У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

б~л- Н~ негізгі ~орларды~ тозуын а~шалай ~теу оларды~ ~~ныны~ бір б~лігін ~нім ~ндіруге кететін шы~ындар~.

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

Адамдар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметін қалай деп атаймыз?B) кәсіпкерлік

Актив  айналымдылығының  сату  табыстылығына көбейтіндісі нені сипаттайды:  

C)табыстылық коэффициентін

Активтердің айналымдылығы мына формула бойынша анықталады:C)  өнім өткізуден түсетін табыс / активтердің жылдық орташа құны  

Ақшалай қаражатпен айналым үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ететін қандай қорB)   айналыс қоры

Амортизация - бұл:A) НҚ (негізгі қорлардың) тозуын ақшалай өтеу, олардың құнының бір бөлігін өнім өндіруге кететін шығындарға қосу  

Амортизациялық аударымдар - бұл:E)негізгі қорлар құнының тозу деңгейіне сәйкес келетін өндірістің тұрақты шығындарының бір бөлігі

Амортизацияны есептеудің бірқалыпты әдісінде амортизациялық аударым сомасы мынаған байланысты:B)  негізгі құрал-жабдықтардың қызмет ету мерзіміне  

Әлеуметтік-экономикалық   нәтижеліліктің   сараланған көрсеткіші қалай аталады: E) өнімнің табыстылығы деп.

Әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізетін қандай капитал D) айналым капиталы

Бәсекелесуге кабілетті  өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда  табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару кәсіпорынның қандай мақсаты болып табылады? D) негізгі    

Белгілі бір өндіріс өнімін шығару, не болмаса жұмыс атқару, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу кімнің мақсаты болып саналады?Е) кәсіпорын  мақсаты 

Болашақ ақша көлемінің ағымдағы құны мен инвестициялауға жұмсалатын бастапқы шығын айырмашылығы нені білдіреді:B) таза келтірінді (ағымдағы) құнын 

Бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен қызметкен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайлар (үлестерін) арқылы біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік қалай аталады?D) өндірістік кооператив

Еңбек затына не жатадыD) шикізат, материалдар, отын, энергия

Жалпы (абсолюттік) тиімділігі мынаны сипаттайды:E) кәсіпорынның тек жалпы шығындарын пайдалану деңгейін  

Жинақталған амортизация сомасының негізгі капиталдың бастапқы кұнына қатынасы не деп аталады: E) тозу коэффициенті

Жинақталған амортизация сомасының негізгі құрал-жабдықтың бастапқы кұнына қатынасы:A) тозу коэффициенті  

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда негізгі қаржы ресурстарының көзі болып табылатындар: C) пайда және амортизациялық аударымдар   

Жылдық аударымдар сомасын анықтайтын, негізгі қорлардың құнын қайтарып отыратын және пайыз түрінде көрсетілетін өлшем қалай аталады? B) аммортизация мөлшері

Жылдың амортизациялық аударымдардың негізгі қорлардың теңдестік құнына қатынасы, пайызбен төмендегідей болып аталады: E) амортизация мөлшері

Капитал табыстылығы мына формуламен анықталады:A) таза табыс / активтердің жылдық орташа құны арқылы  

Кәсіпорын активіне жұмсалған әрбір теңгеден 15 тиын пайда алынса, онда ол қандай көрсеткіш болып саналады: B) меншік капиталының табыстылығы

Кәсіпорында оңтайлы техника – технологиялық жүйе құру мақсаты қалай аталады?Е) өндірісті ғылыми ұйымдастыру

Кәсіпорынның  материалдық және адами ішкі жүйелеріне  мақсатты түрде ықпал етуді қамтамасыз ететін техникалық, экономикалық және қоғамдық құралдар жүйесін жасау мақсаты қалай аталады?B) басқаруды ғылыми ұйымдастыру

Кәсіпорынның айналым қаражатын басқарудың қысқа мерзімді міндеттемесін орындау мүмкіндігін сипаттайтын көрсеткіштер- бұл:A) өтімділік  

Кәсіпорынның негізгі құрал-жабдығының жылдық орташа қүнының тауарлы өнім көлеміне қатынасы:B)өнімнің қорсыйымдылығы

Кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған 100% шығыннан 25% таза табыс болады. Бұл: D) өнім табыстылығының көрсеткіштері

Кәсіпорынның сатуға арналған дайын өнімі мен  ақша қаражаты қандай қордың құрамына кіредіE) айналыс қорларының   

Көптеген өндірістік циклға қызмет ететін, өзінің құнын дайын өнімге тозуына қарай бөлшектеп өткізетін еңбек құралы- бұл:B)  негізгі өндірістік қорлар

Күрделі салымдардың өтелу мерзімі қалай анықталады?B)күрделі салымдардың пайдаға қатынасымен

Күрделі салымдардың пайдаға қатынасы қалай аталады? E) өтелу мерзімі   

Күрделі шығындардың өтелу мерзімі қалай анықталады D) күрделі қаржыны пайдаға бөлу арқылы  

Қай цех негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді?D) қосалқы

Қай цех негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді?С) қосымша

Қай цех негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді?B) көмекші

Қандай капитал заттық күйінде қатынасады да, өнімді дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына толық өткізеді.E) өндірістік айналым капиталы   

Қандай материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, бірақта оның түзілуіне әсер етеді E) көмекші материал  

Қандай материалдар дайын өнімнің құрамына табиғи түрінде кіріп, оның материалдық негізін құрайды C) негізгі материал

Қандай серіктестік қоғамның міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың қызметімен байланысты тәуекелділіктен алған зияны бойынша жауапкершілік олардың акцияларының құнымен шектеледі? B) акционерлік қоғам

Қор қайтарымының кері шамасы: C)  өнімнің қорсыйымдылығы

Қорқайтарымы өндірілген өнім құнының келесілерге қатынасы арқылы аықталынады: E) НӨҚ орташа жылдық құны 

Қормен жабдықталу қалай анықталады: D) негізгі қорлардың орташа жылдық құнын өнеркәсіптік өндірістік қызметкерлер санына қатынасымен анықталады      

Қорсыйымдылығы қалай анықталады:A) негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өндірілген өнім құнына қатынасы   

Құн құрылуына қатыспайтын, тек оның құнын жеткізушісі қызметін атқаратын қор:C)  айналыс қоры

Құралдардың пайдалануын уақыты мен өнімділігін сипаттайтын және құралдарды қолданудың экстенсивті және қарқынды коэффициенттерінің көбейтіндісі ретінде анықтайтын көрсеткіш – бұл E) құрал-жабдықты қолданудың интегралдық коэффициенті  

Құрал-жабдықтарды пайдаланудың қарқынды коэффициенті қалай есептеледі:A) нақты өндіріс көлемінің серпілістік мөлшері бойынша өндірілген өндіріс көлеміне қатынасы арқылы   

Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті қалай есептелінеді:C)нақты уақыт қорының жоспарлы уақыт қорына қатынасы

Құрал-жабдықтың нақты уақыт қорының күнтізбелі уақыт қорына қатынасы бұл төмендегіні анықтайды: D)  құрал-жабдықтың экстенсивті пайдалану коэффициентін

Құрал-жабдықтың тиімді (пайдалы) уақыт қоры мынаған тең: E) күнтізбелік уақыт қоры мен жоспарлы тоқтау уақытының айырмашылығына     

Қызметкерлер ұжымында шынайы бір-біріне сенген қатынастарды қалыптастыру мақсаты қалай аталады?A) еңбекті ғылыми ұйымдастыру

Микродеңгейде экономикалық тиімділік келесі формула бойынша анықталады:A) қосымша тапқан пайданы күрделі қаржыға бөлу арқылы

Нарықтық   экономика  жағдайында   күрделі   қаржының ең тиімді жұмсалуын көрсететін критерийі: B)   өтелімділік  

Нарықтық түрлендірулердің табыстылығы мен сәтсіздігі арасындағы өзгешелік және олардың тереңдігі көбінесе неге байланысты?C) реформалар жүргізу стратегиясы мен тактикасына

Негізгі қорлар-бұл:B)  ұзақ мерзімді уақыт кезеңінде (1 жылдан жоғары) пайдаланылатын және өзінің құнын шығарылған өнімге бірте-бір ауыстыратын еңбек құралдары  

Негізгі қорлардың бастапқы құны-бұл:D)жеткізу мен құруды есептегендегі көтерме баға бойынша машиналар мен құрал-жабдықтардың құны

Негізгі қорлардың белсенді бөлігіне не жатады:C)машина және құрал- жабдықтар

Негізгі қорлардың енжарлы бөлігіне не жатады: E) ғимараттар және құрылғылар

Негізгі қорлардың қалпына келтіру құны-бұл: A) қазіргі жағдайдағы баға индексімен есептегендегі машиналар мен құрал- жабдықтар құны  

Негізгі қорлардың құндың бағалаудың келесідей түрлері бар:B) толық бастапқы, толық қалпына келтіру және қалдың құны бойынша бағалануы  

Негізгі қорлардың сапалы тозуы неге негізделген: B) қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейінгі олардың құнын кеміуіне  

Негізгі қорлардың табиғи тозуы неге негізделген:  D) пайдалану үдерісіндегі өндірістік тұтынуына  

Негізгі құрал-жабдықтарының бастапқы құны мен жинақталған амортизация қүнының айырмасы: C)  теңдестік құны

Негізгі құрал-жабдықтың негізгі қызмет ету мерзімінің соңында қалған сынықтардың немесе көмекші бөлшектердің болжамды құны:D) теңдестік құны  

Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнын олардың төмендегідей уақыттағы құны арқылы анықтайды:A) жыл басындағы, негізгі өндірістік қорлардың жыл ағымындағы енгізілген және шығарынған орташа жылдық құнын ескергендігі  

НҚ пайдалану көрсеткіштеріне жататындар:B) экстенсивті, қарқынды  және интегралды пайдалану көрсеткіштері  

НҚ тозу деңгейіне сәйкес келетін және ақшалай өрнектелетін   шама келесідей болып аталады:E) амортизациялық  аударымдар   

Өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап беретін серіктестіктерді қалай атаймыз?A) жауапкершілігі  шектеулі серіктестік  

Өкілдік мәртебесі бар заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оның барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелерді қалай атаймыз? Е) филиалдар

Өндіріс қорының қайсысы негізгі капитал құрамына жатады:D)еңбек құралы     

Өндіріс тиімділгінің салыстырмалы үлгісі:A) бір кәсіпорынның бірнеше жылдардағы қызметін салыстыру

Өндіріс тиімділігін сандық көріністе не арқылы бейнелеуге болады:D) шаруашылық қызметтің нәтижесі арқылы

Өндірісте қажетті материалдық  запастар, аяқталмаған өндіріс өнімі мен қоймадағы дайын өнім мөлшерленетін қандай капиталға жатады B) мөлшерленетін айналым капиталына

Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығы немен тығыз  байланыста болады A) еңбек үдерісімен және негізі өндірістік қорлармен

Өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларды құруға және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттарының жиынтығын қалай атаймызB) айналым капиталы деп

Өндірістік айналым қоры  және айналыс  қорлары қандай капиталдың құрамына кіреді A) айналым капиталының

Өндірістік құрылымның қай түрінде  кәсіпорынның негізгі цехтары, телімдері олардың әрқайсысы белгілі бір өнімнің бір бөлігін (агрегатын, бөлшегін) немесе белгілі бір топтағы бөлшектерді дайындау нысанына сәйкес құрылады? A) заттық

Өндірістік үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін және өнеркәсіптік кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасайтын қандай әдіс C) айналым капиталын мөлшерлеу   

Өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігін қалай aтаймыз?С) жоғары оқу орны

Өнімнің табыстылығын көрсететін қатынас: C) пайданың өзіндік құнға

Өткен он бес жылда Қазақстанның да экономикалық саясаты нарықтық экономиканың қай үлгісімен жүргізілді? B) нарықтық экономиканың неоклассикалық үлгісімен

Өтімділік көрсеткіші- бұл:D)  капитал айналымдылығы

Пайда алу үшін кәсіпкерлік іс-әрекет нысандарына салынатын зияткерлік құндылықтар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ материалды - техникалық қорлар және қаржы салымының барлық түрлері қалай аталады?B) инвестициялар деп

Пайызбен өрнектелген жылдық пайданың негізгі және айналмалы қорының орташа жылдық құнының сомасына қатынасы нені көрсетеді:B) өндіріс табыстылығын

Салыстырмалы экономикалық тиімділіктік көрсеткіші не болып табылады?E) ең аз келтірілген шығындар

Сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнімді дайындау операциялары қай цехта өтеді?A) негізгі

Серіктестестің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда - қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкімен жауап беретін

Серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен  қосымша жауап беретін толық серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұратын серіктестіктерді қалай атаймыз? B) сенімгерлік серіктестік

серіктестіктерді қалай атаймыз? Е) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеслі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болатын серіктестікті қалай атаймыз?С) толық серіктестік 

Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқығын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша қолма-қол тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды қалай атаймыз? D) заңды тұлғалар

Табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен түзілетін материалдық игілік.D) материалдық өндіріс өнімі

Табыс пен шығынды уақыттың бір сәтіне келтіру - бұл:C) дисконттау

Таза табыстың акционерлік капиталға қатынасы нені білдіреді:A) меншік капиталының табыстылығын  

Түзілу көздері бойынша айналым капиталы қандай болып бөлінеді E) меншікті және несиелік капитал болып

Ұйымдастыру қағидалары бойынша айналым капиталы қандай түрлерге бөлінедіC) мөлшерленетін және мөлшерленбейтін

Цехтар қандай топтарға бөлінеді? A) негізгі, қосымша, қосалқы, көмекші  

Шаруашылық іс-әрекет нәтижелері мен жұмсалған шығындардың (кез-келген пропорциядағы) сандық өзара қатынасы нені білдіреді?E) өндірістің экономикалық тиімділігін   

Шикізат, негізгі материалдар мен жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т.б. мен аяқталмаған өндіріс өнімдерді қалай атайдыA) өндірістік айналым капиталы деп

Шикізатқа не жатады B) кен өндіруші өндірістің өнімі және ауылшаруашылығының өнімдері жатады 

Шығындардың салыстырмалы экономикалық тиімділігі келесі шығындарды салыстыру жолымен анықталады:A) өндірістік шығындарды




1. 02 Участие в лечебно ~ диагностическом и реабилитационном процессах МДК
2. Здания сооружения и их устойчивость при пожарах выносимых на МДЭ Пожарнотехнические характеристик
3. ПРОДАЖИ КОМНАТЫ Город Череповец Вологодской области Двадцатое января две тысячи четырнадцатого года
4. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня доктора медичних наук
5. Тема ЕКОЛОГІЯ ЯК НАУКА ПРО ДОВКІЛЛЯ УРОК 1
6. Реферат- Этикет международного сотрудничества
7. Основные сведения С системой автоматизированного проектирования печатных плат РСАD совместима программ
8. по темі Всі по черзі виходили до дошки і читали зі своїх планшетів інформацію
9. 13 ББК 53.57 В 14 Вайсс Дж
10. Правильное определение статистики- а Наука об общих методах изучения массовых явлений; б Общественная
11. Лабораторная работа 4 Шифрование данных в
12. Айдыбаева Нина Сергеевна 04ps2174842 bnhd3pnu74 2 10
13. тематических приемов которые базируются на разложение сигналов на синусоиды
14. тема 1 Философия как мировоззренческая система- ее смысл и предназначение 1
15. Манипуляционные знаки Ахрупкое Ббоиться нагрева ВБоиться сырости ГБоиться Излучений ДБоиться.html
16.  Экологическое состояние озёр города Томска 2
17. Тема- Програмування лінійних алгоритмів ; Мета роботи- Набути і вдосконалити знання з лінійних алгоритмів ;
18. культурной деятельности разрабатывается на основе стандарта и включает в себя учебный план программы учеб
19. Реферат- Навчальна програма з математики для допоміжної школи
20. Лекция1 Случайные события Опр1- опыт эксперимент наблюдение явления будем называть испытанием