Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

КУРСТЫ~ Ж~МЫС

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.11.2024

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Кафедра ПКОҚӨ

                          

КУРСТЫҚ

 ЖҰМЫС

          ____________________________________________

        Тақырыбы: _______________________________________________

                                                                                                                                             

                                                            Қабылдаған:

(аты-жөні) 

 (қолы)                       (күні)

Орындаған:

                 (аты-жөні)

(группа)

 

______________________

                                      (бағасы)

          Комиссия мүшелері

(қолы, аты-жөні)

   (қолы, аты-жөні.)

   (қолы, аты-жөні.)

Қарағанды 2013

Алғашқы мәліметтер

Нұсқа – 12

-Қазба формасы – Арка.

-Қазбаның радиусы R, м – 2.0.

-Қазбаның биіктігі H, м – 1,0.

-Жыныс түрі – Аллевролит.

-Жыныстардың беріктік коэффициенті, f – 5.

-Жыныстардың құрылымын ескеретін коэффициент, f02.0.

-Атылғыш заттың түрі – Амм. АП-5ЖВ.

-АЗ патронының диаметрі dn, мм36.

-Шпурды қолдану коэффициенті (ШҚҚ) 0,92.

-Шпурдың тереңдігі lшп, м –3.

-Қазбаның өтілетін қимасы Sвч, м216,6.

-Қазбаның өтілетін қимасының ауданы Sпр, м213,6.

-Қабылданған АЗ жұмыс қабілеттілігі Авв, см3 – 270.

-АЗ патрондағы тығыздығы , кг/м31050.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.........................................................................................................................4

1 Жатық және көлбеу қазбаларды өткен кездегі аттыру жұмыстарын

   жобалау...................................................................................................................5

  1.  Атылғыш затты таңдау (АЗ) ……………………..............................................5
    1.  АЗ шартты шығынын анықтау...........................................................................5
    2.  Шпурдың тереңдігін анықтау.............................................................................6
    3.  Шпурлардың санын анықтау..............................................................................6
    4.  АЗ шығынын анықтау.........................................................................................8
    5.  Бұрғылап аттыру жұмыстарының паспортын құру........................................9

2 Курстық жұмыстың орындалу реті.....................................................................10

Қорытынды ..............................................................................................................16

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................17

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс жазбаша және графикалық бөлімнен тұрады. Жазбаша бөлімнің ішінде кіріспе, негізгі бөлім және есептеуден, қорытынды бөлім және қолданылған әдебиеттер орналасқан.

Кіріспеде қазіргі бұрғылап аттыру жұмыстарының жер астында жүргізу жолдарын, алғы шептегі бригадалармен жүзеге асырылған негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер болу керек.

Негізгі бөлім бірнеше бөлімдерден тұрады және есептеу мысалдары мен қажетті кестелерден тұрады.

Соңғы бөлімде бұрғылап аттыру жұмыстарының негізгі есептеулері жазылған.

1 ЖАТЫҚ ЖӘНЕ КӨЛБЕУ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨТКЕН КЕЗДЕГІ АТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОБАЛАУ.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері. Бұрғылап аттыру жұмыстарының негізгі параметрлерін анықтауды үйрену.

Сабақтың мазмұны.

1.1 АТЫЛҒЫШ ЗАТТЫ ТАҢДАУ (АЗ).

АЗ ұсынылған өндірістік атылғыш заттар тізімінен [1] шахтының газдылық режимін, жыныстардың беріктігі мен сулылығын ескеріп таңдайды, 2 кесте.

Газ бен шаң бойынша қауіпсіз шахталарда (кеніштерде) сақтық қасиеті жоқ ұнтақты және түйіршіктелген атылғыш заттарды таңдау керек: детонит М, тасты аммонит № 1, тасты аммонал № 3, гранулиттер және т.б. Газ бен шаң бойынша қауіпті шахтыларда сақытық қасиеттері бар АЗ қолдану керек: жынысты кенжарларда – аммонит АП-5ЖВ, аралас және көмірлі кенжарларда – аммонит Т-19, метан бойынша аса қауіпті кенжарларда - угленит Э-6.

1.2 АЗ ШАРТТЫ ШЫҒЫНЫН АНЫҚТАУ.

АЗ шартты шығыны анықтау үшін проф. Н.М. Покровский формуласын қолданады

, кг/м3,     (1)

мұнда   q1 = 0,1f – қалыпты аттыру шарттарындағы АЗ шығыны;

     f – жыныстардың беріктік коэффициенті;

     f0 – жыныстардың құрылымын ескеретін коэффицент, келесі мәндерге ие болады: тұтқыр, серпінді және кеуекті - 2,0; дұрыс жатпаған және ұсақ шытынаған - 1,4; тақталы қабатталған, шпур бағытына перпендикулярлы - 1,3; ұсақ қабатты - 0,8;

    v – жыныстардың қысылу коэффициенті, бір ашық беті болғанда , екі ашық беті болғанда v = 1,1-1,5;

    Sвч – қазбаның өтілетін қимасы, м2;

   - АЗ жұмыс қабілеттілігін ескеретін коэффициент;

    АВВ – қабылданған АЗ жұмыс қабілеттілігі, см3, 1 кесте;

- АЗ патронының диамертрін ескеретін коэффициент, диметрі 28, 32, 36, 40 және 45 мм болатын патрондар үшін сәйкес тен 1,14; 1,0; 0,89; 0,8; 0,71.

Кесте 1 – АЗ патрондағы тығыздығы

АЗ түрі

Аммониттер

Аммоналдар

Детонит М

Угленит Э-6

6ЖВ

Тасы № 1

АП-5-ЖВ

Т-19

тасты № 3

М10

АВВ, см3

360

450

320

270

450

430

470

150

Δ, кг/м3

1000-1200

1430-1580

1000-1150

1050-1200

1000-1100

950-1200

920-1200

1100-1250

1.3 ШПУРЛАРДЫҢ ТЕРЕҢДІГІН АНЫҚТАУ lшп.

Қолмен бұрығлау құралдарын қолданған кезде шпурлардың тереңдігі АЗ түрі, жыныстардың беріктігі мен қазбаның өтілетін қимасының ауданы бойынша 2 кестеден қабылданады. Бұрғылау қондырғыларын қолданған кезде шпурлардың тереңдігі машиналардың техникалық мүмкіндіктерімен шектеледі де 3 кестеден қабылданады.

Кесте 2 – Бұрғылау машинасының техникалық мүмкіндігіне байланысты шпурлардың тереңдігі

Бұрғылау қондырғысының атауы

Подача жүрісі, м

Шпурлардың тереңдігі, м

БУ-1, БУР-2, СБУ-2

1БУ-1, 1СБУ-2

БКГ-2

1БКГ-2

БУЭ-1м, БУЭ-3Т

ПНБ-2Б

2ПНБ-2Б

2,75

3,3

2,8

3,3

3,0

2,5

2,75

2,5

3,1

2,5

3,0

2,7

2,2

2,5

1.4 ШПУРЛАРДЫҢ САНЫН АНЫҚТАУ.

Шпурлардың санын келесі фомуламен анықтайды

, дана     (2)

мұнда  Δ – АЗ патрондағы тығыздығы, кг/м3 (кесте 1);

     - АЗ патрон диаметрі, м;

     - шпурларды толтыру коэффициенті, келесі мәндерге ие болады 0,4-0,5 шпурдың диаметрі 32 и 36 мм болғанда және 0,5-0,65 шпурдың диаметрі 40-45 мм болғанда;

    lз – шпурдағы зарядтың ұзындығы, м;

    k – АЗ оқтаған кездегі тығыздалуы, қарапайым патрондар үшін 1,1 тең және кесілген патрондар үшін 1,2 тең.

Шпурлардың нақты саны қабылданған вруб түріне және кенжардағы шпурлардың орналасу схемасына байланысты қабылдайды.

Кезкелген беріктігі бар жыныстарда сыналық врубтар (бір немесе бірнеше қатарлы) және тік врубтар қолданылады. Кенжарда қолданылатын шпурлар жинағы врубты, көмекші және контурлы болып бөлінеді.

Врубты шпурлар кенжардың ортасында қолданылады. Олар қосымша ашық бет жасау үшін арналған, бұл жағдайда заряд жарылысының күші есейеді. Врубты шпрлардың тереңдігі басқа шпурларға қарағанда 10-15% артық алынады. Врубты шпурлардың саны қабылданған вруб түріне байланысты алынады. Тік сыналы вруб үшін врубты шпурлардың саны Nвр = 4-12 дана. Қос врубты шпурдың аралығы 0,35-0,5 м құрайды, кенжар кеңістігіне құлау бұрышы 80-85°.

Контурлы шпурлар қазба пішіні бойынша жыныстарды бұзу үшін арналған. Оларды қазба периметрі бойынша жобалық қимадан 15 – 20 см аралықта орналастырады. Беріктігі орташа жыныстарда өтілген кезде шпурлардың ұштарын қазбаның жобаланған контурында орналастырады. Сонымен, контурлы шпурларды кенжарға көлбеу бұрышпен орналастырады, көлбеу бұрышы 75-85° болады. Контурлы шпурлардың зарядтары ең соңғы болып аттырылады.

Контурлы шпурлардың арақашықтығы келесі формуламен анықталады

, м.     (3)

Контурлы шпурлардың саны келесі формуламен анықталады

, дана,     (4)

мұнда  Р шпурлардың орналасу периметрі, м.

Көмекші шпурларды кенжарға тік бұрышпен бұрғылайды, врубты және констурлы шпурлардың аралығында біркелкі орналасатырады. Олар негізгі сілемдегі жыныстарды бұзуға арналған, врубты шпурлар атылғаннан кейін атылады.

Көмекші шпурлардың санын келесі формуламен анықтайды

, дана.    (5)

   1.5 АЗ ШЫҒЫНЫН АНЫҚТАУ.

Жалпы АЗ шығыны келесі формуламен анықталады

, кг.      (6)

Шпурлардағы орташа заряд мәні келесі формуламен анықталады

, кг.      (7)

Врубты, көмекші және контурлы шпурлардағы зарядтардың көлемін анықтау үшін орташа заряд көлемін келесі түзету коэффициенттерге көбейту керек — врубты шпурлар үшін 1,2, көмекші және контурлы шпурлар үшін — 0,85-0,9

,     ,    . (8)

Шпурлардағы АЗ патрондарының саны келесі формуламен анықталады

,    ,     , (9)

мұнда  рпатАЗ патронының салмағы, кг. Алынған мән бүтін санға дейін жуықталады.

Нақты врубты, көмекші және контурлы шпурлардағы зарядтардың көлемі келесі формаламен анықталады

, кг    , кг    , кг. (10)

АЗ циклдегі нақты шығыны келесі формуламен анықталады

, кг.   (11)

Циклдегі шыққан жыныстар көлемі келесі формуламен анықталады

, м3,     

(12)

мұнда  η – шпурды қодлану коэффициенті (ШҚК), 4 кестеден жыныстардың беріктігіне байланысты қабылданады.

Кесте 3Шпурды қолдану коэффициенті

Жыныстардың беріктік коэффициенті,

ШҚК,

1,5 – 3

0,95 – 1,0

4 – 6

0,85 – 0,95

7 – 15

0,8 – 0,85

15

0,75 – 0,8

  1.   БҰРҒЫЛАП АТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ПАСПОРТЫН ҚҰРУ.

Есептелген параметрлерге негізделе отыры бұрғылап аттыру жұмыстарының паспорты құрылады, оның құрамына шпурлардың орналасу схемасының үш проекциясы, шпурдағы зарядтың конструкциясы, шпурлардың нөмірі мен атылу ретін, шпурлардың ұзындығы мен құлау бұрышын, шпурдағы заряд көлемін көрсететін кесте. БАЖ паспортының мысалы 1 суретте көрсетілген.

2 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ.

   1. АЗ шартты шығынын әртүрлі формула бойынша анықтаймыз:

      Ең танымалы және кең тараған проф. М.М. Протодьяконов пен проф. П.Я.Тарановтың эмпирикалық формуласымен анықтаймыз:

              ;  =1,5 кг/м3 

               f –проф. М.М. Протодьяконов бойынша қаттылық коэффиценті.

   –кеңіш қимасының ауданы, м2;

   е – жұмысқабілет коэффиценті. -0,4

              =525/270=1,94

   Рэт – динамиттің жұмыс қабілеті 93 % кезінде, проф. М.М.

  Протодьякон бойынша эталондық  АЗ,   

  РЭТ = 525 см3;

  РВВ – Алынатын АЗ жұмыс қабілеті

   K - зарядтың күштік коэффиценті, k = 1,2-1,3.

       АЗ шартты шығыны анықтау үшін проф. Н.М. Покровский формуласын қолданады

                                           , кг/м3,

                                   q=0,1*5*1,6*3,5*0,89=2 кг/м3,

                        q1 = 0,1f=0,1*5=0,5

                         ==1,6

                        ==3,5

                        == 0,89  

  

         мұнда   q1 = 0,1f – қалыпты аттыру шарттарындағы АЗ шығыны;

     f – жыныстардың беріктік коэффициенті;

     f0 – жыныстардың құрылымын ескеретін коэффицент, келесі мәндерге ие   болады: тұтқыр, серпінді және кеуекті - 2,0; дұрыс жатпаған және ұсақ шытынаған - 1,4; тақталы қабатталған, шпур бағытына перпендикулярлы - 1,3; ұсақ қабатты - 0,8;

    v – жыныстардың қысылу коэффициенті, бір ашық беті болғанда ,

         екі ашық беті болғанда v = 1,1-1,5;

    Sвч – қазбаның өтілетін қимасы, м2;

   - АЗ жұмыс қабілеттілігін ескеретін коэффициент;

    АВВ – қабылданған АЗ жұмыс қабілеттілігі, см3, 1 кесте;

- АЗ патронының диамертрін ескеретін коэффициент, диметрі 28, 32,

36, 40 және 45 мм болатын патрондар үшін сәйкес тен 1,14; 1,0; 0,89; 0,8; 0,71.

Егер де кеңішті әлсіз жыныстардың ішінде жүргізгенде, АЗ шартты шығыны Ш.И. Ибраев  формуласы бойынша анықталады:

кг/м3.

           a - кеңішке байланысты болатын коэффицент (a = 0,12 - 0,15 - длятік кеңіштер   

          үшін, a = 0,25 - 0,3 -жатыс кеңіштер үшін);

b - АЗ жұмыс қабілетін сипаттайтын коэффицент.

                              .  

        Атттыру жұмысының келесі параметрлерін анықтау барысында АЗ шартты шығынын максималды мәнін алатын боламыз: q=2 кг/м3.

2. Шпурлардың жалпы санын анықтау:

       3 кестеден шпурдың тереңдігін анықтаймыз lшп = 3 м.

 Шпурлардың жалпы санын (2) формуламен анықтаймыз:

дана

         мұнда  Δ – АЗ патрондағы тығыздығы, кг/м3 (кесте 1);

     - АЗ патрон диаметрі, м;

     - шпурларды толтыру коэффициенті, келесі мәндерге ие болады 0,4-  

        0,5 шпурдың диаметрі 32 и 36 мм болғанда және 0,5-0,65 шпурдың диаметрі 40-  

        45 мм болғанда;

    lз – шпурдағы зарядтың ұзындығы, м;

    k – АЗ оқтаған кездегі тығыздалуы, қарапайым патрондар үшін 1,1 тең және

         кесілген патрондар үшін 1,2 тең.

Шпурлардың нақты саны қабылданған вруб түріне және кенжардағы

шпурлардың орналасу схемасына байланысты қабылдайды.

   Контурлы шпурлардың аралығын (3) формула бойынша анықтаймыз:

м.

Аттыру реті

Электродетона-торлар

Бір кезекте атыла-тын шпурлар дың нөмірі

Шпурлардың тереңдігі, м

Құлау бұрышы, град

Заряд көлемі, кг

Ішкі бітеменің тереңдігі, м

Түрі

Саны

тік

жатық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

I

ЭДМД

2

1-2

1,8

75

0

0,5

0,5

II

ЭДКЗ-25

4

3-6

2,3

90

0

1,0

≥0,5

III

ЭДКЗ-50

5

7-11

2,3

90

0

1,5

≥0,5

IY

ЭДКЗ-75

12

12-24

2,3

85

75-85

1,5

≥0,5

 Врубты шпурлардың санын анықтаймыз:

NBp= 6

 Контурлы шпурлардың санын (4) формула бойынша анықтаймыз:

, дана

        мұндағы Р - кеңіштің периметрі. Есептеу бойынша Р = 12,3 м.

 Көмекші шпурлардың санын (5) формула бойынша анықтаймыз:

дана

3. АЗ көлемін анықтау:

 

  Жыныстарды бұзуға қажетті жалпы АЗ көлемін (6) формуламен анықтаймыз:

,  кг.

сонда шпурлардағы орташа заряд көлемі (7) формула бойынша анықталады және келесі мәнге ие болады:

,  кг.

    Врубты, көмекші және контурлы шпурлардағы зарядтардың көлемін анықтау үшін орташа заряд көлемін келесі түзету коэффициенттерге көбейту керек — врубты шпурлар үшін 1,2, көмекші және контурлы шпурлар үшін — 0,85-0,9

   Врубты, көмекші және контурлы шпурлардағы зарядтардың көлемін (8) формуламен анықтаймыз:

кг,    кг,   кг.

 Шпурдағы патрондар санын (9) формуламен анықтаймыз:

, дана,   

, дана,  

, дана

    Нақты бірінші қатардағы, екінші қатардағы врубты шпурлардың, көмекші шпурлардағы, контурлы шпурлардағы заряд көлемін (10) формула бойынша анықтаймыз:

кг, кг,  кг

    АЗ циклдегі нақты шығыны (11) формуламен анықталады:

кг.

4. АБЖ параметрлерінің қосымша есептеулері:

    Циклдегі жыныстардың шығыны (12) формуласымен анықталады

,

м3.

    АЗ шпурдың 1 м шаққандағы шығынын (13) формуласымен анықталады

                                  кг/м.                              (13)

 Шпурометрлердің циклдық есептеулері:

=3,2*6+3(27+23)=169,2 м  

lвр=lшп+0,2=3+0,2=3,2 м

   1м кеңішке кетеін шпурометрлердің және электрдетонаторлардың жалпы шығыны:

=169,2/2,76=61

              =40/2,76=20,3   

 lц=lшп*ɳ=3*0,92=2,76                    Nэд=N/е=56/1,407=40

Кесте 5 – Бұрғылап аттыру жұмыстарының көрсеткіштері

Атауы

Өлш. бірлігі

Саны

АЗ меншікті шығыны

кг/м3

2

Циклға кеткен аммонит Т-19 шығыны

кг

93

1м шпурға кеткен аммонит Т-19 шығыны

кг/м

0,755

Шпурды қолдану коэффициенті

-

0,92

Циклға кететін электрлідетонаторлар саны

дана

61

Тау массасының көлемі

м3

37,5

Сурет 1 – БАЖ паспортының үлгісі

ҚОРЫТЫНДЫ.

      Бұл курсық жұмыста бұрғылап аттыру жұмыстарының негізгі параметрлерін анықтай отырып, жатық және көлбеу қазбаларды өткен кездегі аттыру жұмыстарын жобаладық. Алдымен, жыныс түрі - аллевралит болғандықтан, ұсынылған өндірістік атылғыш заттар тізімінен шахтаның газдылық режимін, жыныстардың беріктігі мен сулылығын ескеріп, атылғыш затты «Аммониттер АП-5ЖВ» таңдадық. Содан, шартты шығынына бірнеше есептеулерді жүргізудің нәтижесінде, оның шартты шығыны максималды q=2 кг/м3 мәнін алдық. Шпурлардың тереңдігі lшп=3м. Келесі, жалпы санын N=56 анықтай отырып, циклдегі жыныстардың жалпы шығынын V=37.5 м3 есептедік. Есептелген параметрлерге негізделе отырып, БАЖ паспортын құрдық. Оның құрамына шпурлардың орналасу схемасының 3 проекциясы, шпурлардың ұзындығы мен құлау бұрышы, шпурлардағы зарядтардың конструкциясы, шпурлардың нөмірі, атылу реті мен шпурлардағы заряд көлемі корсетілген.

      Сонымен, бұл курстық жұмыста, біз қазіргі бұрғылап аттыру жұмыстарының жер астында жүргізу жолдары мен негізгі техникалық -экономикалық көрсеткіштерммен таныса отырып, БАЖ паспортын құруды үйрендік.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1. Перечень взрывчатых метериалов, оборудовании и приборов взрывного дела,  

   допущенных к постоянному применению в Российской Федерации. М.:   

   МГГУ,  1997. – 64 с.

2. Кутузов Б.Н. Разрушение горных пород взрывом. Учебник. – М.: МГГУ,

   2006. – 345 с.

3. Мангуш С.К. Взрывные работы при проведении подземных горных  

   выработок:  Учебное пособие. – 2-е изд., стер. – М.: МГГУ, 2005. – 120 с.

   




1. го В этот раз 29 человек из наших родственников друзей хороших знакомых друзей наших знакомых а
2. Subject of tx lw Крохина Юлия Александровна директор Государственного научноисследовательского института си
3. Философские проблемы взаимодействия природы и общества
4. Тема- Целеполагание в инновационном менеджменте Работу выполнили- студе
5. Лабораторная работа 1 ИЗМЕРЕНИЕ ПОРОГОВ ЧУВСТВИТЕЛЬНОСТИ ОПЫТ 2 Определение разностного порога му
6. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук Харкі
7. і Об~ективно-в 75 зубі глибока каріозна порожнина яка локалізуеться на медіальній поверхні
8.  ОСОБЕННОСТИ НАУЧНОГО ПОЗНАНИЯ И ЕГО РОЛЬ В СОВРЕМЕННОЙ ЦИВИЛИЗАЦИИ Наука в техногенном мире Глобальны
9. Кировский сельский строительный комбинат фирменное наименование ~ ОАО Кировский ССК.
10. Тюменский кампус
11. 2014 гг Цели и задачи Первенство Коломенского муниципального района по хоккею с шайбой сред
12. а Уравнение Бернулли формула Уравнение Бернулли для струйки идеальной жидкости Геом
13. Вариант 3 Тест 1
14. Если вы смотрите это видео значит мы отказались играть сегодня
15. на тему- ldquo;Комп~ютерна вірусологія- криміналістична класифікаціяrdquo; Створення та обробка інформації.html
16. mcyscom 49 30 р к вещам до 5 долл
17. Основные аспекты аудита персонала
18. задание по курсу МУЛЬТИМЕДИАТЕХНОЛОГИЯ Преподаватель Калинин Б
19. тема стандартизації мета і основні принципи
20. реферату- Плаваючі та фіксовані валютні курсиРозділ- Економічні теми Плаваючі та фіксовані валютні курси.html