Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Егер істен шы~у ж~не ~алпына келу ~рдісін уа~ыт осінде елестететін болса~ онда кездейсо~ уа~ыт аралы~тары

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.11.2024

№5 дәріс

Қайта қалпына келетін (жөнделетін) объектілер

Дәріс жоспары:

  1.  Қайта қалпына келетін (жөнделетін) объектілердің істен шығу ағындары.

Қайта қалпына келетін (жөнделетін) объектілер

Қайта қалпына келетін объектілердің ерекшелігі сол, олар істен шыққаннан кейін де жұмыс істей беретіндігінде. Істен шыққан объект қайта қалпына келіп, қайтадан жұмысқа кіріседі. Егер істен шығу және қалпына келу үрдісін уақыт осінде елестететін болсақ, онда кездейсоқ уақыт аралықтарымен бөліктенген оқиғалардың тізбектелген қатарын көруге болады (1-сурет). Істен шығулар мен қалпына келулер оқиғалардың ағынын және тізбегін құрайды, сондықтан қайта қалпына келетін объектілерді өрнектеу үшін ағындар мен оқиғалардың математикалық аппараттары пайдаланылады.

а) қайта қалпына келудің  нольдік уақыты бар объект

б) қайта  қалпына келудің соңғы уақыты бар объект

в) уақыт аралығы

1-сурет. Қайта қалпына келетін объектілердің істен шығу ағындары

Оқиға лектері (ағындары) деп кездейсоқ уақыт кезеңінде бірінен кейін бірі ағылатын біртекті оқиғалардың тізбегін айтады. Мысалы: телефон станциясындағы шақыру ағындары, сұрыптау станциясына келетін темір жол құрамдарының легі, Гейгер санағышына түсетін ұсақ бөлшектер легі және т.б.

Оқиға легін уақыт осінде қандай да бір аралықпен орналасқан нүктелер қатары деп елестетуге болады.

Ағынның интенсивтілігі λ – уақыт бірлігінде келіп түсетін оқиғалардың орташа саны. Интенсивтілік тұрақты болуы да, немесе уақыттан тәуелді болуы да, яғни айнымалы болуы да мүмкін, мысалы автомашиналардың интенсивтілігі түнге қарағанда күндіз көп болады.

Қайта қалпына келетін объектіні эксплуатациялау (пайдалану) үрдісін қарастырамыз (1, б-сурет). Уақыт нольге тең болғанда жұмыс қабілеттілігі жоғары жаңа объект іске қосылған. Қандай да бір (0,t1) t01 уақыт кезеңінде объект жұмыс істеп тұрды, ал уақыт кезеңінде объект істен шықты. Істен шыққаннан кейін объект бірденнен қайтадан дереу қалпына келе бастады. Ол tв1 уақыт кезеңіне созылады да, содан соң объект қайтадан тағы да іске қосылып, қайтадан істен шыққанға дейін жұмыс істей береді. Әдетте қайтадан қалпына келу толық деп есептейді, олай болса мұндай объектіні пайдалану шексіз ұзақ болуы да мүмкін.

Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылғыларының көпшілігі қайта қалпына келетін объектілер (трансформаторлар, ажыратқыштар, түрлендіргіштер, түйіспелі асылғылар және т.б.) болып саналады. Алайда олар толық қалпына келеді деп әрқашан айтуға да болмайды, азғана уақыт аралығында бұл дұрыс шешім десе де болады. 1, б-суреттен көрініп тұрғандай істен шығудың баяулап басталу және қайта қалпына келудің аяқталу – оқиғасы кездейсоқ уақыт кезеңімен бөліктенген. Мысалы істен шығу және қайта қалпына келу уақыттарының арасындағы жұмыс өндірімдік уақыттары тәуелсіз кездейсоқ шамалар деп ойлайық. Бұл уақыт кезеңдерінің таралу заңдары да алуан түрлі болуы мүмкін. Қайта қалпына келетін объектілердің сенімділік көрсеткіштерін істен шығу мен қайта қалпына келу уақыты арасындағы жұмыс өндірімін есепке алу негізінде есептейді.

Сондықтан қайта қалпына келетін объектілердің сенімділік көрсеткіштерін есептеу қалпына келмейтін объектілердің сенімділік көрсеткіштерін есептеуге қарағанда күрделі болады. Кейбір объектілердің істен шығуларының арасындағы жұмыс өндірімдік уақыты қайта қалпына келу уақытынан әлдеқайда үлкен болады. Мысалы, түйіспелі тораптың анкерлік бөлігі көп жылдар бойы жұмыс істейді де, ал сымдар үзілгеннен кейін қайта қалпына келтіру уақыты небары 1,5-3 сағатқа созылады. Сонымен қатар істен шыққан объектіні тез арада басқасымен ауыстыруға немесе жөндеуге болады. Сенімділік көрсеткіштерін есептеу кезінде бұндай объектілер үшін қайта қалпына келу уақытын нольге тең деп алуға болады. Осыған байланысты қайта қалпына келетін объектілерді екі класқа бөлуге болады – нольдік қалпына келу уақыты бар (1, б-сурет) және соңғы қалпына келу уақыты бар (1, а-сурет) объектілер.

Істен шығулардың арасындағы жұмыс өндірімінің таралу параметрлері қалпына келмейтін объектілерге арналған параметрлік және параметрлік емес модельдерді пайдалана отырып табылады.

Қайта қалпына келу уақытының кездейсоқ шамасы көптеген факторлармен (істен шығудың лездік индикациясы жоқ болғанда табу уақытымен, бригаданы жеткізу уақытымен, қайта қалпына келтіруді ұйымдастыру әдістерінен тәуелді болатын жұмыс уақытымен және т.б.) анықталады. Қазіргі кезде электрмен жабдықтау құрылғылары үшін бұл мәселе аз зерттелген  және көптеген жағдайда 2, 3, 4-суреттерде және 1, 2, 3-кестелерде келтірілген қайта қалпына келу уақытының таралуын бағалайтын және эксплуатациялау мәліметтері бойынша есептелген статикалық бағалау ғана бар.

                                     а) түйіспелі сым                                                          б) қысқыштар мен бөліктер

                                  в) арқалаушы трос                                                                    г) фиксатор

                                    д) тірек                                                                              е) ауалық жебе

2-сурет. Тұрақты тоқ түйіспелі тораптың құрылғылары үшін қайта қалпына келу уақытының гистограммалары

                                     а) түйіспелі сым                                                        б) арқалаушы трос      

                                   в) фиксатор                                                                              г) тірек

                          д) фиксаторлық оқшаулатқыш                                        е) ілмелі оқшаулатқыш

3-сурет. Айнымалы тоқ түйіспелі тораптың құрылғылары үшін қайта қалпына келу уақытының гистограммалары

1-кесте. 100 км жайылма ұзындықтағы түйіспелі тораптың құрылғылары үшін істен шығулардың арасындағы жұмыс өндірімінің математикалық күтуін бағалау

Құрылғылар

Істен шығулардың арасындағы жұмыс өндірімінің математикалық күтуі, жыл

Түйіспелі сымдар

2,3/2,6

Басқа түрлі сымдар

4,8/3,6

Фиксаторлық құрылғылар және конструкциялар

9,1/8,3

Изоляторлар

10/1,9

Басқалар

3,2/2

Ескерту. Алымында тұрақты тоқ, ал бөлімінде айнымалы тоқ телімдері үшін.

2-кесте. Түйіспелі тораптың элементтерінің қалпына келуінің уақыттық көрсеткіштерін бағалау

Элемент

Қайта қалпына келу уақытының  математикалық күтуі, мин

Қайта қалпына келу уақытының  орташа квадраттық ауытқуы, мин

Тіректер

276/256

233/256

Анкерлеулер және тартылулар

211/145

36/115

Қатаң көлбеуліктер

1030/?

1020/?

Консольдер

221/275

186/109

Хомуттар, кронштейндер, тартылымдар

201/371

105/150

Фиксаторлар

116/143

62/70

Ілмелі оқшаулатқыштар

165/147

81/75

Анкерлік және ойықталған оқшаулатқыштар

151/143

59/75

Фиксаторлық оқшаулатқыштар

135/147

82/67

Секциялық оқшаулатқыштар

186/156

72/80

Түйіспелі сымдар

106/122

56/69

Арқалаушы тростар

145/145

100/77

Қоректендіргіш, сорғыш, күшейткіш сымдар және кері тоқ сымы

139/157

120/188

83/80

44/98

Көлденең тростар

118/215

66/98

Электрлік қосылыстар

112/199

61/107

Разрядниктер мен айырғыштар

127/109

70/77

Ауалық жебелер (стрелкалар)

91/133

55/83

Қысқыштар мен бөлшектер

113/129

60/58

Әр түрлі басқа құрылғылар

108/189

62/101

Ескерту. Алымында тұрақты тоқ түйіспелі торабының, ал бөлімінде айнымалы тоқ түйіспелі торабының параметрлері келтірілген.

3-кесте. Тұрақты тоқ тартылым қосалқы станциясының жабдықтарының жұмыс өндірімінің көрсеткіштерін бағалау

Жабдықтың түрі

Уақыттың математикалық күтуі

Істен шығулардың арасындағы жұмыс өндірімі, жыл

Қайта қалпына келуі, сағ

Тартылым трансформаторы

104

62

Күштік трансформатор

7

130

Аккумулятор батареясы

85

8

Кабельдер, сымдар, шиналар

56

1,7

3,3 кВ тез әсер ететін ажыратқыштар

21

2

Түзеткіштік түрлендіргіш

4

8

Инвенторлық түзеткіш

2

12,3

6-35 кВ майлы ажыратқыштар

167

6,9

110-220 кВ майлы ажыратқыштар

9

34

Айырғыштар, бөлгіштер, қысқа тұйықтағыштар

203

2,6

Өлшеуіш трансформатор

305

4,5

Қорғаныс және автоматика

33

4,4

Жатықтаушы құрылғы және сорғыш

91

2,3

Вентильді разрядник

Ескерту. Істен шығулардың арасындағы жұмыс өндірімінің математикалық күтуі істен шығу ағынының параметріне кері шама ретінде есептелген, мысалы,  болса, онда  .  

Бұл қатынас істен шығу ағын параметрінің қалыптасқан шамасы кезінде тура болады. Бұл ескертпе басқарылатын үрдістен алынған мәліметтерді пайдалануға негізделген, қызмет көрсететін персонал іске араласып, объектілерді ауыстырып және қалпына келтіреді, сөйтіп осының арқасында істен шығу ағыны тұрақты күйге жетеді.




1. ТЕМАТИКИ Технический университет Кафедра Истории и политологии
2. Органической физической и коллоидной химии Московского государственного университета технологий и упра
3. Реферат- Механўзми двигуна (Детали двигателя)
4. Системы аспирации и пневмотранспорта Для студентов образовательноквалификационного уровня 6.
5. за двоих- ему приходится обеспечить всеми необходимыми для жизнедеятельности элементами не только будущую
6. Q2min] bsQ2ij нет да 8 L8iK 2 нет да i1 нет 10 9
7. Новое Дело 2 Организационноправовая форма Общество с ограниченно
8. Петербургского государственного университета
9. Контрольная работа по дисциплине Рискменеджмент Студент И
10. религиозное течение 16 вв
11. сопроводительных документов Признаки фальсифицированных и контрафактных товаров Товары суррогаты
12. ТЕМА- ПРАВОВЕ РЕГУЛЮВАННЯ РОБОЧОГО ЧАСУ ПРАЦІВНИКІВ Ключові терміни та поняття- робочий час види робоч
13. Реферат- Важнейшие проблемы российского производства
14. Формирование сбытовой политики на примере магазина Самара
15. Расчёт налогов
16.  Утверждение что человек является продуктом и субъектом общественноисторической деятельности является х
17. Курсовая работа - Организация архивного хранения документов
18. Виды доспехов
19. Понятия и элементы политической системы.html
20. ЗАДАНИЕ 1. ПЕРЕВЕСТИ ЗАДАННОЕ ЧИСЛО ИЗ ОДНОЙ СИСТЕМЫ СЧИСЛЕНИЯ В ДРУГУЮ- 1