Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Мемлекеттік бас~ару нысаны ’ы~ты~ ж~не ’ы~ты~ емес болып жіктеледі

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-12-26

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 20.5.2024

Сұрақтар

  1.  Әкімшілік терминінің түсінігі – басқару
  2.  Мемлекеттік басқарудың түсінігі – бұл мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.
  3.  Мемлекеттік басқарудың нысаны – нысан дегеніміз белгілі бір іс-әрекеттің сыртқы көрінісі. Мемлекеттік басқару нысаны құқықтық және құқықтық емес болып жіктеледі. Басқарудың құқықтық нысаны нормативтік құқықтық актілерді көрсетіледі және заңдық салдар туғызады. Мемлекеттік басқарудың құқықтық емес нысанына ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық операцияларды орындау жатады.
  4.  Мемлекеттік басқарудың элементтері – басқару субъектісі, басқарылу объектісі.
  5.  Конклюдентті басқарудың түсінігі – белгілермен басқару, мысалы, реттеуші азамат «регулировщик».
  6.  Мемлекеттік басқарудың сыртқы нысандарына қарай түрлері – ауызша, жазбаша, конклюдентті.
  7.  Басқарудың белгілері – бұл нақты бір жүйелі түрде ұйымдастыру қызметі және міндетті элементтердің болуы (басқару субъектісі, басқарылу объектісі).
  8.  Әлеуметтік басқарудың түсінігі – қоғамға, әлеуметтік топтарға, жеке бір тұлғаларға олардың қызметтерінің тәртіпке келтіру мақсатында жасалатын басқарудың әрекет ету процесі болып табылады.
  9.  Әлеуметтік басқарудың элементтері – басқару субъектісі, басқарылу объектісі, кері байланыс. Басқару – басқарудың субъектiсiн (басқаратын адам) және басқарылу объектiсiн (басқарылатын адам) және олардың арасында пайда болатын тiкелей және керi байланысты анықтайды. Тiкелей байланыс - өкiм, бұйрық беру. Керi байланыс – берiлген өкiмдi орындағаны немесе орындамағаны туралы хабарлау. Басқару субъектiсi – басқаруды жүзеге асыру үшiн белгiлi бiр өкiлеттiктерге ие болады.
  10.   Мемлекеттік басқарудың әдістері – сендіру, мәжбүрлеу.
  11.   Мемлекеттік басқарудың қағидалары -  басқару құрылатын, басқару аппараты қызмет ететiн, негiзгi бастама, ол екi топқа бөлiнедi:
  12.  әлеуметтiк-құқықтық;
  13.  ұйымдастырушылық.

  1.  әлеуметтiк-құқықтық қағидалар – жалпы әлеуметтiк мазмөнұа ие болады, олар – объективтi, нақты, заңдылық және нәтижелiлiк.
  2.  ұйымдастырушылық қағидалардың өзi екi топқа бөлiнедi: 1-шi, салалық, аумақтық, сызықтық, функциональдық(әр сала бойынша жеке манмандандырылған инстанция жүргiзедi) – арнайы органдар құрылады және салааралық байланыстарға қолданылады; 1-шi, атқарушы қызмет субъектiлерiне өкiлеттiктердi рациональды бөлу, яғни әр органға, аппаратқа қызмет құқықтар мен мiндеттерiн бекiту;
  3.  жұмыстың нәтижесiне атқарушы қызметтiң жауаптылығы;
  4.  бiржақты бастау және алқалылықтың үйлесiмдiлiгi (мемлекеттiң атқарушы қызметiнiң маңызды мәселелерiн алқа – Үкiмет шешсе, ал алқалы қарауды қажет етпейтiн бiр ағымдағы, жедел мазмұнд\ы сұрақтарминистрлiктермен немесе басқа да органдармен бiржақты шешiлуi мүмкiн).
  5.   Мемлекеттік басқарудың құқықтық актілері бұл атқарушы билік субъектісімен өз өкілеттігі шеңберінде атқарушы – басқарушылық қызметінде шығарылған шешімі болып табылады. Басқарудың құқықтық актілері заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер болып табылады. Оның мақсаты заңдарды орындауға бағытталған. Мысалы, үкіметтің қаулысы.
  6.   Әкімшілік құқықтың пәнін мемлекеттік басқарудың аясында әкімшілік құқықтық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды.
  7.   Әкімшілік құқық құқық саласы ретінде - құқық жүйесiнiң саласы ретiнде белгiлi бiр қоғамдық қатынастарды реттейдi. Ол реттелетiн қоғамдық қатынастардың ерекшелiктерi:  қоғамның барлық саласында мемлекеттiк басқару аясында пайда болады, өзгередi және тоқтатылады; Конституцияда бекiтiлген мемлекеттiк саясатты тану, адам мен азаматтың құқықтарц мен бостандықтарын қорғау; Реттелiп отырған саладағы бұқаралық-құқықтық мүдделердiң басымдылығын бiлдiрiредi.
  8.   Әкімшілік құқық ғылым ретінде
  9.   Әкімшілік құқықтың жүйесі - 2 топқа бөлiп қарастырады: жалпы және ерекше (бұлай бөлу тек теориялық негiзде қолданылады). Әкiмшiлiк құқықтың  жалпы бөлiмiнiң жүйесi – мемлекеттiк басқару барлық салаларының жалпы мәселелерiн реттейтiн нормалар: мемлекеттi басқарудың негiзгi қағидаларын бекiтетiн нормалар; әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерiнiң құқықтық қатынастарын бекiтетiн нормалар; мемлекеттiк басқарудың нысандары мен әдiстерiн және т.с.с. бекiтетiн нормалар; Ерекше бөлiмде әкiмшiлiк құқықтың  институттарын және жекелеген салаларда әрекет ететiн нормалар.
  10.   Әкімшілік құқықтың әдістері - Әкiмшiлiк құқықтың реттеушi функцияларын жүзеге асыра отырып, оған құқықтың құрамдары немесе басқармашылық қоғамдық қатынастарды реттеуге әсер ететiн тәсiлдердiң жиынтығын анықтайды. Бұл - қоғамдық қатынастарды реттейтiн әдiстер. Жалпы құқық теориясының позициясында дәлелденген кез келген құқық саласы құқықтық реттеу құралы ретiнде келесi заңды мүмкiндiктердi қарастырады.  Олар:  тыйым салу -  қандай да бiр жағымсыз әрекеттi жасаудан бас тарту талаптары; рұқсат беру – тұлғаларға қандай да бiр әрекеттi жасау құқығын беру; позитивтi мiндеттеу - өкiм түрiнде қандай да бiр әрекеттi жасау қажеттiлiгi.  Әкiмшiлiк құқықтың әдiсi императивтi сипатта болады.
  11.   «Әдіс» сөзінің түсінігі – қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын тәсілдер.
  12.   Императивті әдістер – міндеттеу және тыйым салу.
  13.   Диспозитивті әдіс – рұқсат ету.
  14.   Әкімшілік құқықтың қайнар көздері - мемлекеттiк билiкпен ресми танылған басқару қатынасы субъектiлерiнiң бекiтiлген ережелерi. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығының қайнар көздерi болып табылатын нормативтiк актiлер: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары (“Президент туралы”, “ Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы”); Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексi; Президенттiң жарлықтары; Заңға бағынышты нормативтiк актiлер – нақты сипатқа ие болатын сұрақтарды шешуге бағыттылған (республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының заңға бағынышты актiлерi нақты атқарушы-өкiмдiк қызметтi қамтып, оның шегiнен шықпайды);
  15.   Әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің белгілері - субъектiлердiң белгiлi бiр категорияларының орындауына мiндеттi бiр немесе бiрнеше әрекет; мемлекеттiк басқару ресми танылып, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiлуi; әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың субъектiлерiне қолданылуы; әкiмшiлiк құқықтық қатынастардың субъектiлерiмен заңды әрекеттердi жасауға негiздеме болуы; ғылыми құқықтық доктринаға сәйкес елдегi құқық жүйесiне енуi.
  16.   Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмінің түсінігі - қоғамдық қатынастарға әсер ететiн әкiмшiлiк-құқықтық құралдар жүйесi.
  17.   Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмінің элементтері - әкiмшiлiк құқықтың қағидалары, нормативтiк негiз – мемлекеттiң басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн нормалар; әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар; құқықтар мен мiндеттердiң жүзеге асырылу.
  18.   Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі - мемлекеттiк қоғамдық басқару саласындағы қатынастарды, сонымен қатар басқа да мемлекеттiң қызмет аясында (сот әдiлдiгi, прокурорлық қадағалау) пайда болатын басқару қатынастарын реттейтiн, мемлекетпен бекiтiлген немесе санкцияландырылған ереже.
  19.   Әкімшілік материалдық нормалар – азаматтардың, ұйымдардың, атқарушы билiк  органдарының әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн бекiтедi.
  20.   Әкімшілік- процессуалдық нормалар – материалдық нормаларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
  21.   Әкімшілік-құқықтық нормалардың кеңістік бойынша әрекет ету түрлері – республикалық;  жергiлiктi (локальные) – облыстық, қалалық, аудандық; салалық – мемлекеттiк басқарудың белгiлi бiр саласында әрекет етуi; салааралық – мемлекеттiк басқарудың бiрнеше салаларында қолданылатын нормалар (кедендiк бақылау, стандарттау).
  22.   Әрекет ету уақыты бойынша: мерзiмдi, әрекет ету мерзiмi алдын-ала көрсетедi; мерзiмсiз.
  23.   Бекiтiлген нормалардың көрсетiлу нысаны бойынша: мiндеттейтiн (белгiлi мерзiм iшiнде басқару органдарының азаматтардың өтiнiштерiн қарауы); тыйым салатын; рұқсат беретiн; ынталандыратын; ұсынылатын; жеңiлдiктер беретiн нормалар.
  24.   Құқық нормасының түсінігі – мемлекеттік басқару аясында, атқару билік аясында мемлекетпен белгіленген әрекет ету дәрежесі.
  25.   Әкімшілік құқық нормаларының элементтері - гипотеза, әрекет етуге болатын немесе әрекет ету жағдайларының сипатталуы. Нормалардың гипотезада көрсетiлген жағдаяттары – заңдылық деректер; диспозиция - iс-қимыл ережесi, нормалармен бекiтiлген құқықтар мен бостандықтар. Олар – тыйым салу, рұқсат беру; санкция, нормаларда бекiтiлген iс-қимыл ережесiн бұзу салдары.
  26.   Әкімшілік құқық нормаларының қызметіне қарай түрлері – реттеуші, қорғаушы.
  27.   Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар – мемлекеттiк басқару саласында әкiмшiлiк-құқық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар. Бұл құқық қатынастарында мемлекеттiк мүдде көрсетiледi, мемлекеттiң функциялары мен мақсатары жүзеге асырылады.
  28.   Әкімшілік – құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері - Заңдылық дерек -  құқық нормаларымен байланысты құқықтық қатынастар пайда болатын, өзгеретiн және және тоқтатылатын фактiлiк жағдаяттар. Осы фактiлiу жағдайда әкiмшiлiк құқықтың субъектiлерi әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың субъектiлерi болып табылады.
  29.   Заңдылық дерек - әрекет және оқиға болып бөлiнедi. Әрекет - әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркiн көрсетедi. Оқиға – адамның еркiнен тыс туындайтын заңдылық дерек (белгiлi бiр жасқа келуi, табиғи, стихиялық апаттар, адамның өлiмi).
  30.   Әкiмшiлiк құқықсубъектiлiк -  әкiмшiлiк құқыққабілеттiк және әкiмшiлiк әрекет қабілеттiк. Әкiмшiлiк құқыққабілеттiк азаматтардың әкiмшiлiк құқықтық сипаттағы құқықтар мен мiндеттерге ие болу қабілетi.
  31.   Азаматтардың әкімшілік құқыққабілеттіктерінің пайда болу мерзімі – туысынан пайда болады.
  32.   Лауазымды тұлғалардың құқыққабілеттіктерінің пайда болу мерзімі -мемлекеттiк аппарат қызметкерi үшiн – лауазымына тағайындалған кезiнен бастап;
  33.   Қоғамдық ұйымдар үшiн – олардың жарғысы және арнайы нормативтiк актiлермен анықталады;
  34.   Мемлекеттiк органдар үшiн – құрылу кезiнен, ал аяқталуы  -жойылғаннан кейiн (ликвидация);
  35.   Азаматтардық толық әрекетқабілеттіктерінің пайда болуы -  азаматтар үшiн - толық әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – 18 жас; шектелген әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – 16 жас (әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылу жасы, куәлiк алу жасы); жекелеген әкiмшiлiк әрекет қабылеттiк – 7 жас.
  36.   Шетелдіктердің құқыққабілеттіктерінің пайда болу кезі - мемлекетке келген шетел азаматтарының шектелген құқыққабілеттiгi олардың посольстволар мен консульстволарда келуге рұқсат алу және құжаттарын рәсiмдеуден басталса, ал толық құқыққабілеттiк ҚР-ның аумағына келiп кiргенде басталып, ҚР-нан кеткенде немесе азаматтығын өзгертуде анықталады.
  37.   Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастардың түрлерi. Әкiмшiлiк-құқықтық қатынастар топтастырылады: әкiмшiлiк-құқықтық қатынастарға қатысушылардың өзара қатынасына байланысты: вертикальды, бағынышты жақтардың арасында; горизонтальды – басқару қатынасындағы субъектiлердiң тең құқықтық жақтар ретiнде қарастырылуы. Нақты мақсаттары бойынша: сыртқы, яғни атқарушы билiк органдары мен осы органдардың жүйесiне жатпайтын басқару объектiлерiнiң арасында; iшкi басқармалық, iшкi ұйымдастырушылық мақсатқа жету кезiндегi қатынастар; Мазмұны бойынша: материалды, басқару саласында әкiмшiлiк құқықтың материалдық нормаларымен реттелетiн қоғамдық қатынастар; процессуалдық – жеке, нақты iстердi шешумен байланысты туындайтын әкiмшiлiк құқық нормаларымен реттелетiн қрғамдық қатынастар (азаматтардың өтiнiштерiн қарау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау).
  38.   Азаматтар әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде - қоғамдық қатынастарға нормативтiк актiлерде мазмұндалатын нақты құқықтар мен мiндеттерге ие болады. Осы құқықтар мен мiндеттердiң жиынтығы азаматтарың құқықтық мәртебесiн көрсетедi.  Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен бекiтiлген азаматтың мемлекеттiк басқаруға, жеке және бұқаралық мүдделерiн қанағаттандыруға қатысуын қамтамасыз ететiн құқықтары, мiндеттерi және жауаптылығы.  Азаматтардың әкiмшiлiк құқықтың мәртебесi – ҚР-ның Конституциясы, “ҚР-ның  азаматтығы туралы”, “ҚР-дағы мемлекеттiк қызмет туралы” және өзге де актiлермен анықталады.
  39.   Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде - мемлекет шетел азаматтарымен қатынастарды реттеумен қатар олардың құқыққабылетiн бекiтiп, құқықтары мен бостандықтарын анықтап, кепiлдiктердiң көмегiмен құқықтық мәртебесiн қорғайды және iске асыруды қамтамасыз етедi. Сонымен қатар атқарушы билiк органдары шетел азаматтарының құқықтық iс қимылына бақылау және қадағалау шараларын қолданады.  Мемлекетке келген шетел азаматтарының шектелген құқыққабылеттiгi олардың посольстволар мен консульстволарда келуге рұқсат алу және құжаттарын рәсiмдеуден басталса, ал толық құқыққабылеттiк ҚР-ның аумағына келiп кiргенде басталып, ҚР-нан кеткенде немесе азаматтығын өзгертуде анықталады. Шетел азаматтарының әрекет қабылеттiгi – оның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау қабылеттiгi және өзiнiң әрекеттерiмен өзiне берiлген құқықтарды жүзеге асыру болып табылады. Шетел азаматтарының әкiмшiлiк құқықтық мәртебесiнiң ерекшелiктерi: олардың саяси құқықтары болмайды. Заңды кепiл  - шетел азаматтарының берiлген құқықтары мен бостандықтары және мiндеттерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты да қарастырады (әкiмшiлiк жазалар – Республиканың аумағынан әкiмшiлiк жолмен кетiру). Бұл жазаларды қолдануға әсер ететiн салдар: мемлекеттiк қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы әрекеттер жасау; халықтың денсаулығын қорғауға қажеттi деп танылса; жалпыға бiрдей мiндеттiлiктi сақтамаса; еңбек құқығының нормаларын бұзса және т.с.с. Әкiмшiлiк құқық позициясынан шетел азаматтары: тұрақты тұратындар, яғни ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат немесе тұрақты тұруға вид алған – шетел азаматтары; уақытша келгендер деп сараланады.
  40.   Қоғамдық бірлестіктер әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде – ҚР-да партиялар, кәсіптік одақтар, азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктер. Олар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
  41.   Қоғамдық бірлестіктердің құрылуы – өз мүшелерінің еріктілігі,  тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, қызметінің заңдылығы, есептілігі және жариялылығы негізінде құрылып, жұмыс істейді.
  42.   Діни бірлестіктер әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде – жергілікті діни бірлестіктер (қауымдастықтар), діни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатханалар ҚР-дағы діни бірлестіктер деп танылады.
  43.   Діни бірлестіктердің құрылуы – кемінде кәмелетке толған 10 азаматтың басшылығымен құрылады. Бұл үшін олар жиналыс шақырады, онда жарғы (ереже) қабылданады.
  44.   Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметкерлер – мемлекеттік қызметшілерді, мемлекеттік биліктік қызметкерді, міндеттерді атқаруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігі, мемлекеттік органдағы жұмыс. Мемлекеттік мекеме және мемлекеттік кәсіпорындағы қызметтер мемлекеттік қызмет болып табылмайды. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік қызметшілердің мемлекттік органдардағы мемлекттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
  45.   Мемлекеттік қызметкерлердің түрлері, қызметі – мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
  46.   ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі – мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді.
  47.   ҚР Президентінің өкілеттігі - мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жыл сайынғы Қазақстан халқына арналатын Жолдауында айқындалады және Мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді.
  48.   ҚР Президентінің құзыреті – парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, босатады; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырысында төрағалық етеді. Парламенттің келісімімен ҚР-сы Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді.  Сенаттың келісімімен Республиканың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындайды, оны босатады.
  49.    ҚР Президентінің басқару актілері – жарлық және өкім.
  50.   ҚР Парламентінің құқықтық мәртебесі - Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.
  51.   ҚР Парламентінің басқару актілері –
  52.   ҚР Сот билігі - мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді.
  53.   Сот билігінің жүйесі –
  54.   Сот билігінің құрамы-
  55.   Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы-
  56.   Конституциялық Кеңестің конституциялық-құқықтық мәртебесі –
  57.   Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы –
  58.   ҚР атқарушы билігі – “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі.
  59.   Үкіметтің құрылу тәртібі - Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.
  60.   Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi.
  61.   Үкіметтің құрамы – премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар.
  62.   Үкіметтің құрылымы – министрліктер, агенттіктер, комитеттер, әкімдіктер.
  63.   Үкіметтің өкілеттік мерзімі - Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-кимыл жасайды. Бұдан кейін ол жаңадан сайланған және қызметке ресми кіріскен Республика Президентіне Үкімет мүшелері қол қойған жазбаша өтініш беру арқылы өз өкілеттігін доғарады.
  64.   Үкіметтің құқықтық актілері – қаулы, оған Премьер-Министр қол қояды.
  65.   Премьер-Министрдің өкілеттігі, құқықтық актілері - үкіметті басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Премьер-министр үкімет жұмысына жауап береді, үкімет отырысын ұйымдастырып, оған төрағалық етеді, үкіметтің күн тәртібін белгілейді, министрлерге тапсырма береді, олардың жұмысын бақылайды, үкімет қаулыларына қол қояды, өз атынан қаулы мен өкім шығарады. Премьер-министр қызметтен босаса, бүкіл үкімет мүшелері де қызметтен кетеді.
  66.   Орталық атқарушы органдар – министрліктер, агенттіктер, комитеттер.
  67.   Министрліктер – тиісті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асырады. Минстрліктер салалық орган болып табылады, салааралық орган ретінде де қызмет атқарады. Министрліктердің басшысы – министрлер өз өкілеттігі шеңберінде бұйрықты шығарады.
  68.   Агенттіктер – үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган. Агенттіктер тиісті мемлекеттік басқару саласында салааралық арнайы атқару, рұқсат беру қызметтерін жүзеге асырады. Агенттіктер Департамент және басқармалардан тұрады. Агенттіктер заңды тұлға болып табылады. Агенттік төрағасының бұйрықтары агенттіктің актілері болып табылады.
  69.   Комитеттер (ведомство)  - республикалық орталық органның комитеті ведомство болып табылады. Ведомство министрліктің құрылымдық  бөлімшесі. Қызметі: бақылау және іске асыру. Ведомствоның актісі 86- бұйрық.
  70.   Жергілікті мемелкеттік басқару органдары – өкілді орган – маслихат, атқарушы орган- әкімдік.
  71.   Әкімдіктер – алқалы орган және оның мемлекеттің атқарушы органдарының жүйесіне жатады. Жергілікті өкілді органдар тиісті аумақтық халықтың еркін білдіретін маслихаттар болып табылады. Әкімдікті әкім басқарады. Ол президенттің және Үкіметтің өкілі. Астана республикалық маңызы бар қалалар, облыстардың әкімдері тиісті аумақтық маслихаттардық келісімімен Президент тағайындайды. Басқа аумақтық әкімшілік бөліністердің әкімдері президент айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің қызметтік өкілеттіктері жаңадан сайланған Президенттің қызметіне кіріскен кезінен басталады.
  72.   Маслихат – өздерінің құзырет мәселесі бойынша шешімдер қабылдайды. Азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдер Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялануы тиіс және ол тиісті аумақта орындалуға міндетті. Маслихаттардың Қазақстан Конституцияның заңдарына сәйкес келмейтін шешімдері маслихаттың өзіменен немесе соттық тәртіпте жойылуы мүмкін.
  73.   Әкімдіктің құқықтық актісі – Конституциямыздың, заңдарымыздың, Президент Жарлықтарының, Үкімет актілерінің орындалуы мақсатында қаулылар шығарады.
  74.   Әкімнің құқықтық актісі – нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік басқарушылық жедел және дербес сипаттағы өкімдер шығарады.
  75.   Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптың әрекет не әрекетсіздік.
  76.   Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері - Кінәлілік. Кез-келген әрекетті (әркетсіздікті) жасаудағы кінәлілік дегеіміз – оның қасақана немесе абайсда жасалуы.  Жаппай жасалу (теріс қылықтардың жаппай орын алуы). Жаппай жасалушылық әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі ретінде заң ғылымында әзірше толық, жан-жақты зерттелмеген. Заңға қайшылық. Бұның мәні құқық нормасының диспозициясын бұзатын әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалуында, ал ол үшін әкмшілік жауапкершілік белгіленеді.
  77.   Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз – қандай да бір әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңға қайшы, кінәлі деп танылған, әкімшілік жауапкершілікке алып келу үшін қажетті, әкімшілік заңнамада белгіленген белгілер жиынтығы. Құқық бұзушылықтың обьектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы.
  78.   Субъективтік жақ, бұл – субъектінің өзі жасаған заңсыз әрекетке немесе әрекетсіздікке және оның мүмкін болатын салдарына психологиялық қатынасы. Кінә арам ниеттіліктен немесе абайсызда туындауы мүмкін. Қасақана әрекет немесе әрекетсіздік жасағанда адам өз іс-әрекетінің сипатын ұғынады, оның теріс зардабын алдын ала көреді, сол зардаптардың болуын қалайды немесе саналы түрде оған жол береді. Ал, абайызда жасалған деп танылады, егер адам зиянды салдардың болатынын білуге тиіс  болса немесе біле алса, бірақ оларды болады деп ойламаса.
  79.   Әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі дегеніміз – оны жасаған жеке тұлға, басқа сөзбен айтқанда - әкімшілік құқық бқзушылықты жасауға қабілеті бар, құқық бұзғандығы үшін заңға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін адам.
  80.   Объектісі - Жинақтау дәрежесіне қарай құқық бұзушылық жалпы, тектік және тікелей обьектілерге бөлінеді. Құқықтың әр түрлі салаларымен реттелген, әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылық объектісі, оның ішінде жалпы объектісі болып табылады. Жалпы объектінің дербес бөлігін құрайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылықтың тектік объектісі болып саналады. ӘҚтК тектік объектілерді тек мемлекеттік басқару салалары бойынша ғана емес, сонымен қатар реттелетін қоғамдық тәртіп, табиғат қорғау, т.б. бөліктеп қарайды. Бір текті бірқатар құқық бұзушылық (жол қозғалысы, төқұжат режим ережелерін, кеден ережелерін бұзу) үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы түрлік объекті деп танылады. Тікелей объекті дегеніміз - әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын нақты қоғамдық қатынасқа зиян келтіру (Кеден бақылауы аймағында режимді бұзу). Мысалы, ұсақ бұзақылық кезінде тікелей объект азаматтардың тыныштығы және имандылық.
  81.   Объективтік жақ әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) өзін сипаттайды. Құқық бұзушының құрамында, көбіне, құқық бұзушылық жасау тәсілінің, сипатының (қайталанушылық, бірнеше рет жасалғандық), жасалған уақыт пен орнының (қоғамдық орын, шекара зонасы, әуе кемесі), келген зиянның, қылмыс жасауда пайдаланылған құралдардың (көлік құралы, ішімдік, есірткі заттар, қару) маңызы зор.
  82.   Әкімшілік жаза, заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және осындай құқық бұзушылықты жасаған адамның ӘҚБК-те көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды. Әкімшілік жазалар ӘҚБК-те және басқа да әкімшілік құқықтың актілерімен көрсетілгендей әртүрлі негіз бойынша шектеледі, олар:  Түрлеріне қарай: 1) Ескерту жасау. 2) Әкімшілік айыппұл салу. 3) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алып қою. 4) Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу. 5) Арнаулы құқықтан айыру (аң аулау құқығы, көлік айдау құқығы). 6) Әкімшілік қамауға алу. 7) Жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу. 8) Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан, куәліктен айыру немесе қызметінің белгілі бір түріне не белгілі іс-әрекеттер жасауға оның қолдануын тоқтата тұру. 9) Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру.
  83.   Ескерту, әкімшілік айыппұл салу және әкімшілік қамауға алу негізгі әкімшілік жазалар ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
  84.  Азаматқа және заңды тұлғаға берілген арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтата тұру, жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру және оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік жолмен кетіру негізгі де, сол сияқты қосымша да әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.
  85.  Әкімшілік құқық бұзушылық  құралы және оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою, тәркілеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып, тастау қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
  86.   Ескерту - әкімшілік жаза қолданудағы уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беру және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.
  87.   Айыппұл салу - әкімшілік құқық бұзушылық үшін ӘҚБК-тің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза түрі. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды тұлғаға салынатын айыппұл – бес айлық есептік көрсеткіштен, ал заңды тұлғаға салынатын айыппұл – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды. Ерекше жағдайда әкімшілік жауапкершілікті қатайту шарасына байланысты ҚР заңды актілерімен ӘҚБК-те көрсетілген мөлшерден көбірек айыппұл сомасы анықталуы мүмкін. Айыппұл тағы да тиым салынатын кәсіпкерліктің түрімен айналысса салынады. Айыппұл құқық бұзушымен қаулы шыққан күннен бастап 15 күннен кешіктірмей төлеуі қажет.  Заңда күштеп және өз еркімен айыппұлды орындау көрсетілген, егер айыппұл өз мерзімінде төленбесе, құқық бұзушыдан айыппұл сомасының 1 процент өсімі өндіріліп алынады, әр мерзімі өткен күні үшін. Егер 16 жастан 18 жас аралығында тұлға құқық бұзушылық жасаса, онда айыппұлды ата-анасы немесе қамқоршысы төлейді.   ҚР-сы заң актілерінде белгіленген салықтық міндеттемелердің орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ ҚР-сы заңдарының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасысың процентімен көрсетілген айыппұл 48-баптың 3-бөлігінде аталған айыппұлдар мөлшерінен асатын мөлшерде белгіленуі мүмкін.  Айыппұл заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріліп алынады.

Дальше сурактар кодекста




1. КУЧКОВО ПОЛЕ 2002 ББК 87
2. Юридична академія України імені Ярослава Мудрого
3. лекция rryList ~ массив динамически изменяющий свой размер.
4. экономического и политического развития страны 1938 1942 годы определил ХУIII съезд ВКПб проходивший в марте 19
5. Детский сад комбинированного вида 65 Машенька Консультация для родителейФГОС в ДОУ
6. 1 Дано Возраст студентов лет Число студентов
7. Библиотека 214 ВАО Аппарат Совета Депутатов муниципального округа Ивановское в городе Москве
8. летие решая все новые и новые проблемы Сергей АЙРАПЕТОВ Московский регион несомненно является самым
9. 1.1. Предел последовательности Если каждому натуральному числу n поставлено в соответствие некоторое веще
10. Тема- Определение скорости передачи информации при заданной пропускной способности канала
11. Консолидированная бухгалтерская отчетность.html
12. Михаил Фрадков
13. социологии 4 курс Демография как наука
14. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук ТЕРНОПІЛЬ ~ 200
15. на тему Вариант 1 5 9 13
16. Управленческие решения по оптимизации кадрового состава банка
17. На тему- Использование средств Excel для исследования функции от двух переменных и решения задачи линейного
18. Реферат- Ведение деловой беседы
19. Социальная политика и социальная работа место и роль социальной политики в теории социальной работ
20. Психологія як наука і навчальний предмет. Галузі психології. Зв язок психології з іншими науками