Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

мемлекеттік ~а~ида бойынша ~~рылуы м~мкін

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.6.2024

3. Федерация –  бұл  күрделі,  одақтас  мемлекет,  оның  бөліктері  мемлекеттік  құрылымдар  болып   табылады  жəне  жəне  белгілі   бір дəрежеде   мемлекеттік  егемендікке  ие   болады;  федерацияда  жоғарғы  федералдық  органдар мен федералдық  заңнамамен  қатар  федерация  субъектілерінің   жоғарғы  органдары   мен  заңнамасы да болады;  федерацияда  салықтың  екіканалды   жүйесі   пайдаланылады,  оның  белгілерінің  бірі   болып   қосазаматтық   табылады.  Федерациялар   аумақтық  немесе   ұлттық-мемлекеттік  қағида   бойынша  құрылуы  мүмкін.

4. Конфедерация  империяға  қарағанда  ерікті  негізде  құрылады. Бұл  нақты бір  тарихи   кезең  шегінде  белгілі   бір  мақсаттарға  жету үшін  құрылған  мемлекеттердің   уақытша   одағы . Конфедерацияны құраған  егеменді   мемлекеттер  халықаралық -құқықтық  қатынастар  субъектісі  болып   қала   береді ,  оларда   өз   азаматтығы ,  билік, басқару  жəне  сот  əділдігі органдарының  жүйесі   болады.

5,6,7,8,9,10. Басқару   нысаны  – бұл  мемлекеттік  биліктің   жоғары  органдарының   өкілеттіктерінің  өзара  қатынасы,  олардың   құрамы  мен құрылу  тəртібі .  Басқару  нысаны  жоғары  билікті жалғыз  адамның  немесе   сайланбалы  алқалық   органның  жүзеге   асыруына  байланысты   ерекшеленеді .  Осыған  сəйкес ,  басқарудың  негізгі   түрлері  болып   монархия  мен  республика   болып   табылады.  

Монархия – бұл  жоғары  мемлекеттік  биліктің   бір  тұлғада  ғана , монархта ,  болуымен сипатталатын   басқару  нысаны.  Монарх билікті  мұрагерлік   бойынша   өмір   бойы  иеленеді .  Егер   монарх  мемлекеттік  биліктің   жалғыз  органы  болып  табылса ,  бұл  монархия абсолюттік  деп  аталады ,  ал   жоғарғы билік  монарх  пен  басқа  бір  органның  арасында   бөлінсе,  бұл монархия дуалистік  деп  аталады .  Шектелген  монархиялар,  өз  кезегінде ,  конституциялық  жəне  парламентарлық  болып   екіге бөлінеді .  Өкілдік  монархияда  монарх  атқарушылық   билікті  жүзеге  асыра   алады ,  ол  үкіметті  құру ,  министрлерді   тағайындау ,  вето  жəне  парламентті  тарату   құқықтарын  иеленеді .  Ал  парламентарлық  монархияда  монархтың   құқықтық  жағдайы   əлдеқайда  шектелген   болады,  монарх  тағайындаған   министрлер  парламенттің  сенімсіздік   вотумына  тəуелді  болады  жəне  монарх  заңда  көзделген жекелеген  жағдайларда  ғана   парламентті  тарата   алады .  ????

Республика  – жоғары  мемлекеттік  билік  белгілі   бір  мерзімге  сайланатын   сайланбалы  органға  тиесілі   басқару  нысаны.  

Төмендегідей   түрлерге  бөлінеді :  1)  парламенттік ,  бұл  мемлекетте   саяси   өмірдегі  шешуші  рөл  парламент  сайлаған   үкіметке   тиесілі   болады;

2)  президенттік,  бұл  мемлекетте   сайланған  ел   басшысы   үкіметтің  де  басшысы   болып   табылады,  сол   себепті,  ол  үкімет   мүшелерін тағайындайды  жəне  оларды  қызметінен   босатады ;

3)  аралас , бұл мемлекетте   үкіметті  президент  пен  парламент  бірлесе  отырып құрайды .    

11,12,13,14. Саяси   режим   –  бұл   мемлекеттік  билікті  жүзеге   асыруға  жəр-демдесетін   тəсілдер   мен  əдістер.  Мемлекеттік  биліктегі   тəсілдер  мен  əдістердің  жиынтығына  қарай  екі  түрлі  режимді   бөліп  атауға  боладыдемократиялық   жəне антидемократиялық   режимдер.  

Демократиялық   режимнің белгілері :

1) халық   мемлекеттік  билікті  жүзеге   асыруға  тікелей (азаматтардың  референдумға  қатысуы)  жəне  өкілдік ( халықтың  билікті өзі  сайлаған   өкілдік  органдар   арқылы  жүзеге   асыруы) демократия  арқылы  қатысады;

2) шешімді  көпшілік   азшылықтың   мүдделерін   ескере   отырып қабылдайды;

3) мемлекеттік  биліктің   орталық   жəне  жергілікті  органдарының  сайланбалылығы  жəне ауыспалылығы ,  олардың   сайлаушыларға  есеп   беруі,  жариялылық;

4) сендіру,  келісу ,  келісімге   келу   əдістері  жиі  қолданылады ;

5) қоғамдық өмірдің  барлық  салаларындағы   заңның  үстемдігі ;

6) адам  мен  азаматтың   құқықтары   мен  бостандықтары   жария-ланады  жəне шын  мəнінде  қамтамасыз етіледі ;

7) саяси  плюрализм ,  соның   ішінде   көппартиялылық;

8) биліктің   тармақтарға  бөлінуі  жəне  т.б .

Антидемократиялық   режимнің  бірнеше  түрі   болады:  тирания , деспотизм,  фашизм, тоталитарлық   жəне  авторитарлық   режимдер.

Антидемократиялық   режимге   мына  белгілер   тəн:

1) бір  саяси  партияның   үстемдігі ;

2) бір  ресми  идеологияның  болуы ;

3) бір  меншік  түрінің  болуы ,

4) саяси  құқықтар  мен  бостандықтарды  жоққа шығару;

5) қоғамның  сословиелік,  касталық   жəне  т. б .  белгілер   бойынша  бөлінуі;

6) халықтың төмен   экономикалық  деңгейі,

7) мəжбүрлеу   мен жазалау шараларының  үстемдігі ;

8) сыртқы саясаттағы  агрессиялық сипаттағы əрекеттер жəне т.б.   

15,16. Тоталитарлы саяси режим - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.

Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым- дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті автори- тарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағ- дайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық- талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.

  1.  17. Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
  2.  Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

18. Мемлекет  механизмі – бұл мемлекеттің  міндеттері  мен  функцияларын  жүзеге   асыруға

бағытталған  мемлекеттік  органдардың   жүйесі .  Мемлекет  аппара -тының ,  оның  барлық бөлімшелерінің   мазмұнын  қоғамдық  өмірдің барлық  салаларының   тиісті  ұйымдаусы   мен  тиімді   қызмет  етуін қамтамасыз  етуге  бағытталған  басқарушылық,  ұйымдастырушылық  қызмет  құрайды.

Мемлекет механизмінің  құрылымы.   Бұл  құрылымға  мына-лар  кіреді :  

1)  өздерінің   тікелей  биліктік  функцияларын  жүзеге   асыру  барысында   тығыз   байланыстағы  жəне  өзара  бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар ;

2) биліктік   өкілеттіктерге  ие   емес ,  алайда ,  экономика ,  білім беру ,  мəдениет ,  денсаулық   қорғау ,  ғылым   т. б .  салаларда  жалпы  əлеуметтік   функцияларды  атқаратын  мемлекеттік  мекемелер  мен кəсіпорындар ;

3) басқарумен   арнайы  айналысатын   мемлекеттік  қызметшілер ;

4) мемлекеттік  аппараттың   қызметін   қамтамасыз  ету  үшін қажетті  ұйымдастырушылық , қаржылық  жəне  күштеу  құралдары .

19. Мемлекеттік механизмнің сипаттама белгілері??????

20. Қоғамның   саяси   жүйесіндегі  мемлекеттің  орны  мен   рөлі .

Мемлекет  саяси  жүйеге  белгілі   бір  жекелеген  органдары   арқылы  емес ,  өзіндік   бір  саяси,  аумақтық,  құрылымдық   бөлік  ретінде кіреді .  Ол  өз   функцияларын  басқа  əлеуметтік   инстиуттармен,  пар-тиялармен ,  кəсіптік  одақтармен ,  жергілікті  басқару  органдарымен бірлесе  отырып  атқарады .  Ол  саяси  жүйеде  жетекші  рөлді  иелен-ген,  себебі :

а )  оның  аумақтық  шекараларында  азаматтық  белгісі   бойынша  біріккен  халықтың  жалғыз  ресми  өкілі рөлін  атқарады ;

ə )  егемендіктің  жалғыз  иесі   болып   табылады;

б )  қоғамды   басқаруға  бағытталған  əлеуметтік   аппараты  бо-лады;

в )  қарулы  құрылымдары болады;

г )  құқықшығармашылыққа   қатысты  монополияға  ие ;

д )  материалдық  құндылықтардың  ерекше  жиынтығына ( мемле -кеттік   меншік,  бюджет, валюта  жəне  т.б .)  ие .  

21. Қоғамның  саяси  жүйесі –бұл  белгілі   бір  саяси  функцияларды  атқарушы  мемлекеттік  жəне

мемлекеттік  емес   əлеуметтік   институттардың   жүйесі . Мұндай институттардың   қатарына  қоғамдық  өмірдің  билікке  байланысты саласына   қатысушы  мемлекет,  партиялар,  кəсіптік  одақтар  жəне басқа  да   ұйымдар   мен  қозғалыстар  жатады.

22. Мемлекет  нысаны – бұл қоғамның  басқару,  мемлекеттік  құрылым   жəне  саяси  режим  нысандарынан   құралған   құрылымдық  ұйымдастырылуы . (Басқару нысаны, құрылым нысаны, саяси режим)

23. Мемлекеттің  мəні  –  бұл  оның  мазмұнын,  мақсаттарын, қызмет  етуін  анықтайтын  басты   қасиеті. Мемлекеттің  мəнін  бұл түсініктің  кең  жəне  тар  мағынасында  анықтауға  болады.  

Кең  мағынада  мемлекеттің  əлеуметтік   мəнін  биліктік-саяси ұйымдасқан  қоғам,  құқықтық  заңдарға   бағынған   көптеген   адамдар  бірлестігі  ретінде  анықтауға  болады.  Мұндай  бірлестіктердің    тұ -тастығы   сəйкес   мемлекеттік-құқықтық  институттар  мен  қатынас-тарда  көрініс  тапқан   бұқаралық -биліктік  құрылымдар  не -гізінде  қалыптасады .  

Тар  мағынада  мемлекеттің  əлеуметтік   табиғатын  қоғамнан  бөлектенген,  жекелеген  класстар   мен  əлеуметтік   топтардың   да , қоғамның  да   мүддесін   білдіруші  əрі  қорғаушы  басқару  аппараты,    бұқаралық   биліктің   əртүрлі  мекемелерінің  жүйесі   ретінде  анық-тайды .  

Жоғарыда  аталғандардың  негізінде ,  мемлекеттің  мəнін  қарас-тыруда  екі аспектіні   ескерудің  маңызы зор :

1) формальды  – кез-келген   мемлекеттің  саяси  биліктің   ұйымы екендігі;

2)  мазмұнды –  осы   ұйымның  кімнің   мүдделеріне  қызмет ететіндігі.

Мемлекеттің  мəнін  анықтауда   келесі   бағыттарды  атап   өтуге болады:  

-  класстық ,  бұған  сəйкес   мемлекетті   экономикалық  үстемдік  құрушы  топтың  саяси  билігінің  ұйымы ретінде  анықтауға  болады;

-  жалпы   əлеуметтік ,  бұған  сəйкес   мемлекетті   əртүрлі  класстар  мен  əлеуметтік   топтардың   мүдделерін   ескеру   үшін  жағдай  жасай-тын   саяси  биліктің   ұйымы  ретінде  анықтауға  болады.  

Сонымен ,  мемлекеттің  мəні   саяси  билік  аппаратының   көме-гімен  қоғамның  тұтастығын   жəне  қалыпты   қызмет  етуін  қамта-масыз етуден   көрінеді .

24. Мемлекет нысанының элементтері

25. Мемлекет  типі   сəйкес   тарихи   ке -зеңде  туындайтын  оның  маңызды   жақтары  мен қасиеттерінің  қатаң  жүйесін  білдіреді .  Белгілі   бір  кезеңдегі   барлық  мемлекет-терге  белгілі  бір  сипаттар   тəн  болып   келеді .  Мемлекеттерді  типке бөлу  негізінен   формациялық   жəне  өркениетті   тəсілдер   тұрғысынан жүзеге   асырылады .

Мемлекеттерді  типке   бөлудегі   формациялық  тəсіл.   Фор -мациялық  тəсілдің  шегінде  негізгі   талап  ретінде  əлеуметтік -эко-номикалық   факторлар,  яғни ,  қоғамдық-экономикалық формация орын  алады .

-  құлиеленушілік  мемлекет

-феодалды мемлекет;

-буржуазиялық  мемлекет

-социалистік мемлекеті.

Мемлекеттерді  типке  бөлудегі   өркениетті   тəсіл.   Өркениет-ті   тəсіл  шегінде  негізгі   талаптар   ретінде  рухани  факторлар – мə-дени,  діни ,  ұлттық  жəне  т. б .  факторлар  орын  алады .

-  көнешығыс  мемлекеттері;

-  көнеафиндік мемлекет;

-  көнеримдік  мемлекет;

-  ортағасырлық  мемлекет;

-  қазіргі  заманғы   мемлекет.

26. Құқықтық мемлекет  –  бұл  адам   мен  азаматтың  құқықтар   мен  бостандық -тарының   толық   түрде  қамтамасыз  етілуіне  жəне  құқық   бұзушы-лықтарды  болдырмау   мақсатында мемлекеттік  билікті  құқықпен мейлінше  байланыстыруға   жағдай  жасаушы   саяси  билік  ұйымы.

27,28. Мемлекеттің мәні (23)

Мемлекеттік  билік  əлеуметтік   биліктің   ерекше  бір  түрі   ретінде көрініс  табады.  Бұл  мемлекеттік  мəжбүрлеуге  сүйенген ,  субъек -тілер  арасындағы  үстемдік   жəне  бағынушылық  сипаттағы  бұқа -ралық -саяси қатынас.  Мемлекеттік  биліктің   ерекшеліктері:

1. Бұқаралық   билік.  Ол  бүкіл  қоғамның,  халықтың  атынан қызмет  етеді  жəне  өз   қызметінде   бұқаралық   негізге  –  қазына  мүлкіне,  өз   кірістеріне ,  салықтарға   ие .  

2. Аппараттық  билік.  Ол  аппаратқа,  мемлекеттік  органдар  жүйесіне   сүйенеді   жəне  олар   арқылы  жүзеге   асырылады .

3. Заң  қолдайтын   билік.  Сол   себепті,  ол  аппарат  пен  заң нормаларының  көмегімен  елдегі   барлық  халық   үшін  міндетті сипатты   иеленеді .  

4. Егеменді   билік– ол  кез-келген   биліктен   дербес   жəне  тəуелсіз .

5. Заңдастырылған  билік.  Яғни,  ол  заңды   негізді   жəне  қоғам-дық   тануды  иеленген .

Биліктің   үш  түрі   бар:  заң  шығарушы  билік,  атқарушы  билік  жəне сот  билігі .

29. Мемлекеттік биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялық төңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.

Мемлекеттік биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңменережелермендәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

30,31. Мемлекеттің пайда болуы жөнінде теориялар  бар,  олардың   негізгілері  болып   мыналар  табылады:

1. Діни  теория  –  мемлекеттің,  мемлекеттік  биліктің   пайда болуының  құдайлық  бастамасын   негізге   алады , « барлық  билік құдайдан »  деген  тұжырымдаманы  бекітіп ,  жақтайды.  Өзінің   діни  мазмұнына   қарамастан ,  бұл  теория   бірқатар   шынайы  жағдайларды көрсетеді,  нақты   айтқанда ,  алғашқы   мемлекеттердің   теократиялық  нысандарын–абыздар   билігін,  шіркеудің  ролін,  діни   жəне əкімшілік  орталықтар   арасындағы  билік  бөлінісін .  Бұл  теорияның  көрнекті   өкілдерінің   бірі  –  Фома  Аквинский .

2. Патриархалды  теория  –  мемлекеттің  пайда  болуын  отба -сымен   байланыстырады,  ал  мемлекет  басшысының   билігін  отбасы мүшелерінің  алдындағы   əке  билігінен  туындатады.  Бұл  теория  патшаның  шексіз   билігін  негіздеуге  бағытталған,  ал   бұл  биліктің  қайнар   көзі   ретінде  құдайды   емес ,  отбасындағы   əкенің ,  патриархтың  шексіз   билігі   орын  алған  отбасы  нысанын   таниды.  Бұл теория   Грецияда   пайда  болған ,  өз   негіздемесін  Аристотельдің еңбектерінен   иеленсе,  өз   дамуын  ағылшын   ғалымы  Филмердің  ең -бектерінен   тапты .  

3. Шартты  теория  – ХVІІ -ХVІІІ  ғасырларда   кеңінен  таралған . Оны   жақтаушылардың  қатарынан   Голландияда  Гуго   Гроций  мен Спиноза,  Англияда  Д. Локк  пен  Т . Гоббс,  Францияда  Ж .- Ж . Руссо, Ресейде  А. Радищев   орын  алды.  Мысалы,  А. Радищевтің   ойынша, билік  халыққа   тиесілі ,  алайда   ол  мемлекет  басшысына   берілген  жəне  оны   халық   бақылауы  тиіс .  Шарттық  теорияға   сəйкес ,  мем -лекет  шарт  нəтижесі   ретінде  пайда  болады,  оның  қатысушылары  болып   адамдар   табылады,  олар   шарттың   негізінде   өз   бостан -дықтарының,  өз   билігінің  бір  бөлігін  мемлекетке   береді .

4. Күштеу  теориясы  – мемлекеттің  пайда  болу  негізі  ретінде күштеу  əрекетін ,  бір  халықтың  екінші   халықты   жаулауын  таниды. Жауланған  халықтың  үстінен  билікті  бекіту   үшін,  оған   күштеу жүргізу  үшін  мемлекет  құрылады.  Күштеу  теориясы   ХІХ   ғасырда  пайда болды ,  оның өкілдері –  Л.Гумплович ,  К.Каутский ,  Е.Дюринг.  

5. Психологиялық   теория  –  мемлекеттің  пайда  болуын  адам психикасының  көріністерімен:  бағыну  қажеттігімен ,  еліктеумен , алғашқы   қауымдық  қоғамның  жоғарғы  топтарына   тəуелділікті сезінумен,  белгілі   бір  əрекет   түрлерінің   əділдігін   түсінумен  жəне т. б .  байланыстырады.  Психологиялық   теорияның   өкілдерінің   қата -рынан  Л . Петражицкий   мен  Г. Тардты  атауға   болады.  

6. Органикалық   теория .  Бұл  теорияның   өкілдері  Г. Спенсер, Вормс ,  Х. Прейс  мемлекетті   ағза   ретінде  түсіндіреді .  Оның  бө-ліктері   арасындағы  тұрақты   байланыстар  тірі   ағзаның  бөліктері  арасындағы  байланысқа  теңестіріледі ,  яғни ,  мемлекет – биология -лық   дамудың   бір  түрі   ретінде  көрініс  табатын   əлеуметтік   даму өнімі.  Биологиялық   ағзаның  бір  түрі   ретінде  мемлекеттің  өз   миы  (басшы )   мен  оның  шешімдерін  жүзеге   асыру   құралдары  ( халық ) болады.

7. Ирригациялық  теорияға   сəйкес   мемлекеттердің   алғашқы   қа -наушы   нысандарының  пайда  болуы   шығыстық  аграрлық   аймақ -тардағы  ірі  ирригациялық  құрылыстарды  жүргізу  қажеттігімен  байланысты.  Бұл  теория   қазіргі   кездегі   неміс  ғалымы  К .- А. Вит-тфогельдің   еңбектерінен   айрықша   көрініс  тапқан .  

8. Материалистік  теория  – мемлекеттің  пайда  болуын  əлеумет-тік-экономикалық  факторлармен,  яғни ,  жеке  меншіктің  пайда болуымен  жəне  қоғамның  таптарға   бөлінумен,  байланыстырады. Бұл  теорияның   өкілдері –  К . Маркс,  Ф. Энгельс,  В . И. Ленин  –мемлекет  бір таптың  екінші   таптың үстінен үстемдігін  сақтау   жəне бекіту ,  қоғамның  біртұтас   ағза   ретінде  өмір   сүруі  мен  қызмет етуін  қамтамасыз ету  мақсаттарында  пайда  болған   деп  санайды .

32. Құқық   əлеу -меттік   институт   ретінде  мемлекетпен  бірге  пайда  болады,  себебі , көп   жағдайда   олар   бір-бірінің   тиімділігін   қамтамасыз  етуге  бағыт-талған .  Мемлекеттің  құқықсыз  өмір   сүре   алмайтыны   секілді ,  құ -қық   та   мемлекетсіз  өмір   сүре   алмайды :  құқық   мемлекеттегі  саяси билікті  ұйымдастырса,  мемлекет  заң  нормаларын  орнықтырады , қолданады   жəне оларға   кепілдік   береді . Құқықтың  пайда болуы  –  əлеуметтік  байланыстардың  күрделенуінің,  қоғамдағы  қарама -қайшылықтардың   таралуын  əлеуметтік   нормалардың   реттей  алмауының   салдары .

Құқықтық нормалар  негізгі   үш  жолмен қалыптасты:

1) мононормалардың  ( алғашқы   қауымдық  əдет -ғұрыптардың ) əдет   құқығының   нормаларына   айналуы   жəне  осыған  байланысты оларды  мемлекеттің  санкциялауы ; (Алғашқы  қауындық əдет-ғұрыптық  нормаларды мемлекетпен  санкциялау  жəне оларды əдет құқығының  нормаларына  айналдыру ,  оларды мемлекет тарапынан  қорғау)

2) құқық   нормаларынан  құралған   арнайы  құжаттарды – норма -тивтік   актілерді  – шығарудан   көрініс  тапқан   мемлекеттің  құқық -шығармашылық   қызметі; (Мемлекеттік   құқықтық нормалардан  тұратын жаңа нормативтік  актілерді  шығаруы)

3)  сот  жəне  əкімшілік  органдарымен  қабылданатын  нақты  шешімдерден   құралған   жəне  басқа  да   ұқсас  істерді   шешуде  үлгілік  сипатты   иеленетін   прецеденттік   құқық . (Заңдық прецедент  ( нақты  бір іс  бойынша  соттық  немесе  əкімшілік  шешім ), оған  мемлекет ұқсас істер  бойынша  заңдық  міндетті күш  береді  )

34. Егемендік - (фр. souverainete - жоғарғы билік) - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. Бұл  мемлекетке   тəн   өз   аумағындағы   үстемдік   пен халықаралық   қатынастардағы   тəуелсіздік . 

35. Мемлекет билігінің үстемдігі ????

36. Құқықтық мемлекет (26) Оның негізгі белгілері: Құқықтық мемлекеттің белгі-нышандары:

1.      Заңның үстемдік етуі.

2.      Мемлекеттік биліктің бөлінуі.

3.      Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы.

4.      Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.                                                             

5.      Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы.

6.      Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

7.      Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі.

37. Мемлекеттегі билікті бөлудің мәселесі???

Биліктің   үш  түрі   бар:  заң  шығарушы  билік,  атқарушы  билік  жəне сот  билігі .

38. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі элементтеріне парламенттік импичмент, Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру, Президенттің парламентті таратып жіберу құқығы, Үкіметті және оның мүшелерін орнынан босатуы жатады.

39. Мемлекет  функция -лары –  бұл  мемлекеттің  қызметінің   негізгі   бағыттары ,  олардан мемлекеттің  мəні   мен  мақсаты  көрініс  табады. Мемлекеттің  ішкі   функциялары  – оның  алдында   тұрған   ішкі  міндеттерді   шешудегі  қызметінің   негізгі   бағыттары .  Ішкі   функ-цияларға   мыналар   жатады:  адам  жəне  азамат   құқықтары   мен  бос-тандықтарын   қорғау ,  құқықтық  тəртіпті  қамтамасыз  ету  функция -сы,  экономикалық  функция ,  салық   салу   функциясы ,  əлеуметтік  қорғау   функциясы ,  экологиялық   функция   жəне мəдени  функция .  

Мемлекеттің  сыртқы  функциялары  –  оның  алдында   тұрған  сыртқы  міндеттерді   шешуге  байланысты  қызметінің   негізгі   бағыт-тары.  Сыртқы  функцияларға   мыналар   жатады:  мемлекетті   қорғау  функциясы ,  бейбіт   тəртіпті  сақтау   функциясы ,  басқа  мемлекеттер-мен одақтасу   функциясы  жəне  т. б .

40. (11)

41. Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауап-тылық негізі, жаза жүйелерін, жазаңы тағайындаудың тәртібі мен шарттарын,  сондай-ақ  қылмыстық жауаптылықтан  және  жазадан  босатуды белгілейтін заңдылық  нормалардың  жиынтығы болып  табылады.

Қылмыстық құкық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандақтарын,  қоғамды және  мемлекетті  қылмыстық  қол  сұғушылықтан қорғауға бағытталған  қоғамдық қатынастарды  реттейді.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мыныдай ерекшеліктері бар:

·  Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Ал бұндай ретте қылмыстық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмыс істегені үшін оларға шара қолданатын мемелекеттің құқық қоғау органдары болады.

·  Белгілі бір әрекеті немесе әрекетсіщдікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға және адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс-әрекетке тиым салып, оны бұзғанұ үшін қылмыстық жауапқа және жаза тартатын нормаларды белгілеу мемлекеттің құзіреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды реттеу  қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.

42. Қылмыстық құқықтың қорғаудың пәні????

43. Қылмыстық заңнаманың мақсаттары???

1. Адам     мен     азаматтың    құқықтарын,     бостандыктары мен заңды мүдделерін,  қоғамдық  тәртіп пен қауіпсіздікті,    қоршаған    ортаны,    Қазақстан    Республи-касының    Конституциялық    құрылысы    мен    аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің  заңмен қорғалатын мүдделерін     қылмыстық    қол     сұғушылықтан    қорғау,  сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

2. Бұл     міндеттерді    жүзеге     асыру     үшін     осы кодексте қылмыстық жауаптылык  негіздері  белгіленеді, жеке  адам,  коғам  немесе  мемлекет  үшін қауіпті  қандайәрекеттер    қылмыс    болып    табылатыны    айқындалады, оларды жасағаны үшін  жазалар  мен өзге де  қылмыстық  ықпал  ету  шаралары белгіленеді делінген.

Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік  міндеттерін  тек  қана белгілі  бір  қылмыстық-құқықтық  принциптерін сақтау арқылы жүзеге асырады.

Бул  принциптерге: заңдылык  кағидасы,  азаматтардың заң  алдында  теңдігі, жауаптылықтан кұтылмайтындық принципі, жеке жауаптылық кағидасы, әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздік презумпциясы және т. б. жатады.

44. Қылмыстық құқықтың қайнар көздері:  ҚР Конституциясы, Қылмыстық құқық кодексі, Құрамында қылмыстық құқықтық нормалары бар нормативтік актілер

45.  Қылмыстық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуінің әдістері???

46. Қылмыстық заң— Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.

47. Қылмыстық заңның керi күшi

1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.

3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.

48. Қылмыстық заңның кеңістікте, мерзімде, тұлғаларға әрекеті.???

49,50,51.Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекшебөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет. Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотезадиспозиция және санкция.

  1.  '''Гипотеза''' қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлі мге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

2. '''Диспозиция''' — нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:

  1.  Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттін атын ғана атап, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адамды ұрлау", 261-бабындағы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кендіру ", 389-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту".
  2.  Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ, нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы "Ұрлық", 120-бабындағы "Зорлау ", 237-бабындағы "Бандитизм".
  3.  Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы "Еңбекті корғау ережелерін бұзу", ҚК-тің 284-бабы "Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы".
  4.  Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды. Мысалы, ҚК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу".

3. '''Санкция''' — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама (альтернативные).

  1.  Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі "Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі"Баланы ауыстыру", және т. б. баптар бола алады.

Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ен төменгі шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас бостандығынан айыру болса — 6 ай, бас бостандығын шектеу болса — 1 жыл, қамауға — 1 ай, айыппұлға — Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-бабы "Жалдамалылық", 181-бабының екінші бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты баптарының санкцияларын жатқызуға болады.

  1.  Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияның бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұкият ойластырылған. Оларды қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудың нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.

52. Қылмыстық жауаптылық дегеніміз — қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекетті жасаған адамға арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданатын, қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстық құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шараларды өтеу міндетін жүктеуді түсіну қажет.

Бұл анықтамадан  қылмыстық жауаптылықтың негізгі белгілерін ашып көрсетуге болады:

1. Қылмыстық жауаптылықтың басталу сәті болып қылмыс құрамының белгілерін құрайтын әрекет жасалған уақыт танылады.

2. Қылмыстық жауаптылық кінәлі адам үшін жағымсыз салдарды өтеу міндеті жүктелгендігін білдіреді. Яғни, қылмыстық әрекет — себеп болса, қылмыстық жауаптылық — салдар.

53,54,55,56.   Қылмыстың құрамы деп – қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретіне қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Ондай белгілер төрт топқа бөлінеді:1)қылмыстың  объектісі;  2)  қылмыстың объективтік  жағы;  3) қылмыстың субъектісі; 4) қылмыстың субъективтік жағы.

1.    Қылмыстың   объектісі   -  қылмыскердің   қиянат жасайтын  және де   қылмыстық  заңдармен корғалатын коғамдык    қатынастар.    Олар    мыналар    болуы    мүмкін:саяси  және экономикалық  қүрылымдар,  меншік,  адам  және  оның  құқықтары  мен бостандықтары,  құқықтық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.

2.    Қылмыстың  объективтік  жағы - ол  қылмыстың сыртқы  көрінісіне жататын белгісі: қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі; әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже; әрекет  пен  әрекетсіздік  және  қоғамға  қауіпті нәтиже  арасындағы  себепті байланыс.

3.      Қылмыстың  субъектісі  -  ол  қылмыс  жасаған уақытта есі дұрыс және 16  жасқа толған  адам.  Кейбір ауыр қылмыстар үшін  (кісі өлтіру, зорлау,  адам ұрлау, кісі   тонау,   корқытып   тартып   алу  т.   б.)   қылмыстық жауаптылықка адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дүрыс  емес  күйде  болған,  яғни созылмалы  психикалық  ауруы,  психикасының уакытша бұзылуы,  кемақылдылығы  салдарынан  өзінін  іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты  мен  қоғамдық  қауіптілігін  ұғына  алмаған  немесе  оған  ие  бола  алмаған адам қылмыстық  жауапқа  тартылмайды.  Бұларға  медициналық  сипаттағы мәжбүрлеу  шаралары  қолданылуы мүмкін.  Алкогольді  ішімдікті,  есірткі  заттарды немесе басқа да есенгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасалған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

4. Қылмыстың субъективтік жағы - бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы.  Қылмыстың  сыртқы  жағын  бейнелейтін объективтік  жаққа  қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Қылмыстың  субъективтік  жағынан мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға  қауіпті  іс-әрекет  жасаған  адамның жан-дүниесінде  орын  алған  ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

57. Қылмыстық-құқықтық тәжірибеде құқыққа қайшы әрекеттің белгілі бір жағдайларда қоғамға қауіптілігі мен кінәлілігін жоққа шығаратын және адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын жағдайлары аз кездеспейді.

Мұндай мән-жайларға жататындар:

  1.  Қажетті қорғану;
  2.  қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;
  3.  жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;
  4.  аса қажеттілік;
  5.  орынды тәуекел ету;
  6.  күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;
  7.  бұйрықты немесе өкімді орындау.

Мұндай мән-жайлар қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған қоғамдық-пайдалы және мақсатқа сай әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады.

58. Қылмыс  істеу  сатылары. Қылмысты  істеу  сатылары деп  касақана  істелетін қылмысқа  дайындалу,  оқталудан біткенге  дейінгі  өтетін  кезеңдерді  айтамыз. Қасақаналықпен  істелетін  қылмыста  бірнеше  саты  болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау. *** Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды.

Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп бағалы заттарды алады). Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: (мысалы, ұрлық). Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау), немесе қылмыстың өзін жасауға кіріседі (мысалы, дайындалған кілттермен пәтер есігін ашады, бірақ сигнал беру жүйесініңқосылғанын білмейді). Бұл екі жағдайда да қылмыс аяқталмай қалады. Осы әрекеттердің барлығы қылмыс жасау сатылары деп аталады.

Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяқталған қылмыс.

Қылмысқа дайындалу — бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдлйлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу, немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.

Дайындау — бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.

Бейімдеу — заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).

Бірге қылмыс жасаушыларды іздеу басқа адамдармен танысу немесе таныстықтарын жалғастыру, оларды нақты қылмыс жасауға итермелеу, әрқайсысының рөлін талқылау және т.б. тұрады. Іздеу тәсілдері ретінде уәделесу, қорқыту, бірге баюға уәде беру, бопсалау қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасауға сөз байласу, қылмыстық жауапкершілік жасына толған екі немесе одан да көп адамдардың бірге қылмыс жасауға сөз байласуларын көздейді. Қылмыс жасау үшін басқа да шарт-жағдайлар жасау әр түрлі әрекеттерден көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер ойға алған қылмыстың жоспарын жасаудан, пәтер иелерінін кету, келу уақытын аныктаудан, белгі беру жүйесінің бар жоқтығын білуден және т.б. сипатталады. Мұндай әрекеттерді шамалап, тізімін беру мүмкін емес.

Субъективтік жағынан қылмысқа дайындалу тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмысқа қылмыс нәтижесің тілемей дайындалуға болмайды. Қылмысқа оқталу деп — адамның еркінен тыс мән жайларға байланысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.

Қастандық қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерден тұрады, ол адамның қылмыстық нақты құрамының объективтік жағын орындай бастағанын немесе орындап болғанын білдіреді. Адам өлтіруге қастандық жасағанда, мысалы, адам жәбірленушіге оқ атуға оқталады немесе атқанымен мүлт кетеді, ұрлық жасағанда құлыпты бұза бастайды. Көпшілік жағдайда қастандық әрекет жолымен жасалады (соққы беру, у беру, оқ ату және т.б.) Жеке жағдайларда қастандық әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін (мысалы, анасы жаңа туған баласын өлтіру үшін, оған емшек сүтін бермей қояды).

Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Ал басқа қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын құрайды).

Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып есептеледі).

59. Қылмыс — бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатері мен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет — қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

  1.  Қылмыс әрқашан іс-қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
    Әрекет — бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
  2.  Қылмыс — бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
  3.  Қылмыс — әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық—бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
  4.  Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
  5.  Жазалалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

60,61. Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.

Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Жазаның белгілері: мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана  белгіленеді;мемлекеттік  күштеу  шарасы ретіндегі  қылмыстық  жазаңы мемлекет  атынан  тек  қана  сот тағайындайды; заңда   көрсетілген   тәртіппен   сотталған   адамды жазадан босату,   сондай-ақ  тағайындалған   қылмыстық жазаңы  жеңілдету  тагы  да  сот арқылы  жүзеге  асырылады; қылмыстық    жаза    жария    түрде    ашыктан-ашық тағайындалады;мемлекеттік күштеу шаралары ретінде кыл-мыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс жасаган кінәлі адамға қолданылуы мүмкін.

Жазаңың  мақсаты  әлеуметтік  әділдікті  қалпына келтіру,  сондай-ақ сотталған  адамның  да,  басқа адамдардың  да  жаңа  қылмыстар  жасауынан сақтандыру болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.

Қылмыстық  заңнын  өзінде  барльщ  соттар  үшін міндетті  болып табылатын  жекелеген  жазаларды қолданудың  шарты,  шегі  және  тәртібі белгіленген. Мұның  өзі  республика  аумағында  қылмысқа  қарсы  күрес саласында біркелкі жазалау қызметіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1.             Сотталған  адамға  келтірілетін  бас  бостандығынан айырудың  мәніне қарай жазаңың түрлері мынандай топтарға бөлінеді:  сотталған    адамға    моральдық    жағынан    әсер  ететін     жаза    түрлері.     Бұған    жататындар:     қоғамдық жұмыстарға  тарту;   арнаулы,   әскери   немесе   құрметті атағынан,   сыныптық   шенінен,    дипломатиялық    дәрежесінен,      біліктілік     сыны-бынан    және     мемлекеттік наградадан айыру.

2.             Сотталған     адамның     құқығына     шек     қоюмен байланысты  жаза түрлері:   белгілі  бір  лауазым аткару немесе   белгілі   бір  қызметпен   шүғылдану  қүқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.

3.             Сотталған   адамды   материалдық   жағынан   айыруға  байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппүл, мүлікті тәркілеу.

4.             Сотталған     адамның     қүқығынан     немссе     бас бостандығынан айыруға  байланысты  жаза  түрлері: өлім жазасы,   бас   бостандығынан   айыру,   қамау,   тәртіптікәскери бөлімде ұстау. Бұлардан  басқа  жазаларды негізгі,  қосымша деп топтауға  болады.  Негізгі жазалар  дегеніміз  заң  бойынша жеке-дара  жаза  ретінде,  жазаңың  мақсатын  жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз (39 бап, 1 бөлігі).

Негізгі жазалар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен  айналысу  құқығынан  айыру,  коғамдық  жұмыстарға  тарту, түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы.

Қосымша  жазалар негізгі  жазаға  қосылып  тағайындалады  және  жазаңың мақсатын  жүзеге  асыруда  көмекші  рөль  атқарады. Қосымша жазалар: арнаулы әскери  атағынан,сьныптық  шенінен,  дипломатиялық  дәрежесінен,  біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; мүлкін тәркілеу.

Айыппұл заңда көзделген шекте айлық есептік көрсеткіштің (сол мерзімге) немесе белгілі бір табысының мөлшерінде ақша өндіріп алу.

Белгілі  бір  лауазымды  атқару  немесе  белгілі  бір қызметпен  айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуына тыйым салудан тұрады.

Қоғамдық  жұмыстарға  тарту деп  жергілікті  өкімет органдары  белгілеген жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуін айтады,

Түзеу жұмыстары соталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде көрсетілген  мерзімде  оның ай  сайынғы  табысының  бір  бөлігін  мемлекет пайдасына үстауды білдіретін жазаңың бір түрі болып табылады.

Бас  бостандығын  шектеу сотталған  адамды қоғамнан  оқшауламай арнаулы мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге, оны кадағалауды жүзеге асыру жағдайында, ұстаудан тұрады.

Бас  бостандығынан  айыру дегеніміз  сотталған адамды  сот  белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Бас бостандығынан  айрылғанда сотталған  адамның  күқылык жағдайы  елеулі  шектеуге  түседі,  ол қоғамнан оқшауланады,  өз  қалауы  бойынша  еңбек  қызметін атқаруға  шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануына тежеу салынады, т. б.

Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан 15 жылға, не ауыр қылмыстар үшін -жиырма жылға дейін, не өмір бойына белгіленеді.

Өлім жазасы - жазаңың ең ауыр, ерекше түрі болып табылады. Өлім  жазасы -  ату  жазасы  адамның  өміріне  қол сұғатын  ерекше  ауыр қылмыстар  үшін,  сондай-ақ  соғыс кезінде  немесе  ұрыс  жағдайында  мемлекеттік сатқыыдык, бейбітшілікке және адамзаттык қауіпсіздікке қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретіңде қолданылуы мүмкін.

Өлім жазасы  әйелдерге,  18  жасқа  толмағандарға  және  65-тен асқан  еркектерге қолданылмайды.

Мүлікті тәркілеу - сотталған адампың меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігіи мемлекеттік меншікке ықтиярсыз түрде тегін алу болып табылады.

Қазақстан  Республикасының  Қылмыс  кодексінде кәмелетке  толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген. Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттілік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмагандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыкка алуының көрІнісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сойкес "Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаган кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады", яғни қылмыстық жауаптылыкқа тартылатын еңтөменгі жас 14-ке толу.

Кәмелетке  толмағандардың  психикалық  жағдайы  мен жас  ерекшеліктеріне байланысты  оларға  тағайындалатын  жаза  түрлері  де  ересектерге  қарағанда  жеңіл болып белгіленген.

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері; айыппұл; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; коғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; қамау; бас бостандығынан айыру болып табылады.

62. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;

в) жүктiлiк;

г) айыпкердiң жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;

з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.

63. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;

д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;

з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;

л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;

м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;

н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;

п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

64. Азаматтық құқық- субъектілер арасындағы теңдік, еркіндік, дербестік қағидалары негізінде орын алатын мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Азаматтық құқықтың қағидаларына:

  1.  тараптардың теңдігі;
  2.  шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
  3.  еркіндік;
  4.  тәуелсіздік;
  5.  меншікке қолсұқпаушылық;
  6.  біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
  7.  азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
  8.  бұзылған құқытарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
  9.  азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.

Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

65. Азаматтық құқықтың қайнар көздрері:

-ҚР Конституциясы

-Құрамында азаматтық құқықтық нормалары бар нормативтік құқықтық актілер

66. Азаматтық құқык нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы катынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құкық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Кұқық қатынастарына катысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер).

Жеке тұлға- белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам.

Заңды тұлға- заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б.

Құқық қабілеттілік-құқықты иелену мен заңдық міндеттерді иелену қабілеттілігі.

Әрекет қабілеттілік- Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық ұқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

67.Мәміле-субъектілердің азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе толықтыруға бағытталған әрекеттері. Мәміле адамның еркіне байланысты болады. Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Келісімшарт-екі немесе одан да көп тараптардың нақты бір іс-әрекет жасау үшін немесе өз құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге және толықтыруға байланысты келісімге келуі.

Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:

  1.  мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;
  2.  әр тарап Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет;
  3.  мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек;
  4.  мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемл. тіркеуден өтуі қажет.

Мәмiленiң нысаны

1. Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

2. Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады.

3. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады.

4. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.

5. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.

68. Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады.

Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.

1.Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.

2. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

*Талап қою мерзiмiнiң өтуi:

1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтiн күш) кедергi жасаса;

2) мiндеттемелердiң бұл түрiн орындау Қазақстан Республикасы Президентiнiң жариялауымен кейiнге қалдырылуына байланысты (мораторий):

3) егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшiрiлген әскери бөлiмшелер құрамында болса;

4) егер әрекет қабiлеттiгi жоқ адамның заңды өкiлi болмаса;

5) тиiстi қатынасты реттейтiн заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.

Талап қою мерзiмiн қалпына келтiру (Қайталау????)

1. Ерекше жағдайларда, талапкердiң жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсiз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиiс. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кету себептерi орынды болып, егер ол талап мерзiмiнiң соңғы алты ай iшiнде орын алған болса, ал егер бұл мерзiм алты айға тең немесе алты айдан аз болса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде танылады.

2. Белгiлi бiр iс бойынша сот шешiмiн орындаудан бас тартылуына байланысты заң құжаттарына сәйкес талапкердiң тап сол iс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда болған ретте талап қою мерзiмi қалпына келтiрiледi және қайтадан өте бастайды.

69. (тетрадь) Еңбек құқығы-азаматтардың еңбек етуіне байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. 
Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мəні мынада: ?????

1) олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларыныңбасты мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңанамасының мəнін жəне оның экономикамен, саясатпен, қоғамдық моральмен байланысын түсінуге көмек береді;

2) еңбек заңнамасының одан əрі дамуына, жетілуіне бағыт береді;

3) еңбек құқығының нормаларын қолдануға көмек береді, себебі, қандай да бір күмəн туған жағдайда тиісті негізгі қағиданы басшылыққа алуға болады;

4) жекелеген нормаларды еңбек құқығының жүйесіне біріктіруге, оларды осы құқық саласының жекелеген институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік береді;

5) еңбек құқығы субъетілерінің жағдайын, құқықтық мəртебесін анықтайды, олардың еңбекке қатысты негізгі құқықтары мен міндеттерінжəне олардың кепілдіктерін көрсетеді.

??? Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi: 

1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу; 

2) еңбек бостандығы; 

3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу; 

4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; 

5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы; 

6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; 

7) тынығу құқығын қамтамасыз ету; 

8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi; 

9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету; 

10) әлеуметтiк әрiптестiк; 

11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу; 

12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

70. Еңбек шарты. Еңбек шартының мерзімі. (тетрадь)

71. Еңбек Тәртібі– қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория. Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады.

72. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (мерзімі)

1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс.  

2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшiн төленетiндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуi мүмкiн.

**1. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы.  

 2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы  

3. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы  

Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы

 1. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиiс.    

2. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиiс.

 3. Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзiлiстер уақыты жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртiптемесi ережелерiмен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгiленедi.

4. Өнер және мәдени демалыс кәсiптiк ұйымдарының шығармашылық қызметкерлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi, спортшылар, жаттықтырушылар үшiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушiнiң актiлерiне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгiленуi мүмкiн.

Демалыс күндерi

1. Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндерi берiледi.  

2. Бес күндiк жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екi демалыс күнi, ал алты күндiк жұмыс аптасында - бiр күн берiледi.   

3. Бес күндiк және алты күндiк жұмыс аптасында жексенбi жалпы демалыс күнi болып табылады. Бес күндiк жұмыс аптасындағы екiншi демалыс күнi жұмыс берушiнiң актiсiнде немесе ауысым кестесiнде белгiленедi. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгiленбесе, екi демалыс күнi қатар берiледi.   

4. Мұсылман күнтiзбесi бойынша атап өтiлетiн Құрбан айттың бiрiншi күнi, 7 қаңтар - православиелiк Рождество демалыс күндерi болып табылады.   

5. Үздiксiз өндiрiстерде немесе өндiрiстiк-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздiксiз қызмет ету қажеттiгi салдарынан демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын өндiрiстерде iстейтiн қызметкерлерге демалыс күндерi жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып қабылданған актiлерiнде бекiтiлген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның әр күндерi кезекпен берiледi.   

6. Iссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерiн өзi жiберiлген жұмыс берушiнiң еңбек тәртiптемесiне сәйкес пайдаланады.

Демалыс түрлерi

1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлерi:  

1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;

2) әлеуметтiк демалыстар берiледi.

 2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердiң тынығуына, жұмыс қабiлетiн қалпына келтiруiне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердiң өзге де жеке қажеттiктерiне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.   

2-1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мынадай түрлерi берiледi:

1) жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы;

2) ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы.

 3. Әлеуметтiк демалыс деп ана болуға, балалардың күтiмiне, өндiрiстен қол үзбей бiлiм алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтiк мақсаттар үшiн қызметкердi белгiлi бiр кезеңге жұмыстан босату түсiнiледi.

 4. Қызметкерлерге әлеуметтiк демалыстардың мынадай түрлерi:

1) жалақы сақталмайтын демалыс;

2) оқу демалысы;

3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар берiледi.

73. Конституциялық құқық дегеніміз қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін, мемлекет нысанын айқындайтын маңызды құқық органдарының жиынтығы.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Конституциялық құқық қағидалары????

74. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

75. ҚР да саяси жүйе мен саяси режим ???




1. Введение в политологию
2. .2009 N 276ФЗ от 10
3. Young leders for Europe trining course ims to trin youth workers nd youth leders in fcilitting interntionl nd interculturl youth encounters
4. тематик и физик а не только самобытных культур
5. Измерительная цепь служит для преобразования измеряемой величины в другую непосредственно воздействую
6. Психологическая характеристика физических качеств 5 Глава 2
7. тематизированных знаний это- 1Непрерывное образование 2Образование 3Первичное обучение 4Втори
8. Ден. оборот его сущть и принципы оргции
9.  В клетках растений и водорослей этот пигмент выполняет две важные функции- поглощает ультрафиолет энергию
10. тематичних наук Київ ~ Дисертацією є рукопис Робота виконана в К
11. Распределение Стъюдента и его использование при построении доверительных интервалов СОДЕРЖАНИЕ ВВЕ
12. Формирование понятия культура на уроке японского языка
13. IОбщая характеристика Приморского районного суда г
14. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата філософських наук Київ ~
15. кабин и оперения являются коррозионные повреждения механические повреждения вмятины обломы разр
16. исследовательское движение в нашей школе зародилось в1995 году когда было создано научное общество учащихся
17. 20г
18. Расчет насосной установки для трубопровода
19. тема спартанского и Афинского воспитания3
20. на тему- Социальная организация.