Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і. Эклиптика зодиак шо'жулдыздары гр

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

38)Аспан сферасындағы Күн қозғалысы.

Күнді бақылай келе, ғалымдар ерте кезден-ақ оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті ежелгі гректер эклиптика деп атаған. Ол әлі күнге дейін астрономияда осы атауын сақтап келеді. Эклиптика зодиак шоқжулдыздары (гр. зодиакос куклос - жан-жануарлар дөңгелегі) деп аталатын 12 шоқжұлдыз арқылы өтеді. Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келеді, ал осы шоқжұлдыздардың жиыны 'зодиак белдеуі деп аталады.

Күн зодиак шоқжұлдыздарының әрқайсысында бір ай шамасында болады. Сөйтіп, Күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы эклиптика деп аталады дедік. Күн эклиптика бойымен жылжи отырып, аспан экваторын 21 наурыз және 23 кыркүйекке сейкес келетін, күн мен түннің теңелу деп аталатын нүктелерде екі рет қиып өтеді. Күн мен түннің көктемдегі теңелуі нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында болады. Бұл күндерде Күн аспан экваторын басып өтеді, ал аспан экваторын аспан көкжиегі как бөледі. Ендеше көкжиек үстіндегі және астындағы Күн жолдары тең, яғни күн мен түннің ұзақтығы бірдей. 22 маусымда Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашык орналасады. Бүл ең ұзақ күн - жазғы күн тоқырауы. 22 желтоқсанда Күн экватордан оңтүстікке карай ең алыс қашықтықта болады. Бұл ең қысқа күн - қыскы Күн тоқырау күні.

Ерте кезде Күннің жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Күн бекітілген аспан сферасының жұлдыздар бекітілген сфераға қатысты қозғалысынан болады-мыс деп түсіндірілді. Алайда мұндай түсіндіру сол кездегі кейбір философтарды канағаттандырмады. Мәселен, атақты Пифагордың (б.з.б. V I - V F F . ) оқушылары Күннін жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Жердің қозғалуы салдарынан болады деген болжам айтты. Бірақ бұл болжамды (Жердің өз осінен айналатыны сиякты) ғалымдар құптамады, ал шіркеу оған мүлдем қарсы болды. Сөйтіп, мың жылдан астам уақыт бойы, Н. Коперникке дейін, ешкім Жердің қозғалатыны жайында сөз етпеді. Қазіргі кезде Жер өз осін айнала тәуліктік қозғалыс жасап қана коймай, сонымен қатар Күнді айнала, орбита бойымен бір жыл ішінде толық бір айналым жасап қозғалатыны туралы толықтай сенімді дәлелдемелер бар. Сонымен, шын мәнінде, Күннің эклиптика бойымен жылдық қозғалысы жалған көрініс болып табылады. Ол біз Күнді бақылаған кезде санақ денесі ретінде тіпті де тыныштықта болмайтын, яғни өзі де Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан болады. Күннің бетінде көптеген коңыр дактар болатыны белгілі. Мінеки, осы дақтардың өзара орналасуын бақылай отырып, ғалымдар олардың Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай ығысатынын анықтаған. Бұдан шығатын қорытынды: Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады.

49.Астрономиядағы қашықтықты анықтау әдістері

Астрономияның көптеген мәселелерін шешу үшін аспандағы шырақтарға дейінгі қашықтықты еске алмай, аспанды белгілі бір сфера (оны аспан сферасы деп атайды), ал аспандағы шырақтарды сол сфера бетінде орналасқан деп қарастырған жеткілікті әрі ыңғайлы.

Аспан сферасының толық анықтамасын берсек, ол - центрі бақылаушы тұрған жерде, ал радиусы кез-келген болатын және бетіне аспан шырақтары бақылаушыға қалай көрініп тұрса, солай проекцияланған ойша алынған сфера. Қарастыруды жеңілдету үшін аспан сферасының радиусын әдетте 1-ге тең деп алады.

Берілген шырақтың зениттік қашықтығы деп вертикаль шеңбер бойымен зениттен бастап сол шыраққа дейінгі доғаны немесе ілме мен шыраққа дейінгі бағыттың арасындағы бұрышты айтамыз (1.7 сурет). Зениттік қашықтық 0º ÷ 180º аралығындағы мәндерді қабылдайды. Шырақтың зениттік қашықтығы 90º кіші болса ол аспан сферасының көрінетін бөлігінде, үлкен болса көрінбейтін бөлігінде жатады.

Шырақтың зениттік қашықтығы мен биіктігі арасында мына қатынас орындалады

                             z+h=90º                                              (1.4.1)

                      

Бір альмукантаратта жатқан шырақтардың зениттік қашықтары мен биіктіктері бірдей болады.

Берілген шырақтың полюстік қашықтығы деп сағаттық шеңбер бойымен Әлемнің солтүстік полюсінен бастап сол шыраққа дейінгі доғаны немесе Әлем осі мен шыраққа дейінгі бағыттың арасындағы бұрышты айтамыз (1.8 сурет). Полюстік қашықтық 0º ÷ 180º аралығындағы мәндерді қабылдайды. Шырақтың полюстік қашықтығы 90º кіші болса ол аспан сферасының солтүстік жартысферасында, үлкен болса оңтүстік жартысферасында жатады.

Шырақтың полюстік қашықтығы мен еңкеюі арасында мынадай қатынас орындалады

                               р+ δ =90º                                          (1.4.2)

Бір аспан параллелінде жатқан шырақтардың полюстік қашықтары мен ауысулары бірдей болады.

60.Жұлдыздар құрылымы және жұлдыздар қойнауындағы физикалық шарттарды келтіріңіз

Жұлдыздардың негізгі сипаттамалары – олардың массасырадиусы және жарқырауы. Бұл шамалар, көбінесе Күннің массасы, радиусы және жарқырауының үлестерімен өрнектеледі. Негізгі параметрлерден басқа эффективтік температура, спектрлік класс, абсолюттік жұлдыздық шама, түрлі-түстілік көрсеткіші тәрізді туынды параметрлер де қолданылады. Жұлдыздар әлемі өте әр алуан. Кейбір жұлдыздар Күннен мың есе үлкен (көлемі бойынша) әрі жарығырақ болып келсе (алып жұлдыздар), ал кейбіреуінің мөлшері мен шығаратын сәулесінің энергиясы Күннен әлдеқайда аз болып (ергежейлі жұлдыздар) келеді. Жұлдыздардың жарқырауы да түрліше болады. Алтын Балықтың S жұлдызы Күннен 400 мың есе артық жарқырайды. Жұлдыздардың сиретілген газдардан, сондай-ақ өте тығыз газдардан (ақ ергежейлілер) құралған түрлері де болады. Жалтырауы периодты түрде өзгеріп отыратын жұлдыздар айнымалы жұлдыздар деп аталады. Жаңа жұлдыздардың жалтырауы кенеттен өзгеретіндіктен, оларда әр түрлі құбылыстар жүретіндігі байқалады. Алғашқы бірнеше тәулікте кішкентай ергежейлі жұлдыз үлкейеді де, одан газ қабаты бөлініп шығып, кеңістікке тарала бастайды. Сонан соң ол қайта сығылады. Ал аса жаңа жұлдыздардың оталуы кезінде бұдан да үлкен өзгерістер болады. Жұлдыздардың спектрлерін зерттеу арқылы олардың атмосферасының химиялық құрамы анықталады. Күн тәрізді жұлдыздар да, Жер бетіндегі заттарды құрайтын химиялық элементтерден тұрады. Жұлдыздың құрамы, негізінен, сутек (шамамен 70%) пен гелийден (шамамен 25%) құралған. Күн өзінің барлық белгілері жағынан қатардағы жұлдыз болып саналады. Көптеген жұлдызды, Күн сияқты планеталық жүйеден тұрады деп санауға толық негіз бар. Жұлдыздар өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, олардың серіктері ең күшті телескоппен де көрінбейді. Оларды анықтау үшін зерттеудің нәзік әдістерін қолдану, бірнеше ондаған жылдар бойы ұқыпты бақылаулар мен күрделі есептеулер жүргізу қажет. Жұлдыздар, көбінесе, массаларының ортақ центрі маңында айналып, қосақталып орналасады. Мұндай жұлдыздар қос жұлдыздар деп аталады. Сондай-ақ жұлдыздардың үштік және еселік жүйелері де кездеседі. Жұлдыздар кеңістікте үлкен жұлдыздық жүйелер – галактикаларды құрайды. Біздің галактика (құрамына Күн енетін) 100 миллиард жұлдызды қамтиды. Галактикаларды зерттеу нәтижесінде жұлдыздардың жұлдыздар шоғырларына, жұлдыздар қауымдастықтарына, т.б. түзілімдерге топталатындығы анықталды. Жұлдыздар бірін-бірі толықтыратын екі бағытта зерттеледі. Жұлдыз астрономиясы жұлдыздардың қозғалысын, олардың галактика мен шоғырлардағы таралуын, әр түрлі статистикалық заңдылықтарын қарастырады. Ал астрофизиканың зерттейтіні – жұлдыздарда өтетін физикалық процестер, олардың сәулесі, құрылысы және эволюциясы. Қос жұлдыздың массасы олардың орбиталарын зерттеу арқылы тікелей анықталады. Мұның нәтижесінде жұлдыздардың массасы мен жарқырауының арасында статистикалық тәуелділіктің бас тізбегі болатындығы айқындалды. Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтаудың негізгі әдісі – Жердің Күн төңірегінде айналуын негізге ала отырып, жұлдыздардың көрінерлік орын ауыстыруын өлшеу. Сол ауытқу (параллакс) бойынша жұлдызға дейінгі қашықтық есептеліп шығарылады. Әр түрлі спектрлік кластағы жұлдыздардың орташа абсолюттік жұлдыздық шамасын анықтай отырып және оны сол кластағы жекелеген жұлдыздардың көрінерлік жұлдыздық шамасымен салыстыра отырып, жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтауға болады. Жұлдыздың өз осінен айналуы оның спектрлері бойынша зерттеледі. Айналу кезінде жұлдыз дискісінің бір шеті бізден алыстайды, ал екінші шеті сондай жылдамдықпен бізге қарай жақындайды. Сондықтан, Доплер принципі бойынша жұлдыздың айналу жылдамдығын анықтауға болады. Температурасы жоғары (экватор аймағында) жұлдыздар 100 – 200 км/с және одан да артық жылдамдықпен, ал температурасы салқындау жұлдыздар одан кем, яғни секундына бірнеше км жылдамдықпен айналады. Жұлдыздардың массасы және жарқырауы бір-бірімен белгілі бір тәуелділік арқылы байланысады. Жұлдыздың ішкі қойнауын тікелей бақылап көру мүмкін емес. Сондықтан жұлдыз, оның массасы, радиусы және жарқырауы шын мәніндегі жұлдызға сәйкес етіп жасалған теориялық жұлдыз моделін құру арқылы зерттеледі. Теория жүзінде жұлдыз механикалық және жылулық тепе-теңдікте болатын әрі ұзақ уақыт бойы ұлғаймайтын және сығылмайтын газдан тұратын шар деп қарастырылады. Әдеттегі жұлдыздың температурасы оның беткі қабатында бірнеше мың градусқа, ал центрінде ондаған миллион градусқа жетеді. Жұлдыз энергиясының негізгі көзі – термоядролық реакциялар. Мұнда жеңіл ядролардан неғұрлым ауыр ядролар пайда болады. Көп жағдайда сутек гелийге айналады.




1. записка Анализ внешней среды фирмы2
2. Стандарт Добрый день меня зовут компания соедините меня с человеком который занимается вопрос
3. Вариант 6 ЕГЭ 2013 на материале варианта 199 реального ЕГЭ 2010 Инструкция по выполнению работы
4. Pokud prost~ pot~ebujete se~~st ur~it~ ~~sl vyd~lit jedno ~~slo ~~slem druh~m nebo prov~st jk~koliv mtemtick~ v~po~ty je t~eb vytvo~it vzorec
5. исторических факторов
6. наслідкових зв'язків кризових явищ в демографічній сфері України 1ОСНОВНІ ВІДОМОСТІ ПРО ПОКАЗНИКИ СТАНУ ЗД
7. тема дополнительных скидок
8. Повесть АС Пушкина Капитанская дочка как исторический роман
9. СТРОИТЕЛЬНЫХ РАБОЧИХ ЧЕРТЕЖЕЙ МЕЖГОСУДАРСТВЕННАЯ НАУЧНОТЕХНИЧЕСКАЯ КОМИССИЯ ПО СТАНДАРТИЗАЦИ
10. Розрахунок електричних кіл змінного струму з використанням комплексних чисел
11. сверхсложный таящий в себе опасность и угрозу для всего мира Но.
12. Мировоззрение человека
13. Статья- Формирование свойств материала и размерных связей в процессе изготовления детали
14. статья Ц. И. Кин Художник А
15. на тему Значение поощрительных санкций правовой нормы для участников правоотношений
16. The Internet
17. Реферат на тему ldquo;Етикеткиrdquo; Данилюк Марії група 2П11 Ліки що відпускається з аптеки офор
18. покупка организованная для того чтобы выкупить тот же товар что предлагается в магазинах но по оптовой
19. Медведей Сложно найти более популярный сериал на отечественном телевидении чем сериал Медведи которы
20. Задание на проект