У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

тол~ауы то~сан тоты ~~с~а білгенге маржан інжумаржан~а те~ейді

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.3.2025

21. Фольклор[өңдеу]

Қазақ халқының көркем шығармашылығының архетипі де, дәстүрлік басты типі де — фольклорауыз әдебиеті. Сөз өнерін жете білген Абай қазақ фольклорын «толғауы тоқсан тоты қүсқа», «білгенге маржан інжу-маржанға» теңейді. Фольклор — халық даналығы деген ұғымды білдіретін неміс сөзі. Фольклор жазу-сызу дамымаған кездегі бір ұрпақтың екіншісіне қалдырған мұра-өсиеті, тіршілік бағдарлары, құпия-сыры, тылсымдық жұмбақтары. Яғни, фольклорсыз ұрпақ сабақтастығы мүмкін емес.

Поэзия[өңдеу]

Бұл мақсатқа сәйкес келетін әдеби жанр — поэзия. Тіпті, көне адамдардың бәрі өлеңмен сөйледі деген де пікір бар. Поэзия мен фольклор бір типтес. Белгілі бір ырғақпен (ритм) айтылған сөз есте қалады. Кейін жазу пайда болганнан соң адамның жадылық (мнемикалық) қабілеті әлсірейді. Сондықтан болар, сағаттап жаңылмай дастандарды айтатындар қазір сирек кездеседі. Манасшыларға экзотикалық көзқараспен қарау да бар. Бұл қазіргі заман тұрғысынан экзотикаға жатады, ал көшпелілер үшін құдіретті сөз өмірлік қажеттілік болған.

Поэтиканың философиялық мәнісін, оның типтік белгілерін қарым-қатынас, айтушы мен тыңдаушының арасындағы тылсымдық бірлік, көңіл көтеру, импровизация, жалпы алғанда —сұхбаттасу мәдениеті деп анықтауға болады. Жыр, толғау, айтыс кезінде тындаушы көпшілік ерекше бір рухани дүниеге енеді, пендешілік күйбең өмір тауқыметтерінен тазарады (катарсис), жаңғырады, шынайы адамдық кейіпке көшеді, көңілдері көншиді.

Мифопоэтиканың мәдени-әдеби дәстүрдегі заңды құбылыс екенін ескере отырып, поэзиямыздағы озық үлгілер салыстыру мақсатында назарға алынды. Абай, Мағжан Жұмабаев сияқты өзіндік үлкен мектеп қалыптастырған ұлы ақындар мұрасындағы мифопоэтикалық үлгілер дәстүрге ұласып, жаңашылдықпен дамығаны белгілі. Кешегі ХХ ғасырдың 60-жылдары поэзия әлеміне келген М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Ысмайылов, Ф.Оңғарсынова, Т.Молдағалиев, одан кейінгі толқын С.Ақсұңқарұлы, Н.Айтұлы, Иран-ғайып, Ұ.Есдәулет, О.Тұржан, Т.Әбдікәкімов, шығармаларына мифтік дүниетанымды тұтастай негіз еткен ақын Е.Раушанов поэзиясы кең көлемде, сондай-ақ ғасырлар тоғысындағы қазақтың жаңа поэзиясының өкілдері Н.Мәукенұлы, С.Нұржан, Г.Салықбай өлеңдері негізгі зерттеу нысанына алынды. Әдебиеттің, оның ішінде белсенді жанр болып саналатын поэзияның дамуына қоғамдағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің белгілі дәрежеде ықпал ететіні заңдылық. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырлар тоғысындағы әлеуметтік өзгерістер мен саяси төңкерістер орыс поэзиясының дамуында да үлкен із қалдырса, Ресей империясының құрамындағы отар елдердің бірі болған қазақ рухани мәдениетінде де үлкен өзгерістердің бой көрсетуі заңдылық еді. Ұлы Абай дүниеден өткеннен кейін поэзияда өзіндік даралығымен құбылыс болып көрінген эстет ақын Мағжан Жұмабаев шығармашылығына негізінен осы үлкен өзгерістер мен көркемдік ізденістер тән болды.

Мағжан символизмі туралы ой қозғаған профессор Ш.Елеукенов: «Басты қорытынды – символизм қазақ поэзиясына үлкен олжа салды деуге саяды. Символизм арқасында қазақ өлеңінің бұған дейін ашылмаған қырлары ашылды. Лирика жанрымыз жүрекке, сезімге бойлай түсті», – деп жазады [3; 204]. Табиғаттағы затты немесе құбылысты арқау ете отырып, қоғамдық-әлеуметтік мәселені қозғау – поэзиядағы дәстүрлі тәсілдердің бірі. Үлкен әлеуметтік өзгерістерге толы ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде символизмнің көрініс беруі заңды болды. Өйткені сол тұстағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай шындықты ашық та батыл айтуға шек қойды. Яковлевтің «Уақыттың символдық бейнесінің негізі антикалық мифологиядан бастау алады» [4; 231] деген тұжырымына сүйенсек, қазақ топырағындағы символизмді де ұлттық мифтік негізбен байланыстыруымыз негізді.

22. Ел мен жерді сақтар айбар мен намыстың жоқтаушысы бола алатын тек «түкті жүрек» қана. Өмірге құштарлық ақынның ұлтына деген терең сүйіспеншілік сезімін, биік оптимизмін туындатады. Өршіл рухты жырларымен кешегі Махамбеттермен үндесетін, солардың бүгінгі рухани жаңғыруындай әсер қалдыратын Ақсұңқарұлының жырлары қайғы-қасіреттің өзін өр рух, асқақ пафоспен жырлайды. «Басын» іздеген, яғни рухани бастауын іздеген «Кенесарының түкті жүрегі» кеудесіне жерленген ақынның поэтикалық «мені» мұң мен қасіретке шомыла тұра күрес жолынан танбайды. Осы идея, осы сарын «Кенесарының басы» өлеңінде жалғасын тапқан. Ұлтымыздың жанына батқан ауыр жара Кенесарының өлімі болса, оның басының табылмауы жоғын іздеген қазаққа тағы бір сын болуда. Елінің намысын жоқтап, халықтың кегін қуған Кенесарыдай қаһарманның трагедиялы тағдыры, кесілген бастың ізсіз кетуі жүрегімізге шер, жанымызға шемен болған тарихи оқиға.
Серік Ақсұңқарұлының жырларында ұрпақтар сабақтастығын, уақыт байланысын арқау еткен поэтикалық идея туған дала және оның жыршысының бейнесі арқылы өрнектеледі. «Қарқаралым – қара орманым» атты бөлімде ақынның туған елі мен жері жырға арқау болған. Қарқаралының «қасиетті топырағына еміреніп, Қасым – Музасына» тебірендім. Мен оның тауының әрбір тасына, орманының әрбір бұтағына ғашық едім», – депті ақын осы бөлімге қара сөзбен жазған кіріспесінде. 1997 жылдың тамызында Қарқаралы ормандарының өртенгенін ел біледі. Осы өрт «Өрт менің өзегімді өртеп, жүрегімді қап-қара ғып тастады», – дейді ақын. Ақынның өртенген жүрегі Қарқаралыға арналған өлеңдерінің өн бойынан лүпілдей көрінеді. Қарқаралыдағы өртті ғана емес, қазақ жанындағы дертті де күңірене жырға қосады:
Дегелеңді дерт алды,
Қарқаралыны өрт алды.

Шыңырауда көзі біткен бұлақ – тұл,
Өзегіне өрт кеп түскен құрақ – тұл.
Алматыда
Көшесінде Саиннің
Ұлттық ұят бетін басып,
Жылап тұр.
Қара орман ұлт рухы мен киесінің символдық бейнесіне айналып, өрт те астарлы поэтикалық мән иеленген. Кешегі Мәдидей тағдыр иесі «Атыңнан айналайын Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады» деп күңіренткен қазақтың бұл киелі мекенін Серік Ақсұңқарұлы:
Қарқаралы, қайда көктің жасындары, қайтейін,
Сенен бір өрт,
Менен бір дерт басылмады, қайтейін.
Пенделердің көзіндегі құрты болдың, қайтейін,
Салған өрт пен жанған өрттің жұрты болдың, қайтейін.
Ғаламдағы жалғыз пірім, Қарқаралы-ау, қайтейін,
Сенен – бір шер,
Менен – шемен тарқамады-ау, қайтейін...–
деп жырға қосады.
Кезекті қайталау үлгісімен өрілген бұл жолдар сыртқы айшығының әсемдігімен ғана емес, ішкі көркемдік мазмұнының тереңдігімен де ерекше. Ақынның көркемдік ізденісі дәстүрлі пішінді жаңғырта отырып, жаңаша ой айтумен дараланған. Қарқаралысын өрт алғанда жаны шырылдаған ақын:
Қара орманнан бұрын түсіп отқа кеп,
« – О, Тәңірім, өрт басарың жоқ па? – деп,
Сұрап едім, тіл қатпады ол маған,
Тұла бойым – содан бері соқпа дерт.

23. Қоғамдық жүйенің өзгеруі, халықтың өмір сүру қағидаларына түбегейлі өзгерістер әкелді. 1991 жылдың желтоқсанына дейін елдегі саяси- эканомикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-рухани дүниедегі жаңару-жаңғыру үрдістері түрлі қайшылықтарға толы болды. Соның ішінде рухани-мәдени салада біраз қиыншылықтарды бастан өткеруге тура келді.

Ұлтты белгілі бір мақсатқа, мүддеге біріктіру жайлы мүлдем айтылған, жазылған жоқ десек жаңсақ болар еді. Жазушы-ғалымдарымыз, қоғам қайраткерлері бұл тұрғыда өз ойларын БАҚ арқылы білдіріп жатты. Бірақ көпшілікті ұйытып, соңдарынан ерте алмады. Қалыпты жағдайды уақыттың өзі жасады. Экономика түзеліп, саяси жағдай тұрақтала бастады. Ұлттық идеология төңірегіндегі пікірталас та осы кезеңдерде белең алды. Бір өкініштісі, ұлттық идеологияның негізгі тетігі ретінде дөп басып көрсетер, сырт көзге қалқан қылар рухани құндылығымызды әлі айқындай алмай келеміз.

...Қазақстан Республикасы өз атын өзгерткенімен, өзінің саяси құрылымының ішкі мазмұнын әлі толық жаңарта алған жоқ еді. Халықтың көпшілік бөлігінің сана-сезімінде кеңестік дәуір дүниетанымының сарқыншағы басым еді...».

Тарихшыларымыз осылай деп баға берген Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан халқы үшін сындарлы кезең болатын. Кеңестік идеология сарқыншағын санадан тазартып, елді ұлттық мүдде бағытына топтастыруға үндеген халық шығармашылығы өкілдерінің алдыңғы легінде ақберен жырдың иелері айтыс ақындарының болғандығын тағы да тілге тиек етеміз. Бүгінгі күні айтыс өнері туралы қоғамдық көзқарас екіұдай пікір білдірсе де, біз анық бір ақиқатты мойындауымыз керек. Ол ақиқат – тәуелсіздік таңы атқан 1991 жылдан 2006 жылға дейінгі он бес жыл бойы айтыс өнері ұлттық идеологияның жалынды жаршысы, насихатшысы болғандығы. Айтыстағы болмашы кемшіліктер мен олқылықтарды жіпке тізе бергенше, оның ұтымды, қазақ қоғамына қажетті орасан зор мүмкіншіліктерін тілге тиек еткеніміз абзал. Бұл жерде 1991-2006 жылдар шартты түрде алынып отыр. Өйткені Тәуелсіздіктің алғашқы он бес жылы елдің ел болуын, қазақтың ұлт болып ұйысуының сипатын айқындаған жылдар болды.

Ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздіктің тұрақтылығын сақтап қалуда бұл он бес жыл, ұлт тарихына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Айтыс өнерінің бұқаралық сипат алып, ұлттық идеологияның  ұйтқысына айналуына телевизияның септігі мол болды. Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер, саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар сол кезде өткізілген ақындар айтысында жан-жақты насихатталып, халық назарына ұсынылып жатты. Әсіресе, дін, діл, тіл мәселелері өткір көтеріліп, бұқара халық көзқарасын осы бағытқа бұруда ақындар айтысы ерекше рол атқарды. Ақындар айтысын ұйымдастырушы әрі оның теледидар арқылы Қазақстан аумағына таралуына көп еңбек сіңірген ақын, тележурналист Жүрсін Ерманның осы жылдар еншісінде атқарған қызметін ұлт өнері тарихында қалар ерен іс деп бағалаған жөн. «Екі тізгін, бір шылбыр» атты кітабында айтыс өнері төңірегінде болған текетірес пен талас-тартыстың барлығын бастан өткерген Ж. Ерман былай деп жазады: «...Оның алдындағы жылдары «Айтысқа» жасалған қысым-қиянат ойға түссе, әлі күнге аза бойым қаза болады. Тоқырау тұманының арасынан шырылдап шыққан ақындар айтысының ащы шындық дауысы әркімдердің-ақ шамына тисе керек. Әр айтыстан кейін телерадикомитеттің төрағасы К. Смайлов үлкен үйге шақырылатын. Ол «ана жерін қиып таста, мына жерін өшіріп таста» деген нақты нұсқаулармен оралатын...».

Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы айтыс ақындары кәсіби тұрғыдан сауатты, оқыған-тоқығаны көп білімді жырларын, нақты дерек, айғаққа, шындыққа, негіздеп айтатын. «Бүгінгі айтыс пен кешегі айтыстың деңгейі де бөлек. Қазіргі айтыскерлеріміздің бәрі де жазба ақындар. Олардың жазба ақындардан айырмашылығы – көп оқиды, көп ізденеді...».

Айтыс ақындарының осы деңгейі олардың шығармашылық тұрғыдағы шеберліктеріне өлшем болса керек. Жоғарыда келтірілген ұлттық идеология ұйытқысы бола білгендері де, айтыскер ақындардың осы қасиеттерімен айқындалады. Ұлттық руханиятымыздың алтын діңгегі – тілді жырласа да, ар ожданның өзегі – дінді насихаттаса да, ақындар жалаң сөз, жадағай ойға барған жоқ. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі бірлік, ынтымақта екендігін айтыс ақындары шын жүректерімен сезініп, соны халыққа насихаттай білді. Саяси-экономикалық ахуалдың да, сайып келгенде, ұлт мүддесі үшін жұмыс істеу керектігін де айтыс ақындары баса айтып отырды. Мэлс Қосымбаевпен айтысында ақын Мұхамеджан Тазабеков осы мәселелер жөнінде ойын былайша түйіндейді: 

«...Жалқаулық Жаратқанға ұнамайды,

Қамсыз қазақ қартайтқан ұлы Абайды.

Балақ түріп, қарекет қылғандардың,

Бақ келіп есігінен сығалайды.

Еріншектің етігі көлеңкеде,

Соқасы күн астында тұралайды.

Көршіңіз байып жатса қуаныңыз,

Қуанғаннан намысың құламайды.

Өйткені, сізге бөліп бермесе де,

Қол жайып, ештеңеңді сұрамайды...».

Халықтың зердесіне жетер насихат жыр, ұлттық ұғымға сай өрілуі, айтыс өлеңдерінің өзіндік еркешелігін тағы бір мәрте дәлелдеп тұр. Қоғамдағы нарықтық қатынастар қағидасын халыққа дәл осылай жеткізу, ұғындыру айтыс жырларында өте мол ұшырасады. Мұның өзі біріншіден айтыстың қоғамдық-әлеуметтік маңызын көрсетсе, екіншіден халыққа тығырықтан шығудың жолын нұсқаған насихатшылдық, үгітшілдік рөлін айқындайды. Ал, үгіт, насихат принциптерінің қоғам идеологиясына қызмет ететіндігі өзінен өзі белгілі.

«Кейінгі  жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік  мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы, бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды».

Ғалымдарымыздың осы пікіріне сүйене отырып «халыққа берер тәлім-тәрбие» бағытының қандай дәрежеде өрбігендігін төмендегі айтыс нұсқаларынан жақсы бағамдауға болады. Айтыс үнемі ой қақтығысы, пікір қайшылығы арқылы проблема ретінде қарастырылып отырған объектінің бірнеше қырын ашып көрсетеді.

Айтыс ақындары Бекарыс Шойбеков пен Оразалы Досбосынов арасында өткен жыр сайысында осы тақырып прогрессивті және регрессивті тұрғыдан сипатталады. Мәселен, Оразалы ақын 2030 жылға дейінгі саяси-экономикалық даму стратегиясын, халықтың сол уақыттағы әлеуметтік жағдайымен сабақтастыра отырып былай деп жырлайды:

«...2030-ды ойға жиі алады,

Көңілі көншігендей сұңғыла елдің.

Сары бидайын сапырған сары қымыздай,

Сұлыға зар болып тұр қырманы елдің.

Мемлекеттің бар малы жоқ боп жатыр,

Тоз тоз боп тоқымындай сынған ердің...».

Оразалының бұл ойына Бекарыс Шойбеков басқа қырынан келіп, әріптесіне басалқы сөз айтып, халықты сабырға шақырады:

«...Бүгін біз егеменді ел дейміз де,

Сол елдің жағдайына келмейміз бе?

Бұйырса келер ғасыр ширегінде,

Көркейген қазақ елін көрмейміз бе?

Нострадамус болжаса сенеміз де,

Назарбаев болжаса сенбейміз бе?...».

24. Ақын Несіпбек Айтұлының «Арқатірек» («Сары Арқа». Баспа үйі, 2010 ж.) поэмалар шоғыры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды.

Несіпбектің шығармашылығын қыдыра шолғанда оның алтын арқауы Алаштың азаттығы, ұлттың ұлылығы екені көзге айқұлақтана шалынады. Ана бір жылдары «Бәйтерек», «Көкала үйрек», «Ту», «Ақмола шайқасы» поэмаларымен жұртты жалт қаратқан ақын енді кемел шабыттың шарпуында екен. Несіпбек жырларын оқығанда осыған анық көз жеткіздік, деп жазады  Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Ақсұңқарұлы «Айқын» газетіндегі  зертеу мақаласында.

Ақындық - тәңірдің берген сыйы. Кез келген ақын ұлт ақыны деңгейіне көтеріле алмайды. Ұлтты жырлау елдік мүддені жырлау ғана емес, ол үшін бүкіл болмысыңнан, шығармашылығыңның өн-бойынан ұлттық рух жусан иісіндей бұрқырап тұруға тиіс.
Тәуелсіздікті жырламаған ақын жоқ. Ал сол азаттықты барынша таным-түйсігімен түсіне, жеріне жеткізе, егіле жырлаған ақын сирек. Сол сиректің бірі - Несіпбек. Отаршылдық қиянатын ерте сезінген қазақтың осы қара баласының ел егемендігі хақындағы жырларының әр шумағын тебіренбей, еміренбей оқу мүмкін емес. Екі бірдей өктем елдің тегеруінді тезіне түсіп, ел-жұртының егемендігін сағына, сарғая күткен атаның ұрпағы, арқалы ақын Несіпбектің берісі - Алаш, әрісі - адамзат үмбетіне айтар сөз, ағытар сыры аз емес. Бодандықтың не бір сұрқиялығын бесіктен белі шықпай, көңіліне түйген шерлі Несіпбектің Тәуелсіздікке тәу еткен жыр-толғаулары біздің өлеңдерімізден гөрі табиғи әрі шынайы екенін мойындауымыз керек! Несіпбектің өмірбаяны, тағдыр-таланы бізден өзгешелеу болды. Сондықтан да тәуелсіздік таңы атқан шақта күрмелген тілі шешілді, шідерден босаған жүйріктей көсілді.

Күштіге тізе бүгіп басым келген,
Айырылдық атақоныс асыл жерден. 
Қымбатқа түсті бізге бұл азаттық, 
Хан Кене, Махамбеттер басын берген...

Ақын жырларын оқып отырып баяғы Бұқар-екең айтатын «Бағаналы орда, басты орда, Байсал орда қонған жұрт, Қара түлкі қармалжық, Қас сыпайы киген жұрт, Ақсары атам аспалап, ел жаулауға шыққан жұрт, Хақтың жолын күзетпей, Жамандықты ұққан жұрт; Бас, аяғың бай болып, Бәсеке дәурен сүрген жұрт; Бай төбетің маңқылдап, Байсал тауып үрген жұрт» дегендей көптен күткен алтын күлдіреуішті тәуелсіздігіне тәу етіп, сырлы да сырбаз сұлу сөзден мол олжа салған екен дейсің! Несіпбек ұлттың уызына, мәйегіне жарыған ақын. Ол бүгінгі болмысқа, ірі бетбұрыстарға бей-жай қарай алмайды. Бүгінгі мен өткенді шабыстыра, шендестіре толғайды. Қазақ сөзінің құдіреті мен қарымын шебер пайдаланады. Сол үшін оны көнеден қалған бір сарқыт дерсің. Сол көненің көзіндей бір тұяқ бүгінгі тәуелсіздік бақытын, қазақтың сол жолда өткені мен кеткенін жырлау үшін арамызда жүргендей. 
Иә, Тәуелсіздік біз үшін мың мәрте киелі ұғым! Бүгінде дүниедегі өркениетті жұрттардың көшін бастап, басқа елді өр кеудесімен жасқап отырған АҚШ-тың өзі өз Тәуелсіздігі үшін қаншама жыл қан кешіпті. Ал туасы ел болғаннан бері біреуге бодан болудың не екенін білмей келе жатқан мемлекеттер де бар екен. Жапония, Ұлыбритания, Швеция, Испаниялардың шежіресінде Тәуелсіздік күні атымен жоқ көрінеді! Олар баяғыдан бостан, бізше біреуге жаутаңдап, көсемсінген көрінгеннің қас-қабағына қарамаған...Өзінен басқаға, өзгеге қызмет етпеген! Ұлы - құл, қызы -күң болмаған! Оларда бәрі бар - ағыл-тегіл байлық, мамыржай тіршілік, емен-жарқын күлкі, тіпті адамзатқа ортақ ақша бірлігі - доллар, атом бомбасы... Бірақ бүгінде олардың ақындары не жазарын білмей қалды. Еуропа қартайды. Рухани, моральдық тұрғыдан артқа шегінді. Керісінше, біздің Шығыс - небір ұлы ақындары бар, тәуелсіздігін, елдігін қадір тұтар көне Шығыс қайта оянды. Өткен мен бүгінді, Шығыс пен Батысты толағай ойлап, өрелі ой айтатын, халқына, еліне жаршы болатын көркем ойдың хас шеберлері туды. Олардың инерциясы, шалғысы суылдаған қырандай отты тебіні қаймана халқын 
алға қарай жебеуде. Осы бір құбылысты басқа ел емес, біз өзіміз бағалай білсек-ті! Ғаламдық рухани кеңістікте алдына ел салмай, ешкімге ұқсамай ерек тұрған қазақ жырының айтулы тұлғасы Несіпбек Айтұлының поэзиясы отаршылдық ойранына лағынет айтқандардың көш басында тұр.:




1. Антропологический материализм ЛФейербах
2. Вариант 8 Москва 2014 Рига столица Латвии и самый крупный город стран При
3. Лабораторная работа 2 ИССЛЕДОВАНИЕ ПЕРЕХОДНЫХ ПРОЦЕССОВ В RCцепи Цель работы- экспериментальное
4. Тема 4.3. Зерносклади і клуні 1
5. Критические замечания по поводу альтюсеровской концепции становления марксизма
6. Патологія ендокринної системи
7. Судовой двигатель внутреннего сгорания L2131
8. Любимый город. За это время мы успели многое сделать для решения важных проблем волнующих ухтинцев
9. Государственная поддержка малого бизнеса
10. Экология города Октябрьского