У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Фармация маманды~ы бойынша фармацевтикалы~ факультетті~ 2курс студенттері ~шін микробиология вирусолог

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.12.2024

«Фармация » мамандығы бойынша фармацевтикалық факультеттің 2курс студенттері үшін микробиология, вирусология, иммунология бойынша жағдайлық есептер

№1 есеп

Таблеткаларды ішке қабылдау үшін бактериологиялық бақылау кезінде дәрілік қалыптардың фармакопея талаптарын есепке алуда, 1г (мг) –да  10³ бактерия және  10² саңырауқұлақ анықталды.

  1.  Микробтар тазалығының талаптарына сәйкес залалсыздандырылмаған дәрілік заттардағы көрсетілген микроорганизм мөлшері сәйкес келеді ма?
  2.  Микробтардың қандай нормада қатысуы мүмкін?

№2 есеп

1 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік заттарға микробиологиялық зерттеулерде таза 60 бактерия мен  саңырауқұлақ қосындысы анықталды.

  1.  1 жасқа дейінгі балаларға арналған микробтар тазалығының талаптарына сәйкес залалсыздандырылмаған дәрілік заттардағы  микроорганизм мөлшері сәйкес келеді ме?
  2.  Микробтардың қандай нормада қатысуы мүмкін?

№3 есеп

1 жастан асқан балаларға арналған дәрілік заттарға микробиологиялық зерттеуде 1г (мг) –да таза   50 саңырауқұлақ пен  5 · 10² бактериядан аспайтын мөлшерде анықталды.

  1.  1 жастан асқан балаларға арналған микробтар тазалығының талаптарына сәйкес залалсыздандырылмаған дәрілік заттардағы  микроорганизм мөлшері сәйкес келеді ме?
  2.  Микробтардың қандай нормасы  қатысуы мүмкін?

№4 есеп

Дәріханада санитарлық тәртіптің  сақталуына бактериологиялық бақылау жүргізу үшін ауаға зерттеу жасау қажет.

  1.  Қандай микроорганизмдер ауаның санитарлық көрсеткіші болады?
  2.  Жабық бөлмедегі ауаға зерттеу жүргізілгенде қандай әдістер қолданылады?
  3.  Ауаны дезинфекциялауда қандай шаралар өткізу керек?

№5 есеп

Сізге дәрі түрлерінің даярлануы үшін қолданылатын ортақ микроб санына тазартылған суға зерттеу жүргізу қажет.

  1.  Суды зерттеудің схемасын жазыңыз.
  2.  ОМЧ мүмкін нормасы қандай?

№6 есеп

Сатылым үшін дәріханаға сұйық дәрілік қалыптағы (инфуздар,тұндырмалар) дәрілер түсті. Фармацевт көзбен тексеру кезінде сұйық дәрілік қалыптарда түстің өзгеруі , лайлану, үлбірді анықтады. Фармацевт бұл препараттардың қолдануға жарамсыздығына қорытынды жасады.

  1.  Фармацевт қандай белгілер бойынша дәрілердің жарамсыздығын анықтады?
  2.   Қандай шарттардың бұзылуына байланысты жарамсыз болған?
  3.  Жарамсыз дәрілік заттарды қолдану қауіптілігі қандай?

№7 есеп

Дәріханаға әртүрлі дәрілік шөптер түсті. Фармацевт кейбір дәрілік шөптердің топырақпен күшті ластанғанын көрді. Бұл өсімдіктерді ауыстыруды болжамдады.

  1.  Топырақтағы қандай микроорганизмдерді зерттеу қажет? Неліктен ?

№8 есеп

Фармацевт құлақ қуысы мен мұрынға қолданылатын дайын дәрілік заттарың стерильділігіне, фармакопеялық талаптардың кіріспесіне сәйкес дәрілік препараттардың қауіптілігіне бақылау жасады. 1 г(мл)- препаратта 150 микроб жасушалары (саңырауқұлақтар және бактериялар) анықталды.

  1.  Фармакопеялық нормаға сәйкес берілген микробтар саны залалсыздандырылмаған дәрілік заттардың микробтар тазалығының талаптарына сәйкес келеді ме?
  2.  Жергілікті қолдануға арналған дәрілік қалыптарда микроорганизмнің қандай нормасы қолданылады?

№9 есеп

Фармацевт  дәрілік өсімдіктерді өсіру кезінде кейбір өсімдіктердің жапырақтары ашық жасыл және кішкентай сары бедерлер немесе шұбар жолақтар мен дақтарды анықтады.

  1.  Осы жағдайға сіздің талдауыңыз?
  2.  Ұйымдастыру шараларын не үшін өткізу қажет?

№10 есеп

Дәріханаға микробты ластануға байланысты зерттеу жүргізгенде, 1м³ ауада 500  микроб анықталды.

  1.  Ауаның тазалығы туралы сіздің шешіміңіз?
  2.  Қандай микроорганизмдер ауаның санитарлық көрсеткіші болады?

№11 Есеп

  1.  Дәріханаға емдік шикізат түсті.Фармацевт емдік өсімдік шикізатын тексеруінде кейбір дақ және жапырық,сабақтағы күйіктерді анықтады.                                                                                                          1.Сіздің жағдайға талдауыңыз.                                                                                                                                                                                2.Қандай ұйымдастыру шараларын өткізу керек.

№12 Есеп

  1.  Дәріханада жұмсақ дәрілік зат түріндегі жағылма сатылымға түсті.Фармацевт тексеруде кейбір дәрі-дәрмектің қабаттасуын және көгеруін анықтап,жарамсыз деп танылды.                                                                                            1.Қандай белгісі бойынша дәрілік зат жарамсыз деп танылды?                                                                                                                                                                     2.Қандай жағдайда жарамсыз дәрілік затты қабылдау қауіпті?
  2.  №13 Есеп
  3.  Фармацевт тікелей отырғызу әдісін қолдана отырып,фармакапеялық талап есебіне сәйкес қауіпті микробпен ластануға  дайын дәрілік заттың стерильдігіне бақылау жасады.                                                   1.Тағы қандай әдістермен стерильді емес дәрілік заттардан микроб тазалығын анықтауға болады?                                                                                                                                                                                2.Қандай қоректік орталарда бактериялар мен саңырауқұлақтарды анықтауда қолданылады?     3.Қандай іс-әркеттер ары қарай орындалуды қажет етеді?
  4.  №14 Есеп
  5.  Дәріханаға емдік шөптер түсті. Фармацевт емдік шөптерді тексеруде жапырақтарда, бағанада, бұтақтарында,тамырында,сабақта ошақты зақымдалуды көреді.                                                                     1.Сіздің жағдайға талдауыңыз.                                                                                                                                                                                2.Қандай ұйымдастыру шараларын өткізу керек.
  6.  №15 Есеп
  7.  Фармацевт емдік өсімдік шикізатын тексеруде итмұрын ұрығында, бүлдіргенде шіріктің,сүйел және түрлі рең анықталады.                                                                                                                          1.Сіздің жағдайға талдауыңыз.                                                                                                                                                                                2.Қандай ұйымдастыру шараларын емдік шикізат контаминациясын алдын алуда өткізу керек.
  8.  №16 Есеп
  9.  Фармацевт емдік шөптерді өсіруде кейбір өсімдіктердің бойының қысқалығы,сарғаюы,жанама өсу анықталған.                                                                                                                                                                                    1.Сіздің жағдайға талдауыңыз.                                                                                                                                                                                2.Сіздің дәйектемеге сәйкес ары қарай іс-әрекеттеріңіз.
  10.  №17 Есеп
  11.  Дәріхананың рецептуралық бөлімінде күнделікті дезинфекция сапасын тексерудің қажеттігі туады.                                                                                                       1.Қандай әдісті орындау міндетті?                                                                                                                                                                             2.Бұл үшін не қажет?
  12.  №18 Есеп
  13.  Дәрілік қалыпта 1г(мг) көлемде 10 ² аса емес бактерия және саңырауқұлақ жергілікті(ингаляция үшін) анықталды.                                                                                                                                                                 1.Микробтар тазалығының талаптарына сәйкес залалсыздандырылмаған дәрілік заттардағы көрсетілген микроорганизм мөлшері сәйкес келеді ма?                                                                                                                                                                                2.
  14.  №19 Есеп
  15.  Дәріханалық жағдайда көп уақыт желдетілмеген,дымқыл ортада ұсақ өсімдік шикізатында микроб шикізатының белгілері анықталды: түсінің өзгеруі,жағымсыз иіс болуы,көгерген                     1.Порчи себебіне не болды?                                                                                                                                                                         2.Қандай ұйымдастыру шараларын өткізу керек?
  16.  №20 Есеп
  17.  Субстанциялық және көмекші заттарда,стерильді емес дәрілік заттарды дайындауда қолданылатын көкірің таяқшасы және 1г(мл) 10²аса энтеробактерия анықталды.                                                                            1.Субстанция және көмекші заттарда көкірің таяшасы микробиологиялық талапқа сәйкес келе ме? 2.Субстанция және көмекші заттарда энтеробактериялардың берілген мөлшері қалыпты болып саналама?

Жағдайлық есептердің  жауаптары

№1 есеп

  1.  Микробтар тазалығының талаптарына сәйкес залалсыздандырылмаған дәрілік заттар  жіберілмейді.
  2.  Таблеткаларды ішке қабылдау үшін дәрілік қалыптың 1г (мг) –на  10³ бактериядан және  10² саңырауқұлақтан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.

№2 есеп

  1.  Микробтар тазалығының талаптарына сәйкес залалсыздандырылмаған дәрілік заттар  жіберілмейді.
  2.   1 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік заттардың құрамында 50 бактерия және саңырауқұлақ қосындысы босатылады.

№3 есеп

  1.  Микробтар тазалығының талаптарына сәйкес залалсыздандырылмаған дәрілік заттар  жіберілмейді.
  2.  1 жастан асқан балаларға дәрілік заттардың 1г (мг) –да   50 саңырауқұлақ пен  5 · 10² бактериядан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.

№4 есеп

  1.   Алтын стафилококк пен  көгалдандыратын стрептококк ауаның санитарлық –көрсеткіш микробтары болып табылады.
  2.   Жабық бөлмедегі ауаға санитарлық-бактериологиялық  анализ шыны аяққа шөгу(седиментация) әдісімен және Кротов құралының көмегімен аспирациялық әдіс арқылы жүргізіледі.
  3.  Асептикалық шарттар бөлмеде квартцты өткізу және дезинфекциялық ерітінділермен дымқыл тазалау жолы арқылы іске асырылады.

№5 есеп

  1.  Үш Петри табақшасына 1мл  дистилденген судан енгізеді, үстінен ерітілмелі  МПА (45°)  құяды және 37° - 24 сағат алмастырады. Өскен колониялардың орташа мөлшерін есептейді.
  2.   ОМЧ  мөлшері 10-15 –тен аспауы керек.

№6 есеп

  1.   Фармакопеялық нормаларға сәйкес түстің өзгеруі , лайлану, үлбір,сонымен қатар  сұйық дәрілік қалыптарда жағымсыз иістің пайда болуы, микробтың бұзылуының белгілері болып  табылады.
  2.  Осы препараттарды дайындау кезінде санитарлық тәртіп бұзылған.
  3.   Дәрілік заттарда анықталған микроорганизмдер адам ағзасында ауру шақыруы мүмкін.

№7 есеп

Топыраққа санитарлық- бактериологиялық анализ жасау үшін міндетті түрде Cl.perfringens, Е. coli, Str. faecalis. болуы керек, аталмыш микроорганизмдер топырақтың санитарлық көрсеткіші болады.

№8 есеп

  1.   Фармакопеялық нормаға сәйкес берілген микробтар саны залалсыздандырылмаған дәрілік заттардың микробтар тазалығының талаптарына сәйкес келмейді.
  2.  Жергілікті қолданылатын дәрілерге 1 г(мл)- дағы микроб мөлшері 100 микроб жасушаларынан (саңырауқұлақтардан және бактериялардан) аспауы қажет.

№9 есеп

  1.  Өсімдіктер вирустармен жұқтырылған.
  2.  Ауру өсімдіктерді механикалық өлтіруді тез арада жүргізу керек.

№10 есеп

  1.   Дәріханалардағы ауаның микробтық ластануының көрсеткіштеріне сәйкес мұндай ауаны таза деп санауға болады.
  2.  Алтын стафилококк пен  көгалдандыратын стрептококк ауаның санитарлық –көрсеткіш микробтарына жатады.

 

№11 Есеп

1.Өсімдіктерде бактериоз себебі болатын  дақтар табылды.                                                                                 2.Міндетті түрде ауру өсімдікке механикалық жою жүргізу керек.

№12 Есеп

1.Фармакопеялық талаптарға сәйкес жұмсақ дәоілік форманың қабаттасу мен көгеру микробной порчи бедлгісі.                                                                                                                                                                              2.Дәрілік затта микроорганизмнің болуы адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін.

№13 Есеп                                                                                                                                                                          1.Сонымен қатар мембраналық фильтрация әдісін қолданады.                                                                                                                                                                          2.Бактерияны анықтауда-сұйық тиогликовалық орта және Саңырауқұлақты анықтауда-Сабуро.  3.Белгіленген микрооргнаизм бойын граммен боялған микроскопиялық мазбен нақтылау керек.

№14 Есеп

1.Дәрілік заттар фитопатогенді микрооргнаизммен зақымдалған.                                                                2.Міндетті түрде ауру өсімдікке механикалық жою жүргізу керек.

№15 Есеп

1.Өсімдік микозбен зақымдалған.                                                                                                                        2.Міндетті түрде өсімдік зақыдалған бөліктеріне механикалық жою жүргізу керек.

№16 Есеп

1.Өсімдік микозбен зақымдалған.                                                                                                                        2.Міндетті түрде өсімдік зақыдалған бөліктеріне механикалық жою жүргізу керек.

№17 Есеп

1.Бактериологиялық әдіс                                                                                                                                        2.Жоғарғы бөлігінен жағынды алу

№18 Есеп

1.Микроб тазалығының талабына сәйкес стерильді емес дәрілік заттар беріледі.                                                                                                                                  2. Дәрілік қалыпта 1г(мг) көлемде 10 ² аса емес бактерия және саңырауқұлақ жергілікті(ингаляция үшін) қолданылатын.

№19 Есеп

1.Сақтау ережесі бұзылғанда микробтар ұзақ уақыт сақталумен қоса көбейеді, дәрілік шикізаттың өзгеруіне әкеледі.                                                                                                                                                                2.Шикізаттың сақталу ережесін міндетті түрде білу керек. Зақымдалған шикізатты қолдануға болмайды,ондағы әсер етуші заттың құрамы өзгереді және фармакологиялық құндылығын жоғалтады.

№20 Есеп

1.Субстанциялық және көмекші заттарда,стерильді емес дәрілік заттарды дайындауда қолданылатын көкірің таяқшасы және 1г(мл) 10²аса энтеробактерия анықталды.                                                                          2.Субстанциялық және көмекші заттарда  микроб ластануының деңгейі  1г(мл)  10² аса емес энтеробактерия.                                                                                                   




1. Даны два действительных числа
2. I Put the verb in brckets in the correct tense
3. Реферат- Контекстуальные аспекты в исследовании и изучении конфликтологической культуры специалиста
4. Семантика оператора case
5. Ивану Павловичу Пискову Денису Анатольевичу Узойкину за весомый вклад в подготовку данной книги к из
6. Статья- О возможности использования электорохимически обработанной воды в гальванопроизводстве
7. Тема- Введение в программу
8. Методика формирования понятий в школьном курсе истории
9. Статья- Никитский бульвар
10. Европейские фонды, поддерживающие культуру
11. ІВ Розвиток екологічної свідомості майбутніхвихователів дошкільних навчальних закладів 20 Дметерко Н
12. высокомолекулярные органические вещества состоящие из соединённых в цепочку пептидными связями альфаами
13. готівка гроші поза банками М1 М0 А нестрокові рахунки депозити М2 М1 строкові невеликі рахунки М3 М2
14. Укрепление правового положения потребительской кооперации.html
15. 3
16. Виробництво екологічно чистої продукції
17. Клетки сходные по происхождению и выполняемы функциям образуют 1 ткани 2 органы 3 системы о.html
18. Контролінг. Методичні вказівки до контрольної роботи
19. .65 Народное художественное творчествоДисциплина- ФилософияГруппа- 302 Дата тестирования- 12.
20. Аналіз ділової активності підприємства Лекція 15 2 год