Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1.Философиялық білімнің негізгі сипаттары. “Ежелгі Шығыс философиясы” деп бүкіл дүние жүзіне әйгілі үш өркениеттің: Үнді, Қытай және Мысырды айтамыз.Шығыс философиясының қалыптасуына әсер тигізген көптеген алғышарттар бар, олар: мифтік сананың дағдарысы, өндіргіш күштердегі секіріс; ақшалай-заттай қатынастардың пайда болуы; ойлау еңбектің ауыр жұмыстан бөлініп шығуы; рулық-тайпалық құрылымның әлсіреуі; алғашқы мемлекеттердің пайда бола бастауы; дәстүрлі дінге оппозицияның өсуі; ғылыми және ғылыми емес білімдердің алғышарттарының пайда болуы т.б.Үнді философиясының негізгі классикалық және классикалық емес бағыттары бар, олар “Веды” беделін мойындаумен немесе мойындамаумен байланысты.Ертедегі Қытай философиясының негізгі бағыттары: конфуцийшылдық (Конфуций), даосизм (Лао-цзы), легизм (Гуан Чжун, Шан Ян), “инь” және “ян” мектебі. Олардың философиялық ілімдеріндегі қағидалар “адам-әлем” жүйесіндегі бүкіл даналықты қамтиды десек артық емес. Олар бүгінгі тәлім-тәрбиенің, адамгершіліктің өмір мектебіне айналып, өзінің мәнін эвристикалық педагогикалық іс-әрекетте көрсетіп, көзқарастық, танымдық және методологиялық концепцияларға айналып отыр.
2. Философияның қызметтері. Философияның негізгі функциялары (қызметі): экспликациялық, рационализациялық, жүйелеу, сыншылдық, интегративтік, синтездеу, дүниеге көзқарастық, гносеологиялық, логикалық, гуманистік, аксиологиялық, тәрбиелілік.Дүниеге көзқарастық функциясы дүниенің біртұтас белгісін жасау, оның құрылымы жөнінде, адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру. Методологиялық функция философия қоршаған дүниені, шындықты, ақиқат танудың негізгі әдістерін жасайды. Теориялық функция философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды логикалық жүйелер жасайды. Гносеологиялық функция философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды мақсат етеді. Сыншылдық функциясы философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Аксиологиялық функция философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік- әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б құндылықтар жағынан қарастырады. Әлеуметтік фынкциялар философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын,қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін қарастырады. Тәрбиелік функция философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Эвристикалық функция философиялану, яғни филсофияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді.
3.Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі. “Философия” термині үш мағынада қолданылады: біріншіден, философия дүниеге көзқарастың бір түрі; екіншіден, философия - өзінің зерттеу пәні бар ерекше ғылым саласы; үшіншіден, философия адамзат өмірінде айрықша орын алатын адамның рухани қызметінің үлкен бір саласы, қоғамдық сананың ерекше формасы.Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.“Адам-әлем” қатынасы философияның көптеген мәселелерін қамтитын танымның жүйелі субстанциясы. Сондықтан философияның негізгі қызметі адамның дүниеде болуының белгілі бір мәнді жолдарын көрсету, өмірдің осындай формаларын бейнелеу.Философия жалпы методология, яғни әдістердің теориясы, ал теория білімнің адекватты формасы. Философиялық заңдардың, принциптердің, ұғымдар мен категориялардың табиғат, қоғам, адам ойлауының дамуын, жалпы дүниетаным үшін маңызы зор.Философияның негізгі функциялары (қызметі): экспликациялық, рационализациялық, жүйелеу, сыншылдық, интегративтік, синтездеу, дүниеге көзқарастық, гносеологиялық, логикалық, гуманистік, аксиологиялық, тәрбиелілік.
4. Философиялық білімнің негізгі сипаттары. “Ежелгі Шығыс философиясы” деп бүкіл дүние жүзіне әйгілі үш өркениеттің: Үнді, Қытай және Мысырды айтамыз.Шығыс философиясының қалыптасуына әсер тигізген көптеген алғышарттар бар, олар: мифтік сананың дағдарысы, өндіргіш күштердегі секіріс; ақшалай-заттай қатынастардың пайда болуы; ойлау еңбектің ауыр жұмыстан бөлініп шығуы; рулық-тайпалық құрылымның әлсіреуі; алғашқы мемлекеттердің пайда бола бастауы; дәстүрлі дінге оппозицияның өсуі; ғылыми және ғылыми емес білімдердің алғышарттарының пайда болуы т.б.Үнді философиясының негізгі классикалық және классикалық емес бағыттары бар, олар “Веды” беделін мойындаумен немесе мойындамаумен байланысты.Ертедегі Қытай философиясының негізгі бағыттары: конфуцийшылдық (Конфуций), даосизм (Лао-цзы), легизм (Гуан Чжун, Шан Ян), “инь” және “ян” мектебі. Олардың философиялық ілімдеріндегі қағидалар “адам-әлем” жүйесіндегі бүкіл даналықты қамтиды десек артық емес. Олар бүгінгі тәлім-тәрбиенің, адамгершіліктің өмір мектебіне айналып, өзінің мәнін эвристикалық педагогикалық іс-әрекетте көрсетіп, көзқарастық, танымдық және методологиялық концепцияларға айналып отыр
5. Дүниеге көзқарас және оның құрылымы. Дүниеге көзқарас ол объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның оны қоршаған шындыққа және өзіне деген көзқарастар жүйесі, сонымен бірге осы көзқарастармен негізделген негізгі өмірлік тұжырымдар, идеалдар, таным және іс-әрекет принциптері, құндылықтық бағыттар. Дүниеге көзқарас ол интегралды білім беру.Оның құрамына жалпылы білімдер кіреді: өмірлік практикалық күнделікті, кәсіби, ғылыми. Дүниеге көзқараста адамзат өмірінің барлық жақтары мағыналанады,нақты құндылықтар жүйесі көрінеді, өткеннің «образы» және болашақтың «проектілері» қалыптасады, өмірдің тәсілдері, әрекеттері жақталады немесе терістеледі. Дүниеге көзқарас ол сананың жинақы формасы, ол адамзат тәжірибесінің әр түрлі қабаттарын қамтиды. Дүниеге көзқарас уақыттың, нақты орынның және күнделіктінің тар жиектерін өзгерте алады, бұрын өмір сүрген және болашақта өмір сүретін адамдармен нақты адамды жақындастырады.Дүниеге көзқараста адамзат өмірінің мағыналы негізін түсіну тәжірибесі жинақталады, жаңа ұрпақ адамдары арғы атаның, атаның, әкелердің, замандастардың рухани өмірінің кейбір жерлеріін сақтай отырып, кейбіріне қарсы шыға отырып араласады. Дүниеге көзқарас интегралды білім болып табылады. Дүниеге көзқараста танымдық, құндылықтық жүйелер және олардың байланыстары берілген.Дүниеге көзқарастың құрылымдық компоненттерін көрсетуге болады:- біріншіден, ол дүниенің тұрақты көрінісі, онда дүние туралы нақты тарихи көріністер беріледі;екіншіден, идеалдар жүйесіне сүйенетін өмірді бағалау; үшіншіден, құндылықтар жүйесіне бағытталған мақсатты көрсететін идея.
6. Философиялық көзқарастың ерекшеліктері. философиялық көзқарас дегеніміз- дүниеге, табиғатқа, қоғамға, адамға деген неғұрлым қорытылған теориялық көзқарастар системасы. Философия адамдар өмірінің әлеуметтік, саяси, ғылыми, адамгершілік, эстетикалық және басқа салаларындағы белгілі бір бағдарын негіздеуді мақсат етеді. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген түрлі қарама қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал философия табиғат, қоғам, адам, және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жай ғана жиынтығы емес, олардың системасы. Қорыта келгенде, білікті маман, зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнән оқып үйрену өте қажет. Онсыз мынау күрделі, сан салалы, қатпар қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын табиғатын, дамуының мән мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену іске творчестволықпен қараудың, ойлана толғана білудің, түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой өрісті кеңейтудің, жан жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі. Бұған бүкіл адамзаттық жүріп өткен тарихи жолы куә.
7. Философияның мәдениет жүйесіндегі орны Философия күрделі және көп жақты құбылыс болып табылады. Сондықтан қоғамның рухани өміріндегі барлық байланыстар жүйесін ескеру керек. Философияны мәдени-тарихи құбылыс ретінде қарастыру оның мәселелерінің динамикалық кешенін, байланыстарын, функцияларын қамтуға көмек береді. Мәдениет тұрғысында адамдардың қоғамдық өмірі мәдени-тарихи құндылықтарды жеткізу, сақтау, бір бүтін процесс ретінде қалыптасады.Философияның пайда болу уақытына адамзатпен көптеген дәстүрлі іс-әрекеттер дағдысы жинақталған. Философияның шығуы мәдениеттің қалыптасқан формаларын маңыздауға бағытталған екінші түрі, негізгісінің қоғамдық пайда болуы болып табылады. Сондықтан мәдениеттің барлық жағына айналған философиядағы ойлау тәсілі сыни-рефлексивті болып аталады.
8. Көне Шығыс философиясының пайда болуы. Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.
Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды. Ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат- адамгершілікке, риханикалыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру, денені машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда. Ертедегі үнді философиясы үшін адамның «өз басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпынуымен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпынуы тиіс деген талап қойды.
Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік онда салт-сана (дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді.
9. Көне Үнді философиясы: негізгі мектептері мен оның өкілдері. Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері Г Жайнизм көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны беліп көрсетті:1) джива тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2) зат; 3) кеңістік; 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма; 6) уақыт. Будднзм көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінін: негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы біздің дәуірімізге дей: 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетг өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбін Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыс-тарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті. Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ- дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты осы нақты өмірде рахатқа болену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды.
10. Көне Қытай философиясы және оның мектептері. Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемле- кеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұста-нымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне. Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мек-тептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
Ең басты ерекшелігі саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерешелік солҚытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер чжухоу, беделді отбасылар дафу және ши, ең төменде -ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды. Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі. Олардың арасындағы бастысы Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.
11.Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшеліктері. «Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіреді. Ал, хронологиялық шеңберге келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VIIVI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VIIV ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.) Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты. Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғүұлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе үрдістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі бағытты ұстануға болатьн еді: бір жағынан білместік принципі («мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін») ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның «Сократ апологиясы») бір жағынан қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық , метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектелсе, еқінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашылады). Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр-түрлі жолдармен жүрді. Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани дүниесін платонизм мен метафизикадан бас тартып, натурализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Яғни, ол ұстазының жолын қайталамай, оның ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген. Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдер дифференциациясына, органикалық синтез бен жүйелеуге алып келді. Ол философиялық білімдердің метафизиканың, физиканың психологияның, этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму жолдарының негізін қалады.
12.Шығыс перипатетизмі: оның негізгі өкілдері. 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Саяси және әлеум. тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, филос.-этик. тұрғыдан рухани және адамгершілік құндылықтардың символы болып қала берді. Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Дәстүрлі Ислам философиясы-нда Әбу Наср әл-Фараби идеяларының рөлі мен маңызы ерекше. Еуропаға табынушылық бағыттағы көзқарастар, әдетте, орта ғасырлардағы ислам философтарының, соның ішінде әл-Фарабидің де еңбегі мен жетістігі, көбінесе, тек қана гректер мұрасын жеткізуінде деп қате тұжырым жасайды. Анығында, оның еңбегінің мәнін пайғамбардан кейінгі кезеңнен бастап өз дәуіріне дейінгі тарихи тұрғыдан жаңа, рухани шындықты ұғынуынан, адам өмірінің шынайы ақиқатын түсінуге ұмтылуынан іздеген жөн. Мұны философия тілінде жүзеге асыруға мүмкіндік берген әдіс Платонның, Аристотельдің және олардың ізбасарларының ізденістеріндегі ойлар мен дәлелдер жүйесін түсіндіру еді.
13.Схоластиканың негізгі кезеңдері және өкілдері.Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) орта ғасырлық “мектептік философия”, оның өкілдері схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңгк бөлінеді:1. Алғашқы кезең Схоластикасында ( 9-13 ғ.ғ.) неоплатонизмнің ықпалы басым болды. Өкілдері Эриугена, Ансельм Кентерберийский. Ғылыммен философия, теология бір-бірімен біте қайнасып, пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл белең алды.2. 14-15 ғ.ғ. кезеңде, яғни “классикалық” Схоластикада “христиандық аристотелизм” үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен философиялық теологиядан бөлініп, философиялық, теологиялық ілімдердің қалыптасып, етек жайған кезең. Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.3. Құлдырау кезеңі (XIV-XV ғ.ғ.) шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды түрде дамуының салдарынан теологияның мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлдем нәтижесіз ілім кейпіне енді. Тақуалар мен неосхоластардың арасындағы дау-дамай ушыға келіп, шіркеудің Реформацияға қарсы күресіне ұлысты. Өкілдері Уильям Оккам, Жан Буридин т.б.Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:1. Реализм 2. Номинализм
14.Платон философиясы.Платон (б.д.д. 428/427 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті. Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді. Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі» «Эйдос» деп аталады. Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.
15.Аристотель философиясы.Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім (творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі адамның ақыл-ой өресі жететін дүние. Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады. Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты. Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.
16.Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы.Августин Аврелий Әулие (354-430 ж.ж) христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын философ мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта, яғни “нанымсыз білім, ақиқат жоқ” деген принципке бағынады. “Құдайдын қаласы” (426 ж) атты шығармасында Августин тарихты, адам тағдырын фаталистік (теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірі-құдайдың құдіретімен анықталатын негізге алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепциясын ұсынды. “Жердегі қалаға”, “күнәһар” зиялы мемлекетке ол “Құдайдың қаласын”, яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік үстемдігін қарама-қарсы қойды. Августиннің христиан теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған ықпалы орасан зор.Ол Гиппона епископы , философ, христиан дінбасы және саясаткер. Католик және провослав мешіттерінің Әулиесі . Христиан шіркеуінің дінбасысы және августизм ілімінін негізін салушы. Ол батыс филосософиясы мен католиктік тиологияға үлкен ықпалын тигізді. Ол христиан дінінің ең атақты ойшылы мен жазушысы, ең беделді және белгілі шіркеудің Әулиесі . ол бірінші болып системалық христиан сенімшілдігін ашты , сондықтан оны римдік католиктік те проваславтық шіркеуі де мойындайды да еңбегін аса жоғары бағалайды. Августиннің өмірлік жолы «Исповедь» деген шығармасында толық түрде жазылған.Осы еңбегінде ол ұзақ күндер мен тер төккен еңбегінің арқасында өзінің өмірлік жолын тек қана Христиан дінінде тапқандығын ерекше көңіл аударып жұртшылыққа жария етеді, өмірінің мәні христиан дінінде екендігін және басқаларды оғанқосылуды сұрайды.Ол сегіз жыл бойы діншіл мистикалық сектада болады.Ол секта негізінен Христиан дінінің сектасы болып саналған.Манихейлік дін де онын қызуғышылығын тойдырған жоқ , ол өзінің орны басқа жерде екенің білді ол орнын іздеп манихейлік сектадан шығып кетті.Сегіз жылдық өмірлік тәжірибесінен кейін ол тіпті скиптицизмге бет бұрып, қызығушылық танытты. Августин көп ойланып келесі кезекте шоқынып христиан дінін қабылдайды солай ол христиандыққа бірінші қадамын жасайды.. Келесі қадамында ол - монах атанады.Кейін епископ атанады. Ол өмірдің соңына дейін Христостың сөзін адамдарға насихаттайды.Оның дүниетанымы фидешистік сипатта «Нанымсыз білім жоқ, ақиқат жоқ», деген принципке бағынады.Аврелийдің көзқарасы схолистика көздерінің бірі «Құдайдың қаласы туралы», деген шығармасында Аврелий тарихты адам тағдырын фаталистік тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепцмясын ұсынды.Августин Платонның еңбегін бағалады ол плотон және неоплатон деп екіге бөлді.
17.Фома Аквинскийдің діни-философиялық көзқарасы.Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) орта ғасырлық котолик дінінің теологі, доминикандық монах, ортадоксалдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Париж және Кельн университеттерінде білім алады. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі еңбегі “Теология суммасы” (жиынтығы) Ф.Аквинскийдің обьективтік идеалистік философиясы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде пайда болды. Аристотель философиясынан Ф.Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Ф.Аквинский бойынша универсалиялардың үш түрі бар:Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті) Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық) Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын) Философияның негізгі принципі сеніммен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша, ақыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәләлдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіретті бойынша қалыптасады. Ф.Аквинский Құдайдың болмысына 5 дәлел келтірді:1Қозғалыс: барлығы қозғалыста, яғни оларды қозғалысқа келтіретін күш бар. Алғашқы күш Құдай. 2. Себеп: барлық тіршілік атаулы себепті, соған орай себепкер Құдай.
18.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен философияның дамуы. Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұраменъъ, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді. Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуына энциклопедист-ойшыл ибн Сина (980 1037ж)зор үлес қосты. Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күресті. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі жалғастырды. Философия дамуындағы рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди сынды танымал ғалымдары мен философтары дамытты. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани бөлектену орын алатынын ескере отырып, сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынды (қ. Сопылық). Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: І.А. Иасауи, А.Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 1240ж), әл-Хуруфи (1339 93/94ж), Әнуар Қасими (XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли (XVIII ғасыр), т.б. болды. Сопылық ілімнің өкілдері Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды насихаттайды.
19.Аль-Фарабидің философиялық көзқарасы.Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан (870 ж Сырдариядағы Фараб қаласында дүниеге келіп, 950 ж. Дамаскіде дүниеден озады) Шығыс философы, ғалым-энциклопедист, шығыс аристотелизмінің аса ірі өкілі. Аристотель мен Платонды зерттеуші және толықтырып жалғастырушы (Әлемнің «екінші ұстазы» деген атағы осыдан шыққан). Негізгі шығармалары: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік-эстетикалық трактаттар», «Қайырымды қала тұрғындары», т.б. Әл-Фарабидің қатардағы адамдарға философия ақиқаты, оның асқақ әулие бейнесіндегі кемеңгер философтар «Қайырымды қала» туралы ілімі мәшһүр болды. Бақытқа жетудің негізі қайырым жасауда дейді. Тек қана қайырым жасауға бейімделген адамдар арасында жамандық атаулы болмайды, соған орай олар бақытты ғұмыр кешеді деген тұжырым жасайды. Әл-Фараби Ибн Синаға, Ибн Туфейлге, Ибн-Рушдке, сондай-ақ Батыс Еуропаның Философиясы мен ғылымына ықпал етті. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филосФарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады.
20.Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антропоцентризм.Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.Қайта өрлеу дәуірі философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды.Қайта өолей дәуірі философиясының негізгі белгілері:-антропоцентризм және гуманизм адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою;
21.Конфуцийдің философиялық көзқарасы. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш. Конфуций ілімі бойынша, ең жоғарғы жаратушы күш- Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әр түрлі сатыдағы топтардың болуы- ол әділеттілік. Олай болса, Аспан осы теңсіздікті қорғайды. Оның қарастыратын негізгі мәселесі- адамдар арасындағы қарым- қатынас, тәрбие мәселелері. Ол осындай ұғымдарға көп көңіл бөледі: «адамгершілі», «тең орта», «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп «дао» (дұрыс жол) құрайды. әр адам даоның жолымен жүруі керек. «Тең орта»- адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс- әрекеті. Ал адамгершіліктің негізі- «жэнь»- «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау». Кім де кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. «Өзара сүйіспеншілік» гегізгі мәні- «өзің қаламайтын нәрсені басқа ьіреуге жасама». Сонымен қатар, конфуций ілімінде « текті адам» көп аталады. « Текті адам» - заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп ойлайды; «текті адамға» үлкен маңызды шаруаларды тапсыруға болса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ- түйек тапсыруға болады; «текті адам» басқалармен келісімде өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрсе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады. «Текті адам»- елді басқарады, ал басқарудың негізгі қайнар көзі- басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар дао жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді. Конфуций барлық нәрсе өзгерісте болдаы, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз қалпында дамуы керек деп есептейді. Және ол мемлекеттің мынадай формасын көрсетеді, билеуші- әке, ал халқы- балалары. Ал күтпеген жерде өзгерістер болса, олар тез қалпына келтірілуі керек.
22.Сократ философиясындағы адам мәселесі.Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше, адамша өмір сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын, өзін өзі тануға ұмтылған сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.
23. Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты. Орта ғасыр философиясы адамзат дүниетанымының даму кезеңдерінің бірі. Оның теологиялық сипатына келетін болсақ, екі негізгі діни бағытта болды: 1) Орта ғасырлық христиан философиясы; 2) орта ғасырдағы ислам философиясы. Рим философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс ол негізінен христиандық философиялық дүниетанымнан пайда болды. Осы көзқарасты орта философиялық батыста 1-15 ғасыр аралығын қамтиды. Орта ғасыр философиясындағы басты ерекшелігі дін философиясымен байланыстылығында философияның дамуы батыс христиандық даланы шіркеу конондарын ескере отырып дамыды, себебі сол дәуірде мәдениет пен білімнің дамуына дін ықпал етіп отырды. Орта ғасырлық батыс философтар негізінен дін басылар қызметкелер болып батыс философиясының басты проблемасы ерекшелігі болды. Мысалы: дүниені құдай жаратты ма? Әлде өзіндік бағаытта өмір сүре ме? Ортағасырлық философияның негізгі кезеңдері:1.патристика 2.схоластика. 1 кезең «потер»- әке, шіркеу әке деген мағынаны білдіреді. Философия тарихында бұл кезең 1-15 ғасырды қамтиды. Оның негізін салушылар өз дәуірінің ойшылдары Василий, Августин, Ориген т.б. Патристиканың негізгі проблемалары: Сенім мен ақыл-ойдың сенімділігі; Тарихты қозғалыс деп түсініп, нақты анықтаушы мақсаты бар; Құдайдың мәні мен тринитарлық проблемасы; Адам бостандығы, адам жанын құтқару; Дүниедегі зұлымдықтың пайда болуы.2 кезең схолостика кезеңі 11-15 ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика «мектеп» философисы деген ұғымды білдіреді. Сол кезеңдерде Европа университеттерінде философия пән ретінде оқытыла бастады. Схоластикалық философия өкілдері: Фома Аквинский, Альберт фон Больштедт, Раймунд. Аквинский орта ғасырдағы реалистік философияның ірі өкілі, қазіргі католизм дінінің рухани пірі, әулие. Ол Аристотельдің идеалистік формасын өз пайдасына қолданып, материя түрден тыс өмір сүре алмайды дейді.Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с.елдеріндегі пайда болған философиялық көзқарастардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады. Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне айдарып, оны әрі қарай дамытуы.Бұл үлкен «аудармашылық қозғалыс» ретінде тарихта қалды. Арабтардың ғылымға өздерінің қосқан үлесіне келер болсақ, Абу-Миамардың «Зидж Абу-Миамар» деген сол кездегі еңбегі сол кездегі астрономиалық ілімнің биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялық кестелері латын тіліне аударылып, еуропалық астрономия оқулығына айналды. Синус пен косинустарды астрономиялық есептеулерге енгізген де сол кісі. Ибн-Юнус уақытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері ерекше әңгіме. 11-12 ғасырларда арабтардың барлық игерген мәдениет құндылықтары Батыс Европа тілдеріне аударыла бастаған. Негізгі ағымдары: 1) мутакалимдер- исламның тікелей жақтаушылары, араб- ислам схоластары; 2) мутазилидтер- аластатылғандар, ілімдері материалистік сипатта болды; 3) суфистік ағым- мистикалық- аскеттік ағым, араб суфистері. Біздің жартылай жерде отырған, жартыдай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл дін сәйкес келіп, оның бергі тарихы осы діннің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді.
24.Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы XIV- XVII ғасырларда Еуропада пайда болып, дамыған философиялық бағыттардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәірінің философиясы шіркеуге, схоластикаға қарсы бағытталған, адамға, оның тән сұлулығы мен рухани потенциалына үлкен көңіл бөледі. Дамуының алғышарттары: еңбек құралдары мен өндірістік қатынастардың жетілуі, феодализмнің дағдарысы, қолөнер мен сауданың дамуы, қалалардың өркендеуі мен шіркеуден тәуелсіз болуы, Еуропалық мемлекеттердің орталықтанып, нығаюы, зайырла өкіметтің күшеюі; шіркеудің және схоластикалық философияның дағдарысқа ұшырауы; ұлы географиялық ашылулар; ғылыми- техникалық жаңалықтар. Негізгі бағыттары: 1) гуманистік(XIV- XV)- өкілдері: Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Лоренцо Валла, т.б. негізгі мәселесі: адам, оның артықшылығы, ұлылығы, күштілігі дәріптеліп, шіркеудің догматизмін сынға алады. 2) неоплатонистік(XV- XVI)- өкілдері: Николай Кузанский, Пико делла Мирандола, Парацельс, т.б. Платонның ілімін одан әрі дамытып, табиғатты, ғарышты және адамды идеализм тұрғысынан танып- білуге ұмтылды. 3) натурфилософиялық(XVI- XVII)- өкілдері: Н. Коперник, Д. Бруно, Г. Галилей, т.б. шіркеудің Құдай, әлем, ғарыш және әлемнің бастамасы туралы ілімдерінің бірқатар қағидаларын астрономиялық және ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып түсіндіруге тырысты: - реформациялық(XV- XVII) өкілдері: М. Лютер, т. Мюнцер, Ж. Кальвин, Э.Роттердамский, т.б. шіркеулік идеологияны және Құдайға сенушілер мен шіркеу арасындағы қарым- қатынасты түбегейлі қайта қарауды ұсынды; - саяси(XV- XVI) өкілдері: Н. Макиавелли. Мемлекетті басқару, басшанаң мінез- құлқы проблемалары қарастырылды; - утопистік- социалистік(XV- XVII) өкілдері: Т. Мор, Т. Кампанелла. Мінсіз қоғам мен мемлекеттің түрін іздестірді. Сипатты белгілері: 1) антропоцентризм мен гуманизм- адамға оның артықшылығы мен шексіз мүмкіндігіне көп көңіл бөлді; 2) шіркеу мен шіркеулік идеологияға деген оппозициялық көзқарас, шіркеу философиясы- схоластикаға қарсы болды; 3) идеяның фомасынан гөрі мазмұнына көбірек көңіл бөлді; 4) қоршаған орта туралы жаңа, ғылыми- материалистік түсінік қалыптасты; 5) әлеуметтік проблемаларға, қоғам, мемлекетке деген үлкен қызығушылық пайда болды; 6) индивидуализм салтанат құрды; 7) әлеуметтік теңдік туралы идеялар кең қанат жайды.
25.Рационализм бағыты, оның басты проблемалары. Рационализм(лат. Patio- ақыл- ой деген сөзінен шыққан)- философиядағы бағыт, ол бойынша, болмыс пен танымның негізі- ақыл- ой болып табылады. Рационализмнің негізін салушы Рене Декарт(1596- 1650) есептеледі. Көрнекті француз философы, ғалым- математик: «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» деген атақты қанатты сөздің авторы. Рационализмнің екі бағыты қалыптасқан: онтологиялық, гносеологиялық. Онтологиялық рационализм: болмыстың негізінде ақыл- ой жатыр(яғни болмыс ақылды), бұл тұрғыдан рационализм идеализмге жақын; материалистер рационалистер болды(Демокрит, Эпикур). Гносеологиялық рационализм: танымның негізінде ақыл- ой жатыр; гносеологиялық рационалистер ортағасырлық теология мен схоластикаға қарсы болды; рационалистер эмпиристерге қарсы болды, эмпиристермен пікір талас осы мәселелер төңірегінде болды: ақыл- оймен қарастырылмаған тәжірибе өздігінен танымның негізі бола алмайды; ақыл- ой өздігінен жаңалықтар аша алады.
26. Жаңа заман философиясының орталық мәселелері. Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман философиясының дамуында екі бағыт орын алды: 1) рационализм; 2) эмпиризм. Рационализм (лат. ratio «разум») болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. Онтологиялық 2. гносеологиялық; 3. этикалық рационализм. Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.Осынысымен рационализм идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) рационалистер. Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе ақылды болуы мүмкін емес»).Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері: 1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды; 2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін. «Моральдық этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.
27. Неміс классикалық философия, оның философия тарихындағы орны және ролі . Философиялық сөздікте классика деген ұғымға сlаssіcus (латынша) тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу; үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген.
Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүни-ежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары:1) Германия үшін ХVІІІ-ғасыр Агартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Олар өздерін ақыл-ойдың миссионерлері ретінде қарастырды, халықтың көзін ашуға, оларға өмірге келгендегі мақсатын түсіндіруге міндеттіміз деп есептеді. Ренессанстық еркін тұлға идеалы жалпылық идеалымен то-лықтырылды: адам өзін ғана емес, басқаларды да ойлауы тиіс. Әлеуметтік идеясы, қоғамды ұйымдастыру мәселесі басты мәселеге айналды. Оған жету жолы білім. Біліммен тым әуестену қаупі ХVІІІ-ғасырдағы Германияда әзірге жоқ, Ағартушылықтың алғашқы кезеңі рационалтді, ол парасатты ойлауға негізделген. Кейінірек ақыл-ойдан көңілі қайтқандар ендігі жолды сезімнен, интуиииядан, диалектикалық ақыл-ойдан іздеді, бірақ мұның бәрі соңынан болды, әзірге біліммен байланысты нәрсенің бәрі керемет болып көрінеді.2) Ағартушылыққа тарихи оптимизм тән. Прогресс идеясы осы ке-зеңнің жетістігі. Ағартушылық алғаш рет озін Жаңа Дәуір ретінде сезіне бастады. Ол ұлттық бірлік үшін күресті, бір заңға бағынатын жалпыгер-мандық мемлекет құруды талап етті, князьдіктер мен қалалардың, монархтар мен дворяндардың ойына келгенін жасауын тоқтатуға тырысты.
3) Бұл ерекшелік Пруссия корөлдығының өз шекараларын қарудың күшімен кеңейтіп, күшті мемлекетке айналуға ұмтылуымен байланысты еді. Бірақ әскерінің саны жағынан Европада төртінші орын алған Пруссия казарма ғана емес, гылымдар академиясын дамытқан ел болды.Осындай әлеуметтік-мәдени жағдайларда қалыптасқан неміс класси-калық философиясының ерекшеліктері:
I) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.2) пиетизм лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады.3) Философияның басты объектісі адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.
28. Ф.Бэкон және индуктивтік әдістің негіздері . Ағылшын материализмі мен жаңа дәуірдегі тәжірибеге сүйенген ғылымның негізін салушы Ф. Бэкон болды. Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрады.Қайтып келген соң, біршама уақыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің үлкен мөрін сақтаушы болып қызмет атқарады. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесінде көтеріліп, барон Верулам деген құрметті атаққа ие болады. Өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсайды.Әлемде қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлайды.Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгереді.Бірі-«Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы»,екіншісі-«Жаңа Органон» деп аталады.Ф.Бэкон- материалист,сондай-ақ, ол-эксперименттік ғылымдардың негізін салушы.Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау. Оның философиясының прогрессивтік маңызы, ең алдымен, философияның фактілерге, табиғат тану ғылымдарына деген принциптерінің түбірінен өзгеруінде. Ол қолданған жада индуктивен әдіс ағылшын ғылымының, әсіресе жаратылыс тану ғылымдарының онан әрі дамуына зор ықпалын тигізді. Индукция дегеніміз Бэконның түсінігі бойынша: көптеген(алуан түрлі) жеке құбылыстарды талдап қорыту және соның нәтижесінде жалпы қорытынды алу(мысалы, көптеген металлдар балқитын болса, онда металлдың балқу қасиеті бар). Бэконның индукция әдісінің құндылығы- мүмкіндіктің шексіздігін дәріптеу, таным процессін күшейту. Индукция әдісінің кемшілігі- күмәндылығы, ықтималдық сипаты(егер де бірнеше заттар мен құбылыстардың бірдей белгілері болған болса, ондай қасиеттер барлық заттар мен құбылыстарда болады деген сөз емес. Кез келген әрбір жағдайда олардың дұрыстығын тексеретін тәжірибе жасау қажеттілігі туындайды). Индукцияның басты кемшілігін(толық еместігі мен ықтималдығы сипаттары) жоюдың жолы- Бэкон бойынша, білімнің барлық саласында неғұрлым көбірек тәжірибе жинақтау.
29. Эмпиризм бағыты және индуктивтік әдістің негіздері . Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты. Эмпиризм - [[[Көне грек тілі|көне грекше]]: έμπειρία - тәжірибе] - сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді дейтін таным теориясындағы бағыт. Кейбір эмпириктер (Гоббс, Юм) рационализмнің ықпалымен тәжірибе білімге қажетті және жалпыға бірдей маңыз бере алмайды деген тұжырымға келді. Эмпиризмнің шектелу сипаты сезімдік танымдағы тәжірибенің рөлін метафизикалық тұрғыда әсірелей көрсетуінде. Индукция дегеніміз Бэконның түсінігі бойынша: көптеген(алуан түрлі) жеке құбылыстарды талдап қорыту және соның нәтижесінде жалпы қорытынды алу(мысалы, көптеген металлдар балқитын болса, онда металлдың балқу қасиеті бар). Бэконның индукция әдісінің құндылығы- мүмкіндіктің шексіздігін дәріптеу, таным процессін күшейту. Индукция әдісінің кемшілігі- күмәндылығы, ықтималдық сипаты(егер де бірнеше заттар мен құбылыстардың бірдей белгілері болған болса, ондай қасиеттер барлық заттар мен құбылыстарда болады деген сөз емес. Кез келген әрбір жағдайда олардың дұрыстығын тексеретін тәжірибе жасау қажеттілігі туындайды). Индукцияның басты кемшілігін(толық еместігі мен ықтималдығы сипаттары) жоюдың жолы- Бэкон бойынша, білімнің барлық саласында неғұрлым көбірек тәжірибе жинақтау.
30. Ағартушылық философия және метафизикалық материализм.16-18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады.Осыдан бастап, тап ретінде буржуазия дүниеге келді.Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынастарды орнатуды мақсат етті. Айталық,15 ғасырда Нидерланды, 17 ғасырда Англия, 18 ғасырда Франция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Дүниеге келген жаңа тап-буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет етті,схоластиканы қатты сынға алды.Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі-тәжірибеден бас тартып,бақылау,эксперименттерге сүйенбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауға негізделген,жалған,тұрлаусыз әдісінде деп есептеді.Бұл жаңа тап материализмге сүйенді.Бірақ ол метафизикалық материализм болатын-ды.Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болады: 1)ол механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеді; 2) дүниені қатып қалған, қозғалмайтын, өзгермейтін құбылыс деп қарады. Оның ұдайы дамудағы процесс екенін мойындамады; 3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады,сондықтан ол идеалистік тұрғыда қала берді. Материализм философиясының өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) болды.Ол лордтың баласы ретінде 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрады.Қайтып келген соң, біршама уақыт құқылық практикамен айналысып, кейін корольдің үлкен мөрін сақтаушы болып қызмет атқарады. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесінде көтеріліп, барон Верулам деген құрметті атаққа ие болады. Өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсайды.Әлемде қамтитын 6 кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлайды.Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгереді.Бірі-«Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы»,екіншісі-«Жаңа Органон» деп аталады.Ф.Бэкон- материалист,сондай-ақ, ол-эксперименттік ғылымдардың негізін салушы.Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау.Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идалистік көзқарастарңа қарсы болды. «Білім-күш», «Күш-білімде» деген қағидаларды насихаттады. Ол: «Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады-деді-Энергия материяның өзіне байланысты оның ішкі қасиеті», деді. Оның пікірінше дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет. Олар: 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің жеке басына тән елес; 3) нарық (базар) елесі; 4) театр елесі. Олардың құтылудың басты жолы- тәжірибе жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан үғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу.
31.Фейрбах, антропологиялық материализм. Л.Фейербах неміс классик. философиясының идеалистік сипатын антропологиялық материализм тұрғысынан сынға алып, идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. Негізгі еңбектері:"Өлім және мәңгілік туралы ойлар"-мұнда ол гегельді философияның тұрғысынан мәңгілікті жоққа шығарады. Ол христиан дінінің белгілі уағызына қарсы бағытталған болатын;"Христиан дінінің мәні" -ол материализм жеңісінің нағыз айғағы болды. Фейербах Гегельдің иделизміне антропологиялық материализмді қарсы қойды. Бұл материализм бойынша ойлау “абсолюттік идеяның” мәні емес, адам миының сыртқы дүниені бейнелендіру қасиеті, яғни адамның табиғи қасиеті. Фейербах адамды табиғат дамуының ең жоғарғы жемісі, адам арқылы ғана табиғат өзін танып біле алады, қабылдайды деп санады. Фейербахты адамды табиғатпен бірлікте қарай отырып, сонымен қатар адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығын да көрсетуге тырысты. Жеке адамдарға тән айырғысыз қасиеті бірі мен бірінің қатынас жсасуы, біріне бірінің талпынуы деп санады. Фейербахтың философиясында қоғам құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндірудің кейбір бастамалары бар еді. Мәселен, дінді сынау оның философиясының аса маңызды мазмұнын құрды. XVII XVIII ғ.ғ. атеизммен салыстырғанда оның атеизмнің ерекшелігі сол, ол діннің шығу және өмір сүру себебін тек адамдардың надандығынан деп түсінген жоқ; сондай-ақ діни бейнелерде адамдардың өмірі: күйініш-сүйініші, бақытылыққа ұмтылысы, табиғаттан және бір-бірінен тәуелділігі қалай көрініс табатынын көрсетуге тырысты. Алайда ол діннің әлеуметтік-экономикалық түп-тамырын, адамдарға табиғат құбылыстармен қатар, стихиялы қоғамдық құбылыстар үстемдік жасайтынын түсінбеді. Фейербахтың философиясында атеизм және адамдардың бір-біріне деген гуманистік сенімінің негізі діни сенімде деген қарама-қарсы түсініктер ұштасып жатыр. Сондықтан да ол құдайы бар христиан дінін жойып, оның орнына “құдайсыз дін”жасауға тырысты.Яғни, дін болу керер,бірақ ол жоқ нәрсеге емес,адамға табынушылық болуы тиіс.Фейербахтың материализмі классикалық неміс философиясының аяқталуы бола отырып, философиялық материализмнің одан әрі дамуының (ең жалпы формада болса да) алдағы бағытын көрсетіп берді.
32.Р.Декарт және дедуктивті әдістің принциптері. Рене Декарт-рационализмнің негізін салушы. Кредосы «мен ойлаймын,сондықтан да мен өмір сүремін».Декарт дарынды математик және физик бола тұрып, дедуктивті әдістің индуктивтіге қарағанда неғұрлым сенімді және тиімді екенін түсінді.Декарттың ойынша дұрыс ойлау үшін басты үш ережені білу қажет:-ақиқат ретінде тек күмәндануға болмайтын нәрсені қабылдау;-әр мәселені қарапайым бөлімдерге бөліп,жеңілінен қиынына жоғарылау; -ой тізбегінде жасырын не әлсіз түйін қалмас үшін,ой қозғалысына толық шолу жасап тұру. Ақыл сананы тәжірибеден жоғары қояды. Декарттың философиялық ізденістерінің басты позициясы-күмәндану:-әлемде адам түсінбейтін құбылыстар өте көп(Құдай,рух бар ма?); -әр заттың,әр құбылыстың бар екеніне күмән келтіруге болады(аспан бар ма?);-сондықтан күманданубар.бұл факт дәлелдеуді қажет етпейді;-күмәндану ол ойдың қасиеті,сондықтан адам күмәндана отырып ойлайды;-ойлау нақты өмір сүретін адамға тән;-сондықтан ойлау танымның және болмыстың негізі болып табылады;-ойлау санаға тән болғандықтан,болмыс пен танымның негізінде тек қана сана бола алады.Декарттың таным процесіндегі сананың басты рөл атқаратын негіздері:субстанциялар мен оның атрибуттары мен бонустары.Субстанцияның өзінің еі түрі:материалистік және рухани.Мат.субстанцияның негізгі атрибуттары-кеңістік,форма,орындары;ал рухани субстанцияның нег.атрибуттары-сезім,түйсік,ақыл-ой.Декарт-дуалист болған,себебі материалистік және идеалистік бағыттарды ұштастырған.Дуализм теориясының авторы.
33.Жаңа заман философиясындағы таным теориясы. Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. XVII ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық тез қарқаынмен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді және өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсті.Осы кезеңде философия ғылымы екіге бөлінгендей күй кешті: бір жағынан ғылыммен тығыз байланыс, екінші жағынан философиялық шығармаларда діни-теологиялық мазмұн әлі де болса мол болды. Дегенмен де, философия ғылымға көбірек бет бұра бастады.Жаратылыстану ғылымдарының дамуы философияның алдына жаңа мақсат қойды-ғылыми таным әдістерін жасау.Гносеологияда жаңа екі бағыт пайда болды:эмпиризм-тарихи білім,тәжірибе(Локк, Бекон, Гоббс). 2.Рационализм тарихи таным,туа біткен идеялар(Декарт, Лейбниц).Ф.Бэкон адамды табиғатта үстем болуға шақырады.Дүниені танып білудің үш олы:өрмекші;құмырсқа;ара(ең дұрыс).Танымға,ақиқатқа жетуге 4идол кедергі келтіреді:рулар елестері(менталитет);үңгір(отбасы);базар;театр.Декарт ақыл сананы тәжірибеден жоғары қояды. Декарттың таным процесіндегі сананың басты рөл атқаратын негіздері:субстанциялар мен оның атрибуттары мен бонустары Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз байланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударған, әлеуметтіт дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынған, қоамдық келісім үлгілерін ұсынан, рухани маңызы күшті философия болды.
34.Канттың сыни философиясы .Неміс классикалық философиясының негізін қалаған Иммануил Кант. Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға - сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. 1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші -«сыни» кезеңі басталады. Кант философиясын әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды, философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және практикалык зердені, таным теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне сын» (1790).Бірінші еңбегінің басты идеясы-агностицизм.Мәселе объектіде (дүниеде) емес,субъектіде-яғни адамның өзінде.Адам ойлау барысында бірнәрсені растайды,бірнәрсені терістейді. «Растайтын» және «терістейтін»дәйектеме бірдей мөлшерде дәлелденіп және теріске шығарылғандықтан адам антиномияға тіреледі,яғни қайшылықтарға.Екі категория ұсынған:зат және өзіндік зат.Қалған екі еңбегінде мораль,эстетика және саясат туралы айтылған.Мораль қоғамда қалыптасқан құндылық,бірақ таза мораль мен өмір сәйкес келмейді.Моральдық міндеткерліктің мынадай сипаттағы категориялық императиві бар: «Жалпыға тән заңға айналғанын өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет».
35.Гегельдің философиялық көзқарасы. Канттан кейінгі неміс классикалқ философиясының көрнекті өкілі объективті идеализмнің және диалектиканың негізін салушы Георг Вильгельм Фридрих Гегель болды.Гегель классикалық неміс философиясының дәстурлі бағыттарын ілгеріте дамыта отырып ұғымдар диалектикасына көбірек көңіл бөлген,оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді.Диалект. үш заңы:қайшылықтың бірлігі мен күресі заңы;санның сапаға ауысуы;терістеуді терістеу.Оның триадасы,яғни даму процесі спираль түінде жүреді:тезис-антитезис-синтез.Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады:логика;табиғат философиясы;рух феноменологиясы.Философияның негізгі мәселесін Гегель объективті идеализм тұрғысынан шешеді.Оның сендіруінше дүниенің түп негізі объективті рух.Рух философиясы:субъективті рух-жеке адамның санасы->объективті рух-қоғам рухы->абсолютті рух,оның көріністері:өнер,дін,философия.Философияны өзін өзі тану процесі реінде қарастырған.
36.Фейербахтың антропологиялық материализімі .Л.Фейербах неміс классик. философиясының идеалистік сипатын антропологиялық материализм тұрғысынан сынға алып, идеалистік философияның дінмен байланысын ашып көрсетті. Негізгі еңбектері:"Өлім және мәңгілік туралы ойлар"-мұнда ол гегельді философияның тұрғысынан мәңгілікті жоққа шығарады. Ол христиан дінінің белгілі уағызына қарсы бағытталған болатын;"Христиан дінінің мәні" -ол материализм жеңісінің нағыз айғағы болды. Фейербах Гегельдің иделизміне антропологиялық материализмді қарсы қойды. Бұл материализм бойынша ойлау “абсолюттік идеяның” мәні емес, адам миының сыртқы дүниені бейнелендіру қасиеті, яғни адамның табиғи қасиеті. Фейербах адамды табиғат дамуының ең жоғарғы жемісі, адам арқылы ғана табиғат өзін танып біле алады, қабылдайды деп санады. Фейербахты адамды табиғатпен бірлікте қарай отырып, сонымен қатар адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығын да көрсетуге тырысты. Жеке адамдарға тән айырғысыз қасиеті бірі мен бірінің қатынас жсасуы, біріне бірінің талпынуы деп санады. Фейербахтың философиясында қоғам құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндірудің кейбір бастамалары бар еді. Мәселен, дінді сынау оның философиясының аса маңызды мазмұнын құрды. XVII XVIII ғ.ғ. атеизммен салыстырғанда оның атеизмнің ерекшелігі сол, ол діннің шығу және өмір сүру себебін тек адамдардың надандығынан деп түсінген жоқ; сондай-ақ діни бейнелерде адамдардың өмірі: күйініш-сүйініші, бақытылыққа ұмтылысы, табиғаттан және бір-бірінен тәуелділігі қалай көрініс табатынын көрсетуге тырысты. Алайда ол діннің әлеуметтік-экономикалық түп-тамырын, адамдарға табиғат құбылыстармен қатар, стихиялы қоғамдық құбылыстар үстемдік жасайтынын түсінбеді. Фейербахтың философиясында атеизм және адамдардың бір-біріне деген гуманистік сенімінің негізі діни сенімде деген қарама-қарсы түсініктер ұштасып жатыр. Сондықтан да ол құдайы бар христиан дінін жойып, оның орнына “құдайсыз дін”жасауға тырысты.Яғни, дін болу керер,бірақ ол жоқ нәрсеге емес,адамға табынушылық болуы тиіс.Фейербахтың материализмі классикалық неміс философиясының аяқталуы бола отырып, философиялық материализмнің одан әрі дамуының (ең жалпы формада болса да) алдағы бағытын көрсетіп берді.
37.Фихте философиясының орталық қағидалары. Фихте субъективті идеализм өкілі.Фихтенің пікірінше,кез келген ғылым өзінің жетілген формасына келгенге дейін екі кезеңнен өтеді:эмпирикалық және теориялық.Теориялық деңгейде таным үдерісінің барлық формаларын жүйелі түрде қосу жолымен адамның танымдық қабілетін ғылыми негіздеу жүзеге асады.МЕН концепциясын ұсынады.Философтың пікірінше өзін өзі пайымдау өзге нәрсеге сәйкестендіру жолымен мүмкін болады.Адамның танымдық қабілетінің субстанциясы қиялдың іс әрекеті болып табылады.Яғни әлем жеке адамға байланысты,мен әлемді қалай түсінемін,әлем сондай.Менді жоғары қою керек.Фихтенің пайымдауынша адам жануарлармен салыстырғанды мәдениет әлемінде өмір сүреді.Онда ол өзінің инеллектуалдық құралдарын,жалпылық кепілін және біздің біліміміздің қажеттілігін таба алады.Мәдениет әлемі адамның табиғатпен қатынасын және танымын түбірге отырғызып қана қоймай,оның сезімін қалыптасуы мен дамуына жағдай жасап,танылатын заттардың мәнді,қажетті және жалпылама сиппатамаларын айқындау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
38.Позитивизм философиясының эволюциясы. Позитивизм XIX XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт.Позитивизм оңды,дұрыс деген мағынаны білдіреді. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857). Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Білімнің жалғыз бастауы тәжірибе. Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX XX ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) екінші позитивизмде жалғасты.Осы бағыттың көрнекті өкілдері австриялық физик және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус. Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру.Теориялық ұғымдар шындықты бейнелейді, олар субьектің тәжірибесімен байланысты. Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық философия деп атайды. Неопозитивизмнің негізін қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған. ХХ ғасырдың 50 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты лингвистикалық философия пайда болды. Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние логикалық кеңістіктегі фактілер.Адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік байланысының жалғыз формасы тіл.Постпозитивизмнің негізін XX ғасырдың 30 шы жылдары К. Поппер салды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші.
39.«Өмір философиясы» оның негігі өкілдері. ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған «өмір философиясы».Ол бойынша нағыз шынайы ақиқат-өмір,ол материя мен санадан жоғары тұрады. Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінденегізгі екеуі. Бірінші бағыт «өмірді» табиғат заңдарына жақындастырып, қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық, фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған. Философия тарихында «өмір философиясының» екінші түріне аса көп мән берілген болатын. Ол Дильтей мен Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен байланысты. Мұнда «өмір» адамның іштен туа біткен әбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Егер «өмір философиясының» басқа нұсқаларында жалпы адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады. Бергсон нұсқасында «өмір философиясы» «өмірлік екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен» байланысады,өмірбі тануда аса мәнді интуицияға береді. Ницше Фридрих классикалық филос. категориялар-«материямен» «рухтың» орнына Н. «билеуге ерік» (күшке, мықтылыққа) ретінде «өмірді» қояды. «Билеуге ерік» Н-ге құбылыс мәнінің критерийі болып табылады: «Не жақсы?»-«Билеу санасын, билікті қажетсінуді , адамдағы биліктің өзін шындайтын нәрсенің бәрі жақсы». «Не жаман?»-«Әлсіздіктен туындайтынның бәрі жаман». Н. соц. идеялды жоққа шығарады, өйткені одан «құлдардың моралдағы көтерілісін» көреді. Христиандықты олар адамдардың құдай алдындағы теңдігі және «билеу еркін» жойып, өзін-өзі кемсітушілігі үшін қабылдамайды.Мораль қажет емес,ең мықты адам моральдан босатылған адам,ондай адам туылған жоқ.
40.ХІХғ. Орыс философиясының дамуы. Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар. Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев,А.С.Хомяков тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни өзгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді.Олар орыс мәдениетінің православие шеңберінде даму керек деген ойда болды.Патшанікі патшаға,құдайдікі құдайға дене ұранды ұстанды.Ресей батысқа еліктемеу керек,Ресей дін жолымен әлемдік жетекшілікке келеді деп ойлаған.Тек рухани жаңғыртудың негізінде ізгілкті қоғам құруға болады.ағымның ерекшелігі-қауымдастықта өмір сүру принципі. «Москва-үшінші Рим».Батысшылдар-Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт. нег.өкілдері П.Я.Чаадаев, .И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Ковалев, .Н.Грановский,В.Г.Белинский т.б. В.Г.Белинскийдің айтуынша «Еуропаның бір жылы,Азияға бір ғасыр,Еуропаның бір ғасыры Азияға мәңгілік»,сонда олар «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Сонымен катар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының бәрін де Ресей мемлекетінің тагдыры толғантты. бағыттың өкілі болғанына қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.
41.Орыс діни философиясы.Орыс философиясының ерекшелігі сол , ол өз бетінше, европалық және дүниежүзілік философиядан тәуелсіз дамыды және Батыстың көптеген философиялық бағыттарының ықпалында болған жоқ. Сондай-ақ орыс философиясының ерекшелігі: тереңдігі, жан-жақтылығы. Орыс философиясында діннің, әсіресе православие дінінің әсері күшті болды. Орыс философиясында адам проблемасы, космизм, мораль және парасаттылық проблемалары, Ресейдің тарихи даму жолын таңдау проблемалары, билік, мемлекет, әлеуметтік әділеттілік, идеалдық қоғам, болашақ проблемасы қаралды.Жалпы орыс философиясы ХХ ғасырдан өз пікірін айтудан басталады. ХІ ғасырда орыстар христиан қабылдайды. ХІХ ғасырдан философия дами бастады және 2 ағым пайда болады:
-славянофилдер (Хомяков, Киреевский)
-батысшылдар (Чадаев,Герцен,Огарев,Белинский)
Славянофилдер орыс мәдениеті православие дінінің шеңберінде даму керек деп есептеді. Олар Москва үшінші Рим деп атап кеткен. Патшанікі патшаға, құдайдікі құдайға деген ұранды ұстады. Тек рухани жаңғыртудың негізінде ізгілікті қоғам құруға болады деп есептеді.Батысшылдар Еуропаға еліктегендер болып табылды.В.С.Соловьев діни философ. Ерекше ой, идея айтады. Ол барлығы бірлікте деп айтты. Дінді біріктіру қажет, яғни жаңа заманға сай етіп біріктіру.Ақиқаттың 3 түрін көрсетті. Олар: материалдық, формальдық, абсолюттік. Тәжірибені 2-ге бөледі: ішкі, сыртқы.
42. Қазақ философиясының негізгі идеялары. Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.Алғы философия және оның қалыптасу барысы:Анарыс (Анархасис) (ҮІ б.ғ.д..) ел билеу жолдарын айтқан ғұлама, реформа жасаған;Тоныкөк (ҮІІ ғ.) шығыс-түрік мемлекетіндегі реформатор;Қорқыт тіршілік және мәңгілік мәселесі;Күлтегін (ҮІІ ғ.) елдік, халықтық қасиеттер.Ортағасырлық Қазақстан философиясы: Жүсіп Баласағұн (1015-1016 ж.ж.)- Елді әділетті басқару мәселелері. Еңбегі: Құтты білік. Махмуд Қашқари (1029-1101 ж.ж.)- Түрік халқының салт-дәтүрін, менталитетін, тілін зерттеген. Мухаммед Хайдар Дулати (1499-1551) -Тарих философиясы мәселелерін қойып қарастырған, дін философиясын дамытқан.Қожа Ахмет Иассауи (1166 ж.қ.б.) - Ақиқатты танып-білу жолдарын қарастырып сопылық(суфизм) философиясын дамытқан.Аль Фараби философиялық көзқарасы: Болмыс туралы ілім, Қайрымды қала сипаты, Бақыт теориясы.Ақын-жыраулар философиясы. Шалкиіз (1465-1560) Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Шалкиіз толғауларының рухы-батырлық ерлік, өз Отанын сүю, оған қызмет ету. Қазтуған (ХҮ ғ) Ол өз артына өмір хақында, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптардағы сан алуан мол мұра. Асан-Қайғы (ХҮ ғ.т.ж., ә.ж. белгісіз) Өзінің философиялық жыр-толғауларында хандық үкіметі нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттады. Жыраулар кезеңі біріктіру мәселесін қарастырған.Бұқар-жырау (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.) Философиялық көзқарас-білімнің толықтырылған, қорытылған күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжаудан туындайды. Бірлік философиясы.Төле би (1663-1756) Елдін бірлігі, ынтымақтастығы мәселесі. Әйтеке би (1666-1722) Бейбітшілік, адамгершілік мәселелер. Қазыбек би (1667-1764) Мемлекеттік, құқық мәселелерін қарастырған (Жеті жарғы).Зар заман ақындары Ресейге қосылуға қарсы болды, ел тағдыры, отаршылдықтан құтылу, тәуелсіздікке жетуді көздеді.Қазақ ағартушылық философиясының негізгі идеялары: Ақыл-ойды дәріптеу, білім, ғылымды қоғам дамуының қорғаушы күші ретінде түсіну, адам болмысы ерекшеліктерін қарастыру (онтологиялық аспект); Имандылық, ізгілік, адамгершілік категорияларын негіздеу (этикалық аспект); Адам табиғатына сай келмейтін қоғамды өзгерту қажет (әлеуметтік аспект). Өкілдері: Ш.Уәлиханов; Ы. Алтынсарин; А. Құнанбаев. Ағартушылық философиясының өкілдері прогреске шақырды.
43. Қазақ ағартушылық философиясы.Қазақ ағартушылық философиясының өкілдері: Ш.Уәлиханов; Ы. Алтынсарин; А. Құнанбаев. Ағартушылық философиясының өкілдері прогреске шақырды.Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Уәлиханов демократиялық-ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Шоқан Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңірі (Құдай) деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болған. Шоқан Уәлиханов мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін түрлерінің ішінде Шоқан Уәлиханов ислам мен христиандыққа қарағанда буддизмді гуманды ілім деп бағалады.Қазақ ағартушылығының көренкті өкілі педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсарин ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырылған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқауға болады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады және ол әлеуметтік мәселелерді көптеген еңбектерінде талқылайды.Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл, демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай- қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Қоғам өмірін түсінуде Абайдың көзқарасы, идеалистік тұрғыда болды. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдардың бейнесін көруге болады. Оның шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық проблемалар. Абай ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист.
44. Шеллингтің натурфилософиясы .Фридрих Вильгельм Шеллинг объективті идеализмнің өкілі. Шеллинг философиясының негізгі мақсаты « абсолюттік», яғни болмыс пен ойлаудың алғашқылығын түсіну және түсіндіру.
Шеллингтің натурфилософиясы:
-табиғат «абсолютті» - қоршаған ортаның басты себебі және алғашқы бастамасы;
-табиғат субъективтілік пен объективтіліктің бірлігі, мәңгі ақыл-ой;
-материя мен рух бірлікте болады табиғаттың қасиеттері болып табылады;
-табиғат біртұтас организм.
Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз-рухани зат. Бірақ санасы жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасы жоқ табиғаттан саналы адамға айналу процесі көптеген бірінен бірі жоғары даму сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның өзіндегі, шындығында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады. Шеллинг табиғат дамуын кейбір жағдайда диалектикалық тұрғыда қарастырғанына қарамастан, оларды шын мәнінде механикалық қозғалыс немесе механикалық даму деп есептеген. Өзінң осы натурфилософиялық ілімін Шеллинг трансценденталдық философи ілімімен толықтырады.
45. Гегельдің диалектикалық әдісі.Философия әлемінде өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырған ғұлама ойшыл, неміс классикалық философиясының ең биік шыңы Георг Вильгельм Фридрих Гегель. Гегельдің философияға қосқан үлесі :
-объективті идеализм теориясы
-диалектика философияның жалпы әдісі ретінде.
Басты еңбетері:
-Рух феноменологиясы
-Логика ғылымы
-Құқық философиясы
Гегельдің диалектикасы. Диалектика ұғымына тұңғыш рет Гегель нақты анықтама берді. Диалектика- әлемдік рух пен оның жаратқан қоршаған ортасының тіршілігі мен дамуы туралы нгізгі заң.Диалектиканың мәні:
-Барлық дүние әлемдік рух, соңғы рух- адам, заттар мен қоршаған ортадағы құбылыстар, процестер қарама-қайшылықтардан тұрады (мысалы, күн мен түн, жылы мен суық);
-бастама (болмыс пен әлемдік рух) бір-біріне қатысты қарама-қайшылықта болады,дегенмен өзінің мәні жағынан бірлікте болады, бір-біріне әсер етеді;
-қарама-қайшылықтардың бірлігі менкүресі дүниедегі барлық тіршіліктің дамуының қайнар көзі(негізі).
Даму механизмі (абстрактіліктен нақтылыққа көшу):
*белгілі тезис деген болады (жалпы дамудың бастамасы бастапқы тезис ретінде Гегель «болмыс» тезисін бөліп көрсетеді);
*тезиске қарама-қарсы «антитезис» деген болады (болмыстың антитезисі-бейболмыс)
*осы екі қарама-қарсы тезистердің өзара әсерінің нәтижесінде синтез пайда болады. (болмыс пен бейболмыс «қалыптасу» деген синтезді береді, ал бұл жаңа тезис болып табылады);
*бұл процесс ұдайы қайталанып отырады, соның нәтижесінде жоғарғы деңгейдегі тезис пайда болады.
46.Шопенгауэр және Ницше философиясылық көзқарасы.Өмір философиясында иррационализм басқаларға қарағанда күштірек байқалады. Оның өкілдері: А. Шопенгауэр, Ф.Ницше, В. Дильтей, Г. Зиммель және А. Бергсон. Өмір философиясының қалыптасуына Артур Шопенгауэрдің философиясы әсер етті. Иррационализмнің негізін қалаған А. Шопенгауэр болды. Волюнтаризм ( Шопенгауэрдің философиясының универсальдық принципі) қоршаған ортадағы басты қозғаушы күш және бәрін айқындаушы ерік болып табылады. Ерік-абсолюттік бастама, идеалды күш. Әлемді еркі билейді. Бірақ ерік бар жерде қайғы-қасірет болады. Еріктен айырылу үшін 2 жол ұсынады.Ол эстетикалық және этикалық. Қалайтыныңды жасама, себебі, еріктен кейін сана жүреді. Ерікті басып, саналы шешім қабылдау деп айтқан. Оның негізгі шығармасында («Мир как воля и представление») дүниені өмірге деген құштарлық идеясы арқылы түсіндіреді. Ойдың құндылығы күмәнді, ал адамның еркі ерекше жағдай, ол санада емес, іс - әрекетте емес. Ой арқылы адам дүниені ерік ретінде таниды. Әр адамның, басқаларды мақсатқа жеткізудің құралы ретінде, немесе кедергі ретінде қарастырады. Әр адам басқалармен күресіп, өмір кешпек. Әлеуметтік құрылым (мемлекет) өзімшілдікті жоюға дәрменсіз. Өмірде мән жоқ, адам ешқашан да қанағат таппайды. А. Шопенгауэр философиясының онтологиялық мәселелерімен айналыспайды, өйткені ақиқатта, әділеттікте жоқ, тек өлім алдындағы қорқыныш бар. Адамның бақыты көмескі, отырып, адамның мінез құлқын қалыптастыратын қуатты құрал. Адам өзінің тағдырының иесі емес, шексіз өмір мұхитындағы қалқып жүрген қағаздан жасалған кеме. А. Шопенгауэрдің иррационолистік идеясымен танысқаннан кейін Ф.Ницше оның концептуалды идеясын ары қарай жалғастырады. Ф. Ницшенің пікірінше қоғамның қозғаушы күші «өмірге деген ерік» емес «билікке деген саналы Ерік». Осыған байланысты Ницше барлық адамзаттың құндылығын сынға алады. Дүниенің құндылығы жоқ, ал өмір қатыгез ойын. Осы ойында орташа, шамалы қабілеті бар адам жеңіп шығады, өйткені қабілетті рухтары күшті адамдарға қарсы тұрғандар қалың ұйымдасқан тобыр. Билікті күшті адамдар жүргізуі керек.1884 жылы Ницше «Заратустра осылай деген» философиялық поэмасында ол күштілердің міндетін негіздеуге талпынған. Адам өз еркімен құл болғысы келмейді, би болғысы келеді. Қоғамдағы адамдардың көпшілігі билікке құмар. Ф.Ницше христиандық дінді жоққа шығарады, өйткені әлсіздерді қорғайды, ал күштілерді қорлайды. Кім әлсіз, күшті болса, басқара алмаса , солар діннен жұбаныш іздейді. Осындай адамдардың тобырлық инстинктісі дамығандығы соншалық олар біреуге табынғысы,бағынғысы келіп тұрады. Тарихта мақсат жоқ, ілгерілеу жоқ, тек қайта оралу, күштілермен әлсіздердің арасындағы бітпейтін күрес бар.Заратустра адамдарға «Құдай өлді!» - «Қараңдар, мен сендерді «Керемет адам туралы үйретем!. Керемет адам - өмірдің мәні» - деген екен.Ницшенің ілімі дәстүрлі философиядан алшақ, біркелкі емес, қайшылығыда мол.Ницшені әркім өзінше түсініп жүрді, айыптады да, бірақ, Ницшеандық философияның 20 ғасыр философиясына әсерін ешкім жоққа шығара алмайды.
47. Психоанализ философиясының орталық мәселелері.Психоанализ философиясының негізін қалаған Зигмунд Фрейд. Психоанализ ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан » (сознательное) ғана емес, «бейсаналыдан » (бессознательное) және «саналының алдындагыдан » (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше инстанция деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол » (Оно) бейсана құштарлықтардың терең абаты. психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен» (Е%о) саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; «Меннен Жогары » ( Sиреr-еgo) ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы.Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо.Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп аталатын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ното еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды.
48. Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекшеліктері.Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX XX ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) екінші позитивизмде (немесе махизм) жалғасты.Осы бағыттың көрнекті өкілдері австриялық физик және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус. Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру. Э. Мах ғылымның ерекшелігін, рухани өмірдің басқа формаларынан айырмашылығын, ғылыми түсіндіреді. Қарапайым, күнделікті өмірде қолданатын тілдің сөздерін қоршаған нәрселермен салыстыруға болады, ал ғылыми терминдермен олай істей алмайсын. Күш, жылдамдық, масса ұғымдарын бізді қоршаған нәрселермен салыстыруға болмайды. Теориялық ұғымдар шындықты бейнелейді, олар субьектің тәжірибесімен байланысты. Тәжірибе тар мағынада түйсіктердің жиынтығы немесе комплекс ретінде алынған. Түйсік объективті дүниенің бейнесі емес. Ғылыми терминдер белгілер.Белгі, белгіленген нәрсеге ұқсас емес. Осыған байланысты, Э. Мах ғылыми терминологияларды қайтадан қарап шығып, мағынасыз, бос терминдерді ғылымнан аластау бағдарламасын ұсынады.Позитивистер ғылыммен обьективті шындықтың арасындағы байланысты мойындамайтын болғандықтан, олардың пікірінше шындықты дәл бейнелейтін ғылыми концепцияның болуы мүмкін емес. Осыған байланысты, олар “ойды үнемдеу” принципін ұсынады. Осы принцип бойынша ғылыми танымның алғашқы материалы түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны таңдау керек. Түйсіктер дыбыс, түс, иіс, салмақ, кеңістік, уақыт және олардың арасындағы байланыстар нағыз шындық. Зат деп түйсіктердің комплексін айтамыз.Эмпириокритиктер философияның мәселелеріне бірінші позитивистерге қарағанда ерекше мән берген. Олар философияның міндеті деп барлық ғылымдардын жалпыәтижелерін жинақтайтын “синтетикалық” жүйесін құру емес, ғылыми танымның теориясын жасау деп біледі.
49.Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері және идеялары.Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық философия деп атайды. Неопозитивизмнің негізін қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған. Неопозитивизм ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты. Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімді тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.Неопозитивизмнің тарихи және бірінші нұсқасы “Вена үйірмесі” деп аталатын философтармен байланысты. Олар: М. Шлик, Р. Карнап, О. Нейрат. Олардың, яғни логикалық позитивистердің ықыласы ғылымның тілін логика арқылы талдау, өйткені тіл дүниені позитивті қабылдаудың басты құралы. Білімнің ғылымилығы оның логикасынан шығады. Тілді логика арқылы талдау мәтінді, белгілерді, ұғымдарды, белгілер жүйедегі байланысты, белгілердің семантикасын талдау.Біздің білімдеріміз ғылыми болсын, қарапайым болсын тіл арқылы жетеді. Философия сөзбен, сөйлеммен, тілмен айналысуы керек. Философияның міндеті ғылым сөйлемдерінің мазмұнын, сөзді пайдалану, қолдану ережелерін талдау.Философия ғылымы тория бола алмайды, өйткені оның сөйлемдер жүйесі дүние туралы ешқандай мәлімет бермейді, сондықтан оның қағидаларын растай алмайсың. Философияның ақиқатқа жеткізер ғылыми бағыты жоқ, сондықтан оны ғылым деп атай алмайсың. Философияның ары қарай тарылуы верификация принципіне іске асырылады. Егер сөйлем верификациялаудан (тексеру, растау) өтпесе оны ғылыми демейміз. Шындығында, философияның пайымдауларын тексере алмайсың. Сонда, философияға не қалды? Философияға қалатыны теория емес, жүйе емес... тек әдіс, яғни логикалық талдау. Философия мағынасыз сөздерді, жалған сөйлемдерді аластаумен айналысуы керек екен. Верификация арқылы неопозитивизм ғылымның ақиқатқа негізделген үлгісін жасауға талпынған. Бірақ, осындай үлгінің тар екені байқалды, өйткені ғылымның жалпы пайымдауларын, заңдардын осы принцип арқылы негіздей алмайсың. Мысалы идеалды объектілерді, төрт өлшемді кеңістік, парсек т.б. ұғымдарды тексере алмайсың.
50.Экзистенциализм, оның басты проблемалары.Экзистенциализм антропологиялық бағыттағы мектептердің ең беделдісі. ХХ ғ. 20 жылдарынан бастап, дәлірек айтсақ бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан ағым. Экзистенциализм (лат. еxixtenia тіршілік,өмір сүру) философиясының қалыптасуына С.Кьеркегордың философиясы, Ф.Ницшенің волюнтаризмі және Э.Гуссерлдің феноменологиясының ықпалы күшті болды деп саналады. Экзистенциалистердің негізгі тақырыбы адам болмысы, оның өмірінің мәні, күнделікті тіршілігі, адамның тұлғалық қасиетінің бірегейлігі, оның ішкі сезімімен қоршаған өмір арасындағы қайшылық. Дәстүр бойынша осы философиялық бағытқа М.Хайдеггер, К.Ясперс, Г.Марсель, Ж.П.Сартр, А.Камюді жатқызады. Экзистенциализмнің діни бұтағын К.Ясперс, Г.Марсельді, ал атеистік деп М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр А.Камюді атайды. Экзистенциализмнің негізгі ұғымы экзистенция. Экзистенция тұлғаның ішкі рухани тіршілігі, оның терең негізі. Бірақ, адамдар күнделікті күйбің тіршілікпен алданып оған мән бермейді. Тұлғаның жасырын қасиеттері қиын қыстау жағдайда, өмір мен өлім қыспағында қалғанда ашылады. Экзистенциалистер адам болмысын түсіну және ғылыми ұғымдар тілімен жеткізу мүмкен емес дейді. Ғылым болмыстың өзін танымайды, тек оның жеке фрагменттерін таниды. Ғылымның өмірге бағыт беретін көмегі жоқ, адам мәселесін шешуге дәрменсіз. Адам өмірі қайталанбайды. Сыртқы дүние адамды билемейді. Адам өзі - өзіне себеп. Адам еркін ал еркіндік деп экзистенцияны айтамыз. Еркіндік адамның басына түскен ауыртпалық. Одан қашып құтыла алмайсың. Әрине, адам өзінің еркіндігінен өз еркімен босануы мүмкін. Бірақ, онда ол тұлға емес, біреуге (қоғамға) тәуелді. Онда, ол ешқандай жауапкершілікті сезінбейді. Ондай адам, өзінің қасіретке толы өмірі үшін өзін кінәламайды, қоғамды, мемлекетті кінәлайды.Экзистенциализмнің қарастырған проблемалары: тұлғаның ерекшелігі сезімнің тереңдігі, күйзелу,қорқыныш, үрей, үміт, жалпы адам баласының өмірі; адамның ішкі дүниесі мен қоршаған өмірдің арасындағы қайшылықтар; адамның жаттану проблемасы; жалғыздық проблемасы; өмірдің мәнсіздігі; іштей таңдау проблемасы; адамның өзінің ішкі менін және сыртқы өмірдегі орнын іздестіру проблемасы. Экзистенциализм философиясының кейбір өкілдеріне қысқаша тоқталайық: Ясперс философиясының өзегі «шекаралық жағдай» (пограничная ситуация) ауру, өлім, қасірет және басқадай адамның басына төнген ауыртпашылықтар. М.Хайдеггер адам болмысты тыңдай білу керек. Болмысты тыңдау тіл арқылы жүрмек. Тіл болмыстың үйі. М.Хайдеггердің негізгі шығармасы «Болмыс және уақыт». А.Камю (1913 - 1960) француз философы, жазушы. Камю философиясының негізгі тақырыбы - өмірдің мәнсіздігі, мағынасыздығы (абсурд). Ж.П.Сартр (1905 - 1980) француз философы, жазушы. Өзінің шығармаларында тіршілік және мән, еркіндік, таңдау, жауапкершілік және олардың ара қатынастары туралы мәселелерді көтереді.
51. Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау. Фридрих Ницше (1844-1900) қазіргі батысфилософиясындағы «Өмір философиясы» концепциясының негізін салушының бірі,оның әсерімен адам және оның өмірі мәселелері терең зерттеле басталды. Ф.Ницше философиясының мақсаты: адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Өмір философияның өзегі, дүниетанушы субъектіге берілген фактілерді түсіндірудің бірқыры. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - «ерік». Ол өмірдің бастауы және қоршаған ортаға қатынасы болады. Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің концепциясын қолдады, философияның негізгі мәселесі етіп «ерікті» қойды. Ницше классикалық философияның категориялары - материя мен рухтың - орнына «билікке жету еркін» қойып, кейін Шопенгауэрден де алшақтайды.Ницшені әлемге әйгілі еткен еңбектерінің бірі «Заратустра солай дейтін» еңбегі болып табылады. Кiтап бiрiншi жақтан жазылған : 30 жас шамасында өз отанын тастап кеткен және жоғарылап кеткен Заратустраның қайта оралып жазған ойлары туралы. Ондағы ең алғашқы мәлімдемесі «Құдай өлді» деп жазады. Заратустра - бұл асқан адам емес, асқан адамға апаратын көпiр. Кәдiмгi адамдар - бұл асқан адам үшiн бастапқы материал, топырақ. Асқан адам - бұл кәдiмгi адамдардың асқан, Ницше мифологиясының негiзіне жататын. Адамда мақұлық және жаратушы да кездеседі: материя, шалалық, молдық, сүйек, арам, сандырақ, хаос адамда бар; онда және жасаушы, суретшi, бұл балғаның қаттылығы, пайымдаушының құдайшылығы, жетiншi күннiң көңiлi бар..»деп көрсетеді Ницше. Осы еңбегінде Ницше Заратустраның сөзі ретінде әртүрлі мәселелерге көптеген ой-пікіолер жазады. Мысалы, ғалымдар туралы. Ницше барлық ғалымдарды сынайды. Ницше ғалымдар әлемін бос және олардың ештеңе істеп отырған жоқ екенін алға тартады. Ал дін туралы ойларында,Ницшенің ойы бойынша дін ол өтірік, ол адамдарды алдау арқылы оларға өтірік құндылықтар береді дейді.Осы кітап арқылы Ницше өзінің ойларын, идеяларын көрсетеді.
52. Экзистенциализм идеялары: К.Ясперс, М.Хайдегер және т.б. Экзистенциализм басты зерттеу пәні адам, оның проблемалары, қиындықтары, қоршаған дүниедегі тіршілігі болып табылатын философияның бағыты. Экзистенциализм философияның бағыты ретінде XX ғ.ортасында пайда болды, ал XXғ. 20-70ші жылдары өзекті бола бастады, сөйтіп Батыс Еуропадағы ең атақты бағыттардың біріне айналды. Экзистенциализм Германияда (Хайдагер,Ясперс), Францияда (Камю,Сартр), Ресейде (Шестов,Бердяев) дамыған. Карл Ясперс (1883-1969)- неміс философы, XX ғ. Экзистенциалистік проблемаларды көтерушілердің бірі(1919ж. Шыққан «Психология мировозрений»кітабында қарастырады. К.Ясперстің философиясының ерекшеліктері:Ясперс бойынша, адам көбінесе өзінің шын мәнінде кім екендігін, қабілет, мүмкіндіктерін шынай «менін» білмей, өзін «керексіз» сезініп, өмірдің ендігі жерде мәні жоқтай сезініп өмір сүрді. Алайда, ерекше жағдайларда шынайылық, жасырын жатқан қасиеттер бір кезде сыртқа шығады. Бұл адам үшін, оның келешектегі тағдыры үшін қажетті шекаралық жағдайлар. Осы сәттен бастап адам өзін-өзі сезініп, өзімен-өзі болады, ол жоғары болмыспен жақындасады. М.Хайдагер(1889-1976) философиясының негізгі ұғымдары: Экзистенция дегеніміз болмыс, адам болмысы(тіршілігі). Адам болмысы қоршаған ортада өтеді. Оны философ «дүниедегі болмыс» деп атайды. Ол өз кезегінде «өзгелер болмысына» және «өзіндік болмысқа» бөлінеді. «Өзгелер болмысы» адамдарды сорып, оны жоюға бағытталған; «өзіндік болмыс» «өзгелер болмысымен» бір мезгілде «менді» өзгелерден ажырата білгенде ғана мүмкін; адам өзімен-өзі қала отырып, басқаларға қарсы тұра білуі керек,сонда ғана ол азат бола алады. Қоршаған ортада өзінің тепе-теңдігін сақтай білу адамның басты проблемасы мен қамқорлығы. Альбер Камю (1913-1960) негізгі қағидалары: адам өмірінің шын мәнінде мәні жоқ. Адамдардың көпшілігі өздерінің өміріне мән бере бермейді. Өзінің өмірінің мәні бар деп алға ұмтылушылар ерте ме, кеш пе, алдында өлім күтіп тұрғандығын түсінеді. Өлмейтін пенде жоқ. Адамның өмірі абсурд(негізсіз). Адам өмірінің негізсіз екендігінің дәлелдері: -ажалмен беттесу бұл кезде бұрын маңызды деген нәрселер өзектілігін жоғалтып, мәнсіз көрінеді; - қоршаған ортамен, табиғатпен жақындасу адамның табиғат алдындағы әлсіздігін көрсметеді. Ж.П.Сартр(1905-1980) француз философының философиясының негізгі идеялары: Сартр философиясының орталық ұғымы « өзі үшін болмыс» адам үшін доғары шынайылық, өзінің ішкі жан дүниесінің, дегенмен адам өзін «өзгелер үшін болмыс» арқылы толық танып біле алады, яғни басқа адамдармен қатынасқа түскенде ған танып біле алады. Адам өзін тек «өзге» арқылы танып біле алады. Адам өмірінің маңызды шарты, оның «өзегі», белсенділіктің негізі бостандық. Адам өзінің тәуелсіздігіне таңдау арқылы жетеді. Бұл таңдау қарапайым, екінші кезектегі емес, оның өмірлік маңызы бар. Ондай шешімді Сартр экзистенциальдық таңдау деп атады.
53. Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары және оның мәні. Экзистенциализм басты зерттеу пәні адам, оның проблемалары, қиындықтары, қоршаған дүниедегі тіршілігі болып табылатын философияның бағыты. Экзистенциализм философияның бағыты ретінде XX ғ.ортасында пайда болды, ал XXғ. 20-70ші жылдары өзекті бола бастады, сөйтіп Батыс Еуропадағы ең атақты бағыттардың біріне айналды. Экзистенциализмнің өркендеуіне мына төмендегідей себептер әсер етті: -бірінщі және екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және олардан кейінгі адамзат баласын жайлап алған парасаттылық, экономикалық және саяси дағдарыстар; -ғылым мен техниканың күрт өсуі және техникалық жетістіктерді адамдарға қарсы қолдану(соғыс техникаларын, пулеметтердің, миналардың, бомбалардың жетілуі, әскери күрес барысында улы заттарды қолдану); -адамзаттың жоқ болып кету қаупі( ядролық қаружарақтарды ойлап табу және оны қолдану, экологиялық апат); -адамдардың бір-біріне деген мейірімсіздігі, қаталдығы, -фашистік және тоталитарлық режимдердің кең етек жаюы, адамдық тұлғаның езіліп-жаншылуы; -адамдардың табиғат пен техногендік қоғам алдындағы әлсіздігі. Экзистенциализмнің қарастырған негізгі проблемалары: - тұлғаның ерекшелігі сезімінің тереңдігі, күйзелу, қорқыныш, үрей, үміт, жалпы адам баласының өмірі; -адамның ішкі дүниесі мен қоршаған өмірдің арасындағы қарама-қайшылықтар; -адамның жаттану проблемасы( қоғам,мемлекет адам үшін жат дүниелер, адамды жоққа шығарып, оның «менін» басып тастайды; -тжалғыздық проблемасы, адамның қарусыз қалуы( адам қоршаған дүниеде жалғыз, сүйенетін, өзін керекті сезінетін ортасының жоқтығы); - өмірдің мәніздігі; -іштей таңдау проблемасы; -адамның ішкі «менін» және сыртқы- өмірдегі орнын іздестіру проблемасы. Экзистенциалистерді 2-ге бөліп қарастыруға болады:- атеистер; -діни экзистенциалистер. Экзистенциализм Германияда (Хайдагер,Ясперс), Францияда (Камю,Сартр), Ресейде (Шестов,Бердяев) дамыған.
54.Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, Ж.Баласағұн Қ.А.Яассауи философиясы.
Әл-Фараби - тарыхымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүнисінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап, кайта карау барысындда оның педогогика тарихындағы улы тулғалардың бірі болғандығын коремиз. Ол шығыс елдерінде туңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Әл-Фараби өзініің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу»туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сулулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негіздерін дәлелдеп берді. Фараби «Бақытқа жол сілтеу» трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні білім, мейірбандық, сулулық ушеуінің бірлігінде. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан унеми өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып бділу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болуы керек деп есептейді. Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше, дін философияға ұқсас. Екеуі де жоғары принциптерге, бар заттардың бастамаларына тусінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді.
Жүсіп Баласағұн. Ол 11 ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі букіл шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшылл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Оның есімін әлемге танытқан «Құтадғу білік» кітабы. «мың бір тун», «Жолбарыс терісін жамылған батыр» секілді әлемдік әдебиет улгілерімен қатар «Құтты білікті» де өз бойына мәдени-эстетикалық байлық жинактаған қазына деп айта аламыз. Зерттеушілер әсіресе, Баласағұн поэмасындағы «Шығыс ренессансы» идеяларымен байытылған әрі откір, актуалды, эмоционалды айқын өмір философиясына назар аударады. «Құтты білік» поэмасының басты идеясы 4 принципке негізделген: 1) Мемлекетті дурыс басқару ушін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. 2) Бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. 3) Ақыл-парасат. 4) Қанағат, ынсап мәселесі.
Қожа Ахмет Иассауидің асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, қайырымдылық пен мейірімділікті өмірге арқау етіп , букіл туркі журтын татулыққа, тазалыққа ундеген, қасиетті әулиесі атанған. Бул өмірдің азабын көп корген Қожа Ахмет аскетизмге бельт алып, тағдырға сенуді уағыздайды, содан дуние қызығынан безіп, тәрки дуниеге салынады. О дуниенің мәңгілігін жырлайды. Өз тануы бойынша Иассауи сопы болды. Ахмет Иассауи адам мен қоғам мәселелеріне де назар аударып, оларға дәстурлі мусылмандықтан айырмашылығы бар усыныс беруге әрекет жасайды. Оның дуниетанымында этикалық ойлар да басым. Иассауидің этикалық көзқарастары құдай және оны тану туралы іліммен тығыз байланысты. «Кімде-кім жамандық жаасаса, ол кунәдан арыла алмайды, кімде-кім жақсылық жасаса, ол құдайдың суйіктісі болады. Иассауидің басты көздеген мақсаты құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды кору сопылар ушін букіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи суффизмнің ең биік шыңы оның пайғамбар жасына келгенде , менің пайғамбардан артық өмір суруім мумкін емес деп, жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Иассауи тіл құдіретін аллаға мінәжат етуге жұмсауды үндейді.
55. Ш.Уәлихановтың философиялық және қоғамдық саяси көзқарастары. Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов(1835-1966) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі болып табылады. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш.Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігінде шек келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние күн, ай, жұлдыздар және жер алғашқы құдірет болып табылады»- деп көрсетті. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеуінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Сонымен қатар, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын айтуға болады. Шоқанның прогресті халықтың материалдық түрмыс жағдайының жақсаруының тікелей байланыстыруы қоғамды дұрыс философиялық тұрғыдан түсінудің бірден бір белгісі деуімізге болады.Шоқан халық дұрыс даму үшін, алдымен оған қажет нәрселер- өзіндік даму, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өз соты болуы шарт; осы өзгерістер енгізіліп және сақталып қалу үшін реформалар халықтың материалдық мұқтажына сәйкес және ұлттық характеріне бейім болуы да керек деген пікір айтады. Шоқан Уәлиханов қазақ халқының болашағы мистицизмге де, аскетизмге де емес, тек өркениет пен оқу-ағартудың табыстарына байланысты деп білді.Уәлиханов типтік ағартушылықты ұстанып,халық бұқарасының өмірін материалды және рухани жағынан жақсарту көзі- реформа деп білді. Шоқан мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Жалпы алғанда Уәлиханов дүниетанымы, оның шығармашылық мұрасы мен практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады.
56. Ағартушылық философиясы және Ы.Алтынсарин шығармашылығының гуманистік мәні. Ресейге күштеп қосылу нәтижесінде Қазақстанда өндіргіш күштер мен халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқа да ілгерілеу бастады. Аймақтың халықтары тағдырында осы тарихи бетбұрысты байыптап ұғынуға деген қоғамдық қажеттілік туды. Ол қажеттілік 19 ғасырдың 2 жартысында пайда болған және қоғамдық сананың дамуында жетекші рөл атқарған ағартушылық-демократиялық ой түрінде көрініс береді. Сол кезеідегі ағартушыларға Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев секілді қазақтың ұлы түлғаларын атап өтуімізге болады.Қазақ аңартушыларының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ыбырай дүниетанымы қалыптасуын да туған ел халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Алтынсарин өз халқының артта қалушылығын жоюдың юірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді. Алтынсариннің арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз бар екендігі сезіледі. Бұл ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екіншіден Алтынсарин дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы, жоғарыда аталған . «Жаз», «Өзен» өлеңдерінде табиғаттың сұлулығы көркі, күмістей сылдыраған суы шебер тілмен суреттеледі. Бұл шығармалар жастарды сұлулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге, құрметтей білуге тәрбиелейді. Ағартушылық жөніндегі көптеген хаттары мен жазбаларында қазақ балаларына ән-күйдеп, суреттен сабақ беру керек екендігін мәселе етіп қояды. Бұдан Ыбырайдың жастарға эстетикалық тәрбие берудің маңызын жоғары бағалағандығын көреміз.
57. А.Құнанбаевтың философиялық ойлары.Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құндыҰлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.Кемелдену, жетілу адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді. Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында "… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз.
58. Ш.Құдайбердиевтің діни-философиялық көзқарастарының ерекшеліктері. Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым білім, өнерге баулуды мұрат тұтты.Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды.Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ болуына байланысты. Оның лирикасында көңіл күйі, ішкі сезім әсерлері, махаббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сарын күшті. Шәкәрімнің ойшылдығының, ақындығына тән фәлсафашылдығының сыры не десек, бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы жырауларымен қатар арғы бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы, орыс және Батыс ақындарының шығармаларын өте жақсы білген. Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану, салаларындағы түрік тіліндегі, орыс тіліндегі, араб тіліндегі ғылыми еңбектерді ұзақ жылдар жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан жақты энциклопедиялық білімі бар ғұлама оқымысты, дана адам болған.Ақынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі, оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге көзқарасындағы бірлік біртұтастықты танытады. Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім жаратса тәуірі сол» дейді. Тәңіріні іздеу, жаратқан Аллаға сену ақиқатты іздеу, сол арқылы «ең түпкі жаратушы мінсіз ие» деп түйіндеуінен айқын аңғара аламыз.Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді.Өмірдің мәні не? деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін көрсетеді.
59. Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.Н.А. Бердяев(1874-1948). Оның философиялық ойы бойынша қоршаған дүниедегі жоғарғы құндылық азаттық болып табылады. Ал, азаттық,рух пен жігердің бірлігі адамның тіршілігінің негізін құрайды. Адамның азаттығына сырттан қауіп төніп тұрады. Бұндай қауіпті ең алдымен қоғам мен мемлекет алып жүреді, қоғам мен мемлекет адамдарды бағындыруға ұмтылады. Адамның міндеті өзінің болмысын сақтау, қоғам мен мемлекетке өзін жоюға жол бермеу.Адамның өмірінде дін басты рөл атқарады. Құдай адам үшін үлгі және парасаттылықтың символы болуы керек. Құдай мен адам арасындағы қатынас «тең дәрежеде» болуы керек,Құдай билеушінің рөлін, ал адам оның құлының рөлін атқармауы керек. Адам құдайға жақындасуға ұмтылуы керек, бірақ құдай боламын демеуі керек. Бердяев философиясының ерекшеліктері оның философиясының көп қырлы сипат алуында, дегенмен онда экзистенциалдық және діни бағыт басым болды. Бердяев ресейдің және орыс халқының тарихи тағдыры проблемасына көп көңіл бөледі. Бердяев бойынша,КСРО-да құрылып жатқан социализмнің қайнар көзі орыс ұлттық сипаттар( ортақтастық, өзара көмек, теңдікке ұмтылу, әділеттілік, коллективизм). Оныңойынша Ресей Шығысты да, Батысты да қолдамауы керек, ол екеуінің арасында дәнекер болып, өзінің тарихи миссиясын орындауы керек. Ресейдің тарихи миссиясы- жер бетінде «Құдай патшалығын» құру (яғни, өзара сүйіспеншілік пен қайырымдылыққа негізделген қоғам). Бердяевтің философиясы эсхатологиялық сипатта, яғни, болашақтағы «ақыр заман» сипатында болды.
60 .В.С.Соловьевтің діни-философиялық деялары.В.С.Соловьев (1853-1900) діни философ, ерекше ой айтқан адам болатын. Оның негізгі идеялары: бүкіл бірлік идеясы болмыстың барлық жақтарының(материалдық, рухани т.б.) бірлігі мен үйлесімдігі. Тіпті христиан дінін біріктіру керек, оның принциптерін жаңадан ашылған жаңалықтарға сай жасау керек. Бірлікке ғарыштық, онтологиялық мән береді. Келесі идеясы парасаттылық идеясы адам өмірінің басты аспектісі ретінде (парасаттылықтың төменгі деңгейі-құқық, жоғары деңгейі- сүйіспеншілік). Прогресс идеясы ұрпақтар байланысының жалпыға бірдей байланысы ретінде. Барлығын тірілту идеясы- тірілерді(рухани тірілту), өлілерді (тәндік-рухани) адамзаттың ұмтылуы тиіс басты мақсаты ретінде. Құдай идеясы қайырымдылықтың көрінісі ретінде. «Құдайадам» идеясы- тұлғаның өмір жолы (құдай жолымен жүру, қайырымдылық, парасаттылық жасау). София идеясы- жалпыға бірдей құдайлық, даналық. Орыс идеясы: Соловьев бойынша 3 идеядан тұрады:1)Қасиетті Русь(Москва-үшінші Рим) 2)Ұлы Русь (I-Петрдің реформалары) 3)Азат Русь (декабристер мен Пушкиннің рухы.Ақиқаттың 3 түрін көрсетеді: -материалдық;-формальдік;-абсолюттік. Олар философия, дін, ғылым шеңберінде қалыптасады. Тәжірибенің 2-ге бөледі: сыртқы, ішкі. Ішкі тәжірибе:-психикалық(өз адам табиғатынан); мистикалық(ішкі рухани ерікті тудыратын құбылыс).
Философиялық білімнің негізгі сипаттары.
Философияның қызметтері.
Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.
Философиялық білімнің негізгі сипаттары.
Дүниеге көзқарасжәнеоныңқұрылымы
Философиялықкөзқарастыңерекшеліктері
Философияныңмәдениетжүйесіндегіорны
Көне Шығыс философиясының пайда болуы
Көне Үнді философиясы: негізгі мектептері мен оның өкіл
Көне Қытай философиясы және оның мектептері
Антика философиясының пайда болуы, оның ерекшелікте
Шығыс перипатетизмі: оның негізгі өкілдері
Схоластиканың негізгі кезеңдері және өкілдері
Платон философиясы
Аристотель философиясы
Аврелий Августинның діни-философиялық көзқарасы
Фома Аквинскийдің діни-философиялық көзқарасы
Орта ғасыр мұсылман философиясындағы ғылым мен фил
Аль-Фарабидің философиялық көзқарасы
Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм және антр
Конфуцийдің философиялық көзқарасы
Сократ философиясындағы адам мәселесі
Орта ғасыр философиясы, оның теологиялық сипаты
Қайта өрлеу дәуір философиясы, жалпы сипаттама
Рационализм бағыты, оның басты проблемалары
Жаңа заман философиясының орталық мәселелері
Неміс классикалық философия, оның философия тарихы
Ф.Бэкон және индуктивтік әдістің негіздері
Эмпиризм бағыты және индуктивтік әдістің негіздері
Ағартушылық философия және метафизикалық материал
Фейрбах, антропологиялық материализм
Р.Декарт және дедуктивті әдістің принциптері
Жаңа заман философиясындағы таным теориясы
Канттың сыни философиясы
Гегельдің философиялық көзқарасы
Фейербахтың антропологиялық материализімі
Фихте философиясының орталық қағидалары
Позитивизм философиясының эволюциясы
«Өмір философиясы» оның негігі өкілдері
ХІХғ. Орыс философиясының дамуы
Орыс діни философиясы
Қазақ философиясының негізгі идеялары
Қазақ ағартушылық философиясы
Шеллингтің натурфилософиясы
Гегельдің диалектикалық әдісі
Шопенгауэр және Ницше философиясылық көзқарасы
Психоанализ философиясының орталық мәселелері
Мах және Авенариус, философиялық көзқарастың ерекше
Неопозитивизмнің формалары, оның негізгі өкілдері және
Экзистенциализм, оның басты проблемалары
Ницше еңбектеріне философиялық талдау жасау
Экзистенциализм идеялары: К.Ясперс, М.Хайдегер және
Экзистенциализм философиясының негізгі категориялары
Қазақ философиясының бастаулары: әл-Фараби, Ж.Балас
Ш.Уәлихановтың философиялық және қоғамдық саяси көз
Ағартушылық философиясы және Ы.Алтынсарин шығарм
А.Құнанбаевтыңфилософиялықойлары.
Ш.Құдайбердиевтің діни-философиялық көзқарастарының
Н.А.Бердяев философиясындағы еркіндік мәселесі.
В.С.Соловьевтің діни-философиялық идеялары.