Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Компьютерлі желілердің түрлері
Компьютерлі желі екі немесе одан да көп компьютерлердің, желілік жабдықтау арасындағы ақпаратты жіберу және байланыстыру үшін қызмет етеді.
Желі деген не?
Негізі "компьютерлі желі" сөзі емес, "локальды желі" деген түсінік қолданылады. Бұл атау компьютерлік желілер, локальды типті болуына байланысты.
Компьютерлі желілер типі
Масштабы бойынша желілік байланыстар бірнеше түрге бөлінеді.
Байланыстың қарапайым түрі РАN (Personal Area Network) деп аталады. АN "Area Network" деген ұғым. Басқа да желілерде АN аббревиатрасы осы ұғымды білдіреді. Р "персоналды" дегенді білдіреді. Бұл тәсіл бір адамға тиесілі әр түрлі құрылғылар арасындағы мәліметтерді қосу және жіберу үшін қолданылады.
Жиі қолданылатын және кең таралған әдіс LAN (Local Area Network). L локальды. Локальды желі деген не? Бұндай желі бір бөлмедегі, офистағы, үйдегі бір немесе одан да көп компьютерлердің байланысы үшін қолданылады. Сонымен қатар бұған заводтағы және сол сияқты үлкен алаңдағы байланысты қамтамасыз ететін желілер де жатады.
САN (Campus Area Network) - кампусты желі. Бір-біріне жақын орналасқан ғимараттар, үйлер, кеңселер арасындағы ақпаратты айырбастау үшін қызмет етеді.
MAN (Metropolitan Area Network) - бір немесе бірнеше қалаларда орналасқан көптеген компьютерлерді байланыстыратын үлкен желі. Осындай әдісті қалалық, мемлекеттік басқару қызметі қолданады. Мысалға, көлікті басқару немесе басқа да әлеуметтік құрылымдар. Бұл желі өзіне бірнеше локальды немесе кампусты желілерді қоса алады.
WAN (Wide Area Network) - ең үлкен желі, яғни жаһандық желі. Жер шары емес, қандай да бір географиялық район немесе аумақ. Бұндай байланыстарды телекоммуникация қызметін ұсынатын ұйымдар қолданады. Сонымен бірге осы байданыстарды жаһандық желілердің каналдарына интернетті орнату үшін қолданады. Бұл желілер өте үлкен және көпшілік қолданушыға арналғандықтан, жалпыға бірдей қол жетімді және ашық болып келеді. MAN - желілер сияқты, WAN желілер де өзіне кішігірім байданыстарды қосады.
Желідегі компьютерлердің саны мен көлемінен бөлек, желілер басқа да белгілері бойынша жіктеледі. Байланыстың әр түрі қолданылады, телефон желісінен бастап, серіктерге дейін. Сонымен қатар желілер мәліметтердің берілу жылдамдығына байланысты да бөлінеді.
Жоғарыда айтылған желілерден басқа, пирингті (файл айырбастайтын) желілер де бар.
Пирингті желі деген не?
Мұндағы байланыс белгілі бір байланыс каналдары арқылы емес, интернет берілетін каналдар негізінде іске асады. Бұл қолданушылар файл немесе басқа да мәліметтерді алмастыру үшін бірігетін виртуалды желі. Желіге кіру немесе оны қолдану үшін арнайы бағдарламалар қолданылады.