Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

.Практик психолог~а сипаттама 2.

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-03-13

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 17.5.2024

ПРАКТИК- ПСИХОЛОГТЫҢ  КӘСІБИ  ҚЫЗМЕТ  ҮЛГІСІ.

      Жоспары:

1.Практик - психологқа сипаттама

2.Практик- психологтың атқаратын міндеттері.

3.Практик -психолог педагог ретінде.


   Практикалық психологтың жұмысы жеке адаммен тікелей байланыстылығында. Әрине, психолог өзі толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық психологтың әлеуметтік мәніне сай көптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның жұмысының тиімділігінің көрінісі, мамандығының дәрежесі, айналып келгенде практикалық психологтардың кәсіби дайындығы. Осыған орай, көптеген мәселелер психологтардың барлық елдерде кеңінен таралуы кәсіби және әдептілік кодекстері арқылы шешіледі. Практикалық психологтардың іс-тәжірибесінің мәнін аша білу үшін, оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айрықшаланып тұратын, он түрлі негізгі кәсіби қызметінің сапасы, біздін ойымызша, оның жеке басының алатын орнын нақты анықтауға және оның кәсіби дайындық барысындағы «Мен-тұжырымдамасын» белгілеуге мүмкіндік береді.

       
      Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін мінез-құлық болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда,өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.

- Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді. Мысалы, психолог өзіне көңіл аударған адамға өз мамандығын жете меңгерген кәсіп иесі екендігін көрсете алудың орнына немесе өз ой түйіні арқылы өзіне көңіл аударған адамның түсініктерін түгелдей жоққа шығарып, мән-мағынаның бәрін жойып жібереді.

- Өз ісіне білікті емес психолог психологиялық көмек көрсету мақсатын өзінің «Мен-тұжырымдамасы» арқылы құруға тырысады. Басқа сөзбен айтқанда, өзіне қөңіл аударған адамның «Мен-тұжырымдамасын» жоққа шығарып, оның құқықты қолдану жүзеге асыруға ықыласты білдірмейді. Өз ісіне білікті емес психолог – бұл мақсатын көздейді, өзінің бойындағы ерекшеліктерін іске асыру үшін қолданады. Клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді.

- Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өйткені жұмыс барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады.


- Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қала береді.


- Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін «Мен» деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғарғы мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарға байланысты жүзеге асырады.

- Өз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады. Осы псилогиялық бағдарламаның мазмұнына және өзіне көңіл аударушының маңыздылығына бірден көңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты тапсырушыны, өзіне көңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушы бір-бірінен нақты ажырата алады.


- Өз ісіне білікті емес психолог үшін тұлғааралық және өзара әсер етуде түсінушілік болмайды. Ол өз іс-әрекетінің барысында тек тікелей әсер етудің бейнесін бір жақты байқайды және көреді. Сөйтіп, өз ісіне білікті емес психолог «Мен тұжырымдамасын» және оның дәрежесін жоғары қойып, көңіл аударған адаммен есептеспей, өзінің ойын ерекше бөліп көрсетуге тырысады. Ал, өз ісіне білікті психолог өзінің «Мен тұжырымдамасының» мазмұнын және оның клиентпен өзара әрекеттегі қосылу дәрежесін бөліп, айырықша атап қарамайды.

   Психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен сипатталады. Өз ісіне білікті психолог үшін өзіне көңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде пайдаланудағы аксиома болып табылады. Өз ісіне білікті психологтың жұмысының бір көрінісі өзіне көңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе.

- Өз ісіне білікті емес психолог үшін өзіне көңіл аударған адамға сыйластық көрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол өзінің жұмысы барысында басқа адамдарға деген менмендік көрсетуге, керек болса мазақ ету қатынасына баруы оның кәсіби рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға үстінен қарау позициясын көрсетуі өз кәсібін өте жоғары санауына икемді екенін көрсетеді

    Психолог білім беру мекемесіндегі тәрбиешілер мен педагогтарға «Жедел жәрдем», балаларға «күтуші» ретінде емес, кәсіби маман ретінде келеді.Психолог педагогикалық ұйымның бір мүшесі және ол балалардың психикалық дамуын, психологиялық денсаулығын қамтамасыз етеді. Психолог өз жұмысында кәсіптік біліміне, индивидуалды психи-калық дамуына, психологиялық іс-әрекет пен адамның мінез-құлық мотивтеріне, тұлғаның онтогенез кезіндегі дамуына сүйенеді.

    Практик психолог балалар бақшасында, мектепте, интернатта жұмыс істей отырып, әр-түрлі жас аралығындағы оқушылармен жұмыс жүргізді. Өзіндік жағдайды анықтауда психологиялық даярлық біртіндеп, баланың туғаннан бастап – үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді.

  Білім беруде екі басты іс-әрекет жасаушы – мұғалім және оқушы. Бірақ педагог пен балаға психологиялық кеңес беруді қажет етеді. Неге мектепте балалар пән мағлұматтарын меңгеріп үлгермейді, неге қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі, неге кейде агрессивті, жалқау. Осы және тағы басқа сұрақтар ата-аналар мен педагогтарды ойландырады. Осындай мәселелермен олар психологқа жүгінуге даяр. Ал психолог бұл мәселелерді шешу үшін келесі талаптарды орындауы қажет.

   Психологиялық кәсіптілік – бұл психологиялық мәселелерді шеше алу және оларды көріп қорытынды жасау болып табылады.

  Мектеп жағдайына қатысты, идиалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты енгізу болып табылады.

 

   Қазіргі кездегі мектептердегі психологтордың алдында мектеп әкімшілігі жағынан танымдықтары мотивтенген балаларды іздестіру тапсырмасы тұрады. Біздің пікірімізше бұл тапсырманы басқалай құрастыру жөн: іздеу емес, танымдық мотивацияны құру. Себебі, танымдық мотивацияны құру арқылы оқушылардың мотивацияларын дамыту дұрыс.

  Білім беру жүйесінің мәселесінің мазмұны баланың танымдық ерекшеліктері мен тұлғалық эмоционалды сферасын диагностау мәселесімен тікелей байла-нысты. Бірақта көпшілік мектептің бетке ұстар мұғалімдері «психолог тестер ғана өткізеді» деп ескертеді. Бұл әрине өкінішті.

   В.П. Зинченко «Диагностау тек тестерге негізделмейді, оның интерпритациясының өңделуіне негізде-леді» дейді Яғни бұл жағдайда біріншіден қажет ерекшелікті анықтау, екіншіден нені түзету керек соны іздеу. Егер психолог тек сандармен сызбанұсқаларды сызумен ғана шектелсе шындығында бұл психолог психолог емес.

  Мектепке қатысты идеалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты кірістіру, алайда бұнда бұл әрекетті қолдану мүмкіндігі аз. Біздің ойымызша, ең мүмкін болар шешім: психологтың мұғалімдермен жұмысы. Осылайша мектептегі психологиялық қызмет туралы ғана емес, психологиялық -–педагогикалық бірлескен іс-әрекет туралы сөз ету орынды.

    Психолог өз жұмысын жүргізу үшін ыңғайлы орын қажет. Кабинет – бұл қажетті психологиялық қызметтердің компоненті. Психолог кез-келген мекемеде жұмыс істей отырып, негізгі тапсырмаларды шешеді. Кейбір неғұрлым қажетті іс-әрекеттерге көңіл бөлейік: практикалық психолог ең бірінші психология – педагогикалық шарттарды бақылауға міндетті. Ол балалардың даму ерекшеліктері баланың негізгі даму барысында қалыптасқанын ескеру керек.

   Баланың дамуындағы шарттарды талқылау барысында Л.С. Выготскийдің «дамудың жақын аймағы» принципін қолдану дұрыс. Бұл принципті қолдау арқылы психология-педагогикалық бағдар дамудың сол деңгейінде бала жақын арадағы уақытта неге жете алатындығын бейнелейді. Педагогикалық тәжірбиеде бұл принциптің негізгі қиындығы «дамудың жақын аймағы». Дамудың жақын аймағы жасөспірімдерде және жоғарғы сынып оқушыларында ересек адамдармен өзін тану, интелектуалды және тұлғалық рефлекция, өзіндік ұйымдастыру мәселесі аумағында құрылады. Дәл осы кезеңде өмірлік көрінісі, өзін-өзі тануы, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызы-ғушылықтарын сынап көруі қалыптасады.

 Педагогикалық ұйымда, сол сияқты жанұяда үнемі әр түрлі қақтығыстар болады, көбінде ересек адамдардың психологиялық хабарсыздығынан, бірін-бірі тыңдай алмауынан, тыңдағысы келмегеннен, түсінбеуден, кешірмеуден болады.

  Сондықтан да, тәжірбиелі психологқа балалармен жұмыс істейтін адамдардың психологиялық мәдениетін көтеру қажет. Практик-психологтың атқаратын міндеттері:

    І. Психологиялық ағарту – педагогтарды, ата-аналарды, балаларды психологиялық біліктілікке баулу. Психологиялық ағартудың түрлері сан түрлі.айталық оған әдістемелік кеңесте және ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, топтық және жеке консультациялар, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді іріктеу және тарату, тақырыптық газет шығару. Балаларды тек қана өмірге дайындау емес, балаларға қазіргітаңның өзінде бақытты, арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы, мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу.

   ІІ.
Психологиялық диагностика – жеке тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеу. Психодиагностикалық іс-шараға кіріспестен бұрын, оқу жылы басында өзара келісім шарт негізінде, ата-аналар жиналысы барысында тестілеудің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинауарқылы оны жүзеге асыру қажет.

   III.
Психологиялық түзету – балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылу, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик-психологтан жоғары базалық психологиялық білімді және арнайы психологиялық дайындықты талап етеді. Жаңадан жұмыс бастаған психологтар психологиялық дамыту бағдарламаларын тереңірек зерттеп қарастырған дұрыс.

   ІV.
Психологиялық сауықтыру - Барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және оны іске асыру, сауықтыру шараларын қолдану, мектептегі тәрбие беру және оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жағдай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты.

   V.
Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.

  а) Психологиялық ағарту әр түрлі формада болуы мүмкін: дәріс, практикалық сабақтар, семинар, әңгімелеу, көрме, әдебиеттерді талқылау тағы басқа. Бұл жұмыстарды барлығын психолог өзі жүр-гізбей-ақ басқа мамандарды шақы-руына болады. Барлық жұмыстардың мазмұнын психолог өзі қамтамасыз етуі, тиіс, және өтетін жұмыс түрлерінің нақты жұмысқа байланысты мәселелері қаралған жөн.

  Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі.

   Егер психолог осындай ұжымда баланың позициясын қорғайтын болса әріптестерінің таң қалулары әбден мүмкін. Төмен дәрежелі тәрбиелеу мен оқыту мекемелерінде психологқа педагогикалық іс-әрекетті атқаруды жүк етіп артады. Көптеген жаңадан істеп жүрген психологтар педагогикалық кеңес өткізіп, жалпы мектеп оқушыларын ата-аналар жиналысында сөз сөйлеп, сынып жетекшілердің орнына сынып сағатын өткізіп, кейде тіпті ұстаздың орнына сабақ өткізеді. Бірақ та ешқандай психолог нашар оқытатын ұстазға, ұжымды басқара алмайтын директорға көмек бере алмайды. Сондай-ақ тағы да психологқа деген таңқалушылықтарын білдіреді. Қалай айтқанмен қай маман иесі болса да өз қателіктерінен үйренеді. Біздің көзқарасымызша психологтың субъек-тивтік статусқа келесі талаптар арқылы қол жеткізуге болады:

  Психолог үшін – психологиялық қызметтің субъектісін, өзінің жеке даралық ерекшеліктерін, қабілеттілігін, мүмкін-діктерін, әлсіз және күшті жақтарын білу маңызды. Ол өзінің эмоционалдық деңгейін реттеп, өзінің психологиялық функцияларын (ес, зейін, ой) жеделдете білу қажет. Аяғында іс-әрекет субъектісі сияқты өзінің кәсіптік негізгі сапаларын дамытуы керек. Бұл интеллектуальдылық (қызығушылық, логикалық ой, прак-тикалық ақылы), әлеуметтілігі (эмпатия, әлеуметтік контакт жасаудағы талаптары, коммуникативтілігі). Біз үшін ең маңыздысы болып «мен» күші мен өзіндік сын көзбен қарауы, эмоциялық тұрақтылығының жемістілігі.

   Психолог балалармен жұмыс істей отырып, ол балалардың типологиялық ерекшеліктері мен жасын білу қажет және онтогенездегі жеке тұлғаның динамикалық дамуы туралы мағлұматтары болуы керек. Оған жұмыс үстінде әртүрлі даму деңгейдегі мінез-құлықтарының, ақыл-ойының, оқушылармен қарым-қаты-насының ауытқуларымен кездеседі және ол оның шығу себептерінің психологиясымен таныс болуы өте маңызды. Баланың дамуы көбінесе жанұясының тәрбиесіне байланысты болғандықтан, психологқа жанұясының тәрбиесін білуі қажет. Балаға көмектесу үшін біріншіден баланың жөнделем деген пиғылы болуы керек, яғни өзінің танымдылығын, өзіндік оқуын, тәрбиесін түзеткісі келу.

   Психологиялық көмек көрсетудің мақсаты. Квалификациялы психолог педа-гогтың мақсаттарына бағыт-бағдар жасай-ды, адамға мінез-құлықтың максималды болар варианттарын табуға мүмкіндік береді, жаңа мүмкіндіктерін қарастырады.

 

    Психологиялық ағарту – педагог, тәрбиеші, ата-аналардың және оқушы-лардың психологиялық біліммен сусын-дауы. Психологиялық ағартудың негізгі мағынасы:

- тәрбиеші, мұғалім, ата-аналарды баланың психикалық даму шарттарымен және заңдылықтарымен таныстыру;

- жаңа психологиялық зерттеулер нәтижелерін түсіндіру;

- психологиялық білімге деген қызығушылықтарын ояту;

- оқушыларды өзіндік тәрбиелеуге үйрету.

   Психологиялық ағартудың форма-лары әр түрлі болады: лекция, сұхбат, семинар. Психологиялық ағартуды психологиялық білімді, өмірлік мәсе-лелерді шешу мәселелеріне қатысты беретін болса, жұмыс эффективті болады.

Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет.

Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып,  психологиялық  қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.  Баланың  қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін , танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог   бала  мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала  танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың   белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;

Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты  жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді.

 

       б)  Білім беру жүйесіндегі психодиагностика – баланың  психикалық даму ерекшелігін; жеке басындағы  білім, дағды, іскерліктер секілді  құрылымдардың жас ерекшелігі  мен қоғам  талабына сай  келуін анықтау болып табылады.

Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі  психодиагностиканың  маңыздылығы мынада:

біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер  түйінін тарқату;

екіншіден, психодиагностика білім беру жүйесінде  мектеп  психологының  барлық жұмыстарының негізі болып табылады; диагнстика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары іске асырылады; психопрофилактикалық  жұмыстарды атқару барысын  қадағалау диагностика  арқылы өтеді.

Белгілі  психолог К.М.Гуревичтің көрсетуінше, психодиагностиканың міндеті – баланың өзіне де, онымен жұмыс істейтін  ересектерге де түсінікті, әрі пайдалы  болатындай, баланың даралық – психикалық ерекшеліктері  туралы ақпарат беру болып табылады.

.

Д.Б.Әлькониннің көрсетуінше, бізге балаларды  сұрыптауға арналған диагностиканың қажеті жоқ. Оның айтуынша  даму барысын  бақылау өте  мұқият жүргізілуі  керек; себебі дамудағы болуы мүмкін  ауытқуларды  неғұрлым ерте бастаған жөн. Сондықтан психодиагностика  мен коррекция мектепте  анықтау – түзету жұмыстары  болып беріледі.

Мектеп психологы анықтау негізінде  диагноз қояды, белгілі бір нұсқаулар жүйесін белгілейді; әрі оның жүзеге асырылуын қадағалайды.

Психодиагностика – баланы психологиялық зерттеу әдістерін, арнайы  зерттеу әдістерін кәсіби  игеруді талап етеді.

Практик –психолог жұмысының мазмұны психодиагностика  арқылы негізделіп, яғни білім беру саласында балалар  және ересектердің психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық зерттеулер бойынша  алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға тән психологиялық мінездеме беру. Кәсіби әрекеттің бұл түрімен айналысатын психолог, психодиагностикалық зерттеулердің практикада қолданылуын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген  және жетілдірілген теориясын білу қажет. Диагностикамен айналысатын психолог – қажет болған жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере білуі шарт. Сонымен қатар әдістердің сенімділік және беріктілік сияқты ғылыми бағалау тәсілдерін шартты түрде меңгеруі қажет.

Психодиагностиканың кәсіби –әтикалық аспектілері

Практикалық психодиагностика – психологтардың  кәсіби іс-әрекетіндегі өте күрделі және жауапты бөлім. Психодиагност  білімді, кәсіби шебер және жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға бірқатар  әлеуметтік –әтикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары практик-психологтың әтикалық кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Олардың ішінде – психодиагностика  құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, сыналушыларға  зиян келтіру, тұжырымдардың  нақтылығы және ұсынылған практикалық сипаттамалардың  өнімділігі. Осы аталған талаптарды психодиагностиканың ұстанымдары түрінде қарастырайық.

Құпияны сақтау ұстанымы – сыналушының келісімсіз диагностика  нәтижелерін  жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек  адамдарға қатысты. Егер зерттелуші кәмелетті жасқа толмаған болса,  мысалы мектеп жасындағы балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін міндетті түрде  ата-аналарының  немесе олардың орнына жауапты  тұлғалардың келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша  әксперименталды зерттеудің  бір бөлімі ретінде ғана психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін  жариялауға болады, бірақ бұл жағдайда да басылымдарды сыналушылардың нақты аты –жөндерін көрсетіп сипаттауға болмайды.

Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі туралы ұстаным зерттеу әдістерінің  неғұрлым берікті және сенімді болуын талап етеді.

Зиян келтірмеу ұстанымы бойынша жүргізілетін тесттердің нәтижелері ғылыми негізделуін талап етеді, яғни тұжырымдардың  қандай да бір субъектінің пікірі емес, керісінше нақты бір сенімді және берікті  әдістеме қорытындысы болуы керек.

Өнімділік ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері бойынша сыналушыларға  берілген міндетті түрде  пайдалы болуы тиіс.

Психодиагностикамен айналысатын адамдарға ерекше  квалификациялық талаптар қойылады. Оардың негізгілері: жақсы теориялық даярлық, психодиагностикалық әдістемелер және оларды пайдалану ережелерін түпкілікті білу.

Білім жүйесіндегі практик-психологтың қызметі

    Білім жүйесінде практикалық психология қызметінің дамуының басымдылық бағыттарын айқындау, тиісті жастағы даму нормаларына сәйкес оқушылардың дұрыс дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда мектептегі  практик –психологтың жұмысы 5 негізгі бағыттан тұрады:                                     - психодиагностика

- психокорреция

- психологиялық кеңес беру

- психологиялық ағарту

                                                                -психологиялық кеңес беру

1. Психопрофилактика, жұмыстың мақсаты: тұлғаның психикалық дамуындағы ықтимал болатын кемшіліктерін алдын-алу болса , психолог-педагог бұл тұрғыда колледждің ата-аналары мен топ жетекшілерімен бірлесе отырып жеке жұмыс жүргізуді талап ететін оқушылармен қарым-қатынаста болады.

2. Психодиагностика, мақсаты: тұлғаның жекелік және жасына байланысты ерекшеліктері мен тұлға аралық қарым –қатынасты зерттеу.

3. Психокоррекция бағытының мақсаты: Оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды түзеу, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларын дамыту және әңгіме- кеңес жүргізу.

4. Психологиялық кеңес беру (консультация) мақсаты: оқушыларға педагогикалық процестегі туындаған жағдаяттарды шешуге көмек беру.

5. Психологиялық ағарту және білім мақсаты: психологиялық мәдениетті көтеру және қалыптастыру, педагогикалық процесте барлық оқушылардың психологиялық - педагогикалық құзырлылығын сақтау.

Тарихтан фактілер:

XVI ғ.-бірінші рет тәжірибелік психология туралы ақпараттар пайда болды.

XVIII ғ.-ғылыми мақсатта 1-ші жүйелі түрде психологиялық тәжірибелер жүргізілді.

1860 ж.-Г.Фехнердің "Элементы психофизики" атты еңбегі дүниеге келді.Бұл еңбегі тәжірибелік психологиядан 1-ші жұмыстар жүргізілген.

1879 ж.-В.Вундтың лабороториясы іске қосылды.Бұл жерде бірінші ғылыми мектеп ашылды.

1885 ж.-Г.Эпинпауз"Опамяти" еңбегі жарық көрді.Есептер шығару арқылы тәжірибелік психологияның функционалдық жүйелері арқылы құбылыстар мен белгілі бір фактордың жүйелілігін анықтады.

.                                           Глоссари: 

   Психология- жан құбылыстарының сыртқы және ішкі заттарының әсерінен пайда болған біртіндеп дамып,қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

    Психофизиология- психиканың оның нейрофизиологиялық субстратымен бірлікте  зерттеуге бағытталған,психология мен нейрофизиологияның тоғысуындағы пәнаралық зерттеулер саласы.

    Психологиялық кеңес-адамдарды  толғандырып жүрген мәселелерді шешуде,алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып,ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық кеңес беру.

    Психопрофилактика- медициналық психология салалары,жүйке психикалық және психоматикалық аурулардың алдын алу.

    Психодиогностика-адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын немесе нақты сапалық тұрғыдан талғайтын,сөйтіп адам психикасының көрінісі  туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

    Психокоррекция- оқушының психикалық дамуындағы ауытқуларды  түзеу,жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларын дамыту және әңгіме-кеңес жүргізу.

    Психотехника - психологиядағы адамның психикасы туралы білімді еңбек іс-әрекетіне  тікелей  байланысты  практикалық мәселелерді шешуге қолданумен шұғылданатын бағыт.


ӘДЕБИЕТТЕР:


1.Абрамова Г.С."Практическая психология" Екатеринбург, 1998 г.

2.
Климов Е.А. "Введение  в профессию  психолога" Москва,2004г.

3.Жарықпаев Қ.Б." Жантану "," Психология"  2010ж.

4.Гальперин П.Я." Введение в психологию" 2006г.




1. тема РФ Темы 3 и 4- Налоговая система государства и Налоговая политика По органу ус
2. Социальная экономика государства
3. Курсовая работа- Криминалистическая фотография, видео- и звукозапись
4. Инфляция ее измерение и методы прогнозирования
5. Аир
6. Тема- Миф как первая универсальная форма культуры Вопросы- 1
7. Реферат- Бухгалтерский учет у лизингополучателя
8. День защиты детей
9. тематике Часть 1 Что такое высказываниеПредложение представляющее собой некое утверждение которому
10. Английский язык Тесты
11. тематизация законов
12. Моя Ямайка
13. Х. Суть педагогических суждений Сократа составляет тезис о том что главной среди жизненных целей челов
14. Реферат- Управление предприятием
15. Тема урока- Юрий Павлович Казаков
16. любовь к мудрости наука изучающая наиболее существенные характеристики и фундаментальные принципы реаль1
17. Вариант 15 1. Какие определения ошибочны при характеристике энергетической субсидии а
18. Правила производства и контроля качества лекарственных средств GMP
19. 1211 Тыс руб 31
20. Реферат- Речь как средство коммуникации