Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Аспанмен таласқан Алтай сұлулығын тілмен жеткізу қиын. Онда да біртіндеп демалыс аймақтарын салу қажет. Осы Алтайдан бастауын алған Күршім, Катун, Үлбі, Ұба, Бұқтырма, Қара Ертіс, т.б. көптеген тау өзендерінің алқаптары қандай ғажап! Бұқтырма мен Қара Ертіс Алтай тау сілемдерінен жөңкіле құлап етектегі Зайсанға кеп қосылғанда ғажап үлкен дарияға айналып Солтүстіктегі мұзды мұхитқа асығады. Мыңдаған жылдар бойына осы көрініс қайталанып жатса да Табиғат-ананың аялы алақанына әркім де ынтызар. Суы тұщы, әсем де мөлдір Зайсан. Ұзындығы 100 шақырымдай, ені 30 шақырымға жетеді, ал жалпы ауданы 1800 шаршы километр. Көлге Тарбағатайдан кіші өзендер, Алтайдан Қара Ертіс, Қалбадан Көкпекті өзендері құяды. Көлден сазан, бекіре, аққайран, шортан, т.б. балық түрлері ауланады. Осы Зайсан көлін әсіресе, жазғы кезде демалысқа қалай пайдаланып жүрміз? Бұл орайда не облыстық әкімдіктің, не Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті аудандарының нақты жобалары жоқ. Тек, Тарбағатайда Айбек Кәрімов деген азамат әкім болып тұрғанда шағын демалыс орнын ашқызып еді, ол әкім ауысып кеткенде демалыс орны жабылып қалды. Облыста көлдің айналасын көріктендіргеннен гөрі нарыққа бейімделіп көл байлығы балығын ысырапсыз аулауға жол берілген. Зайсаннан жыл сайын қанша тонна балық ауланады, оның ішінде браконьерлер үлесі қандай, бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ал, Өскемен мен Семейге базарларға барсаңыз Зайсан балығы сөрелерде сіресіп тұр. Балық аулау жайы осылай кете берсе болашақ ұрпақтарымыз Зайсан түбінен балдырлар ғана ала ма?Шілікті мен Үржарда табылған археологиялық жаңалықтарымыз көпшіліктің көзайымына қашан айналады? Ақсуат, Тарбағатай, Көкпекті, Зайсан, Күршім, Марқакөл өңірлерінде де саяхатшылар мен туристерге көрсететін жәдігерлер және мәдениет ескерткіштері баршылық емес пе, мұндай орындар реестрі әлдеқашан облыстық мәдениет басқармасында әкім (Ж.Кәрібжанов тұсында) жасалғанынан хабардармыз.
Көкпекті мен Жарма ауданы шекарасында Кеңес дәуірінде қолмен жасалған Шар су қоймасы бар. Жалпы, Жарма өңірі емдік қасиеті мол табиғи көлдер мен көлшіктерге өте бай аймақ. Оның кейбірін жергілікті іскер жігіттер тиімді пайдалана да бастаған. Оған дәлел Қалбатаудан 19 шақырымдағы Аманжол Дауытовтың демалыс аймағы.