У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

бізді~ Республика ~зін демократиялы~ зайырлы ы~ты~ ж~не ~леуметтік мемлекет ретінде орны~тырады деп

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Жеткіншектерге  құқықтық тәрбие берудің

педагогикалық шарттары
КIРIСПЕ

            Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды.  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының

1-бабында «біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» деп бекітілген. Өркениет пен мәдениеттiң маңызды құбылысы ретiнде құқық мемлекеттiң жағымсыз iс-әрекеттерiне заңды түрде тосқауыл қоя отырып, адамның табиғи тарихи еркiндiгi мен бостандығының жанашыры, гаранты рөлiн атқарып отырады.     

             Сөйтiп, адамға оның жан-жақты еркiн дамуына, қысылмай                   ыңғайлы өмiр сүруiне кепiл болады. Осы тұрғыдан алғанда, құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы әрі қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал ретінде адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап  етеді. Сондықтан қоғамның дамуы әрбір адамның өз құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерінің болуы арқылы көрініс табатын болса, ол мектеп қабырғасынан бастап қалыптасқан құқықтық тәрбиеге тікелей байланысты.

Қазіргі қоғамдағы жеткіншектер арасында нашақорлықтың, зорлықтың, ұрлықтың, бұзақылықтың орын алуы және заңдарды бұзушылық, адам құқықтарын қорғаудың механизмінің болмауы, адамның өз құқықтарын қорғау тәсілдерін білмеуі құқықтық тәрбиелеуге қатысты жаңа бағытты қалыптастыруды талап етеді.

         Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған тәрбие мен отбасының жағдайы

арқылы тұлғаны қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жететінін ескеру қажет. Тәрбие - бүгінде ұлттардың бірігіп нығаюының бөлінбейтін механизмі ретінде әлемдік өркениет пен мәдениеттің дамуында әрбір халықтың өзінің тарихи тағдырын, өзінің орны мен рөлін саналы түсінуіне әкелетін құбылыс. ХХI ғасырдың басында жаһандануға байланысты ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі қоғамымыздың қазiргi әлеуметтiк-тарихи даму кезеңiнде, бiлiм беру жүйесiн реформалау үдерісiнде отбасы мен жалпы бiлiм беретін мектепте туындаған тәрбиелеу үдерісінің педагогикалық ерекшелiктерiнің маңызы өсiп отыр.

          Тарихқа көз жіберсек, құқық, қазақ халқының тұрмысындағы

құқықтық мәдениет, құқықтық қарым-қатынас нормалары туралы құнды пікірлерді Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Яссауи, М.Қашқари,  Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,  Есім хан, Қасым хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Тәуке хан өнегелерінен; одан кейінгі кездегі Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов сынды ағартушылар еңбектерінен көреміз. Бертін келе, жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде, азаматттық ұстанымдарды қалыптастыруда қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің озық тәжірибелерін пайдалануды Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай,  К.Қожахметова, Ә.Табылдиев, Қ.Бөлеев және т.б. еңбектерінде қарастырады.

Педагогикалық үдеріс ретінде құқықтық тәрбиенің негізгі факторларын, шарттарын анықтау үшін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың (А.М.Арсеньев, Ю.К.Бабанский, Е.В.Татарницева, Л.А.Байсерке, Л.Ю.Гордина, С.З.Зиманов, А.С.Ибраева, Р.К.Русинов, А.Ж.Аюпова, Б.Т.Лихачев, А.В.Мудрик, А.В.Мицкевич, И.В.Ковалева, Е.К.Нұрпейісов, Л.И.Новикова, Г.С.Сапарғалиев және т.б.)  еңбектеріндегі теориялық  қағидалар мен қорытындылар,  тұжырымдар маңызды болып келеді.

Зерттеу мәселесі бағытындағы ғылыми еңбектерді талдау барысында соңғы жылдары құқықтық тәрбие басқа да контексте қарастырылатыны айқындалды. Әсіресе, қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылық, оқушылардың оған бейімділігі, оны жеңетін фактор ретінде жаңа құқықтық ойлауды қалыптастыру және т.б. тұрғыдан зерттелінуде.

Дегенмен, қазіргі мектепті ізгілендіру барысында жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздерін жасау терең зерттелініп шешімін таппай отырған мәселе болып отыр. Бүгінгі күннің әлеуметтік-мәдени жағдайына байланысты жеткіншектердің мінез-құлқы мен жүріс-тұрысындағы адам затына қайшы, ұлттық менталитетімізде жоқ қылықтар мен теріс әрекеттердің тұрмыста кездесіп қалуы, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын анықтаудың қажеттілігін туғызады.

Сонымен, зерттеу мәселесi бойынша ғылыми – теориялық әдебиеттердi  жан-жақты талдау, мектептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі тәжірибелерді саралау нәтижелері құқықтық тәрбие мен осы бағыттағы әртүрлі зерттеулердiң болғанына қарамастан, құқықтық тәрбиеге байланысты шешімдерін таппаған жекелеген мәселелер көрініс беретіндігін анықтайды. Құқықтық тәртіпті қатайтуға деген заңдылықтарды орындау мен  жүзеге асыру бұл үдерістердің теориялық және ғылыми - әдістемесінің әлі де жетік еместігі, мектеп оқушыларының тұлғалық дамуындағы және жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі келеңсіздіктер, құқықтық білім мен тәрбиенің төмендігі арасындағы; мектепте құқықтық білім мен тәрбие беру жүйесінің педагогикалық шарттарының толық меңгерілмеуі мен мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру бағдарламасының жүйеленбеуі арасындағы қарама-қайшылықтардың орын алуы негіз болып отыр.

Зерттеу обьектісі: жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектеп жеткіншектеріне құқықтық тәрбие беру.

Зерттеудің мақсаты: жалпы бiлiм беретін мектептегi жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді теориялық тұрғыдан  негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық мәселесі зерделеніп,  оның теориялық – әдістемелік негізі жасалса, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің моделі құрылымы, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалып, педагогикалық шарттары анықталса, бағдарламаны тәжірибелік – эксперименттен өткізіп, мектеп практикасына кешенді түрде енгізсе, онда жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық тәрбиесі туралы теориялық  білімдері кеңейіп, сана-сезімі мол, белсенді, тәртіп бұзушылыққа ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Зерттеудің міндеттері:

-  «құқықтық сана», «құқықтық тәрбие», «құқықтық жүйе» ұғымдарына берілген анықтамаларды нақтылау;

- жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;

- 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын айқындау;

- жалпы орта білім беретін мектептегі 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттардың тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің жетекші идеясы: жалпы орта білім беретін мектептегі оқу тәрбие үдерісінде тұлғалық – бағдарлық тұрғыдан  жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру қазіргі қоғам талаптарына сай  тұлғаның әлеуметтік –құқықтық мәдениетін қалыптастырады.

Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нәтижені жобалау, оқу-әдістемелік құжаттарды саралау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, оқу-тәрбие үдерісін бақылау, педагогикалық эксперимент жүргізу, сауалнама жүргізу, тестілеу, әңгімелесу, зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу және қорытындылау.

Зерттеу көздері ретінде Қазақстан Республикасының Ата заңы (2008), «Білім туралы» Заңы (2007), «Бала құқықтары туралы Конвенция» (1989), «Мәдени мұра» бағдарламасы (2003), Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде тәрбиенің кешенді бағдарламасы (2011-2015) т.б. зерттеу мәселесіне бойынша отандық және шетел ғалымдарының (философтар, психологтар, педагогтар) еңбектері,  жалпы білім беретін мектептердегі озық тәжірибелер

Зерттеу кезеңдері. Ғылыми зерттеу бір-бірімен байланысты үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде (2004-2005 жж.) зерттеу проблемасы анықталып, оның мақсаты мен міндеттері айқындалды, зерттеудің ғылыми аппараттары дайындалды, зерттеудің теориялық негізі анықталды. Зерттеу тақырыбымызға байланысты ғылыми зерттеулер, философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер көздері зерделенді. Зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мақсат-міндеттері, мазмұны анықталды.

Екінші кезеңде (2006-2007 жж.) зерттеу жұмысымыздың жүйесі құрылды. Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі,  мектептегi құқықтық  тәрбие  берудің  жүйесі жасалды. Жеткіншектерге құқықтық берудің педагогикалық шарттары айқындалды. Қазіргі мектептердегі 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру мүмкіндіктері, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың оңтайлы әдіс-тәсілдері анықталды. Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру жолдарын талдау және дамыту әдістемесі жасалды. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының үш кезеңде жоспарлы түрде жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2008-2010 жж.) 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру әдістемесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері талқыланып, сараланды, статистикалық-математикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ғылыми-әдістемелік жұмыстар жасалып, нақты тұжырымдар мен ұсыныстар дайындалды, диссертацияны талапқа сай рәсімдеу жүзеге асырылды. “Қазіргі мектептегі жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің негіздері” атты арнайы курс бағдарламасы дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

-  «құқықтық сана», «құқықтық тәрбие», «құқықтық жүйе» ұғымдарына берілген анықтамалар нақтыланды;

- жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;

- 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары айқындалды;

- жалпы орта білім беретін мектептегі 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттардың тиімділігі эксперимент жүзінде тексеріліп,  дәлелденді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге байланысты мектеп мұғалімдеріне арналған «Қазіргі мектептегі жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің негіздері» арнайы курс бағдарламасы дайындалды;

- жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге байланысты әдістемелік-ғылыми ұсыныстар жасалды.

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі және сенімділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіш нәтижелерінің қорытындыларымен, жалпы білім беретін мектеп жағдайында олардың тиімділігін тексерумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелері дәлелді және негізділігі мен жұмыстың сапалылығын көрсетті.

Зерттеу базасы: ШҚО, Семей қаланың № 5, 37 мектеп-гимназиялары, № 8, 26 жалпы орта білім беретін мектептерде жүзеге асырылды. Экспериментке 230 оқушы қатысты. Оның  92 оқушысы бақылау тобы,  138 эксперименттік топ.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру. Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық конференцияларда (Семей 2006, 2007, 2008, 2009; Алматы 2007, 2008, 2009),  Семей мемлекеттік  педагогикалық институтының педагогика кафедрасында, Семей қалалық мұғалімдердің біліктілігін жоғарлату және педагог кадрларды қайта даярлау институтында, мектептердің әдістемелік кеңестерінде жүзеге асты.  Баспасөз бетінде жарық көрген ғылыми мақалаларда (18) көрініс тапты.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппараты: обьектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, нәтижелердің дәлділігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.

«Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері» атты бөлімде зерттеу проблемасының ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау мақсатында «құқық», «құқықтық сана», «құқықтық тәрбие», «құқықтық жүйе» т.б. ұғымдарға берілген анықтамалар мен түсініктерге талдау жасалып, философиялық, әлеуметтік,  психологиялық, педагогикалық мәні мен маңызы ашып көрсетіледі. Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлеріне  мазмұндық сипаттама беріледі.  Қазіргі жалпы орта білім беретін мектептерде 5-9 сынып оқушыларына  құқықтық тәрбие берудің шарттары  айқындалады.

«Құқықтық тәрбие берудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары» деп аталатын екінші бөлімде жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларға құқықтық тәрбие беру деңгейлерінің  әдістемесі негізделді. Мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері талқыланып, қорытындыланады.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері түйінделіп, тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі. Құқықтық тәрбие беру мәселесінің болашақтағы зерделенетін бағыттары көрсетіледі.

Қосымшада 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру жұмыстары бойынша сауалнамалар, пікір-сайыс, кездесу, кештер, интеллектуалдық ойындар ұсынылды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Еліміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет деп жарияланды. Құқықтық мемлекет құрудағы талпыныс жас ұрпақ тәрбиесінен басталады, себебі болашақ жастар қолында. Жаңа ғасырға қадам басқан жас ұрпақтың қазіргі өмірге бейімділігінің болуы, әр адамның қоғамдағы өз құқығын білуі,  қоғам үшін жауапкершілігінің болуы, қоғамдық қатынастарда заң бұзушылықтың алдын-алатын, әр іс-әрекетіне жауапкершілікпен  қарайтын жеке тұлға тәрбиелеу мәселесінің көкейкестілігі артуда.

Осы орайда қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ежелден  үлкен мән бере отырып, адам құқығын қорғау мәселесінде өзіндік ой-тұжырымдарын жасап келген..  

Зерттеу барысында біз, сонау көне грек ойшылдарының еңбектерінде негізі қаланған жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздерін айқындауда заң білімін насихаттау құқықтық білім және тәрбие берудің бастамасы екендігін көрсетуде Аристотель, Демокрит, Әл Фараби, М.Х.Дулати еңбектеріне шолу жасадық. Құқықтық тәрбиенің негізі қай қоғам болмасын, сол қоғамның өзі тудырған моральдық тәрбиесінің тағылымынан сұрапталған нысан екеніне Аристотель тұғырлы  тұжырым жасап берген. Бұл ойы қазіргі заман талабына сай бүгінгі жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру мәселесінде өзектілігімен ерекшеленіп отыр.

Демокрит құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуының қозғаушы күші – ата-аналар мен мұғалімдердің бірлесіп жұмыс атқаруында деп айқын көрсеткен. Шығыс елі ойшылдарының бастаушысы - Әбу Насыр Әл-Фараби құқықтық тәрбие жайлы «жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді» деп түсінетінін меңзейді.

Сонымен құқықтық тәрбие беруде жеткіншектерге зорлық-зомбылық, құқықтық–психологиялық жағдай туғызу сияқты әдістерден аулақ болып, олардың әділетті де құқықтық тәрбие арнасынан шықпауына бірден-бір құрал сүйіспеншілікпен келу деген тұғырлы, салиқалы ой-пікірі бүгінгі тәрбие нысанына да негіз деп қарауымызға мүмкіндік береді.

 Ян Амос Коменскийдің ойынша, мектеп – оқушылардың «адамгершілігін», «ақылын», «құқығын»  тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық.  Оның бұл тұжырымының Сократ, Демокрит, Әл-Фараби, М.Х.Дулати еңбектерінде де айтылған ой–тұжырымдарымен сабақтастық тапқанына мән береміз.  

Зерттеу жұмыстарының негізіне XIX ғасыр ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектеріндегі құқықтық тәрбие беру жөнінідегі берген ақыл-кеңестері де жоғары мағынасында алынады. Абай өзінің  қарасөздерінде мораль, тәрбие ақыл, ғылым, ар, мінез мәселелері туралы ой түйіндеген.  Жиырма бесінші  сөзінде «оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын»  деп, өзінің туған елін қорғайтын, сана – сезімі мол, белсенді қоғамға, әлеуметтік ортаға жат  әдет қылыққа қарсы күресетін жеке тұлғаның бойындағы қасиеттерді тәрбиелеуді насихаттаған.

Қазақ ағартушыларының бірі  - Шоқан Уәлиханов  1864 жылы құқық жайлы «Сот реформасы» деген еңбегін жазды. Онда құқықтық тәрбиенің оңтайлы болуы үшін мемлекет құқықтық заңдар шығарған уақытта халық мүддесімен санасудың қажеттілігін ескеруді қарастырады.

            Қазақстандық зерттеушілер Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева құқықтық

сананы қоғамдық сананың жеке бір саласы дей келе, «құқықтық сана – Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі», - деген анықтама береді.Бағамдап қарасақ, «құқықтық тәрбие - жеткіншектерге заң бұзушылық себептерін түсіндіретін, оған көмек көрсететін, құқықтық сана–сезімдерін қалыптастыратын ерекше қызмет жүйесі» болып табылатындығына зерттеу барысында көз жеткен.Жоғарыда айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құқықтық сана ұғымына - адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың жиынтығы, ол азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құкықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері деген өз анықтамаларын  берген. Ресей ғалымдары Н.С.Самощенко, В.В.Тищенко өз зерттеулерінде «құқықтық тәрбиені» тұлғаның құқықтық санасын жоспарлы, жүйелі қалыптастыру үдерісі деп түсіндіре отырып, индивидтің құқықтық санасына әсер ететін факторлар ретінде әлеуметтік-экономикалық құрылыс пен әлеуметтік ортаны және оның ұйымдастырушылық-саяси ерекшеліктерін бөліп көрсетеді.Отандық  ғалым Т.Ғабитов  құқықты  мәдени-әлеуметтік  реттеу жолдарын: 1) «мораль мен құқық - барлық адамдардың бірдей қолдана алатын  ережелер  қатынасы»; 2) «әдеп пен құқық - азамат пен мемлекет мүдделерінің үйлесімді ету құралы»; 3) «құқық – адамның іс-әрекетін реттеуші құрал»; 4) «құқық - мәдени-әлеуметтік алғы шарттар» деген түрлерге бөліп көрсеткен.

Ендігі кезекте «құқықтық жүйе» ұғымын қарастырған. Бұл «жүйе», «педагогикалық жүйе»,  «тәрбиелік жүйе» ұғымдарының мәнін ашумен тікелей байланысты. Жүйе – күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Олай болса, педагогикалық жүйе – шынайы педагогикалық құбылыстың мәнін (педагогикалық үдерістің  субъектілері- мұғалім мен оқушы), оның мақсатын, мазмұнын, тәсілдерін, формаларын, әдістерін, құралдарын және жүзеге асырылуын сипаттайтын қажетті әрі жеткілікті элементтердің жиынтығы. Ал тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін, атап айтқанда өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік тұтас ағза ретінде бейнелейді. Зерттеуші ғалым Л.А.Байсерке оқушылардың адамгершілік-құқықтық тәрбиесінің жүйесін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырып, «тәрбиелік жүйені өзара байланысты тәрбиелік іс-шараларда ұжымдық жұмыстардың алуан түріне қарай бірде күрделеніп, бірде тез шешіліп, жетілдіріліп, үнемі дамып өзгеріп отырады» деп сипаттаған.  

Құқық адамдардың мінез-құлқын реттейтін,  мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып отыратын жүйе.  Құқықтық жүйеге құқық жүйесінен басқа да қоғамның құқықтық өмірінің бөлшектері, құқықтық білім, құқықтық тәжірибе және тәрбиенің барлық элементтері де кіреді. Құқықтық білім – құқықтық тәрбие мен құқықты оқытудың біртұтастығы, оның мәні құқықтық нұсқауларды, қатынастарды, құқық реттейтін саладағы қызметтерді қалыптастырады. Бұл жүйе оқушының қоғамда болып жатқан  барлық өзгерістерге өзіндік көзқарасын дамытуға, оған деген  өзіндік бағдарын қалыптастыруға және заң мен заңдылықтарды меңгеруге,  іс-шараларда  өзінің азаматтық парызын түсінуге көмектеседі. Құқықтық жүйеде педагогтардың ықпалы тәрбиелік кеңістікте жеткіншектердің санасына, сезіміне, сеніміне, еркіне, құқықтық мінез-құлқының қалыптасуына бағытталған олардың педагогикалық іс-әрекеттерінің кешені мұғалімдер, ата-аналар, мектептен тыс мекемелер, т.б. жағдайда өзара жауапкершілікті субьект – субьектілік қарым-қатынасымен  айқындалады.  Қорыта келгенде, «құқықтық жүйені - жеткіншектерге заң бұзушылық себептерін түсіндіретін, оған көмек көрсететін, құқықтық сана–сезімдерін қалыптастыратын ерекше қызмет жүйесі» деп анықтаймыз.

Сараптау барысында, ғылыми әдебиеттер мен зерттеулерде құқықтық тәрбие беру мәселесі мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне тікелей байланысты қарастырылатыны айқындалды. Бұл үдеріс қазіргі мектептегі құқықтық тәрбие беру мәселесінің тиімді шешілуінде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі, алдына мақсат қоя білуі және оны іс жүзінде жүзеге асыруымен сипатталады.  Сондықтан жеткіншектерді әлеуметттендіру барысында жоғарыда айтылған ойларды негізге ала отырып, олардың құқықтық әлеуетін дамыту қажет. Ол үшін іс-әрекет теориясын басшылыққа ала отырып, тұлғаны іс-әрекетке бейімдеп, субьект ретінде қарастырып, оның іс-әрекетінің белсенділігін төмендегідей қағидалар арқылы жүзеге асырамыз: ғылымилық, түсініктілік, бірізділік, жүйелілік, саналылық, беріктік, сабақтастық, құрылымдық, өзін-өзі жетілдіру.

Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары негізінде біз жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің құрылымдық - мазмұндық моделін анықтады. Оның құрылымы төрт компоненттен тұрады: мотивациялық,  мазмұндық, рефлексиялық бағалау, іс- әрекеттік.

Мотивациялық компонент - қазіргі мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру арқылы құқықтық саналы көзқарасын қалыптастырып, құқықтық әлеуетін дамыту тұрғысын болжайды.  Адам әрекетінің мотивтері әр қилы, олар адамның қоғамдық өмірінің үдерісінде қалыптасатын әртүрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтардан келіп шығады. Үдерістің мазмұны мен сапасы ұйымдардың ерекшелігіне, қолданылатын қоғамдық нормаларға тікелей байланысты. Бұл құқықтық ұғымның қалыптасуын деңгей бойынша қарастыруға мүмкіншілік береді.

Мазмұндық компонент - қазіргі мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиесі сипатын, ерекшеліктерін, оқу-тәрбие үдерісінің тәрбиелік механизмін, оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ерекшеліктерін және оларды тиімді ұйымдастырудың педагогикалық жоспарын, құқықтық тәрбие берудің ғылыми негізін білуін, оқу- тәрбие үдерісінде өзінің объектісін түсінуін қарастырады.   

Рефлексиялық бағалау компоненті – оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мазмұнын, өздік ерекшеліктерін тұтастай қабылдап, оларға баға бере білуін, сондай-ақ жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін бағалай білуін қарастырды.

Іс- әрекеттік компонент – жеткіншектерге әртүрлі іс- әрекеттерде көрініс тапқан құқықтық белсенділігін сабақтарда және сабақтан тыс іс-әрекеттерде оқушыларды құқықтық білімге қызықтырып, оның тәжірибесін оқушыларға жеткізе білу қабілетін қарастырады. Ол төмендегі 1-ші кестеде көрсетілген.   

1 кесте -  Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі

Компоненттері

Өлшем

дерi

Көрсеткiштерi

Мотивациялық

Құқықтық тәр биегеқұндылық бағдарының болуы

-құқықтық тәрбие берудің әлеуметтік маңызын жете түсінуі;

-құқықтық тәрбиеге саналы қызығушылықтың болуы;

- тәрбиенің маңызын түсінуі.

Мазмұн

дық

Құқықтық тәрбие бойынша теориялық білімінің болуы

-«құқықтық сана», «құқықтық тәрбие»,  «құқықтық жүйе» ұғымдарының өзара байланысын білуі;

-құқықтық тәрбие берудің мазмұндық сипатын ұғымдық құрылымын, функциясын білуі;

-құқықтық тәрбиенің мүмкіндіктерін, өлшемдерін білуі;

-тәрбиенің тиімді формалары мен әдістерін білуі.

Рефлек

сиялық бағалау

Құқықтық әлеуетінің мазмұнын бағалауы және қабылдауы.

-құқықтық тәрбиелік деңгейінің рефлексиялық сипаты;

-құқықтық тәрбие беруді тұтастай қабылдауы;

-құқықтық тәрбие тұрғысына баға бере білуі және ішкі рефлексиялық мүмкіндіктерінің дамуы;

-құқықтық тәрбиеге байланысты жүргізілетін жұмыстардың нәтижелеріне талдау, бастамшылық идеясын көрсету.

Іс- әрекеттік

Мектептегі оқу- тәрбие проце сінде оқушылар ға құқықтық тәрбиені меңгер тудегі жұмыс нәтижелілігін қамсыздандыратын негізгі іскерлікке ие болуы.

-оқу- тәрбие процесінде, күнделікті өмірде құқықтық тәрбие беру жіктемесін сұрыптай білу іскерлігі;

- жеткіншектердiң педагогикалық тұрғыдан бұзақылыққа бейімделуінің алдын алу;

-жеткіншектердің құқықтық тәрбиелеудiң бағдарламаларын даярлау және жүзеге асыру;

-жауапкершілікке тәуелдiлiк қатынастары негiзiнде iс-әрекеттердiң құқықтық мәдениетiн  үйлестiру.

Құқықтық тәрбие жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс – әрекеттері,мінез - құлықтары, ойлау жүйесі, дүниетанымының қалыптасуына бағыт беріп отырады.Сонымен құқықтық іс-әрекет осы құқықтық құңдылықтарды адамдардың бойына сіңіріп, меңгеруіне тікелей байланысты. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып,  жеткіншектерге  құқықтық  тәрбие  берудің   жүйесі құрылды (1-сурет).

ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІС

ОҚУШЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

МҰҒАЛІМ

ОҚУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ МАЗМҰНЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ

САБАҚ, САБАҚТАН ТЫС ОҚУ

САБАҚТАН ТЫС ТӘРБИЕ ҮРДІСІ

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ

ӘЛЕУМЕТТІ К

ОРТА

МАҚСАТЫ

МІНДЕТТЕРІ

ҰСТАНЫМДАРЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ

ҚҰРАЛДАРЫ

тәрбие процесінде 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беруді теориялық тұрғыда негіздеу, педагогикалық шарттарын анықтау әдістемесін жасау.

ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Оқушыларға құқықтық тәрбие беру барысында қоғамдағы жалпы құқықтық тәрбиенің орны мен ролін көрсете отырып, теориялық негіздерін айқындап, «құқықтық сана», «құқықтық тәрбие»,  «құқықтық жүйе» ұғымына анықтама беру; 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің моделі, өлшемдері мен көрсеткіштерін негіздеу; жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын анықтау; жалпы орта білім беретін мектептердегі 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыруды әдістемелік тұрғыда ұсыну және оның тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу.

Ғылымилық, түсініктілік, бірізділік, жүйелілік, өзін-өзі жетілдіру, саналылық, беріктік, сабақтастық,  құрылымдық

Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық

Құқықтық тәрбиеге байланысты  кездесулер, пікірталас, кештер, конкурстар, олимпиадалар, брифингтер, тренингтер   және   т.б.

Бұл жүйе жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде бүгінгі қоғам сұранысына байланысты мемлекеттік құжаттарға сәйкестендіріп айқындалды. Ол жеткіншектердің ішкі рухани сапаларын, құқықтық сана-сезімін, сенімі жоғары қоғам азаматы ретінде дамуын, жетілуін қамтиды. Сондықтан  құқықтық демократиялық қоғамда өзіндік құқығын меңгерген, құқықтық сана-сезімі жетілген өзін-өзі дамыта алатын  тұлға тәрбиелеудің  мазмұны және оны жүзеге асыру жолдарын көрсетуге тырысты.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, жеткіншектерге  құқықтық  тәрбие  берудің құрылымдық-мазмұндық моделі өзінің құрылымы жағынан компоненттерден, оның мәнін аша түсетін өлшемдер мен көрсеткіштерден, оған сәйкес келетін деңгейлерден тұрады.

Зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде қалыптасқан деңгейлерді бағалау көрсеткіштер жүйесімен нақтыланған талаптар негізінде жүзеге асады. Нәтижесінде біз әр түрлі сатысына сәйкес келетін негізгі деңгейлерін анықтап алған:

Жоғары деңгей қазіргі жалпы білім беретін мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиенің маңызын жете түсінуі, қабылдауы, олардың құрылымын, функциясын, тәрбиелік мүмкіндіктерін терең меңгеруі; құқықтық тәрбиенің нақты өлшемдерін сұрыптай білуі; құқықтық сана және оқу-тәрбие үрдісінде меңгерген білім мазмұнына баға бере білу; құқықтық тәрбиені мектепте, мектептен тыс жұмыстарда шығармашылық ізденіс пен оңтайлы пайдалана білуі; құқықтық білімді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып пайдалануымен ерекшеленеді.    

Орта  деңгейде қазіргі мектеп оқушылары құқықтық тәрбиенің маңызын түсінеді, оны қабылдауға қызығушылық танытады, құқықтық тәрбиенің теориясын меңгергенмен азаматтық құндылықтарға оқытушы көмегімен баға бере біледі; құқықтық тәрбиеге қатысты мәселелерді сұрыптай, өмірмен байланыстыра білгенімен мектеп тәрбиесінде оларды оқытушының көмегімен пайдаланады.    

Төменгі деңгей үшін қазіргі мектеп оқушыларының кейбіреуі құқықтық тәрбиені қажет деп есептемейді, қызығушылық көзқарас танытпайды, теориялық білімі нашар, меңгерген біліміне баға бере алмайды, жүргізілген іс-шараларда құқықтық білімін пайдалана алмайды. Жеткіншектердің құқықтық қағидаларды бiлуі мен оларды орындауға деген ұмтылысы, күйзелiсі, практикалық әрекеттердегі өнегелiгiнің төмендігі байқалады. Олардың әркелкi жақтары іс-әрекеттері мен қатынастарының қалыптасуында көрініс табады. Тұлғаның дамуы әлеуметтік мәдени кеңістікте, атап айтқанда,  қоғам,қоғамдық институттар,мемлекет,құқықтық жүйе және жеткіншектердің қоршаған ортасы мен ұйымдастырылған немесе кездейсоқ болатын, яғни оның қалыптасуын қамтамасыз ететін ортада іске асады.

Зерттеу жұмысымыздың нәтижесін жоғарыда келтірілген моделдегі төрт компоненттің қалыптасу деңгейіне қарай бағалауға болады. Біздің ойымызша, осы төрт  компоненттің бірлігі, олардың көрсеткіштері мен өлшемдері, соған сәйкес деңгейлері және моделі жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарын айқындауға мұмкіндік береді.

Осыған орай  зерттеу барысында үш педагогикалық шарттарды (педагогикалық - ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік) анықтап алған.

Педагогикалық-ұйымдастырушылық шарт мұғалім жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру барысында оқу-тәрбие үдерісінде жағымды орта жасауды; құқықтық білімдер жүйесін (құқықтық тәрбие туралы  мемлекеттік нормативті құжаттар оқып үйрену, гуманитарлық қоғамдық пәндер жүйесінде) меңгертуді; соның негізінде жеткіншектердің құқықтық санасын қалыптастыру үдерісін қарастырады.

Психологиялық-педагогикалық шарты меңгерген білімдер негізінде жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастыру үшін ең алдымен мұғалімге оқушының тұлғалық, рухани, әлеуметтік даму деңгейін  диагностика арқылы айқындау қажет. Тұлғаның дамуына психологиялық – педагогикалық қолдау көрсетуді; әрбір оқушының тұлғалық ерекшелігін, деңгейін ескеруі; жеке тұлғаны қоғамның талаптарына сай әлеуметтендіруді; ұжымның алдында тұрған ортақ мақсатты дұрыс белгілеуді, соған сәйкес атқарылатын іс-шараларды дұрыс жоспарлауды қарастырады.

Әдістемелік шарттар - субьектілік іс-әрекет ұйымдастыруды (мұғалім – оқушы, ата-аналар, психологтар, құқық қорғау органдар қызметкерлері) қарым- қатынас іс-әрекеттерінде бір-біріне саналы белгілі нормаларды, құқықтық ережелерді жүзеге асыра білуді үйрету. Оқу-тәрбие үдерісінің тәрбиелік бағытын күшейтуі; құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық тәрбиелігін көрсетуіне бағытталған іс-әрекетте мұғалімнің де оқушының да құқықтық санасының көзі ретінде тәрбие үдерісінде субьект-субьектілі қарым-қатынасты қамтамасыз етуі; мақсатқа бағытталған рефлексияның жүзеге асыруы; жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру  іс-әрекетіне мұғалімнің дайындығын қалыптастыруы, тәрбие үдерісінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандырылуы сипаталады. Талданған педагогикалық шарттарды іс-әрекетте жүзеге асыруда олардың әрқайсысы өзіндік қызмет атқарады. Жоғарыда берілген педагогикалық шарттардың қызметтік жүйесі және бұларды іске асырудың әдістемесі практикада тексеріліп, оң нәтижелерге жеткізетін іс-әрекеттер жиынтығы ретінде көрсетіледі.

Осыған орай зерттеу жұмысының барысында 5-9 сынып оқушыларына  құқықтық тәрбие беру мәселесін теориялық зерттеу нәтижесі оларды бағалау тәсілдері мен мүмкіндіктерін таңдау, құндылық бағдар үдерісін, оның тиімділігін қамтамасыз ететін өлшемдер мен көрсеткіштерін, үлгісін, педагогикалық диагностикасын, ғылыми-әдістемелік жүйесін дайындауға мүмкіндік береді.  Мұның барлығы жеткіншектердің құқықтық құндылықтарды тәрбиелеудің деңгейлерін диагностикалауға, құқықтық тәрбие берудің әдістемесін дайындауға бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелерін қарастыруға мүмкіндік туғызды.

Анықтау экспериментінің нәтижесі жеткіншектерге оқу-тәрбие үрдісі барысында құқықтық тәрбие берудің қажеттілігін дәлелдеді. Жұмысымыздың теориялық сараптамасына және анықтаушы эксперимент нәтижелеріне сүйене отырып, біз зерттеу мақсатымызды жүзеге асыруға бағытталған, өңделген жүйені мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді жоспарлайтын, бірнеше кезеңнен тұратын қалыптастыру экспериментін ұйымдастырамыз.

Анықтау экспериментінің нәтижесін сараптама жасау негізінде бақылау тобындағы жеткіншектердің құқықтық тәрбиелігінің деңгейлері экспериментке  дейін құқықтық тәрбиенің қажеттілігі туралы түсініктерінің 27% төмен, 47% орташа, 26% жоғары екендігін анықтаған. Эксперименттік топта  27% жоғары, 49% орташа, 24%төменгі деңгейлерді көрсеткен.  Құқықтық тәрбиенің мәнді құрылымы тұлғаның танымдық бейімділігімен, құқықтық сана-сезімдерінің қалыптасуымен, азаматтық  заңдарды мүлтіксіз сақтап, өз міндеттерін саналы түрде жүзеге асыра алу әрекетімен тығыз байланысты. Егер 9 сынып оқушыларының (27 пайызы) заң туралы білімнің болмауы құқықтық нормаларды бұзуға әкеледі деп есептесе, ал 5 сынып оқушыларының (47 пайыз) құқық нормасына сай тәртіпті, мінез-құлықты анықтауда туғандарының көзқарасына сүйенетіндігін айтады. Сонымен қатар эксперимент нәтижесінде жеткіншектердің қоғам мен адаммен қарым-қатынасында қиындықтар туындайтыны анықталып отыр. Бақылау тобындағы жеткіншектердің 27%, ал эксперименттік топтың   24%  оқушының қарым-қатынас жасауда деңгейі төмен. Бақылау тобындағы 47%,  эксперименттік топтың  49% орташа және бақылау тобындағы 26%, эксперименттік топтың  27% жоғары деңгейде.

Қалыптастыру экспериментінің алғашқы дайындық кезеңінің мақсаты жеткіншектердің құқықтық тәрбиеге дайындық деңгейін анықтау. Бұдан  жалпы бiлiм беретін мектептегi жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыдан  негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу міндеті туындады. Қалыптастырушы эксперимент нәтижелері мынадай болды: бақылау тобында эксперименттен кейін жоғары - 29%, орташа - 54%, төменгі - 17% болды. Эксперимент тобында эксперименттен кейін  жоғары - 32%, орташа - 64%, төменгі - 4% болды. 17% - оқушының құқықтық тәрбиелік деңгейі төмен; құқықтық білімі төменгі дәрежеде - 4%; қызығушылық көзқарас танытпайды - 17%; меңгерген біліміне баға бере алмайды - 4%.

Педагогиканың жалпы теориясы бойынша, оқушыларға құқықтық білім беруде заңды саналы түрде сыйлауды және өзінің өмірінде белсенді түрде пайдалана білуді қалыптастыруға байланысты бұл мәселені жүйелі ұйымдастыру мақсатында тиімді формасы ретінде жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің әдістемесін жасадық. Әдістемелік көмек ретінде мұғалімдерге арнап “Қазіргі мектептегі жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің негіздері” атты арнайы курс бағдарламасы жасалды. Арнайы курс көлемі – 20 сағатқа есептелген, оның 6 сағаты дәріс, 14 сағаты практикалық тұрғыдан сынып және сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарына арналған. Онда құқықтық оқытудың қызметтеріне, атап айтқанда, рухани, білімдік, тәрбиелік, психологиялық даму, реттеуге баса назар аударылады. Арнайы курстың мақсатыжеткіншектерге құқықтық тәрбие мен білім бере отырып, қоғамдағы өзінің мінез-құлқындағы құқықтық нормаларды сақтауға, әлеуметтік ортадағы жат қылықтан аулақ болуға үйрету. Арнайы курстың міндеттері:  құқық туралы білімнің қажеттілігін сезіндіру; өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ереже, белгі  нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухына тәрбиелеу; сана-сезімі мол, қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет-қылыққа қарсы белсенді күресетін, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға  ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.  Сонымен қатар арнайы курс барысында құқықтық тәрбие берудің формалары ретінде кездесулер, пікірталас, кештер, конкурстар, олимпиадалар, брифингтер, тренингтер, психологиялық тапсырмалар, және т.б. пайдаланылды. Жеткіншектерге арналған арнайы курстың жоспары 2-ші кестеде көрсетілген.

2- Кесте - “Қазіргі мектептегі жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің негіздері” атты арнайы курс жоспары

Курс мазмұны

Дәріс

Практикалық сабақтар

  1.  

Кіріспе. Арнайы курстың мақсаты мен міндеттері

1

  1.  

Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері

1

2

  1.  

Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық қағидалары

1

2

  1.  

Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің жүйесі

1

3

  1.  

Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің технологиясы

2

7

  1.  

Барлығы

6

14

    Құқықтық тәрбие адамды азамат ретінде дамытудың маңызды факторы, құқықтық қоғамды құру және реттеу құралы ретінде жалпы білім беретін мектепте жеткіншектердің құқықтық тәрбиесін зерттеудің ерекше көкейкесті себептерін теориялық ғана емес, практикалық сипатта айқындауда жалпы білім беретін мектеп жеткіншектеріне құқықты тәрбиенің келесі бір тиімді формасы ретінде сыныптық тәрбие сағаттарында сауалнамалар, пікір-талас (дебат), олимпиада, кештер, сайыстар, тренингтер, кездесулер және төмендегі әңгіме тақырыптарын: «Қазақстан Республикасының рәміздері», «Мен - ғаламшардың екі полюсімін (жақсылық -жамандық)», «Заң және құқық», «Өз құқығыңды білесің бе?», «Қылмыскер болу оңай»;  ««Қазақстан Республикасының азаматтары міндеттерінің, еріктерінің және құқықтарының бірлігі» немесе «Немқұрайдылық және арамзалық қылық», «Заңды қорғау», «Отбасылық жағдай және жеткіншек», «Ата-ана мен баланың құқықтық қатынасы», «Есірткінің көмегімен өміріңді қалай құртуға болады?», «СПИД-тен абай бол!» сияқты мазмұнда тәрбиелік іс-шаралар жүргізу.

Бақылау экспериментінде жұмыстардың нәтижесін талдай келе, 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру әрекетін, кешенді түрде: мектеп, қоғам, жанұя, қоғамдық мекемелер, ұйымдар, құқық қорғау органдары т.б. дәстүрлі емес тұрғыда тәрбиелеудің оңтайлы әдіс-тәсілдердін жеткілікті дәрежеде білмейтіндігі, оқушылармен жүргізілетін жұмыста құқықтық білім беруде ізденімпаздықпен жұмыс істеу білігінің жеткіліксіздігі, мұғалімнің бір сарынды тәрбиелеу шараларын өткізуі, ақпарат көздерінің жетіспеушілігі, құқықтық тәрбие беруге бағытталған жұмыстардың жүйелілігінің болмауы себеп болып отыр.  Сонымен жалпы орта білім беретін мектепте жүргізілген зерттеулер төмендегідей  нәтижелерді көрсетті. Анықтау, қалыптастыру, бақылау эксперименттеріндегі көрсеткіштерді салыстыра келе,  соңғы қорытынды кезеңнің нәтижесін сараптама жасау негізінде бақылау тобындағы жеткіншектердің құқықтық тәрбиелігінің деңгейлері экспериментке  дейін жоғары - 26%, орташа деңгейі - 47%, төменгі деңгейі - 27%,   ал эксперименттен кейін жоғары - 29%, орташа - 54%, төменгі - 17% болды. Эксперименттік топта  жеткіншектердің құқықтық тәрбиелігінің деңгейлері экспериментке дейін жоғары-27%,орташа-49%,төменгі-24%,  эксперименттен кейін  жоғары - 32%, орташа - 64%, төменгі - 4% болды  (3-кесте).

Кесте 3 - Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың салыстырмалы нәтижесі.

Деңгейлер

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

Эксперимент

ке дейін

Эксперимент

тен кейін

Эксперимент

ке дейін

Эксперимент

тен кейін

Жоғары

26%

29%

27%

32%

Орташа

47%

54%

49%

64%

Төменгі

27%

17%

24%

4%

   

 

Сурет 2Жеткіншектердің құқықтық тәрбиелілігінің деңгейінің диаграммасы

Нәтижелерді талдау тәжірибелік-эскперименттік жұмыс барысында 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру деңгейінің эксперименттік топтарда жоғарылағанын көрсетеді. Құқықтық тәрбие берудің жоғарғы деңгейі 27%-дан 32%-ға, яғни 7 оқушыға көбейген, ал төмен деңгей 4%-ға төмендеген. Яғни 26 балаға азайған. Бұл көрсеткіште экспериментке дейін төмен деңгей көрсеткен оқушыларды орташа деңгейге дейін көтеруге қол жеткізілді. Ал бақылау тобында эксперименттік топқа қарағанда көп өзгерістер байқалмайды. Эксперименттік топтағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесін бақылау срезі қалыптасатын құқықтық білімнің барлық көрсеткіштері бойынша қамтамасыз етілгендігін көрсетті.

Зерттеу нәтижесі ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін көрсетіп, құқықтық тәрбие беруге бағытталған жұмыстар арнайы жүргізілсе және құқықтық  қалыптастыруда мотивациялық, мазмұндық, рефлексиялық- бағалау, іс- әрекеттік компонентерінің дамуы ескерілсе, онда 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру  мүмкіндіктері туындайды. Бастапқы көрсеткіш пен соңғы нәтижелерді салыстыру тәжірибелік-эксперимент барысында жүргізілген жүйелі жұмыс 5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбиелігінің даму деңгейінің өсуіне әсер еткеніне айғақ бола алады. Мұндағы мотивациялық-еріктік компоненттің деңгейінің оқушыларда құқықтық іс-әрекетке танымдық қызығушылығының артқандығын, өзіндік шығармашылық іс-әрекетті қажетсіну мен танымдық ынталылығының қалыптасқанын көрсетеді.  

Қорытынды

Зерттеу барысында жасалған теориялық қағидалар мен тұжырымдар, 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру үлгісі негізіндегі тәжірибелік жұмыстар нәтижелердің дәйектілігін көрсетеді және мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

1. Зерттеу мәселесіне байланысты оқушыларға құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздерін айқындап, «құқықтық сана», «құқықтық тәрбие» «құқықтық жүйе»  ұғымдарының  педагогикалық мәні, мазмұны нақтыланып, жеке тұлғаны қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің шешуші рөл атқаратындығы дәлелденді.

2. Жалпы орта білім беретін мектептерде 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері көрсетіліп, мектептегі құқықтық тәрбие берудің жүйесі жасалып, оқушының құқықтық тәрбие арқылы жеке тұлға болып қалыптасуына, қазіргі ғаламдану жағдайына сәйкес, жаңа қоғамға бейімделген жеке тұлғаға деген сұраныс бұл мәселелердің көкейкестілігін бұрынғыдан да арттыра түсетіндігі айқындалды.

3. Оқу-тәрбие процесінде 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары анықталынып, зерттеу нәтижелері дәйектелініп, қазіргі қоғамның түрлі салаларының әлемдік даму деңгейіне жасалынып жатқан талпыныстары тек құқықтық тәрбие арқылы реттеліп ғана жүзеге асатындығы дәлелденді.

4. Жалпы орта білім беретін мектептердегі 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыру әдістемесі жасалып, оның тиімділігі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілу мүмкіндіктері ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды.

5. Зерттеу жұмысының нәтижесінде “Қазіргі мектептегі жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің негіздері” атты арнайы курс бағдарламасы жасалынды. Жалпы білім беретін мектеп жеткіншектеріне  құқықтық тәрбие берудің  – тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастырудың және нәтижелі жұмыс істеудің шарты болып табылады

6. Жалпы орта білім беретін мектептердегі 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру – жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды көрсеткіші және оқушыларға құқықтық тәрбие беруде: мотивациялық, танымдық, рефлексиялық бағалау, іс- әрекеттік компоненттерін бір арнаға біріктіру қажеттілігі дәлелденді.

7. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының оң нәтижелері 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беруге байланысты ұсынылған болжамның дұрыстығына көз жеткізілді.

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мен болжамына сәйкес белгіленген міндеттер орындалып, оң нәтиже алынды. Теориялық қағидалар мен тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесі төмендегідей ұсыныстар жасауға   мүмкіндік берді:

- 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беруде оқу-тәрбие жұмысын жүйелі, мақсатты, кешенді жетілдіру және ғылыми теориялық, әдістемелік әдебиеттер шығару;

- оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбиенің мазмұнына сәйкес күнделікті жұмыста  оқушыларға құқықтық тәрбие беруге бағытталған жұмыстармен толықтыра отырып, осы бағытта жұмыс жасайтын ұстаздардың озат тәжірибелерін насихаттау үшін облыстық, аудандық көлемде және мектепішілік педагогикалық оқулар, әдістемелік семинарлар, байқаулар ұйымдастыру;

- мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында, жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде “Қазіргі мектептегі жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру негіздері» атты арнайы курсты ендіру.

Зерттеу мәселесі күрделі де көп жақты болғандықтан, біздің жұмысымызда оның барлық салаларын ашып көрсету мүмкін емес. Алдағы уақытта  мынадай  мәселелердің шешімін іздестірген жөн:  болашақ  мұғалімдерді құқықтық тәрбие  жұмысына даярлау;  мектептің оқу – тәрбие үдерісінде  оқушыларды құқықтық өзін – өзі тәрбиелеуге,  өзін – өзі жетілдіруге талпындыру; біртұтас  педагогикалық үдерісте құқықтық тәрбиенің субьектісі ретінде ата-аналардың белсенді қатысуын қамтамасыздандыру.

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым министрлігі

«Өрлеу БАҰО»  АҚ  филиалы  Атырау   облысы  бойынша

педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты

Дөңгелек  үстел

Баяндама «Жеткіншектерге  құқықтық  тәрбие  берудің

педагогикалық  шарттары»

Курс  жетекшісі:  Аязбаева  Назерке  Ғалымжанқызы

Баяндамашы:Унайбаева  Минаш  Насипкалиевна

Атырау  2013  жыл




1. 34444 Принята управляющим советом МБОУ СОШ 3 протокол 1 от 30
2. правовой формы размера формы собственности и т
3. Механізми управління виробничо-господарською діяльністю локальних електричних мереж
4. а ~ это процесс возникновения государства где устойчивыми традиционными являлись земельная община и колле
5. МОДУЛЬ 2. ТОРАКАЛЬНАЯ СЕРДЕЧНОСОСУДИСТАЯ ЭНДОКРИНАЯ ХИРУРГИЯ Содержательный модуль 4
6. Непосредственное ее значение обусловливается существом возлагаемых на караулы обязанностей
7. Мой город Фамилия имя отчество обучающегося полностью Класс
8. Характеристика складає вчитель фізичної культури обговорюється на педраді де виставляється оцінка
9. Академические школы в русском литературоведении
10. окрашенные средства- книжные средства разговорные средства
11. Безделье мать всех пороков Без дела жить только небо коптить Худое ремесло лучше доброго воровства.html
12. косточку Ученые в США доказали- в туфлях на каблуках нагрузка на позвоночник распределяется неравномерно
13. Теоретичне вивчення пам~яті як психологічного процесу у сучасній психологі
14. На тему Коммерческий Банк основное звено рыночного хозяйства его характеристика как многоцелевой си
15. Какие этапы классического жизненного цикла вы знаете Охарактеризуйте содержание этапов классичес
16. Реферат- Психологічні якості працівників та їх використання у процесі менеджменту
17. позитивная социализация используется нами как показатель соответствия осваиваемого и присваиваемого под
18. правововими нормами що покладають на правопорушників додаткові обтягнення у вигляді впливу на їх фінансови
19. .Необходимость сущность и значение межбанковских расчетов.
20. Вариант 1 Встреча группы на Витебском вокзале в Световом зале на 2м этаже в 14