Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
1
Көптеген ғасырлар бойы Батыс Еуропа әрдайым өзара бәсеке, қарулы қақтығыстар ошағы болған елдер мен мемлекеттердің бөлшегі болып келді. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген екі дүние жүзілік соғыстың бастауы және соғыс алаңы да болған Батыс Еуропа еді.
Соңғы елу жылда жер шарының бұл бөлігі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық Еуропада үлкен әрі нәтижелі одақтың құрылуына әкелді. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ бірегей көшбасшы интеграциялық топ. Ол АҚШ және Жапониямен бірге жаһандық нарықтық экономиканың үш орталықтарының («Тиада») бірі. Оның халық саны 501 млн. адам, ЖІӨ 15,7 трлн $, әлемдік өндіріс көлемінің 21%-ын құрайды.
Батыс Еуропада ортақ шаруашылық кеңістіктің қалыптасуы қарқынды дамуда. Алғашқы жылдары 6 мемлекетпен келісімшарттық-құқықтық негізде орнатылған қарым-қатынас кейін келе ортақ ішкі нарығы, әр түрлі салаларда келісілген саясаты және мемлекетүсті басқаратын органдары бар 15 мемлекеттен құрылған қуатты топқа айналды. Интеграция экономикалық өсуге ынталандырды, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттырды, ғылыми-техникалық өрлеуді жылдамдатты.
Еуропалық Одақтың құрылуы, ең алдымен, Батыс Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлтаралық қарама-қайшылықтар және туындаған мемлекеттік шекаралық мәселелерге негізделді. Сонымен қатар, 90-жж. басына дейін батысеуропалық интеграция екі қарама-қайшы қоғамдық жүйесі бар құрлықта тікелей конфронтациямен ілгері ұмтылып отырды. Батысеуропалық мемлекеттер екі дүниежүзілік соғыстың шығынын ескере отырып, құрлықта мұндай соғысты қайта болдырмауға тырысты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін еуропалық идея туралы саяси пікірталастар туындады. Алайда ешқандай шешуші қадамдар жасалынған жоқ. Кейін, екінші дүниежүзілік соғыс әкелген қиратулардан кейін, еуропалық көшбасшылар бейбітшілікпен қамтамасыз етіп, тұрақтылық сақтайтын және Еуропаны гүлдендіретін ортақ күш пен ынтымақтастық екендігіне көз жеткізді. Еуропаны біріктіруге шакырған идеялық манифест 1946 жылдың 19 қыркүйегінде Уинстон Черчилльдің Цюрих университетінде сөйлеген сөзінде болды. Оның жасаған баяндамасында кейін интеграциялық үрдіс негізі болған екі идея болды: 1) Еуропа Құрама Штаттары негізінде «еуропалық отбасын» қалпына келтіру бейбітшілік, қауіпсіздік және тәуелсіздікті қамтамасыз ететін жүйе; 2) Германия мен Францияның татуласып, ынтымақтастыру. Франция сыртқы істер Министрі Роберт Шуманның 1950 жылдың 9 мамырында өз елі атынан Германия үкіметіне жасалған Декларациясында Еуропаның бөлшектенуін, франко-неміс бәсекесін тоқтатуды және халықаралық кооперация негізінде тең құқылы серіктестік қатынас орнатуды ұсынды. Еуропалық құрылысты Франция мен Герман Федеративтік Республикасының көмір және болат балқыту өнеркәсіптерін біріктіруден бастау жоспарланды. Бұл шынайы интеграцияның тұңғыш қадамы болды. Нәтижесінде Еуропалық көмір және болат өнеркәсіптерін біріктіру идеясы тек Франция мен Германияны ғана емес, Нидерланды, Люксембург, Италия және Бельгияны біріктірді. Осылайша 1951 жылдың 18 сәуірінде Парижде Еуропалық көмір және болат балқыту бірлестігін құру туралы Келісімге қол қойылды. Бірігу үрдістерінің бастауы экономиканың негізін құраған салалар (көмір шығару және болат балқыту өнеркәсібі) және секторлық ынтымақтастық болды.
ЕКББ шеңберінде көмір, темір рудасы және болат саудасы бойынша импорттық және экспорттық салықтар, сандық шектеулер, субвенциялар және басқа да кемсітушілік шаралары жойылды. Ортақ нарыққа кірмейтін мемлекеттермен сауда қатынасында осы тауарлар импортына бірыңғай салық көлемі бекітілді. Париж келісіміне сәйкес басқару мәселелері бойынша күрделі жүйе құрылады. Ол бірнеше интеграциялық институттардан тұрады: Жоғарғы басқару органы, Ортақ ассамблея, Арнайы министрлер кеңесі және Сот. Қауымдастық мүше-мемлекеттерінің тәуелсіз өкілдері Мемлекетүстілік Жоғарғы басқарушы орган (la Нuate Autorite) көмір және болат шығаруды ортақ бақылап, осы салаларды қайта құру жаңарту бойынша жұмыстарды реттеп отырады. Бұл шешімдер мүше-мемлекеттердің сол салаға қатысты өнеркәсіптеріне міндетті болды. Жоғарғы басқарушы органның қызметі Министрлер Кеңесі сияқты органдармен бақыланып отырды. Министрлер Кеңесінде шешімдер қабылдау кезінде мүше-мемлекеттердің вето құқығы болды.
Көптеген келіспеушіліктерге және шектеулі қызметке қарамастан, ЕКББ сәтті байланыстар үлгісі болды. Әрдайым соғыс және қақтығыстар ошақтары болып келген Рур бассейні, Саар облысы, Лимбург, Валлония, Люксембург және Лотарингияда шоғырланған еуропалық ауыр өнеркәсіп орталықтары енді ынтымақтастық және өрлеу үрдістері жүріп жатқан орынға айналыды. ЕКББ шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық үрдісі Еуропаның бірігу сенімін күшейтті және еуропалық интеграция саласында жаңа бастамалардың ашылуына жол ашты. Қауымдастықтың қауіпсіздік және саяси мәселелері жүзеге аспағандықтан, ашық федерализмге қарсы оппозиция күшейді. Бұл жағдай интеграцияның жаңа кезеңінде ескерілді.
ХІХ ғасырдың 50-жж аяғы 70 жж. басы заңды түрде Қауымдастық тарихында «алтын ғасыр» деп аталады. 1957 жылдың наурызында алты мемлекет, атап айтдқанда: Франция, ГФР, Италия, Бельгия; Нидерланды, Люксембург Еуропалық Экономикалық Қауымдастық (ЕЭҚ, екінші ресми атауы «ортақ нарық») және Атом энергетикасы бойынша Еуропалық Қауымдастық (Еуроатом) құру туралы екі Рим келісіміне қол қояды. Еуроатом ЕКББ жобасы бойынша құрылған және салалық бағытта болып, атом энергетикасы саласында ортақ өндірістік кооперацияны және Ғылыми-техникалық және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстарды (ҒТТҚЖ) дамытуды қамтыды.
Еуропалық Экономикалық Қауымдастықты құру туралы Келісім аса маңызды болды. Ол мүше-мемлекеттердің шаруашылықтарын байланыстыруда көпсалалы тәсілдемелермен, «тауарлар, тұлғалар, қызмет түрлері және капиталдардың еркін қозғалысы» жүзеге асатын ортақ нарық құру арқылы экономикалық интеграцияны кеңейту идеясымен ерекшеленді. ЕЭҚ туралы Келісім толық қаралған, бөлімдер мен тарауларға бөлінген, бірнеше қосымшалардан және 275 баптан тұратын қомақты құжат.
ЕЭҚ тікелей міндеттері болып анықталды:
Экономикалық интеграцияның міндеттері болып экономикалық қызметтердің барлық түрлерінің қолайлы дамуы, үздіксіз даму, тұрақтылықты сақтау, өмір сүру деңгейін қарқынды өсіру табылады.
Рим келісімі қауымдастық мүше-елдері әлеуметтік мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы мәселесін шешуді жоспарлады. Мүше-мемлекеттер аграрлы нарықтарын интеграциялауға және ортақ бірыңғай ауыл шаруашылығы саясатын жүргізуге келісті.
Рим келісімінде қарастырылған мәселелерді шешуге 10-12 жыл уақыт берілді. 1958 жылдың 1 қаңтарында Рим келісімі күшіне енді. ЕЭҚ Комиссиясының тұңғыш төрағасы болып Вальтер Хальштейн, ал Еуропалық Парламент төрағасы болып Роберт Шуман тағайындалды.
1958 жылдың 3 11 шілде аралығында Стрезада (Италия) ортақ ауыл шаруашылығы саясатының механизмі бекітілді. Аграрлы сектор ЕО органдарының ең белсенді саласы. 50-жж. «алтылықтың» ауыл шаруашылығы техникалық қамтылу деңгейі және экономиканың басқа салаларынан табыстылығы төмен болатын. Ортақ нарық құрылуымен ауыл шаруашылығын модернизациялау, оны интеграциялық үрдіске қосу, осы саланы мемлекетүстілік басқару механизмін құру, ұлттық аграрлы протекционизм жүйесін ортақ еуропалықпен алмастыру сияқты мақсаттар қойылды. 1957 жылы қабылданған Рим келісімі өзге бағыттарға қарағанда Бірыңғай аграрлы саясаттың негізгі принциптерін, оның мақсаттары мен міндеттерін, ортақ шаралармен оны қаржыландыру жолдарын түбегейлі қарастырды. 1962 жылы ол 50%-ға тараса, 1970 жылы оның қызметі ауыл шаруашылығы нарықтарының 87%-на тарады. Қауымдастық деңгейіндегі Бірыңғай ауыл шаруашылық саясатының (БАС) қабылдануы, «аграрлы Еуропаға» айналуы бұл кезеңнің үлкен жеңісі болды. Сонымен қатар, 1960 жылдың 20 қыркүйегінде Еуропалық әлеуметтік фонды (ЕӘФ) қызметінің регламенті күшіне енді.
Рим келісімшарттары жеке бағыттар бойынша ортақ саясат құру және мемлекеттердің кейбір егеменді құқықтарын ортақ мемлекетүсті органдарға беруді көздегендіктен, Келісімшартты дайындау кезінде Ұлыбритания өкілдері терең шаруашылық саласы және саяси байланыстың жүргізілуіне қарсы болып, «алтылықтың» үкіметаралық келіссөздеріне қатысудан бас тартты. Болып жатқан ауқымды өзгерістер ЕЭҚ құрамына енбеген мемлекеттерді өз сауда мүдделерін қорғауға итермеледі. 1956 жылдың қазан айында Лондон Біріккен Корольдік ортақ сауда зонасын құруды қалайтындығын жариялады. 1958 жылы 20-21 шілдеде ЕЭҚ барлық Батыс Еуропа мемлекеттерімен бірге еркін сауда зонасын құрудан бас тартқан соң, ЕЭҚ құрамына енбеген жеті еуропалық ел: Ұлыбритания, Австрия, Дания, Норвегия, Португалия, Швеция және Швейцария Стокгольмде (Швеция) Еуропалық Еркін Сауда Ассоциациясын (ЕЕСА) құру туралы Конвенцияға қол қояды. 1960 жылдың 3 мамырында Конвенция күшіне енді. Осылайша Батыс Еуропада әр түрлі мүдделері бар және әр түрлі жобадағы серіктестік жүргізетін интеграцияның 2 түрі даму үстінде болды.
1965 жылы 8 сәуірде қабылданған «Қосылу туралы Келісім» Қауымдастық дамуының үлкен жетістігі болды. Еуропалық Қауымдастықтың ортақ Кеңесі және Комиссиясы туралы келісім 1967 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді. Келісім бойынша қазіргі кезде де қызмет етіп жатқан Еуропалық Комиссия, кеңес, Парламент және Сот сияқты базалық жүйе құрылды. Осыған дейін болған үш жеке Кеңес пен үш жеке Комиссия орнын осылайша Ортақ Кеңес пен Ортақ Комиссия басты. Қосылу туралы Келісім Қауымдастықтың қаржы мәселесін шешуді де қарастырды.
Рим Келісімі бірінші кезеңде еш қиындықсыз, сәтті жүзеге асты. 1968 жылдың 1 шілдесіне қарай (бекітілген мерзімнен 1,5 жылға ерте) ЕЭҚ елдері кедендік одақ құрды. Мүше мемлекеттер арасында сауда шектеулері жойылды және үшінші мемлекеттерге қатысты бірыңғай кедендік тариф бекітілді. ЕЭҚ-та бәсеке саласы бойынша белсенді саясат жүргізіле бастады. Стандарттар және техникалық нормалар бірегейлігі, шаруашылық заңдастыру, акционерлік заңдастыруларды өзгерту қолға алына бастады. Өндірістік саясат жақындай түсті, ЕЭҚ мемлекеттерінің ұлттық монополиялары трансұлттыққа айналу үрдісі жылдамдап, ЕЭҚ-та капиталдар мен жұмысшы күшінің қозғалыс либерализациясы өсе түсті.
ЕЭҚ-тың үшінші кезеңінде (70-жж. басынан 80-жж. ортасына дейін) Қауымдастық қызметі қиындықтар мен келіспеушіліктерге толы болды. Интеграциялық топқа үлкен дағдарысты бастан кешіруге тура келді. АҚШ үкіметінің долларды алтынға еркін алмастыруды тоқтатуы батысеуропалық экономикаға үлкен әсерін тигізді. 1971 ж. 15 тамызында қабылданған бұл шешім 1944 ж. Бреттон-Вудста құрылған халықаралық валюталық жүйенің негізін үзді. 1973 ж. 6 27 қазанында болған араб-израиль соғысы да одаққа күрделі әсер етті. ОПЕК-тің мұнай бағасын көтеруі, мұнай шығару көлемін қысқарту мен кейбір мемлекеттерге мұнай сатпау туралы қабылдаған шешімі Таяу Шығыс мұнайына тәуелді Батыс Еуропаға ауыр тиді.
Батыстың өзге елдеріне қарағанда баяу даму, жұмыссыздықтың жоғарғы көрсеткіші, серіктес-мемлекеттер арасындағы «сауда соғыстары» «еуропессимизм» синдромын тудырды.
1973 жылы қаңтарда ЕО құрамына үш мемлекет Ұлыбритания, Дания және Ирландия кіріп, одақ тарихында тұңғыш кеңею болды.
1972 жылдың наурызында құрылған, айырбас курстарын реттеуші «валюталық жылан» деп аталатын жүйе жұмысы сәтсіз болды. Күрт өзгерген экономикалық жағдайға байланысты экономикалық және валюталық одақ қызметі өзгерусіз қалды. Саяси одақ жобасы да іске қосылмай қалды. Осылайша Еуропалық Қауымдастықты Еуропалық Одаққа айналдыру жоспары 1980 жылы іске аспады.
Ірі көлемдегі жобалар жүзеге аспағанымен интеграциялық үрдістер кішкентай қадаммен жалғасып отырды. 1974 жылдың 3 10 желтоқсанында Парижде Қауымдастық мүше-елдерінің басшыларының кездесуі өтіп, олар мынадай екі маңызды институционалдық шешімге келді: 1) 1978 жылдан бастап жалпыға бірдей Еуропалық парламентке депутаттар тікелей сайлауын өткізу; 2) қайта-қайта басшылар кездесуін өткізбей, мемлекет басшылары мен үкімет басшыларынан құралған Еуропалық кеңес құрып, олардың кездесулерін саяси тұрғыдан міндетті әрі жиі өткізу.1975 жылдың 22 шілдесінде Есептік палаты құру туралы Келісімге қол қойылды. 1976 жылдан бастап Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) құрылды. Ол үш элементке негізделді: а) еуропалық есептік валюталық бірлік ЭКЮ (ECU European Currency Unit); б) «еуропалық валюталық жылан» жүйесі, яғни бір жағынан, ЕО елдері валюталарын бір-біріне байланыстырушы механизм (ауытқулар 1,125%-дан аспауы тиіс), екінші жағынан, долларға қатысты ортақ ауытқу механизмі (ауытқу 2,25%-дан аспауы тиіс; в) мүше мемлекеттердің ұлттық алтын валюталық қорлар бөлігінің (20%) бірігуі есебінен Валюталық Ынтымақтастықтың Еуропалық Фондын (ВЫЕФ) құру. Кейін бірнеше өзгерістерге ұшыраған валюталық интеграция аймақтық интеграцияның жүзеге асуына және қазіргі экономикалық және валюталық одақтың негізі болды. Ол өндірістік және ғылыми-техникалық салаға белсенді түрде енді.
1981жылы жаңа кеңею болды. Еуропалық Одақ құрамына Грекия енді.
Төртінші кезең (80-жж. ортасынан 90-жж. басына дейін). ЕО шеңберінде бірыңғай ішкі нарық құрылуы аяқталды. 1985 жылы Еуропалық Қауымдастық Комиссиясы «Ақ кітап» деп аталатын құжат таратты. Бұл құжатта Рим келісіміне қол қойғаннан кейін кедендік салықтар жойылғанына қарамастан, азаматтар мен экономикалық құрылымдарға Еуропалық Қауымдастық бірлігі толық емес екендігі көрсетілді. Мүше-мемлекеттер арасында шекара болды және сауда қатынасында көптеген шектеулер біртұтастыққа әлі де кедергі болды. Әкімшілік формальдық; кедендік бақылау; әр мемлекеттегі өзіне тән техникалық әртүрлілік пен нормалар; кейбір салалардағы протекционизм; өнеркәсіптерге ЕО деңгейінде, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде қызмет етуге кедергі жасайтын шектеулер, осының барлығы экономикалық дамуды тежеп отырды және жылына бірнеше миллиард ЭКЮ-ға айналды. ЕО Комиссиясы тапсырысы бойынша Паоло Чеккини басқарған сарапшылар тобының зерттеулер нәтижесінде кедендік ресми тіркеулерге формальности 9 млрд ЭКЮ, немесе Қауымдастық мүше-мемлекеттері арасындағы сауда операцияларының 1,8%. Ал өнеркәсіпте осы ресми тіркеулер, сонымен қатар бірыңғай нормативтер жүйесінің болмауы және басқа да сауда шектеулері жылына 40 млрд ЭКЮ-ға шыққан. Осының барлығы ЕО елдерінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетті, жүйелік қайта құруларды қиындатты.
ЕО-тың реформалауының басты мақсаты Ортақ ішкі нарық, біртұтас еуроэкономика құру болатын. Бұл мақсаттар 1986 жылдың 17 ақпанында Люксембургте және 28 ақпанда Гаагада қабылданған Бірыңғай Еуропалық Актіде бекітілді. Бірыңғай ішкі нарық тауар, капитал, қызмет түрлері және азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін шекарасыз кеңістік болуы тиіс етін. ЕО кеңістігінде физикалық, техникалық, салықтық және т.б. кедергілергі толығымен жою көзделді. Бұл мемлекеттер арасындағы ұлттық шекараларды жойып, бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына әкелді. Бұл мақсат 1993 жылдың 1 қаңтарында жүзеге асты. Осы кезеңде ЕО-тың үшінші кеңеюі жүзеге асып, 1986 жылы Қауымдастық құрамына Испания және Португали енді.
Бесінші кезеңнің үлкен жаңалығы Қауымдастық 1990 жылдың 29 мамырында Еуропалық қайта құру және даму банкін құру туралы шешім бекітілді. 1991 жылы Еуропалық Кеңес Кеңес Одағына техникалық қолдау көрсету туралы регламент қабылдады. Бұл регламент кейін ТАСИС бағдарламасының негізіне айналды.
Еуропалық интеграция үрдісінің кірпішін қалаған тағы бір оқиға - 1991 жылдың желтоқсанында Маастрихт қаласында өткен Еуропалық кеңестің сессиясы Еуропалық Одақ туралы дайындалған Келісімді мақұлдауы болды. Ал 1992 жылдың 7 ақпанында мүше-мемлекеттер Маастрихтте сол келісімге ресми түрде қол қойды. Келісім 1993 жылдың 1 қарашасында күшіне еніп, Қауымдастықтың жаңа ресми атауы Еуропалық Одақ болып өзгертілді. Маастрихт келісімі ЕО-тың үш негізін бекітті: 1) Еуропалық Қауымдастық; 2) халықаралық саясатта және қауіпсіздік мәселесінде үкіметаралық ынтымақтастық; 3) құқық қорғау және ішкі істер мәселелесінде үкіметаралық ынтымақтастық. Осы үш негіз ортақ институционалдық жүйемен біріктірілді.
Келісім бойынша бірыңғай еуропалық азаматтық, саяси одақ (жалпы сыртқы саясат және ішкі істер және әділет саласы бойынша саясат), сонымен қатарэкономикалық және валюталық одақ қалыптасты.
Маастрихт келісімі экономикалық және валюталық одаққа (ЭВО) «коммунитарлық құқық» түсінігін енгізіп, оның нақты құрылу мерзімін көрсетті 1999 жылдың 1 қаңтары. осы күннен бастап ЭВО-қа мүше елдердің өз ұлттық валютасымен бірге 3,5 жыл бойы айналымға қолма-қол төлемсіз жаңа валюта еуро енгізілу тиіс болды. Ал 2002 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттердің ұлттық валюталарын толығымен алмастырылды.
1995 жылы ЕО құрамына Финляндия, Австрия және Швеция қабылданды.
Интеграциялық үрдістердің тереңдей түсуімен бірге одақ құрамына Орталық, Шығыс Еуропаның және Жерорта теңізі елдерінің бірнеше мемлекеттері қосылып, ауқымды өзгерістер болды. Кеңеюлер ЕО шеңберіндегі мәселелердің күрделеуі мен оларды шешудегі қарама-қайшылықтардың өсуіне әкелді. Осы мәселелер бойынша мүшелер арасында бірнеше пікірталастар болды.
2004 жылы ЕС құрамына жаңа 10 мүше мемлекеттер қосылды: Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия және Эстония.
2007 жылы Болгария және Румынияның қосылуымен одақтың мүше-мемлекеттер саны 27-ге жетті.
Причины формирования ЕАП в ЕС
Қауымдастықта ауыл шаруашылық саясаты бүгінгі таңда дейін маңызды рөл атқарып келеді. ЕО-тың жалпы бюджетінің жартысына жуығы ауыл шаруашылық саласына жұмсалып келеді. Әр мемлекеттің ауыл шаруашылық саласына ерекше қатынасын екі себеппен түсіндіруге болады. Біріншіден, өз ресурстарынмен халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету, яғни басқа мемлекеттен толық тәуелсіз болу дәстүрлі түрде мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізі болып есептеледі. Мемлекет өзінің жер және су ресурстарын пайдалана отырып, өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуі, өнім өндіруші шаруалар мен балықшыларды қолдауы кез келген мемлекет үшін өзінің ішкі нарық, бюджет және қаржы айналымының тұрақтылығын, әлеуметтік тепе-теңдік сақтауының кілті болып саналады. Сондықтан аграрлы саясат тек қана азық-түлік саясаты ғана емес, ол қаржы, аймақтық, демографиялық саясат. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық қауіпсіздік саясаты. Екіншіден, ауыл шаруашылығы ұлттық экономиканың адам билігі жүрмейтін, табиғат күшіне тәуелді ерекше саласы. Соның ішінде климат, жануарлар мен өсімдіктердің ауруы, топырақ құнарлығы және т.с.с. Астықты жылдармен қатар астық шықпайтын жылдар да болып тұрады, сондықтан мемлекетті азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде азық-түлік және дәнді-дақылдар қоры болуы қажет. Фермерлердің кірісіне астық өнімінің тұрақсыздығы тікелей әсер ететіндіктен, фермерлердің қиын, астықсыз жылдары кедейленуіне жол бермес үшін мемлекет ауыл шаруашылық өнімдеріне баға-құн саясатын жүргізуі тиіс. Бұл саясат фермерлерді өнеркәсіп, агротехника, ауыл шаруашылық көліктерін, құрал-жабдықтар, т.б. сатып алуға қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда азық түлік өнімін өндіруші шаруалар мен балықшылардың кіріс саясаты мемлекеттің тәуелсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету саясаты. Кез келген дамыған мемлекеттің үкіметі нарықта ауыл шаруашылық және теңіз өнімдерінің бағасын реттеп отырады. Азық-түлік бағаларын реттеуді еркін сауда нарығына беруге болмайды. Ондай жағдайда қойылған бағалар фермерлердің тікелей шығындарын өтемейді, әсіресе қолайсыз жылдары өндірісті дамытуға қажетті табыс болмай қалады. Егер мемлкет баға реттеуде парасатты саясат жүргізбесе, ерте ме кеш пе ұлттық ауыл шаруашылықта, мемлекеттің аграрлы аудандарында деградация басталады. Осының алдын алу үшін батысеуропалық мемлекеттер 1958 жылы интеграцияланған аграрлы саясатты жүзеге асыруға көшті. Рим келісімінің аграрлы саясатқа арналған арнайы бөлімінде осындай саясаттың бес негізгі мақсаты анықталды:
Бұл мақсаттар 1958 жылы Италияның стреза қаласында арнайы конференцияда алты мүше-мемлекетпен нақтыланды. Алайда осы кезде Қауымдастықта үш қарама-қайшы топ қалыптасты. Біріншіден, өндіруші мен тұтынушылар арасындағы келіспеушіліктер. Тұтынушылар азық-түлік бағасының төмен болуын қаласа, өндірушілер өз өнімдерінің бағасын көтеруге тырысты. Екіншіден, алты мемлекеттің барлығы да өзінің протекционистік саясатын жүргізіп келген. Әр мемлекет (әсіресе Франция, Италия, Нидерланды) өзінің өніміне қосымша жаңа нарық ашуды көздеп, ұлттық нарықта бәсекелестеріне жол бергісі келмеді. Үшіншіден, Франция мен Бельгия арасындағы қарама-қайшылық және Қауымдастықтың өзге елдері арасындағы келіспеушіліктер. Франция мен Бельгия дәстүрлі түрде тропикалық өнімдерді (кофе, какао, пальма майы, т.б.) жеткізіп отыратын өзінің бұрынғы отарлары, теңіздің арғы жағындағы департаменттер мен аумақтармен байланыста болды. Олар Қауымдастық пен африкалық мемлекеттер және теңіздің арғы жағындағы аумақтардың үлкен тобымен ерекше экономикалық қатынастар орнатуын талап етті. Келіспеушіліктер шиеленісе түсті, келіссөздер күрделі болды, алайда осы күнге дейін күшін жоғалтпаған үш принцип негізінде бұл мәселе ұтымды шешілді.
Бірінші принцип нарық біртұтастығы. ЕЭҚ құрылғанға дейін әр мемлекеттің ауыл шаруашылық өнім нарығынреттейтін өз заңдары мен ережелері; ішкі және сыртқы бағаларды, өнімнің экспорт және импортын бақылайтын жүйесі болды. Ортақ ауыл шаруашылық нарығы құрылуымен барлық ұлттық заң, ереже, бағалар жойылып, баллық Қауымдастық елдеріне ортақ жүйе енгізілді. Ұлттық нарықтарлы интеграциялау кезеңмен жүзеге асты. Қауымдастықтың алты мемлекетінің ортақ ауыл шаруашылық өнімдері нарығы 1962 жылдан бастап қызмет ете бастады. Қазіргі кезде ЕО-тың барлық мемлекеттеріне өндірістік тауарлардың барлық түріне ортақ ереже мен ортақ баға бекітілген. Бүл азық-түлік тауарларының 98% қамтиды, яғни ЕО мемлекеттер арасында ауыл шаруашылық өнімдерінің тауар айналымы еркін, ешқандай шектеусіз, кедендік салықтарсыз жүзеге асады. Мемлекетте ауыл шаруашылығын субсидиялауға тыйым салынған, мұндай шаралар барлық мүше-мемлекеттерге ортақ. Барлық одақтас мемлекеттер үшін бірыңғай заң, талап және нұсқаулар қойылған, яғни бірыңғай құқықтық кеңістік және бірыңғай қаржы саясаты бекітілген.
Екінші принцип өзіндік азық-түлік өндірісінің артықшылықтары. Батысеуропалық елдерінің ортақ нарығын ЕО-қа мүше емес елдердің импортынан қорғау. Әлемдік нарыққа қарағанда ЕО-тың ішкі ортақ азық-түлік нарығында бағалар едәуір жоғары және ол сыртқы әлемнен жоғары кедендік салықтармен қорғалған. Бұл принцип жүзеге аспаса, Қауымдастық өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, фермерлерінің кедейленуінің алдын ала алмас еді. Аграрлық интеграция негізінде мүше емес елдерге ЕО-тың ортақ кедендік шектеулері жатыр, олар одақ территориясына азық-түлік өткізсе олардан компенсациялық салық алынады. Бұл компенсациялар «Жасыл Еуропаның» ішкі бағасы мен азық-түлікпен қамтамасыз етушілердің төмен бағасы арасындағы айырмашылықты жоюға арналған. Шындығында одақ ішіндегі баға мен мүше емес елдер арасындағы баға айырмашылығы едәуір жоғары, 1958 жылдың 1 қаңтарынан бастап одақ ішіндегі баға әлемдік бағадан 30%-ға өсті. Өзге мемлекеттерден алынған кедендік салықтардың 90%-ға жуығы Қауымдастықтың ортақ бюджетіне түсіп отырды. Осылайша Бірыңғай Аграрлы Саясат үшінші елдерден тасымалданған өнімдер есебінен де қаржыланып отырды.
БАС-тың басты мақсаттарының бірі одақтың барлық мүше-мемлекеттерін азық-түлікпен қамтамасыз ету болғандықтан, қолайсыз жылдарды ескере отырып, азық-түлік өнімін сұраныстан артық өндіруге бел байлады. ЕО бұл жағдайға 80-жж. басында қол жеткізді. Атап айтқанда бидай - 120%, арпа - 107%, қант - 133%, балғын көкөністер 103%, сиыр майы 131%, сиыр еті - 102%, шошқа еті - 101%, жұмыртқа 103%-ға жетті. Осы статистикада, балғын жемістерден басқа өнімдерді Қауымдастық елдері тұтыну сұранысына қарағанда көп мөлшерде өндіруге қол жеткізгені көрініп тұр.
Үшінші принцип қаржылық ынтымақтастық принципі. Ол бойынша мүше мемлекеттер бірыңғай аграрлық саясат бойынша жаратылған қаржы есебін бір-біріне хабарлап отырады. Ол үшін арнайы Еуропалық аграрлық басқару және кепілдеме фонды құрылды. Фондтың бірінші бөлігі (басқару және бағыттау) ауыл шаруашылығында құрылымдық қайта құруларды, ауыл шаруашылық жүйесін өзгерту үшін қаржыландыруға бағытталған, ал екінші бөлігі (кепілдемелер) ауыл шаруашылық өнімдерінің 1962 жылы бекітілген бағаларын сақтап отыруға және ауыл шаруашылық өнімдері экспортын субсидиялауға бағытталған, бұл салаға фондтың 95% бюджеті жұмсалады. Оның 75%-ға жуығы сүт өнімдері, қант және дәнді дақылдар нарығын тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалады. Еуропалық Аграрлы басқару және кепілдеме Фондының ресурстары ЕО бюджеті болып табылады. Әр жылдары Фондттың шығын қаржысының 54 - 76% аграрлы саясатты қаржыландыруға жұмсалған. Негізгі ресурстарды экспортер мемлекеттер алады.
Қауымдастықтың кеңеюімен, оған жаңа мүшелердің қосылуымен олардың ауыл шаруашылық өнімдерінің ортақ нарығына қосылу шарттарын қайта қарауға тура келді. Осылайша 1986 жылы Испания мен Португалияның қосылуы Қауымдастықтың ауыл шаруашылық өнім көлемін 11%-ға арттырды. Кейбір өнімдер бойынша 20%-дан 100%-ға дейін артқан, мәселен, шабдалы, цитрусты жемістер, пияз, күріш, олива майы, қызанақ, шарап, балық; қант, сиыр еті, бидай, шошқа еті бойынша өнім көлемі 8%-дан 12%-ға дейін артқан.
1986 жылы бірыңғай аграрлы саясатқа үлкен өзгерістер енгізілді. Біріншіден, ортақ бағалар уақытша тоқтатылды. Өндірістің кепілдік шегі енгізілді, ол «максималды кепілдендірілген мөлшер» деп аталды. Үшіншіден, ортақ жауапкершілікпен салық салынды.
Егер өнім мөлшері «максималды кепілдендірілген мөлшерден» асып кетсе, ортақ жауапкешілік салығы ретінде 1,5% мөлшерінде айыппұл салынып, келесі жылға бекітілген бағаны 3%-ға төмендету бекітіледі. Егер өндірілген азық-түлік мөлшері «максималды кепілдендірілген мөлшерден» белгілі бір пайызға төмен болса, онда ол өнеркәсіп немесе фермерден алынған 1,5% салық бірден немесе бөлшектеп қайтарылады. Алайда өндіріс мөлшерлерінің жыл сайынғы ауытқуы бұл жобаны қайта қарауды талап етті. Дегенмен осындай айырмашылықтар есебінен, өзге елдерден келген өнімдерден түскен салық, өтемақылар есебінен Фонд қаржысы толықтырылып отырды.
ЕО-тың бірыңғай ауыл шаруашылық саясаты бірнеше рет одақтың мүше-мемлекеттерінің арасында келіспеушіліктер туғызып, қаржы дағдарысына себеп болды. Алайда БАС ЕО-тың интеграцияланған басты саласының бірі.