Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министірлігі
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Дәлелді медицина клиникалық тәжірибеде
Әдістемелік нусқамалар
Алматы, 2009
Қазахстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТІЛДІ»
ҚР Денсаулық сақтау ҚР Денсаулық сақтау
министрлігінің министрлігінің
ғылым және білім беру, ғылым және
жаңа технологиялар халықаралық қатынастар
бөлімінің басшысы Департаментінің директоры
« » 2009ж. « » 2009ж.
Дәйектемелі медицина клиникалық тәжірибеде
Әдістемелік нұсқамалар
Алматы, 2009
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
Жанұялық медицина және емханалық оқыту кафедрасы
Авторлары: Умарова С.У мғк, доцент;
Еңсегенова З.Ж. мғк, доцент.
Аннотациясы
Нұсқамада клиникалық эпидемиологияның түсініктемесі, басты мақсаттары мен қағидадалары дәйектемелі медицинаның негіздері ретінде көрсетілген және дәйектемелі медицина талаптары мен міндеті, клиникалық сұрақ құрастыру ережелері, клиникалық сынақтар түрлері мен олардың өткізілу тәсілдері, статистикалық өңделуі, дәйектемелік деңгейі мен ұсынылу шарттары және мәліметтерді интернет жүйесінде іздеп табу әдістері берілген.
Әдістемелік нұсқама медицина вуздарының студенттеріне, интерндәрігерлер мен тәжірибелі және сарапшы дәрігерлерге арналған.
Әдістемелік нұсқама ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде талқыланып бекітілген (хаттама № айы, күні, жылы)
Сарапшылар:
Нугманова Д.С. мғд, профессор, АМДБЖИ жанұялық медицина кафедрасының менгерушісі.;
Жанпеисова А.А. мғд, профессор, ҚазҰМУ клиникалық фрамакология кафедра-сының меңгерушісі
Алматы, 2009
Мазмұны
1.Клиникалық эпидемиология мен дәйектеме негіздері бар медицина туралы
түсінік. Дәйектемелі медицинаға кіріспе. Дәйектемелі медицинаның әлемде
және біздің елде даму тарихы. Кокран бірлестігі
туралы түсінік
1.2. Дәйектемелі медицинаға кіріспе
1.3. Дәйектемелі медицинаның әлемде және біздің елде даму тарихы
1.4. Кокран бірлестігі
2. Клиникалық тәжірибеде шешім қабылдау түрлері.
Дәйектемелі медицинаны қолданудағы жетістіктері мен шектеулері
2.1. Клиникалық тәжірибеде шешім қабылдау түрлері
2.2. Дәйектемелі медицинаны қолданудағы жетістіктері мен шектеулері
3. Дәйектемелі медицинадағы сапалық пен сандық зерттеу әдістері Клиникалық
сынақтар, анықтамасы, жіктеуі. Дәйектемелі медицинадағы статистикалық
сараптау. Дәйектемелік деңгейі мен ұсынылу мүмкіншілігі
3.1.Клиникалық сынақтар, анықтамасы, жіктеуі
3.2. Клиникалық сынақтардың сандық зерттеу әдістері. ДМ статистика негіздері
3.3. Клиникалық сынақтардың дәйектемелік деңгейі мен ұсынылу мүмкіншілігі
4. ДМ клиникалық сұрақтар түрлері. Клиникалық сұрақтарды құрастыру ережелері
5. ДМ елеуін қолданып медициналық мәліметтерді іздеп табу.
5.1.Іздеу әдісі. Интернет жүйесінде медициналық мәліметтерді іздеп табу.
6. Клиникалық хаттамалар, өнделу мен тәжірибеде қолдану және жаңартылу қағидалары
Клиникалық (медициналық) аудит туралы түсінік.
6.1. Клиникалық хаттамалар, өнделу мен тәжірибеде қолдану және
жаңартылу қағидалары
6.2. Клиникалық (медициналық) аудит туралы түсінік
Қысқартулар тізімі
ДМ дәйектемелі медицина
КЭ клиникалық эпидемиология
КБ Кокран Бірлестігі
КС клиникалық сынақтар
РБС рандомизацияланған бақылаулы сынақтар
ЖШ - жүйелі шолулар
1. КІРІСПЕ
Соңғы он жылдықта денсаулық сақтау саласында «дәйектемелі медицина» бағыты зор орын алуда.
«Дәйектемелі медицина» - бұл жаңа ілім емес. Бұның негізгі қағидалары Францияда 150 жыл бұрын белгіленген. “Evidence-bazed Medicine”, немесе “дәлелді негізі бар медицина,” (дәйектемелі медицина) түсінігін 1990 жылы Торонтоның Мак Мастер университетіндегі канадалық ғалымдар ұсынған. Тез арада бұл түсінік әлемді шарпи бастап, әр қалаларда өзін қолдаушыларын тапты және осы қалаларда ұлттық денсаулық сақтау саласында маңызды орын алған ДМ орталықтары құрылды (Ричард К. Доубинс, 2006).
1973ж. ағылшын эпидемиологі Арчи Кокран (Cochrane A.L.) алғашқы рет жүйелі шолу жасап, медициналық іс-әрекеттер маңыздылығын қорытынды клиникалық тексерістер арқылы бағалау қажеттілігін және ол нәтижелерді медициналық көмек көрсету тиімділігі мәліметтерінің арнайы қорында сақталуын алғашқы рет ұсынды. Осы ғалымның атымен Бірлестік аталды. Дәйектемелі медицина (evidence-based medicine) - бұл науқасқа көрсетілетін көмектің тиімділігін іздеу, салыстыру және қорытындылану арқылы кеңінен таралған нақты дәйектемелерге негізделген медицина бөлігі. ДМ қағидаларын білу дәрігерге көрсетілетін көмек туралы шешім қабылдауында әсер ететін көп жағдайларды сараптау арқылы сапасын жоғарлатуға мүмкіншілік береді.
Дәйектемелі медицина бұл нақты бір науқасқа сапалы ғылыми зерттеулерде тиімділігі дәлелденген, яғни дәлелді негізі бар іс-әрекеттерді пайдалануымен ерекшеленетін медицина тәжірибесінің бір бөлігі. Өйткені қандайда тәжірибесі жеткілікті дәрігер болмасын оның білімі сан алуалы клиникалық жағдайларды еркін бағалауға мүмкіншілік бермейді. Әрине, сарапшылар, пікіріне, сенімді деректер мен анықтамаларға сүйенуге болады, бірақ бұл мәліметтер әр қашанда нақты болмайды, өйткені көлемді емдеу әдістерінің тиімділігі дәлелденгеннен кейін тәжірибеге біраз уақыттан соң енеді бұл арада қалыс қалу үрдісі алда жүреді. (Аntman E.T., 1992), ал қазіргі уақыттағы биомедициналық ілімнің даму бағыты тәжірибелік медицинаға қоятын талаптары зор: олар -1) тәжірибелі дәрігерге керекті мәліметтер сынды бағалануы қажет және 2) клиникалық тәжірибеде көмек көрсету үшін қандайда болмасын іс-әрекеттер жүйелі таңдалып қолданылуы.
Дәйктемелі медицина тәжірибелік сұрақтарға жауап береді, бұл дегеніміз нақты бір науқасқа дертіне сәйкес көмек көрсету арнайы білімді талап етеді, сол көмектің тиімділігін қорытындысы ретінде физиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және басқада көрсеткіштерін бағалаудан бұрын клиникалық маңыздылығы жоғары жазылу, өлім қаупы, асқынулар, мүгедектік сияқты зерттеудің ақырғы нәтижелері бағалануы қажет.
Жұмыс жасап жүрген дәрігерлер өздерінің клиникалық тәжірибесін жоққа шығара алмайды. Дегенмен, біз шешімізді өзіміздің көргеніміз пен сезінгенімізге ғана жүгінбей миллиондаған науқастарды емдеген мыңдаған дәрігерлердің ұжымдық тәжірибесіне негіздеуіміз қажет, яғни дәлелденген шараларды қолдану, өйткені ежелде Луи Пастер айтып кеткен: «ғылым ұлт, аймақ және қаламамен шектелмейді».
Дәйектемелі медицина бұл медициналық көмек және жалпы денсаулық сақтау жүйесі сапасын жоғарлатуда тіршікті маңыздылығы бар үдемелі дамып келе жатырған медицина бағыты.
ДМ қағидаларын денсаулық сақтау жүйесіне еңгізудің негізгі мақсаты медициналық көмек сапасы қатерлігін төмендету, тиімділігін жоғарлату, құнын пайдалы ету және басқада маңызды қырларын бірынғағайлау.
Түптеп келгенде, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жж. «Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен қайта өңделуі» туралы Мемлекеттік бағдарламада «халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларға, қазіргі уақыт талабына сай емдеу тәсілдері мен медициналық қызмет түрлеріне жүйелі көшудің маңыздылығы көрсетілген, медициналық шараларды дәйектемелі медицина қағидаларына негізделген диагностикалық пен емдеу хаттамаларын еңгізу арқылы бір тұтас ету жоспарланған».
Дәйектемелі медицина қағидаларын оқыту мен меңгеру қажеттілігі бірнеше жағдайлармен байланысты: олар - 1) ғылыми мәліметтер көлемінің көбеюі, әсіресе клиникалық фармакологияда жыл сайын клиникалық тәжірибеге жаңа препараттар енеді, бірақ олардың клиникалық сынақтарының қорытындылары әртүрлі, ал кейбіреулері қарама-қарсы болып келеді; 2) денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын қаржының тапшылығы бұл жағдайда көлемді дәрілік заттар ішінен тиімділігі жоғары және қатерлігі төмен дәрілерді таңдап алу қажет; 3) дәрігерлер мен орта буынды қызметкерлердің жасап жатқан іс-әрекеттерінің 20% ғана клиникалық сынақта дәлелденген; 4) көмек шарасының қатерлігі немесе қажетсіздігі дәледенседе ол жылдар бойы қолданыла беріледі; 5) тиімді шаралар міндетті түрде іске аспай жатыр.
ДМ әр түрле мәселелерге байланысты бірнеше бағыттарды қамтиды, мысалы, дәрігердің қәсіптік қызметі, дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы және тағы емдеу және басқа мекемелер қызметі.
Одан басқа, ДМ қағидаларын кеңінен қолдану дәрігерлерді тиімдіде және кәсіби оқытумен қатар олардың біліктілігін уақытында жоғарлатуға мүмкіншілік береді. Бұл жағдайда әртүрлі медициналық мекемелерде алынған сертификаттар мен дипломдардың және соған сәйкес дәрігерлердіңде білімінде айтарлық айырмашылық болмас еді
“Дәйектемелі медицина науқастар емін біртұтас ережемен жүргізуге мүмкіншілік түғызады, әрі бұл жағдайда дәрігерлердің бір-бірімен түсіністігі жоғарлайды”. Қалай айтсақта негізгі медициналық пен биологиялық ілімнің үдемелі дамуына қарамастан, біздің адам туралы білімімізде шегіне жете алмаймыз, өйткені ағзаның әсерленуі мен оны айналасындағы табиғи және әлеуметтік ортасы ұлан түрлі және көп себепті, ал олардың әсері мен жанасуын болжау өте қиын. Сол себептен дерт және оның дамуы туралы тек қана теориялық білімге негіздеделген, басым жағдайда жақсы нәтиже беретін, тиімдіді әрі қатерсіз ем тәсілін шығара алмаймыз. Бұл жағдай шешім қабылдауда жаңа, уақыт талабына сай әдістің қажеттілігін айғақтайды.
Дәйекетемелі медицина бұл: 1) жеке тәжірибенің; 2) жүйелі шолулардан алынған үздік, сыртқы клиникалық дәйектемелердің және 3) науқас үмітінің бірлесуі.
Бірақта, дәйектемелі медицина дәрігердің кәсіпшілігі мен оның клиникалық ой-өрісі орнын баса алмайды, керісінше емдеу жұмысының сапасы мен тиімділігн айқын жақсартады, өйткені біздің негізгі мақсатымыз Primam non nocere!!!
1. Клиникалық эпидемиология және дәлелді негізделген медицина туралы түсінік. Дәйектемелі медицинаға кіріспе. Дәйектемелі медицинаның біздің елде және әлемде даму тарихы
Дәрігер қандайда тәжірибелі болғанымен толып жатқан әртүрлі клиникалық жағдайдайды еркін меңгере алмайды. Әрине, сарапшылардың, жоғары дәрежелі анықтамалар мен деректергеде сүйенуге болады. Бірақ, бұл әркезде нақты бола бермейді, өйткені тиімді терапиялық әдістердің тәжірибеге еңгізілуі тиімділігі нақты дәлелденген уақытынан көп уақыт өткесін пайдалануға ұсынылады (Аntman E.T., 1992). Кәзіргі уақытта биомедициналық ілімнің даму бағыты тәжірибелік медицинадағы дәрігерлерге қажетті мәліметтердің сынды бағалануы мен қатар қолданылатын қандайда болмасын іс-әрекеттер жүйелі түрде таңдалуы талапқа сай болуы керек. Дәйектемелі медицина (evidence-based medicine) - бұл науқасқа көрсетілетін көмектің тиімділігін іздеу, салыстыру және қорытындылану арқылы кеңінен таралған нақты дәйектемелерге негізделген медицина бөлігі. ДМ қағидаларын білу дәрігерге көрсетілетін көмек туралы шешім қабылдауында әсер ететін көп жағдайларды сараптау арқылы сапасын жоғарлатуға мүмкіншілік береді.
80-і жылдардың басына дейінгі көлемді жетістіктерге қарамастан әлемде «эмпирикалық» атты медицина басшы болып келді. Неге бұлай болды? Соңғы 150-200 жылдарда адамзатқа медицинаның негізін құрайтын анатомия, физиология, биохимия, биофизика, микробиология, патанатомия, патофизиология сияқты және т.б. ілімдер айтарлықтай біраз білім берді. Түптеп айтқанда адам ағзасының қалыптыдағы және дерттік жағдайдағы қызметі жан-жақты түсіндірілуі және біраз дерттердің даму жолдары анықталды, соның нәтижесінде жаңа ем тәсілдерін жасауға мүмкін болды. Осыған байланысты ұзақ уақыт бойы ғалым-дәрігерлер дертті тиімді емдеу үшін дерт және оның даму жолдары туралы теқ қана теориялық білім қажет деп білді.. Сонымен, медицинада эмпириқалық, яғни қолданудағы дертті анықтау мен емдеу тәсілдерінің тиімділігі басым жағдайда теорияға негізделген болды. Және тағы бірден-бір дәлел болып дәрігердің жеке тәжірибесі саналды. Медицина мен биология ілімдері негізінің аса дамуына қарамастан бізге адамды түптеп білу ешқашанда мүмкін емес сияқты. Әлем құбылыстары өте көп. Әр адам жеке дара болып жаратылған. Біз әртүрлі ауа райында және табиғат пен әлеуметтің әр түрлі әсерінде өмір сүреміз. Сол себептен дерт және оның даму жолдары туралы теориялық білімге ғана (кейбір жағдайда толық та емес) негізделген дертті анықтау мен емдеу тәсілдерін тиімді, қатерсіз, әр кезде нәтижелі және жалпылама қолданылатын етіп жасай алмаймыз. Теорияға сәйкес тиімді дәрілік заттар, хирургиялық операциялар мен басқада көмек түрлері күнделікті тәжірибеде мүлдем нәтижесіз, ал кейбір жағдайларда қатерлі болып табылды. Сонымен, медицинаның әрі қарай дамуына нақты тиімді диагностика мен ем тәсілдерін еңгізудің жаңа жолдарын қарастыру қажет болды. Бұл қандайда болмасын диагностикалық пен ем тәсілдерінің теориялық тиімділігі мен қатерсіздігін тәжірибеде дәлелдеу қажетті екенін айқын көрсетті. Осылай, ХХ ғасырдың 80-90жылдар тұғырында клиникалық эпидемииология атты жаңа ілім пайда болды.
Клиникалық эпидемиология (КЭ) бұл қандайда болмасын дерттің пайда болу мен таралу жолдарының және шынайы медициналық жағдайды зерттеу әдістерінің заңдылықтары туралы ілім, яғни шын мәнінде жаңа дерт бар ма және қолайсыз қатердің әсері қаншалықты дерттің дамуына алып келуі мүмкін.(Власов В.В., 2006). Клиникалық тәжірибеде эпидемиология зерттеуші дәрігерге науқасқа көрсетілетін әртүрлі шаралар бойынша тексеру әдістерін анықтауға көмектеседі. Бұрынғы совет елінде эпидемиология бұл тек қана эпидемиялық үрдістерді зерттейтін ілім және жұқпалы дерттердің таралу жолдары мен оларды жою әдістерімен ғана байланысты деген көне көз қарас қалыптасқан. Шын мәніне келсек 1984 жылдан бері медицина терминдерінің энциклопедиялық сөздігінде: «эпидемиология бұл тұрғындар арасында жұқпалы емес дерттердің таралу заңдылықтарынн статистикалық көрсеткіштерге негіздеп зерттейтін әдіс» деген екінші анықтамасы берілген.
Әлемде эпидемиология бұл қандайда болмасын дерттердің таралу жолдары негіздері мен оларды анықтау әдістерін зерттейтін ілім деп қарайды.[4]. Кеңінен алғанда эпидемиология негізін зерттеу әдістері құрайды, яғни бұның мағынасында: «эпидемиология бұл медицинаның пропедевтикалық пәні және шынайы медициналық үрдістердің негізін, көмектің тиімділігі мен медицинадағы зерттеу әдістерін түсіну қағидалары» [В.В.Власов, 2005].
Клиникалық эпидемиология (К) бұл медицина тәжірибесінің негізін құрайтын, зор мағыналы көп пәнді клиникалық ғылым. Эпидемиология мамандары: «КЭ бұл ұқсас жағдайларда клиникалық ағымын бірнеше науқастарда нақты қатаң ғылыми зерттеу арқылы анықталған дерттің ақырын әр жеке дара науқаста болжау мүмкіндігін беретін ілім деп бағалайды» (Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. 1998).
В.В.Власов (2005) КЭ қысқада, нақты және көлемді түсінігі - бұл «медицина тәсілдерінің ілімі» деп береді.
Сонымен, клиникалық эпидемиология бұл әр түрлі зерттеу мен емдеу әдістері нақты қорытындыларын іріктейтін және бір жүйеге келтіретін ғылым (Флетчер Р. ж/е басқалар, 1998).
КЭ негізгі мақсаты - бұл дұрыс шешім қабылдаудауға мүмкіншілік беретін клиникалық бақылаулар мен мәліметтерді сараптау әдістерін еңгізу [4, с.15].
КЭ негізгі қағидасы бұл әр клиникалық шешім қатаң түрде ғылыми негізделуі қажет. Бұл қағида «evidence-based medicine» - «дәйектемелі негізделген медицина» немесе «ғылыми дәйектемелі медицина», әлде «дәйектемелі медицина» деп аталды (әртүрлі аударма жобалары)
Алғашқы рет «еvidence-based medicine» терминді Торонто Мак Мастер Университетінің канадалық ғалымдар Тобы 1990ж. ұсынды.
Дәйектемелі медицина (ДМ) бұл жеке науқасқа емдік әс-әрекеттерінің тиімділігі сапалы ғылыми зерттеулерде дәлелденген жағдайда ғана қолдану қағидасын сақтаумен ерекшеленетін медицина тәжірибесінің бір түрі.
ДМ бұл науқас мүддесіне қолдануға арналған іздеу, салыстыру, қорытындылау арқылы алынған және кеңінен таралған дәйектерге негізделген медицина бөлігі. (Еvidence -Вased Мedicine Working Group, 1993).
ДМ қағидалары:
ДМ қағидаларын денсаулық сақтау тәжірибесіне еңгізудегі негізгі мақсат бұл медициналық көмек көрсету сапасын қатерсіз, тиімді, құндылығы мен басқада мағыналы жақтарынан жақсарту. (Мальцев В., ж/е басқ.., 2002).
ДМ қолдану мүмкіншіліктері
ДМ қағидаларын денсаулық сақтау тәжірибесінде қолдану мүмкіншілігі мол:
ДМ қағидаларын тәжірибеде қолданудың бір қыры - бұл медициналық көмек сапасын көтеру бағытында дәрігерлерге арналған клиникалық хаттамалар дайындау және денсаулық сақтау саласына стандартизация жүйесін еңгізу..
ДМ біздің елде және дүниежүзінде даму тарихы.
Ғылыми тұрғыда медицинаның екі құрастырушысы бар дедукциялық пен эмпирикалық. Екеуіде ғылым болып келеді, өйткені әртүрлі әдіс арқылы кең, жан жақты қолданылатын білім иесі, яғни бұл білімді әртүрлі жағдайда, басқа науқастарда, басқа жастағы және бөтен елде пайдалануға болады.
Медицинадағы білімнің үйреншікті басты құрастырушысы дедукциялық болып келген бұл дерттің себебін, дәрілік заттар мен хирургиялық операциялардың әсер ету жолдарын түсіну. Өкінішке орай, медицина мен ғылым біраз дерттер туралы әлдеде толық хабардар емес, ал кейбір аурулар осы уақытта дейін жұмбақ болып жатыр, олардың не себебі, не даму жолы белгісіз. Кейбір жағдайда дерттің белгісі айқын сияқты. Мысалы, ойық жара дертінің себепті қоздыртқышы ашылғанша оны сода, ұйқы, резекция т.б. әдістермен емдеді. Әр ем әдісін түсіндіретін даму себебі немесе ойық жара дертінің өз теориясы болған (жүйкелік, кілегей қабаттың өзін өзі қорытуы). Осы себептен дедукциялық шешім тиімді бола алмайды, өйткені белгілі жоба бойынша күткен нәтиже болмауы мүмкін: егерде ой нақты жағдайдаға сәйкес келмесе, оның қорытындысы шындыққа келмейді.
Осымен қатар медицинада басқа шешімде болған бұл эмпирикалық «науқасқа қай ем көмектессе, сол жақсы. Ал бұл шараның әсер ету жолдарын білеміз бе, әлде білмейміз бе - ол мағыналы емес, бірақ бұл шара әсер ететіні белгілі, сол себептен оны қолдану керек». Ойдағы әлемде кәсіпшінің білімі толық және оның жасаған іс-әрекеттерінің барлығы нәтижелі. Бірақ, шындық жағдайда (ақиқатта,тәжірибеде) біраз дерттер туралы білім толық емес, ал қолда бар ем тәсілдері негізсіз болуы мүмкін. Сол себептен белгілі бір науқастың емін нақтылау үшін дерттің дамуы туралы ғылыми деректерден көрі, маңыздысы осы осы ем осы науқасқа жүргізілсе осындай ( науқасқа тиімді, пайдалы) нәтиже береді деген ғылыми дәлелі болғаны керек (Власов В. В., 2006).
-Дәйектемелі медицинаның бастамасы 17 ғасырда салынған Джон Сноу - ағылшын дәрігері Лондондағы эпидемия холерасы кезінде басқа су құбырынан пайдаланған көрші ай-мақтың тұрғындары холерадан аман екенін байқап су беру жолын өзгерткен.
-Француз хирургі Листер бақылаудағы 2 топ науқастардың операциядан кейінгі асқынулар деңгейі қолдардың, операция аймағының және таңу құралдарының тазалығына байланысты екенін дәлелдеп тазарту әдістерін еңгізді.
-Атақты микробиологтар мен вирусологтардың көп деген жұқпалы аурулар себебін анықтаудағы әлемге әйгілі жетістіктері.
Дәрігер жұмысын бағалауда немесе дәрілік заттардың әсерін болған нәтижеге сүйену керектігі туралы алғашқы мәліметтер 18 ғасырға жатады, содан бері, 19 ғасырдың аяғына дейін ем тәсілінің тиімділігі беделді пікір мен жалпы пайдаланудағы теориямен сәйкестігіне негізделген (басқа пікір қабылданбаған).
Медицина әр қашанда ғылым болған, бірақ «ғылым», «ғылыми негізділген» деген көзқарас уақыт өткен сайын өзгеріп тұрған. Кейіннен, ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана емдік және диагностикалық әдістер тиімділігін бағалау үшін «қандай ғылыми тәжірибе» (эксперимент) тәсілдерін қолдану керектігі туралы пікір айқындала бастады.
Медицинаның дәлелді болуының маңыздылығы бұл тек қана дәрігер қолданған іс-әрекеттердің дұрыстылығын негіздеуге тікелей ғылыми дәйектемелер, яғни сапалы жүргізілген клиникалық тексерістердің қорытындылары қажет екендігінде.
Бұл жағдайда клиникалық зерттеулер лабораториялық тексерістерге қарсы болып келеді, өйткені олар дерттің пайда болуын түсіндіруге емес, керісінше емдік, алдын-алу, нақты диагностикалау мен ағымын болжау әдістеріне сынақ жүргізуге бағытталған. Сол себептен медициналық тәжірибеде, жалпы айтқанда, дәрігерге теориялық ұғымнан көрі клиникалық зерттеулер маңызды.
1973жылы ағылшын эпидемиологі Арчи Кокран (Cochrane A.L.) алғашқы рет жүйелі шолу жасап, алғашқы рет медициналық әр нақты іс-әрекеттер маңыздылығын қорытынды клиникалық тексерістер арқылы бағалау қажеттілігін және ол нәтижелерді медициналық көмек көрсету тиімділігі мәліметтерінің арнайы қорында сақталуын көрсетті. Осы ғалымның атымен Бірлестік аталды.
Сонымен, ХХ ғасырдың 80-і жылдарында «дәйектемелі медицина» айқындалды.
1992ж .- Оксфордта бірінші Кокран орталығы ашылды.
1993ж. - Кокран Бірлестігі құрылды(КБ) - The Cochrane Collaboration - кәзіргі уақыттағы дәйектемелі медицинаның негізін қалаушы.
Кокран Бірлестігі 4000 астам мүшелері мен мекемелерді біріктіріп отырған халықаралық ұйым.
Кокран Бірлестігінің қағидасы бұл медициналық іс-әрекеттер нәтижесі бойынша нақтыланған, сапалы мәліметтерді іздеу мен қорытындылау (Юрьев К.Л., Логановский К.Н., 2000).
КБ әр елдегі орталықтардың бір-бірімен байланысы арқылы қызмет жасайды.
КБ мақсаты
КБ қағидасы (8 қағидаға негізделген):
Кокран орталықтары
Кокран орталықтары Кокран Бірлестігі бөлімдерінің қызметін қолдап отырады. Әр бөлімдерінің бағыты олардың қатысушылары атқаратын қызмет түрі мен қаржыландыру деңгейіне байланысты айқындалғанымен, олар міндетті түрде өз жұмыстарын Кокран Бірлестігімен мақұлдап және оны қолдап отыруы қажет. Клиникалық медицинаның әр саласы мен жалпы денсаулық сақтау бойынша жүйелі шолу жасаушылардың барлығының жұмысының Кокран орталықтары жеңілдетеді. Бұл жұмыстың орындалуының бір шарты - компакт дискілер мен интернет жүйесінде таратылған жүйелі шолулар мәліметтерін Кокран қорында басылымға шығару. (The Cochrane database of systematic reviews, 1995). Мысалы, бұл мәліметтерді дәйектемелі медицина және фармакотерапияның Маскеу орталығының сервері: http://evbmed.fbm.msu.ru/ index-r.html мен Кокран Бірлестігі Ресей бөлімінің ресми сайты: http://www.сochrane.ru арқылы пайдалануға болады.
Кокран Бірлестігі жұмысын өзінің құрамында бар мына бөлімшелер арқылы ұйымдастырады:
4.Әртүрлі сала бойынша топтар бұл Кокран бөлімшелері дерт түрлері емес медициналық іс-әрекет түрлері бойынша біріктірілген: медициналық көмек көрсетудің жағдайы (мысалы, ауруханаға дейінгі), жеке аурулар тобына көмек көрсету (мысалы, егде жастағы науқастарға), медициналық көмек деңгейі (мысалы, медбикелік көмек), немесе белгілі бір іс-әрекет бойынша (мысалы, физиотерапия). Әртүрлі жұмыс түрлерін біріктіруші бөлім (мысалы, тұтұнушылар ұйымы).
5. Кокран электрондық кітапханасы - Кокран шолулары бойынша біртұтас әдістемелік негізі мен біртұтас электрондық жүйені қамтемесіз етеді. RevMan бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Барлық мәліметтер (бітірілген шолулар, барлық бөлімшелерден келіп түскен мәліметтер мен тексерістердің қорытынды хаттамалары) әрдайым Кокран Бірлестігінің негізгі мәліметтер қорына жіберіледі, осы жерде Кокран Бірлестігінің жұмысы туралы ақпараттар мен Кокран шолулары Кокран электрондық кітапханасында басылымға шығу үшін іріктеледі. Кокран электрондық кітапханасы 4 бөлек мәліметтер қорынан тұрады:
Кокран Бірлестігінің шаралары дәйектемелі медицинаның қағидалары даму жолдарының негізін құрайды. Бүгінгі күнде өндірісті дамыған елдердің денсаулық сақтау басқарушы мекемелері мен сақтандыру ұйымдары көпшілігінде шешім қабылдауының басшысы ретінде Кокран Бірлестігінің қорытындылары мен деректемелеріне жүгінеді.
Кокран Бірлестігінің Ресей бөлімі - бұл Мәскеуде орналасқан Солтүстік-шығыс орталығы ТМД елдерінің жалғыз орталығы. Бастығы - В. В.Власов.
2002 жыл Ресейде ДМ Аймақаралық ұйымы құрылды - (www.osdm.org).
ДМ Қазақстандағы даму тарихы
-жоғарғы қысымды оттегі емі бойынша 589, лазер сәулесі емі 1040 басылымдар табылды, бірақ бұл емдер бойынша тиімділігі мен қатерсіздігі туралы дәйекті мәліметтер табылмамады.
ОАА ДМ даму тарихы
2. Клиникалық тәжірибеде шешім қабылдау түрлері
Дәйектемелі медицинананың жетістіктері мен шектеулері
Медициналық көмек көрсету бұл науқасқа жасалатын әртүрлі шаралар бойы үздіксіз шешім қабылдау үрдісі. Шаралар, іс-әрекеттер (науқастың жағдайына кірісу) бұл күнделікті тәжірибеде дәрігердің науқасқа көмек көрсету үшін жасайтын келесі шаралары (іс-әрекеттері) дертті анықтау (диагностика), емдеу, алдын-алу, қайта қалпына келтіру (реабилитация), бағыт беру шешімдері. Осы жағдайда әр дәрігердің, жалпы клиника жұмысының бірден-бір қағидасы - бұл дәйектемелі медицина қағидаларын міндетті түрде қолданып отыру.
ДМ негізделген тәжірибе бұл: 1)жеке тәжірибенің; 2)сырттан, жүйелік тексерулерден алынған ең тиімді клиникалық дәйектемелердің және 3) науқас күткен нәтижелердің бірігуі. Дәйектеме ілімінің философиялық негізі медицинада 19 ғасырдың жартысынан басталады. Оған дейін, біраз ғасырлар бойы, дәрігер шешім қабылдауында өзінің жеке пікіріне немесе, жақсы дегенде, ежелгі философтар мен алхимиктардың беделіне байланысты ғасырлар бойы күмән келмеген еңбектеріне сүйенген. Сол кезде кеңінен қолданылатын тиімсіз ем тәсілдерінің көбін табиғи тұрғы ғылымның тұрақтануы жоққа шығарды. Екіншіден, соңғы ғасырларда дерттерді емдеу мен алдын-алу шараларының біразы ашылып, бақыланып, тәжірибеге еңгізілді. Бірақ, әлдеде, әртүрлі клиникалық жағдайда дәрігердің шешім қабылдауы бірнеше себептерге байланысты болып келеді. Айта кету керек, Дм әдісіне сәйкес шешім қабылдауда дәрігер кәсіпшілігінің патогенезді білуі, ішкі сезім, жеке тәжірибе және басқада қолдануға еңгізілмеген дағдылар мен негізсіз мәліметтер есепке алынбайды. ДМ тәсілі белгілі деңгейде ұқсас клиникалық көріністері бар науқастарда ем нәтижелерін дәрігердің, науқас адамның жеке дара қасиетіне, қаржыландырудың шектелегеніне және басқада жағдайларға байланыссыз қайталауға мүмкіншілік береді. Яғни, ДМ тәсілі әр қашанда шынайы жағдайдан айрықша болып отыратын медициналық тәжірибенің нақтыланған түрі.
Клиникалық тәжірибеде шешім қабылдау түрлері
1.Сарапшы пікіріне негізделіп қабылданған шешім (атақты аттарға негізделген медицина - eminence-based medicine)- құнды, егерде сирек кездесетін клиникалық жағдай болса.
2. Өте аз шығымға негізделген шешім мүмкіншілік келгенше бұлай болмауы қажет.
3.Клиникалық тәжірибеге негізделген шешім:
Дәйектемелі медицинаны қолданудағы жетістіктері
ДМ неге қажет? (жетістіктері)
ДМ қағидаларын меңгерген дәрігердің дағдылары:
Дәрігердің кәсіпшілік қызметінде, дәрігер мен науқастың және сонымен қатар жалпы емдеу мен басқада мекемелер қарым-қатынасында барысындағы пайда болатын әр түрлі жағдайдаларды айқындайтын Д.М. бірнеше негізгі бағыттары бар:
1.Медициналық көмек пен дәрігердің кәсіптік міндеті (тәртібі, этикасы) бойынша: дәрігерлер науқастың жағдайы бойынша нақты, шын мәлімет алуға болатын, денсаулығына зиян келтірмейтін және ең тиімді емді таңдауға мүмкіншілік беретін диагностикалық шараларды ғана тағайындайды. Дәрігерлер мыңдаған ұқсас науқастарға дұрыс жүргізілген тексерістерде өзінің тиімділігін бұрын дәлелдеген ем тәсілдерін ғана тағайындайды. Науқас кісі өзінің жағдайы туралы хабардар, денсаулығы бойынша шешім қабылдауға қатысады және әр қашанда тағайындалған шаралар дұрыстығын тексере алады. Дәйектемелі медицина дәрігер мен науқастың қарым-қатынасын ашық, шыайнаы, жан-жақты мәлімді болдырады.
2.Экономикалық бағыты: медициналық шаралар қаржылануының бірнеше көзі бар: мемлекеттік бюджет, сақтандыру қорлары - міндетті немесе өз еркімен және тағы әр азаматтың жекеменшік ақшалары. Осы төрт қаржы қорларын не біріктіреді? Ең алды-мен, қажетті емес тексеру әдісі мен негізсіз және тиімділігі жоқ ем шараларына төлемеу. Екіншісі бұл қаржының барынша тиімді жұмсалуы. Дәйектемелі медицина артық ақша жұмсалуына кедергі жасайды және оны тиімді пайдалануға көмектеседі.
3.Құқық бағыты: азаматтарға, сақтандыру компанияларға, қоғамдық ұйымдарға құқық құжаты ретінде барынша қажетті көмек көрсету ретінде стандарттары біртұтас нақты құрал болады. Дәйектемелі медицина медицина саласының қандайда болмасын қызметін бақылауға көмектеседі.
4.Білімдік бағыты: Дәйектемелі медицина қағидаларын кеңінен қолдану арқылы дәрігерлерді тиімді және кәсіби мамандандырып оқыту мен олардың білімдік санатын уақытында жоғарлату мүмкіншілігі туады. Бұл жағдайда әр түрлі медициналық мекемелерде берілген сертификат пен дипломдардың және соған сәйкес дәрігерлердіңде білімдік дәрежесінде айқын айырмашылығы болмайды. Дәйектемелі медицина науқастар емін түп нұсқасы бір әдістермен жүргізуге мүмкін етеді және бұл жағдайда дәрігерлер араларында түсіністік жақсарады.
Қорытындылап айтқанда, дәйектемелі медицина бұл ғылыми мәліметтерді жинаудағы, сынды сараптаудағы, қорытындылау мен дұрыс пайдаланудағы жаңа тәсіл.
Дәйектемелі медицинаны қолданудағы шектеулер
3. Дәйектемелі медицинадағы сапалық мен сандық зерттеу әдістері. Клиникалық сынақ, анықтамасы, жіктеуі. Дәйектемелі медицинадағы статистикалық сараптау. Клиникалық сынақтар нәтижесінің дәйектілік деңгейі және ұсынылу мүмкіншілігі
Қандайда болмасын көмектік іс-әрекеттің (емдік, диагностикалық және т.б.) клиникалық тиімділік дәлелдігі басым деңгейде клиникалық сынақтардың немесе зерттеулердің ұйымдастырылуына, әдісіне және тағы осы зерттеулерден алынған мәліметтерді сараптауда қолданылатын тәсілдердің сәйкестігіне байланысты. Кәзіргі уақыттағы медицина науқасқа көрсетілетін емдік шаралар болсын немесе басқада іс-әрекеттердің тиімділігі мен қатерсіздігі туралы мәліметтердің сарапталуына қатаң талап қояды. Қандайда болмасын көмек шараларға жүргізілген клиникалық сынақтардың нәтижесін қалай бағалауға болады? Дәйектемелі медицинаның маңызды қыры бұл клиникалық сынақтардан алынған мәліметтердің нақтылық деңгейін анықтау, яғни жүелік шолулардың негізін құрайтын қорытындылардың дәйектемелігі.
Клиникалық эпидемиологияның басты қағидасы - бұл әр клиникалық тексеріс дәлелденген ғылыми ақиқатқа негізделуі қажет, яғни дәйектемелерге негізделген медицина. Дәйектемелі медицина қағидаларына сәйкес дертті анықтауда, емдеуде және алдын-алуда теқ қана тиімділігі дұрыс ұйымдастырылған объективті, салыстырмалы зерттеулер мен дәлелденген тәсілдер қолданылуы қажет.
Клиникалық сынақтар (зерттеулер), анықтамасы, жіктеуі
Клиникалық сынақ науқастарды негізгі (сынақ жүргізілетін) немесе бақылау (салыстыру) топтарға еңгізіп медициналық іс-әрекеттер мен клиникалық ақырының арасындағы себепті мен нәтижелік байланысын анықтауға арналған келешек бағытта (проспективті) жүргізілетін қандайда болмасын тексеріс (медициналық журналдар редакторларының халықаралық ұйымының анықтамасы). Бұл жаңа теориялық ілім нақтылығын тексеретін клиникалық сынақтардың (КС) ең ақырғы бөлігі.
КС дизайны клиникада жүргізілетін ғылыми зерттеулердің тәсілі (әдісі), яғни оның ұйымдастырылуы немесе құрылымы.
Дизайн түсінігі ағылшыннан аударғанда - (design) жоспар, жоба, проект, сызба, құрылымы деген мағына береді.
КС дизайн түрі бұл жіктелген белгілер жинағы, олар:
1) нақты клиникалық жағдайлар;
2) зерттеу әдістері
3 нәтижелерді өңдейтін статистикалық (сандық) әдістер.
Зерттеулердің дизайны бойынша жіктелуі
Ғылыми клиникалық зерттеулердің жіктеуі
Клиникалық зерттеулер 2 үлкен топқа бөлінеді:
1.Обсервациялық 2.Экспериментальдық
↓ ↓ ↓
Сипаттау Аналитикалық (сараптау) Клиникалық сынақтар
↓ ↓
-жағдай туралы -болған жағдай бақылау тобы
мәлімет Когорттық
Айта кету керек, обсервациялық зерттеуде және клиникалық сынақта олардаң көлемді топка жататын клиникалық зерттеулердің бөлігі болып келеді.
КС жоспарлануы және ұйымдастырылуы мен құрылымы бірнеше жағдайларға байланысты; олардың ішіндегі ең негізгілері: осыған дейінгі алынған мәліметтер деңгейі, зерттелетін клиникалық нәтиже (ақыры) және клиникалық сұрақтың түрі.
Қандай тексерістердің қорытындылары пайдалануға алынады және ол тексерістерге қандай талап қойылады?
Медициналық тексерістерге қойылатын ең басты талаптар:
Классикалық ғылыми зерттеулердің жалпы қағидалары. Клиникалық сынақтар
Бақылаулы
Бақылаулы емес
Зерттеу үрдісі және дәйектемелі медицина
Клиникалық сұрақ Дәйк-сі Сынды бағалау Тәжірибеде қолдану
↑ ↑
\ \
\ \
Зерттеу үрдісі \ Нәтиже
- - - - - - - - - - - \
\ - - - - - - - - -- Биостатистика
\ ↑
↓ ↑
Эпидемиология - - - - - - Клиникалық зерттеулер
Әсер Қауып Дерт
Науқасқа көмек көрсетуде дәрігер шешетін клиникалық сұрақтар түрлері
Қалыптыдан ауытқу Сау немесе ауру?
Диагнозы Қаншалықты нақты диагноз?
Жиілігі Осы дерт қаншалықты жиі кездеседі ?
Қаупы Осы дерттің жиі дамуы қандай қатерлі жағдайға байланысты?
Болжау Осы дерттің ақыры қандай?
Емдеу Емнен кейін дерт ағымы қалай өзгереді?
Алдын-алу Сау адамдарда осы дерттің алдын-алуға шаралары бар ма? Осы дертті ерте анықтап ем жүргізілсе ағымы жақсара ма?
Себебі Осы дерттің дамуына қандай жағдайлар әсер етеді?
Құны Осы дерт емінің құны қанша?
Клиникалық сұрақтардың негізгі ттоптары: дерттің таралуы, қауып-қатерлі жағдайлар, диагноз, болжамы мен емнің тиімділігі.
Зерттелетін клиникалық сұраққа баланысты КС түрлері, яғни әр клиникалық сұрақтың өзіне сәйкес нақты ұйымдастырылған сынақ түрі мен дәйектілігі бар
Медициналық зерттеулер түрлері
Клиникалық зерттеулеулерді өткізуде жиналған тәжірибеге және әдістемелік мәліметтілігін нақты сараптау қорытындысына сәйкес негізгі ғылыми-клиникалық сынақтар мына реттілік бойынша орналасты (алынатын нәтижелер дәйектілігінің төмендеу реті бойымен):
Жүйелік шолулар (ЖШ) -
Сапалы жүйелік шолу - ерекше жүргізілген бірнеше зерттеулер қорытындысы қаралған, бірақ статистикалық сараптама жүргізілмеген.
Мета-анализ мағыналы ғылыми зерттеу және дәйектемеліктің ең жоғарғы шыңы:
Мета-анализдер қажеттілігінің себептері:
Рандомизациялық бақылаулы сынақтар (зерттеулер) - РБС
РБС кәзіргі уақыттағы медицина ілімінде клиникалық тиімділікті бағалауда жалпы мойындалған ғылыми зерттеулердің бірден бір нақты әдісі.
Рандомизация бұл сынаққа қатысушыларды топтарға бөлінуінің кездейсоқ реттілігін айқындауда қолданылатын әдіс. (rand франц. жағдай).
Алғашқы рет РБС 1948 ж. жүргізілді - British Medical Research Council туберкулезда қолданылатын стрептомицин тиімділігі бойынша кәзіргі ауқыт талабына сай рандомизация әдістері мен статистикалық сараптау жүргізілген сынағының қорытындысын басылымға шығарды (ең бірінші рет жасалған бақылаулы сынақ болып саналады) (В.В. Власов, 2005).
РБС- емді бағалау көрсеткіштері
Зерттеу құрылымы
1. Бақылау (салыстырмалы) топтың болуы.
2.Науқастар іріктелуінің нақты көрсеткіштері (сынаққа алынуы мен шығарылуы).
3. Науқастарды зерттеуге рандомизация топтарына бөліну алдына дейін алу.
4. Науқастарды топтарға кездейсоқ (арнайы көрсеткіштерге байланысты емес) бөлу (рандомизация)
5.«Жасырын» түрде емдеу
6.Ем нәтижесін «жасырын» түрде бағалау
Зерттеу құрылымы - нәтижелерді қорытындылау
7.Емнің жанама әсері мен асқынулары туралы мәлімет
8.Сынақ барысында шығып кеткен науқастар туралы мәлімет
9.Сәйкес статистикалық сараптама, қолданған мақалалар, бағдарламалар ж\е т.б. туралы мәлімет
10.Анықталған тиімділіктің өлшемі мен статистикалық нақтылығы туралы мәлімет
РБС ақырғы нәтижелер екі топтағы науқастарда өткізілуі қажет:
Плацебо (placebo) бұл басқа нағыз дәрінің немесе басқа шаралардың тиімділігін тексеруде әсерін салыстыратын бейтарап зат (іс-әрекет). Бақылаулы сынақтарда плацебо науқастар ем түрінен бейхабар болу үшін «жасырын» түрдегі әдістерінде қолданылады. (Мальцев В., ж\е басқ., 2001). Бұл әдіс сынақтадағы науқасқа ем алмауы қатерлі болмайтын жағдайда ғана қолданылады.
Белсенді бақылау зерттелетін көрсеткішке тиімді әсер ететін дәрі қолданылады (жиі жағдайда жақсы зерттелген, ұзақ уақыт және тәжірибеде кеңінен пайдаланудағы дәрі «алтын» қор дәрісі).
Салыстырмалы топтар бір келкі болуы қажет - салыстырмалы топтағы науқастар мына белгілер бойынша сәйкес және бірдей болуы қажет:
Топтардың айқындылығы
Рандомизация үшін, кездейсоқ сандар реттілігіне негізделген әртүрлі компьютерлық бағдарламалар қолданылады. Рандомизациямен қатар негізгі мен салыстырмалы топтарды құруда стратификация әдісін қолданады. Стратификация әдісі ем нәтижесіне нақты әсер ететін жағдайдарды ескере отырып науқастарды топтар бойынша тең бөлуді қактемесіз етеді (мысалы, жалпы популяцияға сәйкестіру үшін).
Жасырын әдісі қатысушылар жағынан ем нәтижесіне арнайы немесе арнайы емес әсер ету мүмкіншілігін азайту мақсатында, яғни субъективті қатерді жойю, дәйектемелі медицинада «жасырын» әдісі (ағылш.blinding) қолданылады.
«Жасырын» әдісінің түрлері:
РБС бір орталықты бір емдеу мекемесінде жүргізіледі және бірнеше (көп) орталықты - сынаққа бірнеше емдеу мекемелері қатысады.
РБС нәтижелері мәліметтері маңызды және тәжірибеде қолдануда мағыналы болуы қажет:
Ем тиімділігінің нақты көрсеткіштері
Рандомизациялық клиникалық сынақтар (зерттеулер) ақырғы нәтижені бағалауда айқын көрсеткіштер қолданылуы қажет:
Когорттық (проспективтік - алдын болжау) зерттеулер
(когорт-топ)
Когорттық (проспективтік - алдын болжау) зерттеулер қауып-қатер жағдайлар немесе болжама жағдайлар әсерін зерттеуге мүмкіншілік береді:
-қауып - қатерлі әсері бар
-қауып - қатерлі әсері жоқ
Болған жағдай - бақылау тобы
Болған жағдай - бақылау тобы (өтіп кеткен уақытта - ретроспективті):
-Зерттеудің басталуында ақыры белгісіз
-Жағдайлар: дерт немесе ақыры бар
-«Не болды?» деген сұраққа жауап береді
-Бұл көлденең (лонгитудиальды) жүргізілетін зерттеу
Бірнеше жағдайларды зерттеу немесе сипатын зерттеу
Клиникалық сынақтарды сандық бағалау тәсілдері. ДМ статистикалық негіздері
Дәйектемелі медицина дерт белгілері айқындығын және ем тәсілдері тиімділігін пайдалануға ыңгайлы бағалау сатылары мен тестер қолданып сандық көрсеткіштерін анықтауды ұсынады және клиникалық сынақтарды өткізуде өлшенетін белгілердің статистикалық тұрғыдан бір-бірімен нақты байланысын табуға бағытталған бірынғай бір ереже басты болуын талап ету арқылы тексерістерден қайталауға болатын қорытындылар мен ғылыми негізделген тәжіребелік ұсыныстар алуын қамтемесіз етеді. Медициналық көрсеткіштерін санау әдістерін медицина ілімінде «биостатистика» деп атайды(Власов В, 2001).
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
P = I*L
Инциденс 1 жылда болған жағдайдалар саны 1000 (10 000, 100 000, 1 млн) шағылып шығарылады.
Тексерістерде анықталатын негізгі көрсеткіш бұл кумулятивтік инциденс (бір уақыт ішінде болған) = бақыланған уақыт ішінде жағдайлар/жалпы тексеріске алынғандар саны; бұл жағдайда бақылау уақытыда және жалпы тексеріске алынғандар саныда әртүрлі болуы мүмкін, бірақ зерттеудегі үрдістер ұзақтығына сәйкес болуы қажет.
Жүйелік қателер түрлері: а) іріктеуге байланысты - selection b.; б) тексеріс барысында әсер еткен әртүрлі жағдайларға байланысты-performance b.; в) тексеріске қатысқан кісілердің шығып кетуінен - attrition b.; нәтижелерді анықтау әдістеріне байланысты- detection b.
Статистикалық зерттеулерде маңызды екі сұрақты шешу қажет:
Сенімділік ара қашықтығы
Іріктеу көлемін анықтау
Бұл өңдеу кезеңінде анықталатын көрсеткіштер:
Іріктеу көлемін анықтау әдістері
Нәтижелерді шығару - шара тиімділігін айқындайтын 3негізгі көрсеткіш бар:
Дәйектемелік деңгейі және ұсынылу сатысы (мүмкіншілігі).
Ғылыми зерттеулер өзінің нақтылығы бойынша ұқсас болмайды, яғни дәйектемелігі бір-біріне тең емес. Сол себептен ғылыми зерттеулердің нақтылық деңгейін, яғни дәйектемелі негізі бар ма, анықтау қажет.
Дәйектемелік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер
Дәйектемелік мен қолдану мүмкіншілігі (градация) деңгейі жүйесі:
Дәйектемелік деңгейі - 1
1++ - мета-анализдер, жүйелік шолулуар немесе РБС әлде жоғары сапалы когорттық зерттеулер әлде жоғары сапалы әдістер үлгісіндегі жүргізілген жағдай-бақылау тобы зерттеулер түрі;
1+ - мета-анализдер, жүйелік шолулуар немесе жоғары сапалы, жүйелік қателер қаупы өте төмен РБС
1- жүйелік шолулуар немесе жоғары сапалы, жүйелік қателер қаупы өте жоғары РБС
Дәйектемелік деңгейі - 2
2++ - когорттық сынақтардың немесе жоғары сапалы әдістер үлгісіндегі жүргізілген жағдай-бақылау тобы зерттеулердің жүйелік шолулары.
Және тағы когорттық әлде жоғары сапалы әдістер үлгісіндегі жүргізілген, нәтижелерді бұрмалау немесе жүйелік қателер қаупы өте төмен және себептік байланыс болжамы жоғары болған жағдай-бақылау тобы зерттеулер түрлері;
2+ - когорттық әлде жоғары сапалы әдістер үлгісіндегі жүргізілген, нәтижелерді бұрмалау немесе жүйелік қателер қаупы өте төмен және себептік байланыс болжамы орташа болған жағдай/бақылау тобы зерттеулер түрлері;
2 - - когорттық әлде нәтижелерді бұрмалау немесе жүйелік қателер қаупы өте жоғары және себептік байланыс болжамы жоқ болған жағдай/бақылау тобы зерттеулер түрі;
Дәйектемелік деңгейі - 3
Тәжірибеде кездескен жағдай немесе бірнеше жағдайлар сияқты сарапталмаған зерттеулер.
Дәйектемелік деңгейі - 4
Сарапшылар кеңесі мәліметтеріне және еңбегі сіңген сыйлы мамандардың клиникалық тәжірибесі мен әлде пікіріне негізделген дәйектемелер.
Дәйектемелік мен ұсынылу мүмкіншілігі (градациясы) деңгейін анықтау кезеңдері
Ұсынылу мүмкіншілігі (градациясы)
Ұсынылу мүмкіншілігі (градациясы) А
Ұсынылу мүмкіншілігі (градациясы) А - зерттеулер тәжірибеде қолдануға ыңғайлы, ұсынылу деңгейі қауыптілігінен біраз жоғары, яғни қауыптілігі өте төмен.
Ұсынылу мүмкіншілігі (градациясы) В
Ұсынылу мүмкіншілігі (градациясы) В бұл жиі жағдайда когорттық немесе болған жағдай/бақылау тобы зерттеулер
Ұсынылу мүмкіншілігі (градациясы) С
Бұл деңгейді қолдануда пайдасы = қауыптілігіне
Ұсынылу мүмкіншілігі (градациясы Градация рекомендаций D
Немесе 2+ деңгейдегі зерттеулерден алынып сәйкестелген дәйектемелер.
Бұл деңгейді қолдануда қауыптілігі > пайдасынан
Ұсынылу мүмкіншілігін (градациясын) қолдану
4. Дәйектемелі медицинадағы сұрақтар түрлері.
Клиникалық сұрақтарды құрастыру қағидалары
Дәйектемелі медицина бұл клиникалық зерттеулердің ең жақсы нәтижелерін белгілі бір науқасқа көмек көрсетуде таза пейілмен, тура, ойланып, мағыналы пайдалану. ДМ қолдану барысындағы шешуші кезеңдердің бірі бұл клиникалық сұрақ құрастыру, яғни не жасау қажет? деген сұраққа жауап табу.
Әр клиницистің алдында күнделікті тұратын клиникалық
сұрақтар (мәселелер) түрлері:
Клиникалық сұрақ дегеніміз не?
Клиникалық сұрақтарды тиімді шешудегі қажетті жағдайлар
ЖТД/ЖД нақты бір науқасқа байланысты шешуін талап
ететін клиникалық сұрақтардың түрлері
жағдайының жақсаруы немесе асқынулар даму қаупының төмендеуі.
Дұрыс құрастырылған клиникалық сұрақтың сипаттамасы
Клиникалық сұрақты дұрыс құрастыру үшін пайда болған жағдайды
анықтап айырып алу қажет, яғни:
Дұрыс құрастырылған клиникалық сұрақтың анатомиясы немесе құрылымы
(PICO - ПКСА)
-жүргізу бағыты, диагностикалық сынақ,
- дәрінің тиімділік көлемі,
-хирургиялық шаралар, дәрінің мөлшері
Бақылау немесе салыстыру тобы, әдіс, дәрінің мөлшері
-біз межелеген тиімділікке сәйкес (жазылу, өлім қаупын төмендету, үлкен жне кіші асқынуларды даму қаупын төмендету, дерттің қайта даму жиілігі, мүгедектік, тіршілік сапасын жақсарту, белгілер қарқындылығын азайту және т.б.).
Клиникалық сұраққа қойылатын талап
Клиникалық мысал
А., атты 58 жастағы науқас. Анамнезінде АГ (5жыл), ал соңғы 2 жылда нитроглицеринге тоқтайтын стенокардия ұстамасы мазалайды. Науқас ұзартылған нитраттар мен ß тежеушілерін қабылдайды. АҚ деңгейі с.б.б. 130/70 мм. Ауруханаға түсетін күні төс мағындағы ауру сезімі жиілеп ұзақ ұстады. Жедел жәрдем көмегі шақырылып науқас миокард инфарктысы диагнозымен ауруханаға түсті. 3 жетілік сәйкесті емнен (антикоагулянттар, нитраттары, ß тежеушілер) кейін науқастың жағдайы тұрақталып, ол шығарылуға дайындалды. Емдеуші дәрігерде сұрақ пайда болды: АҚ деңгейі с.б.б.125/85 мм. және ß тежеушілерді жақсы көтеретін науқасқа сол қарынша қызметі сақталған жағдайда (ШК 45%) АПФ ингибиторларын қосымша тағайындау қажет пе?
ЖТД/ЖД шешуге міндетті сұрағы:
Миокард инфарктысын өткізген науқасты қалай емдеу керек?
Клиникалық сұраққа қойылатын талап
Сұрақты құрастыру мысалы 1 жобасы
Миокард инфарктысын өткізген барлық науқастарға
АПФ ингибиторларын тағайындау қажет пе?
PIСO (ПКСА)
P - Миокард инфарктысын өткізген науқастар
I - АПФ ингибиторларын миокард инфарктысынан кейінгі кезеңде тағайындау
С- Салыстырмалы тобы жоқ. Осы іс-әрекеттің тиімділігі
қалай бағаланады?
O- Іс-әрекет қандай мақсатпен жасалады?
Cұрақ құрастырудағы кемшіліктері:
Сұрақ құрастырудың мысалы 2 жобасы
Миокард инфарктіні өткізген науқастарға сол қарынша қызметі
сақталған жағдайда АПФ ингибиторларын тағайындау өлім
қаупы мен МИ қайталау жиілігін төмендете ме?
PIСO (ПКСА)
P - Миокард инфарктіні өткізген науқастар, бірақ сол қарынша қызметі сақталған
I - АПФ ингибиторларын инфарктан кейінгі кезеңде тағайындау
С - салыстырмалы топ кәдімгі АПФ ингибиторлары қолданылмайтын ем тағайындалған науқастар
O - өлім қаупы және МИ қайталау жиілігі көрсеткіштері
2 құрастырылған сұрақтың жетістігі
Мәліметтер іздестіру үшін алдын-ала қандай жағдайларды білу қажет?
Клиникалық сұрақтар түрі
1.Ем - емдік іс-әрекеттердің тиімділігін бағалау. Клиникалық ақыры-науқастың жағдайының жақсаруы немесе асқынулар даму қаупының төмендеуі.
2.Қауыптілігін бағалау науқастың хәліне әсер ететін қолайсыз жағ- дайлардын болуын бағалау, сырқаттанушылық және өлім.
3.Диагностика - әр түрлі диагностикалық әдістердің мәліметтілігін бағалау.
4.Болжау - дерттің келешек ағымын бағалау
Сапалықтың көрсеткіштері клиникалық сынақтар
сапалығының түпнұсқасы (стандарттары)
Клиникалық сұрақтар түріне сәйкес зерттеу түрлері таңдалады
Ем тиімділігі - Екі жақты жасырынды рандомизациялық бақылаулы
клиникалық сынақтар
Дерттің болжамы - Ұзақ уақыт қорытындысы бақыланатын проспективті когорттық зерттеу
Диагностикалық
әдістің тиімділігі - Жеке жасырынды түрде басқа әдіспен салыстыру, кейіннен басқа науқастар тобында қайта тексеру немесе сынау
Этиологиясы / қатерлі әсері - Нәтижесі нақты бағаланған «когорттық» немесе «дамыған жағдай бақылау тобы» сынақтар түрі
Бұл клиникалық зерттеулер сапалығы анықтаушыларының «алтын түпнұсқасы (стандарттары)»!!!
Дәйектемелерді іздеп табу
- электрондық журналдар
- СD-ROM и интернет
- Medline
- Health Star
- Регистр контролируемых исследований Cochrane
Арнайы зерттеулер қоры
-фарм.компаниялардың және өідіріс фирмалардың
-медициналық әдебиеттің
Анықталған дәйектемелерді баға беру (сараптау)
ДМ дірігерге мына сұрақтардан бас тартуын талап етеді: Бұл не?Бұл қалай түсіндіріледі? Бұл неге бұлай болады? бұл «бастапқы» сұрақтар этиология, патогенез. Бұл сұрақтарға жауап қызық болуы мүмкін, бірақ бұл сұрақтар белгілі бір науқасқа көмек көрсету үрдісіне қатыстығы аз.
ДМ дұрыс сұраққа бағыт береді не жасау қажет? Туралап айтқанда: А атты көмек В атты жағдайға С атты нәтижеге жету үшін тиімді ме?яғни, тәжірибеде қалай жасалу керек? деген сұраққа жауап береді аста-рында нақты бір дерті бар науқасқа көмек көрсетудегі арнайы білімділікті талап етеді және оның 4 құрастырушысы бар - PIСO (ПКСА).
5. ДМ елеуін қолданып медициналық мәліметтерді іздеп табу
Дәйектемелі медицина (ДМ) (evidence-based medicine) бұл дәледенген мәліметтерге негізделген медицина бөлігі және осы анықталған дәйектемелерді іздеу, салыстыру, қорытындылау мен кеңінен пайдалану арқылы науқасқа көмек көрсетуде тиімді пайдалану (Еvidence Based Medicine Working Group, 1993).
Дәйектемелі медицина (ДМ) ғылыми мағлұматтарды жинаудың, талдаудың, қорытындылау мен дұрыс түсініп қолданудың жаңа әдісі, бағыты немесе технологиясы. Дәйектелі медицина (ДМ) бұл дәлелденген (түсіндіруге келетін), маңыздылығы бар, ең жоғарғы жетістіктерді таза пейілмен белгілі бір науқасқа сапалы медициналық көмек көрсету үшін қолдану (Sackett D.L.1996). Басқа сөзбен айтқанда, ДМ кәзіргі уақыттың бейнесі ретінде осы күннің маңызды жетістіктерін пайлануға негізделеді, өйткені «дәлелі бар дәрігерде» мәліметтердің сенімді қорлары бар.
Іздеу әдісі. Медициналық мәліметті Интернет жүйесінде іздеу..
1. Іздеудегі нысана. Қандай нысана іздеуде - не ізделеді?
-сұрақты дұрыс құрастыру нақты, тақырыпқа сәйкес
- өзекті сөздерді тура анықтау ізделіп отырған тақырыпқа жауап беретін, яғни маңыздылығын сипаттайтын және жиі қолданылатын
- бақылау нысаналары ( адамдар және/немесе жануарлар, ер адамдар және/немесе әйелдер, жасы).
2.Қандай қорлар бар қайдан іздеу керек?
Ағылшын тілді сайттар
Орыс тілді сайттар
http://www.google.kz/
Мекемелер / жобалар Веб-сайты
http://www.cche.net/CHE/home.asp
http://www.osdm.org
Мәліметтер қоры
http://www.cochrane.org
http://www.ncbi.nih.gov/entrez/query.tcgi
http://.nhscrd.york.ac.uk/darehp.htm
http://ptwww.cchs.usyd..edu.au/pedro/
Тақырыптық веб-сайттар
http://www.antibiotic.ru
http://www.athero.ru/
http://www.med.nagoya-cu.ac. jp/psych.dir/ebpcenter.htm
http://www.med.umich.edu/pediatrics/ebm
http: //PedsCCM.wustl.edu/EBJounal-Club.htm
Іздеу құралдары
http://sumsearch.uthscsa.edu/searchform45.htm
http://www.tripdatebase.com/
Оқыту қоры
http://cebm.jr2.ox.ac.uk/docs/toolbox.html
http://www.hsi/unc/edu/ahec/ebmcoe/pages/index/htm
Introduction to Еvidence- based Medicine -http://www.hsl.unic.edu/lm/ebm/index.htm
http://library.downstate.edu/ebm/toc.html
http://www.med.ualberta.ca/ebm/ebm/htm
Журналдар
http://www.acpjc.org/
www.biomedcentral com
www.jr2/ox.acuk/bandolier/
www.cmh.edu/stats/jounal.htm
PubMed АмерикаҰлттық медициналық кітапханасының биотехнология мәліметтерінің Ұлттық орталығы өңдеген ( www.nlh.gov). PubMedтің іздеу құралдары біраз дамыған, Medlin-ге кірмеген құжаттар және Интернеттегі электроднық басылымдармен танысуға мүмкіншілік береді.
Клиникалық деректемелер қорының негізгі интернет-сайттары
http.//www.nelh.nhs.uk
http.//www.eguldlines. co.uk
http.//www. health gov. Au/hfs/nhmrc/publicat/cp-home.htm
http.//www.sign.as.uk
http.//www.nzgg.org/nz/library/cfm
http.//mdm.ca/cpgsnew/cpgs/index.asp
Іздеу әдістері
Іздеу аймағын кішірейту (туралау)
Байланыстырушыларды қолдану
Оператор Ағылшын нұсқасы Қысқа жобасы
Іздеу аймағын кішірейту (туралау): «Limits»
Іздеу аймағын кішірейту (туралау) түрлері:
Өзекті (тақырыпты) сөздер (MeSH)
MeSH - Metdical Subject Headings
( медициналық тақырыптық бөлімдер) бұл өзекті (тақырыпты) сөз:
hypno$.tw. іздеу қорытындысы мына түрде болдады: hypnosis, hypnotic, hypno-therapy, hypnoyize ж/е т.б.
Іздеу әдісі -кезсңдері
1 кезеңі: өзекті (тақырыпты) сөздерді, MeSH, іздеу әдістерінің қосымша құралдарын қолданып (басылымға шығу датасы, зерттеуге қатысушылар ж/е т.б.) нақты клиникалық сұрақ құрастыру.
2 кезеңі: Сіздің талабыңызға қажет мәлімет қорын таңдау ( мәліметті іздеу жүйесі, мәліметтер қоры, журнал) және осы қормен жұмыс жасау ережесін қолданып тапсырмаңызды құрастырып іздеу аймағына кіргізесіз.
3 этап: алынған қорытынды бағалау
Интернетте іздеу жұмыстарындағы қателер
6. Клиникалық хаттамалар, анықтамасы, тәжірибеде құрастыру, қолдану және жаңартылу қағидалары. Клиникалық (медициналық) аудит туралы түсінік.
Клиникалық хаттамалар, анықтамасы, тәжірибеде құрастыру,
қолдану және жаңартылу қағидалары
Клиникалық хаттамалар бұл медициналық мекемеде нақты дерті, анықталған синдромы әлде бір клиникалық жағдайы бар науқасқа көрсетілетін көмектің орындалу талаптарын реттейтін заңды құжат немесе бұл айқындалған нақты клиникалық жағдайда сәйкесті ем шаралары туралы шешім қабылдауда науқас пен дәрігерге көмектесетін тұрақты өңделіп тұратын ережелер (Field & Lohr,1990).
Клиникалық хаттамалар бұл орындауды талап ететін ереже ( басқа дәлелді себептер болмағанда).
Клиникалық хаттаманы құрастыру мақсаты медициналық мекемеде сапалық көмек көрсету үрдісін сәйкесті ұйымдастыруды қамтемесіз ету.
Клиникалық хаттамалар шешетін жағдайлар :
1. Нақты науқастың жағдайына байланысты профилактикалық, диагностикалық, емдік және қайта қалпына келтіру шараларын қолайлы таңдау;
2. Науқас пен дәрігердің құқығын таластық және келіспеушілік жағдайды шешуде қорғау;
3. Нақты дерті, анықталған синдромы әлде бір клиникалық жағдайы бар науқасқа көрсетілетін көмектің сапасын сараптау мен бағалау және осы шараларды жақсарту жолдарын жоспарлау;
4. Медициналық көмек көлемін жоспарлау;
5. Медициналық көмек көрсетуге жұмсалатын қажетті шығынды есептеу;
6. Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмекті мемлекеттік қолдау жоспарын негіздеу.
Клиникалық хаттаманы құрастыру үрдісі - өзіміздегі және шетелде сапалық көмек көрсетуде науқасқа қолданылатын шаралар қағидаларын айқындайтын хаттамалар, клиникалық деректемелер, нұсқаулар, ғылыми басылымдар өңделуіндегі тәжірибені пайдаланып құрастырылады..
Клиникалық хаттаманы құрастыру негізін анықталған дерті (синдромы әлде бір клиникалық жағдайы) бар науқасқа қолданылатын көмектің (емханада, ауруханада және жоғары дәрежелі арнайы мекемелер жағдайында) жалпы тәртібі нақты көрсетіліп жазылған бұрын пайдаланған хаттамалар құрайды.
Хаттамалар әртүрлі медициналық мекемелерде жасалатын емдік, диагностикалық үрдістердің бір бағыттылығын, медициналық көмек көрсетуде бір-бірімен байланыстығын, олардың осы талаптың орындалу жолдарындағы жеке дара ерекшіліктеріне (құрал-жабдық жағдайы, көмек көрсетудегі іс-әрекетттер реттілігі және т.б.) байланыссыз қамтемесіз етеді.
Сонымен клиникалық хатамалар әртүрлі мекемелердің көмек көрсетудегі ережесі, бірақ олардың әрқайыссы хаттамалардың қай бөлігі қандай жағдайда қолданулы керектігін өздігіненше шешуі қажет.
Медициналық мекемеде клиникалық хаттамалардың өңдеу ретттілігі:
1. Жұмысшы тобын құру (стандартизация мен ұйымдастыру бойынша топтар);
2. Жұмысшы топтың жұмыс уақытын белгілеу, хаттама мәтінін анықтау (талаптары, мазмұны);
3. Медицина мекемелері жұмысына клиникалық хаттамаларды еңгізу;
4. Олардың қолдану тиімділігін әр клиникалық хаттамалардың өздеріне сәйкестік сапалық анықтаушылары бойынша бағалау;
Клиникалық хаттамаларды дайындау және оны еңгізу жолдарын реттеу үшін жұмысшы топ құрастырылады. Оның мүшелері:
Жұмысшы тобының ішінде Төреағасы (бас дәрігер немесе оның емдеу және клиникалық сараптама бойынша орынбасары), оның орынбасарлары және хаттышысы. Жұмысшы тобының саны медицина мекемесінің түріне, көмек көрсету көлемі мен деңгейіне және мамандандырылуына байланысты.
Жұмыс тобы клиникалық хаттамалардың құрастырылуына, еңгізілуіне және тұрақты бақылануына жауапты. Жұмыс тобының барлық мәжілістері тіркеледі (хаттама арқылы). Клиникалық хаттамалардың құрастырылуы мен еңгізілуі жұмысшы тобы мүшелерімен жазулы, келісілген және бекітілуі қажет.
Медицина мекемесі клиникалық хаттамаласының
құрылымы және мазмұны
Медицина мекемесінде хаттаманың тек қана сол мекемекеде көрсетілетін көмек түріне сәйкес бөлімдері пайдаланады.
Құрастырылған клиникалық хаттаманың бөлімдері:
Әр нақты науқасқа (дертке) арналған диагностикалық пен емдік көмек түрінде белгіленетін көрсеткіштер ( № 1кестені қара):
1 Кесте
Код |
Атауы |
Жасалатын жиілігі |
Орта саны |
Клиникалық хаттамада дерттің ағымына нақты әсер ететін және науқас міндетті түрде хабардар болатын мына ұсыныстар, яғни қара күш немесе басқада жөктемелер, қосымша емдік дене шынықтыру жөктемелері бойынша шектеулер, тұрмыс-тіршілік әдеттерін өзгерту, ем-дәм тағайындалу тәрті-біне қойылатын талаптар белгіленеді.
Әр клиникалық хаттама бойынша медициналық көмектің сапалығын анық-тайтын негізгі көрсеткіштері белгіленуі қажет бұл көрсеткіштер арқылы клиникалық хаттама бойынша науқасқа жасалған көмек сапасын бағалау-ға болады.
Еңгізуі мен оқыту (үйрету)
Клиникалық хаттамаларды еңгізу үрдісі оларды пайдалану ережесін оқыту семинарларынан басталуы қажет. Семинарлар бастапқыда 2 күндік әрі қарай 1-күндік
болуы мүмкін. Семинарларда дәрігерлер санының ең көбі 15-тен аспау керек. Хаттамаларды еңгізу мен әрі қарай қолдану үр-дістері құжаттың өзінен көрі аса маңызды.
Жақсы құрастырылған клиникалық хаттамалар сапасының негізгі сипаттамалары:
Медициналық (клиникалық) аудит туралы түсінік.
Кәзіргі уақытта аудиттер (бақылау) клиникалық зерттеулердің үйреншіктіде және қажетті бір бөлігі болды, әсіресе олардың нәтижесі ресми мекемелерге тіркеу мен дәрілік заттарды сатуға рұқсат (лицензия) алу арыздарына қосыла жіберілсе.
Аудит (audit) бұл «зертеулер бойынша жауапты өткізушілер тәртібіне, Сапалы Клиникалық Тәжірибе (ICH GCP) ережелеріне және тиісті ресми мекемелер та-лаптарына сәйкес жасалу, нәтижелердің тіркелу, сарапталу және хабарлану шараларының орындалуына сенімді болу мақсатында жүргізілетін іс-әрекет-тері мен құжаттарын жүйелі және тәуелсіз бақылау).(« Сапалы Клиникалық Тәжірибе бойынша Деректер»; 1.6 тарауы, 1997).
Аудит жүргізетін кісілер “тәуелсіз, клиникалық сынақтың бақылауы мен тұрақты тексерімен байланысты емес” (5.19.1 бап). Басқа жағдайда, әсі-ресе қате шықса келіспеушілік көзқарас болуы мүмкін. Аудиттың мақ-сатына байланысты оны бір немесе бірнеше кісілер (топ) өткізуіне болады. Негізінде топтың өткізгені дұрыс, өйткені бұл жағдайда топтық сарапта-ма жүргізуге болады . Фармацевтикалық компаниялар мен келісім шарт зерттеу мекемелері (Contract Research Organisation - CRO) басым жағдайда өз құрамында клиникалық зерттеулер сапасын бақылайтын (сапа нақтылығы бөлімі- Quality Assurance (QA) Department) бөлім ұстайды.
Басқада жұмыстардағыдай, аудитор өзінің қызметтік міндетін атқарудан бұрын қажетті дайындықтан өтуі керек. Бұл жағдайда дағдыланған тәжірибе бар - бұл сапа нақтылығы бөліміне тәжірибесі мол мамандарды пайдалану, әсіресе, клиникалық сынақтарды реттеушілер мамандығында жұ-мыс жасағандар. Бірақ бұларда қосымша оқудан өтуі керек, өйткені әр жұмыстың өзінің ерекшіліктері бар.
Кәсіпті аудитор не білуі қажет?
Аудитың мақсаттары және міндеттері. Клиникалық сынақтар аудитының мақсаттары алдын-ала анықталып спонсорлардың стандарттық ережелері (ССЕ) болып бекітіледі. Олар:
Аудит түрлері. Бұл аудитты өткізушіге және басты себепкер кім екеніне байланысты.
Бұндай аудитер болашақ бірігіп жасалатыын жобалар алдында немесе CRO мен фармацевтикалық компаниялардың бірлестік жұмыстарында өткізіледі.
Зерттеу орталығының аудиті клиникалық сынақтың қай кезеңіндеде жасалуы мүмкін: басым жағдайда компппаниялар ерте жасауға тырысады.
Соны мен зерттеу орталығы аудиттерін жоспарлы эәне жоспардан тыс деп бөлуге болады.
Жоспарлы аудиттер. Кәзіргі уақытта жақсы бақылаулы зерттеулерге міндеттті үрде аудит жүргізіледі, өйткені ол зерттеу сапасын қамтемесіз ету жүйесінің бөлігі. Ең аз дегенде бір аудит жүгізілуі керек. Негізінде аудиттен орталықтардың 10-25% өтуі керек - зерттеу күрделігі, қаржыландыру, спонсорлар мен/немессе CRO іс-әрекеттеріне байланысты.
Аудит мардымды болу үшін оның талаптары анықталуы қажет.
Мысалы мына аудит түрінің анықтаушылары.
Белгілі бір себепке байланысты аудит (For Cause Audit):
1.Аудитке жататын зертеу орталықтары - жиі себеп:
2. Біріншілік медициналық құжаттар толтырылу сапасы төмендігі:
Аудит туралы есеп. Аудит есебі - тексеріс барысында анықталған, нақты мәліметтерге негізделген жеткіліксіздер мен ескертулер туралы жазылған құжат.
Аудит нәтижесі бұл зерттеу орталығында өкізіліп жатырған клиникалық сынақ спонсорлар, ресми мекемелер ережелер талабына сәйкестігі туралы тұжырым /пікір. Қорытындысында зертттеу орталығы аудит өткізілгені туралы сертификат алады келешек зертеулерге қатысссу мүмкіншілігі жоғарылайды. Сонымен аудит бұл клиникалық зертеулердің сапасын қамтемесіз ету жүйесінің маңызды бөлігі.
Әдебиеттер:
1.Нугманова Д.С.Курс лекций «Доказательная медицина». Алматы, АГИУВ, 31.03.08-25.04.08.
2.Власов В.В. Введение в доказательную медицину. М.: Медиа Сфера, 2002.-вып.1.-392 с.
3.Котельников Г.П., Шпигель А.С., Кузнецов С.И., Лазарев В.В. Введение в доказательную медицину. Научно-обосн. медицинская практика: Пособие для врачей. Самара, 2001.- 27 с.
4.Котельников Г.П., Шпигель А.С. Введение в доказательную медицину. Научно-обоснованная медицинская практика: Монография.-Самара; СамГМУ, 2000. 116 с.
5.Флетчер Р., Флетчер С., Вагнер Э. Клиническая эпидемиология: Моногра-фия/Пер. с англ. С.Е. Бащинского, С.Ю. Варшавского.- М.: Медиа Сфера, 1998.-352 с.
6.Флетчер Р. Клиническая эпидемиология. Основы доказательной медицины: Пер.с англ. М.: Медиа Сфера, 2004. 264 с.
7.Власов В.В. Эпидемиология: Учебное пособие. М.: ГЭОТАР - МЕД, 2004.- 256 с.
8.Гринхальх Т. Основы доказательной медицины: Учебн. пос. М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. 267с.
9.Власов В.В. Введение в доказательную медицину, или как использовать биомедицинскую литературу для усовершенствования своей практики и исследований. М.: Медиа Сфера, 2001.- 112 с.