Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

12.01; 16.03; 17.08 секілді ~рбір минут~а дейін есептеулі екендіктерін бай~ап та~ ~аласыз

Работа добавлена на сайт samzan.net:


7. Уақыт алтыннан да қымбат

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні өркениетті елдерге барсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екендіктерін бірден аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрселерден қағылатындықтарын жақсы біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін байқап таң қаласыз. Сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал біздегі сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ.
Қазірде көбі бос уақыт пен денсаулықтың қадірін, өкінішке орай түсінбейді дер едік. Әсіресе, уақыт мәселесіне өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. «Достым(құрбым), не істеп отырсың?» - деп телефон шалсаңыз: «Әй, жай уақыт өлтіріп отырмын», не «Теледидармен уақыт өлтіріп отырмын» - деген жауапты көп естиміз...
Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың»,  деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.
Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп-ақ. Көп сөз, көп қыдыру да солардың қатарында. Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Осы орайда «Рахат – рахатты тәрк етуде» деген шығыстық аталы сөзінің мәніне тоқтала кеткен де орынды. Ол қазақтың «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дегенімен үндес. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жемек. Уақытын бекер, ойын-күлкімен дүниеқорлықтың көшіне ілесіп, бірін-бірі сыйлау, құрметтеуді ұмытып, өсектегені ананың қызметте көтерілгені, мынаның тұлпар алғаны немесе артық ақша тауып байығаны туралы желікпен өткізген жан кейін өкінішпен бармақ тістемек дейміз. Абай атамыз да өзінің қара сөздерінің бірінде: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде 1 күндік өмірді бар жиған малына сатып алуға таба алмайды» - деген...
Осы алдамшы өмірде тура жолдан адаспай, бір-бірімізге серік бола білейік, мұсылман ағайын. Әріден соң өз заманымызды өзіміз қолдан жаман қылмайық!

8. Еңбек нарығы

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осы ерек-шеліктерді құрайтын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына  ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы – еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің жемісі, оның өмірлік мақсат-тары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы.

Еңбектің бағасы – ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігі-нің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек категория-сын зерттегенде «адамгершілік» элементтерін ұмытпай, яғни онда адам тағдыры бар екенін естен шығармау қажет.

9. Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін негізгі фактор

10.«Ақша нарығы» туралы баяндаңыз

Ақша дегеніміз – құнның эквиваленттік формасы мен  тұтыну құны біте қайнасқан  ерекше  тауар. Яғни,  ақша – тауар  өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан  бөлініп  шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық  тауарларға  ортақ  балама (эквивалент) рөлін  атқаруы.  

Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс жеке адам өзінің  қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің  қалтасына  салып  жүреді  деген  афоризммен  сипаттады.

Ақша массасы дегеніміз – қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың жиынтығы. Олар жеке  адамдарда, кәсіпорындарда,  бірлестіктер  мен  ұйымдарда  және  мемлекетте  болады.

Ақша айналымы – бұл ақша белгілерінің бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қозғалысы.

Дүние  жүзінде  мемлекеттің  заңымен  бекітілген  әр түрлі  ақша  айналымының  жүйелері  бар. Ақша  айналымының  басты  компоненттері  мыналар:

1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, иена, крона  және т.б.)  арқылы  тауарлар  мен  қызмет  көрсету  бағалары  белгіленеді.

2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы заңды төлем құралдары болып  саналады.

3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша  шығару-дың  заңды  түрде  бекітілген  тәртібі.

4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.

11. «Қазақстан - Азия барысы» мәтініңі мазмұнын айтыңыз

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз – қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенімдіміз.

Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.

Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.

Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес.

Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктеріде бар.

Бұл – өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ.

Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады.

Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды.

Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.

Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өз аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады.

Ендеше Қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдындағы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс.

Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз.

Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.

Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.

12. Университет - білім ордасы

Университетбілім ордасы Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды. Жоғарғы білім беру жүйесі әр елдің өз ерекшелігіне байланысты жолға қойылған. Мысалы, АҚШ-та Жоғарғы білім 3 кезеңнен тұрады. Инженерлік факультеттерде 1-кезеңде бакалавр, 2-кезеңде академиялық дәрежеғылым магистрі атағы беріледі. Англияның Жоғарғы білім беру жүйесіне, негізінен, университеттер енеді. Инженер кадрлары университет құрамына енетін колледждерде, техникалық факультеттерде және дербес институттар мен колледждерде даярланады. Бразилияуниверситеттерінде оқу мерзімі 5 жыл, дипломдық жоба қорғалмайды, сондықтан жоғары оқу орнын бітіргендер тәжірибелік сынақтан өткен соң ғана маман болады. Жапонияда Жоғарғы білім беру ісі университеттер мен салалық институттар негізінде жүзеге асырылады. Жоғары оқу орнын жақсы бітіргендерге бакалавр атағы беріледі, бұл атаққа ие болғандар 2 жыл қосымша оқудан соң, ғылым магистрі атағын алады. Алайда, кез келген елдегі Жоғарғы білім беру ісі елдің ішкі ерекшеліктерімен қатар, дүниежүзілік ортақ стандарттарға сай келуі тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында да білім беру жүйесін әлемдік стандарттармен сәйкестендіру мақсатында оқу ісін реформалау жұмыстары жүргізіліп келеді. Шет елдердің көпшілігінде Қазақстанда берілген Жоғарғы білім мойындалады. Елімізде Жоғарғы білім берудің бес жылдық, жеті жылдық (медицина) үлгілерімен қатар, төрт жылдықбакалавриат және екі жылдық магистратуралық оқу мерзімі енгізілді. Бакалавр дәрежесіндегі Жоғарғы білімді маман кәсіби тұрғыдан даяр кадр есебінде әр түрлі салаларда еңбек ете алатын болса, жекелеген ғылым салаларын тереңдетіп оқытатын магистратураны бітірушілер аспирантураның екінші жылына қабылдану мүмкіндігіне ие болады. Алайда, бұрынғы кеңестік жүйе кезеңінде қалыптасқан Жоғарғы білім берудің кейбір ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Мысалы, магистратура мен докторантура аралығындағы аспирантураның құрылымдық жағының шетелдік Жоғарғы білім жүйесінен айырмашылықтары бар. Қазіргі уақытта қазақстандық Жоғарғы білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді;

28.ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ

Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Үндістанның ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған.

Ксенофонт (б.д.д. 430-354жж), Платон (б.д.д. 427-347жж), Аристотель (б.д.д. 384-322жж) пайдалылық туралы экономика-лық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны болып табылады, яғни ол арқылы байлықты арттыруға болады. Ол байлық ретінде осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынтығын қарастырды. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін түсінген.

Экономикалық теория ғылым болып тек XVI-XVII ғасыр-ларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория «саяси экономия»  деген атқа ие болады. Саяси экономия – қоғамдық шаруашы-лықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVIII ғасыр-дың басында саяси экономия дербес ғылымға айналады.

Ал қазақ жерінде XVIII ғ. соңы, XX ғ. басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық нарық, еңбек бөлінісін қамту процесі бірте-бірте жандана бастайды. Еліміздің солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысында басым қатынаста болса, оңтүстік, шығыс, орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т.б. елдердің саудагерлері жиі келе бастайды.  

Микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекет-терін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған  ресурстар, шығындар, фирмалардың қызмет атқару механизмдері, бағаның құрылуы, еңбекке деген ынта, т.б. жәйттер талданады.

Макроэкономиканың зерттеу нысанына ұлттық өнім, бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту, т.б.  жатады.

29. Ұлттық байлық

Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игілік-тердің жиынтығы және ол барлық уақытта қоғам меншігінде болады.

Ұлттық байлық құрамына мыналар кіреді: Айналым қоры; Тұрғындар мүлкі;  Айнымалы өндірістік қорлар; Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар; Материалдық резервтер мен сақтандыру қоры.

Ұлттық байлық құрамына жер, ормандар, сондай-ақ барлан-ған табиғи ресурстар жатады. Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 225,5 млн га мөлшерін құрайды, оның ішінде 82% ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар. Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, жануарлар әлемі болса алуан түрлі.

Шабындықтар мен жайылым (162 млн.га) көлемі бойынша Қазақстан тек Австралиядан (450 млн.га), АҚШ-тан (320 млн.га) және Қытайдан (234 млн.га) кейін тұр. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша ТМД-дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

ТМД бойынша еліміздегі мұнай қорының үлесі 6-10% құраса, марганец қорының 13%  шоғырланған.

Вольфрам қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші, фосфор рудасы бойынша – екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша – төртінші  орында тұр. Менделеев кестесіндегі 60-тан астам ең белгілі элементтер де Қазақстан жерінен табылған.

Қазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен оны рационалды игеру – экономиканы дамытудың ең басты мәселелерінің бірі болып табылады.

30. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ

Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда «үй, қоныс» деген мағына беретін  экология ұғымын  ғылымға  алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізген. Экология  алғашында тіршілік пен оның мекен ортасының қарым-қатынасын сипаттайтын биологиялық ғылым саласы болған. XX  ғасырдың екінші жартысында экология ғылымының ауқымы кеңейіп, табиғат пен адам қоғамы арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін кешенді ғылым саласына айналды. Сондықтан табиғи ортаның жай-күйі көбінесе «экологиялық жағдай» ұғымы арқылы сипатталады. Экологияның негізгі салаларына мыналар жатады: Экологиялық білім, Экологиялық сараптама, Экологиялық мониторинг, Маркетинг, Экологиялық маркетинг, Экологиялық бизнес, Экологиялық нарық, Экологиялық менеджмент. 

Бүгінгі ғаламдық-экологиялық мәселелердің ядросы адам баласының материалдық және моральдық қажетін өтеу  болып  табылады. Ол үшін табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың маркетингтік жүйесі іске қосылды. Оны өз деңгейінде түсінуіміз және нарықтық жағдайдағы бизнес екенін білуіміз керек.




1. Ошо Осознанность
2. Українська мова за професійним спрямуванням Домашні завдання
3. номінальна потужність кВт; U1H400 номінальна фазна напруга B; cos1H08 номінальний коефіцієнт потужност
4. Основы распараллеливания программ их динамический анализ
5. Конструктивные особенности просеивающих машин применяемых на хлебопекарном производстве Целью просе
6. Происхождение, основные этапы развития и современные определения термина «библиография»
7. Тема МS Рower Point. Анімаційні ефекти в слайдових презентаціях.html
8. 14 ЗАЛ ФИТНЕСА Время ПН
9. Фернандо Сор
10.  ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ЭКОНОМИКИ РЕСУРСОСБЕРЕЖЕНИЯ
11. Популяция ~ совокупность особей одного вида которые длительное время в течение многих поколений проживают
12. і А~ымда~ы ~аржы ~ажеттілігіні~ А~~ аны~тамасы-А~~ ~ б~л а~ымда~ы активтер мен кредиттік ~арыздарды~ айы
13. защитной зоны Номер объекта по плану Наименование
14. 20 а углеводов ~ 1
15. Направления совершенствования системы управления оборотными средствами в филиале
16. Модульный курс о встречи переговоры pразвитие ersonl Москва 2013.html
17. х этажного детского яслисада в городе Костроме
18. Реферат- Соціалістична Ліга Нового Сход
19. Получение серной кислоты
20. 24 августа 2012 г