У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Мемлекеттік егемендікті~ д~ст~рлі конституциялы~ ~а~идасын тексерумен басталды

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 5.3.2025

Еуроодақ пен ТМД айырмашылықтары

Еуроодақ

ТМД

 

  1.  ЕО-қа кіруде мүше-мемлекеттердің бейбітшілік пен көршілікті, ынтымақтастықты нығайту мүддесіне өзінің егеменді құзіретінің қандай да бір бөлігін беруге дайын екендігі, т.б. конституциялық ережемен бекітілді.  2.Қоғамдастықтардың құқықтары мен институттарының құрылымы ең алдымен  «Мемлекеттік егемендіктің дәстүрлі конституциялық қағидасын» тексерумен басталды.
  2.  Еуроодақ бірнеше мемлекеттерден құрылды.
  3.  28 мемлекет мүше
  4.  Бірыңғай еуропалық азаматтық бар

5 Еуроодақ пен ТМД экологиялық заңнамасын салыстырғанда мынаны байқауға болады, яғни бұл екі мемлекетаралық бірлестіктердің өркениеттік деңгейлері мен құқық мәдениеті әртүрлі: ал Еуропалық Одақтың құқығына роман-германдық құқық дәстүрлері ықпал жасайды.

6 Еуропалық Одақтың институттары қабылдаған актілері Еуропа Одағының барлық мүше мемлекеттеріне, оның жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларына орындау жалпыға бірдей міндетті саналады.  Оның үстіне Еуропалық Одақ құқығының ұлттық заңнамадан басымдылығы заңды түрде бекітілген.

7.Еуроодақ пен ТМД-ның институттар жүйесі ішінде аса көңіл бөлінетін органдар ол құқықтың орындалуын қамтамасыз ететін сот органдары. Еуроодақ Сотының рөлі өте үлкен, ол Еуроодақ құқығының көптеген маңызды бағыттарын қалыптастырады және жүзеге асырады, құқық  нормасын қолданады, орындалуы міндетті шешімдер қабылдайды, Еуроодақ құқық жүйесі үшін маңызды қағидалар мен прецеденттерді құрады.

8. Осы екі одақ өмір сүруінің әртүрлі мерзіміне сәйкес интеграциялық процестің әртүрлі кезеңінде келе жатыр. Еуроодақта әлдеқашан көптеген құқықтық механизмдер нәтижелі жұмыс атқарды.

  1.  Сол кезде ТМД қатысушы елдерінің ықпалдастық (интеграция) бойынша конституциялық алғышарты болмады. Ол конституциясы әдетте мемлекеттің егемендігін жариялаумен шектелді. Бұл контекстте ЕО-та ұлтүсті институт болғандығы және мұндай институттың ТМД-да мүлдем болмағандығы көрсетілген. Бұл институт ЕО органдарының мүше-мемлекеттерге  міндетті актілерді жариялау құқықтарында кездеседі. Арнайы әдебиеттерде ұлтүстіліктің пайда болу табиғаты бойынша әр түрлі түсінік қалыптасқан, солардың ішінде мысалы, Қоғамдастықта кейдір мемлекеттік құралдардың болмауымен түсіндіріледі (полиция, әскери басшылық, соттың мәжбүрлі орындалуы).ТМД тек бір мемлекеттің ыдырауы негізінде құрылды.
  2.   11 мемлекет мүше
  3.  Бірыңғай ТМД аумағында азаматтық жоқ
  4.  . ТМД құқықтық кеңістігінің дамуына социалистік құқықтың  концепциялары және еуропалық, мұсылмандық концепциялар ықпал етеді
  5.  ТМД органдары мен институттарының қабылдаған актілері ұсыныстық сипатқа ие. ТМД-ға мүше мемлекеттерде органдар мен институттардың шешімдеріне тек ұсынылатын мән ғана беріледі.

7.ТМД Экономикалық Соты мұндай өкілеттіктерге ие емес. ТМД Жарғысы оның қызметін тек экономикалық мәселелерді шешумен ғана шектейді, соның өзінде ТМД Экономикалық Соты орындауға міндетті шешім қабылдауға құқығы жоқ, шешім тек   ұсыныстық сипатта болады. ТМД Экономикалық Соты арбитраждық немесе аралық сот та емес, сонда да оны құру туралы шартқа қол қойған мемлекеттер үшін оның юрисдикциясының белгілі бір міндеттілігі бар. «Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы шартқа» (20.03.92ж) [4] сәйкес ТМД-да мәселелер ұлттық сот жүйелеріне қарауға жіберіледі. Еуропалық Одақ Соты Қауымдастықтың құқықтық базасын қалыптастыруда белсенді қатысады, ал ТМД Экономикалық Соты ТМД құқықтық базасын жасауға мүлдем қатыспайды.

8. ТМД-да оларды енді құру қажет болып жатыр.

Бұл екі бірлестіктің құқықтық  базасының қалыптасуы мүлдем өзгеше. Еуроодақтың актілерінің орындалуы жалпыға бірдей міндетті, ал ТМД –ның шығарған актілері  ұсыныстық сипатқа ие болғандықтан мемлекеттерді оны орындауға ешқандай міндеттемейді. Мұның себебі, ТМД-ға мүше мемлекеттер тәуелсіздікке еріскеніне 20 жылдан енді асты, бұрынғы КСРО-ның саясатынан арылып енді ғана аяққа тұрып жатыр. Сондықтан, қатысушы мемлекеттер өз заңнамаларын бір-бірімен жақындастыруға әлі асығып жатқан жоқ, керісінше өз егемендіктерін сақтап қалуға тырысып жатыр. Сол себепті, ТМД мемлекеттері қазірше тек гуманитарлық салада белсенділік танытып жатыр. Оның мысалы ретінде, ТМД аясында жыл сайын өткізілетін ғылыми техникалық форумдар, мәдени салада ТМД өнер жұлдыздарын марапаттау іс-шаралары, әртүрлі білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру т.с.с.

Екіншіден, ТМД-да экологиялық ынтымақтастығының деңгейі төмен болуына әсер ететін әртүрлі факторлар бар. Атап айтқанда, оған қатысушы мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бірдей емес. Олардың қоршаған ортаны қорғаудан бөлек осы күнге дейін шешілмей жатқан әлеуметтік, экономикалық, қаржылық, миграциялық ж.т.б. көптеген проблемалары жетіп жатыр. Сондықтан қоршаған орта саласында ынтымақтасу жөнінде келісімдер бекітілгенмен де, оның институционалды механизмдері толықтай жасалынбаған.

 




1. Одержима Лесі Українки
2. 14 12.0013.00 09
3. Незаконное предпринимательство
4. Психодиагностические методы изучения свойств личности
5. кВт cos~ tg~ Кс Рр кВт Qр кВАр Qку кВАр
6. Оренбургский государственный университет Орский гуманитарнотехнологический институт филиал ОГУ
7. политическую жизнь
8. Гомельский государственный университет имени Франциска Скорины Геологогеографический факультет
9. тема госуправления в РФ Уровни госуправления в РФ
10. Идея школы Амонашвили