У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~мірбаян. ~мірбаян ~ жеке адамны~ ~мір жолын хронологиялы~ т~ртіппе~ ~ыс~аша к~рсететі~ ресми ~~жат

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

1) Өмірбаян. Өмірбаян – жеке адамның өмір жолын хронологиялық тәртіппең қысқаша көрсететің ресми құжат.// Мен, Исатаев Айдын Нурланұлы, 1991 жылы 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Семей ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1998-2009 жылдар аралығында Семей ауданындағы 7-ші орта мектеп-лицейінде оқыдым. 2009 жылы Алматы энергетика және байланыс университетінің жылу энергетика факультетіне оқуға түстім. Қазір автоматизация және басқару бакалавриатының 2-ші курс студентімін. /Отбасымда 4 адам: әкем, шешем, және інім. /Қосымша мәліметтер: компьютерде Word, Excel, C++, Internet программалармен жұмыс істей аламын. Ағылшын және орыс тілдерін жақсы меңгергенмін.

2) Түйіндеме (резюме). Қазақстан Республикасы Алматы қаласы/ Шашкин көшесі, 3 жатақхана, 411 бөлме; Исатаев Айдын Нурланұлы. Туған жылы: / 16.04.1991 ж.; Ұлты: / қазақ; Жынысы: / ер адам; Отбасы жағдайы: / үйленбеген; Азаматтығы: / Қазақстан Республикасы; Білімі: / толық орташа 1998-2009 Семей 7 орта мектеп-лицейі; Кәсіби тәжірибесі: / жоқ; Тілдік дағдылары: / орыс тілі – еркін, ағылшын – орташа; Компьютерлік сауаттылығы: /Windows XP, Microsoft office, internet, AutoCad.

3) Функционалдық стильдер. Тіл қоғамдағы түрлі қарым-қатынасты жүзеге асырудың құралы ретінде қызмет етеді де, белгілі бір салаға бейімделеді. Әдетте қоғамдағы мұндай саланың бес түрі бар.

-ғылым, білім, оқу-ағарту саласы –ғылыми стиль; -құқықтық сала, заңнама т.б. – ресми стиль; -көркем өнер саласы – көркем әдебиет стилі;  -қоғамдық саяси сала – публицистикалық стиль; -тұрмыстық қатынас саласы – сөйлеу тілі стилі. /Адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың түрі көп болғанмен, негізмен олар екі үлкен салаға бөлінеді: а)қарым-қатынастың бейресми түрі; б)қарым-қатынастың ресми түрі. Қазіргі тіл білімінде бұл функционалдық стиль деген жалпы атпен аталады. Функционалдық сөзі стильдердің қай салада қандай мақсатпен жұмсалатындығын білдіреді. Функционалдық стильдердің негізі белгілерінің бірі олардың әрқайсысына тән, жылдар бойы қалыптасу, даму нәтижесінде пайда болған дайын тілдік бірліктердің, стандарттардың болуы.

4) Тілдік норма. Тілдік норма тілдің барлық стильдік тармақтарына бірдей және міндетті. Тілдік норма – тілдің өзі ұсынған тәртіп. Яғни тілдің дұрыс айтылу, дұрыс жазылу, дұрыс қолданылу нормалары болады. Бүгінгі тіл мәдениеті – айтуда да, жазуда да дұрыстықтың, сауаттылықтың, жүйеліліктің, қолайлылықтың болуы. «Тіл мәдениетінің өзегі – норма тіралы ұғым» дейді академик Сыздыкова. Тілдік норманың қалыптасып, даму процесінде қоғамның әлеуметтік, саяси өмірі, яғни экстралингвистикалық факторлар үлкен рөл атқарады.

5) Іс қағаздар стиліндегі стандарт тілдік бірліктер. Стандарт тілдік бірліктерді ақпараттық қажетілік сипаты бар коммуникативтік мақсатқа сай қолданылатын дайын тілдік формула ретінде тануға болады. Оның ұтымды жағы: а)қолданысқа дайын; б)үнемді в)үйреншікті / Стандарт тілдік бірліктер іс қағаздары тілін барынша анық, дәл түсінуге, мәтін мазмұның ашуға, тез қабылдауға қажетті шарттардың бірі. /Іс қағаздар тіліндегі стандарт сөздерге ең алдымен іс қағаздарының атаулары жатады: анықтама, аңдатпа, куәлік, бұйрық, өмірбаян, хат, сенімхат, қолхат, хабарлама, акт шарт т.б. /Іс қағаздарының бірқатары мәтінің белгілі бөлігі алдын-ала дайындалып, тек қажетті бқлігі ғана толтырылатын сипатта болады. Мысалы: аты-жәні, ұлты, азаматтығы, мекенжайы т.б.

6) Бұйрық (приказ). Бұйрық – кәсіпорындағы ең маңызды және кең тараған құжаттардың бірі. Бұйрық – кәсіпорын басшысы қандай да болмасын (өндірістік немесе кадр мәселеіне байланысты) бір міндеттерді шешу үшін шығаратын нормативтік құжат. Бұйрық кәсіпорынды немесе оның құрылымдық бөлімнесін құру, жою, қайта құру; Бұйырамын: / Мына стіденттер институттан шығарылсын: /1Семенов В.В./2Казеев Л.М./ Алматы энергетика және байланыс институтының сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультетінің деканы //М.М. Аршидинов/хатшы//З.Садырова

7) Өтініш (просьба, заявление). Өтініш – белгілі бір жағдайда азаматтың өзінің заңды жеке құқықтарын жүзеге асыруды өтініп жазатын ресми құжат. /АЭжБИ ректоры, проф. Ғ.Ж.Дәукеевке қазақ тілі кафедрасының аға оқытішысы Д.М.Арыстанғалиевадан/ӨТІНІШ/ мені 2010 жылдың 10 шілдесінен бастап техника бөлімінің директоры қызметіне қабылдауыңызды сұраймын. Екі жоғары білімін бар. Еңбек өтілім 5 жыл./Қажетті өтінішке тіркелген./С.Жанботаев/29желтоқсан 2010ж./// ӨТІНІШ/2009 жылғы шілде айының 5-інен бастап  осы жылғы кезекті еңбек демалысына шығуыма рұқсат етуіңізді сұраймын./ Д.Арыстанғалиева /2009 жыл, маусымның 5-і///Жатақхана Менің басқа қаладан болуыма байланысты маған АЭжБУ №3 жатақханадан бір орын беруіңізді өтінемін./еспаев Д.М./ Өзім туралы қосымша мәлімет жағымсыз әрекеттер жасамаймын.\\\\ Басқа оқу жері  АЭЖБУ  ректоры, проф. Ғ.Ж. Дәукеевке ҚазҰТУ университетінің Д.М. Еспаевтан/  Өтініш/  Мені жылуэнергетика факультетінің БАУ-10-4 тобына қабылдауға өтінемін. 1 курсты Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Автоматтандыру мамандығында оқыдым. Еспаев Д.М. /Семестр ұзарту АЭЖБУ  ректоры, проф. Ғ.Ж. Дәукеевке БАУ-10-4 тобының студентысы  Д.М. Еспаевтан Өтініш  Ден саулығыма байланысты семестрді ұзартуға өтінемін. Еспаев Д.М.

8) Шақырухат. Шақырухат клиенттерді, қызметкерлерді, басқа кәсіпорын басшыларын немесе қызметкерлерін кеңестерге, салтанатты жиналыстарға, көрмелерге, тұсаукесер және т.б. шараларға шақыру мақсатымен жазылады.// Құрметті Асан Қайратұлы!/Сізді біздің фирмамыздың 10 жылдығына арналған салтанатты кешке шақырамыз. Кеш 31 желтоқсанда сағат 17-де «Рахат палас» қонақ үйінің холында өтеді./ «Нүр» фирмасының директоры  Исатаев А.Н.

9) Алғыс хат. Алматы энергетика және байланыс институтының орыс және қазақ тілдері кафедрасының аға оқытушысы М.Қ.Нұрмахановаға/Құрметті Маржан Қалжанқызы! / «DUCAT» компаниясы, Алматы энерегетика және байланыс институты және Алматы қаласының Әкімі жанындағы білім, ғылым және мәдениет комитеті Сізге «Қазақстан телекоммуникациясының болашағы» жобасын жүзеге асыруда және Алматы қаласында Республикалық телекоммуникациялық олимпиаданы өткізуде көрсеткен баға жеткісіз көмегіңіз үшін шың жүректен алғысын білдіреді.

10) Шешендік өнер

 Риторика сөзі грек тілінен келген. Оның синонимдері ретінде латын тіліндегі айтылуы шешендік өнер (ораторское искусство), ал орыс тілінде ділмарлық (красноречие) болып табылады. Риторика – сендіру өнері. Шешендік өнер өзінің көпжылдық даму тарихында қоғам өмірінің әртүрлі аясында (рухани, идеологиялық, әлеуметтік-саяси) пайдаланылды. Шешендік өнердің түрлерін былайша топтастыруға болады:

Әлеуметтік-саяси: әлеуметтік-саяси және саяси-экономикалық тақырыптағы баяндамалар, есеп беру баяндамасы, саясат тілі (политическая речь), саяси шолу, митингтегі сөз, үгітші сөзі; Академиялық – ЖОО-дағы лекция, ғылыми баяндама, ғылыми шолу, ғылыми хабарлама; Сот кезіндегі ділмарлық (судебное красноречие) – прокурордың (айыптау) сөзі, қоғамдық айыптаушылардың сөзі, адвокаттың (қорғайтын) сөзі, айыпталушының өзін қорғап сөйлеген сөзі; Әлеуметтік-саяси – мерейтойдағы сөз, стөл үстіндегі сөз (тост), еске алу кезіндегі сөз (поминальное надгробное) сөз; Діни бағыттағы ділмарлық – уағыз айту (проповедь); Әскери ділмарлық – бұйрық беру, нұсқау беру, әскери-саяси тақырыпта сөйлеу, шабыттандыратын сөз (воодущевляющая речь); Саудадағы ділмарлық – жарнамалау; Диалог кезіндегі ділмарлық – айтыс-тартыс (спор), айтыс, пікірталас (диспут), пікірсайыс (дискуссия), әңгіме, іскерллік жиналыс, сұхбат, баспасөз конференциясы, іскерлік ойын, «дөңгелек стөл», сұрақ-жауап кеші.

      Шешендік өнердің машығына (навыкам) төмендегілер жатады: *әдебиеттерді іріктеу, * іріктелген әдебиеттерді оқып білу, * жоспар құру, * сөйлейтін сөзінің мәтінін жазу, * аудитория алдында өзін-өзі ұстау (самообладания); * уақытты бағдарлау (ориентация во времени).

    Келтірілген дағдылар қалыптасқаннан кейін көпшілік алдында сөйлейтін шешеннің бойында ептілік, шеберлік сияқты қасиеттер пайда болады. Ділмар төмендегі нәрселерді істей білуі керек: * сөйлейтін сөзін өздігінен дайындау, * материалды жеткізе, сендіре баяндау (доходчиво, убедительно), * тыңдаушылар сұрағына жауап беру, * аудиториямен байланыс орнату, * техникалық құралдар мен көрнекі құралдарды пайдалану т.б.

    Сөйлеген сөздің құрылымы бәрінен бұрын метериалды жеткізу әдісіне байланысты. Олар:

    Индуктивті әдіс – материалды жалқыдан жалпыға қарай баяндау. Дедуктивті әдіс – материалды жалпыдан жалқыға қарай баяндау. Аналогия әдісі – әртүрлі құбылыстар, жағдайлар, деректерді салыстыру. Шоғырландыру әдісі – материалды негізгі мәселенің төңірегінде жайғастыру. Сатылы әдіс – бір мәселені бірінен кейін бірін ретімен баяндау. Тарихи әдіс – материалды уақыт ағысымен хронологиялық тәртіпте баяндау.

11) Монолог. Монолог – бір кісінің сөзі. Онда бір тақырыпты айтын беру мақсаты көзделеді, адамның ойы, пікірі, психология ішкі толғанысы, саяси, - бәрі анық байқалады. Белгілі тақырыпқа көпшілік алдында жасалған лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог күрделі ойға құрылады, әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.

Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. Тындаушылар алдында өзін-өзі ұстай алмаған адамның сөзі де өтімді болмайды. Сондықтан мінбеде ұстамды болу, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты ғалантардың бірі.

Аудиторияда ұстамдылықтың қамы ерте бастан жүргізілетін даярлық. Даярлықсыз сөйлеген кісінде батылдық, өзіне сенім болмайды. Сөйлеуге алдын-ала дайындалған кісі, не айтатының, қалай айтатының, тілдік амалтәсілдерді қалай пайдалатынын жоспарлап алған адам ғана өзін-өзі еркін ұстап, тыңдаушыларын өзіне тарта алады.

12) Техникалық сипаттама. «техникалық сипаттама» тақырыбына арналған сұрақ-жауаптармен танысыңыздар, рөлге бөліп оқыныздар./-Техникалық сипаттама деген не? /-Техникалық сипаттама дегеніміз агрегат, машина, станоктардың қысқаша немесе кеңінен берілген сипаттамасы./-Инженер техникада қолданылатын агрегаттарға, машиналарға, станоктарға техникалық сипаттама беруге үйренуі керек не?/-Иә. Инженер техникалық сипаттама беруге үйренуі керек./-Инженер не үшін техникалық сипаттамаларды білуі керек?/-Қолданылатын техниканың күш-қуатын ұтымды пайдалану үшін инженер техникалық сипаттаманы білуі керек./// Техникалық сипаттама Модель: ACER R300/ Процессор(үдіріс) Core i11/ Бейне карта 1 гб/ Шұғыл жады 2гб/Қатқыл диск 120гб/Монитор 19дюйм

13) Презентация. Қазіргі уақытта көпшілік алдында сөйлеудің презентация деп аталатын формасы бөлініп шықты. Презентацияның екі ерекше айырмашылығын айтуға болады: * көрнекі құралдардың кеңінен қолданылуы; * презентация көбінесе бірнеше адамның бірлескен әрекетінің нәтижесі.

    Өнеркәсіп пен сауда-саттық жаңа немесе әлеуетті клиентке бағытталған жағдайда көпшілік алдында сөйлеудің осы түрі басым рөл атқарады.

    Осыған қарамастан, көпшілік алдында сөйлеудің басқа формалары бойынша сөзіңіз ұтымды болу үшін белгілі бір ұстанымдарды (принципы) қолдануға тура келеді. Оған мыналарды жатқызуға болады: сөйлеудің анықтығы, қарапайымдығы, қабылдауға жеңілдігі, қысқалығы, орындылығы, табиғилығы. Сондай-ақ шешеннің бойында сергектік, белсенділік, ынталылық, жігерлілік, күш-қуат, жарқырап көріну мен жандандырып жіберетін қасиеттер болуы шарт.

    Презентация тыңдаушыларын қызықтыруы үшін алдымен жоспар құрылады. Кез келген презентация өзін таныстырудан басталады. Баяндаманың тезисі әзірленеді. Адамның не айтатыны емес, қалай айтатыны маңызды. Мәселенің түп төркінін тыңдаушылар дұрыс түсіну үшін басты идеяларды бірнеше рет қайталау керек. Слайдтар айтылатын әңгіменің әшекейлері (иллюстрация) ғана. Қызықты презентация бәрінен бұрын әңгімені қызықты етіп жеткізу, бет-әлпет пен интонацияның үйлесімділігі. Әңгіменің арасында аздаған әзіл қосқан да артық болмайды. Тыңдаушылар соңғы шешімдерін презентацияның соңында қабылдайтындықтан, оның ұтымды аяқталуын ойластырған жөн. Яғни негізгі мәселелерді естеріне түсіріп, оң шешім қабылдауларына ықпал ету керек.

    Презентация кезінде бұлардан басқа киім кию мәдениеті де, жүріс-тұрысы да (поза), сөйлеу мәдениеті де ескеріледі.

14) Телефонмен сөйлесу этикасы. Телефомен сөйлесудің мынадай артықшылықтары бар:/-шұғыл екіжақты байланыс;/-уақыттан ұту;/-еңбек және қаржы шығындарың үнемдеу;/-байланыстың үзілмеуі т.б./ Телефонмен сөйлесудің бірқатар этикалық талаптары болады, олардың кейбіреуі мыналар:/-іскерлік әңгімелер қызметтік телефон арқылы жүргізіледі;/-әңгімелесушілер өздерін таныстырады;/-пәтерге сағат 22-дең кейін және 9-даң ерте телефон соғу этикетті бұзғандық болып саналады;/-әңгімені басталған адам аяқтауы керек./ Телефонмен сөйлесудің мыңадай мақсаттары болуы мүмкін:/Ақпарат алмасу, мәлімет жинау, кездесу туралы келісу, тапсырыс беру, құттықтау, этикеттік сипаттағы қатынастарды жоғалтпау т.б.

15) Іскерлік хат жазысу. Хат – қарым-қатынасқа пайдаланылатын құжаттардың бірі. Әр жағдайяттарға орай хаттар жазылады. Демек, мазмұны, мақсаты, қалпы дайынан хаттың бірнеше түрі болады./ Іскерлік хат жазысу – іскерлік этикеттің маңызды бөлігі боп табылады. Іскерлік хаттарды жазудың жалпы ережелері болады, бірақ қажет жерінде ол хат жазушының творчестволық қабілетіне де байланысты болады./ Хатқа қойылатын басты талаптардың бірі – оның ұзақ болмауы. Жіберген хатыңызды оқысын десеңіз, оның көлемің 1-1,5 беттен асырмаңыз. Іскерлік хатта түсініксіз сөздерді қолданбау – оған қойылатын үшінші талап. Сол сияқты іскерлік хаттарда стильді тым «түрлу-түсті» етіп жіберетін басы артық сын есімдер қолданылмағаны жөн.

-16) Ілеспе хат Ілеспе хат – адрес иесіне хатпен бірге құжаттар немесе тұрмыстық құндылықтардың жіберілгендігі туралы хабарлайтын құжат.
Ілеспе хат бірге жіберілген құжаттың мақсатын немесе не істеу керек екендігін түсіндіру қажет болған жағдайда жазылады.

17) Хабарламахат. Хабарламахат қызметтік хаттардың бір түрі. Ол қандай да бір жағдайды хабарлау үшін немесе қандай да бір міндеттердің орындалмағаның өскерту үшін жіберіледі.//Хабарлама хат/2010 жылдың 31 тамызындағы жасалған келісімшарт бойынша./Сіз қызыңыз Аймаң Кеңесбаеваның оқуы үшін жыл сайын әр семестрдің аяғына дейін 240000 теңге төлеуге міндеттеңген болатынсыз./2010-2011 оқу жылындағы і семестрдің төлемақысы келісімде көрсетілген мерзімде төленбгендіктен, қызыңыз Айман Кеңесбаева қысқы сессияға жіберілмейді./ 1 ай мерзім ішінде оқу төлемақысы төленбесе, қызыңыз Айман Кеңесбаеваның оқудан шығарылатынын мәлімдейміз.///КОммун Құрметті Есенова Ш.К./Сіздің 7253тг коммуналдық қызметке қарызыңыз бар екенің хабарлаймыз. 01.01.12 жылға дейін төлеуіңізді сұраймыз. АО «Ақбұлақ»

18) Жарнама. Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі бір шарты – жарнама мәтіндері тілінің көркемдік әсерін мейлінше жақсарту. Бұл іс жарнама ұйымдастыру мәселесін дұрыс жолға қоюмен қатар жүруі тиіс. /Нарық экономикасы мен өндіріс түрлерінің дамуы нәтижесінде жарнаманың жаңа түрлері мен формалары пайда болуда./ Жарнамалық стиль «көпқабатты». Мұнда публицистикалық, ғылыми, кейде сөйлеу және іс қағаздар стилі де кездеседі. Мамандарға арналған жарнамалар ғылыми немесе іс қағаздар стилінде, ал халық шаруашылығы тауарларын жарнамалағандағы мәтін сөйлеу стилінде құрастырылады. Жарнама тілінің басты  ерекшелігі – әдеби тілді ерекше жағдайлардағы нақты мәселелерді шешу құралы ретінде қолдану./ Жарнама арқылы тұтынушылардың сол тауарларға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздерді талғап, орынды жұмсау керек.///

Қазақ сусындары» сусыны арнайы өңделген айраннан дайындалады. Біздің «Бидай көже» сусынымыз 2005 жылғы 7-ші Халықаралық Көрме Бірлестігі Қазақстан республикасының өндірушілерінің арасында ең жақсы деп аталатын бас жүлде «Гран-При» алды. Табиғи өскен бидайдан адамның ағзасына қажетті дәрумендерді алуға болады. Олар В, С және Е дәрумендер тобына және ферменттер мен микроэлементтерге бай. Зат алмасуға, иммунитетті көтеруге, жүйке жүйесін және тістерді қатайтуға жәрдемдеседі.  Қысымды қалыптастыруға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар арықтауға да көмектеседі.///Ұялы телефон Жаңа,жіңішке,күшті. Бес МгПиксель камерасы,автоматтық от алу,16Гб-қа дейін жады,GPS,WIFi және басқа мүмкіншілігіде бар.Сенбейсіңізбе? Нокиа Е5 сатып алып көріңіз.

19)Диалог Диалог өзара қарым-қатынас негізінде ілікпе сөз арқылы жүзеге асатын үдеріс. Бұлай сөз алмасу ретті түрде белгілі бір ережелер арқылы, тіпті заңмен де белгіленеді.

    Диалог жүргізудің жалпы ережелері мынадай: сұраққа жауап беру, бұйрық берілсе оған іспен немесе сөзбен жауап қайтару. Ал баяндау әңгімелесу жолымен жауап қайтаруды немесе ықыласты тыңдаушы болуды талап етеді. Диалогтың басқа да барлық ережелері бойынша жалпы және белгілі бір қызмет аясында, жеке басқару аясында қолданылатын арнайы тілдік этикет қалыптасқан.

    Диалог тұрмыстық және іскерлік деп екіге бөлінеді. Қарапайым диалог пен іскерлік диалогтың әлеуметтік жағынан, болжамдылығы (предсказуемость), мақсаты, тақырыбы, құрылысы, сөз саптауы (стилі) бойынша айтарлықтай айырмашылықтары бар.Тұрмыстық диалогтың өз ерекшеліктері бар. Оның тақырыбы және мақсаты әртүрлі: бір нәрсе жөнінде сұрау, жауап алу, этикалық қатынастарды жоғалтпау, ақылдасу, көңіл көтеру, уақыт өткізу т.б... Іскерлік диалог жүргізу алдын-ала дайындықты, ұтымды ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Яғни пікірталастың өтетін орны, уақыты, тақырыбы, мақсаты, мәселені талқылау үдерісі және жүйелі басқару қимылдары ойластырылады.

Диалог дайындық, мәселенің мән-жайын түсіндіру, талқылау, қорытынды шығарып шешім қабылдау сияқы кезеңдерден тұрады. Диалог жүргізудің жалпы ережелері. Әріптесіңіз сізді дұрыс түсіну үшін өз ойыңды анық жеткізе білу лазым (следует). Алғашқы сәттен негізгі мәселеге көшпей тұрып серіктесіңіздің хал-жағдайын біліңіз, мемлекеттік істері жөнінде сөз қозғағаныңыз жөн. Содан соң өз ойыңызды қысқаша (тезисно) жеткізіңіз. Екі адамның сөзі мен үнсіздігі кезек алмасып отыруы керек. Өзіңіздің бет-әлпетіңіздің өзгерісі (мимика) мен интонацияңызды қадағалап отырыңыз. Әңгіме барысында серіктесіңізбен келіскен, теріске шығарған немесе қарсылық білдірілген жағдайларда да эмоцияңызды тежеп ұстаған жөн. Жауап күткен кезде серіктесіңізді асықтырмай, оның реакциясын мұқият қадағалаңыз. Жауапты мәселені өздігіңізден шеше алмайтын болсаңыз да, әлсіздік танытуға болмайды. Шешім қабылдай алатын дербес адам болып көрінуге тырысқан жөн. Іскерлік әңгіме аяқталған кезде сөзді ауа райы, саясат немесе әрніптесіңіздің жеке өміріне бұрыңыз. Диалог жүргізу кезінде жеңіске жету стратегиясы мен келісімге келу стратегиясы қолданылады. Жеңіске жету стратегиясы серіктесті тұқырту (подавления) есебінен жүргізіледі. Бұл кезде іскерлік қатынас күткен нәтиже әкелетінін біліп, өте мұқият болу керек. Аяқ астынан іс насырға да шабуы мүмкін. Сондықтан көп жағдайда серіктестер өзара түсіністікпен келісімге келу жолымен табысқа жетуді көздейді.

    Диалог барысында серіктестер арасында төмендегідей сұрақтардың түрлері қолданылады:

* жабық сұрақтар («иә» немесе «жоқ» деген жауап күтіледі); * ашық сұрақтар (кең түрдегі түсінік беретін жауаптар); * риторикалық сұрақтар (мақсат – жаңа сұрақтар туындатып, шешілмеген мәселелерге назар аударту); * өзгеріс әкелетін (переломные) сұрақтар (әңгіме барысын қатаң ұстау немесе жаңа мәселелерге күрт көшу);

*ойландыратын сұрақтар (мақсат – әңгімелесушілер арасында өзара түсіністік қалыптастыру).

20) Дөңгелек үстел өткізу Жиналысқа іскерлік қатынастың жанры ретінде бір мәселені талқылауға арналған  «дөңгелек үстел» де жатады.

«Дөңгелек үстелдің» мақсаты – салыстырмалы түрде талқыланатын мәселелер мен талас тудыратын жайлар туралы мұраттар (идея) мен пікірлерді анықтау. Осымен бірге «дөңгелек үстел» қарым-қатынастың демократиялық формасы болып табылады. Бұл арада барлық қатысушылар және олардың ұстанымдары (позиция) теңдей және пікірталасқа түсушілердің ешқайсысы басқалардан өзін артық ұстамайды. Нәтижесінде мұндай талқылауда ешкімге міндеттеме жүктелмейді, тек қатысушылардың бірыңғай ұстанымдары анықталады. Талқылауға қатысушылардың негізгі сөздері мынадай болуы мүмкін:

    Мен мәселенің мына бір жағына назар аударған жөн дер едім..,

    Менің ойымша, бұл мәселе әлдеқайда тереңде жатыр..,

    Бізге басқа жол таңдаған дұрыс деп ойлаймын...

«Дөңгелек стөлдің» өтілу барысы жалпы жиналысты өткізу тәртібі бойынша жүргізіледі. Талқыланатын тақырып таңдалады. Ол қарама-қайшылық туғызатын ерекше болғаны жөн. Мақсаты айқындалады. Жоспар жасалады: жиналыстың құрылымы, өтілу тәртібі, талқыланатын мәселелер, күрмеуі қиын мәселеге арналған сұрақтар мен тапсырмалар, қорытындылау тәртібі.  

21) іскерлік жиналыстарды өткізу Іскерлік жиналыстарды тиімді өткізу үшін дұрыс қарым-қатынас жасау өнерін меңгеру қажет. Бұл ұжым мүшелерінің өзекті және күрделі мәселелерді ұтымды шешуінің тәсілі болып табылады. Іскерлік жиналыстар көбінесе әр адамның пікірін тең дәрежеде қарастыра отырып, ұжым бойынша шешім қабылдау қажет болған жағдайда өткізіледі. Жиналыс мақсатты түрде жүргізілетін жағдайда оған мұқият дайындық қажет. Ол келесі мәселелерді қамтиды:* жиналысты өткізуге шешім қабылдау;* тақырыпты анықтап, күн тәртібін жасау;* жиналыстың міндеттерін және жалпы өткізілу ұзақтығын анықтау;* күнін және басталу уақытын анықтау; * қатысушылар құрамын анықтау;* регламентін анықтау;* баяндаманы және шешімнің жобасын дайындау;* қатысушыларды және өткізілетін жерді алдын-ала дайындау.Кез келген шұғыл жиналыс 20-30 минуттан артық болмау керек. Ал іскерлік жиналыстар 1-1,5 сағат болып белгіленеді. Ерекше жағдайларда ғана бұл межеден артуы мүмкін. Жиналыс өткізуге аптаның 2-3 күні белгіленеді. Мүмкіндігінше жиналыс өткізбейтін тұрақты екі күн (мысалы, сейсенбі, жұма) болғаны жөн. Бұл қызметкерлерге өзінің жұмыс уақытын жүйелі жоспарлауға мүмкіндік береді. Мақсатты түрде жоспардан тыс жиналыстардан аулақ болған жөн. Жиналысқа қатысушыларды алдын-ала сөздерін ойластыруы үшін оның өтілу уақытымен, күн тәртібімен, барлық қажетті материалдармен таныстыру қажет. Баяндамашы тақырыпқа байланысты мәселені жақсы білетін және сөз мәдениетін игерген қызметкер болғаны жөн. Ұтымды (рациональный) баяндама ұғымына міндетті түрде мәнді идеялар мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын сөйлемдер, әдеби тілмен жеткізілетін мақсатты, дәл, қисынды, грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылған, сөйленген сөздің мәнерлі, түсінікті, эмоционалдығы жатады. Егер баяндама жақсы құрастырылса, оны көбейтіп, қатысушыларға алдын-ала таратып берілетіндей жағдай тудырылу керек. Сонда жиналысты тура баяндамашыға қойылатын сұрақтан бастауға болады. Тәртіп бойынша бұл жиналыс қысқа уақытқа созылады. Жиналыс төрағасының маңызды міндеті – қатысушылардың пікірін тыңдауды қамтамасыз ету және оны байсалдылықпен талдау (разобраться). Сөзді барлық сөйлегісі келгендерге берген жөн. Жарыссөз бұрмаланбау керек. Жиналысты өз уақытында бастау керек және қатысушыларды жұмыс тәртібімен, мысалы, сөйлеуге берілетін уақыттың шектеулілігін немесе шешім қабылдау тәртібімен таныстырады. Егер менеджер жиналысты өз кабинетінде өткізетін болса, ол бұл уақытта телефонмен келіссөз жүргізуге, келушілерді қабылдауға және өзінің хатшысын шақыруға болмайды. Жиналыс басталғаннан кейін қатысушылардың біреуіне хаттама толтыруды тапсыру керек. Жиналыс жемісті, нәтижелі өту үшін төрағалық етуші адам жиналысты ұйымдастыру техникасы мен топтық пікірталасты мәдениетті жүргізу әдісін меңгеру керек. Айтыстың терминологиясы барлық қатысушыларға түсінікті болғаны жөн. Жиналыс үстінде оппоненттің дәлелдемесін аяғына дейін мұқият тыңдап, парасатты түрде бағалау керек. Алдымен тек салмақты дәлелдемелер келтіріледі. Пікірсайыс кезінде оппоненттің көзін жеткізуге тырысу керек. Егер оппонентіңіздің дәлелдемелері айқын және анық болса, онда қарсыласпағаныңыз жөн. Ешқашанда жеткіліксіз дайындықпен айтысқа түспеген жөн. Күн ілгері талқылауға дайындалып, ең болмағанда шындық үшін күресетін жалпы жоспар жасап, ешкімге күдік туғызбайтындай салмақты, анық дәлелдемелерді таңдау керек. Әсіресе теріске шығара алмайтын нақты цифрлық деректер әсерлі болады. Әрбір іскерлік жиналыс шешім қабылдаумен аяқталу керек. Төрағаның міндеттері. Б і р і н ш і  к е з е ң – байланыс орнату. Жиналысты бастаған сәтте сіздің басты міндетіңіз – барлық қатысушыларға психологиялық жайлылық туғызу. Қатысушыларға ынта-ықыласыңызды оларға көзқараспен білдіріңіз. Жиналысты бастай отырып, күн тәртібін және кездесу мақсатын баяндаңыз. Бұл жерде сіздің өз көзқарасыңызды білдіре алатын көшбасшылық машығыңыз көріну керек. Жиналысты өткізудің жүйелі жүргізілу тәртібі – жеңіске жетудің бірден-бір шарты. Қатысушыларға алдымен қандай мәселені анықтайтындарын, содан соң кәсіпорынның болашақ мақсаттарын, ал одан кейін шешімдердің таңдау баламасын жасаудың мәнін айту керек. Соңында тек ұсынылғандардан қабылданатын тек бір-екі балама ғана болатынын түсіндіресіз.Е к і н ш і  к е з е ң – мәселені анықтау. Сіз менеджер ретінде мәселені талқылауға дайын екеніңізді «Барлық қатысушылардың бұл мәселе жөніндегі пікірлері қандай? Бірінші кезекте қандай міндеттерді шешу қажет?» сияқты сұрақтар қою арқылы білдіре аласыз. Содан кейін қатысушылар өздерінің анықтаған мәселелерін ұсынады, сіз ары қарай пікірталасты мадақтау тәсілімен қызықты идеялар мен ұсыныстар арқылы жүргізе бересіз.  Ү ш і н ш і  к е з е ң – мақсатты анықтау. Бұл кезеңге мәселені анықтағаннан кейін көшуге болады. Яғни мынадай сұрақтар қоюға болады: «Біз мәселені анықтадық, ал оны шешудегі біздің негізгі мақсатымыз неде еді? Біз неге қол жеткізгіміз келеді?». Қорытындыға келе отырып, әрбір жиналысқа қатысушымен көзіңізбен байланыс жасаңыз. Олардың мәселені анықтаудағы серпілісін (реакция) сұраңыз, өз түйініңізді айтыңыз және оны толықтырып, түзетуді ұсыныңыз. Барлық қатысушылардың мәселе мен мақсатты анықтауда мәмілеге келуін қадағалаңыз. Т ө р т і н ш і  к е з е ң – баламаны таңдау (выработка альтернативы). Іскерлік жиналыстардың көбі тура осы кезеңнен басталады. Жетекші тез арада өзінің мәселені анықтағанын және нені көздегенін білдіреді. Содан кейін ғана шешім қабылдауға көшуге болады. Тағы да түйінді сөзіңізді айтасыз: «Біз мәселені былай ... анықтадық... мәселенің мінсіз шешілуі ретінде біз ... көргіміз келіп еді... Мәселені ұтымды шешу үшін бізде қандай мүмкіндіктер бар?». Осылайша сіз баламаны жасауға көшесіз. Ашық сұрақ қоя отырып, қатысушыларға талқылауды жалғастыруды ұсынасыз. Әрбір кезеңде өзіңіздің ойыңызды айтуға болады. Іс жүзінде әрбір балама ойдың қорытындысын шығарып, жазып отырған дұрыс.Б е с і н ш і  к е з е ң – шешім қабылдап, қатысушылардың іс-әрекетке дайындығын жасау. Егер болатын істің баламасы айқын болса, онда мынадай «сиқырлы» (фокусирующий вопрос) сұрақтар қоюға болады: «Мәселенің оңға басуы үшін қай баламасын таңдаймыз?». Мұндай сұрақ қатысушыларды шешімге келуге итермелейді. Шешім қабылданғаннан кейін нақты міндеттердің орындалуы үшін тапсырмаларды өз еріктерімен алатындарды білу керек және бөліп беру керек. Жиналысты қорытынды шығарумен аяқтау керек. «Біз қазір келістік. Барлығыңыз осыған қосыласыздар ма?» сияқты сұрақтар беріп, жұмыстың дұрыс өткендігіне көз жеткізу керек. Жиналысты белгіленген уақытта аяқтау керек. Осылайша өзіңіздің ұйымдастырушылық қабілетіңізді танытасыз.Іскерлік жиналысты жүргізуде кез келген менеджер үшін – оның соңғы қорытынды сөзі, қабылданған шешімнің тиімділігі. Сонымен бірге өтілген шараның психологиялық салдары да өте маңызды. Адамдар жиналыстан көңілі қалмай, әріптестердің біреуіне деген жек көрушілік (антипатия) сезімінсіз тарқасу қажет. Жиналыстың соңғы кезеңінде кім не істейтінін тағы айтып, жиналыстың нәтижелерін (шешімдерін) таратып беру керек. Бұл біреудің ойын байқамай немесе әдейі бұрмалап, сондай-ақ ұмытып кету немесе істің мәнін түсінбей дау туғызатын жағдайда баға жеткісіз көмекші болуы мүмкін.

22) Келіссөздер Келіссөздер – бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі үдеріс. Олардың әрқайсысы өзінің міндеттерімен (задачи) ерекшеленеді (отличается). Келіссөздің өтілу барысын үш кезеңге бөлуге болады:

1) келіссөз жүргізуге дайындық; 2) келіссөзді жүргізу үдерісі; 3) келіссөз нәтижелерін талдау және қол жеткен (достигнутых) келісімдерді орындау. Келіссөз жүргізуге дайындық. Келіссөз жүргізуге тыңғылықты дайындық – оның табысты өтуінің кепілі. Бұл кезеңде оны ұйымдастыру және мазмұны бойынша дайындық жұмыстары қарастырылады. Алдымен кездесудің орны және өтілетін уақыты белгіленеді. Келіссөздің басталуы екі жақтың шынайы мүмкіндіктеріне байланысты. Ал неше уақытқа созылатыны тіптен әртүрлі болуы мүмкін, яғни бір-екі күннен бірнеше айға дейін. Күн тәртібін анықтау – келіссөз жүргізуге дайындықтың құрамды бөлігі. Бұл кезеңде талқыланатын сұрақтар анықталып, тәртібі белгіленеді (устанавливается). Содан кейін келіссөзге қатысушылар құрамы жинақталады. Бұл жағдайда делегацияны кім бастайтыны, олардың саны мен арнайы құрамы сайланады.

    Дайындық кезеңінде тараптар міндетті түрде төмендегідей мәселелер қатарын шешуге тиіс: 1) тараптардың мәселелері мен қызығушылықтарын талдау; 2) келісілген мүмкін баламаларды бағалау (оценка возможных альтернатив преговорному соглашению); 3) келіссөз бойынша ұстанымдарды анықтау; 4) мәселені шешудің әртүрлі нұсқаларын жасау; 5) қажетті құжаттар мен материалдарды дайындау.Келіссөздің жүргізілуі. Тараптардың мәселені талқылауға көшкені келіссөздің басталғанын білдіреді. Екі жақтың өзара мақұлдауын талап ететін мәселелерге мыналар кіреді: * күн тәртібі;

* келіссөз кезіндегі уақыттық өлшемдер;

    * оппоненттердің кезектесіп сөйлеуі;

    * қабылданатын шешімдер тәртібі.

    Келіссөз жүргізуде келесі мәселелерді ескерген жөн:

1) тараптардың қызығушылықтары мен ұстанымдарын нақтылау;2) мәселені шешудегі болатын нұсқаларды талқылау; 3) келісімге келу жетістігі.

Келіссөздің қорытынды кезеңінде қатысушыларға таңдау жасап, шешім қабылдауға тура келеді.

Келісімге келу (достижение соглашения) шешім қабылдаудың үш түрлі типі негізінде мүмкін болады:

* ортадағы (серединного); * ассиметриялық; * жаңа ұстаным бойынша (принципиально нового).

    1. Ортадағы немесе компромистік – көптеген келіссөздерге тән шешім. Тараптар екі жақты ымыраға (уступки) келеді.

    2. Ассимметриялық шешімге келу – екі жақтың бірі екіншісіне жол берумен аяқталады. Бұл оппоненттердің күші басым болғанда, келіссөз талас тудырған қатынас жағдайында өткенде т.б. кездерде қолданылады.

    3. Тың шешімге келу (принципиально новое) – тараптардың әрқайсысының мүдделерін толық қанағаттандыратын жағдайда қабылданады.

    Келіссөзге қатысушылар шешім қабалдағанда мынадай нәрселерді ескеру керек: * жалпы құндылықтар, адамгершілік ұстанымдар (моральные принципы); * екі жақтың құрметтейтін салт-дәстүрлері; * заңдар, нұсқаулар, кәсіби нормалар; * сарапшылар бағасы;

* прецеденттер;* бағалар. Шешімді бекіту. Көптеген келіссөздерде шешім қабылдауда консенсус және көпшілік дауыс беру әдісі қолданылады. Консенсус әдісі келіссөзге қатысушылардың барлығының қабылданған шешімге келісімге келуімен аяқталады. Егер бір адам қарсы болса, бұл шешім қабылданбайды. Сондықтан көпшілік дауыспен шешім қабылдау әлдеқайда тиімді болып табылады. Келіссөз табыспен аяқталған жағдайда шешімдер ресми дәрежесіне байланысты құжат бойынша бекітіледі немесе ауызша келісіммен шектеледі.

23) Cұғбат жүргізу

Сұхбат - алдын ала әзірлеген жоспары бойынша қайсыбір адаммен немесе адамдар тобымен мақсатты әңгімелесу формасы

24) Қолхат. Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі. //Қолхат/ Мен, Исатаев Айдын, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін./2010 жылғы 15 қазан – қолы.

25) Сенімхат. Сенімхат сенімді тұлғаға сенін тапсырушының атынан қандай да бір іс-әрекесттерді жасауға қуқық беруі туралы құжат. Сенумхаттың екі түрі бар: -кәсіпорындарға берілетін ресми;/-азаматтарға (жеке тұлғаларға) берілетін жеке./ Ресми сенімхат мәлімелер жасауға, ақша, тауар-материалдық құнжылықтарды алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан кәсіпорынның өкіліне беріледі./ Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде рәсімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс-әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады.//СЕНІМХАТ/ Мен, Исатаев Айдын, АЭжБУ-дың жылы энергетика факультетінің 2 курс студенті, Алматы қаласы, Шашкин көшесі, 3-жатақханасы, 411-бөлме тұратын Ислам Бадановқа қантар айының маған тиесілі стипендиямды алуға сенім білдіремін./Исатаев Айдын – қолу.

26) Конкурс Конкрус - өнер, ғылым, және басқа салада өз мақсатына лайық деген тұлғаларды,еңбектерді.жұмыстарды іріктеп алу үшін қолданатын тәсілдің бір түрі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бос қызмет орындарына конкурс жариялайды: Макроэкономика және қаржы статистикасы департаментінің директоры, лауазымдық жалақысы – 25000 теңге. Үміткерге қойылатын талаптар:

-жоғары экономикалық немесе қаржылық білім бойынша жұмыс  - өтілі 5 жылдан кем емес;

-мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу;

-ғылыми дәрежесі  болғаны дұрыс;

- компьютермен жұмыс істей білу (Word,  Excell).

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мынадай құжаттарды тапсыруы керек: -өтініш; -сауалнама;- жеке іс парағы;- диплом көшірмесі; - денсаулығы туралы анықтама; -еңбек кітапшасының көшірмесі;- 3 х 4 өлшемді фотосурет; -  мекенжайы туралы мәлімет; - түйіндеме.

27) Құттықтау хат Құттықтау хат қажет болған реттерде, мысалы, ресми ұйымдар мен мекемелерді, лауазымды адамдарды құттықтаған жағдайларда арнаулы ресми құттықтау түрінде жазылады.

Құрметті әріптестер ме қонақтар! Сіздерді 25қазан-ҚР күні мейрамымен құттықтаймыз!

Көгінде көк байрағы желбіреген тәуелсіз елімізді әлемдік деңгейге көтеру,жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру мен көлік қызметін кемелдендіру мақсатында атқарылып жатқан әстеріңізге табыс пен сәттіліктер,отбасыларыңызға құтөбереке,игілікті қуаныштар тілейміз.

Әкімшілік.

28) Анықтама. Анықтама белгілі бір мәселе бойынша мәтін немесе кесте түрінде хабар беретін құжат. Анықтаманың екі тобы болады: бірі қызметтік сипаттағы жағдайларды анықтап, мүлделі тұлғалар мен кәсіпорындарға беріледі, екіншісі атқаратын қызметі, жалакысы, тұратын жері т.б. мәліметтерді растайды.//АНЫҚТАМА/Осы анықтама Әлібек Нұржанұлына берілді. Әлібек Нұржанұлы Алматы қалалық көлік департаментінде экономист болып жұмыс істейді./Анықтама Бостандық аудандық салық инспекциясы үшін берілді./Алматы қалалық көлік департаментінің бастығы – А. Салықов/2010ж.15ақпан.

29) Телефонхат. Телефонхат – радио немесе телефон арқылы жеткізілетін жедел құжат. Бұл жағдайда бір мекеменің лауазымды адамы екінші мекеменің лауазымды аламымен тікелей сөйлесе алады. Жоғары лауазымды адам төмен лауазымды адамға тікелей тапсырма береді, ал төмен лауазымды адам сол адамға тапсырманы орындағанын хабарлайды. /Егер бірнеше мекеме бастықтарына қатысты жедел қаралатын мәселе болса, онда телефон хатты лауазымды адамның хатшысы бере алады, сондықтан телефонхатты қабылдаған адам өзінің аты-жөнің  айтуы керек. Телефонхат арнайы журналға тіркеледі, содан кейін өзінің бастығына хабарлайды.

Алматы энергетика және байланыс институтының декандарына/Маусым айының 26-күні сағат 16-дан 18-не дейін оқу корпустарына электр энергиясын беру тоқтатылады. Барлық декандарға осы уақыттағы сабақтардың толық өтілуін қамтамасыз ету тапсырылады. /Қол қойған: АЭжБИ ректоры Ғ.Ж.Дәукеев./ Жіберуші: Абдрахманова Г., тел: 92-58-47./Маусым айының 25-і, 2010 жыл, сағат 11.00

30) Түсіндірмехат

Түсіндірме хат – негізгі құжаттың әртүрлі бөлек жағдайларының мазмұнын ( жобаның , бағдарламаның, есептің т.б.) немесе еңбек тәртібін бұзу себебін, қандайда бір тапсырманың орындалмауын түсіндіретін құжат.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТТЫҢ деректемелері:
- мекеменің аты ( министрлік немесе басқару мекемесінің аты, құрылымдық бөлім) – құжат авторы:- құжаттың түрі – ТҮСІНДІРМЕ ХАТ:

- күні, уақыты , нөмірі ( егер қажет болса): - мәтінге бұрыштама: - мәтіні: - қол қою;орындалуы және іске асырылуы туралы мәлімет.

1) Өмірбаян                                                                             2) Түйіндеме - резюме                                                             3) Функционалдық стильдер                                               4) Тілдік норма

5) Іс қағаздар стиліндегі стандарт тілдік бірліктер.

6) Бұйрық (приказ).

7) Өтініш (просьба, заявление).

8) Шақырухат

9) Алғыс хат.

10) Шешендік өнер туралы

11) Монолог.

12) Техникалық сипаттама

13) Презентация

14) Телефонмен сөйлесу этикасы

15) Іскерлік хат жазысу.

-16) Ілеспе хат

17) Хабарламахат.

18) Жарнама.

19) Диалог туралы

20) Дөңгелек устел өткізу

21) Іскерлік жиналыстар өткізу.

22) Келліссөз өткізу

-23) Cұғбат жүргізу

24) Қолхат

25) Сенімхат.

-26) Конкурс

-27) Құттықтау хат

28) Анықтама.

29) Телефонхат

-30) Түсіндірмехат




1. третий сектор общественный в дополнение к публичному и частному секторам Общественной организацией яв.
2. Английский роман Казуо Ишигуры
3. Зав. кафедрой- профессор Сафонов А
4. зрительных лучей не существует и видим мы не потому что какието лучи выходят из наших глаз а наоборот пот
5. Выбрать схему подстанции обосновать назначение каждого элемента схемы
6. Андерсен
7. Смысловое поле метода обучения в отечественной педагогике
8. Реферат Курсовая работа содержит 27 листов пояснительной записки 14 таблиц 6 рисунков 3 чертежа 8 источник
9. Промышленное, химическое отравление диоксинами
10. Профсоюзы в российской экономик
11. Оценка эффективности почтового отделения через использование финансовых и нефинансовых показателей.html
12. тема управления субъект Объект управления ~ некий элемент состояние которого нас интересует и на кото.html
13. Кулиджанов Лев Александрович
14. Лабораторная работа 8 n 2013 Лабораторная работа 8
15. крамольный подвопрос- Нет ли изначально неравенства в этом Понимаю что такого в принципе не может быть но
16. Статья 1. Аудиторская деятельность 1
17. Сестринская помощь в хирургии специальность- 060501 Сестринское дело 59 Техника наложения повязки н
18. Развитие физической культуры и спорта в Калужской области на 20112015 годы
19. Аппаратная и программная поддержка работы периферийных устройств- контроллеры, адаптеры, мосты, прямой доступ к памяти, приостановки, прерывания, драйверы
20. Кривичи