Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Көлік және құрылыс» факультеті
«Теңіз және жерүсті көліктері» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
«Көлік және құрылыс» факультеті
деканы т.ғ.к., доцент Умарова Г.Б.
________________________
« ___» ____________ 2013 ж.
СИЛЛАБУС
«Материалдар кедергісі» пәні бойынша
5В070800 «Мұнай газ ісі» мамандығына арналған
Оқу түрі: күндізгі
Барлығы - 3 кредит
Курс - 2 Семестр: 3
Дәріс - 30 сағат
Тәжірибелік сабақ 15 сағат
Зертханалық сабақ 0 сағат
Барлық аудиторлық сағат - 45 сағат
СӨЖ - 81 сағат Еңбек сыйымдылығы: 135 сағат
ОСӨЖ - 9 сағат
Емтихан: 3 семестр
Ақтау 2013 ж.
Силлабусты құрастырған «Теңіз және жерүсті көліктері» кафедрасының аға оқытушысы Суйеуова Набат Базархановна. Типтік оқу бағдарламасы дайындық бағыты 5В070800 «Мұнай газ ісі» мамандығына арналғн мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген (Астана, 2007).
«Көлік және тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасының отырысында бекітілген
«_____»___________2013 ж. Хаттама № ____
Кафедра меңгерушісі : ______________ т.ғ.к., Кабылбекова В.В.
«Теңіз технологиялары» институтының оқу-әдістемелік кеңесімен келісілген
«____ »_____________ 2013 ж. Хаттама № ____
Төрайымы ______________ Турдалиева З.Ж
1. Оқытушы туралы мәлімет:
Дәріс жүргізетін оқытушы: Суйеуова Набат Базархановна,
«Көлік және құрылыс» факультеті, «Теңіз және жерүсті көліктері» кафедрасының аға оқытушысы, кабинет Б-0102.
2. Пән туралы мәлімет:
Кредит саны 3
Сабақ өткізілу орны және уақыты бекітілген сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.
Пән коды |
Пән атауы |
Курс |
Семестр |
Кредит саны |
Дәріс |
Тәжірибелік сабақ |
Зертханалық сабақ |
ОСӨЖ |
СӨЖ |
Барлық сағат саны |
МК 2202 |
Материалдар кедергісі |
IІ |
3 |
3 |
30 |
15 |
- |
9 |
81 |
135 |
3. Пререквизиттер: Студенттерің «Материалдар кедергісі» курсын оқып зерделеу, оларды меңгеру үшін қажет болатын сабақтас пәндер:
«Жоғары математика»: векторлық алгебра, аналитикалық геометрия элементтері; сызықтық теңдеулердің анықтағыштары мен жүйелері; дифференциалдық және интегралдық есептеу.
«Физика»: қозғалыс, күш, масса, Гук және Ньютон заңдары, энергияның сақталу заңы.
«Теориялық механика»: статика бөлімі, тепе-теңдік теңдеулері, тіреудің түрлері және реакциялары.
«Материалтану»: материалдардың структуралық құрылысы мен қасиеттері.
4. Постреквизиттер: «Материалдар кедергісі» пәні мына пәндермен өзара байланысады және одан алынған мәліметтер мына пәндер үшін пайдаланылады:
«Материалдар кедергісі» пәнінде қарастырылған күш пен деформация арасындағы байланыс «Серпімділік және созымдылық теориясында» терең зерттеледі.
Күрделі конструкцияларды беріктікке, орнықтылыққа және қатаңдыққа есептеу инженерлік жобалауларда қарастырылады.
«Материалдар кедергісінің» негізгі заңдылықтары «Машина бөлшектері» ғылымы мен жобалау есептеулері кезінде қолданылады.
5. Пәнге қысқаша сипаттама: «Материалдар кедергісі» курс бойынша бір семестрге 3 кредит есептелген. Студенттер бір семестр ішінде курс бойынша аудиториялық сағат - 45 сағат, оның ішінде: дәріс - 15 сағат, практикалық сағат -15 сағат, зертханалық сабақ - 15 сағат, СОӨЖ - 30 сағат бекітілген оқу кестесі бойынша өткізіліп, 2 аралық бақылау (8-апта мен 14-апталарда) және 3-семестрдің аяғында қорытынды бақылау - емтихан тапсыруға тиісті. Студенттердің білімін ағымды және қорытынды бақылаулар оқу үрдісінің бекітілген кестесіне сәйкес өткізіледі.
Оқу семестріне қарастырылған қосымша тапсырмалар: есептеу-жобалау және тәжірибелік есептер.
Курсты оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды материалдар мен машина бөлшектерінің беріктігі туралы негіздерді үйрету; беріктік есептеулері мен жобалау әдістерін дұрыс таңдау; кернеулік және деформациялық күйлерін тәжірибелік және табиғи сынақтар жүргізу кезіндегі әдістері туралы білім жинақтау.
Пәнді оқудың мәселелері:
«Материалдар кедергісі» пәнін оқу нәтижесінде студенттердің инженерлік ойлау қабілеті қалыптасады және олар мыналарды:
6. Студенттердің білімін бағалау туралы ақпарат:
Студенттердің білімі, дағдылары мен біліктілігі төмендегі жүйе бойынша бағаланады:
% |
Әріптік баға |
Балдық баға |
Дәстүрлік түрдегі баға |
95-100 |
A |
4,0 |
өте жақсы |
90-94 |
A- |
3,67 |
|
85-89 |
B+ |
3,33 |
жақсы |
80-84 |
B |
3,0 |
|
75-79 |
B- |
2,67 |
|
70-74 |
C+ |
2,33 |
қанағаттанарлық |
65-69 |
C |
2,0 |
|
60-64 |
C- |
1,67 |
|
55-59 |
D+ |
1,33 |
|
50-54 |
D |
1,0 |
|
0-49 |
F |
0 |
қанағаттанарлықсыз |
7. Курстың саясаты мен талаптары:
Міндетті талаптар:
Рұқсат етілмейді:
8. Пән бойынша оқу- әдістемелік материалдар
8.1. «Материалдар кедергісі» пәнінің тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыптардың аталуы |
Сабақ көлемі (сағат) |
||||
Дәріс |
Тәжірибелік сабақ |
Зертха- налық сабақ |
СӨЖ |
ОСӨЖ |
||
1 |
Кіріспе. «Материалдар кедергісінің» мәні. |
2 |
1 |
- |
2 |
2 |
2 |
Созылу - сығылу. |
2 |
1 |
6 |
2 |
|
3 |
Материалдардың созылу - сығылу кезіндегі механикалық қасиеттері. Беріктікке және қатаңдыққа есептеу. |
2 |
1 |
1 |
5 |
2 |
4 |
Кернеулік және деформация-ланған күй теориялары. |
2 |
1 |
- |
3 |
2 |
5 |
Ығысу деформациясы |
2 |
1 |
- |
2 |
2 |
6 |
Жазық көлденең қималардың геометриялық сипаттамалары. |
2 |
1 |
- |
5 |
2 |
7 |
Бұралу деформациясы. |
2 |
1 |
- |
6 |
2 |
8 |
Түзу сырықтардың иілуі. |
2 |
1 |
- |
6 |
2 |
9 |
Сырықтар жүйесін еркін жүктелмеген кезде серпімді жүйелердегі орынауыстырулар |
2 |
1 |
- |
6 |
2 |
10 |
Статикалық анықталмайтын жүйелер |
2 |
1 |
- |
3 |
2 |
11 |
Күрделі қарсыласулар. Оралған серіппелерді есептеу |
2 |
1 |
- |
6 |
2 |
12 |
Шектік күй гипотезасы. |
2 |
1 |
- |
2 |
2 |
13 |
Деформацияланатын серпімді жүйелердің тепе-теңдік күйінің орнықтылығы. |
2 |
1 |
- |
4 |
2 |
14 |
Уақытқа байланысты циклды өзгеретін кернеулер жағдайындағы беріктік |
2 |
1 |
- |
3 |
2 |
15 |
Динамикалық жүктеме. |
2 |
1 |
- |
5 |
2 |
Барлығы: |
30 |
15 |
- |
81 |
9 |
Дәріс №1,2
Тақырып. Кіріспе. «Материалдар кедергісінің» мәні.
Дәріс мазмұны: «Материалдар кедергісі» пәнінің мәселелері мен мақсаты. «Материалдар кедергісінің» негізгі есептері. «Материалдар кедергісінің» негізгі болжамдары. Сыртқы күштер, оларды жіктемелеу. Деформация және орынауыстырулар. Кернеулер, оның түрлері. Ішкі күштерді анықтау әдісі. Қима әдісі.
Практикалық сабақ №1. Ішкі күштерді анықтау әдісі.
Негізгі әдебиет: 1,2 (4-17 б), 3 (3-13 б), 4 (4-27 б),
Қосымша әдебиет: 5 (4-7 б)
Дәріс №3,4
Тақырып. Созылу-сығылу.
Дәріс мазмұны: Созылу мен сығылу деформациясы. Бойлық күш пен тік (бойлық) кернеу. Созылу-сығылу кезіндегі Гук заңы. Бойлық күш, тік кернеу және деформация эпюралары. Серпімді күш жұмысы. Деформациясының потенциялдық энергиясы. Созылу-сығылу кезіндегі статикалық анықталған және анықталмаған есептер. Температуралық және монтаждық кернеулер.
Практикалық сабақ №2. Түзу сырықтардың созылу-сығылу деформациясы.
Негізгі әдебиет: 1 (27-33 б), 3 (13-20 б), 4 (27-55 б),
Қосымша әдебиет: 4,5 (4-7 б)
Дәріс №5,6
Тақырып. Материалдардың механикалық қасиеттері. Беріктікке және қатаңдыққа есептеу.
Дәріс мазмұны: Кернеулер мен деформацияларды есептеудің эксперименттік әдістері. Материалдардың созылу мен сығылу диаграммалары. Материалдардың беріктік және созымдылық қасиеттері. Шектік күй. Беріктік шарты мен есептері. Қауіпті және қауіпсіз кернеулер. Қор коэффициенті. Рұқсат етілетін кернеулер.
Практикалық сабақ №3. Беріктікке және қатаңдыққа есептеу.
1. Беріктік шарты мен есептері: тексеру, жобалау және көтеру күшін есептеу.
2. Есептер шығару № 78-82 /5/
Негізгі әдебиет: 1, (33-55 б), 2,3, (20-42 б), 4, (60-96 б),
Қосымша әдебиет: 5, (8-11 б)
Дәріс №7,8
Тақырып. Кернеулік және деформацияланған күйлер теориясы.
Дәріс мазмұны: Кернеулік күйлер, оның түрлері. Кернеу құраушылары және оларды белгілеу.Жазық кернеулік күй. Бас кернеулер мен бас аудан. Жанама кернеудің жұптық заңы. Экстремальды жанама кернеу. Жалпылама Гук заңы. Көлемдік өзгеріс. Деформацияның меншікті потенциялдық энергиясы.
Практикалық сабақ №4. Кернеулік күйлер теориясы.
Негізгі әдебиет 1 (57-69 б), 3 (42-71 б),
Қосымша әдебиет 5 (8-11 б)
Дәріс №9,10
Тақырып. Ығысу.
Дәріс мазмұны: Таза ығысу. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Ығысу модулы. Ығысу кезіндегі деформация. Деформациясының потенциялдық энергиясы. Ығысу деформациясына практикалық есептеулер: тойтармалы шегелі және пісіріп қосылу.
Практикалық сабақ №5. Таза ығысу.
Негізгі әдебиет 1 (76-80 б), 3 (71-79 б), 6 (69-77 б),
Қосымша әдебиет 5 (11-13 б)
Дәріс №11,12
Тақырып. Жазық көлденең қималардың геометриялық сипаттамалары.
Дәріс мазмұны: Жазық қиманың қарапайым және күрделі геометриялық сипаттамалары. Статикалық моменттер, ауырлық ортасын табу. Остік, полярлық және ортадан тепкіш инерция моменттері. Бас инерция моменттері мен бас остердің орналасуы. Күрделі қималар үшін инерция моменттерін есептеу.
Практикалық сабақ №6. Жазық көлденең қималардың геометриялық сипаттамалары.
Негізгі әдебиет: 1 (17-23 б), 3 (79-88 б), 4 (152-165 б),
Қосымша әдебиет: 5 (14-17 б)
Дәріс №13,14
Тақырып. Бұралу деформациясы.
Дәріс мазмұны: Дөңгелек көлденең қималы брустың бұралуы. Бұраушы момент, жанама кернеу мен бұралу бұрышы. Бұралу кезінде беріктікке пен қатаңдыққа есептеу. Бұралу кезіндегі статикалық анықталмаған есептер.
Практикалық сабақ №7. Бұралу деформациясы.
Негізгі әдебиет: 1 (81-93 б), 3 (88-101 б)
Қосымша әдебиет: 5 (14-17 б)
Дәріс №15,16
Тақырып. Түзу сырықтардың иілу деформациясы.
Дәріс мазмұны: Иілу, оның түрлері. Көлденең тік иілу. Ішкі күш факторлары. Көлденең күш пен июші момент. Тармақталған күш шамасы, көлденең күш және июші момент арасындағы дифференциалдық байланыс. Иілу кезіндегі кернеулер. Жанама кернеуді Журавский формуласымен табу. Құрастырмалы балкаларды есептеу. Беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Балканың тиімді қимасын және материалды таңдау.
Практикалық сабақ №8. Иілу деформациясы.
1. Иілу кезіндегі көлденең күш, июші момент эпюралары. Иілу кезіндегі кернеулерді анықтау.
2. Беріктік пен қатаңдыққа есептеу. Балканың тиімді қимасын және материалды таңдау.
3. Есептер шығару № 173-191 /5/
Негізгі әдебиет: 1 (93-118 б), 3 (101-143 бет), 4 (169-192 б),
Қосымша әдебиет: 5 (18-21б)
Дәріс №17,18
Тақырып. Сырықтар жүйесін еркін жүктелмеген кезде серпімді жүйелердегі
орынауыстырулар
Дәріс мазмұны: Серпімділік сызығы, оның дифференциалдық теңдеуі. Иілу кезіндегі орын ауыстырулар, анықтау әдістері: Интегралдау әдісі. Бастапқы параметрлер әдісі. Еркін жүктелмеген кезде серпімді жүйелердегі деформацияның толық потенциалдық энергиясы. Кастилиано теоремасы. Мор интегралы. Верещагин ережесі. Жұмыстар мен орынауыстырудың өзара теңдігі туралы теоремалар.
Практикалық сабақ № 9. Сырықтар жүйесін еркін жүктелмеген кезде серпімді жүйелердегі орынауыстырулар
Негізгі әдебиет: 1 (118-125 б), 3 (143-1 55б), 7 (189-231 б),
Қосымша әдебиет: 5 (18-21 б)
Дәріс №19,20
Тақырып. Статикалық анықталмайтын жүйелер
Дәріс мазмұны: Сырықтар жүйесінің құрылымын талдау. Еркіндік дәрежесі және байланыстар. Статикалық анықталмаған жүйелерді есептеу. Анықталмаған жүйені күш әдісімен есептеу. Канондық теңдеу. Барабар жүйе. Негізгі жүйелерді таңдау, олардың ерекшеліктері.
Практикалық сабақ №10. Статикалық анықталмайтын жүйелерді есептеу
Негізгі әдебиет: 1 (130-148 б), 3 (123-132 б), 5,4( 244-252 б),
Қосымша әдебиет: 5 (21-23 б)
Дәріс №21,22
Тақырып. Күрделі қарсыласулар. Оралған серіппелерді есептеу
Дәріс мазмұны: Күрделі қарсыласулар (күрделі деформациялар). Қиғаш иілу, ортадан тыс созылу- сығылу. Иілу мен бұралудың біріккен әсері. Бейтарап сызық орналасуы. Қауіпті қималар мен қауіпті нүктелерді анықтау.
Практикалық сабақ №11. Күрделі қарсыласулар (деформациялар).
Негізгі әдебиет: 1 (143-158 б), 3(133-176 б), 4(255-270 б),
Қосымша әдебиет: 5(27-29 б)
Дәріс№23,24
Тақырып. Шектік күй гипотезасы.
Дәріс мазмұны: Беріктіктің негізгі теориясы. Гипотезалардың қолданылуы Барабар кернеу. Беріктік гипотезалары (І,ІІ,ІІІ және ІҮ болжамдар). Мор болжамы.
Практикалық сабақ №12. Шектік күй гипотезасы.
1.Балама кернеуді табу. Беріктік гипотезалары. Мор болжамы.
2. Гипотезалардың қолданылумен беріктік есептері.
3. Есептер шығару № 251-270 /5/
Негізгі әдебиет: 1 (69-76 б), 3 (176-190 б),
Қосымша әдебиет: 5 (24-26 б)
Дәріс №25,26
Тақырып. Серпімді жүйелердің тепе-теңдік күйінің орнықтылығы.
Дәріс мазмұны: Конструкция бөлшектерінің орнықтылығы. Стержендердің майысқақтығы. Критикалық күштің мәні. Эйлер формуласы. Тәжірибелік Ясинский формуласы. Орнықтылықты практикалық есептеу. Критикалық кернеулерді анықтау.
Практикалық сабақ №13. Серпімді жүйелердің тепе-теңдік күйінің орнықтылығы.
1. Критикалық күшті есептеу: Эйлер формуласы. Критикалық кернеулерді анықтау.
2. Орнықтылықты практикалық есептеу.
3. Есептер шығару № 245-250 /5/
Негізгі әдебиет: 1 (190-210 б), 3 (158-163 б),
Қосымша әдебиет: 5 (30-34 б)
Дәріс №27,28
Тақырып. Уақытқа байланысты циклды өзгеретін кернеу жағдайындағы беріктік.
Дәріс мазмұны: Уақытқа байланысты циклды өзгеретін кернеу және оның әсері. Айнымалы кернеулер циклдерінің сипаттамасы. Қажып қирау механизмі. Қажу-тозу, төзімділік шегі. Айнымалы кернеу әсері кезіндегі беріктік есептері.
Практикалық сабақ №14. Уақытқа байланысты циклды өзгеретін кернеу жағдайындағы беріктік есептері.
Негізгі әдебиет: 1 (173-184 б), 3 (251-266 б),
Қосымша әдебиет: 5 (30-34 бет)
Дәріс №29,30
Тақырып. Динамикалық күш әсері.
Дәріс мазмұны: Динамикалық күш әсері. Динамикалық коэффициент. Даламбер принципі. Динамикалық кернеу. Динамикалық күш әсерінің кейбір есептері. Соққы әсерін есептеу. Соққыға тұтқырлықты анықтау. Соққы кезіндегі беріктік есептері.
Практикалық сабақ №15. Динамикалық күш әсерінің есептеулері.
1. Динамикалық коэффициентті, динамикалық кернеуді анықтау.
2. Соққы кезіндегі беріктік есептері.
3. Есептер шығару № 231-240 /5/
Негізгі әдебиет: 1 (168-172 б), 3 (228-250 б), 4 (367-379 б),
Қосымша әдебиет: 5 (35-36 б)
9. СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары және олардың орындалу кестесі
№ |
Дәріс атауы |
Тапсырма |
Дәріс түрі |
Бақылау түрі |
Ұсыныла тын әдебиеттер |
Тапсыру мерзімі (апта) |
1 |
Статика теңдеулерін және тіреулер, олардың кері әсерін анықтауды қайталау |
Теориялық механикадан өткен материалдарды қайталау |
СӨЖ ОСӨЖ |
Есеп шығару |
1,2 (4-10 б) |
1 апта |
2 |
Созылусығылу кезіндегі орын-ауыстыруларды есептеу. Гук заңы. |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
ОСӨЖ СӨЖ |
Есеп шығару |
1,2 (10-18 б), 3 (14-17 б) |
2 апта |
3 |
Созылу-сығылу кезіндегі статикалық анықталмаған есептер. Беріктік есептеулері |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
ОСӨЖ СӨЖ |
Есеп шығару |
1, 3 (13-25 б) |
3 апта |
4 |
Температуралық және монтаждық кернеулерді анықтау |
Теориялық материалдарды оқу және студенттің өзіндік жұмысты орындауы |
СӨЖ ОСӨЖ |
Конспект жазу |
1,2 (14-27 б) |
4 апта |
5 |
Жазықтық кернеулік күйді зерттеу. |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
ОСӨЖ СӨЖ |
Есеп шығару |
1 (76-80 б), 3 (71-79 б) |
5 апта |
6 |
Жазық қималардың геометриялық сипаттамаларын анықтау. |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
ОСӨЖ СӨЖ |
Есеп шығару |
1 (17-23 б), 3 (79-88 б) |
6 апта |
7 |
Бұралу деформациясы. Бұралу кезіндегі беріктік есептері. |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
ОСӨЖ СӨЖ |
Есеп шығару |
1 (81-93 б), 3 (88-101 б) |
7 апта |
8 |
Иілу деформациясы. Июші момент пен көлденең күш эпюраларын тұрғызу. |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
СӨЖ СОӨЖ |
Есеп шығару |
1 (93-110 б), 3 (101-138 б), 4 (169-185 б), |
8 апта |
9 |
Иілу деформациясы кезіндегі орын-ауыстыруларды анықтау. |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
ОСӨЖ СӨЖ |
Есеп шығару |
1 (93-118 б), 3 (101-143 б), 4 (179-192 б) |
9 апта |
10 |
Иілу деформациясы кезіндегі орын-ауыстыруларды анықтаудың графо-аналитикалық әдісі |
Материалдарды пайдаланып, студенттің өзіндік жұмысты орындауы |
СӨЖ ОСӨЖ |
Есеп шығару |
1 (93-118 б), 3 (101-143 б) |
10 апта |
11 |
Күрделі қарсыласу. Ортадан тыс созылу-сығылу. |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
ОСӨЖ СӨЖ |
Есеп шығару |
1 (143-158 б), 3 (133-176 б) |
11 апта |
12 |
Орнықтылықты практикалық есептеу Критикалық күшті Эйлер формуласымен анықтау. |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
СӨЖ ОСӨЖ |
Есеп шығару |
1 (190-210 б), 3 (158-163 б) |
12 апта |
13 |
Қажу-тозу, төзімділік шегіне тікелей әсер ететін факторлар |
Теориялық материалдарды оқу және конспект жазу |
СӨЖ СОӨЖ |
Конспект жазу |
1 (173-184 б), 3 (251-266 б) |
13 апта |
14 |
Динамикалық күш әсерін есептеу. |
Есептеу-жобалау тапсырмасы |
ОСӨЖ СӨЖ |
Есеп шығару |
1 (168-172 б), 3 (228-250 б) |
14 апта |
10. Ағымды және қорытынды бақылауды өткізуге арналған тапсырмалар.
№1 ағымды бақылау. 1 - 13 тақырыптар.
моменттері. Орталық остер.
№2 ағымды бақылау. 14 -30 тақырыптар.
11. Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Үркімбаев М., Жүнісбеков С. Материалдар кедергісі теорияларының негіздері. Алматы, 1994ж.
2. Дарков А.В., Шпиро Г.С. Сопротивление материалов.- М., «Высшая школа», 1989г.
3. Рахымбекова З.М. Материалдар кедергісі. Алматы, 1987 ж.
4. Ицкович Г.М. Сопротивление материалов.- М., «Наука», 1999г.
5. Ицкович Г.М., Минин Л.С., Винокуров А.И., Руководство к решению задач по сопротивлению материалов. -М., «Наука», 1986г.
6. Сборник задач по сопротивлению материалов. Под редакцией Качурина В.П. -М., «Высшая школа», 1985г.
7. Феодосьев В.И. Сопротивление материалов. -М. «Высшая школа», 1990г.
8. Степин П.А. Сопротивление материалов.-М. «Высшая школа», 1986г.
Қосымша әдебиеттер:
1. Цурпал И.А., Барабан Н.П., Швайко В.М. Сопротивление материалов. Лабораторные работы. Киев., 1978г.
2. Пособие к решению задач по сопротивлению материалов., Миролюбов И.Н., и др. , -М. «Высшая школа»,1985г.
3. Копнов В.А., Кривошапко С.Н. Сопротивление материалов. Руковдоство для решения задач и выполнения лабораторных и расчетно-графических работ.-М., «Высшая школа», 2005г.
4. Н.Б.Суйеуова., Қ.А.Сатаева. Материалдар кедергісі. Бақылау тапсырмалары мен әдістемелік нұсқаулар. Ақтау, 2007ж.
5. Н.Б.Суйеуова., Қ.А.Сатаева. Материалдар кедергісі. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. Ақтау, 2008ж.