Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

2010 ж

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы

 

БЕКІТЕМІН

ЖҚ ж АП кафедрасының меңгерушісі,   

з.ғ.к., доцент Алимбаева А.А.

_____________________________

«___»_________________2010 ж.

СОТ САРАПТАМАСЫ

пәні бойынша тест тапсырмаларының қоры

Қарағанды 2010


5В030100 – Заңтану мамандығы бойынша Сот сараптамасы пәнінен студенттердің білімін бақылауға арналған тест тапсырмаларының қоры

Құрастырушы: __________________ Шакенов А.О.

« __ »_____________ 2010 ж.

Тест тапсырмаларының қоры ЖҚ ж АП кафедрасының оқу - әдістемелік отырысында талқыланған хаттама №___ « __ »_____________ 2010 ж.


Тест тапсырмалар қорының паспорты

ПӘН АТАУЫ: Криминалистика

МАМАНДЫҒЫ: 5В030100 Заңтану

Бақыланатын тақырыптар

Тест сұрақтары көлемі

  1.  

Сот өндірісінде арнайы ғылыми білімдерді қолдану нысанындағы сот сараптамасы.

15

  1.  

Алдын – ала тергеуде сараптамаларды тағайындап-жүргізудің процессуалдық сұрақтары

15

  1.  

Сот сараптамаларының жіктелуі.

15

  1.  

Қазақстан Республикасындағы сараптамалық мекемелер

15

  1.  

Сот сараптамасын тағайындаудың ұйымдастырушылық мәселелері

15

  1.  

Сот сараптамасы және іске қатысушылардың процессуалдық мәртебесі

15

  1.  

Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негіздері

15

  1.  

Сот сарапшысының қорытындысын дайындау және баға беру

15

  1.  

Криминалистикалық сараптама класы

15

  1.  

Криминалистикалық емес сараптама класы

15

Барлығы:

150

Берілген пән бойынша қортынды бақылау өткізудің әдістемесі (біліктілік шараларының шегі бойынша):

Барлық бақылау ұзақтығының шегі

60 минут

Әрбір сұраққа жауап беру шегінің ұзақтығы

2 минут

Тақырып таңдау кезектілігі

кездейсоқ

Ұсынылатын сұрақтар саны

30


Сұрақ: 1

Факт немесе оқиға туралы ақпараттардың материалдық тасымалдағыштары ол:

Жауаптар

+ сараптама объектісі

- сараптама заты

- сараптама мазмұны

- зерттеу деңгейі

- зерттеу әдісі

Сұрақ: 1

Сараптамалар кластарын көрсетіңіздер:

Жауаптар

- дактилоскопиялық

- тауартанушылық;

- өрт-техникалық

+ инженерлік-техникалық

- жануарлар іздері

Сұрақ: 1

Зерттеу мөлшері бойынша сараптамалар қалай ажыратылады:

Жауаптар

+ негізгі

- қайталама

- комиссиялық

- кешенді

- ситуациялық

Сұрақ: 1

Криминалистикалық сараптамалар класындағы топты көрсетіңіздер:

Жауаптар

- жарылыс техникалық 

- фототехникалық

- идентификациялық

- дактилоскопиялық

+ дәстүрлі сараптамалар

Сұрақ: 1

Құжаттарға өзгерістер енгізу тәсілін анықтау қай сараптама заты болып табылады?

Жауаптар

+ құжаттардың техникалық-криминалистикалық сараптамасы

- мөр және штамп көшірмелерінің сараптамасы

- Трасологиялық

- портреттік

- сот-қолтаңба танушылық

Сұрақ: 1

Жарылыс техникалық сараптама мынадай мәселелерді шешеді:

Жауаптар

- жарылысқа себепші болған технологиялық процесті бұзу орын алдыма;

- зерттеудегі қару-жарақ ұсынылған оқ-дәрілер жасақталды ма;

- атыс бағыты қандай

+ жарылғыш құрылғы типі және қуаты

- жарылыстың өту жағдайын талдау

Сұрақ: 1

Сот-медициналық сараптама өзіне мынадай зерттеу түрлерін қамтыған:

Жауаптар

+ тірі адамдарды зерттеу

- өсімдік шығу тегі бар заттық дәлелдемелердің биологиялық зерттеуі

- бөлшектенген жануардың қалдықтарын зерттеу

- есірткі заттарды зерттеу

- күдіктінің есі дұрыстығы мен қабілеттілігін анықтау

Сұрақ: 1

Құрылыс инженерлік-техникалық сараптама нені анықтау үшін жүргізіледі:

Жауаптар

+ жобалық-сметалық құжатнаманы құрастыру негізділігін анықтау үшін

- құрылыс жұмыстарына мамандығы жоқ жұмыскерлерді қатыстыруды анықтау үшін

- өндеу материалдарының өртке қауіптілігін анықтау үшін

- технологиялық процесті бұзу салдарынан жазымға әкеп соқтырған жағдайды анықтау үшін

- жол-көлік апатының жағдайларын анықтау үшін

Сұрақ: 1

Сот сараптамаларын жүргізу қандау тұлғаларға жүктелуі мүмкін:

Жауаптар

- іс бойынша маман ретінде қатыстырылғандарға

- жәбірленушімен туысқандық байланыстары барлрға

- бұрын сотталғандарға

+ істе мүддесіз және арнайы ғылыми білімдері барларға

- қабілеттілігі шектелгендерге

Сұрақ: 1

Ғылым саласындағы арнайы ғылыми білім негізінде қылмыстық істі тергеу кезінде зерттеліп-анықталатын шын мәніндегі жағдайлар ол:

Жауаптар

- сараптама объектісі

- сараптама міндеттері

+ сараптама заты

- зерттеу әдісі

- сараптама мақсаты

Сұрақ: 1

Сараптама кластарын атаңыздар:

Жауаптар

+ экологиялық

- өрт-техникалық

- психиатриялық

- көліктік

- трасологиялық

Сұрақ: 1

Қолданылатын білім құрамына қарай сараптама төмендегідей ажыратылады:

Жауаптар

+ біртектес

- қосымша

- жіктемелік

- қайталама

- негізгі

Сұрақ: 1

Құжаттардың техникалық-криминалистикалық сараптамасы қандай міндеттерді анықтау үшін жүргізіледі:

Жауаптар

+ құжат деректемелерін орындау ретін анықтау үшін

- қолды қолмен жазу арқылы жасанды тәсілдерін анықтау үшін

- қолмен жазылған жазулар мен қолдарды орындау жағдайларын анықтау үшін

- қолтаңба арықлы адамды идентификациялау үшін

- құжат авторын анықтау үшін

Сұрақ: 1

Мал шаруашылығындағы құқық бұзушылықтарға байланысты міндеттерді шешу үшін қандай сараптама тағайындалады:

Жауаптар

- сот-зоологиялық

+ сот мал дәрігерлік

- сот агробиологиялық

- сот-медициналық

- криминалистикалық

Сұрақ: 1

Сот-ауыл шаруашылық сараптама өзіне нені қамтыған:

Жауаптар

- биологиялық-жер қыртысын танушылық сараптаманы

+ агробиологиялық сараптаманы

- ботаникалық сараптаманы

- транспорттық сараптаманы

- экологиялық сараптаманы

Сұрақ: 1

Тауар танушылық сараптама қай сараптамалар құрамында:

Жауаптар

- сот-ауыл шаруашылық

+ инженерлік-технологиялық

- инженерлік-техникалық

- экономикалық

- криминалистикалық

Сұрақ: 1

Қорытындының қай бөлігінде сарапшы сараптамалық зерттеу нәтижелерін баяндайды?

Жауаптар

- қорытындыларда

- суреттеме бөлігінде

- нәтижелік бөлігінде

- кіріспелік

+ зерттеулік

Сұрақ: 1

Объектілерден криминалистикалық маңызы бар ақпараттарды алуды қамтамасыз етуге бағытталған құралдар мен зерттеу жолдары ол:

Жауаптар

- сараптама объектісі 

- сараптама заты

- сараптама  міндеттері

+ зерттеу әдісі

- зерттеу деңгейі

Сұрақ: 1

Сот сараптамалар кластарын атаңыздар:

Жауаптар

- баллистикалық

- транспорттық-темір жолдық

- психологичлық

- трасологиялық

+ криминалистикалық

Сұрақ: 1

Жүргізу реті бойынша сараптамалар былайша ажыратылады:

Жауаптар

+ бастапқы

- негізгі

- кешенді

- жеке даралық

- дополнительные

Сұрақ: 1

Жолдың техникалық жағдайын анықтау үшін қандай сараптама тағайындалады:

Жауаптар

- транспорттық-трасологиялық сараптама 

- автотехникалық

+ жол-транспорттық сараптама 

- инженерлік-техникалық сараптама

- инженерно-технологическая экспертиза

Сұрақ: 1

Сот-психологиялық сараптама мынадай сұрақтарды шешеді:

Жауаптар

- қабілеттілікті анықтауды

- денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен дәрежесін

+ бара-бар реакцияның болмау себептерін

- невроз диагностикасы

- өлім себебін анықтау

Сұрақ: 1

Фоноскопиялық сараптама шешетін міндеттерді көрсетіңіздер:

Жауаптар

+ әңгімеге қатысушылар санын анықтау

- теру кезінде акустикалық іздер байқалғанда телефон нөмірін анықтау

- жазу азамат Капсалямпен орындалды ма

- жарылыстың өту шарттарын анықтау

- адамның психикалық жағдайын анықтау

Сұрақ: 1

Өрт-техникалық сараптама ненін құрамында:

Жауаптар

- криминалистикалық сараптама 

- ауыл шаруашылық сараптамалар

- инженерлік-технологиялық сараптамалар

+ инженерлік-техникалық сараптамалар

- экологиялық сараптамалар

Сұрақ: 1

Өнер туындысындағы жасандылықты қай сараптама анықтайды:

Жауаптар

+ өнер танушылық

- тауар танушылық

- криминалистикалық

- инженерлік-техникалық

- экономикалық

Сұрақ: 1

Өрт-техникалық сараптама алдына қойылатын дұрыс сұрақты атаңыздар:

Жауаптар

- өрт себебі қандай?

- өрт қою қасақан немесе абайсыздықта жасалған ба?

+ жағу көзі ретінде не болды?

- кім құрылысқа өрт қойды?

- жарылыс себебі қандай?

Сұрақ: 1

Бір саладағы арнайы біліммен мамандандырылған бірнеше сот сарапшыларымен сараптама жүргізу қай сот сараптама түрімен сипатталады?

Жауаптар

- бастапқы

- негізгі

+ комиссиялық

- кешенді

- қайталама

Сұрақ: 1

Сараптамалық зерттеу деңгейін атаңыз:

Жауаптар

- қайталама

- комиссиялық

+ ситуациялық

- қосымша

- біртектес

Сұрақ: 1

Сараптама қорытындысының қай бөлігінде сарапшы жүргізілген зерттеулердің егжей-тегжейлі нәтижелерін, салыстырамалы зерттеу тәсілдерін көрсетіп береді.

Жауаптар

- кіріспелік

+ зерттеулік

- нәтижелерге баға беру кезінде

- суреттемелік

- қорытындыда

Сұрақ: 1

Сарапшының қорытындысы бойынша ұсынылған пломбадан сымды іздер қалдырмай алуға болады. Бұл қандай зерттеуге жатады:

Жауаптар

- идентификациялық

+ диагностикалық

- жіктемелік

- ситуациялық

- варианттар жоқ

Сұрақ: 1

Объектіні суық қаруға жатқызуға болатындай критерийлерді атаңыздар:

Жауаптар

- тірегіш-шектегіштің болуы

- екі жақтан қайралғандықтың болуы

+ шаруашылық-тұрмыстық мақсаттың болмауы

- бойлап жасалған ойманың болуы

- екі ұшты сұқпаның болуы

Сұрақ: 1

Сот-баллистикалық сараптамаға жатпайтын міндеттерді көрсетіңіздер:

Жауаптар

- атыс қаруы және патрондардың түрін, моделін және типін анықтау

- патрондардың мақсаты бойынша қолдануға жарамдылығын анықтау

+ қол атыс қаруының әртүрлі бөлшектерінде саусақ іздерінің бар екендігін анықтау

- атыс қаруындағы өшірілген нөмірлерді айқындау

- атыс кезінде атқан адам мен жәбірленушінің өзара орналасуын анықтау 

Сұрақ: 1

Атыс қаруынан атыс жүргізгенде ойық алаңынан бөлек үзінділер, учаске түріндегі іздер, сондай-ақ оқтың басы мен артқы жағында басқа да іздер байқалды. Аталмыш белгі арқылы мынадай қарудан атыс жүргізгендігін ажыратуға болады:

Жауаптар

- «парадокс» типтес ұңғының бұрғысы болған қару 

- калибрі кішкене қару

+ калибрі үлкен қару

- қатты тозығы жеткен қару

- тозығы аз қару

Сұрақ: 1

Атылған гильза бойынша қаруды теңдестіру кезіндегі бөлек-бөлек зерттеу не үшін жүргізіледі:

Жауаптар

- гильза үстінде бейнеленген сәйкес және ажыратпа белгілерді салыстыру үшін

+ атылған гильзадағы қару бөлшектерінің іздерін анықтау үшін

- тергеушімен сарапшы алдында қойылған сұрақтарды ұғыну үшін

- зерттеу нәтижелерін рәсімдеу

- эксперименталдық үлгілер алу

Сұрақ: 1

Сот-баллистикалық сараптама объектілерін атаңыздар:

Жауаптар

- қол атыс қаруындағы саусақ іздері

- аңшылық суық қару

- жарылғыш заттар

- электр арқылы естен таңдыратын қару

+ оқ-дәрілерді жауақтауға бағытталған аспаптар

Сұрақ: 1

Қолтаңбаның идентификациялық зерттеуіне қатысты сұрақтарды атаңыздар:

Жауаптар

- қолмен жазылған мәтін ер немесе әйел адаммен орындалған ба

- қолжазба қолды ауыстыру арқылы орындалған ба

- құжаттың бастапқы мазмұны өзгертілген бе

+ құжаттағы қолжазба бір немесе бірнеше адамдармен орындалған ба

- орындағанның жасы нешеде?

Сұрақ: 1

Қолды жол сызығымен қатар орналастыру қай белгіге жатады:

Жауаптар

- қолдың құрылымы

- қолтаңба белгілердің

+ топографиялық

- транскрипция белгісі

- стилистикалық белгі

Сұрақ: 1

Жанып кеткен дәлелдемелердегі мәтін мазмұнын қайта қалпына келтіру әдісі қалай аталады:

Жауаптар

- диффуздік-көшірмелік

- адсорбциондық-люминисценттік анализ

- электрондық микроскопия

+ инфрақызыл сәулелерде зерттеу

- жұқа қабатты хроматография

Сұрақ: 1

Материал, заттар және өнімдердің криминалистикалық сараптамасының түрлерін атаңыздар:

Жауаптар

- құжат материалдарын зерттеу

- шығу тегі малдық объектілерді зерттеу

- биологиялық тегі бар заттарды зерттеу

- жарылғыш заттарды зерттеу

+ лак, бояу материалдары мен беткейлерді зерттеу

Сұрақ: 1

Сот-портреттік сараптама шешетін міндеттерді атаңыздар:

Жауаптар

- ауызша портрет құрастыру

- фотографиялық бейне алу тәсілдері

+ адамды идентификациялау

- бой тасалаған қылмыскерлерді іздеу

- фотосурет монтажын анықтау

Сұрақ: 1

Сот сараптамасын дайындау және тағайындаудың барлық кезеңдері мынадай сатыларға бөлінеді:

Жауаптар

- негізгі және қосымша

- дайындық және қорытынды

- бастапқы және келесі

+ дайындық және сараптаманы жүктеу

- сараптаманы дайындау және жүргізу

Сұрақ: 1

Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізу үшін бір мамандықтағы сарапшылар тобын тағайындады. Бұл қандай сараптама:

Жауаптар

- кешенді

- диагностикалық

+ біртектес

- қайталама

- қосымша

Сұрақ: 1

Инженерлік-технологиялық классқа енетін сараптаманы атаңыздар:

Жауаптар

- инженерлік-техникалық

+ тауар танушылық

- жарылыс техникалық

- өрт-техникалық

- инженерлік-транспорттық

Сұрақ: 1

Сарапшы қорытындысындағы қойылған сұрақтарға жауап мынадай бөлігінде шоғырланған:

Жауаптар

- алдын ала

- кіріспелік

- зерттеуге баға беру

- зерттеулік

+ қорытынды

Сұрақ: 1

Сарапшының қорытындысы бойынша, құлыптан табылған кілт шапқысы және азамат Абдурахмановтан алынған кілт білігі бұрын біртұтас болған. Идентифициялауға жататын объектіні атаңыз:

Жауаптар

- азамат Абдурахманов

+ кілт

- кілт шапқысы

- кілт білігі

- құлып

Сұрақ: 1

Сот-баллистикалық сараптаманың жіктемелік деңгейдегі зерттеуі шешетін міндеттерді көрсетіңіздер:

Жауаптар

- ұңғы каналынан снарядтарда қалған іздер бойынша атыс қаруын идентификациялау

- атыстық сипаттағы жарақатты анықтау

- шүріппеге басусыз атыс жүргізу мүмкіндігін анықтау

+ оқ-дәрінің типі мен штаттылығын анықтау

- атыс арақашықтығын анықтау

Сұрақ: 1

Атыс қаруынан атыс жүргізу кезінде оқ әдеттен тыс созылған, ойық түбінен қалған іздер тиісті алаңдардың барлық аумағын басып кеткен. Бұл белгілер қай қарудан атылғандығын көрсетеді:

Жауаптар

- ұңғы каналы қатты тозған қару

- ұста жасаған қару

+ калибрі кішкене қару

- ұңғысы кесілген

- калибрі үлкен

Сұрақ: 1

Атылған гильза бойынша қаруды теңдестіру кезінде бөлек-бөлек зерттеу сатысы не үшін жүргізіледі:

Жауаптар

- оқта бейнеленген қару белгілерінің тұрақтылық деңгейін анықтау үшін 

- салыстырмалы зерттеу үшін үлгілерді алу мақсатында

+ бір бөлшегі болып келетін патрондардың түрі мен штаттылығын анықтау үшін

- әртүрлі объектілерде белгілердің сәйкес келу дерегін анықтау

- атыс арақашықтығын анықтау

Сұрақ: 1

Сарапшы қорытындысы бойынша мәтін архаизмдердің басымдылығымен орындалған. Бұл қандай зерттеу:

Жауаптар

- идентификациялық

- жіктемелік

+ диагностикалық

- ситуациондық

- кешенді

Сұрақ: 1

Жазу аспаптарынан қалған трассаларды табу әдісі қандай:

Жауаптар

- диффуздікөшірмелік

- дымқыл көшірме

- ультракүлгін сәулелерде зерттеу

- инфрақызыл сәулелерде зерттеу

+ жарықтық микроскопия

Сұрақ: 1

Сот-портреттік идентификациялық сараптама жүргізу кезінде идентификациялауға көмектесетін объектілерге нені жатқызуға болады:

Жауаптар

- куәгерлер сөзінен салынған портреттер

- фото-композициялық портреттер

- ауызша портрет

+ фотосуреттер

- салынған-композициялық портреттер

Сұрақ: 1

Сот сараптамасын міндетті түрде тағайындауға не негіз болады:

Жауаптар

- кіріс туралы декларацияда жалған мәліметтің болуы

- жәбірленушіде сотталғандықтың болуы

+ жәбірленушінің психикалық және тән жағдайын анықтау қажеттілігі

- күдіктінің кәмелеттік жасқа толмағандығы

- іс бойынша дәлелдемелік базаның жеткіліксіз болуы

Сұрақ: 1

Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулының қай бөлігінде сарапшы туралы мәлімет көрсетіледі:

Жауаптар

- бастапқы

- қорытынды

- нәтижелік

- суреттемелік

+ кіріспелік

Сұрақ: 1

Криминалистикалық сараптаманың қай сатысында сарапшы келіп түскен материалдармен танысып, зерттеу міндеттерін анықтайды:

Жауаптар

- бастапқы

- егжей-тегжейлік

- зерттеулік

+ алдын ала

- бөлек-бөлек

Сұрақ: 1

Трасологиялық сараптама түрін көрсет:

Жауаптар

- баллистикалық

+ жабу құрылғыларының сараптамасы

- инженерлік-технологиялық

- авто-техникалық

- мұнай өнімдері және жанар-жағар май сараптамасы

Сұрақ: 1

Сарапшының қорытындысы бойынша аталмыш құлып таңдап алынған кілтпен ашылған. Бұл қандай зерттеу?

Жауаптар

- диагностикалық

+ ситуациондық

- жіктемелік

- кешенді

- идентификациялық

Сұрақ: 1

Сот-баллистикалық сараптаманың идентификациялық деңгейдегі зерттеуімен шешетін міндеттер қайсысы:

Жауаптар

- атыс ретін анықтау

+ атылған оқ арқылы атыс қаруын теңдестіру

- атыс қаруының жағдайын анықтау

- атыс бағытын анықтау

- атыс арақашықтығын анықтау

Сұрақ: 1

Оқ үстінде оқтың осін бойлай айырылған қабықша байқалған. Бұл белгі қай қарудан атыс жүргізілгендігіне көрсетеді:

Жауаптар

- ұңғы каналы қатты тозған

- ұңғыда чоктық бұрғылауы бар қару

- ұңғысы кесілген

- калибрі үлкен

+ калибрі кіші

Сұрақ: 1

Оқ және гильза белгілерін зерттеу қай сатыда жүргізіледі:

Жауаптар

- салыстырмалы

- алдын ала 

+ бөлек-бөлек

- сараптамалық эксперимент

- зерттеу нәтижелеріне баға беру

Сұрақ: 1

Қолтаңбаның диагностикалық зерттеуімен шешілетін сұрақтарды атаңыздар:

Жауаптар

- бірнеше құжат мәтіні бір адаммен орындалған ба

+ уақытына қарай шамамен қолжазбаны жазу көнелігі қандай

- қолжазба қолды ауыстыра отырып орындалған ба

- қолмен жазылған хат азамат Оразбеков немесе басқа адаммен орындалған ба

- құжат мәтіні әйел, әлде ер адаммен орындалған ба

Сұрақ: 1

Қойылған қолдың конструктивтік күрделігін сипаттайтын белгіні атаңыз:

Жауаптар

- транскрипция

- топографиялық

+ қолдың құрылымы

- қолтаңбаның жеке белгілері

- қолтаңбаның жалпы белгілері

Сұрақ: 1

Құжаттардың техникалық-криминалистикалық сараптамасындағы диагностикалық зерттеу міндеттерін көрсетіңіздер:

Жауаптар

- құжат деректемелерін орындау ретін анықтау

- бөліктері бойынша тұтас құжатты құрастыру

- құжат мәтіндері бір немесе бірнеше мәшінкелерде басылған ба

+ құжат тұпнұсқа ма, әлде көшірме ме

- мөр көшірмесін теңдестіру

Сұрақ: 1

Металл, құйма және өнім сараптамасының объектілерін атаңыз:

Жауаптар

- оқ-дәрі түйіршіктері

+ суық қару сұқпасының бөлігі

- керамикалық өнім бөліктері

- есірткі заттар

- супер-цемент

Сұрақ: 1

Бір ғана зерттеу объекті немесе іс бойынша бір ғана жағдайға қатысты жаңа сұрақтар пайда болған қандай сот сараптамасы тағайындалады?

Жауаптар

- ситуациялық сараптама

- қайталама сараптама

- комиссиялық сараптама

+ қосымша сараптама

- идентификациялық сараптама

Сұрақ: 1

Сот сараптамасы объектілерді класс, топ, түріне жалпы белгілер арқылы жатқызған сарапшыға жүктелген. Зерттеудің қандай деңгейі тағайындалған?

Жауаптар

- идентификациялық сараптама

- комиссиялық сараптама

- жеке тұлғалық сараптама

+ жіктемелік сараптама

- варианттар жоқ

Сұрақ: 1

Дәстүрлі криминалистикалық сараптаманы атаңыз:

Жауаптар

- фоноскопиялық

+ қолтаңба танушылық

- сот-медициналық

- фототехникалық

- жарылыс техникалық

Сұрақ: 1

Дәл келетін және ажыратушы белгілер сәйкестендірілетін трасологиялық сараптамадағы зерттеу сатысын көрсетіңіздер:

Жауаптар

- алдын ала зерттеу

- бөлек-бөлек зерттеу

+ салыстырмалы зерттеу

- нәтижелерге баға беру

- нәтижелерді рәсімдеу

Сұрақ: 1

Сындыру құралы мен инструменттерді идентификациялау мүмкін емес іздерді атаңыздар:

Жауаптар

- басым

+ аралау

- ұру

- шабу

- кесу

Сұрақ: 1

Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігін шығаруда қандай бүртік өрнектері ескеріледі:

Жауаптар

- доғал

- тұйық тұзақ

+ шиыршықтанған тұзақ

- шатырлы

- қарама қарсы тұзақтар

Сұрақ: 1

Диагностикалық деңгейдегі сот-баллистикалық сараптама шешетін міндеттерді атаңыздар:

Жауаптар

- атыс қарудағы қол іздерін анықтау

+ қарудың атыс жүргізудегі жарамдылығын анықтау

- атыс ретін анықтау

- атыс қаруын теңдестіру

- қару-жарақ компоненттерін теңдестіру

Сұрақ: 1

Атылған оқ үстінде терең айғыздар орналасқан. Бұл белгі қай қарудан атылғанға сілтейді:

Жауаптар

- калибрі кішкене

+ ұңғысы кесілген

- ұңғы каналында чоктық бұрғылау бар қару

- ұңғы каналы қатты тозған

- калибрі үлкен

Сұрақ: 1

Сарапшы өз қорытындысында мәтін жоғары қалыптасқан, ғылыми-техникалық стилі бар қолтаңбамен орындалғандығын атап өтті. Бұл қандай зерттеу:

Жауаптар

+ диагностикалық

- ситуациялық

- қайта қалпына келтірушілік

- жіктемелік

- идентификациялық

Сұрақ: 1

Қойылған қолды көрсететін әріптердің жалпы құрамын сипаттаушы белгі – ол:

Ответы

- қол құрылымы

+ транскрипция

- топографиялық

- қолтаңба белгісі

- лексикалық

Сұрақ: 1

Құжаттардың техникалық-криминалистикалық сараптамасындағы идентификациялық зерттеу міндеттерін атаңыздар:

Жауаптар

- құжат түрін анытау

- құжаттың бастапқы мазмұнын анықтау

+ құжатты дайындауда қолданылған техникалық құралдарды теңдестіру

- құжатты орындау көнелігін анықтау

- құжатты жасанды ету тәсілін анықтау

Сұрақ: 1

Жанар-жағар май, мұнай өнімдері сараптамасының объектілері болып нелер табылады:

Жауаптар

- боялған беткейі бар заттар

+ асфальт

- есірткі заттар

- текстиль талшықтары

- ізбес, әк

Сұрақ: 2

Сот-портреттік сараптама шешетін мәселелерді көрсетіңіз:

Жауаптар

- портреттік фотосурет бөліктері бұрын біртұтас болған жоқпа

- портрет қандай фотоаппаратура көмегімен дайындалған 

+ бас сүйек фотосуретте бейнеленген адамдікі ме

- фотосуретті дайындау көнелігі қандай

- фотосурет компьютерлік редакцияға ұшыраған жоқпа

Сұрақ: 2

Іс бойынша мынадай жағдайды анықтау қажет болған сот сараптамасын тағайындап-жүргізу міндетті түрде болады:

Жауаптар

- сот сараптамасын жүргізу әрқашан міндетті түрде

- объектіні суық қару санатына жатқызу қажет болғанда

- қол іздерінің идентификациялау үшін жарамдылығын анықтауда

+ күдіктінің психикалық жағдайын анықтауда

- ниеттің болуын анықтау үшін

Сұрақ: 2

Әртүрлі мамандық және әртүрлі білім салаларының бір топ сарапшыларымен сот сараптамасы жүргізілді.Бұл қандай сот- сараптамалық зерттеудің қай түріне жатады:

Жауаптар

- жеке сараптама 

- жіктемелік сараптама 

+ кешенді сараптама 

- топтық сараптама 

- салалық сараптама 

Сұрақ: 2

сараптама нәтижелерін рәсімдеу ол:

Жауаптар

- алдын ала зерттеу

+ сараптамалық зерттеу қорытындысын дайындау

- сараптамалық зерттеуге баға беру

- сараптамалық эксперимент

- егжей-тегжейлі зерттеу

Сұрақ: 2

Сарапшылардың анықтауы бойынша, өлтірілген әйелдің киімінде азамат Абдурахмановтың свитерінің талшықтарымен біртектес талшықтар бар, ал осы әйелдің пәтеріндегі еденде қалған аяқ киім іздеріндегі жер қыртысының қалдықтары азамат Абдурахмановтың аяқ киіміндегі жер қыртысы қалдықтарымен біртектес. Бұл қандай зерттеу:

Жауаптар

- диагностикалық

- идентификациялық

- ситуациялық

+ жіктемелік (классификациялық)

- жеке даралық

Сұрақ: 2

Ситуациялық деңгейдегі сот-баллистикалық сараптама шешетін міндеттерді атаңыздар:

Жауаптар

- атылған гильза және снарядтардағы іздер бойынша атыс қаруының түрін, моделін және типін анықтау

- оқ-дәрілердің жарамдылығын анықтау

+ атыс бағыты мен оны жүргізген орынды анықтау

- қарудан атыс оны ақырғы рет тазалағаннан кейін жүргізілген дерегін анықтау

- атыс қаруын теңдестіру

Сұрақ: 2

Оқ үстінде ойықтардың оқсыз ату және соғыстық қырларынан қалған жақсы көрінетін іздер және ойық алаңы беткейінен қалған жайғана байқалған іздер бар. Бастапқы іздер басқаларға қарағанда жіңішке, әрі қысқа. Ойық түбінен қалған іздердің көлемі кішкене, немесе мүлдем көрінбейді. Бұл белгілер ұңғы каналының қандай екендігін көрсетеді:

Жауаптар

+ тозығы азғана

- тозығы орташа

- қатты тозған

- калибрі кішкене

- калибрі үлкен

Сұрақ: 2

Оқ пен гильзадағы қаруды теңдестіруші белгілер кешенін зерттеудің қай сатысында анықтайды:

Жауаптар

- алдын ала

- зерттеу нәтижелеріне баға беруші

- зерттеу нәтижелерін рәсімдеу

+ бөлек-бөлек зерттеу

- салыстырушы

Сұрақ: 2

Сот-баллистикалық сараптама объектілерін атаңыздар:

Жауаптар

- жарылғыш құрылғы

- кастет

- мылтық дүміндегі қол іздері

+ атыс қаруын қолданғаннан қалған іздер бар бөгеттер

- лақтырғыш жұлдызшалар

Сұрақ: 2

Сарапшы өз қорытындысында мәтін сауаттылығы төмен егде жастағы ер адаммен орындалғандығын көрсетіп берді.Бұл қандай зерттеу:

Жауаптар

- ситуациялық

- қайта қалпына келтірушілік

- жіктемелік

+ диагностикалық

- идентификациялық

Сұрақ: 2

Құжаттардың техникалық-криминалистикалық сараптамасы шеңберіндегі жіктемелік зерттеу міндеттерін көрсетіңіздер:

Жауаптар

- құжатты жасанды ету тәсілін анықтау

+ мәтін орындалған баспа мәшінке маркасын анықтау

- бөліктері бойынша тұтас құжатты құрастыру

- құжаттың бастапқы мазмұнының өзгеріске ұшырау дерегін анықтау

- қолдан жасалған клишені теңдестіру

Сұрақ: 2

Іс бойынша пайда болған сұрақтарды шешуде арнайы ғылыми білімдерді қолдану қажеттілігіол сараптама тағайындаудың қандай негізі болып табылады:

Жауаптар

+ процессуалдық емес (шын мәніндегі)

- комиссиялық

- процессуалдық

- жеке даралық

- заңи

Сұрақ: 2

Сұрақтарды шешуде арнайы ғылыми білімдерді қолдану қажеттілігі істегі материалдармен дәлелденген ол сараптама тағайындаудың қандай негізі болып табылады:

Жауаптар

- қосымша

- фактілік

- кешенді

+ процессуалдық (заңи)

- негізгі

Сұрақ: 2

Сот-портреттік идентификациялық сараптама жүргізу кезінде идентифициялауға көмектесуші объектілер ретінде қайсысы болады алады:

Жауаптар

- куәгерлер сөзінен салынған портреттер

- фото-композициялық портреттер

+ өлгеннен кейін жасалған маска

- көркемдеуші портреттер

- салыған-композициялық портреттер

Сұрақ: 2

Сарапшы қорытындысы бойынша, ұсынылған құлып күдіктіден табылған кілтпен ашылған. Бұл қандай зерттеу:

Жауаптар

- диагностикалық

- ситуациялық

- жіктемелік

+ идентификациялық

- қайта қалпына келтірушілік

Сұрақ: 2

Сот-баллистикалық сараптамамен зерттелмейтін объектілерді атаңыз:

Жауаптар

+ атыс қаруын қолданудан кейін қалған іздер орналасқан бөгеттер

- жарылғыш құрылғыларды қолданудан кейін қалған іздер орналасқан бөгеттер 

- аңшы мылтығы

- спорттық тапаншалар

- әскери тапаншалар

Сұрақ: 2

Сот-баллистикалық сараптамамен зерттелетін объектілерді атаңыз:  

Жауаптар

- қол атыс қаруындағы саусақ іздері

- аңшылық суық қару

- жарылғыш құрылғылар

- электрлік-сандырақтатын қару

+ оқ-дәрілерді жасақтаушы аспаптар

Сұрақ: 2

Қолтаңбаны идентификациялық зерттеуден өткізуде пайда болатын сұрақтарды атаңыз:

Жауаптар

- қолжазба ер, әлде әйел адаммен орындалған ба

- қолжазба қолды ауыстыра отырып орындалған ба

- құжаттың бастапқы мазмұнында өзгерістер барма

+ құжаттағы қолмен жазылған мәтін бір немесе әртүрлі адамдармен орындалған ба

- орындаушының жасы нешеде

Сұрақ: 2

Жазу жолының сызығына қарай қолды орналастыру қай белгіге жатады:

Жауаптар

- қолдың құрылымы

- қолтаңба белгілері

+ топографиялық

- транскрипция

- стилистикалық

Сұрақ: 2

Жанып кеткен дәлелдемелердегі мәтін мазмұнын қайта қалпына келтіруші әдіс:

Жауаптар

- диффузиялықөшірмелік

- адсорбциондық-люминисценттік талдау

- электрондық микроскопия

+ инфрақызыл сәулелерде зерттеу

- жіңішке қабатты хроматография

Сұрақ: 2

Материалдар, заттар және өнімдердің криминалистикалық сараптамасының түрлерін атаңыздар:

Жауаптар

- құжат материалын зерттеу

- малдық шығу тегі бар объектілерді зерттеу

- биологиялық шығу тегі бар бөлшектерді зерттеу

- жарылғыш заттарды зерттеу

+ лак, бояу материалдары мен беткейлерді зерттеу

Сұрақ: 2

Сот-портреттік сараптама шешетін міндеттерді көрсет:

Жауаптар

- ауызша портрет құрастыру

- фотографиялық бейне алу тәсілі

+ жеке тұлғаны идентификациялау

- жасырынған қылмыскерлерді іздеу

- фотосурет монтажын анықтау

Сұрақ: 2

Сот сараптамасын дайындау және тағайындаудың барлық кезеңі мынадай сатылардан тұрады:

Жауаптар

- негізгі және қосымша

- дайындық және қорытындылау

- бастапқы және келесі

+ дайындық және сараптаманы жүктеу

- сараптаманы дайындау және жүргізу

Сұрақ: 2

Сот сараптама органының басшысы сараптама жүргізу үшін бір мамандықтағы сарапшылар тобын тағайындады. Бұл қандай сараптама:

Жауаптар

- кешенді

- диагностикалық

+ біртектес

- қайталама

- қосымша

Сұрақ: 2

Инженерлік-технологиялық классқа енетін сараптаманы атаңыз:

Жауаптар

- инженерлік-техникалық

+ тауар танушылық

- жарылыс техникалық

- өрт-техникалық

- инженерлік-транспорттық

Сұрақ: 2

Сот сараптамасын тағайындауға себеп бола алмайды:

Жауаптар

- тергеу бөлімі бастығының жазбаша нұсқауы

- заңдылықты қадағалаушы прокурор нұсқауы

+ іс бойынша заттық дәлелдемелердің болмауы

- істі қосымша тергеуге қайтару кезіндегі сот нұсқауы

- соттық талқылаудағы жақтардың өтініші

Сұрақ: 2

Жарылыс-технологиялық сараптамамен шешілетін сұрақты атаңыз:

Жауаптар

- жарылғыш құрылғысының типі және қуаты

- жарылғыш құрылғыны іске қосу тәсілі 

+ жарылысқа себепкер технологиялық процесс тәртібі

- техпроцессті бақылаушы лауазымның кінәсінің дәрежесі 

- жарылыс зардабын жою кезіндегі іс-қимылдар тиімділігін талдау

Сұрақ: 2

Сот сарапшының құқығы жоқ:

Жауаптар

- қорытынды беруден бас тартуға

- қылмыстық іс материалдарымен танысуға

- өз бастамашылығымен анықталған жағдайларды көрсетуге

- зерттеу кезінде шыққан шығын орнын толтыруды талап етуге

+ сотқа шақырудан бас тартуға

Сұрақ: 2

Сарапшыны түпнұсқалық ақпаратпен қамтамасыз ету кімнің міндеті болып табылады:

Жауаптар

- маманның

- сараптамалық орган басшысының

+ тергеушінің

- күдіктінің

- жәбірленушінің

Сұрақ: 2

Сараптама жүргізу барысында тергеушінің құқығы жоқ:

Жауаптар

- зерттеу жүргізу кезінде болуға

+ кезектен тыс сараптама жүргізуді талап етуге

- сараптама жүргізуді тоқтата тұру немесе қысқартуға

- нақты сараптамалық әдістеме пайдалануды ұсынуға

- алдындағы сараптама кемшіліктерін көрсетуге

Сұрақ: 2

Төмендегі принциптердің қайсысы сараптамалық қызмет принципіне жатпайды?

Жауаптар

- заңдылық

+ жариялылық

- кәсіби этиканы сақтау

- сот сарапшының процессуалдық тәуелсіздігі

- құзырлық, жан-жақтылық, толықтылық және шыңайылық

Сұрақ: 2

Қылмыстық іс бойынша сот сараптамасын жүргізу қажеттілігіне сілтейтін құжат қалай аталады?

Жауаптар

+ қаулы

- ескерту хат

- ұйғарым

- өтініш

- қорытынды

Сұрақ: 2

Азаматтық процессте сот сараптамасын жүргізу қажеттілігіне сілтейтін құжат қалай аталады?

Жауаптар

- қаулы

- ескерту хат

- ұйғарым

+ анықтама

- қорытынды

Сұрақ: 2

Сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдарды беру туралы сарапшының тергеу органдарына қатысты талаптары қай құжатта көзделген?

Жауаптар

- бұйрық

- ескерту хат

- ұйғарым

- қорытынды 

+ өтініш

Сұрақ: 2

Сарапшы қорытындысында фотоматериал болуы мүмкін бе?

Жауаптар

+ иә

- жоқ

- тек ерекше жағдайда

- міндетті түрде болу керек

- вариантар жоқ

Сұрақ: 2

Қандай құжатта сарапшы зерттеу объектісі туралы өз ойын айтады, орын алған жағдайларға баға береді, сараптамалық зерттеу нәтижесінде келген тұжырымдарды ортаға салады?

Жауаптар

- сараптама тағайындау туралы қаулыда

- айыптау қорытындысында

+ сарапшы қорытындысында

- жауап алу хаттамасында 

- сарапшы журналында

Сұрақ: 2

Сараптама тағайындау туралы әрбір қаулыда қанша құрамдас элементтер бар?

Жауаптар

- екі

+ үш

- төрт

- бес

- нақты анықталмаған

Сұрақ: 2

Қандай адамдарға сот сараптамаларын жүргізу жүктелмейді:

Жауаптар

- шектеулі қабілетті және қабілетсіздерге

- кәмелетке толмағандарға

- сот-сараптамалық қызметті іске асырумен байланысты лауазымнан жағымсыз себептермен шығарылғандарға 

- бұрын сотталғандарға

+ жоғарыда келтірілгендердің барлығы

Сұрақ: 2

Эвристика деген не?

Жауаптар

- дайындалған әдістемелерге сәйкес сараптамалық міндеттерді шешу тәсілі

+ өз талдауларын пайдалану арқылы сараптамалық міндеттерді шешу тәсілі

- әдістемелік, әрі өзіндік талдауларды ұштастыра отырып сараптамалық міндеттерді шешу тәсілі

- сараптамалық тәжірибеде тыйым салынған тәсілдерді пайдалану жолымен сараптамалық міндеттерді шешу тәсілі 

- сарапшы тарапынан зерттеудегі объектіге қандай да бір күш көрсетудің болмауы

Сұрақ: 2

Өз міндеттерін орындамаған немесе қате орындаған кезде сарапшы қандай өзіне жағымсыз зардап келтіруі мүмкін?

Жауаптар

- тәртіптік жауаптылыққа

- материалдық жауаптылыққа

- әкімшілік жауаптылыққа

- қылмыстық жауаптылыққа

+ жоғарыда аталғандардың әрқайсына

Сұрақ: 2

Қылмыстық процесске қатысушылардың қайсысы сот сарапшының қорытындысымен танысуға құқылы?

Жауаптар

- күдікті

- айыпталушы

- жәбірленуші

- куә

+ аталғандардың барлығы

Сұрақ: 2

Қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру қалай іске асырылады?

Жауаптар

+ республикалық бюджет қаражатынан

- жергілікті бюджет қаражатынан

- сот есебінен

- әділет басқармасы есебінен

- жақтар есебінен

Сұрақ: 2

Әкімшілік істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру қалай іске асырылады?

Жауаптар

- республикалық бюджет қаражатынан

- жергілікті бюджет қаражатынан

- сот есебінен

- әділет басқармасы есебінен

+ жақтар есебінен

Сұрақ: 2

Сот сараптамасының жалпы ережелеріне сәйкес сараптамалық зерттеуге қойылатын сұрақтар қандай түрлерге бөлінеді?

Жауаптар

- тікелей және жанама

- негізгі және қосымша

- қарапайым және құрамдас

+ диагностикалық және идентификациялық

- процессуалдық және процессуалдық емес 

Сұрақ: 2

Сот сараптамасының арнайы әдістеріне нені жатқызуға болады:

Жауаптар

- өлшеу

+ түс ажырату

- салыстыру

- суреттеу

- моделдеу

Сұрақ: 2

Төмендегі сараптамалардың қайсысы криминалистикалыққа жатпайды?

Жауаптар

- суық қарудың сараптамасы

- қолтаңба танушылық

+ ветеринарлық

- фоноскопиялық

- дактилоскопиялық

Сұрақ: 2

Жіктеудің қандай негізіне сүйене отырып сот сараптамасы класқа, топқа, түрге бөлінеді:

Жауаптар

- зерттеу көлеміне қарай 

- жүргізу ретіне қарай

+ арнайы білім саласының сипатына қарай

- жүргізу орнына қарай

- орындаушылар саны мен құрамына қарай

Сұрақ: 2

Қайталама сараптама қандай жағдайларда тағайындалмайды:

Жауаптар

- алдындағы сарапшы қорытындысы жеткілікті дәлелденбеген

+ жеткілікті анық емес немесе толымсыз

- сарапшы қорытындысының дұрыстығы күмән туғызады

- сараптама тағайындаудың процессуалдық нормалары бұзылғанда

- сараптама жүргізудің процессуалдық нормалары бұзылғанда 

 

Сұрақ: 2

Тазалауды бүркемелеуге нені жатқызуға болады

Жауаптар

- қағаз беткейінің талшықтануы

- талшықтардың ұйпалануы

+ қандай да бір затпен жылтырату

- жабысқан жердің бұзылуы

- бейнені қосып салу

Сұрақ: 2

Тазалау белгілерін айқындау әдістері ненің негізінде тандалады

Жауаптар

+ анықталған тазалау белгілері арқылы

- тергеуші, прокурор және т.б. нұсқауы бойынша

- құжат көнелігі арықлы

- қылмыстық істің маңыздылығына қарай

- жәбірленушінің ұсынымы бойынша

Сұрақ: 3

Іс бойынша өндірісте сарапшы мынадай жағдайда қатыса алмайды:

Жауаптар

+ егерде ол осы іс бойынша аудармашы, анықтаушы, тергеуші, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің өкілі ретінде қатысса

- егерде ол сараптама затына қатысы бар қылмыстық іс материалдарымен танысуды талап етсе

- егерде ол қорытынды беруге қажетті қосымша материалдарды ұсыну туралы өтініш білдірсе

- егерде ол өзі қатысқан тергеу немесе процессуалдық әрекет хаттамасымен танысуды талап етсе

- егерде ол сараптама жүргізу кезінде шыққан шығын орнын толтыруды талап етсе

Сұрақ: 3

Баллистикалық сараптама жүргізу үшін сарапшыға қандай объектілер ұсыну қажет?

Жауаптар

- пышақ, найза, қанжар

- сындыру құралы, құлып, пломба

- қол, тырнақ, шина іздері

+ тапанша, гильза, пыж

- клише, қағаз, картон

Сұрақ: 3

Егерде қорытындының анық еместігін немесе толымсыздығын сарапшыдан жауап алу жолымен жою мүмкін болмаса сараптаманың қандай түрі тағайындалады:

Жауаптар

- қайталама

+ қосымша

- комиссиялық

- кешенді

- біртектес

Сұрақ: 3

Шығу тегі жалпыны анықтау сараптамалық міндеттерді шешудің қай деңгейіне жатады?

Жауаптар

- диагностикалық 

- ситуациялық

- идентификациялық

+ жіктемелік

- барлық жауаптар дұрыс

Сұрақ: 3

Диагностикалық зерттеулер не үшін іске асырылады:

Жауаптар

- шығу тегі жалпыны анықтау үшін 

+ объектінің қасиеті мен жағдайын, берілген мінездемеге сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау үшін 

- объектінің теңдігін анықтау үшін

- объектінің нақты бір классқа, топқа, түрге жататындығын анықтау үшін

- нақты объектіні оның бейнесі бойынша анықтау үшін

Сұрақ: 3

Құжаттарға өзгерістер енгізу тәсілін анықтау қай сараптаманың заты болып табылады?

Жауаптар

+ құжаттардың техникалық-криминалистикалық сараптамасы

- мөр және штамп көшірмелерінің сараптамасы

- Трасологиялық

- портреттік

- сот-қолтаңба танушылық сараптама

Сұрақ: 3

Дәстүрлі криминалистикалық сараптаманы көрсет:

Жауаптар

- фоноскопиялық

+ портреттік

- сот-медициналық

- фототехникалық

- жарылыс техникалық

Сұрақ: 3

Дәл келетін және ажыратушы белгілер сәйкестендірілетін трасологиялық сараптамадағы сараптамалық зерттеу сатысын көрсет:

Жауаптар

- алдын ала зерттеу

- бөлек-бөлек зерттеу

+ салыстырмалы зерттеу

- нәтижелерге баға беру

- нәтижелерді рәсімдеу

Сұрақ: 3

Жанар-жағар май материалдары сараптамасының объектісі болып не табылады:

Жауаптар

- боялған беткейлі заттар

+ асфальт

- есірткі заттар

- текстиль талшықтары

- ізбес

Сұрақ: 3

Ситуациялық деңгейдегі сот-баллистикалық сараптама шешетін міндеттерді атаңыздар:

Жауаптар 

- атылған гильза және снарядтардағы іздер бойынша атыс қаруының түрін, моделін және типін анықтау

- оқ-дәрілердің жарамдылығын анықтау

+ атыс бағыты мен оны жүргізген орынды анықтау

- қарудан атыс оны ақырғы рет тазалағаннан кейін жүргізілген дерегін анықтау

- атыс қаруын теңдестіру

Сұрақ: 3

Сот-баллистикалық сараптама объектілерін атаңыздар:

Жауаптар

- жарылғыш құрылғы

- кастет

- мылтық дүміндегі қол іздері

+ атыс қаруын қолданғаннан қалған іздер бар бөгеттер

- лақтырғыш жұлдызшалар

Сұрақ: 3

Сот сараптамасы органының бастығы сараптама жүргізу үшін бір мамандықтағы бір топ сарапшыларды тағайындады. Бұл қандай сараптама түрі:

Жауаптар

- кешенді

- топтық

+ біртектес

- қайталама

- қосымша

Сұрақ: 3

Әкімшілік істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру қалай іске асырылады?

Жауаптар

+ жақтар есебінен

- жергілікті бюджет қаражатынан

- сот есебінен

- әділет басқармасы есебінен

- республикалық бюджет қаражатынан

Сұрақ: 3

Сот сараптамасының жалпы ережелеріне сәйкес сараптамалық зерттеуге қойылатын сұрақтар қандай түрлерге бөлінеді?

Жауаптар

- тікелей және жанама

+ диагностикалық және идентификациялық

- шын мәніндегі және заңи

- процессуалдық және процессуалдық емес

- негізгі және қосымша

 

Сұрақ: 3

Сот сараптамасының арнайы әдістеріне не жатады:

Жауаптар

- өлшеу

+ қарама қарсылық

- салыстыру

- суреттеу

- эксперимент

Сұрақ: 3

Төмендегілердің қайсысы криминалистикалық сараптамаға жатпайды?

Жауаптар

- суық қару сараптамасы

- фототехникалық

+ жарылыс технологиялық

- фоноскопиялық

- дактилоскопиялық

Сұрақ: 3

Жіктеудің қандай негізіне сүйене отырып сот сараптамасы класқа, топқа, түрге бөлінеді:

Жауаптар

- зерттеу көлеміне қарай 

- жүргізу ретіне қарай

+ арнайы білім саласының сипатына қарай

- жүргізу орнына қарай

- орындаушылар саны мен құрамына қарай

Сұрақ: 3

Қайталама сараптама қандай жағдайларда тағайындалмайды:

Жауаптар

- алдындағы сарапшы қорытындысы жеткілікті негізделмеген

+ сарапшының құзырлы еместігі байқалса

- сарапшы қорытындысының дұрыстығы күмән туғызады

- сараптама тағайындаудың процессуалдық нормалары бұзылғанда

- процеске мүдделі адамдардың құқықтары бұзылғанда

 

Сұрақ: 3

Белгінің идентификациялық мағынасы немен анықталады

Жауаптар

- бейнелену мүмкіндігімен

- алу мүмкіндігімен

+ жиі кездесушілікпен

- қылмыстық іс фабуласымен

- жәбірленуші шешімімен

Сұрақ: 3

Жеке даралыққа баға бергенде іздегі белгілердің өзара орналасуына талдау жүргізу керекпе

Жауаптар

+ сөзсіз қажет

- мұндай қажеттілік жоқ

- белгілер аз болған жағдайда

- сарапшы көңіліне қарай

- тергеуші нұсқауы бойынша

Сұрақ: 3

Іс өндірісі бойынша сарапшы қандай жағдайларда қатыса алмайды:

Жауаптар

+ егерде осы іс бойынша маман ретінде қатысқан болса

- егерде ол сараптама затына жататын қылмыстық іс материалдарымен танысуды талап етсе

- егерде ол қорытынды беру үшін қосымша материалдарды ұсыну туралы өтініш білдірсе

- егерде ол өзі қатысқан тергеу немесе басқа да процессуалдық әрекеттер хаттамасымен танысуды талап етсе

- егерде ол сараптама жүргізу кезінде орын алған зиянның орнын толтыруды талап етсе

Сұрақ: 3

Баллистикалыө сараптама жүргізу үшін сарапшыға қандай объектілер ұсыну қажет?

Жауаптар

- пышақ, найза, қанжар

- сындыру құралы, құлып, пломба

- қол, тырнақ, шина іздері

+ кожух-затвор

- клише, қағаз, картон

Сұрақ: 3

Сарапшыдан жауап алу жолымен толымсыздыө немесе белгісіздікті жою мүмкін болмағанда сараптаманың қай түрі тағайындалады:

Жауаптар

- қайталама

- біртектес

- комиссиялық

- кешенді

+ қосымша

Сұрақ: 3

Біртұтасты бөлшектері бойынша анықтау сараптамалық міндеттердің қай деңгейіне жатады?

Жауаптар

- диагностикалық 

- ситуациялық

+ идентификациялық

- классификациялық

- барлық жауаптар дұрыс

Сұрақ: 3

Диагностикалық зерттеу нендей мақсатпен іске асырылады

Жауаптар

- шығу тегі жалпыны анықтау үші 

+ объектіні мақсатына қарай пайдалануға жарамдылығын анықтау үшін 

- объектінің теңдігін анықтау үшін

- объектінің класқа, түрге, топқа жататындығын анықтау үшін

- нақты объектіні оның бейнесі бойынша анықтау үшін




1. Пищевая промышленность ~ основной потребитель лимонно уксусной и молочной кислот
2. Лабораторная работа 2 по дисциплине Дискретная математика
3. Великие водопады
4. Культура речевого общени
5. История (шпаргалка, 2003г
6. 2001 Дисертацією є рукопис
7. Введение Деловое общение является необходимой частью человеческой жизни важнейшим видом отношений с друг
8. Реферат- Золото
9. тема автоматического регулирования какоголибо параметра должна удовлетворять определённым требованиям ко
10. Реферат- Свойства алюминия и его сплавов
11. Введение.html
12. Тема урока Н Носов Фантазёры Подготовила и провела- учитель начальных кла
13. Реферат- Чистота водоемов- загрязнение, самоочищение, охрана
14.  Экзогендік факторлар сырттан келген факторларды~ ~серінен болады
15. тема права сложившаяся в Древнем Риме и ставшая основой для правовых систем большинства современных европ
16. 50 Уголовный процесс Рябцев Информационные и коммуникационные технол
17. простая кубическая решетка кубическая объемоцентрированная решетка кубическая гранецентрированная р
18. Введение2 Анализ современного состояния сетевых филь.html
19. Основоположник теории строения органических соединений- Д
20. Расчет платежей за потребление природных ресурсов в условиях предприятия по добыче огнеупорной глины открытым способом разработки