Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Тақырыбы: «MS Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Формуламен жұмыс. Функция және диаграмма шеберімен жұмыс»
Мамандығы 5В130100 «Жалпы медицина»
Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА
КУРС: І
Құрастырған: аға оқытушы Омарбекова Н.К.
Қарағанды , 2013
Кафедра отырысында бекітілді
№_____ хаттама «____»_______________
БЕКІТІЛГЕН
Кафедра меңгерушісі ____________________Б.К.Койчубеков.
Тақырыбы: «MS Excel көмегі арқылы медициналық мәліметтерді талдау. Формуламен жұмыс. Функция және диаграмма шеберімен жұмыс»
Сабақ мақсаты: Студенттерді Excel 7.O қолданбалы программалар пакетімен жұмыс істеуді үйрету.
Студент білуі керек:
Студент істеуі керек:
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар
Формулаларды құрастыру және енгізу
Ұяшықта мәтін мен саннан басқа формула да бола алады, яғни оның ішіндегі мәлімет басқа ұяшықтардағы мәндерді ескере отырып саналады.
Формулаларды енгізу электрондық кестелердің ең маңызды және негізгі операцияларының бірі болып табылады.
ФОРМУЛАЛАРДЫ ЕНГІЗУ кезінде әрқашан =(теңдік) символынан бастау керек. Формулаларды енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталады.
Excel программасында көптеген түрлі математикалық, статистикалық, логикалық және басқа функциялар бар. Енді тек қана олардың аргументтерінің мәндерін беру қалады, ол функциялар мастерінің көмегімен жүзеге асырылады. Функциялар мастерін Стандартная саймандар панелінің x пернесіне шерту арқылы шақыртуға болады. Басқа варианты Менюдің Вставка пунктінен Функция опциясын таңдау. Алдын ала қажетті функциясы бар формула орналасатын ұяшықты белсенді ету керек. Экранда функциялар мастерінің терезесі ашылады. Алдымен (бұл бірінші қадам) Категория өрісінде қажетті функция жататын топты таңдайды, ал Функция өрісінде оның атын көрсету керек. Егер функция атынан ештеңе түсініксіз болса, онда терезенің төменгі жағында осы функциямен орындалатын әрекеттер туралы көмекші сөздер шығады (?). Бұл ақпарат жеткіліксіз болса, қосымша Помощник батырмасын басуға болады. Формула таңдалған соң ОК басу керек: осылайша келесі қадамға өтуге болады. Функцияны енгізуді болдырмау үшін Отмена батырмасын басқан жеткілікті.
Функциялар мастерінің екінші қадамы аргументтерді беруден тұрады. Ол үшін формулалар палитрасы қолданады. Бұл жерде бірнеше әдісті қолдануға болады.
Бірінші әдісі - мәндерді және ұяшықтар адрестерін ашылатын өрістерде енгізуге болады, әрбір жаңа аргументті енгізу Tab немесе келесі енгізу өрісіне шерту арқылы аяқталады. Барлық аргументтер енгізіліп болған соң, Enter пернесін немесе ОК батырмасын шерту керек.
Функция аргументтерін берудің екінші әдісі осы аргументтері бар ұяшықтарды тышқанмен шерту керек (керек болған кезде ұяшықтар тобын да белгілеуге болады). Олардың адрестері формулалар палитрасының ағымдағы енгізу өрістерінде көрініс табады. Егер палитра бөгет жасаса, енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады, сонда ол жинақталады. Оралған палитраны ашу үшін екінші рет енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы шертуге болады.
Функция күрделі формуланың құрама бөлігі ретінде бола алады, және бір формулада бірнеше функциялар қолданыла алады.
Көп жағдайда формулаларда ұяшықтардың салыстырмалы адрестері қолданылады, олар ұяшықтарды формулалармен толтырған кезде автоматты түрде жөнделеді.
Бірақ та кейде формулалармен толтырған кезде кейбір ұяшықтардың адрестерінің өзгеріссіз қалулары қажет. Бұл жағдайда ұяшықтың абсолютті адресі қолдануы керек. Ұяшық адресінің өзгеріссіз қалу қажеттігін көрсету үшін оны доллар ($) символымен бірге көрсету керек:
$А$11 абсолютті адрес көрсетілген (толтыру кезінде ол өзгеріссіз қалады);
A11 салыстырмалы адрес көрсетілген (толтыру кезінде ол өзгереді);
$А11 аралас адрес көрсетілген (толтыру кезінде баған аты өзгермейді, ал жол аты өзгереді);
А$11 - аралас адрес көрсетілген (толтыру кезінде жол аты өзгермейді, ал баған аты өзгереді);
Абсолютті адресті екі әдіспен көрсетуге болады: доллар символын енгізіп немесе Формулалар жолында қажетті ұяшықтың адресінде шертіп, қажетті нәтиже шықпайынша F4 батырмасын бірнеше рет басу.
Бір формулада ұяшықтардың салыстырмалы адрестері де, абсолютті адрестері де қолданыла алады.
Формулаларды алмастыру буфері және тышқан көмегімен жылжытқанда немесе көшіргенде ұяшықтардың абсолютті және салыстырмалы адрестері әртүрлі әрекет етеді.
Салыстырмалы адрестерформуласы орналасқан ұяшыққа қатысты орналасуын сақтайтындай етіп өзгереді, ал абсолютті адрестер өзгеріссіз қалады (яғни сол ұяшықтарға сілтейді).
Көп жағдайда формулаларды жұмыс кітабының басқа беттерінен көшіру керек болады. Ол үшін жұмыс кітабының бетінің атын көрсету керек, сосын леп белгісін қойып, сосын ғана осы беттегі ұяшық адресін көрсету керек.
Егер жұмыс кітабының бетін формула берілгеннен кейін атын өзгерту керек болса, бұл формула автоматты түрде беттің жаңа атына сәйкес жөнделеді.
Суммаларды есептеу (автосуммалау).
Кестелерді құрастыру кезінде суииалау операциясы жиі қолданылады. Суммалау үшін функциялар мастерін қолдануға болады, басқа да жолы бар: келесі әрекеттер тізбегін орындайды.
Нәтижесінде белсенді ұяшықта сумма есептеледі.
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС.
Тапсырма 1
Егер сіз берілген тапсырмаларды толығымен орындасаныз сізде мына түрдегі кесте пайда болуы керек.
A |
B |
C |
D |
|
1 |
Арифметикалық прогрессияның n ші мүшесін жән n мүшесінің қосындысын есептеу |
|||
2 |
d |
n |
An |
Sn |
3 |
0.725 |
1 |
-2 |
-2 |
4 |
0.725 |
2 |
-1.275 |
-3.275 |
5 |
0.725 |
3 |
-0.55 |
-3.825 |
6 |
0.725 |
4 |
0.175 |
-3.65 |
7 |
0.725 |
5 |
09 |
-2.75 |
8 |
0.725 |
6 |
1.625 |
-1.125 |
9 |
0.725 |
7 |
2.35 |
1.225 |
10 |
0.725 |
8 |
3.075 |
4.3 |
11 |
0.725 |
9 |
3.8 |
8.1 |
12 |
0.725 |
10 |
4.525 |
12.625 |
Тапсырма 2
Тапсырма 3
Тапсырма 4
Оформите сделанную вами таблицу квадратов различными цветами и дополните ее заголовком.
Если вы все сделали правильно, то у вас должна быть такая таблица (образец):
Таблица квадратов двузначных чисел |
||||||||||
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
1 |
100 |
121 |
144 |
169 |
196 |
225 |
256 |
289 |
324 |
361 |
2 |
400 |
441 |
484 |
529 |
576 |
625 |
676 |
729 |
784 |
841 |
3 |
900 |
961 |
1024 |
1089 |
1156 |
1225 |
1296 |
1369 |
1444 |
1521 |
4 |
1600 |
1681 |
1764 |
1849 |
1936 |
2025 |
2116 |
2209 |
2304 |
2401 |
5 |
2500 |
2601 |
2704 |
2809 |
2916 |
3025 |
3136 |
3249 |
3364 |
3481 |
6 |
3600 |
3721 |
3844 |
3969 |
4096 |
4225 |
4356 |
4489 |
4624 |
4761 |
7 |
4900 |
5041 |
5184 |
5329 |
5476 |
5625 |
5776 |
5929 |
6084 |
6241 |
8 |
6400 |
6561 |
6724 |
6889 |
7056 |
7225 |
7396 |
7569 |
7744 |
7921 |
9 |
8100 |
8281 |
8464 |
8649 |
8836 |
9025 |
9216 |
9409 |
9604 |
9801 |
Бақылау тапсырмасы
1. Шаблон құру.
Excel программасын қосыңыз. «Книга1» файлының атын «Шаблон» атына өзгертіңіз.
Excel-дің әрбір жұмыс кітабының бастапқы 3 беті болады. Шаблонға біреуі де жеткілікті. Сондықтан қалған екеуін келесі әдіспен алып тастау керек: қажетсіз беттердің ярлыгына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп контекстті меню шақыртыңыз. Сосын Удалить опциясын таңдап, қосымша сұраудан кейін ОК таңдаңыз. Қалған Лист1 бетінің атын өзгертіңіз. Ол үшін контекстті меню шақыртып, Переименовать опциясын таңдаңыз. Лист1 орнына Шаблон деп жазыңыз.
Енді бастапқы мәліметтер енгізіңіз.
В1 ұяшығына «ЕМТИХАНДЫҚ ВЕДОМОСТЬ» мәтінін енгізіп «Enter» басыңыз.
A3 ұяшығына «№ _ топ» мәтінін енгізіңіз;
СЗ ұяшығына - «Пән»;
А5 ұяшығына - «№ п/п»
В5 ұяшығына - «Фамилиясы, аты, жөні»;
С5 ұяшығына - «Сынақ кітапшасының №»;
D5 ұяшығына - «Баға»;
Е5 ұяшығына - «Емтихан қабылдаушының қолы».
Егер ұяшық ішіндегі мәліметті өшіру керек болса, алдын ала қажетті ұяшықты белсенді етіп, Delete пернесін қолдануға болады басқа варианты ұяшыққа тышқанның оң батырмасын шертіп, контекстті менюде “Очистить содержимое” опциясын таңдау. Егер қате мәтінді басу кезінде жіберілсе, онда Esc пернесін басқан жеткілікті. Ұяшық ішіндегісін редактрлеу (өзгерту) үшін (барлық мәтінді өшіру қажеттілігі болмағанда) тышқанның сол батырмасымен қажетті ұяшыққа екі рет шертіп, өзгертулер енгізуге болады.
Топтағы әртүрлі бағалар санын есептеу үшін әрбір баға түріне баған қосу керек: F бағаны бестер үшін (F5 ұяшығы), G бағаны төрттер үшін (G5 ұяшығы), Н бағаны үштер үшін (Н5 ұяшығы), I бағаны екіліктер үшін (I5 ұяшығы), J бағаны келмегендер үшін (J5 ұяшығы). Бұл ұяшықтарға сәйкес бағаларды енгізіңіз. По центру орнатыңыз. Кестенің бөлгіш сызықтарын (ішкі және сыртқы) орнатыңыз.
Енді әрбір ұяшыққа келесі технологияны қолданып, кесте басын форматтаңыз:
А5, Б5, С5, Д5, Е5 ұяшықтарын белгілеңіз
Меню жолында Формат - Ячейки - вкладка Выравнивание опциясын таңдаңыз:
По горизонтали: по центру
По вертикали: по центру
Отображение: переносить по словам опциясына флажок орнатыңыз
ОК
Немесе мәтінді орталыққа орнатудың стандартты вариантын қолданыңыз. Яғни ұяшықтарды белгілеп, саймандар панеліндегі По центру батырмасын басыңыз.
А5 ұяшығына номірленген тізім енгізу қажет. Тізімді автотолтыру арқылы жасау қажет. (1-15 ке дейін болу қажет)
В5 (фамилиясы, аты, жөні) ұяшығынан студенттер фамилиясын енгізіңіз.
С5 ұяшығына бірінші студенттің сынақ кітапшасының № енгізіңіз, яғни 2012-1, келесі 2012-2енгізу қажет. (автотолтыру қолдану қажет)
В бағанына топтағы алынған бағалардың қорытынды санының атын енгізіңіз: В22 ұяшығына «өте жақсы», В23 ұяшығына «жақсы», В24 «қанағаттанарлық», В25 «қанағатсыз», В26 «келген жоқ», В27 «БАРЛЫҒЫ».
Кестені өз қалауыңыз бойынша әсемдеңіз. Сақтаңыз және ораңыз (свернуть).
2. Емтихандық ведомость құру.
Енді жаңа жұмыс кітабын құру қажет. Құрылған жаңа жұмыс кітабын «Книга 2» аттан «SESSION» атына өзгертіңіз.
Бұл жұмыс кітабында 4 бет болады. Бірінші бетте математика пәніне емтихандық мәліметтер көрсетіледі. Екінші бетте физикадан. Үшінші бетте тарихтан. Ал төртінші бетте әрбір студенттің алынған бағаларына сәйкес стипендия мөлшері саналады.
Жұмыс кітабында 3 бет қана болғандықтан тағы бір бет қосу керек. Ол үшін тағы бір бетті контекстті меню көмегімен Добавить лист опциясын таңдау арқылы қосыңыз. Беттерді Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3), Стипендия деп атаңыз.
Шаблон кестесі бұл жұмыс кітабының үш бетінде қайталанатындықтан, Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3) беттеріне мәліметтерді бір уақытта енгізіңіз. Ол үшін:
Осылайша SESSION жұмыс кітабының үш Бетінде Шаблон пайда болды.
Мәліметтерді алғашқы мысалдағыдай форматтаңыз.
НАЗАР АУДАР! Әрі қарай жұмыс кітабының қандай да бір бетіне мәлімет енгізгіңіз келсе, қалған беттердің белгіленуін алып тастаңыз. Ол үшін бірінші бетке өтіп, оның ярлыгына тышқанмен шертіңіз, сосын Shift пернесін басып тұрып бірінші беттің ярлыгын тағы да шертіңіз.
Әрбір беттің D3 ұяшығына сәйкес пәннің аттарын енгізіңіз: математика, физика, тарих.
Математика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 4, «4» саны 13, «3» саны 10, «2» саны 1, «келемегендер» саны 2.
Физика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 6, «4» саны 12, «3» саны 8, «2» саны 2, «келемегендер» саны 2.
Тарих пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 12, «4» саны 15, «3» саны 1, «2» саны 1, «келемегендер» саны 1.
Е6 ұяшығына сәйкес емтихан қабылдаушының фамилиясын енгізіңіз. Е бағанының ұяшықтарын қажетті өлшемге автотолтыруды жүзеге асырыңыз. Осындай операцияны Емтихандық ведомостьтің барлық беттерінде орындаңыз.
В бағанына топта алынған бағалардың қорытынды санын енгізіңіз В22 ұяшығына «өте жақсы», В23 ұяшығына «жақсы», В24 «қанағаттанарлық», В25 «қанағатсыз», В26 «келген жоқ», В27 «БАРЛЫҒЫ».
Формулалар енгізу.
F26 ұяшығына формула енгізіңіз.
Экранда формулалар палитрасы пайда болды.
Осылайша, формулалар жолында формула пайда болады: =ЕСЛИ(D6=5;1;0). Бұл дегеніміз: егер бірінші студенттің бағасы «5» (біздің жазуда D6=5) болса, онда F6 ұяшығында 1, ал кері жағдайда 0 пайда болады.
Осы түрде келесі ұяшықтарға формулалар енгізіңіз:
G6: =ЕСЛИ(D6=4;1;0)
H6: =ECJIИ(D6=3;1;0)
I6: =ЕСЛИ(D6=2;1;0)
J6: =ЕСЛИ(D6="келмеген";1;0)
Осы формулаларды әрбір студент үшін осылай енгізіп отырмау үшін формулаларды көшіруге болады. Ол үшін F6, G6, Н6, I6, J6 ұяшықтарын белгілеп, саймандар панелінен Копировать батырмасын шертіңіз, формулалар орналасуы қажет барлық жолдар мен бағандарды белгілеп, саймандар панеліндегі Вставить батырмасын шертіңіз. Барлық белгіленген ұяшықтар автоматты түрде формулалармен толтырылады. F, G, H, I, J бағандарында студенттің алған бағасына сәйкес 0 мен 1 сандары пайда болады. Формулаларды барлық ведомосттарға көшіріңіз.
Алынған бағалардың нақты бір түрінің суммалық санын анықтау өзгеше орындалады. «Өте жақсы» бағаларын есептеу үшін тышқан гұсқағышын D22 (B22-ге қарсы) ұяшығына орнатыңыз. Функциялар мастерін шақыртып келесі параметрлерді таңдаңыз:
Экранда формулалар палитрасы пайда болды. Енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы (қызыл стрелка) шертіңіз, палитра жинақталады. F6 ұяшығын белсенді етіп, тышқан батырмасын басып тұрып курсорды F бағанының бойымен F35 ұяшығына дейін тартыңыз. Жинақталған палитраны енгізу өрісінің шетінде орналасқан батырманы қайта басу арқылы ашыңыз. Палитраның бірінші жолында автоматты түрде жазылған формуланың дұрыс жазылуын және сумманың дұрыстығын тексеріңіз. Егер барлығы дұрыс болса (қате тек ұяшықтар дұрыс белгіленбеген жағдайда болады), ОК басыңыз. D22 ұяшығында өте жақсы бағалардың суммасы немесе =СУММ(F6:F20) формуласы пайда болады. Осы тәсілмен басқа бағалардың санын есептеңіз.
Барлық алынған бағалардың суммасын да (БАРЛЫҒЫ) осылайша есептеуге болады немесе Автосумма батырмасының көмегімен есептеуге болады:
D27 ұяшығында бағалардың жалпы саны (20) немесе =СУММ(D22:D26) формуласы пайда болады.
Барлық формулаларды барлық ведомосттарға көшіріңіз.
2. Енді «Стипендия» бетін толтырамыз. Формулаларды қолданып стипендия тағайындалуын есептейміз.
«Стипендия» бетін ашыңыз. В1 ұяшығына кесте атын енгізіңіз: «СТИПЕНДИЯ», В2 ұяшығына «минимум», С2 «стипендия», D2 - 2000 (минимал стипендия мөлшері). A5 және B5 ұяшықтарынан бастап, А20 және В20 ұяшықтарына дейінгі А бағанын (студенттердің реттік нөмірлерімен) және В бағанын (студенттер фамилияларымен) «Шаблон» файлынан көшіріңіз. Қосымша бағандар қосыңыз: «Орташа балл» (C5 ұяшығы), «тапсырылған емтихандар саны» (D5) және «Стипендия» (E5).
Студенттің орташа балын есептеу үшін С6 ұяшығына орташа балды есептеу формуласын енгізу керек. Бұны келесідей орындаңыз:
Экранда формулалар палитрасы пайда болады.
С6 ячейкасында =СРЗНАЧ('Емтихан1'!D6;' Емтихан1(2)'!D6;' Емтихан1(3)'! D6) формуласымен анықталған бірінші студенттің орташа баллының мәні көрсетіледі.
С бағанының барлық ұяшықтарына формуланы көшіреміз. Ол келесі әдіспен орындалады: С6 ұяшығын белсенді етіңіз, нұсқағышты ячейканың оң жақ төменгі бұрышына орналастырыңыз, тышқан нұсқағышы крест түріне ие болғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты қажетті өлшемге дейін созыңыз (ақырғы студентке дейін - С20). Ұяшықтар автоматты түрде әрбір студентің орташа баллының мәндерімен толтырылады.
Кейбір ұяшықтарда орташа балл бірнеше ондық цифрдан тұрады. Бізге ондық санның біреуі ғана жеткілікті болғандықтан, нұсқағышты қажетті ұяшыққа апарып, Форматирование саймандар панеліндегі «Уменьшить разрядность» батырмасының көмегімен қалған ондық сандарды алып тастауға болады.
Әрбір студенттің тапсырған емтихан санын есептеу үшін D6 ұяшығына Функциялар мастерінің көмегімен құрылған формуланы енгіземіз.
Экранда формулалар палитрасы пайда болады.
D6 ұяшығында =СЧЕТ('Емтихан1'! D6;'Емтихан 1(2)'! D6;'Емтихан 1(3)'! D6) формуласымен есептелген бірінші студенттің тапсырған емтихандарына сәйкес сан шығады.
D бағанының барлық ұяшықтарына формуланы көшіреміз. Ол келесі әдіспен орындалады: D6 ұяшығын белсенді етеміз, нұсқағышты ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышына орналастырамыз, тышқан нұсқағышы крест түріне ие болғанда, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты қажетті өлшемге дейін созамыз (ақырғы студентке дейін D20). Ұяшықтар автоматты түрде формуламен толтырылады. Әрбір фамилияға қарсы тапсырылған емтихандардың саны шығады.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып және формулаларды енгізуден алынған тәжірибелерді қолданып, студенттің стипендиясының мөлшерін есептейтін формуланы Е6 ячейкасына енгізіңіз:
=ЕСЛИ(И(С6>=4,5;D6=3);$D$2*1,5;ЕСЛИ(И(С6>=4;D6=3);$D$2;0)).
Формуланы енгізу «Enter» пернесін басумен аяқталатынын ұмытпаңыз.
Бұл формуланы Е бағанының барлық ұяшықтарына көшіріңіз (35 жолға дейін). Үлгеріміне байланысты әрбір студентке стипендияны тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады.