатынсыз радиотартқыш құралдарын жасау және пайдалану туралы істер – үш тәулік ішінде; ұсақ ұрлық туралы істер – бес тәулік ішінде қаралады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:

істі қарайтын органның құрамын жариялау немесе лауазымды адамды таныстыру;

қандай істің қаралатындығы және кімнің жауапқа тартылатындығын төрағалық етушінің хабарлауы, іске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дауыстап оқу;

Іске қатысушыларды таңдау, дәлелдемелерді зерттеу.

Істі қарау кезінде мынадай сұрақтарға жауап табу міндетті: Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған  ба, бұл адам оның жасалуына кінәлі ме, шараларды қолдануға негіз бар ма, кінәні ауырлататын немесе жеңіледетін мән-жайлар бар ма, мүліктік залал келтірлді ме және де басқа да маңызды мән-жайлар бар ма?

Іс жүргізу мәліметтері хаттамада тіркеледі:

Өндірістің келесі кезеңі: 3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойныша қаулы шығару.

Қараудың нәтижесі бойнша уәкілетті орган (лауазымды адам) қаулы шығарады, онда мыналар көрсетіледі: қаулы шығарған органның аты, іс қаралған күн; іс бойынша шешім шығарылған адамға қатысты мәліметтер; қаралған кезде анықталған мән-жайлардың баяндауы; осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделген нормативтік актіге сілтеме; іс бойынша қабылданған шешім; қаулыға шағын келтірудің тәртібі мен мерзімі.

Іс бойынша қаулы 2 түрлі болады:

әкімшілік жаза беру туралы;

іс өндірісін қысқарту туралы.

Іс бойнша өндірісті болдыртпайтын мән-жайлар бар жағдайларда , сондай-ақ басқа да мән-жайларға байланысты іс өндірісін қысқарту туралы қаулы шығарылады.

Қаулы іс қаралып болған бойда жарияланады. 3 күн мерзімде қаулының көшірмесі  өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға, сондай-ақ, сұрап өтініш жасаған жәбірленушіге тапсырылады.

Істі қараған орган әкімшілік құқық бұзуға ықпалын тигізген себептер мен жағдайларды анықтаса, ұйымдардың басшылары мен лауазымды адамдарға сол себептер мен жағдайларды жою үшін шара қолдану туралы ұсыныс енгізеді. Бұл адамдар 1 ай мерзімде қабылданған шаралар жайында ұсыныс енгізген органға хабарлауға міндетті.

Өндірістің төртінші сатысы: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым және наразылық келтіру. Бұл өндірістің факультативтік белгісі болып табылады.

Іс бойынша шығарылған қаулыға шағымды өзіне қатысты қаулы шығарылған адам, сондай-ақ жәбірленуші келтіреді. Уәкілетті органның қаулысына жоғары тұрған органға, не сотқа шағымдануға болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған қаулыға прокурр наразылық келтіруі мүмкін.

Белгіленген мерзімде берілген шағым және прокурордың наразылығы қаулының орындалуын наразылық қаралғанша тоқтата тұрады. Шағымның немесе наразылықтың қаралу мерзімі – 10 күн, шағымды немесе наразылықты қараушы орган шығарылған қаулының заңдылығын және дәлелдігін тексеруге, істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге міндетті. Содан кейін ол мына шешімдердің біреуін қабылдайды:

қаулы өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалады;

қаулы бұзылады, ал іс қайта қарауға жіберіледі;

қаулы бұзылады, іс қысқарады;

жазалау шарасы өзгереді, бірақ күшейтілмейді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысты қаулыға келтірілген шағым бойынша шешімге қадағалау тәртібіне прокурор, ао аудандық (қалалық) соттың шешіміне, сонымен қатар жоғары тұрған сот төрағасы наразылық келтіре алады.

4-ші кезең – қабылданған шешімді орындау сатысы - өндірістің ақырғы пункті.

Әкімшілік жаза беру туралы қаулы барлық мемлекеттік және қоғамдық органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен лауазымды адамдардың орындалуына міндетті болып келеді.

Мына жағдайларда атқарушы өндіріс қысқартылуы мүмкін: рақымшылық актісі, жауапкершілік белгіленген акт бұзылса, өзіне қатысты қаулы қабылданған адам өлсе.

Қысқартылған атқарушының өндіріс қайтадан қалпына келтірілмейді.

ӘҚтК-те әкімшілік жаза беру туралы қаулының орындалуын бақылау міндеттемесін қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) өзіне алады.

Ескерту түріндегі әкімшілік жаза беру туралы қаулыны оны шығарған орган, іс біткен бойда, ескертуді жариялау арқылы орындайды. Егер шешім құқық бұзушы жақ кезде шығарылса, онда қаулының көшірмесі оған 3 күнде тапсырылуы тиіс.

Егер айыппұл салу туралы қаулы шығарылса, онда айыппұлды құқық бұзушы өзіне қаулының көшірмесі тапсырылғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей төлеуге тиіс. Әкімшілік жауапкершілікке кәмелетке толмаған тартылып, ол оның өз жалақысы болмаса, онда айыппұл оның ата-анасынан өндіріледі.

ӘҚтК-те айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе оны азаматтық іс жүргізу ережелеріне сәйкес құқық бұзушының жалақысынан мәжбүрлеп өндіру көздлген.

Заттың құнын төлеп алу туралы қаулының орныдалуы мына тәртіпте жүргізіледі: қаулы негізінде алынған затты уәкілетті орган сол мүлік тұрған жердегі сауда ұйымына сатуға өткізіледі. Сатқаннан түскен ақшадан сол затты сатуға кеткен шығын ұсталып, қалғаны заттың бұрынғы иесіне беріледі.

Арнайы құқықтан айыру туралы қаулының орныдалуы жүргізуші куәлігін немесе ақша билетін белгілі бір мерзімге алу арқылы жүргізіледі.

Әкімшілік қамауға алу туралы қаулыны ішкі істер органдары бірден орындайды. Бұл, ретте, қамауға алынған адам ішкі істер органдары белгіленген орында, қамауға алынған басқа сипаттағы адамдардан оқшау ұсталары. Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамау мерзіміне кіреді.

Қазақстанда  әкімшілік соттарды ұйымдастыру  мәселесі

           Соңғы  жылдары  өткізілген реформалардың нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінде жағымды өзгерістер болды.Мемлекетімізде өзге билік тармақтарынан тәуелсіз,жеке дара азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыратын сот билігі нығайды.Сонымен қатар соттардың жұмысын әрі қарай жетілдіру қажеттілігі бар.Республикада дамыған сот жүйесінің қалыптасуы адамдардың сотқа деген сенімділігімен тікелей байланысты.Қазір азаматтар өткен жылмен салыстырғанда өздерінің материялды және моральді дауларын шешуге, бұзылған құқықтарын қорғауға

сотқа арыздана бастады.Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек,жыл сайын мемлекеттік органдар,лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері бойынша азаматтардың сотқа арыздануы елеулі көбейді.Бұл азаматтардың өз мәселелеріне заңды шешім табуға деген үміттерінің,сотқа сенімділіктерінің артуын көрсетеді.

        Азаматтардың сенімділігін арттыру үшін сот жүйесінде істерді сапалы қарастыру,машиқатына қарамастан істердің созылып кетуіне жол бермей, кәсіптілік қағидасы сақталуы керек. Бұл мәселенің шешілуі - ол әкімшілік соттарды қалыптастыру. ҚР-да мамандандырылған соттарды қалыптастыруға заңшығармашылық базасы бар. «ҚР Сот жүйесі және соттардың мәртебесі » туралы 25.12.2000 ж. №132. заңның 1 бабында белгіленгендей: «Сот билігі азаматтық,қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де түрлі сотөндірісімен жүзеге асады.»

         Астана және Алматы қалаларында тәжірибе ретінде әкімшілік соттар құрылды.Әкімшілік соттарды құру қажеттілігі ӘҚтК қабылдауымен байланысты болды.Соттар құзіретіне жататын 55 құқық бұзушылық құрамы 288 ауысты, (бұл категорияға жататын істерді қарастыру 422%дейін өсті.Мысалы,тек Алматыда 2002ж. 17244 әкімшілік істер қарастырылды.Әлі күнге дейін әкімшілік соттардың шығармашылығы  және арнай мамандандырылған соттар жөніндегі мәселелер шешілмей қалды.Осыған байланысты әкімшілік соттардың рәсімділігі ҚРӘҚтК-не сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарастырумен қатар азаматтардың мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне арыздарын қарауды  жатқызуымыз керек.

            Соттардың арнайы мамандығы бойынша даярлығы—маңызды мәселелердің бірі.Соттарға заң білімді,тәжірибелі мамандар қажет.Таяу арада ҚР Президенті Н.Назарбаев Сот академиясын ұйымдастыру ұсынысын қолдады, онда болашақта сапалы білімді мамандар шығатына ниеттеспіз.

              Әкімшілік соттардың автономды жүйесі бар мемлекеттер арасында классикалық үлгісі ретінде Франция  саналады.Бұл жүйенің негізін 1799ж.Наполеон салған.Қазіргі күнде де мемлекеттің ерекше органдарының бірі болып саналатын -мемлекеттік кеңес  әкімшілік соттардың үштігін біріктіреді:

               *Аумақтық әкімшілік соттар

               *Апелляциялық әкімшілік соттар

               *Мемлекеттік кеңес.    

         Мамандандырылған әкімшілік юстиция көптеген артықшылықтарға ие:

                1.Жалпы юстициялы соттардың жұмысының жеңілдеуі,істерді ешбір машиқатсыз сапалы,уақытында қарастыру.

                2.Сот әділеттігінің дәрежесі өсуі ретінде соттардың мамандандырылуы.

                 3.Бір жағынан,жеке (заңды)тұлғалар мен атқарушы органдардың арасында соттың дербес арбитр ретінде болуы.Екінші жағынан,мемлекеттік басқарудың заңдылығы саласында соттық бақылаудың болуы.

                  Қорытындылай келе,әкімшілік соттардың автономды жүйелері жоқ мемлекеттердің жалпы соттарында әкімшілік дауларды шешуге арнайы палаталар (коллегиялар)бар.Бірақ бұл модель нәтижелігімен ерекшеленбейді.ҚР-да батыс соттық жүйесінің үлгісі бойынша атқару билігіне соттық бақылау жүргізетін,билік пен бағыныштылырдың арасында арбитр болатын,мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңға қайшы іс әрекеттерінен азаматтардың құқықтарын,бостандықтарын,заңды мүдделерін қорғайтын арнайы мамандандырылған соттардың құрылуын уақыт өте көрсетер.Құқықтық мемлекеттің қағидаларына сәйкес толық,ауқымды соттық бақылау қажет.Бұндай бақылау мемлекет функцияларын теңдігін,мемлекеттік басқару органдардың нәтижелі жұмысын қамтамасыз етеді.

Әкімшілік өндеп алу

Әкімшілік іс жүргізу әкімшілік өндірістің жеке түрлеріне бөлінеді. Ал әрбір өндірістің мақсаты басқару ісінің нақты категориясын дәл қарастыру мен шешу тәртібі болып табылады.                                                                     

Сонымен әкімшілік өндіріс дегеніміз - бұл   нақты әкімшілік істерді заңды және дәл қарастыруға байланысты жүргізу әрекетін іске асырудың нормативті реттелген тәртібі.

Әрбір әкімшілік өндіріс басқару ісінің біртектес топтарын қарастыру мен шешудің тәртібін реттейтін нормалар жүйесін құрайды, Әкімшілік құқық ғылымында әкімшілік өндірістің түрлері туралы ортақ шешім жоқ, бірақ жоғарыда аталған критерийлерге байланысты әкімшілік іс жүргізу мынадай әкімшілік өндірістерден тұрады:

1)   азаматтардың өтініштері, арыздары және ұсыныстары      бойынша өндіріс;

2)     мадақтау істері  бойынша өндіріс;

3)      тәртіптік теріс қылықтар туралы өндіріс;                      

4)      әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс;

5)      лицензия және рұқсат беру туралы өндіріс;

6)      арбитраждық және тағы басқа да өндіріст

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдіру мәселесі.

Қазіргі таңдағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама Кеңес мемлекеттері кезінде құрастырылып, кодификацияланған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресу міндетті түрлі мемлекеттік инспекциялармен жүзеге асырылады. Тиісті заңдар қабылданып, оларды жүзеге асыруға мүмкіндік болды.

Егеменді Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық шеңбері кеңейтіліп жатыр. Әкімшілік айыппұлдардың көлемі өсіп, санкциялардың күші қатайды, міндетті шаралардың тізімі көбейді.21 Демек, біршама оң өзгертулер енгізілді деуге болады. Дегенмен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарды жетілдіру мәселесін ұмытпау керек. Себебі, қоғам дамып, жаңа қатынас түрлері пайда болып жатыр, ал оларды дұрыс реттеу мәселесі қоғамның дамуына сай алға жылжуы керек екені сөзсіз.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарды жетілдірудің басты бағыттарын анықтау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясының ІІ бөлімінің маңызы бар. Яғни «Адам және азамат» бөлімінің әрбір сөйлемі заңдардың негізі болуы керек.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың әр нормасы, соның әшәнде «материалды және процессуалды нормалар Конституцияның осы бабына толығымен сәйкес болуы керек. Себебі, бұл бөлімнің әр бабы Қазақстандығы адам және азаматтың статусын белгілейді.

Әрине, ең біріншіден Конституцияның 16 бабының сақталуы, тексерілуі тиіс. Яғни, адамды тек заңда көзделген ретте және соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауға болады. Әр адамның қорғаушысы пайдалануға құқығы бар. Сонымен бірге осы бөлімнің 14 бабының мазмұны да ескерілуі тиіс. Яғни, заң мен сот алдында барлығы тең және ешкімді еш белгілері бойныша кемсітуге болмайды. Бұл екі баптың мазмұны, шыны керек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қарастырылғаны айқын. Дегенмен, бұл принциптердің орныдалуын бақылау жұмысын қадағалау керек.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кезеңдерінде жетілдіру керек. Теріс әрекеттердің және әкімшілік жазалау шараларының сипатын ескере отырып құқық бұзушылықты қараудығы сот органдарының рөлін арттыру қажет. Ал, тәркілеу, арнайы құқықтан айыру, қамауға алу, әкімшілік жолмен шығару сияқты шараларды сот тәртібімен қолданған дұрыс.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар жасайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді шешкенде ювеналдық әділет органдарына жүктелген жөн. 22

Іс бойынша өндіріске қатысушы адамның аталуы мен мәртебесін өзгертіп, оны өзіне қатысты өндіріс жүргізілетін адам деп атау заңды.23

2002 жылы прокуратура органдары әкімшілік істер бойынша қаулылардың заңдылыған тексеріп өтті. 2001 жылы ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің нормаларын бұзғаны үшін 204858 адамға қарсы әкімшілік іс қозғалды.24 Ал, 2000 жылы болса 1,5 есеге кең болған еді. Бұның басты себебі жаңа кодекстің қабылдануы деп айтуға болады.

Дегенмен, мамандардың айтуынша, істер бойынша шығарылған қаулылардың заңға емес болып табылған жағдайлар аз емес. Мысалы, 2002 жылы прокурорлардың наразылығы бойныша 800 қаулы өзгертіліп, тоқтатылды.

Кейде соттар келтірілген зияннан ондаған есе аз болатындай айыппұл салып жәбірленушілердің мүдделерін қорғау орнына, зиян келтіреді. Сонымен қатар, мынадай ауыр қателер келтірілуі керек:

2001 жылы 18 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық соты 2-ші топтағы мүгедек Кертаев М.Ж. азаматын 15 тәулікке қамауға алуға қаулы шығарды.

Осындай мысалдардың көптігі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың жеткіліксіз деігейде екенінен болып отыр.

Заңдарды жетілдіру жолдарын табу ыңғай емес. Ол үшін барлық сот органдарының қызметкерлерінің біліктілігін тексеріп, жұмыстарын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасау керек. Заң шығарушылардың жұмысы да уақытқа сай өзгеріп отыруы керек. Азаматтардың өз құқықтарын білуге, өз мүдделерін қорғауға үйрету керек.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1.  Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  2.  А.А. Таранов. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, 2003
  3.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі. Алматы, 2005
  4.  Ибрагимов Х.Ю. Административное право. Алматы. Данекер, 2000
  5.  Д.М. Овсянко. Административное право. М., Юрист,2000
  6.  Жумагулов М.И. // Актуальные проблемы развития суверенного Казахстана. Теоретическая конференция. Алматы, 2001
  7.  Жумагулов М.И., Утепбергенов Б. // Материалы международной конференции от 23 октября 2000 года. Алматы, 2001
  8.  Бекетов З.И. // Заң және Заман. 2002 ж. №2
  9.  Адильхан А.М. «Проблемы правоприменительной деятельности по админстративному кодексу Республики Казахстан». //Закон и время. 2002г. №4
  10.   Абдрахманова Ж. «Об  административных правонарушениях» //Вестник налоговой службы республики Казахстан. 2003 г. №9  
  11.  Астахов Д. «Участники производства по делам об административных правонарушениях, их права и особенности». //Современное право. 2003г. №6  

  1.  Әкімшілік процестің түсінігі және қағидалары

 Әкімшілік процесс қандай да бір әкімшілік құқық туралы істер бойынша нәтижеге жетудің және сол мақсатта белгілі бір тәртіппен жүзеге асатын әрекетердің жиынтығы болып табылады. Заңды процесс – бұл барлық құқық саласының материалдық нормаларды реттейтін алғы сөз. Заңды процесс олардың қатысушыларының нақты әреетінен құралады және белгілі процедурамен және нақты құқықтық қатынастарды реттейді. Осы мағынада заңдылық, бюджеттік, жер және басқа процесті айтуға болады.2 

Мемлекеттік басқарудағы көптеген материалдық нормалар құқығы жай ғана шектеумен реттей алмайды, субъективтік құқықты пайдалану немесе орындауды, мысалы, жол полициясының жұмысшыларына өтем ақы салу, осындай жағдайда да билі субъектісінің нақты қызметі қажет және нақты жағдайға индивидуалдық актінің құқықтық нормасын қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл дегеніміз, көрсетілген мемекеттік билік тәсілі процессуалдық нысанда және процессуалдық механизммен жүзеге асырылады. Әкімшілік процес әкімшілік құқықтық нормаларды материалдық мақсатты реттеудің әрекеттер жиынтығы – бұл атқарушы билік органының қызметін әкімшілік іс жүргізу нормаларымен реттеу, ал заңмен көрсетілген жағдайда басқа да органдарды және лауазымды тұлғаларды нормативтік басқару актісін және материалдық құқық нормаларын қолдану арқылы жүзеге асырады.   

Әкімшілік процесс үшін келесі белгілер тән:

  1.  мемлекетпен үзіліссіз байланыс – процесс мемлекеттік спецификалық реттеу тәсілі. Ол өкілетті билік органдарының қызметін құрайтын негіз, сонымен қатар процесс көптеген басқа да тараптарды да қамту мүмкін;
  2.  ол тек қан заңды, ал басқа әр түрлі басқарма емес және процесстің әлеуметтік негізінде қолданады;
  3.  белгілі бір басқару істерін шешуге бағытталған;
  4.  заңды өнімді қызмет – осындай тәртіппен ғана ойлаған нәтижеге жетуге болады;
  5.  қызметтің нәтижесін міндетті түрде тіркеу процессуалдық документтерде;
  6.  процессуалдық регламентация да объективтік қажеттілікті туындатады.

Әкімшілік процесс жалпы ортада реттелетін бірдей субъектілеріне қарамастан басқару қызметінен қалыспайды. Соңғысы әкімшілік процестегі нақты базаны құрайды, ол тек қана құқықтық негізде жүзеге асырылмайды, сонымен қатар, құқықтық емес нысанда да жүзеге асырылады. Ал әкімшілік процесс тек қана заңды, құқықтық қызметпен және белгілі бір нәтижеге алып соғатын және толық көлемде заңды нормалармен рәсімделген.

 Әкімшілік процесс – бұл бір жақтан заңды процестің түрі, ал басқа жақтан – құқықтық, процессуалдық нормалармен реттелген басқару қызметінің нысаны. Сол үшін әкімшілік процесте келесі принциптер қызмет етеді:

  1.  жалпы басқармалы, басқару заңдылығымен көрініс табады;
  2.  процессуалды, басқару құқық шығармашылығындағы және құқық қолданудағы ортада жалпы поцессуалдық заңдылықтарының әрекетінің спецификасын көрсетеді.

Сонымен қатар, бұл қағидаларды олардың бір-бірімен байланыстығына қарап бөлу өте күрделі.

Әкімшілік процестегі жалпы басқару қағидасына жататын негіздер болып келесілер:

  1.  жалпы мүддені және тараптардың мүддесін ескеру;
  2.   әкімшілік процесті қоғамдық қадағалау;
  3.   ұлттық теңдік;
  4.   заңдылық.

Сонымен қатар, басқаруды, заңды қызметті процессуалдық қызметпен араластыруға болмайды, соңғысы тек қана мақсатқа жету тәсілі болып табылады, заңмен көрсетілгендей. Якимов А.Ю. авторлары толы өлемде қағидаларды көрсетпекші, басқа да ережелерді есепке алып. Осындай ережелер әкімшілік процесті әртүрлі түсініктермен түсіндіруге болады. Осы көрсетілген негіздерге байланысты кейбір қағидалар жалпы болады, ал басқалары функционалды болып келеді.1

Азаматтардың заңды мүүдесі және бостандық қағидасы әкімшілік процесте ерекше маынаға ие. Біріншіден, өкілетті тұлғалар қоғамның мүддесін қорғау үшін және әлеуметтік және бөлек азаматтардың жағдайын дұрыстау мақсатында тағайындалады. Екіншіден, мемлекет және оның органдары қоғамның мүддесінің жиынтығы ретінде көрініс табады дегеніміз, азаматтар арасындағы қатынастар және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қатынастар алдын ала белгіленеді. Мысалы, құқықтық қатынастар кейбір тәртіппен жүзеге асуға қажет, ол нормалар арқылы ол міндетті рационалды реттеуші болып табылады. Үшіншіден, процессуалдық нормаларды кейбір процедураларға байланысты шектейді, ол адмдар құқықтарын абсолютті алып қоюды тек қана соған құқығы өкілетті оргпндар ғана жүзеге асыру мүмкін. Олар және сол заттарды немесе құжаттарды сақтайды және іс бойынша қарастырады.

Соны айту қажет, алдын алу шараларын қолдану ол міндетті емес, ол құқығы болып табылады, ол өілетті органның міндеті болып табылмайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарастыру - әкімшілік шығарманың негізгі кезеңі болып табылады, ол кезеңде процессуалдық қызметтің негізгі ерекшеліктері анықталады.

  Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарастыру келесі органдар және лауазымды тұлғалар жүзеге асырады: міндетті түрде сақталуын қамтиды.

Құқықтық субъектіні тану қағидасы келесі талаптарды құруды көздейді, ол құқықтар мен міндеттерге ие болуға және оны белгіленген тәртіппен жекешеленген түрде қолдануға болады. Сонымен қатар, әкімшілік құқық және міндеттерінің табиғаты өзінің ерекшеліктеріне ие. Мысалы, құқық пен міндетке ие болу белгілі жағдайда болу қажет. Ол азаматтығына, жасына және денсаулық жағдайына байланысты.3 Сонымен қатар нормалар жалпыға міндетті талаптар қоюы мүмкін, құқықтары мен міндеттеріне байланысты шектеулер көрсетуге, белгілі бір құқықтық қатынасты жүзеге асыру үшін. Мысалы: әкімшілік лауазымды мемлекеттік қызметке кіру үшін вакансияны конкурстық түрде тағайындауға болады, ал азамат тек қана белгілі талапты білумен қатар шектеуді де білу қажет, ол ҚР-ның заңдарымен көзделуі мүмкін.

Жариялылық қағидасы. Процесс негізінде ашық түрде жүзеге асырылады. Процесс қатысушылары кедергісіз процессуалдық құқықтармен, материалдармен танысуға, құжаттармен, шешіммен танысуға құқықтары бар. Әкімшілік процеске қатысуғакөбінесе қоғамдық өкілдер қатысады.

Істегі тіл қолдану қағидасы. Процесте болып жатқан іс бойынша тұлға, егер ос ыөткізіліп жатқан процесс бойынша тілін білмесе, өзінің тілінде өткізу бойынша түсініктеме беруге, шағым жасауға, сол үшін аудармашы талап етуге құқығы бар.4

Тиімді және экономды түрде істі жүргізу қағидасы. Бұл қағида бойынша процеске көп қаржы кетірмей, тез түрде шешу болып табылады және іске кедергі берместен нақты дұрыс шешім шығару.

Қайтарымсыз процесс қағидасы – материалдарды рәсімдеуге және процеске қатысу үшін ешқандай баж және төлем салықтарының болмауын айтамыз, және процеске кең көлемде кедергісіз тұлғалардың қатысуына мүмкіншілік болады.

Процестің өткізілу тәртібін  және актты дұрыс қабылдамау  бойынша жауапкершілік қағидасы. Заңсыз акт қабылдағаны үшін немесе процестің тәртібіне қарсы кінәлі әрекет жасағаны үшін тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

2. Әкімшілік процесс субъектілері

 

 Әкімшілік процесте мемлекеттік органдар -  басқару органдары, прокуратура, сот, қоғамдық ұйымдар және өкілетті лауазымды тұлғалар, жеке қызмет атқаратын қоғамдық органдар, азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар субъектісі бола алады.

Әкімшілік процесс субъектілерін кеңірек қарастыратын болсақ:

Біріншіден, процесте тараптар нақты мүддені нақты өзінің құқықтарын процестегі басқа тараптың әрекеті немесе әреетсіздігі арқылы келтірілсе. Сонымен қатар әкімшілік процестегі тарап процессуалдық құқықтар мен міндеттер жиынтығына ие.

Екіншіден, әкімшілік процесс қатысушылары куәгер, маман, аудармашы және сарапшы болып қатыса алады.

Істі қарауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықта процесс қатысушысы болыпжәбірленуші, тараптардың құқықтарын қорғайтын тұлға соның қатарында адвокат табылады.

Әкімшілік процестің барлық қатысушылары өзінің субъективтік құқығын жүзеге асыру үшін белгілі бір тәртіп вариантын таңдауға құқылы – ол дегеніміз әкімшілік прцессуалдық құықтық қабілетке ие. Мысалы: Конституияда көрсетілгендей әрбір адам мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз әреетіне қарсы шағым жасауға құқылы деген. Осы құқық әрбір азамат үшін өзінің субъективтік құқықтарын қорғау үшін өкілетті мемлекеттік органға немесе заңда көрсетілген жағдайда сотқа өзі немесе өзінің өкілі арқылы шағымдануға құқылы делінген.

Процессуалдық құқықтың субъективтік маңызы болып мыналар табылады:

  1.  ол объективтік құқық нормаларына негізделген
  2.  осындай құқыққа ие тарап нақты әрекеттер жасауға құқылы. Өтініш беруге, шағымдануға, келтірілген зиянды өтеп алуға, жаңа дәлелдемелі құжаттарды көрсетуге құқылы.
  3.  процессуалды құқықтың субъективтік жағдайы басқа тұлғалардың процессуалдық міндеттемесіне сүйенеді. Мысалы, мемлекеттік орган жасау немесе керісінше әрекетті жасамау мүмкін. Субъективтік құықтың ерекшелігі болып және басты белгісі болып, егер құқық бұзылатын болса оны әкімшілік тәртіппен немесе сот тәртібімен қарастырады.

Әкімшілік процессуалдық қатынасының субъектісін қарастыратын болсақ, әкімшілік процестің субъектісі болып мыналар табылады:

  1.  ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар
  2.  Мемлекеттік органдар
  3.  Мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер
  4.  Қоғамдық ұйымдар
  5.  Мемлекеттік қызметкерлер
  6.  Қоғамдық ұйымның қызметкерлері және қоғамдық ұйымның өкілдері табылады.

ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік процестің субъектісі ретінде көпшілік тобын құрайды. Олар :

  1.  әкімшілік істі шешуге құқығы бар органдардың қарастыруы;
  2.  әкімшілік дауда құығы бұзылған тараптардың қорғалуы;
  3.  өкілетті тұлғалар, егер заңда басқа жағдайлар көрсетілмесе;
  4.  даудың пәні бойынша дербес шағым берген немесе бермеген үшінші тұлға;
  5.  әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлғалар;
  6.  әкімшілік құқық бұзушылық арқылы келтірілген моральдық немесе физикалық және мүліктік зиян келген жәбірленуші;
  7.  куәлер;
  8.  басқа біреудің мүдделерін және құықтарын қорғайтын тұлғалар.

Мемлекеттік органдар

Басқару қатынасы ортасында оларға басты роль берілген. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік басқару органдары, сот, прокуртура олар нақты бір басқару ісін шешуге құқық берілген. Әкімшілік процесте мемлекеттік органдар екі жақтан қатыса алады. Инстанция ретінде, істі шешетін оған мысал: санитар инспекторы, РОВД басшысы, барлық инспекторларды айта аламыз, және де әкімшілік процесс тарабы ретінде мысалы, лауазымды тұлға, олар өзінің әрекеті арқылы жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдана алады. Сонымен қатар лауазымды тұлғаларды заңда шектейді, олар керекті дәлелдемелер көрсетуге, жаңадан пайда болған мән жайлар бойынша түсініктемелер беруге, және де процеске кедергі көрсетпеуге міндеттенеді.

Сонымен қатар, прокуратура органдары да жиі әкімшілік процестің қатысушысы және тараптары бола алады. Мысалы, заңсыз басқару актіне жалпы қадағалау бойынша протест беруге құқылы және заңның талабын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолдануға болады. Сонымен қатар ҚР Прокуратурасы туралы ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы бойынша, протест беру тәртібін белгілеген және қоғамдық ұйымның немесе басқару органының берілген протесті қарап шығу мерзімі белгіленген.

 Мемлекеттік органдар мыналар болып қатыса алады:

  1.  әкімшілік істі қарастыратын орган;
  2.  әкімшілік істі қозғайтын орган;
  3.  әкімшілік даудың тарабы;
  4.  басқа тұлғалардың мүдделері мен құықтарын қорғайтын тұлға болып қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын және мекемелер заңды тұлға болып саналады. Олар және олардың құрамдық бөлімшелері, цехтер, филиалдар, бөлімшелер және участкалары  табылады. Олар мыналар болып қатыса алады:

  1.  әкімшілік даудың тарабы болып;
  2.  үшінші тұлға;
  3.  басқа біреудің мүддесі мен құқығын қорғайтын ұйым болып қатыса алады.

Қоғамдық ұйымдар.

Қоғамдық ұйымдар және лауазымды тұлғалар мемлекеттік басқару органдарының әрекетіне әкімшілік процестің субъектісі ретінде шағымдануға құқығы бар. Қазіргі енгізілген заң әкімшілік құқық бұзушылық істерін қоғамдық ұйымға қарастыруға жіберу мүмкін, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың өкілдерін әкімшілік процеске қатысуға тарту мүмкін. Ол белгілі мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады. Қоғамды демократизациялау кезінде, қоғамдық ұйымдармен еңбек коллективтерінің мүддесі асқаннан кейін, олардың әкімшілік процесте де құқық субъектілік көлемі ұлғаяды.

Олар мынадай сапада қатыса алады:

- әкімшілік істі қозғайтын ұйым;

- әкімшілік даудың тарабы болып;

- үшінші тұлға;

- басқа тұлғалардың мүдделерін және құқықтарын қорғайтын ұйым.

Мемлекеттік қызметкерлер әкімшілік процестің субъектісі болып мына жағдайларда қатыса алады:

- әкімшілік істі шешетін лауазымды тұлға немесе билік өкілі болып;

- орган алдында әкімшілік істі қозғауға құқығы бар және шешуге құқығы бар тұлғалар болып;

- әкімшілік поцестің тарабы болып;

- өнеркәсіп және мекеменің мемлекеттік орган өкілі болып;

- әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылатын тұлға болып қатыса алады.

Әкімшілік процестегі ішкі істер органының субъектісі ретінде.

Басқа мемлекеттік органдар сияқты олардың құқықтары да ұқсайды. Көптеген жағдайда ішкі істер бөлімі әкімшілік процесте, істі шешуші және тарабы ретіндегі орган қатысады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша ол орган көбірек қатыса алады және оларды шешеді, және олар көптеген юридикциялық өкілеттікке ие, олар, әкімшілік шара қолдана алады және басқа да әкімшілік жазаға тартуға құқығы бар.

Егер ІІБ істі шешуге құқығы болмаса олар осы дауды шешуге құқығы бар органның алдында, ол әкімшілік істі қозғаған орган болып саналады.

ІІБ-нің әрекетіне шағым түсетін болса, ол әкімшілік процесте тарабы болып қатысады және белгілі бір процессуалдық міндеттемелер жүктеледі.

3. Әкімшілік шығармашылық

Процессуалдық құқық саласында сонымен қатар әкімшілік іс жүргізуде де әдеттегі өндірістер ұсақ бөлімдер жиынтығынан құралады, негізінен процесс ол өндірістердің жиынтығы.5 Әкімшілік шығармашылық – индивидуалды нақты әкімшілік істі шешетін және қарастыратын өкілетті субъектілердің қызметін нормативті реттейтін тәртіп.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сүйенсек, әкімшілік шығармадан бірнеше жеке процессуалдық әрекеттерді бөліп қарастыруға болады және де кезеңдерді қарастыруға болады:

  1.  әкімшілік құқық бұзушылықта – істі қозғау;
  2.  істі қарастыру;
  3.  әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша шешім шығару;
  4.  қабылданған шешімді орындау;
  5.  шешімге қарсы шағымдану.
  6.  Әкімшілік құқық бұзушылықта істі қозғау басты кезеңі болып табылады, өзінің нақты мақсаты және процессуалдық рәсімдеуге ие. Осы кезеңнің маңызы процессуалдық құжатты және әкімшілік құқық бұзушылықты протоколдарын құру болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықта істі қозғау негізі болып, тұлғамен әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған болуы керек. әрбір құқық бұзушылық жасалған кезде өкілетті немесе лауазымды тұлға арқылы хаттама жасалуы керек. Заң бойынша айыппұл алынатын болса, болмауы мүмкін.

Істі қозғау әкімшілік қатынасты тудыруға негіз болып табылады, істелген құқық бұзушылықты табу және оның процессуалдық рәсімдеу жасау. Сонымен қатар, іс бойынша олардың әрекетінде әкімшілік заңдылықпен көрсетілгендей құқық бұзушылық құрамы болуы қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша істі қозғауға және протокол жасауға Қылмыстық құқық бұзушылық кодексінің 248\1 бабында көрсетілген өкілетті тұлғалар жасай алады, олар:

 - ішкі істер бөлімінің лауазымды тұлғалары: әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша шешімге қарсы шағым шешім шығарылғаннан кейін он күн ішінде жүзеге асырылу қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша шешімге қарсы прокурор протест жасауы мүмкін.

Қарсылық және шағымды қарастырған орган, оның шығарылған шешімнің заңдылығын қарастыру қажет. Содан соң келесі шешімдер қабылданады:

  1.  шешім өзгеріссіз қалдырылады және шағым қанағаттандырылмайды;
  2.  шешім алынып тасталынады және іс жаңа қарастырылуға жіберіледі;
  3.  шешім жойылады және іс тоқтатылады;
  4.  жаза қолдануы өзгертіледі және өзгерген жағдайда ол сол жазадан төмен жаза болуы керек;
  5.  шығарылған шешімді орындау - әкімшілік құқық бұзушылықтағы шығарманың соңғы кезеңі болып табылады.

Әкімшілік жаза қолдану шешімі барлық орындайтын мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар орындауға міндетті болып табылады.

Орындау шығармашылығы келесі жағдайларды тоқтатылуы мүмкін;

- Әкімшілік жазаны қолдануды жоятын амнистия атісінің шығуы;

  - Әкімшілік жауаптылыққа тартатын актінің күшінің жойылуы;

- Шешім шыққан тұлғанаң қайтыс болуы;

- Егер ол қару болса немесе құқық бұзушылықтың объектісі болса;

- Тұтқынға алған кезде немесе тінту кезінде алынып қоюы мүмкін.

Алып қоюды тек қана соған құқығы  бар өкілетті  органдар ғана жүзеге асыруы мүмкін. Олар және сол заттарды немесе құжаттарды  сақтайды және  іс бойынша  қарастырады.

Соны айту қажет, алдын алу шараларын қолдану ол міндетті емес, ол  құқығы болып табылады, ол өкілетті органның міндеті болып табылмайды.

  1.  Әкімшілік құқық бұзушылық  ісін қарастыру - әкімшілік шығарманың негізгі кезеңі болып табылады, ол кезеңде процессуалдық қызметтің негізгі ерекшеліктері анықталады.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарастыруды келесі органдар және лауазымды тұлғалар жүзеге асырады (ӘҚБтК – 538, 543, 576 б.б):

  1.  әкімшілік комиссия, заңмен көрсетілген шектеулерден басқа барлық қызметті атқарады;
    1.  ауыл, село және поселка әкімшілік басшысы;
    2.  кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша аудандық, қалалық комиссия, әкімшілік құқық бұзушылықтағы кәмелетке толмағандар ісі бойынша (ӘҚБтК
    3.  аудандық және оған теңестірілген соттар (ӘҚБтК – 538);
    4.  Ішкі істер органдары;
    5.  әкімшілік қадағалау функциясын атқаратын лауазымды тұлғалар және органдар, оларға мысал ретінде, мемлекетттік от сөндіру қадағалау органы, теңіз және өзен реестрінің транспорттық инспекциясы, энергетика және жер ресурстар министрлігінің органдары, орман шаруашылығының органы, мемлекеттік статистика органы, Ұлттық патенттік ведомство және т.б.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісіне қатысушы тұлғалардың құқықтық статусы заңмен белгіленген. Оларға жататындар:

  1.  әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғалар;
    1.  жәбірленуші;
      1.  заңды өкілдері;
      2.  адвокат;
      3.  куәгерлер;
      4.  мамандар;
      5.  аудармашылар.

Ал прокурордың қатысуы міндетті емес.

Істі қараудың жалпы мерзімі - өкілетті органдардан әкімшілік құқық бұзушылық және басқа материалдар ісі бойынша протокол қабылдаған күннен кейін - 15 күн белгіленген. Ал кейбір істер бойынша қысқартылған мерзімдер көрсетілген:

- жай бұзақылық және алкогольдік ішімдіктер ішкен және мас күйінде қоғамның ортасында жүрсе, осы істер бойынша бір тәулік ішінде қарастырылу қажет;

- радио толқындарын жіберетін жабдықтарды пайдаланғаны үшін – үш тәулік күн есебі;

- ұсақ ұрлық үшін бес күн көрсетілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

  1.  істі арастыратын органдардың құрамын және лауазымды тұлғаны анықтау;
  2.  кім жауапкершілікке тартылады, қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және де басқарушыны тағайындау;
  3.  әкімшілік құқық бұзушылық протоколын жариялау;
  4.  іске қатысушы тұлғаларды тыңдау және дәлелдемелерді алу.

Міндетті танысуға жататын жағдайлар:

  1.  әкімшілік құқық жасалды ма;
  2.  сол тұлға айыпты ма;
  3.  оған әкімшілік жауапкершілікті қолдануға болады ма;
  4.  мүліктік зиян келген бе;
  5.   істі қоғамға қарастыруға беруге негіз бе және т.б. жағдайлар туындауы мүмкін.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша шешім шығару.

Істі қарастыруға байланысты шешімді оны жасауға құқығы бар өкілетті орган жасайды. Онда мыналар көрсетіледі:

- шешім шығарған органның аты;

- қаралған істің мәні;

- істің шешіміне қатысты тұлғалардың мәліметтері;

- қарастырудағы жағдайларды көрсету;

- әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығын көрсететін нормативтік актіге жүгіну;

- іс бойынша шешім;

- шешімге шағымдану мерзімі және тәртібі.

Іс бойынша шешім екі түрде болады:

  1.  әкімшілік жаза қолдану;
  2.  іс шығармашылығын тоқтату.

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары

  1.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолданудың түсінігі.

       Жеткізу, әкімшілік ұстау, алып келу… түсінігі, тәртібі және мерзімдері.

                 

2.   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына шағым беру.

  1.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 618-бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына келесідей түсінік беруге болады: Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезіктінің жеке басын анықтау, ә.қ.б. жасалған жерде жасау мүмкін болмағанда, ә.қ.б. туралы хаттама жасау, істің уақытылы және дұрыс қаралуы мен іс жөнінде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті лауазымды адамның әкішілік іс жүргізуде (процесте) қолданатын әкімшілік шаралары. Олар келесі шараларды қолдану құқылылығымен жүзеге асады:
  2.  ә.қ.б. туралы хаттама жасалатын жерге жеткізу;
  3.  әкішілік ұстау (жеке адамды);
  4.  алып келу;
  5.  жеке тексеру және көлік құралын, шағын кемені және заттарды тексеру;
  6.  құжаттар мен заттарды алып қою;
  7.  көлік құралын (шағын кемені) жүргізуден шеттету және оның алкогольмен (есірткімен, уытқұмарлықпен) масаю күйін куәландыру;
  8.  көлік құралын (шағын кемені)  ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу;
  9.  тексеру;
  10.  жеке адамның алкогольмен (есірткімен, уытқұмарлықпен) масаю күйін медициналық куәландыру.

Заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік іс жүргізуде келесі қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкін:

  1.  заңды тұлғаға тиесілі үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлік құралдарын және өзге де мүлікті, құжаттарды қарап шығу;
  2.  заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды алып қою;
  3.  заңды тұлғаларға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу немесе оны алып қою.

        1.   Жеткізу. 

    Құқық бұзушылықтың жолын кесу, жеке басын анықтау, сондай-ақ хаттама толтыру мақсатында жеке адамды (заңды тұлғаның өкілін)  полицияға (мемелекеттік органдарға) мәжбүрлеп келтіру шарасы.

  Жеткізу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырылуға тиіс.

Жеткізу туралы хаттама жасалады немесе ә.ұстау туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады.

  1.  Әкімшілік ұстау.

Ә.ұстау құқыққа қарсы әрекетті тыю мақсатында белгілі бір уақыт ішінде адамды уақытша жеке бас бостандығынан айыру (ұсақ бұзақылық жасалғанда, сотта сыйламаушылық танытқан жағдайда, тауар түрлерін заңсыз сатқанда, қоғамдық орындарда арақ ішкенде немесе адамның қадыр қасиеті мен әдепті қорлайтын мас күйде жүргенде, өрт қауіпсіздігі, аң аулау, қорларды қорғау ережелері бұзылғанда, митингілер, шерулер өткізу тәртібі бұзылғанда, төтенше жағдай кезіндегі тәртіп бұзылғанда, қару алып жүру тәртібі бұзылғанда, заңсыз киім киілгенде, шетелдіктердің, апатриттердің Қазақстанда болу тәртібі бұзылғанда).

 Ә.ұстау жөнінде хаттама жасалады (хаттамада: күні, уақыты, орны, лауазымды адамның зауазымы, ұсталған адамның мәліметі, ұсталған уақыты, орны көрсетіледі).

Хаттамаға қол қойылады.

Хаттама екі данада жасалады.

Ұстауға алынған адамның өтініші бойынша туған-туыстары, жұмыс орындары, қорғаушысы хабардар етіледі.

Кәмелетке толмағандарға қатысты ата-анасы (орнын ауыстырушылыр) міндетті түрде хабарланады.

Ә.ұстау мерзімі туралы.

3 сағ. асатын жағдайда 24 сағат ішінде прокурорға хабарлана отырып 48 сағатқа дейін ұсталуы мүмкін, ал төтенше жағдай кезінде коменданттық сағат аяқталғанға дейін. Жалыпы мерзімі 48 сағаттан аспауы тиіс.

ҚР Констиуциясына сәйкес 72 сағатқа ұстауға алынатын туралы.

Ә.ұстау мерзімі жеткізілген кезхден бастап, ал мас адамға – мастығынан айыққаннан басталады

Әкімшілік – құқықтық режимдер  

1. Әкімшілік – құқықтық режимнің құқықтық реттеу жүйесіндегі орны.

Әкімшілік – құқықтық режимнің түсінігі.

2. Әкімшілік – құқықтық режимнің түрлері.

3. Шектен тыс жағдай режимі.

Тұлғаның, мемлекеттің, қоғамның нақты анықталған обьектіге қатысты, белгілі бір қызмет саласындағы мүдделерін қамтамасыз ететін құқықтық реттеу құралының бірі – құқықтық режим болып табылады.

Әкімшілік құқықта режимнің түсінігі – басқару кезіндегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және тәртіпті қамтамасыз етуде әкімшілік-құқықтық қатынастың қатысушыларының іс-әрекетін реттеуге бағытталған шаралардың жиынтығы.

Әкімшілік-құқықтық режим – атқарушы билік саласындағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қызметінің ерекше құқықтық режимі, ол қызмет түрінің шектен тыс жағдайларына негізделіп, заң шығарушы органдармен бекітіледі.

Мемлекетпен шектен тыс жағдайда қолданылатын құқықтық ұйымдастырудың және өзге де шаралар күнделікті пайдаланатын шаралардан ерекшеленеді. Сонымен қоса әкімшілік-құқықтық режимді іске асырған қатысушылардың мәртебесі да мәртебесі өзгереді. Яғни, атқарушы биліктің уәкілетті органдардың өкілеттігі күшейіп, ал басқару қатынасының басқа субьектілерінің құқықтары шектеліп, міндеттіліктері артады. Осыған орай заң әдебиеттерде көптеген авторлар режимді императивті әдіс ретінде қарастырады.

Режим құқық нормаларымен   негізделген, ерекше жағдай.

Әкімшілік- құқықтық  режим -  заңда белгіленген тәртіпте қоғамдық қатынастардың тұрақтылығын “S”- ң қоғам мен мемлекетті қамтамасыз ету үшін билік “S”- мен қолданылатын арнайы әсер ету шаралары.

Режимнің саралануы : жалпы, қосалқы, арнайы

Жалпы - әкімшілік-құқықтық қатынастың дамуын сипаттайтын әкімшілікті құқықты құқықтық қамтамасыз етуде қажетті шаралар. Онда “S” мәртебесі  әкімшілік қатынастың пайда болуымен негізделеді және олардың тұрақты даму әдістерін сипаттайтын қасиеттер тән.

Қосалқы – салалық құқық субьектілігімен сабақтас жүреді. Ол арнайы-қарапайым және арнайы-төтенше болып бөлінеді.

 Арнайы:

  1.  Күнделікті – құқықтық жағдайдың әкімшілік қатынастардың шегіндегі тұрақтылығын сипаттайтын талаптар (өрт қауіпсіздігінің уәкілетті органдары) (құқық субьектілігінің белсенді және бәсеңдігі)
  2.  Аумақтық режим – ҚР–ң мемлекеттік шекарасының орналасу заңдарымен және халықаралық келісімшарттармен анықталады. (Аумақтық ерекше мәртебеге ие болуы (мем.астанасы, респ.маңызы бар қала, арнайы экономикалық зона – кедендік реттеуді жүзеге асыратын мекемелердің арнайы режимі)  
  3.  Қызмет түрлерін арнайы құқық субьетілігін іске асыруды қамтамасыз ету(бір жағында құқық, екінші жағында міндет және керісінше)
  4.  «О» – адамның, мемлекеттің, қоғамдық сұранымын қанағаттандыратын материалдық және материалдық емес құндылықтардың құқықтық қатынасқа түсу.     

         «О»–сі – құқықтық қатынастың пайда болуы алдындағы мүддесі болуы мүмкін мемл. қызм. бос лауазымды орынға конкурсқа қатысуы)   

Төтенше режимдер. Бұл режимдерді енгізудің құқықтық негіздері Конституция мен заңдарда бекітілген.

  1.  Төтенше жағдай – демократиялық институттарға, аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтығына, мемлекеттің конституциялық органдарының қызметінің бұзылуына тікелей қауіп. Уақытша болып табылатын, тек республиканың конституциялық  құрылысын қорғау және азаматтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҚР барлық аумағына айрықша жағдай енгізіледі. Мақсаты - тез арада жағдайды қалпына келтіру. Заңның 7-бабы – 48 сағаттан аспайтын уақытта қарастырылады. (Парламентпен, Президенттің жарлығы бекітілуге беріледі)  Мерзімі – ҚР-ң барлық аумағына – 30 тәулік; аумақтың жартысында – 60 тәулік; Осы мерзімдер өткеннен кейін Президентпен тоқтатылады. Жоғары өкілдік және атқарушы органдар сәйкестелген төменгі органдардың кез келген шешімін тоқтата алады. Арнайы уақытша органдар құрылуы мүмкін (Президенттің  жарлығымен) және келесі шаралар бекітілуі  мүмкін:
  2.  Келу және кетудің ерекше режимі, төтенше жағдай енгізілген аумақта жүріп-тұрып  бостандығын шектеу;
  3.  Қоғамдық тәртіпті қорғау күшейтіледі;
  4.  Митингтер, жиналыстар жасауға тыйым салынады;
  5.  Транспортың қозғалысын азайту, оларды тексеру;

           Қосымша шаралар:

  1.  Коменданттық сағаттар: тәртіпті бұзғандар, комендаттық сағаттың уақыты біткенге дейін, ал өзінде құжатттары жоқтар – тұлға анықталғанға дейін құқық қорғау органдармен ұсталынады.
  2.  Құжаттарды тексеру
  3.  Қару-жарақ сатуға тыйым салу
  4.  Эвакуация

Әкімшілік ұстау – 3 тәулікке дейін.

  

  1.  Ерекше жағдай – Қазақстанның барлық аумағында немесе жеке жергілікті жерлерде енгізілуі. Өзінің түсінігіне көптеген режимдерді жинақтайды.
  2.   Азаматтарға өз мүддесін таңдауға бостандық беріледі.
  3.  Анықталған ережелер мен процедураны сақтауды талап етеді (кедендік органдарының қолданылатын ережелердің жиынтығы)

Ерекше талаптар – орталық және жергілікті органдармен енгізілуі мүмкін. Онда режимнің әрекет етуінің нақты уақыты көрсетілмейді. Ол: мерзімді, ұзақ, мерзімсіз болып үшке бөлінеді (қауіпсіздікке төнген қауіп толығымен жойылмайынша)

Карантинде – міндетті санитарлық обработкадан өту, ауруларды изоляциялау т.с

Мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі көп өзгерістер болмайды. Уақытша комиттер құрылуы мүмкін.   

  1.  Әскери жағдай – Премьер-министр және Парламент палаталарының төрағаларын ресми кеңескеннен кейін Республика Парламентіне хабарлай отырып Президентпен енгізіледі (Конст. 44-бап, 16 тармақ)  (Бірнеше аспектіде, көзқарастарда қарастырылады)
  2.  Құқықтық негізі: ҚР Президентінің Жарлығы

Көрсетілу нысаны:

  1.  Әскери-құқықтық актілерді енгізу;
  2.  Халықаралық гуманитарлық құқық институтын қолданымға енгізу;
  3.  Мобилизация (қарулы күштерді бейбіт жағдайдан толық әскери дайындыққа ауыстыру, запастағы әскери міндеттерді соғыс уақытына әскерге шақыру)
  4.  әрекет ету аумағын анықтау

Енгізу тәртібі:

  1.  Парламенттің заң нысанындағы заңнамасы
  2.  Парламенттің заңшығарушы құқығын берген кездегі Президенттің қабылдаған заңы

Режимнің тоқтатылуы – ҚР Парламентімен

Әдебиеттер:

Броток А.В «Концепция и конституционная основа института чрезвычайного положения»

 

Ғылым және білімді басқару

  1.  Білім түсінігі, қағидалары.
  2.  Білімді ұйымдастыру.Білім қызметін лицензиялау
  3.  Білім саласындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының құзыреті.
  4.  Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субьектісі.
  5.  Ғылыми ұйымдар.

Білім – жоғары адамгершілік, ой, мәдени даму деңгейіне жету мақсаты болып  табылады, тәрбие және білім алудың үздіксіз процесі.

Білім – тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүддесіндегі оқу  және тәрбиенің үздіксіз процесі.

Білім  алу құқығы –  азаматтардың негізгі және ажырамас құқығы.

Білім саласындағы мемлекеттік саясат  мынадай негізгі қағидаларға сүйенеді:

  1.  ҚР-ның азаматтары білім алуға тең құқылы;
  2.  Интеллектуалдық даму есебіне  байланысты  тұрғындарға білімнің барлық деңгейіне қол жеткізушілік;
  3.  Білімнің зайырлылық сипаты;
  4.  Тұлғаның білімділігін ынталандыру;
  5.  Білім алу процесінің үздіксіздігі;
  6.  Меншік нысаны бойынша білім ұйымдарының әртүрлілігі;
  7.  Білімді басқарудың демократиялық сипаты:
  8.  Білімнің ізгілік сипаты;
  9.  Білім алушының кәсіби бағыты;
  10.  Білім жүйесінің ақпараттануы;

Білім жүйесі:

  1.  Білім ұйымдары
  2.  Білімнің барлық деңгейіне мемлекеттік жалпы міндетті үлгілер
  3.  Білімді басқару органдары

Білім жүйесінің мақсаты – ұлттық және жалпы азаматтық  құндылықтарға, ғылым мен тәжірибеге жету  негізіндегі тұлғаның қалыптасу, даму және кәсіби қалыптасуына бағытталған, білім алу үшін қажетті шарттар.

Білім – білім мекемелерінде – күндізгі, сырттай, білім беру мекемесіне тұрақты  түрде қатыспаса да, білім беру бағдармасын өз  еркімен игергендер (жылдық қорытынды аттестацияға жіберіледі), экстернат, дистанциялық (қашықтағы білім) – электрондық және телекоммуникациялық құралдардың көмегімен білім алу нысаны.

Қосымша білім – азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатындағы қосымша  білім беру  бағдарламалардың барлық деңгейіне негізделіп жүзеге асырылатын тәрбие және білім алу процесі.

Білім ұйымдары  –  заңды тұлғалар болып табылмайтын, олар бір немесе бірнеше білім бағдарламаларын іске асырады, әрі білім алушыларды тәрбиелеп, қажетті қамтамасыз ету.

Білім беру қызметіне құқық білім беру ұйымдарында олар лицензия алу кезінен басталып, оның мерзімі өткеннен кейін, оны заңсыз деп танығаннан кейін  аяқталады.

Білім беру ұйымдарының мәртебесі – олардың құрылтайшыларымен анықталып, жарғысында бекітіледі. Ал, Жарғы осы заңды ҚР–сы Үкіметтінің бекіткен Типовой ережесіне, сәйкес қабылдануы тиіс. Ол мемлекеттік аттестация өткізгеннен кейін мәртебесін сақтап қалуы немесе өзгертуі мүмкін.

Білім беру ұйымдары:

  1.  Мемлекеттік;
  2.  Мемлекеттік емес (діни,жеке);
  3.  Халықаралық болуы мүмкін;

Білім беру ұйымдары бөлінеді:

  1.  мектепке дейінгі, арнайы,жетім балалар үшін ұйымдар;
  2.  орта, кәсіби бастама, орта кәсіби, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби және қосымша кәсіби білім;

Кейбір жағдайларда ҚР–ң  Президенті ерекше мәртебе беруі мүмкін.Білім беру ұйымдарының филиалдары оның құрылтайшыларының  келісімімен құрылады.

Лицензия – заңды тұлғалардың білім беру қызметіне қарай, ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан беріледі:

  1.  бастапқы, жалпы, негізгі жалпы немесе орта жалпы және бастапқы кәсіби, мектепке дейінгі ұйымдарға –  облыстық, республикалық маңызы бар қала, астаналық білім басқармаларымен (департаменттермен)
  2.  орта кәсіби, жоғары кәсіби білім – ҚР–ң бәләм саласындағы орталық атқарушы органымен;
  3.  халықаралық, шетелдік, мемлекеттік емес және бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар –  ҚР–сы білім беру саласындағы орталық атқару органдарымен білім беру құқығына лицензия беріледі.

ҚР–ң аумағында құрылған халықаралық, шетелдік оқу орындары мен олардың филиалдары, көрсетілген тәртіпте лицензиялауға жатады.

Лицензиялауға қажетті құжаттар:

  1.  ҚР–ң Үкіметімен бекітілген нысандағы өтініш;
  2.  Біліктілік талаптарына сай келетінін анықтайтын құжаттар;
  3.  Мемлекетік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
  4.  Жұмеыс оқу жоспары;

Лицензия –  құжаттарды тапсырғаннан кейін екі айлық мерзімнің ішінде беріледі.

Лицензияның әрекетін тоқтата тұру негізі (6ай):

  1.  Біліктілік талапқа сәйкес еместік ;
  2.  Білім сапасының мемлекеттің жалпы міндетті білім беру үлгісіне сәйкес болмауы;

Лицензияны қайта шақырып немесе алу негіздері:

  1.  Сотпен тыйым салынған қызметпен айналысу;
  2.  Лицензиядағы талаптарды орындамау;
  3.  Лицензияның тоқтатылуынан әрекеттік себептері

Біліктілік талаптары мен лицензияның тәртібі  ҚР–ң Үкіметімен бекітіледі.

23 – бап мектепке дейінгі ұйымдар – балалар 1жастан – 6 жасқа дейін

    Жоғары кәсіби білім :

  1.  Конкурстық негізде;

Жоғары оқу орындары:

  1.  Университет;
  2.  Академия;
  3.  Институт,(оған теңестірілген консерватория, жоғары мектеп)
  4.  Медициналық білім мекемесі;

Білім беру бағдарламалары, олар деңгейі мен сатысына сәйкес: жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша)

Бағыттары:

  1.  Жалпы білім беру – тұлғаның мәдениетін, оның қоғам мен мемлекетке бой үйренісін қалыптастыруға бағытталса;
  2.  Кәсіби –  сәйкестелген мамандыққа мамандар мен жұмыскерді дайындауда

Қосымша дамудың білім беру бағдарламасы, оған мектептен тыс ұйымдар жатады.(центлер, ән, спорт мектептері)

Арнайы білім беру бағдарламасы:

Жоғарғы кәсіби білім (бакалавр, магистратура, академиялық жоғарғы біліктілік):

  1.  Жоғарғы базалық білім (бакалавриат (4 ж) деңгейі «бакалавр»)
  2.  Жоғары ғылыми-оқутышылық білім(магистратура)(жоғарғы базалық білім негізінде – 2ж., жоғарғы арнайы білім – 1ж)

Медициналық білім кейбір мамандықтарында білім алу ұзақтылығы -  7 ж., білім алуды аяқтау жылы – интернатура негізінде болады;

ЖОО –ң кейінгі кәсіби білім – жоғарғы біліктіліктің ғылыми, ғылыми – техникалық кадрларын дайындау.

Аспирантура, адьюнтура – (әскери оқу орындарында жоғарғы білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау нысаны(күндізгі нысан-2 ж, сырттай нысан – 3 ж дейінгі)

Докторантура – 3 ж

ҚР-сы Үкіметтің білім беру саласындағы  құзыреті:

  1.  Білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатын әзірлейді және жүзеге асырайды;
  2.  Білім берудің мемлекеттік бағдарламасын дайындайды және іске асыру шараларын жүзеге асырады.
  3.  Маманды дайындауға мемлекеттік білім беру заказын бекітеді;

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24




1. Хатынь трагедия и память
2. Дипломная работа- Эмоциональное состояние доноров и возможность коррекции со стороны среднего медицинского персонала
3. А каким собственно образом многообещающий геолог по институтскому образованию резко поменял поле деяте
4. Тема Інтерфейс та основи роботи в Photoshop Вікно програми dobe Photoshop складається з Меню Панелі парамет
5. Стаття присвячена дослідженню проблеми підготовки майбутніх вчителів початкової школи до формування загал
6. Задание 1. В вычислительную машину работающую в системе управления технологическим процессом через каждые 3
7. Контрольная работа - Проблемы стабильности семьи и брака
8. а консенсуальный пассажир возмездным двусторонне обязывающий Существенный условия- предмет Субъекты
9. Тема- Права та свободи людиниМета- поглибити знання учнів про права і свободи людини та права дитини;1
10. Циклічні коливання економічного розвитку
11. варианты Наименование элемента Краткое описание элемента.html
12. География отраслей тяжелого машиностроения
13. Восстание охватило земли Яицкого войска Оренбургский край Урал Башкирию часть Западной Сибири Сред
14. Посвящаю этот роман милым моему сердцу читателям тех стран в которых публиковались мои кн
15. влюбляется в трепетную школьницу возможно соседку или подругу дочери-сына
16. Фригийский миф рассказывает что однажды семя спящего Зевса вытекло на землю оплодотворило ее и родилось ст
17. тема структура и участники
18. Курсовая работа- Управление персоналом предприятия
19. Совокупность преступлений, ее формы и виды
20.  Рис 31 Модель інтуїтивної технології прийняття рішення Зміна стану висуває проблему необхідність по