Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~аза~станны~ ~лемдегі б~секеге ~абілетті 50 елді~ ~атарына кіру стратегиясы ~аза~стан хал~ына жолдауы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.6.2024

1.»Қазақстан тарихы»  пәнінің міндеті мен мақсаты.

Тарих халықтың зердесі.Өткеніміз бен бүгініміздің, тапқанымыз бен жоғалтқанымыздың тағлымын түйіндеуіміз керек.Соңғы жылдары қоғамдағы өзгерістермен бірге тарих ғылымында да маңызды бетбұрыстар болып жатыр.Қазақстан тарихының Еуразия халықтары тарихы мен дүниежүзі тарихын оқытудағы маңызы.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауы. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына жолдауы.

2.»Жеті жарғы» заңы және оның тарихи маңызы.

Жеті жарғы ең алдымен неге жеті жарғы аталу себебі сол кездегі қазақтардың салт дәстүрін  іші өміріндегі ішкі дүн мем көзқарасымен байланысты.Дана бабаларымыз сол замандағы қазақ тірлігін елеп,екінші келе басты 7 әлеуметтік экономикалық саласын заңдастырып қоғам тәртібін жаңаша құқылық негізінде реттеген.Соған байланысты  7 жарғыда  7 тараудан тұратын негізгі заң жинағы.Көшпелі қазақ үшін ең бірінші құны жер.Туған жер ата бабасының ізі қалған жер фәниден бақиға көшкендегі  мәңгілік мекен  жер дауын жеті жарғының 1 тарауында  заң жүзінде шешу мәселесі қарастырған.Екінші тарауда ОТБАСЫНА БАЙланысты  ошақ қасы туысқандық жүйелерін азаматтық пен бірліктің баста у алар ұясы мұнда әке мен баланың .келін мн ененің ,ата мен немеренің   жалпы үлкен мен кішінің силастығы қандай болуы керек..Ал өзінің ұлтын сүйетін  мем қорғай да басқара  білетін  ер болу үшін қызға қандай тәрбие бері керкек .осылардың бәрі.Содан болар елдің ат заңында отбасы деп аталатын 9 тарауында бұл мәселе жеті жарғының 2 тарауында қамтылған.ҮШІНШІ ТАРАУДА ЕЛ БІРлігін сақтау отан қорғау жасақ құру сияқты ірі-ірі мәселелер қарастырылды..Мәселен басқыншылық  жағдайда сауын айту әскер құру тәртібінде қазақтар қасқа жол заманынан бергі заңды ұстанған.бабаларымыз заманымызға ел шетіне жау атаның тұяғ ы тигенде бар қазақ бір кісідей тас түйін болып сол жерде табылған.Төртінші тарауда ел мен елдің ру мен мрудың арасында дау  дамайды реттеу тәртібі заңдылығы айтылады.Бесінші тарауда ұрлық пен зорлық барымтаға байланысты.Ұрлық зомбылық  елдің бірлігіне ынтымақтастық тірлігін үлкен зиян келтіретін болғандықтан бұл ережелер онымен күресу алдын алу шаралары ұйымдастыру қандаай жаза кесу туралы осы тарауда егжей тегжей қарастырылған.Алтыншы тарау құн дауы.жетінші тарау жесір дауы.Бұл екі дау ел арасында бүлік  тудырып бас жардырып кош шығ әрекет бастайтын күрлелі тарау .Жеті жарғы туралы әңгімелерімізді былай қортындылаймыз.Әз Тәуке кезінде қазақ мем букіл  тұрмыс тіршілігі букіл айтып отырған құқықтың мем басты белгісі заңға бағындырылғаны байқалады.ОСЫ ТҰСТА мем т институттар хан кенесі мен билер кенесі ел баскару жүйеге қалапты жагдай баскар тізгіндерін өз қолында тең ұқстаған ел басқару жүйелері мен қоғам тәртіптерінің негізін заңдастырып правалық жолмен шешті бабаларымызмұсылман діні қағидаларын шебер ұйымдастырып отбасы мен неке туралы баптарды ұштастыра білгіш Үлы бабалар парасаттылығының көрегенділігінің айнасы іспеті.Жеті  Жаргы қазақ халқының болмысымен сабақтасып жатыр

3.Егеменді даму жағдайындағы Қазақстан.

Егеменді даму жағджайындағы Қазақстан 1990ж жазына қарайғы кезеңдегі саяси оқиғалар тағы сол КСРО ның тағдырына қатысты өрбіп жатты.20 шілдеде Қаз КОМ Партиясы орталық комитетеінің кеңейтілген 4-пленумы болды.бұған пленумға мүше еместерде –облыс басшылары ,министірлер кабинетінің мүшелері,депудпттар кәсіподақ пен камсамолұйымдарын жетекшілері шаөқырылды.1- хатшы Н.Назарбаев ҚАЗ КОМ партиясы ор комитетінің одақтық шарт жобасы жөніндегі айқындамасы туралы баяндам жасады.Тарихта тамыз бүлігі деп аталған бұл акцияны ұйымдастырушылар  өздерін(кенес басшылығы)деп атап алдарына керегесі босап  шаңырағы шайқалғ ан КСРО –ны қалпына келтіруді максат етіп қойгандарын малімдеді.Төтенше жағдайларнтжөнінднгі мемл комитет дегеннің мемл төңкеріс жасауға бағытталған қадамы КСРО – ның басқа өңірлер сияқты егемсендікке бет алған Қазақстанда да үлкен абыржушылық туғызды.1991 жылы 19 тамызда Президент Н.Назарбаев республикалық теледидар арқылы Қаз.халқына арнап сөз сөйледі.Компартияның кейбір жоғары лауазымды шенеуніктері басқарған және оның орт.ком – ң хатшылығы қолдаған мемл.төңкеріс әрекетінің сәтсідзікке ұшырауц КОКП – ның күйреуіне әкеп соқты.1991ж тамыздың 21  Назарбаев КОКП орт.ком-і саяси бюросының құрамына шығатыны жөнінде мәлімдеді.

4.Тас дәуірінің кезеңдері.Қазақ жеріндегі полелит дәуірінің ескерткіштері.

Тас дәуірі палеолит дәуірі (бзб 2млн 500мың – 12мыңж).Палеолит дәу жататын 5000 атстам қашау мен үшкір еңбек құралодары ьабылған,табылған аймақ Жамбыл обл(БөріқазғанШабақтытұрақтары).Ерте тас ғасырының тұрақтары Шақпақ ата ,Маңғыстау түбегі,Арыстанды бұл тұрақтардан табылған құралдар Оолдувай  тұрағынан табылған ең көне құралдармен бірдей.Ерте палеолитте бзб 2млн500мың – 100 мың ,Орта палеолит бзб100мың – 40мың,Кейінгі пал бзб 40мың – 12мың.Кеінгі палеолитте туысқандық ұжым рулық қауым шықты.Әр руда бірнеше ондаған рулас адам боллды.Қауымда ортақ меншік болған.Рулық бірлестіктерді көсем басқарған.Бұдан 13мың ж бұрын Ру мен Тайпа қалыптасқан.6-7 мың ж бұрын рулық қауым ыдырап ақсүйектер пайда болған.Кеінгі пал.дәуірінің  ескерткіші Шульбинка тұрағы Шығыс Қаз.табылды.Кейінгі палеолитте Кроманьондық адам қалыптасты.Ерте палеолит дәуірінің ең көнк архелогиялық ескерткіші шақпақ ата тұрағы болды.Орта палеолит кезеңін МУСТЬЕР деп атады.Кейінгі пал.дәуірінің Орт.Қаз ескерткіштері Семізбұғы,Батпақ.

5.Қазақ жүздері: жүздердің территориясы,этникалық құрамы.

Қазақ жүздереінің мынандай ішкі  белгілері бар:А)Ішкі аймақтық тұтастықӘ)Этностық туыстықБ)Шаруашылық мәдени бірлікВ)Саяси басқару ортақтастығы.Қазақ жүздері 15-16ғас тайпалар одағы негізінде қалыптасты.Ұлы жүз тайпаларының негізгі тасралған айамақтары- Жетісу,Шу,Іле,Таалс өңірлері,Қаратау,Сырдарияның орта ағысы,19ғас аяғвнда Ұ Ж Т саны 7000 мыңдай боды.Ұлы жүз құрвмында Жалайыр,Албан,Суан,Дулат,САрыүйсін,Сіргелі,Ысты,Ошақты,Шапырашты,Шанышқалы және Қаңлы тайпалары енді.ОТ ж т алты атадан тұрады (6 арыс)Шығыс Қаз обл,Алтайдан Жоңғар алатауына дейін,аз бөлігі сырдаОрта жүз:Арғын,найман,Уақ,КУерей,Қоңырат,Қыпшақ тайпаларынан тұрды.Кіші ж т улкен үш тайпалар одағына жатады.Бүкіл Батыс Қаз мкеендеген.Кіші жүздің құрамына 12 ата Байұлы,Жетіру,Алты Ата Әлімұлы енді.Жүздің билуешісін хан деп атады.Жүзді билейтін хандар тек қана  хандар әулетәнен шыққандар болуы талап етілді.Басқа жолы заңсыздық деп танылды.Бұл хандар билігі өздеріне қарасты жүздерге ғана жүрді.Олардың билігіндегі жерлердің айқын шекарасы болмайды.Жүздердің пайда болу мәселесіне алғаш пікір қосқандардың бірі Ш.Уәлиханов,Бартольд болды.

6.Тәуелсіздіктің халықаралық ішкі және сыртқы факторлары.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ендігі жерде өз алдына дербес егеменді ел болып отырғаннан кейін, мемлекет болғандықтан ел ішінде және көршілес елдермен өз саясатын жүргізу қажет. Сол себепті Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап өзінің сыртқы шекаралары мен ішкі тұрақтылығын сақтау мақсатында ел ішінде ішкі саясатты және ел сыртында басқа елдермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзінің сыртқы саясатын жүргізе бастады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ел ішінде ішкі тұрақтылық пен ынтымақты берік ұстап отыру мақсатында сан түрлі бағыттарды қамтитын ішкі саясатын жемісті жүргізіп отыр. Сонымен қатар көршілес елдермен және басқа да шет елдермен өзінің барынша жақсы сыртқы саясатын жүргізіп отырған әлемнің белді державаларымен терезесін тең ұстап отырған мәртебесі биік елдердің қатарына еніп отыр. Республикамызда ішкі саясаттың халық пайдасына жүргізіліп отырғанын «Жол картасы-2009» бағдарламасынан көруге болатынын атап кетуге болады. Бұл бағдарламаның арқасында қазіргі дағдарыс жағдайында көптеген жөндеу мен реконструкциялауды қажет ететін жолдар,маңызы бар трассалар, электр және су, жылу желілері, мектептер мен ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары қайта қалпына келтірілген болатын. Болашақта Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.

7.Қазақстан қола дәуірінде.Андронов және Беғазы -Дәндәбай мәдениеттері.

Қола дәуірі(бзб 2800-бзб 900жыл)Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4мың ж бұрын,яғни бзб2мыңыншы жылдықта басталған.Бұл дәуірде Қазақстан даласын,Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас,өзіндік мәдениетібар тайпалар мекендеді.Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші-Оңт Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронова селосынан табылды.Сондықтан андррон мәдениеті деген атау алды(1914ж археолог А.Я.Тугаринов).Андрон мәд.аумағы:Орал(Жайық)-Енисей өзендері – Ьатыс Сібір – Памир тауы.Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар Ә.Марғұлан,К.А.Ақышев,А.Г.Максимова,С.С.Черников,А.М.Оразбаев.1927ж археолог М.П.Грязнов андрон мәдениетінің ескерткіштерін Бат.Қаз.тапты.1946ж ғалым Ә.Х.Марғұлан басшылығымен құрылған археологиялық экспедиция қола дәуірін жоспарлы зерттеуді бастады.Андрон тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген.Негізгі қоныстанған ауданы-Орталық Қазақстан.Бұл өңірден 30астам қоныс,150-дей оба зерттелді.Солтстік және Батыс Қазақстанда 80-нен аса қоныс зерттелді.Петровка,Боголюбов(Солт Қаз)қоныстары ор,дуалдармен қоршалған.Ең ежелгі қаласы – Арқайым(Қостанай мен Челябі облыстанның шекарасы).Андрондықтар еуропридтерге ұқсас.Академик В.П.Алексеев: «Олар мұрынды келген,бет сүйегі шығыңқы емес көздері лкен.Кескін – кейіпі ірі,дене құрылысы мығым,жігерлі,келбетті адамдар». Басты кәсіптері: 1Мал бағу(отырықшы,бақташылық,көшпелі.2Кетпенді-теселі егіншілік(бидай,арпа,тары еккен.)3Балық аулау.Егіншілік құралдары: диірмен,тесе,мыс пен қола орақтар.Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты – саз балшықтан ыдыс жасау.Көзе құмыралар жасау ісі кең тарады.Құмыраның бүйірі мен ернеуіне өрнекті әшекейлер салынған.Баспаналары:Жартылай жертөле.жер бетіне салнған үй.Жертөле қабырғасы жартылай таспен қаланып шегенделді.Төбесі жуан сырғауылдармен төртжаппа етіп жабылды.2Жер бетіне салынған үйдің қабырғасын бойлай әр жеріне жуан сырғайылдар орнатылып,арасына шетен тоқып,балшықпен сыланған.

8.Қасым хан, Есім хан, Тәуекел хандар басқарған дәуірдегі қазақ мемлекетінің саяси тарихы.

16ғ бас кезінде Жәнібек ханның ұлы Қасым таққа отырды.Керей ханнан кейін хан тағы  оның ұлы Бұрындық ханның үлесіне тиген еді.Бастапқы кезде Қасым сұлтан әкесінің жолын қуып,барлық істеБұырндық ханға бағынып,оның алдында бас иді.Алайда Бұрындық  (1480-1511)хан болып тұрса да,хандықты билеу Қасаымның қолында болды.Бұрындық пен Қасымның арасында билік үшін шиеленіскен күрес Қасым сұлтанның  жеңісімен аяқталады.Бұындық жеңіліп,елден кетті.1511 ж бастап Қасым хандық билікті қолына алды.Таққа отыра салысымен  ішкі қайшылықтарды-фкодал-ақсүйектердің наразылығын бәсеңдетіп,хандықты нығайтуға кірісті.Жер көлемін кеңейте түсуге бар күшін,ынта – жігерін аямай жұмсады.нәтижесінде қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы бұрынғыдан әлдеқайда нығая түсті.Қасым ханның ішкі саясаты Қазақ ханд шекарасыоңт Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы,Сырдария бойындағы қалаларды қосып алды.Шығыс Оңтүстікте  Жетісу жерінің басым бөлігі,Шу,Талас,Қаратал,Іле өзендерінің алабы қарады.Солтүстікте және Шығыс Солтүстікте  Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып,Қарқаралы тау тарамдарына  дейін детті.Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы Сығанақ болды.Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін ,Қазақ хандығаның астанасы Түркістан қаласы болды.Қасым хан түркістан қаласымнда отырып билік жүргізді.Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығаюы  және оның кушеюі мемлекеттің беделін арттырып,сыртқы саясат,дипломатиялық қарым-қатынас салаларында айтарлықтай табастарға қол жеткізді.Орта Азия хандарымен,Еділ бойындағы елдеомен,Батыс Сібір хандығымен,Ресеймеен сауда саттық және дипломатиялық байланыстар жасалды.Қасым х сыртқы саясаты Қасым х Қазақ хан билеп тұрған кезде моғолстанмен қарым қатынас дотық одақтық негізінде қалыптасты.Моғолстан хандарының жетісуға жүргізген билігі барған сайын әлсірей берді.Моғолстан билеушісі САИД ХАН шу бойында жайлауда жатқан Қасым х барып одан Шайбандықтарға қарсы күреске көмек беруін сұрады.Есім х ішкі саясаты тәуекел х кайтсы болған соң інісі ЕСім мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды.Есім х қазақ хан бір орталыққа бағынған мем етіп құруды мақсат етті.Есім х ішкі сыртқы саясатта да тәртіп орнатты. «Есім ханны ң ескі жолы»деген сөздің мәніде есім хан тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған.Әсіресе жаугершілік заманда елдің қроғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім х шын мәнінде мем тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.Шығай х баласы Тәуекел  1582-1598 арлығында билік етті.Тәуекел билік құрған кезден бастап оң өңірлердің есебінен  Қазақ хан іргесін кеңейтуді ойластырды. 1582 ж маусым айында Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының түбінде болған шешуші шайқаста баба сұлтан әскерлерін талқандап Баба сұлтанды өлтіріп Хақназар х мен Жалым сұлтанның кегін қайтарды.Тәуекелсұлтан Баба сұлтанның әскербасы әмірлерін және баласын тұтқынға алды.Тәуекел с бұл ісіне яғни оның қас жауын жойғанана қатты ризашылық білдіріп  Абдаллах хан САмарқан өлеесіндегі Африкент уәләятын сыиға тартты.1588 ж Абдаллах ханға және оның Ташкент өңірін билеуге қойған адамына  наразы болған халық  көтерілісібұрқ ете түсті.Бұл хабарды естіген қазақ сұлтандарыны көтерілісшілерге көмекке келді.Қазақ сұлтандарының бұл жолғы әрекетіде  еш нәтже бермеді.

9.Егеменді еліміздің саяси құрлымы.

Тәуелсіздік жылдары  Қазақстанның жаңа мемлекетін  және оның  саяси жүйесін қалыптастыру оңай болған жоқ.  Бұл үрдіс өте қайшылықты, тартысты, қателіктер мен қатерлер арқылы жүргенін ашық айту қажет. Қазақстан мемлекеті нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздің саяси басшылығы мен интеллектуалдық күштері алдында  аса күрделі міндеттер тұрды.

Сол тарихи да тағдырлы уақытта  дербес мемлекетті құру ісіндегі төтенше   жауапкершілікті өзіне алған Н. Назарбаев былай деп толғанады: «Қазіргі сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде, оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту… Ұлттық жаңару, мемлекеттікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса бермейді» Тәуелсіз Қазақстан  мемлекетінің қалыптасу  кезеңі бұрынғы КСРО аумағында саяси, әлеуметтік экономикалық мүдделер мен қатынастардың ерекше шиеленісуі үдерісімен қабаттаса жүрді. Әлеуметтік топтардың мүдделері мен қажеттерін бұрынғы саяси режим қанағаттандыра алмады. Оның ішіндегі ең өткір, шетін тұрғандары – азаматтардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын кеңейту, сөз бостандығы, ұлттар мен этностардың тіл, мәдениет саласындағы сұраныстарын мүмкіндігінше қанағаттандыру, азаматтардың қауіпсіздігін нығайтып, азаматтық татулық пен қоғамдық тәртіпті нығайту еді. Қазақстанның болашақ мемлекеттік дамуы туралы берік, сындарлы  тұжырымдама әлі қалыптаспаған еді.Ол кездегі еліміз алдында тұрған ең күрделі проблема  мемлекетті қалыптастыру еді.  Мемлекет – саяси жүйенің аумақтық, заңды,  жария, егемен, легитимді, құқықты,  жоғары деңгейде  институттанған, жалпыға бірдей әмбебап ұйымы. Ол  қоғамның  саяси жүйесінің бір бөлігі бола отырып, мақсатты, жария, ашық, заңды, ел мен халықтың  егемендігінің бірден бір көзі, субектісі  және егесі ретінде қызмет істейді. Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, ал ол сонымен бірге, оның  барлық кіші жүйелері мен салаларын қамтитын, біріктіретін, заңдар аясында олардың бүкіл қызмет-тіршілігін реттейтін,   олар үшін біртұтас, ажырамас және бөлінбес  ұйым болып табылады.  Ғылыми әдебиетте мемлекеттің негізгі аса маңызды, сөзсіз, қоғамдық қатынастар табиғаты мен мүдделеріне жауап беретін және тиімді мемлекет құру мүддесіне сәйкес келетін белгілеріне отандық және шетелдік зерттеушілер дәлелдеуі бойынша мыналар жатады: аумағының; азаматтығы бойынша біріккен халқының; белгілі ішкі және сыртқы функциялары анықталған, бұларда саралап, ауқымы мен міндеттерін  анықтаған, қоғамдық қатынастардың барлық саласын реттеуге қабілетті, қажетті адами,  материалдық және қаржылық ресурстарға ие тармақталған  басқару аппаратының болуы; халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасы; елдің егемендігін, тұтастығын,  қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армиясының, құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) болуы. Қазақстанда жиырма жылда осы аталған белгілер мен қасиеттерге сай келетін егемен, әлеуетті, әлем мойындаған және санасатын мемлекет қалыптасты. Ал елде қалыптасқан  мемлекеттік құрылыстың табиғаты, демократияның деңгейі оны саяси жүйесі қызметінен көрінеді.

Саяси жүйе сөздің кең мағынасында  –  белгілі бір қоғамдағы билік қатынастарының іс жүзінде анықталынып, қабылданып, орындалуының тұрақты формасы. Ол – елдегі бүкіл саяси өмір, саяси қатынастардың және саяси институттардың жиынтығы.

10.Қазақстандағы ежелгі көшпенділер дәуірі.

Көшпенділер дәуірі 3-12 ғ арлығын қамтиды.Көшпен мал шар  айнвалысқан.ДІНІ ТӘҢІРЛІК ДІН ҰСТАНҒАН.Сақ дәулет і бзб 7 ғ еңсе көтеріп бз 2 ғ дейін өмір сүргенДәулеттін іргесін қалаған аалып ер тұнға.Мекенлегенн тұрағы ОРТ АЗИЯ ,ШЫҒ ТҮРКІСТАН.Еж грек рим иран жазбаларында аң стильі деген атпен берілген.Сақ мұздай қаруланған жауынгерлерінен  парсы патшасы 1 Дарий жеңіліп,2 Кир басынан айырылған.Ғұн ұлысы б.з жыл санауымызға дейінгі 204 ж бой көтеріп б.з 216 ж дейін өмір сүрген.Іргесін қалаған Мөде батыр.Тәңірлік дінді ұстанған.сөйлеу,жазуы-түоік.Мекендеген тұрағы ор азия оны ішінде негізгі қазақ даласы.Өз кезінде 24 тайпалық одақтан құралған.Көшпенділер әлемін шыншыл қалпымен танып түсінуге кедергіі жасап қоймай ең өкініштісі жалпы адамзаттың тарихтың обективті  ақиқатын танып түсінуге кедергі келтірді.Сондықтанада біз бұлы дала тарихын тұтас объхективті тарих ретінде қарауымыз керек.түптеп келгенде ол тарихтын аналогиясы.

11.Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының нығаюы.

Жәңгір қайтыс болған соң хан тағына 1680-1715 ж оның ұлы Тәуке отырды.Тәукее хан тағына отырған соң Қазақ хандығындағы .Қазақ хандығындағы асқынған әішкі феодрлвадық талас тартыс пен бытыраңқылық жойып бір орталаыққа бағвынған Қазақ хан құруға күш жұмсады.Тәуке х сол кездегі ішкі сыртқы жағдайларды  талдай отырып хандық билікті нығайтуға бағытталған тың өзгерістер енгізді.Тәукнін ел үшін сіңірген енбегін 2 қырынан айрықша назар аударуға болады.1-елдін іргесін аман сақтап сыртқы саясатты білгерлікпен жүргізіп сырттан анталағаан көп дұшпенга бел алдырмаған.2-елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси правалық тәртіпті орнықтырады.Сыртқы саясатта тәуке х қазақ елінін терезесінтен ұстады.Ішкі саясат  оның ел ішіндегі тәртіпті реттеуге қатысты   жүргізген саяси правалық саяси қазақ тарихында жеті жарғы  пйда болған.жеті жарғының тарихи маңызы   Хан дег-з халықтын қанын соруш.Би дег-з хан мен сойылдарын соғушы.Батыр дег-з бар болғаны барымташы.

12.Егеменді еліміздің ішкі және сыртқы саясаты.

Елімізде халық сайлауы болатын болды.мемлекетті президент басқарды.1991 ж біздің елдегі түпкілікті ұлт қазақтар өз жерінде жартысынан асып тұрады.Мем үшін теріс қолайсыз фактор халықтын жартысынан жуығы жан-жақтан өз еркімен немесе еріксіз көшіп келген 130-дан астам этностық топтар мен қурылымдар қурады.Діні, тілі ,мәдениеті ала- ғұла бірақ өз тарихы айтарлықтай шалғай жүрген халықтардың қай қайсысы сияқты оларда өз тілі мәдениеті мен қоса екінші бір ортақ тілі ортақ мәдениеті үрдістеріне бейімделді.Олар одақтың ең көп басты ұлты орыстардың тілі мен мәдениетін алды.Қазақстанның сыртқы саяасаты жайлы әңгімелер қозғайтын болсақ сөз жоқ айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік.ЮНЕСКО-ның қарағанда 1дүние жүзілік соғыстан кейінгі қарулы қақтығыс 30 мил жуық адам қаза тапқан.Соңғы кезде пайда болған Угаславяның вариант ауған синдромы жаңа кавказ синдромы және т.б.Егемендіктің тағдыры көп жағдайда Қ қандай сыртқы саясат ұст байланысты шендігін тағыда дәлелдей түсті.Қ ТӘУЕЛСІЗДІГІ жариаланғанан кеиін көп ұзамай оны ресми ел түрде 117 таныды.Олардың 100 елмен дипломатиялық қатынас орнатты.Қазіргі уақытта біздін елімізде 60 тан астам шет елдік елші мен халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілеттіктері ашылды.Қаз дипломатиялық миссияларын әлемнің 30 дан астам мем ашылған туралы мәлімет бар .Еліміздін көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылды.Олардың ішінде БҰҰ,ОБСЕ,ИСМ конф халықаралық валю.әлемдік банк. Сыртқы саяси байланыстар мен өзара қарым қатынастарда әлі де болса бұрынғыдай Ресейге айрықша орын берді.Қ.Р үшін АҚШ пен ынтымақтастық аса ммаңызды олардан республика экономикасына еөптеген инвестициялар алынды.1995 ж желтоқсанда қазақстанда «Ислам конференциясы» ұйымына толфық мүше болып енді,ал бұл қаржы жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік береді.Қазақстан сырткы саясатта коп қырлы сындарлы саясат болып отыр.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан сон халықаралық аренада өзін  сенімді түрде мәләмдеді.Қазақстан дүниежүзілік  мемлекеттер қауымдастығындағы ірі –ірі ұйымдар қатарына қабылданды.

13.Сақтар саяси тарихы, шаркашылығы, ұүрылымы.

Сақтардың саяси жағдайы:б.з.б 530ж-парсы патшасы Кирдің Томириспен соғысы.(б.з.б 570-520)Бзб 519-парсы  патшасы Дарийдын сақ көсемі Скунхамен соғысы.Скунха жеңіліп парсылар сырдариядан өтеді.Сақтар парсы әскерлерімен қосылыып Египетте Грецияда соғысты.Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті.Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы:Парадарайа (теңіздің арғы жағындағы сақтар)Мекнні:Арал теңізі маңы,Сырдарияның төменгі ағысы.ТИграхауда (шошақ бөрікті сақтар)Мек:Сырдарияның орта ағысы,Тянь-Шань,Жетісу.Хаумаварга(хаома сусынын дайындайтын сақтар)мек:Муграб аңғары парадарайаның оңтүстігі.Дайлар,аргипейлер,исседондар Арал тең сол Шығ мекендеген.ШАРУАШЫЛЫҒЫ: Көшпелі.жартылай көш,отырықшы мал шар

14.Қазақ хандығының құрылуы. Тұңғыш қазақ хандығы.

Қазақ хал саяси бытыраңқылығын жойып,мем етіп құру Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қаз хан құрылуының алғышарттарының бірі сол кездегі Қаз жеріндегі екі мем-ң Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды.15 ғ Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш қуаты әлсіреп күйреу дәрежесіне жетті. Қазақ хан құрылуы 15-17 ғ қаз хан хронологиясы 1456-1847 ж.территориясы:1456 ж Талас өз бойындағы Қозыбасы аймағы.1511 ж Қасым хан Жетісу.Сыр бойын қосып алды.

15.1993-1995 жж. Ата заң және оның кемшіліктері мен ерекшеліктері.

Қ.Рес тәуелсіз мәртебесіне сай жаңа конституциясы 1993 ж қаңтардың 28 күні  қабылданды.Бұл күн ҚР мерекелі күні болып жарияланды.1993 ж конституция өтпелі кезеңнін ахуалын сипаттайтын құжат ретінде жүріп жатқан реформаларға байланысты міндеттерді әлеументті экономикалық  және саяси мәселелерді шешуге бағытталды..ҚР президентінің ұсынысымен 1995 ж 30 тамызда өткен республикалық референдумда еліміздің жаңа конс қабылданды.1993 ж конс орын алған кейбір қайшылықұтар түзетіліп бұлыңғыр және екі ұшты қағйдалар нақтыланды.1995 ж конс негізінде алдымен адам мен азаматтың құқықтары алынды.Конс 98 бапты біріктіретін 9 бөлімнен тұрады.Олар:жалпы ерзежелер,Адам және азамат,президент,парламент,үкімсет,соттар және смот төрелігі,жергілікті басқару жәнеөзін өзі баскару.қорытынды.Және өтпеләі ережелер деп аталынды.1995 ж конс бойынша Қаз парламенті тұрақты жұмыс істейтін 2 плпта сенат пен мәжәләстен тұрды.Сенат құрамы әр олбыстың РЕС маңызы бар қаланың және ҚР астанасының әрқайсчысынан сайланып келген 14 адамнан соған қосымша прламент өкілеттігі мерзіміне РОес президенті тағайындаған 7 депудаттан құралды.МСәжіліс республиканың әкімшілік аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын жіәне сайлаушылар саны шамамен тең ьбір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67  депудаттантұрады.

16. Ғұн ұлысы.Әлеуметтік экономикалық және саяси тарихы.

Ғұн ұлысы б.з жыл санауымызға дейінгі 204 ж бой көтеріп б.з 216 ж дейін өмір сүрген.Іргесін қалаған Мөде батыр.Тәңірлік дінді ұстанған.сөйлеу,жазуы-түоік.Мекендеген тұрағы ор азия оны ішінде негізгі қазақ даласы.Өз кезінде 24 тайпалық одақтан құралған.Көшпенділер әлемін шыншыл қалпымен танып түсінуге кедергіі жасап қоймай ең өкініштісі жалпы адамзаттың тарихтың обективті  ақиқатын танып түсінуге кедергі келтірді.Сондықтанада біз бұлы дала тарихын тұтас объхективті тарих ретінде қарауымыз керек.түптеп келгенде ол тарихтын аналогиясы.Ғұндардың қаһарына шығыста ҰҚҚ салынуы батыс Рим мем құрылуына себепші болды.Көш салтынан еж дәуірлерде әлемнің барлық халқы өтті.Мәселен андроноы мәд кезінде еуропаның барлық халқы көш ғұнға көшті:Батыс мұздық дәуірі басталған кезде  батысқа қарай адамдар жылжып өмір сүрді.Ал орта ғас еуропа орнығып отырықшы болыпқалды.Парсылармен арабтарды отырықшыларға көшті.

17.1917 ж. Ақпан төңкерісі жылдарындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің идеялық-саяси төңкерісі.

1917 жыл ақпанында Ресейде буржуазиялық демократиялық революция жаңа патша өкіметін құлатты Ақпан революцисының басты өзгешелігі елде екі өкіметтілік буржуазиялық уақытша үкімет пен жұмысшы солдат депутаттарының Кеңестері пайда болды. Жергілікті жерлерде буржуазияның саяси өкімет органдарын құру үшін Мемлекеттік Дума қалалық думалар және комиттер құрылды. Уақытша үкімет басына қазақтардың ұлттық инттелегенциясының өкілдерін қойды. Ә.Бөкейханов. Уақытша өкімет Торғай облысы.М.Тынышпаев Жетісу облысы коммиссарыболып тағайындалды, Ақпан революциясы кейін патша үкіметінің жергілікті органдарын жою қызмет еткендерді жазалау жөніндегі шаралар қолға алынды. Уақытша үкімет жер реформасын жүргізу туралы соғыста жеңіске жеткеннен кейін өткізілуі тиісті Құрылтай Жжиналысында хабарлайтын болды. Уақытша үкімет халықтың сеімінен айырыла бастады, Жалпы халықтық наразылық пен Ашу ыза толқынында Ресейдегі қоғамдық саяси және экономикалық құрылысты өзгертуге ұмтылу батыл күштер үстем бола түсті.

 Қазақтардың  рухани  өмірі  тарихына  1911  жыл  тұңғыш  ұлттық  бейресми  мерзімді  басылымдар  шыққан  жыл  ретінде  енді . Сол  жылдың  қаңтарынан  бастап  қазақ  тіліндегі  бірінші  журнал  “Айқап” , шықса , наурызынан  бастап  “Қазақстан” газеті  шыға  бастады .  Бұл  басылымдар  туралы  кеңестік  тарихнамада  біршама  айтылды . Дегенмен  олардың  дерек  көзі  ретіндегі  маңызы  мен  ерекшеліктерін , олардан  алынған  мәліметтердің  ғылыми  құндылықтарын  анықтау  үшін , жалпы  газет-журналдардың  пайда  болуының  алғышаттары , тарихи  жағдайларымен  қатар , нақты  басылымның  дүниеге  келу  тарихын  зерттеудің  де  маңызы  үлкен . Мысалы , “Айқап”  туралы  айтсақ , оның  әрі  шығарушысы , әрі  редакторы , әрі  негізгі  авторларының  бірі  Мұхаметжан  Сералиннің  ұзақ  жылдарға  созылған  ізденістері  туралы  да  айтуға  тиіспіз.М. Сералиннің  1906  жылдан  бастап  газет  шығармақ  болған  бірнеше  әрекеттері  сәтсіз  аяқталды.1911  жылдың  басына  қарай  ғана  журнал  шығару  мүмкін  болды .  М. Сералинің  өз  ұлтының  тарихындағы

ана  тілінде  бірінші  рет  журнал  шығару  сияқты  үлкен  іске жалғыз  кіріскендігін  оның  замандастары  да  растайды.

“Алты  миллиондай  халықтың  ортасында  бір  журналдың  яки  бір  газеттің  жоқтығы”  М. Сералинді  тәуекелге  бел  байлап , журнал  шығаруды  жалғыз  бастауға  итермелеген .  Әрине , ол   М. Сералинге  журнал  шығаруына  және  оны  үзбей  шығарып  тұруына  мүлдем  ешкім  көмектескен  жоқ  деген  сөз  емес . Жақсы  істің  басталуына , оның  іске  асуына  әрдайым  тілектестер  мен  мүмкіндігінше  көмек  көрсететіндер  табылатындығы  сияқты , М. Сералинге  де  тілектес  болып , оған  қол  ұшын  бергендер  болды . Журнaл  шығысымен  халық  оны  жылы  қабылдады . Жан-жақты  көмек  көрсетті . Көптеген  адамдар  журналдың  үзбей  шығып  тұруына  өз  үлестерін  қосты.Журналдың  шығуына  бір  жыл  толуына  арналған  мақаласында  М. Сералин : “Сөз  соңында  жыл  бойынша  журналдың  тоқтамай  шығуына  себеп  болған  мырзаларға  “Алла  риза  болсын”  айтпай  қала  алмадық.Әуелі, мәтбуға  қожасы  Сосновскийге  арзан  бағамен  журналымызды  басып  һәм  білген  мәслихаттарын  айтып  жәрдемдескеніне .  Екіншіден , Тәңірберген  Тұрысбеков , Сәдуақас  Шорманов , Ғабділрахман  Жүсіпов …  жәрдем  еткен  үміт  иелеріне. Үшінші , бір  жылдан  бері  тынбай  сөз  жазып  келе  жатқан  шәкірттерге”  — деп  жазды . Бұл  жолдардан  М. Сералиннің  “Айқап”  журналын  шығарып  тұруға  көмектескендердің  ішінен  бірінші етіп  Сосновскийді  атағандығын  көреміз . 1907  жылы  шыққан  “Қазақ  газетін”  шығарушы  да  Х. Сосновский  болғандығы  белгілі . Олай  болса  қазақ  тілінде  шыққан  тұңғыш  бейресми  газет  пен  журналдың  шығуына  көмектескен  Х. Сосновский  кім ? – деген  сұрақтың  туары  заңды . Хаим  Шулевич  Сосновский ,  ұлты  еврей . Троицкі  қаласының  мещаны  .  Алты  жылдан  астам  Троицкіде  шығып  тұрған  “Степь”  газетінің  редакторы  болған . Сол  қаладағы  “Энергия”  баспаханасының  иесі.Кеңестік  тарихнамада  айтылғандай , журналдың  өзімен  қатар  шығып тұрған  “Қазақ”  газетінен  басты  айырмашылығы  таптық  идеялық  позицияларында  емес , олардың  қаржылық  негіздерінің  екі  түрлі  құрылуында , қаржы  көздерін  екі  түрлі  іздестірілуінде  болды . Басқаша  айтсақ , басылымдарды  қаржыландырудың  уақыт  талабына  сай  нарықтық  негізде  жүргізілуінде , немесе , керісінше  уақыт  талабына  сай  жүргізе  алмауында  болды .

ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт  алдында  тұрған  мәселелерді  ұлттық  деңгейде  көтеріп , ұлттық  көлемде  қоя  білген , сондықтан  ұлттық  басылым  деген  ұғымға  толық  сай  келетін  екі  басылымның  бірінің  әлемдік  соғыстың  басталуына  байланысты  туындаған  қиыншылық  қыспағына  шыдай  алмай  өз  шығуын  тоқтатуы , екіншісінің , сол  қиыншылыққа  қарамастан  шығуын  жалғастыруы  қайсысының  дұрыс  жол  таңдай  білгендігін  көрсетіп берді .“Айқап”  журналы  М. Сералиннің  бастамасымен  соның  ерлікке  тең  еңбегінің  арқасында  және  соның  қаражатына  1911  жылдың  10  қаңтарынан  бастап  Троицкі  қаласында  Х. Сосновскийдің  “Энергия”  баспаханасында  шыға  бастаған . Көлемі  4-5  баспа  табақ , таралымы  900-1000  дана . 1915  жылдың  қыркүйегіне  дейін  барлығы 88  саны  жарық  көрген.  Кей  жылдары  12-14 , кей  жылдары  24  нөмірге  дейін  шыққан . Тұңғыш  журналдың  неліктен  “Айқап”  атануы  туралы  М. Сералин: “Біздің  қазақтың  неше  жерде  “қап”  деп  қапы  қалған  істері  көп . “Қап”  дегізген  қапияда  өткен  істеріміз  көп  болған  соң  журналымыз  да  өкінішімізге ылайықтап  “Айқап”  болды” — дейді . Журналға  келіп  түскен  хаттарға  қарағанда  ол  қазіргі  Қазақстан , Қырғызстан  территориясына  түгел  дерлік  және  Ресейдің  біраз  бөлігіне  тараған .“Айқап”  журналын  дерек  көзі  ретінде  талдауда , ондағы  мәліметтерді тарих  дерегі  ретінде  қарастыруда  Ү.  Субханбердина  дайындаған  “Айқап”  бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлар”  атты  мазмұндалған  библиографиялық  көрсеткішінің  алар  орны  ерекше    екендігін  айтуымыз  керек . Ә. Марғұланның  сөзімен  айтсақ , көрсеткіш: “Революцияға  дейінгі  мерзімді  басылымның  мазмұнымен  танысып , бай  да  ерекше  деректер  әлеміне  енуге  көмектеседі” .Көрсеткіш бірінші рет 1961 жылы жарияланды. Ол Ү. Субханбердинаның  осы  салада  жарияланған  алғашқы  еңбегі  еді . Бір  қызығы , егер  журнал  патша  өкіметінің  жергілікті  әкімшілік  орындарының  қатал  бақылауымен  шыққан  болса , оның  тура  жарты  ғасырдан  соң  жарияланған  библиографиялық  көрсеткіші  кеңес  өкіметінің  одан  да  қатал  бақылауымен  шыққан .  Осылай  журнал  мен  оның  көрсеткішінің  арасында  өзіндік  тарихи  сабақтастық  пайда  болды.Егер , журнал  авторларды  кезінде  өз  ойларын  мақалаларында  ашып  айта  алмай  қиналса , көрсеткіште  сол  авторлардың  біразының  атын  да  атауға  тыйым  салынды .1999  жылы  шыққан  “Қазақ  халқының  атамұраларында” , “Айқап” бетіндегі  мақалалар  мен  хат-хабарлардың” библиографиялық  көрсеткіштерінің  толықтырылып  екінші  рет  басылуына  байланысты  Ү. Субханбердина: “1961, 1963   жылдары  “Айқап”  журналы  мен  “Түркістан  уалаятының  газеті” , “Дала  уалаятының  газеті” ,  “Қазақстан”  газетінің  бетінде  басылған  материалдарының  мазмұндалған  библиографиясы  басылып  шыққан  болатын .  Бірақ  өкінішке  орай , ол  көрсеткіштерде  Байтұрсынов  Ахмет , Бөкейханов  Әлихан ,   Дулатов  Міржақып , Аймауытов  Жүсіпбек , Жұмабаев  Мағжан , Құдайбердиев  Шәкәрім, Қарашев  Ғұмар ,  Ақпаев  Жақып , Баржақсин  Ахмет , Жанайдаров  Мейрам,Жұбанов  Құдайберген , Досмұхаметов  Халел , Ермеков  Әлмұхан , Қоңыратбаев  Қалжан , Мәрсеков  Райымжан , Сейтов  Асылбек , Тынышбаев  Мұхаметжан , Шоқаев  Мұстафа  т.б.  жазған  ең  құнды  материалдары  қысқартылып  берілген  едi” , — дейді.Ұлттық  бейресми  басылымдар  арасынан  Қазақстан  тарихнамасында  жиі  айтылған  басылымдардың  бірі – “Қазақстан”   газеті . М. Ысмағұловтың  ,  Х. Бекхожиннің  , Е. Нығметовтың  , Қ. Аллаберген  ,  Ж. Нұсқабайұлы , Ф. Оразайдың   т.б.  еңбектерінде  “Қазақстан”  газетінің  шығу  тарихы , авторлары , көтерген  мәселелері  т.б.  туралы  біршама  айтылған . Дегенмен  газет  туралы  жазған  әр  түрлі  әдебиеттерді  бір-бірімен  салыстыру  газет  тарихына  қатысты  кейбір  мәліметтерді  анықтай  түсудің  қажеттілігін  көрсетіп  отыр . Осындай  әр  жылдары  шыққан  еңбектерде  әр  түрлі  айтылып  жүрген  мәліметтердің  бірі  “Қазақстан”  газетінің  шыққан  жалпы  саны  туралы  мәлімет .

“Қазақстан”  газетінің  қай  жылы  қанша  нөмірі  шыққандығы  туралы  Е. Нығметов:  “Қазақстан”  газетінің  1,2  нөмірлері  1911  жылы  март , май  айларында  Орда  қаласында  жарыққа  шықты . Сонан  кейін  осы  жылы  редакциясы  Орал  қаласына  көшті  де , Оралда  газет  нөмірін  қайтадан  1–ші  нөмірден  бастап  ноябрь , декабрь  айларында  № 1,2  сандары  жарыққа  шықты , сонымен  1911  жылы  “Қазақстанның”  барлығы  4 нөмірі  шықты . 1912  жылы  январь  айында  3  нөмірі  шықты  да , осы  жылдың  июнь   айына  дейін  барлығы  9  нөмірі  жарық  көрді . 1913  жылы  январь-февраль  айында 1,2 нөмірлері  шықты”  — дейді   /40/.  Егер , Е. Нығметов  көрсеткен  сандарды  қарапайым  түрде  бір-біріне  қоссақ (4+9+2=15), онда  “Қазақстан” газетінің  15  нөмірі  шыққан .Дегенмен , зерттеушілердің  көпшілігі  “Қазақстан” газетінің  18  нөмірі  шыққан  деген  пікір  айтады . Мысалы , Қ. Бекхожин  “Қазақстан”  газеті  туралы  айта  келе: “Не  бары  18  нөмірі  шығып  тоқтатылды”  десе  ,  Қ. Аллаберген , Ж.  Нұсқабайұлы ,  Ф.  Оразай:  “Басылымның  үш  жыл  ішінде  18  нөмірі  жарық  көрді”- дейді . Соңғы жылдары  жарық  көрген  С.  Өзбекұлының  еңбегінде  де:  “Көп  жылдар  бойы  “Қазақстан”  газетінің  саяси-құқықтық  бағытын  зерттеу  барысында , біз  Санкт-Петербург , Москва  қалаларының  кітапханаларында  сақталған  осы  газеттің  18  санын  ғана  анықтадық” — делінген /41/.  Бірақ , бұлардың  ешқайсысы  да  газеттің  қай  санының  қай  жылдары  шыққандығы  туралы  ешнәрсе  айтпайды .Ал , шындығында  “Қазақстан”  газетінің  бастапқы  екі  санының  Ордада  шыққаны , Оралда  қайтадан  бірінші  нөмірінен  бастап  шыға  бастағаны  рас . Бірақ , 1911  жылдың  қараша-желтоқсан  айларында  Е. Нығметов  айтқандай , Оралда  екі  емес, үш  саны  шыққан  (15  қараша , 1 және  15  желтоқсан).  Ал,  1912  жылдың  2  қаңтарынан  бастап  шыққаны  газеттің  үшінші  емес , төртінші  нөмірі . Сол  жылдың  31  мамырына  дейін  барлығы  9  нөмірі  шыққан  /42/.  Газет  қаражат  жетіспеуіне  байланысты  біраз  уақыт  шығуын  тоқтатып ,  тек  1913  жылдың  27  қаңтарында  ғана  қайта  шыға  алды . Ол  туралы  жаңа  шыға  бастаған  “Қазақ”  газеті: “Оралский қаласында  он  шақты  нөмірі  шығып  тоқтаған  “Қазақстан” жаңадан  шыға  бастады.“Қазақстанның”  27 қаңтарда  шыққан  бірінші  нөмірі  басқармамызға  келді” — деп  жазды  /43/. Бірақ , газеттің  қайта  шыға  бастауы  да  ұзаққа  бармады .Сол  жылдың  16  ақпанында  шыққан  екінші  нөмірінен  кейін  газет  өзінің  шығуын  біржола тоқтатты.

Сонымен , “Қазақстан”  газетінің  1911  жылы  5 ,  1912  жылы  9 ,  1913  жылы  2  нөмірі  шыққан . Газеттің  әр  нөмірінің  шыққан  жылы  мен  күнін  көрсетіп , ондағы  мақалалардың  мазмұндалған  библиографиясын  жасаған  Ү.  Субханбердинаның  еңбегі  де  соны  дәлелдейді . Демек , “Қазақстан”  газетінің  барлық  шыққан  саны  — 16. Газет  бетіне  жарияланған  мақалаларға  жасалынған  барлық  шолулар  да  сол  нөмірлердің  негізінде  жасалынған . Бұл  “Қазақстан”  газетінің  басқа  нөмірлерінің  болмағандығын  толығымен  дәлелдейді . Ал , газет  таралымы  туралы  ешқандай  мәлімет  әзірге  жоқ .Жалпы , алғашқы  қазақ  басылымдарына  қатысты  әр  түрлі  көрсетіліп  жүрген  мәліметтер  басқа  да  газет-журналдарға  тән .Бір  уақытта  дерлік  шыға  бастаған  “Айқап”  журналы  мен  “Қазақстан”  газетіне  дерек  көздері  ретінде  талдау  жасау  екеуіне  де  тән  көптеген  ортақ  нәрселердің  болғандығын  көрсетеді . Ең  бастысы  олардың  тек  қазақтың  тұңғыш  бейресми  мерзімді  басылымдары  ғана  емес , сонымен  қатар ,  бағыт-бағдарлары  да  ұқсас , бір-бірімен  үндес , және  тағдырлас  басылымдар  болғандығын , көтерген  мәселелерінің  де , ұлт  алдында  тұрған  міндеттерді  шешудегі  ұсынған  жолдарының  да  бір  болғандығын  байқау  қиын  емес .

18.Қазақстан Республикасының рәміздері.

Мемлекеттік Рәміздер  мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституция заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.
Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң“Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар— дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктiбiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны - (гр. hymnos - мадақ ән) - Отанды, Атамекенді, мемлекетті, тарихи оқиғалар мен олардың батырларын мадақтайтын поэзиялық-музыкалық шығарма, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны 2006 жылы қабылданды. "Менің Қазақстаным" әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың иннаугурациясы кезінде орындалды. Әнұранның әуені 1950 жылдардан бері Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні болса, мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

19.Қаңлылар.Әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы.

Ерте заманннан бері Қаз жерін мекендеп келк жатқан ірі тайпалардың бірі.Қ тайпаларының ен негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы болған.Археологтар қанлылырр мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп көптеген қорымдар меен қоныстар тапқан.Шаруашылықтың маңызды бір саласы мал өсіру болған,Егіншілік біраз дамыған ежелгі қоныстардан жылқы,қой,ешкі сиыр сияқты уй жануарлары сүйектері көп кездескеніне қарап мал шар едәуір өркендегенін байқаймыз.Қаңлы елін хан билеген.оның үш орынбасары уәзірлері болған.21 Республика экономикасын дамытуда түбегейлі бетбұрыстарға қадам жасау тәуелсіздік алудан бұрынғы басталғаны белгілі.1990-1991 ж ішінде кооперативтер ,шағын кәсіпорындар,саудамен айналысатын фирмалар  құрыла бастаған болатын.Экономиканы қүштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болды.

20.XVI-XVIII ғғ қазақ халқының мәдениеті.

ХҮІ – ХҮІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті - өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата – бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды. ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Әсіресе ХҮІ – ХҮІ ғғ Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізді.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХҮІ – ХҮІІ ғғ кеңінен өркендеді. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарған», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай» т.б. ХҮІ – ХҮІІ ғғ өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Үмбетей.ХҮІ – ХҮІІ ғғ – қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Исламды таратушылар – Түркістан, Бұхара, Астарханның дінбасылары. Тұрғын үй түрлері: киіз үй және шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үй. Жазғы үй түрлері: киіз үй және арба үстіне тігілген жылжымалы үй – күйме.Қысқы киімдері: күпі, шидем, ішік, тон, шалбар, жарғақ шалбар, тымақ.Ұлттық тағам түрлері: ет, сүт, май, қымыз, шұбат, айран, қатық, құрт, ірімшік, жент.

21.Егеменді еліміздің экономикалық дамуы(кезеңдері)

Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары.

Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдағы жүрер жолы да айқындалды. Саяси, экономикалық, идеологиялық қатынастармен көп қырлы болып келетін ауыл шаруашылығы экономикасының даму заңдылықтарын қарастырғанда, аграрлық сектордың оның ерекшеліктеріне байланысты, табиғи-биологиялық заңдарға тәуелділігі бұл сала үшін ерекше аграрлық қатынастардың тән екендігін көрсетеді. Қазақстан экономикасы әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық, одан әрі аралас экономикаға өту жолында. Өйткені, нарық экономикалық жүйеден гөрі шаруашылық жүйеге барынша жақын болып табылады. Ауыл шаруашылығында бұрын қалыптасқан қоғамдық психологияны, еңбек қатынастарын күйретіп, дағдыларын күйретіп, жаңаны қалыптастыруды көздейді. Міне, сондықтанда нарықтық қатынастарға өту жағдайында, аграрлық саладағы шаруашылық жүргізудің және меншіктің көптүрлі формалары – аграрлық нарық қалыптасуының жалпы экономикалық алғы шарты деуге болады. Қоғамымызда түбірімен өзгеріп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ауыл шаруашылығы саласындағы реформалар қажеттігі күн талабы болып отыр. Бұл процессте ауыл шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктерді ескеруге үйретеді және бүгінгі таңда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын нақтылап, белгілей түседі. Біздің зерттеу жұмысымыз, міне осыны көздейтіндіктен де өзекті. Бүгінгі таңда іске асырылып келген аграрлық реформаның нәтижелерін талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетеді. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Демек, ауылдағы аграрлық қатынастардың дамуы, ауылды жандандыру, ауылдағы саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі.

22.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты (1771-1781жж)

АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711-1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) "ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған "Сабалақ" деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті

23.XVI - XVIII ғ. қазақ  қоғамының әлеуметтік құрлымы.

VI - XVII ғғ. Қазақстан өлкесінде Сығанақ, Түрікстан, Сауран, Отырар, Сайрам, Жент және т.б. қалалардың өркөндеуі, қазақ халқының дамуына, хандықтың нығаюына үлкен әсерін тигізді. Олардың ішінде Түрікстан қаласы қазақ хандығының астанасы болады. Қалаларда көбінесе сарай маңындағылармен және ескерлерімен хандар тұрды. Қазақ қоғамында хан мемлекет басқарушысы, қарулы күштердің басшысы болып саналды. Сұлтандар мен билер ханға жүгінді. Руларды сүлтандар биледі. Казақ хандарында турақты ескер болған жоқ. Тек сырттан қауіп туған жағдайда жасақ қурылып отырды. Оған ербір жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Қоғамда материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін қураған шаруалар еді. Малшылардан зекет, егіншілерден үшыр салықтары жиналды.

Қазақ халқы өте ауыр көзендерді басынан кешірсе де өзінің ертеден қалыптасқан медени мүраларын сақтап қалды. Халықтың квсібінде: үсталық, зергерлік, кен өндіру, етікшілік, былғары илеу, тігіншілік, үй салу т.б. қол өнері басым болды.

Қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға Сыр бойындағы қалалар айырықша рөл атқарды. Осыған қарамастан ислам діні, ер түрлі саяси қайшылықтарға байланысты, халық арасында, есіресе далалық өңірде, терең тамыр жая қойған жоқ. Сондай-ақ қазақ халқының арасында алуан турлі ауыз едебиеті кең өріс алды. Сол кездегі ауыз едебиетінің өкілдері - Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет т.б. жыраулар. Олар сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау көзендерін, халықтың өмірі мен түрмысын, батырлардың ерлігін жырға қосты. ХУІ-ХУІІ ғғ. қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмүндағы кітаптар түрінде таралды, тарихи шығармалар мен ру шежіресі жасалды. Осы кездегі қазақ тарихи едебиетінің маңызды ескерткіші Қадырғали Жалаиридің "Жеми ат-тауарих" шығармасы.

24. Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі: ЕҚЫҰ-ға жэәне Ислам конференциясына төрағалығы.

Егемендіктің тағдыры көп жағдайда  қандай сыртқы саясат ұст байланысты шендігін тағыда дәлелдей түсті.Қ ТӘУЕЛСІЗДІГІ жариаланғанан кеиін көп ұзамай оны ресми ел түрде 117 таныды.Олардың 100 елмен дипломатиялық қатынас орнатты.Қазіргі уақытта біздін елімізде 60 тан астам шет елдік елші мен халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілеттіктері ашылды.Қаз дипломатиялық миссияларын әлемнің 30 дан астам мем ашылған туралы мәлімет бар .Еліміздін көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылды.1995 ж желтоқсанда қазақстан «Ислам конференциясына»мүше болды,ал бұл қаржы жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуының тарихыҚазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде  республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде – Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде  ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та  тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған  жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды. Осыны ескере отырып, еліміз сыртқы және ішкі саясатта  теңдестірілген амал-көзқарастар пайдасына саналы түрде таңдау жасады. Көпжақты әріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясы сол амалдардың өзегіне айналды.  1994 жылы Будапешт саммитінің қорытындысы бойынша,  одан әрі институттандыру мақсатында Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым болып қайта құрылды.1995 жылы  еліміздің ЕҚЫҰ-ға тікелей қатысуын қамтамасыз еткен, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар  жанындағы Тұрақты Өкілдігінің іргетасы қаланды. Ал 2008 жылдан бастап алдағы төрағалық тұрғысында Елші Қайрат Әбдірахманов басқаратын Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі жұмыс істеуде.

25.Оғыздар.Әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы.

ІХ-Х ғасырларда Қарлүқ қағанатының солтүстік- батыс жағында, Сырдарияның орта және теменгі бойларында, Батыс Қазақстан өңірінде Оғыз тайпаларының мемлекеті қалыптасып, өмір сүрді.

Оғыздардың ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. VIII ғ. ортасында Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, қарлүқтардың қысымымен оғыздар Сырдария бойына келіп қоныстанады. Жергілікті тайпалармен одақтасып, печенегтерге қарсы соғысып, олардан еуелі Сырдарияның теменгі ағысы мен Арал өнірін, кейін Орал мен Еділ өзендерінің аралығын алады. Печенегтермен соғыс барысында оғыз тайпаларының саяси бірлігі нығайып, оның құрамына осы өңірді ежелден мекөндепі келе жатқан көшпелі және жартылай кешпелі рулар мен тайпалар енеді. Махмүд Қашғари оғыз елінің 22 тайпаға бөлінгенін және ер тайпаның ез белгісі мен туы болғанын айтады.

Х ғасырда оғыздардың астанасы Орта Азияға, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасқан Янгикент (Жаңа Гузия) қаласы болды. Мемлекет басшысы жабғу атағын иеленді. Билік атадан балаға мүра болып қалып отырды. Жабғу орынбасарлары 1"күл-еркін", ескер басшысы Чсюбашы" деп аталды. Оғыздар путқа табынды, шамандарға сенді. Кейін біртіндеп іслем діні ене бастады.

Оғыздар 965 ж. Киее Русімен одақтасып, Хазар қағанатын, 20 жылдан кейін Еділ Булгариясын жеңеді, ал 1041 ж. Хорезмді жаулап алады. Бірақта X- XI ғасырларда ішкі ауыр алым-салықтарға қарсы наразылықтың күшеюіне байланысты Оғыз мемлекеті қүлдырай бастайды. Ішкі қайшылықтардан елсіреген Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларының қысымына шыдамай қүлайды.

Кимек ңағанаты. Кимекгер VII ғ. басында Монғолияның солтүстік батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік өңіріне, Ертіс бойына қарай қоныс аударады.

Батыс Түрік қағанаты қүлағаннан кейін, VIII ғ. екінші жартысы мен IX ғ. басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік батыстағы Оңтүстік Оралға, оңтүстік батыстағы Сырдария алқабы мен Оңтүстік Қазақстанға және оңтүстік бағыттағы Солтүстік Шығыс Жетісу жеріне өтіп, оғыздармен керші болады.

340 ж. Ұйғыр қағанаты қүлағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар кимек бірлестігіне қосылады. Осы түста кимек бірлестігінің құрамында: еймүр, имек, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, ажлар атты жеті тайпа болды. Кимек тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді.

IX ғ. бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай қозғалып, қарлүқтармен одақтасып, оғыздарға Сырдария мен Арал өнірінен қанғар-печенег тайпаларын қуып шығуға көмекгесіп, ездеріне Алтайдан Ертіске дейінгі, батыста оңтүстік Орал таулары мен Еділ (Волга) өзеніне дейінгі өңірді қаратады. Енді кимек одағының құрамындағы тайпалар 12 жетеді. IX ғ. аяғы мен X ғ. бас кезінде Кимек мемлекетінің шекарасы тұрақтанып, олардың ханы қаған атын алады. Қағанның билігі шексіз болды. Ол ез қарамағындағы жерлерге билеушілерді тағайындады. Қаған мен билеушілердің билігі атадан балаға мүра болып қалып отырды.

26.Қазақ-Жоңғар қарым-қатынастары:»Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама».

Қазақ хандығындағы Теуке тусындағы біршама тыныштық ұзаққа созылмады. Қазақ жерлеріне жоңғарлардың шапқыншылығы қайтадан 1710- 11, 1713 және 1713 жж. етек алды. 1723 ж. олар қазақ тарихына "Ақтабан шубырынды" деген атпен енген шешуші шабуыл жасап, қазақтарды атамекенінен қуып, тоздырып жіберді. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жуздің Жетісудың халқына тусті. Жау араға көп уақыт салмай Орта жуз бен Кіші жуздің жеріне жетті. Босқынға үшыраған халық Орта Азияға қарай шубырды. Осы ауыр жылдарда қазақтың қаралы ені ,Елім-ай" дүниеге келді.

Жаппай босу, аштық қазақтардың қайрат-жігерін уштады. 1726 ж. Кіші жуздің айтулы батырларының бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жуздің Ошақты руынан шыққан Санрық батыр бастаған қазақ жасақтары Бүланты өзенінің жағасындағы мҚара сиыр" деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. Жеңіске қол жеткен жер кейін ғҚалмақ қырылған" деп аталды. Жеңіс туралы хабар қазақ даласына тарап, алты алаштық рухын көтеріп оларды күреске шабыттандырды.1729 ж. кектемде Балқаш көлінің маңында қазақтың үш жузінің біріккен қолы қалмақ ескерлеріне екінші рет куйрете соққы берді. Бүл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. Жоңғарлардың ескері Іле өзені бойымен Шығысқа қарай шегіне бастады. Бірақ осы туста Теуке ханның баласы Орда иесі Болат хан қайтыс болып, қазақ хандары Ордадағы билікке таласып, жоңғарлар толық талқандалудан аман қалады.1710 жылы Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиынында жауға қарсы күш біріктіріп тойтарыс беру жөнінде шешім қабылданды. Бөгембай батыр біріккен жасақтың қолбасшысы болып бекітілді. 1711 – 12 жылдары 50 мың адамдық Қазақ хандығының әскері Жоңғар хандығына басып кірді. Бұл қыста болған жорықты ойраттар күтпеген болатын. 1713 жылы ойраттардың 3000 адамы бар әскер күшінің қарсы шабуылы жеңіліске ұшырады. 1715 – 23 жылдары ойраттардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатыр еді. 1722 жылы Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыштады. Кенеттен жасалған шабуылды күтпеген қазақ қолы соғысқа дайын емес болатын. Әскер күшін біріктіріп үлгермеген қазақ хандары елдің орталық аудандарына шегінуге мәжбүр болды. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Тек 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді (қ. Бұланты – Білеуті шайқасы). 65 000 қазақ қолы шамамен 40 мыңдық ойрат әскерлерін талқандап, ірі жеңіске қол жеткізді. Қазақ жасақтары құрамында қырғыздар, қарақалпақтар да ерлікпен шайқасты. Сыр бойына жеткен ойраттар қарақалпақ ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратып, осының салдарынан қарақалпақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінді.

Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін дейін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына жетті     

27.XIX ғ Қазақстандағы халыққа білім беру.Ыбырай Алтынсарин.

Қазақ жерінде орыс-қазақ мектептерін ұйымдастырушы миссионерлердің түпкі мақсаты Ресей үкіметіне қызмет ететін кеңсе қызметкерлерін даярлау болатын. Бұл мектептер Ресей үкіметінің шығыс халықтарын орыстандыру саясатының құралы болды. Патша үкіметі Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысында ашыла бастаған орыс-қазақ мектептерінің алдына “бұратана” халықты ана тілінен, дінінен айыру міндетін қойды. Ресей миссионерлері болса, үкіметтен қазақ арасындағы татар молдаларын Білім беру ісінен алшақтатуды талап етті. Сондай-ақ, олар “ислам дінінің ықпалынан мектеп оқулықтарын қорғау”, араб әліпбиін орыс графикасына ауыстыру, т.б. мәселелермен айналысты. Мысалы, Қазан қаласындағы Діни академияның (1842) “Аудармашылар комитеті” (1847) православие шіркеуінің 307 діни кітабын шығыс халықтарының тіліне аударып, бастырып шығарды (қ. Миссионерлік). Қазақстандағы Б.б. жүйесінің жолға қойылуына, жалпыға бірдей Білім беру саласының дамуына Ы.Алтынсарин зор еңбек сіңірді. Ол мектептердің бірыңғай жүйесін жасап, оны халықтық принциптің негізінде құрды (қ. Алтынсарин мектептері). Бұл жүйе Білім беру саласына 19 ғ-дың 80-жылдарынан бастап енгізілді. Алтынсариннің орыс-қазақ мектептерінің миссионерлік саясаттан тысқары болуы жөніндегі талабы үкімет орындары тарапынан ескерілмеді. Оның басшылығымен 1889 ж. Орынборда қазақ мұғалімдер мектебі ашылып, ол орыс-қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлайтын орталыққа айналды (қ. Орынбор мұғалімдер семинариясы). Мұғалімдер семинариясы 1903 ж. Семейде, 1913 ж. Ақтөбе, Верный, Орал қалаларында да құрылды. 19 ғ-дың аяғында Қазақстандағы Білім беру саласында жәдит мектептері маңызды рөл атқарды. Онда дінді, оның тарихын ғана оқытып қоймай, тарих, логика, шешендік өнер негіздері, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер оқытылды. Оқу мерзімі әрбір шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты өзгеріп отырды. Оқуды бітірген шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Жәдитшілдік бағытындағы ағартушылар өз кезіндегі Білім беру ісіне елеулі еңбек сіңірді.Қамқорлық жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері — қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон. және әлеум. прогресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін-өзі басқаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогрессивті дамуына жәрдемдесу (БҰҰ Жарғысы, 76-бап) болып табылады.Халықаралық Сот мемл-тер арасындағы даулы мәселелерді шешетін, сондай-ақ БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша консультативті ұйғарым шығаратын ең басты халықар. ұйым болып саналады.Хатшылық БҰҰ-ның органы міндетін атқарады. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынбасы бойынша, Бас Ассамблея 5 жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды. БҰҰ құрамында үш: әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық сала бойынша мамандандырылған 16 арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі (ЮНИДО), т.б.), сондай-ақ Халықар. құқық комиссиясы, Халықар. сауда құқығы жөніндегі комиссия бар. Қазақстан БҰҰ-на (1992) және оның бірнеше мамандандырылған мекемелеріне мүше болды.(1841–1889). Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысында туған. Әкесі ертерек қайтыс болып, атасы – Орынбор шекаралық комиссиясының әскери старшинасы Балғожа (Жаңбыршин) бидің қолында тәрбиеленді. 1850 жылы Ыбырай шекаралық комиссия жанынан қазақ балаларына арнап ашылған мектепке түсіп, оны алтын медальмен бітірді. Мектеп бітіргеннен кейін Алтынсарин үш жылдай (1857–1860) атасының қоластында кеңсе қызметкері, содан соң 1859 жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор басқармасында тілмаш болып қызмет етті. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылды. 1868 жылы Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасып, содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Алтынсарин патша өкіметінің саясатына қарсы болды. 1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. 1888 жылы ол Ырғыз қаласында қазақ қыздарын оқытатын, интернаты бар мектеп ашып, патша әкімшілігінен интернаттары бар қыздар училищелерін ашуға рұқсат алды. Алтынсарин көзінің тірі кезінде төрт екі сыныптық орталық «орыс-қазақ» училищесін, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище, орыс шаруаларының балаларына арналған екі училище аштырды. Ол орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» және «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» атты екі оқу құралын жазды, оларды Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалғаннан көп бұрын бастап, 1869 жылы аяқтады.1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуір шек қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бірқатар әскери пәндерді оқып үйренуге жіберілмеді. Омбы кадет корпусын белгілі қазақ ғалымы, зерттеуші әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов бітіріп шықты.
1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі тікелей бақылауға алып, тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына оқуға жіберіп отырды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни шіркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен еді. Мұғалімдердің басым көпшілігін шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен казактар құрады.Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен сауаттылық деңгейін қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер өте аз еді. Маман мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды.

28.Түріктер Еуразия тарихында.Ертедегі түркілердің мәдениеті.

Түркілер - б.з V-XIII ғасырлар аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”. Түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды.Ертедегі гректердің жазбаларында турлар немесе тұрандар мен массагеттер бір ұғымды білдірген. Сол кездегі парсы жазбаларында оларды сақтар (ауданы “ит” немесе “бөрі”, “көк бөрі”) деген. Ол иран, грек-латын және қытай жазбаларында да дәлелденген. Ертедегі аңыздарға жүгінсек, түркілер өздерін бөріден тарағанбыз дейді. Түркілердің Алтай өңірінен шыққаны туралы жырланған “Көк бөрі“ дастанындағы көне аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: Көне заманда “Со” елінің көсемі Қапан-пу аса қайырымды әрі асқан батыр болыпты. Оның өзіне жақын он алты бауырының біреуінің анасы бөрі екен. Анасы бөрі бала ер жетіп үйленеді. Оның екі әйелі болады. Сол екі әйелдің біреуі – қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі жаз Тәңірісінің қызы екен. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл табады. Тұңғыш ұл аса күшті, қайсар, болып өседі. Оған бұл елде ешкім тең келмейді. Сол үшін оған халық “Түркі”, яғни күшті, мықты, ержүрек деп ат қойыпты. Бүкіл түркі халқы сол “Түркінің” ұрпағы екен. “Көк бөрі” дастанындағы бұлардан басқа да аңыз-хикаялардың негізгі айтары – ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі дегенге келіп саяды. Әр кездегі түркі мемлекеттерінің туларында көк бөрі бейнеленген. “Көк Тәңірі”, “Көк аспан”, “Көк бөрі” - осының бәрі түркілер үшін қасиетті ұғымдар. Сондықтан олар бөріні өздерінің пірі санайды. Ол туралы Сүйінбай Аронұлының: Бөрі басы – ұраным, Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым, – деген жыр жолдарынан түркі халықтары үшін қасиетті “бөрінің” генетикалық ес деңгейіндегі ұғым екенін көреміз. Көптеген тарихи деректерде сақтарды иран тілділер, яғни парсылар деп жүр. Бұл мәселенің жауабын көне түркінің “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген мақалы береді. Мұның мағынасы – бассыз бөрік болмайтыны сияқты, парсыларсыз түркі де болмайды. Мыңдаған жылдар көрші тұрып, қоян-қолтық араласқан екі халықты ажырату өте қиын. Сондықтан да болар, Геродоттан бастап көптеген тарихшылар сақ атаулының барлығын скифтерге жатқызған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі.Қазіргі деректерге сүйенсек, атқа салт мінудің кеңінен тарауы б.д.д. III мыңж. екінші жартысы мен II мыңж. басы болды. Бұл кезеңде үндіирандықтар угро-финдердің тарихи отаны Орал тауының оңтүстік даласында болғаны белгілі. Оған Аркаим, Синташта т.б. қорымдардағы археологиялық деректер дәлел. Б.д.д. II-I мыңжылдықтар арасында Ұлы далада қуаңшылық басталғанда, олардың көшпенді өмір сүруге бейімделген шығыстағы бөлігі – арийлер мал бағумен айналысты. Олардың б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықта Кіндік Азия, Иран және Үндістанға баруын осы көшпенді малшылардың көшіп-қонуымен түсіндіре аламыз. Ол жазба деректерде сақталмағанымен, археологиялық қазбалардан жақсы көрінеді. Ондай көшіп-қонудың себептері әртүрлі: халықтың өсуі, тұрақты көшу арқылы алмастырылып тұрмағандықтан жайылымның тарылуы немесе құнарлы жерлер алуға ұмтылу. Б.д.д. III-II мыңжылдықтарда көшпенді малшаруашылығында: мал түрінің тиісті құрамы, малшаруашылығының экстенсивті формасы мен ұзақ қашықтыққа жүру тәжірибесі,сүтшаруашылығы, арбаны көлік ретінде пайдалану және атқа салт мініп жүру Шығыс Еуропа мен Ұлы далада қалыптасты. Оны Страбонның “Аравияда жылқы жоқ, олар жылқы орнына түйеге мінеді” дегенінен де көреміз (Strabo, XVI, 4, 2; XVI, 4, 26). “Түркі елі” немесе “Түркістан” ұғымы - б.д.д. II ғасырда ғұндардың шаньюйі (қыт. “Аспанның Ұлы Перзенті”) Мөде хан түркінің 24 тайпасын біріктіріп, мемлекет құрған кезде пайда болды. Сол тайпалардың көпшілігінің ізі бүгінгі қазақ ұлтын құрайтын руларда кездеседі. Демек, бүгінгі қазақ көне түркілердің тікелей ұрпағы. Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...” деп, Қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады 57. Ғұндардың батыс бөлігі б.д. I-IV ғасырларында Жетісу, Арал теңізі арқылы өтіп, алдымен Жайық-Еділ өзендері аралығын мекендеп, одан кейін Қара теңіз бойын басып алып, Днепр мен Дунайға дейін жетіп, осы көштің жолында кездескен аландардың бір бөлігі мен остроготтарды бағындырып, угр, визигот, герман тайпаларының батысқа жаппай көшуіне себепші болды. Еуразияның картасын түбегейлі өзгерткен осы “Халықтардың ұлы көші” кезінде Кавказдың солтүстігінде Терек пен Кубандағы аландардың көпшілігі ғұндарға бағынды. Қазіргі осетиндер аландардың ұрпақтары. Аландардың екінші бөлігі Батысқа көшіп, сол жақтағы батыс герман тайпаларына қосылды. Олардың бір бөлігі Луардың төменгі жағындағы Галға орналасса, қалғандары суявтармен немесе визиготтармен араласып, Испаниядағы Каталонияның (”Гот-Алан“) атауы болған жаңа этникалық элемент құрды. Еуропадағы Бургунд ұлысының алғашқы топонимі алдымен түркілер тұрған Байкал қыраттарында кездеседі. Содан кейін олар Каспий теңізі маңында тұрған.

29.XVII-XVIII ғ 1-жартысында Жоіғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының азаттық күресі.

XVII ғасырдың бас кезінде қазақ елінің жағдайы өте ауыр еді. ЖоңғарларЕділ қалмақтарыЖайық казактары, башқұрттар жан-жағынан анталап тұрды. Әсіресе жоңғарлар қазақтар үшін аса қауіпті жау болды. Жоңғарлардың атты әскері жүз мыңға жетті. Олар сойыл, найза ұстаған қарапайым ғана жасақ емес, әскер сапын Еуропа тәртібімен құрып, соғыс тәсілін еуропаша жүргізе алатын, зеңбірегі мен білтелі мылтығы бар қарулы күшке айналған еді.Жоңғар хандығы Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін,бағытын Қазақстан мен Орталық Азияға бұрып, Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісу өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта Жоңғар хандығыныңбасына Қалдан Серен келген еді.Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екіжүзділік керсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ корғаныс соғысын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ, өзбек, кырғыз халықтарының жоңғарларға қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерлік көрсетіп жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы Жәңгір хан ұйымдастырган әйгілі Орбұлақ шайқасы.1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды.Жәңгір ұрыс жүргізуге ыңғайлы орын ретінде Ордың бұлағы деп аталатын тау арасын таңдап алады да 3 шақырымдай жерге созылған қырқаның қырын қуалай сарбаздары жасырынатын ор қаздырады. Ол келе жатқан жау алақандағыдай көрініп тұратын, алдыңғы жағы биік, артқы жағы терең сай еді. Сөйтіп, азғана қолын екіге топтаған Жәңгір жау қолын тау шатқалында күтеді. Жар астында қауіп бар деп ойламаған жаудың тар шатқалға келіп кіруі мұң екен ордағы сарбаздар әуелі үстінен тасыр-тұсыр тас жаудырып, содан кейін ту сыртынан садақ оғын жаңбырша жаудырғанда, әрбір оқ бір-бір жаудан жұлып түсіп жатты. Алғашқы шайқаста ойраттар жағынан 10 мыңдай адам өледі, қалған 40 мыңдай қолмен екінші рет келіп тиіскенде, ұрыс жүріп жатқан жерге Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр көмекке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар жеңіліп, кері қуып тасталды. Қазақ жасағын он орап аларлықтай қарақұрым өскермен жеңіліске ұшырауы Батур контайшының абырой-беделін түсірді. Осы соғыстан кейін жоңғарлар өз ішінде бір-бірімен қырқысып кетті де, қазақ-жоңғар арасында шамалы уақытқа болса да тыныштық орнады. Осылайша Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалды.

30.1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс.

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. ИмановӘ. ЖанкелдинТ. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (БокинНиязбековЖүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзетітөңірегіндегі зиялылар (Ә. БөкейхановА. БайтұрсыновМ. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.Көтерілістің аса ірі ошақтары ЖетісуТорғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйекқазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.Торғай көтерілісі (басшылары А. ИмановӘ. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

31.Ерте темір дәуірінің тайпалары мен тайпалық одақтардың материалдық және рухани мәдениеті.

Біздің еліміздің көне тарихында темір дәуірі ерте темір және кейінгі темір болып екіге бөлінеді.Ерте темір дәуірі б.з.б 8 ғ дан-б.з.б 3 ғ дейін созылды.Мәдениеті:б.з.б 7-6 ғ сібір,Қазақстан,Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігінде «аңдық стил »пайда болған.Әр ру,тайпа өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған.Аңдарды өздерінің қасиетті тұмары ретінде санаған.Жылқы бейнесі –күн және отпен байланыстырылғанБ.з.б 7 ғ-полихром стильі Алтын заттарды түрлі түсті тастармен безендіру.

Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы - Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар.

Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.Тасмола тайпалары мекендеген ерте темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті түрі кеңінен тараған. Бұл ІІІ мыңжылдыққа созылып, дала тұрғындарының ең негізгі кәсібіне айналған. Көшпелілер даланың барлық жерін игеріп, өзінің күшті көшпелі орталықтарын құрды, олар келешек көшпелі империялардың бастамалары болып қаланған.

32.Абылай хан- саясаткер,дипломат.

Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіредіҮлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп…» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.
Хан тұсындағы сыртқы саясат
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды.Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.
Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.Әрине, бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенмен де нақты құжаттарға сүйене отырып, біраз өмір жолына шолу жасап көрелік.Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. Әрине, біраз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәмбеттің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмбет 1765 жылы қайтыс болды. Ол Түркістанның (Қалдан Сереннің қол астында 1743 жылдан), әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқандай құжатқа сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді.Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік.Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді.Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді., Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп – шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті.

33.Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің негізгі бағыттары (1991-2011жж)

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған.Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында "Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында да ашылды.

Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын.Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай делінген: мусылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүркішілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды провославие дініне көшіріп, шоғындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі "Азия мектебі", Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.

Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңғыш ұстазы" ретінде танылған Ы.Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып түрпиі кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.XIX ғасырдық аяқ кезінде "қазақ мектептері қандай болу керек" деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.

Бірі - бұратана халықты шала сауатты қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздейтін миссионерлер (Н.И.Ильминский, т.б.), ал екіншісі – орыс халқының прогрессивті озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы "Өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеру қажет"- дейтін қазақ ағартушылары (Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев) еді. Оқытудық жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отар-шылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес үлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим-ескі діни араб оқуы, ал жәдид-жаңа араб әрпімен дүние үй білім беру) бір-біріне қарама-қарсы айдап салу арқылы ұлттың сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілерді, "қүдайға күпірлік жасады" деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардық бірі - Н.И.Ильминский. Жәдид ағымы мектеп, медресеге байланысты мына мәселелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т.б. пәндерді енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру, дыбыстық оқыту әдісін енгізу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндетін атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т.б. Осы мектептердің материалдық жағына көмектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.

Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі турколог-лингвист А.Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселесіне айрықша мән берді, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды.

Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде немесе жоғары оқу орындарында білімін әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен мамандық таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы тез өріс алуына жағдай туғызды.

Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту саясатындағы басты мәселенің бірі - жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін мұғалім кадрларымен қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты:Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке тарту, екіншісі жолы - білімге құштар сауатты жастарды қысқа мерзімді курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау.

1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А.Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкіл Қазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды.1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде "Физика", "Грамматика", "Алгебра", "Мектеп гигиенасы", т.б. бар.Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Т.Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.Республикада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық  үлкен рөл атқарды. 1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізді.Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға аттанды, оқушылар болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге ат салысты, 15-16 жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт, шахталарда ер-азаматтардың орнын басты.Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа жастарының кешкі мектептері көбейді.

1945-60 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе бастады. 1950-60-шы жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт өскенімен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ және орыс мектептері көбірек ашылды. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі -мектепке 6 жастан бастап қабылдау.Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады.

34.»Аңырақай шайқасы» және оның тарихы.

1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730 жылы біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызады. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келген (1727). 1723 жылдан бастап еліміздің Шығысы мен Жетісуды, Оңтүстігін, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірді басып алған жоңғарлар енді қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді.Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында  Хан тауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталады) жиналды. Бұл таулардың бауырында “Үлкен Орда қонған” деген жер атаулары күні бүгінге дейін сақталған. Шайқас солтүстік Балқаш, оңтүстік Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы беделді жерлерде өткендігін бұл өңірде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да – осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына ұласқан (40-45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Ит ішпестің Алакөлі (Балқаштың шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Балқаштан оңтүстікке қарай 120км жердегі бұл көл қазір Сорқұдық деп аталады. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Аңырақай шайқасы алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та  өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден сатып алынған әр түрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды. Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы ұрыс тәсілдерін меңгергендігін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. “Ай қорланды”, “Құйрық жеу”, “Ашамай”, т.б. қазақтың байырғы ұрыс-тәсілдерін кеңінен қолданды. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы дулат тайпасының әр руының қолын: сиқым Қара батыр (Төле бидің күйеу баласы), жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақтыларды Саңырық, ыстыны Төлек, шапыраштыны Қазыбек бек, албандарды Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), кіші жүз қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17-20 жасар Әбілмансұрдың (Абылайдың) жауға “Абылайлап” шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады.Сонымен Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны мен атқарған маңызын 1723-1728 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипатынан көреміз. 1723 жылы көктемдегі жоңғарлардың тосыннан жасаған соққысы қазақтар үшін аса ауыр болған. ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынастары шеңберіндегі жорықтар, негізінен, тонаушылық, олжа түсіру сипатында болса, 1723 жылғы жорық басқыншылық сипатта, яғни қазақ халқының этникалық территориясын жаулап алу сипатында  өрбиді. Аңырақай шайқасының маңыздылығы да осында. Қазақтардан тегеурінді қарсылық кездестірмеген жоңғар әскерлері 1723-1725 жылдары Ұлы жүзді, Орта жүздің бірталай бөлігін жаулап алды. Осы бір 3-4 жыл ішіндегі оқиғалардың өте ауыр болғандығы сондай – халықтың тарихи санасында бұл “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен, “Елім-ай” деген әрбір сөзінен мұң мен зар шығып тұрған өлең арқылы есте қалады.Сөйтіп аталған шайқастан соң қазақ-жоңғар қатынасында жаңа кезең басталады да, ол кезең басқа белгілермен, өзгеше ерекшеліктермен сипатталды. Осылайша, Аңырақай шайқасы – 1723-1729 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынасының бір кезеңінде түбегейлі бетбұрыс әкелген және туған жерді жау қолынан азат етуге жол ашқан Ұлы жеңіс болды. Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны мен маңызы осында болса керек.Аңырақайдағы жеңіс – қазақ халқының бірлігінің жеңісі. Ғасырлар бойы тарихи дамумен бірге халықтың қаны мен жанында қалыптасып, сонымен бірге жасаған ұлттық сана-сезім өзінің күйзеліске түсуіне, дағдарысқа ұшырауына, бөлшектенуіне жол бермеді. Көзге көрінбейтін, тек қана сезіну арқылы біле алатын бұл күш – халық бірлігінің сақталуына мүмкіндік туғызады.Ендеше Аңырақай шайқасы – қазақ тарихында, оның ішінде ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға – ұлттық тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген, қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, қасаң тарихи тұжырымдамаларға негіз қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп санаймыз.

35.Қазақстан жекешелендіру кезеңінде.
Жекешелендіру кейде дүниежүзілік жаулап алып бара жатқан бейбіт Республикамызда ұзақ жылдар бойы санамызға социалистік меншік сіңіріліп,
І Тарау. Меншіктің мәні, түрлері және жекешелендіру негіздері.
ІІ тарау. Жекешелендірудің мәні, түрлері және Қазақстандағы
Жекешелендіру
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар
Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика
Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі –
1991 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз
Жоғарыда айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет иелігінен алу мен
Келесі кезеңде 1993 жылы наурызда қабылданған «1993-1995 жылдарға
1996 жылы ақпанда бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан
1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару
Бұл жерде мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру
2000 жылдан бастап республикамызда жүргізіліп отырған реформалардың қайта
2000 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасында
Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі бағдарламалық,
Меншікті қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері
Бірінші кезең. «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру» Заңын
Екінші кезең.1993 жылдың наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет
Шағын жекешелендіру.Шағын жекешелендіру тауарлар мен қызметтің тұтыну нарығын
Кәсіпорындарды акционерлеу – жаппай жекешелендіру мен жеке жобалар
Агроөнеркәсіптік кешенді жекешелендіру. Агроөнеркәсіп кешенінде мемлекет иелігінен алу
Үшінші кезең. 1996 жылдың ақпанында 1996-1998 жылдарға арналған
Бұл кезеңде мемлекеттік меншіктің кез келген жекешелендірілуі тек
Үшінші кезеңнің ерекшелігі (1996-1998 жылдар) жекешелендіру мен қайта
Үкімет назарын ірі кәсіпорындарды жекешелендіру мен жекешелендіруден түсетін
Осындай кәсіпорындар арасында Павлодар алюминий зауыты, «Қазхром» кәсіпорны,
Келісім-шарт бойынша басқаруға берілген 66 кәсіпорынның 26 кәсіпорны
Үкімет экономиканың стратегиялық салаларының объектілерін жекешелендіруге бастамашылық жасады.
1998 жылдың аяғына дейін 2615 акционерлік қоғам мен
Тек 1997 жылы секторлық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде
Қарастырылып отырған кезеңде жеке жобалар бойынша 93 кәсіпорын
Экономика салалары Жеке жобалар бойынша сатылғаны
Барлығы Оның ішінде шетел инвесторларына
Мұнай-газ 23 5
Энергетика 19 17
Металлургия, тау-кен және машина жасау кешені 41 29
Көлік және байланыс, экономиканың басқа салалары 10 5
56 кәсіпорын шетел инвесторларына сатылды. Жақсы инвестициялық климаты
Банкрот болу фактісінің болуына қарамастан ірі кәсіпорындарды жекешелендіру
Ірі кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру және кейіннен оларды Қорыта келгенде инвестициялық жекешелендірудің купондарының ақшаға баламалылығы жоқ
Жекешелендірудің инвестициялық қорлары – жалпы жекешелендіру мен республика
Бүгінгі таңда жекешелендіру жөніндегі ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру
1993 жылы 2,7 мың кәсіпорын жекешелендірілді. Олардың 21

36.Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуы.

Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)». XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай тар жол тайғақ кешулерге душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі Кіші Қазан төңкерісінің салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі алыптарын тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, комсомолдық бауырластық жолдамалар нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар 1,7 есе, украиндар 1,6 есе, өзбектер 1,9 есе, қырғыздар 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар 1,5 есе, немістер 1,6 есе, татарлар 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде  көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет.Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды ( хрущевтык үйлер ), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы демографиялық жарылысқа мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда.
Сондай-ақ, КСРО ыдырағаннан кейін Ресейдегі көші-қон үрдісі Қазақстан есебінен оң, Украина, Орта Азия, Закавказье, Балтық елдеріне байланыста теріс айырымға ие болды. Осы кездері Қазақстанды донор ел есебінде қабылдап, оның себебін экономикалық емес, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуімен байланыстырушылар да табылды. Алайда, XIX ғасыр мен XX ғасыр бойы, әсіресе, 1939-1959 жылдары КСРО-ның басқа республикаларына қарағанда, Қазақстанға орыс ұлты өкілдерінің көптеп келуін айқыңдасақ, онда, қазіргі кезеңдегі Ресейге кері көші-қон үлесінің өсу себебі көзге түседі. Бұл процестің себептерің іздеуде субъективтік жорамалдарға, негізсіз сылтауларға жүгінгеннен көрі, Қазақстандағы XX ғасырдың соңындағы экономикалық, әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан, орыстардың тарихи отанына оралуының заңдылығынан және т.б. обьективті жағдайлардан іздестіру қажет. Сол себепті, Қазақстан халкының қазіргі құрылымы қалай қалыптасты, кеңес өкіметі тұсыңда, соның ішінде 1939-1959 жылдары жіберілген кемшіліктер орнын қалай толтыруға болады, керісінше, соғыстан кейінгі елдегі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтарға қарамай, халықтың білім денгейін, медициналық кызмет көрсету ісін жетілдіру, әлеуметтік жағдайды жақсарту, әл-ауқатын көтеру және т.б. мақсатыңда қандай шаралар жасалды, еңбеккерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын көтеру бағытыңдағы сол шаралардан үлгі боларлық тәжірибе бар ма, т.б. сұрақтарды анықтау мен демократиялы, ұлттық, зайырлы және құқықтық мемлекетіміздің гуманды демографиялық саясат жүргізуі үшін өткен кезеңнің демографиялық ахуал-тынысына талдау жасау кажет. Сондықтан, бұл еңбекте 1939-1959 жылдар аралығында Қазақстанда жүргізілген саяси, экономикалық және әлеуметтік процестердің халықтың құрамына тигізген әсерлері мен демографиялық нәтижелеріне тереңірек тоқталамыз.
Кеңес дәуіріңдегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерді 2 кезеңге бөлуге болады: 1920-жылдардан 1960-жылдардың басына дейін (1926-1959 жылдар санақтарын межелейік); 1960-жылдар мен 1990 жылдың (1959-1989 жылдардағы санақтар) аралығы; ал, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан (1989 жылғы санақ пен 1999 және 2009 жылдардағы санақтар) бергі уақыт өз алдына бөлек бір кезең.
Бірінші кезеңде Қазақстан халқы демографиялық құрылымына терең өзгерістер әкелген ірі қоныстанулармен ерекшеленетін тарихи оқиғалар негізіндегі механикалық өсім есебінен өсті. Екіншісінде табиғи қозғалыс арқасыңда бірқатар өсім байқалды (бұл кезеңде көші-қон үрдісіне кері айырым басым болды).

37.Түргеш және Қарлұқ қағанаттары:территориясы,этникалық ұүрылымы,саяси тарихы.

Түргеш қағанатының жер аумағы, халқы. Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды. Халқының құрамы түрік тілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер "Күлтегін" ескерткішінде және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді жөне Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Бұл кезде түргештер Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген, адам саны жағынан басым тайпа болған. Түргеш қағанатының өз алдына жеке билік құрған кезеңі туралы "Күлтегін" жазбаларында біршама жақсы жазылған. Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды. Ел сауда, қолөнермен де айналысты. Аң аулау да кәсіптің бір түрі еді. Алайда аң аулау бай-шонжарлар үшін көңіл көтеріп, сауық құру болса, ал кедейлер күн көру, жан бағу үшін айналысқан. Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы әр түрлі пікірлер бар. Олардың бірінде соғдылар негізінен саудамен айналысатын халық болғандықтан, осы сауда арқылы келіп қоныстанған дейді. Ал екінші бір пікірде соғды диқандары мен саудагерлері Бұхараның өмірі Абруйдың алым-салықты көп алып, қысым көрсетуіне шыдамай, қоныс аударуңа мәжбүр болған. Үшінші пікірде арабтардың жаулап алуымен байланыстырылады. Тарихи жағынан алып қарағанда бұл үш пікірдің үшеуі де белгілі бір жағдайларда байланысты соғдылардың шығысқа қарай қоныс аудара бастағанын теріске шығармайды. Соғдылардың қоныс аударуыңа осы үш себептің әсер еткендігі - тарихи шындық Алғаш рет түрік атауы 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі.  Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді, кейде, түрік атауы ақсүйектер деген мағынада да қолданылады. Ал қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған.Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле /тирек/ тайпасын жеңіп, олардың 50 мыңнан астам әскерін тұтқынға алып, өз армиясына қосып алды. 552 жылы көктемде  түріктердің билеушісі Бумын өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуандарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған  553 ж. қаза табады. Оның мұрагері  Мұқан-қаған (553-572жж.) билік құрған жылдарда  Түрік қағанаты  Орта Азияда саяси үстемдікке ие болды. Олар маньчжуриядағы кидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-салық алып тұрды.Бір тілде сөйлеген түркі халқының құрамында оғыз, қарлұқ, қырғыз, түргеш, ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар біріккен.  Бұл тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қазіргі қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы тайпаларымен бірігіп, оларды өздеріне сіңіріп жіберген.Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).Мемлекеттің құрылуыҚарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады.Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады.Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты.

38.XVI-XVII ғғ қазақ-орыс қатынастары.

Ә. Бөкейханов өзінің барлық зерттеулерінде «жаулап алу» деген ұғымды қолданып, сол арқылы XVIII—XIX ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастарының барысында қалыптасқан күрделі өзара қатынастарды сипаттайды.

Ә. Бөкейханов орыстардың Орталық Азиядағы ерекше өркениеттілік миссиясы туралы негізсіз тұжырымдамасын ашықтан-ашық әшкереледі. «Өлкені бағындырған соң, — деп жазды ол, — орыстар мәдениетті жұмысқа көше алмады, өйткені бастапқыда жаулап алу тек қана баю мақсатымен жасалды және алғашқы жаулап алушылар мәдениет рөлін атқаруға мүлде дайын емес болатын. Олар адамгершілігі алғашқы қауым адамдарынан аспаған, өткендегі әмірі күмәнді, дөрекі, надан адамдар еді; рас, осының бәрі бола отырып, олар бұратаналардан жетілгендеу болып шықты, бірақ оларды бағындырған соң саналы түрде бейбіт мәдени жұмысқа көше алмады; олар тіпті табиғаттың бай тартуларын ақылмен пайдалануға немесе өздерін өз еңбегімен асырауға күш-жігер жұмсаған жоқ. Керісінше, олар баюдың неғұрлым жеңіл басқа әдісін — бағындырылған бұратаналарды талап-тонау мен табиғи байлықтарды талан-тараж ету жолын таңдады». Автор еріктілердің ендей кіруіне империяның мүдделі болғанын нақтылай келіп, еріктілер мен үкіметтік отарлау үрдісін ажырағысыз бірлікте қарастырады. Біріншіден, ол орыс отарлауының алдыңғы тобы болды, екіншіден, ол империяның ішкі өміріндегі проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. 1917 жылдан кейін отандық тарих проблемаларына ден қою арта түсті. Бұл тұрғыда көптеген еңбектер ішінен Т. Рысқұлов, X. Досмұхамедов, П.Г. Галузо, С. Мендешев, Ғ. Тоғжанов еңбектері мен басқа еңбектерді атап өту керек.П.Г. Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін атап көрсетіп, империяның өзге өлкелерді «қосып алуға» өте мүдделі екенін атап айтқан болатын. П.Г. Галузо отаршыл империя теоретиктерінің агрессияға бейбіт тон жамылдырып, өркениетті сипат беруге неліктен тырысқанын түсіндірді. «Отар Түркістан» («Орыс патша өкіметінің Орта Азиядағы отарлау саясаты тарихының очерктері») деген кітабында ол былай деп жазды: «Патшалық Ресей әскерлерінің қазақ даласына қарай ендей кіруі XVIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ басталған болатын.Орыс патшалары елге ентелей әрі толассыз дерлік сұғына түсті, алайда былайша айтқанда, біраз жалтақтай отырып жылжыды...».[13] Орта Азия шекарасындағы орыстардың агрессиялық саясаты жөнінде келтірілген бейбітшілік сүйгіш сипат беру Ресейдің алысты көздейтін агрессиялық жоспарларын қарастыра отырып, Орта Азияға аяқ басқанда, өзінің отаршылдық басып алушылық жөніндегі батыс еуропалық бақталастарынан, ең алдымен Англиядан қатты қорыққандығын көрсетеді.Орта Азияға қарай ілгерілеуді біз ұлы державалардың «олжа бөлісу жөніндегі» «империалист жарыс» ағыстарының бірі деп қарастыра аламыз. Әрине Ресейдің крепостник-помещигі ең алдымен отарды өзі үшін басып алды, бірақ шынына келгенде бұл отарларды Ресейдің өнеркәсіп капиталы үшін де басып алу болатын. П.Г. Галузо Ресейдің «отаршылдыктабыстары» тарихын Орталық Азияның барлық аймақтарымен өзара тығыз байланыста алып қарады. Ол Қазақстанның империя құрамына кіруі: біріншіден - халықтарды саяси дербестіктен айырудың; екіншіден — экономикалық жағынан кіріптар етудің; үшіншіден — Дүние жүзін болашақ отарларға болу жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдарынан болды деп есептейді. П.Г. Галузоның сіңірген еңбегі — XIX—XX ғасырдың басындағы Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық үстемдігі көрінісін ашып көрсету және ұлт-азаттық қозғалысы проблемасын ғылыми тұрғыдан қою болды. «...Дәуір екі бөлікке: өлкені жаулап алу кезеңі мен шаруашылық үшін игеру кезеңіне бөлінеді, осыған сәйкес ұлт-азаттық қозғалысы екі кезеңге бөлінеді».

39.Қазақстандағы Кеңес Үкіметінің орнауы мен оның ерекшеліктері.

1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен  дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері,  эсерлер, меньшевик-  тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар,   шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар ендіБуржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт  автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі. Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылы- ғымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады.Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақ-станның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті. Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды.. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды.. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы.Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920ж. аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.1919ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды.1920ж. 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды.

40.Оғыз мемлекеті:территориясы, этникалық құрылымы, саяси тарихы.

9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).
Оғыз мемлекеті
8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына

41.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған Кіші жүздегі шаруалар көтерілісі.

1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды.1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды.Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды.1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктін көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау жаппай наразылық шеруіне ұласты. Мұндай алғашқы шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс етті. Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тындап шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннің ішінде шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесінде тұрмады. Сөйтіп Жәңгір хан халық алдындағы беделінен айырыла бастады.1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әр түрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. Ханның төңіресіндегі жандайшаптардың бірі би Б. Құдайбергенұлы серкеш руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерілісшілердің жағында еді. Исатай серкештерге шабуыл жасағандарды жазалау үшін құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті.1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге байбақты руының бе- делді старшыны Жүніс Жантеліүлының қолы келіп қосылды. Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы Исатай Таймановты ұстап алып, ісін сотта карауға тапсырма береді. Бұған қарсы көтерілісшілердің басшысы генерал-губернатор В.А. Перовскийге шағым жасады. Өлке басшысының қазақтарға деген көзқарасы жаман емес еді. Бірде үйлену тойын өткізіп жатқан қазақтарға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін Перовскийдің жүзбасы Бухматов пен бір топ қазақты мың адамдық саптың ортасынан өткізе дүре соққызып, оларды әскери қызметтен біржола қуып жібергені белгілі болатын. Бірақ ол өлке билеушісі ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізді.Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз».1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, құл-талқан етіп кетті. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті. Онда қалмақтар мен қарақалпақтардың және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті.Көтерілісшілердің келесі бір шағын жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кетті. Сұлтанның дүние-мүлкі мен малын олжалады.Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алу.КөтерілісИсатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгір ханның жағдайын күрт нашарлатып жіберді.Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетіндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Шекара бекінісі күшейтіле бастады.Исатай Тайманұлы ханмен екі арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор әкімшілігі мен Жәңгір хан қазақтардың әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп қысқа мерзімнің ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды. Тастөбе түбіндегі шайқасШиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбедеген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы аттарды тандап мінудің, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды.Тастөбе түбіндегі жеңілістен кейін көтерілісшілер шағын топтарға бөлініп, Ішкі Орда аумағына тарап кетті. Көтерілісшілердің күші олсіреп, моральдық рухы да төмен түсті. Жазалаушы әскер барлық күшті көтерілістің басшысын қолға түсіруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом күміс ақша тігілді.1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы 80 қазақ және өзінің адамдарымен көтерілісшілердің соңына түсті. Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтеріліс басшысын қолына түсіре алмады. 1838 жылдың бас кезінде Исатай Тайманұлы өзінің қасына ерген жасағымен бірге Үлкен Борсықты құмындағы Шекті руының шетіне ілікті. Бұл жерде оған басқа да қазақтар топ-тобымен келіп қосылды] Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдарыЖазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты.Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді.Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер аударылды.Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ.Көтерілістің тарихи маңызыИсатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді

42.Түркістан автономиясы үкіметінің құрылуы.Мұстафа Шоқай

Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар бола¬тын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға ша¬қырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жер¬гілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету бас-ты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш авто¬номиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

43. Ұлы Жібек жолы VI-XIII ғғ қалалар мен қала мәдениеті.Көне түркілердің жазба ескеркіштері.

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар». VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.
Архиология және архивтік материалдар бойынша
VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.
VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата жұрты бар.
X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген.Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы»Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.
Тараздан «Жібек жолымен»Төменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар,көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар. Қалалардың өсіп өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды.Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды.Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты. IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды.Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды.Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды.Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір,не шойын ұштары бар,жер жыртатын құралдармен өңделіп,егін ору темір орақпен жүргізілген.Дәнді ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды.
Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты.

44.XVIII ғ 1-жартысындағы патша үкіметінің «Шығыс саясаты».Отарландырудың кезеңдері.

Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылгы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдын 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды.Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылыстың тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жолымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіметіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолына шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сұлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Рас, олар мұның бәрін бірден жүзеге асыра қойған жоқ. Бұқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан қармау үшін алыстан арбап, зымияндық саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды.Оның алғашқысы — 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жүйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, тұзақты алыстан құрып, сырт иелігін жасады, яғни қазақ елін өзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте тұра, қазақ жұртының арасына өз білімдар адамдарын қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға ұстап, соның тасасында тұрып, елдің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мінез-құлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал тұстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сұлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге құмар, атаққұмарлары ерекше бағаланып, бұлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары қазақ жұртшылығының арасына алауыздық ұрығын осылайша енгізе бастады.

Патша үкіметінің қазақ елінің басына тәуелділік ноқтасын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа ұшыратқан орыс босқындарын әкеп орналастырды.Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бұл бекіністер Орал, Ертіс сияқты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазакстанның батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы бұрынғысынан неғұрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарым бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк көліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. 1764 жылы Кузнецк-Колыван шебінің бір бөлігі Өскеменнен Тигерец форцостына дейін көшірілді. Сөйтіп, Қазақстандағы шекаралық шептің шығыс қанаты XVII ғасырдың 60-жылдары Ресей әскери қамалдарының бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырылды.Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ресейден Қазақстанға жаңадан көптеген әскери күштер әкелінді. Бұдан басқа патша өкіметінің өкімшілігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанға орталық губерниялардан орыс шаруаларын қоныстандыруға белсене күш жұмсады. Бұл жерлердегі қазақтарды ығыстырып шығару жөнінде шаралар қолданылды. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністеріне 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне тиым салынды. Патша өкіметінің отарлау ежелден тұрып жатқан қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты, Сібір әкімшілігі мен қазақ сұлтандары арасында шиеленіс тудырды. Шығыс аймақта патша өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, Цин империясы әскерлерінің Қазақстан жеріне басып кіру қауіпі, 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмамбет өлгеннен кейін хан болып сайланған Абылайдың Ресей бодандығын сақтай отырып, Қытай империясы өкімет билігін де қабылдауға мажбүр етті. Абылай ұстанған екі жақты бодандық саясат Қазақстанның өмірлік мүдделеріне сай келді. Екі ірі мемлекеттің Абылайды Орта жүз ханы деп мойындауы, оның позициясын едәуір нығайта түсті. Ол жоңғар басқыншылығына қарсы күресте үш жүздің жасақтарын біріктіріп, қазақ халқының азаттық Күресін ұйымдастырған айбынды әскери қолбасшы болды. Абылай аса ірі шайқастарда ерен ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ол қазақтардың бір орталыққа бірігіп, сыртқы жаулармен күресте олардың еркіндігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірді.1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің ханы болып оның баласы Уәли сайланды. Ол бір мезгілде Ресейге де, Қытайға да бодан болатыны жөнінде ант беріп, өз әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетті. Дегенмен, оның тұсында хандық ішінде ыдыраушылық күшейді, сұлтандардың ықпалы өсіп, мұның өзі қазақ хандығының әлсіреуіне әсерін тигізді. Бұл Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді түрде енуіне жағдай жасады. ХҮІІІ ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басында өзінің отарлау саясаты барысында патша өкіметі ең әуелі Қазақстан жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңестің қолына көшті. Осындай кеңес құру арқылы Кіші жүз бен Орта жүз хандықтарының саяси дербестігін түпкілікті жою мақсатын көздеді. Патша өкіметі бұл мақсатты іске асыруды Орта жүз хандығынан бастады. Мұнда 1815 жылы Орта жүз ішіндегі Уәлидің билігін әлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді тағайындады. Орта жүздің хандары Бөкей 1817 жылы, Уәлихан 1819 жылы қайтыс болған соң, патша өкіметі жаңа хан сайлатпай, Орта жүзді бірнеше әкімшілікке бөліп, оларды басқарып-бақылауға патша өкімдерін қойды.1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М. М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары» туралы жарғы, 1824 жылы «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы» — деген құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік-саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Орта жүз жекелеген әкімшіліктерге бөлініп, Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болысқа бөлудің негізіне рулық емес, территориялық бөліну принципі алынды. Сондықтан жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберден екінші әкімшіліктін жеріне ауысуы шектеліп, бұрынғы көшіп-қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар тарайындалып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды.

XIX ғасырдың басында Хиуа хандығы Мервті басып алып, өзінің билігін Каспий теңізі жағасындағы түркмендердің бір бөлігіне, Үстірт пен Сырдария қазақтарына жүргізіп тұрды. Ал Оңтүстік Қазақстан қазақтарының бір бөлігі Қоқан қарауында болды. Хиуа мен Қоқан қол астындағы қазақ шаруалары бұл елдердің феодалдарына қарсы күреске талай рет көтерілді. Олармен бірге еңбекші қырғыздар, өзбектер, қарақалпақтар және басқа да халықтар ұзаққа созылған ұлт-азаттыұ күресін жүргізді. Соның ішінде 1821 жылғы көтеріліс айрықша тегеурінді болды, оған Түркістан, Шымкент, Әулиеата маңындағы қазақ шаруалары қатысты. Көтерілісті Тентектөре басқарды, оның басшылығымен 12 мыңға жуық көтерілісші шайқасты. Көтерілісшілер Сайрам қаласын басып алып, оны өздерінің әскери-стратегиялық тірегіне айналдырды.Бұл кезге дейін Хиуа мен Қоқан хандары өздерінің қол астына кірмейтін қазақ және қырғыз жерлеріне олжа салу үшін жорықтар жасаса, енді олар Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғызстан жерін өзіне қаратуды көздеді. Ал оңтүстік қазақтары Қазақстанның басқа жүздерімен бірге біртұтас елдікті сақтап, Ресеймен бірігуге ұмтылды. 1818 жылы Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына қабылдауын сұрап, патша өкіметімен келіссөз жүргізді. 1819 жылдың 18 каңтарында Сүйін Абылайханов сұлтан өзіне қараған 55462 адаммен Ресейге адал болатыны жөнінде ант берді. 1824 жылы I Александр Ұлы жүздің Жетісуда көшіп-қонып жүрген 14 сұлтанын (165 мың ер адамы бар) Ресейдің қол астына қабылдауы туралы куәлікке қол қойды. 1830 жылы патша өкіметі Орта жүздің бірқатар аудандарының халқынан (25400 үй, 80481 ер адам) ант қабылдады. 1845-1847 жылдары Ұлы жүздің барлық рулары дерлік (оңтүстікте көшіп-қонып жүрген, әлі де Қоқан хандығының қол астындағылардан басқалары) Ресейге қарады. Сөйтіп, XIX ғасырдың алғашқы жартысының аяғына таман, атап айтқанда, 1847 жылы Орта жүз қазақтарының басым көпшілігі орыс бодандығына көшті де, Қазақстанның Ресеймен бірігу процесі аяқталу сатысына қадам басты. Орта және Ұлы жүздердің қосылған территорияларында Актау, Алатау, Қапал, Сергиополь (Аягөз), Лепсі, Верный бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле өзенінің арғы бетіндегі (Заилийск) билігін нығайтуға арналған тірек пункттеріне айналды. 20-40-шы жылдарда Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Аманқарағай округтерін құру аяқталды. Ұлы жүздің қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторына бағынатын үлкен Орданың приставы лауазымы белгіленді. Жетісу өлкесінде 1847 жыл мен 1867 жыл аралығында казак-орыстар тұратын 14 станица бекіністері салынды. Бұл Ресей империясы отарлаушы әкімшілігінің өкіметін нығайтуга көмектесті.Қазақстанды отарлаудың және Шу мен Талас алқаптарының қазақтарына ресейлік ықпалды таратудың басты тірегі Верный бекінісі болды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу анғрары арқылы қоқандық бекіністері — Әулиеатаға, Шымкент пен Ташкентке қарай әскери шабуылы басталды. 1863-1864 жылдары полковник М. Черняевтің әскерлері қоқандтык бекіністер — Созақты, Шолаққорғанды, Әулиеата және Шымкентті, ал патша офицері М. Веревкиннің жасақтары Түркістанды күшпен басып алды. Сөйтіп Шығыс-Сібір мен Сырдария шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің жаулап алуымен, жалпы Қазақстанды қосып алу осылай аяқталды. Осымен байланысты қазақ елі жалпы ресейлік қоғамдық еңбек бөлінісіне ене бастады. Пошта, жол қатынасының дамуы, сауданың, экономикалық байланыстың орнығуы іске асты.

Қазақ елі негізінен мал өсіруші өлке еді. Егіншілік шаруашылық айналымына енді-енді еніп келе жатты. XIX ғасырдың 30-60-шы жылдарында Қазақстанда небәрі 29 мың десятин егін егілді. Оның 14 мыңы Батыс Қазақстан аймағында, қалғаны елдің басқа аудандарында орналасты. Егіншілік халықтың аралас шаруашылық жүргізуі есебінен дамыды. Жартылай көшпелі өмір сүріп, мал өсіретін шаруалардың бір бөлігі көктем шыға жер жыртып, тұқым сеуіп, тырмалап егінді қарайтын адам қалдырып, жайлауға көшетін, сонан соң егін жинауға оралатын.Егінші қазақтарды жатақтар деп атады. Жатақтардың көбінде көлігі, құрал-саймандары болмады. Сондықтан олар жинаған өнімнің тең жартысына дейін беріп, көлікті, күрделі құрал-сайманды байлардан, ауқатты шаруалардан жалға алатын. Қазақтар балық аулау, тұз өндіру, аңшылық істермен де айналысты. Мал, аңтерілерін, құс мамығын өңдеп сатуды жолға қойып, ұста-зергерлік кәсіп ететін қазақтар аз болған жоқ. Ресейден шығысқа қарай өтетін сауда жолындағы қазақ шаруалары керуеншілерге көлік жалдап та пайда түсірді.

Қазақстанда табиғаттың мол қоры болды. XIX ғасырдың ортасына қарай көптеген кен орындары ашылып, мыс, қорғасын, күміс, көмір өндіру қолға алынды. Кен балқытатын, өндіретін, өңдейтін кәсіпорындар салына бастады.

Қазақ жерінде тауар-ақша қатынастары бірден-бірге дами берді. Оған жәрмеңкелік сауда жасаудың зор ықпалы тиді. Қазақстандағы Қызылжар, Семей, Актөбе, Көкшетау, Гурьев, Орал, сондай-ак, көрші Ресей губернияларындағы Омбы, Қорған, Түмен, Орынбор, Ірбіт, Төменгі Новгород қалалары ірі сауда орталықтарына айналды, оларда жазғы және күзгі кездерде жәрмеңкелер жұмыс істеді. Қазақстан орыс кәсіпшілігі үшін мал, шикізат жеткізуші әрі өндіріс өнімдерінің тұтынушысы болды. Қазақтар жәрмеңкелер мен айырбас пункттеріне қой, жылқы, ұсақ және ірі қара малдары мен май, былғары, тері, өлтірі, ешкі түбітін, арқан жеткізді.ХVІІІ ғасырдың соңы — XIX ғасырдың басында Ресеймен шекаралық сауда орталықтарында Қазақстаннан тек бір жыл ішінде 1,5 миллионнан астам мүйізді ірі қара мал және 100 мыңнан аса жылқы сатылған. XIX ғасырдың ортасында Ертіс шекаралық ауданында жыл сайын 150 мыңдай жылқы, 3 млн. қой-ешкі және 100 мың өгіз бен сиыр — барлығы 8 млн. сомға дейін қаржыға мал түсіп отырған.

Бұл кезде Қазақстан Ресей астығынының негізгі тұтынушысына айналды. Барлық шекаралық сауда орындары арқылы мұнда жыл сайын 400-500 мың сомға астық жеткізілді. Ресейден шұға, қағаз, қант, бояулар, жабайы аңдардың қымбат терілері, өңделген былғары, темір, болат, шойын, ине, алтын және күміс теңгелер алды. Сауда негізінен айырбас ретінде жүрді. Баға өлшемі жұрттың бәріне бірдей үш жасар қойдың құны 1 сом күміске теңеліп, сол бойынша басқа тауарларға тиісті баға қойылды.

Халықтың бай, кедей болып жіктелуінің күшеюі, жартылай көшпелі елге ақша-тауар қатынастарының барған сайын батыл енуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгертіп, әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістірді және қауымдық-рулық қалдықтарының күйреуіне себебін тигізді.Бұл өзгерістер бірден бола қалған жоқ. Елде тап тартысының, яғни кедей шаруалар мен ауқатты қанаушы топтардың арасындағы қайшылықтың күшеюі, қазақ шаруаларының отаршылдық саясатқа қарсы күресі барысында іске асты. Орыс мемлекетінің отарлау саясаты қазақтың ел басқару ісіне қойған адамдарының небір өрескелдіктерді істеуіне жол ашты. Олар алым-салықты көбейтіп, патша әкімшілігінің, жергілікті өкімдердің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, өздерін бет қаратпай бағынышты етіп ұстағысы келді, Ал, қазақ шаруалары өздерінің адамдық құқын пайдаланып, біз де бір атаның ұрпағымыз деп зорлық-зомбылыққа көнгісі келмеді, әділдік пен адалдықты көргісі келді. Міне, осыдан келіп, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы басталды.

45.II жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері.

46.Қарахан мемлекеті: аумағы, этникалық құрлымы, билік жүйесі.

Қарахан сөзінің шығуын шығыстанушы тарихшылар бұл тайпалардың қара деген атақты көп қолдануынан келеді деген болжам айтуда. Қара – сол кездегі түрікшеде ұлылық, биіктік деген ұғымды білдірген.Қарахан мемлекеті, 840 ж Ұйғыр мемлекетінің қырғыздардан жеңілуімен Орта Азия далаларында Білге Құл Қадір хан тарапынан құрылған. Х ғасыр басында Сатұқ боғра хан мұсылман дінін қабылдағанын жариялайды. Мұсылман болғаннан кейін Әбдулкәрим деген атпен аталады.Нұх алейһиссаламның ұлы Яфестен тараған түріктер, қанындағы тазалығы есебінен көп ұзамай бүкіл түркі халқы Ислам дінін қабылдайды.Қарахандық ақсүйектері арасындағы тақ таластардың нәтижесінде 1042 жылы мемлекет Батыс және Шығыс Қарахан мемлекеті болып екіге бөлінеді. ХІІ ғ. екінші жартысында Батыс қағандығының билігі қарақытайлар қолына көшеді. 1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңілуімен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталады.Қарахан әміршілерінің ілімге мән беруі, ғалымдарға құрметтілігі және оларды қолдау нәтижесінде Түркістан, Мәуреннахр қалалары сол кездің мәдениет орталықтарына айналды. Шығыс Қарахандықтар дәуірінде Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік», Махмұд Қашқаридің «Диуани луғат-ит-Түрік», Имам Әбул Футух Абдулғафурдың «Тарихи Қашғар» атты туындылары түрік тілі әдебиеті, мәдениеті және тарихы үшін өте маңызды еңбектер болып табылады. Сарайлар, мешіттер, кесенелер, медреселер, кітапхана, емхана, монша, керуенсарайлар, көпірлер салынды. Мешіттерінің тек мұнаралары ғана күнімізге дейін жеткен. Арап әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасты. Түрік хуснихат (каллиграф) өнері Қарахан дәуірінде басталды. Куфи, сүлүс, жәли секілді жазу түрлерімен Құран кәрім және хадис кітаптарын ұқыптылықпен жазып сақтаған.Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты

47. Кіші жүз бен Орта жүздің Ресей империясының құрамына енуі.

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары:  Қалмақтар   мен   башқұрттардың   Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.2Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.3.Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері   бойындағы   қазақтардың   мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.4Қазақ    жері     арқылы     өтетін     керуен  жолдарының       қауіпсіздігін  қалпына келтіру.Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.  1731 жылғы 10 қазан - Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдін қол астына кіруге ант берді Патша үкіметінін мақсаты - қазақ - жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.Әбілмәмбет пен Абылай сүлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды, яғни Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсірету.1733     -     1734    жылдар     -     Оңтүстік Қазакстанның     ықпалды     билері     мен сұлтандары Ресей кұрамына кіруге тілек білдірді.1734 жылғы   10 маусым  - императрица Анна     Иоаннова    Ұлы     жүзді     Ресей құрамына  қабылдауға   келісімі  жөнінде жарлық шығарды.•     1741 - 1742 жылдар - қонтайшы Галдан Цэрен Орта жүз бен Кіші жүзге екінші "актабан    шүбырьшды"    жорықтарын жасады.в 1742 жыл - Абылай сұлтан жоңғар тұткынына түсіп, 1743 жылы қиыншылыкпен босады.1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты казактарды және шекаралык. бекіністерді корғау жөнінде жарлык шығарды. 1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор          комиссиясының          бастығы И.Неплюев   Галдан   Цэренге   хат   жолдап, Ресейдің  қарамағындағы  казақтарға қысымжасамауды тапап етті. 1748 жылы Ор бекінісі маңында Әбілхайыр мен Ресей дипломаттары кездесіп, екі арадағы салқындықты жойғандай болды. • 1748 жыл - Үлқияқ және Торғай өзендері арасындағы қақтығыста, Әбілхайыр Барак сұлтанның қолынан қаза тапты. Қазыбек бидің бастамасымен өткізілген билер соты Барақты ақтағанымен, халық одан теріс айналып кетті. Саяси қарсыластары оны у беріп өлтірді.Орта жүздің Россия бодандығын қабылдау 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Россия империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп, «өзінің мөрін басты».Россия патшасының Кіші жүзді қоластына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоанновнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Россия құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды.1734 жылы 10 тамызда Россия патшасы Ұлы жүзді Россия құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, Ұлы жүз хандығына “ Сіздерді қоластымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз”. –деген қағаз жіберді. Алайда Ұлы жүздің Россиядан шалғайлығы сондай-ақ оның Жоңғариямен мейлінше күрделі әрі шиелініскен қарым – қатынас қазақ жерлерінің Россия құрамына енуін іс жүзінде асыруға кедергі келтірді. Оның үстіне Ұлы жүздің Россияға қосылуын белсене жақтаушылардың бірі Жолбарыс хан 1740 жылдың 5 сәуірінде опасыздықпен өлтірілді.1740 жылы Орынбор экспедициясынің бастығы генерал – лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 мамыр және қыркүйек аралығында Нуралы, Ералы султандармен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлар кейінрек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султанмен келіссөздер жүргізді.Келіссөздердің барысында 22 тамызда Нуралы, Ералы султандармен Жәнібек батырға ере келген 106 ру басы Россияға қарайтыны туралы ант берді, ал 28 тамызда 1740 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султан Россияға қарайтыны жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1740 жылғы тамыздың аяғында Кіші жүздің барлығы 399 өкілі Россияға қарайтыны туралы шарттың міндеттемелер қабылдады.Патша үкіметінің қазақ жүздеріндегі саясаты олардың қосылуы басталғаннан кейінгі алғашқы жылда әжептәуір икемді саясат болды. Жерді пайдалану саласындағы шектеу шараларымен, әскери барлаулар, ұлттар арасындағы қақтығыстар, қазақ феодалдарын бір-біріне қарсы қою практикасымен қатар келіссөздер де жүргізіліп, сауда қатынастары көтермеленіп отырды.Сонымен Кіші және Орта жүздерінің бір топ султандары мен ру басыларының 1740 жылы ант беруі Россияға Орта жүздің тек 1 бөлігінің ғана қосылуын қамтамасыз етті. Ал Солтүстік – шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек XIX ғасырдың20-40 жылдыры ғана патша өкіметінің әскери-саяси акциялары салдарынан қосылды

48. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасның жүзеге асу  барысы.

«Қазақстан 2030» стратегиясы  болашақ үшін де негізгі бағыт болып табылады. Бүгін Астанада ашылған «Қазақстан 2030» стратегиясы: Қазақстан үшін жаңа 10 жылдық мүмкіндіктер мен перспективасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, Елбасы 1997 жылдың 16-шы қазан күні «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын. Бұл бағдарлама елімізді әлемдегі ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Қазіргі таңда «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәуелсіз мемлекеттің экономикасы серпінді дамып келе жатқандығын көрсетті. Жалпы «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
1. Ұлттық қауіпсіздік. 
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. 
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. 
5. Энергетика ресурстары. 
6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. 
7. Кәсіби мемлекет. 
Бұл басымдықтар елдің дамуының орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады.

49.Қимақ мемлекеті:аумағы, шаруашылығы, басқару жүйесі.

VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған. Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VIIғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VIIғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады.» Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі IX—X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді.Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 

50.КіДатұлы бастаған көтерілісі және Игельстромның реформасы.

1775 жылғы реформаға сәйкес О.А. Игельстром далалық жерлерді жалпыимпериялық негізде басқару мақсатында, Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынып, патшайымның мақұлдауынан соң ол “Игельстром Реформасы” деп аталды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губерниясы басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей өкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді “бас старшын” деген атақ енгізді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөніндегі шаралары нәтижелі болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғышарты қалыптасуында болатын. Расправалардың басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. 1789 жылғы Француз революциясынан шошынған патша үкіметі Игельстром реформасын туғызған наразылықтардың монархиялық басқару негізін шайқалтуы ықтималдығын ойлап, Игельстром реформасын аяғына жеткізуден бас тартты.Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды. Қазақ  шаруаларының  феодализмге   және   отаршылдыққа    
қарсы  күресі.  .Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.

51.1921-1930 жж.Қазақстандағы индустрияландыру:сипаты,қарқыны және нәтижелері.

Партияның 1925 жылы (18—31 желтоқсан) өткен XIV съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмүны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта қүруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Кеңестер одағының экономикалық тэуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді ин- дустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіи, елді иидустриялды державаға айиалдыру міидетіи қойды. Партия мүндай міндетті орындау үшіи елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күшіи толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті.Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік ин- дустриялаидырудаи ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер өздеріиің иидустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетіи жеңіл өнеркәсіп салаларыи дамытудаи бастайды. Осы салаларға тэн бо­лып келетін кәсіпорындардың шағындылығы мен оған жүмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.Кеңестік тарихнамаға партияның 15- съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың үлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда болыиевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан үлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды.Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мэселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір- таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес жэне партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі өмір салты үлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы үлттық ерекшелігін жояды деп есептеді. Мүндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады.Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов өнеркэсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының қүлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмай- ды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркэсіптерді көптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды.Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есепте- гендер болды. Олардың пікірінше артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар өндіріс орындарына жергілікті үлт өкілдерін көптеп тарту, яғни жергіліктендіру (коренизация) саясаты өндірісті өте- мөте қымбаттатады, қазақтар жүмыс істей алмайды, олар бэрібір даланы аңсайды деген көзқарас та болды. Мүндай пікір айтушы топ- ты болыиевиктер “үлыдержавалық шовинистер” деп айыптады.Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру сая- сатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға эртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді “соцналнстік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бөлшегіне айналуы керек болды. Орталық үсынған бүл көзқарасты осы кезде өлкенің партия үйымының басшылығына тағайындалған Ф. Голощекин де қолдады. Республика өмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин өлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті мойындамады.Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте күрделі жағдайда жүргізілді. Біріншіден, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы Рессейдің орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Екіншіден, өлкеде соғыстан қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни, ол уақыт жағынан бірінші бесжылдықпен сэйкес келді.Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық көлемдегі елді индустрияландыру бағытында жетекші орынға қойды. Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы Түркістан-Сібір темір жолы болды. Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев-Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Өлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, көмір жэне мүнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан эрі өркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа өндіріс орындарын салу жэне жүмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қайта құру үшін тек 1933—34 жылдары 566,6 млн сом қаржы бөлінді. Оның бестен төрті ауыр индустрияны дамытуға жүмсалды. Олардың ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын жэне Балхаш мыс қорыту зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты болды.Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мүндай күрделі қүрылыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда со- ған қарамастан Кеңес үкіметі бүл қүрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал өндіру саласын тез дамыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сүранысты үлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сүранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты болыиевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің бар мүмкіндіктерін жүмылдыруға тырысты.Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл жэне Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын- мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жүмыс істеді. Бүлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдар- ды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бэрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды.Мүнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мүнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мүнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Ембі мүнай орны игерілді. Сағыз жэне Қүлсары мүнай орындары ашылды.Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928—1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке артып, оның үзындығы 6581 км-ге жетті.Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Болыиевиктер өлкені индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мы- салы: Одақ көлемінде мүнай өндіру 1926—1940 жж. 3 есе көбейсе, Қазақстанда — 5,9 есе көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда — 486 есе артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда — 3,1 есеге артқан.

Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде жэне жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық ма- ман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933—1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа қүрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кад- рлар қажет болды. Бүл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді кур- стар, фабрика-зауыт мектептері, техннкалық минимум үйірмелері ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933—1937 жылдары жоғары оқу орында­ры мен техникумдар 13 мың маман кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрлар­ды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда айта кететін бір жэй, Кеңес үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар даярлайтын жоғары оқу орын- дарын республикада ашпады. Бүл мәселеде республика орталыққа тәуелді болды.

Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республи- каны индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін салдары да болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркэсіп өнімдері үлесінің көбеюіне экелді. Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928—1939 жж. Қазақстан қалалары түрғындарының санының көші-қонымның нәтижесін- дегі механикалық өсуі 1,8 млн адамнан асты. Үшіншіден, көші- қонымның нәтижесінде демографиялық өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Большевиктер өлкеге жүмысқа басқа үлттардың алдыңғы қатарлы өкілдерін экелді деуге болмайды. Себебі, кеңес үкіметі эртүрлі қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жүмыс күші ретінде пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саясаты республикада жергілікті үлт өкілдерінің санының азаюына да эсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі үлтаралық қарым-қатынас шиеленісті. Оның себебі, Орталықтан әкелінген еуропалық үлт өкілдерінен шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жүмысшылар қазақ қызметкерлері мен жүмысшыларына менмендікпен жоғарыдан қарады. Мүндай көзқарас туралы фактілерді қүжаттардан көруге болады. Большевиктер, сонымен қатар ірі өндіріс орындарының басшылығына жергілікті үлт өкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің нүсқауын бүлжытпай орындайтын адамдарды орталықтан жіберіп отырды.

52.Қыпшақ хандығы:аумағы, этникалық құрылымы, басқару жүйесі.

Қыпшақтардың үш кезең даму жолы.Оның даму жолы үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең

Бірінші кезең: қимақ тайпалық бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда 7 ғ. 2 жартысынан бастап, 8 ғ. соңына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле тайпалары өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.

Екінші кезең

Екінші кезең - 8 ғ. соңынан 11 ғ. басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде, шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталыпы Мұғаджар тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік -қимақтар, қыпшақтар мен кумандар өзара бір-біріне ықпал етті. Сондай-ақ теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерде қыпшақтана бастады. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құралды. Үшінші кезең

Үшінші кезең: 11 ғ. басынан 13 ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының қалпытасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың атын алады. Алайда қыпшақтардың құрылып, қалыптасып болуының соңын монғол басқыншылығы тоқтатып тастайды.11 ғ. ортасында қыпшақтар Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батысындағы Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі оңтүстік-батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі территорияны мекендеді. 11 ғ. 2 ж. қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орналасты, олармен бірге оғыздар да көшіп-қонып жүрді. Қыпшақтардың 11 ғ. ортасында батысқа қарай жылжыуының бастапқы кезеңі Махмұд Қашқари картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген. Еділ өзені қыпшақ елінің ішінде қалған. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл шұңқырының көлдері болады. Олардың шығыс шекарасы Ертістің оң жағалауындағы алқаппен Алтай тауларының жоталарын қамтыған. 12 ғ. Алтай мен Ертістің жоғарғы бойындағы қыпшақ тайпалары наймандармен, қаңлы, керейттермен шектесіп жатады.Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұралық жолмен берілді. Хандар шығатын әулеттік ру ел- бөрілі болды. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түркі дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат қосынымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталыпы Торғай даласында болса керек. Билевші ақсүйек топтың (хандар, тархан, басқақ, бек пен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған. Рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген.Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмады. Малға жеке меншік, сондай-ақ жайылым жерлерде ақсүйектер меншігінде болған. Қоғамның қатардағы ерікті мүшелері малшылар болды. Құлдар соғыс тұтқындарынан құралды. Олардың бірқатары сатылып, жартысы жалшы, малай ретінде пайдаланылған

53.Бөкей хандығының құрылуы.Оның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы.

Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының  вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы —қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі._ ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды. Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды. Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахан губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск,Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады.1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе — зерттеу жұмыстары қолға алынады.1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта — телеграф байланысы орнатылады.

54.Ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру:әдістері, формалары мен салдары.1931-1933 жж.аштық.

Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% — ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты.Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды.Индустрияландыру бағыты азық – түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді.1928 жылғы қаңтар – ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды. 1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:

1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды.

2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.

3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.

Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.  1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды. 1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % — тен 3 % — ке кеміді.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % — і, жекешелердің 51,8 % — і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды:

1. 1930 жылы – 313 мың адам;

2. 1931 жылы – 755 мың адам;

3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды.

4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % — і жаппай қырылды.

1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» — Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды. 1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.

55.Наймандар мен керейттер ұлысы.

Найман,керей

Наймандар ұлысы. 11-13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген іргелі мемлекет. Жазба деректер бойынша Найман мемлекетінің алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Соның ішінде Рашид-ад-Дин: «Наймандардың хандығы қадірлі, қуатты, халқының саны көп, әскерлері де жауынгер еді» деп жазады. Оның ол кездегі ең белгілі қағаны Білге Бұқа қаған еді. Елді тайпалардың белді өкілдері мен ақсақалдар, батыр, қолбасшылары бас қосатын «Хан Кеңесі» арқылы басқарған. Білге Бұқаның екі баласы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып қыорқсып мемлекетті екіге бөліп алды да өзара соғысып әлсіретіп тынды. Сондан қазір Наймандардың бір бөлігі – Солтүстік Наймандар –Алтай, Зайсан, Марқакөл, Қара Ертіс бойында қалып қойды, бұл «Бұйрық ханның Наймандары» деп аталды, екінші бөлігі Оңтүстік Наймандар – Жетісу, Сыр бойына қарай ойысты да оларды «Күшлік ханның Наймандары» деген.

Осылайша өзара бөлшектеніп әлсіреген Наймандар елін, соның ішінде 1199 жылы Бұйрық ханның елін және 1204 жылдары Күшлік ханның елін Шыңғысхан мен оның Одақтастары жаулап алды. 1208 ж. Шыңғысханнан қашқан Күшлік бастаған наймандар Қарақытай еліне қашып келеді. 12 ғ. керейттер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болады. Ал наймандардың шығу тегі әлі белгісіз, жаңа мәліметтер олар түркі тілдес тайпалар дегенді айтады. Ол “сегіз” деген мағына береді дегенді айтады. Көп тарихшылар Наймандардың арғы шығу тегін Қиыр Шығыстан келген Ляо империясымен, яғни Қидан империясының тарихымен байланыстырады. Оған дәлел ретінде жазба деректер бойынша Солтүстік Наймандардың халқын Найман, Арғын, Қаңлы, Қаракерей рулары құрағанын, ал Оңтүстік Наймандар елінің халқын Найман, Албан, Суан, Ысты рулары құрағанын айтады.

Наймандардың батыс жағында – Ертіс бойын мекендеген Қаңлылар елі мен Сарыарқа даласындағы Қыпшақ хандығы бірлестігі, солтүстігінде – Енисей қырғыздары мен Хакастар, шығысында – Шығыс Моңғолияда көшіп жүрген Керей хандығы, ал оңтүстігінде отырықшы Ұйғырлар болды.

Керейттер ұлысы.

Керейт мемлекеті 9 ғасырдың аяғында Алтайда, Монғолия далаларының батысында қалыптасады. Этникалық құрамы түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралды. Керейттердің батысында – наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде – таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бұрылысының теріскейінде. Орхондағы Бас орда өте қолайлы географиялық жерде орналасқандықтан, сауда дамуына қолайлы болды. Сондай-ақ миссионерлер жиналатын орынға да айналды. 1007 ж. Керейттердің ақсүйектері наймандардың билеушілерімен бірге христиан дінінің нестроиандық тармағын қабылдады. Ал көпшілік қара халық баяғы көшпенділердің Тәңіршілдік дінінде қала берді. Іс жүргізу кең тарады. Құжаттар мөр басу арқылы бекітілген. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген.

Керей хандығына енген негізгі тайпалар – керейіт, сахайыт, тумауыт, албат, тункайт-кирун, торғауыт рулары болса олардың халық санын Рашид-ад-Дин «200 мыңдай халқы бар еді» деп көрсетеді. Керей хандығы 12 ғасырдағы Маркуз Бұйрық ханның тұсында өрлеген мемлекетке айналады. «Алтын кеседен ас ішіп, алтын ер-тұрман сайлаған бұл халық еді» деп көрсетеді орта ғасырлық жазбалар Керейлер ұлысын. Тайпалар мыңдықтар мен Жүздіктерге бөлінген. Олардың бас қаласы Қарақорым болды. Маркуз Бұйрық ханның немересі Куржакуз Бұйрық хан қаза болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында тақ таласына қырқыс басталады. Осы кезде Тоғрул хан (Уаң хан) бастаған жікшіл топқа Монғолдардың Есугей ханы (Шыңғысханның әкесі) бастаған көршілес далалықтар қолдау көрсетеді. Содан соң Керейлер мен Моғолдар өзара ант су ішкен Тату көршілер ретінде («Анда» дейді) ант беріседі.

56.Патша үкіметінің Қазақстандағы 1822-1824 жж саяси реформаны енгізуінің мақсаты.

«Жарғы» қазақ даласына бірте-бірте енгізіле бастады. Басқарудың жаңа тәртібі ең әуелі шекара шебі маңындағы және «өздеріне қамқорлық жасауды өтінген, бодандыққа адал болуға ант еткен» руларға енгізілді. 1822 жылғы «Жарғы» аздаған өзгерістер енгізілген түрінде 60-жылдардың ортасына дейін қолданылып келді. Жаңадан округтар ашудың алдын ала белгіленген нақты жоспары болған жоқ еді. Шекаралық әкімшіліктен шенеуніктер бастаған қарулы шағын жасақтар қазақ ауылдарына бірінен соң бірі жиі шығып тұрды. Олар басқарудың жаңа жүйесін қабылдаудың көшпелі халыққа пайдалы да тиімді болатынын егжей-тегжейлі түсіндіруге күш салып бақты. Сөйтіп халықтың көшпелі тобының келісіміне қарай жаңа округтар құрыла бастады. Мәселен,1824 жылы Қарқаралы және Көкшетау округтары,1831 жылы Аягөз,1832 жылы Ақмола,1833 жылы Баянауыл және Үшбұлақ,1834 жылы Аманқарағай (кейінірек Құсмұрын атанды),1844 жылы Көкпекті округтары құрылды.1854 жылы Ертістің оң жағалауындағы қазақтар үшін Семей ішкі округы ашылды. 1856 жылы Жетісу жерінде Алатау ерекше округы ашылды. Бұл екі округты орыс офицерлерінің арасынан тағайындалған бастықтар басқарды. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы мен Омбы облыстық басқармасының бастығы Орта жүзді басқаруды қолға алды. Бұдан кейін енді солтүстік-шығыс аймақтардағы қазақтарды басқару жөніндегі орган қүру көзделінді. Сөйтіп 1838 жылы патша үкіметі Сібір қырғыздарын (қазақтарын) шекаралық басқару басқармасы құрылды.Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.

57.Қазақстандағы «әскери коммунизм» саясаты.

Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.

«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.

58.Қазақстан жеріндегі кейінгі  ортағасырлық қалалар мен қала мәдениеті.(9-13 ғғ)

VI және IX ғасырдың бірініші жартысындағы Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі мәдениет. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы. Қалалар мен қалалық қоныстар. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи рөлі. Көшпелілердің материалдық мәдениеті-қолөнер, сауда шаруашылығы, архитектура және өнері. Рухани мәдениет: әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.IX ғ. екінші жартысы – XIII ғ. басындағы дала мен отырықшы қала халқының мәдениеті. Қалалар санының өсуі. Қала құрылысының өзгеруі. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сәулет өнері. Қолданбалы өнер. Діні мен мәдениеті. Айша-бибі, Қарахан мазарлары. Исламның таралуы. Тіл, ғылым әдебиет. IX-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ұлы ойшылдары: Әбу-Наср Әл-Фараби, Жүсүп Баласағуни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи, Сулеймен Бақырғани т.б. Олар қалдырған мұралардың дүние жүзі мәдениетіндегі маңызы.

59.Қазақ халқының Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. БіріншіденКіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығысияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуылжасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен бибатырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұртөзбекқарақалпақтүрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды.Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын.Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.

60.1920 ж Қазақ АКСР-нің құрылуы.Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу.

Ежелгі заманнан бері қазақтың жері саналатын оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы өңірлер (Сырдария және Жетісу облыстары) әр түрлі объективтік және субъективтік себептермен 1918 жылғы желтоқсанда жарияланған Алаш автономиясының, сондай-ақ 1920 жылғы қазанда құрылған Қазақ АКСР-і құрамына енгізілмеді. [1]. Олар Түркістан өлкесінің құрамында қалды, ал кейін 1918 жылдың көктемінде құрылған Түркістан АКСР-і құрамына кірді.Азамат соғысының аяқталуы және 1922 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы елде ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесін одан әрі дамытуға оң ықпал етті. Атап айтқанда, РКФСР құрамындағы барлық кеңестік республикалар мен облыстар құрылды. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдарды құрушы халықтардың, оның ішінде Қазақ АКСР-інің басшылары мен жекелеген өкілдері Орталықтың алдына қайсыбір халықтың ұлттық-мемлекеттілігі аясында бүкіл этникалық аумаққа бірлесуі (қайта бірігуі) туралы мәселе қоя бастады.Бұл проблема Орта Азия мен Қазақстанда да күрделі сипат алды. Атап айтқанда, Сырдария және Жетісу облыстарын ҚазақАКСР-і құрамына қосу қажеттігі туралы мәселе жүйелі түрде көтерілді. Осымен бірге көп ұлтты Түркістан АКСР-ін бөлу және өзбектердің, түркімендердің, тәжіктердің, қарақалпақтардың, қырғыздардың ұлттық-мемлекеттік құрылымдарын құру туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды. Осы кезде Түркістан АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің (ТүрАОАК) Төрағасы міндетін атқарушы Тұрар Рысқұлов 1920 жылғы қаңтардағы Түркістан Компартиясының V өлкелік конференциясында Түркістанның дербес ұлттық коммунистік ұйымдарын біртұтас «Түрік халықтарының коммунистік партиясына біріктіру» туралы мәселе көтерді және Түркістан АКСР-ін Түркістан Кеңестік Республикасы деп атауды ұсынды, ал сол жылдың 27 мамырында ол Түркістан АОАК-нің Төрағасы ретінде РК(б)П ОК мен РКФСР ХКК-не негізі жоғарыда аталған идея-ұсыныстар болып табылатын «Ресей Социалист Федерациясының құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы ережелерінің» жобасын ұсынды.Ел басшылығы атынан В.И. Ленин мен оның әріптестері БОАК пен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Түркістан істері жөніндегі комиссиясы мүшелерінің айтуымен Т. Рысқұловтың ұсынысын қабылдамай тастады. 1920 жылғы 13 маусымда РК(б)П ОК-і «РК(б)П-ның Түркістандағы міндеттері туралы» шешімдерінің жобасына ол өз ескертпелерін жазды, онда: «Меніңше, комиссияның жобасы дұрыс, Т. Рысқұловтың жобасын қабылдамау керек...», - деп атап көрсетті. Өз ескертпелерін В.И. Ленин мынадай сөйлемдермен аяқтады: « # Өзбек, Қырғыз және Түркімен бөлімшелерімен Түркістанның картасын (этнографиялық және т.б.) жасау тапсырылсын. # Осы 3 бөліктін қосу мен ажырату шарттары егжей-тегжейлі анықталсын».Қажетті саяси және экономикалық жағдайлардың қалыптасуына (Азамат соғысының аяқталуына, шартты түрде тұрақтылықтың орнығуына, ұлттық басшы кадрлардың даярлануына, өңірде халық шаруашылығының қалпына келе бастауына, аумақтың этникалық тұтастығын қалпына келтіру негізінде, Кеңес өкіметінің принциптері бойынша болса да, Орта Азия халықтарының өзінің ұлттық мемлекеттілігін құру қажеттігін сезінуіне) қарай Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу жөніндегі күрделі жұмысқа тікелей кірісу мүмкіндігі туды. Мұндай межелеу, бірінші кезекте, өңірдегі әрбір халықты ұлтқа ұйыстыру процесін күшейту мен орнықтыру үшін қажет болды. Осы ретте, Орта Азияда межелеуге дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың (Түркістан АКСР-інің, Бұхар және Хорезм халық республикаларының) революцияға дейінгі (1917 жылғы қазанға дейінгі) Түркістан генерал-губернаторлығы, Бұхар әмірлігі мен Хиуа хандығы әкімшілік шекарасында құрылғанын және Орта Азияның негізгі халықтарының этникалық орналасу шекарасына сәйкес келмегенің, Түркістан АКСР-інің (1918 жылғы мамыр), Хорезм (1920 жылғы сәуір) және Бұхар (1920 жылғы қазан) республикалары құрылуының этникалық жағдайды өзгертпегенін атап өткен жөн. Орта Азиядағы бірде бір халық осы республикалар тұрғындарының тұтаса орналасуын қамтамасыз ете алмады.

61.Түрік халықтарының арасында ислам дінінің таралуы. Қожа Ахмет Яссауи

Мұхаммед пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор мемлекет құрды. Араб Халифатының бір қарағанда, орта ғасырлардың басында бірінен кейін бірі пайда болып, бірақ елеусіз жойылып кетіп отырған көптеген мемлекеттерден еш айырмашылығы жоқ болып көрінуі мүмкін. Басқада мемлекеттер сияқты,арабтар өзінен анағұрлым дамыған елдерді өзіне бағындырды. Алайда халифат ғұндардың, готтар мен түріктердің ұлан-байтақ державалармен салыстырғанда анағұрлым ұзақ өмір сүрді және сондай-ақ әлемдік тарихқа өлшеусіз зор ықпал етті.

Мәселе тек бұл мемлекеттің өмірінің ұзақтығында немесе көлемі бойынша өзіне дейін өмір сүрген державалардан әлдеқайда ауқымды (өзінің шарықтау шегіне жеткен кезде ол Ескі дүниенің ширегінен астамын алып жатты) болуында ғана емес. Тарих үшін ең маңыздысы мынада – халифатта әр түрлі өркениеттердің өзара әрекеттесуі жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды, бұл мәдениеттің тілі - араб тілі, ал идеологиялық негізі – ислам болды, міне осы мәдениет араб жаулап алуларының нәтижесінде бүкіл әлемге дерлік тарады. Бастапқыда халифатқа кірген әрбір ел өз бетінше, бұрынғы қалпымен өмір сүре берген болатын. Жағдай аббасилер (750 – 1258 жж.) әулетінің билікке келуімен өзгерді. Осы кезде барлық мұсылмандардың құқықтық жағынан теңестірілуіне байланысты халифаттың барлық аймақтарында ислам діні қарқынды түрде тарап, қасиетті Құран мен пайғамбар хадистерінің тілі – араб тілі кеңінен енгізілді. Көптеген жерлерде бірте-бірте жергілікті халықтың ана тіліне де айналды. Сонымен, Аббаси халифатының ыдырауы қарсаңында, яғни ІХғ. екінші жартысында оның батыс бөлігі біржолата арабтандырылды. Жаулап алушылардың аз ғана тобы аса көп жауланып алынған халықтардың арасына сіңісіп кетпегені былай тұрсын, керісінше оларды өз этнографиялық ықпалына бағындырды. Және де араб тілінің жеңісі араб үкіметі шараларының нәтижесінде емес, керісінше оның еркіне қарсы іске асты. Жауланып алынған халықтар арасында ислам дінінің таралуы халифаттың бүкіл қаржы жүйесін бұзды, үкімет мұсылман емес халықтардың арасында мемлекеттік тілдің тарауын тіпті де қалмаған еді. Христиандарға арабша сөйлеуге және өз балаларын мұсылман мектептерінде оқытуға тиым салынды. Соған қарамастан ислам орасан көп халықтың дініне айналды, және халықтың ислам дінін қабылдамаған бөлігінің өзі араб тілін қабылдады (мысалы, ал-Андалустағы мосарабтар). Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы. Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, БаласағұнИасы,СауранСығанақ ШашСүткентЖентКудурОтлукӨзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынадыОның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл,ҚазанТашкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

62.Қазақ халқының батыры Есет және Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілісі.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы - қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен [[Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.

1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері АтанбасАқирекҚамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.

Есет жайлы

Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.[2]

Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды. 1853-1854 жылдары Есет батырдың басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды. 1853 жылы осы көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин, екі казак отряды мен 200 жігітті бастаған сұлтан Таукин, Орал бекінісінен майор Михайлов пен 600 жігітті бастаған сұлтан Е.Қасымов аттанды. Патша әкімшілігінің бұл жоспарынан хабардар болған Есет батыр Көтібарұлы шекті ауылдарын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жазалаушы отрядтарды күтіп қалды. Жақсы қаруланған жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге қарсы бұл жорықтары нәтижесіз болды. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен көтерілісті басу келесі көктемге қалдырылды. Есет батыр Көтібарұлы 1853-1854 жылдың қысын Үлкен Борсықта өткізді. 1854 жылы көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінің алдына: қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасау туралы талаптарын қойды. 1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып, Есет батырды қолға түсіруге қатаң тапсырма береді. 

63.Қазақстандағы 1921-1922 жж жер-су реформасы:барысы, нәтижелері.

1921 — 22 ж. Қазақстанда жер-су реформасы жүргiзiлдi. Оның мақсаты — кезiнде патша үкiметi отарлау үшiн тартып алған Ертiс пен Жайықтың сол жағалауындағы, Жетiсу мен Оңт. Қазақстандағы жерлердi өлкенiң байырғы халқы — қазақтарға қайтару едi. Соның нәтижесiнде шаруалар 1 млн. 385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. “Қосшы” кедейлер одағы құрылып, олар жер реформасын жүргiзуге белсене қатысты. 1921 ж. 8 — 16 наурызда Ресей большевиктер партиясының 10 съезi өттi. Онда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешiм қабылданды. Азық-түлiк салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек мiндеткерлiгi жойылды, еркiн саудаға рұқсат берiлдi, жалдамалы еңбек, жердi жалға алу, кооп. дамуына қолдау көрсетiлдi. ЖЭС-тiң нәтижесi 20-жылдардың ортасында көрiндi. 1925 жылға қарай халық ш. қалпына келтiрiлдi. Өнеркәсiптiң 60%-н, көлiк қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екi есе өсiп, 26 млн. басқа жеттi. Ойыл, Қоянды, Темiр жәрмеңкелерi қайта жанданды. Сөйтiп, халықтың әл-ауқаты көтерiле бастады. Қазақстанның табиғи қазба байлықтарына баса назар аударылып, өндiрушi салалар — түстi металлургия, көмiр және мұнай өнеркәсiптерi қолға алынды. 1928 — 29 ж. республикада 50 геол., 1931 ж. 140 экспедиция жұмыс iстедi. Осы кезеңде iрi құрылыстар: Шымкент қорғасын з-ты, Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл комб-тары iске қосылып, Текелi полиметалл, Жезқазған мыс қорыту комб-тары, Өскемен қорғасын-мырыш з-ты салына бастады. 1927 ж. сәуiрде индустрияландырудың iрi нысандарының бiрi — Түркiстан-Сiбiр темiр жолының (Түркiсiб) құрылысы басталды. 1927 ж. желтоқсанда өткен БПК(б) 15 съезi ауылдарды ұжымдық шаруашылықтар құру туралы шешiм қабылдады.

64.Қазақстан-моңғол шапқыншылығы кезеңінде.Шыңғыс хан ұлыстарының құрылуы.

XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.  Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.  ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.  1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .  Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.  Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу. Шыңғыс - хан шапқыншылығы. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман»халықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкілиелігіненіс жүзінде айырылды.

Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.  1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.  Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.  Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.  Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.  1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.

1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.  Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.  Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.  Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты.  Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.  Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.  Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.  Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

65.Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясының қол астына қарауы.

Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді.Біріншіден, XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында әскери бекіністері бар Үй шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды.

Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды.Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салды.Мұндай қатаң шектеулер мен тыйым салулар содан кейінгі жылдарда да жалғаса берді. Мұның бәрі де көшпелі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлата түсгі. Сөйтіп қазақтар салынып жатқан шекара шебіне дүркін-дүркін шабуыл жасауды жиілетті. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар дағдарысты қиын жағдайда калды, көшпелілердің кедейленіп, қайыршылану үрдісі басталды.Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдарлары.Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.

Патша үкіметі жалпықазақтық хандықтың болуын танудан саналы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді.Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.Қазақстанның Ресейдің ықпалына енуі кейінгі жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлері Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлетті. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның екі арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды.

66.XX ғ 20-30жж қазақ зиялыларының тағдыры.

Қазақ зиялыларының рухани-моральдық дағдарысы 1937 жылғы қуғын-сүргін жылдарында айқын көрінді. 1937 жылы әдеби шығармаларымен елге танылған қазақ зиялыларын айыптау мен қуғындау етек алып, олардың шығармаларының әр жолынан, айтылған ой пікірлерінен ұлтшылдық пен байшылдықты, кеңес үкіметіне қарсылықты, теріс ниеттілікті көруге тырысушылар шықты. Тарих сахынасынан кеткен алашордашыларды айыптап, олармен азды көпті байланыста болғандарды жылы қабақ танытқандарды алашордамен байланысын үзбеген, алашорданың агенттері, ниеттері бір деп кінә тағу қалыпты іске айналды. Жазушылар шығармаларынан күмәнді деген ой-пікір тауып, партия бағытынан, тап жолынан ауытқыды деп айыптады. Сыншылар осылай жасау арқылы, бір жағынан, тап жауларын, халық жауларын әшкерелеуге үлес қосты. Екіншіден, партия саясатын, бағытын қолдау үстінде деген өзі жөнінде жағымды пікір туғызу мақсатын көздеді. Тап жауларын әшкерелеу ісінен, жалпы елді қамтыған науқаннан қарапайым халықтан бастап, өкімет билігіндегі тұлғалар да тыс қалмады. Бұрынғы көзден таса бола бастаған «алашордашылар ісі» 1937 жылдың басында тағы көтерілді. Қазақ КСР Халық ағарту Комиссары, Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі Т. Жүргеновтің «Мәдениет майданын талқандалған ұлтшылдықтың қалдықтары мен сарқыншақтарынан тазартайық» деген мақала жариялауы, мәдениет саласында әлі де ұлтшылдардың қалдықтары мен оларға ниеттестер бар деген пікірдің жандануына себепші болып, ұлтшылдарды, олардың сарқыншақтарын іздеуді онан сайын күшейтті. Араға бір апта салып Р. Жаманқұловтың «Қырағылықты күшейтейік» атты мақаласының жарық көруі әдебиеттегі ахуалды ғана емес, ел ішіндегі саяси-идеялық ахуалды да одан сайын ушықтырды. Р. Жаманқұлов алашордашыларды «тап жауы» деп атады. Сонымен қатар, олардың агенттері әлі де бар деп жазды. Бұл «тап жауы» алашордашыларға ниеттес, пікірлес, үндес ақын-жазушыларды іздеу мен әшкерtлеудің жаңа қарқынды кезеңін бастап берді. Қазақ Өлкелік партия ұйымының да ұстаған бағыты мен іс-шаралары бұл іске екпін қосты. «Көркем әдебиеттегі ұлтшыл-фашистердің зиянкестігін түп-тамырымен құртайық»деген тақырыппен шыққан мақала әдебиетшілер ішінен ұлтшыл жауларды іздеуге жаңа қарқын қосты. Ақиқатында, мақала алашордашыларды қалыптасқан тәртіппен аяусыз сынағанымен, негізінен олармен ниеттес, пікірлес, көзқарастары бір, буржуазияшыл-ұлтшылдармен ауыз жаласқан «ұлтшыл-фашистер» деп Сәкен, Ілияс, Бейімбетті айыптады. Сәкен, Ілияс және Бейімбеттің күні өте бастағанын сезді ме әлде әдебиет сахнасынан бір­жола шығарып тастау мақсатын ұстанды ма, үшеуіне қарсы жазылған мақалалар баспасөзден түспеді. Осы кезде редакция тарапынан жазылған «Көркем әдебиеттегі қателер мен сапасыздықтар туралы», «Қазақ жазушылары арасындағы дерттерге қарсы  деген мақалаларда, «… жазушылар шығармаларында қателіктер бар, жұмысшылардың, колхозшылардың өмірін білмейді, ескі тақырыптан шыға алмай жүр, халықтың дұшпаны Троцкийді мақтайды» деген кемшіліктерді үшеуінің бетіне басты Сәкеннің 1923 жылы жазылған «Қара бүркіт» (Арыстан Дәуітұлы – Лев Давидович Троцкийге) деп аталған өлеңі үшін ұзақ жылдар бойы оны үздік создық кінәлау, айыптау тұрғысында бір басылып, бір көтеріліп жалғаса берді. Елден аластатылып, шетелге кеткен Троцкийге арналған өлең Сәкен үшін ескі жараның орнындай болды. Қайта-қайта сыздап, жанына батты. Сәкен шығармашылығына сын айтқан сыншылар ұмыттыра беріп, Троцкийге қайта соқты, қайта еске түсірді. Бұл жай Сәкенді де мазасыздандырды.

Осы уақыттағы ел ішіндегі саяси-идеялық ахуал шығармашылық интеллигенцияны рухани дағдарысқа душар етті. Бір біріне сенбестік орын алып, олар бір біріне ғана емес, өз шығармаларына да күдіктене қарады. «Қашан, қалай айыптауға түсуіміз мүмкін» деген қорқыныш пен үрейдің жетегінде жүрді. Үрей мен қорқыныш, жалтақтық олардың белсенділігін төмендетті. Саясат жөнінде сөз айтудан қашқақтады. Шығармашылық жұмысқа селқостық туды. Партия мен үкімет тарапынан берілген арнайы тапсырмаларды орындаумен шектелді. Бірақ, бұл да қырағы сыншылар назарынан тыс қалмады. С. Сейфуллин өз өмірінің осы тұсын былай сипаттады: «Мен дәл осы кезде саясат туралы сөйлесуден бездім, тіпті кейбір жолдастармен жолығысудан қашқақтайтын болдым. Жалғыз-ақ әдебиет мәселесімен араласқым келді. Мұнан да бірқадар шықпады. Бұл жолым да бірте-бірте мені сыртқа шығарып, ешнәрсеге араласпай қалуға айналдырды. Бұл сарыуайымшылдық пен упадничествоға икемдеді. Менің бұл халіме Кеңес өкіметінің жаулары «шоқ, шоқ» деп табалап масаттанып тұрғандай көрінді. Осы ойлар мені төмен тартты, дұшпандардың қыңқыл сөздері мені сарыуайымшылдыққа салды. Менің кейбір шығармаларымда партия жолына қиғаш кеткен жерлер тап осы кездің, осы секілді жағдайдың жемісі еді», – деп жазды. Ақын-жазушыларды шығармаларынан, жеке бастарынан ілік табу арқылы кінәлау, саяси-идеялық айыптауға ұласты, науқанға айналып кетті. 1937 жылдың мамырында «Социалистік Қазақстан» газеті бірнеше рет баспасөзде жария­лағандай С. Сейфуллинді 5-7 сәуірдегі қаламгерлер шығармаларындағы кемшіліктерді жою жөнінде өткен жазушылар жиналысына қатыспады, осылай істеу арқылы жазушылар арасындағы қателіктерді жою ісіне араласпай отыр деп кінәлады. Жазушылар Одағы бастауыш партия ұйымының есеп-беру сайлау жиналысына қатысып сөйлеген сөзі де өз басына қиындық туғызды. Жиналысқа қатысқан Сәкен, Ілияс және Бейімбет өз шығармашылықтары мен сыншылар сынына іліккен делінген қателіктер жөнінде сөйледі. Әбден сынға ұшыраған Сәкен ақталып: «Бандитке (бұл арада Л.Д.Троцкий айтылып отыр) Сәкен өлең арнады дейді. Ол уақытта ол бандит емес еді, политбюро мүшесі еді. Оның бандит екенін білсем жазам ба? Сыншыларымыз осы жағын ескермейді. Сонымен қатар «Домбыра» туралы сөз болды. «Банды» деген кінәні жуу үшін 1924 жылы «Домбыраны» Троцкийге арнап бастым. 1928 жылы қате екенін айтып өзім мақала жаздым. Журналға да жаздым. 1932 жылы КазПИ-де айтылды. 1932 жылы Жаманқұловтың баяндамасында да айтылды. Партия сайлауында да биыл арыз бердім. Қысты күні Крайкомға да арыз бердім. Сондықтан сыншылар датаны ескеруі керек еді. Енді сол үшін ұра беруі керек пе» деп ашына айтты [6,211 б]. С. Сейфуллин жан даусы шығып, әділетсіз сыннан ақтала сөйледі. Бірақ, байқағанымыздай ілік іздеген сыншылар осы жиналыста сөйлеген сөздерінде «Сәкен жолдас күні бүгінге дейін өз қателіктерін көрмей отыр» деп алған беттерінен қайтпады. Ілияс пен Бейімбет істің бет алысы ушығып кеткелі тұрғандығын байқағандықтан да болар. Өз қателіктерін мойындады. Бейімбет «Менде үлкен қателер болғаны рас. …Түзетуге шаралар іздеймін» деуге мәжбүр болды. Жиналыста қабылданған қаулы баптарына үшеуіне жеке-жеке баптар арналып, егер алдағы уақытта осындай қателіктер жіберілетін болса, қатаң шара қолданылатындығы ескертілді. Қаулыға олардың (Ілияс, Бейімбет, Сәкеннің) зиянды кітаптарын таратудан алып тастау жөнінде бап енді.Маусым-шілде айларында да Сәкенді айыптаған бірнеше мақала жарияланды. «Хлестаковтың көркем әдебиеттегі тәсілін» қолданып өз бейнесін «революция ісі жолындағы күрескер» ретінде көрсетіп, «халық жаулары» өз достары Рысқұлов, Нұрмақов, Садуақасов, Асылбековты жағымды жағынан көрсетіп жазды. Өзін-өзі және жауларды көкке көтеріп мақтау мақсатында «Тар жол, тайғақ кешу», «Домбыра» т.б. – «контрреволюциялық шығармаларын» жариялады, – деп айыптады. Сәкенге ашық түрде «революцияға қарсы» шығарма жазды деп айып таға бастады. «Ұлтшыл-фашист» деген атауға да ілікті. Сонымен қатар, сыннан көз ашпаған Сәкенді «шығарма жұмысы шабандап кетті, соңғы жылдары көрнекті ештеңе жазбады, жұртшылықпен қатынасы азайды» деп айыптады. Қазақ зиялылары, оның ішінде, жазушылар арасында бірін бірі саяси-идеялық жағынан айыптау, кінәлау күшейіп, қарқын алған кезде, өзі сыналып жатқанына қарамастан Сәкен, «халық жауы» деп айыпталғандарға қарсы ештеме жаза қоймады. Бірақ, бұл да назардан тыс қалмады. «Сәкен жолдас халық жауларымен күнделікті күресудің орнына, олардың қылықтарына шектен асқан шыдамдылық істеп үндемей отыр. Қазірде, қазақ ұлтшылдығы ең басты қауіп болып отырғанда, бұрынғы уклондар, партияға қарсы жіктер бір арнаға құйылып, ұлтшыл-фашистке айналып отырғанда, Сәкеннің тым-тырыс үндемей отырғаны, партия ұйымына жәрдем бермей отырғаны – партиялық міндетін толық атқармай отырғаны», – деп айыптады. Осы кезде оң солын әлі толық танымаған, өзіндік ой-пікірі, дүниетанымы мен көзқарасы қалыптаспаған, жас ақын-жазушылар ғана емес, қазақ әдебиетінің танымал тұлғалары да әлсіздік көрсетті, пендешілік жасады. Сонау 1928 жылы басталған С. Мұқанов пен І. Жансүгіров арасында өзара сын, пікір айтудан туған жай 1937 жылы шиеленісіп, ушығып кетті. Сәл шегініс жасасақ, 1928 жылы Қазақ баспасының бас редакторы С. Мұқанов баспадан шығарған І. Жансүгіровтың өлеңдер жинағына «Беташар» жазып, «таптық беті айқын емес» деп сын айтты. Оған наразы болған Ілияс «Бетім анадай емес, мынадай» [12] деп көлемді мақала жазды. Бұдан кейін де бірнеше жыл бойы үздік создық бірін бірі сынаған, кінәлаған бірнеше мақалалар жазылып, екі жақ та бірін бірі жікшіл, ұлтшыл деп айыптады. Бірақ, замана бетінің қайда бұрылып бара жатқандығын байқады ма, Сәбитпен түсінісу ниеті бар екендігін білдіріп, І. Жансүгіров «Қателесуге қарсы большевиктік сынды күшейтеміз»  деген мақала жазды. Мақалада «өз өлеңдерінде байшылдыққа, кейде үмітсіздікке салынғанын, кейде жаңа өмірдің жақсы жағын көре алмаған қателіктерін мойындады. Сәбиттің өзінің қателіктерін көрсеткенде артық кеткенімен бірге, дұрыс айтқандары да болды деп онымен түсінісуге қадам жасады. Өзара салқындық лебі сейілген секілді болғанда, 1937 жылы зұлмат басталғанда С. Мұқанов І. Жансүгіровке қайта тиісті, аяусыз шүйлікті. Шығармашылығы ғана емес, жеке басы да талқыға түсті. «Тарихи қаулыдан кейін» деп аталатын мақаласында «Жансүгіровтың редакциясымен 1935 жылы Сүйінбайдың ұлтшылдық кітабы шықты. Ол кітаптың ішінде қазақты қырғызға өшіктіріп айдап салды» деп оның шығармашылығына айып тақса, жазушылардың жиналысында «…Жансүгіров екі баласымен әйелін қоя берді. Жіберіп қана қоймай, балаларына тиісті заңды ақшасын төлеп тұруды міндетім деп те білмеді» деп оның жеке басына, отбасылық ісіне араласып кінә тақты. Бұл аздай-ақ С.Мұқанов «Кировтың өліміне арнап жазған өлеңінде саяси қате жіберді. Ол қатенің өзі де анау мынау қате емес, үлкен қате» деп саяси айып тағып, Ілиясты бұл қатесін жөндемеді деп сынады .

І. Жансүгіровті айыптау саяси сипат алып, оның шығармаларынан жаулық көзқарас іздеудің күшейгені соншалық, көркем шығармалары да бұрмаланып талқыға түсті. Кәріжан Дәукенов деген І. Жансүгіров жинағына ерекше шүйлікті. Ол: «Жинақтың ішіне ерте кезде ұлтшылдық идеологиясында жазған «Мерген мен бөкен» деген әңгімесін кіргізіп Жансүгіров қазақ еңбекшілеріне совет үкіметін жамандап, құбыжық етіп көрсетеді… Қазақ ұлтшылдарының ықпалына Жансүгіров те мықтап түскен. Сөйтіп қазақ еңбекшілерін «бөкен», совет өкіметін «мерген» етіп суреттеген. Сөз жоқ, бұл – барып тұрған контрреволюциялық, совет өкіметі мен қазақ еңбекшілерінің арасына дұшпандық отын жақпақшы болған алашордашылардың әрекетінен туған нәрсе.Бұл кітап оқушыларымызға ешбір пайда бермейді, пайда беруі былай тұрсын, оқушыны теріс пікірге, алашордашыл контрреволюциялық идеяға қарай тартады. Мұнымен қатар партиямызға жау элементтерге құрал болатын жинақ», деп жазды. Мақала І. Жансүгіровты совет өкіметіне қарсы, контрреволюциялық шығарма жазып алашордашыл идеяны халық ішінде насихаттап отырған сенімсіз күдікті адам ретінде ғана емес, беті ашық «халық жауы» ретінде көрсетті. Бұл сол зұлмат жылдары өте ауыр саяси айыптау еді. Ілияс жар шетінде тұрды. Арада екі апта өткенде тамыздың 13-інен 14-не қараған түні Ілияс тұтқындалды. Қазақ әдебиетінің дамуына азды-көпті үлесін қосып белгілі болып қалған көрнекті ақын-жазушыларды, енді қадам басқан жас әдебиетшілерді де тап жауларына іш тартады, тап жауларымен байланысын үзбеген, шығармалары зиянды, кеңестік қоғамға жат деген сипатта баспасөзде әшкерелейтін мақалалар жаңбырша жауды. Оған жазушылардың өздері де белсене араласты. Жас жазушы Қалмақан Әбдіқадыров М.Әуезовты: «Мұхтар совет жазушылары қатарына кіргелі 5 жыл болды. Совет жазушысына істелінетін жәрдем оған түгел берілді. Мұхтар үш төрттеген тәуір еңбек те берді. Сонымен қатар, ескі уақытта, ұлтшыл, алашордашыл пікірде жүріп жазған зиянды шығармаларын жинақ қылып басқызып отыр. Ол туралы өзі жұмған аузын ашқан жоқ. Сонымен қатар, бұрынғы алашордашыл ұлтшылдар фашизмнің агенті болып беті ашылғанда, солардың сырын ашарлық іс істемей, үндемей отыруының өзі – күдік. Меніңше, олардың көп сырын Мұхтар білуге тиіс еді. Беті ашылған жаудың тамырын қопара ашуға Мұхтар атсалысуы керек еді. Бірақ, оны Мұхтар істемей отыр» деп бұрын алашордашылармен бір болған, олардың сырын білетін Мұхтар, айыптап ештеңе жазбай, үнсіз отыруына күдік келтіріп сынады . Осы мәндес мақала арада шамалы уақыт өткен соң, «Қазақ әдебиеті» газетінде редакция атынан тағы басылды. «Әуезовтың сөзі мен ісі неге бір жерден шықпайды» деп алды да, «Әуезовтың советке келгеніне, совет жазушысы болғанына бес жылдан аса уақыт өтті. Бірақ, Әуезовтың бүгінге дейін шын советтік бағытта жазылған іліп аларлық бір шығармасын көре алмай отырмыз. Ол әлі 1932 жылғы уәдесін қайталақтап, «мені істе сынаңдар, мен ұлтшылдық, байшылдық пікірден мүлден қол үзген адаммын» деумен жүр. …Әуезовтың 1932 жылдан бері жазған шығармаларынан іліп аларлық, советтік дерлігі …»Түнгі сарыны» да сол бұрынғы «сарынын» совет сахнасына шығаруға тырысқандығы. Ал… «Алма бағында», «Тас түлек» пьесалары барып тұрған совет жастары өміріне жала жапқандық. Совет шындығына, жастар жұртшылығына суық қол сұққандық… Әуезов бұл пьесаларында астарлап отырып, совет жастарына күйе жағып, жаудың сойылын соғуға тырысатындығы айқын көрінеді. Бұл бұрынғы ашық байшылдығының, ұлтшылдығының бетін бүркемелеп, советтік шығарманың атын пайдаланғандық… Әуезов бірлі-жарым шығармасында ғана «қателесіп» отырған жоқ, совет жұртшылығына, совет жастарына жала жауып, ескілікті дәріптегенін оның барлық шығармаларынан көреміз» .Бұл – М. Әуезовты бұрынғы алашордашыл бетінен қайтпаған, бұрынғы ұлтшылдық сарыны, бір сарын, өзгермеген деп, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов басқа да ұлтшыл, алашордашыл деп таңба таңылған қазақ зиялылары артынан жіберуді көздеген мақала еді. С. Мұқанов С. Сейфуллиннің «қателіктер жіберіп, сүрінгенін», Майлин мен Дөнентаевтың революцияның алдыңғы жылдарында халық жауы алашорданы мақтап қателесуін, «Майлиннің қатесі Сейфуллиннен тереңірек» болғанын, ал «Сәбит Дөнентаев алашорда мәселесінде Майлиннен де ауыр адасып», совет әдебиетіне келгендігін айтып келеді де, … былай тұжырымдайды: «Мұхтар Әуезовтың советтік тарих алдындағы кінәсі бұлардан әлдеқайда ауыр. Егер оның 1932 жылы баспасөз бетінде жарияланған хатына сенсек аталған жылға дейін ол марксизм-ленинизм жолына саналы түрде қарсы боп, сол жолдың өркендеуіне бөгет болуға тырысқан кісі» деген пікірді ұстанды . Айыптаған, сынаған мақалалар газет-журналдарда күн құрғатпай басылды. Дихан Әбілев те «…Зиянкес элементтерден баспасөз орындары әлі де түгел арылып біткен жоқ» деп зиянкестердің атын атап, түсін түстеді.Сонымен қатар ол «Мұхтар өзінің «Ескілік көлеңкесінде» деген қате әңгімелер жинағын бастырып, ірі қате жасады. Бұл қатесін Мұхтар ісімен түзетуі керек» деп М. Әуезовты да сынап өтті.Х. Жүсіпбеков те қырағылық танытты. «…Соңғы кезге дейін Жазушылар ұйымының, көркем әдебиет баспасының саяси бейқамдығын, ашықауыздығын пайдаланып, халық дұшпандары Сұлтанбеков, Жұмабаевтар көркем әдебиет аудармасын алып келген. Уалиахметов, Қоңыратбаев, Айсариндер бір кезде Жазушылар ұйымының басқарушы ісіне дейін араласып жүрген. Беков, Гатаулиндер әдебиет маңында болып келген. Осы жауыздардың көркем әдебиетке істеген қаскүнемдіктері аз емес. Сондықтан біздің ең басты міндетіміз – контрреволюцияшыл қазақ ұлтшылдығымен, оған ымырашылдық жасаумен ешбір аяусыз күресіп отыруымыз керек» деп ұлтшылдарды әшкерелеу ісіне араласты. Заманның ызғарлы желінен қорқып белсенділік танытқысы келді ме, әлде басқа ішкі есебі болды ма Жұмағали Саин одан да қатты кетті. «Халық жаулары, фашизмнің қарғылы төбеттері шаруашылық, мәдениет құрылысымыздың бір ғана бөлігіне зиян жасап қойған жоқ, олар өздерінің екіжүзділік сұрқиялылығын пайдаланып, әр жерге-ақ қанат жайғысы келді. Олардың сұр күшіктері Тоғжанов, Жансүгіровтер осы күнге дейін көркем әдебиет майданында орын алып келді» деп Тоғжанов пен Жансүгіровты ашық түрде «халық жауы» қылып шығарды.30 жылдардың екінші жартысында қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған көрнекті тұлғалардың өзі рухани моральдық дағдарысқа түсті. Бұрын бірін бірі шы­ғармаларындағы таптық, саяси-идеялық көзқарастары бойынша сынаса, енді бір біріне ашық түрде жала жапты, кінәсіз екендігін біле тұра айыптады. Ақиқатында, әрқайсысы өз қара бастарын қорғауға жанталасты. Бұл адамдар арасындағы жаман қасиеттерді принципсіздікті, жалтақтықты, жағымпаздықты, жаны ашымастықты өршітті. 1937 жылғы репрессия бұрыннан бықсыған шаланы үрледі. Бұрынғы жікшілдік, жершілдік, рушылдық, бақталастық жаңа сатыға көтерілді. Енді өз қызметтестеріне саяси айып тағуға, қуғындауға тікелей араласты. Репрессияны қолдады, жазалау шараларына баспасөзде үн қосты. Бүгін біреуді айыптағандар, ертең өздері айыпталды. Оларды ұсталамын-ау деген үрей мен қорқыныш биледі. Адамды басқалар не болса о болсын, қалай болса да тірі қалсам-ау деген құлдық психология жеңді. Әсіресе, «жалақорлар … бассауғалау қамында болды. «Қырағылығың кем» деген айыптауға ұшырап, креслодан сыпырылып қалармын деп қорықты. Атақ үшін неден болса да тартынбады, адал адамдарды жәбірлеуге, жылатуға, айдатып, аттыруға барды. Басқаларды әшкерелеп, еңбек сіңіріп жүрген адам ретінде көрініп, қолды болмауға, лауазымынан айырылмауға тырысты. Сөйтіп, өз бастарының амандығын қарастырды». Айыптау мен жазалау шаралары қазақ интеллигенциясын әбден үрейдің жетегіне жекті. Олар қиянатты көре тұрса да үндемеді, бірін бірі кінәсіз еді деп ақтауға, қарсылық білдіріп дауыс көтеруге қорықты. Академик, тарихшы Р. Б. Сүлейменовтың «30-шы, 50-ші жылдардағы репрессияның табы бүгінгі күнімізден де сезілетіні – шындық. Жөнсіз, жосықсыз қудалау біздің интеллигенцияны зәрезеп қылғандығы сонша, үрейдің өзі мұра сияқтанып, бір ұрпақтан екіншісіне жалғасып келеді » деп жазғаны тарихты таразылау ғана емес, ақиқат екендігі де талас тудырмайды. Ғ.Мүсіреповтың өзіне «Жиырмасыншы-отызыншы жылдар … оңай соқпаған тәрізді. … бүгін болмаса – ертең, ертең болмаса – бүрсігүні айдалып кетемін деп ойлаған. Сондықтан, бір-екі пар таза киім, беторамал, шұлық, ұстара, сабын, тарақ және басқа аса қажет дүниелер салынған жол чемоданын босағаға сүйеп қойып, екі көзі есікте болған. Ерте ме, кеш пе – ұстала қалған күндері тергеушілер жармасады-ау деген туындыларынан алдын ала бас тартып, күнделікті жазбаларында өз пайдасына шешілетін пікірлер жазып отырған. Бір ғажабы, ешқандай дау туғызбау үшін, бұрмалап аудармау үшін кейбір пікірлерін, «мойындауларын» орыс тілінде жазған. Бүгін болмаса ертең ұсталам деген қауіп пен үрей тек қана Ғ.Мүсіреповтің емес, барлық қазақ зиялылары басынан өтті. Ақиқатында, 30 жылдары жазалау шаралары қарқын алғанда жалпы қазақ интеллигенциясы, оның ішінде, шығармаларымен танылып көзге көрініп қалған, айыптау нысанасына іліккен шығармашылық интеллигенция қорқыныш пен үрейдің жетегінде жүрді. Қайтсем аман қалам деген пенделік сұрақ басты орынға шықты. Сонымен қатар, шынымен «халық жауы» шығар, партия мен НКВД қателеспейді деген түсінік те болды. Содан да шығар троцкишілерді айыптауға қазақ интеллигенциясы өкілдері де үн қосты.Москвада 1937 жылдың 23-30 қаңтарында «Антисоветтік троцкистік орталық» ісі бойынша Пятаков, Сокольников, Радек, т.б. соты өтіп, олар атылу жазасына кесілді.

67.Моңғол шапқыншылықтарының әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті. Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды. Қалалардың қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті. Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан кейін туған ауыр зардаптарының әсері ешбір ұрыссыз – ақ басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы – егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда – ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді. Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен.  Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті.  Елді мекендерді қирату, егістікті малға таптату, бау – бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы – егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы – осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты.  Тоқырау мен материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық – зомбылықтың күшін орнатты.  Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

68.1867-1868 жж. Әкімшілік реформалар және оның отарлық саясаты.

Патша үкіметі 18671868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды. 18671868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Дала комиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.1867 жылы 11 шілдеде II Александр Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868 жылы 21 қазанда ТорғайОралАқмола және Семей облыстарын басқару туралыреформалардың жобасына қол қойды. Қазақ халқын басқару жөніндегі ережелер жобасы отаршыл билік өкілдерінің белсенді араласуымен жоғарыдан дайындалды.

69.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.

1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде (6-8 апта) Архангельск-Еділ-Астрахан шебіне шығуды көздеді. Бұл қауырт соғыс - блицкригтің негізгі мақсаты еді. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «көптеген ұлттардың жасанды әрі әлсіз бірлестігі», «ішкі бірліктен айырылған этникалық конгломерат (қоспа)» ретінде қарастырды. Фашистер басып алынған кеңестік аумақта Остланд рейхскомиссариаттарын - герман провинцияларын құруды жоспарлады. Германияның Қазақстанға қатысты жоспары айқын еді. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда бірыңғай герман аумағын құруды көздеді. Бұл аймақты «адамзатқа жатпайтын» славян халықтарынан тазарту міндеті қойылды.1941 жылдың соңында түрік-монғол халықтарын жою жоспарланған болатын. Немістердің жоғарғы барлау мектебі болашақ отарлардың карталарының жобасын дайындап, 1942 жылдың басында «Еділ-Жайық» жөне «Үлкен Түркістан» мемлекеттік құрылымдарын құруды жоспарлады. Үлкен Түркістан отарының құрамына Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Синьцзянь, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді. Қуыршақ мемлекеттерді құру арқылы гитлершілдер экономикалық және саяси мақсаттарды: ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базасына ие болуды, кеңестер елін отарға, оның халқын құлдарға айналдыруды көздеді. Сондай-ақ Қазақстанның орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс аудандары - Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «индустриялық облыстарының» құрамына кіруге тиіс болды. Бұл жерлерде фашистік Германияға қызмет ету үшін украиндар, белорустар мен поляктарды, венгрлер мен Шығыс Еуропаның басқа да халықтарын қоныстандыру жоспарланды. Кейінірек қауырт соғыс жоспарларының күйреуіне байланысты фашистер өз жоспарларын қайта қарап, КСРО-ның орыс емес халықтарының өзін-өзі басқаруына уәде беруіне тура келді. Сөйтіп фашистер бұл халықтарды Мәскеуге қарсы күресте пайдаланбақшы болды.Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі - бір орденмен, төртеуі - екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды.Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. 1941 жылы Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып, Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шықты.

70.Алтын Орданың құрылуы

Алтын Орда (моңғ. Алтан Ордын улстат. Altın Urdaорыс. Золотая Ордатүр. Altın Ordu)[1] — Басында моңғол[2][3][4] — кейінірек түркіленген[5]— 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі РесейУкраина,МолдоваҚазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбенКавказ тауларымен және моңғолИльхандар династиясының қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.]«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды

Шыңғыс ханның қарқынды жорығы Х!!!ғ 40ж дейін бір ұрпақтың кз алдында Еуразияның үш даласына үстемдік жасап үлгерді.Алғашқы Жошы ұлысы деген атпен шаңырақ көтерген мем  кешікпей тез қанат жайып , Алтын орда д.а Шығ.Балқаш көлі мен Етіс бойынан бастап , Бат.Қара теңіз, Дунайға дейінгі өңір Алтын орда иелігінде болды.Әсіресе ,Жошының бел баласы Бату ханның батыл қимылдары(1236-1256)Польшаға дейінгі жер.Оңт Кавказ біраз бөлігін өріне қаратты.Бату ханнан кейін---Берке—Мөңке Темір---Төле Бұқа---Тоқта—Өзбек пен Жәнібек сияқты хандартұсында Алтын Орданың даңқы аспандап ,аяқ жетер жердің бәрін қиратты.Найзаның ұшы,Қылыштың жүзіндей шаңырақ көтерген Алтын Орданың діні Ислам және Тәңірлік дінді ұстанып ,Ұйғыр жазуын пайдаланды

71.Патша үкіметінің аграрлық саясаты.Қазақ даласында орыс шаруаларының қоныс аударулары.

Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.

1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.

Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.

Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды. Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.  Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.  Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.

Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.

72.Қазақстандағы  тың және тыңайған жерлерді игеру,оның әлеуметтік, экономикалық салдарлары.
XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.
Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады.
Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн.
Гектарға  жетті.
Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16,6млн. гек-тар, ал Қазакстанда 25,5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр. Республика бүкіл егістігінің көлемі 1953 жылы 11 млн. гектардай еді, енді тын игерілгеннен кейін оның көлемі 36 млн. гек-тардан асты. Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы
жер 223 млн. гектарға жетті.

73.Ақ орда мемлекеті:мемлекеттік құрылымы және билік жүйесі.

ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда  мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Территориясы: батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы – түрік тілді тайпалар. Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.

Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы –  Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 жж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. ХІҮ ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір темірге қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады. 1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ  Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.

74.1886 ж және 1891 ж әкімшіл-сот  жүйесіндегі өзгерістер бойынша реформалар.

1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана — 5, Самарканд — 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.

Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі — әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді.

Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті.Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

75.Қайта құру жылдарындағы Қазақстан.

КОКП Орталық Комитеті сәуір (1985ж) пленумының, КОКП- ның ХХVII съездерінің шешімдерін нақтылау және өмірде жүзеге асыру оңайға түскен жоқ. Үлкен кадрларды қайта орналастыруда баспасөз бен теледидардың сынауға бағытталған жұмыстары да айтарлықтай нәтиже бере қойған жоқ. Әдеттегідей әміршіл- әкімшіл жүйенің арнасында ойлай отырып, көптеген партия қызметкерлері мен шаруашылық қайраткерлері бұрынғы уақыттарындағыдай директивалар және нұсқаулардың көмегімен қоғамды басқаруға болады деп есептеді. Осылайша ойлаудың айқын көріністерінің бірі еліміздегі маскүнемдік пен еңбексіз табыстарға қарсы күрес науқандарының қанат жаюы болды. Осындай науқандар кезінде көзделген ізгі мақсаттар оны жүзеге асыру әдістерінің қисынсыздығынан абыройсыздыққа ұшырады.

Партиялық комитеттердің нұсқаулары бойынша бүтіндей жүзімдік шабындықтары оталды, селолар, совхоздар мен аудандар өздерін негізсізден негізсіз ішімдіксіз аймақтар деп жариялап, өзара социалистік жарыс ұйымдастыра жаздады. Кафелер жабылып, ресторандар өзгертіліп жатты. Адамдардың жеке өміріне қол сұғу үйреншікті құбылысқа айналды. Өкімет орындарының шалағай шаралары самогон қайнатудың күшеюіне, нашақорлықтың өсуіне әкеліп соқтырып, ұрлық- қарлық, тұрмыстық маскүнемдік арта түсті, «көлеңкелі» экономика нығайып, маскүнемдік неғұрлым жасырын және неғұрлым қауіпті сипат алды.КОКП Орталық Комитетінің қаңтар (1987 ж) пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланған кезде дағдарыстың негізін түсінуге әрекет жасалды. Осы пленумда партия мен бүкіл қоғам қызметінің басты мақсаты қайта құру деп жарияланды. Өзіне дейінгі кезеңдегі бұрмалауларға қатыстылығын КОКП  Орталық Комитеті ашықтан- ашық  мойындағанымен, пленум дағдарыстың себептерін көрсете алмады. Жеделдету бағыты сияқты, қайта құру да жаппай өзгерістердің символына айнала бастады. Оған қайсыбір, ерекше концептуальдық мән беру, қоғамның дамуына деген «социализм көбірек болсын», «демократия көбірек болсын», «серпімділік пен өнерпаздық көп болсын», «тәртіп пен заңдылық көп болсын», «ғылымдылық көп болсын», «патриотизм мол болсын» және т.б. сияқты механикалық көзқарастардың салтанат құруына әкеліп соқтырды.Басқару ісін түбірлі қайта құру проблемаларына арналған КОКП Орталық Комитетінің маусым (1987 ж) пленумы шешімдерінің  сыңаржақтылығы, сонымен қатар пленум шешімдері ыңғайында қабылданған «мемлекеттік кәсіпорындар туралы заңдар» соның нәтижесі. Оның үстіне еліміздің халық шаруашылығындағы жағдай барынша ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын көптеген тауарлар жоғала бастады, онсыз да көп емес азық-түлік түрлері нашарлады. Адамдардың бұрынғы күйі жаппай наразылықпен ауыса бастады. Осындай күрделі жағдайда Қазан төңкерісінің 70 жылдығы мерекеленді. Мерекелік мәжілісте М. С. Горбачев баяндама жасап, сөз сөйледі. Баяндамада тарихтың көптеген беттері, оның «ақтандақтары» жаңа тұрғыдан қаралды. Ұзақ жылғы үнсіздіктен кейін сталинизм қылмысты құбылыс деп бағаланды.Қайта құрудың барысына, жүргізіліп жатқан реформалардың баяулығына деген арта түскен наразылық КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Б. Н. Ельциннің КОКП Орталық комитетінің қазан (1987 ж) пленумында сөйлеген сөзінен көрінді.Алайда біркелкі ойлауға үйреніп қалған КОКП Орталық Комитетінің мүшелері, негізінен дщұрыс Б. Н. Ельциннің сөзін «қайта құрудың ту сыртынан тиген соққы» деп қабылдады. Пленумның стенограммасы бұрынғы жылдардағыдай «құпияландырылды». Кеңес адамдары үшін ақпарат көзі радио үндері, сонымен қатар ұзынқұлақ қауесеттері болды. Коммунистер мен партияда жоқтардың табандылықпен талап етуінен кейін Б. Н. Ельциннің сөзі толық көлемде 1988 жылдың көктемінде ғана жарық көрді. Кез келген басшының, егер ол «таңдап алынған бағыттың дұрыстығы мен кіршіксіздігіне» бір сәтке болса да күмәнданатын болса, қандай жағдайға ұшырайтынын Б. Н. Ельцин үлгісі айқын көрсетті. 1988 жылдың жазында болған ХІХ партконференцияда қоғамның әлеуметтік – экономикалық жүйесіне кезекті талдау жасау әрекеті көрініс берді.Партия конференциясының шешімдерінде социализм «жеке адамның жан- жақты дамуының шарты, өндірісті дамытудың өз мақсаты және құралы бола алатын» қоғамдық құрылыс ретінде қаралуы тиіс деп атап өтілді.Алайда, ең маңыздысы саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік – экономикалық өмірдегі өзгерістердің мүмкін еместігін мойындау фактісі болды.Халықты белсенді саяси процестерге тартудың әмбебап құралы: демократияландыру мен жариялылық, төрешілдікке қарсы күрес, халықтық реформа жүргізу  және әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыру болып жарияланды.

76. Моғолстан:мемлекеттік құрылымы, аумағы, халқы және билік жүйесі.

Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркішепарсыша атауы болып табылады.1415 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар:дұғлаттарқаңлыларкерейттерарғындарбарластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.

Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырғанҚазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған.Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.

77.XIXғ екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:

аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;

ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;

ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;

тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.

Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:

қалалар мен темір жолдар салынды;

тауар-ақша қатынастары дамыды;

көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және

отырықшы түрлеріне ауыса бастады;

әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.).

Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті.

Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70—80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды.

XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды.Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды.

Сауда өнеркөсіп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты. Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды. Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсіптерінің үлес салмағы үлкен болды. Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты. Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды — мал және ет саудасы, екінші орынды — нан, үшінші орынды өнеркөсіп тауарлары иеленді.Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуіне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды. Темір жолдар торабы жүк тасудың, сыртқы сауданың өсуі капиталистік ендіріс тәсілінің орнығуындағы басым факторға айналды. XIX ғасырдың соңында Рязань — Орал, Самара — Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүріп жатқандықтан, сырттан келгендер осы маңызды темір жол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады.

78.Теңге тарихы

1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған. 1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі – Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап тұрады.Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.1993 жылы құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл стратегиялық нысанға осынша көп журналистке кіруге алғаш рет рұқсат берілді. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді.

79.Ноғай Ордасы:құрылуы, аумағы және билік жүйесі.

Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай  Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрадНоғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа  бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды

80.XIX  Қазақстанды ғылыми зерттеу.Шоқан Уәлиханов

XVI ғасырдан бастап Қазакстан туралы географиялық мәліметтер орыс мемлекетінің ресми орындарында жинақтала бастады.

Ресей мен Қазакстан арасында дипломатиялық, экономикалық байланыстардың орнауына байланысты патша үкіметі қазақ жері туралы деректерді арнайы жіберілген елшіліктер арқылы да, саудагерлер мен саяхатшылар арқылы да жинады. Осылардың нәтижесінде Қазақстан табиғаты, халқы, мемлекеттік шекаралары жайында деректер толыға түсті. Сол мәліметтерге сүйеніп, Борис Годунов патшаның өтініші бойынша Қадыргали Қосынцлы Жалаири (XVI ғ. аяғы – XVII ғ. басы) («Жами ат-тауарих») «Жылнамалар жинағы» атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте қызықты кітап дүниеге келді. Онда қазақ хандығы құрылуы жайлы тарихымен қоса, Қазақстан қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары жөнінде кең мәлімет беріледі. XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кіреді.XVIII ғасырда орыс патшасы I Петр Қазақстанмен қарым-қатынасты күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Қазақстан жерін Шығыс елдеріне шығатын «қақпа әрі кілт» санады. Оны Ресейге бағындырудың жоспарларын жасады. Осыган орай ол Қазақстанға әскери экспедициялар жасақтап, Каспий теңізі мен Сібірмен шекаралас өлкелерді зерттеуге тапсырма берді. 1734 жылы Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. 1768 жылы екінші академиялық экспедиция жасакталды. Бұлардың жұмысына П.С.Паллас, И. П. Фальк, И. П. Рычков сияқты ғалымдар қатысты. И. Муравин мен А. И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойында, Г. С. Карелин Каспий жағалауларында зерттеулер жүргізді. Қазақ жерін жалпы географиялық тұрғыда зерттеген бұл ғалымдардың еңбектерінде, жаңа деректермен қоса табиғаттың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіруге де алғашқы талаптар жасалды. Осы және басқа материалдарды жинақтау негізінде А. И. Левшин 1832 жылы «Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты еңбегін жазды. Мүнда Қазақстан жеріне тұңғыш рет салыстырмалы түрде толығырақ географиялық сипаттама берілді.

Қазакстан табиғатын шын мағынасында ғылыми-географиялық тұрғыда зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл тұрғыда П.П.Семенов-Тян-Шанскийдің, Н.А.Северцовтің, Ш.Ш.Уәлихановтың, И.В.Мушкетовтың, А.Н.Красновтың, Л.С.Бергтің сіңірген еңбектері айрыкша. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедханафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушытарихшыфольклоршыэтнограф,географағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды.

81.1986 ж  желтоқсан оқиғасы:себептері мен салдары.

1986 жылы Желтоқсан айының ызғарлы күндерінде Алматыдағы үлкен алаңға жиналып, коммунистер билігіндегі ресми Мәскеуге езілген қазақ халқының ішіндегі арзу арманынын айтып, талап-тілегін жария еткен қыршын жастар мен ұлт зиялыларының талпынысы тоталитарлық жүйе тарапынан аяусыз басып-жаншылды. Алаңға шыққандарды, оларды қолдап жер-жерде көшеге шығып қорғағандарды бұл жүйе өлімге кесті, түрмеге жапты, қуғын-сүргінге ұшыратты. 
Кейін дүние мүлдем жаңарып, қоғам жаңа заманға бет түзеді. КСРО-ның саяси жалдаптары «ұлтшыл», «бұзақы», «нашақор», «маскүнем» атаған желтоқсаншыл қазақ жастары «демократия қарлығаштары» деп танылды. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.  Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

82.Әбілқайыр хандығы.Көшпелі өзбек мемлекеті.

ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген  соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. ХҮ ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір  ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақта 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.

Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ     ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы  ыдырап кетті.Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал  Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.      

83.Абай Құнанбаев- ұлы ақын, ағартушы.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (29.07.1845 — 23.06.1904) — қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген, бейіті Жидебайда. Абай — ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін адам болған. Абай 8 жасында “Ескітам” медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан “Приходская школаға” түсіп онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған. Абай Шығыс классиктері Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Жәмилердің, т.б. еңбектерін, екінші жағынан А.С.Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, И.А. Некрасов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевскийлерді көп оқыды. Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылыми салалар бойынша зерттеулер жүргізді. Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875—1878 жж. Қоңыр, Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салады. Абай кейін Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 жылы И. Долгополов, А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым -қатынаста болған.

84.КСРО-ның ыдырауы: себептері мен салдары.ТМД-ның құрылуы.

КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — ХХ ғасыр соңындағы әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Әлем “социалистік” және “капиталистік” деп аталған жүйелер арасындағы бәсекелестік пен текетірестен құтылып, халықтар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты. 1980 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген, 1989 жылдың маусымында Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы,1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Президенті болып сайланған Н. Назарбаевқа қызмет жағдайына байланысты КСРО-ның күйреу процесін іштей бақылап, КСРО-ның күйреуін тездеткен Мәскеулік басшылардың тақ үшін таластарының куәгері болуына тура келді. КСРО-ның күйреуінің ең басты себептерінің бірі – елде сөз бен істің бірлігінің болмауы еді. Бар билікті өз қолына жинап алған коммунистік партияның саясатына сай “дұрыс” сөйлеу, бірақ басқаша ойлап, іс жүзінде керісінше істеудің, яғни екіжүзділікке барудың елде кең етек алғанды бүгінгі аға ұрпақтың есінде. Мұндай ел тағдыры үшін аса қауіпті үрдістің пайда болып, қалыптасуына және дамуына кінәлі басқа емес, басынан шіріген балық сияқты, сол ел басқарып отырған партияның ең жоғарғы басшыларының өздері еді.

1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда желтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.

Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.

85.Түркі халықтарынан шыққан ойшылдар мен ғұламалар.IX-XIIғғ.

Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны — "Шығыстың Аристотелі" атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр ныспысының соңына кейде "әт-түрки" деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, "Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған".Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбунасырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды.Әл-Фараби өздігінен оқып-жетілген ғалым. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиканның айтуына қарағанда, Әбунасыр Аристотельдің "Meтoфизикacын" қырық, "Жан туралы" еңбегін жүз, ал "Риторикасын" екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.Әл-Фараби педагогикапсихологияэстетика мен акустикаастрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ ол парасаттылық пенағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбунасыр — халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Әбунасыр метофизика, тіл білімі, логика, география, этика, т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты.XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі. Толық аты — Жүсіп Хас Хажиб Баласағүни. Ғалым өзінің атақты дастаны "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, Әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағүни ғылымның табиғаттануматематикаастрономиятарихарабпарсы тілі білімі сияқты салаларымен де айналысқан.Жүсіп Баласағүни, аты-жөніне қарағанда, Қарахандар мемлекетінің көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған.Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердің үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. ХасХажиб деген үлкен атақ немесе басуәзір деген сөз оның атына осыдан қосылса керек.Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", — деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады.Бұл кітап ел арасында тез тарап, авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған. "Құтадғу білік" орта ғасырлар ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таң қалдырған әдеби-көркем туынды. Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілер мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра.Махмұд Қашқари — түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі. Ол Жүсіптің замандасы. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз, ғалымдар оның атақты шығармасы "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан каласында туған. Бірақ неге екені белгісіз, өте жас кезінен туған мекенінен шығандап шығып, түркілер уәлаятын (қазіргі қазақ сахарасын) аралап кетеді. Махмұд өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған, көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген.

Кейіннен ол бір кездегі әдебимәденирухани орталық болған Бағдатқа барады. Бұл кез Бағдатты түркілердің селжұқ тайпасы басып алған, түркі тілінің дәуірлеп тұрған тұсы еді. Сондықтан да Махмұд түркілердің этнографиясыауыз әдебиетінің хрестоматиясы іспетті өз еңбегін араб халқына таныстыру мақсатымен араб тілінде жазған.Оның Бағдатта тұрып, өз шығармасын түркі тақырыбына арнауының өзі тегін емес. Махмұд өмір сүрген дәуір, бір кездегі гүлденген араб дүниесінің дәурені өтіп, тасы кері кете бастаған уағы болатын. Оның үстіне, Махмұд түркілер тарапынан өз туындысының ескерусіз қилмайтындығын да пайымдаған. Сондықтан да ол өз еңбегінің атын мазмұнына сай етіп "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") деп атаған. Бұл "жинақ" "орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы" деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.

86.Тәуелсіз Қазақстанның конституциясы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

87. Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси ынтымақтастығының кеңеюі (1991-2000жж)

1991 жылы 2 желтоқсандағы президенттік сайлау қорытындыларына байланысты өткізген баспасөз конференциясында Президент Н. Назарбаев Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғастыратын көпір болуы керек. Әлемнің барлық мемлекеттерімен экономикалық және саяси байланыстарды қамтамасыз ететін көпвекторлық сыртқы саясатты таңдайды – деп көрсетті. Президент өзінің «Қазақстанның Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты 1992 жылғы еңбегінде «Қазақстан жаңа халықаралық ортаға тап болды. Оның сыртқы саясатының бағыты ұлттық-мемлекеттік мүдделерге сәйкес өзіндік логикамен дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты жалпыадамзаттық қуатқа ие. Ол халықтардың әлемдік қауымдастықтан өз орнын таба білгенін жақтайды», – деп ескертті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатында көпвекторлық принципін ұстауда.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында әлемдік тартылыс күштерінің орналасуын есептеуге ұмтылды. Қазіргі жаһандық қатынастардағы көпполярлық саланы басшылыққа алды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Қытайдың, Жапонияның, Ресейдің, Үндістанның, Еуроодақтың күшейе түсуін басшылыққа алды. Қазақстан геосаяси аренада шынайы ойыншыға айналуды мақсат тұтты және осы дәрежеге ол біртіндеп көтеріліп келеді. Ел түрлі алпауыт державалар арасында әртүрлі қарым-қатынастар жүргізіп, өз мақсат-міндеттерін шешуде біршама табыстарға қол жеткізуде.

1992 жылы Қазақстан Солтүстік атлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше болды. Бұл ұйым 1997 жылдан бастап Еуроатлантикалық әріптестік ұйымына айналды. НАТО ұйымы бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан тәуелсіз мемлекеттермен және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен бірлесіп «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасын жүзеге асырды. Ондағы мақсат, осы елдермен бірлесіп, аймақтық әскери қақтығыстардың алдын алу, терроризмге қарсы ортақ іс-қимылдарды үйлестіру болды. Қазақстанның қарулы күштері АҚШ пен НАТО-ның алдыңғы қатарлы әскерилерінен соғыс техникасы мен тактикасын меңгеруді үйренді. Бірлескен жаттығулар өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды. НАТО-мен әріптестік Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуға өз ықпалын тигізді.Қазақстан шетелдермен екі жақты қатынастар орнатуда белсенді шаралар жүргізді. Соның нәтижесінде 1993 жылы Қазақстан Республикасын егеменді ел ретінде 111 мемлекет танып, олардың 92-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Ресей Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың 17 желтоқсанында таныды. Ал, Қазақстан Ресейдің және одақтас республикалар тәуелсіздігін 1991 жылы 20 желтоқсанда танитындығын жариялады. 1992 жылы 20 қазанда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа» қол қойылды. Екі ел бірін-бірі сыйлайтындығын, егемендігін және мемлекеттік шекаралардың мызғымастығын танитындығын жария етті. Осы келісім шарт негізінде екі елдің достық қатынастары басталды. Қазақстан Ресейдің ең сенімді одақтасына айналды. Қазақстанда антиресейлік пікірлер айтылмады. Осындай лайықты қатынастар 1998 жылы 6 шілдеде Қазақстан мен Ресейдің арасындағы «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларацияға» қол қойылуына әкелді. 2000 жылдың басында екі ел өзара шекарасын толық демаркация жасау жұмыстарын аяқтады. 1991-2000 жылдар аралығында Қазақстаннан 1,2 миллиондай орыстар Ресейге, шетелдерге қоныс аударды. Қазір орыстардың ел халқындағы үлес салмағы 1991 жылғы 41 пайыздан 24 пайызға түсті, сөйтіп, орыстар, 6,1 миллианнан 3,9 миллионға кеміді. Екі жақ бұл құбылысты Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі табиғи эммиграциялық құбылыс деп бағалады. Азаматтардың өз Отандарын таңдауына ешқандай қысым көрсетілген жоқ. Ел халқы өз азаматтығын өркениетті демократиялық принциптер негізінде шеше алды.

Ресей Федерациясы 90-шы жылдардың басында Еуропалық экономикалық және сауда жүйесін тез арада интеграциялануды мақсат етті. Қазақстан да АҚШ пен Батыс Еуропаның ірі компанияларын өзінің шикізат рыногына еркін кіргізді. Алайда, 90-шы жылдардың соңында Еуропамен интеграцияланудың аса тез бола қоймайтындығына екі елдің де көзі жетті. Ресей мен Қазақстанның сыртқы саясаты бағытында өзара жақындасу үдерісі күшейе бастады. Ресей барлық ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастарды жақсартуды өзінің әлемдік саяси экономикалық құрылымдарға енуінің маңызды факторы ретінде бағалады. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше геосаяси маңызы бар тағы бір мемлекет – Қытай Халық Республикасы. Бұл елдер арасындағы ортақ шекараның ұзындығы 1700 шақырым, әрі тарихи көршілер. Екі ел де демократиялық модернизация мен нарық экономикасын жасап, дамуға құлшына кірісті. Сондықтан, екі ел үшін де бейбітшілік, өзара татулық пен экономикалық-сауда әріптестігін дамыту пайдалы. Қытай өзінің батыс өңірі Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданына Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың дұрыс ықпал етуін қалайды. Шығыс Түркістан өңірін қамтитын Ұйғырстан мемлекетін құруды жоспарлайтын ұйғыр сепаратистерінің мақсатына Қазақстан да түбегейлі қарсы.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қытай бірден-бір қуатты социалистік мемлекет болып қалды.

88.Қазақ халқының қалыптасуы, этникалық процестің кезеңдері,негізгі аспектілері.

Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе "қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде "өзбек-қазақ”, кейін "қазақ” деп аталған дейді. "Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ” деген сөз "басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де "қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс.XV  ғас. 50-70 жылдар арасында Әбілхайыр  хандығын Жетісудің Шу мен Талас өзененің жазығына 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың бұл жерге қоныс аударуының себебі: Әбілхайырдың қол астында қанаушылардың күшеюі болса, екіншісі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру. Ол кезде жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462) бұл қазақтарды Әбілхайырға қарс пайдаану үшін қарсы алып, қоныс берді. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді».Қазақстанның алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-73 ж.) одан кейін Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ хандығының шекарасы кеңейді. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады.

89.Қазақстанның Ресейге қосылу барысы нәтижелері,мәселелерге жаңаша көзқарастар.

Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.

Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.

1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді.

Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.

Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.

Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.

Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.

Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.Патша үкіметі жалпықазақтық хандықтың болуын танудан саналы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді.Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.

Қазақстанның Ресейдің ықпалына енуі кейінгі жылдары қазақтардың Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының едәуір нашарлап кетуіне әкеп соқтырды. Хиуа мен Бұхардың әскерлері Оңтүстік Қазақстанның қазақтарына оқтын-оқтын жорық жасап тұрды, алым-салық төлетті. Сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның екі арасындағы сауда қатынастарының күшейе түсуі едәуір оңды сипат алды.

90.Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларациясы (1990 ж)

Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының жәнеҚазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы,суәуе кеңістігіөсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.




1. высота ширина Площадь круга- Кинематика
2. 10 Ауд
3. Контрольная работа по дисциплине Учет на предприятиях малого бизнеса Вариант 8 Выполни
4. Тема 12- ОСНОВЫ УГОЛОВНОГО ПРАВА Вопрос 1.html
5.  Захотят производить алкоголь ~ пусть производят
6. прикладного мистецтва Рівненщини та окресліть їх внесок в культурну палітру Рівненщини
7. Рассуждение о поззии и руководство к искусству чимало новацій
8. Самоконтроль занимающихся физическими упражнениями и спортом
9. Математик И
10. Кризис современной макроэкономики
11. Концепция интегральной логистики Интегрированный подход в логистике требует объединения различных функ
12. НПФ Пермь Гео Годы работы-18
13. Тема- Обращение Тип урока- изучение нового Цели и задачи- раскрыть понятие обращение Задачи- Об
14. экономического развития России ГЕОРГИЙ КОСТИНдоктор технических наук профессорпредседатель Комитета Г
15. Влияние новых технологий на искусство
16. столовыми ложками поваренной соли растворенными в 5 ~ 10 л жидкости нельзя при отравлении коррозивными ядам
17. морщині в Катеринодарі руськоукраїнський альманах який би змістом і виглядом бодай почасти міг наблизит
18. Статья 1. Сфера действия настоящего Федерального закона 1
19. Беспроводные локальные сети Wln (wi-fi)
20. ской системы а также совокупность методов осуществления власти и достижения политических целей