У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Ер Ж~нібек ескерткішіні~ ашылуында Т

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 28.12.2024

2009 жылы 22-23 қыркүйек күні ШҚО Жарма ауданында Ер Жәнібек батырға арналған ескерткіш ашылып, Өскемен қаласында халықаралық конференция болып өтті.

Ер Жәнібек ескерткішінің ашылуында Т.Мамащевтің сөйлеген сөзі.

Ер Жәнібек – елдіктің рухани бірлігі

Абылай хан дәуіріндегі атақты батырларымыздың бірі және бірегейі. Кешегі күні толарсақтан қан кешіп, елі мен жері үшін күрескен батыр бабамыз міне бүгін халқымен қайта қауышып отыр.

Елге пана жерге пана орманым, Ер Жәнібек, Ер Жәнібек қорғаным.

Қара қалқан ақ найзаның күшімен, Қасиетті қазақ жерін қорғадың. – дегендей батырдың батырлығын әйгілейтін белгінің бірі оның қан майданға шығып жекпе-жекте жеңіс алуы болса, тарихта сондай баһадүрлерге халқы немесе ханы ту ұстатып, қол бастатып отырған. Туды ұстату халық алдында ел мен жердің тағдырын сол батырға сеніп тапсыру деген сөз. Әне сондай туды Абылай өз қолымен Жәнібекке ұсынған ғой.

Өздеріңіздің кешегі өткен конференцияда айтып өткендеріңіздей Ер Жәнібек туралы сөз қозғайтын кітаптар, алтын аңыздар, өлең-жырлар аз емес.

Айталық Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жағынан 2007 жылы жарық көрген Ақыт Үлімжіұлының «Жиһаншах» атты кітабында «Ер Жәнібек» атты дастан бар. Бұл дастанда Ер Жәнібектің ерлігі, Абылай қосынында болғаны, батырға Абылайдың ақ туды сеніп тапсырғаны сөз болады.

Абылай жарлық шашты батыр төрең, Жиылды төңірегіне көп пен көлем.

Үш жүздің атқа қонды бар саңлағы, Белгісіз тынатыны арты немен.

Жәнекең көк дөненді мініп алды, Сауыт-сайман құралын іліп алды.

Сауыт киіп, сайланып, жарақтанып, Сыртына түгі шығып айбаттанды. – деген жолдардағы сурет жас батыр Жәнібектің тұлғасын әйгілеп тұрғандай.

Демек, осының бәрінен Ер Жәнібектің бүкіл қазаққа ортақ батыр ғана емес, шетел асып кеткен қандастарымыздың да рухани тұлғасы екенін байқаймыз. 1992 жылы өткізілген дүниежүзі қазақтарының 1 құрылтайында ел басымыз шетелдегі ағайынды отанға оралуға шақырған еді. Содан бері қарай алыс-жақыннан бір миллионға жақын қандасымыз тарихи отаны – Қазақстанға оралды. Ер Жәнібек сынды ерлеріміздің рухын көтерудің қазақтың бірлігі мен ұрпақтарымыздың ұлағатты болуына қосатын үлесінің мол екенін ескере отырып өзін Ер Жәнібек ұрпағымыз деп санайтын қытайдағы және монғолиядағы ағайындардың отанына оралуына батыр рухы арқылы одан ары жол аша түсеміз деп ойлаймыз. Жақында ғана Қытайдың Үрімжі, Ақсай, Мори, Алтай өңірлерінде болып қайттым. Сондағы байқағаным Қытайдағы қандастарымыздың Ер Жәнібек сынды қазақтың батырларына деген айрықша құрметі мен атажұртта есімі ұлықталып жатқан нар тұлғаларымызды рухани тірек көретін ұлтшылдық, отаншылдық сезімін өз көзіммен көріп, ет құлағыммен естідім. Осы шараға келе алмаса да елеңдей құлақ түріп отырған алыстағы сол ағайынның бүгінгі асқа қолдау білдіріп бізге – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына жолдап жатқан хаттары мен телеграммарын сол сөзіміздің дәлелі ретінде айтар едім.

Осы орайда халқымыздың рухани қазынасына жанашыр бола білген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мырзаға, осы кесененің бой көтеруіне еңбек еткен халқымыздың алтын асықтай ұлдарына, батыр рухын ардақтап отырған жармалық ағайындарға, қадірменді ағаларымыз – сексеннің сеңгіріне шықсада атамыздың асына келіп, батыр рухын көтеруге үн қосып отырған Әзілхан Нұршайықов, Тұрсынбек Кәкішев бастаған ақсаларымызға да көп-көп рахмет айтамын.

Тас түскен жеріне ауыр демекші Ер Жәнібек есімі тарихи кітаптар мен оқулықтарға ғана кіріп қалмай, аудан, ауыл аттарын иелегені де құба-құп болар еді. Бүгінгі іс-шараға мұрындық болып, осы алып ескерткіштің тұсауын өз қолымен кесіп отырған, қазақтың мәдениет жанашыры Сапарбаев Бердібек мырза бұл істі аяқсыз қалдырмайды деп ойлаймыз.

Әр ауыл әр ру өзінің батырын түгендеп ескерткіштен-ескерткіш, мешіттен мешіт салып жөнді-жөнсіз ас пен той көбейіп жатқан бүгінгі таңда Ер Жәнібекті «керейлердің батыры» деп ғайбаттаушылар да табылуы әбден мүмкін. Шын мәнінде Жәнібек жалғыз керейдікі емес, жалыз Шығыс Қазақстан облысынікі емес бүкіл қазақтың мақтанышы. Қазақтың маңдайға біткен баһадүрлерінің бірі. Ұлттық рухымызды нығайтып, елдіктің ұйтқысын қалыптастыратын айбынды тұлғамыз. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырын бекемдеп, елді бірлікке шақырудың, ұрпақты батырлыққа, отаншылдыққа баулудың тамаша өнегесі. Кешегі күні ел бастаған серкелер Абылай хан төңірегіне қалай топтасып елі мен жері үшін еңбек еткен болса бүгінгі біздердің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевті қолдап, қазақтың бір ауыздылығын сақтап, қазақстанның нүрлы болашағын бірге жасауымыз үшін де Ер Жәнібектей батырларымыздың рухы ауадай қажет деп білемін.

Егемендігіміздің іргесі бекем болып, ел ардақтайтын батырларымыз көбейе берсін, ағайын. Аллатағала қазақ халқының бақытын баянды қылсын! Бәрімізді Ер Жәнібек бабамыздың рухы қолдап жүрсін! 




1. Тема 1 Введение в массаж Требования к кабинету Кабинет должен иметь площадь не менее 12 м2 если в нем рабо
2. Лабораторная работа 1 по дисциплине- ЭВМ и Периферийные Устройства Выполнил- сту
3. методическое пособие АКТ РЕВИЗИИ оф
4. точки безубыточности
5. рефератов института КИМО www
6. МОДУЛЬ МЕДИЦИНСКОГО ПРАВА И ОСНОВЫ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА В ЗДРАВООХРАНЕНИИ СИЛЛАБУС
7. Николай Степанович Гумилев (1886 1921)
8. Тема 100 Законодательная власть в России представлена системой судов РФ; Советом Федерации и Госуда
9. Тема заняття- Організація виконання бюджету Мета заняття- Напрацювання механізмів та набуття навичок ст
10. Нитевидные сосочки языка окраска гематоксилин эозин Здесь в поле зрения верхняя поверхность язык
11. Модуль 2 Cимптомы и синдромы при заболеваниях внутренних органов Вариант 9 1
12. Что такое прилагательное А
13. Вопросы к экзамену по экономике
14. МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ по выполнению выпускных квалификационных работ ВКР студентами очного оч
15. ~атынасын шаруашылы~ нысандарыны~ т~ра~ты ж~мыс істеу ~дістерін таби~и ж~не техногендік сипатта~ы т~тенш1
16. По теме- Этика и психология делового общения
17. х годов прежде всего крестьянская судебная и реформа полиции не могли не отразиться на уголовном законодат
18. Реакции фенолов.html
19. Контрольная работа- Государство как субъект международного частного права
20. Контрольная работа пишется от руки в 18листовой тетради возможно печатное оформление на листах формата А4