Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
14-тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі.
Бюджет-салық саясаты
Мақсаты: Мемлекеттің нарықтық жүйедегі орнын және қызметтерін анықтау, экономикалық саясаттың калыптасуының теориялық негіздерін, оның негізгі тетіктерін жан-жақты қарастыру:
Қаржы жүйесінің мәні, мемлекеттік бюджет, салық жүйесі, мемлекеттің фискалды саясаты туралы шолу жүргізу, студентке өзіндік жұмысқа бағыт беру.
Негізігі түсініктер мен терминдер
Бюджет тапшылығы; Сыртқы қарыз; Ішкі қарыз; Мемлекеттік бюджет; Мемлекеттік қарыз; Лаффер қисығы; Салық; Салық салу; Қаржы жүйесі; Қаржылар; Фискалды саясат.
Дәріс мәтіні
1. Қаржы бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.
Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.
Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.
Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.
Сонымен, қаржы қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:
Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардың қаржы ағыстарын қамтиды.
Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:
2. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.
Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:
Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.
Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:
Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:
Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.
Мемлекеттік сыртқы қарыз бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.
Мемлекеттік ішкі қарыз бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.
3. Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.
Салық жүйесінің элементтері:
Салық қызметтері:
Салық жүйесінің принциптері:
Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне байланысты салықтық бірнеше түрлері бар.
Салық сипаты тұрғысынан:
Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:
Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:
Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.
Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.
Лаффер қисығы. |
|
бюджетке салық түсімі
400 М 300 200 100 L N 0 15 30 45 60 75 салық өсімі (%) |
Егерде салық өсімі О ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі. |
4. Нарықтық экономикаға көшу кезінде әлеуметтік қорғау жүйесіндегі басты мәселе - әлеуметтік кепілдікті бекіту. Қазақстан Республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналар жатады: минимальды жалақы, зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қызмет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер, тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылығы, меншік құқығы мен одан табыс табу.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
Жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін тауар мен қызмет жасаудың сандық құрамына кеткен шығындарды минималды тұтыну бюджеті деп атайды. Ең төменгі бюджет мөлшерінің құны тұтыну құны индексінің өсуін ескере отырып, жылына 1 рет немесе тоқсан сайын қаралып отырады. Ал, тұтыну баға индексін анықтау үшін «тұтыну қоржынын» белгілеп алу керек. Ол әдетте , ең қажетті тауарлардан тұрады. Тұтыну қоржыны тұтыну игілігі мен қызметінің жиынтығы және адамға қоғамда белгіленген ең төменгі түтыну деңгейінде қамтамасыз ету.
Осы келтірілген негізгі бағыттармен қатар, мемлекетке дейлік деңгейін төмендету үшін мынадай шаралар жүргізеді: еңбек биржасы арқылы мамандарды даярлау және қайта даярлауды, тұрғындардың жеке топтарын әлеуметтік қорғау механизмн жасау және табыспен аз қамтамасыз етілген тұрғындар тобын қолдау бағдарламасын қаржыландырады.
Қорытынды
Қорыта айтатын болсақ мемлекеттің экономиканы реттеу құралдарына дәріс барысында жеке тоқталып таныстырылды. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудегі мәселелер ашып көрсетілді. Қаржы жүйесінің мәні, мемлекеттік бюджет, салық жүйесі, мемлекеттің фискалды саясаты туралы қарастырылды.
Әдістемелік нұсқаулар
Мемлекеттің қаржы жүйесіне не кіреді? Мемлекеттік бюджет табысы мен шығынын не құрайды? 2012 жылы мемлекеттік бюджеттің жоспарына не кіреді, 3-жылға жоспарланған бюджет шығынын қарастыру. Елде бюджет тапшылығы бар ма?
Қазақстан Республикасында салықтың қандай түрі жүреді? Салық жүйесін мемлекеттік реттеу жолдарын қарастыру. Қазіргі уақытта салық өсімі бойынша қандай өзгерістер бар? Шағын бизнеске, кәсіпкерлікке салық жөнінен берілетін жеңілдіктер.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттарының қызметі. 2011 ж. мемлекетте белгіленген өмір сүру минимумы. 2012 ж. жоспарланған ең төменгі жалақы. «Атаулы» әлеуметтік қорғауға кіретін адамдар категориясы.
Әдебиеттер тізімі
15-тақырып. экономикалық теорияның халықаралық аспектілері
Мақсаты: халықаралық экономиканы қарастыру арқылы, оның ішкі ұлттық экономикаға әсерін, оның негізгі түрлерін көрсете білу. Әсіресе сыртқы сауданың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қалай әсер ететіндігін талдау.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Валюталық курс; Ғаламдық проблемалар;Еркін сауда (фритредерство); Еркін экономикалық зона; Әлемдік шаруашылық; Протекционизм; Сауда балансы; Халықаралық сауда; Халықаралық экономикалық интеграция.
Дәріс мәтіні
1. Дүниежүзілік шаруашылық бір-бірімен тауарларлы - ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық нарықтық экономиканың заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм. Яғни бұл ұлттық шаруашылықтар бір бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр түрлі сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық, ғылымдық, т.б. байланыстар арқылы біріккен ғаламдық экономика.
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшеліктерінің бірі тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу тәжірибесінің бірте-бірте сыртқы нарыққа бағытталып, ашық экономикаға көшу. Көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықта өзгерістер боды. Соған байланысты бүкіл дүниежүзілік шаруашылық бір тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастады. Бірақ елдердің даму деңгейлері бірдей емес.
Дүниежүзілік шаруашылықтың болашағына және оның дамуына әсер ететін себептер:
2. Халықаралық қатынастардың басты формаларына жататындар:
Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:
2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.
Халықаралық несие бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:
Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:
Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:
Валюталық курс бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.
Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:
Халықаралық экономикалық интеграция
Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.
Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.
ЕЭА-ның негізгі мақсаттары: Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.
Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін:
еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.
Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.
Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :
Протекционизм |
Фритредерство |
|
Мағынасы: |
Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу. |
Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін жүруі. |
Артықшылықтары |
Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады. |
Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі. |
Кемшіліктері: |
Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды. |
Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.). |
Қорытынды
Жалпы дәрісті қорытындылай келсек, халықаралық экономикалық қатынастардың маңыздылығы және теориялық мәні толығымен ашып қарастырылды. Халықаралық еңбек бөлінісі және елдің бәсекеге қабілеттілігі, абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы сонымен бірге халықаралық экономикалық интеграция сұрақтары кеңінен ашып қарастырылды.