У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

К'нтуды Айтолды Айтолды 'гд'лміш Ма'таулы Од'рмыш Сергек Ояу діни 'ибадат іс'рекет 'дет'р

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

ДӘРІС №14

Тақырыбы: Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары

Мақсаты: Студенттерге қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламаларының өмір жолдары мен еңбектері туралы түсінік беріп, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.

Жоспары:

  1.  Махмұд Қашқари
  2.  Әбу Насыр әл Фараби
  3.  Ахмет Йүгінеки
  4.  Арастан баб

Негізгі түсініктер: Ақиқат сыйы, Диуани луғат-ит түрк, Күнтоғды Күнтуды»), Айтолды «Айтолды», Өгдүлміш «Мақтаулы», Одғұрмыш «Сергек», «Ояу», діни ғибадат, іс-әрекет, әдет-ғұрыптар, рәсімдер, құрбандық шалу, ораза, құпиялар, дұға ету, Құдай образы, аруақ, жан, періште, рух, асыл кітап.

МАХМҰТ  ҚАШҚАРИ (ХІ ғ.) Түркі тілдерін дүние жүзінде ең алғаш зерттеген – энциклопедист, ғұлама ғалым Махмұт. Ол – Хұсайын ибн Мұхамметтің баласы. Әкесі Барысқанда туған, кейін қызмет бабымен Қашқарға барып тұрған (әскери басшы қызметте істеген сияқты, баласы Махмұт, мүмкін сол қалада туған болуы керек, осыдан барып ныспысы «Қашқари» атанған). Шамалап айтқанда, ол 1029-1038 жылдардың арасында дүниеге келген. Әкесі сол кездегі Орта Азияны билеген қаған тұқымдарынан, ақсүйек әулетінен шыққан.

М.Қашқаридың өмірі мен қызметі жайында тиісті мәліметтер жоқ. Бірлі-жарым деректерді оның дүние жүзіне белгілі бір-ақ еңбегінен алуға болады. Еңбек «Диуану луғат-ит-түрк» деп аталады (1070–1074 ж. Бағдатта жазылған).

Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді: «мен түріктер, түрікмендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әр алуан тіл ерекшеліктерін үйреніп, оларды анықтап отырдым. Мен бұл істерді тіл білмегендігімнен емес, сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау үшін істедім. Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы, жетік білетін мамандардың санатынанмын, жіті аңғарып, ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімін», –  дейді.

М.Қашқаридың «Диуани луғат-ит түрк» деген  кітабы хижра есебімен 464 жылғы бесінші айдың алғашқы күнінде (қазіргі есебіміз бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған да, 466 жылғы алтыншы айдың 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында) аяқталған.

Бұл еңбек, негізінен алғанда, түркі тілдес халықтардың күнделікті өмірі мен діни, рухани  дүниесін көрсететін көптеген материалдарға толы. Онда тарихи-әлеуметтік жағдайларға, этнографиялық, әдеби мұраларға, мәдениет салаларына, тіл ерекшеліктеріне, халық медицинасына, материалдық ерекшеліктерге, географиялық суреттеулерге, астрономиялық атауларға, ғылыми зерттеулерге, тағы басқа толып жатқан нәрселерге байланысты аса бай мәліметтер мен нақтылы мысалдар, үзінділер мен үлгілер келтірілген. Міне осындай әр алуан тақырыпта жан-жақты келтірілген материалдар мен мәліметтердің негізінде бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылды. Онда әңгіме болатын жағдаяттар деп мынандай басты-басты мәселелерді атауға болады: көне дәуірдегі түркі тайпалары мен олардың тілдері, әдебиеті мен әлеуметтік өмірі, діни нанымдары мен ойын-сауықтары, азық-түліктері мен үйлену жолдары, әйел жағдайы, ауыз әдебиеті мен этнография салалары, дәрігерлік тәсілдер мен әскери өнер, тағамның түрлері және сол кездегі түркі халықтарының орналасу жәйттары, әкімшілік картасы т.б.

АХМЕТ ЙҮГІНЕКИ (ХІІ ғ. соңы – ХІІІ ғ. басы)

Бұл дүниенің жарық сәулесін көрмеген зағип Ахмет ойшыл да зерделі болып туады, қабілетін ұштап, білімге құлаш ұрады. Көп ізденіп, мол білім жинайды. Түркі тілдерін түгел меңгеріп, араб тілін жетік біледі, халық тілінен қалағанынша сусындап, әдеби тіл үйренуді әдетке айналдырады, жазба тілді жастайынан жаттап өседі. өз ортасының көп оқыған білімпазы есебінде ол «Әдиб Ахмет» деген атаққа ие болады.

Әдиб Ахмет Йүгінекидің өмір тарихы туралы мәлімет жоқ. Кейбір деректерге қарағанда, ол ХІІ ғасырдың аяғында, ХІІІ ғасырдың басында өмір сүрген болса керек. Оның бізге жеткен жалғыз еңбегі “Ақиқат сыйын” да мамандар осы кезеңге ХІІ (немесе ХІІ) ғасырға жатқызуға болады деп есептейді.

“Ақиқат сыйы” дидактикалық толғаулар есебінде жазылған. Онда өмірдің өзекті мәселелері (тәлім-тәрбие, моральдық нормалар, адамгершілік қасиеттер, т.б.) жайында әр алуан ақыл-кеңестер мен діни уағыздар келтіріп, өмір туралы ой толғаныстарын автор ортаға салады. Дастанның негізгі тақырыптары мен олардың мазмұны туралы діни, моральдық негіздерге арналған. Оны оқушылардың өздері де барлап, пайымдай алады.

Шамасы автор Әдиб Ахмет айтып отырып, оны бір білікті кісі жазып отырған болу керек. Еңбек сол кездегі белгілі бір бек, әскербасы, қолбасшыларға арналып жазылған (69–80- жолдар).

Ахметтің кітабы сол кездегі түркі халықтары қолданып жүрген жазба әдеби тілде жазылған. Ол өзі былай дейді:

Ей, достым, жаздым кітап түрікшелеп,

Мейлің сөк, мейлің қала ерекше елеп.

Артымда ат қалсын деп жаздым мұны,

Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп (455–458 жолдар).

Бірақ автор қай жердегі және қай түркі тайпаларының тілінде жазғандығы туралы атап айтпайды. Ол кездегі түркі халықтары мен тайпалары қазіргі кездегідей сараланып, жіктеліп, әр түрлі ұлттарға бөлінбеген. Белгілі бір орталықта, мөлшерлі аймақ пен тайпалар одағында қандай ру басым болып, үстемдік етсе, оған бағынышты халықтар, көбінесе, соның атымен аталып жүре беретін де кездер болған.  

А.Йүгінекидің бір ғана тіл өнері жайында және тіл мен сөздің зарары туралы айтылған ойларын барлап көрейік: Әдеп басы – тіл. Тілдің көркі – әділ сөз. Тура сөйлеп, тіл безе. Тіл сақтанғанды сақтайды. Әділ сөз – әсел (бал), жалған сөз – бәсел (ащы жуа). Кім жақсы, кім жаман – бәрі тілден., т.т. Бұл іспеттес қанатты сөздерді әр түрлі іс-әрекетке байланысты көптеп табуға болады. Олар жалпы адам баласының қорына қосылатын таңдаулы ұғымдардың қатарына жатады. Сол сияқты осы мәндес сөздерді бір туысқан түркі халықтарының тілдерінен де кездестіреміз. Мысалы, түркімен тілінде “тіліңді тый, тыймасаң тісің сынады” деген мақал бар.

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ (1015–?) Шығыс Түркістан өлкесінің мәдени-өркениетті орталықтарының бірі болған, мұсылман әлемінің Шығыстағы қақпасы болған Баласағұн қаласында Ұлық Хас-Хажиб Жүсіп Баласағұни туып, өмір сүрген, «Құтадғу білік» (Құт дарыған білім») деген шығармасын жазған (1069-1070 ж. Аяқталған. Қазіргі жоба бойынша бұл қала Шу өзені бойындағы Тоқмақ қаласының маңында (Жетісуда) орналасқан сияқты.

Қарахан әулеті мемлекетінің қағаны Боғра-хан Жүсіпке «Құт дарыған білім» деген қолжазбасы үшін «Ұлық Хас-Хажиб» деген атақ береді, жоғары дәрежелі қызметке қояды (осы күнгі есеп бойынша, Жүсіп «Сарай уәзірі» болып тағайындалады). Ол кезде Хажиб болатын кісілерге қойылатын тиісті талаптар болады екен (қазіргі біздегідей емес көрінеді). Ол талаптар туралы «Құтадғу білікте» арнайы жазылған тарау бар. Осы атақты қалай алғандығы туралы автор былай дейді:

«Сыйлық берді ол, құрмет қылды құнығып,

Қаламақы, парасаттың құны ғып.

Атақ берді «Хас-Хажиб» деп, «ақын» деп,

Ет қызмет, - деді, - маған жақын кеп».

Осы ат үшін жұрт құрметтеп жатады,

Содан «Жүсүп Хас-Хажиб» деп атады» (61-63-бәйіттер).

Бұл қызметті атқару үшін 10 түрлі қасиет қажет екен: жіті көз, сақ құлақ, дарқан жүрек, жылы жүз, жарасымды киім, сұңғақ бой, жылы сөз, ақыл, зерде, білім.

Ғалымдар Жүсіп Баласағұниды 1015–1016 жылдары туған шығар деп есептейді. Оның қайтыс болған уақыты мен қанша жас өмір сүргені туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Шығарманың негізгі кейіпкерлерін таңдап алу әдісі де түркі халықтарының эпикалық салты бойынша берілген: Күнтоғды Күнтуды»), Айтолды Айтолды»), Өгдүлміш Мақтаулы»), Одғұрмыш Сергек», [«Ояу»]). Оның ең басты идеясы төрт нәрсеге (принципке) негізделген:

1. Тура заң. Оның бейнесі – Күнтоғды, патша.

2. Құт (Бақыт). Оның бейнесі – Айтолды, уәзір.

3. Ақыл. Оның бейнесі – Өгдүлміш, Айтолдының баласы.

    4. Қанағат. Оның бейнесі – Одғұрмыш, уәзірдің туысқаны, тақуа (дүниеден безіп, ел-жұрттан бөлек тұратын діншіл сопы, бәрінен биік ақыл-білім иесі).

Жүсіп Баласағұн да адам мен Алла арасындағы байланысты Құран танымы шеңберінде түсіндіреді. Адамдық танымның негізі Алладан келеді. Алла адамға ақыл, ерік пен таңдау берген. Өзін дамытқан адамға ғана Алланың құты тұрақтайды. Өзін дамытпаған адамға құт берілсе де, ол өткінші, өйткені ол адамның қабілет дәрежесі Алладан берілген құтты көтере алмайды. Сондықтан нағыз мұсылман әрдайым Алладан мінәжат етіп, одан жол көрсетуін тілеуі қажет. Бұл сопылық танымның негізгі ұстанымы. Сонда ғана адам Алланың құты арқылы кемелдікке жетіп, оның дидар-жамалын көре алады. Баласағұнда “дұрыс адам” типі көп айтылады.

Алла адамды жердегі өзінің орынбасары (халифасы) ретінде жіберген. Алла әрбір нәрсені мақсатпен жаратқан. Әрбір жаратылғанның қызметі бар.

Баласағұнның Алла туралы түсінігі Құранмен үндес. Көрінетін және көрінбейтін, ішкі және сыртқы әлемдегілерді білетін тек Алла ғана. Алла әлемнің және әлемдегі бар нәрселердің, болмыстардың барлығының Жаратушысы болғандықтан Оны – Бір, Бар, Ұлы, Заңғар, Ғалым, айқын ақиқат деген ұғымдармен танытады.

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ (870–950)

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат-Түрки 870 жылы  Фараб қаласына жақын Весиж атты елді мекенде дүниеге келген. Әкесі Мұхаммед Тархан (қолбасы) Саманидтер сарайында қолбасылық қызмет атқарған. Әл-Фараби 20 жасқа дейін Фарабта білім алып, кейіннен араб халифатындағы  көптеген елдерді аралап, ғылым-білім жолына түсті. Ол ең алғашқы саяхатын халифаттың орталығы Бағдатқа жасаған. Кейін Сирия мен Египетке барған. Бағдатта Әбу Бәкір ас-Сараждан (928 ж.қ.б.) араб тілін, Әбу Бишр Матта ибн Юнустан логиканы үйренген. Мұнан кейін Харранға барып, Иуханна ибн Хайланнан Аристотельдің логикасын, 2-ші Аналитикалар атты кітапты соңына дейін үйренген. Осы сапарларынан кейін әл-Фараби Бағдатқа қайта оралып, метафизика, музыка және математика секілді философиялық ғылымдарды үйренген. Әл-Фараби Иран қалалары Исфаһан, Хамадан, Рай және басқа жерлерде де болады. Халебке, сосын Дамаск қаласына барады. Халебте бір жылдай тұрақтаған кезінде Буайхилардың сұлтаны Сайф-уд-Даула әл-Хамадани қолдау көрсетеді. Осы сұлтан 946 жылы Дамаск қаласын өзіне қаратқаннан кейін әл-Фараби Дамаскіде өмір сүреді. Біршама уақыт Египетке саяхатқа шығып келеді, қалған ғұмырын Дамаскіде өткізеді.

Сайф-уд-Даула еркін ойға, ғылымға қатты көңіл бөлетін еді. Ол ғұламаны сарайына шақырады, бірақ әл-Фараби бұдан бас тартып, қарапайым өмір сүруді  артық көреді.

Әл-Фараби білім нәрімен терең сусындаған жан-жақты ғалым. Тіл білімі, философия, музыка, математика, астрономия, дін және сол кездегі басқа да ғылымдарды үйренген. Философиядағы қабілеті мен біліктігіне байланысты Аристотельден кейінгі екінші ұстаз (муаллим-ус сани) деген атаққа ие болған.

Бабтардың Бабы Арыстан баб.  Арыстан баб өмір сүрген 10 ғасыр – Ислам дінінің Қазақстанның оңтүстігінде толық орныққан кезі еді. Қарахандықтар мұсылмандықты мемлекеттік дініне айналдырды.

Түркі халықтары ішінен шыққан алғашқы сопы Арыстан баб болды. Сондықтан әйгілі сопы ақын сүлеймен Бақырғани:

«Бабтардың Бабы Хорасанда,

Сансыз бабтар Үндістанда,

Бабалар басы - баба Арыслан», - деп жырлаған .

Қазақ бақсылары да:

«Түркістанда түмен баб,

Сіздерден медет тілеймін.

Сайрамдағы сансыз баб,

Отырардағы отыз баб,

Ең үлкені Арыстан баб,

Сіздерден медет тілеймін», – деп әулиелерден демеу сұраған.

Арыстан бабтың өмірі жайлы деректер жоқтың қасы. Шығыстанушылар әдетте оны «Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болғанын айтумен шектеледі.  Мысалы, шығыстанушы ғалым, профессор А.Семеновтың пікірінше: Қожа Ахмет бала кезінде жергілікті түркі шайқы Арыстан бабтың назарына ілігіп, оның рухани тәрбиесінде болады. Сайрам шаhарында дүниеге келген Қожа Ахметтің Иасы қаласына баруы жөнінде француз зерттеушісі Ирене Меликофтың «Ахмет Ясауи және түркілердің халықтық исламы» деген еңбегінде мынадай назар аударарлық мағлұматтарға кезіктік: Қожа Ахметтің әкесі Ыбрайым Сайрамда белгілі шайқы болған. Ахмет 7 жасында жетім қалады. Сосын оны әпкесі иасы қаласына алып барады. Сол жақта ол өзінің алғашқы ұстазы – Арыстан баб пен кезігеді».

Арыстан баб жайлы ең құнды мағлұматтар Қожа Ахмет хикметтерінде көптеп кездеседі. 90-шы хикмет түгелімен Арыстан бабқа арналғаан. Онда: «Арыстан бабам айтты» «Арыстан бабам сөздері, естіңіз тәбәрік», немесе «Арыстан бабам әңгімесін естіңіз – тәбәрік», - деп көрсетіп отырған. Бұл хикмет негізінен Арыстан бабтың төл өсиеттерінен тұрады. Осы өлең жолдарымен танысқан адам арыстан бабтың нақ өзі келіп, шәкірттерге сопылық жолын үйретіп отырғандай сезінеді. Онда адамдардың кемшіліктері әңгіме етіледі:

«Арыслан бабам сөздерін естіңіз - тәбәрік.

Ақыр заманның үмбеттері үйлерін безендіреді.

Әдейі нәпсіге қызығып, әр сәт сайын адамгершілігін бұзады.

Атақ-аброй, даңққа үйір қылар бойларын,

Арыслан бабам сөздерін естіңіз - тәбәрік».

Міне, Арыстан баб адамдарды инсаниятжолына шақырып, мансап пен байлық үшін жасалатын істерден аулақ жүр, нәпсі құлы болудан бас тарт деп уағыздайды.

Арыстан баб жайлы мынадай бір аңыз бар: «Мұхаммед с.ғ.у. 63 жасында дүниеден өтіпті. Дүние саларында халықты жинап: Мен дүниеден қайтып барамын. Кім менің аманатымды алып, ісімді әрі жалғар екен?» деген. Сол кезде топтан 300 жастағы Арыстан баб (Салмени Фарс) үн қатады. Ол сол кезге шейін отыз үш түрлі дінді білген, бірақ тек исламға ғана мойынсұнған адам. Арыстан баб тың келісімін алған Мұхамед с.ғ.у. Алламен ақылдасуға аттанады. Оның ризашылығын алған соң аманатын Арыстан бабқа береді. Содан 500 жыл өткен соң далада келе жатқан Арыстан баб 11 жасар баланы жолықтырады, «Ақсақал аманатымды беріңіз?» - дейді бала. Сол бала осы Ахмет екен»,– дейді.

Қожа ахметтің Мұхаммед с.ғ.у пайғамбардың өзінен Арыстан баб арқылы аманат алуы оның ислам дінін қалпына келтірудегі іс әрекетін заңдастырады.

    Бақылау сұрақтары:

  1.  Махмұд Қашқари туралы не білісіз?
  2.  Әбу Насыр әл Фараби туралы не білісіз?
  3.  Ахмет Йүгінеки туралы не білісіз?
  4.  Арастан баб туралы не білісіз?

Пайдаланылған әдебиеттер

  1.  Ислам мәзхабтары тарихы  Адам Асалыоғлы, Түркістан.,2011
  2.  Дінтану негіздері /Ауд. Н.Ж.Байтенова, Қ.А.Затов. А., 2006
  3.  Дінтану негіздеріҮсенова М. А., 1995
  4.  Діндер тарихы мен теориясы. Мұханов С., А., 1992.
  5.  Дінтану. Әмірғазин С. Астана., 2002.
  6.  Яблокова И.Н. Религия: сущность и  явления. М., 2001




1. Русский святитель на кафедре в Киото
2. Табл.1 Порівняльна характеристика шкіл стратегічного управління
3. міститься в опії
4. ФОРМИРОВАНИЕ САМОСТОЯТЕЛЬНОСТИ В ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ МАТЕМАТИКЕ
5. 2013 г Соглашение на оказание инжиниринговых и производственнотехнол
6. Розробка датчика температур на акустичних хвилях
7. ТЕМА ВКР Связи с общественностью и СМИ- характер и механизм взаимодействия Содержание Введение
8. Тема- драматический анализ пьесы Леси Украинки Лесная песня Выполнила- В
9. тема процесс фаза
10. 1 MTLB и его связь с другими языками программирования [5] 1
11. КОНТРОЛЬНАЯ РАБОТА ПО ДИСЦИПЛИНЕ АДМИНИСТРАТИВНОЕ ПРАВО Направление 081100
12. Расчет гидравлической циркуляционной установки
13. Уби сунт кви антэ нос Ин мундо фуэрэ Трансэc ад суперос Трансэc ад инфэрос Хос си вис видэрэ Вита
14. пособие по дипломному проектированию для студентов специальности Сварочное производство
15. Форимирование и реализация государственной политик
16. ТЕМА КОНСТРУКТОРСКОЙ ДОКУМЕНТАЦИИ ОБОЗНАЧЕНИЯ УСЛОВНЫЕ ГРАФИЧЕСКИЕ
17. Общество как систем
18. Специальные способы резки.html
19. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата історичних наук Х
20. Физико-географическая характеристика бассейна реки Ертис