Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Жалпы педагогика кафедрасы
3-курс студенттерінің педагогикалық практика барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
Ақтөбе 2013
3-курс студенттерінің педагогикалық практикасының бағдарламасы (силлабус), ҚР МЖМБС 03.08.269 - 2006, Астана. «Білім» мамандықтары бойынша практикаға арналған типтік оқу бағдарламасы Алматы, 2007 негізінде құрастырылды.
Құрастырғандар: доцент Наренова А.Б.
аға оқытушы Баймаханова Г.К.
пед.магистрі,оқытушы Амиргалиева Б.Т.
Жалпы педагогика кафедра мәжілісінде қарастырылды.
«___» ___ 2013 жыл. № __ хаттама.
Кафедра меңгерушісі____________Жусупова Ж.А.
Алғы сөз
3 - курс студенттерінің педагогикалық практикасы мазмұны жағынан болашақ мұғалімнің теориялық және практикалық дайындығын педагогика және психология пәндері, арнайы пәндер мен тәрбие жұмысының әдістемесі, нәтижесінде қазіргі білім беру технологияларын меңгеріп, оны мектеп практикасына ендіретін әртүрлі психологиялық-педагогикалық мәселелерге арналған мүмкіндіктермен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі мектеп пен мұғалімге қойылатын талаптардың мазмұнымен сабақтас сонымен бірге, педагогикалық практика өзінің сипаты жағынан комплексті өйткені, тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Практиканың міндеттері:
-Мұғалім кәсіптік іс-әрекетінің объектісі ретінде-біртұтас педагогикалық процесті ұғынуға бағытталған теориялық және тәжірибелік дайындықтың өзара байланыстылығы.
-Өзін-өзі дамыта білетін оқушы тұлғасын қалыптастыруда педагогтың жетекші рөл атқаруы, тұтас педагогикалық процестін субъектісі болып табылатын мұғалім мен оқушының өзара әрекетін ұғыну.
-Сыныптағы тұтас педагогикалық процесте сынып жетекшісінің және пән мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу, және дамыту қызметін іске асыруы.
-Тұлғалық-бағдарлық білім беру жағдайында бүгінгі күнгі білімдік -тәрбиелік технологияларын меңгеруі.
- Ғылыми жұмысына сәйкес психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүзеге асыру.
Практика мазмұны:
Меңгеру:
- пән мұғалімнің және сынып жетекшісінің оқу-әдістемелік құжаттарын;
- бекітілген класатағы тұтас педагогикалық процестің жағдайын диагностикалық әдістемелердің көмегімен (оқу үлгерімі, оқушы мен ұжымның даму деңгейі, әлеуметтік белсенділігі, тәрбиелік деңгейі, тұлғалық психологиялық процестерінің дамуы ес, ойлау, ынта және т.б.) жұмыс жүргізу;
- отбасының педагогикалық процесі, психологиялық ахуалы;
- бекітілген сынып оқушыларының ата-аналар мен класс жетекшісімен, мектеппен өзара байланысы;
- мектептің психологиялық қызметінің жағдайы;
- мектептің дарынды балалармен жұмысы;
- мектептің мамандануына сәйкес пәндер бойынша оқу және мектеп кабинеттеріндегі әдістемелік нұсқаулармен танысу;
- инновациялық әдістер және технологияларды талдап, қорыту;
- педагогикалық практиканы өту барысында келешек мұғалімнің ғылыми ізденіс жұмысына бағытталуы;
I. Практикадан оқып-үйрену
1. Пән мұғалімінің оқу-әдістемелік құжаттарын оқып үйрену
Әдістемелік нұсқау: Өз мамандығы бойынша пән мұғалімінің жұмыс жоспарымен танысып, көшірмесі студент практиканттың портфолиосынада болуы керек.
Әдістемелік нұсқау: Мамандыққа сәйкес пән бойынша оқу кабинетімен және мектептің әдістемелік кабинетінің қорымен танысып, оқып- үйрену.
3. Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру
Әдістемелік нұсқау: Бекітілген класта тәрбие шараларын ұйымдастырып өткізу. Өткізген шараның жоспар-конспектісі студент-практиканттың портфолиосында болуы тиіс.
4.Тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын жоспарлау. (2 апта)
Әдістемелік нұсқау: Пән мұғалімінің әдістемелік жоспары негізінде бекітілген класқа екі сабақ конспект-жоспарын құрып, студент-практикант өткізуі тиіс және өткізген сабағы студент-практиканттың портфолиосында болуы тиіс.
Зерттеу жұмыстары
1. Оқушылар ұжымының даму деңгейінің диагностикасы
Әдістемелік нұсқау: Берілген социометрия әдісі бойынша класс ұжымының қарым-қатынасын зерттейсіз.
Зерттеуді бастар алдында класс ұжымы мен нұсқау басшылыққа алады: «Сіздің класс көптен келе жатыр. Осы уақыт ішінде сіздердің бір-біріңізге деген әртүрлі көз қарастарыңыз қалыптасты олар (симпатия, антипатия, сыйлау және сыйласпау). Енді осы өз класыңыздың жаңа құрамын құрып және жаңа класс қалыптастыру сіздерге жүктеледі, ол үшін сіздер мына екі сұраққа жауап беруге тиістісіңдер;
1. Өз қалауыңыз бойынша сіз, кластың жаңа құрамына класс мүшесінен кімді таңдаған болар едіңіз? №1 параққа сол оқушылардың фамилиясын Мысалы, Алмабеков-1, Сансызбаев -2 және т.с.с.
2. Өз қалауыңыз бойынша сіз, кластың жаңа құрамына класс мүшесінен кімді таңдамаған болар едіңіз? №2 параққа сол оқушылардың фамилиясын Мысалы, Исаев -1, Мереев-2 және т.с.с.».
Жауап парақтарын зерттеуші талдап, нәтижесін шығарып, таблицаға
социомертиялық матрицаға түсіреді
Аты жөні |
Алмабеков |
Сансызбаев |
Исаев |
Мереев |
* * * * |
Барлық берілгені |
|
Таңдалғандар саны |
Таңдалмағандар саны |
||||||
Алмабеков |
************ |
2 |
1 |
2 |
|||
Сансызбаев |
1 |
********** |
2 |
||||
Исаев |
3 |
****** |
1 |
||||
Мереев |
4 |
****** |
|||||
** |
|||||||
Барлық берілгені |
|||||||
Таңдалғандар саны |
∑ |
||||||
Таңдалмағандар саны |
∑ |
Социометриялық матрицада сол жақ вертикаль және жоғарғы горизонталь жазылған фамилияларды зерттеуші берілген нөмірлері немесе алфавит бойынша алды. Мыс: социометриялық матрицада көрсетілген фамилиялардың ішінен 1 цифрмен немесе өзің анықтаған түспен (көк)- таңдағандар саны, сол сан немесе түс таңдалған оқушының фамилиясының тұсына таблицадағы жолмен бағананың қиылысына қойылады.
Соңғы оң жақ бағаналарға және төменгі социметриялық матрица жолдарына таңдалмағандар саны жазылады. Сонымен класс ішіндегі лидерді және таңдалған, таңдалмаған оқушылар анықталады.
2. Жеке тұлғаның психикалық процестерінің даму диагностикасы
Әдістемелік нұсқау: Сандарды орналастыру әдісі және тұрақтылық зейіннің көмегімен 25 белгілі бір түсті сандық тізбек
Берілген әдіске 25 белгілі қара ала түсті тізбек негізделеді, ол 56. А, Б, В, Г, Д суреттерінде көрсетілген. Осы тізбектің клеткаларында 1-ден 25-ке дейінгі сандар ретсіз орналасқан.
А
9 |
5 |
11 |
23 |
20 |
14 |
25 |
17 |
1 |
6 |
3 |
21 |
7 |
19 |
13 |
18 |
12 |
24 |
16 |
4 |
8 |
15 |
2 |
10 |
22 |
Б
21 |
12 |
7 |
1 |
20 |
6 |
15 |
17 |
3 |
18 |
19 |
4 |
8 |
25 |
13 |
24 |
2 |
22 |
10 |
5 |
9 |
14 |
11 |
23 |
16 |
В
22 |
25 |
7 |
21 |
11 |
6 |
2 |
10 |
3 |
23 |
17 |
12 |
16 |
5 |
18 |
1 |
15 |
20 |
9 |
24 |
19 |
13 |
4 |
14 |
8 |
Г
14 |
18 |
7 |
24 |
21 |
22 |
1 |
10 |
9 |
6 |
16 |
5 |
8 |
20 |
11 |
23 |
2 |
25 |
3 |
15 |
19 |
13 |
17 |
12 |
4 |
Д
21 |
12 |
11 |
19 |
4 |
14 |
25 |
7 |
18 |
6 |
3 |
9 |
17 |
23 |
22 |
1 |
5 |
24 |
16 |
20 |
8 |
15 |
2 |
10 |
13 |
Қолдану реті
Орындаушы бірінші тізбекке қарап, 1-ден 25-ке дейінгі сандарды табады. Содан кейін дәл есептеп, барлық тізбектерді де істейді. Осы кезде жұмыстың жылдамдығы және тізбектен сандарды іздеуге кеткен уақыт есептеліп отырады. Бірінші тізбек жұмыс кезіндегі орташа уақыт есептеледі. Бұл баланың көңіл бөлігінің сандық индексі болып табылады. Осы әдіс бойынша баланың көңіл бөлуін бағалау үшін, міндетті түрде әр тізбекті қарауға кеткен уақытты салыстыру керек. Егер, біріншіден бесінші тізбекке дейін бірдей өзгеріп, олардың арасы 10 секундтан аспаса, онда көңіл бөлу тұрақты басым болып саналады, ал керісінше болғанда, көңіл бөлу тұрақты болмайды.
3. Мектептің әдістемелік жұмысымен танысып, зерттеуі. (2 апта)
Әдістемелек нұсқау: мектептің әдістемелік кеңесінің жұмысымен танысу. Инновациялық әдістер мен технологияларды ендіру бойынша мектеп жұмыстарымен танысып, мазмұндық және құрылымдық сипатта берілген педагогикалық технологиялардың түрі студент-практиканттың портфолиосында болуы тиіс.
4. Практикалық іс-әрекеттерді іске асыру.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс (2 апта).
Әдістемелік нұсқау: Практикадан өту барысында пән мұғалімдерінің үлгерімі төмен оқушылармен жүргізетін жұмыс түрлерімен танысып, оны төмендегі берілген кестеге толтырыңыздар:
№ |
Оқу пәннің атауы |
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері |
Бағалау саясаты
(1 апта)
№ |
Зерттеу жұмыстарының атауы |
Бақылау формасы |
Балл |
1 |
Пән мұғалімі мен класс жетекшісінің оқу- әдістемелік құжаттарымен танысу |
конспект |
100 |
2 |
Пән бойынша әдістемелік кабинетті зерттеуі |
Конспект, буклет |
100 |
3 |
Тәрбие сағатының жоспарын кұрастыру және жоспарды тапсыру |
жоспар |
100 |
4 |
Зерттеу жұмыстары (әдістемелік нұсқау бойынша). 4.1Оқушылар ұжымының даму деңгейінің диагностикасы әрекеттерінің түрлері. |
конспект |
100 |
4.2. Жеке тұлғаның психикалық процесінің даму диагностикасы. |
конспект |
100 |
|
5 |
Потрфолио кұжаттары |
100 |
Бағалау саясаты
(I1 апта)
№ |
Зерттеу жұмыстарының атауы |
Бақылау формасы |
Балл |
1 |
Пән мұғалімі мен класс жетекшісінің оқу әдістемелік құжаттарымен танысу |
конспект |
100 |
2 |
Пән бойынша әдістемелік кабинетті зерттеуі |
Конспект, буклет |
100 |
3 |
Тәрбие сағатының жоспарын кұрастыру және жоспарды тапсыру |
жоспар |
100 |
4 |
Тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын жоспарлау |
жоспар |
100 |
5 |
Зерттеу жұмыстары: (әдістемелік нұсқау бойынша). 5.1. Оқушылар ұжымының даму деңгейінің диагностикасы |
конспект |
100 |
5.2. Жеке тұлғаның психикалық процесінің даму диагностикасы. |
конспект |
100 |
|
5.3. Мектептің әдістемелік жұмысымен танысып, зерттеуі. |
конспект |
100 |
|
5.4. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс |
Кесте түрінде толтыру |
100 |
|
6 |
Потрфолио кұжаттары |
100 |
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Закон Республики Казахстан «Об образовании. - Алматы, 1999.
2. Типовая учебная программа педпрактики. Алматы, 2007
3.Положение о профессиональной практике Актюбинского государственного педагогического института от 03.04.2007.
4. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М.1989 140стр.
5. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мастерство и вдохновение М.,1990
6. Профессиональная культура учителя (под ред В.А.Сластенина М.,1993).
7.Бейсенбаева А.А.Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы: Гылым, 1998.
8. Гликман И.З. Теория и методика воспитания: Учебное пособие. М.: «Владос пресс», 2002.
9. Гуткина А.Д. Планирование и организация воспитательной работы в школе.- М: .Центр «Педагогический поиск», 2001.
10. Зимняя И.А. Педагогическая психология. Ростов-на- Дону, 2000.
11.Классному руководителю. Учебно-методическое пособие /Под ред. М.И.Рожкова М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999.
12.Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе: Книга для учителя-воспитателя.- М.: Изд. «Ноосфера», 1999.
13.Методика воспитательной работы: Учебное пособие для студентов высших пед.учеб.заведений /Под ред. В.А.Сластенина - М.: Издательский центр «Академия», 2002.
14. Практическая психология образования /Под ред. В.Дубровиной.-М., 2002.
15. Психология развития. Грейс Крайг.- М., 2002.
16.Психологическая служба в образовании /Под ред. И.В.Дубровиной. М., 1999.
17.Сазонов В.П. Организация воспитательной работы в классе: Метод. пособие для классного руководителя. - М.: Центр «Педагогический поиск, 2000.
18.Урунтаева Г.А. Диагностика психологических особенностей дошкольника. М.,1999.
19. Наренова А.Б., Дуйсенбаев А.К. Тәрбие сағаттары (Оқу әдістемелік құрал). Ақтөбе. 2006г.
20.Подготовка студентов к непрерывной педагогической практике. Методическое пособие. Т.В.Султангалиева, Б.Б.Ертлеуова, Актобе 2009 г.
21. Алекешова Л.Б., Ертлеуова Б.Б. Методическое пособие по организации и проведению внеклассных мероприятий. Актобе, 2010 г
PAGE \* MERGEFORMAT 10